Кедендік қылмыстардың құқықтық сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ
3
: 1
КІРІСПЕ: БӨЛІМ 1. Кеден заңнамасының, құқық бұзушылықтың, құқықтық жауапкершіліктің ұғымы және арақатынасы
3: 6
: 1. 1
КІРІСПЕ: Кеден заңнамасының ұғымы және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына шолу
3: 6
: 1. 2
КІРІСПЕ: Құқықтық жауапкершіліктің ұғымы және құқық бұзушылық құқықтық жауапкершілік негізі ретінде
3: 11
: 1. 3
КІРІСПЕ: Құқық және мәжбүрлеу, заңды жауапкершіліктен босатудың мән жайлары.
3: 23
: 2
КІРІСПЕ: БӨЛІМ 2. Кедендік қылмыстардың құқықтық сипаттамасы
3: 31
: 2. 1
КІРІСПЕ: Кедендік қылмыстардың түсінігі және кедендік қылмыстардың құрамдарына қатысты мәселелер
3: 31
: 2. 2
КІРІСПЕ: Кедендік қылмыстардың объективтік, субъективтік белгілері және олардың қылмыстық жауапкершілік үшін ролі
3: 36
: 3
КІРІСПЕ: Кеден заңнамасын бұзушылықта кеден органдарының қатысуын құқықтық реттеу және кеден саласында құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
3: 49
: 3. 1
КІРІСПЕ: Кеден заңнамасын бұзушылықта Кеден органының қатысуын құқықтық реттеу
3: 49
: 3. 2
КІРІСПЕ: Кеден саласында жасалған қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
3: 58
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 65
:
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ЖӘНЕ НОРМАТИВТІК АКТІЛЕР МЕН СӨЗДІК
3: 69

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл диплом жұмысы Қазақстан Республикасындағы кеден заңнамасын саралау арқылы ұғымын ашу және кедендік құқық бұзушылықтың себептері мен жағдайларын анықтауға, аталған құқық бұзушылықтардың сипатын ашып, құқықтық сипаттамасына шолу жасап, саралау мәселелеріне және кедендік құқық бұзушылықтардың алдын алудың жолдарының негізін қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар негізгі мәселе ретінде кеден заңнамаларын бұзғандығы үшін жауапкершілікке тоқталып, осы мәселе төңірегінде ой түю.

Дипломдық жұмыстың зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдауында мемлекеттің экономикалық дамуын жеделдетудің бағдарламасын ұсынды. Қазақстанның әлемнің дамып жатқан елдерінің қатарына кіруі осы бағдарламаның мақсаты болуы тиіс. «Ұлт пен экономика бәсекелестікке қаблетті болған жағдайда біз бұны жасай аламыз», - деп атап өтті ел басы. Бұл сөздер Қазақстанның барлық саласындағы іс-әрекеттерде басшылыққа алынбақ. Одан кеден қызметі де тыс қалмайтыны сөзсіз. Бұл қызмет әрине Қазақстан экономикасының нығайюына елеулі ықпал етеді.

Кеден көмегімен мемлекет имиджі нығаюда, өйткені елімізге келушілерді ең алғаш шекарада кеденшілер қарсы алады, шекараны қорғау да осы қызметкерлердің міндетіне кіреді. Қазақстанның экономикалық жағдайын жақсартуға да кеден белсенді атсалысады. Оның айғағы кеден алымдары республика бюджетінің төрттен бір бөлігін құрап отыр. Еліміздің кеденшілер үшін мемлекетіміздің экономикалық мүделерін қорғау негізі мақсат болып қала бермек. Кеден қызметінің елдің әлеуметтік-экономикалық өмірінде өсіп келе жатқан ролі бизнес жүргізу, сыртқы экономикалық қызметті белсенділендіру, оған қатысушылардың мүдделерін қорғау үшін қолайлы жағдайлар жасауда және кәсіпкерлік қызмет үшін оңтайлы жағдайлар жасауда жаңа жолдар іздеуді талап етеді. Осыған орай, кеден бекетінің қызметкерлері кедендік ресімдеуді жақсартуға, жетілдіруге және оңайлатуға бағытталған жұмыстар жүргізуде. Ең басты мәселе кеден саласында кеден заңнамасын бұзуды азайту шараларын қарастыру болып табылады.

Кейінгі уақытта мемлекетiмiздегi кеден органдарының қызметiнiң қайта ұйымдастырылып, ролiнiң өсуi, олардың құқықтық негiзi шеңберiнiң кеңеюi, Қазақстан Республикасында кеден iсi саласындағы бiртектес құқықтық қатынастарды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғайтын жаңа қылмыстық құқықтық нормалардың пайда болуына әкелдi.

Демек бүгінгі күні елімізде кедендік қылмыстарға, жалпы құқық бұзушылық проблемаларына, жаңаша көзқарас қажет. Жасыратыны жоқ бүгінгі күні кедендік қылмыстылықтың, жалпы құқық бұзушылық өсіп отыр.

Қазақстан Республикасында 1997 жылы жаңа Қылмыстық кодекс қабылданғанға дейiн кедендiк қылмыстар бұрынғы қылмыстық заңда мүлдем қаралмады деп айтуға болады, себебi Қаз КСР қылмыстық заңында кеден органдарының қызметiн қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғайтын бiр ғана норма орын алды (1960 жылғы Қаз КСР ҚК 78-бабы) . Қазақстан мемлекеті өз тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн кеден саласында жасалатын қоғамға қауіпті құқыққа қайшы әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық қарастыратын қылмыстық кодекске құрамдар енгiзiп, онда кеден саласында жасалатын қылмыстардың кейбір құрамдары салықтық қылмыстармен бiрiктiрiлiп қарастырылды. Кейінерек, яғни 1995 жылы 12 шiлдеде Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығымен Қаз КСР Қылмыстық кодексінде кеден саласында жасалатын кейбір қылмыстар жаңа редакцияда берiлді. Дегенмен сол кезде аталмыш нормалардың мазмұндарының дәлме-дәл анықталмауы, қоғамға қауіпті, құқыққа қайшы әрекеттер жасаған сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларға қатысты бұл нормаларды соттық-тергеу практикасында қолдануда қиындықтар туғызды.

Кейінгі уақытта мемлекетiмiздегi кеден органдарының қызметiнiң қайта ұйымдастырылып, ролiнiң өсуi, олардың құқықтық негiзi шеңберiнiң кеңеюi, Қазақстан Республикасында кеден iсi саласындағы бiртектес құқықтық қатынастарды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғайтын жаңа қылмыстық құқықтық нормалардың пайда болуына әкелдi.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында сыртқы экономикалық қызмет саласындағы ұлттық экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi ерекше маңызға ие. Демек экономикалық контрабанда, кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтару, шетелдiк валютадағы қаражатты шетелден қайтармау, айналыстан алынған немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы секiлдi кедендiк бақылау аясында жасалатын қылмыс құрамдарымен күрестің Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiнің құрамдас бөлiгi болып табылатын экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде үлес қосатаны сөзсіз. Сондықтан, бүгінгі күні кеден iсi аясын, сыртқы экономикалық қызметтi қорғаудың арнайы қылмыстық-құқықтық және криминологиялық шараларының кешенiн жасаудың қажеттiлiгi туындап отыр.

Қазiргi таңда Қазақстан Республикасы шекарасымен шектесiп жатқан мемлекеттер арасында кедендiк шекараны қорғау, ол арқылы өтетiн тауарлар мен көлiк құралдарын толық декларациялауды қамтамасыз ету мақсатында кедендiк бақылау мекемелерi құрылған. Әрбiр кедендiк бақылау бекеттерiнiң ара қашықтығы 150-200 шақырымды құраса, орта есеппен әрбiр кедендiк бақылау қызметкерi бақылауына 7 шақырым кеден шекарасы келедi. Демек осы аталған кедендiк шекараның ұзақтығы кедендiк қылмыстарының латенттi сипат алуының бiрден бiр себебi болып отыр. Өкінішке орай, бүгінгі күні аталған қылмыс құрамдарымен күрес тиiстi дәрежеде жүргiзiлмей отыр. Сондай-ақ, кедендiк қылмыстармен күрестiң тиiстi дәрежеде жүргiзiлмеуiнiң себептерi ретiнде, қылмыстық заңдағы аталған қылмыс құрамдары үшiн қылмыстық жауаптылықты белгiлейтiн нормаларда кездесетiн олқылықтар мен ғылыми негiзiнiң қалыптаспағандығын да айтуға болады.

Кеден саласында жасалған қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылыққа байланысты теориялық және практикалық мәселелер бұрынғы КСРО елiнде де, Қазақстан Республикасында да ешқашан арнайы және жан-жақты зерттелмеген. Демек, кеден саласында жасалатын қылмыстарға қарсы күресу қазiргi таңда өткiр тұрған мәселе, яғни жан-жақты зерттеудi, әсiресе теориялық тұрғыдан iргелi зерттеудi талап етедi.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Кедендік қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қатысты заңдылықтарды анықтап, оларды талдау жолымен кедендік қылмыстардың және құқық бұзушылықтарды болдырмас үшін олардың табиғатын дұрыс және толыққанды анықтау керек, ол осы құқық бұзушылықтың алдын алудың теориялық мәселелерін кеңінен ашып, практикалық тұрғыдан алдын алудың тиімді ұсыныстарын енгізуге жағдай жасайды.

Дипломдық жұмыстың міндеттері. Жоғарыда келтірілген мақсатты орындау үшін жұмыс алдында мынандай міндеттер қояды:

  • заң әдебиеттеріндегі ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып кедендік құқық бұзушылықтың және қылмыстың ұғымын ашу;
  • кедендік құқық бұзушылық пен қылмыстардың (экономикалық контрабанда, шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару, айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) соңғы жылдардағы заңдылықтарын көрсету;
  • кедендік заңнамада құқық бұзушылықтың және қылмыстық заңда кедендік қылмыстардың түрлі объектісін көрсетуді ұсыну;
  • кедендік қылмыстардың қылмыстық затын сипаттай отырып, кеден төлемдерi мен салықтардың шеңберiн анықтау;

Дипломдық жұмыстың зерттеудің әдістемесі мен әдістері. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау жолында зерттеу философиялық диалектиканың заңдары мен таным әдістерін басшылыққа алды. Сол сияқты формальдық логиканың да ережелері, салыстырмалы-құқықтық әдістер де қолданылып, кей тұстарда өзге ғылым салаларының да әдістері, заңдылықтары мен ережелерін басшылыққа алдық. Соның ішінде, түрлі әдістерге арқа сүйедік.

Дипломдық жұмыстың зерттеудің обьектісі - кедендік заңнаманы зерттеу арқылы құқық бұзушылықты, құқықтық жауапкершіліктің ерекшеліктерін қарастыра, кеден саласындағы қылмыстылықпен байланысты Қазақстанның қазіргі уақыттағы өмірдің әр саласындағы құбылыстары ретінде қарастыру.

Дипломдық жұмыстың зерттеудің нақты заты. Кедендік заңнама, оны бұзғаны үшін жауапкершілік аясында бар құқық бұзушылық мәселелерін әлеуметтік аспектілері, оған әсер ететін экономикалық, ұйымдастырушылық т. б. факторлар, кедендік құқық бұзушылықтар арқылы алдын алушы нақты шаралар мен алдын алуды реттейтін заңдар мен нормативтік актілер, кедендік қылмыстылықты құрайтын нақты қылмыс құрамдарының элементтері мен белгілері арқылы көрсету.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, жеті бөлімшеден құралған және қорытындыдан, сол сияқты пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

БӨЛІМ 1. Кеден заңнамасының, құқықтық жауапкершіліктің ұғымы және құқық бұзушылық құқықтық жауапкершілік негізі ретінде

1. 1. Кеден заңнамасының ұғымы және Қазақстан Республикасы кеден заңнамасына шолу

Кеден одағы Кеден кодексінің 2 бабына сай Кеден одағының бiрыңғай кедендiк аумағын немесе кеден одағының кедендiк аумағына Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумақтары, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттер аумақтарының шегiнен тыс орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар, құрылыстар мен оларға қатысты кеден одағына мүше мемлекеттердiң айрықша заңдық құзыры болатын өзге де объектiлер құрайды.

Кеден одағының кедендiк аумағының шегi кеден одағының кедендiк шекарасы, немесе кедендiк шекара болып табылады.

Кеден одағына мүше мемлекеттердiң халықаралық шарттарына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумақтарында орналасқан жекелеген аумақтардың шегi кедендiк шекара болып табылуы мүмкiн.

Кеден одағындағы кедендiк реттеу Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы шеңберiндегi кеден одағындағы, немесе кеден одағы кедендiк реттеу - тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзуге, оларды кеден одағының бiрыңғай кедендiк аумағы арқылы кедендiк бақылаумен тасымалдауға, уақытша сақтауға, кедендiк декларациялауға, кедендiк рәсiмдерге сәйкес шығаруға және пайдалануға, кедендiк бақылауды жүргiзуге, кедендiк төлемдердi төлеуге байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетiлген тауарларды иелену, қолдану және оларға билiк ету құқығын iске асыратын тұлғалар арасындағы билiк қатынастарды құқықтық реттеу.

Кеден одағындағы кедендiк реттеу кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес, ал мұндай заңнамада реттелмеген бөлiгiнде, кеден одағының кеден заңнамасы деңгейiнде тиiстi құқықтық қатынастар орнатылғанға дейiн кеден одағына мүше мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Кеден одағының кеден заңнамасы: 1. Кеден одағының Кеден кодексінен; 2. кеден одағына мүше мемлекеттердiң кеден одағындағы кедендiк құқықтық қатынастарды реттейтiн халықаралық шарттарынан; 3. Кеден одағы комиссиясының Кеден одағының Кеден кодексінің және кеден одағына мүше мемлекеттердiң халықаралық шарттарына сәйкес қабылданатын кеден одағындағы кедендiк құқықтық қатынастарды реттейтiн шешiмдерiнен тұрады. Кеден одағының комиссиясы - бiрыңғай тұрақты қызмет ететiн реттейтiн кеден одағының органы;

Кеден одағының кеден заңнамасы кеден одағының кедендiк аумағыңда қолданылады. Егер кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес кеден одағындағы кедендiк реттеу кеден одағына мүше мемлекеттiң заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болса, мұндай заңнама осы кеден одағына мүше мемлекеттiң аумағында қолданылады.

Егер Кеден одағының Кеден кодексі және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердiң халықаралық шарттарына сәйкес өзгеше белгiленбесе, кедендiк реттеу көзiнде кедендiк декларацияны немесе өзге де кедендiк құжаттарды тiркеу күнiне әрекет ететiн кедендiк-тарифтiк реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, кеден одағына мүше мемлекеттердiң салық салу саласындағы заңнамалық актiлерi қолданылады.

Егер Кеден одағының Кеден кодексі және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердiң халықаралық шарттарына сәйкес өзгеше белгiленбесе, тауарларды кеден одағының кеден заңнамасында белгiленген талаптарды бұза отырып кедендiк шекара арқылы өткiзген кезде iс жүзiнде тауарларды кедендiк шекарадан өткiзу күнiне әрекет ететiн кеден одағының кеден заңнамасы, кедендiк - тарифтiк реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, кедеи одағына мүше мемлекеттердiң салық салу саласындағы заңнамалық актiлерi қолданылады.

Егер iс жүзiнде тауарлар кедендiк шекарадан өткiзiлген күн белгiленбесе, егер осы Кодексте және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердiң халықаралық шарттарына сәйкес өзгеше белгiленбесе, белгiленген талаптарды бұзушылықтар анықталған күнiне әрекет ететiн кеден одағының кеден заңнамасы, кедендiк-тарифтiк реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, кеден одағына мүше мемлекеттердiң салық салу саласындағы заңнамалық актiлерi қолданылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi. Қылмыстық жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар оларды осы Кодекске енгiзгеннен кейiн ғана қолданылуға тиiс.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Қазақстан Республикасы Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделедi.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар және қылмыстар кеден одағына мүше мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес кеден органдары олар бойынша әкiмшiлiк процесс жүргiзетiн (iс жүргiзудi жүзеге асырады) әкiмшiлiк қүқық бұзушылықтар және кеден одағына мүше мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес олар бойынша iс жүргiзу кеден органдарының жүргiзуiне жатқызылған қылмыстар;

Қазақстан Республикасының заңнамасы жаңа кезде жаңа заманға ыайық қаіргі деңгейге дейін көтерілуінде бірталай заңдар заңға сәйкес актілер қабылданып, қайтадан жаңғырып отырды .

КСРО ыдыраған соң Қазақстан өз мемлекеттілігін 1978 ж. Қазақ ССР Конституциясына және одақтық заңдарға сүйене отырып құра бастады, бірақ бұл нормалар ескі жүйенің қағидаларынан көрiнiс берiп, бүгiнгi күн талабына жауап бере алмады және жаңа мемлекеттiң құқықтық негiзi болып қызмет ете алмады. / 1/

Бүгiнгi Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылдануына алғашқы дербес зандар мен 1993 ж. егемендi Қазақстанның тұңгыш Конституциясы алғышарт болды.

Конституция (1995) жаңа мемлекеттiгiмiздiң негізін қалап, қоғамдық дамудың бағыты мен ретiн анықтауға қабiлеттi бiрыңғай мемлекеттiк билiктiң құрылуына жол ашты.

Біздің кеден саласында қабылданған заңнамамыз жалғыз жарым қабылданған жоқ, керісінше жаңа құқықтық қатынастарды реттей алатын деңгейде жалпы елде экономикалық реформа жаппай жүріп жатты.

Сол заңдар жүйесінен мемлекеттiң бiрыңғай сыртқы экономикалық қызмстiнiң жүйесiн қалыптастыру 1990 ж. 15 желтоқсанда «Қазақ ССР сыртқы экономикалық қызметiнiң негiзгi қағидалары туралы» Қазақ ССР Заңымен қарастырылған. Дегенмен бұл заңды орындау кезінде кездескен қиыншылықтар дербес кеден ұйымдарын құрмай, бұны тәжiрибеде жүзеге асыру мүмкiн болмады. Кеден iсiн ұйымдастыру қағидаларын бекiту КСРО-ң бiртұтас кеден аумағы негізiнде бекiтiлiп, оның құзырына кеден саласында 1990 ж. 10 сәуiрдегi «КСРО, одақтық және автономиялық республикалардың экономикалық қатынастарының негiзi туралы» Заңымен анықталған КСРО, одақтық және автономиялық республикалардың экономикалық мүддесiн қорғау, кеден баждары мен алымдарын бекiту кiрдi.

Одақтас республикалар өзара келiсiмiнсiз тауарлар мен қаржы ресурстарын әкелу мен әкетуге шектеу қоюға, өз аумақтары арқылы жүк транзитiне бөгет жасауға, баска мемлекеттiң азаматтары мен заңды тұлғалары меншiгiндегi ақша және мүлiк құралдарын өткiзуге кедергi келтiруге, кеден төлемдерiн енгiзуге тыйым салынды. Кедендiк, сондай-ақ, әрекет етушi тетiктердiң болмауы Қазақстаннан әр түрлi шикiзаттар мен басқа да тауарлардың кедергiсiз әкетiлуiне әсер еттi, оларды әкетуге рұқсат және лицензия болғанның өзiнде, Қазақстан тиiстi бөлiнген валюталық аударымдарды алмады. Сонымен қатар бұл үрдiстi тоқтатуға республикалық мемлекеттiк органдар дәрменсiз болды. Оған мысал ретiнде Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1989 жылғы 27 қазандағы № 210 бұйрығын айтуға болады. Онда киiк мүйiздерiн өткiзуден түскен пайданың заң бекiткен пайызы (5 %) одақтас министрлiктер мен оған ведомстволық бағынышты кәсiпорындардан Қазақстан Үкiметiне аударылуға тиiс екендiгiн негiздеген. Бұл түсім түгелiмен аударылмаған және ол бойынша көрсетiлген жазалау шаралары да орындалмаған. Тағы да бiр айта кететiн жайт, одақтық министрлiктер мен ведомостылардың ешқайсысы оған көңіл де бөлген жоқ, ал белгіленген квота шеңберінде берілген лицензиялар саны кемімеген.

Мемлекетiмiздiң сыртқы экономикалық қызмет механизмiн жандандыруға жасалған қадам 1991 ж. 6 маусымдағы № 328 «Қазақ ССР республикалық валюта комитетi туралы» Қазақстан Президентiнiң қаулысы болды. Жаңадан құрылған мемлекеттiк орган валюталық және экспорт-импорт саясатын жасау мен үйлестiру, экспорт базасын дамыту мен экспорт үшiн ресурс iздестiру шараларын қабылдауы керек болды. Бұл сала Премьер-министрдің өзінің бақылауында болғанына қарамастан, шын мәнiнде, бұл комитет алдына қойылған мәселелердi шешуде ролi төмен болды.

Қазақстан экономикасын реформалау үшiн заңдардың пiсiп-жетiлмегендiгi сезiлiп тұрды. Бұрын қажет болмаған жаңа қоғамдық қатынастарды реттеу үшiн жаңа заң актiлерiнiң қажеттiлiгi туындай бастады. Бұл кеден саласына да қатысты.

1991 ж. 24 желтоқсанда Қазақстанда «Кеден тарифi мен бажы туралы» Заң қабылданып, кеден бажының жүйесi ретiнде кеден тарифiн құрып, қолдану көзделдi. Сөйтiп республикамызда дүние жүзiлiк қауымдастық таныған мемлекеттiк қызметтiң тәуелсiз құзыреті кеден саласында да орныға бастады. Кеден саласы, 1991 ж. 16 желтоқсандағы ҚР тәуелсiздiгi туралы Конституциялық заңында да атап етiлгендей, елiмiздiң экономикалық негiзiн нығайту үшiн құрылған объективтi қажеттiлiк. Басты бағыт ретiнде қаржы-несиелiк, ақша жүйесiн, республикалық кеден және салық жүйелерiн құру құқығы анықталды.

1991 жылғы желтоқсан айындағы оқиғалар КСРО-иың ыдырауына әкелiп, Қазақ КСР-iн қоса алғанда, одақтас мемлекеттердiң тәуелсiздiгiн жариялауына мүмкiндiк бердi. 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданған тәуелсіздік Декларациясы бүгінгі күндердің бастауы десек артық айтқандық емес.

Тәуелсіз егемен мемлекет қалыптастыру үшiн құқықтық негіз түбiрiмен қайта құруды қажет етеді. Жүргiзiліп жатқан экономикалық өзгерістерге дұрыс әсер етiн құқықтық реформаның нәтижелiлiгiне мемлекеттiк деңгейде мән берiлгенде ғана көзделген мақсатқа жету мүмкін болмақ. 1993 жылғы 16 маусымдағы Президенттiң «Қазақстан Республикасының құқық реформасының тиiмдiлiгiн арттыру шаралары туралы» жарлығы керекті қадамдардың бірі болды.

Кеден саласы үшін алға ілгерілеу 1995 жылы 20 шілдеде «ҚР кеден ісі туралы» Президенттің заң күші бар Жарлығының қабылдануы дер едік. Бүгінгі күн деңгейінен кемшілігі көп дегенімізбен кеден саласының, оның кедендік заңнамасын қалыптастыру үшін маңызы зор болғанын атап айту керек, әрі орны ерекше.

Қазақстан Республикасында 1997 жылы жаңа Қылмыстық кодекс қабылданғанға дейiн кедендiк қылмыстар бұрынғы қылмыстық заңда мүлдем қаралмады деп айтуға болады, себебi Қаз КСР қылмыстық заңында кеден органдарының қызметiн қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғайтын бiр ғана норма орын алды (1960 жылғы Қаз КСР ҚК 78-бабы) . Қазақстан мемлекеті өз тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн кеден саласында жасалатын қоғамға қауіпті құқыққа қайшы әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық қарастыратын қылмыстық кодекске құрамдар енгiзiп, онда кеден саласында жасалатын қылмыстардың кейбір құрамдары салықтық қылмыстармен бiрiктiрiлiп қарастырылды. Кейінерек, яғни 1995 жылы 12 шiлдеде Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығымен Қаз КСР Қылмыстық кодексінде кеден саласында жасалатын кейбір қылмыстар жаңа редакцияда берiлді. Дегенмен сол кезде аталмыш нормалардың мазмұндарының дәлме-дәл анықталмауы, қоғамға қауіпті, құқыққа қайшы әрекеттер жасаған сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларға қатысты бұл нормаларды соттық-тергеу практикасында қолдануда қиындықтар туғызды.

Ел Президентi Н. Ә. Назарбаев кезекті Қазақстан халқына жолдауында: «Бiрiншiден, Қазақстан егемен тәуелсiз мемлекет болды. Екiншiден, бiз кең ауқымды әлеуметтiк, саяси және экономикалык, реформаларды жүргiзе бастадық. Аталған мақсаттарға жете қойғанымыз жоқ, дегенмен жекелеген бағыттарда көзге түсер нәтижелерiмiз де бар», - дегеніі нағыз шындық еді.

Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың мемлекеттер басшыларының деңгейiндегi Мемлекетаралық кеңесiнiң (кеден одағының жоғарғы органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 17 шешiмiмен қабылданған Кеден одағының кеден кодексi туралы шартқа қосымша.

Кеден одағының Кеден кодексi (2009 жылғы 27 қарашада) .

Жариялануы: «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 30 маусымдағы № 259-264 (26109)

Кеден одағының Кеден кодексi туралы шарт ҚР 2010 жылғы 25 маусымдағы № 293-IV Заңымен; РФ 2010 жылғы 2 маусымдағы № 114-ФЗ ратификацияланды;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Криминалистикалық сипаттамаманың элементтері
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Заңсыз кәсіпкерлік үшін қылмыстық жауаптылық
Экономикалық қылмыстылықтың өте жасырындылығы
Кәсіпкерлік пен басқа да экономикалық қызмет мүддесіне қарсы қылмыстарды саралау мәселелері
Экономикалық қылмыстарды зерттеу
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАР
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы жасалған қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық мәселелері
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардағы ұйымдасқан қылмыстық топтардың жасайтын қылмыстары
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік қылмыстарды ескерту саласындағы құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz