Иттердің парвовирусты энтеритпен ауруға шалдығу динамикасы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер 7
Анықтамалар 9
Белгілер мен қысқартулар 11
1 Кіріспе 13
2 Негізгі бөлім 15
2.1 Әдебиетке шолу 15
2.1.1 Ит питомниктерінде кездесетін инфекциялық аурулар 15
2.1.2 Иттің инфекциялық ауруларын серологиялық балау әдістері 36
2.1.3 Ит питомниктерінде кездесетін инфекциялық ауруларға қарсы 40
күрес шараларына жалпы сипаттама
2.1.4 Әдебиетке шолуды қорытындылау 41
3 Өзіндік зерттеулер 44
3.1 Материал және қолданған әдістер 44
3.2 Зерттеу нәтижелері 47
3.2.1 Ит питомниктерінде жүргізілген індеттанулық мониторинг 47
нәтижелері
3.2.2 Ит питомниктерінде иттерге телімді инфекциялық ауруларға 48
қарсы қолданылған вакциналардың иммундық қасиеттері
3.2.3 Жүргізілген зерттеулердің экономикалық тиімділігі 51
4 Еңбекті қорғау 52
5 Тұжырымдар 57
6 Практикалық ұсыныс 58
7 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 59
Қосымшалар 62



Нормативтік сілтемелер
Дипломда сілтемелер төмендегідей стандарттарға қолданылды:
МЕМСТ 6709-72. Дистилденген су. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 29227-97. Пипеткалар.
МЕМСТ 1770-74. Зертханалық шыны өлшеуіш ыдыстар:
цилиндрлер, мензуркалар, колбалар,
пробиркалар. Жалпы техникалық шарттар.
МЕМСТ 12026. Зертханалық сүзгіш қағаз.
МЕМСТ 6709-72. Хлорлы натрий. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 6259-75. Глицерин.
МЕМСТ 6417-72. Фенол.
МЕМСТ 5962-67. Этил спирті.
ТШ 6-09-17-263-89. Бор қышқылы.
МЕМСТ 199-78. Сірке қышқылды сусыз натрий.
ТШ 6-9-5924-69. Кристаллвиолет.
ТШ 6-09-6536-69. Фуксин.
МЕМСТ 22261-76. Иономер.
ТШ 5-375-42-61-76. Центрифуга ОС 6М.
ТШ 46-22-608-857. Су қобдиы.
ТШ 61-1-909-80. Құрғақ кептіретін шкаф.
ТШ 64-1-3667-82. Автоклав ВК-75.
ТШ 46-22-549-60. Термостат ТЭС-1.
МЕМСТ 15150-69. Флоринский аппараты.
МЕМСТ 24061-89 Дымқылдың меншікті салмақ үлесі
ҚР СТ 3.1−2001 Қазақстан Республикасы
сертификациялаудың мемлекеттік жүйесі.
Сәйкестік белгісі. Техникалық
талаптар.
ҚР МЕМСТ 8.579(2001 Өлшемдер бірлігін қамсыздандырудың
мемлекеттік жүйесі. Өндіру, өлшеп
орау, сату және импорт кезіндегі кез
келген түрдегі орауыштағы тауарлардың
санына талап.
МЕМСТ 12.1.004 -91 Еңбектің қауіпсіздік стандарттары
жүйесі. Өрт қауіпсіздігі. Жалпы
талаптар.
МЕМСТ 12.1.005-88 Еңбектің қауіпсіздік стандарттарының
жүйесі. Жұмыс орнының ауасына
қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық
талаптар.
МЕМСТ 12.1.008-76 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының
жүйесі. Биологиялық қауіпсіздігі.
Жалпы талаптар
МЕМСТ 17.0.0.01-76 Табиғатты қорғау және табиғи
ресурстардың пайдалануын жақсарту
саласындағы стандарттар жүйесі. Жалпы
ережелер.
МЕМСТ 4233-77 Реактивтер. Хлорлы натрий. Техникалық
шарттар.
МЕМСТ 6709–72 Дистилденген су. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 22967−82 Бірнеше мәрте қолданылатын инъекциялық
медициналық шприцтер. Техникалық
шарттар.
МЕМСТ 24861−91 Бір мәрте қолданылатын инъекциялық
шприцтер.
МЕМСТ 25046−2005 Бір мәрте қолданылатын инъекциялық
инелер. Негізгі мөлшерлер. Техникалық
талаптар. Сынақты жүргізу әдістері.
МЕМСТ 25377−82 Бірнеше мәрте қолданылатын инъекциялық
инелер. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 25336−82 Зертханалық шыны ыдыстар мен
жабдықтар. Типтері, негізгі
параметрлері мен мөлшері
МЕМСТ 29227−91 Зертханалық шыны ыдыстыр. Градусы
көрсетілген пипеткалар. 1-бөлім. Жалпы
талаптар

Анықтамалар

Дипломдық жұмыста төмендегідей індеттанулық ұғымдар, терминдер, лайықты
анықтамаларымен қолданылды:

Антигендер – иммундық жауаптар тудыратын және соңғылардың эффекторлармен
телімді әрекеттее алатын организмге бөгде заттар

Антиденелер – (иммундыглобулиндер) телімді (спецификалық) антигенмен
әрекеттесетін глобулиндер.

Балау – ауруды анықтау, табу, диагноз қою.

Бруцеллездің індет ошағының ядросы – бруцеллез қоздырушысы ең көп
шоғырланған телім.

Вакцина – жұқпалы ауруларды дауалау үшін қолданылатын биологиялық препарат.

Дауалау – жұқпалы аурудың алдын алу, яғни профилактикалау.

Дезинфекция – дегеніміз сыртқы ортадағы зардапты микробтарды жою шаралары.

Дератизация – зиянкес кемірушілерді жоюға бағытталған шаралар.

Инфекциялық процесс – дегеніміз макро және микроорганизмдер, қоршаған орта
ара қатынасы мен олардан туындайтын қарама – қайшы инфекциялық –
патологиялық және иммундық – қорғаныстар әсерінен туындалатын құбылыс.

Инфекциялық ауру – дегеніміз инфекцияның айқын көрінісі.

Иммунды фоны жоқ сиыр – бұрын вакцина қолданылмаған мал.

Карантин – індет ошағының одан әрі ұлғайуына жол бермеу үшін жүргізілетін
шектеу шараларының жиынтығы.

Комплемент – омыртқалы жануарлар мен адамның қалыпты қан сарысуларындағы
негізгі эффекторлық механизмді атқарып, организмнің ішкі ортасының
тұрақтылығын сақтайтын факторлар кешені.

Конглютинин – антиген+антидене кешенімен байланыстағы комплементпен
әрекеттесе алатын жеке эуглобулин.

Конглютининдеуші сарысу – комплемент пен конглютининнен тұратын
диагностикалық препарат.

Қатер төнген аймақ – аурудан сау емес пункттегі індет ошағының

сыртындағы территорияда орналасқан, соңғысымен шаруашылық және экономикалық
тұрғыдан қарым – қатынасы бар алқап.

Нозологиялық балау – қолданылуы қарай нұсқаумен бекітілген әдістерді
пайдалану арқылы ауруды (бруцеллез, туберкулез, топалаң, т.с.с.) анықтау.

Серологиялық реакциялар – антигендер мен антиденелердің әрекеттесуі
нәтижесінде болатын реакциялар.

Сау емес пункт – территориясында індет ошағы бар ауылдық округ немесе
шаруашылық (ұжымдық, мемлекеттік).

Шектеу – карантиннен гөрі шарттары бәсеңдеу, індеттің таралмауы, үшін қарым
қатынасы тежеуге бағытталған тиым жолдары.

Індет – індет процессінің орташа дәрежедегі таралу қарқыны.

Індеттану – індет процессін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу
заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін
қарастыратын ғылым.

Індет процесі – дегеніміз оның үш құрама бөлігінің (инфекция қоздырушысының
бастауы, берілу тетігі, бейім жануарлар) қозғалысқа келіп, олардың бір
біріне әсерінен туындайтын құбылыс.

Індеттанулық балау – жұқпалы аурудың шығу, таралу себептерін анықтап, індет
процесі мен індет ошағын толық сипаттау.

Індет ошағы – малдың ауруға шалдығу мүмкіндігі сақталған инфекция
қоздырушысының бастауы мен оның берілу тетіктері бар территория, яғни
жұқпалы аурумен ауырған мал анықталған табын (отар, басқа да мал тобы)
орналасқан кеңістік.

Індет ошағының ядросы – індет ошағындағы ауру қоздырушысы ең көп
шоғырланған телім. Бруцеллездің індет ошағында ветеринариялық –
санитариялық шараларды тиімді ұйымдастыру мақсатында, практикада бұл
категорияны анықтауды алғаш рет (1996 жылы) ҚазҰАУ ғалымдары ұсынған.

Зиянсыздық - вакцинаны еккеннен кейін, организмде пайда болған жергілікті
және жалпы реакцияның салдарынан зиянды әсердің болмауы.

Иммуногенділік - егілген малдардың жұқпалы ауруларды қабылдамау жағдайын
тудыратын вакцинаның қабілеті.

Реактогенділік - тірі вакцинаны еккенде біліней өтетін жергілікті және
жалпы реакцияларды (домбығу, ауырсыну, қысқа мерзімге дене қызуының
көтерілуі және т.б.) тудыру қабілеті.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

АР - Агглютинация реакциясы (арнайы зертханалық пробиркаларда
қойылады)
АдБР - Антиденені бейтараптау реакциясы
АБ - Антигендік бірлік
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
АШМ - Ауылшаруашылық министірлігі
б - Бет
В - Brucella
ВББ - Ветеринариялық бас басқарма
ВГНКИ - Всероссийский государственный научно-контрольный институт
(Бүкіл Ресейлік мемлекеттік бақылау-ғылыми зерттеу
институты)
г - Грамм
ҒЗИ - Ғылыми зерттеу институты
док. дисс - докторская диссертация
ЖШС - Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ЖАҚ - Жабық акционерлік қоғам
ИПВ Иттің парвовирусы
ИФА - Иммуноферменттік анализ
ИКАР - Иммунды кешенді агрегациялау реакциясы
ИФР - Иммунофлюоресценция реакциясы
КБР - Комплементті байланыстыру реакциясы
КҰБР - Комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы
КР - Кумбс реакциясы
КСРО - Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасы
к.в.н - кандидат ветеринарных наук
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚГАР - Қосалқы гемагглютинация реакциясы
Қ - Қаласы
Млрд - Миллиард
Мм - Миллиметр
М - Москва
РБС - Роз бенгал сынамасы
РКФ - Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасы
СР - Сайдулдин реакциясы
см3 - сантиметр куб
с - Страница
ТКР - тікелей конглютинация реакциясы
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
Т - Том
ҰСР - ұзартылған Сайдулдин реакциясы
ф.е - физиологиялық ерітінді
ФАОВОЗ - Food agricultural organizationВсемирная организация
здравоохранения Біріккен ұлттар Ұйымы жанындағы
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы
ХБ - Халықаралық бірлік
ХІБ - Біріккен ұлттар Ұйымы жанындағы Халықаралық індет бюросы

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Жер бетінде кең таралған, тұқым түрлері үй
иттерінің (Canisfamilaris) халық шаруашылығындағы, жалпы адам өміріндегі
рөлі тым жоғары. Оларды қызмет ететін иттер, аң құсқа түсетін иттер және
сәндік иттер деп үш топқа бөледі. Біздің елімізде бұл жануарлар күзет пен
бақташылық істерінде, ел шекарасын қорғау мен кеден салаларында, қылмыстық
істерді ашуда, адам мен малды қорғау мақсаттарында пайдаланылады. Сонымен
қатар биологияда, медицина мен ветеринариялық медицинада иттер жиі
зертханалық жануарлар ретінде пайдаланады. Кейінгі жылдары халықтың әл-
ауқатының жоғарылауына байланысты, қалаларда әуесқойлықпен үй жағдайында
иттерді өсіру етек алуда. Шет елдерден асыл тұқымды иттер әкелініп, ит
питомниктері ұйымдастырылып жатыр. Осы айтылған жәйттер ит санының көбеюіне
әкелуде.
Алайда қазіргі ит питомниктерінде инфекциялық аурулар жиі кездесіп,
зардабын тигізуде. Елімізде кездесетін иттің инфекциялық ауруларын атап
айтқанда, етқоректілер обасы, құтырық, иттің парвовирустық энтериті,
инфекциялық гепатиті, және токсоплазмоз сияқты паразиттік аурулары.
Иттің аса көп таралған аса қауіпті вирустық ауруларының ішінде алғашқы
орынды алатын, орасан зор шығын әкелетін оба болып табылады.
1995-2000жж аралығында Алматы қаласында иттің инфекциялық ауруларының
4 нозологиялық формасы тіркелген: оба, парвовирустық энтерит, инфекциялық
гепатит, құтырық. Барлығы 9274 дарақ ауырған, өлгені 1650, оның ішінде
обадан сәйкесінше 5130 және 972, парвовирустық энтериттен 3811 және 608,
инфекциялық гепатиттен 321 және 58, құтырықтан 12 және 12. Оба мен
парвовирустық энтериттің нозологиялық құрлымдағы үлесі сәйкесінше 55,3%
және 41,1% құрап, эпизоотия түрінде жүріп жатқанын байқатады. Осы
зерттеудің барысында эпизоотиялық процесс кезінде ауруға ұшырау көрсеткіші
анықталған: обада ауруға шалдығушылық 6,9%, өлім көрсеткіші 1,3% және өлім
жітім 19%. Парвовирустық энтеритте ауруға шалдығушылық 5%, өлім көрсеткіші
0,8%, өлім жітім - 16% құраған. Иттердің аса зақымдалған тобы 3-7 айлық
күшіктер екен.
Сонымен індетке қарсы шаралар дауалау және сауықтыру шаралары болып
екі салаға бөлінеді. Осы аталған шаралар көбінесе өз деңгейінде дұрыс
жүргізілмегендіктен көптеген жұқпалы аурулардың шығуына себепші болады.
Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың және олардың таралуына жол
бермеуге бағытталады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін дауалау шаралары
іске асырылады, ал ауру шыға қалған күнде оны жою шаралары қарастырылады.
Алайда күрес шаралары кешенінде иттің көптеген ауруларын ажыратып балау
қиындықтар тудырады.
Ит питомниктерінде кездесетін инфекциялық ауруларда жүргізілетін
шаралардың тиімділігі әрқашан да ауруды уақытында балау және оған қарсы
шараларды ұйымдастыру болып табылады. Олар ветеринариялық қызметтің негізгі
міндеті болып табылады. Сақтық жұмыстарының тиімділігі өткізілген
шаралардың дұрыс жүргізілуіне байланысты. Біршама аурулардың (Ауески ауруы,
етқоректілер обасы, құтырық және т.б.) таралу қаупі айтарлықтай болуы ит
питомниктерін өркендетуге кедергі жасайды. Аса қауіпті індеттік ауруларға
қатысты дұрыс болжам беру жүргізілетін шараларға, олардың неғұрлым нақтылы
жағдайды сипаттайтын шынайы болу керек. Бұл мәліметтер негізінен
мониторингілеу жұмысы нәтижесінде алынады.
Эпизоотологиялық мониторинг – инфекциялық ауру жөніндегі мәліметтерді
жинақтау, белгілі материалдарды жалпылау мен анализдеу және қорытындыланған
деректі қажетті мекемелерге жеткізу болып табылады. Сондықтан
эпизоотологиялық мониторингтің негізгі мақсаты – басқару шешімдерін
шығаруда шынайы деректерге сүйену арқылы орындау. Ал осының нәтижесінде
берілетін болжам індетке қарсы шаралардың жүргізілу мерзіміне, реттігіне,
материалдық ресурстарына қатысты болады.
Ит питомниктерінде иттердің арасында аса қауіпті инфекциялық
аурулардың таралуына жол бермеу және дауалау, ғылыми-негізделген
мониторингілеу жүйесі өзекті мәселе.
Республика деңгейінде көпшілік инфекциялық ауруларға қарсы вакциндеу
жұмыстарын тоқтатуға орай жыл сайынғы мониторингілік зерттеулердің маңызын
бірнеше есе арттырады. Мониторингілік зерттеулер індеттік жағдай жөніндегі
деректердің, жүргізілетін сақтық шаралардың тиімділігінің шынайылығын
көрсетеді және осының нәтижесінде ауруды аудандастыру арқылы оның енетін
бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде аса қауіпті аурулар
бойынша қысқа және ұзақ мерзімді болжам беруге мүмкіндік туғызады.
Қорыта келгенде, нақтылы территориядағы аса қауіпті аурулардың
індеттік жағдайын мониторингілеу арқылы бағалау және осының негізінде
сақтық шараларды өндіріске енгізу өзекті жұмыс болып табылады.
Сондықтан ит ауруларын ажыратып балау схемасын құру күрес шараларын
жетілдіруге бағытталған ізденістер қатарына жатады.
Осы айтылған мәселелерге байланысты жұмыстың мақсаты ит питомнигінде
инфекциялық аурулармен күрес шараларын тиімді ұйымдастыру.Осы мақсатта:
- ит питомниктерінде індеттанулық мониторинг жүргізу;
- инфекциялық ауруларға қарсы күрес шараларының схемасын құрып,
қажетті арнайы шараларды жоспарлы орындау;
- би- және поливалентті вакциналардың тиімділігін салыстыру

1. Негізгі бөлім

1. Әдебиетке шолу
2.1.2 Ит питомниктерінде кездесетін инфекциялық аурулар
Парвовирусты энтерит (Parvovirus enteritis) – негізінде жіті
геморрагиялық энтеритпен, организмнің сусыздануымен, лейкопениямен және
миокардитпен сипатталатыниттердің аса жұқпалы вирустық ауруы. Атап өтетін
жағдай, иттің вирустық энтеритін (ИПВ) тек осы аурудың қоздырушысы ғана
емес, бірақ басқа да вирустар: коронавирустар, ротавирустар, етқоректілер
обасының вирусы, инфекциялық гепатит, аралас инфекциялар және басқалар
тудырады. Сонымен мысалы, Австралияда энтеритпен ауырған итті патологиялық
анатомиялық сойып зерттеу кезінде 30% - иттің парвовирусы, 2,6% -
етқоректілер обасы және 2% - иттің коронавирусы табылған [1-3, 7-11].
Иттің парвовирустық энтериті дербес ауру ретінде 1976 ж. Бельгияда,
1978 ж. – АҚШта, сосын 1978-1981 жж. - Австралияда, Канадада, Англияда,
Италияда, Францияда және т.б. жерлерде тіркелген. Кеңес одағында алғаш рет
1983 ж. анықталды [1-3].
Иттің парвовирустық энтериті Ресейде иттердің инфекциялық ауруларының
аса кең таралған 5 тобына кіреді. Германияда 1967 ж армян тұқымды иттен ИПВ
алғаш рет дербестендірілді, алайда оның антиденесі 1956 ж. жасалған
коммерциялық препарат гипериммунды қансарысуынан табылған. Осындай
жағдайлар аталған аурудың қоздырушысының ветеринар мамандарға бұрыннан
таныс екендігі белгілі болғандығын дәлелдейді [1-3].
Жапонияда, АҚШ-та және Швейцарияда иттерді жаппай серологиялық
тексеруден өткізгенде ИПВ тіптен кең таралғаны анықталды. Бұл аталған
аймақтарда ИПВ серопозитивтітілік деңгейі 50ден 70% дейін ауытқып тұрады,
демек, иттердің басым көпшілігі өмірінде бір рет осы вируспен кездеседі
(сурет 1) [1-3].

Сурет 1. Иттердің парвовирусты энтеритпен ауруға шалдығу динамикасы

Қоздырушысы – Canine parvovirus первовирустар тұқымдастығының
туыстастығына жатады. Мысықтың панлейкемиясының және күзеннің энтеритінің
қоздырушыларына жақын. Жоғарғы температурада, ортаның қышқылдығына,
дезинфектанттарға сыртқы ортаның әсерлеріне төзімді. 60°С-қа қыздырғанда 1
сағаттқа шыдайды [5].
ИПВ2 қоздырушысы сыртқы ортаға өте төзімді, бөлме температурасында 6
ай бойы сақталуы мүмкін. Парвовирус хлороформға, эфирге, өтке, спиртке
төзімді. Инфекциялық белсенділігі 60 С кезінде төмендемейді. Вирус қышқыл
ортаға төзімді (рН 3 ортада сақталады). Қоршаған ортада ұзақ сақталады:
фекалияда, мұздатылған паренхиматозды органдарда жыл бойы сақталады.
Қайнату кезінде вирус бірден жойылады. Формалиннің 0,5%-ерітіндісінде
тәулік ішінде, күйдіргіш нарий мен калий ерітіндісінде тез тіршілігін жояды
[1, 3].
Ауруға ит тұқымдас етқоректілер шалдығады Бұл жұқпалы ауруға иттердің
мәдени және декоротивті тұқымдары анағұрлым бейім. Аурудан дені сау итке
ауру жанасу арқылы беріледі. Иттен басқа қасқыр, қарсақ, сусар ауруы
мүмкін. Ит кез келген жасында ауырады,әйтседе 6 айға дейінгі күшіктерде жиі
байқалады. Деректерге қарағанда күзен, қызыл түлкі жанат ауырмайды. [1, 3,
6-8].
Ауру ит ауру көзі болуы мүмкін. Иттер, кемірушілер, жәндіктер, сондай-
ақ адам вирустасымалдаушылар болып табылады. Сондай ақ вирус бағып күту
заттары және төсеніш арқылы берілуі мүмкін. Ауру қоздырушысының бастауы -
ауырған және вирус алып жүретін жануарлар. Негізінен вирус сыртқы ортаға
нәжіспен бөлініп шығады, басты жұғу жолы – алиментарлық [14-20].
Ауыз арқылы енген вирус жұтқыншақ, шажырқай сөл түйіндерінде іркіліп,
көбейеді. Нәтижесінде өліеттенген ошақтар пайда болады. 2-3 тәуліктен кейін
виремия басталып әртүрлі ағзаларға лимфоидты ұлпалар, ішек эпителийі
зақымданады. 6-10 күн аралығында ішек күшті зақымданады. Диареяның әсерінен
организым сусызданып, интоксикация басталады [1, 3, 6-8, 14-20].
Жасырын кезеңі әдетте 2-6 күн. Ауру үш түрде: ішектегі, жүректі
зақымданған және аралас түрінде байқалып, жіті және аса жіті өтеді [14-20].
Парвовирустық энтерит аса жіті өткенде 6-10 апталық күшіктер әлсіреп,
құлап, бірнеше сағаттың ішінде өліп кетеді. Әдетте диарея байқала қоймайды
[1, 3, 6-8, 14-20].
Жіті өтетін ішектегі түрі энтериттің симптомдарымен сипатталады.
Бастапқыда бей-жай күйге түсіп, біраздан кейін құса бастайды. 6-24 сағат
өткеннен кейін диарея байқалады. Нәжісі бастапқыда сұрғылт түсті, кейіннен
көкшіл-жасыл тартады, қан ұйындысы кездеседі, өте сұйылып, иісі өте
жағымсыз болады. Дененің ыстығы 39°С-қа, кейде 40-41°С-қа дейін көтеріледі.
Құсу мен іші өтудің нәтижесінде организім сусызданып, күйі күрт төмендеп,
әлсірейді [1, 3, 6-8, 14-20].
Аурудың жүректегі түрі 1-2 айлық, сирегірек 7 айға дейінгі күшіктерде
байқалады. Жүректің мүкістігі байқалып, тамыр соғысы жиілеп, әлсірейді,
өкпе домбығады. Жүйке қызметі бұзылып, ит кенеттен өліп кетеді [1, 3, 6-8,
14-20].
Парвовирустық энтериттің ішектегі түрі кезінде өлім көрсеткіші
күшіктерде 50% -ке жетеді, ересек иттерде 5-10%, жүректегі түрінде 70-80%
болады [1, 3, 6-8, 14-20].
Індеттанулық, клиникалық, патологоанатомиялық деректерді талдауға және
зертханалық зерттеулердің нәтижесіне негізделеді. Гистологиялық зерттеу
арқылы ауруға тән ішектің эпителийінің түріндегі атрофиялық өзгерістерді
айқындайды. Иттің нәжісінде вирусты анықтау үшін гемагглютинация реакциясы,
ал вирустың түрін анықтау үшін гемагглютинацияны тежеу реакциясы
қолданылады, немесе вирусты бала мысықтың бүйрек торшасының өсіндісінде
бөліп алады [1, 3, 6-8, 14-20].
Парвовирустық энтеритті алиментарлық энтериттерден, ішек
инвазияларынан, обадан, вирустық гепатиттен ажырату қажет. Ауырып жазылған
итте 3 жылдан ұзақ уақытқа берік иммунитет қалыптасады. Өлтірілген
вакциналар 6 айға, тірі вакциналар бір жылға иммунитет қамтамасыз етеді.
Иттерді дауалау үшін иттің правовирусына қарсы немесе мысықтың
панлейкамиясына қарсы тірі немесе өлтірілген өсіндік вакциналармен егуге
болады [1, 3, 6-8, 14-20].
Ауырған итті оқшаулап, симптоматикалық ем қолданады. Құсуға қарсы
атропин және алоперидол қолданылады. Қосалқы микрофлораны тежеу үшін
антибиотиктер мен сульфаниламидтер пайдаланылады. Ішектің қанталауының
зардабын азайту үшін пектин береді. Дененің сусыздануына қарсы изотоникалық
ертінділер қолданылады. Емнің нәтижелі болуы үшін диетаны жақсарту-басты
шарт болып табылады [1, 3, 6-8, 14-20].
Ауру ит тұрған жерді, құрал-сайманды 0,2-0,3% формальдегитпен,
кальциленген соданың 1:20 ертіндісімен дезинфекциялайды. Иттің
парвовирустық энтеритінің енуіне себепші маңызды факторларына: нашар күтім,
бағу және азықтандыру, стресс жағдайлар – қожайынның алмасуы, операция,
инвазиялық құрттар, асқорыту ішек жолдарының бұзылуы жатады. Парвовирустық
энтерит кезінде инкубациялық кезеңі әдетте 4 тен 10 күнге дейін, ал 1-2
айлық күшіктерде - 1-3 күнді құрайды [1-20].
Негізінде, аурудың резервуары қаңғыбас және егілмеген иттер болып
табылады.
Клиникалық белгілерінің байқалу дәрежесіне байланысты аурудың үш
негізгі формасы бар; жүректік, ішекті және аралас түрі [1-3].
Парвовирусты энтеритке алдын ала балау қою эпизоотологиялық талдау,
клиникалық және патанатомиялық зерттеулер негізінде қойылса, нақты балау
қою аурудың қоздырушысын, не оның ДНҚсын, не антигенін табуға бағытталған
диагностиканың зертханалық әдістері нәтижелерінің негізінде қойылады [13-
20].
Аурудың ішектегі түрі кезінде негізінен аш ішек зақымданып, кілегейлі
қабығы қанталап қабынады. Көк бауыр ұлғайып ақтандақтар кездеседі. Шажырқай
сөл түйіндері домбығып, ұлғаяды. Ішектің эпителийінің крипталарында
некрозды құбылыстар байқалады. Мұндай өзгерістер Пейер түйіндерінің, сөл
түйіндерінің, тимустың лимфоидты ұлпаларында да болады. Аурудың жүректегі
түрі кезінде ағзаның клапандары кеңіп, өкпе домбығып, жіті гепатиттің
белгілері байқалады
Парвовирусты энтеритті коронавирусты энтериттен, геморрагиялық
гастроэнтериттен, обалық энтериттен (обадан айырмашылығы дене қызуы 40-41С
дейін көтеріледі, кілегейлі-іріңді конъюнктивит болмайды, аурудың жүйкелік
және өкпелік формасы болмайды), гепатиттен (инфекциялық гепатит кезінде
бауыр қатты зақымдалады), ішек құрттарынан, лептоспироздан, (барлық көзге
көрінетін кілегейлі қабықтарда сарғаюдың және жіті бүйрек жетіспеушілігі
болмайды), лямблиоздан, сальмонеллездан, кампилобактериалды энтериттен,
колит, ішектердің бөгде заттармен бітелуінен, бұрыс азықтандырудан, азықтан
уланудан, (алиментарлы гастроэнтериттен ажырату үшін антибиотиктер мен
басқа химиотерапевттік заттарды бергенде аурудың өтуіне әсер етпейді),
панкреатиттен, бүйрек және бауыр жетіспеушілігінен, иммунды аурулардан
ажырату қажет [1-20].
Иттің, яғни ет қоректілердің гепатиті (Hepatitis infectiosa
carnivorum) – қызбамен, тыныс және ас қорыту жлдарының қабынуымен, бауыр
мен орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен сипатталатын, жіті өтетін
жұғымтал ауру[1-3, 5].
Канадада 1928 жылы Грин алғаш рет түлкінің энцефалитінің вирусын бөліп
алған. Рубарт 1947 жылы Швецияда иттің жұқпалы гепатитінің вирусын анықтап,
зерттеген соң Рубарт ауруы деген атау қалыптасады. Кейін бірнеше ғалымдар
бұл екі қоздырушының бір вирусқа жататынын дәлелдеген [1-3, 21]
Қоздырушысы – Mastadenovirus canine аденовирустар тұқымдастығының
мастаденовирустар туыстастығына жатады, құрамында ДНҚ бар. Майды
еріткіштерге (спирт, эфир, хлороформ) төзімді, физиологиялық ерітіндіде
тұрақты. Ыстыққа төзімсіз, 56 С- та 5 минутта өледі.Белгілі дезинфектанттар
жақсы әсер етеді [1-3, 22, 23].
Әдетте ит, мысық көп ауырады.Көбінесе 1-1,5 айлық күшіктерде жиі
байқалады.3 жастан асқан иттерде сирек кездеседі.Инфекция қоздырушының
бастауы- ауру және вирус алып жүруші жануарлар.Вирус сілекеймен, жаспен,
мұрынның сорасымен, несеппен, нәжіспен бөлінеді, негізінен алиментарлық
жолмен жұғады, трансмиссивтік жолмен берілуі мүмкін [24]
Ауру спородия түрінде немесе індеттік тұтану ретінде байқалады.жаңа
індет ошағында 75%-ға дейін қамтып, өлім көрсеткіші жоғары,35%-ға дейін
болады. Кейіннен инфекция созылмалы түрге ауысады [25]
Вирус денеге өткенде алғашында сөл түйіндерінде көбейіп, кейіннен
қанға өтеді. 2-3 тәуліктен соң ядро ішіндегі денешіктер түрінде барлық
мүшелердің, әсіресе, бауыр мен көк бауыр капиллярлары мен венулаларының
эндотелийінде кездеседі. Бұның нәтижесінде бауыр дистрофияға ұшырап,
организм инотоксикацияға шалдығады, кейіннен дистрофия құбылысы бүйрек пен
миокардта пайда болып, кілегейлі және сірлі қабықтары қан талайды. Ми мен
жұлын жүйке орталықтары зақымданып дененің қимыл әрекеті бұзылады.
Клиникалық белгілері айқын білінгенде вирус барлық секреттер мен
экскретттерде, кейіннен тек кана бүйрек пен несепте болады [26].
Жасырын кезең 5-7 күн.Симптомдары әртүрлі. Аурудың алғашқы белгілері:
температура сызығы қос өркештеніп келген қызба, аппетиттің нашарлауы,
шөлдің күшеюі және құсу, коньюктивит, ринит, алқым тері асты шелінің
ісінуі. Жұқпалы гепатиттің бірден бір тұрақты белгісі- сүріншек шеміршектің
тұсын басқанда ауырсынуы. Қанның ұюы күшейіп, несепте қанттың мөлшері
төмендейді. Ауру көбіне жас күшіктерде жіті, ал ересектерінде негізінен
созылмалы өтеді. Кей жағдайда аса жіті өтіп, қалшылдап барып, өліп кетеді[1-
3, 21-26]
Бауыр аздап ұлғайып, түсі бозғылттанып, қоңырдан қызғылт реңге дейін
болады. Көк бауыр қанға кернеліп , ұлғаяды. Өт қабығының сырты, ал жас
күшіктердің айырша безінің аралық ұлпасында серозды немесе геморрогиялы
ісік пайда болады. Көкірек безінің аралық ұлпасында қан арала сұйықтық
болады. Ішек пен бауыр фибриннің шөгіндісі, ас қорыту жолдарының кілегейлі
қабықтарында қанталаулар болады. Гистологиялық зерттеулер кезінде бауыр мен
басқа ағзалардың торшаларында 0.5-0.75мкм ядро ішіндегі денешіктер
табылады. Рубарт денешіктері деп аталатын бұл құрылымдар ядроның ортасында
орналасқан, көкшіл қызғылт түске боялған [1-3, 21-29].
Гистологиялық зерттеу арқылы рубарт денешіктерінде тексереді.
Серологиялық әдістерден диффузды преципитатция, комплемент байланыстырушы,
ИФР, БР, сонымен қатар, торша өсіндісінде вирусты бөліп алып айқындайды.
Жұқпалы гепатитті обадан, құтырықтан, сальмонеллезден т.б аурудан ажырата
білу керек [1-3, 21-29].
Ет қоректілер обасы (Pestis carnivarum, чума плотоядных) - кілегейлі
қабықтардың жіті катарлы қабынуымен, ми мен жұлынның зақымдануымен, теріде
бөртпелердің пайда болуымен сипатталатын аса жұғымтал ауру [1-6].
Оба адамзатқа итті қолға үйреткеннен бері белгілі. Аристотельдің
еңбектерінде ол ангина ретінде сипатталған. Иттің обасының қоздырушысының
вирус екендігін 1905ж Карре дәлелдеді [1].
Қоздырушысы – Canine distemper morbilivirus парамиксовирустар
тұқымдастығының морбиливирустар туыстастығына жататын, құрамында РНҚ бар
вирус қоздырады. Тыныс не азық қорыту мүшелерінің кілегейлі қабықтары
арқылы организмнің ішкі ортасына енген вирус көп ұзамай инфекция қақпасынан
өңірлік лимфалық түйінге жетіп, өсіп-өнеді де, одан әрі макрофагтармен
бірге бүкіл денені жайлайды. Иммундық жүйе мүшелері, бауыр, бүйрек, ми мен
жұлын торшалары, эндотелиоциттер зақымданады да, организмнің қорғаныс
қабілеті төмендейді. Нәтижесінде қосалқы микроорганизмдер (пастереллалар,
ішек таяқшасы, сальмонеллалар, токсоплазма) ауруды асқындыруы мүмкін [2]
Ауруға шалдыққан жануарлардың 30 - 60% өледі. Жасырын кезең - 28 күн.
Вирустың сыртқы ортадағы төзімділігі онша емес. Танаудан аққан сора
және нәжісте 7-11 күнде белсенділігін жояды. Соған қарамастан кептірілген
немесе мұздатылған вирус бірнеше ай, лиофилденген күйінде кемінде бір жыл
сақталады. 60 гр-та 30 минутта, 100 градуста бірден жойылады [1-6, ].
Ет қоректілердің обасымен жыртқыштар туыстастығының көптеген өкілдері:
ит, қасқыр, түлкі, жанат, қарсақ, күзен, сусар, ақ тышқан, кәмшат, борсық
ауырады.
Обамен жыртқыш аңдар мен иттер жасына, тұқымына қарамай ауырады, әйтсе
де жас кезінде сезімталдығы жоғары болады. Әсіресе иттің күшігі 12 айға
дейін, терісі бағалы аңдар 5 айға толғанша жиі ауырады. Ересек иттер мен
аңдар сирек шалдығады [4, 17, 18].
Ауру қоздырушысының бастауы – ауырған және ауырып жазылған жануарлар.
Соңғылары 3- 6 ай бойы вирус алып жүреді. Қоздырушы көзден, мұрыннан аққан
сорамен, тыныс шығарғанда ауамен, нәжіспен, несеппен бөлінеді.
Респираторлық және алиментарлық жолмен жұғады. Ауамен ауырған жануардан 12
м дейін қашықтықта беріледі. Ластанған құрал-сайман, жұмыс киімі,жануарлар
азығы жұғу факторлары қызметін атқарады. Сонымен қатар, жәндіктер, құстар,
кемірушілерд е ауру таратуға қатысады, олар механикалық тасымалдаушы болып
қана қоймай, жасырын вирус алып жүруіде мүмкін [1-4, 15].
Жабайы аңдар оба вирусының табиғаттағы қорламасы болады. Аң фермалары
мен ит питомниктерінде ауру сырттан еңгізілген жануарлармен, иесіз
иттермен, зарарланған заттар арқылы әкелінеді. Оба жылдың қай мезгілінде
болсын байқалып, індет немесе спорадия түрінде өтеді.
Денеге енген вирус тез арада қанға өтіп, мононуклеарлы лейкоциттер
арқылы лимфоидты ағзаларға жетеді. Алғашқы 5-6 күн ішінде лимфоидты жүйеде
көбейген вирус кейіннен макрофактар арқылы бүкіл денеге жайылады. Вирустың
әсерінен ең алдымен иммунитет жүйесі зақымданады да, организмнің қорғаныс
қабілеті тежеледі. Көп ұзамай аурудың клиникалық белгілері өрбиді. Вирустық
инфекцияға қосалқы бактериялық инфекциялар қабаттасып, ауру асқынады [1-4,
19].
Жасырын кезеңі итте 2-3 апта, терісі бағалы аңдарда 10 күннен 30 күнге
дейін, кейде 3 айға созылады. Ауру жіті, жітіден төмен, созылмалы және
үзікті өтеді.
Жіті өткенде әдетте дене қызуы 41-42 градусқа жетіп, тәбеті болмай,
есеңгіреп, мүлгіп, 2-3 күн өткенде өледі. Аурудың жіті өтуі сирек байқалады
(сурет 5) [4]. .
Оба жітіден төмен өткенде өкпедегі, ішектегі, жүйкелік, терідегі,
аралас түрде байқалады. Алғашында дененің қызуы көтеріліп, бір апта
сақталады. Дененің қызуымен бірге жануар күйзеліп, дел-сал болып, дірілдеп,
жасқаншақтанып, тәбеті жоғалады. Ит жөтеліп, түшкіріп, пысқырып, аяғы мен
тұмсығын үйкейді [1-4, 14-20].
Аурудың терідегі түрі кезінде санының ішкі жағында, құлағының ішінде,
қарын тұсында, аузының айналасында иттің терісі қолдырап, бөртеді. Кейіннен
қолдырауықтар жарылып, бөлінділері кепкен кезде қабыршақтар пайда болады
[32].
Жүйкелік түрі кезінде иттің күйзелісі қозынумен алмасып, денесі
құрыстанып, бұлшық еттері дірілдейді. Жүргенде денесін дұрыс меңгере
алмайды. Сирақтары, бет жүйкесі, қуығы мен артқы тесігінің сфинктерлері
салданады [33].
Оба созылмалы өткенде көбінесе жүйкелік түрінде байқалады. Ауырған
иттің бұлшық еттері құрыстанып, салдану байқалады, көру, есту, иіс сезу
қабілетінен айырылады. Көздің қасаң қабығында бұдыршақтар пайда болып,
қарашығы жабылып, көз алмасы солады [34]
Анатомиялық өзгерістер аурудың клиникалық-анатомиялық пошымына, өту
ұзақтығына және екінші кезекті туындап, инфекциялық процесті асқындыратын
ауруға байланысты түрленеді.
Ауру аса жіті өткенде тыныс жолдары мен ішек-қарынның кілегейлі
қабықтары серозды қабынып, қызарады, ісінеді, шамалы қанталауларға
ұшырайды, дененің табиғи тұйық қуыстарында транссудат болады. Бірен-саран
қанталаулар жүрек етінде де болуы мүмкін. Ауру (14 - 28 күн) ұзағырақ өткен
болса, кілегейлі қабықтардың катарлы қабынуы (конъюнктивит, ринит, бронхит,
гастрит, энтерит) зілді болады, процесс десквамациялық, іріңді-катарлы
сипат алады да, ісінген қабықтар бетін созылмалы жабысқақ сұрғылт түсті
экссудат бүркейді. Көздің мүйізгек қабығы қабынуға ұшырауы, қарын мен аш
ішек кілегейлі қабықтарында ойдымдар мен ойылымдар болуы, лимфоидтық
фолликулдар қанталауы мүмкін. Кейде аш ішек қанталап қабынады [1-4, 34].
Өкпе көбінесе қабынады. Ілкіде серозды пневмония, кейінірек катарлы-
іріңді пневмония сипатында болатын процесс мүше бөліктерінің қай-қайсысында
зақымдайды. Кейде қабыну ошақтары мүшеде шашыранды жатады. Қабынған мүше
бөлегінің бет пердесі көбінесе фибрин үлдіріктерімен бүркеледі.
Бауыр мен бүйректе паренхималық дистрофияға, қанның молаюына
байланысты өзгерістер байқалады. Талақ әдеттегідей болады. Көкірек және
құрсақ қуыстары лимфалық түйіндері ісінеді, сұрғылт-қызыл түсті, тіліп
көргенде мол ылғалды болады. Терінің түгі аз жерлерінде (шап, құрсақ
аумағы, күпек) түйіншек, күлдіреуік не қабыршақ бөртпелер болуы мүмкін.
Етқоректілердің обасына диагноз індеттанулық деректердің,
патологоанатомиялық өзгерістердің, зертханалық зерттеулердің нәтижелері
негізінде қойылады.
Аурудың клиникалық белгілерінің диагноз қою үшін маңыздылары: тыныс
мүшелерінің зақымдануы, диярея, көз бен танаудың кілегейлі қабықтарының
катары, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы, аурудың ұзаққа созылуы. Осы
белгілердің екеуі болғанда обаға күдіктеніп, үшеуі болғанда диягноз қою
мүмкін деп есептеледі [1-4, 33-39].
Түпкілікті диагноз қою үшін иттің, түлкікінің, қарсақтың, күшіктеріне
биосынама қояды.Жұқтыру үшін денесінің ыстығы алғаш көтерілген кезде
ауырған жануардың қаны немесе өлекседен алынған ішкі ағзалардың езіндісі
пайдаланылады.
Ит обасын инфекциялық гепатиттен, құтырықтан, Ауески ауруынан,
сальмонеллезден, пастереллезден, В-авитаминоздан ажырату қажет.
Арнаулы қан сарысуы шығарылмайды. Аурудың бастапқы кезеңінде қызылшаға
қарсы қан сарысуының глобулинін пайдалануға болады.Қосалқы микробтарды
тежеу үшін антибиотиктер мен сульфаниламидтер жақсы нәтиже береді. Мұнымен
қабат диетаны жақсарту керек. Ауру жануардың жағдайына байланысты
симптоматикалық дәрілер беріледі. Витамин препараттары, кокарбаксилаза,
ультракүлгінсәулесі, т.б. қуаттандыратын емдік процедуралар өте пайдалы.
Ауырып жазылған итте берік иммунитет қалыптасады. Иммунді қаншықтың
күшіктері 2-3 айға дейін обамен ауырмайды. Өлі вакциналар қолданыс тапқан
жоқ. Аттеннуацияланған штаммдардан вакцина даярлау үшін қолданылатындары:
668-КФ, ЭПМ, Вакчум, Канивак. Буаз қаншықтарды егу нәтиже береді [1-4, 33-
39].
Құтырық (Rabies, бешенство) –орталық жүйке жүйесін зақымдап, шашырынды
полиэнцефаломиелит арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін жұқпалы ауру [1-10].
Ол аурумен үй және жабайы жануарлар, сонымен бірге адам да ауырады.
Ит, қасқыр, түлкі, жарқанат, кемірушілер және үй мысығы аса бейім [2, 21]
Құтырық табиғи ошақты жұқпалы аурулардың қатарына жатады.
Құтырқ індетінің табиғи және қалалық түрлері болады. Инфекция
қоздырушысының бастауы қалалық індет кезінде иесіз иттер мен мысықтар, ал
табиғи індет кезінде жабайы ет қоректі жануарлар [18].
Қазақстанның жағдайында құтырықтың ең басты таратушысы- түлкі, ал үй
жануарларының ішінде бұл ауруға ең жиі шалдығатыны - ірі қара малы.
Құтырық түлкі, қасқыр және иттерге тістеген кезінде жұғады.
Булашев Б.Қ зерттеулерінде [52] құтырық үй малдарының арасында Ақмола
облысының территориясында айтарлықтай мерзім аралығында тіркелетін аса
қауіпті індет. Кеңес дәуірі кезінде құтырықтың энзоотиялық ошақтары ретінде
Қорғалжын, Аршалы, Целиноград, Балқашын, Жақсы және бір қатар аудандарда
жиі түрде ит, түлкі, ірі қара мал арасында жиі тіркелген. Аурудың тіркелуі
табиғи-ошақтық фактордың ықпалынан кездеседі. Негізгі себептің бірі Ақмола
облысы территориясының 17 аудан ауқымындағы жабайы аңдардың арасында
құтырық қоздырушысының үнемі сақталуы мен оларды вакциндеу жұмыстарының
жүргізілмеуінен болуда.
Соңғы 2003-2009 жылдар аралығында 3 ауру оқиғалары екі ауданда (Ақкөл,
Щучье) тіркелді. Соның ішінде 2007 жылы Ақкөл ауданында жылқы мен ірі
қараның арасында наурыз-сәуір айларында байқалса, осы жылдың маусым айында
Щучье ауданының аумағында тіркелген. Жалпы алғанда 2001-2008 жылдар
арасында 24 ауру оқиғалары тіркелген. Соның ішінде 8 жағдайда ірі қара, 11
оқиғасында иттер, 4 жағдайында мысықтар және 1 оқиғасы жылқы арасында
байқалған. Ақмола облысында құтырықтың маусымдылығы көктем-жаз айларында
байқалатындығы мәлім болды. Өлім коэффициенті (Өк) құтырықта 100 % жетті.
Осыған орай, 2010 жылы 3200 бас ірі қараны, 800 қой, 500 жылқы, 30 мың ит
пен 6000 мысық көктемнің наурызында және қазан айында егу жоспарланса,
жабайы аңдардың 32 790 басы қамтылу көзделген. Соның ішінде ірі қара малдан
– Аршалы, Астархан, Зеренді, Жарқайың, Целиноград, Щучье, Шортанды
аудандарында, ұсақ мүйізділер – Ақкөл, Целиноград, Щучье, Шортанды,
Жарқайың, жылқы бойынша - Жарқайың Ақкөл, Целиноград, Щучье, Шортанды,
Атбасар, ал ит-мысықтар мен жабайы аңдар барлық аудандарда вакцинделуге
жатқызылған.
Үлкен қиындықтар тудыратын мәселелердің бірі – жабайы етқоректі
жыртқыштарды құтырыққа қарсы вакциндеу жұмысы елімізде, соның ішінде облыс
көлемінде жолға қойылмаған. Оның негізгі себептері ретінде: жабайы аңдар
санының есептелмеуін, жабайы аңдардың этологиясының толыққанды
зерттелмеуін, оралді жолмен қолданылған вакцинаның аңдар организміндегі
тудыратын иммунитетінің пайда болуы мен сақталу ұзақтығын зерделенбеуін
келтіруге болады. Жалпы ауруды алдын алу мақсатында 2010 жылы не бары 88
патологиялық материалды вирусологиялық зерттеу жұмыстары жоспарланған.
Сондықтан, құтырықты мониторингілеу алдымыздағы 2010 жылға арналған
болжамның негізі болып табылады.
Құтырық ауру бойынша 2010 жылға болжам сәтсіз деп саналады. Бұған
негізгі себеп құтырық бойынша табиғатта аурудың ошақтарының сақталуы. Соңғы
жылдардағы бақылау мен зерттеу жұмыстарының негізінде құтырық ауруының үй
малдарының арасындағы оқиғаларын Ақмола облысының Ақкөл, Щучье, Ерейментау
және Аршалы аудандарында тіркелуі ықтимал. Сонымен бірге, 2010 жылдың күзі
аталмыш ауру бойынша орташа қарқында өтеді.
Құтырықтың клиникалық белгілері әртүрлі ауруларда ұқсас болады, мысалы
иттерде құтырық өршіген және бәсең түрде өтеді [38].
Өршіген құтырудың 3 кезеңі болады: біліне бастаған, көтерілген және
дел-сал. Біліне бастаған кезеңде ит көңілсіз, қараңғы бұрышқа немесе
үйшікке тығылады, иесінің шақыруына ықылас білдірмейді. Кей жағдайда иесіне
тым еркелеп, қолын, бетін жалауға тырысады. Бұл кезде иттің сілекейінде
вирус болатындықтан, өте сақ болған жөн. Біртіндеп ит мазасызданып, тез
шошынып, ызақорланады, орынсыз жүгіре береді [39].
Есінің ауысқан белгілері біліне бастайды: бұрыннан үйреншікті
нәрселерге ызалана үріп, аузымен ауаны қабады, тәбеті бұзылып үйреншікті
тамақты жемей, ағаш, шүберек сияқты заттарды жей береді. Біліне бастаған
кезеңнің соңында жұтқыншақ еттерінің салдануы нәтижесінде ит жұтына алмай,
бір нәрсеге қақалғандай әсер туғызады [1-10, 19, 37]
Сілекейі ағып, үргенде дауысы қырылдап, ұли береді. Иттің кенеттен
өшпенділігі артып, орынсыз басқа жануарларға, адамға, тіпті иесіне ұмтылуы
мүмкін. Бұл белгілер аурудың ушыққанын көрсетеді, бұл кезең 3-4 күнге
созылады [19].
Құтырған ит бір күн ішінде ондаған шақырым қашықтыққа жүгіріп,
кездескен мал мен адамға шабады. Ұмтылған кезде үрмей, үндемей қабады. Егер
ит торға қамалса, онда темір шыбықтарды тісінің сынғанына қарамастан
тістеп, әлсіреп құлағанша бұлқына береді. Кез келген сыртқы әсер елірменің
қайтадан ұстауына әкеп соғады, бұдан кейін әлі бітіп құлайды. Біртіндеп
бұлшық еттері жансызданып, аурудың үшінші, дел-сал кезеңі басталады.
Дел-сал кезең 1-4 күнге созылады. Бұлшық еттерінің салдануы
нәтижесінде дыбысы мүлдем өшіп, жағы салақтап, көзі шапыраштанады. Артқы
аяғы басуға келмей, сүйретіліп, кейіннен тұла бойы еттері мен алдыңғы
аяқтары да салданып, ит мүлдем қимылсыз қалады. Аурудың жалпы ұзақтығы 8-11
күнге созылады, кейде жануар 3-4 күнде өліп кетеді [37].
Құтырықтың алдын алудың ең негізгі және тиімді әдістерінің бірі
вакцинаны пайдалану арқылы жүргізілген дер кезіндегі және тиімді иммунды
профилактика болып табылады [46]. Л. Пастер ұсынған алғашқы антирабикалық
вакцинаға 100 жылдан аса уақыт өтті. Осы уақыттан бері құтырыққа қарсы
әртүрлі препараттар ұсынылып, сынақтан өтіп және ветеринариялық практикаға
енгізілді [1-15].
Дайындалу принциптері мен организмдегі әсер ету механизміне қарай
барлық құтырықтың вакциналарын шартты түрде 4 топқа бөлуге болады;
бүтінвирионды, суббірлікті, рекомбинантты және ДНҚ-вакциналар [43].
Біздің еліміздің территориясында иттер мен мысықтарды егуге шетелден
әкелінген бірнеше антирабикалық вакциналар: Дефенсор-3 (Пфайзер, АҚШ);
Nobivac Rabies (Intervet, Голландия); Rabisin (Merial, Франция)
қолданылады. Аталған препараттар құтырық вирусының пастер штамдарынан
дайындалып, бета-пропилактонмен инактивтеліп, екі мәрте егілгенде
иммунитеттің түзілуі 3-5 жылға қамтамасыз етті [44].
Құтырыққа қарсы моновакциналардан басқа әртүрлі жұқпалы аурулардың
қоздырушыларынан тұратын құрамдас мультивалентті препараттар
иммундыпрофилактикалау стратегиясының кеңеюіне жол ашып, және егу ісінің
күнтізбелік мерзімін қысқартуға мүмкіндік берді. Осындай вакцинаның
құрамында обаның, гепатиттің лептоспироз және парвовирус қоздырушыларының
антигендері бар [48].
1999 жылдан бері Ресейде бірнеше аурулардың қоздырушыларынан тұратын
етқоректілер обасына, парвовирусты энтеритке, гепатитке, аденовирозға,
лептоспирозға және құтырыққа қарсы биорабик вакцинасы қолданылады [39 -
50].
Стрептококкоз (Streptococcosis) - жіті өткенде өлітію белгілерімен
және буындардың қабынуымен, созылмалы өткенде – өкпе мен ішектің қабынуымен
ерекшеленетін төлдің жұқпалы ауруы [1].
Алғаш рет Палаут (1877) ауруды сипаттап, қозының өлексесінен ланцет
тәрізді диплококты бөліп алды. 1932 ж. С.Н. Вышелесский Алматы облысында
бұл ауруға диагноз қойды. Бастапқыда бұл ауруды диплококоз немесе
диполкоктық септицемия деп те атады. Қоздырушы микрботың систематикалық
орнына байланысты стрептококкоз атауы қалыптасты, сонымен қатар
энтерококтық септицемия деген атау да қолданылып жүр[1-8].
Қоздырушысы. Стрептококтар Р. Ленсфильд (1933) ұсынған жүйе бойынша 17
серологиялық топқа (А,В,С,Д,. т.т.) бөлінеді. Жануарларда негізінен С және
Д, сирегірек В және Е тобындағы микробтар төлдің стрептококкозын қоздырады.

С тобындағы стрептококктар (Streptococcus equisimilis) жылқы сақау
(Str. equi), сиырда желінсау (Str. dysgalactiae), әртүрлі ірің процестерін
тудырады және жас төлдің септицемиясының себепкері болады (Str.
zooepidemicus) [8, 57].
Д тобындағы стрептококтар ішекте тіршілік ететін болғандықтан
энтерококтар деп аталды, оның өкілдері: Str. faecalis, Str. equines, Str.
avium нәжісте жиі кездеседі. Str. pneumonia(синонимы Diplococcus
lancelaotus) қозының септицемиясы мен артритін, қойдың пневмониясын
қоздырады. Ал Str. suis (1-ші және 2-ші типтері) торайдың артрин,
менингитін қоздырады [1-8, 58].
Е тобындағы Str. uberis кілегейлі қабықтарда кездесіп, әр түрлі дерт
процестеріне қатысса, В тобындағы Str. agalactiae желінсаудың сиырдағы
негізгі қоздырушысы болып табылады [1-8, 58, 59].
Стрептококтар барлық анилин бояуларымен жақсы боялады, гармоң
қозғалмайды, қауашақ түзеді, спорасы болмайды. Жаңадан алынған потологиялық
материялдан даярланған жағындыда көбінесе қосарланып, кейде тізіліп, немесе
жекелей орналасады. Қосарланып орналасқанда түйіскен ұштары жалпақ, шеткері
жағы үшкіл болып, ланцет (қандауыр) немесе шырақтың жалыны іспетті келеді.
Қоректік ортада жақсы өседі. Қан қосылған агарда зардапты стрептококтар
әдетте көкшіл түсті гемолиз зонасын береді [57-60].
Сыртқы ортада (мал қорасында, топырақта, көңде) стрептококтар 3-4
күнде өледі. Әсіресе күн сәулесі және кептіру жойқын әсер етеді. 60°С-та 20
мин. ішінде өледі. 1% формалин, 2 % күйдіргіш натрий, 10% жаңадан
сөндірілген әк ертінділері 1-2 мин. уақытта өлтіреді [1-8, 58-61].
Стрептококкозға бұзау, құлын, қозы, лақ, торай шалдығады және құстар
да ауырады. Жас төл туған күнне бастап, 2-6 айлығына дейінгі аралықта бұл
ауыруға ұшырайды, әсіресе 15 күннен 2,5 айға дейінгі кезеңде аса сезімтал
болады. Аурудың жаппай етек алуы малдың төлдейтін маусымына сәйкес келеді
[1-8, 58-62].
Ауру қоздырушысының бастауы-ауруға шалдыққан немесе стрептококкозбен
ауырып жазылған төл, сонымен қатар диплококтық желінсаумен немесе
эндрометритпен ауыратын ұрғашы мал. Ауру қоздырушысы ауырған төлдің
танауынан аққан сорамен, несеппен және нәжіспен бөлініп шығады. Микроб
денеге алиментарлық жолмен, негізінен енесінің сүтімен және ауа арқылы
енеді. Сонымен қатар тумай тұрып жатырдағы кезінде және туған шағында
кіндік арқылы жұғуы мүмкін. Жұқтыру факторына сүт құйылатын ыдыс, ластанған
төсеніш, құрал- саймандар, мал күтетін адамның киімі жатады. Ауру оқтын-
оқтын спорадия түрінде немесе жыл бойы байқалып, энзоотия ретінде анда-
санда тұтаныс беріп тұрады. Стрептококкоз негізінен мал күтімі нашар
фермаларда, шаруашылықтағы қырсыздықтың салдарынан болады. Оның басты
себебі буаз мал мен жас төлді дұрыс бағып-күтпеу және жемшөптің сапасының
нашарлығы [1-8, 62].
Ас қорыту және тыныс жолдарына енген стрептококтар кілегейлі
қабықтардан тез өтіп, қанға түседі де, фагоцитозды тежеп, септицемия
тудырады. Стрептококтар бөліп шығаратын экзотоксиндер қан тамырларының
эндотелийін зақымдап, оның нәтижесінде эритроциттер ұлпаға өтіп, сірі және
кілегейлі қабықтары қанталайды. Сонымен қатар қоздырушыдан бөлінген өнімдер
дененің сезімталдығын арттырып, аллергиялық реакциялар тудырады. Бұның
нәтижесінде зат алмасуы бұзылып, үлпершек ағзалар мен жүрек етінде белокты-
майлы дистрофиялық құбылыстар байқалады [1-8, 62].
Жасырын кезеңі 1-2 күннен бір аптаға дейін. Аса жіті, жіті, жітіден
төмен жіне созылмалы өтеді. Процестің орын тебуіне байланысты аурудың
сепсистік-токсикоздық, өкпедегі, ішектегі, буындағы және аралас түрлері
болады. Қозыда аса жіті және жіті өтеді. Бұзауда, құлында және торайда
көбінесе жіті және жітіден төмен өтеді. Созылмалы өтуі негізінен ересек
төлде кездеседі [1-8, 58-62].
Аса жіті өткенде өлі тию байқалады. Жас төл дірілдеп, денесінің
ыстығы 42°С-қа жетеді. Тыныс алуы жиілеп, демігіп, кеудесі сырылдап,
танауынан көбік ағады. Нәжісі сұйылып, қан араласады. Бірнеше сағаттың
ішінде өкпесінің домбығуы асқынып, өліп кетеді [1-8, 58-62].
Жіті өткен кезде ыстығы 41-42°С-қа жетіп, тыныс алуымен тамырының
соғуы жиілейді. Коньюнктивасы қызарып, көзінен жас, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иттердегі парвовирустық энтериттің сипаттамасы
Патогеннің этиологиялық, биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері
Ауруды емдеу жолдары
Эхинококк құрттарының иттерде таралуы
Жануарлардың бруцеллезі
Ішектің қабынуы аурулары
Токсоплазмоздың патоморфологиясы
Токсоплазмоз животных
Эхинококкоз сойыс өнімдерін ВСС және санитариялық бағалау
Обаның вирусын эпизоотологиялық, профилактикалық, диагностикалық және емдеу жолдарын анықтау
Пәндер