Сабақтың кәсіби бағыттылығы


Мазмұны
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Жаңа экономикалық жағдай және тенденция қоғам дамуының ерекшелігіне байланысты білім беру жүйесін түбірімен өзгертуді талап етеді. Ол біздің еліміздегі прогресивті технологияның дамуы. Білім берудің сапасы қазіргі білім алып жатқан оқушыларға болашақта бүкіл дүние жүзіндегі білім алу дәрежесіне көтерілуіне мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасындағы оқу мен тәрбие жүйесін техникаландыру мен автоматтандыру тенденциясының болашақ қарқыны мен қадамдары іздеумен және ақпараттық жүйені оқу-тәрбие үрдісіне енгізумен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында қазіргі замандағы білім беру жүйесінің жаңа технологияларымен қамтамасыз етілуі міндеттелген [1] .
Жаңа технологиялық біліммен қарулану функциясы арқылы оқушылардың жеке мінезінің қалыптасуы, бойындағы еңбекке деген алуан түрлі қабілеті ерік-жігердің дамуына әкеледі. Және бұл кәсіби лицей орындарында жаң технологияның ең қарқынды дамып келе жатқан түрі- ақпараттық технология болып табылады. Ақпараттық технология арқылы мамандардың кәсіби маңызды қасиеттерін жетілдіру бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар кәсiби шеберлiгiн, жекек мінезін, мобильділігін қалыптастырумен байланыстыруға бағытталған. Басқаша айтқанда, ақпараттық технология арқылы болашақ мамандардың кәсіби маңызды қасиеттерін жетілдіру мәселесі өздiгiнен бiлiм алуына және өзiн-өзi дамуына жағдай жасау арқылы бiлiм сапасын көтерудiң негiзгi шарттарының бiрiне айналмақ.
Білім беруді ақпараттандыру - бұл ақпараттық технологияның құралдарын білім беру саласына қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық мақсаттарына бағыттап қамтамасыз ету процесі. Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді.
Қазір білім беру мекемелерінің алдында күрделі инновациялық міндеттер тұр. Білім беру жүйесін түбегейлі түрде ғылымға, теорияға, тәжірибеге негіздеп, ізгілік және педагогикалық қарым- қатынаста болатын, тұлғаның ішкі сұранысын қамтамасыз ететін, қоғамға қажет, бәсекеге қабілетті мамандарды жетілдіріп, бейінді білім беруге жағдай жасау. Егер де осы міндеттер толығымен орындалып, практика жүзінде іске асса нұр үстіне нұр болар еді.
Ұсынылып отырған дипломдық жұмыс арнайы пәндер бойынша сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу формасың қарастырады; оқу процессіңде оқушылардың техникалық ойлау қабілеттерін дамыту, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу;
оқу пәндері бойынша тақырыптық жоспарды жасау;
арнайы пәндер бойынша сабақ түрлерін өткізу.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: күнтізбелік-тақырыптық және күнделікті сабақ жоспарларын әзірлеу және оларды әдістемелік жабдықтау; ақпараттық технология пәні бойынша сабақ өткізу;
Зерттеу обьектісі: кәсіби мектептегі оқу процесі.
Зерттеу пәні: арнайы пәндер бойынша құрастырылған сабақ әдістемесің білім беретін кәсіби мектепте оқу процесінде қолдану.
Зерттеудің құрылымы: кіріспе, төрт тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі.
1 Ақпараттық технология арқылы техникалық ойлау қабілетін дамыту
1. 1 Қазіргі заманғы кәсіби білім беру ерекшеліктері және ақпараттық технологияларды қолданып олардың тиімділігін көтеру тәсілдері
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында білім берудің ұлттық моделін құруды қамтамасыз ету және оның әлемдік білім беру кеңістігіндегі интеграциясы білім беру жүйесінің алдына қойылған мақсат болатын.
Шындығында, әлемдік білім беру жүйесінде басты рөл кәсіби білім беруде, яғни жоғары кәсіби білім беруде болып отыр. Осыған байланысты жоғары оқу орындарында студенттерді оқыту жыл өткен сайын күрделене түсуде. Бұл факторлар оқыту мазмұнын дамытуда да, маман дайындаудың әдіснамасын жетілдіруде де маңызды сипатқа ие болып отыр. Бұндай жағдай ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізуде оқу құралдарын өзгертуге әсерін тигізеді.
Қазіргі жағдайда информатика және информатикамен байланысты бағыттар республиканың жоғары оқу орындарында маман дайындауда маңызды рөл атқарады. Әсіресе осы пәндерді оқыту барысында ақпараттық технология құралдары әрі объект, әрі оқу құралдары болып табылады. Компьютерлер мен бағдарламалық қамсыздандырулар оқу құралы ретінде қолданылған жағдайда осындай білім беру компьютерлік бағдарламаларын информатика бойынша электрондық ресурстарға айналдыратын нақты бір мазмұндық толықтырулар сәйкес келеді. Информатикада сапалы электрондық ресурстарды қолдану мен енгізудің қажеттілігі осындай ресурстарды қолдану әдіснамасы мен сапалық бағасы және оларды тиімді жасау тәсілдері жайлы мәселелерді тудырады [2] .
Жоғарыда айтылғандай, кәсіби білім беру Қазақстанда жүргізіліп отырған реформаны дамытудың маңызды стратегиялық бағыты болып отыр. Қоғамды оның әрбір мүшесінің өнегелі потенциалының, шығармашылық ой қабілетінің жоғары деңгейде дамуы қызықтырады. Әрине, әрбір адам баласы өзінің ой-қабілетінің дамуына, өзінің жеке тұлға ретінде ашылуы үшін жоғары деңгейлі білім алуына құқығы бар.
Республикада жоғары кәсіби білім беру жүйесінің реформалануына және дамуына көп көңіл бөлінуде. Бұл мәселелер «Білім туралы» заңда да, «Білім беруді дамыту тұжырымдамасында» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің дайындаған көптеген сәйкес құжаттарында көрініс тапқан. Орта және жоғары кәсіби білім беру ошақтарының дамуы тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуге байланысты, өйткені, соңғы он жыл ішінде Қазақстанда жаңа және бұрынғы тұрып қалған кәсіпорындар қуатты түрде жұмыс істеуде. Экономикалық қызметтің әртүрлі салаларының дамуы және маманданудың жаңа бағыттарына сәйкес мамандарға деген сұраныс республикамыздың әлеуметтік-экономикалық саласын жаңа жоғары кәсіби кадрлармен, сонымен бірге жоғары білімді мамандармен қосымша қамтамасыз етуді қажет етеді [2] .
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына» сәйкес, жоғары білім беруді дамытудың негізгі тенденциясы маман дайындаудың сапасын жоғарлату, ғылыми-зерттеу қызметтеріне негізделген инновациялық білім беруді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулері мен әлеуметтік орта және экономика салаларының қажеттіліктерінің байланысы, ақпараттық және білім беру технологияларын жетілдіру мәселелеріне негізделіп отыр.
Жоғары білім берудің мақсаты - сапалы жоғары білім алуда қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның ынтасын қанағаттандыру, әрбір адамға «оқу түрін, мағынасын және уақытын таңдауға барынша мүмкіндік жасау».
Көптеген заңдарда және соған сәйкес құжаттарда кәсіби білім беру маман қалыптастыру процесі ретінде қаралады. Мысалы, «Қазақстан Республикасының бастапқы және орта кәсіби білім беру мамандықтары классификаторында» келесідей анықтама беріледі: «кәсіби білім беру - біліктілік сипаттар мен талаптарға сәйкес кәсіби білім, ақыл-ой мен дағдылар алуға бағытталған мамандар құру, қалыптастыру және дамыту процесі».
Қойылған мақсаттарға халықтың барлығына бірдей жоғары білім алуға қол жеткізуін қамтамасыз ету және жоғары білікті кәсіби білім алуда адамдардың қызығушылығын көтеру, көп профилді және көп функционалды жоғары оқу орындары желісін дамыту, сонымен қатар кәсіби дайындығының сапасын бағалаудың тәуелсіз жүйесін құру, біліктілік беру мен бекіту арқылы жетуге болады.
Қазақстанда жоғары кәсіби білім беру жүйесі жеке тұлғаны, ұйым мен қоғамды тұтастай дамыту құралы ретінде көрінуі тиіс және мынадай талаптарға жауап беруі керек:
- тұлғаның өзін-өзі дамуына және өзін-өзі теңестіруіне қабілетті болуы;
- тұлғаның ойлау, шығармашылық, коммуникация және әртүрлі іс-әрекеттерді орындау үшін түрлі ерекшеліктерін дамытуына жағдай жасау;
- әлеуметтік-кәсіби-коммуникативтік қолдау ортасын құру;
- маманның кәсіби қызметінің өсуіне әсерін тигізу;
- кадрларды жедел қайта даярлау мүмкіндігін қарастыру;
- білім беру бағдарламаларының көпдеңгейлі, вариативті, алғыр жүйелері арқылы адам капиталын өсіру, ұйымның даму процесінің негізгі бөлігі болу;
- республика халықтарының барлығына бірдей жоғары білім алуына қол жеткізуін қамтамасыз ету [2] .
Жоғары білім маңызды рөл атқаратын үздіксіз кәсіби білім беру жүйесін құру бір жағынан адамның өндірістік қызметінің мүмкіндіктерімен байланысса, екінші жағынан жұмыс орынында нақты бір өндірістік қызметті орындайтын адамның өзі туралы түсінікпен байланысады. Екі жағдайда да соңғы мақсат маманның тамаша моделін құру.
Республикалық білім беру жүйесінде қолданылатын «білім-біліктілік-дағды» үш тіктегі «білім» білім беруді ұйымдастырудың пәндік принциптерін анықтайтын нақты ғылыми біліммен ұқсас болғанда адамзат дамуының техногендік кезеңіне жатты, ал «біліктілік пен дағды» құрамы индустриалды деңгейде еңбекті бөлу құрылымы үшін сипатталатын операциялар мен функциялардан ұсынылды.
Біліктіліктің кейбір түрлері, яғни ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану саласындағы сауаттылық шындығында, жаңа нәрсе. Осығын байланысты басқа түрлері, яғни шетел тілін меңгеру республиканың көптеген тұрғындарына бұрынғыға қарағанда маңызды болып отыр. Өз-өзіне сенімділік, өзін-өзі бағыттаушылық, тәуекелділік сияқты әлеуметтік біліктілік бәрінен де маңызды, өйткені адамдар бұрынғыға қарағанда өз бетінше болады. Кәсіпкерлік біліктілік компания қызметін түрлендіруге және өз жұмысының орындалуын жақсарту мүмкіндіктерін жеңілдетеді; олар сонымен бірге, кіші және орта кәсіпорындарда жұмыс түрлерін құра алады. «Оқу, өзгерістерге ілесе оқу, ақпараттық ағынмен қатар жүзу - бұл әрбір адам алуға тиіс қазіргі жалпы іскерлік. Жұмыс берушілер қазіргі кезде оқуды, жаңа істерді тез меңгеруді және жаңа міндеттер мен жағдайларға ілесуді талап етеді» [3, 4] .
Осыған байланысты жүргізіліп отырған зерттеу барысында құзырлылық қатынас басты мақсат ретінде адамның нақты ғылыми білімін емес, қабылданған стандарт негізінде нақты өндірістік қызметті жүргізуге қабілетін қойып отыр. Құзырлылықтың функционалдық негізі «базалық білім берудің» ядросы болып табылады. Құзырлылық қатынас білім мен ғылымның, тұлға мен кәсіпорынның дамуының жаңа кезеңінде кездесетін қарама - қайшылықтарды жеңуге бағытталған. Бірақ ол дәстүрлі білім беру мәселесінен шығатын басқа деңгейдегі қарама-қайшылықты мағыналы етеді, өйткені ол білім беру іс-әрекетін және білім беру моделін құру кезінде ескеріледі.
Бұл жағдайда маңызды рөлді жоғары кәсіби білім беруді ақпараттандыру алады. Ақпараттандыру білім беру қызметінің тиімділігін көтерудің негізіг факторларының бірі болып табылады. Ақпараттандыру мен информатиканы оқыту арасындағы байланыс нақты болғандықтан, жоғары білім беруді ақпараттандыру ерекшеліктерін тереңірек зерттейміз.
Қазақстанда ақпараттандыру экономикамен тығыз байланысты. Ақпараттық экономиканың негізі - білім немесе интеллектуалды-ақпараттық ресурс. Білім қоғамды дамытудың алдағы кезеңдерінің негізі - материалдық ресурстармен салыстырғанда талассыз басымдылыққа ие. Материалдық ресурстар сақтау заңдарына қатаң бағынады. Ақпараттық экономикаға негізделген қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымы әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелердің көпшілігінен тыс қалуда, қоғамның экспоненциалды дамуын, олардың негізгі параметрлерін ұсынып отыр.
Жаңа қоғамда жаңа білім алу әдістері де өзгеруде. Бұл тек кітаппен ғана жұмыс істеу емес, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игере білу. «Ақпараттандыру - қоғамды дамытудың жалпы тарихи процесі. Хат жазу, пошта, телефон, радио, телевидение - қоғамның мүмкіндіктері мен талаптарынан туындайтын оны дамыту кезеңдері немесе белгілері.
Жаңа мүмкіндіктер, жаңа талаптар және ақпараттандыруды дамытудың жаңа кезеңдері қоғамды жаңашаландырудың жоғары деңгейін бастан өткізіп отыр» [5] .
Компьютерлер күрделі интеллектуалдық жұмыстарды орындайтын қызметкердің рөлін атқарады. Бұл техника деген жаңаша көзқараспен сипатталады. Техникалық құрылғы мен адам арасындағы серіктестік байланыс тудыратын шарт қалыптасады. Адам мен машина арасында өзара қатынастың қалыптасуы тек информатика саласының мамандарына ғана емес, сонымен бірге қарама-қайшылық жағдайларды қарастыратын философтардың да игеру пәні болып табылады».
Сондықтан қазіргі білім беру жүйесі алдында жаңа маңызды мәселе - қоғамның жоғары автоматты ақпараттық ортасында кәсіби қызметіне және өмірдің жаңа шарттарына дайындау, осы ортада олардың өз беттерінше іс-әрекет етуге, оның мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға және қолайсыз жағдайлардан қорғануға үйрету мәселесі тұр. Сондықтан да жоғары оқу орындарында информатиканы оқытудың жаңа жүйелеріне көп көңіл бөлінетіні кездейсоқ емес [6, 7] .
Білім беруді ақпараттандыруды оқытушылар мен басқа да мамандардың іс-әрекеті ретінде қарастырған тәсілдерін ескере отырып, осы ғалымдар білім беруді ақпараттандырудың анықтамасын жасады. Білім беруді ақпараттандыру - оқыту мен тәрбиелеудің психолого-педагогикалық мақсаттарына жету үшін білім беру саласында жаңа білімді қалыптастыру мен жүйелендіруді қамтамасыз ететін, ақпаратты таратуға, өңдеуге, жасауға, жинауға технологиялар мен құралдарды пайдалануға бағытталған адамның ғылыми-практикалық іс-әрекеті [8] .
Республикада білім беруді ақпараттандыруға мемлекеттік деңгейде көп көңіл бөлінуде. Мысал ретінде, жоғары білім беру жүйесін ақпараттандыру перспективалары мен мәселелеріне негізделген Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру бағдарламасын алуға болады.
Бағдарламада, « . . . ақпараттандыруда мемлекеттік деңгейде білім берудің бір ғана деңгейі қамтамасыз етілген - орта білім беру. Жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беруде қазіргі кезге дейін ақпараттандыруды енгізуге бағытталған жұмыстар жүргізілген жоқ, оқу процесінде қолданылатын ақпараттық технологиялар мониторингі жүргізілген жоқ».
Жоғары кәсіби білім беруді ақпараттандыру жағдайы білім беруді басқарудың автоматтандырылған жүйесін қолдану мен құру саласында факультеттерде (деканаттарда) оқу процесін басқаруға арналған автоматтандырылған локальді жұмыс орнының барлығымен сипатталады. Оқу процесін ақпараттандыру саласында электрондық оқулықтар құру, оқыту, мультимедиалық және тестілеу бағдарламалары жасалған. Интернет глобальді жүйесіне шығуды қамтамасыз ететін бағдарламалы-техникалық кешендер мен жүйелер жасалуда және енгізілуде, бірақ мақсатқа бағытталған жоспарлау мен жүйелендіру мәселелері жетіспей отыр. Кейбір жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытуды енгізуге арналған оқу материалдарын жасау басталды. Компьютерлік техниканы қолданып қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың дидактикалық шарттары анықталды [9] .
Жоғары оқу орындарында білім алушыларға информатиканы оқыту процесінде қолдануға болатын қашықтықтан оқыту технологиясының жаңа жүйесі сұрақтары мен олардың қандай құжаттарда көрсетілетіні бұл зерттеу барысында маңызды емес. Бұл салада сонымен бірге, электрондық ресурстардан тұратын ақпараттандыру құралдарын тиімді қолдану қарастырылады.
Жоғарыда айтылып кеткен бағдарламада « . . . жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытуды дамыту мен құруда көптеген мәселелер туындап отыр. Жаңа білім беру техникалық ортасында өз білімін жеткізе алатын және қашықтықтан оқытудың сапалы оқу курстарын жасай алатын мүмкіндігі бар мамандардың болмауы, осындай мәселенің біреуі болып отыр».
Қазіргі заманда жоғары оқу орны өмірдің барлық саласын ақпараттандырудың базасы, маман дайындаудың және ақпараттық тенологияларды ендірудің орталығы болуы керек. Маман дайындауда оларға ерекше рөл қойылады, өйткені жоғары оқу орындары орасан зор ғылыми-техникалық потенциалға ие және ақпараттық қоғам жағдайында жұмыс істейтін республиканың барлық масштабында ақпараттық технологияны енгізе алатын мамандар дайындауға мүмкіншіліктері бар.
Қазіргі уақытта оқу және ғылыми қызметті ақпараттандыру деңгейі көптеген жоғары оқу орындарында қанағаттанарлық жағдайда емес. Жоғары оқу орындары ақпараттық және білім беру қызметтерін дамыту, сонымен бірге мамандар дайындаумен қамтамасыз ету керек.
Жоғары білім беруді ақпараттандыру және білім алушыларға информатиканы оқыту жүйесі ақпараттандыру құралдарын - ақпараттандыру көздері, электрондық ресурстар және басқа да компьютерлік бағдарламалар құралдарын қолданбай жүргізу мүмкін емес [10] .
Бұл салада электрондық анықтамалар, энциклопедиялар, оқу бағдарламалары, студенттердің білімін бақылайтын автоматтандырылған құралдар, компьютерлік оқулықтар, тренажерлар және басқа да білім беру электрондық ресурстарына қатысты әртүрлі ақпараттық көздерді қолдану мен өңдеудің біртекті педагогикалық тәсілдерін жасауға жалпы ұмтылу тенденциясы қолданылады. Осындай біртекті әдістерді қолдануға ұмтылу білім беру жүйесінде тиімді пайдалану үшін жеке электрондық ресурстарды арнайы каталогтар мен Интернет-порталдарға біріктіріп, есепке алуға да негізделген. Сонымен бірге, электрондық ресурстарды жасау, каталогтау, зерттеу, қолдану барлығы да республиканың жоғары білім беру жүйесінің қажеттіліктер мен талаптар жүйесіне қатаң сәйкестендіріліп орындалуы керек. Жоғарыда айтылғандардан информатиканы оқытудың тиімділігін көтеретін жоғары білім беруде ақпараттық құралдар мен телекоммуникациялық технологияларды қолданудың кешенді мүмкіндіктеріне республиканың жоғары оқу орындарында бакалаврлар мен магистрлерді дайындаудың түрлері мен әдістеріне, мазмұндық ерекшеліктеріне, оқу процесінің қажеттілігіне сәйкес келетін көпфункционалды білім беру электрондық ресурстарын қолдану, каталогтау және жасау арқылы қол жеткізуге болады [11] .
Бұдан басқа, қазіргі психологияда студенттердің шығармашылық, теориялық ойлау, сонымен бірге шешім қабылдауға бағытталған жедел ойлау қабілеттерін дамытуға электрондық ресурстарды қолдану арқылы оқытудың өте жақсы әсері тиіп отыр. Кейбір психологиялық зерттеулерге қарасақ, оқу процесінде электрондық ресурстарды қолдану арқылы болашақ мамандардың модульді-рефлексиялық стилін тиімді қалыптастыру мүмкіндіктерін құруға болатыны көрсетілген.
Бакалавлар мен магистрлерді дайындауда электрондық ресурстарды қолданудың дидактикалық мақсаттарының негізі мәліметтерді хабарлау, білімді бекіту және қалыптастыру, біліктілік пен дағдыны жетілдіру мен қалыптастыру, білімге деген құштарлықты көтеру, игеруді бақылау және т. б. болып табылады.
Республикалық жоғары кәсіби білім беру жүйесі қазіргі кезде сапалы электрондық ресурстарды қолдануды қажет етіп отыр. Электрондық ресурстарды қолдану практика жүзінде:
-білім алушыларға білімді өз бетінше игеру іс-әрекетінің әртүрлі формаларын ұйымдастырады;
- оқудың түрлі іс-әрекеттерін орындау процесінде жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың барлық мүмкіндіктерін қолдануға жағдай жасайды, сонымен бірге, тіркеу, жинау, сақтауинтерактивтік диалог, объектілерді моделдеу, құбылыстар, процестер, лабораторияларда жұмыс істеу мүмкіндіктерін жасайды;
- оқу процесінде ақпаратты тікелей мультимедиа технологияларды, гипермәтіндік жіне гипермедиа жүйелердің мүмкіндіктерін қолдану арқылы шығару;
- болашақ бакалаврлар мен магистрлердің интеллектуалдық мүмкіндіктерін бағалау, сонымен бірге олардың білім деңгейін, іскерлігін, дағдыларын, нақты бір тапсырмаға дайындығын, стандарт талаптарына сәйкес олардың материалды игеру нәтижелерін тексеру;
-білім алушының оқу іс-әрекетін басқару, оның білім деңгейін, іскерлігін, дағдыларын, оқу құралдарын пайдалану ерекшеліктерін бақару;
-білім алушының жеке өз бетінше оқу іс-әрекетін орындауына жағдай жасау, өзін-өзі оқыту, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру дағдыларын қалыптастыру;
- білім берудің мазмұны мен мақсаттарына сәйкес келетін ақпараттармен жоғары оқу орындары студенттерін, оқытушыларын, ата-аналарды хабардар болуын жедел қамтамасыз ету;
- оқытудың тиімділігін көтеру мақсатында оқытушы мен студенттің жедел әрі тұрақты түрде сұқбаттасу негізін құру [12] .
Жоғары оқу орындарында оқу процесіне электрондық ресурстарды енгізу негізгі екі бағытқа сәйкес жүргізіледі.
Бірінші бағыт бойынша енгізілетін білім беру электрондық ресурстары білім беру жүйесінде тарихи қалыптасқан дәстүрлі әдістерді қолдаушы құралдар ретінде енгізіледі. Бұл жағдайда электрондық ресурстар оқу процесін жүргізу құралы ретінде, оқытудың жекеленуі, оқытушының есептеу, бақылау және студенттердің білімін бағалаумен байланысты жұмысын автоматтандыру құралы ретінде қолданылады.
Электрондық ресурстарды енгізудің екінші бағыты білім беру мазмұнын өзгертуге, оқу процесін ұйымдастырудың әдістері мен формаларын қайта қарау, жеке оқу пәндерінді электрондық ақпараттармен толықтырумен қолдану арқылы толық курстар құрастыруға негізделген күрделі процесс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz