Кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық аспектілері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ бет
Кіріспе 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...

1. Кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық 6
аспектілері
1.1 Ұйым қызметіндегі бухгалтерлік есептің маңызы мен қызметі 12
... ... ... .
1.2 Отандық есеп тәжірибесінің халықаралық және ұлттық стандарттарға 20
көшудің алғы шарттары
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..
1.3 Алтын Диірмен ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметі және есеп 29
саясаты 41
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 53
2. Кәсіпорындарды тиімді басқарудағы бухгалтерлік есеп және оны
жетілдірудің негіздері 58
2.1 Алтын Диірмен ЖШС-де қаржылық есепті жүргізудің ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .67
... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Кәсіпорындардың қаржылық есептілігі және оның құрылымы 76
... ... ... . 78
2.3 Қаржылық есептілікті жетілдірудегі бағдарламалық
қамсыздандыру-лардың алатын орны
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...
3. Ұйым қызметіндегі жедел бақылау мен ішкі аудит жүйесі
3.1 Жедел бақылау мен ішкі аудиттің мақсаты, міндеті және қажеттілігі
...
3.2 Алтын Диірмен ЖШС-де жедел бақылау мен ішкі аудитті ұйымдастыру
ерекшеліктері және жетілдіру бағыттары

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Бухгалтерлік есеп пен аудитті реформалауда жасалған тұжырымдама
міндеттерінің бірі – ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорынды басқаруды
жетілдіру болып табылады. Тиімді басқару принциптері мен есепті
ұйымдастырудың жаңа амал-тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет
етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым алынды. Тоқсаныншы жылдың басынан
басталған ХХІ ғасырдың есігін ашқан, өрістеп өсіп келе жатқан нарықтық
экономика мен қатынастар көптеген жаңа бағыттағы экономикалық концепциялар
мен ақпараттар жүйесін қазақстандық ұйымдардың шаруашылық өміріне енгізді.
Қазақстанда нарықтық қатынастардың енгізілуімен бірге экономикалық
субьектілердің қаржылық қорытынды есебін пайдаланушылардың қажеттіліктерін
ол ақпараттардың дұрыстығын дәлелдеу түрінде қамтамасыз етуші тәуелсіз
бақылау жүйесі жақсарып келеді, сондай-ақ, бұл салада кәсіби мамандар
даярлауға қосымша талаптар қойылуда. Жерінің қазба байлығы мол,
экономикалық потенциалы аса жоғары деңгейде танылған Қазақ елінің кең
байтақ аймақтарында орналасқан ұйымдардың немесе шаруашылық қызметін
жүргізуші субьектілердің көптеген құқықтық түрлері өз қызметін атқарып
келеді.
Қандай да болмасын жаңадан құрылып, қалыптаса бастайтын экономикалық
үрдістің түпкі мақсаты – материалдық өндіріс пен халықтың сұранысы мен
ұсынысына жауап берерлік және бәсекелестік тұрғыдағы өнімдер өндіріп,
қызметтер көрсету болып табылады. Сапалы дәрежеде өнімдер өндіріп,
қызметтер көрсетіп, мұның өзін үлкен бәсекелестік жағдайға келтіру үшін
әртүрлі көздерден қаржы жұмсалады және жұмсалған қаржыны тиімді басқару
қажеттігі туындайды. Экономикалық жүйені тиімді басқару мен шешім қабылдау
процесіне қажетті ақпараттар қалыптастырушы бухгалтерлік есеп жүйесі болып
табылады. Салалық нұсқау ережелер және жоғарыдан түскен әдістемелер
негізінде, сондай-ақ мемлекет тарапынан күштеп бақылау қою мақсатымен
қалыптасқан консервативтік бағыттағы бухгалтерлік есеп бұл күндері қайта
құру, реформалау және халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сай әрі
қарай жетілдіру мақсатына түсті.
Нарықтық экономика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық
түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс-әрекеттің
күтілетін нәтижесін, яғни табыстылығын қамтамасыз етуі тиіс.
Экономикамыздың нарықтық жолмен дамуы барысында ұйымдар қызметінің
қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйым басшылығының ерекше
көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріліп отыр. Әсіресе,
елімізде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының
енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің
қазіргі даму кезеңінде оның шет ел инвесторларымен қарым-қатынасының нығаюы
кезеңінде маңызды болып саналады.
Бухгалтерлік есеп нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдарда ерекше
маңызды орынға ие. Есепке алу мәліметтері ұйымдардың және олардың
құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық
болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасын дамыту
заңдылықтарын зерделеу және зерттеу үшін қолданылады.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында ұйымдардың күрделі
экономикалық тетігін нық және жақсы жолға қойылған есеп жүйесінсіз, сондай-
ақ сенімді экономикалық ақпаратсыз басқару, іс жүзінде мүмкін емес.
Сондықтан да, кез-келген ұйымдар үшін есеп ақпараттық жүйелері маңызды орын
алады.
Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынасқа көшу барысында аймақты,
қатал бақылау-тексеру ерекше орын алатыны шетел үлгісінен белгілі. Себебі
нарықты қатынас принципімен дамуды қамтамасыз ету үшін сол елде –
бәсекелестік қамтамасыз ету үшін шешуші рөл атқарады. Бәсекелестікті
қамтамасыз ету үшін өте қатал бақылау-тексеру болуы қажет. Соның
нәтижесінде ғана нарықты қатынас жолмен дамытудың тиімділігі іске
асырылады. Сондықтан да бухгалтерлік есепті тиімді ұйымдастырмен қатар,
аудит жұмысының қажеттілігі көптеген себептермен анықталады. Бұл
біріншіден, кәсіпкерлердің өз шаруашылығының тиянақтылығының қамтамасыз
етілуі, екіншіден, өз жұмысына өзі сенімді түрде басқару жүргізуі,
үшіншіден, кәсіпкерлердің өзара қарым-қатынастарда сенімді жұмыс істеуі мен
өзінің капиталының тиімділігіне сенімді болуы және тағы басқалар
жатқызылады.
Осы тұрғыдан дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты болып нарықтық
қатынастар жағдайында ұйымдарда бухгалтерлік есеп пен аудитті дұрыс
ұйымдастыруды және оны жетілдіру мәселелерін зерттеу болып саналады.
Осы аталған мақсаттан туындайтын жұмыстың негізгі міндеттері болып
мыналар саналады:
- кәсіпорындардың тиімді даму процес ніде бухгалтерлік есептің орнын
анықтау;
- нарықтық қатынастар жағдайында отандық есеп тәжірибесін халықаралық
стандарттарға сәйкестендірудің негізгі алғы шарттарын айқындау;
- шаруашылық процетерге байланысты ұйымның қаржылық есеп беру жағдайына
сипаттама беру;
- бухгалтерлік есепті жетілдірудегі бағдарламалық қамсыздандырулардың
орнын анықтау;
- ұйым қызметіндегі жедел бақылау мен ішкі аудит жүйесіне сипаттама
беріп, оларды жетілдіруге байланысты нақты ұсыныстар жасау.
Дипломдық жұмысты орындау барысында бухгалтерлік есеп саласындағы
отандық, шетелдік ғалымдар мен тәжірибешілердің ғылыми еңбектері, ҚР-ның
бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру және Аудит қызметі туралы
заңдары, қаржылық есептің ұлттық және халықаралық стандарттары, аудит
стандарттары, зерттеу жүргізілген Алтын Диірмен жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің есеп мәліметтері пайданаланылды.
Зерттеу объектісі болып Алматы қаласында орналасқан Алтын Диірмен
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Дипломдық жұмысты жазу кезінде салыстырмалы талдау, айырмашылық-тарды
табу, вертикалды талдау әдістері қолданылды.
Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қосымшадан және әдебиеттер
тізімінен тұрады.

1. Кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық
аспектілері

1.1 Ұйым қызметіндегі бухгалтерлік есептің маңызы мен қызметі

Меншік иелігінің кез келген түрлері, нарықтық әрекетке түсуші заңды
тұлғалар, ұйымдар мен мекемелердің барлығында бухгалтерлік есеп және аудит
жүргізіледі. Меншігінде қаражаттары мен мүліктері, қорлары мен капиталы,
алған міндеттемелері, өндірілген дайын өнімдері, тауарлы-материалды
құндылықтары, негізігі құралдар мен айналым қаражаттары, сатып алу мен сату
өрісі, шаруашылық жүргізу үрдісі бар шаруашылық ұйымдарда бухгалтерлік есеп
жүргізу жүйесі экономикалық қатынастардың басты мәселесіне жатады.
Сондықтан бухгалтерлік есепті күрделі жүйе деп түсінген жөн. Экономикалық
қатынастардың барлығы да есепке алыну керектігі бухгалтерлік есепке тән мән
мен мағына, алғы шарт және міндетті түрде орындалуға тиісті нақтылы үрдіс
болып табылады.
Бухгалтерлік есеп жүйесі ұйымдардағы сатылы экономикалық үрдісті
қамтамасыз ету бағытында құрылуы керек. Шаруашылық фактілері экономикалық
үрдістің кезеңдік негіздерін құрайтын заңдылық сабақтастыққа жауап беретін
болып қалыптасады.
Ол мынандай кезеңдерге бөлінеді:
- активтер мен бұлардың көздерін қалыптастыру;
- инвестициялар келтіру;
- қаржылық активтерді қаржыландыру және несиелік міндеттемелерді
қабылдау;
- қалыпты жағдайда жүргізілетін өндірістік процестердің өзгерістері
мен қалыптасуын есепке алу;
- өндірістік шығындар жұмсап, табыстар табу жолдарының
есебін жүргізу;
- түскен табыстар (пайданы) бөлу және қайта бөлу;
- бөлінбеген таза пайданың ұдайы көбеюін қамтамасыз ету
және түскен таза пайданы өндіріс үрдісін кеңейту мен ары қарай
жетілдіруге, бұлардың қорлануын қалыптастыруға жүмсау.
Экономикалық заңдылықтардың өндірістік үрдісте іске асырылатын
кезеңдеріне тән құрылған жоғарыдағы сабақтастық кезеңдер қаржылық талдау
мен басқарушылық шешім қабылдау үшін аса қажет.
Бұл мақсаттар мен міндеттердің нақтылы іске асатындығын есепке алып,
ақпараттар жүйесін қалыптастыруда бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте
зор. Бухгалтерлік есеп жүмысы экономикалық кезеңді қатынастарды көрсетеді
және әр кезеңдерге сай дамиды. Бухгалтерлік есеп - базарлы сауданы,
технологиялық ерекшеліктерге сай өнім өндіруді, экономикалық бостандықты,
кәсіпкерлік қатынастарды, бірлескен әрекеттерді т.с.с. байланыстар
жөніндегі көрсеткіш мәліметтерді даярлап, тиісті тұтынушыларға хабарлап,
талдап, мұның негізіне тиімді шешімдер қабылдайтын, өз орны мен әдісі және
принципі бар пән. Сондықтан бухгалтерлік есептің алғы шарты экономикалық
қатынастарға, мұның өзін теориялық тұрғыда зерттеуге, басқарудың тиімді
жолдарын анықтауға ақпараттар дайындайтын ерекше бағыттағы айрықша жүйе.
Қандайда болмасын есеп ақпаратары мен көрсеткіштерін, мұндағы цифрларды
экономикалық маңызы зор мәселелер деп қараған жөн. Бухгалтерлік есеп
нарықтық қатынастарға байланысты іс-әрекеттерді саналы түрде жүргізу мен
мәліметтерді жан-жақты қолдану және бұлардың маңызын түсіну үшін ақпаратар
жинап, тиімді және тиімсіз, пайдалы және зиянды мәліметтер жүйесін
топтастырып, белгілі дәрежеде шешім қабылдау үшін көрсеткіштер мен
мәліметтер даярлайды.
Нарықтық қатынастар мен меншік иелігіне сүйеніп қол ұшымен жалғасып,
сыбайластық әрекеттерге барушы және жұмыс бабын жеке басының игілігіне
пайдаланушы, заңсыз жүріп қаражат табушы алаяқтар арасында күрес жүргізуде
де бухгалтерлік есептің атқартын рөлі зор. Мұндай әрекеттерді болдырмау
үшін әрбір атқарушы бухгалтер өз кәсібін сыйлап, таза және сапалы еңбек
етуі керек.
Бухгалтерлік есеп бүкіл халықтық ілімге жатады. Мұның диапазон
кеңістігі мол. Сондықтан, экономиканы басқару жүйесін жетілдіру, халықтың
сұранысы мен тұтынысын зерттеу, базарлы саудаға тән шешім қабылдау, тексеру
мен бақылау жүйесін кеңінен қолдану, есеп көрсеткіштерін қарапайымдау,
заңсыз қағаз бастылықты болдырмау үшін бухгалтерлік есеп ілімі өз мәні мен
мақсатын жоймайтын сабақтастық бағытта болуы керек.
Бүгінгі күннің талабына сай бухгалтерлік есепте қолданылатын үлгі -
мәтін, бастапқы құжаттарды рәсімдеу, есеп регистрлары және қорытынды есеп
көрсеткіштері т.б. жазулардың көлемі мен маңызы қарапайым жолдармен
жасалып, пайдаланушы қауымға түсінікті болуы керек.
Енді бухгалтерлік есеп жүйесінің алдына қойылған жалпы мақсаттар мен
талаптарды шешудің бастапқы сабақтастығына тоқталайық. Жалпы есеп жүйесінде
қабылданған тәжірибеге және көптеген ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда
бухгалтерлік есеп ең әуелі өзінің байқау, өлшеу, тіркеу принциптерін жүзеге
асырады.
Байқау принципі деп шаруашылық жүргізушілер өрісіндегі фактіні немесе
обьектіні көзбен көруді айтамыз.
Өлшеу деп натуралдық өлшеммен берілген есеп обьектісін ақшалай өлшемге
айналдыруды айтады.
Тіркеу деп бухгалтерлік есеп мәліметтері мен көрсеткіштерін
ақпараттар тасушы құралдарға түсіруді айтамыз.
Сонымен байқау өлшеу және тіркеу принциптері бірімен бірі тығыз
байланысқан бірінің мазмұнын бірі толықтырып отыратын сабақтастық жүйе деп
тануымыз керек.
Бухгалтерлік есеп деп ұйымдар қызметін тиісті ақпараттар және
мәліметтермен қамтамасыз ететін мәні мен пәні бар жүйені айтамыз.
Сондықтан бухгалтерлік есеп экономикалық ілімінің тәжірибелік
элементіне жатады. Дей тұрғанмен, бухгалтерлік есеп басқару жүйесін
қамтамасыз ету мақсатын іске асыру үшін өзінің арнайы әдістері мен
ережелерін қолданады. Бухгалтерлік есеп бақыланатын және өлшеу мен
тіркеуге, тексеруге, қорытындылауға жататын көптеген шаруашылық
фактілерінен туындайды. Шаруашылық фактілерінің маңызы мен мақсатын түсіну
үшін бухгалтерлік есепке тән ерекшеліктердің мәні мен мағынасын түсіне білу
керек. Бугалтерлік есепке тән мақсат ұйымдар қызметіндегі барлық орын алған
шашыранды шаруашылық фактілерін жүйеге келтіріп тиісті құжаттарға жазу,
бұларды бағалау, жинақтау мен қорытындылау болып табылады.
Халықаралық қаржылық есеп стандарттары талабына сай бухгалтерлік есеп
жүйесіне негізінен үш түрлі талап қойылған. Ол талаптар шындықты, жан-жақты
обьективтілікті және іске асырылатындық сенімділікті көрсететін
принциптерге жауап беруі керек.
Белгілі бір ұйым өрісінде даярланған мәліметтер шындық жолмен арнайы
қабылданған ереже-нұсқауларға сай орындалып, сыртқы пайдаланушылардың
күмәні мен күдігін туғызбайтын болса, онда даярланған мәліметтер шындық
принципімен, басқа да мамандардың қатысуымен жасалып, осы ұйымның
экономикалық жағдайын толығымен сипаттайтын болып, сараптаушылар талабын
қанағаттандырса, онда даярланған мәліметтер объективтік принциппен
орындалды деуге болады. Белгілі ережелерді, қағидалар мен әдістемелерді
толығымен қолданып, жасалған ақпараттар ішкі және сыртқы пайдаланушылардың
мүддесін қанағаттандырса, онда сенімділік принципі орындалды деуге болады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келіп, бухгалтерлік есеп пәніне
анықтама берелік.
Бухгалтерлік есеп пәні деп - ұйымдардың шаруашылық өміріндегі
(меншігіндегі) активтер, меншікті капитал және міндеттемелер өрісіндегі
қозғалыстарды байқап, өлшеп, тіркеп, жинақтап, үздіксіздік жолдармен
құжаттап қорытындылайтын үрдісті айтамыз. Бухгалтерлік есеп көптеген
әдістер мен принциптерді, арнайы ережелерді зерттейді.
¥йымдардағы бухгалтерлік есеп жүргізу мақсаты екі деңгейде танылады.
Бірінші деңгейде бухгалтерлік есептің тіркеу қызметі және көптеген
шаруашылық фактілері мен экономикалық өзгерістерін жинақтау, ақшалай
өлшемге айналдыру қызметі орындалады.
Екінші деңгейде бухгалтерлік есептің күрделі мәселелері атқарылып,
әртүрлі әдістерді, ережелер мен принциптерді қолдана отырып, бухгалтерлік
есеп жүйесінде жасалған қорытынды ақпараттар жүйесіндегі шаруашылық
фактілерінің маңызы бағаланып өлшенеді, шашыранды фактілер жинақталып
талданады.
Басқару үрдісінің негізгі саласы болып танылған бухгалтерлік есеп
жүйесі арқылы ұйымдардың ағымдағы қызметінің барысы тексеріледі, сапалы
даярланған ақпараттарды талдай отырып, стратегиялық және тактикалық бағыт
анықталады, ресурстарды тиімді пайдаланудың жолдарын қабылдаудағы
субъективтік факторларды болдырмаудың тәсілдері қарастырылады.
Сапалы жүргізілген бухгалтерлік есептің мақсаты төмендегі сатылы
қызметтерді қамтамасыз етуге арналған:
- ұйымдардың табыс түсіріп, бәсекелестік ортадағы тиімділігін арттыру
үшін жасалған бизнес-жоспарының орындалуы дәрежесін тексеру;
- активтерді өз орнымен тиімді жұмсау арқылы өндірілген
өнімдердің өсу қарқынын және бұларды сатудан түскен түсім
көлемін бухгалтерлік есеп жүйесінде айрықша зерттеу;
- меншіктің барлық түрлерінің сақталуын, активтердің қолда
бары мен қозғалысын, ұйымдардың қаржылық және төлем
өтеушілік қабылетінің орындалуын тексеру;
- алдау, ұрлау, көзбояушылық және сыбайластық жағдайларды болдырмау,
ақша т.б. құндылықтарды жеке адамдардың сіңіріп кетушілігіне жол бермеу,
тексеру жүргізу және мұндай жағдайларды тиісті орындарға дер кезінде
хабарлау;
- бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет және салық жөніндегі заңдардың
сақталуы мен нормативті актілердің орындалуын қадағалауға мүмкіндік жасап
отыру.
Бухгалтерлік есеп өрісінде төмендегі мәселелердің шешілуі қамтамасыз
етіледі:
- ұйымдар өрісіндегі шаруашылық үрдістің қорытындыеын шығарып,
басқарушылық шешім қабылдауға қажетті ақпараттар қалыптастыру, сондай-ақ
қаржы салымшы инвесторлар, қоюшылар, сатып алушылар, несиелендірушілер,
салық және қаржы органдары арасындағы қалыпты жағдай жасау мақсатында толық
және сенімді ақпараттар қалыптастыру;
- экономикалық ресурстардың және активті мүліктерді тиімді әрі орынды
пайдалану үшін, бүлардың қолда бары мен қозғалысын тексеріп отыруды
қамтамасыз ету.
Бухгалтерлік есептің ең негізгі мақсаты — ұйымдар қызметінің өсу
қарқынын қамтамасыз ету, әртүрлі варианттағы салыстырмалы мәліметтер
қалыптастыру, талдау шараларын орынды жүргізу арқылы басқарушылық шешім
қабылдау болып табылады.
Бухгалтерлік есеп кәсіпкершіліккпш айналысушы түлғалардың барлығына
қажетті білім беруді қамтамасыз етеді.
Жалпы экономикалық ақпараттарын қалыптастырудың да өз ерекшеліктері,
объектілері мен әдіс-тәсілдері, ережелері, сондай-ақ принциптері болады.
Есеп ақпараттары байқау және көру, жинау, өңдеу, тікеу, басқарушыларға
ақпараттар даярлау кезеңдерінен қалыптасады. Есеп ақпараттарын жинақтау мен
топтастыру жүмыстары арнайы принциптерге сай қабылданған әдістер мен
тәсілдер бойынша жүргізіледі.
Бухгалтерлік есеп өрісіндегі қорытынды ақпараттар қозғалысын тікелей
және кері байланыстыру негізінде шаралар белгілеп, зерттеу бағытын
қамтамасыз етіп, ақпараттардың әмбебаптық қасиетін іс-тәжірибеге енгізудің
жолдары қаралып отырады.
Бухгалтерлік есеп талабы ақылға сиятын жолдармен іске асырылып,
активтер, пассивтер, капитал, табыс және шығындар өрісіндегі ақпараттарды
жүргізу тұрақтылығын сақтау және жаңалап отыру міндетін атқарады. Осылайша
қалыптасқан ақпараттарды кеңінен пайдаланудың нәтижесінде әрбір есепті
кезеңдерге қарай ұйымдардың қаржылық және өз қызметін сапалы
атқарғандығының қорытындысы бағаланады. Ұйымдардың қызметінің нәтижесін
қорытындылау үшін синтетикалық1 жинақтау счеттарындағы қалдықтар
бухгалтерлік балансқа жазылатындығын есте сақтау керек.
Қорыта келгенде, бухгалтерлік есеп жүйесінде, мұның өзіне тән
әдіснамалары мен ережелері және есеп жүргізудің айрықша принциптері
қалыптасқан. Әдіснамалар мен принциптерді дұрыс қолдана білудің маңызы өте
зор. Бухгалтерлік есеп өзімен өзі шектеліп қалған пәндер қатарына жатпайды.
Есеп жүйесі көптеген әлеуметтік және экономикалық жағдайларға тікелей әсер
етеді. Бухгалтерлік есептің рөлі мен мүмкіндігі халықаралық бизнестің
қүрылуы мен қалыптасуына, мүның дамуы мен өркендеуіне ықпал етеді.
Бухгалтерлік есеп тілі жан-жақты түнық ақпараттар жүйесімен қамтамасыз
етілген жағдайда бизнеске қатысушы жақтар ұтымды арақатынастық байланыста
болады.
Баршамызға белгілі кез-келген саладағы бизнес табысы көбінесе
бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуіне тікелей байланысты болып табылады.
Шаруашылық субъектілеріндегі шаруашылық операциялары бизнес тілі болып
табылады. Бизнес барлық қатынасушыларын бір мақсат біріктіреді, яғни
бухгалтерлік мәліметтер жеткілікті және толық болуы шарт.
Сонымен, бухгалтерлік есеп деп – кәсіпорындарды ақпараттар және
мәлімттермен қамтамасыз ететін мәні мен пәні бар жүйені айтамыз. Нарықтық
қатнастардың экономикалық өмірге енуіне байланысты, әсіресе коммерциялық
бағыттағы және меншікті кәсіпорындар табыс табуды мақсат тұтады. Егер
бухгалтерлік есепті кәсіби бухгалтерлер мен ақпараттарды пайдаланушылардың
көз қарасы тұрғысынан қарайтын болсақ, онда бухгалтерлер үшін ақпараттардың
қашан және қандай жұмыстарын жүргізумен қатар, қаражаттар мен олардың
құралу көздерінің қозғалысын есептеп, қорытынды есепке түсіру мақсаты
туындайды.
Кез-келген шаруашылық субектілері шаруашылық процесі кезінде
шаруашылық активтері мен міндеттемелері және меншікті капиталда
өзгерістерді қалыптастыратын көптеген шаруашылық операциялары мен
қызметтерді орындайды.
Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық ұйымдары әр түрлі көздерден
келіп түсетін капитал жиынтығынан қалыптасады, яғни оларға кәсіпорынның
капиталына өз қорларын салатын инвесторлар қаржысынан, кәсіпорынның
шаруашылық қызмет нәтижесінде қалыптасатын қаржысынан қалыптасуы мүмкін. Әр
түрлі көздерден қалыптасқан кәсіпорын қорлары әр түрлі мақсаттарға
жұмсалады: шаруашылық субъектілерінде негізгі қорларды қалыптастыруға,
тауарлы босалқыларды қалыптастыруға, еңбек ақы төлеуге, дебиторлық
қарыздарды қаржыландыруға және тағы басқаларға.
Қазіргі заманғы бухгалтерлік есептің мәліметтері бойынша дивиденд
саясаты, негізгі және айналым қорларымен, ақша активтерімен жұмыс істеудің
арнайы әдістері, салық есебінің ережелері мен әдістері анықталады.
Осылайша бухгалтерлік есеп активтер мен пассивтердің, құрылымын, ақша
қаражаттарының, тауарлы-материалдық қорлардың, негізгі құралдардың
қозғалысын және басқа да бухгалтерлік есептің барлық объектілерін
зерттейді.
Жалпы бухгалтерлік есептің жүргізілуі шаруашылық субъектілеріндегі
активтер, міндеттемелер және меншікті капиталдың ақшалай түрде
мәліметтерді ағымдағы қадағалау, жинау, тіркеу және оларды қалыптастыру
және шаруашылық өмірдегі барлық операциялардың құжаттық операцияларын
жүргізумен сипатталады, яғни бұл бухгалтерлік есеп пәнінің анықтамасы болып
табылады. Есеп – бұл тек қана шаруашылық өмірдегі операцияларды тіркеу және
қадағалау ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның мүмкіндіктерін сипаттайтын
даму жолдарын анықтау болып табылады. Бухгалтерлік есеп экономикалық іс-
әрекеттердің сандық мәліметтерді өлшеуімен айналысады.
Бухгалтерлік есеп өрісіндегі көрсеткіштер жүйесін қалыптастырылып, бұл
үрдісті дұрыс ұйымдастырудың басты мақсаты - сыртқы пайдаланушылар мен
кәсіпорын басшыларын ақпараттармен қамтамасыз ету. Ақпараттармен қамтамасыз
ету басқару жүйесінің элементіне жатады. Басқару дегеніміз – шешім
қабылдау, ал тиімді басқару үшін ақпараттар жүйесін жинақтау арқылы
көптеген берекесіздіктерді, түсінбеушілік пен орын алған қарама-
қайшылықтарды дұрыс шешуге болады. Яғни ақпараттар өз бетінше
қалыптаспайды, мұның үшін мәліметтер қажет, ал мәліметтер ақпараттар
жүйесін құрайды. Ақпараттар деп шаруашылық өміріндегі фактілердің орын
алғандығын хабарлау дейміз.
Нарықтық қатынастар жағдайында бухгалтерлік есеп ақпараттары мен
мәліметтерін пайдаланушылардың мақсаты бәсекелестікті тұрғыда
болатындығынан ақпараттарды пайдаланушылар арасында қарама-қайшылықтар да
болуы мүмкін. Сондықтан ақпараттар жүйесі түсінікті әрі қарапайым жолдармен
аса бір сапалы және жоғарғы деңгейде орындалуы крек. Ақпараттардың мағынасы
мен көрсеткіштері логикалық санаға сиятындай болуы жөн.
Сонымен бухгалтерлік есеп аса көп ақпараттардан тұрады. Көптеген
ақпараттарды жинақтап жүйеге түсіру кәсіби мамандардың ғана қолынан келеді.
Ақпараттарды жинақтап, бухгалтерлік есеп жүйесіне түсіру үшін көптеген
талаптар мен арнайы ережелер қажет. Бұларға: шындық, өз уақытында, қажетті
дәлділік т.б. талаптар қойылады. Ақпараттар жүйесіне қойылатын талаптардың
ең маңыздысы дер кезінде орындалатын талап.
Бухгалтерлер мен басқа да басқарушы тұлғалар үшін тек жалпы мерзім ғана
емес, дәлме-дәл осы күні орындалған бухгалтерлік операциялары қажет. Мұның
үшін қажетті көлемдегі және дәл осы күні орындалған операциялар ғана шындық
талабымен ұштасады. Айта кететін бір жайт – бұл экономикалық немесе
қаржылық талдауға байланысты. Ағымдағы талдау мәліметтері және
статистикалық мәліметтер жинақталған күндерден соң, мүмкін көптеген уақыт
өткеннен соң да пайдалануы мүмкін. Сондықтан қандайда болмасын мәліметтерді
пайдаланып, экономикалық өмірге қосқан күнді өз уақытында орындалған күн
деп анықтауға болады.
Келесі талап – қажетті дәлдік. Бұл талаптың негізгі мақсаты
бухгалтерлік есеп ақпараттары мен мәліметтерін басқадай сырттағылардың
пайдалануы мен кәсіпорынның өзішінде жан-жақты талдау қызметін жүргізуге
арналған. “Бухгалтерия” мен “дәлдік” ұғымы бірімен бірі тығыз байланыста
болады. Бухгалтерияда дайындалған есеп материалдары абсолюттік дәлдікті
көрсетуі керек.
Сонымен, жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде біз, бухгалтерлік
есептің негізгі мақсаты - ұйымдардың даму тенденциясын анықтау үшін
мәліметтерді қолдану және оларды талдау, әр түрлі баламаларды таңдау,
басқару шешімдерін қабылдау, сонымен қатар, болжау кезінде инвесторлар мен
кредиторларға тиімді ақпараттар беру, потенциалды ақша ағымдарын салыстыру
және оларды бағалау, ұйымдардың табыстылығын анықтау болып табылады деп
қорытынды шығара аламыз.
Осы мақсаттарға сәйкес бухгалтерлік есеп келесі негізгі міндеттерді
шешуге негізделу қажет:
- басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ұйымдардың қызмет нәтижелері
және шаруашылық процессі туралы толық ақпараттармен қамтамасыз ету, сонымен
қатар, ол ақпараттардың инвесторлармен, кредиторлармен, қаржылық, салықтық
және банк органдарымен қолданылуын қамтамасыз ету;
- экономикалық ресурстардың рационалды қолданылуы және мүліктердің
нақты бары мен олардың қозғалысына бақылау жасауды қамтамасыз ету;
- кәсіпорынның басты мақсаты - табыстың өсіміне жету үшін бәсекелестік
шартында қызмет ететін ұйымдардың бизнес – циклдарының дамуының орындалуын
қадағалау;
- ұйымдардың активтерін тиімді қолдану есебінен өнім көлемінің есепте
және есеп берулерде өсу жағдайы;
- ақпаратты қолданушылар үшін дер кезінде мәліметтерді беру;
- ҚР-ның Салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер
Кодексі және Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңды
сонымен қатар, басқа да заңдар мен нормативті актілерді сақтау жағдайын
бақылау.

1.2 Отандық есеп тәжірибесінің халықаралық және ұлттық стандарттарға
көшудің алғы шарттары

Әлемдік экономикалық жағдайдағы соңғы он жылдықта болған шапшаң
өзгерістер бухгалтерлік есепке алуға және қаржылық есептілікке арналған
ережелерді жасау кезінде елдердің қолданатын тәсілдерін айтарлықтай
дәрежеде өзгертті. Капитал нарықтары ұлттық шекарадан тыс жерлерде кеңейіп,
ұлттық экономикалардың дамуына байланысты кірігу процесі нығаюда. Капитал
нарықтарының кемелдене дамуы олардың даму үрдісін инвесторлардың жоғары
дәрежеде түсінуін, олардың нығайтылуына, тұрақтылығына және өтімділігіне
сенімділігін талап етеді. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының
бірыңғай топтамасын қабылдау кредиттердің құнын және инвесторлар үшін
маңызды емес стандарттар бойынша есептілікті дайындау жөніндегі әкімшілік
шығыстарды қысқарту арқасында ұйымдардың инвестицияларды тарту бойынша
шығыстарын қысқартуға себепші болады.
Капитал рыногының жаһандану бағытына қарай өрістеуіне сондай-ақ
халықаралық қаржы рыногының дамуына қарай қаржылық есептік бірегейлігі
қамтамасыз етілуі қажет. Мұндай бағыт ұстанған жағдайда еліміздегі
бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық есеп стандарттары талабына сай жаңаша
құруды талап етеді. Егер ұйымдарда жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесі
халықаралық стандарттар талабына сәйкес болмаса, онда халықаралық капитал
рыногын қүру мен тиімді объектілерді инвестициялау, қаржыландыру процестері
өз мәнін таппайды. Сондықтан потенциалды инвесторлар қаржылық ақпараттардың
тұнықтылығын талап етеді.
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары әлемдегі аса дамыған және
алдыңғы қатарлы бухгалтерлік есепке алу стандарттары болып табылады деп
есептеледі. Сондықтан да көптеген елдерде, мысалы Австралияда, Германияда,
Ұлыбританияда шетел эмитенттері биржалардағы өздерінің есептілігін осы
елдердің ұлттық стандарттарына емес, халықаралық стандарттарға сәйкес ұсына
алады. Басқа мемлекеттерде, мысалы Канадада, Жапония мен АҚШ-та бұған да
жол беріледі, алайда ХҚЕС бойынша есептілік дайындайтын компаниялар оның
осы елдердің ұлттық стандарттарына сәйкес дайындалатын есептіліктен
айырмашылығының тізімін қосымша ұсынуы тиіс. Кейбір елдерде (мысалы
Чехияда, Балтық елдерінде) есептілікті ХҚЕС бойынша барлық ірі кәсіпорындар
жасауы тиіс. Қазақстанда 2003 жылдан бастап барлық қаржы ұйымдары, 2005
жылдан бастап акционерлік қоғамдар, ал 2006 жылдан бастап өзге де ұйымдар
(мемлекеттік мекемелерден басқа) есептілікті ХҚЕС бойынша дайындауы тиіс.
Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепке алу ақпараттық базаны білдіреді,
оның негізінде ұйым қаржылық есептілікті дайындайды. Бухгалтерлік есепте
қалыптастырылатын ақпарат басқарушылық, салықтық статистикалық есептілікті
жасау үшін қолданылады, қажет болған кезде осы ақпараттың негізінде
есептіліктің басқа да түрлері жасалады. Бухгалтерлік есепке алу жүйесі бір-
бірімен өзара байланыста болатын, есепке алу элементтерінің белгілі бір
тұтастығы немесе көптілігі. Мұндай жүйе логикалық кешенді қамтиды, онда
ұйымның, мемлекеттің, сондай-ақ кез келген басқа да сыртқы, сол сияқты ішкі
пайдаланушылардың экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында
қызметтің түпкі нәтижелерін дұрыс өлшеуге бағытталған ақпарат қорытылады.
Есептілікті пайдаланушылардың барлығында қаржылық есептілік жөніндегі
ақпарат нені қамтитынына қатысты белгілі бір үміт-армандары бар. Бұл үміт-
армандар уақыт өте келе дамыды және пайдаланушылар бұрын кездестірген
қаржылық есептіліктің үлгісі мен мазмұнынан туындады. Осы үміт-армандарға
бухгалтерлік есепке алу туралы заңдар, бухгалтерлік есепке алудың
регламенті мен стандарттары әсер етті. Қазақстанда үміт-армандар үлгіге
және кеңес жүйесі кезінде әзірленген қаржылық есептілікке сүйене отырып
дамыды. Шетелдік пайдаланушылардың үміт-армандары Халықаралық қаржылық
есептілік стандарттарының принциптері мен тәжірибесіне сүйене отырып
қалыптасты.
Кез келген әділ (сенімді) пікірден бухгалтерлік есепке алудың белгілі
бір маңызды немесе іргелі принциптеріне немесе тұжырымдамаларына
негізделген пікір орынды тұспалдануы мүмкін. Халықаралық түпмәтінде ең
болмағанда мынадай бес принцип:
- есептеу принципі;
- қызметтің үздіксіздігі;
- ақылға сыйымдылығы;
- дәйектілігі;
- мазмұнның нысаннан басымдығы іргеліге жатқызылуы мүмкін және заңнама
мен бухгалтерлік есепке алу стандарттарында көрсетілуі мүмкін.
Әдеттегі іс-тәжірибе осы принциптерді кез келген елдің бухгалтерлік
есепке алу туралы заңнамасында іске асырудан тұрады. Нақты жағдайларда осы
принциптерді қолдану көбінесе бухгалтерлік есепке алу стандарттары арқылы
жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта халықаралық талаптарға сәйкес жасалған және жұмыс
істейтін жоғары дамыған ақпараттық жүйені білдіретін экономика бірыңғай
есепке алудың жүйесі болып табылады, ол оның әртүрлі аспектілерін
(статистикалық есепке алу, салықтық есепке алу, бухгалтерлік есепке алу
және т.б.) қамтиды.
Бухгалтерлік есепке алу қойылған міндеттерге сәйкес кейіннен жинау,
жүйеге келтіру және қорыту үшін деректер көзі ретінде ғаламдық есепке алу
жүйесінің бірлігін және функционалдығын қамтамасыз ететін ең маңызды
факторы болып табылады.
Экономикадағы қаржылық есепке алудың ақпараттық функциясы ұйымдар
қызметінің қаржылық нәтижелеріне сүйенеді, олар ұйымның ішіндегі сол сияқты
одан тысқары жердегі ақпарат пайдаланушылардың мүдделі тобына қажет. Жоғары
сапалы есептілік капитал нарығын дамыту үшін де қажет, өйткені оның
негізінде көбінесе экономиканың ондаған жылдарға дейін дамуын айқындайтын
шектеулі ресурстарды бөлу туралы шешімдер қабылданады.
Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стратегиясы атты өз жолдауында (бұдан әрі – Жолдау) атап
өткендей, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, өркенді
де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге
қабілетті және ашық нарық экономикасы бола алады. Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірудің бірінші басымдығы
әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі болып табылады. Осыған байланысты
мемлекетті дамыту процесінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру
жүйесін бара-бар дамыту ерекше өзектілікке айналады, өйткені бухгалтерлік
есепке алудың, қаржылық есеп берудің және аудиттің мақсаты басқару
шешімдерін қабылдау үшін мүдделі пайдаланушыларды экономикалық ақпаратпен
қамтамасыз ету болып табылады.
Бухгалтерлік есепке алу және аудит саласын дамыту тұжырымдамасының
міндеті Қазақстан Республикасының экономикасында бухгалтерлік есепке алу,
қаржылық есеп беру және аудит жүйелерінің өздеріне тән функцияларды одан
әрі дәйекті түрде және ойдағыдай орындау үшін қолайлы жағдайлар мен
алғышарттарды қамтамасыз ету болып табылады.
Бухгалтерлік есепке алудың өзіне тән міндеттерді тиімді орындауы үшін
қаржылық есепке алу кәсібилік, айқындылық, тәуелсіздік, өзектілік,
стандарттылық сияқты талаптарға жауап беруі, сондай-ақ бухгалтерлік есепке
алу мен қаржылық есеп беру принциптеріне және негізгі сапалық
сипаттамаларға сай болуы тиіс.
Әлемдік тәжірибе түсініктілік, орындылық, сенімділік және
салыстырмалылық сияқты ақпараттың тиімділігін айқындайтын сапалық
сипаттамалар халықаралық стандарттарды тікелей пайдаланумен немесе оларды
бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің ұлттық жүйесін құрудың
негізі ретінде қолданумен қол жеткізетіндігін көрсетеді. ХҚЕС пен ХАС-ты
қолданудың экономикалық перспективасы капиталды тиімдірек бөлуден, іске
жұмсалатын қаржының әр алуандығынан және оның табыстылығының өсуінен
тұрады, әлемдік нарыққа шығу жеңілдейді, капиталды тартуға жұмсалатын
шығындарды азайту мүмкіндігі туады. Мұның өзі жаңа бизнес құрылымдарды
дамытуға, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, жұмыссыздықтың төмендеуіне,
халықаралық нарықтарда қазақстандық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін
арттыруға, тұтастай алғанда елдің экономикалық өсуіне әкеп соғады.
Бухгалтерлік есепке алу саласының өзін-өзі реттейтін элементтерін ретке
келтіру мен жүргізу мақсатында Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп
беру туралы Қазақстан Республикасының Заң жобасы бухгалтерлік есепке алу
мен қаржылық есеп беруді реттеудің қолданыстағы жүйесіне айтарлықтай
өзгерістер енгізеді.
Заң жобасын әзірлеудің басты міндеті Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасында пайдаланатын бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық
есеп беру мәселелері бойынша негізгі ұғымдарды Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасына сәйкес
келтіру болып табылады.
Алайда, Қазақстандағы бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру
жүйесін дамытудағы кейбір жетістіктерге қарамастан, мыналардан:
- ХҚЕС-тің кешенділігі мен әдістемелік күрделілігіне байланысты шағын
және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін қолданылмайтындықтан, ХҚЕС-тің осы
санаттарға қолданылу қиындығынан;
- бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеуге, сондай-ақ
бухгалтер мен аудитор мамандықтарын дамытуға кәсіби қоғамдық бірлестіктер
қатысуының жеткіліксіздігінен;
- ХҚЕС-ті қолдану жөніндегі ақпараттық-әдістемелік материалдардың
(оқулықтардың, кітаптардың) жоқтығынан;
- бухгалтерлер мен аудиторлардың біраз бөлігінің кәсіби дайындығы
деңгейінің төмендігінен, сондай-ақ ХҚЕС бойынша дайындалған ақпаратты
пайдаланудағы дағдының жеткіліксіздігінен;
- кадрларды қайта даярлаудың ретке келтірілген жүйесінің жоқтығынан;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есепке алу мен
қаржылық есеп берудің ХҚЕС белгілеген көптеген принциптеріне және
талаптарына немқұрайды қараудан көрінетін кейбір проблемалар бар.
Сонымен қатар, бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді жүргізу
бөлігінде ақпараттық жүйені автоматтандырудың көкейкестілігін атап өтпеуге
болмайды. Бүгінгі таңда кешендік автоматтандыру жүйесі, яғни ұйым
қызметінің түрлі салалары үшін бірыңғай ақпараттық жүйелері бизнестегі
маңызды аспаптардың біріне айналды. Тәжірибеде көрсеткендей, ақпараттық
жүйелер кең қолданылатын ХҚЕС-қа көшкен ұйымдарда оң өзгерістерге қол
жеткізу әлдеқайта жеңіл. Сондықтан да ХҚЕС-ты ойдағыдай енгізу
бухгалтерлер жұмыстарының жеделдігін арттыруға және уақтылы әрі тиімді
шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін бухгалтерлік есепке алуды жан-жақты
автоматтандырусыз жүзеге асырылмайды.
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін дамыту елдің
экономикалық жағдайындағы өзгерістермен тығыз өзара байланыста және
шаруашылық тетіктің даму сипаты мен деңгейіне жауап беруі тиіс.
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін одан әрі
дамытуды ХҚЕС-ке сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте
қалыптастырылатын ақпараттың сапасын, ашықтығын және салыстырмалылығын
арттыру мақсатында мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асыру қажет:
- бухгалтерлік есепке алуды, қаржылық есептіліктің аудитін
ұйымдастырумен және жүргізумен айналысатын мамандарды даярлау және қайта
даярлау;
- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін бухгалтерлік есепке алу
мен қаржылық есеп беруді жүргізу тәртібін оңайлату;
- халықаралық тәжірибенің негізінде бухгалтерлік есепке алу мен
қаржылық есеп беруді реттеу жүйесін өзгерту;
- бухгалтерлік есепке алу мен аудитті дамытудың халықаралық процесіне
қатысу.
Шаруашылық тетіктегі өзгерістермен және нарықтық институттардың нақты
жұмыс істеуімен байланыссыз бухгалтерлік есепке алудағы өзгерістерді
жеделдету экономикадағы қаржылық ақпараттың сапасын төмендетуге, ХҚЕС-тың
беделін түсіруге, сондай-ақ қаржылық тәртіптің әлсіреуіне әкеп соғуы
мүмкін. Осылайша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ХҚЕС-қа көшу барлық
ұйымдарға қатысты, бірақ бұл ретте неғұрлым сарабдалдық ұстаным қажет.
Кешенділігіне және әдістемелік күрделілігіне байланысты ХҚЕС іс жүзінде
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін жарамсыз. Бұдан басқа, соңғы
уақытта өзіміз білетін, осы күнге дейін аяқталмаған стандарттардың өздерін
белсенді жетілдіру процесі жүріп жатыр (ХҚЕС-қа тұрақты түрде елеулі
өзгерістер енгізілуде, оған шағын компаниялардың қадағалап отыруына жағдайы
жоқ). Осыған байланысты ХҚЕС-қа сәйкес қаржылық есеп беруді ірі
кәсіпкерлік субъектілері мен көпшілік мүдделі ұйымдар ғана жасағаны орынды.
Қызметі қоғамдық мүддені білдіретін ұйымдар көпшілік мүдделі ұйымдар
болып табылады, оларға мыналар жатады:
- қаржылық ұйымдар;
- акционерлік қоғамдар (коммерциялық еместерді қоспағанда);
- жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (жалпы таралған пайдалы қазбаларды
өндіретін ұйымдардан басқа);
- жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар ұйымдар (жедел басқару
құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда).
Мемлекет басы мен ҚР Үкіметі қойған шағын және орта кәсіпкерлікті
қолдау жөніндегі тапсырмаға сәйкес патент немесе біржолғы талон бойынша
жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерді міндетті түрде бухгалтерлік есепке алуды
жүргізудің толығымен босату және қалған кәсіпкерлік субъектілерінің
бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасаудың түрлі
тәртібін қолдануы мақсатында санаттар бойынша бөлуді белгілеу қажет.
Бухгалтерлік есепке алуды және есептілікті реттеу жүйесін дамыту барлық
мүдделі тараптардың мүддесін ескеретін, шығындардың төмендеуін және
реттеудің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін модельді құруға
бағытталуы тиіс. Осы модельдің негізі – мемлекеттік билік органдары мен
кәсіби қауымдастықтың (кәсіби қоғамдық бірлестіктер мен басқа да мүдделі
жұртшылық) қызметтерін саналы түрде үйлестіру.
Қазақстанның бухгалтерлік есепке алу саласының негізгі проблемасы –
білікті кадрлардың жетіспеушілігі, қалыптасқан салт-дәстүрі, мықты кәсіби
қауымдастығы, мамандандырылған білімді жинақтайтын және тарататын
қалыптасқан жүйесі, көпшілік мақұлдаған сертификаттары бар дамыған
бухгалтерия институтының болмауы.
Қазақстанда кәсіби қауымдастық аталған проблемалардың кейбіреуін шешу
бойынша белгілі бір қадамдар жасауда, бірақ кешенділік, жалпы республикалық
ауқым жетіспейді. Бухгалтерлік қауымдастықтың қазіргі селқостығы кезінде
батыстағы ұқсас жүйенің өздігінен тез дами қоятындығы екіталай. Содықтан
бұл мәселені шешу үшін бүкіл жүйенің өзегі болуға және одан әрі қалыптасқан
құрылымы болуға тиіс кәсіби ұйымдардың рөлін күшейтуге назар аудара отырып,
заңнамалық алғышарттар жасау, бұл процесті жылжыту қажет. Қазақстандағы
бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді қайта ұйымдастыру мынадай
бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:
- қолданыстағы бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеу
жүйесіне тұжырымдамалық өзгерістер енгізу;
- бухгалтерлік есепке алу жүйесін қайта құру шеңберінде мемлекеттік
органдардың іс-қимылын үйлестіру;
- кәсіби қауымдастықтың бухгалтерлік есепке алу саласындағы рөлін
арттыру;
- бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша
уәкілетті органның кәсіби ұйымдарды және бухгалтерлерді кәсіптік
сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жүйесін енгізу.
Кәсіби қауымдастықтың бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру
жүйесін реттеудегі рөлін күшейту үшін консультативтік-кеңес органы
нысанында, ереже негізінде әрекет ететін арнайы органды (Консультативтік
органды) құру ұсынылып отыр. Консультативтік органның құрамы мемлекеттік
органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерін, жеке кәсіпкерліктің,
мемлекеттің қатысуы бар ұйымдардың субъектілерін және ғылым қайраткерлерін
қоса алғанда, кәсіби қауымдастықтың жоғары білікті, бәріне танымал және
беделді өкілдерінен құралуы тиіс.
Қосымша ретінде уәкілетті органның құзыретіне басқа да функциялар
кіретін болады:
- қаржылық есеп беру стандарттарын және оның ХҚЕС-пен реттелмеген
мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдарын әзірлеу мен бекітуді қамтамасыз
ету;
- бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасы заңнамасының ХҚЕС-тің талаптарына қайшы келетін
жағдайда, Консультативтік орган берген ұсыныстарды ескере отырып, Қазақстан
Республикасының заңнамасына тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз ету;
- өзге де мемлекеттік органдармен және кәсіптік ұйымдармен бухгалтерлік
есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
- кәсіби ұйымдарды, бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу жүйесін реттеу;
- кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
- Консультативтік орган туралы ережені бекіту.
Компаниялар қызметі жөніндегі және қорытынды есеп жүйесіндегі
ақпараттар тұнық және сенімді, орындалып, мүның барлығы да халықаралық
бухгалтерлік есеп стандарттары талабымен тығыз байланыста болған жағдайда,
қаржы салымшы инвесторлар өздерінің салған капиталының қалай және қандай
тиімділік дәрежесінде жүмсалғандығын біліп, бақылап отырады.
Өз экономикасын нарықтық экономика және базарлы сауда қатынастары
деңгейінде жүргізетін жержүзілік экономикалық қауымдасқа қатысушы барлық
компаниялар мен корпорациялар өздеріне тән бухгалтерлік есебін халықаралық
бухгалтерлік есеп принциптері мен стандарттары талабына сай жүргізіп
келеді.
Бухгалтерлік есеп стандарттары беделі жағынан жоғары деңгейдегі ресми
құжат. Осы құжатты ары қарай жетілдіріп, халықаралық деңгейде қолдану
мәселелеріне бухгалтерлік кәсіп өкілдері, қаржылық қорытынды есеп
жасаушылар мен мұның мәліметтерін пайдаланушы кәсіби мамандар, сондай-ақ
қоғамдық ұйымдар тартылған. Кейінгі жылдары экономикасы дамыған көптеген
елдер назары бухгалтерлік есеп жүйесін халықаралық деңгейде бір ізге салу
мәселелеріне аударылып келеді.
Мұның өзі нарықтық қатынастар өрісіндегі халықаралық экономикалық
одақтардың тұрақты бағытта қызмет атқаруына байланысты қаралған. Алайда әр
елдер өз қалауымен зерделуіне байланысты халықаралық стандарт жүйесін
қабылдаудың жолдарын таңдап алу мүмкіндігі болады. Бухгалтерлік қорытынды
есеп экономикалық ақпараттар қалыптастырудағы бірден-бір сенімді ақпарат
дайындаушы процесс екендігіне байланысты жалпы есеп ережелері мен
әдістерінің қолданылынуы барлық елдерде бірдей мазмұнда қалыптасатындығын
естен шығармау керек.
Әр елдің бухгалтерлік есеп жүргізу ерекшеліктері әр түрлі жағдайда және
әр түрлі мақсатқа сай ұйымдастырылатынына, сонымен қатар есеп ақпараттарын
пайдаланушы топтар мүддесін қанағатттандыруға байланысты ерекшеліктер
болатындығын барлық бухгалтерлер білуі керек.
Сондықтан іске асырылатын мақсаттардың әр түрлі жағдайда орындалуы әр
елдерде әр түрлі мазмұнда қалыптасады. Есеп ақпараттарын пайдаланушылар
үшін көптеген белгісіздік факторлар да болуы мүмкін. Осы айтылғандарға
байланысты есеп ақпараттарын пайдаланушы жақтар сенімді тұрғыда
қанағаттануын қамтамасыз етудің жақсы бағыты үздіксіз зерделеніп отыруы
керек. Бұл үшін ресурстардың тиімді орналасуы, табыс алу мен бұларды
жұмсауға байланысты факторлар, қандай шығындардың бәсекелестік процеспен
байланыста болатындығы, бірлескен ұтымдылықтың қалыптасуы, т.с.с.
сұрақтарға байланысты мәселелер толығымен шешілуі керек. Біздің
пайымдауымызша халықаралық стандарттар жүйесін еліміздің есеп тәжірибесіне
қолданудың көптеген мәселелері әлі де болса өз шешімін таппай отыр.
Сондықтан бухгалтерлік есеп стандарттарын қолдану мен ретке келтіру
жақтарындағы көптеген мәселелер қосымша зерттеуді қажет етеді.
Осыған орай халықаралық бухгалтерлік есеп стандартында қаржылық
қорытынды есеп жасаудың баламалық (альтернативтік) бірнеше варианттарының
тұжырымдамасы берілген. Халықаралық бухгалтерлік есеп принциптерін негізге
алып жасаған ақпараттар жүйесі потенциалды пайдаланушылардың жекелеген
сұранысын қанағаттандыруға және ішкі есеп жасаудың біртұтастығын қамтамасыз
етуге бейімделініп қалыптасуы керек.
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары қаржылық есептің негізін құраушы
халықаралық деңгейдегі ресми құжаттар мазмұнында қаралған. Әр түрлі
елдердің есеп жүйесіндегі есеп фактілері мен қаржылық ақпараттары
бірегейлік ұқсастықты қамтамасыз ете отырып, сыртқа (эспорт) немесе сырттан
(импортқа) қалыптасуы мүмкін.
Қазақстанның халықаралық стандарттарға бағдарлануы оң әлемдік
тәжірибені зерттеуге және оны пайдалануға мәжбүрлейді. Континенттер мен
елдердің географиялық жақындығы, тығыз экономикалық байланыстар, шетел
компанияларының Қазақстанның инвестициялық қызметіне белсенді қатысуы
есепке алу жүйесіне, тұтастай алғанда, жаңадан қарауға мәжбүрлейді. Есепке
алу тәжірибесі түрлі елдерде әралуан, бірақ та оның бастауы ортақ және
философиясы ортақ және бұл Қазақстанның есепке алу практикасына оң тәжірибе
енгізу мақсатында бухгалтерлік есепке алудың және аудиттің маңызды
ерекшеліктері мен жаңа бағыттарын зерттеу қажеттілігін растайды.
Халықаралық зерттеу көзқарасы жағынан ХҚЕС және ХАС қолданудың әлемдік
тәжірибесі бухгалтерлерге, аудиторларға және қызметкерлердің басқа
санаттарына қазіргі заман бизнесінің осы немесе өзге операциясын дұрыс
бағалауға және тиісінше оң және тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Осы бағытта уәкілетті орган түрлі елдер тәжірибесін зерттеу жөніндегі
жұмысты жалғастыруда, халықаралық сарапшылардың қатысуымен бірқатар
халықаралық тәжірибелер, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу жоспарлануда.

1.3 Алтын Диірмен ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметі және есеп саясаты

1932 жылдан бастап әрекет етіп жатқан Алматы-нан өнімдері комбинаты
1992 жылы Алтын Диірмен Корпорациясы ашық акционерлік қоғамы болып қайта
құрылды.
Қазіргі кезде Корпорацияның құрамына келесі өндірістік ұйымдар кіреді:
- Алматы ұн комбинаты ЖШС (өндірістік қуаты – 150 тк), ол өзіне
мыналарды кіргізеді: мельзавод, элеватор, ұнды сақтау мен жіберу
цехы, ұнды қаптау цехы, бидай өнімдерін қаптау цехы;
- Макарон фабрикасы ЖШС (өндірістік қуаты – 23 тк – ұсақ
макарондар, 25 тк – ұзын макарондар), ол өнімнің 25 түрін
шығарады. Ет жартылай фабрикаттары мен шұжық өнімдері бойынша цех
(өндірістік қуаты – 3-4,5 тк), қазіргі күні өнімнің 28
ассортиментін шығарады; 200 тоннаға дейінгі өнімдерді сақтайтын
тоңазытқыш;
- №3 Нан-зауыты ЖШС (жоспарлы қуаты – 80 тк), өнімнің 30 түрін
шығарады;
- Бекон жауапкершілігі шектеулі серікстестігі;
- Мал азығы зауыты;
- Алтын Диірмен жауапкершілігі шектеулі серікстестігі.
Бүгінгі күні Алтын Диірмен макарон фабрикасы Қазақстан
Республикасының 11 қаласында 11 диллерден тұратын желісі бар.
Алтын диірмен ЖШС-нің қаржылық жағдайын сипаттама беру үшін төмендегі
1 кестенің мәліметтерін талдауға болады.

1 кесте – Капитал көздерінің динамикасы және құрылымын талдау

Капитал көздері 2006 ж. 2007 ж. ауытқу (+,
-)
мың тг. мың тг. мың тг.
І Меншікті капитал, барлығы
оның ішінде:
-жарғылық капитал 12999990,4 2262891,2 + 10737099,2
-резервтік капитал - - -
-бөлінбеген пайда (жабылмаған 70764,9 88393,1 + 17628,2
зиян)
ІІ Тартылған капитал
оның ішінде:
Ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздар408999,3 119755,3 - 289244,8
Қысқа мерзімді кредиторлық 7142,4 4876,3 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Dida company» ЖШС-не сипаттама және шағын кәсіпорындарда жеңілдетілгенсапалы есеп ақпараттарын құру
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Нарықтық экономика жағдайындағы өндірістегі тікелей және жанама шығындардың есебі
БӨЛШЕК САУДАДА ТАУАРЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Есептілік кезең қағидасы
Негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкасының жазбасы
Бухгалтерлік есептің мақсаты мен міндеттері
Кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебі
Жұмыстар мен қызметтер
Өндірістік шығындар есебі және операциялық аудитті ұйымдастыру
Пәндер