Кәсіпорынның басқару жүйесінің жағдайы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .
5
: 1-бөлім.
Кіріспе . . .: Басқару және басқару жүйесінің теориялық негіздері . . .
5:
: 1. 1
Кіріспе . . .: Басқарудың мәні мен мағынасы . . .
5: 7
: 1. 2
Кіріспе . . .: Басқару жүйесінің түсінігі мен құрылымы . . .
5: 14
: 1. 3
Кіріспе . . .: Кәсіпорындағы басқару және басқару жүйесінің ерекшеліктері . . .
5: 21
: 2-бөлім.
Кіріспе . . .: «Маңғыстау облысының статистика жөніндегі есептеу орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының басқару жүйесінің қазіргі жағдайы . . .
5:
: 2. 1
Кіріспе . . .: «Маңғыстау облысының статистика жөніндегі есептеу орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттамасы . . .
5: 29
: 2. 2
Кіріспе . . .: Кәсіпорынның басқару жүйесінің жағдайы . . .
5: 36
: 2. 3
Кіріспе . . .: Кәсіпорынның қызметкерлерді басқару саясаты . . .
5: 42
: 3-бөлім.
Кіріспе . . .: «Маңғыстау облысының статистика жөніндегі есептеу орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнында басқару жүйесін жетілдіру жолдары . . .
5:
: 3. 1
Кіріспе . . .: Кәсіпорынның қызметін жетілдірудегі мәселелер . . .
5: 49
: 3. 2
Кіріспе . . .: Кәсіпорынның басқару жүйесін жақсарту бағыттары . . .
5: 53
:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
5: 58
:
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
5: 61
:
Кіріспе . . .: Қосымшалар . . .
5: 63

Кіріспе

Нарықтық экономикаға өту басқару жүйесін жаңаша қалыптастыруды талап етеді. Кәсіпорының тиімді қызмет етуі көп жағдайда басқару шараларына байланысты. Сол себепті басқаруды ұйымдастыру әрбір ұйым, әрбір қор, әрбір кәсіпорын үшін өте маңызды. Өйткені кәсіпорын аз шығын мен көп пайда табу үшін тиімді басқару, жоспарлау, ұйымдастыру, жігерлендіру, бақылауды жақсы жүргізе білуі керек. Мұның бәрі кәсіпорынды нарықта өз орнын ұстап тұруына, басқа кәсіпорындармен бәсекелестікке түсуге, жоғары сапалы өнім шығаруға, кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасымен дұрыс қарым-қатынас жүргізуіне жұмысшыларды еңбекке жігерлендіруге, жаңа технологияларды өндіріске қолдануға, нарықтық экономиканың ағымына байланысты жедел, тиімді шешімдер қабылдауына мүмкіндік береді.

Басқарудың мәні, оның қызметі және ерекшелігі: біріншіден, оның алдына қойған мақсатын орындауға бағытталған жолымен, екіншіден, басқарушылық еңбек процесінің "оңай" сәттерінің мағынасымен, яғни еңбек заттары мен еңбек құралдары және еңбектің өзімен тікелей байланысты.

Басқару формаларының түр ерекшеліктері басқару объектісіне байланысты. Бұл оның барлық түрлеріне қатысты жалпы басқару принциптері, заңдылықтары болмайды деген сөз емес. Өзімізге белгілі бұл басқарудың ортақ заңдылықтарын, универсалды мәніне сүйене отырып, сапалық тұрғыдан өзгеше кез-келген жүйеде қолданылатын принциптерін кибернетика қарастырады.

Кәсіпорынды басқаруға, оның өзгешелігіне қарамастан, жалпы басқарудың нысандары тән. Олар мейлі табиғатта, тірі организмдерде немесе қоғамда болсын, басқару процестерінің бәрінен көрінеді. Бұл жалпы нышандарға: жүйелік, анықтаулық, басқарушы параметр, кері-байланыс, бағытталғандық және т. с. с. тән.

Кәсіпорынның басқарушы және басқарылатын жүйелерінің өзіне тән құрылымы мен құрамы бар. Басқарылатын жүйе болып өндіріс табылады, ол басқарудың негізгі объектісі. Басқарылатын жүйе, құрылымдық жағынан иерархиялық және функционалдық белгілері бойынша жіктеледі.

Кәсіпорын қызметтерін жоспарлау жұмысына, ең алдымен жоғарғы басшылар қатысады, олар ресурстарды оптималды үлестіру үшін бастапқы жағдайды қалыптастырып, өкілеттерді қызметкер арасында дұрыс бөледі. Белгілі өкілеттерге ие болған адамдар ресурстарды бөлерде творчествалық көзқарас білдірту керек. Басқарушылардың табысқа жетуі көп жағдайда оның ең соңғы теория жаңалықтарын, болашақ пен бүгіннің арасындағы байланысты тауып, әртүрлі аналитикалық құрал-әдістерін қолдану қабілеттігіне байланысты. Жоспарлауды негіздеу дәрежесін көтеру ұйым дамуының қосымша бір қайнар көзі болып табылады.

Басқару жүйесінің негізгі мақсаттары, біріншіден, ұйымның жұмысын жақсарту үшін ұйымдастырушылық қажетті жағдайларды туғызу, екіншіден, жоспарланған нақтылы нәтижеге жету үшін жекелеген еңбек процестерінің арасында үйлесімділікті қалыптастыру, жұмысшылардың бірлескен әрекетін өзара келістіруді қамтамасыз ету. Демек, басқару жүйесі ең алдымен адамдармен жұмыс істеу, ал олардың еңбек әрекеті басқарушылық ықпалын тигізетін объект қызметін атқарады. Сондықтан қазіргі нарық уақытында басқару жүйесін жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып табылады, себебі кәсіпорындарда еңбек өнімділігін арттыру және жаңа басқарушылық технологияларды ұтымды пайдалану оңтайлы басқару жүйесі мен құрылымы қалыптасқанда ғана жүзеге асырылады. Басқару объектісі белгіленген мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін жүйе болғандықтан кәсіпорында басқарылатын жүйені белгілі бір қалыпта ұстап тұру үшін өндірістің барлық элементтеріне бірдей ықпал ету қажет.

Дипломдық жұмыстың мақсаты «Маңғыстау облысының статистика жөніндегі есептеу орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының басқару жүйесін талдау және жетілдіру жолдарын қарастыру.

Дипломдық жұмыстың мақсатын орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылып, шешілді:

-басқарудың мәні мен мағынасын жан-жақты қарастыру;

-басқару жүйесінің түсінігі мен құрылымын зерделеу;

-кәсіпорындағы басқару және басқару жүйесінің ерекшеліктеріне талдау жасау;

-«Маңғыстау облысының статистика жөніндегі есептеу орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттамасын қарастыру;

-кәсіпорынның басқару жүйесін және қызметкерлерді басқару жағдайын талдау;

-кәсіпорында басқару жүйесін жетілдіру жолдарын қарастыру.

Диплом жұмысы кіріспеден, үш негізгі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде басқару және басқару жүйесінің теоретикалық негіздері туралы мәліметтер жазылған. Екінші бөлімде кәсіпорынның басқару жүйесінің қазіргі жағдайы қарастырылған. Үшінші бөлімде кәсіпорынды басқару жүйесін жетілдіру жолдары ұсыныстар берілген.

Диплом жұмысын жазу барысында отандық және шет елдік ғалымдардың басқару жүйесінің теориясы мен тәжірибиесі туралы еңбектері, оқу құралдары және басқару туралы мақалалар, жергілікті басылымдардың мәліметтері, интернет - ресурстар ақпараттары қолданды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігі мен «Маңғыстау облысының статистика жөніндегі есептеу орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының ережесі, жылдық есептері мен анықтамалары пайдаланылды.

1 бөлім Басқару және басқару жүйесінің теоретикалық негіздері

1. 1 Басқарудың мәні мен мағынасы

Басқару дегеніміз - алға қойылған мақсаттарға жету үшін адамдар бағыттап, жүзеге асыратын күрделі де серпінді процесс. Басқару адамдардың парасаттылық нысаналы іс-қызметінің көмегі мен қоршаған әлемді бағындыру және тәртіпке келтіру жұмысынан тұратындығы бұрыннан белгілі.

Басқару қызметтің өзіндік өзгешелігі, ерекше мазмұны болады әрі дербес жүзеге асырылуы мүмкін. Оларды кез-келген басқару саласындағы адамдар қызметіне теңестіруге болады. Шындығында кез-келген салада басқару үшін шешімді әзірлеу және қабылдау, оның орындалуын ұйымдастыру, оның орындалу барысын үйлестіру, орындалу нәтижесін бақылау және де осы деректердің негізінде келесі шешімді шығару және қабылдау қажет.

Басқарудың барлық қызметі бір-біріне тығыз байланысты, сонымен қоса, олар бір-бірімен сіңісіп кетеді. Жоғарыда атап көрсетілгендей, басқару қызметіне деген көзқарас және олардың жіктелуі алуан түрлі «Менеджмент негіздері» кітаптарының авторлары басқару қызметінің елеулі түрлерін шағын категорияға бөледі. Мұның өзін қазіргі барлық ұйымдарға қолдануға болады. Авторлардың пікірінше, басқару процесі олардың өзара байланысты қызметтерінен: жоспарлаудан, ұйымдастырудан, мотивация және бақылаудан тұрады. [1]

Басқарудың мәні, оның қызметі және ерекшелігі: біріншіден, оның алдына қойған мақсатын орындауға бағытталған жолымен, екіншіден, басқарушылық еңбек процесінің "оңай" сәттерінің мағынасымен, яғни еңбек заттары мен еңбек құралдары және еңбектің өзімен тікелей байланысты.

Басқарудың негізгі мақсаттары, біріншіден, ұйымның жұмысын жақсарту үшін ұйымдастырушылық қажетті жағдайларды туғызу, екіншіден, жоспарланған нақтылы нәтижеге жету үшін жекелеген еңбек процестерінің арасында үйлесімділікті қалыптастыру, жұмысшылардың бірлескен әрекетін өзара келістіруді қамтамасыз ету. Демек, басқару ең алдымен адамдармен жұмыс істеу, ал олардың еңбек әрекеті басқарушылық ықпалын тигізетін объект қызметін атқарады.

Басқару белгілі бір нәтижелерге жету үшін нысанды басқарудағы субьектінің мақсатты бағытталған басқаруға ықпал ету процесі. Бұл орайда басқару субьектісі болып биліктік өкіметтілігін оның экономикалық және моральды этикалық ықпал ету басқару прцесінің негізінде жатыр. Басқару обьектілері, яғни субьектінің биліктік әсері жеке және заңды тұлғаларға сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық жүйелермен процестерге бағытталуы мүмкін.

Ғалымдар басқару саналы қызмет ретінде тек қоғамда әрекет етеді деп тұжырымдайды. Сондай-ақ олар өз еңбектерінде басқаруға қатысты ерекшеліктерді келесідей көрсеткен:

  • «Басқару - бұл уақытында үздіксіз және кеңістікте жүзеге асатын процесс»
  • «Басқару» - кең ауқымды талдауды, өңдеуді және анықталған мақсаттың алға қойылуын талап ететін мақсатқа бағытталған.

Обьектіні басқарудағы субьектінің әсер ету нәтижесінде алынған кейбір нәтижелер міндетті түрде мақсатқа сай болуы крек. Нақты нәтиже тәжірибеде мақсаттан ауытқып ол төмен болуы мүмкін немесе жеке жағдайларда басқару сапасының жоғарлығына сәйкес келуіде мүмкін.

Ал, профессор Ахметов К. Ғ. басқаруға мынадай анықтама берген «Басқару» - адамдардың кәсіпкерлік қызметі. Басқару - бұл ұжымдық қызметкерлерге және жекелеген адамдарға, олардың бірлескен жұмыс процесінде мақсатты жүйелі ықпал ету. [2]

Басқару формаларының түр ерекшеліктері басқару объектісіне байланысты. Бұл оның барлық түрлеріне қатысты жалпы басқару принциптері, заңдылықтары болмайды деген сөз емес. Баршаға белгілі бұл басқарудың ортақ заңдылықтарын, универсалды мәніне сүйене отырып, сапалық түрғыдан өзгеше кез-келген жүйеде қолданылатын принциптерін кибернетика қарастырады.

Басқару адамдардың кәсіптік қызметі. Басқару бұл ұжымдағы адамдарға және жекелеген адамдарға, олардың бірлескен жұмыс процесінде мақсатты жүйелі ықпал ету.

«Мақсаттылқ» анықтамасы басқару міндетін - ұжымның алдына қойған мақсатына жетуін қамтамасыз етуді көздейді. Оның үстіне мақсат қою да басқару міндеті.

«Жүйелілік» анықтамасы дүркін-дүркін емес жүйелі, үздіксіз жүзеге асыру қажеттігін көрсетеді. Жүйелі тәсіл - бұл басқару объектісін жүйе реітнде зерттеуге негізделген ғылыми танып білу және әлеуметтік тәжірибе әдістемесінің бағыты. Бұл тәсіл басқару объектісінің жағдайына және серпіндігіне ықпалын тигізетін барлық негізгі факторларды ескере отырып жүргізетін кешенді зерттеуге негізделген. Жүйелік тәсіл басшылардың ұйымды өзара тәуелді адам, құрылым, міндет және технология сияқты элементтердің жиынтығынан тұратындығы және олардың сыртқы ортаның өзгермелі жағдайында әртүрлі мақсатқа жетуге болатындығы түрінде қарастырғанды ұйғарады. Басқарудағы жүйелі тәсілдің маңызды бір белгісі жүйелі талдау, ол күрделі басқару шешімді дайындауда және дәлелдеуде пайдаланылатын әдістемелік құралдардың жиынтығынан тұратындығын көрсетеді. Жүйелі талдау декомпозиция жүйесіне негізделген, яғни оны құрайтын элементтерге бөлуді, олардың әрқайсысын және өзара байланысын зерттеуді, осы элементтердің түгелдей жүйенің жай жағдайына және іс-қимылына көрсететін ықпалын анықтауды қажет етеді. Сөйтіп жүйелі талдаудың көмегі арқылы күрделі зерттеу объектісі оқып білуге қажетті қол жетерлік қарапайым элементтерден құралған жиынтықтан тұратындығы көрсетіледі. [3]

Әрекеттің осындай міндетті бірізділігін басқару процесі деп атайды. Әр түрлі деңгейде басқару процестерінің күрделілігіне және алуан түрлілігіне қарамастан, Д. Н. Бобрышев осы категорияға - басқару процесіне біршама жалпылама анықтама береді. Басқару процесі бұл - шешімді шығаруды, қабылдауды қабылданған шешімнің орындалуы жөніндегі жұмыс барысын үйлестіруді, қабылданған шешімнің орындалу барысын үйлестіруді, қабылданған шешімнің орындалу барысын бақылауды бірізділікпен жүзеге асыру деп тұжырымдайды. Басқару процестерін басқарудың көпетегн жүйелері мен салаларында жүзеге асырады. Кәсіпорындар мен мекемелерде, кәсіпорындарды тасымалдау орындарында, т. б. яғни, адамдар еңбек ететін ұжымның барлығында белгілі бір мақсатқа жету үшін басқару қызметі бірінші кезектегі міндет болып саналады. Басқару процесі мемлекеттік деңгейде де, шаруашылық ұйымында да бірдей жүргізіледі. Стратегиялық және жедел проблемаларды шешкен кезде ол бір мақсатты көздейді, әрине мұндай жағдайда көбінесе «Стратегиялық басқару», «жедел басқару» секілді терминдерді пайдаланады, бірақ басқарудың мазмұны өзгермейді.

Басқару циклді процесс ретінде қарастырылады, ол «басқару қызметі» деп аталатын басқару жұмысының нақты түрінен тұрады. Басқару қызметі - басқару жұмысының нақты түрі, оны жүзеге асыру үшін арнайы амалдар мен әдістер, сондай-ақ тиісті ұйымдық жұмыстар қолданылады. [4]

Басқару мағынасы, оның іс жүзінде атқарылатын салаларын қарастырмай ашу мүмкін емес. Осыған орай объективті үш саланы ажыратқан жөн: өлі табиғаттағы басқару; биологиялық жүйелердегі басқару; адам қоғамындағы басқару (әлеуметтік басқару) .

Әлеуметтік басқарудың екі түрін ажыратады:

  1. басқаруды әр адам еңбегінің элементі (бөлшегі) ретінде қарау;
  2. басқаруды адамдардың өзара қарым-қатынасы элементі ретінде қарау.

Адамзат қоғамына тән басқару процестері мүлдем әр түрлі. Шартты түрде саяси басқару, мемлекетті басқару және экономиканы немесе оның құрамдас бөліктерін басқару деп бөлуге болады.

Басқару қызметінің өзіндік ерекшелігі, ерекше мазмұны болады, әрі дербес жүзеге асырылуы мүмкін. Оларды кез келген басқару саласындағы адамдар қызметіне теңдестіруге болады. Шындығында, кез келген салада басқару үшін шешімді әзірлеу және қабылдау, оның орындалуын ұйымдастыру, оның орындалу барысын үйлестіру, орындалу нәтижесін бақылау және де осы деректердің негізінде келесі шешімді шығару және қабылдау қажет.

Басқару - шешім қабылдау процесі. Басқару процесінде шешім қабылдау ең тиімді мәселе. Шешім қабылдау басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кез келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады. Кәсіпорыннң және ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижесі басшының дер кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуіне, ал оның жеделдігі мен дұрыстығы басшының тәжірибесі мен біліміне байланысты.

Егер ол өндірісті технологияны және адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиынға түспейді.

Басшы сонымен қоса жете ойластыруы жоқ деректерді болжамдай білуі, дұрыс қорытынды жасай білуі және соның негізінде жағдайға сәйкес келетін шешім қабылдауы тиіс. Басшы кез келген жағдайда шешім қабылдаудан бас тартпауы тиіс.

Қабылданған шешім бүкіл ұжымның экономикалық және әлеуметтік нәтижелеріне, әрбір жұмыскерге қолайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтан да шешім қабылдаған адам өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді. [5]

Қоғамдық еңбекті дамытудың маңызды белгісі, оны бөлісу мен бірлесу. Өндірісте еңбекті жүйелі түрде бөлісу мен бірлесу басшы еңбегін адамдардың іс - әрекеттеріндегі ерекше түрге білуге ықпал етті. Басшылықта бірлескен еңбек объективті қажеттілік, өйткені оны жүзеге асыру үшін адамдардың бірлесіп әрекет етуі қажет, ал мұның өзі басқару арқылы қамтамасыз етіледі.

Басқару еңбегі жалпы еңбек секілді әлеуметтік - экономикалық табиғаты болады. Оның өзі қоғамдық еңбектің даму процесінде пайда болады.

Басқару еңбегі өндірістік еңбек болып саналады. Мұның өзі өндірісті, соның ішінде басқару еңбегінің өнімділігін арттырудан туындайды. Басқару еңбегінің өзіндік ерекшелігі болады, оны еңбек өнімділігін салыстыру арқылы анықтайды.

Басқарудың жалпы заңдылықтары басқару механизмінің жұмысында, ақпаратты жинау, беру, ақпаратты өңдеу жүйесінде орын алады және т. с. с., бірақ басқарудың мәні әрқашан басқарылатын жүйенің өзімен, оның өзгеше заңдылықтарымен тығыз байланысқан.

Сөйтіп, басқарудың мәнін оның жекелеген тармақтарын, басқарушы жүйенің мәнін, оның сан-алуан аспектілерін зерттейтін әртүрлі ғылымдардың жетістіктерін қолдану негізінде ашуға болады.

Шын мәнінде, басқару - өте күрделі, кешенді жүйе. Басқару мақсаттарды, принциптерді басқару әдістері жүйесін құруды алға қояды. Құрылымдық тұрғыда ол басқару органдарын, басқару кадрлерін, басқару техникасын қамтиды. Іс барысында басқару әр түрлі кезеңнен өтеді. Олар: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау. Басқару органдары мен процестері әр түрлі деңгейде әр түрлі болады және әр түрлі әлеуметтік ұйымдарда бірдей емес. Басқаруда сан алуан саяси, экономикалық, ұйымдастыру-техникалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелерді ескеріп, үйлестіріп отыру қажет. Басқару процесінде ұйым қызметінің барлық тараптары мен аспектілері оған қатысушылармен біртұтас бірігеді, интеграцияланады. Барлық элементтердің біртұтас бірігуі процестерін зерттеу, басқаруды біртұтас, кешенді және нақты әлеуметтік құбылыс ретінде зерттеп-білу басқаруды зерттеу тақырыбы болып табылады.

Өтпелі кезең жағдайында экономиканы басқарудың орасан зор мақсаты нарықтық қатынастарды реттеу әдістерінің икемді жүйесін жасау, халық шаруашылығының әлеуметтік жағынан бағдарланған қоғам мүшелерінің лайықты өмір сүруі үшін материалдық жағдайлар жасай алатын нарықтық экономикаға оңта йлы енуін қамтамасыз ету болып табылады. [6]

Сонымен қатар, басқарудың перспективалы мақсаттарының бірі оны кәсіпорындар мен аймақтар деңгейінде демократияландыруды одан әрі тереңдете түсуі тиіс.

Басқару қызметі - бұл басқару қызметінің белгілі - бір тұтастай мазмұнға ие болған оқшауланған бөлігі, яғни бұл басқару қызметінің мамандандырылған қызметінің бірыңғай тұтас синтезделуін және интеграциялануын басшылық деп атайды.

Кәсіпорын басшысы мен оның құрылымдық бөлімшелері әкімшілік еңбекті атқарады. Бұл қызмет өте қиын, өйткені басшының алуан түрлі фактімен істес болуына тура келеді. Басшы өзіне екі міндеттің жүктелетіндігін білуі тиіс: адамдармен жұмыс істеу және басқару жүйесін ұйымдастыру. Олар өзара байланысты, әрі күн өткен сайын күрделене түсуде. [3]

Басшы өз жұмысында ғылым мен техника жетістіктерін жаппай қолдану өндіріс технологиясына, еңбек құралдары мен заттарына, адамдардың еңбек әрекетінің сипатына сапалық өзгерістер енгізетіндігін ескеруі тиіс. Әрі мұның өзі жұмыскердің ынта-ықыласына, талап тілегі мен мотивтеріне терең ықпал етеді. Мұның өзі оның жұмысын қиындата түседі, өйткені білімді, білікті жұмыскерлерді басқару едәуір күрделі. Сонымен қоса, басқару жұмысы біршама шығармашылық тартымды, әрі нәтижелі болады.

Басқару адам қызметінің ерекше, өзгеше саласын құрғанмен, өз алдына мүлдем дербес процесс ретінде қарауға болмайды. Ол басқарудың түр ерекшеліктерін анықтайтын әлдеқайда кең жүйе құрамына кіреді. [6]

Басқару формаларының түр ерекшеліктері басқару объектісіне байланысты. Бұл оның барлық түрлеріне қатысты жалпы басқару принциптері, заңдылықтары болмайды деген сөз емес. Өзімізге белгілі бұл басқарудың ортақ заңдылықтарын, универсалды мәніне сүйене отырып, сапалық түрғыдан өзгеше кез-келген жүйеде қолданылатын принциптерін кибернетика қарастырады.

Кәсіпорынды басқаруға, оның өзгешелігіне қарамастан, жалпы басқарудың нысандары тән. Олар мейлі табиғатта, тірі организмдерде немесе қоғамда болсын, басқару процестерінің бәрінен көрінеді. Бұл жалпы нышандарға: жүйелік, анықтаулық, басқарушы параметр, кері-байланыс, бағытталғандық және т. с. с. тән.

Басқару теориясында логикалық әдіс қолданылып, логикалық заңдар тұжырымдалады. Экономикада басқару шешімдерін қабылдау логикасы айтарлықтай дәрежеде формализациялауға көнеді. Осыған орай басқару мәселелерін зерттеп-білуде экономикалық-математикалық әдістердің алатын орны ерекше.

Басқару күрделі субъектілік-объектілік ара қатынасты қамтиды. Басқару ісі басқару теориясының дамуы арқасында барған сайын ғылыми негізделіп келеді, алайда сонымен қатар ол шығармашылық, өнер саласы болып қала береді. Басқару жүйесінің тиімділігі басшылардың нақты жайттарда басқарудың ғылыми принциптерін жасампаз қолдану өнерін меңгере білуімен қамтамасыз етіледі.

Басқару процесінде басқару субъектісі ретінде адамның өзі және оның іс - әрекеті, ал оның еңбек құралы ретінде - ұйымдық - техникалық құралдар қатысып, бұлардың әрекеті басқару мүмкіндігін арттыра түседі. Басқару еңбегінің заты мен құралының ерекшелігі оның сипаты мен мазмұнын айқындайды. Басқару еңбегі - көбінесе ой еңбегі. Бұған әлеуметтік, экономикалық, ұйымдық, техникалық - технологиялық сипаттағы шешімдерді бағалау мен жобалау жатады. Оның негізгі мазмұны сол, мұнда тұтастай алғанда адамдармен жұмыс істейді. Басқару еңбегінің негізгі қызметі осында. Басқару еңбегі - бұл ұжым адамдарына таралатын іс - әрекет. Бұған еңбек процесіндегі жеке адамдар ғана емес, тұтастай ұжым қатысады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны
Салалық министрліктердегі қаржылық бақылау органдары
Мемлекеттік қаржы туралы
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқару
Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару
МЕНШІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Қаржы менеджменті туралы
Кәсіпкерлік қызметтің банкроттықтан сақтандыру жолдары
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІН КӘСІПОРЫНҒА ЕНГІЗУ
Қаржылық менеджменттің маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz