Сапа менеджментінің принциптері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 9
1 Корпоративтік менеджмент жүйесінің ғылыми-теориялық негіздері 11
1.1 Корпоративтік менеджмент жүйесінің мәні және қажеттілігі 11
1.2 Кәсіпорын – корпоративтік басқарудың жүйелік объектісі 15
1.3 Кәсіпорындағы тұрақты даму және сапа менеджменті 23
2 Шымкетсыра ЖШС-нің қызметінің ұйымдастыру жүйесін талдау және
корпоративтік басқару жүйесін құрудың моделін жасау 33
2.1 Шымкетсыра ЖШС-не қысқаша сипаттама және оның
технико-экономикалық қызметін талдау 33
2.2 Шымкетсыра ЖШС-нің өнім шығарылуы мен өткізілуінің
стратегиясын талдау 37
2.3 Корпоративтік басқару жүйесін құрудың моделін жасау 41
3 Корпоративтік менеджмент жүйесінің даму жолдары 54
3.1 Корпоративтік менеджмент жүйесі: интеграциялану мүмкіншілігі 54
3.2 Корпоративтік басқаруды жетілдірудің бизнес-жоспары 64
Қорытынды 75
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 77


Аннотация

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы корпоративті
басқарудың даму этаптарын жетілдіру жолдары
Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі:
Орындаған:
Жұмыстың мақсаты: Корпоративті басқарудың теориялық негізін зерттеп,
проблемалық сұрақтарды анықтап оларды шешу амалдарын қарастыру және
корпоративті басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.
Зерттеу обьектісі: Шымкетсыра ЖШС
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, 13 суреттен, 18
кестеден, 79 беттен және 35 пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде корпоративтік менеджмент жүйесінің мәні және қажеттілігі,
кәсіпорынның корпоративтік басқарудың жүйелік объектісі ретіндегі,
кәсіпорындағы тұрақты даму және сапа менеджментінің теориялық негізі
қарастырылған, екінші Шымкетсыра ЖШС-нің қызметінің ұйымдастыру жүйесіне,
өнім шығарылуы мен өткізілуінің стратегиясына талдау жасалған және
корпоративтік басқару жүйесін құрудың моделін жасалған, үшінші бөлімде
корпоративтік менеджмент жүйесінің даму жолдары, корпоративтік менеджмент
жүйесінің интеграциялану мүмкіншілігі қарастырылған және корпоративтік
басқаруды жетілдірудің бизнес-жоспары ұсынылған.

Нормативтік сілтемелер

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. (Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 7 қазандағы № 284-І заңымен өзгерістер мен толықтырулар
енгізілген ресми мәтін. Өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2007.05.21. N 254 Заңымен).-Алматы.-2007.-40б;
2. Назарбаев Н. Ә. – Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан
халқына Жолдауы. Алматы: Білім, 2006.-96 б.
3. ҚР Инвестициялар туралы Заңы. № 373-ІІ 3 РК.
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: Жеті жарғы, 1995.
5. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы Қазақстан
Республикасының заңы, 1997. - 28 ақпан.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-2007 жылдарға арналған іс-қимыл
бағдарламасы. Егемен Қазақстан, 1998. - 15 сәуір
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005-2007 жылдарға арналған іс-қимыл
бағдарламасы. Президенттің 2005 ж. 17 ақпандағы №344 Жарлығына
қосымша. Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан
Республикасы Үкіметінің актілер жинағы, 2005. - № 8, 3-53 б.
8. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Республикасы Үкіметінің 2007-2009
жылдарға арналған іс-қимыл Даму стратегиясын одан әрі іске асыру
жөніндегі шаралар туралы, 2007 ж. 17 ақпандағы №344 Жарлығы.
Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы
Үкіметінің актілер жинағы, 2007. - № 8, 2 б.
9. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы.
(Заң жобасы). Егемен Қазақстан, 2007. - 12 қыркүйек.
10. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың тиімділігін
арттыру шаралары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысы,
1997. - 17 қазан.
11. Еңбек туралы ҚР-ның Заңы. Заң. 1999 жыл. 25 желтоқсан. №6. - 5-10
бб.
12. Жұмыспен қамту туралы ҚР-ның Заңы. Егемен Қазақстан. 2001жыл. 25
қаңтар.

Анықтамалар

Ұйымдастыру – бұл кәсіпорын құрылымын құру процесі, оның өз адамдардың
өз мақсатына жету үшін тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Ең қолайлы құрылым – бұл ұйымның сыртқы ортамен бірлесіп әркет етуіне
барынша мүмкіндік беретін, өз қызметкерлерінің күш-жігерін өнімді, әрә
тиімді бөлетін, бағыттайтын, сол арқылы клиенттердің қажетін
қанағаттандырып, жоғары тиімділікті өз мақсатын жететін құрылым
Құрылыстық ұйым - бұл кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін құрылған
шаруашылық субъект.
Инвестиция - өндірістердегі құрал-жабдықтардың қорлануына, материалдық
заттарды көбейтуге, экономикадағы капиталдың запасын көбейтуге жұмсалған
шығындар (пайда табу үшін).
Нақты (немесе капитал құрайтын) инвестиция - капиталды негізгі өнімді
шығаруға, инновациялық материалдық емес активтерге (инновациялық
инвестиция), тауарлы-материалдық құндылықтар қорларын көбейтуге және
өнеркәсіптің жұмысын іске асыруына немесе жұмыскерлердің жұмыс істеу
жағдайын жақсартуға байланысты басқа да инвестиция нысандарына салу.
Қаржылық инвестиция дегеніміз - капиталды инвестицияның әр түрлі
қаржылық құралдарына салу болып табылады, бірінші кезекте пайда табу
мақсатында құнды қағаздарға салу.
Тікелей инвестиция дегеніміз - инвестор инвестициялайтын және капитал
салынатын нысандарды тікелей таңдап алуға қатысуы.
Реновациялық инвестиция дегеніміз - негізгі өнім мен материалдық емес
активтерді өндіруді көбейту мақсатында инвестицияланған капиталдың жалпы
көлемі.
Жеке меншік инвестиция - жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың
мемлекеттік емес жеке меншік түріне капитал салуы.
Шетелдік инвестиция - ішкі нарықта осы елге қатысты нысандарға шетел
капиталын салу.
Менеджменттің интеграцяланған жүйесінің үлгісі – бұл жаңғыртылған 9
критерий арқылы стандарттарды іске асыратын біркелкі менеджмент жүйесі TQM
(Total Quality Managementт – сапаны жалпылама басқару)
Шымкетсыра ЖШС қауіпсіздік техникасы бұл - жұмысшыға әсер ететін
қауіпті және зиянды өндірістік факторларының алдын алатын ұйымдық және
техникалық шаралар мен құралдар жүйесі.

Қысқартулар мен белгілер

ҚР – Қазақстан Республикасы
ЖҰӨ - жалпы ұлттық өнім
ҒТП – ғылыми-техникалық прогресс
ИСО 9004, ИСО-9000 және 14000 - сапаны басқарудың жүйелері
ТМД – тәуелсіз мемлекеттер достастығы
ӨСБ КЖ - өнімнің сапасын басқарудың кешендік жүйесі
ТЭН - техника-экономикалық негіздеу
ҒЗТКЖ – ғылыми-зерттеу және тәжрибелік-конструкторлық жұмыстар
ӘСҰ - әлемдік сауда ұйымы
АЭА – арнайы экономикалық аймақ
ЕврАзЭҚ – Евразиялық экономикалық қауымдастық
АСУ – автоматты басқару жүйесі
НОТ – еңбекті ғылыми ұйымдастыру
ISO 900 және 14000 серия, - ISO экологиялық стандарты
OHSAS 18001- қауіпсіздік және еңбек гигиенасы стандарттары
SA 8000 - әлеуметтік жауапкершілік стандарттары
ISO 22000 серия - тамақ өнімдері қауіпсіздігі менеджменті жүйесінің
стандарттары
ISO 19011 - СМЖ аудиті және экологиялық менеджмент стандарты
СМЖ – сапа менежменті жүйесі
НӨЖБ - негізгі өндірісті жедел басқару

Кіріспе

Еліміз нарықтық шарттарға өткелі көптеген қиындықтармен кездесті. Әрине
бір жүйеден басқа жүйеге өту оңай құбылыс емес. Дегенмен арада он тоғыз жыл
өтіп еліміздің эконмикасы тұрақтанып, нарық заңдарына бейімделе бастады.
Нарықтық қатынас негізінен басқарудың экономикалық әдістеріне
негізделеді. Басқару жүйесінде анықтаушы болып экономикалық қызығушылық пен
мотив (себеп) жүйесі саналады. Негізгі қорғаушы күш болып табыс табуға
ұмтылыс саналады. Баға белгілерін қарастыру кәсіпорынсіпкерге адамдар
(халық) қай тауарға жақсы төлейтінің және неге сұраныс бар екенін
көрсетеді. Осыдан келіп ол өзінің ұсынысын жасайды. Нәтижесінде нарық
бағасы орнатылады. Бәсекелестер ресурстарды реттеп отырады.Оны яғни реттеу
құқығын нарық бағасын төлейтін фирма ала алады, яғни қаржы жағдайы жақсы
компаниялар. Ал тауарларын жақсы алатын бәсекелес ауыл шаруашылық
субъектілерінің экономикалық жағдайы жақсы.
Еліміздің БДСҰ-на кіруіне байланысты, экономикалық секторларға
қойылатын талаптар күшеюде. Яғни кез-келген тауар өндіруші өз тауарын
сапалы, бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана сата алады. Бұл дегеніміз
өндірістегі сандық емес сапалы көрсеткішткр басты роль атқарады.
Қазіргі таңда экономикасы дамыған мемлекеттерде, кәсіпорындағы
экономикалық тиімділік пен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің
негізгі тәсілдері болып жаңа басқару жүйесін ендіру болып табылады. Ол
басқару жүйесі халықаралық стандарттар ISO 9001:2000 талаптары негізінде
құрылады. Оған сапа менеджментінің жүйесі ISO 14001:2009 (жаңа версиясы),
экологиялық менеджмент жүйесі және OHSAS 18001:1999, кәсіпорынсіби
қауыпсіздік және денсаулықты бағалау жүйесі (еңбекті қорғауды басқару
жүйесі) кіреді.
Қазіргі таңда сапа менеджментінің жүйесін (СМЖ) ендірген және
сердификатталған кәсіпорындар көп. Олар кәсіпорынды әкімшілік басқарудың
жүйелік принциптерін енгізуден экономикалық және ұйымдастырушылық
тиімділігіне жетті. Бұл кәсіпорындарда кәсіби менеджерлер өскен. Олар сапа
менеджментінің жүйесінің басқару объектісіне жатпайтын, басқа да көптеген
проблемалардың бар екендігін біледі. Мысалға өнімнің өзіндік құнына және
сапасына кәсіпорын қызметінің экономикалық аспектілерінің әсер етуі немесе
персоналдың денсаулығы мен қауыпсіздігін қамтамасыздандыру бойынша
сұрақтардың шешілуінің маңыздылығы тағы сол сияқты. Одан басқа кәсіпорынның
сапа жүйесінің документациясы(сапа облысындағы саясат пен регламенттер) осы
және басқа да көптеген мәселелерді нормаға келтіре алмады.
Кәсіпорынды басқаруға қойылатын талаптар жылдан-жылға өз маңыздылығын
арттыра береді. Соңғы кездері басқаруға үлкен көңіл бөлінуде. Басқарудағы
қолданылатын шаралар енді ұлттық емес, халықаралық талаптарға сәйкес келуі
қажет. Осыған байланысты кәсіпорындағы менеджмент жүйесінің дамуы қазіргі
уақытта өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Менеджмент жүйесінің
оперативтілігі, тиімділігі және маңыздылығының шарттары кез-келген
кәсіпорынның қозғаушы күші болып табылады.
Ел басымыздың айтып кеткен 2005 жылғы жолдауында менеджерлік
қызметтің ролін көтеруіміз қажет. Осыған байланысты мемлекеттік менеджмент
академиясын құру қажет деген болатын. Осы сөздің өзі қазіргі тандағы
менеджмент жүйесінің маңыздылығын айқындап көрсетеді.
Ұсынылып отырған дипломдық жобада кәсіпорынның менеджмент жүйесі жайлы
мәліметтер берілген, оларға талдау жасалынып, біршама ұсыныстар жасалған.
Менеджмент жүйесінің халықаралық стандартизация ұйымының шарттары жайлы,
кәсіпорынның сол шарттарға бейімделуі туралы жазылған.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның менеджмент жүйесін
дамыту үшін арнайы стратегия жасай білу. Кәсіпорын алдында кездесетін
қиыншылықтарды өз бетінше емес арнайы келісіліп жасалған жүйе бойынша шешу.
Жұмыстың пәні мен объектісі. Жұмыстың пәні ретінде кәсіпорынның
менеджмент жүйесі және оның стратегиялық бағалануы мен жасалуы,
кәсіпорындағы экологиялық шарттар, кәсіпорын қызметінің тиімді
ұйымдастырылуы қарастырылған. Жұмыстың объектісі ҚР кәсіпорындарының
қызметі болып табылады.
Жұмыс құрылымы. Жұмыс кіріспеден негізгі үш бөлімнен және қорытындыдан
тұрады. Екінші бөлімде Шымкентсыра ЖШС-нің қызметі бейнеленген. Осы
кәсіпорынның өнімдерін сатуды ұйымдастыру көрсетіліп, талданған. Үшінші
бөлімде кәсіпорынға қойылатын қазіргі заманғы талаптар мен оларды орындау
бойынша шектері көрсетілген.Соңында қолданылған әдебиеттер тізімі мен
қосымшалар келтерелген.

1 Корпоративтік менеджмент жүйесінің ғылыми-теориялық негіздері
1. Корпоративтік менеджмент жүйесінің мәні және қажеттілігі

Қазақстан Республикасыда өтіп жатқан нарықтық экономика реформасы
экономиканы қалыптастыру және дамытудың бірден бір маңызды бағыттарының
сипаты ретінде менеджмент үлгісін қосады. Ол біздің елімізде жаңа
экономикалық қатынастарды және әлеуметтік-экономикалық процестерді
басқарудың жаңа жүйелерін пайдалануға үлкен себебін тигізеді.
Қазыргі кезде кәсіпорындар басқаша жағдайда қызмет атқаруда. Не
өндіру, қалай және кім үшін – бұл сұрақтарды олардың өздері дербес шешуді
қажет етеді. Сондықтан да, менеджменттің отандық әдістері мен проблемаларын
жақсы білген жөн.
Менеджментті нарықтық жағдайдағы экономикалық ынталандырудың
бейнелерін және әдістерін, әр түрлілік принциптерін қолдану, материалды,
қаржыны, ақпаратты және ресурстерды оңтайлы пайдалану негізінде шаруашылық
өміріндегі қол жеткізуге бағытталған басқарудың ерекше түрі ретіндегі
экономикалық дербес субъектісі деп түсіндіруге болады.
Ағылшын тілінің Оксфордтық сөздігі менеджменттің төрт аталымын
береді:
1. адамдардың өзара қатынаста болуының үлгісі, тәсілі.
2. басқарудың өнері және билік.
3. Әкімшілік дағдылары және білудің ерекше түрі.
4. басқару органы, әкімшілік бірлігі.
Шет тілдер сөздігінде Менеджментті өндірісті басқару және оның
тиімділігін арттыру мақсатында өндірісті басқарудың принциптерінің,
әдістерінің және нысандарының жиынтығы деп қарайды.
Отандық теория мен практикада менеджментті жеке қызметкерді, жұмысшы
тобы және жалпы мекемені басшылық жасау (басқару) деп түсіндіреді.
Арнайы басқарушылық әдебиеттерде менеджмент ұғымына әртүрлі
түсініктеме беріледі. Олардың ішінде қазыргі кезде кең түрде қолданылып
жүргендерін мына төмендегі сызбадан көруге болады
Мұнда бірінші, менеджмент адам қызметінің түрі есебінде қалады.
Атап айтқанда, барлығында біз тек өндірістің экономикалық факторына
салсақ, әсіресе, капиталды, онда біз дамуға қол жеткізбесек едік. Азғантай
жағдайда, қашан біз менеджменттің қуатын тудыратын болсақ, онда біз дамуды
шапшандатқан болар едік. Даму, басқа сөзбен айтқанда, – экономикалық
байлыққа қарағанда адам қуатының іс – қимылы жақын.
Екінші, менеджмент процес ретінде анықталады. Осының көмегімен
дайындалған кәсіптік мамандар өздерінің алға қойған мақсаттары мен әзірлеме
тәсілдеріне сүйене отырып, кәсіпорындарды қалыптастыруға ықпал етеді.
Басқару процесі – бұл ақпараттық процесс, яғни қалыптастыру, қабылдау,
алып беру, өңдеу және ақпаратты сақтау. Басқару ақпаратқа алып бармайды,
бірақта ақпараттан тыс мүмкін емес екендігін ерекше атап өткен жөн.
Менеджменттік қызмет – бұл кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің
еңбегіне, ақыл-парасаттарына, адамдардың мінез-құлықтары уәждеріне сүйене
отырып, алдына қойған мақсаттарын іс – жүзіне асыруды ұйымдастырады.

1 сурет - Менеджмент ұғымына түсініктеме

Үшінші, менеджмент сатылы ұйымдастырушылық құрылымы ретінде басқару
бейнесін іске асыралды. өз кезегінде, сатылы басқару аппараты сол немесе
басқа да кәсіпорынның басқару құрылымында нақтылы көрінеді. Сонымен,
басқару аппараты кез-келген кәсіпорынның құрамды бөлігі болып табылады және
менеджмент ұғымымен қауымдастырылады. Онсыз кәсіпорын құрылым мақсатқа сай
және тиімді жұмыс істей алмайды.
Төртінші менеджмент басқарумен айналысқан адамдардың санаты ретінде
қаралады. Мақсатты алға қою және оны іске асырудағы менеджмент ғылым
мезетінің негізін қалаушы Ф.У. Тэйлор алда не істеу керек және қалай оны
ең жақсы және арзан тәсілмен жасау қажеттігін өнер ретінде нақты бөлуді
анықтайды. Бұл өнерді нақтылы адамдар санды – менеджерлер игеруі қажет.
Басқарушылық қызметкерлердің басты мәндерді – кәсіпорынның барлық
ресурстарын (капиталды, ғимараттарды, жабдықтарды, материалды, еңбекті,
ақпаратты) тиімді пайдалану және үйлестіру болып табылады.
Бесінші, менеджмент ғылым ретінде барлық күшін басқарушылық еңбек
тегін, себеп пен нәтижесі арасындағы байланысты белгілеу, факторлар мен
жағдайларды анықтау, сөйтіп, адамдардың біріккен еңбегінің әрі пайдалы, әрі
тиімді екендігін анықтайды. Менеджментті ғылым ретінде анықтағанда басқару
жөніндегі білімді тәртіпке келтірудің маңыздылығын ескере білген жөн. Олар
ағымдағы істерді өз мерзімінде және саналы басқару ғана емес, сонымен қатар
жағдайдың дамуын болжайды, сөйтіп, осыған сәйкес кәсіпорынның операциясы
мен тактикасын әзірлейді.
Сонымен, менеджмент ұғымы көптеген мағанада қолданылады: басқару,
басқарушылық қызметін жүзеге асыратын әлеуметтік топтар. Менеджмент – бұл
өзіне ұштастырылатын экономикалық, социологиялық, психологиялық, құқықтық,
техникалық және басқа да пәндердің табысқа жетуіндегі, басқару өнерін
пайдаланудағы білімнің пәнаралық саласы болып табылады. Ол сонымен қатар,
басқарудың теориясы мен практикасын қосады, икемді және активті қолданудың
нәтижесінде жақсы көрсеткіштерге жеткізуді қамтамасыз етеді.
Отандық менеджменттің басты негізі – адам ресурстары және
кәсіпкерлік қызметі болып табылады. Сондықтан да, оның басты міндеті –
ақпараттың, білімнің, тәжірибе мен өндіргіш көштердің жаңа ережелерін
жасау.
Менеджмент жүйесінде көптеген түрлерді бөлуге болады:
- өндірістік менеджмент;
- кадрлық менеджмент;
- инновациялық менеджмент;
- ақпарат менеджменті;
- қаржы менеджменті;
- сауда менеджменті;
- маркетинг менеджменті;
- салық менеджменті;
- халықаралық менеджмент.

1 кесте.
Басқару бернелерін сыныптау
Басқару сатысы Басқару бернесі
Басқарушылық шешімді қабылдау Болжау
Қабылданған шешімді іске асыру Жоспарлау
Ұйымдастыру
Бақылау Үйлестіру және реттеу
Жандандыру және ынталандыру
Есеп
Талдау

Менеджменттің бернесі - бұл басқарушылық қызметтің нақтылы түрі,
арнайы қабыл алу және тәсілі, сол сияқты тиісті жұмысты ұйымдастыру,
қызметті бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Міне, осыдан, басқару мазмұнының негізгі құрамдас компонентінің бірі-
берне болып табылады, яғни сол немесе басқа да жай жұмысты біршама орындау
үшін не керек, қорытындысында істі қалай ұйымдастыру, уәждемелеу және оның
орындалуын бақылау керектігін күні бұрын анықтауды қажет етеді. Мұны
басқару бернесі деп атауға болады.
Менеджменттік берне - өндіріс факторларын пайдалану, жаңа өнімдер
мен технологияны енгізу жөніндегі шешімдерді ұйымдастыру және орындауды
қабылдаудан тұрады.
Берне - бұл басқарудың объективті құрылуы, ұғымды қалыптастыру және
басқарудың берне құрылымының жүйелі тәсілінен тұрады.
Басқарудың әрбір бернесі одан әрі саралауға тап болуы мүмкін. Мына
кестеде бірден-бір мүмкін болатын нұсқалар шамаланады.
Негізгі өзара байланыстың басқару бернесі арасындағы сызбалық
тұлғалар мына төменде көрсетілген:

2 сурет - Негізгі өзара байланыстың басқару бернесі арасындағы сызбалық
тұлғалар

Нақтылы экономикалық объектіде басқару бернесінің практикада алға
қойған міндетінің іс жүзінде асуына байланысты, тиісті басқару аппараты оны
шешуге қабілетті болуы тиіс. Қызмет міндеті ретінде немесе басқару
аппаратының бернесі ретінде оларды дәлірек анықтауды қажет етеді.
Берненің құрамы-міндеті, аппараттың өзінің құрылымы басқару
объектісінің ерекшеліктерімен анықталады. Объектінің ерекшелігіне
байланысты, сол сияқты жалпы басқару объектісінің бернелерімен аппараттың
кейбір буындарының берне –міндеттерімен бөлінеді:
- өндірістің техникалық дайындығы;
- қызмет көрсетудің бірнеше түрлері;
- өнім сапасын бақылау.
Процестің бір тұтастығы және басқару құрылымы басқарушылық аппаратта
шешімдерін басқару бернесіне сіңісетін және бернелер-міндетін тұлғалайды:
әрбір берне-міндеттің орындалуы басқарудың барлық бернелерін іске асруды
ұйғарады.
Менеджерлік қызметтің міндеті. Менеджер дегеніміз - ұйымдастыру және
басқару жөніндегі шаруашылық дербестігі бар іскер адам, өз ісін егжей-
тегжейлі білетін мамандандырылған басшы. Менеджерлік әрекетінің мәні
өзгерусіз, тек менеджердің бернесі және оның жұмыс әдісі ғана қалады.
Еңбектің басқа түрлерімен салыстырғанда басқару еңбегін ұйымдастырудың
бірнеше ерекшеліктері болады. Сөйтіп, өзінің еңбегі, оның нітижесі және
қабылдайтын шешімін білдіреді.
Шешетін міндеттің артықшылығы көбінесе басқару еңбегінің творчестволық
ой-мінезін алдын ала анықтау болып табылады. Менеджер адам, финанс және
басқа да ресурстарын көп өнімділікке жеткізеді. Менеджерлік әрекеттің
қорытындысы алға қойылған мақсатқа жетумен бағаланады. Қандай да салада
жұмыс істемесін әрбір менеджердің жұмысында бес базалық операция болады.
Олардың нәтижелілігін, тіршілікке қабілеттілігін және ұйымдастырушылығын
қолдауда интеграциялық ресурстар басты рол атқарады.
Менеджер, біріншіден, мақсатты белгілейді. Ол міндеттің әрбір тобын
анықтайды және осы мақсатқа жету үшін не істеу керек екенін шешеді.
Екіншіден, менеджер жұмысты ұйымдастырады. Ол әрекет түрлерін, шешімді,
қатынасты, қойылған мақсатты іске асыру үшін қажеттілікке талдау жасайды.
Ол сонымен қатар, оларды басқарылатын жиынтықтарға, ал бұл жиынтық
басқаратын еңбек міндеттеріне бөлінеді.
Үшіншіден, менеджер мотивация мен коммуникацияны қолдайды. Ол түрлі
жұмыстарға жауапкершілікті адамдардан өзінің құрамын жасақтайды және де
мұны ерекше әдіс жәрдемімен жалақы жөнінде, жұмысқа тағайындау, қызметке
жоғарылату арқылы және көптеген басқа да түрлі шешімдерді кадрлар арқылы
шешуді ұйымдастырылады.
Төртіншіден, менеджерлік қызметіндегі өлшеу. Ол өлшеу бірлігін
белгілейді, әрбір адамның өзіне тән көрсеткіші болуын қадағалайды,
бағалайды және нәтижесіне назар аударады.
Бесіншіден, ол өзімен бірге адамдардың өсуіне жағдай жасайды. Аталған
еңбек өмірінің сапасы ұйым мүшелерінің өсуіне қолда бар мүмкіншілікті
қамтамасыз етеді.
Осы жоғарыда аталған операциялар жұмыстардың санатына бөлінуі мүмкін,
сөйтіп олардың әрқайсысына ерекше сапа және мамандықты талап етеді.
Кімді менеджер деп атауға болады деген сұрақ жиі айтылады. Осы жерде
өте болатын жай, менеджер билік емес, ранг емес, барлық ұйымның іс –
әрекетіне және жауапкершіліктің нәтижесіне қосатын үлесі.
Сонымен, отандық тиімді менеджердің негізгі сапалылығы-жоғары
кәсіпқойлық, жаңалықты қолдаудағы іскерлік және жетілдіруді көтермелеу,
қызметкерлердің жақсы жұмыс істегендері үшін мадақтау және тиімді топталған
пікір сайысын өткізу, тағы сол сыйақты болып табылады.

1.2 Кәсіпорын – корпоративтік басқарудың жүйелік объектісі

Экономиканың қайсысы болмасын өндірістен, экономикалық өнім жасаудан
құралады. өндіріссіз тұтыну болмайды, тек шығарылған өнімді ішіп-жеп қою
болады. Атап айтқанда, кәсіпорын өнім шығарады, жұмыс тар және қызмет
көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды.

Қаншалықты кәсіпорын тиімді жұмыс істейді, оның қаржылық жағдайы
қандай екені экономиканың барлық салығына және мемлекеттің индустриалдық
қуатына байланысты болады.
Оның негізгі белгілері мыналар:
- ұйымдық бірлік: кәсіпорын – бұл белгілі түрде ішкі құрылымы және
басқару жөнімен ұйымдасқан ұжым;
- белгілі түрдегі өндірістің құрал кешені: кәсіпорын пайданы барынша
көбейту мақсатында экономикалық игіліктерді өндіру үшін экономикалық
ресурстарды біріктіреді;

Қызмет

Қорытындысы
О

3 сурет - Өндірістік кәсіпорын ішкі ортасы

- мүліктің жекеленуі: кәсіпорынның өзінің мүлкі болып, белгілі бір
мақсатқа жеке пайдаланады;

- мүліктік жауапкершілік: кәсіпорын түрлі жағдайға сай өзінің барлық
мүліктеріне толық жауапкершілікте болады;
- кәсіпорын дара басшалықты болжалайды, басқарудың тікелей әкімшілік
формасында негізделеді;
- шаруашылық айналымына жеке атынан шығады;
- оперативті – шаруашылық және экономикалық дербестік: кәсіпорын жеке өзі
түрлі мәмілілірді және операцияларды жүзеге асырады, пайдасын өзі алады
немесе зиян шегеді, пайданың есебінен қаржы жағжайын және өндірісті
одан әрі дамытуын жақсартады.

4 сурет – Кәсіпорын құрылымы

Өндіріс жоспарлы немесе әкімшіл-әміршілдік экономика жағдfйында мына
тәсілмен жұмыс істейді: Ресурстар - Өндіру - Өткізім

Бұл тәсілде ең негізгісі – ресурстар, атап айтқанда олар шектеулі өнім
шығарылымының көлемі болып саналады. Сонымен, жоспарлы экономика жағдайында
кәсіпорындарда өнім шыңарылымының көлемі мемлекеттің оларды қажетті
ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіншілігімен байланысты болады.
Қазақсатан кәсіпорындарының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бұл
жөніндегі жағдай түбірінен өзгерді. Кәсіпорындар бүгінде бүтіндей қарама-
қарсы басқа тәсілде жұмыс істеуге мәжбүр болды: Өткізім - Өндіру –
Ресурстар.
Бұл тәсілде негізгісі – сатып алушылыардың сұранысы, яғни өзінің
өнімдерін өткізу. Ол үшін нарық жағдаятын, сатып алушылардың сұрау
салуларын, нарық сыйымдылығын әлеуетті бәсекелекс өнімдері сапалылы,ғының
және тағы сол сияқты нарықтық экономика үшін сипатталатын сұрақтарын үйрену
қажет.
Жасыратыны жоқ, көптеген отандық кәсіпорындар түрлі себептермен аталған
тәсілмен жұмыс істеуге қабілетсіздігін көрсетті және де дайын емес еді,
олардың ішінде кәсіпорындардың басшылығы жаңа тәсілге, ал кейбіреулері өтіп
жатқан қайта құру реформасының маңыздылығына түсінбеді, қайтадан жоспарлы
экономика дәуіріне қайтып келуіне үміттенді және күтті де.
- КСРО-ның ыдырауы өндірістік және кооперативтік байланыстардың бұзылуына
әкеліп соқтырды;
- Нарықтық қатынастарға өту инфлияцияға және шектен тыс инфлияцияға
жалғасып, кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуіне, әсіресе оларды айналым
қаражаттарымен қамтамасыз етуге айтарлықтай жағдай жасалынбады;
- Көптеген отандық кәсіпорындардың өнімдері бәсекеге жарамсыз болды;
- Көптеген кәсіпорындар әлі де болса нарықтық қатынастарға бейімделе
алмады;
- Қазақстанның нарығындағы импорттық тауарлардың молықтырылуы аз болды;
- Өтпелі кезеңде мемлекет Қазақстандағы өркениетті нарықтың жұмыс
істеуіне қажетті жағдай жасай алмайды.
Міне, осы және басқа да себептер ақырында көптеген кәсіпорындардың
қаржы жағдайын нашарлатуға және елімізде экономикалық дағдарысты ұзартуға
әкеліп соқтырды.
Өтпелі кезең біздің республика үшін тек жағымсыз салдарымен ғана емес
сонымен қатар кейбір оңды мектептермен сипатталады. Атап айтқанда:
- кәсіпорындар бірте бірте рынокқа бейімделіп, шынында сатып алушылардың
мұқтажын қанағаттандыра алатын өнімдерді өндіре бастады;
- көптеген кәсіпорындар инфлияцияның құлдырауы жағдайында өндіріс
шығындарын азайту, өнімдерді өткізу, оның сапасын жақсарту – қаржылық
сәттілікті дұрыс шешудің бірден бір жолы екенін түсіне бастады;
- рыноктар тауарлармен толықтырылып, кейбір экономикалық салаларға
кінәратсыз бәсеке пайда болады.

2 кесте.
Қазақстан Республикасында жұмыс істеп тұрған бірлескен және шетел
кәсіпорындарының саны
Жылдар Қазақстан бойынша Оның ішінде Оңтүстік
Қазақстан облысы бойынша
2005 736 27
2006 995 35
2007 1338 39
2008 1677 39
2009 1865 22

Кәсіпорынға басшылық ету әдістері нарықтық экономиканың даму дәрежеіне
сәйкес болуға тиіс. Олардың өзгеріссіз, бір орында қатып қалуларына
болмайды. Кәсіпорынды басқару икемді, әрқашан басты мақсатқа жетуге және
сонымен бірге әрбір нақты кезеңнің ерекшеліктерін ескеріп отыруға тиіс.
Кәсіпорынға басшылық етудің міндеттері де практиканың терең зерттеудің
негізінде өндірістің одан әрі даму тенденциясын анықтап, бұл дамуды
шабшандату үшін өндіріске әсер етудің сол кезең үшін аса маңызды
экономикалық тұтқаларын пайдалану болып табылады.
Нарықтық жағдайда кәсіпорындар шаруашылық қызметінің ерекшеліктері.
Жоғарыда айтылғандай кез-келген кәсіпорынға нарықтық жағдайындағы ең
маңызды мақсаты – өз жұмысындағы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл
мақсатқа жетудің күрделі жолы, бұған қосылатын, тек пайда тауып қана
қоймай, сонымен қатар пайда табудытұрақтандыру, ал бұған жету оңай мәселе
емес.
Кәсіпорын, егер де өзінің жұмысында белгілі бір принциптерге сүйенсе
және қажетті бернесін орындаса, алдына қойған мақсатына жетеді. Осыған орай
кәсіпорындардың негізгі міндеттеріне жататындар:
- жоғары сапалы өнімдер өндіру, оларды жүйелі түрде жаңалау және қолда
бар өндірістік мүмкіншіліктеріне, сұраныстарына сай қызмет көрсету;
- өзара алмасушыларын ескере отырып, өндірістік ресурстарды ұқыпты
пайдалану;
- кәсіпорынның бет аласының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және
жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру;
- ғылыми-техникалық жетістіктер мен озық тәжірибені, еңбекті ұйымдастыру
және басқаларды өндіріске кеңінен енгізу;
- өздерінің қызметкерлеріне жағдай жасау, олардың сыныптамаларының өсуін
және еңбектерінің үлкен маңыздылығы, олардың тіршілік деңгейлерін
арттыру, еңбек ұжымдарында қолайлы саяси – психологиялық ахуалды
жақсарту;
- кәсіпорынның шығарған өнімінің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету,
кәсіпорынның жақсы атағын қолдау;
- баға саясатын икемді жүргізу және бақа да функцияларды іске асыру.

5 сурет - Кәсіпорынды дамытудағы стратегиялық басқару

Қорыта айтқанда, ең маңыздысы, кәсіпорындардың барлық функциялары
межеленген стратегияны іске асыруға және алдарына қойған мақсаттарына
жетуге бағытталған жөн.
Қазіргі заман жағдайында көптеген отандық кәсіпорындардың алдында
кәмілдік басқа мақсаттар мен міндеттер тұр, ал пайда табу бірінші орында
болмай отыр. Көптеген кәсіпорындардың басшылары бұл кезеңдегі негізгі
мақсаттары олар үшін – өнімді өткізу, кәсіпорындардың қызметкерлеріне
жалақыларын уақытылы төлеу деп есептейді.
Осы кезеңдегі қиындық жағдай Қазақстан экономикасы үшін жақын арада
бастан өтеді, кәсіпорындар бірте-бірте қалыпты жұмыс істейді, нарықтық
экономикаға тән алға қойылған міндеттер шешіліп, мақсаттарға жетеді,
үдемелі қоғамдық өндірісті ұйымдастыру формаларын, атап айтқанда ,
кәсіпорындарында шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау және
құрамдастыру жұмыстары іске асады деп үмітенуге болады.
Кәсіпорынның ұйымдастыру нысандарының түрлері.
Қазақстанда меншік туралы заңға сәйкес кәсіпорындар мемлекеттік,
жеке меншіктік, сол сияқты мешіктің аралас нысанасы түрінде құралады және
іс істей алады.
Мемлекеттік кәсіпорындар – мұнда негізгі құралдар мемлекеттің
мешігінде болады. Мемлекеттік органдардың қарамағында болатын
кәсіпорындарды қазыналық деп атайды.
Мемлекеттік холдинг компаниясы – холдинг деп үлкен корпорациялардың
ортақ мүлделерінің сақталуына акциялардың бақылау пакеті арқылы бірыңғай
бақылау жасасуды айтады. Алғашқы кезеңде Қазақстанда мемлекеттік
акционерлік кәсіпорындары құрылғанда халық шаруашылығы салаларында көптеген
холдингтер көріне бастады.
Біздің республикада жеке меншік секторы мына төмендегі бөлімшелерден
тұрады:
- жеке кәсіпкерлік
- толық серіктестік
- сенімгерлік серіктестік
- жауапкершілігі шектеулі қоғам
- қосымша жауапкершілік жүктелген қоғам
- акционерлік қоғам
- өндірістік кооперативтер.
Жеке кәсіпкерлік – бұл жеке кәсіпкерліктің ең жай нысаны, мұнымен
айналысуға әректті әрбір азаматтың құқығы бар.
Толық серіктестік – екі немесе одан да көп тең құқықты адамдардың
ұйымдасқан шаруашылық қоғамының бірлестігінің түрі. Олар кәсіпкерік
қызметті жүзеге асыру үшін бірігіп, жасасқан шарт негізінде өз мүліктерімен
қоғам алдында жауапты болады. Толық серіктестіктің мүлкі оның
қатысушылардың үлес (пай) жарнасын негізінде (ақшалай және басқа түрде)
қалыптасады.
Сенімгерлік серіктестік – шаруашылық қоғамдарының бір түрі. Оған шарт
жасасу негізінде екі, оданда көп кісі біріге алады. Алайда олар мүлікке
деген жауапкершілігіне қарай екіге бөлінеді. Бірінші топқа жататындар толық
үлесшілер (пайшылар) немесе сенімгерлік серіктестіктің толық мүшелері деп
аталады. Олар қоғамның борышы үшін өз мүліктерімен толық жауап береді. Ал
сенімгерліктер, сенім бірлестігіндерілер деп аталатын екінші топтағылар
қоғамға қосқан жарнасы көлемінде жауапты.
Жауапкершілігі шектеулі қоғам – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін
екі, оданда көп адамды біріктіретін қоғамның түрі. Жауапкершілігі шектеулі
қоғамның оның мүшелері есебінен жиналған жарғы қоры бар. Жауапкершілігі
шектеулі қоғам жабық қоғам, яғни қоғам мүшесі өз үлесін қоғамның басқа
мүшелерінің келісімімен басқа адамға немесе үшінші кісіге бере алады. Қоғам
акцияар шығармайды. Мұның өзі қоғам мүшелеріне сырт жақтан қаржы тарту
мүмкіндігін шектейді.
Қосымша жауапкершілігі жүектелген қоғам – қатысушылардың жарғылық
қорға өздерінің міндетті салымдарымен жауап беретін қоғам, ал бұл
қаражаттардың жетіспейтін кезінде – қосымша өздерінің мүліктерімен салған
салымдарының үйлесімді мөлшері.
Акционерлік қоғам – бұл заңдық құқығы, жарғысы бар қоғам. ол рұқсат
ету жолымен құрылады, акцияда бірден үлесі бар, белгілі мөлшерде бір
бөлшектенген негізгі капиталы болады. Олардың негізгі капиталы акцияларға
бөлінеді. Акцияның ақшалай соммасы негізгі капитал көлеміне сай келуі
керек.
Өндірістік кооператив – бұл қоғамның қызметі принципінде табыс табу
емес, қоғам мүшелеріне көмек етіп, ықпал жасау. Кооператив кәсіпкерлк
нысанына тән жағдай, оның мүшелерінің сол кооперативпен тығыз байланыс
орнатуында. Кооператив-ол заңды иегер.
Кәсіпорынның стратегиясы және оның қалыптасуы.
Нарықтық қатынастар жағдайында қоршаған ортадағы өзгерістер
жылдамдығы, сондай-ақ осы өзгерістерден туатын қосымша мүмкіндіктер тұрақты
өседі. Сондықтан, кәсіпорынның стратегиясы осы өзгерістерден артықшылықтар
алу мүмкіндігін шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді
қамтитындай болуы керек.
Кәсіпорынның мақсаты оның қызметінің соңында қандай нәтижені
көздейтінің көрсетсе, стратегиясы осы нәтидеге жету жолдарын, бағыттарын
анықтайды. Әрбір кәсіпорынның стратегиясы өзгеріп отырған нарық жағдайын
ескеріп, кәсіпорынға жаңа шешімдер қабылдауға еркіндік береді.
Кәсіпорынның стратегиясы оның нақты жағдайына қызмет ету
ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Бірақ барлық кәсіпорындар стратегиясын
анықтау барысында мынадай мәселелерді шешкені жөн:
1. қандай өндірісті тоқтату керек?
2. қандай өндірісті жалғастыра беру керек ?
3. алдағы уақытта қандай өндіріске көшу қажет?
Кәсіпорынның рыноктағы іс – әрекетінің негізгі үш бағыты бар:
- өндіріс шығындарын барынша азайту. Өндіріс шығындары неғұрлым аз болған
сайын кәсіпорын өзөнімінің бағасын бәсекелестерге қарағанда төмендете
алады. Соның нәтижесінде бұл өнімнің рыноктағы үлесі артады. Бұл үшін
кәсіпорын стратегиясын жоспарлағанда өндірісті және жабдықтауды
жақсарту шараларын жаңа технологияны игеруді, өнімнің өзіндік құнын
арзандату жолдарын қарастырады;
- өнім өндіруде мамандандыруды жоғарылату. Бұл бағыттың негізгі мақсаты –
өндіріс өнімінің сапасының жақсарту, тұтынушылар бағасы жоғары болса
да, сапалы өнімді таңдайды. Сондықтанда бұл бағытты таңдаған
кәсіпорындар қалайда өз өнімінің сапасын жоғарылатуды көздейді. Бұл
үшін жақсы дизайнерлер, жақсы дамыған маркетинг жүйесі болуы керек;
- кәсіпорын өз қызметін рыноктың белгілі бір бөлігіне ғана арнайды. Бұл
бағытты таңдаған кәсіпорын рыноктағы бір өнім түріне деген сұранысты
зерттеп, соған сай өндірісті ұйымдастырады, яғни осы өнімнің өзіндік
құнын төмендету немесе осы өнім өндіруіне жеке мамандану саясатын
жүзеге асырады. Кәсіпорын бүкіл рынокқа ғана емес тек оның бір
бөлігіне нақты тұтынушыға, оның сұранысына қызмет етеді.
Қазіргі нарықтық жағдайда іс – жүзінде басты бағытты көздейтін
стратегиялар эталондық стратегиялар деп аталады. Ол үш топқа бөлінеді.
Бірінші топтағы стратегиялар:
- өндіретін өнімнің сапасын жақсарту;
- жаңа өнім өндіруді бастау;
- рынокты өзінің артықшылығын көрсету.
Екінші топқа – стратегияның интеграциялық дамуы, яғни жаңа құрылымды
қосу арқылы кәсіпорынның өсу жолдары жатады. Кәсіпорын қосымша бөлімшелер
ашуы мүмкін, жабдықтаушыларын өз қарамағына енгізіп алу, өндірілген өнімді
тұтынушыларға жеткізетін жаңа құрылымдар ашу.
Үшінші топ – бұл мақсаттылықпен қысқарту стратегиясы. Егер
кәсіпорынның өндірісі ұзақ уақыт бойы өсіп келіп, ең соңғы кезде ол құлдыай
бастаса, рыноктағы өзгерістерге қарай пайда әкелмесе, онда кәсіпорын
нысаналы түрде жоспарға өз өндірісін қысқартуға мәжбүр болады.
А) жою стартегиясы – егерде кәсіпорын әрі қарай өндірісін жүргізе
алмайтын болса онда өз қызметін түпкілікті тоқтатады;
Ә) ұзақ мерзімді көз-қарас ұзақ мерзімде пайда алуды көздемей, қысқа
мерзімде, қысқа уақытты барынша пайда алуды мақсат етеді.
Б) қысқарту стратегиясы – кәсіпорын өзінің бір бөлімшесін жабады
немесе сатады. Егерде бұл бөлімше басқа бөлімшелерге қарағанда пайданы аз
табатын болса, оған жұмсалатын қаржы басқа бөлімшелерді дамытуға жұмсалады.
Кәсіпорын алға қойған старатегиясын жүзеге асыру үшін өзінің іс –
әрекеттерін қай бағытта, қандай заңдар негізінде орындайтындығын анықтайды,
яғни өзінің саясатын және тактикасын белгілейді, алға қойған стратегиялық
мақсатқа жету жолдары анықталады.
Кәсіпорын стратегиясын орындау үшін өз қызметінде мынадай шарттар
орындалуы тиіс:
- кәсіпорынның мақсатты стратегиясы сол кәсіпорынның барлық
қызметкерлеріне түсінікті болуы керек;
- стратегияны орындауға қажетті қорға уақытылы жеткізіліп тұруы қажет.
- бұл үшін кәсіпорын басшылығының әр деңгейі өзіне белгілі мақсаттары
мен міндеттерін нақты орындап отырғаны жөн;
- басшылық кәсіпорынның ұйымдық жөнінде шешім қабылдау.
Қабылданған старатегияны орындау үшін кәсіпорынның құрылымы тиімді ме
жоқ па осыған аса көңіл бөлінуі қажет.

1.3 Кәсіпорындағы тұрақты даму және сапа менеджменті

30 жылдан астам, өсу шегі (1972 жыл) Рим клубының танымал
баяндамасынан бастап, ғалымдар мен қоғамдық кәсіпкерлер дүниежүзілік түрлі
елдерді, ештеңемен шектелмеген өндірістік және қолданудың өсуін адам үшін
глобалды қауып төнуін түсінуге шақырады. Көбінесе осы болжамдар әсерінен
бірнеше үкіметтік емес ұлтаралық одақтар және қоғамдық әрекеттер (мысалыға,
Гринпис құрылды), олар (Sustainable development) корпарациясының тұрақты
дамуының және қоршаған ортаны қорғау идеяларын насихаттады.
1992 жылы Рио-де-Жанейрода қоршаған орта және дамытуды басқарудың бүкіл
әлемдік конференциясы өтті, оның нәтижесінде 27 принциптен (ұстаным)
тұратын декларация қабылданды. Бірінші принцип келесідей: Адам табиғатпен
бірге адамның толық бағалы өмірмен қамтамасыз ететін және денсаулықты
сақтауға бағытталған тұрақты дамудың сұрақтарын қарастырғанда, орталығы
болып табылады. осы уақыттан бастап, тұрақты даму концепциясы бүкіл
әлемдік деңгейдегі компанияның менеджментінің бір доминантасы болып
есептеледі. Тұрақты даму – бұл адамдардың болашақтағы ұрпақтарының өмір
сүруінде қамтамасыз етуге бағытталған практикалық қызметінде және шешім
қабылдауда экономикалық және экономикалық аспектілерде, интеграциялауда
негізделген жаңа қоғам дамуының философиясы.
Бүкіләлемдік БҰҰ самит тұрақты даму бойынша 2002 жылы, тамызда Йоган-
Нелбургте өтті.
Алдында келесі даму тұрақтылығы идеяларының дамуы 90-шы жылдарға
келгенде жеке бірлестіктердің және бизнес әріптестердің адамдардың еңбегі
және табиғатты қорғаудағы біріккен жұмыстарының қажетті шарттарының
қалыптасуына алып келді. 1997 жылы Ж.Элингтон бизнес үшін тұрақты дамудың
үш мақсатын қарастырды: адамдар, планета, пайда(people, planet, profit– үш
Р), яғни осындай ретті приоритеттерді.
1999 жылы бүкіләлемдік экономикалық форумда Давоста БҰҰ генерал
секретары Коффи Аннан глобалды келісімдер аталатын (Global compact) және
адам, қоғам, табиғат пен бизнестің өзара байланысы туралы универсал 10
принциптен тұратын жолдаумен бизнес лидерлеріне үндеу жасады. Қазіргі танда
бүкіләлемдік масштабта операциялар жасайтын ұлтаралық бірлестіктердің
көпшілігі глобалды келісім жолын ұстанушылығын жариялаған.
Осыдан, тұрақты даму концепция негізінде құрастырылған қазіргі заман
бірлестіктерінің мақсатты блогы, адамдардың, қоғамдық және ең бастысы
келешек ұрпақтардың бизнестерінің баланстарын ұстануды қамтамасыз ету үшін
қажет. Мәні бойынша келешек ұрпақ қолданушылар, әріптестер, ұсынушылар мен
бірге компанияның ынталанған бөлігі болып табылады.
Әрине, фирмалар ішінде менеджмент жүйелерінің негізінде осы есептерді
шешу үшін сәйкесінше құраладар қажет.
Дәл осы тұрақты даму философисы, осы күнде танымал моделдер TQM
әдістемесінде негізіне қойылғанын бекітуге болады. – сапа облысында
Европалық премияға ие моделдер немесе жетілдірілген жұмыс моделдері EFQM.
Мысалыға, 9000 серияның ИСО модел стандартымен салыстырғанда соңғысы TQM-
нің дамыған құрылымы деп ұзақ уақытқа дейін қабылданып келді. Алайда, бұл
арақатынас бүкіл әлемдік қоғамдастық мамандарын оншалықты
қанағаттандырмады, әсіресе осы стандарттар қайта өңделетін ИСОТК 176 да,
(СМК) жүйе менеджментінің сапасы стандартталатын бөлігінде жұмыс
істегендерді әлем жақа ұсыныстарды сапа менеджменті бойынша тұрақты даму
және халықаралық бір үлгіге келтіру концепция базасында шығаруға дайын еді.
Бұл жолы барлығы Японияда басталды.
2000 жылы ИСО 9000 сериясының стандарттарының жаңа нұсқасын бекітуден
соң, Клеттода (Жапонияда) Жапондық институт менеджмент сапасы облысында
және олардың кейіннен жақсаруы және дамуында стандарттардың қажет етілуін
зерттеді. Зерттелу нәтижелері Жапония компанияларын оң реакцияларын
демонстрациялады. АҚШ және Европа JSA-ны жаңа екі СМК бойынша стандартардың
проектілерін дайындауға итермеледі: TR Q 0005 сапа менеджменті жүйесінің
тұрақты өсу мінездемесі. (Quality Management System – Guidelines for
sustainable growth) және TR Q 0006 сапа менеджмент жүйесінің өзін
бағалау бойынша кепілдеме (Quality Management System – Guidelines for self
assessment). Бұл құжаттар танымал Жапондық маманы TQM облысындағы Токиялық
университетінің професоры доктор Иосинори Изука (Yoshinory Lizuka) –
салалық басқару бойынша Жапон қоғамының президенті (JSQS), Жапонияның
ұлттық комитетінің лидері (1997 жылы монифест TQM жұмыс істеген) және де
ИСОТК 176-да еңбекші тобының басшысы, ИСО 9004 стандартының жаңы үлгілі
концепциясын дайындайтын ғылыми басшы тарапынан өңделген.
Өңдеушілер құжаттардың нақты бизнеске өмірлік қажеттілікке байланысты
негізделуі келесідей:
Бизнес – қоғамдық Жапонияда, АҚШ және Европада ИСО 9004: 2000
стандартына күдікшіл СМК бірлестігінің өрістеген құралы ретінде, тұрақты
дамуға жетуде бизнеске нақты көмек көрсетуге қабілеттілігіне қарады;
Бизнес концепцияларды қажет етті, оның бәсекелестік деңгейі арттыратын
және СМК өрістеу шартын қажет тететіндей жаңа технологиялық бекітілген;
Оқыту және жаңа технология арқылы бірлестіктердің тұрақты дамуының
технологиялық және методикалық негіз беру керек еді.
2005 жыдың басында сапа менеджменті бойынша Жапондық құжаттар
бекітілген және Жапонияның (JIS) ұлттық ресми стандарттары болып жұмысқа
кірістірілді. 2002 жылы олар Акапулькада ИСОТК 176 семинарында
қарастырылған және мақұлданды. 2005 жылы ИСОТК 176-да оларды бір құжатқа
біріктіріп, ТК барлық қызығушылық арттырған мүшесңне кең талқылауға
шығарып, негіз ретінде ИСО 9004 стандарт үшін 2008 жыл ТС 176SC 2 №690 PS-
TR Q 0005: 2005 құжат түрінде шығарды. Бұл Шығыс елдерінің регламенттерімен
ұйымдарымен және Жапондық мамандарының ұсыныстарының жоғарғы халықаралық
бағалауына тағыда бір куәлік болып табылады.
Тұрақты даму концепциясы кезінде сапа менеджменті облысында белсенді
жаңа технологиялы циклді Франция бастады. 2008 жыл маусымда Франция үкіметі
Ұлттық тұрақты даму стратегиясын қолдады және оның негізінде француз ұйымы
стандарттау бойынша (AFNOR) басқарушы СД 21000 басып шығарды. Тұрақты даму
бірлестіктердің әлеуметтік жауапкершілігі үлес бойынша басшылық тұрақты
даму (Sustainable development – Corporate Social Pesponsibility – guide
for the taking into account of the stakes of Sustainable development).
Тұрақты даму сұрақтары бойынша бірнеше нормативті өңдеу соңғы жылдары
бақа да елдерде пайда болады: мысалыға ҰлыБританияда – кепілдеме SIGMO
(Guideline Putting Sustainable Development into practice – a guide for
organization), Италияда – Q-RES, Германияда – VMS. ИСОТК 176-ның адресіне
кейбір ұлттық мүшелер өздерінің жетілдіру бойынша ұсыныстарын ИСО сериясы
9000 нұсқа 2008 жыл стандартына жіберген. Осыдан көрсетілген Жапондық
стандарттардан басқа комитет мүшелереін қызығушылығын Француз делегациясын
AFNOR ұсынысы арттырды (құжат №6892 менеджмент жүйесі. Ұйымдық менеджмент
ұсынысы) және сол сияқты қазіргі таңда күнделікті шақыру қағазында 2008
жыл ИСО 9004 нұсқасы ИСОТК 176 стандартының рамкасында қайта өңдеу сұрағы
тұр, бұл жоғарыда айтылған ұлттық стандарттарды және ұсыныстарды сапа
менеджментінің фирма ішіндегі халықаралық стандарттың біріктірілуне алып
келеді.
Барлық қалыпты – әдістемелік құжаттарды талдау негізінде заттың
жаңалығын құрайтын негізгі компаненттерді бөліп алуға болады:
Фирманың ішінде менеджмент бірлестік саясатын және тұрақты даму
концепциясын есептеп стратегияларды операциялы қолдану және анықтау;
Старатегияларды және старатегиялық мақсаттарды қалыптастыруды барлық
қызығушылық арттырған тараптардың күтімін және қажеттіліктерін түсіну қажет
(мысалы, тек қана осы уақыттағы компаниялардың иелерін емес, келешек ұрпақ
адамдарды да);
Өздігінен оқу және инновация стратегиялық даму технологиялы құралы
ретінде;
Өнімділік құрылым деңгейінде процесті әдіістемеден бірлестіктің
стратегиялық біріншілігі;
Осы барлық құжаттардың ерекшеліктеріне қарамастан, осы компаненттерінің
тұрақты даму концепцияларымен (немесе өсуі, немесе бәсекелестік) байланысын
тағыда бір рет ерекшелеп өтеміз. Біздің көз-қарасымыз бойынша олардың
білінетін басқа ерекшелігі, процесті әдістеме негізінде ағымдағы жұмыспен
салыстырғанда старатегиялық менеджменттің ролінің артуы болып табылады.
Қарастырылатын құжаттарды процесті әдіс СМК-ның ең төменгі деңгейінде іске
асады, яғни өнімдік және технологиялық жасау процесінде, өнімді дайындауда
және жеткізіп беру деңгейінде.

6 сурет - 11JISTR Q 0005: 2005 бойынша сапа менеджмент жүйесінің үш
деңгейлі құрылымы

JISTR Q 0005: 2005 негізгі акценттер:
1. тұрақты даму (немесе өсу) белгілі стратегияда орналасады, және де
өнемі оқытылуда және инновацияда
2. стратегия ең кемінде үш иерархиялық деңгейге ие – жалпы бірлестік
стратегия, бизнес стратегия және өнімнің жеке түрлері бойынша стратегия. Ол
мекемелік компания шараларының профилинде құралады.
3. мекемелік мүмкіндіктердің профилі – бұл аналитикалық құжат болып,
нарықтық позиция тарапынан компания өзі нені білдіреді, ішкі кілтті
компитнттілік, бәсекелестік, персоналдың мүмкіндігі және тағы сол сияқты
сұрақтарға жауап береді. Технология деңгейі және басқа да бірлестіктердің
мүмкіндіктерін, шығарылатын өнім талдауын профил өз ішіне алады.
4. СМЖ үш деңгейлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапа менеджментінің жүйелері
Сапа менеджменті пәнінен дәрістер
Сапа менеджменті тарихы
Өнім сапасын басқару бойынша ғылыми мәліметтерді қарастыру мен нақты кәсіпорынның сапа жүйесіне талдау жасау («Сауыр» ЖШС мысалында)
Сапа менеджменті жүйесін құжаттау
Өнімнің сертификациясы – ҚР-ның инновациясының көрсеткіші ретінде
Қазақстан Республикасында сапа жүйесін сертификаттау
Қызметті әзірлеудегі сапа
Сапаның қазіргі заманғы конценциясы
НАССР жүйесі принциптері
Пәндер