Кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдар мен кедендік бақылауға жататын көлік құралдар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .
3
Кіріспе . . .:
3:
Кіріспе . . .: 1 Қазақстан Респубикасының қауіпсіздігі жүйесіндегі кедендік саясаттың теориялық негіздері
3:
Кіріспе . . .: 1. 1 Кеден ісі саласының пайда болуы мен дамуы . . .
3: 5
Кіріспе . . .: 1. 2 Кеден ісін ұйымдастыру және басқару . . .
3: 9
Кіріспе . . .: 1. 3 Кедендік бақылау жүргізудің мәні мен негіздерінің түсінігі . . .
3: 14
Кіріспе . . .:
3:
Кіріспе . . .: 2 Кедендік сараптама кедендік әкімшілік жүргізу нысаны ретінде
3:
Кіріспе . . .: 2. 1 Кедендік бақылау жүргізу принциптері және орындалу тәртібі . . .
3: 21
Кіріспе . . .: 2. 2 Кедендік бақылаудың жүргізудің нысандары . . .
3: 25
Кіріспе . . .: 2. 3 Кеден ісіндегі сараптама түсінігі және кеден ісіндегі сараптаманы тағайындау . . .
3: 31
Кіріспе . . .: 2. 4 Кеден сараптамасын жүргізудің құқықтық нысаны . . .
3: 35
Кіріспе . . .: 2. 5 Сүт өнімдерінің сараптамасының жүргізілу нысаны . . .
3: 41
Кіріспе . . .: 2. 6 Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және ішкі айналым үшін тауар шығарылған елді айқындау және тауардың шығу тегі туралы сертификатты . . .
3: 44
Кіріспе . . .:
3:
Кіріспе . . .: 3 Қазіргі кездегі сараптама жүргізудің жағдайын жетілдіру
3:
Кіріспе . . .: 3. 1 БҚО КБД кеден ісі аумағындағы кеден органдарының қызметінің тәжрибесі . . .
3: 56
Кіріспе . . .: 3. 2 Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардың кедендік құнының олардың сапасы мен санына сәйкестiгiне тәуелсіз сараптама жүргiзу - ҚР кеден органдарының сараптама қызметін жетілдірудің қолайлы түрі . . .
3: 65
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3: 68
Кіріспе . . .:
3:
Кіріспе . . .: Қолданылған әдебиеттер . . .
3: 70

Кіріспе

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі - кеден саясаты ұлттық экономикамыздың дамуы мен күшеюі, экономикалық және саяси қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өте қажетті сала - экспорт пен импорттың іс-әрекетін, яғни мемлекетіміздің ішкі сауда саясаты мен сыртқы сауда саясатын анықтайды.

Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінің 3-бабында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының кеден саясаты:

1. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын бірыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.

2. Кеден саясаты өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қарауына жатады.

3. Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерін қорғау, тиімді кедендік бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негізгі мақсаттары болып табылады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кедендік түсімдер мен салықтарды жинауды арттыру мақсатында алдымен автоматтандырылған жүйеге көше отырып, кеден қызметін нығайту керектігін айтқан болатын. заңмен негізделген сөзінен кеден саясатының елбасымыздың да ойында жүрген келелі мәселе екенін анықтауға болады. Ел туралы айтпас бұрын, онымен қарым-қатынас жасамас бұрын әрбір ел әуелі сол елдің кедендік саясаты мен экономикасын зерттеп, содан кейін шешім қабылдайды.

Елдің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халықаралық сауда қарым-қатынастарды реттеп, үйлестіріп отыратын органның бірі - кеден қызметі. Кеден қызметінің қаншалықты сапалы, ел үшін тиімді әрі экономикамыздың даму беталысына ықпалы кедендік скаясаттың жемісі болып табылады. Тәуелсіздік тұсында құрылған Қазақстанның кеден қызметі соңғы 12-13 жылдың бедерінде қалыптасу кезеңін артқа тастап, бүгінде жасампаздық жолына түсті. 2009 жылғы қаңтар-сәуір айлары ішінде республиканың кеден органдары бюджетке 90, 0 млрд. теңге кедендік төлемдер мен салықтардың түсімін қамтамасыз етті. 2008 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 20, 3 млрд. теңгеге немесе 28, 9 % артық. заңмен негізделген жоғарыдағы мәліметтерден Қазақстан Республикасының экономикалық және саяси дамуы үшін кеден саясатының үлкен рөл ойнайтынын және бұл тақырыптың қаншалықты өзекті екендігін аңғаруға болады.

Бүгінгі таңда ҚР - сы сыртқы экономикалық қызметке белсенді қатынасуда. Бұл тендения кедендік саясат саласында айқындалған шараларды жүргізді талап етеді: қазақстандық нарықты қорғау, отандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау, экономикалық дамуын қолдау мен сауда саясаты саласындағы міндеттеді шешу.

Кеден органдарының алдында тұған міндеттерді бірі кедендік бақылауды жүзеге асыру, ал кедендік бақылау әдістерінің бірі кедендік сараптама жүргізу.

Дипломдық жұмыстың басты мақсаты кедендік сараптама жүргізуге байланысты кеден органдары қызметін жетілдіру жолындағы мақсаттарды айқындау.

Қойлған мақсатқа байланысты айқындалған міндеттерд төмендегідей:

  • «кедендік сараптама» ұғымының анықтау мен оның жіктелуін қарастыру;
  • Кеден органдарында кедендік сараптама жүргізу ережелерін талдау;
  • ҚР кеден органдарының сараптама мен зерттеу жүргізуін талдау;
  • ҚР - да кедендік сараптама жүргізуде туындап отырған басты мәселелерді анықтау;
  • ҚР - да кедендік сараптама сапасылы жүргізуді бақылау жүйесін жетілдіру жолдарын анықтау;
  • ҚР кеден органдарының кедендік сараптама қызметі ісіне жаңа технологиялар мен жаңа зерттеу әдістерін енгізу жолдарын анықтау;
  • ҚР кеден органдарындағы сарапшылардың кәсіби деңгейлерін көтеру әдістерін анықтау.

Зерттеудің теориялық Дипломдық жұмыстың методологиялық негізі Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы заң актілері зерттелген - Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының кеден кодексі және басқа кеден ісі саласына қатысты заң актілері мен нормативті құжаттары, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулы, мен өкімдері, Кедендік бақылау комитетінің бұйрықтары мен ережелері және сонымен қатар Қазақстан Республикасының беделді, атақты ғалымдары Алибеков С. Т., Сарсембаев М. А., Баймуханов Э. П., Нұрмашев Ү. Ө., еңбектері де қарастырылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге негізделген және кіріспе, үш тарау, қорытынды, ұсыныстардан пайдаланылған әдебиеттер тізімі және сілтемеден тұрады.

1 Қазақстан Респубикасының қауіпсіздігі жүйесіндегі кедендік саясаттың теориялық негіздері

1. 1 Кеден ісі саласының пайда болуы мен дамуы

Қазақстан Республикасындағы кеден ісі тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің, кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың, кедендік режимдерді қолданудың, кедендік төлемдері және салықтарды алудың, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылық-тарға қарсы күрес жүргізудің тәртібі мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және өзге де қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билік қатынастарына негізделген кеден саясатын іске асырудың басқа да құралдарын қамтиды.

Әлемдік шаруашылықта Қазақстан Республикасы экономикасы интегра-циясының ең қолайлы әдістері мен жолдарын табу, көптеген халықаралық ұйымдар мен шетел мемлекеттерінің тәжірибесінде қолданылатын әдістердің жиынтығын меңгерусіз мүмкін емес. заңмен негізделген ны ескере отырып, соңғы жылдары Қазақстан өзінің ұлттық заңдарын реформалау арқылы, оны жалпы қабылданған халықаралық саудадағы құқықтық нормаларға сәйкестендіру жөніндегі жұмыстарды жан-дандыруда.

Кеден ісі саласының пайда болуы мен дамуы ел экономикасының нарықтық қатынастарға және әлемдік экономикаға интеграциялануымен, сыртқы экономикалық қызметтің либерилизациялануымен байланысты.

Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын реттеудің тиімді механизмі жаңа ғана қалыптасуда. Бұл байланыстарды кедендік реттеу жүйесінде қолдану жүргізілуде.

Кеден ісі саласы - Қазақстан Республикасының кеден саясатын іске асыру кезінде кеден ісін қолдану жөніндегі мемлекеттік реттеу саласы. Кеден ісі кеден саясатының мақсатқа жету құралы ретінде, кеден территориясында арнайы әдіс-тәсілдері арқылы басқа кеден салаларының элементтерімен байланыса отырып, мемлекеттің монополиялық қызметінің құралы болып табылады [1] .

Қазақстан Республикасында кеден ісін жетілдіру және кедендік әкімшілік жүргізудің тиімді әдістерін енгізу мақсатында кеден органдары сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен, қоғамдық бірлестіктермен және кеден ісі саласындағы өзге де мүдделі тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.

Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды, қоғамдық бірлестіктер мен кеден ісі саласындағы өзге де мүдделі тұлғаларды Қазақстан Республикасының кеден ісі мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға тартуына құқығы бар.

Сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылар, қоғамдық бірлестіктер мен кеден ісі саласындағы өзге де мүдделі тұлғаларзаңмен негізделген Кодекстің 43-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін тұлғалар ретінде әрекет ете алады.

Кеден ісі саласында ақпарат беру кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мерзімді баспасөз басылымдарында Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау жолымен жүзеге асырылады.

Кеден ісі саласында ақпарат беру ауызша түсіндірулер мен хабарландыруларды, ақпараттық стенділерді, таблоларды, буклеттерді және өзге де баспасөз материалдарын, сондай-ақ бейне, дыбыс және ақпаратты тарату үшін қолданылатын, оның ішінде жалпы қол жеткізілетін және тегін танысуға арналған басқа да техникалық құралдарды пайдалану арқылы да мынадай орындарда:

1) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде;

2) әуежайларда, темір жол және автомобиль станцияларында, су порттарында;

3) халықаралық тасымалдарды орындайтын автокөлік құралдарының, әуе және су кемелерінің бортында;

4) Кодексте белгіленетін кедендік бақылау аймақтарында, сондай-ақ кеден органдары белгілейтін өзге де жерлерде жүзеге асырылады[2] .

Кеден органдары сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы Қазақстан Республи-касының кеден ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Кеден ісі саласында кеңес беру кеден органдарының сыртқы эконо-микалық және өзге де қызметке қатысушыларға Қазақстан Республикасының кеден заңдарының ережелерін түсіндіруі болып табылады.

Кеден ісі саласында кеңес беру кеден органдарының орналасқан жері бойынша және кеден органдарының жұмыс уақыты кезеңінде жүзеге асырылады. Кеден органдары кеңес беруді сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардан жазбаша өтініш алынған кезде, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жазбаша нысанда жүргізеді. Келіп түскен өтініштер кеден органдарында міндетті түрде тіркелуге тиіс. Жазбаша өтінішті қарау мерзімі, заңмен негізделген баптың 4-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, ол тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Берілетін кеңестің дұрыстығы және объективтілігі үшін қосымша құжаттар мен материалдар табыс етуді талап ететін өтініштерге қатысты, сондай-ақ кеден органдарының сол өтінішті қарау үшін айтарлықтай мәні бар ақпаратты алуға басқа мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға өтініш жасауы қажет болған жағдайда кеңес берудің мерзімі жазбаша өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.

Кеден ісі саласында толық емес немесе көрінеу жалған ақпарат бергені үшін жауапкершілік кеден органдарының лауазымды адамдары кеден ісі саласында толық емес немесе көрінеу жалған ақпарат бергені не ақпарат беруден заңсыз бас тартқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Заңдық түсініктер (категориялар) заңдық құбылыстың мәнін ашатын қысқа анықтаулар екені белгілі. Кеден органы түсінігін, оның іс - әрекетінің құқықтық негіздерін және мемлекетік биліктің атқарушы органдары жүйе-сіндегі орнын анықтауды еліміздің Конституциясында белгіленген атқарушы биліктің іс - әрекетінің құқықтық негіздеріне сүйене отырып зерделеуге болады. Конституция мәтінінде кеден органдары нақты анықталмаған. Деген-мен, Конституцияда бүкіл мемлекеттік механизмнің құрылымының, іс - әрекетінің негізгі параметрлері белгіленген және Қазақстан жек тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүруінің құқықтық реттелуінің негізгі базалық, іргетас идеялары мен қағидалары айқындалған.

Қазіргі жалпы әлімдік ғаламдасу процесі жүріп жатқан кезеңде мем-лекеттік басқару жүйесіндегі кеден органдарының маңызы мен мәні артып, оған жүктелетін қызметтің де түрі мен бағыты үнемі өзгеруде, түптеп келгенде, «кеден органы»түсіндігін айқындағанда оның белгілі бір мемлекетік басқару жүйесіндегі орны мен нақты тарихи кезеңдегі атқарып отырған қызмет аумағын, функциясын да есепке алу керек. Себебі, әрбір тарихи кезеңде «кеден органы» түсінігіне кіретін мемлекеттік мекемеге жүктелетін міндеттер (кез келген мемлекеттік органның нақты бір міндеттерді атқару үшін құрылатыны белгілі ), оның құзіреті, құрылымы, іс - әрекетінің әдістері мен түрлері, т. б. параметрлері үнемі тарихи өзгерісте болатыны мәлім. Бұл, әсіресе, мемлекеттің құрылу, қалыптасу дәуіріне тән.

Әрбір басқару органының мемлекеттік механизмі құрамында белгілі бір саланы басқаруда туындайтын қажеттілікке байланысты құрылатыны белгілі. Кеден органын құрудағы басты мақсат- мемлекеттің кедендік егемендігін қорғау, мемлекеттік дербес кеден саясатын жүргізу десек, «кеден егемендік» ұғымы аясына кең ауқымдағы міндеттер мен мақсаттар енетінін байқауға болады. Жалпы, егемендік (суверенитет- француздың SOUVERAINETE сөзінен - жоғары билік деген ұғымды білдіреді) мемлекеттік биліктің халықаралық қатынас саласындағы тәуелсіздігін, әрі үстемдігін білдіреді десек, кеден органдары мемлекеттік басқару механизмінің бір бөлігі ретінде өзіне белгіленген құзіреттілік аумағында монополистік үстемдік жүргізеді.

Б. Н. Габричидзе мен Н. А. Сусловтың пікірі бойнша, кеден органдары атқарушы биліктің органдарының бір түрі, мемлекеттік басқару жүйесінің буыны болып табылады. [3] Кеден органдары түсінігін анықтағанда оны мемлекеттік органдардық құрамдас бөлігі ретінде қарастырсақ, басқа мемлекеттік басқару органдарына берілетін жалпы өкілеттіктер кеден органдарына да қатысты екенін байқауға болады. 2000 жылдың 27 қарашасында жарық көрген «Әкімшілік процедуралар туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында:

Мемлекеттік орган деп Конституция, заңдар, басқа да нормативтік - құқықтық актілер бойынша мемлекеттің атынан төмендегі функцияларды атқаруға;

  • баршаға бірдей міндетті жүріс - тұрыс тәртібін анықтайтын актілерді басып шығаруға;
  • әлеуметтік мәні бар қоғамдық қатынастарды басқаруға және реттеуге;
  • мемлекет орнатқан баршаға бірдей міндетті жүріс - тұрыс тәртібінің сақталуын бақылауға;
  • өкілеттік алған мемлекеттік мекемені түсінеміз, [4] - деп атап көрсетілген.

Кеден органдарын құрудағы негізгі мақсаттардың бірі мемлекеттің тәуелсіз кеден саясатын жүргізуі болып табылады. «Қазақстан Республикасын-дағы кеден ісі туралы» Заңда Қазақстан Республикасының кеден саясатының мақсаттары:

  • Қазақстан нарығын қорғау;
  • Қазақстан өндірушілері мен тұтынушыларын қорғау;
  • экономиканың дамуын ынталандыру;
  • экономикада құрылымдық қайта құру жүргізуге жәрдемдесу;
  • бәсекені ынталандыру және монополизмге қарсы әрекет ету;
  • экспортты көтермелеу мен импортты алмастыратын өндірісті ынталандыру;
  • шетел инвестицияларын тарту;
  • сауда саясаты міндеттерін шешу.

Бұл мақсаттар мемлекеттің кеден саясатына жатады. Кеден саясаты - мемлекеттің саясатының маңызды буыны. Ол заңдар, басқа да құқықтық - нормативтік актілер, ұйымдастыру шаралары арқылы жүзеге асырылады. Кеден саясаты тек кеден органдары арқылы атқарылмайды. Айталық, жоғарыда кеден саясатының құрамдас бөлігі ретінде аталып өтілген шетел инвестициясын тарту мәселесі кеден органдары қызметі аумағынан шығып кетеді және ол атқарушы және заң шығарушы биліктің ауқымды және үйлесімді жұмыстарын қажет етеді. Сонымен мемлекеттің кеден саясатын Қазақстан Республикасы-ның ішкі және сыртқы экономикалық және саяси жағдайынан туындап, өзгеріп, дамып отыратын күрделі, кешенді түсінік деуге болады. Белгілі бір кезеңдегі кеден саясатының негізгі параметрлерін ішкі экономикалық субъектілердің потенциялдық іс - әрекеті мүмкіншіліктерін есепке ала отырып, елдің жалпы экономикалық кеңестігіндегі құбылыстарды өзара үйлестіре отырып үкімет белгілейді. Ал кеден саясатының заңи негіздері Парламенттің немесе Президенттің нормативтік актілері арқылы жасалады, сондай - ақ ағымдағы іс - әрекетте Үкіметтің қаулылары, ережелері, т. б. арқылы жүзеге асып отырады.

Дегенмен, мемлекеттік кеден саясатының ең негізгі атқарушы құралы ретінде іс - әрекет аумағы мен міндеттері де үлкен - ол елдің экономикалық мүдделерін, кедендік шекарасын қорғайды; тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысына кедендік бақылау жасайды, келісім - шарт жасасқан тараптардың кедендік аумақтары шеңберінде экспорт және импорт операцияларына, валюта қозғалысына кедендік бақылау жасайды; елдің заңдары белігіленген мөлшерде кедендік баждар, төлемдер мен алымдар алып отырады; мемлекеттік кеден заңдарын бұзған заңдық және жеке тұлғаларға жауапкершілігінің шегін белгілейді, т. б. заңмен негізделген міндеттердің бәрін атқару үшін арнайы мемлекеттік орган - кеден құрылып, ол мемлекеттік механизмнің құрылымдық элементтерінің бірі ретінде биліктік және мәжбүрлеушілік өкілеттікке ие болады.

1. 2 Кеден ісін ұйымдастыру және басқару

Әр елдегі кедендік қызметтің ұйымдастырушылық құрылымы - елдің экономикалық даму деңгейіне, сыртқы экономикалық байланыстардың жан-жақтылығы мен ауқымына тәуелді болады.

Мысалы, АҚШ-та кедендік қызметті ұйымдастырудың құрамына 7 аймақтық бөлімшесі бар. Қаржы министрлігі жанынан құрылған АҚШ-тың кедендік қызмет Басқармасы кіреді: Нью-Йорк, Солтүстік-Шығыс, Оңтүстік-Шығыс, Оңтүстік-Орталық, Оңтүстік-Батыс, Солтүстік-Орталық, Тынық мұхиты аймағы қызметтері.

Аймақтық бөлімшелер құрамына 45 кедендік аудан кіреді, өз кезегінде олардың 300 кедені және кедендік бекеттері бар.

Қазақстан Республикасында кедендік саясатты жүзеге асырушы орган- қазақстандық кедендік қызмет, ол Қазақстан Республикасының Президентінің 1991 жылғы 12 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасы Кеден комитетін құру жөніндегі» Жарлығы бойынша құрылған. Қазақстанның кеден органдары біртұтас жүйені құрайды, оның құрамына Орталық кедендік орган, кедендік комитет, сонымен бірге кедендік басқармалар, кедендер және кеден бекеттері кіреді[5] .

«Кедендік іс жөніндегі» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасындағы кедендік органдарға мыналар кіреді: Орталық кедендік комитет, 19 кедендік басқарма және еркін экономикалық аймақта орналасқан 2 дербес кедендік органдар. Республикадағы кедендер мен кедендік бекеттер саны 100-ден астам.

Кедендік органдар жиынтығы қандай негіздерге байланысты біртұтас жүйе ретінде қарастырылады?заңмен негізделген ған байланысты 2 факторды атап өтейік: Біріншіден, функционалдық орталығы, кедендік органдардың мақсаттары мен міндеттерінің біртұтастығы.

Екіншіден, кедендік органдардың ұйымдық бірлігізаңмен негізделген органдар жүйесінің ұйымдық құрылымымен қамтамсыз етіледі. Ол қатаң иерархиямен және буындардың қатаң бағынуымен ерекшелінеді.

Орталық кеден органы кедендік қызметінің барлық мәселелерімен айналысады. Орталық органның маңыздылығына қарамастан, институцио-налдық құрылымның негізін құраушы элемент болып кеден есептелінеді.

Кеден дегеніміз - кедендік шаралардың жүруі үшін арнайы белгіленген жіне тиісінше жабдықталған орын. Кеден елдің кедендік шекарасында орна-ласуы міндетті емес. Ол кедендік территорияның ішінде де орналасуы мүмкін. Кеден қызметіне кедендік реттеу нәтижелері тікелей тәуелді болады.

Сурет 1. Кеден органдарының жүйесі

Кедендік органдардың төменгі буынының жоғарғы буынға орталықтануы және бағынуы, кедендердің жергілікті әкімшілікке тәуелсіздігі төмендегі жүйені құрудың айрықша белгісі болып табылады.

Сурет 2. Қазақстан Республикасының Кеден органдарының жүйесі

Тікелей басқару және көлденең бағыттағы әкімшілік тәуелділіктің жоқ болуы - жалпы кедендік органдар жүйесіне де, оның әрбір құрамдас бөліігіне де тән белгі. заңмен негізделген ған байланысты кедендік органдар жүйесінің буындары жергілікті билеуші органдарға мүлдем тәуелді емес деген ой туындамауы тиіс. Олардың өзара байланыстары жеткілікті дәрежеде әр алуан болып келеді[6] .

Жалпы түрде кедендік органдар жүйесінің - біртұтас мақсаттары мен міндеттері бар, сонымен бірге иерархиялық құрылымдағы, яғни төменгі органдарының жоғары органдарға бағыныштылығымен сипатталатын кедендік

органдар жиынтығы ретінде анықтауға болады. заңмен негізделген жүйенің біртұтас функционалдық және ұйымдастырушылық орталығы - Кеден комитеті.

Кеден органдарының негізі қызметтері:

  • біріншіден, олар Қазақстан Реғспубликасының кедендік саясатын жасау мен оны жүзеге асыруға қатысады;
  • екіншіден, өз құзыры шеңберінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және біздің мемлекеттің экономикғалық мүдделеоін қорғайды;
  • үшіншіден, кедендік төлемдер мен салықтарды алып отырады, Қазақстандық кедендік шеарасыарқылы тауарлар мен транспорттық құралдардың қозғалысы кезінде ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен бірге Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларға қатысты экономикалық саясат шараларын жолдауға қатысады және т. б.

Негізгі функциалардың бұл тізімі Қазақстан Республикасындағы кедендік органдар қызметінің әр алуан сипатын көрсетеді.

Кедендік органдар жүйесін Қазақстан Республикасы Кеден комитеті басқарады. Ол атқарушы орталық орган болып табылады және кедендік қызметке тікелей жетекшілік етеді.

ҚР Кеден комитеті экономиканың әр түрлі секторларында Қазақстан Республикасының кедендік саясатын жүзеге асырады. Сонымен бірге ол біртұтас кедендік саясатты жүзеге асырудың экономикалық, ұйымдастыру-шылық және құқықтық мехнизмдерін жасайды, олардың тәжірибеде қолданылуын қамтамасыз етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының кедендік бақылау
Кедендік тексермелеу техникалық құралдары
Қазақстан Республикасының кеден саясаты
Кеден органдарының қызметінде бақылау функциясы
Кедендiк транспорт түрлерiн бақылау ерекшелiктерi
Кедендік тасымалдаушының міндеттері
Кедендік сараптама: мақсаттары, міндеттері, объектілері
Кеден бақылауының нарықтық экономикадағы қажеттілігі
Қазақстан Республикасында кедендік ресімдеудің жеңілдетілген түрін жетілдіту
ҚАЗАҚСТАҢДА ТАУАР МЕН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН КЕДЕНДІК РЕСІМДЕУ ЖӘНЕ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУЫНЫҢ КЕДЕН КОДЕКСІНДЕГІ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz