Шешілуі міндетті саяси мәселелерді реттеу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

  1. Қазақстан мен Қытай қатынастарының тарихы мен бүгіні.

1. 1 ҚР мен ҚХР саяси қатынастарының қалыптасу тарихы.

1. 2 Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы саяси - экономикалық қатынастардың қазіргі жағдайы.

1. 3 Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының екі жақты қатынастарды нығайтудағы маңызы.

  1. ҚР мен ҚХР арасындағы өзекті мәселелер мен олардың шешілу жолдары. Шекара мәселесінің маңыздылығы мен өзара жетістіктер. ҚР мен ҚХР арасындағы заңсыз миграция мәселесі. Қытайдағы қазақ ирредентасының пайда болу тарихы мен қазіргі жағдайы және көші-қон мәселелері.

Қорытынды

Қосымшалар

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алған алғашқы жылдардан бастап, сыртқы саясат - мемлекеттік өмірдің ажырамас құралына айналды. Осы тұста егемендігіне енді қол жеткізген Қазақстан үшін, сыртқы саясатын жоспарлы құрып, көрегендік таныту, мемлекеттікті сақтап қалып, одан әрі дамытумен пара-пар болды. Мемлекеттің сыртқы саясаты туралы айтылғанда, оның ажырамас, құрамдас бөліктері барында ұмытпауымыз керек. Солардың қатарындағы дипломатия, халықаралық қатынастар және сыртқы саясатты іске асыратын мемлекеттік институттардың маңызы да ерекше.

Қазақстан Республикасы байсалды жүргізіліп отырған сыртқы саясатының арқасында әлем таныған, жер бетіндегі тыныштық пен бейбіт өмірді, жаһандық ықпалдасу мен ынтымақтастықты жақтайтын мемлекет ретінде танылып отыр. Қазақстан тарапынан ықпасдастық пен ынтымақтастыққа бастайтын аймақтық, өңірлік және құрлықтық тың бастамалар мен озық идеялар айтылып, іске асырылуда. Осылайша әлемдегі мемлекеттермен қатынастар орнатылып, мемлекет аралық ынтымақтастықтың сан саласын дамытуда. Сол мемлекет аралық қатынастар мен ынтымақтастықты баяндайтын, бұл дипломдық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Респуликасы арасындағы қатынастар» деп аталады. Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы қатынастарына арналған бұл еңбек кіріспе, негізгі екі тарау мен қорытындыдан және қосымшалар мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде тақырыптың маңыздылығы мен жұмыс туралы жалпы мәлімет берілген.

Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында Қазақстан мен ҚХР қатынастарының қалыптасу тарихы, бүгінгі жағдайы мен екі мемлекет арасындағы өзекті мәселелер және олардың пайда болу жолдары мен тарихы қаралған.

Сондай-ақ құрамында әлемнің екі ірі державалары, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің екі бірдей тұрақты мүшелері және ядролық жаппай қырып жою қару-жарағы бар екі мемлекеттің қатысуымен қалыптасқан ШЫҰ-на Қазақстанның да, ұйымның іргетасы қаланған кезден бастап мүше болуы, екі мемлекет арасындағы саяси қатынастардың аймақтық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталғандығы толық жазылған.

Сонымен қатар, осы тараудың екінші бөлімінде экономикалық қатынастарда жан-жақты зерттеліп, соңғы статстикалық мәліметтерге сараптама жасалған. Екі мемлекет арасындағы экономикалық қатынастардың мамандар жоспарлаған межеге уақытынан бұрын жетуі, ҚР мен ҚХР арасындағы стратегиялық, кешенді қатынастардың бастамасы екендігі баяндалған.

Дипломдық жұмыстың екінші тарауында екі мемлекет арасындағы шешімін тапқан және әлі де, күн тәртібінде тұрған, өзекті мәселелердің бірнешеуі қаралған. Атап айтар болсақ, тараудың бірінші бөлімінде шекара мәселесі тарихи тұрғыдан терең бағаланып, бұл мәселенің ұзақ, үш ғасырлық тарихы, өзектілігі мен даулы аймақтың оңтайлы шешілгендігі зерттелген.

Екінші тараудың қалған бөлігінде екі мемлекет арасындағы көші-қон мәселесі баяндалып, оның бір жақты сипатта дамып отырғандығы және ҚР-на қытай мигранттарынан төнетін қауіп-қатердің алдын-алу жолдары, жалпы миграциялық процестің қатаң қадағалану керектігі баса назарға алынған.

Сонымен қатар ҚХР-дағы қазақ ирредентасының пайда болу тарихы жайлы, олардың мәселелері мен әлеуметтік тұрмысы және құқықтық жағдайы зерттелген.

Ал жұмыстың соңында жалпы қорытынды шығарылып, ҚР мен ҚХР арасындағы қатынастардың барлық саласына сараптама жасалып, болашағы зерделенген.

Дипломдық жобаның басты мақсаты ҚР мен ҚХР арасындағы қарымқатынасты, заманауи халықаралық қатынастар тұрғысынан зерттеп, екі жақты қатынастардың маңызды тұстарына тоқталып, өзектілігін айқындау.

Дипломдық еңбек тақырыбының маңыздылығы - халықаралық қатынастар саласындағы, дәстүрлі ынтымақтастықтың жаһандану кезеңіндегі жаңа сипатқа ие болып, екі мемлекеттің геостратегиялық жоспарлы жақындауы және аймақтық ықпалдастықтың, Қытай сияқты мемлекетпен өзара тиімді дамуын паш ету.

ҚР мен ҚХР арасындағы қатынастар тақырыбы, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап көптеген саясаттанушы, экономист ғалымдардың, саясаткерлер мен халықаралық қатынастар мамандарының назарында жүрген, сарапталып, жаңаланып және жылда толығып отыратын тақырып.

Еңбектің теориялық және әдістемелік зерттеу негізін тарихи және мемлекеттік құжаттар, мемлекет қайраткерлері мен саясаткерлердің кітаптары және ресми баяндамалары, сұхбаттары, монографиялар қалады. Мемлекет аралық қатынастардың қоғамның барлық саласымен ұштасатындығын ескере отырып, тарихи жүйелілік пен құқықтық құндылықтарға да көңіл бөлініп, БАҚ-ның материалдары, ресми интернет сайттардың ақпартатарыда назардан тыс қалмаған. Дипломдық жобаны реттеуде мерзімдік, тарихи, жүйелік, реттік, логикалық, мәдениеттанулық, зерделілік және мәселені айқындау сияқты әдістер қолданылған.

  1. Қазақстан мен Қытай қатынастарының тарихы мен бүгіні.

1. 1 ҚР мен ҚХР саяси қатынастарының қалыптасу тарихы.

Қазақстанның геосаяси орналасуының өзіндік артықшылығы мен кемшіліктері бар.

Бірінші артықшылықтарына тоқталар болсақ, Еуразия құрлығының қақ ортасынан орын алып, әлемдегі ең ірі екі державалармен қоңсы болуы. Ал, кемшілігіне келер болсақ, әлемдік теңіз жолдарына шығатын тікелей мүмкіндігінің болмауы.

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариалаған сәттен бастап, өзге мемлекеттер Қазақстанның егемендігін танып, дипломатиялық қатынастар орната бастады.

Қытай Халық Республикасы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін, атақты Беловеже келісім-шарты жасалғаннан кейін, бір ай уақыт ішінде, 1992 жылдың үшінші қаңтарында танып, екі мемлекеттер арасында дипломатиялық қатынастар басталды.

Қазақстан мен Қытай қатынастарының ресми басталу уақыты әлемдік маңызды саяси өзгерістермен тұспа-тұс келіп, тәуелсіздікке енді қол жеткізген Қазақстан үшін Қытай сияқты ірі мемлекетпен дипломатиялық қатынастарды жаңадан бастауы, мемлекеттік тұрғыдан стратегиялық маңызды қадам екенін Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев төмендегідей баяндайды: «Біздің ұлттық тарихымыздың ұзына бойына Аспан асты Елімен қарым-қатынас ең басты маңызға ие боп келген. Меніңше адамзаттың ХХІ ғасырдағы дамуы көбіне-көп Қытаймен байланысты болады. Көптеген елдер Қытаймен арақатынасты өз сыртқы саясатының негізгі өзегі деп түсінеді. Ал Қазақстан үшін осынау болашағы зор, экономикасын қарышты қадаммен дамытып жатқан мемлекетпен ойдағыдай қарым-қатынас орнату айрықша маңызға ие»1.

Біздің мемлекетіміз, Ресейлік және Кеңестік коммунистік империяның күйреген және Қытайдың әскери, экономикалық күшінің жедел даму кезеңінде пайда болды. Уақыттық арақатынас тұрғысынан, Қазақстан мен Қытай қатынастарының басталуы, Қытайдағы ауқымды экономикалық және саяси дамумен тура келді.

Жалпы көршілес жатқан Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастар тарихына көз жүгіртер болсақ, біраз тарих қойнауын ақтарып, ежелгі Түрік қағандарымен, Қытай императорларынан бастау алатын тарихқа шолу жүргізуге тура келеді. Бұл туралы Н. Ә. Назарбаев былай дейді: «Біздің тарихымыз қоян-қолтық араласып кеткен. Біз қазір өз бастауларымызды білгіміз кеп, ғасырлар тұңғиығынан өрбіп жатқан көп сауалдарға жауап іздесек, сол арқылы өткеніміз бен бүгінімізге баға бергіміз келсе, Қытай жылнамаларынан барып бір-ақ шығамыз»2.

Дегенмен Батыс елдері тарапынан жасалған «ұлы географиялық ашулардан» бұрын, Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстырғаны, Қытайдан бастау алған өркениетті үрдіс Қазақ сахарасы арқылы өткені тарихи шындық. Орталық Азияның Қашқария аумағы мен Жібек Жолы туралы ұлы зерттеуші-ғалым Ш. Уәлиханов өзінің 1858-1859 жылдардағы Қашқарияға сапары күнделіктерінде де толық мағлұмат берген.

Мемлекттік мүдделер текетіреске түскен сәтте, бірлігі жоқ, әлсіз мемлекеттер, ірі әрі, күшті және айлалы мемлекетке бас иіп тәуелсіздігінен айырылуы - билік теориясындағы заңды шарт.

Қазақ Хандығы Ресей Империясының отарына айналған ХVIII-XIX ғасырларда, Қытай Императорының өкілдері Қазақ Хандығының шығыс шекараларына келіп, орыс губернаторларымен Қазақ жерін пайласу туралы келіссөздерді жүргізген.

Ал ХХ ғасырда КСРО мен ҚХР арасындағы қатынастардың аса тату, достастық бағытта өрбімегенін білеміз. Ортақ идеологиялық құндылықтарының көп болғанына қарамастан, екі ұлы держава біріне-бірі қару кезеп, соғыс жағдайында болғаны да белгілі. Дәл сол кезеңдерді Н. Ә. Назарбаев былайша сипаттайды: «Біз қытай-кеңес қатынастарының соңғы 40 жылдық тарихында күйіп-жанған достық, көрместей боп кеткен өштестік кезеңдерін де бастан кештік. Екі ұлы мемлекеттің астасар тұсында, Қазақстан сол бір теке-тірестің нағыз өтінде тұрды. Екі жақ бір кез соғысқа шындап дайындалды ма? Меніңше, шындап дайындалды. Шекараның екі бетінде де жер қайысқан көп әскер шоғырландырылды. Қытай шекарасының ар жағына саны мен қарулануы жағынан қандай әскери күш шоғырланса, Қазақстанда дәл сондай мөлшердегі күштің басын біріктірген Орта Азия әскери округы құрылды. Бүгінгі күн ұғымынан келер болсақ, екеуіде қорғанушы емес, шабуылдаушы екені даусыз. Тянь-Шань тауларындағы Қытай мен Қазақстанды жалғастыратын бірнеше асуларға лық толтыра әскери техника қордаланып, бекіністер, ядролық қару қоймалары, аэродромдар мен арсеналдар салынды.

Екі жақта бірін-бірі жау тұтты. Әскери доктриналар екі жақты да бір-бірінің ең басты қарсыласы деп жариялады. Қысқасы, жалпы саясат, жалпы насихат бізді Қытай - бірінші жауымыз дегенге иландырып бақты»3.

Бұл текетірес өткен ғасырдың 80-жылдарының екінші жартысында бәсеңсіп, өзара келісімге қол жеткізілді. «Осы тұста Н. Назарбаев беделді саяси қайраткер ретінде ҚХР-да танылып үлгерген еді»4. «Себебі Н. Назарбаев 1985 жылы қазан айында Пекиндегі ҚХР-ның жоғарғы билік өкілдерімен өткен кездесуде, кеңестік парламенттік делегацияны басқарып барып, кикілжіңнің оң шешім табуына көп үлес қосты . . . Ал, 1991 жылдың шілде айында Н. Назарбаевтың Қазақстан Президенті ретіндегі Пекинге алғашқы сапары болды»5.

Екі мемлекет арасындағы текетіреске КСРО-ның тұңғыш әрі, ең соңғы Президенті М. С. Горбачев нүкте қойды. Көршілес державалар арасындағы ресми текетірес М. Горбачевтің 1989 жылғы мамырдағы Пекинге сапары барысында аяқталды. Сол сапар кезінде Қытай басшысы Ден Сяопиннің «Өткенді ұмытайық әрі болашаққа көз салайық» деген сөзі әлемді шарлап кетті»6.

1992 жылғы ақпанда Премьер-Министр С. Терещенко ҚХР-на ресми сапармен барып, келіссөздер нәтижесінде Пекинде бірқатар құжаттарға қол қойылды. Олардың ішінен төмендегілерді бөліп көрсетуге боладаы:

  • Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкімет аралық комиссияны құру туралы келісім.
  • Қызмет бабындағы істер бойынша сапарға жүретін, барлық түрдегі паспорттардың иегерлері үшін визассз режимді көздейтін азаматтардың өзара сапарлары туралы келісім (кейінірек өзара сапарлардың визасыз режимі дипломаттық және қызметтік паспорттардың иегерлері үшін ғана сақталды) .
  • Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін ашу туралы келісім (Қорғас (Қазақстан) - Хоргос (ҚХР), «Достық» (Қазақстан) - «Алашанкоу» (ҚХР), «Бахты» (Қазақстан) - «Покиту» (ҚХР) өткізу пункттеріне халықаралық мәртебе берілді) . 7

1992 жылы сыртқы істер министрлері өзара сапарлармен алмасты. Тиісті келіссөздердің қорытындысы ретінде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қойылды. Тараптар өзара инвестициялардың шарттары, принциптері, режимі және туындайтын дауларды шешудің тәртібі туралы уағдаласты.

Жоғарғы саяси деңгейдегі алғашқы байланыстар, сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға серпін берді. Өзара қоян-қолтық араласу, ынтымақтастықтың перспективалық салаларын іздестіру процесі басталды. Шекаралық аудандар белсенді жұмысқа кірісті, оның үстіне Қытайда оларға сыртқы экономикалық қызметте өте үлкен құқықтар берілді. Деелегациялармен алмасу да қарқынды түрде дами бастады. Қазақстан 1990 жылдардың басында-ақ қытайдың негізгі Орталық Азиялық әріптесіне айналды. Бірақ тараптар жоғары деңгейдегі диалогты дамытуға мұқтаж екендігін түсінді. 1993 жылы қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына сапары болды. Сол сапардың нәтижесінде Н. Назарбаев және Цзян Цземин екі мемлекеттің өзара қатынастарының принциптерін айқындайтын тұңғыш ресми құжатқа - Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы достық қатынастардың негіздері туралы бірлескен декларацияға қол қойды.

Тараптар барлық даулы мәселелер бейбіт жолмен шешілетінін, екінші тараптың қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін күш қолданудан немесе қандай да бір нысанда болсын күш қолдану қаупінен тартынатынын, қандай да бір іс-қимыл қолданбайтынын қуаттады. Тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа қарсы екінші тарапқа қарсы бағытталған қандай да бір әскери-саяси одаққа қатысудан, екінші тарапптың мемлекеттік егемендігіне, ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нұсан келтіретін қандай да үшіншітараппен шарт немесе келісім жасасудан бас тартатынын мәлімдеді. Декларацияда Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына ерекше мән беретіндігі атап өтілді.

Екі мемлекет арасындағы ресми құжат алмасу процесі өзара тиімді деңгейде орындалғаннан кейін, Қазақстан мен Қытайдың алдында тұрған ортақ проблемаларды реттеп, шешу мәселесі күн тәртібіне көтерілді. Көзге көрініп тұрған ортақ мәселелерден бөлек, Қытайдың Қазақстаннан, ал Қазақстанның Қытайдан сескенетін тұстары бар еді. Олар:

  • Шекара мәселесі, бұл туралы мемлекет басшысы Н. Назарбаев былай дейді. «Қытаймен екі арадағы шекара мәселелерін де - бізге қалған ауыр мұра еді. Ол 1700 шақырымға созылды. Бұрын өне бойына қаптаған қарулы күш шоғырландырылғанды. Қытай - Кеңес шекаралары ұзақ жылдар бойы шиеленіс шебі боп келгені белгілі. Семей аймағында Қытай әскерінің шекараны бұзып, біздің жерімізге кіріп кеткен тұстары болғандығын айтсақ та жеткілікті»8.
  • Халықаралық терроризм және есірткі тасымалы.
  • Трансшекаралық өзен-суларын тиімді пайдалану.
  • Заңсыз миграция және оны қадағалау.

Бұлар екі тарапқа ортақ мәселелер болса, бұдан бөлек екі тараптың бір-біріне тосын қарайтын жеке мәселелері де уақыт өте шығып жатты:

  • Қытай Қазақстанның тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында, жаппай қырып жою қаруына алаңдайтын. Қазақстан Кеңес Одағынан мұраға қалған жаппай қырып жою қару жарақтарынан бас тартып, өзін ядролық қару жарақсыз мемлекет ретінде жариялағаннан кейін, 1995 жылы 8-ші ақпанда ҚХР Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік берді. *
  • Қытайды ШҰАА-ғы ұлттық және діни сепаратизм мәселесіне деген Қазақстанның көзқарасы алаңдататын. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялаған алғашқы күндерден бастап, хаықаралық құқықтың барлық нормаларын сақтайтындығын және басқа мемлекеттердің ішкі мәселеріне араласпайтындығын мойындады. Бұл мәселеде уақыт өте күн тәртібінен түсіп қалды. Себебі ШЫҰ-на мүше мемлекеттер арасында 2001 жылдың 15-ші маусымында (Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы құрылған кезде) «Терроризм, сепаратизм экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясына» қол қойылып, ұйымға мүше мемлекеттер Қытай жағы ұсынған «үш зұлымдыққа» қарсы бірігіп күресетіндігін мәлімдеді.
  • Қытай Орталық Азия аймағында өзінің саяси беделін қалыптастырып, басқа да ірі державалармен күш теңдігінің сақталуына алаңдайды.
  • Қазақстан әлемнің басқа да елдері сияқты Қытайдың «жорғалаушы экспансиялық» саясатынан сескенеді. Себебі ҚХР халқының саны күн санап артып отыр. Олардың қалыпты экономикалық және әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету ҚХР үкіметінің басты мәселесі. Осыдан барып төмендегі келесі мәселе туындайды.
  • Қытай жағынан келетін заңсыз миграция. ҚХР тарапынан келетін заңсыз миграция тек Қазақстандықтарды ғана емес, басқа да мемлекеттерді алаңдатуда. Бірақ 1990 жылдардың басындағы жағдаймен салыстырғанда соңғы жылдары ҚХР Қазақстанға қатысты миграциялық саясатын қысып, реттеп отыруға тырысады. *
  • Қазақстанмен шекарасына жақын орналасқан «Лобнор» сынақ алаңы.
  • Қытайдағы 1500 млн. -ға жуық қазақтардың құқықтық жағдайы. * Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары демографиялық ахуалдың нашарлап кетуіне байланысты, шетелдердегі қазақ ұлтының өкілдерін тарихи отанына шақыра бастады.

Жоғарыды айтылған ортақ мәселелер екі тарап арасында ең жоғарғы деңгейден бастап, жергілікті билік өкілдері арасында да шешіле бастады. Жалпы екі мемлекет арасындағы шешілуі күттірмейтін ең басты мәселе - шекара еді. ҚР президенті Н. Назарбаев бұхаралық ақпарат құралдарына берген бір сұхбатында «бұл мәселені келер ұрпаққа мұра етпестен, қазір шешуіміз керек»9 дегенді. Сол мақсатта Қытаймен шекаралас, бұрыңғы Кеңестік 4 мемлекет ҚХР бірігіп, 1996 жылы 26 сәуірде Шанқай қаласында «Шекара аймағында өзара сенім келісіміне» және 1997 жылдың 24-ші сәуірінде Мәскеуде «Шекара аймағындағы қарулы күштерді өзара қысқарту келісім шартына» қол қойды. Осы келісім негізінде біріккен мемлекеттер, шекара мәселесін реттеуге кірісті және шекаралас елдерге Еуразияның ұлан-байтақ аумағындағы қауіпсіздікке қатысты мәселелердің анағұрлым кең ауқымы бойынша келіссөздерге кірісуге мүмкіндік берді.

1998 жылы 3-ші шілдеде Алматыда Шанхай және Мәскеу келісімдеріне қатысушы бес мемлекет басшыларының кездесуі өтті. Міне, тап осы кездесуден кейін «Шанхай бестігі» деп аталатын ұйым өмірге келді.

Шанхай Бестігі кезінде Қазақстан өзінің сыртқы саясатындағы басты мәселесі - Қытаймен арадағы шекара дауын түгелдей шешіп, оны құқықтық тұрғыдан бекітіп алды. Сонымен қатар шекара бойындағы шоғырланған әскери күшті қысқарту және 100 шақырымға дейін кері тарту мүмкіндігіне қол жеткізді. «Шекара ауданындағы сенім білдіру шаралары және қарулы күштерді қысқарту туралы уағдаластықтар әлемдік практикада теңдесі жоқ үлгі болып табылады. Бұл уағдаластықтарды әлемдік қоғамдастық оң бағалады. Төтенше маңызды жағдай мынадан көрінеді, халықаралық құқықтық тұрғыдан алғанда бәсеңдік процесіне Қытай тартылды» . . . 10 Бұл дегеніміз екі мемлекет арасындағы шекара мәселесі өзара татулық пен ынтымақтастық деңгейінде шешіліп, тараптардың бір-біріне деген сенімділігінің артқаны. *

1990 жылдардың соңында «Шанхай бестігі» шеңберіндегі ынтымақтастықта жаңа элементтер көзге түсті. Аймақтағы күрделенген жағдай, террориз мен экстремизмнің таралуы, есірткімен және атыс қаруымен сауда-саттықтың кеңеюі Азиялық мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастарды кешенді түрде қайта қарауды талап етті.

***

Қорыта келгенде Қазақстан мен Қытай қатынастарының серпінді дамуы, Орталық Азия аймағының әлемдегі маңызын арттырып, оның дамуына ықпалын тигізуде. Қытай сияқты экономикасы қарқынды дамып отырған мемлекетпен тиімді ынтымақтасудан ресми Астананың ұтатыны көп.

1. 2 Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы саяси - экономикалық қатынастардың қазіргі жағдайы.

Тәуелсіз Қазақстан мен Қытай мемлекеті арасындағы экономикалық қатынастар өз бастауын 1993 жылдың қазан айында, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қытайға жасаған ресми сапары барысында айқындалды. Осы сапар барысында екі мемлекет арасындағы алғашқы ресми құжат қабылданып, қол қойылды. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Достық қарым-қатынастар туралы Ортақ Декларацияда сауда-экономикалық қатынастарға ерекше назар аударатындығы жариаланды. Бұдан бұрынғы, КСРО дәуіріндегі сауда-экономикалық қатынастар орталықтан басқарылғаны белгілі. Сол кездегі саяси идеологиялық құндылықтардың ортақтығы негізінде қалыптасқан қатынастар, экономикалық саланың жандануына да мүмкіндік берді. Кеңес үкіметі Қытайға ауыр өндірістен бастап, аграрлық ауылшаруашылығы өнімдеріне дейін экспорттады. Атап айтқанда: «Қазақстанда өндірілген машина жасау аппараттары, түрлі станоктар, мұнай-газ өнімдері, қара және түсті металл, бидай және дәнді дақыл, медициналық тауарлар Қытайға аттандырылып отырған» . . . 11

1960 жылдардың соңында КСРО мен ҚХР арасындағы қалыптасқан саяси тоқырау нәтижесінде, екі мемлекет арасындағы қатынастардың барлық түрі тоқтады. Ал 1980 жылдардың соңында саяси текетірес жібіп, саяси және сауда-экономикалық қатынастар қайта жаңғырды. «1989 жылы Шыңжаң Ұлттық Автономиялық Ауданы мен Қазақ КСР арасында 1989-1995 жылдар аралығында экономикалық, тэхникалық және сауда ынтымақтастығы туралы келісім шарт жасалды»12. Кеңес Одағының күйреуі келісім шарттың іске асуына кедергі келтіргенімен, тәуелсіз Қазақстанның алдынан бұл саладағы атқарылатын еңбектің жаңа белестерін айқындады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаттарының заңдылықтары
Алматы облысы обл
Мемлекеттік басқару процесіндегі мемлекет пен қоғамның өзара әсерлесуі
Тұрақты даму концепциясы-2024
Жаһандық экономикалық дағдарыс
ҰЙЫМДАҒЫ БАСҚАРУ ШЕШІМДЕРІ
Инвестициялық қарым-қатынастарды реттеу
Этностық топ пен мемлекет арасындағы шиеленіс
Әлеуметтік технологиялардың қоғамдағы алатын орны, маңыздылығы
Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаттарының заңдылықтары жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz