Қаржы секторын тұрақтандыру туралы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Әлемдік қаржы дағдарысы: себептері, салдары және оған қарсы шаралар

кешені . . . 5

1. 1 Әлемдік қаржы дағдарысының шығу себептері және оның дүниежүзі экономикасына кері әсері . . . 5

1. 2 Әлемдік қаржы дағдарысына қарсы Қазақстан Республикасындағы шаралар кешені . . . 8

1. 3 Дағдарыстың бастапқы кезеңіндегі оған қарсы ойластырылған шараларды бағалау . . . 21

2 Қазақстан Республикасы бойынша Жол картасы бағдарламасының нәтижелерін бағалау . . . 26

2. 1 Жол картасын бағдарламасының орындалау барысына талдау . . . 26

2. 2 Жол картасы бағдарламасы бойынша Қостанай облысында жүзеге асырылған іс−әрекеттерді талдау . . . 35

2. 2. 1 Қостанай облысының 2008 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау (Жол картасы бағдарламасына дейінгі жағдай) . . 35

2. 2. 2 Облыс бойынша Жол картасы бағдарламасының орындалу

барысын бағалау . . . 39

3 «Жол қартасы» Стратегиялық бағдарламасын одан әрі дамыту бағыттары . . . 42

3. 1 «Жол қартасы −2020» бағдарламасының негізгі бағыттары

және оларды жүзеге асыру жолдары . . . 42

3. 2 Қостанай обылысы бойынша «Жол картасы - 2010» бағдарламасын жобалары және оларды жүзеге асыру мүмкіндіктері . . . 49

Қорытынды . . . 56

Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі . . . 58

Қосымшалар . . . 60

Кіріспе

«Жол картасы» - америкалық мәдениеттен енген атау. Ағылшын тілінде Road map, яғни бұл ұғымның мағынасы «алдыға қалай жүру керек екенін айқындайтын жоспар» дегенге саяды. «Жол картасы» бағдарламасы Қазақстанда пайда болған жоқ. Бұл жоспар палестин-израиль қақтығысын реттеу жолында БҰҰ-ның қабылдаған шараларының бірі.

Ал еліміздегі «Жол картасы» - Қазақстанның дағдарысқа қарсы қабылдаған жоспарының атауы. Бұл бағдарлама, негізінен, аймақтардағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Жұмыссыздыққа қарсы күрес, маман-кадрларды даярлау сияқты күрделі міндеттерді реттейді. «Жол картасы» аясында Үкіметтен барлық салаға қаржы бөлінген. Және республиканың алыс аудандары мен елді мекендерін түгелдей қамтуы тиіс.

Жол картасы бағдарламасы мелекеттің экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін оның шикізат емес секторларын жедел дамытуды көздеген Үдемелі индустралды−инновациялық даму Стратегиясына еш қайшылық туғызбай қайта осы Стартегияның орындаулына септігін тигізетіні сөзсіз. Жалпы Қазақстан Республикасы елдің әлеуметтік−экономикалық жағдайын жақсартуда, елді бәсекеге қабілетті мемлекеттердің санатына қосуда көптеген істер атқарып жатыр. Мұны әлем жұртшылығы мойындап қана қоймай, жоғары бағалап отыр. Бұл тұрғыдағы Қазақстанның іс әрекеттері, тындырып жатқан қыруар істері көптеген елдер үшін алмасуға болатын тәжірибе болып отыр. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында [1], 2010-2014 жылдарға бағытталған елдiң индустриалды - инновациялық дамуы мемлекеттiк бағдарламасы қабылданды. Айтылған бағдарлама аясында республикалық және аймақтық маңызы бар жобалардан тұратын Қазақстанды индустриялдандыру картасында көрсетілді [2] .

Жұмысбастылық пен жұмыссыздық, жаңа жұмыс орындарының ашылуы сияқты көрсеткіштер дағдарысқа дейінгі деңгейден жақсара түскені Жол картасының дұрыс жолға қойылғанына куә. Демек бұл істердің орындалу барысын талдау, зерттеу, бағалау және қорытындылар шығару ел экономикасының алға басуының кепілі. Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі де осында.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Жол картасы бағдарламасының дағдарыс кезіндегі қиындықтарды жеңудегі рөлін зерттеу.

  • Осы мақсатқа жету барысында мынадай ақсаттар қойылды:
  • әлемдік қаржы дағдарысының шығу себептерін, оған қарсы шаралар кешенін зертеу;
  • Қазақстан Республикасы бойынша қабылданған Жол картасы бағдарламасының нәтижелерін бағалау;
  • Жол картасы бағдарламасы бойынша Қостанай облысында жүзеге асырылған іс−әрекеттерді талдау
  • «Жол қартасы −2020» бағдарламасының негізгі бағыттарын және оларды жүзеге асыру жолдарын саралау
  • Қостанай обылысы бойынша «Жол картасы - 2010» бағдарламасын жобалары және оларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін бағалау

Дипломдық жұмыс барысында негізінен Президенттің заңдары, Халыққа Жолдаулары, Үкіметтің қалулылары, дағдарысқа қарсы қабылданған Бес қатыл қадам бағдарламасы, Жол картасы бойынша Қостанай облысының жобалар тізімі, «Жол картасы − 2020» бағдарламасы Үкімет мүшелерінің сұхбаттары т. б. құжаттар пайдаланылды.

1 Әлемдік қаржы дағдарысы: себептері, салдары және оған қарсы шаралар

кешені

1. 1 Әлемдік қаржы дағдарысының шығу себептері және оның дүниежүзі экономикасына кері әсері

АҚШ нарықтарынан туындаған дағдарыс бүкіл дүние жүзіне әсер етті. Уақыт өткен сайын дағдарыс тереңдеп, жаңа өріс ала бастады. АҚШ нарықтарында шыққанына қарамастан, бүкіл әлем нарықтарына әсер етуде. Бұл жағдай да әлем нарықтарының бір- бірімен қаншалықты байланысты екенін көрсетеді. Осылайша дағдарыс жергілікті бір оқиға болудан шығып, жаһандық жағдайға айналды. Дағдарыс әсер еткен елдер шара қолдана бастады, бірақ қысқа уақытта барлық елдердің бірігіп шара қолдануы керек екені белгілі болды.

Дағдарыс қарсаңында нарықтарда оптимист атмосфера бар еді. Жылжымайтын құндылықтардың құны артып отыр еді. Мұнай бағасы да артқан талап аясында артып отырды. Шілде айында мұнайдың бареліның бағасы 147 долларға жетті. Мұнай бағасының артуы және құрғақшылық салдарынан азық-түлік материалдарының бағасы артты, дағдарысқа айналды [3] .

АҚШ-да тұрғын үй бағалары жоғарыландықтан, банктер осы салада несие беріп, табас табуды жоспарлаған болатын. Төлем күштері төмен тұтынушылар да осы несиелерден пайдаланған еді. Несие көмегімен үй алғандар тұрғын үй құнының арты нәтижесінде, тұрғын үйдің қосымша бағасын кепіл ретінде көрсетіп, жаңа несие алып жүрді. Мысалы он мың долларлық бір үй толығымен несиемен алынған болса, үйдің құны елу пайыз көбейсе, үйдің бағасы он бес мың болады, осылайша тұтынушы қосымша бес мың доллар кепіл ретінде көрсетіп, жаңа несие алу мүмкіндігіне ие болатын.

Несие ашқан банктер несиелердің кері төленуін күтпестен, ипотекадағы тұрғын үйлердің құнын көрсетіп, нарыққа акция шығарып, нарықтан жаңа материал табуда және жаңа несиелер ашуда. Сатып алынған осы акциялар да тұтынушыларға қор ретінде сатылып жатты.

АҚШ-да тұрғын үй бағасы төмендей бастағанда, төлем күші аз тұтынушылар төлеуде қиыншылық шеге бастады, несиелері кері төленбеген үйлерді банктер қайтып алды. Алынған үйлер банктерге ақшалай кері оралуы үшін сатыла басталды, осылайша ұсыныста үй көп болғандықтан, баға одан сайын арзандады. Тұрғын үй бағасындағы арзандау тұрғын үйге байланысты акциялардың құнсыздануына жол ашты. Бұл жағдай аталмыш акцияларды сатып алған қаржы мекемелерін қиыншылыққа итермеледі. Есепшот иелеріне қарсы төлем жауапкершіліктері өзгермесе де банктердің болмыстары құнсызданғандықтан капитал жетіспеушілігі басталды [3] . .

Банктер қалған қаржы мекемелерінен қарыз алып, кемшіліктерін толтыруы керек еді, алайда жағдай қауіпті әрі бұлыңғыр болғандықтан, қарыздану қымбатқа түсті. Осы жағдайда банктер жаңа несие ашуға жылы қарамай, қаржы жүйесі тарылды. Осы жағдай қаржы жүйесінде сенімсіздік атмосферасын қалыптастырды және банктер банкрот бола бастады. Қаржы дағдарысы іс жүзіндегі салаға да әсер ете бастаған болатын.

Нарық тарылғандықтан, сұраныстың азаюы инвесторларды қинады. Қаржы дағдарысының көлемі үлкен болғандықтан, әлем нарықтарына көп әсер етті. Алтынның бағасының көтерілуі сенімсіз атмосфераның бір көрсеткіші болып табылады. Осы дағдарыс 1929 жылы АҚШ-нда басталған үлкен дағдарыспен салыстырылуда. Сол кезеңде АҚШ өте үлкен шығынға ұшырады, жұмыссыздық шегіне жеткен еді. Аталмыш дағдарыс АҚШ-на көп жыл бойы әсер етті. Несиелердің тарылуы инвестиция және тұтыну шешімдерінде бір шектемеге жол ашатындықтан, жұмыссыздық пен тоқырау өрбуі мүмкін. Сондықтан осы тақырыпта маңызды шаралар қолданылуда. АҚШ либералды экономиканың орталығы деп аталуда және нарықта мемлекеттік шаралары аз деңгейде. Бірақ қаржы дағдарысының қауіпті жағдайға келгені соншалықты кейбір банктер мемлекеттің қатарына алынды. Кейбіреулер мұны социалистік көзқарас деп түсіндіруде.

Дағдарыстан бұрын мұнайдың бағасы артып, ең жоғары деңгейге жеткен болатын. Шілде айында мұнайдың барель бағасы 147 доллар болған еді. Мұнай экспорттайтын елдер мұнайдың бағасының артуына риза болғандарына қарамастан, түтынушылар қымбатшылыққа наразы болатын. Осы қымбат баға жалғасады деп болжаған елдер бюджеттерін осыған орай жоспарлап, төлемдерін жобалаған еді. Бірақ қаржы дағдарысы ортаға шыққаннан кейін, нарықта сұраныс азаяды деген көзқарас басым болды, бұл да бағаның жылдам төмендеуіне себеп болды. Қазан айының ортасында шикі мұнай бағасы елу пайыз арзандап, 70 доллардан төмендеді. Бұл мұнай экспорттайтын елдерге көп әсер етті, OPEC-тің /Мұнай Экспорттайтын елдер ұйымы/ жедел түрде бас қосуы ұйғыралды. Аталмыш елдердің уайымға түскені соншалықты, ұйымның 17 желтоқсан күнгі кезекті жиналысын күтпестен, 24 қазан күні жиналды. Кейбір мүше елдер жылдам төмендеген мұнай бағасын тежеу үшін өндірістің азайтылуын ұсынды. OPEC әлем мұнай экспортының 40 пайызына жуық өндіріске ие болғандықтан, баға өзгерісінде көп ықпал ете алмауы мүмкін, мұнай бағасы төмендеуін жалғастырар еді.

АҚШ-да басталған дағдарыс барша әлемге әсер етті. АҚШ кейбір банктерді өз қолына алды, Ирландия да банктарге мемлекеттік кепілді қамдады. Кейбір елдер қолдау пакеттерін іске қосты, қиын жағдайындағы банктерге капитал да берді. Қаржы дағдарысы тарылған кезеңде банктерде ақшасы бар азаматтар уайымға түсіп, есепшоттарындағы ақшаларын кері алуды да ойлайды. Банктерден шыққан ақша алтын секілді кейбір тауарларды алуда немесе ақшалай сақталғанда, банктердің ақша мәселесі өрбуі мүмкін. Бұл жағдай қалған бірқалыпты банктердің де банкротына жол ашуы мүмкін. Сондықтан кейбір елдер банктерге кепілдік беріп, немесе кепілдік астындағы ақша мөлшерін арттыру жолын таңдады [3] .

Басқа жағынан қаржы дағдарысы әсер етіп, қиын жағдайда қалған, алайда жаңа капитал көмегі арқылы құтқарыла алатын банктер банкрот болғанда, экономикада сенімсіздік артады, дағдарыс одан сайын тереңдей түседі. Сонымен қатар банкрот болған банктерден жұмыссыз қалған қызметкерлер жұмыссыздық сақтандыру кепілдігін пайдаланып, осындай мекемелерге де әсер етуі мүмкін. Бұл да экономикалық тоқырауды өрбітуі мүмкін. Сондықтан банктердің мемлекет құрамына алынуы немесе оларға капитал бөлу орынды іс секілді.

Қаржы мекемелері бір бірлеріне тікелей немесе жанамалы түрде тәуелді. Дағдарыс атмосферасында да ең ықпалды саясат құралдары болып табылады. Сондықтан банк банкроттарын тоқтату маңызды. Алайда банктерге берілген ақша салық арқылы жиналғандықтан мұқият болу керек. Бірқалыпты жағдайда капитал арқылы құтқарыла алмайтын банктерді ауқымды капиталмен ұстап тұру болымды нәрсе емес. Сондықтан өте нашар жағдайдағы банктердің банкрот болуын елемеу де нашар саясат деп қаралмайды.

Кейбір үлкен фирмалардың табыстарын төмендеп көрсетулері нарықты одан сайын нашарлатты. Құтқару пакеттері алдымен қиын жағдайдағы банктер үшін жоспарланса да, кейіннен іс жүзіндегі саланың фирмалары үшін де берілді. Мысалы Жапония осындай фирмаларға қолдау беру үшін құтқару пакетін іске қосты. Дағдарысқа байланысты әлем көлемінде жаңа реттеу керек екені ортаға шықты. Көптеген бірінен соң бірі құтқару пакеттерін жариялағандықтан, сенім арта түсті. ІМҒ пен Әлемдік банк секілді халықаралық ұйымдар араға кіріп, қаржы дағдарысының өрбуіне кедергі болуға тырысты.

Дүние жүзінің қаржылық саласын тұрақтылықтан айырып, теңселтіп жіберген дағдарыстың дамыған деген елдердің өзіне қандай шығын әкелгендігін бағалау үшін мына көрсеткіштерге көз жүгіртсек, жеткілікті: дағдарыстың бір жылы үдерінде американдық индекс Dow Jones- 25%-ға, неміс индексі DAX- 26%-ға, ағылшындық индекс FTSE- 25%-ға, жапондық NІKKEІ- 32%ға, ал, көрші Ресейдің биржалық индексі RTS- бірден 42%-ға құлдыраған. «Капиталдардың жаһандық айналымына қатты тартылғандықтан, Қазақстан осы дағдарыстың әсерін алғашқылардың қатарында сезінді. Бұл сыртқы займдарды тарту мүмкіндіктерінің күрт шектелуінен туындаған еді. Оның үстіне отандық банктердің төлемдерінің негізгі ауқымы да дәл сол кезеңге сәйкес келді. Сондықтан бірқатар сарапшылар Қазақстанның дамуы шектеліп, ел экономикасы кері кететіндігін болжаған. Бірақ еліміз ол жорамал дұрыс болған жоқ [3] .

Дағдарыс басталған АҚШ-нда орталық банк нарықтардың үміттеріне болымды жауап беріп, пайыз көрсеткіштерін азайтты. Осы дағдарыс арқасында көптеген ел мәселелерді шешу үшін бірге қозғалудың маңызын түсінді деуге болады.

1. 2 Әлемдік қаржы дағдарысына қарсы Қазақстан Республикасындағы шаралар кешені

2007 жылдың екінші жартысында басталған әлемдік қаржы нарықтарындағы тұрақсыздық Қазақстанның даму қарқынына әсер етті. Бұл отандық банктердің сыртқы қаржылық ресурстарды тарту мүмкіндіктерін төмендетті, ал, ізінше, ішкі экономикаға кредит беру көлемін қысқартуда көрінді. Бұдан басқа, әлемдік нарықтағы азық-түлік тауарлары бағасының шапшаң көтерілуі салдарынан экономикаға инфляциялық қысымды едәуір күшейтті.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банкі мен Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсартуға бағытталған бірінші кезектегі шаралар кешенін жедел қабылдады.

Өтімділіктің жаһандық тапшылығын тудырған қаржы дағдарысының екінші толқыны әлемдік қаржы жүйесінің шеңберінен шықты және нақты секторға едәуір теріс әсер етті. Осының нәтижесінде әлемдік экономиканың өсу қарқынының едәуір және, ізінше, тауарлар мен қызмет көрсетулерге жаһандық сұраныстың баяулауы байқалады.

Бұл отандық экономиканы тұрақтандыру және оңалту жөнінде жаңа қосымша шаралар қабылдауды талап етеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын ретте және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау үшін әзірленді. Бұл жоспар жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс салдарын жұмсартуға және болашақтағы сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін айқындады.

Енді осы шараларға жеке−жеке тоқтала кетелік.

2007 - 2008 жылдары қабылданған шаралар

2007 жылдың күзінде Қазақстан қаржы дағдарысының алғашқы толқынымен кезікті.

2007 жылдың қазанында Үкімет, Ұлттық Банк және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын ретте және қадағалау агенттігі халықаралық қаржы және азық-түлік нарықтарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсарту үшін бірқатар бірінші кезекті шаралар қабылдады. 2007 жылдың күзінен бастап мемлекеттік бюджеттен шамамен 550 млрд. теңге бөлінді.

Меншікті немесе қарыз қаражатын үлестік құрылысқа салған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс салушыларға екінші деңгейдегі банктер арқылы 184, 7 млрд. теңге бөлінді.

Шағын және орта бизнестің іскерлік белсенділігін қолдау үшін олардың жобаларын шамамен 155 млрд. теңге сомаға қаржыландыру қамтамасыз етілді.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 135 млрд. теңге жіберілді.

Осы шараларға қосымша өтімділік тапшылығының проблемасы жедел шешілді және ұлттық банк жүйесінің келесі сыртқы қауіптерге дайындығының қажетті деңгейі қамтамасыз етілді.

Бірінші кезекті шаралар кешенін іске асыруды ескере отырып, ағымдағы жылдың 9 айы ішінде ЖІӨ-нің өсуі шамамен 4%-ды құрады. Жұмыссыздық деңгейі төмен деңгейде тұр және 7%-дан аспайды. Тұтыну бағаларының өсуін тұрақтандыру мүмкіндігі туды. Ағымдағы жылғы 10 айда инфляция деңгейі 8, 8%-ды құрады, бұл жылдық болжамның кемінде 10%-ына сәйкес келеді. Қазақстандық банктер өздерінің ішкі және сыртқы міндеттерін ойдағыдай орындауда. Екінші деңгейлі банктердің экономиканы кредиттеуі өткен жылдың соңындағы деңгейде сақталды. 2008 жылдың 10 айы ішінде банктердегі депозиттер 21, 8%-ға дерлік, оның ішінде, халықтың депозиті 2%-ға ұлғайды.

2008 жылдың басынан бастап Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі ішкі және сыртқы нарықтағы экономикалық жағдай мониторингін күшейтті және қосымша бірқатар шараларды қарастырды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы әзірленіп, қабылданды, онда қаржы ұйымдарының қасақана төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізгені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары қатаңдатылды. Үкімет белгіленген пруденциалдық нормативтерді бұзып отырған қаржы ұйымдарының қызметіне араласуға қажетті нарық құралдарын ала отырып, банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алуға құқық алады. Өз кезегінде, банктерге шығарылған облигацияларды және құрылатын Стресті активтер қорының акцияларын мерзімінен бұрын сатып алу құқығы берілді.

Банктерге деген сенімді сақтап қалу мақсатында заңда жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді қайтару сомаларын бұрын көзделген 700 мың теңгеден 1 миллионға дейін, ал 2012 жылға дейін (3 жыл ішінде) - 5 млн. теңгеге дейін ұлғайту көзделді.

2008 жылдың қарашасынан бастап ішкі міндеттемелер бойынша ең кіші резервтік талаптар 5%-дан 2%-ға дейін, ал өзге міндеттемелер бойынша 7%-дан 3%-ға дейін төмендетілді. Бұл банктерге олардың ресурстық базасын шамамен 350 млрд. теңге көлемінде ұлғайтуға мүмкіндік беретін шара ретінде қарастырылды.

2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілу жоспарланды, оның шеңберінде салықтық жүктемелерді, ең алдымен, экономиканың шикізат емес секторы үшін салықтық жүктемелерді едәуір төмендету көзделді.

Корпоративтік табыс салығы кезең-кезеңімен 2009 жылы 30%-дан 20%-ға дейін, 2010 жылы 17, 5%-ға дейін және 2011 жылы 15%-ға дейін төмендету жоспарланды.

Қосылған құн салығының ставкасы 2009 жылдан бастап 13-тен 12%-ға дейін төмендету көзделді. ҚҚС салынатын айналымның ең аз көлемі 2 есе 38 млн. теңгеге дейін ұлғаяды.

Әлеуметтік салық ставкаларының регрессивті шәкілінің орнына 11% мөлшеріндегі бірыңғай ставка енгізілетін болады.

Экономиканың барлық кәсіпорындары үшін инвестицияларды жүзеге асыру үшін салық преференциялары көзделді. Атап айтқанда, өндірмейтін секторлар үшін жедел өтеу, мұнай өндірушілер үшін - өтеудің екі есе нормасы көзделді.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді төлеу туралы талап алынып тасталады.

Сонымен қатар, барлық кәсіпорындар үшін залалдар мерзімдерін 3 жылдан 10 жылға дейін ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Жалпы, салықтық жүктеменің төмендеуі тек 2009 жылы кәсіпорындарға 500 млрд. теңге босатуына және оларды экономиканы дамытуға жұмсауына мүмкіндік береді.

2008 жылдың үшінші тоқсанында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жедел түрде қабылданды. Ішкі сұранысты ынталандыру және отандық кәсіпорындарды қолдау үшін мемлекеттік сатып алу тек қазақстандық өнім берушілерге басымды түрде бағытталатын болады. Жедел шешімдер қабылдау, кепілдіктер, ұзақ мерзімді тапсырыстар беру есебінен отандық бизнеске нақты көмек көрсету үшін мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялар мемлекеттік сатып алуды реттейтін заңнамалар әрекетінен шығарылды.

Үкімет әлемдегі қаржы және шикізат нарықтарындағы жағдайдың нашарлау мүмкіндігіне байланысты 2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қажеттілікпен қалыптастырды. Осы кезеңдегі бюджет кірістері мұнайдың бір баррелі үшін 60 АҚШ долларындағы әлемдік бағасын негізге ала отырып есептелген. Үкімет орта мерзімді кезеңде фискалдық тұрақтылықты қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының параметрлерін түзетті. 2009 жылы бюджет кірістері мұнайдың әлемдік бағасының бір баррелі үшін 40 АҚШ долларына төмендеуін ескере отырып нақтыланды. Басымды емес шығыстар қысқартылды, ал бірқатар бағдарламаларды қаржыландыру кейінгі мерзімге қалдырылатын болады. Бұл ретте әлеуметтік шығыстар қысқартылған жоқ.

2009 - 2010 жылдары республикалық бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге 3, 4-3, 5% көлемінде жоспарланған, ал 2011 жылы ЖІӨ-ге 2, 4%-ға дейін төмендетілетін болады.

Үш жылдық республикалық бюджет ағымдағы жағдайда экономикалық белсенділікті қолдау үшін түйінді құрал болып табылады. Жиынтықты сұраныс пен іскерлік белсенділік бірінші кезекте, басымды инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды қаржыландыруға, отандық кәсіпорындардың өнімдеріне сұранысты және экономикадағы жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ адами капиталды дамытуға бағытталатын бюджет шығыстарының жоғарғы деңгейін сақтау есебінен қамтамасыз етіледі.

Тұтастай алғанда, 2009 - 2011 жылдары мемлекеттік бюджеттен шығатын инвестициялар 1, 5 трлн. теңгеден аса өседі деп жобаланды.

Енді осы бағдарламалар мен оның бағыттары туралы.

Шикізат ресурстарына әлемдік бағаның құлдырауы әсерінен және капиталдың сыртқы нарығына қол жеткізудің болмауына байланысты Қазақстан экономикасына жаңа әлемдік экономикалық шындықтарға бейімделудің күрделі кезеңін бастан өткізуге тура келеді, бұл экономикада құрылымдық өзгерістердің болуын талап ететіні сөзсіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі мен әлемдік тәжірибені салыстыра отырып зерттеу
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және оның әлемдік тәжірибесі
Қаржылық дағдарыс жағдайында Қазақстандағы қаржы мекемелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету
Дағдарыс және оған қарсы басқару
ҚР банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуын қарастыру
Қаржының экономикалық мәні
Әлемдік дағдарыстың зардабын игеру
«АҚШ-та басталған Қаржы дағдарыстың Қазақстан Республикасына тигізер әсері»
Қырғызстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының кезеңдері
Бағаның инфляциядағы рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz