Банктің депозиттік портфелінің құрылымы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
:
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ . . .
:
: 1
МАЗМҰНЫ: БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК портфелінің қалыптасу НЕГІЗДЕРІ
:
: 1. 1
МАЗМҰНЫ: Банк қызметінде депозиттік саясаттың экономикалық мәні және оның депозиттік портфелді құрудағы ролі . . .
:
: 1. 2
МАЗМҰНЫ: Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары және олардың топтарға жіктелінуі . . .
:
: 1. 3
МАЗМҰНЫ: Шетел тәжірибесіндегі банктердің депозиттік портфелді қалыптастырудағы депозиттік операцияларының ерекшеліктері ……. .
:
: 2
МАЗМҰНЫ: КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ депозиттік портфелін талдау
:
: 2. 1
МАЗМҰНЫ: Қазақстан Республикасы депозит нарығының құрылымы . . .
:
: 2. 2
МАЗМҰНЫ: Коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің құрылымын талдау . . .
:
: 2. 3
МАЗМҰНЫ:

Қазақстан Республикасында депозиттерді сақтандыру

жүйесі және оның қазіргі жағдайы . . .

:
: 3
МАЗМҰНЫ: Қазақстан Республикасындағы банктердің депозиттік портфелін ұлғайту жолдары
:
: 3. 1
МАЗМҰНЫ: Банктердің депозиттік портфелін ұлғайту және ондағы тәуекелдерді азайту жолдары . . .
:
: 3. 2
МАЗМҰНЫ: Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын жетілдіру бағыттары . . .
:
:
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
:
:
МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
:


Кіріспе

Нарық жағдайында банктік қызмет өте үлкен мәнге ие болып отыр. Себебі, банктік қызметтердің дамуы халық үшін, тіпті жалпы экономикалық қатынастар үшін оң әсерін тигізеді. Ал банктік қызмет түрлерінің әр алуан болуы заңды және жеке тұлғаларға өздерінің қажеттіліктеріне сәйкес солардың арасынан қызықтырғанын таңдап алуға мүмкіндіктері бар.

Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.

Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.

Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.

Коммерциялык банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды. Сол операциялар ішіндегі депозиттік операциялар - коммерциялық банктің ең маңызды операцияларының бірі болып келеді. Депозиттік операциялар негізінде банктердің депозиттік портфелі қалыптасады.

Дипломдық жұмысты жазу барысында қарастырылған мәселелерді атап айтсақ депозиттік портфелді қалыптастыру, оның ішінде салымдар тартуды дамытудың негізгі мақсаттары, қағидаттары, жетілдіру жолдары қарастырылды, Қазақстандағы коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің құрылымына талдау жасалынды. Банктердің депозиттік портфелінің құрылымын талдау барысында халық салымдарына ерекше көңіл бөлініп, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мысалында қарастырылды. Барлық аталған проблемалар және себептер осы диплом жұмысының тақырыбын таңдауға, оның мақсаттары мен негізгі міндеттерін қоюға негіз болып отыр.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты, банктердің депозиттік портфелі және оның құрылымын талдау болып табылады. Депозиттік портфел банктің тартылған қаражаттарының ішінде ең көп бөлігін құрайтын депозиттер негізінде жинақталады. Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады. Сондықтанда депозиттік портфелдің екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі рөлі жоғары.

Бұл жұмыстың міндеттеріне келетін болсақ келесідей міндеттерді белгілеуге болады:

  1. Банктік депозиттік портфелін қалыптастырудың теориялық негіздерін, оның ішінде “депозит” және “депозиттік саясаты” сияқты категорияларға анықтамаларын беріп, дұрыс жіктемесін анықтау .
  2. Шетел тәжірибесінде банктердің депозиттік операцияларын зерттеу және еліміздің банктеріндегі депозиттік операцияларымен салыстыру.
  3. Қазақстан Республикасының депозиттік нарығына талдау жасап, коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің құрылымына талдау жүргізу.
  4. Депозиттік портфельдегі тәуекелдерді азайту жолдарына қатысты және жеке тұлғалардың депозиттерін сақтандыру жүйесіне қатысты ұсыныстарды белгілеу.

Жалпы дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде банктің депозиттік портфелінің қалыптасу негіздері, екінші бөлімде коммерциялық банктердің депозиттік портфеліне талдау, үшінші бөлімде банктердің депозиттік портфелін ұлғайту жолдары қарастырылған.


1 БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК портфелінің қалыптасу НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Банк қызметінде депозиттік саясаттың экономикалық мәні және оның депозиттік портфелді қалыптастырудағы ролі

Тартылған қаражаттарды тиімді басқару банктің депозиттік саясатының жасалуын көздейді.

Коммерциялық банктің депозиттік саясаты салым иелерінің ақшалай қаражаттарын депозитке тарту және тартылған қаражаттарды тиімді басқарумен байланысты банктік саясатты білдіреді.

Депозиттік саясат банктің қаражаттарды тартумен байланысты стратегиясы мен тактикасын қамтиды.

Депозиттік саясат - банктік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде банктің депозиттік операцияларын дұрыс ұйымдастыруға бағытталған шаралардың жиынтығын білдіреді.

Кең мағынасында депозиттік саясатты депозит қызметін көрсетуші мен салым иелері арасындағы қатынасты реттеу құралы ретінде қарастыруға болады.

Тар мағынасында, бұл кез-келген коммерциялық банктің депозиттік операцияны ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.

Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының басты мақсаты - Қазақстан Республикасы заңына сәйкес депозиттік операцияларды жүргізуде банктердің бар мүмкіндіктерін пайдалану және өтімділіктің қажетті деңгейіне қолдау көрсету, сондай-ақ өте икемді және тиімді банктің өтімділігіне тікелей ықпал ететін, табыс көзін молайта түсуді қамтамасыз ететін депозиттік портфельді қалыптастыру болып табылады.

Банктердің депозиттік саясатының міндеттері мынадай болуға тиіс:

- банктің депозиттік базасын нығайтып, депозиттік нарықтағы үлесін кеңейту;

- меншікті капиталға қатысты нормативтерді сақтай отырып, банктің депозиттік портфелінің көлемін ұлғайтып, оның сапасын арттыру;

- банктің активі мен пассивін басқаруға байланысты шешімдерге сәйкес және өтімділік саясатына қарай банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді депозиттерінің өзара шекті қатынасын қолдау;

- барлық салым иелеріне қатысты өлшемді және икемді саясат ұстану.

Депозиттік саясаттың ұғымын екі тұрғыдан қарауға болады. Кең мағынада бұл салым иелерінің және өзге де кредиторлардың ақшалай қаражаттарын тарумен, сондай-ақ қаражат көздерін анықтаумен байланысты банктің қызметін сипаттайды. Ал, тар мағынада бұл банктің өтімді қаражаттарға деген қажетін қанағаттандыру мақсатында тартылған қаражаттарды іздестіру шараларын білдіреді.

Депозиттік саясат банктің стратегиясына сәйкес жасалуы тиіс. Сондықтан банк өзінің депозиттік саясатын жасау барысында өзінің әлеуетті клиенттерін, яғни жеке салымшыларды немесе салымшылар ретінде заңды тұлғаларды дұрыс таңдай білуі қажет.

Банктік ортадағы күшті бәсекелестік жағдайында банктер агрессивтік депозиттік саясат жүргізуді таңдайды. Сонымен қатар, клиенттерді тартуда банктердің тиімді пайыз ставкасын қолданғаны дұрыс. Ол үшін банк депозиттік саясат шегінде өзінің тактикасын жасауы қажет.

Депозиттік операцияларды жүргізуде банктер мынадай принциптерді басшылыққа алады:

- депозиттік базаны қалыптастыру барысында заңдық және нормативтік талаптардың орындалуын сақтау;

- депозиттік операциялар банктің пайда табуына ықпал етуге тиіс;

- тартылған депозиттік ресурстар банктің өтімділігін қамтамасыз етуге тиіс;

- депозиттік ресурстардың субъектілері, түрлері және мерзімдері бойынша дифференциалдануын қадағалауы қажет.

Банктің депозиттік саясаты депозиттік операцияларға байланысты туындайтын тәуекелдерді басқаруға аса мән береді.

Депозиттік саясаттың міндеті: банк балансының өтімділігін сақтау; ең төменгі шығынды ресурстарды дарту; барынша ұзақ мерзімге қажетті мөлшерде депозит тартуды қамтамасыз ету; алдағы уақыттарда банкте тұрақты ресурстардың шоғырлануын қамтамасыз ету.

Депозиттік саясат туралы ереженің құрылымы мынадай баптарды қамтуға тиіс:

  • жалпы ереже;
  • депозиттік саясаттың мақсаты мен міндеттері;
  • банктің құрылымдық бөлімшелерінің өзара әрекеті;
  • банк ресурсының құрылымы;
  • ақшалай қаражатты тарту мерзімі және депозиттік келісім шартты бекіту тәртібі;
  • депозиттік келісім шартты жасауға және банкте шот ашуға қажетті құжаттардың тізімі;
  • депозиттік және жинақ сертификаттарын сатумен рәсімдеу тәртібі және оған қажетті құжаттар;
  • банктік және банктік емес ұйымдардың қаражаттарын тарту және рәсімдеу тәртібі;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің белгілеген міндетті резерв нормалары негізінде резервтік шотқа қаражат аудару тәртібі.

Клиенттердің құрамына және банктің қызметінің бағытына байланысты депозиттік саясаттың өзге де бөлімдері болуы мүмкін.

Депозиттік саясаттың қалыптасуы мен іске асырылуына ықпал ететін факторларды екі тұрғыдан бөліп қарауға болады. Бірінші клиенттің тұрғысынан: жинақтау шартына байланысты анықталатын экономикалық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің әр түрлілігі, жағрафиялық жағдайы, ұлттық дәстүрлер, әлеуметтік топтың ерекшеліктері, соның ішінде жасы, олардың рухани, саяси, әлеуметтік мүдделері, отбасы жағдайы, білім деңгейі, мамандығы, табысының деңгейі, зейнетақымен қамсыздануы, салымдарды сақтандыру жүйесінің дамуы және т. б. жатады. Ал банк тұрғысынан алсақ, ондай факторларға мыналар жатады: бәсекелестік деңгейі, банктік қызмет түрлерінің даму қарқыны, «бәрі клиенттер үшін» деген саясат, банктік қызметтердің сапасы, тәуекелдің диверсификациялануы, банк қызметкерлерінің біліктілік деңгейі, қаражатты тарту технологиясының жағдайы, банктік операциялардың қазіргі техникалармен қамтамасыз етілуі және т. б.

Депозиттік нарықтың қазіргі жағдайына жасалған талдаудан салым иелері үшін мыналардың маңыздылығын айта кету ажет:

Біріншісі бұл банктің сенімділігі. Көптеген салымшылардың пікіріне сүйенсек, еліміздегі ең тұрақты банктерге Халық жинақ банкі АҚ, Қазкоммерцбанк АҚ жатады. Себебі аталған банктердің банктік қызмет көрсету тәжірибесі жеткілікті немесе сапасы жоғары деңгейде бағаланады.

Екіншісі - бұл депозиттер бойынша белгіленетін пайыз мөлшерлемелерінің деңгейі. Бұл жерде банк қаншалықты тұрақты болса, соғұрлым олардың депозиттер бойынша пайызы төмен. Ал кейбір танымал емес банктеріміз керісінше барынша жоғары пайыз мөлшерлемесін белгілеп, депозиттік нарықтан клиенттерді тартуға тырысады.

Үшінші, банктің құрылымдық бөлімшелерінің көп болуы және қызмет көрсету сапасы. Әрине неғұрлым филиалы көп болса соғұрлым депозиттік нарықтағы клиенттерді көбірек тартуға мүмкіндік туады. Ол үшін қызмет көрсету сапасы жоғары болуы тиіс.

Депозиттік саясат бірнеше принциптерге негізделіп қарастырылады. Ол әрбір банкке дербес қалыптастырылады, ғылыми негізделуі тиіс, сонымен қатар жеделдігі, икемділігі және тиімді болуы негізінде құралады.

Депозиттік саясат макро және микро деңгейлерінде анықталады. Макроэкономикалық факторға:

- ұлттық банктің ақша несие саясаты;

- мемлекеттің фискалды саясаты;

- нақты сектордың жағдайы;

- ұлттық экономиканың дүниежүзілік экономикамен байланысы;

- бағалы қағаздар нарығының даму қарқыны жатады.

Банк тепе-теңдігін, банктер тәуекелдіктерінің кемуі және салым иелері мен банк клиенттерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етушінің ең бір маңызды құрал міндетті қорлар болып табылады. Бұл механизмнің ықпалы Ұлттық банк белгілейтін міндетті резервтер нормасымен реттелініп отырады. Ол өз кезегінде, яғни міндеттік резервтер қаржылық рыноктарда операциялар жүргізу үшін база, негіз жасайды.

Банктердің депозиттік саясатын қалыптастыруға әсерін тигізетін микроэкономикалық факторларға мыналар жатады: коммерциялық банктердің нарықты ортадағы репутациясы; коммерциялық банктердің клиентуралық нарықтағы экспансиондық іс - қимыл әрекеті; коммерциялық банктердің маркетингтік қызметтерінің тиімділігі, яғни клиентуралық нарықта өз қызметтерін жария ете білуі, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық түрін пайдалануы; сырттан тартылған қаражаттарға, әсіресе депозиттерге дұрыс баға белгілеу, яғни депозиттерді тартумен байланысты шығындарды мейлінше азайту жолдарын қарастыру, себебі бұл шығындар банктің қаржылық жағдайына тікелей ықпал етеді; коммерциялық банктердің менеджментінің сапасы, яғни банк қызметкерінің кәсіби деңгейі мен мәдениетінің жоғары болуы; коммерциялық банктердің меншікті капиталының жеткіліктілігі.

Депозиттік саясаттың мазмұны коммерциялық банктердің депозиттік нарықтағы іс - әрекет қимылдарын түгел қамтуы керек. Осының ең үлкен бөлігі - банк қызметкерлеріне деген тарифты немесе бағаны белгілеу саясаты немесе депозиттік қызметтің бағасы. Депозиттік қызметтің бағасы сыйақы көрсеткіштерінде өз көрінісін табады.

Депозиттік саясаттың келесі үлкен мазмұны - коммерциялық банктердің депозиттік базасын орнықты ету. Әрине, коммерциялық банктердің балансындағы депозиттердің барлық түрі де олардың депозиттік базасына жатпайды. Депозиттік база банктердің депозиттерінің белгілі бір тұрақты бөлігі болып келетін және нарықтық ортаның конъюнктуралық өзгерістерінің ықпалы нәтижесінде өзгерістерге ұшырамайтын және сыйақы мөлшері басқа депозит түрлерімен салыстырғанда төмен болып келетін депозиттердің бөлігін айтамыз.

Кейбір ғылыми көзқарастарға сүйенсек, коммерциялық банктердің депозиттік базасының орнықтылығын мерзімді депозиттердің үлес салмағының жоғары болуымен байланыстырады.

Депозиттік саясат пен несиелік саясаттың өзара тығыз байланысы банктің өтімділігін бір деңгейде демеп отыру қажеттілігімен сипатталынады. Осы саясаттардың өзара тығыз байланысының мазмұнының тағы бір қыры коммерциялық банктер тарапынан ақша ағынын тиімді басқару проблемасында жатыр. Коммерциялық банктердің менеджментінің сапасы да осылармен бағаланады.

Жоғарыда айтып өткеніміздей депозиттік саясаттың негізгі мақсаттарының бірі - өте икемді және тиімді банктің өтімділігіне тікелей ықпал ететін, табыс көзін молайта түсуді қамтамасыз ететін депозиттік портфельді қалыптастыру.

Егер сапасы жоғары депозиттік саясат өте тиімді депозиттік болса, ал өте тиімді депозиттік портфель депозиттіксаясаттың табысты және ойдағыдай жүзеге асыруының нәтижесі болыптабылады.

Депозиттік портфель - коммерциялық банктердің депозиттік саясаты нәтижесінде қалыптасқан және банктердің балансының пассивінде көрсетілетін сырттан тартылған қаражаттардың немесе банктің міндеттемелерінің жалпы жиынтығы. Депозиттік портфельде тартылатын қаражаттардың барлығы сыйақы негізінде қалыптасады (1-сурет) . Депозиттік портфель коммерциялық банктердің міндеттемелер портфелінің бір бөлігі бола тұра депозиттік саясаттың бірден бір нәтижесі. Депозиттік портфельді қалыптастырумен байланысты банктер тарапынан белгілі бір шығындарды жұмсауды қажет етеді. Олар депозитті портфельді басқарумен байланысты шығындар деп атайды. Мұндай шығындардың ең негізгісі сыйақымен байланысты шағындар құрайды. Егер коммерциялық банктердің депозиттік саясаты неғұрлым тиімді болса, депозиттік портфельді басқарумен байланысты шығындар соғұрлым төмен болуы мүмкін.

1-сурет. Банктің депозиттік портфелінің құрылымы

Депозиттік портфельдің мазмұнын оның құрамы мен құрылымы аша түседі. Олар өз алдына мынадай факторлармен байланысты: коммерциялық банктердің банк қызметтерінің көтерме сауда нарығындағы репутациясымен; коммерциялық банктердің басқа банктермен корреспондеттік қатынастарының дамуы және олардың ауқымы; коммерциялық банктердің өзінің клиентуралық нарығындағы стратегиясы мен тактикасы; коммерциялық банктердің географиялық немесе региональдық орналасу мекен-жайы. Егер коммерциялық банктер өндіріс ошақтары шоғырланған аймақта бөлек қызмет етсе оның депозиттік портфелінің құрамы және оның құрылымы соғұрлым күрделі болып кетеді; жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі және жеке азаматтардың номинальдық табысының мөлшері. Егер банк қызмет көрсететін ортада халықты жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі жоғары болса, онда банктің депозиттік портфелінде жеке азаматтардың салымдары жоғары болады; коммерциялық банктердің өздерінің депозиттік портфелін басқару барысындағы диверсификациялау саясаты. Депозиттік портфельдің диверсификациясы дегеніміз - оның құрамы мен құрылымының күрделі көп спекторы және әр-түрлі болып келуі. Егер банктің депозиттік портфелінің диверсификациясы жоғары болса, онда мұндай банктердің депозиттік бағасы да орнықты болады.

Депозиттік нарық дегеніміз - заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтап, оларды тиімді және табысты орналастырумен байланысты сұраныс пен ұсыныс пайда болатын ресми және бейресми ұйымдастырылған экономикалық орта.

Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың барлығы да, соның ішінде коммерциялық банктер де депозиттік операциялармен немесе депозиттік қызмет көрсетулермен тек қана Ұлттық банк берген лицензия негізінде айналыса алады.

  1. Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары және олардың топтарға жіктелінуі

Депозиттік операциялар алғашқыда алтын тиынды сақтаудың формалары түрінде, яғни оларды ақша сарайларында, менялдарда (айырбастауларда) және т. б. көбірек жинақтау мақсаттарында пайда болды. Сақталғаны үшін иесі белгілі бір сыйақы төлеуі қажет болатын. Клиенттің тілегі бойынша менялдарда өзіне сеніп тапсырылған тиынның нақ өзін сақтауға кепілдік беретін. Мұндай жағдайда олар алынған тиындармен ссудалық операцияларды жүзеге асыра алмайтын, олар иелеріне ақша пайызын төлейтіндей пайда ала алмайтын. Уақыт өте келе олардан нақ сол тиындарды қайтару талап етілмей, орналастырылған ақшаның сомасы ғана қайтарылатын. Сақтау мерзімі де ұзартылатын. Егер осыған дейін менялдар несиені тек өз капиталына қарай беріп келген болса, ендігі жерде несие ұсыну, ссудаға пайыз алу және ақша иелеріне өз сомасының бір бөлігін төлеу үшін қарыз қаражатын пайдаланудың мүмкіндіктеріне ие болды.

Бүгінгі таңда депозиттік операциялардың сан алуан түрлері мен формалары бар. Олар елдер бойынша айтарлықтай сараланған. Алайда, әрбір қаржы институтының артықшылықты міндеттерінің біріне - бұрынғыша несиелік ресурстардың негізгі көзі ретіндегі депозиттік базаларды кеңейтіп, салымшыларды көптеп тарту жатады.

Ақша - жинақтау функциясын атқара отырып, халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және т. б. жинақтар секілді депозиттерге түрлендіреді. Клиенттердің барлық салым ақшалары депозит деп түсіндіреді. Оған орналастырылған қаражат көздері әр түрлі. Бұл корпорациялық клиенттердің, мемлкеттік мекемелердің және кәсіпорындардың шоттарындағы қаражат және уақытша пайдаланылмайтын жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысы.

Банктік тәжірибеде барлық тартылған қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөлінеді:

  • депозиттер;
  • депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.

Депозит - бұл клиенттің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозитік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиентінің атынан тартылмайды, екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.

Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі екінші деңгейлі банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялары сипатына жатқызуға болады.

Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар - банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа кореспондент-банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активі ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.

Пассивті депозитті операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.

Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әртүрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

  • талап етуіне дейінгі депозиттер;
  • мерзімді депозиттер;
  • жинақ салымдары;
  • бағалы қағаздар.

Сондай-ақ, оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:

  • мерзімдеріне қарай;
  • салым иелерінің категорияларына қарай;
  • қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
  • пайыз төлеу тәсіліне қарай;
  • банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;
  • тағы басқалары.

Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрлерге бөлінеді:

  • жеке тұлғалардың шоттарына;
  • қаржылық мекемелердің шоттарына;
  • шетелдік азаматтардың шоттарына.

Талап етуге дейінгі депозиттер - бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.

Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:

  • мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әртүрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттар;
  • әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
  • есеп айырысудағы қаражаттар;
  • жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
  • басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтар.

Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылды.

Ал, кемшілігі - бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне, осыған келіп талап етуге байланысты олардың мынадай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАНК ДЕПОЗИТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Екінші деңгейлі банктердегі депозиттік саясаттың қалыптастырылуы және даму мәселелері
Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы
Депозиттік портфель - қаржы инструменттеріне инвестиция жұмсаудың қаражат көздері
Қарыз капиталы жөнінде түсінік, коммерциялық банктердің ресурстарының кұрылымы
Табылған бағалы қағаздар
Екінші деңгейлі банктердің атқаратын қызметтері мен операциялары
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау
Несие берудегі несие саясаты
Банкті басқарудың үлгілі ұйымдастырушылық құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz