Мемлекеттік меншіктің үлесі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 5
1.1 Нарықтық жағдайында жекешелендірудің жалпы түсінігі 5
1.2 Меншікті қалыптастыру кезеңдерінің негізгі ерекшеліктері мен 10
нәтижелері
1.3 Жер телімдеріне жеке және мемлекеттік меншік және оны 26
жекешелендіру
1.4 Жер телімдерін жекешелендірудің субъектілері мен объектілері 28
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІНІҢ39
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ
2.1 Жер телімдерін жекешелендірудің азаматтық-құқықтық нысандары 39
2.2 Қазақстан Республикасындағы жер телімдерін жекешелендіру процесі 46
2.3 Нарық жағдайындағы жекешелендірудің заңды негізі 54
2.4 Экономикадағы жер телімдерін жекешелендіру процесінің шетелдік 59
тәжірибелері
ҚОРЫТЫНДЫ 66
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 68
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Нарықтық экономикада жер басты өндіріс
құралы ретінде бағалануы керек. Осыны ескергендіктен, қазір көптеген
елдерде жер қатынасын реттеу және оны пайдалану жүйесін халықаралық
стандартқа сәйкестендірілуде. Біршама елдер жерді өндіріс құралына
айналдырудың түрлі тетіктерін ойлап табуда. Экономиканы тереңдету, қоғамдық
өмiрiмiзге әрқилы жаңаша өзгерiстер енгiзе отырып, өзiнiң талабын қойып
келедi. Сондықтан осы көштен қазақ елі де құр қалмауы тиіс. Біз де қарым-
қабілетіміз жеткенше жерді өндірістік мақсатта пайдалану жайын тереңірек
ойлағанымыз жөн. Осы мақсатта біздің құзырлы орындар да біршама қаулы,
жарғылар қабылдап, жерді пайдаланудың қазақстандық жүйесін жасағаны
белгілі. Әйтсе де нарықтық жүйеге көшкелі бері қазақтың жер емшегін еме
алмай, кең байтақ жатқан қазақ даласының қызығын көре алмай жүргені жасырын
емес.
Жалпы, біздің экономист сарапшылар жерді жекеменшікке беру арқылы да
пайда таппағанымызды жиі алға тартады. Бұл ретте мамандар жерді
жекешелендіру саясаты алдымен қыр қазағына ауыр тиді. Кезінде жекешелендіру
барысында үлестік пайын түгендеп ала алмаған ауыл қазағы көлемді жерге
иелік етуден де қағылды дейді.
ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында: Біз қазіргі
кәсіпорындардың қалпына келтірілуін және шағын және орта бизнестен жаңа
кәсіпорындардың құрылуын тоқтатып тұратын құрылымдық кедергілерді жойып,
соңғы жеті жылда қалыптасқан шараларды қабылдаумыз қажет. Бұл шаралар өсіп-
есейіп, әрі қарай өркендей беруіміз үшін біздің экономикамызға ауадай
қажет деп атап өтті. Президенттің осы сөздері мемлекеттің жаңа әлемдік
экономикалық парадигмаға сай болу үшін жеке меншік секторы мен ұлттық
капиталдың белсенділігіне көмектесуге, ынталандыруға және толықтыруға
міндеті туралы бұған дейін айтқан ойын растады [2].
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан
Республикасында мемлекеттік меншікпен жеке меншік табылады және бірдей
қорғалады. Меншік субьектілері мен обьектілері, иелерінің өз құқықтарын
жүзеге асыру көлемі мен шектері оларды қорғау кепілдіктері заңмен
белгіленеді.
Адамның құқықтары мен бостандық жүйесінде жер телімдеріне меншікке
құқықтың алатын орны ерекше, себебі ол адамның жеке бастық сәттілігін
сипаттайтын көрсеткіш. Бұл құқықтар экономикалық қатынастарды реттейді,
сондықтан да олардың атқаратын міндеті көп.
Меншік құқығы объективті және субъективті мағыналарға байланысты
бөлінеді. Объективті мағына тұрғысынан алғанда, меншік құқығы өндіріс құрал-
жабдықтары мен өнімдеріне иелік жасау, пайдалану және билік ету
қатынастарын дәйектейтін құқықтық нормаларының жиынтығы болып табылады.
Дипломдық жұмыстық объектісі. Нарықтық экономика жағдайында жер
телімдерін жекешелендіруге байланысты туындайтын құқықтық қатынастар болып
тыбылады.
Дипломдық жұмыстың пәнін - нарықтық экономика жағдайында жер телімдерін
жекешелендіруге байланысты реттейтін құқықтық механизмдерді құрайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – нарықтық экономика жағдайында жер
телімдерін жекешелендіруді зерттеу негізінде Қазақстанда жер телімдерін
жекешелендіру бойынша ұсыныстар жасау және оның даму перспективаларын
анықтау.
Осы мақсатты жүзеге асыру мынадай міндеттерді шешуді талап етеді:
1 Нарықтық жағдайында жекешелендірудің жалпы сипаттамасын және оның
түрлерінің заңдық мәнін анықтау;
2 Нарық жағдайындағы жекешелендірудің пайда болу алғышарттарын
қарастыру;
3 Жер телімдеріне меншікті қалыптастыру кезеңдерінің шетел тәжірибесінде
қолдану ерешеліктерін қарау мен нәтижелері анықтау;
4 Еліміздегі жер телімдерін жекешелендіру процесіндегі өзекті
мәселелерді анықтау және оны жетілдіру жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың теориялық және нормативтік негізі. Қазақстан
Респуликасы ҚР-ның Мемлекеттік мүлік туралы Заңы, Азаматтық Кодекс тағы
басқа заңдар мен нормативтік құқықтық актілер мен Ресей және қазақстандық
ғалым-экономистер мен заңгер мамандар еңбектері қарастырылған. Атап
айтсақ, Ғ.А. Жайлин, Ғ.Төлеуғалиев, З. Зауребеков, Б. Бүркітбайұлы, Н.
Омаров, П.Б. Мэггс, А. П. Сергеев, А.К. Кожатаев, Ж. Исабергенов және т.б.
ғалымдардың еңбектері пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми-әдістемелік негіздері. ҚР-да жер телімдерін
жекешеліндірудің экономикалық және құқықтық қырлары атты жұмысын жазу
барысында алдына қойылған міндеттерге жету үшін жалпы диалектикалық,
танымдық, логикалық, салыстырмалы, формальді-заңи кешенді зерттеу, құқықтық
модельдеу, жүйелік және басқа да әдістер қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім: 2
тараудан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған. Жалпы жұмыстың
көлемі – 72 бет.
1 НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. Нарықтық жаңғдйында жекешелендірудің жалпы түсінігі
Нарыққа өту және ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру процесінің
басталуы - мемлекеттік меншік үлесін қысқартуға, оның монополиялық
үстемдігін жоюға бағытталған. Сондай-ақ, қоғамдық өндірістің тиімділігін
арттыру үшін бәсекелестік ортаны құрып, оны тұрғындардың сұранымын
қанағаттандыруға бағыттау қажет. Мемлекеттік меншіктің үлесі 30-40 %
шеңберінде бекітіледі.
Жеке меншіктің дамуы 20-ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін
жүзеге асты. Ғылыми техникалық революцияның әсерінен 20- ғасырдың екінші
жартысында жедел түрде акционерлік меншік қалыптаса бастады. Акционерлік
немесе корпоративтік меншік, басқаша айтар болсақ, топтық немесе ұжымдық
меншік. Батыстың экономикалық теория мектебі жеке термині ретінде кез-
келген мемлекеттік емес мүлік, шарушылық, кәсіпорынды түсінген. Қазіргі
уақытта жеке меншік жекеленген (еңбектік және еңбектік емес) ғана емес,
сондай-ақ ұжымдық, акционерлік және коперативтік түрде - меншік иесі
ұжымдарын біріктіретін болады.
Жекешелендіру — меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік
меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы
социолисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып
табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін,
экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Мемлекеттік
өндіріс орындарын жекешелендіру — күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың
менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын.
Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап
етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ,
ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі
толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім,мәдениет,
өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет
меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу
және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік
қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және
мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді [1].
Жекешелендіру процесі нарыққа бет алған шаруашылық құрылымдардың дамуына
қажет жағдайларды қамтамасыз етуді, тиімді және жауапты меншік иелерін
қалыптастыруды, нақты бәсеке ортасын жасауды қамтамасыз етуге тиіс.
Жекешелендірудің әр түрлі бағыты келемінде халықтың меншікке деген құқығы
(жаппай жекешелендіру), инвестиция тарту, оның ішінде шет елдік
инвестицияларды (жеке жобалар бойынша жекешелендіру), шағын және орта
бизнестің пайда болып даму (шағын жекешелендіру) мүмкіндігі жүзеге асуына
жағдай жасалады. 1995 жылдың басында 10 мыңнан астам кәсіпорын мемлекет
иелігінен алынды және жекешелендірілді. Халыққа 2 миллиардтай (1846
миллион) инвестициялық жекешелендіру купоны тапсырылды. 1994 жылы
мемлекеттік емес сектордың өндірген өнімінің үлес салмағы өнеркәсіпте 17,2
процентке, ауыл шаруашылығында — 46, сауда және қоғамдык, тамақтандыруда —
50, тұрмыстық қызмет көрсету саласында — 51 процентке жетті.
Қазіргі кезде нарықтық экономиканың қызмет етуіне қажет институттар
құрылуы аяқталуда, олардың құрамында тарамдалған банк жүйесі, қамсыздандыру
компаниялары, тауар биржалары, брокерлік конторлар, аудиторлық фирмалар
және басқадай инфрақұрылымдық объектілер бар, олар шаруашылық
субъектілеріне қызмет етеді, өндірілген өнімдерді сатуға, шикізат алуға,
кәсіпорындардың тиімді, сенімді жұмыс істеуіне көмектеседі.
Тауар, еңбек және капитал нарықтарындағы қатынастарды реттейтін заңдар
ауқымы кеңіп, олар жетіле түсуде.
Жекешендіру процесі саяси- экономикалық үрдіс ретінде үш негізгі
аспектілерден құрылады:
1)тиімділік;
2) бөлу;
3)тұрақтылық.
Тиімділік дегеніміз жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті тиімді
пайдаланудыюілдіреді. Бөлу- жекешендірудің жалпы табыстарды және қоғамдық
байлықты бөлуіне әсерін бағалайды. Тұрақтылық -макроэкономикалық
көрсеткіштеріне әсерін бағалау (мысалы, инфляцияға, жұмыссыздыққа)[2].
Жекешелендіру(приватизация) дегеніміз - мемлекеттен азаматтар мен заңды
тұлғаларының мемлекеттік меншік нысандарын сатып алуы және мемлекеттік
акционерлік қоғамдарының акцияларына ие болуы.
Негізінен алғанда жекешелендірудің екі түрі бар: батыстық және
постсоциалистік. Батыстағы жекешелендіру жеке меншік секторының даму және
рыноктық жүйенің қызмет ету кезінде қалыптасты, ал социалистік елдерінде
(оның ішінде Қазақстанда) жекешелендіру – бұл жеке меншік секторының және
рыноктық жүйеінің қалыптасуының негізгі шарты болып табылады.
1991 ж. дейін Қазақстан Кеңестік Социалистік Республикасында экономика
тек мемлекеттік меншікке негізделген еді. Бірақ бұл жерде көп қателіктер
болған. Мысалы, жалпы халықтық меншік деген түсінік нақты өмірде әкімшілік-
шаруашылық органдарының меншігі болды.
Қазақстан тәуелсіздік алуымен бірге қоғамда жаңа меншік нысандары пайда
болды. Ал жекешелендіру процесі үш кезеңден құрылды. Әр бір кезеңде өзіне
тән мәселлер қойылған еді.
Негізінен алғанда жекешелендіру процесімен Қазақстан Республикасының
экономикасындағы түбегейлі өзгерістер байланысты. Жекешелендіру процесінің
жүруі аса ірі көлемде қаражаттарды талап етті.
Уақыт өткен сайын сол кезде қабылданған шешімдердің дұрыстығы көрінуде.
Жерді және мүлікті жекешелендіру процесі нәтижесінде экономикада
макроэкономикалық көрсеткіштер жоғары деңгейге жетті.
Жерді және мүлікті жекешелендіру процесі нәтижесінде мемлекеттік
бюджетке үлкен көлемде ақшалай қаражаттар түсті.

етеді.
Жекеменшік кәсіпкерлерінің пайда болуы ек түрлі жолмен жүзеге асады:
Жекеменшік капиталы барысында құрылған жаңа мекемелер және
жекешелендіру барысында мемлекет меншігін мемлекеттік емес меншікке көшіру
арқылы.
Жекешелендіру процесі мемлекет меншігінен шығару арқылы әрекеттерінен
тұратын күрделі жүйе болып табылады. Оның құрамына шаруашылықты басқарудың
демократизация, мемлекет кәсіпкершілігін шектеу, жекеменшік капиталын
жігерлендіру жатады. Жекешелендіру – экономиканы күрделендірудің соңғы
мақсаты болып табылмайды, ол дегеніміз жаңа экономикалық жүйеге көшкенде
болатын меншік қатынастарын өзгерту тәсілі.
Жекешелендіру жүргізген кезде республика экономикасының ерекшеліктерін
ескеру керек. Бұл ерекшеліктерге еліміздің шикізаттық қоры, ауыр машина
өндірістің сырттан әкелінетің шикізат пен материалдарға байланысты
өндірістік қаражат инжра құрылымдарының әлсіз дамуы т.б. кіреді.
Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру — күрделі мәселе, ол
әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа
мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру
ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда
(қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа
көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім,
мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар
мемлекет меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет
меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және
акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы
және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді. Жекешелендіру
Қазақстанда үш кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде (1991 — 1992) “Кіші
жекешелендіру" бағдарламасы бойынша мемлекеттік сауда және қызмет көрсету
кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек
ұжымдарына берілді. Екінші кезеңде (1993 — 1996 жылдары) жаппай
жекешелендіру орта және үлкен кәсіпорындар бойынша жүргізілді, жеке
жобалар бойынша 5 өнеркәсіп орындары ақшаға, ал 1700 зауыттар мен
фабрикалар инвестициялық купондарға сатылды, 44 ірі кәсіпорындар сенімді
басқаруға тапсырылды, оның ішінде 12-сі шетел инвесторларына берілді.
Үшінші кезеңде (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік,
денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық
және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі және орташа
кәсіпорындар үшін жабық акционерлік қоғамдар жекешелендірудің негізгі түрі
болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік басқару
органдарына құқық берілді. 1994 жылдан бастап жекешелендіру нысандарын
сату саясаты жүргізілді. Жекешелендіру экономика теориясына және практикаға
көп жаңалықтар әкелді [3, 51-52б. ].
Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру бағдарламасы 1991 жылы
қабылданған болатын. 1991 жылы қабылданған жекешелендіру туралы заң
жекешелендірудің мынадай тәсілдерін қарастырады:
1) Еңбек коллективтерінің мекемелерді біртіндеп сатып алуы;
2) Аукцион және тендер.
Біздің республикамызда өтетін жекешелендіру процесі келесідей
бағыттарда жүреді:
1) Аукцион және тендер арқылы кішігірім мекемелердің кіші
жекешелендірілуі;
2) Аукционерлік қоғамдарға көшіру арқылы орта және үлкен
мекемелердің топтық жекешелендірілуі;
3) Күрделі проектілер барысындағы үлкен және мамандандырылған
мекемелердің жеке проектілер арқылы жекешелендіру бағыттарына өтеді[4].
Айрықша әлеуметтік мағынасы бар тауарларды шығаратын немесе табиғи
монополист болып табылатын мекемелер әдейі жасалған проектілер арқылы
жекешелендіруден өтеді.
Жеке проектілі жекешелендірудің тәсілдері ретінде төмендегіні
қарастыруға болады.
1) Келісілген шартпен анықталған инвесторға сату;
2) аукцион және конкурс арқылы сату;
3) бақылау туралы келісім шартқа отырумен акциялардың ашық сатылуы.
Жекешелендіру бағдарламаларында ерекше орын шетел инвесторларына
беріледі.
Өткен уақыт ішінде жеке проектілер арқылы жекешелендірілуге 170
объекті өтіп, оның 4-уі жекешелендірілді. Олардың қатарына Алматы темекі
комбинаты, Алматы және Қарағанды май зауыттары және Шымкент кондитер
фабрикасы жатады.
Сонымен, Қазақстандағы жекешелендіру процесі күрделі әрі ұзақ
процестерге жатады. Оның мақсаты еркін кәсіпкершілікті жандандыру ғана
емес, сонымен бірге, экономикалық және әлеуметтік процестердің жаңа
талаптарына сай келетін жаңа жүйе құру да болып табылады.
Меншік және жекешелендіру Жеке меншік кәсіпкерлерінің пайда болуы екі
түрлі жолмен жүзеге асады:
Жеке меншік капиталы барысында құрылған жаңа мекемелер және

демократизация, мемлекет кәсіпкершілігін шектеу, жекеменшіккапиталын

мақсаты болып табылмайды, ол дегенімізжаңа экономикалық жүйеге көшкенде

ескеру керек. Бұл ерекшеліктерге еліміздің шикізаттық қоры, ауырмашина

әндірістік қаражат инжрақұрылымдарының әлсіз дамуы т.б. кіреді.

жекешелендірудің үш тәсілін қарастырады:

Біздің республикамызда өтетін жекешелендіру процесі келесідей бағыттарда
жүреді:

2) Аукционерлік қоғамдарға көшіру арқылы орта және үлкен мекемелердің
топтық жекешелендірілуі;

мекемелердің жеке проектілер арқылы жекешелендіру бағыттарына өтеді.

1) Келісілген шартпен анықталған инвесторға сату; 2) аукцион және
конкурс арқылы сату; 3) боқылау туралы келісім шартқа отырумен акциялардың
ашық сатылуы[4].

Өткен уақыт ішінде жеке проектілер арқылы жекешелендірілді 170 объекті
өтіп, оның 4-уі жекешелендірілді. Олардың қатарына Алматы темекі комбинаты,
Алматы және Қарағанды май зауыттары және Шымкент кондитер фабрикасы жатады.

процестерге жатады. Оның мақсаты еркін кәсіпкершілікті жанданту ғана емес,
сонымен бірге, экономикалық жіне әлеуметтік процестердің жаңа талаптарына
сай келетін жаңа жүйе құру да болып табылады.
2. Меншікті қалыптастыру кезеңдерінің негізгі ерекшеліктері мен
нәтижелері
Бірінші кезең. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру Заңын іске
асыру үшін 1991-1992 жылдарға арналған Қазақ ССР-да мемлекет иелігінен алу
мен жекешелендірудің бірінші бағдарламасы әзірленді, ол ҚазССР
Президентінің қаулысымен (1991 жылғы 13 қыркүйектегі №444) бекітілді.
Бірінші кезеңде жекешелендіру бастамашылық сипатқа ие болды. Жекешелендіру
туралы шешімді жекешелендіруге кәсіпорын ұжымының өтінішінен кейін ғана
мемлекеттік органдар қабылдады. Өте маңыздысы кәсіпорынды мемлекет
иелігінен алу мен жекешелендіру түрін таңдау еңбек ұжымына берілді.
Кәісіпорынды мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру аукциондарда,
байқауларында, сондай-ақ жекешелендірілетін кәсіпорынның балансындағы
өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды акционерлеу және еңбек ұжымына
өтеусіз беру арқылы да жүрді. Бірінші езеңде шағын жекешелендіру де жүрді
және ол кейіннен өз дамуын басқа кезеңдерде тапты. Бірінші кезеңнің көлемі
үлкен әсер қалдырады: 4771 объект жекешелендірілді, оның ішінде еңбек
ұжымының ұжымдық меншігіне берілген 472 совхоз бар. Одан әрі мемлекеттік
ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру арнайы заңмен ретке
келтірілді [4]. Республикада мемлекеттік меншікті сату жөніндегі бірінші
аукцион Орал қаласында 1991 жылы 4 қыркүйекте орын алды. Оны Батыс
Қазақстан аумақтық мемлекеттік мүлік жөніндегі комитет республикалық
комитет өкілдерінің қатысуымен өткізді. Алты объектіден басқа аукционда
аспаздық, кафе, тұрмыстық қызметтер салоны сияқты үй-жайларын жалға беру
құқығы сатылды. Инфляция қарқынын және жекешелендіру үшін халық қаражатының
болмауын ескере отырып Қазақстанда бірінші кезеңде жекешелендіруге қатысу
үшін арнауы төлем құралдарын – жекешелендіру купондары енгізілді [5, 263].
Тұрғын үйді сатып алудың тез қарқыны мен купондарға сатып алудың
қарапайым механизмі аз уақыт ішінде тұрғын үй рыногын қалыптастыруға және
нарықтық қатынастарды дамытуға қажетті шарттар ретінде халық мобильділігін
қамтамасыз етті. Бұдан әрі тұрғын үйлерді сатып алудан басқан купондар (осы
мақсаттар үшін олар қазіргі уақытта да қолданылады) шағын жекешелендіру
объектілерін және ауыл шаруашылығы объектілерін сатып алу кезінде
қолданылды. Бірінші кезеңнің төңкерісті кезеңі адамдар психологиясының
өзгеруі және олардың жеке меншікке қатынасы, нарықтық экономикаға өту
қажеттілігін түсінуіндегі өзгерістер болды. Бірақ, бастамашылық
жекешелендірудің қарқыны мен қаржылық нәтижелері одан әрі жақсы болғанды
қалады. Барлық ұжымдар меншік иесіне айналғысы келмеді. Кәсіпорындардың
жаңа иелерінен кәсіпорын қаржыландыруды талап етті, ал ұжымдарда қаражат
болмады. Қазақстандағы жекешелендірудің бірінші кезеңі (1991-1992 жж.) сол
уақытта орын алған ұжымдық бастамаға бағытпен әзірленген меншікті қайта
құрудың құралдарының мүмкіндігін шектеуді көрсетті.
Екінші кезең. 1993 жылдың наурызында қабылданған Қазақстан
Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993-1995
жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы мемлекеттік меншіктің қайта
құрылуының бағыты мен тәртібін анықтады. Нысананың ел экономикасындағы
маңыздылығына, саласына, қызметкерлердің санына, негізгі қорлардың құнына
сәйкес олар шағын, орта, және ірі кәсіпорындар топтарына бөлінетін болды.
Заңнамаға өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес ұжымдық меншік жүйесі
жойылды, жалдау туралы заң және кәсіпорындарды ұжымдық сатып алу өз
күштерін жойды. Бағдарлама мынадай негізгі бағыттарды көздеді: - шағын
жекешелендіру (жұмыс істеушілердің саны 200-ге дейін болатын сауда,
тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін және өнеркәсіптік кәсіпорындарды
аукциондар мен конкурстар арқылы сату); - жаппай жекешелендіру (жұмыс
істеушілердің саны 200-ден 5000-ға дейін болатын кәсіпорындар); - жеке
жобалар бойынша жекешелендіру (жұмыс істеушілердің саны 5000-нан асатын
кәсіпорындар); - агроөнеркәсіптік кешенді жекешелендіру. Мемлекеттік
меншіктің барлық объектілері мынадай жіктестірілген екі топқа бөлінді: -
мемлекет иелігінен алынатын және жекешелендірілетін объектілер; -
жекешелендірілуіне тыйым салынған объектілер [6, 29].
Шағын жекешелендіру тауарлар мен қызметтің тұтыну нарығын қамтамасыз
ететін меншік иелерін қалыптастыруға бағытталды. Шағын жекешелендіру
аукциондар немесе конкурстар нысанында жүзеге асырылды. Шағын жекешелендіру
жүргізілер алдында сауда және автокөлік бірлестіктері бірнеше дербес заңды
тұлғаларды құру мақсатында сегменттерге бөлінді. Аукционға немесе конкурсқа
жекешелендірілетін объекті қызметкерлерінің 50 пайзынан астамын
біріктіретін шаруашылық серіктестігі қатысқан жағдайда, оларға сату
бағасынын 10 пайызға дейін жеңілдік берілді. Шағын жекешелендіру шеңберінде
6037 объект жекешелендірілді. Астана қаласында шағын жекешелендіру
жүргізілгенге дейін 191 сауда объектісі болса, қазір 1978, 11 дәріхананың
орнына - 110, 20 мемлекеттік шаштараздың орнына - 55, жекешелендірілген 51
қоғамық тамақтану объектілерінің орнына 597 мейрамхана, дәмхана, бистролар
жұмыс істеуде (қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған объектілер бойынша
деректер Астана қаласының Экономика, сауда және кәсіпкерлік департаментімен
ұсынылған). Шағын жекешелендіру шеңберінде мемлекеттік меншік объектілерін
жекешелендірудің өзіндік ерекшелектері болды [7, 31]. Мысалы сатып алушы
сатып алған мемлекеттік мүлік үшін төленетін соманың 50 пайызын ақшалай
қаражатпен, ал 50 пайызын жекешелендірудің бірінші кезеңінде тек тұрғын
үйді сатып алуға пайдаланылған тұрғын үй купондарымен төлей алды. Жинақ
банкінің бөлімшелері арқылы жүзеге асырылатын тұрғын үй купондарын еркін
сатып алу-сату енгізілді.
Кәсіпорындарды акционерлеу - жаппай жекешелендіру мен жеке жобалар
бойынша жекешелендірудің алдын ала сатысы болды. Қазақстан Республикасының
Үкіметі бастамашы болған кәсіпорындарды акционерлеу жаппай жекешелендіру
және жеке жобалар бойынша жекешелендіру шеңберінде жекешелендірудің алдын
ала сатысы болды. 1993-1995 жылдар кезеңінде 2 мыңға жуық кәсіпорын
акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Еңбек ұжымдарына жарғылық капиталдың
мөлшерінің 10 пайызын артықшылықты акциялар түрінде мемлекеттен өтеусіз алу
құқығы берілді. Акционерлеу аяқталғаннан кейін акционерлік қоғамдардың
мемлекеттік пакеттері бірінші жағдайда - холдингтерге берілді, екіншісінде
- купондық сауда-саттыққа шығарылды, үшіншісінде - ақшалай аукциондарда
сатылды. Жаппай жекешелендіру үрдісінде бұрын-соңды болмаған инвестициялық
жекешелендіру қорлары құрылды. Жаппай жекешелендіруге дайындық барысында
Чехия, Ресей және басқа да елдердің тәжірибелері зерттелді. Дүниежүзілік
банк оңтайлы деп ұсынған еліміздің халқына инвестициялық жекешелендіру
купондарын беру мезханизмі жаппай жекешелендіру жүргізу кезінде қолданылды.
Қорларды ҚР жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалары құрды. 169 Қор
лицензия алды. Әрбір азаматтың Қорды еркін түрде таңдау және инвестициялық
жекешелендіру купондарын өз қалаулары бойынша инвестициялық жекешелендіру
қорларына орналастыру құқығы болды. Жинақ банкінің бөлімшелері азаматтардың
тапсырмалары бойынша купондардың белгілі бір санын олар көрсеткен Қорларға
берді. Осылайша жаппай жекешелендіруге 11 миллионнан астам адам қатысты,
бұл республика халқының 67 пайызы. Купондық жекешелендіру кезеңі ішінде
1707 акционерлік қоғамның 172,53 миллион дана акциясы сауда-саттыққа
шығарылды. Купондық сауда-саттыққа шығарылған акционерлік қоғамдар
акцияларының жалпы санының 1529 АҚ акцияларының мемлекеттік пакеттері
толығымен сатылды, бұл сауда-саттыққа шығарылғандардың 89,57 пайызын құрады
[8, 38 б.]. Осы кезеңде ерекше әлеуметтік маңызы бар өнім шығаратын
немесе жұмыстарды атқаратын, сондай-ақ энергетика, металлургия, көлік,
телекоммуникацияда мемлекеттің табиғи монополиясы болып табылатын ірі
объектілер мен кәсіпорындарды және ірі әмбебап дүкендерді жеке жобалар
бойынша жекешелендіру басталды. Жеке жобалар бойынша жекешелендіру
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес
жүргізілді және мынадай әдістермен жүзеге асырылды: - белгілі бір
инвесторға келісілген шарттар негізінде сату; - аукциондар немесе
конкурстар арқылы өткізу; - басқару келісім-шартын жасасу. Жеке жобалар
бойынша жекешелендіру шеңберінде осы кезеңде бес кәсіпорын сатылды:
Қарметкомбинат, Павлодар алюминий зауыты, Алматы темекі комбинаты,
Қазхром кәсіпорны, Шымкент кондитерлік фабрикасы. Қазақстандық
индустрияның алыбы Қарметкомбинат қиын жағдайда қалды. 1995 жылы
Қарметкомбинат домна пештерін сөндіру алдында болды, кокстың қоры өте аз,
әрі оны сатып алуға қаражат болмады. Жұмысшыларға көптеген айлар бойы
жалақы төленбеді. Кәсіпорындағы тонаулар үлкен мөлшерлерге жетті. Бұл
жағдайда кәсіпорынды ірі жеке инвестициялар ғана құтқара алатын еді.
Сондықтан да комбинат сатылды. Жаңа меншік иелері бірден жалақы бойынша
қарыздарды төледі, кері талаптар бойынша төлемдер жүргізді. Жаңа меншік
иелерінің сегіз жылғы қызметінде Қарметкомбинаттағы инвестицияның жалпы
сомасы 521 миллион АҚШ долларын құрады. Қысқа мерзімде домна пештеріне
жөндеу жүргізілді, маңызды технологиялық желілер қайта жаңартылды. Сонымен
бірге, ыстық мырыш және аюмини жалату цехы енгізілді. Сегіз жылдық кезеңде
Еуразия өнеркәсіптік қауымдастығы тау-кен өндіру және металлургия саласы
кәсіпорындарындағы дағдарыстан сәтті шықты, олардың жұмыстарын
тұрақтандырды және әлемдік рыноктағы позициясын қалпына келтірді.
Жекешелендіруден кейін Еуразия өнеркәсіптік қауымдастығына кірген
кәсіпорындарды қаржылық тұрғыдан сауықтыру және оңалту үшін 290 миллион АҚШ
доллары салынды. Ал өндірісті дамыту үшін өткен жылдары барлығы тоғыз жүз
миллионнан астам АҚШ доллары инвестицияланды, бұл жаңа өндірістік қуаттарды
құруға мүмкіндік берді. Соның ішінде, жаңа астананы дамыту үшін 48 миллион
АҚШ долларын салды. 1995 жылы Жезқазғантүстімет АТ АҚ банкроттықтың
алдында болды, оның 170 миллион доллар сомасында қарызы, оның ішінде жалақы
бойынша 10 миллион доллар қарызы болды. Сондықтан да оны жекешелендіру
туралы шешім қабылданды. Самсунг корпорациясы компанияның акцияларын
сатып алу тендерін жеңіп алды. Олар қарыздарды төлеп, жүздеген миллион АҚШ
долларын инвестициялады. Осы жылдары өндіріс көлемі төрт жүз мың тоннаға
дейін өсті, бұл комбинат тарихындағы рекорд болды [6, 32 б.].
Агроөнеркәсіп кешенінде мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру
мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын және совхоздарды фермерлік және
шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне, шағын кәсіпорындар
мен олардың қауымдастықтарына қайта құру жолымен жүзеге асырылды. Бұдан
басқа, ашық және жабық типтегі акционерлік қоғамдар құрылды. Мемлекеттік
мүлік конкурстарда немесе аукциондарда сатылды. Ауыл шаруашылығы
кәсіпорындары мүліктерінің құны 75 пайызға дейін тұрғын үй жекешелендіру
купондарымен төленді. 1993 жылдан 195 жылға дейін республикада 1490
мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорны, яғни агроөнеркәсіптік кешеннің
мемлекеттік кәсіпорындарының жалпы санының 70,2 % жекешелендірілді.
Агроөнеркәсіптік кешен жүйесінде 13 холдингтік типтегі мемлекеттік
акционерлік компания қайта құрылды. Осы кезеңнің маңызды бағыты мемлекеттік
меншік объектілерін басқару және жекешелендірудің бірыңғай жүйесін құру
болды. Жергілікті әкімшілікке бағынатын басқару және жекешелендіру
жөніндегі органдар таратылды. Облыстарда мемлекеттік меншік объектілерін
қайта құру мен жекешелендіруді Мемлекеттік мүлік комитетінің аумақтық
органдары жүзеге асыратын болды. Бұл ретте аумақтық органдардың төрағалары
облыс әкімдерінің (әкімшілік басшыларының) орынбасары мәртебесіне ие болды.
Осы шаралар екінші және үшінші кезеңде мемлекеттік меншікті қысқа мерзім
ішінде және бірыңғай сценарий бойынша жекешелендіруге мүмкіндік берді [9,
123 б.].
1996 жылдың ақпанында 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан
Республикасында мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен қайта құрылымдау
бағдарламасы бекітілді, оның негізгі мақсаты негізінен жекешелендіру
процесін аяқтау арқылы Республика экономикасында жеке меншік секторға қол
жеткізу және басым болуын бекіту болып табылды. Бұл мақсаттарға қол жеткізу
мемлекет меншігінде қалған объектілерді қайта құрылымдаумен жүзеге
асырылды. Бағдарламаны іске асыру кезінде тек жекешелендірудің нарықтық,
бәсекелес түрін қолдану негізінде жекешелендіруді жүргізудің ашықтығы мен
жариялылығы қағидаттары сақталды.
Бұл кезеңде мемлекеттік меншіктің кез келген жекешелендірілуі тек ақша
қаражатына ғана жүзеге асырылды.
Үшінші кезеңнің ерекшелігі (1996-1998 жылдар) жекешелендіру мен қайта
құрылымдаудың секторлық бағдарламаларына көшу болды, олар қол жеткізген
нәтижелер мен уәкілетті органдардың ұсыныстарының негізінде жасалды.
Секторлық бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітті және
мұнай-газ кәсіпорындары мен көлік-коммуникациялық кешендерді, өнеркәсіп,
денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет және спорт кешендерін
жекешелендіру процесін жандандыруды көздеді. Көрсетілген салалардың
әрқайсысы бойынша Қазақстан Республикасының мүдделі орталық және жергілікті
атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере және білікті кеңесшілерді тарта
отырып жеке жобалар бойынша артықшылықты жекешелендірудің әрбір объектісі
бойынша арнайы бағдарлама әзірленді.
Үкімет назарын ірі кәсіпорындарды жекешелендіру мен жекешелендіруден
түсетін кірістерді көбейтуге аударылды, оған бәсекелес тендерлерді жүргізу,
сай келетін стратегиялық инвесторларды анықтау және кәсіпорындар
тиімділігін арттыру арқылы қол жеткізілді.
Осындай кәсіпорындар арасында Павлодар алюминий зауыты, Қазхром
кәсіпорны, магистралды газ құбырлары, мұнай өңдеу зауыты болды.
Келісім-шарт бойынша басқаруға берілген 66 кәсіпорынның 26 кәсіпорны
кейіннен басқарушы компанияларға берілді.
Үкімет экономиканың стратегиялық салаларының объектілерін
жекешелендіруге бастамашылық жасады [6, 31]. Мысалы, 1997 жылы мұнай газ
саласында Маңғыстаумұнайгаз ААҚ акцияларының 60% мемпакетін және
Ақтөбемұнайгаз ААҚ акцияларының 60% мемлекеттік пакетін сатып алу-сату
шартына қол қойылды. Ашық инвестициялық тендерлердің жеңімпаздары тиісінше
кәсіпорындардың негізгі өндірісіне 4 миллиард АҚШ долларынан инвестициялау
міндеттемесін алған Централ Азия Петролеум индонезиялық компаниясы мен
Қытай ұлттық мұнай-газ компаниясы болды.
1998 жылдың аяғына дейін 2615 акционерлік қоғам мен шаруашылық
серіктестік жекешелендірілді, ол құрылған акционерлік қоғамдар мен
шаруашылық серіктестіктердің жалпы санының 51,8% құрады. Бұдан басқа,
әлеуметтік саланың 2905 объектісі жекешелендірілді.
Тек 1997 жылы секторлық бағдарламаларды іске асыру шеңберінде әлеуметтік
саланың 1946 объектісі, оның ішінде жекешелендіруге жататын 67,7% денсаулық
сақтау объектісі, 57,7% - білім, 49,8% - мәдениет, 66,7% - туризм және
спорт объектісі сатылды.
Қарастырылып отырған кезеңде жеке жобалар бойынша 93 кәсіпорын
жекешелендірілді, ол шамамен барлық өндірістік күштердің 80%-н құрады және
экономиканы салалары бөлігінде мынадай түрде көрінеді.
56 кәсіпорын шетел инвесторларына сатылды. Жақсы инвестициялық климаты
бар ел беделі Қазақстанға АҚШ, Англия, Корея, Швейцария, Бельгия,
Гибралтар, Индонезия, Канада, Германия, КНР, Ресейден инвесторларды тартты
[10, 33].
Банкрот болу фактісінің болуына қарамастан ірі кәсіпорындарды
жекешелендіру экономиканы ырықтандыру процесін қайтымсыз етті.
Жекешелендіру процесінде шетел капиталының қатысуы, отандық кәсіпорындарды
басқаруда шетел тәжірибесін пайдалану, алдыңғы қатарлы технологияларды
игеру тікелей шетел инвесторларын тарту жөніндегі стратегияның дұрыстығын
растады.
Ірі кәсіпорындарды сенімгерлік басқаруға беру және кейіннен оларды жеке
жобалар бойынша сату жеке және мемдекеттік капиталы бар Қазақстанның жаңа
өнеркәсіптік компанияларын құрды. Бұл компаниялар қазіргі уақытта
халықаралық нарықтарда өз орнын тапты, бұл жүз мыңдаған адамдарды жұмыс
орнымен қамтамасыз етуге және айтарлықтай ел экономикасын нығайтуға
мүмкіндік берді.
Төртінші кезең (1999 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін) мемлекеттік
меншікті басқару және билік ету мәселелерінде мемлекеттік басқару
деңгейлері арасында өкілеттіктерді бөлу жөніндегі жаңа көзқарастармен
сипатталады. Осы кезеңнің басты сәті мемлекеттік меншікті республикалық
және коммуналдық меншікке бөлу болып табылды. Жергілікті мемлекеттік
басқаруды нығайтудың, аймақтардың қаржылық және экономикалық дербестігін
қамтамасыз етудің нақты шаралары болып облыстардың, Астана және Алматы
қалаларының әкімдеріне коммуналдық меншіктің объектілерін жекешелендіру
шешімін қабылдау және жүзеге асыру құқығын беру болды.
1999 жылы коммуналдық меншікке 953 акционерлік қоғамдағы және шаруашылық
серіктестіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері
берілді.
2000 жылы Мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру тұжырымдамасы
мақұлданды, оны іске асыру мақсатында 2001-2002 жылдарға және 2003-2005
жылдарға арналған мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекшелендірудің
тиімділігін арттырудың салалық бағдарламалары, Мемлекеттік активтердi
басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды [5, 262 б.
].
Экономиканың стратегиялық салаларында мемлекеттік бақылауды күшейту үшін
2003 жылы Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің
мемлекеттік мониторингі туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Индустриялық-инновациялық дамудың 2015 жылға дейінгі стратегиясын іске
асыру мақсатында Қазақстанның Даму Банкі АҚ, Қазақстанның Инвестициялық
қоры АҚ, Ұлттық инновациялық қор АҚ, Экспорттық кредиттерді және
инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы
АҚ сияқты даму институттары құрылды.
Самұрық мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық
холдингі акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік холдинг) құрылды,
оған Қазақтелеком, Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық
компания, Қазақстан темір жолы ҰК, Қазпочта, ҚазМұнайГаз ҰК
акционерлік қоғамдарының және басқа да 14 акционерлік қоғам акцияларының
мемлекеттік пакеттері берілді. Мемлекеттік холдинг бәсекеге қабілетті
тауарды дамыту мен шығару үшін инвестициялық тұтқа және қосымша құрал
болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберінде
ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазына
орнықты даму қоры акционерлік қоғамы құрылды. Қазына акционерлік
қоғамына Қазақстанның Даму Банкі, Ұлттық инновациялық қор,
Қазақстанның Инвестициялық қоры, Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры,
Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі
мемлекеттік сақтандыру корпорациясы, Маркетингтік-талдамалық зерттеулер
орталығы акционерлік қоғамдары акцияларының мемлекеттік пакеттері мен
Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы ЖШС мемлекеттік үлесі
берілді.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220
Жарлығын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысына сәйкес Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
комитеті Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы, Аграрлық кредит
корпорациясы, ҚазАгроҚаржы, Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры,
Мал өнiмдерi корпорациясы, Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң
орындалуына кепiлдiк беру қоры, Қазагромаркетинг акционерлiк қоғамдары
акцияларының мемлекеттік пакеттерін ҚазАгро ұлттық холдингі акционерлік
қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берді [6, 27 б.].
1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін барлығы мемлекеттік меншіктің
39 мыңнан астам объектісін жекешелендіру жүзеге асырылды, соның ішінде:
акционерлік қоғамдардың 3 710 акцияларының мемлекттік пакеті және 36 мыңнан
астам мүліктік кешен, жылжымайтын мүлік объектілері, құрылысы аяқталмаған
объектілер және өзге де объектілер. Осы жылдарда жекешелендіруден түскен
кіріс 347 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 68 млрд. астам теңге Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорына аударылды.
3. Жер телімдеріне жеке және мемлекеттік меншік және оны жекешелендіру
Меншік - меншік объектілерінің, қатыстылығы жөніндегі адамдар арасындағы
зерттеу және сегменттеу қатынастар. Меншік нысаны меншік объектілерінің
кімге тиесілі екендігін көрсетеді. Меншіктің заңдық мазмұны меншік
иелерінің қоғамдық өндірісте әр түрлі еңбек өнімдерін иелену құқықтары
арқылы анықталады.
Меншік құқығы - белгілі бір тұлғаларға материалдық және материалдық емес
игіліктердің тиістілігін бекітетін және осы құқықтарды қорғайтын заң
нормаларының жиынтығы. Не, қалай және кім үшін өндіру - зерттеу және
сегменттеудің іргелі сұрақтарын шешу шаруашылық жүргізіп жатқан
субъектілердің өндіріс құралдарына меншік құқығына тәуелді [11, 186 б. ].
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі меншіктің жеке, мемлекеттік
және аралас нысандарының құқықтық ауқымын анықтайды. Әлемдік тәжірибеде
және батыс ғылымында мемлекеттік болып табылмайтын барлық меншік жеке деп
танылады. Жеке жеке-дара және топтық (аралас меншік) бола алады.
Жер кодексіне сәйкес, жер учаскесі – жер Кодексте белгіенген тәртіппен
жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде
бөлінген жер бөлігі.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-бабына сәйкес Қазақстан
Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік табылады және бірдей

Адамның құқықтары мен бостандық жүйесінде меншікке құқықтың алатын орны
ерекше, себебі ол адамның жеке бастық сәттілігін сипаттайтын көрсеткіш. Бұл
құқықтар экономикалық қатынастарды реттейді, сондықтан да олардың атқаратын
міндеті көп.
Меншікті теориялық тұрғыдан зерттеу қай қоғам сатысында болмасын
қажеттілігін жоймайды. Рим құқығында меншік ұғымына нақты анықтама болған
жоқ.
Ертедегі комментаторлардың барлық тырысушылығына қарамастан, орта
ғасырлардағы iuris civilis білім жинағынан меншікке бірегей анықтама табу
сәтсіз болды [12, 377 б.]. Г.В.Ф. Гегель өз жұмысында меншікке позитивті,
негативті және өмір бойы затқа ерік бостандығы деген анықтама берген [13,
101 б.]. Б. Н. Чичериннің көрсетуі бойынша ерік бостандығы меншіктің
маңызды сипаттамасы болып табылады, меншік иесінің еркі тәуелсіз, бірақ
бұл бостандық шекарасы, осындай басқалардың бостандығына тәуелді [14, 129
б.].
Орта ғасырлардағы Рим құқығындағы негізгі қағидалардың бірі меншікке
екі (бірнеше) құқықты болдырмау, сол кездегі феодализмде болған сеньор
және вассалдың бір жер учаскесіне бірдей меншікке құқығына қарсы келді.
Феодалдық құқық, ертедегі Рим құқығы тәрізді, меншік құқығы және өзге
заттық құқықтардың арасындағы нақты айырмашылықтарды көрсетпеді, бұл бір
затқа мазмұны жағынан ұқсас бірнеше меншік құқығының орын алуына мүмкіндік
берді.
Қазіргі континентальдық құқықтық дәстүр шексіз және бөлінбейтін, бір
тұлғаның қолында шоғырланған меншік құқығын қарастырады.
Англо-американдық құқықта property rights (меншікке құқықтар) жүйесі
бар, ол феодалдық ортағасырлық құқық тәрізді әр түрлі тұлғаларға тиесілі,
бір жер учаскесіне (жылжымайтын мүлік) меншік құқығының бірдей орын алуына
жол береді. Меншікке толық құқық (full ownership) жылжымалы заттарға ғана
қатысты орын алуы мүмкін, жылжымайтын мүлікке қатысты әр түрлі шектелген
титулдар (titles, estates) мойындалады, себебі дәстүрлі (феодалдық) түсінік
бойынша жердің жоғарғы меншік иесі тек суверен ғана бола алады. Сонымен
қатар, жалпы құқықтағы титулдармен қатар (estates in law), әділеттілік
құқығы бойынша да титулдар бар (equitable estates), олар бір жер уаскесіне
қатысты, бір уақытта әр түрлі тұлғаға тиесілі болады [15, 731б.].
Жерге меншік құқығы Қазақстан құқық салаларының негізгі институттарының
бірі болып табылады. Олай дейтініміз, жер қазақ халқының ең қымбат
қазынасы, ата бабаларымыздың ұрпақтарына қалдырған асыл мұрасы.
Жерді табиғи ресурс ретінде қажетімізге қарай пайдалану мен оған иелік
ету бүгінгі азаматтардың жеке өзіндік құқығы ғана емес, сонымен қатар ол
келешек ұрпақ алдындағы міндеті мен үлкен жауапкершілігі болып танылады.
Себебі, жер - қоғамдағы тіршіліктің нақты қайнар көзі, шаруашылық еңбектің
негізі, экономикалық және экологиялық қоғамдық қатынастардың қайталанбас
нысаны.
Жалпы алғанда жерге мемлекеттік меншік пен жеке меншік құқығы деген
мәселені қарастырмастан бұрын біз меншік құқығы дегеніміз не, оның қандай
белгілері бар, осы мәселені шешіп алуымыз қажет. Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексіне сәйкес меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң
құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз
қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқықтары жатады. Осы анықтамаға
сәйкес меншік құқығының белгілеріне иелену, пайдалану және оған билік ету
құқықтары жатады [16].
Жер иелену құқығы – жерді нақты иеленуді жүзеге асырудың заң арқылы
қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Жер пайдалану құқығы – тұлғаның мемлекеттік
меншіктегі жер учаскесін өтеулі және (немесе) өтеусіз негізде мерзімсіз
(жерді тұрақты пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (жерді уақытша
пайдалану) иелену және уақытша пайдалану құқығы. Пайдалану құқығы бойынша
жер пайдаланушы оның пайдалы табиғи қасиеттері арқылы одан пайда табуды,
кіріс алуды заң жүзінде қамтамасыз етеді. Жерге билік ету құқығы –
мемлекеттің Қазақстан Республикасы аумағындағы жердің заңдық тағдырын
анықтауға заңмен қамтамасыз етілген құқығы, сондай-ақ жердің меншік иесінің
өз жер учаскесіне қатысты заң актілерінде тыйым салынбаған мәмілелер
жасауға құқығы, яғни ол өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға оның
ішінде жерді басқа адамдардың меншігіне беріп, өз иелігінен шығаруға, өз
өкілеттігін басқаруға тапсыруға, жерді кепілге беруге, сатуға, сыйға
беруге, т.б. әрекеттерді жасауға құқылы.
Жерге мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасында алғаш рет
Конституцияда КСРО құрамында болған кезде орнықтырылып, Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы Конституциясында бекітілді. Мемлекеттік меншік
құқығы барлық жерлерді қазіргі кезгі және болашақ ұрпақтардың мүддесі үшін
жоспарлы және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында жер мемлекеттік меншікте болады. Жер
учаскелері Жер кодексінде белгіленген негіздерді, шарттар мен шектерде жеке
меншікте болуы мүмкін. Жер, оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер және
жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттік меншікте болады.
Жер - бұл адам мен қоғам үшін тек экономикалық қажеттілік емес, ол
табиғаттың басқа да объектілерімен байланысқа түсе отырып, экологиялық
мәнге де ие болады. Заңдармен жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы
халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау және оны ұтымды әрі
нысаналы пайдалану қағидалары бекітілген [17, 97 б.].
Жердің меншік объектісі ретіндегі ерекшелігі оның кеңістікте белгілі
бір шекарада шектелуінен, жылжымайтындығынан және табиғи жағдайлар мен
қоршаған ортаға тәуелділігінен байқалады.
Қазақстан Республикасындағы жерге меншік ҚР жер заңдарының
міндеттеріне, нарық жағдайындағы экономиканың даму шарттарына жауап береді.
Конституцияның 6-бабының 1-тармағына сәйкес "Қазақстан
Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей
қорғалады" [18].
Мемлекеттік меншік - бұл Қазақстан Республикасы аумағының шегін
қамтитын және оның меншігі болып танылған жерлер.
Жер учаскесіне жеке меншік құқығы - азаматтардың және мемлекеттік
емес заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі жер учаскесін Жер кодексінде
белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану, және оларға
билік ету құқығы.
Меншікті пайдалану қоғамның игілігіне қызмет етуі тиіс. Меншіктің
субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру
көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен анықталады. Мұндай
заң болып Қазақстан Республикасының Жер кодексі және республиканың меншік
құқығы мен жер пайдалануға қатысты туындайтын қатынастарды реттейтін басқа
да заңдары табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы меншік құқығы
мәселесінде меншікті пайдалану құқығын алғашқы орынға қояды, себебі, жерге
мемлекеттік меншік пен жеке меншік құқықтарының негізгі мазмұны болып
қоғамның игілігіне қызмет ететін жерді пайдалану құқығы табылады [19, 4б.].
ҚР Жер кодексінің 23-бабында былай делінген, Қазақстан Республикасы
азаматтарының жеке меншігінде шаруа немесе фермер қожалығын, өзіндік
қосалқы шаруашылық жүргізу, орман өсіру, бағбандық, жеке тұрғын үй және
саяжай құрылысы үшін, сондай-ақ үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды),
олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда,
өндірістік және өндірістік емес, соның ішінде, тұрғын үйлерді
(құрылыстарды, ғимараттарды) және олардың кешендерін салуға берілген
(берілетін) немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін [20].
Жер учаскесіне жеке меншік құқығын сатып алу төлемақысын толық төлеген
тұлғаның заңдарда тыйым салынбаған жер учаскесімен мәмілелердің (сату,
сыйға тарту, кепілдікке қою және т.б.) кез келген түрін жүргізуге құқығы
бар деп есептейміз.
Жер учаскесін жеке меншікке алатын тұлғаның жазбаша өтініші бойынша
сатып алу сомасын төлеу он жылға дейінгі мерзімге ұзартып төлеу арқылы да
жүргізілуі мүмкін. Учаскені мерзімін ұзартып төлеу арқылы алған тұлғаға
соманы толық төлегенге дейін заң бойынша мәміле (сату, жалға беру және
т.б.) жасауға тыйым салынады. Жер учаскесін кепілге салуға оның бағасының
кемінде елу пайызын төлеген жағдайда жол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz