Коммерциялық емес ұйымды басқару
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1. Коммерциялық емес ұйымдардың
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2. Коммерциялық емес ұйымдардың
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.3. Коммерциялық емес ұйымды
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
1.4. Мемлекет және коммерциялық емес
ұйымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
ІІ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1.
Мекеме ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2. Қоғамдық
бірлестік ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...24
2.3. Коммерциялық емес акционерлік
қоғам ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..28
2.4.
Қор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
2.5. Тұтыну
кооперативі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 34
2.6. Діни
бірлестіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..36
2.7. Заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы
бірлестіктер ... ... ... ... 44
ІІІ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ,
ТАРАЛУЫ МЕН ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ
ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
3.1. Коммерциялық емес ұйымдарды құру және қайта ұйымдастыру ... ... ..45
3.2. Коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен
өкілдіктері ... ... ... 54
3.3. Коммерциялық емес ұйымдардың жауапкершілігі және таратуы
... ... .55
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .57
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..59
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Заңды тұлға дегеніміз - меншік
шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар
және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін өз
атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге
ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жаупкер
бола алатын ұйым.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде заңды тұлғаларды
төмендегідей 2 топқа бөлінеді: коммерциялық және коммерциялық емес ұйым.
Осы дипломдық жұмыс Коммерциялық емес ұйымдардың қызметін зерттеу
болғандықтан, заңды тұлға, яғни коммерциялық емес ұйымға қысқаша шолу
жасайық.
Коммерциялық емес ұйым – мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және
алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым.
Дипломдық жұмысымның мақсаты мен міндеттері.
Бұл жұмысымның негізгі мақсаты - Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтiк,
мәдени, ғылыми, бiлiм беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткiзу;
азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғау; даулар
мен жанжалдарды шешу; азаматтардың рухани және өзге қажеттiлiктерiн
қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау,
дене шынықтыру мен спортты дамыту заң көмегiн көрсету үшiн, сондай-ақ
қоғамдық игiлiктердi және өз мүшелерiнiң (қатысушылардың) игiлiктерiн
қамтамасыз етуге бағытталғандығын көрсетіп түсіндіру.
Коммерциялық емес ұйым жарғылық мақсаттарды жүзеге асыруға құқылы және
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға; белгіленген тәртіппен
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен (мекемелерді
қоспағанда) жауап беруге; Қазақстан Республикасының заң актілеріне
сәйкес жауапкершілікте болуға міндетті.
Дипломдық жұмысымның деректі көздері: Қазақстан Республикасының
Конститутциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Коммерциялық
емес ұйымдар туралы заң және басқа да заңдылықтары негізінде жүргізілді.
Және де бұл тақырыппен Қазақстан Республикасында көптеген авторлар
шұғылданған, олар: Басин Ю.Г., Грешников И.П., Диденко А.Г., Жакенов В.А.,
Жанайдаров И.У., Маметова Р.А., Мукашева К.В., Покровский Б.В., Сулейменов
М.К., Ташмухамедова Ш.Ж., Худяков А.И. және басқалар.
Дипломдық жұмысымның құрлымы.
Қазіргі уақытта коммерциялық емес ұйымдар республикамыздың маңызды
рөлін атқарып отыр, яғни республикамыздың бір үлкен мүшесі деп айтуымызға
болады. Себебі мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес
акционерлік қоғам, қорлар, тұтыну кооперативтері, діни бірлестіктер, заңды
тұлғалардың қауымдастық нысандағы бірлестіктердің бәрі осы коммерциялық
емес ұйым құрамында жатады. Осы аталғандардың бәрі республикамыздың
тұрақтылығын, экономикамыздың өсуіне, халқымыздың өмір-тіршілігін, яғни
әлеуметтік, мәдени, білім беру, олардың мүдделерін қорғау және өзге де
қажеттілігін қанағаттандыруын қамтамасыз етеді.
Бұл дипломдық жұмысым үш бөлімнен тұрады. Әр бөлімді талдап бөліп
қарастырайық, олар:
І. Коммерциялық емес ұйымдардың жалпы сипаттамасы
ІІ. Коммерциялық емес ұйымдардың түрлері
ІІІ. Коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық ұйымдастырылуы, таратылуы
мен заң алдындағы жауапкершілігі.
Бірінші бөлімде мн коммерциялық емес ұйымдардың мазмұнын ашуға
тырысамын. Жоғарыда айтылғандай коммерциялық емес ұйым өз мақсаттарын
пайдаланып пайда табуды көздемейді және өз қатысушыларына тапқан таза
табысын бөліп бермейді, яғни коммерциялық емес ұйымды мемлекеттік ұйым деп
қарастыруға болады. Себебі коммерциялық емес ұйым пайда табуды көздемей,
әлеуметтік, мәдени, білім беруді, ғылыми т.б. қажеттіліктерін
қанағаттандырып қоймай, өзіне түскен кірістерін жарғылық мақсаттарда
жұмсалады. Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы материалдық емес игіліктер
мен қызметтерді жасау мақсатында материалдық өндіріс салаларында жасалған
ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құрылатын ақша қорларының қозғалысын
ортақтандыратын ақша қатнастарының жиынтығынан түседі.
Коммерциялық емес ұйымның атауы оның атын және ұйымдық-құқықтық
нысанының көрсетпесiн қамтиды. Коммерциялық емес ұйымның атауында
заңдардың талаптарына немесе қоғамдық мораль нормаларына қайшы келетiн
атауларды, егер рұқсатын қатысушылар алмаған болса, адамдардың өз аттарын
пайдалануға жол берiлмейдi.
Коммерциялық емес ұйымның тұрақты қызмет iстейтiн органы орналасқан
жер оның орналасқан жерi деп танылады. Коммерциялық емес ұйымның атауы мен
орналасқан жерi оның құрылтай құжаттарында көрсетiледi.
Екінші бөлімде мен коммерциялық емес ұйымдардың ұйымдық-құқықтық
нысандарын қарастырамын, яғни бұл бөлімде коммерциялық емес ұйымдардың
түрлерін бөліп, оларды сипаттап, мазмұндарын ашып көрсетуге тырысамын.
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк
қоғам, тұтыну кооперативi, қор, дiни бiрлестiк, қауымдастық (одақ)
нысанындағы заңды тұлғалардың бiрлестiгi нысанында және заң актiлерiнде
көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн. Осы аталғандардың бәрін мазмұнын
айта қоймай, оларды талдап және қоғамға қандай маңызды рөл атқаратынын да
айта кетем.
Ал үшінші бөлімде мен коммерциялық емес ұйымдардың құрылуын, қайта
ұйымдастыру мен таратуын айта кетем. Бұл тарауда коммерциялық емес ұйымдар
құру кезіндегі жарғысы немесе құрылтай шарты деп аталатын құрылтай
құжаттары мен ұйымды құру талаптарымен таныстыра кетем.
Коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеу тәртібі Азаматтық
кодекстен басқа, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 17 сәуірде
шығарған “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы” Заңды күші бар
Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заңды
тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы ережесімен реттеледі, яғни Республика
аймағында құрылатын барлық заңды тұлғаларға олардың құрылу мақсаттарына,
олардың әрекетінің жайы мен түріне, қатысушылардың құрамына қарамастан
мемлекеттік тіркеу міндетті болып табылады.
Коммерциялық емес ұйым, оны қалыптастыру арқылы, сондай-ақ бұрын бар
коммерциялық емес ұйымды қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылуы мүмкін.
Коомерциялық емес ұйымды(қоғамдық және діни бірлестіктерді қоспағанда), оны
қалыптастыру арқылы құру құрылтайшылардың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Және де бұл тарауда коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен
өкілдіктерін айта кетем. Осы ұйымның филиалдары мен өкілдіктерінің
мазмұнын, құқықтық міндеттері мен мақсаттарын түсіндіремін.
Коммерциялық емес ұйымдарды тарату түрлерімен оның тарату себептері
және қандай заңдар, актілерді басшылыққа ала отырып таратуын айтпауыма
болмайды.
Яғни бұл дипломдық жұмысымда мен коммерциялық емес ұйымдардың
мазмұнымен, қызметтерімен, түрлерімен, жауапкершілігімен, ұйымдастырылу
және таратылуын толықтай қамтамасыз етем.
І. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.
1.1. Коммерциялық емес ұйымдар түсінігі
Коммерциялық емес ұйымдар заңды тұлғалар болып табылатындықтан
біріншіден заңды тұлғаларға қысқаша шолу жасасақ . Азаматтық
кодекстің 33-бабында оған мынандай тұжырым берілген . Меншік

бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес
балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы
жазылған мөрі болады. Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны
мынадай белгілері бойынша айқындайды.
1. ұйымдасқан бірлігі;
2. мүліктік оқшаулығы;
3. азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы;
4. дербес мүліктік жауапкершілігі.
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән
қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан
бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді,сол арқылы қызмет
саясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң
құжаттарында сондай-ақ құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе жарғы
немесе құрылтай шарты арқылы, немесе тек құрылтай шарты негізінде
жүзеге асырады.
Сонымен қатар заңды тұлғалар заң құжаттарында сондай-ақ
құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматық
құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға
органдарының түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың
өкілеттілігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Мүліктік оқшаулық – заңды тұлғаның экономикалық құқықтық
белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз-ол заңды тұлғаның
міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікке жауап беруі.
Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге
бөледі: коммерциялық және коммерциялық емес .
Коммерциялық заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін ұйым
болып табылса,ал кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және
алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлінбейтін заңды тұлға
коммерциялық емес ұйым болып танылады.
Осындай саралау заңды тұлғалар түрінің әрқайсысын ерекше
құқықтық тәртіпке бағындырады. Азаматтық кодекстің 34-бабының 2-
тармағына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға
мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам,
өндірістік кооператив нысандарында құрыла алады.
Коммерциялық емес ұйым – заңды тұлға ретінде мекеме,
қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни
бірлестік, қауымдастық одақ нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі
және заң актілерінде көрсетілген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң бойынша:
1. коммерциялық емес ұйымның өзінің жарғылық мақсаттарына ғана
сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады;
2. жекелеген ұйымдық - құқықтық нысанындағы коммерциялық емес
ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының
заң
актілерінде шектеулер қойылуы мүмкін;
3. коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша кірістер
мен шығыстардың есебін жүргізеді;
4. коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне салық салу
Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асыра
алады.
Коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметінен алынатын
кірістерді коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері (қатысушылары)
арасында бөлісуге болмайды. Ол жарғылық мақсаттарға жұмсалады.
Қоғамдық және діни бірлестіктердің, қорлардың өз қаражаттарын
қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол беріледі.
Мүлкіне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүліктік құқықтарын
сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар
және діни бірлестіктер жатады. Жоғарыда айтқанымыздай, Азаматтық
кодекс коммерциялық емес ұйым болып табылатын мекеме, қоғамдық
бірлестік,тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестікті де құруға
жол ашады. Бірақ бұл тізіммен шектеліп қалуға болмайды, себебі
“коммерциялық емес ұйым” заң құжаттарында көзделген өзге де
нысандарда құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйымдар арнайы Қазақстан Республикасының
“Коммерциялық емес ұйымдар туралы” заңмен реттеледі, ол Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді, сонымен қатар Азаматтық
кодекспен басқа да заң актілерімен реттеледі. “Коммерциялық емес
ұйымдар туралы” заңның күші Қазақстан Республикасының аумағында
құрылған және әрекет ететін шетелдік және халықаралық коммерциялық
емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің (оқшауланған бөлімдерінің
) кез келген ұйымдық құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымының
қызметіне қолданылады.
Жекелеген коммерциялық емес ұйымдардың құрылуына, қызметіне, қайта
ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты ерекшеліктер
коммерциялық емес ұйымдар туралы заңмен және өзге де заң
актілерімен реттеледі. Коммерциялық емес ұйымдардың әртүрлі
мақсаттарда құрылуы мүмкін. Көбінесе іс жүзінде мына мақсаттарда
құрылады, олар: әлеуметтік; мәдени; ғылыми; білім беру; қайрымдылық;
басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың
құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау; даулар мен жанжалдарды шешу;
азаматтардың рухани және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру;
азаматтардың денсаулығын сақтау; қоршаған ортаны қорғау; денешынықтыру
мен спортты дамыту; заң көмегін көрсету үшін, сондай-ақ қоғамдық
игіліктерді және мүшелерінің (қатысушылардың) игіліктерін қамтамасыз
етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мақсаттары құрылтай
құжаттарымен айқындалады.
Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңының 5-бабына сәйкес
мынадай құқықтары мен міндеттері бар.
Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшін коммерциялық емес
ұйымдардың:
1. заңдарда белгіленген тәртіппен банктерде шот ашуға;
2. мемлекеттік және орыс тілдерінде ұйымның толық атауы бар
мөрі,
мөртабаны және бланкілері, сондай-ақ белгіленген тәртіппен
тіркелген эмблема(нышаны) болуына;
3. меншігінде немесе оралымды басқаруында оқшауланған мүлкі,
сондай-ақ дербес балансы немесе сметасы болуға;
4. мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иеленіп алуға
және
жүзеге асыруға ;
5. егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе , басқа заңды
тұлғалар
құруға;
6. филиалдар мен өкілдіктер ашуға;
7. қауымдастықтар мен одақтастарға кіруге ,сондай-ақ олардың
қызметіне қатысуға;
8. жарғыда көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды
пайдалануға;
9. сотта талапкер мен жауапкер болуға;
10. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзгеде
құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Коммерциялық емес ұйымдар :
1. Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға;
2. белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдерді төлеуге;
3. өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен
(мекемелерді қоспағанда) жауап беруге;
4. Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес
жауапкершілікте
болуға міндетті.
Коммерциялық емес ұйымның атауы оның атауын және ұйымның
құқықтық нысанының көрсетпесін қамтиды.
Коммерциялық емес ұйымның атауында заңдардың талаптарына немесе
қоғамдық мораль нормаларына қайшы келетін атауларды; егер
қатысушылардың есімімен үйлесімді болмаса не егер жеке есімін
пайдалануға бұл адамдардың (олардың мұрагерлерінің) рұқсатын
қатысушылар алмаған болса, адамдардың өз аттарын пайдалануға жол
берілмейді.
Сонымен қатар коммерциялық емес ұйымның тұрақты қызмет
істейтін органы орналасқан жер оның орналасқан жері деп танылады.
Оның атауы мен орналасқан жері оның құрылтай құжаттарында
көрсетіледі.
1.2. Коммерциялық емес ұйымдардың қызметі
Коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым
салынбаған және коммерциялық емес ұйымның мақсаттарына сәйкес келетiн, оның
құрылтай құжаттарында көзделген бiр немесе бiрнеше қызмет түрiн жүзеге
асыра алады. Жекелеген ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйымдар
айналысуға құқылы қызмет түрлерiне Қазақстан Республикасының заң
актiлерiнде шектеулер қойылуы мүмкiн. Коммерциялық емес ұйымдар заң
актiлерiне сәйкес жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялар негiзiнде ғана
жүзеге асыра алады.
Коммерциялық емес ұйым өзiнiң жарғылық мақсаттарына сәйкес келетiндей
ғана кәсiпкерлiк қызметпен айналыса алады. Жекелеген ұйымдық-құқықтық
нысандағы коммерциялық емес ұйымдардың кәсiпкерлiк қызметiне Қазақстан
Республикасының заң актiлерiнде шектеулер қойылуы мүмкiн. Коммерциялық емес
ұйым кәсіпкерлiк қызметі бойынша кірістер мен шығыстардың есебiн жүргiзедi.
Коммерциялық емес ұйымдардың кәсiпкерлiк қызметiне салық салу Қазақстан
Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Коммерциялық емес
ұйымдардың кәсiпкерлiк қызметiнен алынатын кiрiстердi коммерциялық емес
ұйымдардың мүшелерi (қатысушылары) арасында бөлiсуге болмайды, ол жарғылық
мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, қорлардың өз
қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол берiледi.
Коммерциялық емес ұйымның меншiгiнде немесе оралымды басқаруында оның
жарғысында көзделген қызметiн материалдық жағынан қамтамасыз етуге қажеттi,
заң актiлерiне сәйкес коммерциялық емес ұйымдардың меншiгiнде болуға
болмайтын мүлiктiң жекелеген түрлерiн қоспағанда, объектiлер, мүлiк, сондай-
ақ өзiнiң қаражаты есебiнен құрылған ұйымдар болуы мүмкiн. Дiни
бiрлестiктердiң өз қаражаты есебiнен иемденiп алған немесе өздерi құрған,
азаматтар, ұйымдар қайырмалдық ретiнде берген, немесе мемлекет берген және
заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да негiздер бойынша иемденiп алынған
мүлiкке меншiк құқығы болады.
Мекеменің өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген
қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiнше иелiктен айыруға немесе
өзгеше әдiспен оған билiк етуге құқығы жоқ. Коммерциялық емес ұйым
(мекемелердi қоспағанда) өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық
мүлкiмен жауап бередi.
Коммерциялық емес ұйымның мүлкiн құрау көздерi:
1) құрылтайшылардан (қатысушылардан, мүшелерден) түскен түсiмдер;
2) ерiктi мүлiктiк жарналар мен қайырмалдықтар;
3) заңдарда белгiленген жағдайларда тауарлар сатудан, жұмыстардан,
қызмет көрсетуден түскен түсiмдер (кiрiс);
4) акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар және салымдар
(депозиттер) бойынша алынған дивидендтер (кiрiстер, сыйақы (мүдде);
5) заңмен тыйым салынбаған басқа да түсiмдер, заң актілерiне сәйкес,
коммерциялық емес ұйымның мүлкін ақшалай және өзге де нысандардағы құрау
көздерi болып табылады.
Коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлерiнiң кiрiс көздерiне заң
актiлерiмен шектеулер қойылуы мүмкiн. Құрылтайшылардан (қатысушылардан,
мүшелерден) түсетiн қаржы және өзге де қаражат түсiмдерiнiң тәртiбi
коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарында белгiленедi. Коммерциялық
емес ұйымның мүлкiн, ақшалай нысаннан басқа, заттай және өзге нысандарда
құрауға құрылтайшылардың салымдары барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша
ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық
есептiк көрсеткiшке тең сомадан асып кетсе, оны бағалауды тәуелсiз аудитор
растауға тиiс. Коммерциялық емес ұйым мен мүдделi адамдардың арасындағы
ұйымның мүлкiн пайдалануға байланысты мәмiлелер мүдделер қайшылығы орын
алуын ұйғарымдайды. Коммерциялық емес ұйымның басқару органының (басшылық
етушi органының) мүшелерi, сондай-ақ осы өз ұйымымен жеке өзi немесе өкiлi
арқылы мәмiлелер жасасатын, ұйыммен қатынастарына орай өз мүлкiмен ұйымға
билiк етуге ықпал ете алатын адамдар мүдделi адамдар деп танылады.
Коммерциялық емес ұйым мүдделi адамдардың туыстарымен, сондай-ақ олардың
кредит берушiлерiмен мәмiлелер жасаса да мүдделер қайшылығы ұйғарымдалады.
Мүдделер қайшылығы ұйғарымдалған мәмiленi коммерциялық емес ұйымның
уәкiлеттi органы бекiтуге тиiс. Мүдделi адам осындай мәмiле жасасудың
ұйғарымдалғаны туралы ұйымның уәкiлеттi органын хабардар етуге тиiс.
Егер мәмiленi уәкiлеттi органдар бекiтпеген болса, мүдделер қайшылығы
орын алған мұндай мәмiленiң жасалуы нәтижесiнде коммерциялық емес ұйымға
келтiрiлген шығындардың орнын толтыруға мүдделi адам жауап бередi.
Шығындардың орнын толтыруға қоса, осындай мүдделi адам осындай
мәмiленi жасау нәтижесiнде алған сол адамның бүкiл кiрiсiн коммерциялық
емес ұйымға қайтаруға тиiс.
Егер шығындар бiрнеше мүдделi адамның iс-қимылдары нәтижесiнде
туындаған болса, олар коммерциялық емес ұйымның алдында ортақ жауап беруi
тиiс.
1.3. Коммерциялық емес ұйымды басқару
Коммерциялық емес ұйымның басқару органдарының құрылымы, құзыретi,
құрылу тәртiбi мен өкiлеттiктерiнiң мерзiмi, олардың шешiмдер қабылдау мен
коммерциялық емес ұйымның атынан әрекет жасау тәртiбi заңдарда және
коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарында белгiленедi.
Коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда,
құрылтай құжаттарына сәйкес олардың басқару органдары мыналар болып
табылады:
1) жоғарғы басқару органы (жалпы жиналыс, съезд, конференция,
құрылтайшы) - коммерциялық емес ұйым қызметiнiң кез келген мәселелерi
бойынша шешiмдер қабылдауға құқылы;
2) басқарудың атқарушы органы (алқалы немесе дара басқару) -
коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарымен жоғары басқару органының
ерекше құзыретiне жатқызылған мәселелердi қоспағанда, коммерциялық емес
ұйымның қызметiн ағымдағы басқаруды жүзеге асырады, жоғары басқару органына
есеп бередi;
3) коммерциялық емес ұйымның басқару органдары сайлайтын немесе
тағайындайтын тексеру органы (тексеру комиссиясы, тексерушi);
4) коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес басқа да
органдар.
Коммерциялық емес ұйымның жоғарғы басқару органының ерекше құзыретiне:
1) коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарын қабылдау, оларға
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
2) коммерциялық емес ұйымды ерiктi түрде қайта ұйымдастыру және
тарату;
3) коммерциялық емес ұйымның басқару органдарының құзыретiн, ұйымдық
құрылымын, оларды құру және өкiлеттiктерiн тоқтату тәртiбiн айқындау;
4) атқарушы органдардың қаржы есептемесiн табыс етуiнiң тәртiбi мен
мерзiмдiлiгiн, сондай-ақ бақылау органының тексеру жүргiзу тәртiбiн және
олардың нәтижелерiн бекiтудi айқындау;
5) заң актiлерiнде белгiленген шекте коммерциялық емес ұйымның басқа
заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз филиалдары мен өкiлдiктерiн құруы немесе
олардың қызметiне қатысуы туралы шешiм қабылдау мәселелерi жатады.
Жоғары басқару органының ерекше құзыретiне заң актiлерiне сәйкес
коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарымен осы ұйым қызметiнiң басқа
да мәселелерi жатқызылуы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйым өзiнiң жоғары басқару органының мүшелерiне,
жоғары басқару органының жұмысына қатысуына тiкелей байланысты шығыстардың
өтемiн қоспағанда, өздерiне жүктелген мiндеттердi олардың орындағаны үшiн
сыйақы төлеудi жүзеге асыруға құқылы емес.
Коммерциялық емес ұйымның жалдамалы жұмыс iстейтiн, штаттағы
қызметкерлерiне еңбек, сақтандыру, әлеуметтiк қамсыздандыру туралы заңдар
қолданылады.
1.4. Мемлекет және коммерциялық емес ұйымдар
Мемлекет коммерциялық емес ұйымдарды құруды және олардың белсендi
қызмет етуiн көтермелейдi. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
коммерциялық емес ұйымдарға салық, кеден жеңiлдiктерi және басқа да
жеңiлдiктер берiлуi мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйымдар өз қызметiнiң мақсаттарына сәйкес
мемлекеттiк органдармен келiсiмдер жасауын, ынтымақтасуы және олар үшiн
белгiлi бiр жұмыстарды орындауы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйым бухгалтерлік есеппен статистикалық есептiліктi
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жүргiзедi.
Коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңдарына және
коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес мемлекеттiк
статистика және салық органдарына, құрылтайшыларға және өзге де тұлғаларға
өз қызметi туралы ақпарат бередi.
Шет мемлекеттер, халықаралық және шетелдiк ұйымдар, шетелдiктер мен
азаматтығы жоқ адамдар өтеусiз негiзде беретін қаражат есебiнен қызметін
жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес салық органдарына осы қаражатты пайдалану туралы есептi ұсынады.
Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк
және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi
(оқшауланған бөлiмшелерi) баспасөз басылымдарында жыл сайын өз қызметі
туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары, мүліктің құрамы туралы, ақшаны
қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы ақпарат жариялайды.
Коммерциялық емес ұйым кiрiстердің мөлшерi мен құрылымы, сондай-ақ
коммерциялық емес ұйым мүлкiнiң мөлшерi мен құрамы туралы, оның шығыстары,
қызметкерлерiнiң саны мен құрамы туралы, олардың еңбегіне ақы төлеу,
коммерциялық емес ұйымның қызметiнде азаматтардың өтеусiз еңбегiн пайдалану
туралы мәлiметтер коммерциялық құпияның нысаны бола алмайды.
Коммерциялық емес ұйымның қызметi Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен заңдарын бұзған немесе коммерциялық емес ұйымның
жарғысында белгiленген қызметтiң мәнi мен мiндеттерi шегiнен шығатын
әрекеттердi бiрнеше рет жасаған жағдайларда прокуратура органдарының ұсынуы
негiзiнде шығарылған сот шешiмiмен үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге
тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйымның қызметi тоқтатыла тұрған жағдайда оған
құрылтай құжаттарында көзделген қызметпен айналысуға тыйым салынады. Оның
банк шоттарын пайдалану құқығы да тоқтатыла тұрады, бұған еңбек шарттары
бойынша есеп айырысу, өз қызметi салдарынан келтiрiлген шығындардың орнын
толтыру мен айыппұл төлеу қосылмайды.
Егер коммерциялық емес ұйым өз қызметiн тоқтата тұруға негiз болған
бұзушылықтарды қызметi тоқтатыла тұруы белгiленген мерзiм iшiнде жойса,
онда аталған мерзiм аяқталған соң коммерциялық емес ұйым өз қызметiн қайта
бастайды. Коммерциялық емес ұйым бұзушылықтарды жоймаған жағдайда
прокуратура органдары оны тарату туралы сотқа арыз берiп жолдануға құқылы.
Коммерциялық емес ұйымның қызметiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдаған сот
коммерциялық емес ұйымның бұзушылықты жоюына байланысты ұсынысы бойынша осы
шектеудi мерзiмiнен бұрын алып тастауға құқылы.
Заңдарды бұзу коммерциялық емес ұйымның Қазақстан Республикасының заң
актілерінде көзделген тәртіппен жауапты болуына әкеп соқтырады.
Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңдарды бұзғандығы үшін бұған кінәлі жеке
және заңды тұлғалар, соның ішінде мемлекеттік органдардың лауазымды
адамдары да жауапты болады.
ІІ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ.
2.1. Мекеме
Мекеме – құрылтайшы басқару, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық
емес сипаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін құрған және
қаржыландыратын ұйым.
Мекеме коммерциялық емес ұйым өзіндік құқықтық
ұйымдастырылуында ерекшеліктері бар, сонымен қатар мемлекет азаматтық
құқықтық қарым-қатынастарда ерекше көңіл бөледі, яғни мемлекеттік
мекемелерде. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының “Коммерциялық емес
ұйымдар туралы” заңына сәйкес жеке меншік мекемелер де құрылуы
мүмкін, яғни мекеме мемлекеттік мекеме және жеке меншік мекеме
нысанында құрылуы мүмкін. “Мекеме” ұғымында заң шығарушы тек жеке
меншік мекеме ретінде ұғындырса, ал “мемлекеттік мекеме” терминін бір
деңгейлі ұғым ретінде қарастырады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексте жеке меншік
мекемені былайша баяндайды: Басқарушылық, әлеуметтік мәдени немесе
коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін
жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар құрған,
мемлекеттік құрылымның бөлігі болып табылмайтын ұйым жеке меншік
мекеме деп танылады.
Мемлекеттік мекеме деп Қазақстан Республикасының Конституциясына
және заңдарына сәйкес мемлекет құрған немесе егер заң актілерінде
өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің, Астана, Облыстар, Республикалық маңызы бар
қала әкімдерінің шешімі бойынша құрылған және тек қана мемлекеттік
бюджет есебінен ұсталатын мекеме мемлекеттік мекеме деп танылады.
Мемлекеттік мекемені құрарда оның территориялық аумағы анықталуы
тиіс. (Республикалық, жергілікті немесе аумақтық ) .
Мекеме коммерциялық емес нысандағы кез-келген мақсатта құрылуы
мүмкін. Мысал келтіретін болсақ басқарушылық, білім беру, медициналық,
ғылыми-зерттеушілік, мәдени және тағы басқалар. Басқарушылық мақсаттағы
мекемелер, олар мемлекеттік мекеме болып табылады. Яғни бұл жерде
айтып отырған басқарушылық мақсаттағы мемлекеттік мекеме-
министрліктер, ведмоствалар , маслихаттар, акиматтар және тағы басқалар.
Мекеме заң бойынша бір тұлғамен құрылады, бірақ көп тұлғаның
мекемені құруына да тыйым салынбаған. Бұл жағдайда меншік құқығы
құрылтай шартымен белгіленеді.
Жеке меншік және мемлекеттік мекеменің мүлікке құқығы
Азаматтық кодекстің 202,208-баптарымен реттеледі. Яғни жедел басқару
құқығындағы мемлекеттік мекеменің мүлігі болып табылады. Жеке меншік
мекеменің де мүлікке құқығы осындай. Мекеме өзінің мүлкіне смета
негізінде басқарады . Мекеменің мүлкі тәркіленуі немесе мүлік
иелері арасында бөлінуі мүмкін. Мекеме өз міндеттемесі бойынша өз
меншігіндегі ақшамен жауап береді. Егер жеткіліксіз болған жағдайда
өз міндеттемелері бойынша және Азаматтық кодекстің 44-бабының 2-
бөлігінің 1-тармағы бойынша жауапкершілікті құрылтайшы көтереді. Жеке
меншік мекемені таратқанда ақша орнына мүліктей алынуы мүмкін.
Мемлекеттік мекеме өз міндеттемесі бойынша жауапкершілікті өз
меншігіндегі ақша қаражаттарымен жауап береді. Егер мемлекеттік
мекеменің ақша қаражаттары жетпеген жағдайда заңда белгіленген
тәртіппен өз сметасынан тыс көздерден өтелуі мүмкін.
Мекеменің міндетті белгісі болып – оның пайда табуды көздемейтіндігі.
Мекемеге келіп түскен кірістерге (табыстарға) шек қойылмайды. Яғни
бұл әрекет мекеме мақсатына кірмейді. Ал келіп түскен
кірістер(табыстар) мекеменің меншігі болып табылады. Мекеме өзінің
жарғысы бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады. Кәсіпкерлік
қызметті жүргізу тәртібі жарғыда көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ
мемлекеттік мекеме болып табылатын министірліктер, ведомствалар,
олардың бөлімдері заңды тұлғаның құқықтары бойынша кәсіпкерлік
қызметпен айналыса алмайды(егер заңда өзгеше көзделмесе).
Жеке меншік мекеменің заңға қайшы келмейтін кәсіпкерлік
қызметінен түскен пайда құрылтайшы меншігіне кіреді. Бірақ
құрылтайшының ол пайда жөнінде басқару құқығы болмайды. Мекеменің
заң тыйым салмаған кәсіпкерлік қызметінен түскен пайданы ерікті
түрде мекеменің мүддесіне жұмсауға құқысы бар. Мекеменің кәсіпкерлік
қызметтен түскен пайданы жедел басқару құқығы болмайды, ол заттық
құқықты иеленеді, яғни мүлікті мекеме еркінше басқарады.
Мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы мекемелердің өзге
түрлері заңмен реттелінеді. Бұл жерде айтылып отырған мекеме
,мелекеттік биліктің өкілді және атқарушы органдары болып отыр.
Айтылған органдар арнайы заңмен реттеледі. Министірліктер мен
ведомствалар Үкіметтің қаулылары арқылы, Президент жарлығымен немесе
Парламент заңдарымен реттеледі. Сонымен Қаржы министрлігі құрамына
Қазақстан Республикасының президентінің 1994 жылы 27 қаңтардағы №1526
“Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің қазыналық қалыптастыру
туралы” жарлығымен орталық қазыналық орган құрылды. Қазақстан
Республикасының Министрлер кабинетінің 1994 жылы 20 мамырдағы №549
“Қазақстан республикасының қаржы министрлігінің қазынаны қалыптастыру
мәселелері туралы” қаулысымен аумақтық басқару және қазыналық
бөлімдерге мекеме статусы берілді.
Мемлекеттік басқару органдарынан басқа, арнайы нормативтік
актілермен реттелетін қадағалаушы органдар да бар , мысалы:
прокуратура. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
орталықтандырылған мекемені құрайды және Қазақстан Республикасының
Конституциясымен Президенттің 1995 жылғы 21-желтоқсандағы “Қазақстан
Республикасының Прокуратурасы туралы” жарлығымен қызмет атқарады.
Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының
Парламенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының
Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты,
Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігі мемлекеттік орган болып
табылады. Олардың реттелу жағдайлары Қазақстан Республикасының
Конституциясында бекітілген және нақтыланған. Осы аталған органдар
азаматтық айналымға мемлекеттік мекеме ретінде қатысады. Бұл
азаматтық кодекстің 34-бабының 3, 4 тармағынан туындайды, яғни
“Коммерциялық емес ұйым нысанындағы заңды тұлға және ол тек
мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын болса ол міндетті түрде
мемлекеттік мекеме болып табылады”.
Басқа да мемлекеттік органдар, олар Қазақстан Республикасының
Конституциясымен, конституциялық заңдармен және басқа да актілермен
немесе Қазақстан Республикасының Президенті жарлығымен заңды тұлға
ретінде реттесе, онда ол да мекеме ретінде реттеледі. Заңды тұлға
ретінде анықталмаған мемлекеттік органдар, егер олар басқа органның
құрамында болса, онда заңды тұлғаның құрылымды бөлігі ретінде
қаралады.
Бұл аталған органдардың қызметі құрылымы, ведомствалық
бағыныстылығы және басқа да мәселелер заңдармен немесе жеке арнайы
актілермен реттеледі.
Мемлекеттік органдар азаматтық құқықтық қатынастарға мемлекет
атынан қатысқанда мекеме бола алмайды, ол тек азаматтық құқықтық
қатынастарға тек өз атынан, яғни өзіне бөлініп берілген сметасы
бойынша қатысқанда ғана мекеме (ғимаратты жалға алу шарты, кеңсе
тауарларын сату-сатып алу, құрал-жабдықтар, жиһаздар, келтірілген
залалдар үшін жауап беру, басқа да азаматтық құқықтық әрекеттер
жасайды) болып табылады.
Мемлекеттік органдар болып табылатын мекемелер нормативтік
құқықтық актілер негізінде құрылады және заң бойынша тіркеуден өтуі
тиіс.
Мекеменің құрылтайшылары болып, мемлекеттік органдар табылады,
яғни Қазақстан Республикасы немесе мемлекеттік орган болып
табылады. Мемлекеттік мекеме заңды тұлға құра алмайды және басқа
да заңды тұлғаның құрылтайшысы болып кіре алмайды.
2.2. Қоғамдық бірлестік
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстің 106 -бабының 1
тармағының 1бөлігіне сәйкес мыналар қоғамдық бірлестік болып
табылады : саяси партиялар, кәсіптік одақтар,және басқа да
азаматтардың жалпы мақсаттарға жету үшін және заңға қайшы келмейтін
ұйымдары. Сонымен қатар қоғамдық бірлестіктер мына заңдармен
реттеледі:
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
2. Қоғамдық ұйымдар туралы заң. 1996ж 31 мамыр;
3. Саяси партиялар туралы заң. 1996ж 2 шілде;
4.Кәсіптік одақтар туралы заң 1993ж 9 сәуірдегі заңымен және
басқа да заң актілерімен реттеледі.
Бұл заңдар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан
қоғамдық ұйымдарға, олардың қызметіне, құрылуына және өкілдіктеріне,
филиалдарына, сонымен қатар шетелдік және халықаралық мемлекеттік
емес қоғамдық ұйымдарға қолданылады (діни ұйымдарды қоспағанда).
Қоғамдық бірлестіктер азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік
және мәдени құқықтары мен бостандықтарын іске асыру мен қорғау,
белсенділігі мен ынталылығын дамыту; кәсіби және әуесқойлық
мүдделерін қанағаттандыру, ғылыми, техникалық және көркем
шығармашылығын дамыту;адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау,
қоршаған табиғи ортаны қорғау; қайырымдылық қызметке қатысу; мәдени
ағарту, спорт –сауықтыру жұмыстарын жүргізу; тарих және мәдениет
ескерткіштерін қорғау; патриоттық және адамгершілік тәрбие беру ;
халықаралық ынтымақтастық кеңейту және нығайту; Қазақстан
Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге
асыру мақсатында құрылып, жұмыс істейді.
Мақсаттары және іс- әрекеттері конституциялық құрылысты күштеп
өзгертуге, Қазақстан Республикасының
тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігін әлсіретуге, әлеуметтік,
нәсілдік , ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты өршітуге
бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне,
сондай-ақ заңдарда көзделген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым
салынады.
Қазақстан Республикасы аумағында әскерилендірілген құрылымы,
түрі, арнаулы айырым белгілері, гимндері, жалаулары, вымпельдері, ішкі
тәртіп пен басқарудың ерекше ережелері, қаруы, соның ішінде қару
іспеттес заттары бар әскерилендірілген құрамалар үлгісіндегі қоғамдық
бірлестіктер құруға тыйым салынады.
Басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының,
діни негіздегі партиялардың қызметіне, сондай-ақ саяси партиялар
мен кәсіптік одақтары шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет
мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол
берілмейді. Сонымен қатар азаматтардың денсаулығы мен адамгершілік
негіздеріне қастандық жасайтын қоғамдық бірлестіктер құруға және
олардың қызметіне, сондай-ақ тіркелмеген қоғамдық бірлестіктердің
қызметіне жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық және шетелдік
коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің құрылымдық
бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) құрылып жұмыс істей алады.
Халықаралық және шетелдік коммерциялық емес үкіметтік емес
бірлестіктердің құрылымдық бөлімшелері(филиалдары мен өкілдіктері),
егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін болса,
сол бірлестіктердің жарғыларын басшылыққа алады.
Қоғамдық бірлестік Қазақстан Республикасы азаматтарының жарғы
қабылданып , басшы органдар қалыптастырылатын құрылтай
съезін(конференциясын, жиналысын) шақыратын, кемінде он адамнан тұратын
тобының бастамасы бойынша құрылады.
Қоғамдық бірлестіктердің заңды тұлға ретіндегі құқық
қабілеттілігі ол Қазақстан Республикасының заң актілерінде
белгіленген тәртіп бойынша тіркелген кезінен бастап пайда болады.
Қоғамдық бірлестіктердің Қазақстан Республикасы заңдарына қайшы
келмейтін өз рәміздері(жалауы, гимні, белгісі, вымпелдері,
значоктары) болады.
Қоғамдық бірлестіктердің Қазақстан Республикасы мен басқа
мемлекеттердің мемлекеттік рәміздерін өз рәміздері ретінде
пайдалануға құқығы жоқ.
Қоғамдық бірлестік рәміздерінің сипаттамасы мен нобайлары
жарғыда бекітіледі.
Қоғамдық ұйымдар жарғылық мақсаттарға қол жеткізетіндей
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра алады. Кәсіпкерлік қызметті
қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жүзеге асырады. Қоғамдық бірлестіктердің кәсіпкерлік қызметінен
алынатын табысқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық
алынады. Қоғамдық бірлестіктердің кәсіпкерлік қызметінен алынатын
қоғамдық бірлестіктердің мүшелері (қатысушылары) арасында қайта
бөлуге болмайды және ол жарғылық мақсаттарға жету үшін
пайдаланылуға тиіс. Қоғамдық бірлестіктердің өз қаражатын

Қоғамдық бірлестіктің жарғысында көзделген қызметті материалдық
жағынан қамтамассыз ету үшін қажетті обьектілер оның меншігі болып
табылады, бұған Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған
обьектілер қосылмайды. Қоғамдық бірлестіктің ақша қаражаты , егер
оларды төлеу жарғыда көзделген болса, кіру жарналары мен мүшелік
жарналардан; ерікті жарналар мен жиналған жылудан; жарғыға сәйкес
лекциялар, көрмелер, спорттық және басқа шаралар, лотереялар
өткізуден түскен түсімдерден; өндірістік және өзге де шаруашылық
қызметтен алынған табыстан; заң актілерінде тыйым салынбаған басқа
да түсімдерден қалыптасады. Қоғамдық бірлестіктер мүшелерінің
(қатысушыларының) сол бірлестіктерге өздері берген мүлікке, соның
ішінде мүшелік жарналарға құқықтары жоқ. Өздерінің мүшелері
(қатысушылары) ретінде қатысатын қоғамдық бірлестіктердің
міндеттемелері бойынша олар жауап бермейді, ал аталған бірлестіктер
өз мүшелерінің (қатысушыларының) міндеттемелері бойынша жауап
бермейді.
Қоғамдық бірлестіктер туралы заңдарды бұзу Қазақстан
Республикасының заңдарына көзделген тәртіп бойынша жауап беруге әкеп
соқтырады. Қоғамдық бірлестіктер туралы заңдарды бұзғандық үшін
бұған кінәлі заңды тұлғалар немесе жеке тұлғалар, соның ішінде
мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары және қоғамдық
бірлестіктердің басшы органдарының құрамына кіретін адамдар жауапты
болады.
Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктері өздерінің
жарғыларына сәйкес халықаралық байланыстар орнатып, тиісті келісімдер
жасасуы, діни бірлестіктерден басқа халықаралық коммерциялық емес
үкіметтік емес бірлестіктерге ұжымдық мүшелер ретінде кіруі мүмкін.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктері жалпы
жұрт таныған принциптер мен халықаралық құқық нормалары, халықаралық
шарттар мен тиісті мемлекетердің заңдары негізінде шет мемлекеттерде
өздерінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құра
алады.
2.3. Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 85бабының 5
тармағына сәйкес коммерциялық емес нысанындағы акционерлік қоғам
құрылуы мүмкін. ”Акционерлік қоғамдар туралы” заңға сәйкес кірістері
қоғамның дамуына жұмсалатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдар
құрылуы мүмкін.
Коммерциялық акционерлік қоғамнан коммерциялық емес акционерлік
қоғамның айырмашылығы, қоғамның
ашық және жабық болуына қарамастан акционерлердің шектелмейтіндігінде.
Коммерциялық емес акционерлік қоғамның жарғысы, қоғамның
коммерциялық емес екендігін, дауыс беру процедурасын, дивиденттер
төлемеу және басқа да жағдайларды ескеруі керек. Осы заңның 19-
бабының 6-тармағына сәйкес коммерциялық емес акционерлік қоғамдар
акцияларға дивиденттер төлеуді жүзеге асырмайды. Сондай-ақ 22-бабының
3-тармағына, 33-бабының 1-бөлігінің 1-тармағына және 31-бабының 1-
бөлігінің 1-тармағына сәйкес коммерциялық емес акционерлік қоғамдар
акциялар, облигациялар және бағалы қағаздар шығара алмайды.
Коммерциялық емес акционерлік қоғам коммерциялық ұйым болып қайта
құрыла алмайды,сол сияқты коммерциялық ұйым коммерциялық емес ұйым
болып құрыла алмайды.
2.4. Қор
Қор – азаматтар және(немесе) заңды тұлғалар ерікті мүліктік
жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім
беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін, мүшелігі
жоқ коммерциялық емес ұйым. Қордың басты ерекшелігі қорды құрған
тұлға оған мүше болмайды және оның ісін басқаруға тікелей араласа
алмайды. Сонымен қатар жұбайлық және жақын туыстық байланысы бар
адамдар осы қордың штаттағы қызметкері бола алмайды.
Қорды құрған кезде құрылтайшылардың (құрылтайшының) шешімімен
тұрақты жұмыс істейтін алқалы басқару органы- қордың атқарушы органы
тағайындайтын қамқоршылық кеңесі құрылады, ол қор қызметінің оның
жарғылық мақсаттарына сай келуіне бақылау жасайды, сондай-ақ қордың
жарғысында бекітілген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелері қордың құрылтай
құжаттарын, “Коммерциялық емес ұйымдар туралы” Қазақстан
Республикасының Заңын және басқа да заң актілерін бұза отырып
өздері қабылдаған шешімдерінің салдарынан келтірілген шығынның орнын
бірлесе толтыруға міндетті. Мұндай шешім қабылдаған кезде қарсы
дауыс берген, қалыс қалған, отырысқа қатыспаған адамдар шығынның
орнын толтыру міндетінен босатылады.
Қордың некеде тұрумен, жақын туыстықпен немесе жекжаттықпен
байланыспаған басшысы мен бухгалтері болуға тиіс. Бір адамның екі
қызметті қатар істеуіне болмайды.
Құрылтайшылардың құрамына, сондай-ақ қызмет саласына қарай
жеке, корпоративтік, қоғамдық, мемлекеттік қорлар құрылуы мүмкін.
Қызмет мақсаттарына қарай әлеуметтік-қайырымдылық, мәдени, білім
қорлары және өзге де қорлар құрылуы мүмкін.
Бір жеке адамның немесе жеке адамдардың- бір отбасы
мүшелерінің өзінің (өздерінің) жеке қаражаттары есебінен құрған қоры
жеке қор деп танылады. Жеке қор, сондай-ақ жеке адамның нотариалды
куәландырылған өсиеті бойынша да құрылуы мүмкін. Жеке қордың мүлкі
тұлғадан(құрылтайшыдан) немесе жеке тұлғадан- бір отбасы
мүшелерінен(құрылтайшылардан) бір жолғы және(немесе) тұрақты түсетін
түсімдер есебінен, өсиет бойынша түскен мүліктен, сондай-ақ
“Коммерциялық емес ұйымдар туралы” Заңның 35- бабында көзделген және
жеке қор қызметінің мақсаттарына сай келетін басқа көздерден
құрылады.
Бір заңды тұлғаның немесе бірнеше заңды тұлғалардан-коммерциялық
және коммерциялық емес ұйымдардың осы ұйымдардың қаражаты есебінен
құрған қор корпоративтік қор деп танылады. Корпоративтік қордың
мүлкі бір немесе бірнеше заңды тұлғалардан- коммерциялық және
коммерциялық емес ұйымдардан(құрылтайшылардан) бір жолғы және(немесе)
тұрақты түсетін түсімдер есебінен, сондай-ақ “Коммерциялық емес
ұйымдар туралы” Заңның 35-бабында көзделген және корпоративтік қор
қызметінің мақсаттарына сай келетін басқа да көздерден құрылады.
Бір отбасының мүшелері болып табылмайтын жеке адамдардың және
(немесе) заңды тұлғалардың- қоғамдық бірлестіктердің құрған қоры
қоғмдық қор деп танылады. Қоғамды қордың мүлкі бір отбасы
мүшелерінен- аталған қордың бірден-бір қатысушылардан түсетін
түсімдер есебінен құрыла алмайды.
Мемлекеттік органдардың шешімімен құрылған, белгіленген
тәртіппен мемлекеттік меншік иелену, пайдалану және оған билік ету
құқығы берілген, қордың мақсаттары мен міндеттерін мемлекеттік
бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыратын қор мемлекеттік қор деп
танылады.
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген міндетті
төлемдер есебінен құрылған қорлардың құрылуына, қызметіне, қайта
ұйымдастырылуына және (немесе) таратылуына байланысты туындайтын
қатынастар “Коммерциялық емес ұйымдар туралы” Заңмен реттелетін
мәселелер болып табылады.
Қоғамдық қорды басқару тәртібі мен оның органдарының қалыптасу
тәртібі құрылтайшысы бекіткен жарғымен(құрылтайшыларымен) айқындалады.
Азаматтық кодекстің 107-бабы қор жарғысына міндетті болатын
талаптарды қарастырады және өзінің мүлкін пайдалану жөнінде есепті
ресми баспа басылымдарында жыл сайын жариялауды қоғамдық қорға
міндеттейді.
Қордың органдары туралы заңдармен нақты анықталмаған тек
қоғамдық қордың құрылтайшыларының қарауы бойынша аталуы мүмкін.
Жарғыда қоғамдық қордың жеке және алқалы органдары анықталуы тиіс.
Яғни құрылтайшылар оны былай атаулары мүмкін, мысалы: президент,
төраға, директор, кеңес, басқарма, құрылтайшылар жиналысы т.б.
Көбінесе қор кеңесі құрылуы мүмкін ол, кеңес қордың қызметіне
қадағалап, шығарылған шешімдердің орындалуына және заңдылықты
сақтауына қадағалау жасайды. Ол көпшіліктің бастауы бойынша
жүргізіледі.
Қордың басқарылу тәртібі мен органдарының ұйымдастырылуы
жоғарыда айтылғандай жарғымен анықталады. Қор жыл сайын өз мүлкін
пайдалану жөнінде ресми басылымдарда есеп беруге міндетті. Қор өзінің
жарғылық мақсаттарына сай кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. Өзінің
кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру мақсатында қор, акционерлік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz