Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің теориялық аспектілері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Аннотация
Аннотация: Нормативтік сілтемелер
:
Аннотация: Анықтамалар
:
Аннотация: Қысқартулар мен белгілер
:
Аннотация: Кіріспе
: 10
Аннотация: 1 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің теориялық аспектілері
: 12
Аннотация: 1. 1 ҚР жергілікті басқару жүйесінің мәні мен мазмұны
: 12
Аннотация: 1. 2 Қоғамның әлеуметтік құрылымы
: 17
Аннотация: 1. 3 Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесін қалыптастыру және әлемдік тәжірибе
: 23
Аннотация: 2 ҚР жергілікті басқару органдарымен тұрғындарды әлеуметтік қолдау жүйесін талдау
: 33
Аннотация: 2. 1 ОҚО «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің атқарған жұмыстарын талдау
: 33
Аннотация: 2. 2 Әлеуметтік сақтандыру саласындағы қалыптасқан жағдайды талдау (ҚР мысалында)
: 42
Аннотация: 2. . 3 Жергілікті билік органдарының әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру барысын талдау
: 53
Аннотация: 3 Тұрғындарды әлеуметтік қолдау саласының дамуының негізгі бағыттары
: 59
Аннотация: 3. 1 Әлеуметтік сала дамуының негізгі бағыттары
: 59
Аннотация: 3. 2 Тұрғындардың осал топтарын әлеуметтік қорғауды жетілдіру
: 68
Аннотация: 3. 3 Жергілікті басқару органдарымен тұрғындарды әлеуметтік қолдаудың бизнес-жоспары
: 79
Аннотация: Қорытынды
: 88
Аннотация: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
: 91

Аннотация

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Жергілікті басқару органдарымен тұрғындарды әлеуметтік қолдауды жүзеге асыру (ҚР мысалында)

Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі: Мергенбаева Азиза Тоймағамбетқызы

Орындаған: ЗЭФ 10-2ку тобының студенті Сатбаев Н. Т.

Дипломдық жұмыс: 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің теориялық аспектілері: ҚР жергілікті басқару жүйесінің мәні мен мазмұны, қоғамның әлеуметтік құрылымы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесін қалыптастыру және әлемдік тәжірибе қарастырылған, екінші бөлімде ҚР жергілікті басқару органдарымен тұрғындарды әлеуметтік қолдау жүйесіне: Қазақстан Республикасының әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіне, Қазақстанның әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы жетістіктеріне, жергілікті билік органдарының «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының жүзеге асыру барысына талдау жасалған, үшінші бөлімде тұрғындарды әлеуметтік қолдау саласының дамуының негізгі бағыттары: әлеуметтік сала дамуының негізгі бағыттары, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау бағыттары қарастылған және жергілікті басқару органдарымен тұрғындарды әлеуметтік қолдаудың бизнес-жоспарыәлеуметтік саланы басқару жүйесін жетілдірудің бизнес жоспары берілген.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, қорытындыдан, 5 суреттен, 3 кестеден, 82 беттен және 40 пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында жергілікті басқару органдарымен тұрғындарды әлеуметтік қолдауды жүзеге асырудың мәселелерін анықтау және оны жетілдіру жолдарын ұсыну.

Зерттеу обьектісі: ҚР тұрғындарды әлеуметтік қолдау жүйесі.

Нормативтік сілтемелер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз.
  2. ҚР «ҚР Еңбек туралы» 1999 жылғы 10 желтоқсан №493-1 Заңы.
  3. ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы №136-1 заңы.
  4. ҚР «ҚР-дағы тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылы16 сәуірдегі №94-1 Заңы.
  5. ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-11 заңы.
  6. ҚР «Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы» 1999 жылғы 16 қарашадағы №474-1 Заңы.
  7. ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі №453-1 заңы.
  8. ҚР «ҚР-дағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі №414-1 заңы.
  9. ҚР-ның президентінің Жолдауы - «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» 18 ақпан, 2006 жыл.
  10. ҚР-ның президентінің Жолдауы - «Қазақстан Жаңару жолында» ақпан, 2007жыл.

Анықтамалар

Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз - бұл Заң негізінде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілді және атқарушы органдар тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, дамыту мақсатында жүзеге асыратын, тиісті аумақтың жай-күйіне жауапты болып табылатын қызмет.

«Әлеуметтік құрылым» ұғымы бір жағынан қоғамның әлеуметтік құрылымын немесе ондағы әлеуметтік қауымдастықтардың түрлерінің жиынтығын қамтиды, екінші жағынан - мәні мен сипаттамасы бойынша іс-әрекеттінің үлестірілуі көлемімен ерекшеленетін бүкіл құрамдас бөліктердің әлеуметтік байланыстары болып табылады.

Стратификация - бұл тиісті қабаттарды бөлу тәсілі ретінде де, қоғамның бейнесі ретінде де болады. Белгілі топтардың ажырату әдісі ретінде және қоғамның көрінісі болады.

Стратификация - бұл жағдай мен үрдістер, мұнда индивидтер, жанұялар бір-біріне тең емес қатынаста болады және бедел, меншік, билік, мамандық пен мәдениет туралы өз көзқарастары бар иерархиялы құралған страталарға топтасады.

Әлеуметтік мобильділік - қоғамның әлеуметтік құрылымындағы индивидтің немесе топтың алатын статусын, орнын өзгертуі.

Әлеуметтік жанжал - бұл түрлі әлеуметтік топтардың өз қажеттіліктерін қамтамасыз етуге талпыну, сәйкес келмейтін және тіпті қарама-қайшы мүдделерді жүзеге асыру жолындағы қақтығыстар.

Әлеуметтік саясат - мемлекет пен өзге де саяси-әлеуметтік институттардың қоғамның әлеуметтік өмірін прогрессивті дамытуға, азаматтардың өмір сүру деңгейін, сапасын жетілдіруге, олардың өмірлік қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, оларға қажетті әлеуметтік қолдау көрсетуге, осы бағытта тиісті қаржылық институттар мен басқа да қоғамдық потенциалды қолдануға бағытталған іс-әрекеті.

Кең мағынасында әлеуметтік саясат - мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың, ұйымдар мен мекемелердің өмір сүруге қажетті жағдай жасауға, халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қоғамдық ортада қолайлы әлеуметтік атмосфера туғызуға бағытталған теориялық ұстанымдар мен тәжірибелік шаралардың жиынтығы.

Қысқартулар мен белгілер

ҚР - Қазақстан Республикасы

ЖҰӨ - жалпы ұлттық өнім

ҒТП - ғылыми-техникалық прогресс

ИСО 9004, ИСО-9000 және 14000 - сапаны басқарудың жүйелері

ТМД - тәуелсіз мемлекеттер достастығы

ӨСБ КЖ - өнімнің сапасын басқарудың кешендік жүйесі

ТЭН - техника-экономикалық негіздеу

ҒЗТКЖ - ғылыми-зерттеу және тәжрибелік-конструкторлық жұмыстар

ӘСҰ - әлемдік сауда ұйымы

АЭА - арнайы экономикалық аймақ

ЕврАзЭҚ - Евразиялық экономикалық қауымдастық

АҚШ - Америка Құрама Штаттары

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан әлеуметтік қамсыздандыру саласында айтарлықтай ілгерулерге қол жеткізді. Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында әлеуметтік қорғау жүйесі дамуының негізгі бағыттары стратегиялық жоспарлар мен Қазақстан халқына арналған Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларында айқындалған. [1]

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстанда құрамына ынтымақтастық және дербестендірілген жүйелердің, оның ішінде міндетті және ерікті сақтандыру элементтерін қосатын және адам өмірінде болуы ықтимал негізгі тәуекелдерден халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған әлеуметтік қамсыздандырудың аралас жүйесі құрылды.

Қазақстанда қазіргі уақытта қолданылып жүрген әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мемлекеттің басым қатысуымен сипатталады. Зейнеткерлерді, мүгедектерді, асыраушысынан айрылған адамдарды және халықтың өзге де топтарын әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттік бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.

Елбасымыз жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып келеді. Айта кететін бір жайт, жылдан жылға әлеуметтік қамсыздандыру артып, шешімін тауып келе жатыр. Оның айғағын Н. Ә. Назарбаевтың биылғы жолдауынан да көре аламыз.

Жыл сайын зейнеткерлік жәрдемақылардың мөлшері индекстеліп, арттырылуда. Бұрынғы еңбек өтіліне байланысты зейнетақылық төлемдерді сараланған түрде ұлғайту жүзеге асырылды, бұл бір миллионнан астам адамды қамтиды. Сондай-ақ әлеуметтік құрылымдар ардагерлердің зейнетақылары және әлеуметтік төлемдер елімізде уақытылы - тиісті айында төленіп келеді.

Маңызды әлеуметтік игіліктердің жалпыға бірдей қолжетімділігін және қоғамдық жағынан қолайлы сапасын қамтамасыз ету мақсатын реформалау барысында мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар: ең төмен күнкөріс деңгейі, жалақы мен зейнетақының ең төменге мөлшері, еңбек жағдайларының стандарттары мен еңбекақы төлеу, әлеуметтік қызметтерді ұсыну нормативтері және т. б. белгіленді және қазіргі уақытта пайдаланылып жүр.

Алайда қазіргі қоданылып жүрген мемлекеттік әлеуметтік стандарттар өзгеріп жатқан әлеуметтік-экономикалық жағдайларды көрсететін болды және олардың арасында қажетті жүйелі өзара байланыс жоқ. Әлеуметтік төлемдерді есептеудің экономикалық негізделген нормативтерінің және олардың еңбекке ақы төлеудің жүйесімен өзара байланысының жоқтығынан жұмыс істейтін адамдар мен әлеуметтік төлемдер алатын адамдар.

Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекет болып табылатын көптеген әлем мемлекеттері үшін әлеуметтік саясаттың айқын басым бағыттарын анықтап, салиқалы әлеуметтік саясат жүргізу, халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік моделін қалыптастыру стратегиялық маңызы бар мәселе болып отыр. Әлеуметтік саясаттың басым бағыттарын анықтау арқылы мемлекет ең алдымен негізгі халықтың қажеттіліктерін анықтап, саясатты сол арнаға бағыттайды. Демек, тиімді тетіктерін табу арқылы қоғамның әр түрлі топтарына, таптарына, әсіресе әлжуаз әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтарын әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етеді. «Әлеуметтік саясат» ұғымын теориялық-методологиялық талдау бұл саланың ғылыми негіздемесін орнықтырады.

Дипломның жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасында жергілікті басқару органдарымен тұрғындарды әлеуметтік қолдауды жүзеге асырудың мәселелерін анықтау және оны жетілдіру жолдарын ұсыну.

Мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді шешу қарастырылаған:

  • халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің теориялық аспектілерін зерттеу;
  • ҚР жергілікті басқару органдарымен тұрғындарды әлеуметтік қолдау жүйесін талдау;
  • тұрғындарды әлеуметтік қолдау саласының дамуының негізгі бағыттарын анықтау.
  • жергілікті басқару органдарымен тұрғындарды әлеуметтік қолдаудың бизнес-жоспарын құру.

Зерттеу пәні: тұрғындарды әлеуметтік қолдауға байланысты қоғамдық қатынастар.

Зерттеу объектісі: ОҚО «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

1 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің теориялық аспектілері

  1. ҚР жергілікті басқару жүйесінің мәні мен мазмұны

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялап, демократиялық қоғам құруға бел байлаған күннен бастап, жаңа мемлекеттік құрылымның түрлерін енгізу міндеті күн тәртібінде тұрды. Халықтық биліктің азаматтық қоғамның алғашқы баспалдағы болып табылатын жергілікті басқару жүйесінің соңғы Конституциядан орын алудың өзі осының айғағы.

Мемлекет күрделі жүйелік бірлік болып табылады. Ол қоғамдық өмірдің барлық жүйесін тұтастай біріктіруді және ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ адамдарды іс-әрекетін реттейді. Материалдық, қаржылық, ұйымдастырушылық және басқа да ресуртарды пайдалана отырып, мемлекет өндірістің ұйымдастырылуына, экономикалық реформалар менқоғамдағы саяси өзгерістерге сәйкес әлеуметтік процестердің дамуына мүмкіндік жасайды.

Еліміздегі басқару функциясына біртіндеп өзгерістер ене бастады. Бұл еліміздегі демократияландыру бағытындағы соңғы өзгерістерден байқалған нышан. Осыған орай, елімізде әр түрлі әдістемелік негізді қалайтын шаралар өткізіліп жатыр. Қазіргі таңда Қазақстанда мемлекеттік функцияларды орталықсыздандырудың өзіндік нұсқасын жасау басты мақсат болып отыр. Өзінің функциясы жағынан орталық атқарушы органдар шектен тыс ауқымды жұмыстарды атқарады. Сол себепті орталықсыздандыру процесінде елдің өзіндік ішкі ерекшеліктері ескеріле отырып, мемлекеттік функцияларды орталықсыздандыру мәселесін жүзеге асыру қажет. Орталықсыздандырудың саяси, құқықтық, және қаржылық астарларын талқылау барысында Қазақстандағы жергілікті басқарудың даму принциптері мен басымдықтарын айқындау бойынша ұсыныстар жасалыну үстінде. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың функциялары мен өкілеттіктері нақты белгіленбегендіктен, екі арадағы пайда болған қарым-қатынас мәселелеріне ерекше назар аударылып келеді. Трансформация процесінің теориялық-әдістемелік негіздемесінің қажеттілігі және аймақтық шаруашылықтың тұрақты дамуы - аумақтық басқаруды ұйымдастырудың кешенді сипатымен анықталады. Жергілікті мемлекеттік органдар мемлекеттік биліктің бірлігі қағидасының негізінде құрылып, мемлекеттік биліктің жергілікті оргондары - халық депутаттары кеңестеріне жергілікті халық өкілдері сайлайды.

Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселесі жергілікті шаруашылықты қалыптастыруға, оны жетілдіруге бірден-бір бастама болып табылады. Ауыспалы кезеңде қаржы ресуртарын әр түрлі билік деңгейлері арасында қайта бөлу, бюджеттік және бюджеттен тыс қорлар есебінен қаржылық көрсету тетіктері бар. Жергілікті басқаруды жетілдіру үшін ең алдымен оның қаржылық астарын қарастыру керек.

Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз - бұл Заң негізінде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілді және атқарушы органдар тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, дамыту мақсатында жүзеге асыратын, тиісті аумақтың жай-күйіне жауапты болып табылатын қызмет. Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінде әкімшілік-аумақтық көріністің әрқилылығы көрініс табады.

Жергiлiктi мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi және өзiн-өзi басқару функциялары берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңы қабылданған. Конститутция жергілікті деңгейде мемлекеттік басқару мен жергілікті басқару арасындағы айырмашылықты нақты ажыратып берге. Ол жергілікті басқару заңының жобасына сғйкес мемлекеттік басқару органдарының құрылымына өкілетті және атқарушы органдар құруға мүмкіндік береді. Елді орталықтандырмай басқарудың тиімді жолы осы жергілікті басқаруды дамыту. Оның басты мақсаты тұтастай алғанда елдің экономикасын дамыту мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту.

Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзiн: жергiлiктi бюджет; коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлген мүлiк; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес коммуналдық меншiктегi өзге де мүлiк құрайды.

Жергiлiктi маңызы бар мәселелер - реттелуi осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiне сәйкес тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс тұрғындарының басым бөлiгiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, ауылдық округ, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кент пен ауыл қызметiнiң мәселелерi. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару - бұл Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген құзыретi шегiнде тиiстi аумақта мемлекеттiк саясатты жүргiзу, оны дамыту мақсатында жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асыратын, сондай-ақ олардың тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты болып табылатын қызметi; жергiлiктi өзiн-өзi басқару - халық тiкелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын осы Заңда, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде айқындалған тәртiппен жергiлiктi маңызы бар мәселелердi өзiнiң жауапкершiлiгiмен дербес шешуге бағытталған қызмет; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары - осы Заңға сәйкес жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешу жөнiндегi функциялар жүктелген органдар; жергiлiктi өкiлдi орган (мәслихат) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркiн бiлдiретiн және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны iске асыру үшiн қажеттi шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган; мәслихат аппараты - тиiстi мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк мекеме; мәслихат сессиясы - мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны; мәслихат сессиясының төрағасы - мәслихат депутаттарының арасынан сайланатын, мәслихат сессиясында ұйымдастырушылық-билiк ету функцияларын жүзеге асыратын, мәслихаттың лауазымды адамы; орталық мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесi - тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде орталық атқарушы органның функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесi.

Жергiлiктi басқару облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кент пен ауыл шегiнде жеке жүзеге асырылады.

Жергiлiктi басқаруды жергiлiктi қоғамдастық мүшелерi тiкелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырады. [2]

Облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық (селолық) округтiң, ауылдық (селолық) округтiң құрамына кiрмейтiн кент пен ауылдың (селоның) әкiмi мемлекеттiк басқару функцияларымен қатар жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының функцияларын да жүзеге асырады.

Мәслихаттар мен әкiмдiктер өз қызметiнде жалпы мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге; ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға; қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға; азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

Әкiмдiктерге Қазақстан Республикасының шегiнде бiрыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет көрсетудi еркiн алмасуға кедергi келтiретiн шешiмдер қабылдауға тыйым салынады. Әкiмдiктер қабылдайтын аумақты дамыту жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларына сәйкес келуге тиiс.

Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыру; азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдесу; осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының құзыретiне сонымен бiрге облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспары жобасын бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзу, әкiмшiлiк аудандардың аудандық жоспарлануы жобаларын, облыстық (облыс орталықтарынан басқа) және аудандық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын бекiту және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн және тұратын жекелеген азаматтар санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесiн айқындау жатады. Аудандық мәслихаттардың құзыретiне сонымен бiрге тиiстi ауданның аумағында орналасқан қалалар, кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекiту, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, ауылдық (селолық) округтiң құрамына кiрмейтiн кент пен ауыл әкiмiнiң атқарылған жұмысы туралы есебiн қарау және аудан әкiмiне тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс әкiмiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныс енгiзу жатады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының мәслихаттары тиiстi әкiмдiктердiң ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес қарыз алу туралы шешiмдер қабылдауға құқылы. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары қоршаған ортаға жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн, орман пайдаланғаны үшiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн эмиссия үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлемдер ставкаларын бекiтедi. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаттары тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте ядролық қондырғылар мен объектiлердi салуға келiсiм беру туралы мәселенi қарайды.

Мемлекеттiк органдар жергiлiктi басқаруды қалыптастыру және дамыту үшiн қажеттi құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де жағдайлар жасайды, жергiлiктi басқару органдарының қызметiн әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз етудi қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес халықтың жергiлiктi басқару құқығын жүзеге асыруына жәрдемдеседi.

Мемлекет осы Заңда белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының дербестiгiне кепiлдiк бередi.

Жергiлiктi басқару органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергiлiктi қоғамдастық халқының алдында жауапты болады.

Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселесі жергілікті шаруашылықты қалыптастыруға, оны жетілдіруге бірден-бір бастама болып табылады. Ауыспалы кезеңде қаржы ресуртарын әр түрлі билік деңгейлері арасында қайта бөлу, бюджеттік және бюджеттен тыс қорлар есебінен қаржылық көрсету тетіктері бар. Жергілікті басқаруды жетілдіру үшін ең алдымен оның қаржылық астарын қарастырау керек.

Қазіргі уақытта Қазақстан жергілікті басқару жүйесін құру сатысына қадам басты, сондықтан өз еліміздің ерекшелігін ескере отырып, шетелдік тәжірибені талдау мен жинақтауға ықылас арта түсуде.

Жергілікті мемлекеттік басқару - жергілікті өкілді және атқарушы органдар осы заңмен және басқа да заң актілерімен белгіленген құзірет шегінде тиісті аймақта мемлекеттік саясатты жүргізу және оны дамыту мақсатында жүзеге асырылатын әрі тиісті аймақтағы істің жай күйіне жауапты қызмет. Басқару саласында жергілікті басқару мәселесі өзекті екенін басшылыққа ала отырып, елімізде екі заң жобалары ұсынылды: біріншісі - “Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», екіншісі- “Қазақстан Республикасындағы өзін-өзі басқару туралы».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүгедектер проблемасын шешудегі құқықтық аспект
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты туралы
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Дағдарысқа қарсы басқаруда стратегияның мәні
Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету
Фискалдық саясаттың нұсқалары
Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары
Өтпелі кезеңдегі әлеуметтік саясаттың басымдықтары
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
Халықтың өмір сүру деңгейін көтерудің әлеуметтік-экономикалық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz