Кәсіпорынның қаржысын басқаруда қаржы есептілігін қолданудың экономикалық маңызы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1. Кәсіпорынның қаржысын басқаруда қаржы есептілігін қолданудың
экономикалық
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..7
1. Кәсіпорынның қаржысын басқаруда қаржылық есеп берудің жалпы сипаттамасы
мен
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .7
2. Кәсіпорынның қаржысын басқарудағы қаржылық есеп берудің алдындағы
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 14
1.3 Кәсіпорынның қаржысын басқарудағы қаржылық есеп беру туралы
ғалымдар мен тәжірибешілердің ой-
пікірлері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..22
2. ТурбоПромНаладки ЖШС-нің ұйымдық сипаттамасы мен кәсіпорынның
қаржысын басқарудағы қаржылық есеп беруін
талдау ... ... ... ... ... ... ..27
2.1 ТурбоПромНаладки ЖШС-нің ұйымдық экономикалық сипаттамасы.27
2.2ТурбоПромНаладки ЖШС – нің қаржылық көрсеткіштерін талдау ... ..32
2.3 ТурбоПромНаладки ЖШС – нің қаржылық есеп беруі ... ... ... ... ... .41
3. Кәсіпорынның қаржысын басқарудағы қаржылық есеп берудің жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 57
3.1 Кәсіпорындағы қаржылық есеп берудің ХҚЕС – ға көшудегі
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..57
3.2 Кәсіпорынның қаржысын басқарудағы қаржылық есеп берудегі
қателіктерді
тұзету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 60
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...68
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..71
Қосымшалар
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың мақсаты – нақты кәсіпорынның материалдары бойынша
кәсіпорынның қаржысын басқаруда қаржы есептілігінің мәні мен маңызын, оның
басқару шешімдерін бақылаудағы рөлін анықтау болып табылады. Осы мақсатқа
сәйкес жұмысымда келесідей міндеттер айқындалады:
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау барысында бухгалтерлік баланстың
мәнін анықтау;
- Қаржылық есеп берудің экономикалық маңызын талдап, ғалымдар мен
тәжірибешілердің еңбектеріне шолу жасау;
- дипломдық жұмысымның объектісіне алынып отырған ТурбоПромНаладки ЖШС-
ң экономикалық-ұйымдастырушылық жағдайына сипаттама беру (2009-2011
жылдардағы бухгалтерлік балансын салыстырмалы түрде талдау, қаржы-
шаруашылық жағдайына есеп беру және т.б.)
- қазіргі кездегі балансты есептеудегі ақпарат жүйелеріне сипаттама
беру;
- ХҚЕС – на көшудегі Қаржылық есеп беруді қайта құрастырудағы
ерекшеліктерін анықтап, талдау.
Дипломдық жұмысым кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды мен ұсыныстан,
қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады және ҚР-ң Заңы,
нормативтік актілерге, теориялық және әдістемелік жағынан көптеген ғалымдар
мен тәжірибешілердің еңбектеріне сүйеніп, кәсіпорынның бухгалтерлік
балансына негізделіп жазылған.Сондай – ақ, бұл жұмысымда салыстыру,
материалдарды теориялық және нақты талдау,синтетикалық топтастыру,
корреляциялық әдістер қолданылады.
Бұл жұмысымның нақтылығы - ТурбоПромНаладки ЖШС-ң 2009-2011 жылдар
бойынша мәліметтерін зерттеу негізінде айқындалады.
1.Кәсіпорынның қаржысын басқаруда қаржы есептілігін қолданудың
экономикалық маңызы
1.1 Кәспорынның қаржысын басқаруда қаржылық есеп берудің жалпы
сипаттамасы мен ерекшеліктері
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің
қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне,
әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара
негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық
есептердің ақпараттық базасына айналды.
Бухгалтерлік есеп – субъектілердің активтері, меншікті капиталы,
міндеттемелері, табыстары және шығыстары жөніндегі ақпаратты жинақтау,
тіркеу және қорытындылау жүйесі.
Қаржылық есеп беруді жасамас бұрын оның деректерінің шынайылығын
қамтамасыз ету үшін Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы
Заңға, 24 Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру бухгалтерлік есептің
стандартына сәйкес субъект мүлікті және міндеттемелерді түгендеуге
міндетті.
Қаржылық есеп берудің элементтері:
Активтер субъектінің құнмен бағаланатын мүлкі, мүліктік және жеке
мүліктік емес игіліктері мен құқықтары.
Активтер пайдалану мерзіміне байланысты екі топқа бөлінеді: ұзақ
мерзімді активтер, ағымдағы активтер.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің активтері белгілі бір көздерден
құралады.
Меншікті капитал - субъект қызметінің бүкіл кезеңіне арналып
бекітіледі, оның негізгі және айналым қаржысының құралу көздері болып
табылады.
Міндеттемелер - бұл белгілі тұлғаның (борышкердің) басқа бір тұлғаның,
яғни қарызгердің (кредитордың) пайдасына белгілі бір іс әрекет жасау
міндеттемесі: мәселен, мүлікті тапсыруы, жұмыс атқаруы, ақша төлеуі және
басқалар, не болмаса белгілі бір іс әрекеттен бас тарта тұруы, ал
борышкерден оның міндеттемелерін атқаруды талап етуге қарызгердің құқы бар.
Міндеттемелер ұзақ мерзімді және ағымдағы болып міндеттемелер болып
бөлінеді.
Табыстар- бұл активтердің көбеюі және міндеттемелердің азаюы.
Шығыстар- бұл активтердің азаюы және мндеттемелердің көбеюі.
Есептік кезеңдегі тугендеу санын, оның жүргізілетін күнін, оның
әрбіреуін тексеретін мүлік тізбесін субъект белгілейд. Субъект түгендеуді
жүргізу міндетті мына жағдайларда қалыс қалады:
- жылдық бухгалтерлік есеп беруді жасау алдында, алайда есептік жылдың
қараша айынан бұрын бастамауы керек;
- субъект мүлікті жалға, сатуға, сатып алуға, сондай-ақ шаруашылық
жүргізуші субъектінің қайта кұрылуына тапсырғанда;
- материалды-жауапты тұлға ауысқанда (істі қабылдау-тапсыру күні);
- талан-тараж және қаскүнемдік фактілерін белгілегенде, сондай-ақ
құндылықтар бүлдірілгенде - мұндай фактілерде дереу түгендеу;
- төтенше жағдайдан болатын өрт немесе стихиялық (дүлей) апат кезінде,
бұл апаттар басылғаннан кейін түгендеуді дереу қолға алу ;
- тарату (бөліністік) балансы жасалмастан бұрын субъектіні таратуда
(қайтаұйымдастыруда);
- негізгі құралды және тауарлы-материалдық қорларын қайта бағалауда
-субъектінің есептік саясатымен белгіленген мерзімде және
Қазақстан Республикасы заңында қарастырылған басқа жағдайлар.
Ұйымның қаржы есептілігін қалыптастырудың концептуалдық негізінде
қаржы есептілігін дайындау мен оны табыс етуге қатысты негізін қалаушы
ережелер белгіленген (1). Оның мақсаты:
- ҚР Қаржы министрлігіне ҚР бухгалтерлік есеп пен каржы есептілігі
мэселелері бойынша нормативтік актілер қабылдауға;
- қаржы есептілігін дайындайтын адамдарға ХҚЕС-ты пайдалануға;
- қаржы есептілігін пайдаланушыларға ХҚЕС негізінде жасалған қаржы
есептілігіндегі ақпаратты талдауда көмек корсету болып табылады.
Концептуалдық негізде қаржы есептілігі ұғымына анықтама беріледі және
келесі мәселелер қарастырылады:
а) қаржы есептілігінің мақсаты мен оны пайдаланушылар;
ә) қаржы есептілігін жасау қағидалары, қаржы есептілігіндегі
ақпараттың пайдалылығын анықтайтын негізгі және қосымша сипаттамалар;
б) қаржы есептілігінің қүрамдастары мен оның жүйе құрайтын
элементтері;
в) қаржы есептілігін дайындау мен табыс етуге қойылатын талаптар.
Қаржы есептілігі үйымның қаржы ақпаратының негізгі көзі болып
табылады.
Оқу-талдамалы әдебиетте қаржы есептілігі ұғымына әртүрлі анықтама
беріледі. Қаржы талдауы жөніндегі еңбектердің авторлары осы ұғымға үйымның
мүліктік және қаржылық жай-күйі және есепті кезеңдегі оның қызметінің қаржы
нәтижелері туралы көрсеткіштер жүйесі деген анықтама береді.
Қаржы есептілігін табыс ету ІАS 1 Халықаралық қаржы есептілігі
стандартында Қаржы есептілігі деп кәсіпорынның қаржылық жай-күйі мен қаржы
нәтижелерін құрылыммен көрсету аталады делінген (2).
Біз Бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы 2007 жылғы 28
ақпандағы №234-111 ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңында келтірілген:
қаржы есептілігі деп жеке кәсіпкердің немесе үйымның қаржылық жай-күйі,
оның қызметінің нәтижелері мен қаржылық жай-күйіндегі өзгерістер туралы
ақпарат аталады деп айтылған дефиницияны ұстанамыз (1).
Осы заңнама актісінде қаржы есептілігінің мақсаты ретінде мүдделі
тұлғаларды жеке кәсіпкерлердің немесе ұйымдардың қаржылық жай-күйі, олардың
қызметінің нәтижелері мен қаржылық жай-күйіндегі өзгерістер туралы толық
және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету көрсетілген (3). Қаржы есептілігі
мақсатының осы анықтамасы ХҚЕС 1-ге (ІАS) негізделеді. Онда Жалпы
тағайындалыстағы қаржы есептілігінің мақсаты -пайдаланушылардың кең ауқымы
экономикалық шешім қабылдаған кезде пайдалы болатын кәсіпорынның қаржылық
жай-күйі, қаржы нәтижелері мен оның ақшалай қаражатының қозғалысы туралы
ақпаратты табыс ету деп айтылған (4).
Қаржы есептілігін пайдаланушыларға инвесторлар, қызметкерлер, қарыз
берушілер, жеткізушілер, сатып алушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен
қоғам жатады. Олар қаржы есептілігін өздерінің әртүрлі ақпараттық
қажеттілігін қанағаттандыру үшін пайдаланылады.
Сөйтіп, қаржы есептілігін пайдаланушыларды қысқаша талдау олардың
мүдделерінің, мақсаттары мен шешімдерінің әртүрлі болуына қарамастан,
ұйымға белгілі бір мүддесі бар барлық пайдаланушыларды бір жағдай
біріктіреді - оларға өздері осы ұйымға қатысты қабылдаған шешімдері
пысықталмаған, негізді және орынды болуы үшін ақпарат қажет. Қысқаша
айтқанда, ақпарат өздігінен пайда болмайды, бұл жерде ақпарат қалыптасатын
ақпараттық шикізат түріндегі ақпараттық база тілге тиек етіледі. Оның әр
түрлі анықтамасы қолданылады, олардың ең сыйымдысы: ақпарат - бұл өзі
жататын саладағы белгісіздікті азайтатын мәліметтер делінген. Басқаша
айтқанда, ақпарат - бұл қоймадағы тауар сияқты даяр түрде болмайтын,
тұтынушыларға ақпараттық шикізаттан, яғни ақпараты бар деректерден алынатын
жаңа білім.
Қаржы есептілігі әр түрлі пайдаланушылар тобының барлық ақпараттық
қажеттілігін қанағаттандыра алмайтындықтан, онда барлық пайдаланаушылардың
жалпы қажетгілігіне жауап беретін ақпарат ұсынылады. Инвесторлар ұйым үшін
капитал жеткізетіндіктен, олардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін
берілетін ақпарат қаржы есептілігін басқа да пайдаланушылардың көптеген
қажеттілігін де қанағаттандырады. Қаржы есептілігі жылына бір реттен сирек
емес жасалып, табыс етіледі.
Ұйымның басшылығы қаржы есептілігін дайындап, оны табыс ету үшін жауап
береді. Ол жоспарлау, шешім қабылдау және бақылау жөніндегі өзінің
міндеттерін жүзеге асыруға көмектесетін қосымша басқарушылық және қаржы
ақпаратына қол жеткізе алса да, басшылық қаржы есептілігіндегі ақпаратқа
мүдделі.
Сөйтіп, қаржы есептілігі пайдаланушылардың кең ауқымына экономикалық
шешім қабылдау үшін қажет. Ақпаратқа экономикалық шешім қабылдау үшін
пайдаланушыларға қажетті бүкіл ақпарат кірмейді.
Қаржы есептілігін пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер
ұйымның ақша жасау қабілетін, сондай-ақ ақшаны уақытында әрі тұрақты жасау
қабілетін бағалауды қажет етеді. Мысалы, бұл ұйымның өз қызметкерлеріне,
жеткізушілерге төлеуге қабілеттілігін, сыйақы төлеуді, қарыздарды өтеп,
кірісті өзінің меншік иелерінің арасында бөлуді қамтамасыз ететін қабілетін
анықтайды. Пайдаланушыларда ұйымның қаржылық жай-күйін және оның қаржы
жағдайындағы өзгерістерді шынайы көрсететін ақпаратпен қамтамасыз етілген
жағдайда, олар ұйымның ақша мен оның баламаларын жасау қабілетін жақсы
бағалай алады. Алайда коммерциялық құпияны қорғау туралы занды
пайдаланушылар алатын қаржы ақпаратының көлемін шектейді, ал кейбір
пайдаланушылар (тергеу органдары, тексерушілер, аудиторлар) өкілеттігі
болған жағдайда қаржы есептілігіндегі ақпаратқа қосымша ақпарат талап ете
алады. Ал пайдаланушылардың көпшілігі қаржы ақпаратының негізгі көзі
ретінде қаржы есептілігіне сенім артады. Сондықтан рыноктық экономика
жағдайында қаржы есептілігі ұйымнын қызметі туралы қаржы ақпаратының жалғыз
жүйелі көзіне, әр түрлі ұйымдастыру-құқықтық нысандагы шаруашылық жүргізуші
субъектілер коммуникациясының негізгі құралына және басқарушылық шешім
қабылдау үшін қажетті кейінгі талдамалы есептердің ақпараттық базасына
айналып отыр.
Концептуалдық негізде бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржы
есептілігін жасаудың есептеу қағидасы және үздіксіздік қағидасы деп
аталатын екі қағидасы көрсетілген. Бухгалтерлік есептің қағидасы - бұл осы
ғылымның негізгі бастапқы жай-күйі. Есептеу қағидасы қаржы есептілігін
дайындауда базалық болып табылады. Ол шаруашылық операциялардың, сондай-ақ
ұйымның немесе кәсіпкерлердің шаруашылық қызметінің нәтижесі болып
табылмайтын, алайда төлеу уақытына, яғни ақшалай қаражаттың кімнен, қашан
түскеніне қарамастан, олардың факт бойынша қаржылық жай-күйіне ықпал ететін
оқиғалардың нәтижелерін танумен қамтамасыз етіледі. Операциялар мен
оқиғалар бухгалтердік есепте көрсетіледі және өздері жататын кезеңнің қаржы
есептілігіне енгізіледі. Есептілік қағидасы бойынша жасалған қаржы
есептілігі пайдаланушыларды ақша төлеумен және алумен байланысты өткен
операциялар туралы ғана емес, сонымен бірге келешекте ақша төлеу
міндеттемесі, келешекте алынатын ақшаны білдіретін ресурстар туралы
хабардар етеді. Сөйтіп, қаржы есептілігі пайдаланушыларға экономикалық
шешім қабылдаған кезде өткен, өте маңызды операциялар мен оқиғалар
жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Қаржы есептілігі әдетте үйым үздіксіз жұмыс істейді және келешекте
жұмыс істейді деген шартпен жасалады. Демек, ұйым таратылмайды немесе
өзінің қызмет ауқымын айтарлықтай қысқартпайды деп ұйғарылады. Егер осындай
үйғарым немесе қажеттілік туындаса, онда қаржы есептілігі басқа негізде
жасалып, қолданылатын негіз ашып көрсетілуі тиіс.
Үздіксіздік қағидасы қатысында ІАS 1 халықаралық стандартында мынадай
талаптар қойылады:
- қаржы есептілігін жасағанда менеджерлер кәсіпорынның өзінің қызметін
жұмыс істейтін кәсіпорын ретінде жалғастыру қабілетін бағалауға тиіс;
- менеджердің кәсіпорынды тарату немесе сауда операцияларын тоқтату
немесе осындай іс-қимылды жүзеге асыру қажет болған жағдайларды
қоспағанда, қаржы есептілігі жалғасатын қызмет қағидасының негізінде
дайындалуға тиіс;
- менеджерлердің кәсіпорынның өзінің қызметін жалғастыру қабілетіне
айтарлықтай күмәндануына әкеп соқтыратын оқиғалармен немесе
жағдайлармен байланысты маңызды белгісіздік туралы ақпараты болса, осы
белгісіздіктер ашып көрсетілуі тиіс;
- егер қаржы есептілігі жалғасатын қызмет қағидасының негізінде емес
дайындалса, онда осы факт есептілік дайындаған негізбен жалғасатын
қызмет қағидасының орындалмау себебі анықталып бірге ашып көрсетілуі
тиіс;
- қызметті жалғастыру мүмкіндігін бағалаған кезде менеджерлер есепті
күннен кейінгі он екі айдан кем емес уақытты қамтитын келешек туралы
бүкіл қолжетімді ақпаратты назарға алуы тиіс.
Пайдаланушыларға пайдалы ақпарат алу үшін қаржы есептілігіне
түсініктілік, лайықтылық, сенімділік және салыстырымдылық деп аталатын
негізгі сапа талаптары қойылады.
Қаржы есептілігіндегі ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.
Есептілік түсінікті болу үшін, ол қарапайым әрі айқын, әрбір пайдаланушы
түсіну үшін көрнекі түрде ұсынылуы тиіс. Пайдаланушы осының арқасында
есептіліктің барлық көрсеткіштерін жылдам әрі оңай түсініп, қажетті шешімді
уақытылы қабылдай алады. Бұл үшін пайдаланушының шаруашылық қызмет,
бухгалтерлік есеп саласындағы білімі жеткілікті болуы және оның ақпаратты
ынтамен зерттеу ниеті болуы тиіс. Алайда қаржы есептілігінде болуы тиіс
күрделі мәселелер жөніндегі ақпарат пайдаланушыларға экономикалық шешім
қабылдау үшін маңызды болуына байланысты аталмыш ақпаратты кейбір
пайдаланушылардың түсінуі өте күрделі болғандықтан, алынып тасталмауы тиіс.
Ақпараттың пайдалылығын қамтамсыз етуде ол шешім қабылдайтын
пайдаланушылар үшін лайықты болуы тиіс. Ақпарат пайдаланушыларға өткен,
қазіргі кездегі және келешектегі оқиғаларды бағалауға, олардың өткен
бағаларын растауға немесе түзетуге көмектесіп, экономикалық шешіміне ықпал
етсе лайықты болып саналады.
Ақпараттың лайықтылығына оның сипаты мен маңызы айтарлықтай ықпал
етеді. Кейбір жағдайларда ақпараттың лайықты екенін анықтау үшін оның бір
қырын қарастыру да жеткілікті.
Мысалы, жаңа бөлімше туралы хабарлама жаңа бөлімшенің есепті кезеңде
қол жеткен нәтижелердің маңызына қарамастан тәуекелдер мен мүмкіндіктерді
бағалауға ықпал етуі мүмкін. Басқа жағдайларда сипатта, сондай-ақ мысалы,
ұйымның қолында бар запасының негізгі түрлерінің көлемі сияқты маңызды рөл
атқарады.
Қаржы есептілігінің баптарындағы қателер мен оны бұрмалау, егер олар
бір-бірінен жеке пайдаланушылар қаржы есептілігінің негізінде қабылдаған
экономикалық шешімге ықпал етсе, маңызды болып саналады. Маңыздылық
қалыптасқан жағдайды ескеріп қарастырылатын қателер мен бұрмалаудың келемі
мен сипатына байланысты. Баптың көлемі немесе сипаты немесе олардың ұштасуы
анықтаушы болып табылады.
Маңызды қателердің мысалы:
математикалық жаңсақтықтың нәтижелері;
есеп саясатын қолдану кезіндегі қателіктер;
ақпаратты бұрмалаудың, қателесудің нәтижесі, алаяқтық.
Қаржы есептілігінің негізгі сапа сипаттамасына сенімділік жатады.
Ақпарат пайдалы болу үшін сенімді болуы тиіс. Ақпаратта маңызды
қателер мен бүрмалау болмаса және пайдаланушылар оған шынайы деп сенім арта
алса, онда ол сенімді болып табылады.
Ақпарат өзінің сипаты немесе ұсынылуы бойынша лайықты, алайда сенімсіз
болуы мүмкін, бұл жағдайда ол пайдаланушыларды адастыруы мүмкін.
Мысалы, егер сотта қаралатын шығынды өтеу туралы талаптың негізділігі
мен көлемі дау тудырған жағдайда, онда ұйым үшін талаптың бүкіл сомасын
баланста корсету орынсыз болады, алайда мұның өзінде сома және талаппен
байланысты жагдайды ашып корсету ыңғайлы болады.
Қаржы есептілігіндегі ақпараттың сенімділігін қамтамасыз ету үшін ол
бейтарап, яғни кесіп-пішілмеген болуы тиіс. Ақпарат жоспарланған нәтижеге
жету мақсатында іріктеліп, ұсыну нәтижесінде ол шешім қабылдауға немесе
пікір қалыптастыруға ықпал етсе, ол бейтарап болмайды.
Ұйым қаржы есептілігін табыс еткенде Қазақстан Республикасы Қаржы
министрінің 2002 жылғы 29 қазандағы №542 бұйрығымен бекітілген қаржы
есептілігін дайындау мен табыс етудің концептуалдық негізінде қарастырылған
лайықтылық пен сенімділіктің шектерін сақтауды қамтамасыз етуге тиіс, оған
мыналар жатады:
уақытылылық;
пайда мен шыгынның арасындағы баланс;
сапа сипаттамалары арасындағы баланс.
Ақпарат уақыт өте лайықты болмауы мүмкін, сондықтан ұйымның басшылығы
уақытылы ақпаратты сенімді етіп табыс етуге тиіс. Операцияның барлық
аспектілерінің анық-қанығына жеткенге дейін уақытылы табыс ету оның
сенімділігін төмендетуі мүмкін. Екінші жагынан, сенімді ақпарат, егер ол
пайдаланушылар шешімді бүрын қабылдауға мэжбүр болатындай кеш үсынылса,
онда ол пайдаланушыларға аз пайда экелуі мүмкін. Лайықтылық пен
сенімділіктің арасындағы балансқа жету мақсатында пайдаланушылардың
экономикалық шешім қабылдаған кездегі қажеттілігін неғүрлым жақсы
қанағаттандыру мәселесін шешу қажет.
Ақпараттың уақытылылығына қатысты талап оның релеванттығы (ақпараттық
сауал мен алынған хабар мазмұнының сай келуі) талабымен тығыз байланысты.
Ақпарат басқарушылық шешім қабылдау процесіне ықтимал ықпал етсе немесе іс
жүзінде ықпал етсе, релеванттық болып саналады. Деректер:
- уақытылы, яғни пайдаланушыға қажет көлемде және қажет уақытта келіп
түссе;
- болжайтын құндылығы болса, яғни осы деректерді осы ұйым қатысында
жасалған қадамдарды растау, жоққа шығару немесе нақтылау үшін
пайдалануға болса;
- басқару процесінде пайдалануға болатын бағалау түрінде берілсе
релеванттық ретінде қарастырылады.
Пайда мен шыгынның арасындағы баланс лайықтылық пен сенімділіктің
арасындағы екінші шектеу болып табылады.
Ақпараттан алынатын пайда оны алуға жүмсалған шығыннан асуға тиіс.
Пайда мен шығынды бағалау пікірге байланысты, сондай-ақ шығынды пайда
алатын пайдаланушылардан басқалар да жүмсауы мүмкін. Сонымен бірге
ақпаратты солар үшін дайындалған пайдаланушылардан басқалар да пайдалануы
да ықтимал. Мысалы, қарыз берушілерге қосымша ақпарат беру үйым алатын
қарыздың құнын төмендетуі мүмкін. Осыған байланысты ақпарат ұсыну кезінде
жүмсалған шығынның өзін-өзі ақтайтынын анықтау қиын. Дегемен, қаржы
есептілігін жасаушылар мен пайдаланушылар осы шектеу туралы білуі тиіс.
Сапа сипаттамалары арасындағы баланс лайықтылық пен сенімділіктің
арасындағы үшінші шектеу болып табылады.
Іс жүзінде қаржы есептілігінің негізгі тағайындалуын орындауға
арналған сапа сипаттамалары арасында тепе-тендікке немесе ымыраға жету
керек. Қаржы есептілігін жасаушылар сипаттамалардың маңызын әр түрлі
жағдайларда кәсіби пікірдің көмегімен анықтайды.
Қаржы есептілігіне қойылатын маңызды сапа сипаттамасына
салыстырымдылық жатады.
Бухгалтерлік баланс пен қаржы есептілігінің басқа нысандарының мазмұны
мен түрлері бір есепті кезеңнен екінші кезеңге жүйелі түрде қолданылуы
тиіс. Есепті кезеңнің басындағы бухгалтерлік есептің деректері өткен есепті
кезеңнің бухгалтерлік есебінің деректерімен салыстырымды болуы тиіс.
Пайдаланушылар ұйымның қаржылық жай-күйі мен қызмет нэтижелеріндегі
үрдістерді анықтау үшін үйымның әр түрлі кезеңдердегі қаржы есептілігін
салыстыра алуы тиіс.
Пайдаланушылардың сондай-ақ әр түрлі ұйымдардың қаржы есептілігін,
олардың салыстырымды қаржылық жай-күйін, қаржы нәтижелері мен қаржылық жай-
күйіндегі өзгерістерді бағалайтындай салыстыруға мүмкіндігі болуы тиіс.
Сөйтіп, операциялар мен басқа оқиғалардың қаржы нәтижелері бүкіл ұйымдар
үшін және осы үйым жүмыс істейтін уақыт бойы, сондай-ақ әр түрлі ұйымдар
үшін бірыңғай әдіснама бойынша бағаланып, көрсетіледі. Пайдаланушыларға
ұйымның уақыт шамасына орай қаржылық жай-күйін, оның қызметінің нәтижелері
мен қаржылық жай-күйіндегі өзгерістерді салыстыру қажет болуына байланысты,
қаржы есептілігінде өткен кезеңдердің тиісті ақпараты болуы міндетті.
Қаржы есептілігінде ұсынылатын ақпараттың сенімділігін қамтамасыз
ететін қосымша сапа сипаттамасына үйымның қаржылық жай-күйі мен қаржы
нэтижелері туралы деректерді үсынудың растығы, объективтілігі, шынайылыгы
және толықтығы, маңыздың нысаннан басым болуы, тыңғылықтылығы жатады.
Қаржы есептілігінің растығы деп осы есептілікті білікті пайдаланушы
оның негізінде дұрыс қорытынды жасап, дұрыс экономикалық шешім қабылдай
алатын оның растығы түсініледі.
Сонда растық деген үғым нені білдіреді?
Растық - қайсыбір тәсілмен, мысалы, тәжірибемен немесе бұлжымас
қисынды дәлелмен негізделетін шындық болатын нысан. Қаржы есептілігінің
қосымшасында онда келтірілген деректердің растығының келесі үш өзара
байланысты өлшемі пайдаланылады:
- есеп қолданыстағы нормативтік актілерге қатаң сәйкестікте жүргізілді;
- барлық операциялардың оның орынды екенін растайтын құжаттары бар;
- есептілік бастапқы құжаттардың, есептік тізілімдердің және
журналдардың деректері бойынша ешнәрсе алып тасталмай жасалды.
Қаржы есептілігінің объективтілігі мен нақтылығы ретінде оның
көрсеткіштері бағаларының нақты шындықпен сәйкестігі аталады. Есептілік
үйымның есептілік жасалған күнгі нақты қаржылық жай-күйін, есепті кезеңдегі
қаржылық-шаруашылық қызметтің қорытындыларын немесе нәтижелерін көрсетуі
тиіс.
Объективтілік сияқты шынайылық та шаруашылық процестерге
баламалылықтың дәрежесін білдіреді. Алайда осы ұғымдар бірдей емес, өйткені
есептілік шынайы, алайда объективті емес, яғни нақты емес болуы мүмкін.
Шынайы деп есепті кезең ішінде ұйымның шаруашылық өмірінің фактілерін
көрсететін бүкіл құжаттарда жазылған жазулардың негізінде жасалған
есептілік аталады. Есептіліктің шынайылыгын дәлелдеу үшін оның
көрсеткіштерін құжаттармен, бухгалтерлік шоттардагы жазулармен,
бухгалтерлік есептермен және түгендеумен негіздеу талабы қойылады.
Есептілік бухгалтерлік шоттардың деректері бойынша жасалады, ал
шоттардағы жазулар құжаттардың негізінде жазылады. Демек, кәсіпорынның
шаруашылық өмірінің фактілері, көрсетілген қүжаттар есептіліктің ақпараттық
базасы болып табылады.
Қаржы есептілігінің шынайылығы күжаттардың толықтығымен және сапасымен
анықталады. Сенімділікті қамтамасыз ету үшін қаржы есептілігіндегі ақпарат
оның маңызы мен оны алуға жұмсалған шығын ескеріліп толық болуы тиіс.
Ақпаратты тастап кету осы ақпараттың лайықтылығы жағынан сенімсіз және
жеткіліксіз болатын жалған немесе адастыратын есеп беруге әкеп соқтыруы
мүмкін. Есепті кезеңнің шаруашылық өмірінің барлық фактілері құжаттармен
уақытында ресімделмесе, онда есептілік үйым жүмысының нақты қорытындыларын
көрсетпейді.
Өндіріске материал босату кұжаттарын кешіктіріп немесе толық емес
ресімдеу немесе әр түрлі шығыстарды есептен шығарудың нәтижесінде өнімнің
өзіндік құны мен жалпы пайданың сомасы жөніндегі деректер бұрмаланады.
Сондықган үйымның басшылығы жедел қызметкерлерден шаруашылық өмірдің барлық
фактілерін құжаттармен ресімдеуді және осы құжаттарды бухгалтерияга дереу
тапсыруды талап етуі тиіс. Бухгалтерия алынған барлық құжаттарды уақытында
тексеріп өндеуі, яғни шаруашылық өмірдің фактілерін тиісті бухгалтерлік
шоттарда көрсетуі тиіс. Есепті кезең аяқталғаннан кейін әрбір шот бойынша
әрбір кезеңнің айналымы мен кезеңнің соңында сальдо есептеледі. Осы
сальдоның негізінде бухгалтерлік баланс жасалады. Қаржы есептілігі шын
мәнінде шынайы болу үшін талдамалы және жинақтамалы есептің шоттары бойынша
жазулар салыстырылады. Бұл үшін барлық талдамалы шоттар бойынша айналым
тізбектемелерін (ведомостарын) жасап, оның қорытындыларын тиісті
жинақтамалы және талдамалы шоттар бойынша жазулармен салыстыру керек.
Тиісті есептеулер (мысалы, материалдық активтердің амортизациясы мен
негізгі құралдардың тозуын, тиісті резервтің пайда болуы және т.б. есептеу
жөніндегі есептеулер) неғұрлым дәл жасалып, мүлікті түгендеу сапалы
жасалса, есептілік соғұрлым шынайы болады.
Қаржы есептілігінде нақты емес сомаларды көрсетуге жол бермеу
мақсатында нормативтік қүжаттарда активтерді және олар пайда болатын
көздерді міндетті түрде түгендеу жүргізу қарастырылады. Түгендеу кезінде
активтердің нақты болуын анықтау, активтердің нақты болуын бухгалтерлік
есептің деректерімен салыстыру, есепте міндеттемелерді көрсетудің
толықтығын тексеру мақсаты қойылады.
Сөйтіп, сенімділікті қамтамасыз ету үшін ақпарат операциялар мен өзге
оқиғаларды шынайы көрсетуі тиіс. Мысалы, бухгалтерлік баланста есепті күні
тану өлшеміне жауап беретін ұйымның активтері, міндеттемелері мен капиталы
болған операциялар мен басқа да оқигалар шынайы көрсетілуі тиіс.
Операциялар мен басқа да оқиғалар тек өздерінің занды түріне гана
емес, сонымен бірге олардың мәні мен экономикалық мәніне сәйкес есепке
алынып, көрсетілуі тиіс. Операциялар мен баска оқиғалардың мәні олардың
занды немесе белгіленген түрінен туындайтын барлық талаптарға әр кезде
жауап бермейді. Мысалы бір ұйым екінші ұйымға актив сатқанда құжаттарда
меншіктің зацды құқығын беру қарастырылады, алайда мұның өзінде сатушыда
осы активтегі экономикалық пайданы пайдалану құқығының сақталуына кепілдік
беретін келісім жасалуы мүмкін. Мүндай жағдайда активті сату туралы ақпарат
жасалған мәмілені шынайы көрсетпейді.
¥йымдар қаржы есептілігін жасағанда күмәнді талаптар алу, негізгі
құралдардың ықтимал қызмет ету мерзімі, ықтимал кепілді талаптардың саны
сияқты белгісіз оқиғалар мен жағдайларды көрсеткен кезде қиындықпен
кездеседі. Осындай белгісіздіктер олардың сипаты мен дәрежесін ашудың,
сондай-ақ қаржы есептілігін дайындау кезінде сақтық қағидасын сақтаудың
көмегімен танылады. Сақтық - бұл есепті қалыптастырған кезде белгісіздік
жағдайында қажет сақтықты белгілі бір дәрежеде сақтау. Бұл ретте активтер
немесе кірістер көтеріңкі, ал міндеттер мен шығыстар - төмендетілмеуі тиіс.
Сақтық қағидасын сақтау сондай-ақ активтерді немесе кірістерді әдейі
төмедетуге немесе міндеттемелер мен шығыстарды эдейі көтеруге мүмкіндік
бермейді. Бұл жағдайда қаржы есептілігі бақыланбайды, демек сенімділік
сапасын жоғалтады.
Қаржы есептілігінің деректерін басқарушылық шешім қабылдауда пайдалану
үшін олар шынайы, релеванттық, сенімді ғана емес, сонымен бірге түсінікті
болуы тиіс.
Түсініктілік (немесе ұғынымды) - қаржы есептілігінің деректеріне
қойылатын ең маңызды талаптардың бірі. Бүл көрсеткіштердің экономикалық
мағынасы, оларды қалыптастыру алгоритмдері, оларға қатысты ұйғарындылар мен
шектеулер айқын немесе нақты айтылғанын білдіреді.
Жоғарыда айтылғанды қорытындылай отырып, негізгі және қосымша
сипаттамаларды қолдану каржы есептілігіне оның халықаралық стандарттары
қоятын талаптарды сақтап, шынайы және объективтік ақпараты бар қаржы
есептілігін жасап, оны екі жаққа бірдей тапсыруды қамтамасыз етеді деп
айтуға болады.
1.2 Кәсіпорынның қаржысын басқарудағы қаржылық есеп берудің алдындағы
міндеттері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы негізгі құралдардың орналасуы мен
пайдалануы және олардың пайда болу көздері бойынша сипаталады. Бұл
мәліметтер кәсіпорынның бухгалтерлік балансында көрсетіледі, себебі ол
қаржылық есеп беру жүйесінің басты көрсеткіші болып табылады. Қаржылық есеп
беруде мынадай маңызды міндеттер атқарады:
- Меншік иелері мен менеджерлерді шаруашылық субъектінің мүліктік
жағдайымен таныстырады; баланстан олар осы кәсіпорын иелік ететін
материалдық құралдар қорларының саны мен сапасы туралы ақпарат ала
алады;
- Баланс бойынша кәсіпорын жақын арада үшінші тұлғаның алдында өзіне
жүктелген міндеттемелерді орындау мүмкіндігі анықталады;
- Актив пен пассив баптырының мазмұны, ішкі саясаты, сыртқы
пайдаланушыларға қолдануға мүмкіндік береді;
Қаржылық есеп берудің басты формасы ретінде, есептік кезеңге кәсіпорын
мүлкінің құрамы мен құрылымын, шығыстары мен ағымдық активтердік
айналымдылығын, меншік капиталы мен міндеттемелерін, дебиторлық кредиторлық
бережақтардың жағдайы мен динамикасын, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін
анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның нақты аналитикалық мүмкіндіктерін бағалау үшін берілген
баланстағы ақпараттарды оқып білу қажет, яғни : Баланс - бұл есептік кезең
басы мен аяғына сол кездегі мәліметтерді сәйкестендіру болып табылады. Ол
мынадай сұраққа жауап береді: Дәл қазіргі уақытта кәсіпорынның жағдайы
қандай ?, ал мына сұраққа жауап бермейді: Мұндай жағдай ненің нәтижесінде
болды?
Негізгі Қаржылық есеп беру мазмұнының жалпы көрсеткіштері оны
пайдаланушыларға үлкен ақпарат береді және қаржылық жағдайды нақты бағалау
үшін негізгі талдау бағыттарын анықтайды :
- Қысқа мерзімді перспективаға қаржылық жағдайдың анализі баланс
құрылымының қанағаттанарлық бағалау көрсеткіштерінің есептелуіне
негізделеді. Төлем қабілетілігін сипаттау үшін мынаған назар аударған
жөн, банктердегі есеп шоттардағы ақша қаражаттарына, ұйымның
кассасына, шығындарға, дебиторлық, кредиторлық бережақтарға;
- Ұзақ мерзімді перспективаға қаржылық жағдайдың анализі құралдардың
пайда болу көздерінің құрылымын, ұйымның сыртқы инвесторлары мен
кредиторларына тәуелді деңгейін зерттейді;
- Ұйымның іскерлік активтілігінің анализі;
Сондай –ақ, Қаржылық есеп беруді құрған кезде келесідей міндеттер де
есепке алынғаны жөн. Оны жасауға дейін есеп регистріндегі барлық
синтетикалық шоттар бойынша қалдық пен айналым аналитикалық есеп
мәліметтермен салыстырылады. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстың
деректерін салыстыру үшін жыл басындағы бекітілген баланс номенклатурасымен
және бөлім топтамаларымен, әрбір баптарымен (егер баланс баптарының
номенклатурасында өзгерістер болса) сәйкестендірілуге тиіс.
Ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелер өзара есепке алынуына
рұқсат етілмейді. Бухгалтерлік баланстың кейбір баптары басқа баптарға
енгізілмеуі керек немесе бұрып қоюға болмайды (мысалы: дебиторлық қарызды
кредиторлық қарызбен жабуға болмайды)
Сонымен Қаржылық есеп берудегі ағымдық активтер мен міндеттемелерді
анықтау және олардың мазмұнын ашудың қаржылық есеп беру үшін маңызы зор,
сондай – ақ, пайдаланушылар үшін де ол өте қажет және олардың сол
көрсеткіштері бойынша талдау жасалынады.
Сондай – ақ, ұзақ және ағымдағы активтер, меншік капиталы, ұзақ және
ағымдағы міндеттемелер Қаржылық есеп беру ашылуы тиіс.
Бухгалтерлік балансты құру кезінде алдына қойылған міндеттер келесідей
принциптерге негізделеді:
- Ақшалай өлшем – бухгалтерлік бақылауға алынған объектілер бір
ақпаратты модельге жалпылау үшін көрсеткіштерді бірдей ақшалай өлшемге
алып келінеді;
- Ерекшеленген кәсіпорын- бухгалтерлік баланс оған байланысты тұлғаларға
(дебитор, кредитор, инвестор т.б) емес, кәсіпорынға қатысты; активінде
толық бақылауға алынған және мүлік құқығын иеленген кәсіпорынға тиісті
мүліктер есептеледі;
- Қызмет етуші кәсіпорын – кәсіпорын қызмет атқаратын мерзімі
анықталмаған, оның ликвидациясы белгісіз;
- Өзіндік құны бойынша есеп – бухгалтерлік баланста актив ағымдағы
нарықтық құнымен емес, бастапқы сомасы бойынша бейнеленеді;
Екі жақты жазу – бұл концепция келесідей фактіден көрінеді:
бухгалтердік баланстың сол жағындағы актив сомасы меншікті және тартылған
капитал сомасына тең болуы.
Енді қаржы есептілігін табыс ету тәртібіне тоқталайық. Бухгалтерлік
есеп және қаржы есептілігі туралы ҚР Заңына сәйкес ұйымдар қаржы
есептілігін:
а) құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне;
ә) ҚР статистика органдарында тіркелген жері бойынша ҚР мемлекеттік
статистика органдарына;
б) ҚР мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдарына,
олардың құзыретіне сәйкес табыс етеді.
Ұйымның қаржы есептілігі ел валютасында (мың теңге) жасалады және оған
есепті уақытылы табыс ету үшін жауап беретін басшы мен бас бухгалтер қол
қояды.
Ұйымның есепті кезеңі 01 қаңтарда басталып 31 желтоқсанда аяқталатын
күнтізбелік жыл болып табылады. Жаңадан қүрылған ұйым үшін алғашқы есепті
кезең (жыл) сол жылдың 31 желтоқсанына дейін ол мемлекеттік тіркелген
сәттен басталады.
Ұйымдар жылдық қаржы есептілігін есептіден кейінгі жылдың 30 сәуірінен
кешіктірмей табыс етеді.
Көпшілік мүдделі ұйымдар (қаржы ұйымдарын қоспағанда) жылдық қаржы
есептілігін кезеңді баспа басылымдарында Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігі бекіткен тізбеге, нысандарға сәйкес жариялауға тиіс.
Сөйтіп, біз оның көмегімен инвестициялық-қаржы сипатындағы әр түрлі
шешімдер қамтамасыз етілуі мүмкін бизнес ортадағы маңызды ақпарат көзі
болып табылатын қаржы есептілігінің мазмұнын, қағидаларын, негізгі және
қосымша сапа сипаттамаларын, құрамдастары мен элементтерін қарастырдық.

ғалымдар мен тәжірибешілердің ой-пікірлері
Бухгалтерлік баланс - еліміздің тәжірибесінде шетелдік тәжірибеге
қарағанда, қаржылық есеп берудің басты формасы ретінде ерекшеленеді. Ал,
батыс тәжірибелерінде, яғни, американдық, британдық жән жаңа зейландиялық
кәсіпорындардың жылдық есеп беруінде ерекше назарды табыс және шығыс туралы
есеп беруге аударады, себебі, онда табыс қызметтің маңызды көрсеткіші болып
табылады. Сондай – ақ, бухгалтерлік баланс – белгілі бір уақыт мерзіміне
экономикалық объектілердің стратегиялық жағдайын бейнелеу. Ол шаруашылық
субъектінің құралдар кірісін, шығысын және ішкі қозғалысын бейнелемейді.
Жоғары оқу орындарында экономикалық мамандық алатын студенттерге
Бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын авторының
Бухгалтерлік баланс деген оқулығында келесідей анықтама берілген:
Бухгалтерлік баланс – бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық
жағдайының кестесі болып табылады.(6)
Ағылшын ғалымдары шығарған Қаржылық есеп беру деген оқу құралында
былай жазылған: Қаржылық есеп беру – бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға
тиісті барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтердің тізімі.
Бұл берілген уақыт мерзіміндегі бизнестің қаржы жағдайының бейнесі болып
табылады. Актив пен пассивтің әрбір бабы ақшалай көрініске ие болады.(6)
Қаржылық есеп беру– жылдық есеп берудің ең басты формасы. Ол кәсіпорынның
шаруашылық құралдары мен оларды қалыптастыру көздерінің құрамы мен мөлшері
туралы ақпарат белгілеу тәсілі болғандықтан бұл айтылған пікірлермен
толығымен келісуге болады.
Француз авторлары Э.Лоэте мен А.Гильбо бухгалтерлік балансты
жабылмаған шоттар синтезі деп атайды. Ал, Додэ Нақты жағдай мен есептік
жылдың шын мәнінде табысты болғанын тек қана бухгалтерлік баланс көрсетеді
- дейді. (7)
Әлемлік банк өңдеп шығарған Қаржылық есеп, аудит, есеп беру бойынша
нұсқаулар оқулығында былайша түсіндіріледі: Қаржылық есеп беру – бұл
белгілі бір кезеңде жасалған және осы кезеңдегі ұйымның жалпы қаржылық
жағдайын бағалау үшін пайдаланылатын фотосурет. Қаржылық жағдай ұғымымен
тікелей байланысқан баланстың есеп элементтері дегеніміз бұл активтер,
пассивтер және капитал. Баланстық есеп кәсіпорынның әрі қарайғы жұмысын
қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта қолда бар ресурстар туралы ақпаратты
қамтиды. Ол сондай – ақ, бұл активтерді қаржыландыру көздері туралы
ақпараттан тұрады. Мысалы: бұл көздер қарызға алынған ба, жоқ әлде меншікті
ме?деген сұрақтар шешіледі.(8)
Қаржылық есеп беру мақсаты- бухгалтерлік есепті №2 Бухгалтерлік
баланс және қаржылық есептегі негізгі өзгертулер деген стандартында
көрсетілгендей, - бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның
қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған
өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету
болып табылады деп көрсетілген Қазақстандық ғалым К.Ш.Дүйсенбаевтың
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау деген оқу құралында. (9)
Қазақстандық сертификатталған бухгалтер - тәжірибеші А.Абдиманапов
Терминология және қаржылық есеп беру элементерін мойындау мақаласында:
Қаржылық есеп беруде ашылып көрсетілуге тиісті ақпараттар қаржылық есеп
берудің бір бөлігі болып табылады. Бұл ақпараттар кәсіпорынның қаржылық
жағдайын бағалауға және қаржылық шешімдер қабылдауға қажет. Пайдаланушылар
дұрыс қаржылық шешім қабылдай алмайды егер бухгалтерлік баланстағы
мәліметтер толық, түсінікті көрсетілмесе (10) Бұл айтылған сөздермен
келісетін себебім шынымен де егер баланста мәліметтер толық көрсетілмесе,
онда кәсіпорынның қазіргі жағдайын қандай екенін біз біле алмаймыз .
АТФ Банк бас маманы Р.Капасов: Қаржылық есеп беру – кәсіпорынның
қаржылық жағдайын бағалау және талдау үшін ақпаратты форма болып табылады.
Бухгалтерлік баланс анализі кәсіпорынның актив, міндеттеме және меншікті
капиталын бағалауды болжайды. (11) Бұл пікірмен келісуге болады, себебі,
бухгалтерлік баланс баптары арқылы қазіргі таңда кәсіпорын мүлкі,оның
орналасуы туралы көп көлемде ақпарат ала аламыз.
Қазақстан Республикасының аудиторы Т.Витулева Бухгалтерлік баланс
деген мақаласында: Қаржылық есеп беру – есепке алу әдісіне сәйкес
қызметтің үздіксіздігі туралы жіберу негізінде құрылуға тиіс баланс(12)
Бухгалтерлік баланс қаржылық есеп берудің ең басты формасы болып
саналғандықтан бұл аудиторлық көзқараспен толықтай келісуге болады.
Cертификацияланған бухгалтер - тәжірибеші Ә.Нурсеитов өз мақаласында
(13) : Бастапқы баланс қалыптасқан терминология бойынша кіріс
қалдықтары, ал бастапқы сальдо есебімен құрылған есептік кезеңге баланс
ХҚЕС бойынша құрылған бірінші қаржылық есеп болып табылады деген сөздеріне
толықтай келісуге болады.

қаржысын басқарудағы қаржылық есеп беруін талдау (ТурбоПромНаладки ЖШС-
нің мысалында)
2.1 ТурбоПромНаладки ЖШС-нің ұйымдық экономикалық сипаттамасы
“ТурбоПромНаладки” Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заңды тұлға
болады және Қазақстан Респрубликасы заңдарының негізі бойынша орта
кесіпкерлік субъектісі болып табылады [21].
Серіктестік мемлекеттік тіркелуді өткен сәттен бастап заңды тұлғаның
құқықтарын иелікке алады. Серіктестіктің өз мөрі, дербес балансы,
банкілерде шоттары, өз атауымен бланкілері бар. Қызметінің мақсатына жету
үшін Серіктестік өзінің атынан мәмілелер жасасуға, мүліктік және жеке
мүліктік емес құқықтарды иелікке алуға, міндеттер атқаруға, сотта аталпкер
және жауапкер болуға құқылы. Серіктестік Қазақстан Республикасының
аумағында және шетелде филиалдарды және өкілдіктерді құруға, басқа заңды
тұлғалармен бірлестіктерге кіруге, сондай-ақ өзге заңды тұлғалардың
қатысушысы болуға құқылы. Серіктестіктің өзінің міндеттемлері бойынша
қарауындағы барлық мұлкімен жауап береді. Мемлекет Серіктестіктің қарыздары
бойынша жауап бермейді. Серіктестік қолданылатын заңдарға сәйкес түрде
облигацияларды шығаруға құқылы.
Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты табыс табу болып саналады.
Серіктестік қызметінің тақырыбы:
- Геологиялық – барлау жұмыстары;
- Ақпараттық-есептеу қызметі;
- Жарнама, ақпарат, кеңес беру, инжиниринг салаларында қызмет көрсету;
- Дүкендерді және әртүрлі нысандағы сауда орындарын ашумен сауда саттық
қызмет;
- Көтерме, бөлшек және комиссиялық сауда;
- Жабдықтау-сатып өткізу қызметі;
- Халық тұтынатын тауарларды өндіру және сату;
- Делдалдық қызметі;
- Кафелерді, асханаларды, барларды, мейрамханаларды және т.б. ашу
құқығымен қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру;
- Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, сатып алу, өңдеу және сату;
- Тұрғын үйлерді және өнеркәсіп объектілерін, ішкі және сыртқы жүйелерді
құру, жаңарту, түбірлі түрде жөндеу;
- Құрылыс – құрастыру жұмыстары;
- Өңдеу, сантехникалық, электр-құрастыру, іске қосу – реттеу жұмыстары;
- Жобалау-іздестіру,жобалау-конструкт орлық және жобалау-сметалық қызмет;
- Құрылыс материалдарын, бөлшектерді және құрылғыларды өндіру және сату
бойынша қызмет;
- Тұрғын үйлерді және коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газхификациялау
бойынша өндіріс, жөндеу және құрылыс жұмыстары;
- Магистралдық мұнайгаз өнімдері құбырларын, газ құбырлары-бұрымдарын,
таратушы және компрессорлық станцияларын салу, қайта жанарту және
жөндеу, сондай-ақ газ өнеркәсібінің тұрғын мен өнеркәсіп салаларындағы
басқа объектілерін қайта құру және жөндеу, іске қосі жөндеу жұмыстарын
орындау, химиялық әдіспен су дайындау мен сұйық және газ тәрізді
отындармен жұмыс жасайтын қызыңдар мен агрегаттарды іске қосу;
- Қалаларда, кенеттерде және ауылдық елді мекендерге тұрғын үй,
өнеркәсіп және ауылшаруашылық салаларын және мемлекеттік секторды
газбен жабдықтау, сондай-ақ қызмет көрсету, сервистік қызметтерді
көрсету және пайда табу;
- Жобалау құжаттарын дайындау және орындалуын қамтамасыз ету;
- Құрылыс-құрастыру жұмыстарының жобалау ілеспе құжаттарын дайындау;
- Қазаңдар мен жылулық жүйелеріне сервистік қызмет көрсету;
- Шаруашылық және сыртқы экономикалық қызметтердің барлық түрлері, соның
ішінде импорт, экспорт, сатып алу, сату, айырбастау саудасы, басқа да
агент, делдал ретіндегі коммерциялық қызмет және т.б.
Серіктестік Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған қызметтің
кез-келген түрін атқара алады. Серіктестік тізімі заң актілерімен
белгіленген кейбір қызмет түрлерімен лицензия негізінде шұ,ылдана алады.
Серкітестіктің жарғылық капиаталына салым ретінде ақша, құнды қағаздар,
заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жерді пайдалану және интелектуалды
қызмет нәтижелерін пайдалану құқықтары, және тағы басқа мүлік бола алады.
Салымды меншік түрде салуға бола алады. Салымды меншік мүліктік емес
құқытар түрінде және басқа заттық емес түрде салуға болмайды. Серіктестікті
тіркеу басында жарғылық капиталы толығымен құралды. Серкітестіктің мүлкі
қатысушының жарғылық капиталға салған алғашқы салымдарынан, қосымша
салымдардан, шаруашылық және кәсіпкерлік қызметтерден түскен табыстардан,
сондай-ақ заемдық қаражаттан және белгіленген тәртіп бойынша Серіктестіктің
иелінген немесе алған басқа да мүліктен құралады. Қатысушының шешімі
бойынша Серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері өзгере алынады.
Серіктестіктің жарғылық капиталы Мемлекеттік тіркеу кезінде заңмен
белгіленген минималды мөлшерден кем болмайды.
Серіктестіктің ең жоғары органы ретінде Серіктестіктің жалғыз
қатысушысының шешімі болады. Серкітестіктің жоғары органының айрықша
құзырына келесілер жатады:
1. Серіктестіктің жарғысын өзгерту, соның ішінде оның жарғылық капиталы
мөлшщерін, мекен-жайын және фирмалық атауын өзгерту
немесеСеріктестіктің жарғысын жаңа редакцияда бекіту;
2. Серкітестіктің атқарушы органын құру, оның өкілеттіктерін мерзімінен
бұрын тоқтату, сондай-ақ Серкітестікті немесе оның мүлкін сенімді
басқаруға тапсыру, сондай тапсырудың шарттарын белгілеу;
3. Байқаушы кеңестің өкілеттігін сайлау және мерзімінен бұрын тоқтату
және серіктестік тексеру комиссияның, сол сияқты серіктестіктің есебін
және тергеу комиссияның қорытындысын бекіту;
4. Жылдық қаржылық есеп беруді бекіту, таза түсім бөлу;
5. Ішкі ережелерді, оларды және Серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін
басқа құжаттарды қабылдау процедураларын бекіту;
6. Серіктестіктің басқа шаруашылық серіктестіктерде, сондай-ақ
коммерциялық емес мекемелерде қатысуы туралы шешу;
7. Серіктестікті қайта құру немесе тарату туралы шешу;
8. Таратушы комиссияны тағаындау және тарату балансын бекіту;
9. Серіктестіктің қатысушысының үлесін еріксіз түрде сатып алуды шешу;
10. Серіктестіктің барлық мүлкін кепілге беруді;
11. Серіктестіктің мүлкі қатарына қосымша салым салу туралы шешу,
Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар
Серіктестіктер туралы Заңының 39 бабына сәйкес;
12. Серіктестіктің қатысушыларына және үлесті иелік етушілерге
серіктестіктің қызметі жөнінде ақпаратты берудің реті және уақытын
бекіту.
13. Серіктестіктің ең жоғары органы Серіктестіктің қызметіне байланысты
кез-келген мәселені талқылауға құқылы.
14. Атқарушы орган ретінде қатысушыға бағнатын және оның шешімдерінің
орындалуын ұйымдастыратын директор болады. Директоры құрылтайшымен
тағайындалғанда еңбек қарым қатынастары еңбек туралы заңмен реттеледі.
15. Серіктестік директорының өкілеттіктері: іс әрекеттерін серіктестік
атынан сенімхатсыз атқарады, серіктестіктің қызметкерлеріне қатысты,
оларды қызмет органдарына тағайындау, оларды басқа қызмет орындарына
ауыстыру немесе жұмыстан шығару туралы бұйрықтар шығарады, еңбекақы
жүйесін реттейді, жалақы, арнайы берілетін үстемақы мөлшерлерін
белгілейді, сыйлық беру мәселелерін шешеді, көтермелеу шараларын
қабылдайды және тәртіптік жаза белгілейді;
16. Серіктестік Қазақстан Республикасында өолданылатын ережелер бойынша
өзінің қызметінің нәтижелерін бухгалтерлік есептеуді, статистикалық
және қаржылық есеп беруді Қазақстан Республикасында қолданылатын
ережелер бойынша есеп беру тәртіпті түрде жүргізбесе Серктестік
заңдарға сәйкес жауапкершілік атқарады.
Директоры қызметкерлерді жеке еңбек шарттары бойынша жалдауға құқылы.
Серіктестік қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңдарымен көделген
барлық әлеуметтік-экономикалық құқықтарды кепілдейді.
Әрбір қызметкердің еңбек табыстары максималды мөлшерлермен шектелмейді
және бекітілген ережелерге сәйкес түрде оған салық салынады. Мемлекеттік
тарифтерді біліктілігі бірдей жұмыскердер мен мамандардың еңбек ақысының
минималды төлемақы ретінде кепіл ете қарастыра отырып, Серіктестіктің өзі
еңбеақыны төлеу үлгілерін және тарифтік ставкалардың және жалақының
мөлшерлерін көздейді.
Серіктестіктің Қатысушысы сотта Серіктестіктің Бас директорының немесе
оның туыстарының тыйымдарды бұзуынан Серіктестікке келтірілген залалдарды
өтеуін талап етуге құқылы.
Серіктестікте Байқаушы кеңесі құрылуы мүмкін. Серіктестіктің Байқаушы
кеңесі 3 адамнан: Серіктестіктің жоғарғы органы 1 жыл мерзімге сайлайтын
Төраға мен 2 мүшеден тұрады. Серіктестіктің жоғарғы органының шешімі
бойынша Байқаушы кеңестің қызметіне ақы төлене алады. Сыйақы мөлшерін
Серіктестіктің жоғарғы органы белгілейді.
Байқаушы кеңестің айрықша құзыретіне:
- Серіктестіктің қызметінің басым бағыттарын айқындау;
- Серіктестік жасасатын мәмілелерді мақұлдау;
- Серіктестіктің коммерциялық құпиясын құрайтын сырлы сипаттағы
ақпаратты айқындау;
- тексеру комиссиясының мүшелеріне сыйақылардың мөлшерін айқындау;
- Серіктестіктің лауазымды тұлғалары мен өзге жұмыскерлерін олардың
кінәсынан Серіктестікке келтірілген нұқсан үшін мүліктік жауапкершілікке
тарту туралы шешімдер қабылдау;
- Серіктестіктің жоғарғы органының айрықша құзыретіне жатқызылмаған
өзге шешімдер. Байқаушы кеңестің Төрағасы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz