Интернет желісінде орналасқан ақпараттық материалдар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 5

1Техникалық тапсырма . . . 7

1. 1 Бағдарламаның қолданылу аясы . . . 7

1. 2 Бағдарламаны жасауға негіздеме . . . 8

1. 3 Жасалымның тағайындалуы . . . 9

1. 4 Бағдарламаға қойылатын талаптар . . . 10

2 Бағдарламаға сипаттама . . . 12

2. 1 Жалпы мәліметтер . . . 12

2. 2 Қолданылған бағдарламалық және техникалық жабдықтар . . . 12

2. 3 Логикалық құрылымына сипаттама . . . 15

3 Қолданушыға көмек . . . 25

4 Еңбекті қорғау . . . 32

5 Жасалымның тиімділігінің техникалық-экономикалық негіздемесі . . . 41

Қорытынды . . . 48

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 49

Кіріспе

Жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы бүкіл білім жүйесіне өзгерістер енгізуде. Білімді ұйымдастырудың жаңа формалары пайда болуда. Олар сапалы жаңа оқыту технологиясына, яғни дербес компьютерлерді, электронды оқулықтарды және телекоммуникация құралдарын пайдалануға негізделген.

Осыған байланысты бүгінде бүкіл әлемдік педагогикалық қалың көпшіліктің назары материалдық негізін қолданбалы бағдарламалық өнімдер құрайтын оқытудың жаңа электрондық түріне көңіл бөліп отырғаны белгілі. Электрондық оқыту құралдары интерактивті тақталар, мультимедиалық, лингофондық кабинеттер, интерактивті пәндік кабинеттер, электронды оқу залдары, үйдегі дербес компьютерлер болып табылады.

Бүгінде білім беру жүйелеріндегі басты маңызды мәселелердің бірі - әлемдік жетістіктерді игеру, біртұтас білім беру кеңістігін қалыптастыру.

Біртұтас білім беру кеңістігі дегеніміз ол тек студенттер мен оқытушылардың ғана академиялық біртұтастығы емес, ол - өзара тікелей, әр түрлі деңгейде жоғары оқу орындарының байланысы, яғни сол оқу орындары әкімшілігі мен пән оқытушылары арасындағы байланыстар арқылы өзара бірлесе отырып қызмет жасау деген сөз. Тек осындай жағдайда ғана «Жоғары білім берудің еуропалық жүйесінің архитектурасын гармонизациялауды» жүзеге асыруға болады.

Еліміздің білім беру жүйесінің мақсатында осындай әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтасу, яғни қашықтықтан оқыту жүйелерінің негізінде, біртұтас ақпараттық білім беру ортасын қалыптастыру, білім беруді тиімді ұйымдастыру, біртұтас ақпараттық жүйеге шалғайдағы оқу орындарын біріктіру тұр.

Жалпы әлемде оқыту үрдісін қамтамсыз ететін құрамында электронды оқыту курстары, қосымша материалдары және жалпыға кең көлемді қызмет көрсету функциялары бар әртүрлі қашықтан оқыту жүйелері жасалып және табысты қолданылып жүр. Сонымен қатар қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту үрдісін ақпаратпен қамтамасыз ететін программалық өнімдер де көптеп таралуда. Білімнің әрбір саласында оқыту мақсаты үшін компьютерлік оқыту құралдарын жасаудан және пайдаланудан қыруар тәжірибе жинақталған. Олардың көпшілігі белгілі және қалыптасқан әдістемелерді пайдалануға негізделген, мұнда компьютер тек жаңа ақпараттық құрал болып табылады[1] .

Кез келген ғылым өз саласында қолданылатын терминологиялық ақпаратқа көп көңіл бөлуі қажет. Ұсынылып отырған дипломдық жұмыс жоғарыда аталған мәселелердің бір қыры немесе қарапайым элементін жасау жолдарын қарастырады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының студенттеріне арналған электронды оқулықтар жинағы - білім қорын жасау.

Ақпараттық - білім беру қорының атқаратын негізгі функциялары: дәріс материалдарын оқыту, қолданушыларды тестілеу, қолданушыларға кеңес беру, оқыту контентін жасау, оқыту процессін басқару және жүйелік әкімшіліктендіру.

Дипломдық жұмыстағы бағдарламаның басты ерекшелігі, оны кез -келген басқа пәнге қолдануға болады, оның редактерлеу мүмкіндігі жақсы қарастырылған. Бағдарлама Delphi 7. 0 программалау ортасында орындалған.

Біз электрондық оқулықтарды оқытудың кезекті техникалық құралы ретінде немесе қосымша дидактикалық материал, оқу құралы, оқу - әдістемелік кешен ретінде қарастыру тәсілдерін қолдаймыз. Біздің көзқарасымыз бойынша, электрондық оқулық бір жағынан, мұғалімдер мен оқушыларға, ата-аналарға да арналған бірыңғай ақпараттық білім беру ортаны, екінші жағынан - білім беру үрдісінің субъектілерінің қашықтан интербелсенді өзара әрекет етуі ретінде электронды оқыту технологиясын қамтамасыз етеді. Сондықтан білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің бірыңғай ақпараттық білім беру ортасы ретіндегі электрондық оқулықтарға қатынасын қалыптастыру болып табылады.

1 Техникалық тапсырма

1. 1 Бағдарламаның қолдану аясы

Қазіргі заман университеттерде оқу үрдісін технологияландырудың көкейкестілігі білім беру субъектілерінің инфокоммуникациялық өзара қатынасы ретінде ақпараттық қоғамда білім берудің жаңа парадигмасына өтуге себеп болды. Бұл парадигманы жүзеге асыру университеттерді компьютерлендіру мен интернеттендірумен, бағдарламалық және контенттік жабдықталуға сәйкес оларды электрондық инфраструктурамен қамтамасыз етумен, ең бастысы, кіріктірілген заманауи жетістіктердің негізінде педагогика және ақпараттық - коммуникациялық технологиялар саласындағы кәсіптік қызметке мұғалімдерді даярлау жағдайында мүмкін болады.

«Оқулықтар» электронды білім корының негізі үш модульден тұрады: «Әкімшіліктендіру», «Редактор» және «Оқулық». Білім қоры жоғарыда аталған мамандықта оқытылатын пәндер бойынша электронды оқыту құралдарының жинағын ұсынады. Бұл бағдарлама негізінен сырттай оқу бөліміне арналған.

Сабақтарда проблемалық бағдарлық және кейс - технологиялар, контекстік оқыту, әлемдік ақпараттық ресурстар және білім базасы, бейне курстар, электрондық оқулықтар, ғылыми - көпшілік бейне фильмдер және басқа да дидактикалық материалдар қолданылады.

Бүгінгі жоғары оқу орнында оқытудың әртүрлі ұйымдасқан формалары жүзеге асырылады: лекциялар, практикалық сабақтар, семинарлар, лабораториялық жұмыстар, практикум, ОБСӨЖ, СӨЖ, СҒЗЖ. Дидактикада бұл формалар нақты бір дидактикалық мәселелерді шешу үшін танымдық іс - әрекетті басқарудың амал - жолдары ретінде түсіндіріледі. Сонымен бірге, лекция, семинар, практикалық сабақ, өздігімен дербес оқытудың ұйымдасқан формасы тұрғысында қабылданады. Өйткені, олар студенттер мен оқытушылардың өзара әрекеттестігін жүзеге асырудың амал жолдары болып саналады. Студенттерді кәсіби іс - әрекеттерде ақпараттық - компьютерлік технологияланы пайдалануға даярлауда әртүрлі ұйымдастырылған формалар мен әдістерді пайдалану, осы іс - әрекетте олардың өзін - өзі көрсетуіне мүмкіндік береді және белсенділігін арттырады.

Интерактивтік тапсырмалар алынған білімдер мен біліктерді бекіту мақсатымен әр түрлі тексеретін жаттығулар әрекеттерінің есебінен оқу материалын қолдану және бекіту процесін автоматтандыру мүмкіндігі болып табылады. Бұл компоненттің басты міндеті оқушы ақпаратты тек енжар қабылдамас үшін, өзі оқу - танымдық іс - әрекетке белсенді түрде қатысуға саяды. Оқыту процесін қарқынды етуге тапсырмалардың алуан түрлі типтерінің есебінен іс - әрекеттің мүмкін болар максимум түрлеріне оқушылардың максимал санын қамту арқылы қол жеткізіледі. Осы кезде еркін қалаушылық атмосфера жасалады: оқушы бұрыс жауап беруден қорықпайды, өйткені электрондық оқулық өз жауаптарын қайталауға және түзету енгізуге мүмкіндік береді. Университет студенттері сабақта тапсырмаларды орындау кезінде оқытушының қалып қойғандарға көмекке келуге, жеке сұрақтарға жауап беруге, сабақтың келесі кезеңіне дайындалуға және т. б. уақыты босайды.

1. 2 Бағдарламаны жасауға негіздеме

Жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы бүкіл білім жүйесіне өзгерістер енгізуде. Білімді ұйымдастыру жаңа формалары пайда болуда. Олар сапалы жаңа оқыту технологиясына, яғни дербес компьютерлерді, электронды оқулықтарды және телекоммуникация құралдарын пайдалануға негізделген. Жаңа технологиялардың мүмкіншіліктеріне (халықаралық жаһандық компьютерлік желісі - Интернеттің дамуы) және «ашық» білім идеясына байланысты қашықтықтан оқыту табысты да, белсенді дамып келеді. Қазіргі таңда білім беру жүйесіне қашықтықтан білім беру оқу түрі дүниежүзінде кеңінен қолданылуда.

Кейбір аймақтарда телекоммуникация жүйесінің дұрыс дамымауынан қашықтықтан оқыту білім жүйесі кең қолданылмайды. Оқу - әдістемелік материалдарды Интернет желісі арқылы жіберетін оқу курстарын пайдалану шектеулі болады.

Бұл жағдайда үлкен көлемді оқу - әдістемелік материалдарды тарату үшін әдетте компакт - дискілер қолданылады. Ол үшін CD - 700 мб - көлемді, ал DVD - 2 гб - ты дискілерді колданса, олардың бағасы шамамен 50 - 80 теңгеге тең, ал бұл оқу - әдістемелік материалдарды дискілерге сақтап, пошта арқылы жіберу арзанға түседі

Бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту жүйесінің мақсаты - қолайлы, мазмұнды әдістемелік негізді құру; берілген жүйені күндізгі оқу бөліміндегі ғана емес, сырттай оқитын студенттерге де қолдану; жоғары білім алу мүмкіншілігі және сонымен қатар ол үйренуші тұлғаның интеллектуалды дамуына, шығармашылық қабілетіне, ақпаратпен жұмыс істеуіне үйренуге болады.

Қашықтықтан оқыту кезінде тыңдаушы материалдарды оқу үшін өзіне қолайлы және ыңғайлы оқу уақытын жоспарлайды. Дұрыс ұйымдасқан курс көмегімен тыңдаушының әрқайсысымен дербес жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Курстың негізгі бөлігі компакт - дискіде беріледі (оны content деп атайды), ал бұл байланыс каналдарына тәуелді емес те, арзан болып келеді. Ал Интернет желісін қашықтықтан оқыту жүйесінде оқыту материалдарын жаңарту, тестілеу және оқушымен байланыс жасау үшін қолдануға болады. Телефон каналдары арқылы берілетін орташа жылдамдықты ақпарат алмасуы оқушы мен оқытушы арасында қатынас құру үшін және алған білімін тексеру үшін жеткілікті. Мұндай жүйе Web - CD - технология деп аталатын жаңа технологияның негізін құрайды[4] . Біз қарастырып жатқан, Web - CD - технологияның негізінде жасалған қашықтықтан білім беру жүйесінің ақпараттық - білім беру ортасының құрылымының жобасын ұсынамыз.

Қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту жүйесінде бұл технологияның болашағы зор. Қашықтан білім беру жүйесіндегі оқыту курсы немесе ақпараттық - білім беру ортасы - бұл қолданушының ұсынысы бойынша жасалған ұйымдастырушылық - әкімшілік және оқыту - әдістемелік шараларды қамтамасыз ететін аппараттық - бағдарламалық жабдықтар. Онда дәстүрлі оқу құралдары мен конспектілерден басқа да оқыту тәсілдері беріледі:

- компьютерлік оқыту бағдарламалары;

- электронды оқу құралы;

- білімді бақылау мен тестілеу компьютерлік жүйесі;

- электронды анықтамалар мен энциклопедиялар;

- оқу аудио және бейне материалдар;

- Интернет желісінде орналасқан ақпараттық материалдар.

Бұл жұмысқа тапсырысты А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемелекеттік университеті, ақпараттық технологиялар факультеті, программамен қамтамасыз ету кафедрасы берді.

1. 3 Жасалымның тағайындалуы

Қазіргі таңда елімізде ақпараттық қоғамды қалыптастыру және дамыту жолдары нормативтік - құқықтық тұрғыда белгіленген. Қазақстан ғаламдық ақпараттық қоғамға кірігуге және ғаламдық ақпараттық инфрақұрылымға қосылуға ұмтылыс танытуда. Мұның өзі республиканың технологиялық және экономикалық тұрғыдан дамыған елдердің ат төбеліндей тобына саяси тәуелсіздікті, ұлттық ерекшеліктер мен мәдени дәстүрлерді сақтай отыра қосылуына, дамыған азаматтық қоғамы бар құқықтық мемлекет ретінде әлемдік өркениеттік дамуға үлес қосуына мүмкіндік бермек.

Ақпараттық қоғамға көшу саяси және қоғамдық өмірді одан әрі демократияландырумен тығыз байланысты. Ақпараттық саясат тұрғысынан алғанда бұл, біріншіден, ақпараттың азаматтар үшін ашықтығын және олардың ақпараттық құқығын қорғауды, екіншіден, ақпараттық ресурстар мен ақпараттық - телекоммуникациялық инфрақүрылымды қалыптастыру, тарату және пайдалану жүйесін еркін ақпарат айналымын қамтамасыз етуге бағдарлауды, үшіншіден, азаматтардың бұқаралық ақпаратты еркін іздестіру, алу, өндіру және тарату жөніндегі конституциялық құқығын жүзеге асыруды білдірмек.

Ақпараттық - білім беру ортасының атқаратын негізгі функциялары:

- дәріс материалдарын оқыту;

- қолданушыларды тестілеу;

- тәжірибелік, сарамандық жұмыстарды жүргізетін бағдарламалық және

құрал жабдықтармен қамтамасыз ету;

- қолданушыларға кеңес беру;

- оқыту контентін жасау;

- оқыту процессін басқару;

- жүйелік әкімшіліктендіру және қауіпсіздігін қаматамасыз ету.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып жасалған ақпараттық - білім беру ортасы қазіргі жағдайда өте маңызды да қажетті. Ең басты мақсат, ол - жастарды бір рет қана емес, бүкіл өмір бойы оқуға үйрету, өзінің квалификациясын қашықтықтан оқыту курстары бойынша көтеру. Бұл жол оңай емес, бірақ қашықтықтан білім беру жүйесі, формасы мен типі бойынша жаңа болғанымен, білімнің даму стратегиясына үлкен де, сапалы өзгерістер әкеле алады.

1. 4 Бағдарламаға қойылатын талаптар

Ал, енді «оқытудың ақпараттық - білім қоры» деген түсінікке келетін болсақ. Бұл қазіргі оқыту технологиясын интерактивті бағдарламалық - әдістемелік тұрғыда қамтамасыздандыратын компьютерлік техникалардың, телекоммуникациялық байланыс құралдарының, электрондық оқулықтардың, бағдарламалық құралдардың жиынтығы.

Компьютерлік оқыту бағдарламалары - қашықтан және ашық білім беруде компьютерлік желі негізінде өздігінен білім алудағы бағдарлама арқылы қамтамасыздандырылады. Оқу бағдарламасына қойылатын талаптар былайша анықталады:

- бағдарламаға енетін білімдер жүйесінің сұрыпталуы (ғылыми заңдылықтар, ғылыми теориялардың негізгі түсініктері, ұғымдары, ұғым атаулары және т. б. ) ;

- білім алудың тереңділігінің бейнеленуі;

- бағдарлама мазмұнының дамытушылық сипатта болуы;

- білім беру мазмұнының тәлімгерлік бағыт ұстануы.

«Оқулықтар» - білім қоры модульдік технология бойынша құрылған және мақсаттан нәтижеге дейінгі өзара байланысты компоненттердің тұтас жүйесінде автоматтандырылған оқыту үрдісін қамтамасыз етеді: модуль - гипермәтін - интерактивті тапсырмалар - оқу жетістіктерін бағалау. Олар оқыту үрдісінің міндетті компоненттерін бейнелейді: мотивациялы - мақсатты, мазмұнды, іс - әрекеттік, бағалау - нәтижелі. Бұл барлық кезеңдерді міндетті түрде өту оқыту технологиясын сипаттайды, ал технология, өз кезегінде студенттердің белгілі нәтижеге - жоғары сапалы үлгірім жетістіктеріне жетуін қамтамасыз етеді. Бірақ кез келген технология, сабақта негізгі тұлға болып табылатын мұғалімнің тікелей әдістемелік жетекшілігін талап етеді.

Кез келген электрондық оқулықтың негізі модуль болып табылады. Бәрімізге белгілі оқытудың нәтижесі, оқушылардың оқытудың мақсатын танып - білуіне тікелей пропорционалды тәуелділігі болады, ал ЭО - ң модульі мақсатқа бағытталған қызмет атқарады, өйткені жыл бойы оқыған оқу материалының мазмұнын және оқыту мақсатын көрнекі және шолу түрінде меңгеруге көмектеседі, мектеп оқушысының жыл бойы меңгеруге тиісті білім жүйесін мұғалім де, оқушы да, ата - аналар да айқын және анық білуіне мүмкіндік береді.

Модуль білім беру стандартына сәйкес мемлекеттік құжат ретінде оқу бағдарламасының логикалық - құрылымдық мазмұнын құрайды.

Модульдің айналасынан «ақпараттық - білім беру ортаның функционалдық түйіні» ретінде барлық оқыту үрдісі бастау алады: атап айтқанда, модульден гипермәтінге, тапсырмалар мен тесттерге өтуге болады. Модульге бірнеше рет ену мектеп оқушысына, негізінен «ақпараттар базасы», «мәліметтер базасы», «білім базасы» ұғымдарын береді.

Программа кез келген IBM типтес компьютерлерде Windows 2000/XP/2003 басқаруымен жұмыс істейді, мультимедиялық мүмкіндіктерді (дыбыс, бейне, графика) толығымен қолдану керек. Программаның компьютердің кез келген жерінде немесе тікелей компакт дискіден жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Программаны орнату мен оны іске қосу қолданушы жағынан қиыншылық туғызбауға тиіс. Компьютерде Borland DataBase Engine (BDE) орнатылуы тиіс.

Ал, енді педагогикалық, әсіресе оқытудың дидактикалық принциптеріне негізделген дидактикалық талаптарға тоқталсақ.

- ЭО мазмұнының ғылымдылығы: әрбір оқу пәнінің ерекшелігін ескере отырып, тек қана ғылыми дәл мәліметтер беруі керек.

- Адекватты: оқыту материалы бұрынғы қалыптасқан біліміне, ісіне, әдетіне барабар (адекватность) берілуі тиіс (оқыту материалы оқушының дайындық деңгейіне сәйкесті, ал оқыту жұмысы оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай ұйымдастырылуы қажет) .

- Бейімділік (адаптивность) : мақсатқа әр түрлі дәрежедегі күрделі кезеңдерді кезекпен орындау арқылы жету мүмкіндігін беру (оқушылардың жеке мүмкіншілігіне қарай бейімдеу) .

- Жүйелілік: белгілі бір тәртіп пен жүйеленіп ұйымдастырылған электронды оқыту, оқу пәнінің логикасымен сәйкестілікті қамтамасыз ету.

- Көрнекілік: зерттеп жатқан құбылыстар, кәдімгі өмірде болып жатқан жанарымыздан тыс жүріп жатқан процесстер арқылы немесе олардың дамуын қадағалап, зерттеліп жүрген табиғи құбылыстарды модельдеуге болады. Осының барлығын оқушы белсенді түрде қатыса отырып, жұмыс процесінде өз параметрлерін енгізіп, жұмыстың жүруіне ықпал жасай отырып, іске асыра алады.

Әрине, жоғарыда көрсетілген талаптардың барлығы бірдей әрбір нақты программада ескеріле бермейді. Электронды оқулықтар басылымнан шыққан оқулықтардың көшірмесі болмауы керек, ол кәдімгі оқулықтарға қарағанда жаңа, сапалы өнім, яғни компьютерлік және педагогикалық технологияны біріктіреді.

2 Бағдарламаға сипаттама

2. 1 Жалпы мәліметтер

Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технолгияны кең көлемде ендіру педагогикалық еңбектің тиімділігін жоғарылатып, әдістемелік тәсілдердің арсеналының кеңеюіне, оқушының танымдық іс - әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.

Дәстүрлі оқыту түрі мен әдісін жаңа оқыту тәсілдерімен салыстыру және жаңа тәсілдер оқытуды қалай толықтырады немесе алмастырады деген сұрақтарға жауапты жаңа дамып келе жатқан компьютерлік оқыту дидактикасы береді. Жалпы оқыту әдістемесінің негізі дидактика болса, ал әрбір оқу пәнінің оқыту әдістемесі өз кезегінде сәйкес ғылымның өзіндік қасиеті мен ерекшелігіне негізделеді.

Инновация мен іскерлікке арқа сүйей отырып, ақпараттық технология қалыптасқан басқару технологиясына үлкен өзгерістер енгізуде. Автоматты басқару жүйелерінің бүкіл әлеуетін іске қосу үшін әлемнің жетекші компаниялары қызметкерлер мен технологияларды біртұтас «әлеуметтік - технологиялық жүйелерге» кіріктіруде. Ақпараттык технологиялар мемлекеттік басқаруда, бұқаралық акпарат құралдарының қызметін ұйымдастыруда кеңінен колданылуда. Интернет желісінің одан әрі дамуы ғылыми - техникалық үрдістің жаңа кезеңі ақпараттык технологиялардың, ақпараттық менеджменттің өркендеуіне катысты болатындығын көрсетсе керек. Дүниежүзілік біртұтас ақпарат кеңістігі ақиқатка айналды. Қазақстан Республикасының жаңа ғасырдағы әлеуметтік - экономикалық дамуы ақпараттық саясатты ұтымды ұйымдастырумен, жаңа үрдістер мен тәжірибелерді өмірге батыл енгізумен байланысты болса керек.

Бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту жүйесінің мақсаты - қолайлы, мазмұнды әдістемелік негізді құру; берілген жүйені күндізгі оқу бөліміндегі ғана емес, сырттай оқитын студенттерге де қолдану; жоғары білім алу мүмкіншілігі және сонымен қатар ол үйренуші тұлғаның интеллектуалды дамуына, шығармашылық қабілетіне, ақпаратпен жұмыс істеуіне үйрету.

2. 2 Қолданылған бағдарламалық және техникалық жабдықтар

Білім беру жүйесінде дидактикалық мақсатта пайдаланылатын инструментальдық программалық құралдар (ИПҚ) қолданылады. Мұндай программалық құралдар оқыту программаларын құруды немесе пәндік мазмұны жоқ оқу ортасын сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Аталған инструментальдық құралдар информатиканы оқытуды сүйемелдеу үшін де пайдаланылады, сондай - ақ, курсты программалық қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі болып табылады.

Шартты түрде инструментальдық құралдарды оқытушыға және оқушыға арналған деп бөлуге болады. Олай дейтін себебіміз, кез келген оқыту құралын пайдаланудың мақсаты оқушыға әсер ету, мұнда алдын ала дайындықтың қажеті жоқ. Оқытушыға арнаған инструментальдық программалық құралдар оны оқытуға дайындау үшін педагогтан алдын ала дайындалуды талап етеді.

Сөйтіп, оқытушының инструментальдық программалық құралына оқыту программаларын құруға немесе оқыту процесін басқаруға мүмкіндік беретін құралдарды жатқызамыз. Мұндай құралдардың аясы өте үлкен, оған оқыту программаларын құруға арналған ИПҚ - дан бастап, жергілікті желіні сүйемелдейтін программаларға дейін жатқызуға болады.

Оқытушының инструментальдық программалық құралына: программалау тілдерінің орталары, жергілікті желіні сүйемелдеу құралдары жатады.

Программалау тілдерінің орталарын оқытушы информатика сабағында оқушыларға программалау негіздерін үйрету үшін пайдаланады (ешқандай алдын - ала дайындықсыз) . Бірақ мұғалімнің программалау тілдерінде оқыту программаларын жазуға мүмкіндігі бар. Сондықтан, программмалау тілдерінің орталарын мұғалімнің инструментальдық құралына жатқызуға болады.

Программа Delphi визуалды программалау ортасында HTML құжаттарын қолдану көмегімен жасалды. Программада көптеген графикалық, HTML, дыбыс, бейне файлдары қолданылған. Бұл программаны біршама сүйкімдірек және әсерлі жасайды. Программада оқушының білімін бақылау үшін тестілер мен тапсырмалар қарастырылған.

Неліктен программалау тілі ретінде Delphi мен HTML алынған?

Delphi - жалпыға түсінікті программалау тілдерінің бірі.

Delphi визуалы программалау ортасы кез келген программаны жасау үшін өте қолайлы. Сіз Delphi көмегімен ойын программасын, қызметші қосымшаларды және т. б. басқа программалау тілдерінен гөрі тезірек жасай аласыз.

Delphi визуалды программалау ортасы кез келген типтегі қосымшаларды жасауға жақсы келеді. Сіздер мықты автономды қосымшаларды, ойындарды және көмекші утилиттерді аз уақыт жұмсап жасай аласыздар. Технология ActiveX технологиясы Internet көмегімен өзіңіздің ойыңызбен шектелетін қосымшаларды жазуға рұқсат береді. Windows API - мен бірігіп Delphi көбінесе барлық объект үшін қолданылатын қажетті құралға айналады.

Delphi - да деректер базасы файлдарының орналасуы жайлы информацияны программаға жіберу қиындығы дерeктер базасының псевдонимін қолдану арқылы шешіледі. Псевдоним (Alias) - деректер базасы каталогының толық атына қойылған қысқаша ат. Мысалы, C:\UTC\ Resultss каталогының псевдонимі Results аты бола алады. Деректер базасымен жұмыс істеу программасы деректерге қатынау үшін толық атын емес, псевдонимді қолданады. Информацияға қатынау үшін деректер базасымен жұмысты қамтамасыз ететін программа жүйедегі барлық тіркелген псевдоним жайлы информациясы бар конфигурациялық файлды қолданатын Borland Database Engine (BDE) библиотекасын қосады.

Деректер базасының псевдонимі BDE Administrator утилиті арқылы жасала алады. Бұл утилит псевдониммен байланысты каталогты өзгерте алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дельфи ортасында браузер құру
Корпоративтік сайттың құрылымы
Байланыс операторлары ұсынған қызметтер
Бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігі
Жаңа компьютерлік технологияларды пайлаланып оқытудың ең тиімді түрлері
Электрондық бизнес құрылымы
Кабельдік теледидарлы желі технологиясы
Дамыта оқыту технологиясының құрылымы принциптері, әдістері, ерекшеліктері
Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар
Интернет журналистиканың пайда болу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz