Нұсқалардың бойлық профилін жобалау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кiрiспе

1 Трассалау желінің бағытын анықтау

1. 1 Жобаланатын ауданның табиғи -шаруашылық сипаттамасы

1. 2 Жобаланатын желінің нормалары

1. 3 Жобаланатын желiнiң мүмкiндiк және негiзгi бағыттарын анықтау

1. 4 Трассалау нұсқаларды бекiту және бастауыш еңiстiктiң мәнiн анықтау

2 Бөлім бекеттерді орналастыра отырып нұсқаларды трассалау

2. 1 Нұсқалар желіні трассалау және бойлық профилін анықтау

2. 2 Бірінші нұсқаны трассалау

2. 3 Екінші нұсқаны трассалау

2. 4 Нұсқалардың бойлық профилін жобалау

2. 5 Нұсқалардың желінің планын жобалау

2. 6 Бөлім бекеттердің орналастырылуы

3 Кіші жасанды суөткізгіш құрылымдарын жобалау

3. 1 Жаңбырлы ағыстан судың шығынын анықтау

3. 2 Шағын суөткізгіш құрылымдардың түрін және қуысын таңдау

4 Технико-экономикалық негіздерді бағалай отырып тиімді нұсқаны таңдау

4. 1 Жер жұмысының көлемін анықтау

4. 2 Нұсқалардың құрылыс құнын анықтау

4. 3 Эксплуатациялық шығындарды анықтау

4. 4 Нұсқаларды таңдау және негіздеу

5 Қолайсыз топографиялық жағдайларда темір жолды жобалау ерекшеліктері

5. 1 Опырынды құлаулардың құлама еңістіктерін бекіту

5. 2 Жер төсемесін опырынды құламалардан қорғау

5. 3 Шөгінді беткейі мен қазынды құламасын бекіту

5. 4 Селден қорғау іс - шаралары

5. 5 Ұстап қалушы тақтаның өлшемдерін анықтау

6 Темір жолды жобалауда экологиялық талаптарды еске алу

6. 1 Өндірістік шулар мен тербелістердің адам ағзасына әсері

6. 2 Шудың адамдарға әсері және оны ережелеу

6. 3 Шу көздері мен шу сипаттамалары

6. 4 Темір жол мен автомобиль жолдарындағы қозғалыстан пайда болатын шулар мен тербелістер

6. 5 Тербелістер туралы жалпы жағдайлар

6. 6 Тербелістердің адам ағзасына әсері және оларды ережелеу

6. 7 Өндірістегі діріл

6. 8 Қалқан көмегімен шу деңгейін төмендету

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Халық шаруашылығында темір жолдардың алатын орны ерекше. Кез-келген мемлекетте жүк және жолаушылар тасымалының басым бөлігі темір жолдар көлігіне тиесілі болса, әрине, экономиканың дамуына тигізер ықпалы аз болмайтындығын ғылыми тұрғыдан да дәлелдеп жатудың қажетті де бола қоймас.

Темір жол көлігі Қазақстан Республикасының экономикасында маңызды роль атқарады [1] . Барлық тасымалдау көліктерінің ішінде темір жол көлігі жалпы жүк тасымалының 60% астамын құрайды. Қазақстан Республикасының магистральды темір жолдары 15 түйісу пунктісімен көршілес мемлекеттердің темір жолдарымен байланысады. Олардың құрамында Ресей, Қытай және Өзбекстан мен Қырғызстан Республикалары бар.

Бірақ Қазақстандағы транзиттік даму деңгейі жалпы республика және сала потенциалымен сәйкес келмейді. Транзиттік даму деңгейін көтеру үшін темір жолдардың транзиттік учаскелерін күшейту және бәсекеге қабілетті темір жол желісін салу керек.

Қазақстан Республикасының темір жолдарының өсуіне қазіргі таңда көп көңіл бөлініп жатыр. Темір жолдардың ұзындығы 5-10 жылдың ішінде тағы да 1000 шақырымға дейін ұзарады. Осы себептен жобаланып отырған жаңа темір жол желісі өте жоғары техникалық деңгейімен ерекшеленуі қажет, яғни басқа тасымалдаушы көлік түрлеріне қарағанда жоғары сапалы қызметті қамтамасыз етуі керек. Сонымен қатар салынатын жаңа теміржолдың параметрлерін негіздеуде Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайын, климаттық, гидрогеологиялық және экологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.

Ғылыми жаңашылдығы және тәжірибелік маңыздылығы. Жаңа темір жол желісінің ең дұрыс бойлық профилі мен планын іздеу, нұсқаларды жетілдіру және техникалық-экономикалық көрсеткіштерін салыстыру кезінде, ереже бойынша жобалау шешімдерінің біртіндеп жақсаруына әкелгенімен, тиімдісін таңдауға кепілдік бермейді. Желінің бойлық профилі мен планын жобалау үшін тиімділіктің қазіргі математикалық әдістері мен ЭЕМ (ЭВМ) қолдану тиімді болып табылады. Мұндай тапсырманы шешу үшін жолдың планы мен профилін жобалаудың автоматтандырылған технологиялық желісі арналған. Оның мақсаты-маман мен ЭЕМ диалогы негізінде тиімді нәтиже алу. Машина құрастырылған алгоритм бойынша жобалау шешімін жетілдіреді, ал маман оны талдап, мәліметтерді түзетеді және соңғы шешімді қабылдайды.

Шешілетін ғылыми мәселенің осы заманғы жағдайын бағалау. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың VII Халықаралық «Трансевразия-2008» конференциясы мүшелеріне жолдауында Қазақстан Республикасының көлік кешенінің алдында тұрған бірқатар мәселелерді атап көрсетті. Онда еліміздің өте ауқымды геостратегиялық орналасуына байланысты Еуропа мен Азия арасында транзиттік көпір байланысын жаңғыртпақ.

Бүгінде Қазақстан болашақ Трансазиаттық темір жол магистралінің мүшесі ретінде трансеуропа және азия көлік байланысының ықпалдасуы үшін белсенді түрде жұмыс атқаруда. Жекелей түрде Жетіген-Қорғас жаңа темір жол желісі Қазақстан мен Қытай арасындағы екінші жаңа кедендік байланыс болмақ. Мемлекеттердің екінші саммитінде Қазақстан, Түркіменстан және Иран арасындағы «Өзен-Қызылқия-Берекет-Этрек-Горган» жаңа темір жол келісіміне қол қойылды. Жаңа темір жол желісі Еуропа мен Азия елдерін қосатын және Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәлізінің маңызды учаскесі болып табылады.

Дипломдық зерттеудің мақсаты, есептері және нысаны. Жаңа темір жол желісін қолайсыз топографиялық жағдайларда жобалау болып табылады. Негiзгi түсiнiк беретiн сөздер: бойлық профиль, трасса планы, жасанды құрылғылар, бастауыш еңiстiк, келтiрiлген шығындар, тасымалдық қабiлет, құрылысты ұйымдастырудың жобасы.

Дипломдық жұмыста жобаланушы ауданның табиғи - шаруашылығының сипаттамасы толығымен берiлген, трассалау нұсқаларын таңдау мен желiнiң бағытын анықтау орындалған және бастауыш еңiстiктердiң мәнi бекiтiлiген. Желiнiң екi нұсқасы жобаланған бастауыш еңiстiктерi 13 және 12, осы нұсқалар үшiн схемелық бойлық профиль сызылып, есептелiнген және типтiк суөткiзгiш жасанды құрылғылар орнатылған.

Әрбiр нұсқа үшiн: құрылыс құны, эксплуатациалық және келтiрiлген шығындар анықталған, осының нәтежесiнде экономикалық тиiмдi деп бастауыш i б =12‰ тең нұсқа таңдап алынды. Темір жолды жобалауда экологиялық талаптарды ескере отырып, қалқан көмегімен шу деңгейін төмендету есептелінді.

Дипломдық жұмысты жазудың теориялық және әдістемелік негізі және тәжірибелік базасы. Теориялық зерттеу жұмыстарында қолданбалы және іргелі ғылымдардың жағдайлары: темір жол, жол мен жылжымалы құрамның бір-біріне әсері, экология, темір жолды жобалау теориясы, экономикалық талдау теориясы пайдаланылған және темір жолдың планы мен бойлық профилін жобалау, трасса нұсқаларын негіздеу, трассаны жүйеге келтіру, бөлім бекеттерді орналастыру, кіші суөткізгіш құрылымдарын есептеу мен орналастыру жөніндегі теориялық білімдер баяндалды. Бәсекелес нұсқалардың технико-экономикалық салыстыру әдістемесін пайдаланумен құрылыстық-пайдалану шығындардың ең аз жинақты келтірілуі негізделді.

1 ТРАССАЛАУ ЖЕЛІНІҢ БАҒЫТЫН АНЫҚТАУ

1. 1 Жобаланатын ауданның табиғи - шаруашылық сипаттамасы

Алматы облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224. 0 мың км 2 . Облыс аумағында 16 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай, Талдықорған, Текелі) бар. Тұрғыны 1631, 7 мың адам (1998) . Әкімшілік орталығы-Алматы қаласы. (1, 06 млн., 1998) . Алматы облысының батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғыстан Республикасымен шектеседі.

Табиғаты. Облыстың табиғаты мен жер бедері ала құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Бұл өңір, негізінен, антропогеннің аллювийлік және эолдық шөгінділерінен түзілген. Оның басым бөлігін Сарыесік атырау құмның, Қарақұмның, Тауқұмның, Лөкқұмның, Қорғанқұмның қырқалы және төбешікті құмды алқаптары алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғары өтетін атыраулық бөлігі көне құрғақ арналармен тілімделген. Солтүстік шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу (Жоңғар) қақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері толығымен қамтыған. Олар тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы-Бесбасқан (4442 м) орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар, олардың жалпы ауданы 1, 0 мың км 2 -ге жуық. Жетісу Алатауының кейбір сілемдері (Қолдытау, Алтынемел, Малайсары, Тышқантау, Текелі, Сайқан, т. б. ) өз маңындағы жазық өңірлерге сұғына еніп жатыр. Облыстың оңтүстік және оңтүстік-шығысы Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен (Ұзынқара) жотасы және Солтүстік Тянь-Шань сілемдерінің, т. б. жоталарынан құралған. Жетісу Алатауы мен Іле, Күнгей Алатаулары және Кетпен таулары аралығында Іле ойысы (аңғары) жатыр. Алматы облысының оңтүстік-батысын және батысын Шу, Іле таулы үстірттері мен далалары қамтыған (Жусандыдала, Бозой, Қараой үстірттері) .

Климаты. Алматы облысының климаты, негізінен, континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солтүстік жазық бөлігінде-10 - 16 0 С, оңтүстікте-4 - 9 0 С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы солтүстігінде 25 0 С, оңтүстігінде 27 0 С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы -5 - 9 0 С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 21 - 23 0 С, тау аңғарларында 19 - 22 0 С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын, негізінен, көктем мен жаз айының басында жауады. Солтүстік өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңдығы 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см. Балқаш және Алакөл жағалауларында бриз желі соғады.

Топырағы. Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары тік белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Жалпы, Іле Алатауы мен Жетісу Алатауы ғана емес, бүкіл Тянь-Шань тауының топырақ жамылғысы таужоталарының беткей экспозициясына өте тәуелді. Балқаш көлінің оңтүстігіндегі Сарыесік атырау құмды алқабы оңтүстік-батысында Іле аңғарларын, шығысында Қаратал өзені аралығын алып жатыр. Облыстың осы және т. б. аумағындағы өңірлерде құм, құмайт, кейбір жерлерінде сор мен сортаң, тақыр тәріздес топырақ жамылғысы қалыптасқан. Ірі өзендердің аңғары мен көл жағалауларында алювийлі-батпақты, алювийлі-шалғын топырақтар дамыған.

Шаруашылығы. Алматы облысының экономикалық әлуеті көп салалы өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, көлік пен байланыс және сауда құрылымдарынан тұрады. Өнеркәсіпте электр энергетикасы ( 1997 ж. жалпы өнеркәсіп өнімдегі үлесі 39, 9%), машина жасау және металл өңдеу (6, 5%), құрылыс материалдары (6, 2%), тамақ өнеркәсібі (38, 2%), ұн, жарма және құрама жем (5, 5%) салалары жақсы дамыған. Облыста жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, фарфор-фаянс өндірістері қалыптасқан. 1991-1997 ж. өнеркәсіп өнімі 2, 6 есе артты. Сонымен қатар қызылша, картоп, көкөніс, бақша, жеміс-жидек және жүзім шаруашыдықтары айрықша дамыған. Одан тыс мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, бал, сүт және қымыз өндірістік шаруашылықтары бар. Балқаш, Алакөл көлдерінен сазан, көксерке, табан балық, алабұға ауланады. Алматы облысы Еуропа, Азия, Америка құрлықтарының қырық шақты елімен сауда қатынасын жасайды. Экспортқа шығарылған өнімдерге тері шикізаттары, жүн, аккумулятор, түсті металдар жатады. Сырттан электр аппараттары, есептеу техникасы, т. б. құрал-жабдықтар алынады. Қазақстанның ішкі жиынтық өніміндегі облыстың үлесі 6, 5% шамасында (1997) [2] .

1. 2 Жобаланатын желінің нормалары

ҚР ҚНжЕ 3. 03. -01-2001 жағдайларына [3] сәйкес жаңа темiр жолдарды жобалау нормаларына байланысты келесi категорияларға бөлiнедi (1. 1 кесте) .

Кесте 1. 1

Есептiк жүккернеулiкке байланысты техникалық категориялар бойынша темiр жолдардың классификациясы

Темiр жолдардың категориясы: Темiр жолдардың категориясы
Темiржолдардың тағайындалуы: Темiржолдардың тағайындалуы
Жылдық есептiк жүккернеулiк, нетто жүк бағыты бойынша, 10-шы жылға пайдалану арқылы млн. ткм/км: Жылдық есептiк жүккернеулiк, нетто жүк бағыты бойынша, 10-шы жылға пайдалану арқылы млн. ткм/км
Темiр жолдардың категориясы: Жүйрiк
Темiржолдардың тағайындалуы: Жолаушы пойыздарының жылдамдығы 160 км/с жоғары 200 км/с дейiнгi магистралды темiр жолдар
Жылдық есептiк жүккернеулiк, нетто жүк бағыты бойынша, 10-шы жылға пайдалану арқылы млн. ткм/км:
Темiр жолдардың категориясы: Ерекше жүккернеулi
Темiржолдардың тағайындалуы: Жүк тасымалының көлемi мол магистралды темiр жолдар
Жылдық есептiк жүккернеулiк, нетто жүк бағыты бойынша, 10-шы жылға пайдалану арқылы млн. ткм/км: 50-ден жоғары
Темiр жолдардың категориясы: I
Темiржолдардың тағайындалуы: Магистралды темiр жолдар
Жылдық есептiк жүккернеулiк, нетто жүк бағыты бойынша, 10-шы жылға пайдалану арқылы млн. ткм/км: 30 дан жоғары 50-ге
Темiр жолдардың категориясы: II
Темiржолдардың тағайындалуы: Магистралды темiр жолдар
Жылдық есептiк жүккернеулiк, нетто жүк бағыты бойынша, 10-шы жылға пайдалану арқылы млн. ткм/км: 15 дан жоғары 30-ға
Темiр жолдардың категориясы: III
Темiржолдардың тағайындалуы: Магистралды темiр жолдар
Жылдық есептiк жүккернеулiк, нетто жүк бағыты бойынша, 10-шы жылға пайдалану арқылы млн. ткм/км: 8 ден жоғары 15-ке
Темiр жолдардың категориясы: IV
Темiржолдардың тағайындалуы: Магистралды темiр жолдар
Жылдық есептiк жүккернеулiк, нетто жүк бағыты бойынша, 10-шы жылға пайдалану арқылы млн. ткм/км: 8- дейiн

ҚР ҚНжЕ 3. 03. -01-2001 сәйкес жобаланып отырған темір жол ІІ техникалық категорияға жатады және темір жол учаскесінің планы мен бойлық профильдің осі нормалармен трассаланады және жобаланады. Бекітілген жол категориясына байланысты план мен профильді жобалаудың мына нормаларын ҚР ҚНжЕ 3. 03. -01-2001 сәйкес қабылдаймыз:

-бастауыш еңістік 13‰; 12‰

-профиль элементтерінің ең кіші ұзындығы- 250м ( ең кіші рұқсат етілген ұзындығы 200м)

-қабылдау-жөнелту жолдарының ұзындығы 1050м.

-бөлім бекеттер алаңының ұзындығы 1500м

Бойлық профильді аралас жамылғының есептік қалыңдығының деңгейінен 0, 7 м -ден аз болмайтындай үйінді ретінде жобалау керек.

Жоспардағы қисықтардың ұсынылған қисықтардың радиустері 2500÷1500м, қиын жағдайларда 1200м, технико-экономикалық негіздері

бойынша өте қиын жағдайларда 600м.

Учаскелік станцияларда:

Станциялар мен бөлім бекеттерді горизонтальді алаңдарда орналастыру керек, олардың еңістіктерде орналасуы жобада дәлелденуі керек. Кейбір жағдайларда бөлім бекеттерді 1, 5‰-ге дейін. Учаскелік станцияларға аралықтардағы есептік жүру уақытымен салыстырғанда 4 минутқа дейін азайтуға болады. Станцияларды, бөлім бекеттерді және озып өту пунктерін және де бөлек пунктердің тарту жолдарын жолдың түзу учаскелеріне орналастыру керек.

1. 3 Жобаланатын желiнiң мүмкiндiк және негiзгi бағыттарын анықтау

Трассаның мүмкін болатын бағытын табу жобалау ауданының, географиялық, орфографиялық сипаттамаларын зерттеуден басталады. Жобаланғалы отырған желісті мүмкін болатын бастапқы бағыты ретінде геодезиялық сызық жүргіземіз. Негізгі пункттер арасында бірнеше суайрық орналасқан. Биіктік белгілердің ауытқуы 587м -ден 719м- ге дейін құрайды және геодезиялық сызық 587м-ден 719м-ге дейін жоғарылап, 660м биіктік белгісіне дейін төмендейді. Осы геодезиялық сызыққа қарап отырып жердің топографиялық жағдайын талдау нүктесінде жобаланғалы отырған желістің 2 мүмкін болатын бағыттарын белгілейміз. Осы 2 әуе-сыну сызықтарын талдаудың нәтижесінде ең мүмкін болатын екі бағытты таңдап алдық. Бұл екі бағыт қолайсыз геологиялық жағдайларда өтуде және оларды қолайлы қиып өту мүмкіндіктеріне талдау жасалған.

1. 4 Трассалау нұсқаларды бекiту және бастауыш еңiстiктiң мәнiн анықтау

А және Б негізгі пунктері арқылы өтетін бағыттардың табылған 1 және 2 трассалау үшін принципті мүмкін болатын геодезиялық сызыққа ең жақын орналасқан. Бастапқы А станциясынан шыққан трасса солтүстік жаққа бұрылып, еркін жүрістік учаскеде жайғасады. 12-ші шақырымда трасса шығыс жаққа бұрылады және 21-ші шақырымда бөлім бекетінің алаңшасын орналастыру мақсатымен еркін жүрістік трассалау атқарылған. Мұндай жағдайда жүрістің шын мәніндегі уақыты 30, 14 минут құрайды, 34, 14-30, 14=4 минут, яғни учаскелік станцияға келіп қосылатын бірінші аралықтың есептік уақыты қысқарады (ҚНжЕ II-39-76 талаптарына сәйкес) [4] . В бөлім бекетінің қабылдау-жөнелту жолының пайдалы ұзындығы 1500 м және бөлім бекеті ұзындығы 1800 м профильі алаңша мен пландағы тура учаскесінде жобаланған. 24-26 шақырым аралығындағы учаскедегі трасса кернеу жүріспен жобаланған. Қисықтың радиусын қолданумен сайға жай кіру жолы орындалған. 33-ші шақырымда тапсырмалы Б бағытына шығу үшін солтүстікке қарай трасса оңға бұрылады. Трассаның жалпы ұзындығы 35, 7 шақырымды құрайды. Ұқсас баяндалуы екінші нұсқа үшін де орындалады. Нұсқалар үшін негізгі кедергі-аса қолайсыз топографиялық жағдайлар болып табылады. Жобалау ауданының топографиялық жағдайларына байланысты әрі-қарай трассалауға төмендегі бастауыш еңістіктерді қолданамыз:

I нұсқа үшін 13 ‰

II нұсқа үшін 12 ‰

Нұсқалардың негізгі техникалық көрсеткіштері 1. 2 кестеде көрсетілген.

Кесте 1. 2

Трасса нұсқаларының планы мен профилінің негізгі техникалық көрсеткіштері

№№:

Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Өлшем бірлігі: Өлшем бірлігі
Әуе-сынық желінің нұсқалары: Әуе-сынық желінің нұсқалары
№№:
Көрсеткіштер:
Өлшем бірлігі:
Әуе-сынық желінің нұсқалары: I
II
№№:

1

1

Көрсеткіштер: Әуе-сынық желінің ұзындығы
Өлшем бірлігі: км
Әуе-сынық желінің нұсқалары: 35, 7
38
№№:

2

2

Көрсеткіштер: Геодезиялық желінің ұзындығы
Өлшем бірлігі: км
Әуе-сынық желінің нұсқалары: 27, 4
27, 4
№№: 3
Көрсеткіштер: Бастауыш еңістіктің мүмкін шамасы
Өлшем бірлігі: 0 / 0 0
Әуе-сынық желінің нұсқалары: 13
12
№№: 4
Көрсеткіштер: Геодезиялық желіге қатысты әуеде сынған желінің ұзару коэффициенті
Өлшем бірлігі: км/ 0 / 0 0
Әуе-сынық желінің нұсқалары: 1, 30
1, 38
№№:

3

5

Көрсеткіштер: Әрі-кері асып түсетін биіктіктердің жиынтығы
Өлшем бірлігі: әрі/кері
Әуе-сынық желінің нұсқалары: 294/226
259/192

2 БӨЛІМ БЕКЕТТЕРДІ ОРНАЛАСТЫРА ОТЫРЫП НҰСҚАЛАРДЫ ТРАССАЛАУ

2. 1 Нұсқалар желісін трассалау және бойлық профилін анықтау

Трассаның мүмкін болатын бағыттарын таңдағаннан кейін, әр нұсқаның еркін және кернеулі жүріс учаскелеріндегі әуе-сынық сызықтары байланыстырылады. Еркін жүріс учаскелері кернеулі жүріс учаскелерімен байланыстырылуы мүмкін болған жағдайда профильге өзгеріссіз түсіріледі.

Кернеулі жүріс деп жердің орташа табиғи еңістіктері бастауыш еңістіктен асатын трассаның учаскелерін айтамыз.

Еркін жүріс деп жердің орташа табиғи еңістіктері трассалау еңістігінің шамасынан аз болатын трасса учаскелерін айтамыз. Трасса нұсқаларын дәлелдеу магистральді жүрісті төсеуден басталады [5] .

Трассалау адымы (циркукльдік ашасы) мынадай формуламен есептеледі:

L ц =20/i б -i эк , см (2. 1)

Мұндағы: i б - бастауыш еңістік

i эк =(0‚5÷1‚0) - қисықтардан пайда болатын эквиваленттік кедергінің орташа шамасы.

Бастауыш еңістігі 13 ‰ болатын I нұсқа үшін циркулдің адымы мынадай:

l ц I = 20 / 13-1=1, 6 см

Бастауыш еңістігі 12 ‰ болатын II нұсқа үшін циркулдің адымы мынадай:

l ц II = 20 / 12-1=1, 8 см

Циркулдің ашасын l ц - деп алып горизантальдар арасымен 1 ц тең кесінділерді түсіре отырып нольдік жұмыстар сызып аламыз. Берілген кеңістіктер арқылы түсірілген бұл сызықты жоспардағы трассаны әрі қарай төсеуге бағдар ретінде пайдаланамыз. Магистральді жүрісті төсегеннен кейін кернулі және еркін жүру учаскелеріндегі жерінің орнын дәлелдегеннен кейін нұсқаларды трассалауға кірісеміз. Бұрылыстың 1-ші бұрышы үшін орналастыру кезінде станция өсінен оның бекіту мәніне дейінгі ең аз қашықтығын мына фор

муламен пайдалану арқылы қамтамасыз етеміз.

l min = (2. 2)

l сc =200м перспективада станция аралық жолдардың ұзартылуы;

l 0 =80м өтпелі қисық ұзындығы;

Т=911, 46м дөңгелек қисықтың тангенсі.

2. 2 Бірінші нұсқаны трассалау

А станциясынан Б бағытына қарай 2 желiнiң нұсқалары трассаланған, әрбiр нұсқаға схемалық бойлық профиль сызылған. Бiрiншi нұсқаның бастауыш еңiстiгi 13 ‰. Трасса ұзындығы 35, 7 км құрайды Бұл нұсқада 1 бөлім бекеті орнатылған.

Осы жерде 5 темiрбетон суөткiзгiш құбырлар мен 3 темірбетон көпір орнатылған.

1200 м кем радиусты қисықтардың ұзындығы - 12, 25 км және 1200 м радиусы үлкен түзу жолдардың ұзындығы - 23, 7295 км .

Нұсқалардың бастапқы және соңғы нүктелердiң жобалық белгiлерiнiң алгебралық айырмашылығы Δh=70, 53м.

2. 3 Екінші нұсқаны трассалау

А станциясынан Б бағытына қарай 2 желiнiң нұсқалары трассаланған, әрбiр нұсқаға схемалық бойлық профиль сызылған. Екiншi нұсқаның бастауыш еңiстiгi 12 ‰. Трасса ұзындығы 38 км құрайды. Бұл нұсқаға 1 бөлім бекеті орнатылған.

Осы жерде 5 темiрбетон суөткiзгiш құбырлар және 3 темірбетон көпір орнатылған.

1200 м кем радиусты қисықтардың ұзындығы -34, 53 км және 1200 м радиусы үлкен түзу жолдардың ұзындығы - 3, 78 км

Нұсқалардың бастапқы және соңғы нүктелердiң жобалық белгiлерiнiң алгебралық айырмашылығы Δh=68, 58м.

2. 4 Нұсқалардың бойлық профилін жобалау

Темір жолдың жоспары мен бойлық профилін жобалаған кезде мыналар қамтамасыз етілуі керек:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нұсқалардың желінің планын жобалау
Бойлық кескіннің қабаттасуын және көлденең кескіннің қабаттасуын анықтау
Топографиялық карта бойынша есептерді шешу
ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ НИВЕЛИРЛЕУ туралы
Геометриялық нивелирлеу жайлы
Нивелирлеу туралы
Автомобиль жолдары уческелеріндегі жол жағдайларын бағалау және қозғалыс қауіпсіздігін арттыру жөніндегі шараларды жасақтау
Тістерді өңдеуге арналған аспаптар
Автомобиль жолын жайластыру
Автомагистральдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz