Жұмыстың тоқтап қалуына байланысты төлем


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҰЙЫМДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ . . . 5

1. 1 Еңбек ақы жүйелері мен формалары . . . 5

1. 2Ұйымның ұйымдық - өндірістік қызметіне сипаттама және негізгі көрсеткіштері . . . 13

2 ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША ЕСЕП АЙРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

2. 1 «СтройСервис» ЖШС еңбекақының синтетикалық және аналитикалық есебі . . . 20

2. 2 Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар есебі . . . 28

2. 3 Еңбекке ақы төлеудің бухгалтерлік есебінің ҚЕХС сәйкес ұйымдастырылуы . . . 42

2. 4. Еңбекақының талдамалы есебі . . . 50

3. ЕҢБЕК АҚЫ ҚОРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ

3. 1 Талдаудың міндеттері және оның мақсаты . . . 53

3. 2 Қызметкерлермен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуды тексеру . . . 55

3. 3 Еңбекті пайдаланудың тиімділігін талдау . . . 62

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 69

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 71

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі . Қазіргі экономикалық жағдайда әрбір ұйымның қызмет ету процесіне нарықтық қатынастарға қатысушы мүдделі тұлғалар үлкен көңіл аударатыны белгілі. Сол себепті олар есеп мәліметтеріне сүйене отырып, ұйымның қаржылық жағдайын бағалауға ұмтылады.

Бухгалтерлік есеп нарықтық экономика жағдайында ұйым жөнінде жан-жақты қамтылған ақпарат алудың бірден-бір көзі болып табылады. Оның көмегімен ұйымның төлем қабілеттілігін, өндірістік қызметінің тиімділігі мен табыстылығын, даму перспективаларын сипаттауға мүмкіндік мол.

Нарық қатынастарының дамуымен бірге әртүрлі меншік нысанындағы еңбекке ақы төлеу мәселесі де басты орынға шықты.

Еңбек ақы - жұмысшының көлемі мен сапасын көтеруге мүдделілігін арттырудағы ең басты құрал. Ол күрделі экономикалық қарым - қатынастардың жиынтығын сипаттайды. Айталық, біріншіден, бұл - жұмысшы мен жалпы қоғам арасындағы қарым - қатынас. Еңбек ақы төңірегіндегі, ең төменгі жалақы мөлшерін белгілеу, ұжымдық келісім - шартты бекіту секілді мемлекеттік саясаттың қажеттілігі, яғни мемлекеттік реттеу қызметі. Екіншіден, еңбек ұжымы мен құрылыс ұйымы арасындағы қарым - қатынас, басқаша айтқанда, еңбек ақы мөлшерінің құрылыс ұйымының қаржы - шаруашылық есебімен тығыз байланыстылығы.

Еңбек ақының мәні, оның қызметімен анықталады, ол жұмысшының материалдық және мәдени қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті болуы тиіс.

Бұрынғы Кеңес тұсындағы жоспарлы - бөлу жүйесі, тарифтік стафкаларды бекітудің директивті тәсілі нарықтық экономика жағдайында еңбек ақының арақатынасын реттеуге қабілетсіздігін байқатты.

Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесін зерттеу, еңбек ақыны нарықтық реттеудің механизмі өзіне келесілерді қамтитынын көрсетті:

- Еңбек келісім шартын бекіту кезінде барлық мүдделі тараптардың мүддесін толық көрсетуге мүмкіндік беретін көп деңгейлі ұжымдық - келісім шарттық жүйені;

- Жеке табыс салығын реттеудің салықтық жүйесін, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсайтын шығындарын;

- Еңбекке ақы төлеудің жекелеген шарттарын ең төменгі кепілдік жалақы түрінде мемлекеттік реттеу;

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы . Қазіргі жағдайда жұмысшыларға еңбек ақы төлеу нысаны, жүйесі мен мөлшері, сонымен қатар басқа да табыс түрлері құрылыс ұйымының шешімімен белгіленеді. Бірақ, кәсіпорындар, меншік түрі мен ұйымдық - құқықтық нысанына қарамастан, міндетті түрде, еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшерін және жұмысшыларды әлеуметтік қорғаудың заңмен бекітілген шарттарын қамтамасыз етуі тиіс.

Кәсіпорында еңбек ақы төлеуді оптималды ұйымдастыру. Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу еңбектің жақсы көрсеткіштеріне жету, еңбек тиімділігін арттыру, барлық ресурстарды тиімді пайдалану және өндіріс тиімділігін арттыру - экономиканы ынталандыру шаралары болып табылады. Есеп, еңбек тиімділігін арттыру және өнімнің өзіндік құнын азайтуға ықпал етеді.

Диплом жұмысының мақсаты ұйымдағы еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысудың ұйымдастырылуын зерттеу, қолданыстағы еңбек ақы нысаны мен жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау болып табылады. Жоғарыда аталған мәселелер диплом жұмысының тақырыбының өзектілігін анықтайды.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін келессі міндеттер өз шешімін табуы керек:

  • Еңбек ақы ұғымының мәнін зерттеу және ашу;
  • Іс жүзіндегі еңбек ақы нысандары мен жүйелерін қарастыру, еңбек ақыны есептеу, сый ақыны беру тәртібін зерттеу;
  • Еңбек ақыдан және басқадай төлемдерден ұсталынатын ұсталымдар есебін, олардың есеп шоттарда көрсетілуін қарастыру;
  • Еңбек өнімділігі мен еңбек ақы қорын талдау.

Алға қойылған міндеттерді шешу үшін ЖШС «СтройСервис»-нің 2007-2008 жылдардағы есеп мәліметтері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы нормативтік - құқықтық ақпараттары, арнайы әдебиеттер пайдаланылды.

Зерттеу пәні еліміздің ХҚЕС-на көшуіне байланысты еңбекақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы, заңдылықтары мен дамыту жолдары болып табылады.

Зерттеу обьектісі жаһандану жағдайындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық нәтижесіне әсер ететін еңбекақы есебі процесі мен оған әсер ететін факторлар болып отыр.

Диплом жұмысының теориялық - методологиялық негізі болып мен диплом жазарда көптеген әдебиеттер қолдандым. Соның ішінде атап айтсам «Бюллетень бухгалтері» журналы, «Бухгалтерлік және қаржылық есеп қағидалары» кітабы және т. с. с. ҚЕХС сай түрлі қазақ, орыс тіліндегі журналдар, кітаптар, брошуралар және т. с. с. қосымша материалдар.

1 ҰЙЫМДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Еңбек ақы жүйелері мен формалары

Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифрлардың дұрыс қойылуы тексеріледі. Тексеріліп болғаннан кейін бұл құжаттар бойынша кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы есептеледі.

Жұмысшылар мен қызметкерелерді жұмысқа қабылдау кәсіпорын басшысының бұйрғы бойынша жүзеге асырылады. Әрбір еңбеккер үшін жеке карточка толтырылады. Жеке карточкада еңбеккердің аты-жөні, туған жері мен мерзімі, қызметке тағайындалу жөнінде, орын ауыстыру жөнінде, кезекті еңбек жиналысы кезінде мәліметтер көрсетіледі. Кәсіпорын басшысы бекіткен штаттық кесте еңбеккерді жұмысқа қабылдауға негіз болады. Штаттық кесте (1-қосымша) және қатаң белгіленген оклад немесе тарифтер бойынша еңбеккерге еңбекақы есептеледі. Жұмыс уақытын реттеу заң бойынша бекітілген аптасына қырық сағаттық мөлшерден артпауы қажет. Мейрам күндерінің қарсаңында жұмыс күнінің ұзақтығы 1-2 сағатқа қысқартылады. Кезекті еңбек демалысына кеткен еңбеккердің жұмыс орны және орташа жалақысы сақталады. Кезекті еңбек демалысына жіберу кәсіпорын басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады және бұл құжат еңбек демалысына ақы төлеуге негіз болады. Кезекті еңбек демалысы 18 күнтізбелік күндерден кем болмауы қажет, ал босануына байланысты әйел адамдарға босанғанға дейін 70 күн, кейін 56 күн еңбек демалысы беріледі.

Жұмысшылар жұмыстан босатылған кезде жұмыстан босауына байланысты бір апталық орташа жалақыдан кем емес мөлшерде төленеді. Кәсіпорын жұмыс уақытын есепке алу, жұмысшылардың санын бақылау мақсатында жұмыс уақыты есебінің табелі толтырылады. Табель бойынша жұмысшыларға еңбекақы есептеледі. Әрбір жұмысшыға табельдік нөмір беріледі және ол басқа барлық құжаттарда көрсетіледі. Сонымен қатар еңбекақы карточный счет (2-қосымша) арқылы да беріледі және ол төлем талап тапсырмасы арқылы жүзеге асады. Кәсіпорын басшысы мамандар үшін басқа барлық құжаттарда көрсетіледі. Басшы мамандар үшін кадрлар есебі жөнінде жеке іс-қағазы толтырылады. Еңбекақы есептеу негізгі құжаттарда бірінші есептеу ведомосі, екінші есептеу-төлеу (3-қосымша) ведомостінде жүргізіледі.

Еңбек пен еңбекақы есебінің негізгі міндеттері:

  1. Өндірілетін өнімдер мен істелетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетін еңбекақы мөлшерін дұрыс анықтау;
  2. Еңбек өнімділігінің өсімін бақылау;
  3. Жұмысалған еңбектің саны мен сапасын бақылау;
  4. Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау;
  5. Жұмысшы және қызметкерлермен уақытылы дұрыс есеп айырысу;
  6. Өндіріске жедел басшылық жасау үшін тиісті мәліметтер алу;
  7. Еңбек және еңбекақы жайлы статистиклық және бухгалтерлік қорытынды есепті беру.

Сонымен қатар еңбек пен еңбекақы есебін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру үшін мынадай жағдайлар қажет:

  1. Еңбектің өнімділігі мен орындалған жұмыстың көлемін ұлғайтуға ынталандыратын еңбекақының тиімді түрлерін кеңінен қолдану;
  2. Еңбек пен өндірісті басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогрестік құрылымын қолдану;
  3. Еңбекақы төлеудің сыйлық беру жүйесімен басқа да түрлерін жұмыстағы жетістіктермен тығыз байланыстыра отырып, дұрыс қолдану;
  4. Еңбек пен еңбекақы есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесімен жетілдіру мен жеңілдету.

Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп екіге бөлінеді.

Негізгі еңбекақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төменде аталғандар жатады:

  1. Мерзімді және кесімді еңбекақы;
  2. Сыйлықтар мен сыйақылар;
  3. Үстеме сыйлықтар.

Еңбекақының жүйелері мен нысандарын 1-схемадан көруге болады .

Кәсіпорындарда еңбекақы төлеуді оңтайлы ұймдастыру қызметтердің және еңбектің нәтижелерін ынталандыруға, өнімнің рентабельділігін және пайдалылығын, дайн өнім және еңбек нарығының бәсекеге қабілеттілігін қамтуға мүмкіндік береді.

Сызба-1 Еңбекақы нысандары

Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығының басқа да салаларында еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын екі нысана қолданылады.

1. Мерзімді еңбекақы. Мерзімді еңбекақыға жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, мерзімнен тыс уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, демалыс немесе қосымша мейрам күніне төленетін төлемдер, жұмыстың ауырлығы мен зияндығына төленетін қосымша төлем, өнім өндірудегі ақауға байланысты төлемдер, біреудің орнына жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлем және тағы басқа төлемдер, сонымен бірге өзіне белгіленген жұмыс уақытында істегеніне есептелетін төлемдер жатады. Негізінде мерзімдік еңбекақы бойынша есеп айырысатын уақыт есебіне күнтізбелік ай, күн немесе сағат алынады. Егер тұрақты еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер толық бір ай қызмет атқаратын немесе жұмыс істеген болса, онда оларға штаттық кестеде қаралған немесе кәсіпорынның басшылығы бекіткен мөлшерде еңбекақы сомасы толығымен төленеді. Егер ай сайын тұрақты мөлшерде еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер есепті айда бірнеше күн жұмысқа немесе қызметке келе алмай қалған болса, онда оларға төленуге тиісті еңбекақы сомасы ол жұмысшы мен қызметкердің толық ай жұмыс істеуіне тиісті белгіленген соманы сол айдағы жұмыс күндерінің санына бөліп алынған нәтижені, яғни сол айдағы бір күнге тиісті еңбекақы сомасын сол айдағы жұмысшының немесе қызметкердің жұмыс істеген күндерінің санына көбейту арқылы табылады. Мысалы;

Сәуір айындағы жұмыс күні - 22

Тұрақты еңбекақысы - 11000

Жұмыс істеген күні - 15

Ауырып қалған күні - 4

Қоғамдық жұмыс атқарған күні - 3

Шешімі: 11000/22=500·18(15+3) =9000 яғни, сәуір айындағы жұмысшының тиісті мерзімдік еңбекақысы 9000 теңге болды.

Мерзімді еңбекақының төмендегідей түрлері бар:

  1. Жай мерзімді;
  2. Мерзімдік сыйақы.

Жай мерзімді жүйесі бойынша - жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді.

Мерзімді сыйақы - жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымша олардың өндірген өнімдерінің көлеміне, санына, сапасына және тағы да басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады.

Кесімді еңбекақы - еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Мұндай төлемдер қатарына: жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер; қоғамдық жұмыс атқарғаны үшін төлемдер; жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер; жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер және тағы басқалар жатады.

Кесімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатында қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған, яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті, яғни қажет болатын, адам/сағат, адам/күн өлшемінде көрсетілген уақыт болып саналады. Өнім өндіру мөлшері жұмысшылар мен қызметкерлердің белгілі бір уақыт аралығында жасап шығаратын, өндіретін өнімнің санымен немесе көлемімен анықталады. Кесімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің бригада бойынша істеген жұмысына төленетін жағдайда жоғарыда аталған алғашқы құжаттарға әр жұмысшы мен қызметкердің жұмыс істеген уақыты, мамандық дәрежесі, бригада болып өндірген өнімі мен істеген жұмысының көлемі, саны және олардың бір данасын жасауға, өндіруге белгіленген бағасы көрсетіліп жазылады. Мысалы: құрамында алты жұмысшы жұмыс істейтін бригаданың сәуір айында өндірген өнімі мен істеген жұмысына тиісті еңбекақы қоры 62669 теңге 60 тиын делік. Бұл жағдайда осы бригададағы әрбір жұмысшының еңбекақы мөлшері олардың мамандық дәрежесі мен жұмыс істеген уақытына сәйкес былайша есептеліп шығарылуын 1-кестеден көруге болады:

Кесте 1 - Мамандық дәрежесі мен жұмыс істеу уақытына сәйкес кесім ді еңбекақыны есептеу тәртібі

Жұмысшылар мен қызметкерлердің аты-жөні

Мамандық дәрежесі

Жұмыс істеген сағаттарының саны

Тарифтік коэффициенті

Тариф бойынша есептелген еңбекақы

сомасы соммасы

Қосымша табыс коэффициенті

Есептелген еңбекақы сомасы

№:
Жұмысшылар мен қызметкерлердің аты-жөні:
Мамандық дәрежесі: 1
Жұмыс істеген сағаттарының саны: 2
Тарифтік коэффициенті: 3
Тариф бойынша есептелген еңбекақысомасы соммасы: 4(2·3)
Қосымша табыс коэффициенті: 5(6*/4*)
Есептелген еңбекақы сомасы: 6(4·5)
№: 1
Жұмысшылар мен қызметкерлердің аты-жөні: Тажибаев А
Мамандық дәрежесі: 1
Жұмыс істеген сағаттарының саны: 175
Тарифтік коэффициенті: 1. 76
Тариф бойынша есептелген еңбекақысомасы соммасы: 308
Қосымша табыс коэффициенті: 26. 1
Есептелген еңбекақы сомасы: 8838. 8
№: 2
Жұмысшылар мен қызметкерлердің аты-жөні: Амантаев Б
Мамандық дәрежесі: 2
Жұмыс істеген сағаттарының саны: 160
Тарифтік коэффициенті: 2. 06
Тариф бойынша есептелген еңбекақысомасы соммасы: 329. 6
Қосымша табыс коэффициенті: 26. 1
Есептелген еңбекақы сомасы: 8602. 06
№: 3
Жұмысшылар мен қызметкерлердің аты-жөні: Әбдірахманов Ж
Мамандық дәрежесі: 3
Жұмыс істеген сағаттарының саны: 165
Тарифтік коэффициенті: 2. 35
Тариф бойынша есептелген еңбекақысомасы соммасы: 187. 75
Қосымша табыс коэффициенті: 26. 1
Есептелген еңбекақы сомасы: 10120. 3
№: 4
Жұмысшылар мен қызметкерлердің аты-жөні: Бақтыбаев С
Мамандық дәрежесі: 4
Жұмыс істеген сағаттарының саны: 154
Тарифтік коэффициенті: 2. 64
Тариф бойынша есептелген еңбекақысомасы соммасы: 406. 5400
Қосымша табыс коэффициенті: 26. 1
Есептелген еңбекақы сомасы: 10611. 2
№: 5
Жұмысшылар мен қызметкерлердің аты-жөні: Жұмашев М
Мамандық дәрежесі: 5
Жұмыс істеген сағаттарының саны: 150
Тарифтік коэффициенті: 2. 93
Тариф бойынша есептелген еңбекақысомасы соммасы: 439. 5
Қосымша табыс коэффициенті: 26. 1
Есептелген еңбекақы сомасы: 11471. 0
№: 6
Жұмысшылар мен қызметкерлердің аты-жөні: Тілесов Ж
Мамандық дәрежесі: 6
Жұмыс істеген сағаттарының саны: 164
Тарифтік коэффициенті: 3. 23
Тариф бойынша есептелген еңбекақысомасы соммасы: 529. 72
Қосымша табыс коэффициенті: 26. 1
Есептелген еңбекақы сомасы: 13825. 7
№:
Жұмысшылар мен қызметкерлердің аты-жөні: Жиыны
Мамандық дәрежесі:
Жұмыс істеген сағаттарының саны: 968
Тарифтік коэффициенті:
Тариф бойынша есептелген еңбекақысомасы соммасы: 2401. 13
Қосымша табыс коэффициенті:
Есептелген еңбекақы сомасы: 62669. 6
№: Ескерту: Ұйымның мәліметтері негізінде жасалды
Жұмысшылар мен қызметкерлердің аты-жөні:

Қосымша табыс коэффиценті бұл мысалымызда 26 (жиырма алты) теңге 10 (он) тиынға тең болып отыр (яғни 6 бағана/4 бағана немесе 62669 теңге 60 тиын / 2401 теңге 13 тиын =26 теңге 10 тиын)

Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:

  • тікелей кесімді;
  • кесімді сыйақы;
  • үдемелі кесімді;
  • аккордтық;
  • жанама кесімді.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің тікелей кесімді жүйесі бойынша бір жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімінің, істеген жұмысының бәрі тек қана белгіленген еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбекақы мөлшері - бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын сол өнімнің бір данасына қарастырылған, яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы анықталады. Дәлірек айтқанда өндірілген өнім саны өнім бірлігі санына көбейтіледі. Мысалы; машинистка бір беті 50 теңгеден 75 бет терді. Яғни, нақты еңбек ақысы 75*50=3750 теңге.

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді сыйақылар өндірісте өнім өндірудің саны мен сапалық жағынан артығымен орындағаны, өнім өндіру барысында шикізаттар мен материалдарды, отындар мен энергияны үнемді де ұтымды пайдаланғаны үшін оларға төлеуге тиісті еңбекақысына қосымша сыйақы ретінде төленеді. Ұйымдарда немесе оның бөлімшелерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақы төлеу жайлы ереже болуы қажет.

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақының есептеудің үдемелі кесімді жүйесі бойынша төлем өнім өндіруге белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндірген өнімдері үшін қосымша сыйақы ретінде төленеді. Бұл жүйе көп жағдайда қиын да - күрделі, ауыр болып саналатын операциялар мен жұмыстарды орындағандары үшін және еңбек өнімділігін белгілі бір дәрежеден артық орындау қиынға түсетін өндіріс орындарында қолданылады. Жалпы бұл жүйе кез-келген ұйымдарда қолданыла бермейді. Мысалы; касметикалық өнімдерді сату агенттері әрбір өнім үшін 150 теңге, ал 5 өнімнен артық сатқан үшін әрқайсысына 200 теңге алады. Агент 7 өнім сатқан болса онда оның еңбек ақысы: 150*5+200*2=1150 теңге.

Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі - ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуде қолданылады. Кесімді еңбекақының бұл жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың санына, көлеміне қарай алдын-ала кесімді бағаны қоюды қажет етеді. Сондай-ақ бұл жүйе бойынша еңбекақы төлеу үшін алдын-ала атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасы анықталуы тиіс. Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу көбіне құрылыс салушы ұйымдарда және жүктерді тиеп түсірумен айналысатын өнеркәсіп орындарында қолданылады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы есептеу шаруашылықта жұмысшылар мен қызметкерлер санын қысқартып еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы; төрт адамнан тұратын бригада 600 адам сағат жұмысынан 60 000 теңге еңбекақы тапты. 60 000 теңге бригада мүшелері арасында келесі түрге бөлінеді. Оны 2-кестеден көруге болады.

Кесте 2- Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі бойынша еңбекақыны есепту тәртібі

Жұмыс-

шылар

саны

Разр

яды

Орындалған жұмыс уақыты (сағ)
1сағттық тарифтік ставкасы
Тариф бойынша еңбекақы
Нақты еңбекақы
Жұмыс-шыларсаны: 1
Разряды: 5
Орындалған жұмыс уақыты (сағ): 180
1сағттық тарифтік ставкасы: 21, 22
Тариф бойынша еңбекақы: 3824
Нақты еңбекақы: 3820*5, 166=19733
Жұмыс-шыларсаны: 2
Разряды: 4
Орындалған жұмыс уақыты (сағ): 170
1сағттық тарифтік ставкасы: 19, 78
Тариф бойынша еңбекақы: 3363
Нақты еңбекақы: 3363*5, 166=17372
Жұмыс-шыларсаны: 3
Разряды: 3
Орындалған жұмыс уақыты (сағ): 130
1сағттық тарифтік ставкасы: 18, 34
Тариф бойынша еңбекақы: 2384
Нақты еңбекақы: 2384*5, 166=12315
Жұмыс-шыларсаны: 4
Разряды: 2
Орындалған жұмыс уақыты (сағ): 120
1сағттық тарифтік ставкасы: 17, 07
Тариф бойынша еңбекақы: 2048
Нақты еңбекақы: 2048*5, 166=10580
Жұмыс-шыларсаны: Жиыны
Разряды:
Орындалған жұмыс уақыты (сағ): 600
1сағттық тарифтік ставкасы:
Тариф бойынша еңбекақы: 11615
Нақты еңбекақы: 60 000 теңге
Жұмыс-шыларсаны: Ескерту: Ұйымның мәліметтері негізінде жасалды

Еңбекақыны бөлу коэфициенті 60 000/11630=5, 166

Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақы есептеудің тағы бір жүйесі жанама кесімді жүйесі болып табылады. Бұл жүйе бойынша қосымша еңбекақы шаруашылықтың негізгі жұмысшылары мен қызметкерлеріне емес, оларға қызмет ететін көмекші өндірістің жұмысшыларына төленеді. Яғни бұл жүйе бойынша еңбекақы ұйымдағы станоктардың, жабдықтардың және тағы да басқа құралдардың тоқтамай жұмыс істеп, белгіленген мөлшерден артық өнім өндіргені үшін слесарьларға, операторларға және жөндейтін, оларды жұмысқа дайындайтын басқа да жұмысшыларға төленеді . Мысалы; жұмысшыға негізгі жұмысшының еңбекақысынан 25 пайыз мөлшерінде еңбекақы 50 000 болса, көмекші жұмысшының еңбекақысы 12 500 теңге болады (50 000*25%) .

Қызметкерлердің еңбекақысын төлеуді ұйымдастыру келесі түрде жүзеге асады:

- Еңбекақының ең төменгі шегін мемлекет бекітеді;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызметкерлердің еңбекақы есебі
ЖҰМЫСКЕРЛЕРМЕН ЕҢБЕКАҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУ
Жұмысшылардың қосымша еңбекақылары
Қызметкерлердің құрамының есебі
Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер
Еңбек есебі
Еңбекақы ұғымы және еңбекақыны есептеу тәртібі
Мерзімді және кесімді еңбекақы
Орташа еңбекақыны есептеу тәртібі
«Шымкент май» ақ еңбек ақы бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру ерекшеліктері мен оны хқес -на сай жүргізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz