Қазақстан Республикасының кеден органдар қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі


Мазмұны
Кіріспе . . . 6
1 Қазақстан Республикасы кеден органдарының мемлекеттік атқарушы органдар жүйесіндегі құқықтық мәртебесінің түсінігі
1. 1 Қазақстан Республикасы кеден органдарының құқықтық мәртебесі . . . 9
1. 2 Қазақстан Республикасының кеден органдарының құқықтары мен міндеттері . . . 15
1. 3 Қазақстан Республикасының кеден органдар қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі . . . 22
2 Қазақстан Республикасы кеден органдарының құқық қорғау саласындағы қызметін талдау
2. 1 Кеден органдары Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары жүйесінде . . . 31
2. 2 Қазақстан Республикасының кеден органдарының құқық қорғау және анықтау қызметінің конституциялық қағидалары . . . 37
3 Қазақстан Республикасының кеден органдарының анықтау органы ретіндегі қызметін жетілдіру
3. 1 Қазақстан Республикасының кеден органдарының қызметінің нормативті негіздерін жетілдіру . . . 45
3. 2 Кеден органдары қолданатын нормативтік құқықтық актілердің конституциялылығы . . . 50
Қорытынды . . . 56
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 59
Кіріспе
Қазақстан Республикасы егеменді мен тәуелсіз болғандығына қарамастан қоғамдық қатынастың көптеген салаларын реттейтін көптеген заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер шығарылғандығы белгілі, сонымен қатар жеке әлеуметтік, экономикалық және тіпті мемлекеттің өмірі жеткіліксіз реттелмеген заңдар кездесіп, оған дәлел қолданылып жүрген заңдар мен басқа актілердің бір-біріне қарама-қайшы келуі жиі кездесетіні жасырын емес. Сондықтан «қоғамның қазіргі кезеңінде жаңа құқықтық институттарды құру, дамыған заңдылық процесін, құқыққолдану тәжірибесінде пайда болған өзгерістерді қажет етеді». Осымен құқыққолдану қызметінде мемлекеттің қызметі маңызды мәнге ие. Өйткені құқық қорғау қызметінің маңызды бөлігі болып табылатын құқыққолдану қызметі толық көлемде конституцияда бекітілген адам мен азаматтың құқық пен бостандығын қозғайды.
Дәл сол уақытта кеден қызметі мемлекеттің орындаушы-басқарушы қызметі шеңберінде жүзеге асырылады, яғни кеден ісінің басты міндеті басқарушылық қызметі болып табылады. Басқарушылық қызмет орындаушы мемлекет органдарына берілгені мәлім. Габричидзе Б. Н. және Суслов Н. А. сөздеріне сүйенсек, «кеден органдары атқарушы билік органдарының бір түрі және мемлекеттік басқару жүйесінің тармақтары болып табылады». Атқарушы органдар ретінде Ресей Федерациясының кеден органдарына берілген мінездеме толық көлемде Үкіметпен басқарылатын мемлекеттің атқарушы органдар жүйесінің бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасының кеден органдарына да тиісті. Әрине, кеден органдары өзінің құрылымы мен құзіретімен басқа атқарушы билік органдары арқылы ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының кеден органдарының атқарушы органдар жүйесінде мәртебесі орындалатын қызметімен, өкілеттік мерзімімен, біліктілігімен, құзіретімен және т. б. анықталынады. Еліміздің Негізгі заңы - Қазақстан Республикасының Конституциясында басқа да атқарушы органдар сияқты кеден органдары да тікелей көрсетілмеген. Конституция тек атқарушы органдардың жалпы, негізгі өлшемдерін ғана көрсетеді. Кеден органдарын алатын болсақ, Конституция оны мемлекеттік билік жүйесіне кіргізеді. Бұл жерде мынаны ескеру керек: кеден органдарының мемлекеттің атқару органдар жүйесіндегі құқықтық мәртебесі - қандай-да бір тарихи кезеңде республикамыздың егемендігі мен тәуелсіздігін, халық игілігі үшін елдің экономикалық дамуын қаншалықты қамтамасыз етуіне байланысты болады. Осыдан кеден органдарынсыз барлық халық игілігін, республикамыздың егемендігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ете аламыз ба? - деген сұрақ туындалады. Менің ойымша, ол келесі негіздеулерге сәйкес мүмкін болады. Қазақстан Республикасының кеден органдар қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі «Қазақстан Республикасы кеден кодексінің» 69 тарауында айқындалған. Заңның осы тарауында заң шығарушы кеден органдарының қызметкерлері лауазымды тұлға ретінде анықталады. «Лауазымды тұлға» ұғымының мазмұнын заңшығарушы әр түрлі нормативтік құқықтық актілерде айқындалады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 307-бабының ескертуінде, «тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша өкіметтің өкілі қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындаушы адамдар лауазымды тұлғалар деп танылады» делінген.
Бұл дипломдық зерттеу Қазақстан Республикасының кеден органдар қызметінің құқық қорғау мен құқық атқару проблемалық мәселелерін, сонымен қатар олардың құқықтық мәртебесі жөніндегі сұрақтарын қарастырады.
Қазақстан өзін егеменді мен тәуелсіз етіп жариялағанына уақыттан бері қоғам өмірі мен мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа салаларында көптеген өзгерістер болды. Қоғамның саяси және экономикалық ұйымдастырудың жаңа моделіне көшу біздің мемлекетімізде құқықтық реттеуді мемлекет жағынан қажет ететін жаңа қоғамдық қатынастарды тудырды.
Қазақстан Республикасының кеден органдарының құқықтық мәртебесінің сұрағына заң әдебиеттерінде айтарлықтай көңіл бөлінгені аян. Біздің республикамыздың кеден органдарының құқықтық мәртебесін талдауға арналған жұмыстардан Алибеков С. Т., Вибол Е., Мауленов К. С., Сарсенбаев М. А., Ушурова С. Р., Шитковский А. А. және т. б. еңбектерін атап өтуге болады. Аталған жұмыстарда Қазақстан Республикасының кеден органдарының құқықтық мәртебесіне, оның Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік механизміндегі орны мен роліне талдау жасалған. Сонымен қатар, қоғамның мемлекеттік-құқықтық өмірінде әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынас талаптарынан туындайтын жаңа қатынастар қоғам мен мемлекеттің өміріне, сонымен қатар кеден органдарының құқықтық мәртебесінің мазмұнына елеулі өзгерістер енгізеді. Конституция біздің Республикамыздың Негізгі Заңы болғандықтан бастапқы, негізді, негізделуші ойлар мен қоғамдық пен мемлекеттік өмір тәртібінің құқықтық қағидалары, сонымен қатар онда адамның, мемлекеттің, оның органдарының, сонымен қатар кеден органдарының құқықтық негіздерін анықтайды. Қазақстан Республикасының кеден органдарының құқықтық мәртебесін жария етуіне көңіл бөлінбеуіне қарамастан, біздің республикамыздың мемлекеттік-құқықтық өмірдің өзін одан әрі оның ерекше құқықтық жағдайын табу мен талдау, сонымен қатар Конституцияның нормалары арқылы кеден органының атқару қызметіне байланысты сұрақтарды жарыққа шығару сияқты мәселелер бүгінгі көкейкесті мәселе болып тұр. Дәлелдеп айтсақ, Қазақстан Республикасының Кеден органдарының құқықтық мәртебесіне талдау жасау, сонымен қатар қазіргі кезеңдегі оның мемлекеттік механизміндегі орны мен роліне ерекше көңіл бөлінуі керек.
Кеден ісі қоғамда өз орнын иеленеді және әрі қарай қызмет етеді, өйткені мемлекеттер шекарасы арқылы өткізілетін әр түрлі тауарлар мен көлік құралдар түрлері өтеді. Осыдан кеден ісі мемлекеттің экономикалық қызметімен тікелей байланыстылығын көруімізге болады. Бір жағынан, мемлекеттік шекара тым «мықты» және экономикалық қатынаста мемлекет өзінің арасында оқшау болса, онда бір мемлекет территориясынан басқа мемлекет территориясына нақты тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуін шектеуге немесе мүлдем кіргізбеуге бағытталған кедендік фактор көбірек өседі. Мынадай жағдайларда, мысалы, КСРО кезінде кедендік фактор «темір тормен» байланыста болды, идеологиялық бағыттың құлы болды. Ол уақытта үстем болған партиялық-мемлекетік идеологияның өзі КСРО-да тіршілік еткен ең «дұрыс», «ақиқат» және «прогрессивті» болып табылатын саяси жүйеге, сонымен қатар экономикалық жүйеге, шаруашылыққа тәуелді болды. Сондықтан Кеңестік мемлекеттің экономикалық қатынасы көбінесе өзінің мемлекеттік социалистік лагерьлері арқылы өмір сүрді және солар арқылы дамыды. Сол сияқты экономикалық кеңістіктің негізінде жеке меншік деп саналатын идеялогиялық факторларға сүйенген, сол кездегі мемлекеттің сыртқы сауда монополиясына кеден қызметі өз салып отырғаны айғақ.
Бір жағынан, мемлекеттің барлық тарихи даму кезеңдерінде кез келген мемлекеттің кеден қызметі берілген мемлекет аумағында барлық үстемдік ететін саяси және экономикалық қатынасты (мемлекеттің ішкі, сол сияқты басқа елдермен қатынасын) өзіне қамтиды. Сондықтан кеден қызметі - көп мәселелерді жинақтаған (кешенді) ұғым. Ол Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясатымен тығыз байланыста болады. Оны жүзеге асыру үрдісінде екі мақсатты іске асыруды алға қояды: экономикалық және құқық қорғау. Осы мақсаттар Қазақстан Республикасының кеден органдары арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен бірге біздің республикамыздағы мемлекеттік басқару жүйесі мемлекеттік аппараттың жекелеген өзгерістерге ұшырайды, осының негізінде кеден органдарының Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары жүйесіндегі орны мен мәні туралы мәселелер жеткіліксіз зерттелген. Бұл тұрғыда құқық қорғаудың нәтижелі және айрықша ерекше құқық қорғау органдарының құқық атқару қызметі еліміздің Негізгі заң норма сараптамасы тұрғысынан қарағанда - Қазақстан Республикасы Конституциясында өзекті мәселе болып табылады. Тек Конституция біздің еліміздің құқықтық жүйесінің өзегі бола тұра, мемлекеттік және қоғамдық институттардың жұмыс жасауының негізгі талаптарын, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің басты қызметін алдын-ала анықтайды.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, дипломдық жұмысымыз Қазақстан Республикасының кеден органдарының мәртебесін жетілдіру мақсатында кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен құралады.
1 Қазақстан Республикасы кеден органдарының мемлекеттік атқарушы органдар жүйесіндегі құқықтық мәртебесінің түсінігі
1. 1 Қазақстан Республикасы кеден органдарының құқықтық мәртебесі
Ең алдымен, құқықтық реттеу саласына жататын барлық қоғамдық қатынастар әрекет етуші құқықпен реттеледі. Демек, ол әрекет етуші құқық шеңберін қамтиды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағында «Қолданылатын құқық» түсінігі туралы айтылған. Яғни, «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республиканың Конституциялық Кеңесінің және Жоғары Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады». Демек, басқа барлық құқық субъектілері сияқты Қазақстан Республикасының кеден органдарының құқықтық мәртебесі қоғамдық қатынастарды реттеуде «қолданылатын құқық» шеңберінде негізделеді. Сондықтан, Қазақстан Республикасының кеден органдарының құқықтық мәртебесі жөнінде толық сұрақтарды анықтау үшін Конституцияның нормалары негізінде оның мәртебесіне бізге қажетті талдау және ең алдымен «қолданылатын құқық» түсінігінен таратылуы керек.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі «қолданылатын құқыққа» келесідей түсінік берген: «қолданылатын құқық» Қазақстан Республикасының Конституциясының 4-бабының 1-тармағы мағынасымен түсіндірсек, конституция мен оның баптарында көрсетілген басқа да нормативтік құқықтық актілері, сонымен қатар осы уақытқа дейін жойылмаған Республиканың халықаралық міндеттемелеріне негізделген. Ертеде қабылданған актілерге белгіленген тәртіптегі өзгертулер мен толықтырулар, сонымен қатар қабылданған жаңа актілердің нормалары қолданылатын құқық құрамына кіреді, ал күші жойылған деп есептелген нормалар оның құрамынан алынып тасталынады да, келесі қабылданған нормалар Конституцияның 77-бабының 3, 5 тармақтарында бекітілген заңның кері күші ережелерін сақтап күшіне ену керек.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағына талдаулары мен Конституциялық Кеңестің Конституциялық нормасына түсіндірулері бізге келесі қорытындыларды жасауға мүмкіншілік туғызады.
Дегенмен, Конституцияның 4-бабының 1-тармағының мәні мен мазмұнынан объективтік және субъективтік мәнінде құқық және құқықтық нормалар жекелей Қазақстан Республикасында «қолданылатын құқық» ретінде саналмайтындығы туындалады. Көріп отырғанымыздай жоғарыдағы Конституциялық Кеңестің түсіндірмесінде, қолданылатын құқық - бұл ең алдымен Конституцияның нормалары. Конституция - бұл конституциясы бар кез келген мемлекеттің Негізгі Заңы. Егер Қазақстан Республикасының Конституциясының түсіндірме сөздігіне сүйенсек, онда «қолданылатын құқық» келесі негіздермен анықталады: «Қолданылатын құқық Қазақстандық қоғамда және біздің мемлекетімізге кіретін қайнар көздердің барлық түрлері позитивті құқықтың біртұтас актілер жүйесін құрайды». [3, б. 55] «Барлық құқықтың қайнар көздерін қосады» деген пікірге ерекше көңіл бөлу керек. Осы тұрғыдан алғанда «қолданылатын құқық» «құқықтың қайнар көздері» түсінігімен теңдестірілген. Ондай теңдестіру дұрыс па? Менің ойымша «қолданылатын құқық» пен «құқықтың қайнар көздері» түсініктері келесі негіздерге сәйкес теңдестірілмеуі керек.
«Мәртебе» сөзі латынның «status» сөзінен шыққан және істердің жағдайын білдіреді. [1, б. 71] Құқықтық мәртебе - құқықтық нормалармен бекітілген субъектілердің жағдай мен олардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді. [2, б. 55] Кең мағынада алғанда құқықтық мәртебе немесе құқықтық жағдай - ұлттық заңдар нормаларында көрсетілген құқық субъектілерінің деректік жағдайы. Кеден органдарының құқықтық мәртебесі - кеден органдарының функциялары, өкілеттік мерзімі мен құрылу тәртібі, құзіреті (қоғамдық қатынастағы нақты саладағы құқықтары мен міндеттері), жауапкершіліктің негізі мен нысаны, сонымен қатар кеден органдарының өкілін тоқтату тәртібі.
Біріншіден, құқықтың қайнар көздері - құқықтық нормалардың көріну нысаны. Көрсетілген мағынада қайнар көздердің немесе құқық негізінің абстрактілі түсінігі туралы сөз болып отыр. Мысалы, Қазақстан Республикасында жалғыз құқықтың қайнар көзі - бұл нормативті құқықтық акт. Бұл жағдайда берілген түсініктің мазмұнына кірмейтін нормативтік құқықтық актінің қабылданған уақыты мен оның әрекет ету мерзімі бар. Бұл жерде басты - қандай-да бір нақты қоғамдық қатынасты реттейтін және белгіленген немесе белгіленбеген әрекет ету мерзімі бар қандай-да бір нақты нормативтік құқықтық акт туралы сөз болып тұрған жоқ. Мысалы, «Қазақстан Республикасындағы кеден кодексі». Бұл заңның жеке ережелерінде өзінің әрекет ету мерзімі белгіленген. Ал жалпы нормативтік құқықтық акт туралы, «қатып қалған» күйіндегі оның абстрактілі түсінігі болып табылады.
Екіншіден, «қолданылатын құқық» түсінігі өзінің мазмұнында уақытша категорияны немесе уақытша өлшемді жорамалдайды. «Қолданылатын құқық» түсінігінің құрамына өзінің әрекет ету мерзімі аяқталуына немесе күші жоғалған нормативтік құқықтық актілер кірмейді. «Қолданылатын құқық» құрамына алынбаған, күшін жоғалтпаған және әрекет етіп жүрген бұрыннан белгіленген және белгіленбеген мерзімге белгіленген заңды күші бар нормативтік құқықтық актілер кіреді.
Үшіншіден, егер позитивті құқық осы уақытта әрекет етіп отырған құқық ретінде түсіндірілетін заң нормаларына, тіпті Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағында көрсетілгендей Негізгі Заң мен заңға сәйкес актілер нормаларына ғана сүйенсе, құқық пен заңның теңдігі туралы қорытынды шығады. Танымалы заңгер Явич Л. С. атап өткендей, «құқық - бұл заңды нормаларда бекітілген және құқықтық санада көрініс тапқан құқықтық қатынас». [4, б. 23] Бұл жағдайда автор құқықты кеңірек түсінеді, яғни заң нормаларынан басқа құқықтық қатынас пен құқықтық сананы қосады. Осыдан «қолданылатын құқық» түсінігі мазмұнына кірмейтін құқықтық қатынас пен құқықтық сана сияқты элементтер бар. Осы жерде «заң нормалары өмір талаптарына, табиғи құқыққа сай келмесе, онда оларды жүзеге асыру мемлекеттік мәжбүрлеу құралдарын дұрыс емес қолдануға әкеліп соқтырады. Олар соңында үлкен шығындарға, салттық және психологиялық басымдылыққа байланысты күткен нәтиже бере алмайды» деп ескертеді. [5, б. 65] Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдарының құқықтық мәртебесі мазмұныны нормативті элементтер мен белгілерді, яғни «қолданылатын құқық» сияқты ол өзіне Конституцияның нормаларын ескермегенде барлық нормаларды және оған негізделген алынбаған және күшін жоғалтпаған заңдар мен басқа да нормативті актілерді өзіне қамтиды екенін атап кету қажет. Сондықтан Қазақстан Республикасының кеден органдарының құқықтық мәртебесі қазақстандық қоғамның және біздің мемлекетіміздің құқық субъектісі ретінде, Конституцияға сәйкес көлемде қолданылатын құқық құрамына кіретін басқа да құқықтық актілер қатарына кеден органдарының құқықтық мәртебесін тікелей анықтайтын «Қазақстан Республикасының кеден кодексі» қосылатындықтан «қолданылатын құқық» шеңберімен қамтылады және оның шегінен шықпайды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік механизмінде кеден органдары қандай орын алады? Кеден органы мемлекеттік механизмнің құрылымдық элементі ретінде өзінің қызметін жүзеге асыру үшін, жүргізу пәні болатын өзінің кеңістігі немесе жұмыс аумағы бар күштеу өкілетілігін билік белгіленген орган болып табылады .
Конституция біздің республикамыздың Негізгі Заңы болғандықтан бастапқы, негізді, негізделуші ойлар мен қоғамдық пен мемлекеттік өмір тәртібінің құқықтық қағидалары, сонымен қатар онда адамның, мемлекеттің, оның органдарының, сонымен қатар кеден органдарының құқықтық негіздерін анықтайды. Қазақстан Республикасының кеден органдарының құқықтық мәртебесін жария етуіне көңіл бөлінбеуіне қарамастан, біздің республикамыздың мемлекеттік-құқықтық өмірдің өзін одан әрі оның ерекше құқықтық жағдайын табу мен талдау, сонымен қатар Конституцияның нормалары арқылы кеден органының атқару қызметіне байланысты сұрақтарды жарыққа шығару сияқты мәселелер бүгінгі көкейкесті мәселе болып тұр. Дәлелдеп айтсақ, Қазақстан Республикасының Кеден органдарының құқықтық мәртебесіне талдау жасау, сонымен қатар қазіргі кезеңдегі оның мемлекеттік механизміндегі орны мен роліне ерекше көңіл бөлінуі керек.
Кеден ісі (кеден қызметі) қоғамда өз орнын иеленеді және әрі қарай қызмет етеді, өйткені мемлекеттер шекарасы арқылы өткізілетін әр түрлі тауарлар мен көлік құралдар түрлері өтеді. Осыдан кеден ісі мемлекеттің экономикалық қызметімен тікелей байланыстылығын көруімізге болады. Бір жағынан, мемлекеттік шекара тым «мықты» және экономикалық қатынаста мемлекет өзінің арасында оқшау болса, онда бір мемлекет территориясынан басқа мемлекет территориясына нақты тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуін шектеуге немесе мүлдем кіргізбеуге бағытталған кедендік фактор көбірек өседі. Мынадай жағдайларда, мысалы, КСРО кезінде кедендік фактор «темір тормен» байланыста болды, идеологиялық бағыттың құлы болды. Ол уақытта үстем болған партиялық-мемлекетік идеологияның өзі КСРО-да тіршілік еткен ең «дұрыс», «ақиқат» және «прогрессивті» болып табылатын саяси жүйеге, сонымен қатар экономикалық жүйеге, шаруашылыққа тәуелді болды. Сондықтан Кеңестік мемлекеттің экономикалық қатынасы көбінесе өзінің мемлекеттік социалистік лагерьлері арқылы өмір сүрді және солар арқылы дамыды. Сол сияқты экономикалық кеңістіктің негізінде жеке меншік деп саналатын идеялогиялық факторларға сүйенген, сол кездегі мемлекеттің сыртқы сауда монополиясына кеден қызметі өз салып отырғаны айғақ.
Бір жағынан, мемлекеттің барлық тарихи даму кезеңдерінде кез келген мемлекеттің кеден қызметі берілген мемлекет аумағында барлық үстемдік ететін саяси және экономикалық қатынасты (мемлекеттің ішкі, сол сияқты басқа елдермен қатынасын) өзіне қамтиды. Сондықтан кеден қызметі - көп мәселелерді жинақтаған (кешенді) ұғым. Ол Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясатымен тығыз байланыста болады. Оны жүзеге асыру үрдісінде екі мақсатты іске асыруды алға қояды: экономикалық және құқық қорғау. Осы мақсаттар Қазақстан Республикасының кеден органдары арқылы жүзеге асырылады.
Дәл сол уақытта кеден қызметі мемлекеттің орындаушы-басқарушы қызметі шеңберінде жүзеге асырылады, яғни кеден ісінің басты міндеті басқарушылық қызметі болып табылады. Басқарушылық қызмет орындаушы мемлекет органдарына берілгені мәлім. Габричидзе Б. Н. және Суслов Н. А. сөздеріне сүйенсек, «кеден органдары атқарушы билік органдарының бір түрі және мемлекеттік басқару жүйесінің тармақтары болып табылады». [6, б. 23] Атқарушы органдар ретінде Ресей Федерациясының кеден органдарына берілген мінездеме толық көлемде Үкіметпен басқарылатын мемлекеттің атқарушы органдар жүйесінің бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасының кеден органдарына да тиісті. Әрине, кеден органдары өзінің құрылымы мен құзіретімен басқа атқарушы билік органдары арқылы ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының кеден органдарының атқарушы органдар жүйесінде мәртебесі орындалатын қызметімен, өкілеттік мерзімімен, біліктілігімен, құзіретімен және т. б. анықталынады. Еліміздің Негізгі заңы - Қазақстан Республикасының Конституциясында басқа да атқарушы органдар сияқты кеден органдары да тікелей көрсетілмеген. Конституция тек атқарушы органдардың жалпы, негізгі өлшемдерін ғана көрсетеді. Кеден органдарын алатын болсақ, Конституция оны мемлекеттік билік жүйесіне кіргізеді. Бұл жерде мынаны ескеру керек: кеден органдарының мемлекеттің атқару органдар жүйесіндегі құқықтық мәртебесі - қандай-да бір тарихи кезеңде республикамыздың егемендігі мен тәуелсіздігін, халық игілігі үшін елдің экономикалық дамуын қаншалықты қамтамасыз етуіне байланысты болады. Осыдан кеден органдарынсыз барлық халық игілігін, республикамыздың егемендігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ете аламыз ба? - деген сұрақ туындалады. Менің ойымша, ол келесі негіздеулерге сәйкес мүмкін болады.
Біріншіден, мемлекеттің егеменділігі (французша «souverainete» - жоғарғы билік) және тәуелсіздігі елдің өз ішіндегі басқа билеушілерге қарағандағы мемлекеттік биліктің үстемдігі мен тәуелсіздігін және халықаралық қатынас кеңістіктігінде тәуелсіздігін аңғартады. [7, б. 78]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz