Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарын талдау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

I МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . .

1. 1 Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың мәні, негізгі бағыттары . . .

1. 2 Табыстар дифференциациясының әдіснамалық негіздері . . .

1. 3 Әлемдік тәжірибе тұрғысынан мемлекеттік әлеуметтік саясат

басымдылықтары мен ерекшеліктері . . .

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫН ТАЛДАУ . . .

2. 1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының

заңнамалық негізі. 2. 2 Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарын

талдау.

2. 3 Қазақстан Республикасының әлеуметтік саласындағы ахуал және

мемлекеттік әлеуметтік саясаттың өзекті проблемалары

III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ . . .

3. 1 Қазақстанның мемлекеттік әлеуметтік саясатын жетілдіру шаралары……. .

3. 2 Қазақстан Республикасының әлеуметтік реформаларды одан әрі .

тереңдетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы.

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

ҚОСЫМШАЛАР . . .

КІРІСПЕ

Қазақстанда бүгінгі таңда әлеуметтік- экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері, мемлекетіміз әлеуметтік бағытқа үлкен мән беріп келеді, себебі біз нарықтық әлеуметтік бағытты таңдадық.

Бірақ елімізде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясат, әрине мемлекеттің қаржылық мүмкіндігіне, экономикалық дамуға байланысты. Соңғы жылдардағы экономикамыздың қарқында өсуі, ЖІӨ еселеп жоғарлауы әлеуметтік салаға құйылатын қаржының көлемін ұлғайтты. Бұның бәрі түптеп келгенде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекетіміздің сындарлы саясатына байланысты.

Әлеуметтік-саяси шаралардың мақсаты нарықтық еркіндік принципінің әлеуметтік өтеу принципімен және әр адамның лайықты өмір сүруге ажырамас құқығының үйлесімімен қамтамасыз етілуі қажет, ал бұл міндеттерді шешуге және халықтың әлеуметтік әлсіз қабатына адамға лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралардың жиынтығы оның әлеуметтік саясатын анықтайды.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты сол елдің бастан кешіріп отырған экономикалық даму кезеңінен, сол мемлекеттің ұстанып отырған экономикалық саясатынан және тағы да басқа факторлардан тәуелді болады.

Еліміз әлеуметтік саясаттың қалыптасуы мен дамуында, әлеуметтік саясаттың заңнамалық негізін, негізгі бағыттарын жасап алды. Негізгі білім, денсаулық, демографиялық жағдай, халықты әлеуметтік қорғау мен қамсыздандыруға, зейнетақы төлеу, халықты жұмыспен қамту саясаты болып келеді.

Сонымен әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жұмсартуға, әр адамның лайықты өмір сүруге деген құқығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы. Бұл саясатты жүргізу және әр адамның осы ажырамас құқығының орындалуы үшін жауапкершілік мемлекетке жүктеледі, бұл мақсаттарда ол сәйкесінше табыстар қайта бөлінуін ұйымдастырады, еңбек нарығы мен еңбек қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелерін қалыптастырады және дамытады, осының барлығы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын құрайды.

Сондықтан да бұл дипломдық жұмыс өзекті мәселеге айналып отыр.

Бұл жұмыстың мақсаты мемлекеттің әлеуметтік саясаттың мазмұнын ашып, қазіргі жағдайына талдау жасап, ары қарай дамыту және жетілдіру жолдарын ұсыну.

Міндеті:

1. Әлеуметтік саясат мәнін, негізгі бағыттарын қарастыру;

2. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының дамуына талдау жүргізіп, ахуалын қарастыру

3. Әлеуметтік саясатқа қатысты дамыту жолдарын ұсыну

Зерттеу обьектісі ретінде: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысының қызметі алынды.

Дипломдық жұмыс 3 бөлімнен тұрады:

Бірінші тарауында Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың теориялық аспектілері қарастырылып, негізгі бағыттары., табыстар дифференциясының әдіснамалық негіздері, әлемдік тәжірибе тұрғысынан әлеуметтік саясат басымдылықтары мен ерекшеліктері қарастырылды.

Екінші тарауында Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының қалыптасуы мен дамуын талдау жасалынды.

Үшінші тарауында Қазақстанның мемлекеттік әлеуметтік саясатының тиімділігін арттыру жолдары ұсынылды.

I МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың мәні, негізгі бағыттары

1988 жылы экономика облысынан Нобель сыйлығы Үндістанның гуманисі Амартия Сенға берілді. Ол қоғамның әр мүшесі қандай да жағдайда оған өмір сүруге белгілі бір мүмкіндіктерді кепілдендіретін мемлекеттік мекеме табатынына сенімді болмайынша, әлеуметтік байланыстар тығыз және тұрақты болмайды деген көзқарасты ұстанды. Егер бұл шарт орындалмаса, лажсыз жағдайдан шығу үшін бастапқыда жұмыс табудың құштарлығын туғызатын кедейшілік пен жалғыздық сезімі, нәтижесінде фанатизм мен соғысқа әкеледі. Бұл ойларын А. Сен «Экономика - адамгершілікті ғылым» кітабында жазған. Бұл кітап экономика негізінен нарық философиясына жат, әділеттілік философиясыз болуы мүмкін емес, гуманды ғылым екенін еске салады.

Батыс елдерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай қазіргі уақытта мемлекеттің минималды араласуымен нарықтық экономика жоқ. Кез келген ел шаруашылығы аралас, әлеуметтік бағытталған болып табылады. Рейганомика және тетчеризм жылдарының өзінде американдық және ағылшындық үкіметтер экономикадан кетіп, әлеуметтік бағдарламаларды тоқтатқан жоқ және еркін экономикалық тәртіпті қалыптастырумен айналысқан жоқ.

Нарықтық жүйе - әлеуметтік бейтарап, қатаң механизм бола отырып, әр адамға оның экономикалық қызметінің нәтижесіне байланыссыз, лайықты табыс алуына кепілдік бермейді. Сондықтан қолданылған өндіріс факторларының тиімділігіне сәйкес бірінші нарықтық бөлу барысында алынатын табыстарға әлеуметтік - саяси шаралар арқылы түзетулер жасауы керек. Бұл шаралар нарықтық еркіндік принципінің әлеуметтік өтеу принципімен және әр адамның лайықты өмір сүруге ажырамас құқығының үйлесімімен қамтамасыз етілуі қажет, ал бұл міндеттерді шешуге және халықтың әлеуметтік әлсіз қабатына адамға лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралардың жиынтығы оның әлеуметтік саясатын анықтайды.

Зертттеушілер арасында мемлекеттің әлеуметтік саясатына бірауыздан берілген анықтама жоқ.

Ресейлік ғалым, экономика ғалымдарының докторы, профессор Океанова З. К. әлеуметтік саясатты - әлеуметтік міндеттемелер, қоғам мүшелерінің ауқаттылығының белгілі бір деңгейін сақтау бойынша мемлекет пен қоғамның әлеуметтік қабаттары, жеке адамдары арасында өзара байланыстар жүйесі ретінде анықтайды.

П. Э. Шлендер және Ю. П. Кохин өздерінің «Еңбек экономикасы» кітабында әлеуметтік саясат - мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларында және тәжірибеде жүзеге асырылған тұрғындардың негізгі әлеуметтік топтарының мүдделерін көздей отырып және олардың мүдделері арқылы қоғамда қатынастарды реттейтін мемлекеттің ішкі саясатының құрамдас бөлігі деп жазады.

«Нарықтық экономиканы басқару негіздері» кітабының авторлары Алимбаев А. А., Айнабек К. С., Ахметов С. Н., және тағы басқалары мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні қоғамда әділеттілік қатынастарын сақтауда немесе әлеуметтік топтар, қоғам қабаттары арасында, сондай- ақ олардың ішінде қарым қатынастарды реттеуде, қоғам мүшелерінің өмір сүру деңгейлерін, ауқаттылығын жоғарлату үшін жағдайлар беруде, қоғамдық өндірісте қатысу үшін экономикалық ынталарды қалыптастыруда, әлеуметтік кепілдемелер жасауда деп түсіндіреді.

Сонымен әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жұмсартуға, әр адамның лайықты өмір сүруге деген құқығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы. Бұл саясатты жүргізу және әр адамның осы ажырамас құқығының орындалуы үшін жауапкершілік мемлекетке жүктеледі, бұл мақсаттарда ол сәйкесінше табыстар қайта бөлінуін ұйымдастырады, еңбек нарығы мен еңбек қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелерін қалыптастырады және дамытады, осының барлығы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын құрайды. Әлеуметтік саясатты ерекшелендіретін қасиет, ол мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін өзінің жеке құралдары механизмдері жоқ. Әлеуметтік саясат заңнама (әлеуметтік, еңбектік, шаруашылық) және эконмикалық саясат негізінде пайда болады.

Әлеуметтік саясат проблемалардың екі блогын қамтиды:

1. Барлық еңбекке жарамдылар үшін кәсіпкерлікте және еңбекте қолайлы жағдайлар жасау:

бизнес либерализациясы;

шағын кәсіпкерлікті қорғау;

еңбек қатынастарын реттеу;

жұмыспен қамтылуды сақтау.

2. Қоғамның барлық мүшелері үшін ауқаттылықтың белгілі бір деңгейін сақтау:

қоғамда табыстарды бөлу;

еңбекке қабілетсіздерге, аз қамтамасыз етілгендерге, жұмыссыздарға зейнетақылар мен жәрдемақылар;

әр адамға білім мен медициналық көмектің белгілі бір деңгейін қамтамасыз ету.

Табыстар экономикалық қызмет нәтижесі және оның тиімділігінің көрсеткіші болып табылатыны белгілі, өз кезегінде табыстар ең алдымен ауқаттылық деңгейін сипаттайды.

Табыстардың үш деңгейін бөліп көрсетуге болады:

номиналды табыс;

қолдағы бар табыс;

нақты табыс.

Өз кезегінде номиналды табыс келесілерден тұрады:

факторлы табыстар (жалақы, пайда, процент, рента) ;

трансфертті төлемдер (зейнетақылар, жәрдемақылар, стипендиялар және тағы басқалар) ;

басқа түсімдер (дивидедтер және тағы осы сияқтылар) .

Екі негізгі табыстар көзінен, біріншісі - факторлы табыстар негізінен бәсекелестік шарттарына байланысты. Екіншісі трансфертті төлемдер-үкіметпен ұстанып отырған әлеуметтік саясатпен анықталады.

Қолдағы бар табыс - бұл салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді алып тастағандағы номиналды табыс немесе «таза табыс».

Нақты табыс - бұл қолдағы бар табыс сомасына сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтер.

Кез келген ел тұрғындарының табыстары объективті немесе субъективті сипаттағы факторлар есебінен айтарлықтай немесе кішігірім дәрежеде дифферециацияланған болады. Дифференциациялану дәрежесі елдің экономикалық даму деңгейінен және оның әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінен тәуелді болады. Бұл көрсеткішті сандық бағалау үшін Лоренц қисығы, Джини коэффициенті, сондай-ақ децильді коэффициент қолданылады.

Табыстарды бөлу сферасына араласа отырып, мемлекет ешқашан табыстарды теңестіруге тырыспауы керек. Табыстар теңсіздігі - нарықтық жүйенің тиімді жұмыс істеуінің бірден бір шарты, тек ол ғана еңбекке деген, иевестициялауға деген ынталарды қалыптастыра алады.

Табыстарды қайта бөлудегі мемлекет белсеңділігін негізінен орталық не жергілікті бюджеттер арқылы асыратын оның әлеуметтік шығыстарының көлемі мен динамикасынан бағалауға болады. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш өте жоғары. Осылайша АҚШ-та трансфертті төлемдер федералды бюджет төлемдерінің 60% құрайды, ал ЖІӨ-нің 15%. Германия мен Швецияда әлеуметтік қорғауға шығыстар ЖІӨ-нің 30%-нен асады.

Дамыған елдерде мемлекет әлеуметтік қорғаудың басты, бірақ жалғыз ғана көзі болып табылмайды. Мұнда әлеуметтік шығыстарды қаржыландырудың үш сатылы жүйесі қалыптасты, онда мемлекеттен басқа, жұмыс берушілер мен трансфертті төлемдерді алушылардың өзі айтарлықтай үлесті иемденеді.

Осылайша нарықтақ экономикасы дамыған елдерде әлеуметтік сақтандыру жүйесі мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бөлігі болып табылады.

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мазмұнын тереңірек қарастырайық.

Әлеуметтік - экономикалық тұрғыдан еңбек нарығындағы жақтардың теңсіздігін ескере отыра, мемлекет еңбек қатынастарын реттейді және жұмыспен қамтылғандарды әлеуметтік қорғау облысында белсеңді саясат жүргізеді. Кез келген жұмысшы жұмыс берушімен салыстырғанда әлсіз жақ болып табылады, өйткені ол меншік иесі емес және еңбек нарығында өзі сияқты көптеген сатушылармен бәсекелесе отырып, өз жұмысшы күшін сатады. Еңбек қатынастарына мемлекеттің араласуы әр түрлі формаларда болуы мүмкін.

Мемлекет еңбекті қолдану шарттарын анықтай алады: әйелдер мен балалар еңбегін қолдануға қатысты шектеулер орната алады; жұмыс күнінің, жыл сайынғы демалыстың, апталық демалыстың ұзақтығын анықтай алады; еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігіне талаптар қоя алады; еңбек келісім -шартының шарттарының орындалуын бақылай алады.

Мемлекет еңбекті төлеу шарттарына әсер ете алады: жалақының минималды нормасын және экономика секторларында оны анықтау процедураны бекітеді; жалақыға қосымшалар анықтайды (транспортты жәрдемақылар, басқаруға қатысу үшін сыйақылар және әлеуметтік жалақының басқа да элементтері) ; еңбектік қызметпен байланысты өтем ақылар (өндірісте жазатайым оқиғалардан зардап шеккендерге жәрдемақылар мен зейнетақылар) . Кейбір жағдайларда жалақы саясаты жалақының шекті деңгейін енгізуді және оны белгілі уақыт бойы сақтауды қарастырады. Еңбекті төлеу қарқынына шектеулер салу да мүмкін.

Мемлекет өзіне әлеуметтік әріптестер арасында келіссөздер жүргізу бастамасын да ала алады.

Мемлекет белгілі бір құрылымдық саясат жүргізу шеңберінде жұмысшы күшінің территориялық қозғалысын күшейту мақсатында қажетті тұрғын үй жағдайларымен қамтамасыз ету саясатын жүргізеді. Әлеуметтік саясаттың бұл бағыты дәстүрлі нұсқада баспана жалдаушы жұмыскерлерге көмек беру үшін бюджеттен қаржы бөлу арқылы жүзеге асырылады. Бұған қосымша басқа да мүмкіндіктер қолданылады. Негізінен муниципалды органдар құрылыс компанияларына жеңілдіктермен немесе ақысыз жер учаскілерін береді, жеңілдетілген қаржыландыру ашады, жұмсақ салық салуды қолданады.

Халықтың әлеуметтік қорғалуының дәрежесі қайта бөлу процесстерін мемлекетің реттеу шекараларымен анықталады. Мұндай реттеудің максималды және минималды шекараларын нақты анықтау мүмкін емес, тек кейбір сапалық бағыттарын ғана атауға болады.

Табыстарды қайта бөлудің максималды мүмкін болатын шекарасын анықтау - экономикалық теория мен әлемдік саяси-эконмикалық қанағаттанарлық шешімін таппаған, күрделі мәселелердің бірі. Максималды шекара бірқатар факторлардан тәуелді және ең алдымен жалпы мемлекеттің және оның бюджетінің қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты. Салықтар мөлшері өндіріс факторларының иегерлерінің экономикалық ынталарын түсірмеуі қажет. Аз қамсыздандырылған азаматтар алдында өз міндеттерін орындай отырып, мемлекет шамадан тыс салық салмауы керек. Өйткені бұл нарықтық механизмнің бұзылуына, экономикалық өсудің тежелуіне және инфляцияға алып келеді. Бұндай бұзылуға салықтан жалтару, бизнестің салығы жоғары сфералар мен өндірістерден кетуі, оның көлеңкелі экономикаға өтуі жатады. Сондай-ақ шамадан тыс салық салу орын алса, жинақтаулардың, ал олар арқылы инвестициялардың тапшылығы орын алады.

Әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері мен төлеу мерзімін анықтаған кезде кем дегенде тағы да екі сәтті ескеру қажет. Біріншіден, жәрдемақылар мен төлемдер мөлшері оларды алушыда жұмыс орнын іздеуге деген ынтаны түсірмеу керек. Керісінше жағдайда бұл жұмысшы күшінің ұсынысын төмендеуіне, бюджетке табыс салығының түсуінің қысқаруына және бұл себептен еңбек нарығында жалақының көтерілуі инфляциялық сипатта болуы салдарынан инфляцияның күшеюіне алып келеді. Екіншіден, бұндай жағдайларда әлеуметтік жәрдемақыға өмір сұріп үйреніп қалған, өздерінің өмір сүру деңгейлері оларды қанағаттандыратын және оны өзгертуге тырыспайтын халықтың қабаты қалыптасады. АҚШ-та мұндай адамдар саны 2 млн. -ға жуық.

Сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандырудың қандай да нысаның ұйымдастыра отырып, мемлекет кейбір салдарларды ескеруі қажет. Мысалы, мемлекеттік зейнетақылар адамдардың экономикалық тәртібіне айтарлықтай әсер етеді. Зейнеткерлік кезеңде мемлекеттік көмекке сене отырып, олар еңбек қызметі барысында тұтынуға көбірек қаржы жұмсап, жинақтауды азайтады. Жоғарыда аталған шамадан тыс салық салу әсері нәтижесінде жинақтаулар тапшылығының жағдайы күшейеді.

1. 2 Табыстар дифференциациясының әдіснамалық негіздері

Кез келген ел халқының табыстары диффренцицияланған болады. Адамзат тарихында орын алған әлеуметтік дифферециацияның негізгі модельдерін қарастырудан бастайық. Қоғамның даму тәжірибесімен тиімділік және ауқаттылық критерийлері тұрғысынан қарастырсақ табыстар дифференцициясының оптималды және шекті деңгейлері болатындығы дәлелденген. Шартты түрде дифференциацияның 4 негізгі моделін бөліп көрсетуге болады: аса полярлы, қалыпты полярлы, қалыпты және эгалитарлы.

Аса полярлы модельдерде шекті децильді топтар арасында дифференциация 20-30:1-ден кем емес. Бұл модельдер XIX ғ. социалистік және коммунистік концепциялардың пайда болуына түрткі болды.

Қалыпты полярлы модельдер XX ғ. бірінші жартысында индустриалды қоғамдарда, ал қазіргі уақытта дамушы елдердің бір бөлігінде орын алып отыр. Бұндай модельдер үшін орташа децильді дифференциация 10-15:1 құрайды. Мұндай модельдегі әлеуметтік саясат өз алдына өте шектеулі мақсаттар қояды.

Қалыпты модель қазіргі уақытта батыстың өнеркәсіптік дамыған елдеріне және Жапонияға тән. Шекті децильді топтар арасында табыстар дифференциациясы 3:1-ден 6:1 арасында. Ауытқу диапазоны экономикалық саясат либеральділігімен түсіндіріледі. Осылайша экономикасы дәстүрлі түрде либеральді деп саналатын АҚШ-та табыстар дифференциациясы 6:1 құрайды. Батыс Еуропаға керісінше әлеуметтік бағытталу тән болғандықтан мұнда бұл көрсеткіш 4-5:1 құрайды, ал Швецияда одан да аз 3:1 құрайды.

Нарықтық модельдер мен қатар нарықтық емес те модельдер орын алуы мүмкін. Бұл модельдер бұрынғы социалистік елдерде, реформалауға дейінгі Қытайда, ал қазіргі уақытта Куба мен ҚХДР-да орын алып отыр.

Сонымен нарықтық экономикада табыстарды бөлуде теңсіздік орын алады, бұл оны өлшеу қажеттігін тудырады. ( сурет1)

Y

1. 0 A

0. 5

B

N

0 0. 5 1. 0

1 суретте көрсетілген

Мұндағы Y- жалпы табыс; ал N- ел халқының жалпы саны. Егер жалпы табыс Y бірге тең деп алсақ және халықтың саны N-да бірге тең деп ескерсек, онда А нүктесі табыстың 100% халықтың 100% арасында бөлінгендігін көрсетеді.

Айталық, жалпы табыс жекелеген тұлғалар арсында абсолютті біркелкі бөлінеді. Онда графикалық бұл келесідей көрінеді: ОЕА диагоналі ОСАВ квадратын екі бірдей бөлікке бөледі. Онда Е нүктесі халықтың 50%-не жалпы табыстың 50% тиесілі екенін көрсетеді.

Бірақ біз нарықтық экономикада табыстар бөлінуде теңдік болмауы қажет екенін білеміз. Нақты бөліну түзу сызықпен емес, Лоренц қисығы деп аталатын ОFA қисығымен сипатталады

Егер ОЕА сызығынан және OFA қисығынан тұратын ауданды ОЕАВ үшбұрышының ауданына бөлсек, онда теңсіздік деңгейін өлшейтін және Джини коэффициенті деп аталатын көрсеткішті табамыз. Бұл коэффициент үлкен болған сайын, Лоренц қисығы ОВ және АВ кесінділеріне жақынрақ болады.

Джини коэффициентін анықтау үшін, Лоренц қисығын сынық түзумен алмастырайық, бұл жеке табыстар мөлшері жөнінде бар статистикалық мәліметтер сипатына барынша сәйкес келеді. Халықтың барлық саны N-ге теңестіріліп, бір бірлік деп алынғандықтан, әр адам үлесі 1/ n мөлшерін құрайды. Енді жалпы өнімді бөлуге жүгінейік. Бірінші субъектінің ондағы үлесі y 1 /y, ал екіншісінікі y 1 +y 2 /y және тағы да сол сияқты. N осінде бірде 1/n кесінділерін орналастырайық, ал y осінде жалпы табыстың бөлінуінің сәйкесінше көрсеткіштерін жатқызайық (сурет 2)

Алдымен OFAВ ауданын анықтайық. Оның бірінші бөлімі S=-1/2*1/n*y 1 /y-тең өйткені оның бір жағы 1/n, ал екіншісі( y 1 /y) -тең үшбұрыштың ауданы болады. ОFAB фигурасының қалған бөліктері трапециялар болып табылады, олардың аудандары формула бойынша анықталады (негіздерінің жарты сомасының биіктігіне көбейтіндісі) . Осыдан: S ofab =y 1 /2ny+(2y 1 +y 2 ) /ny+…(y 1 +y 2 +…+yn-1) +(y 1 +y 2 +…yn) ) ny

Енді штрихталған Soeaf облысының ауданын анықтау қалды: S oeaf =S oeab -S ofab

Осыдан Джини коэффициенті келесідей табылады:

H= 1-(2[n-12) y 2 +…2yn-1+yn] /ny) +1/n

Y

y 1 +y 2 +y 3 /y

y 1 +y 2 /y

y 1 /y

0 N

1/n 1/n 1/n 1. 0

2 суретте көрсетілген

Джини коэффициенті халықтың 20%-тік топтарының арасында ақшалай табыстың жалпы көлемінің бөлінуін сипаттайды.

Есептеу үшін ең қарапайым коэффициент бұл децильді коэффициент (немесе қорлар коэффициенті) . Ол халықтың ең бай топтарының 10%-нің ең кедей азаматтардың 10 %-нің табысынан қаншалықты жоғары екенін сипаттайды. Көптеген зерттеулер 10:1 қатынасы нашар әлеуметтік ауқаттылықтың көрсеткіші екенін көрсетті.

Көптеген елдерде халық топтарының үш деңгейі бөлінеді: байлар -10-15%, орташа деңгей - 70-80%, кедейлер - 15-20%. Бұндай қатынастарда жеткілікті әлеуметтік тұрақтылық қамтамасыз етіледі.

Қоғамдағы экономикалық теңсіздік кедейлік құбылысының орын алуынан көрініс табады. Мемлекеттің әлеуметтің саясатын жасау үшін кедейлік пен экономикалық теңсіздікті сандық және сапалық бағалау өте маңызды.

Кедейлікті анықтау үшін қолданылатын көрсеткіштердің кең тарағандары - бұл елдің барлық халқының құрамындағы кедейлер үлесі, кедейлік тереңдігі мен кедейлік шиеленісі болып табылады.

Кедейлік деңгейі немесе әдетте күнкөрістің ең төменгі деңгейіне теңестірілетін елде орнатылған шекті деңгейден тұтынуы төмен халықтың үлесі. Кедейлік масштабын бағалау үшін күнкөрістің ең төменгі деңгейін қолданудың екі артықшылығы бар. Біріншіден, күнкөрістің ең төменгі деңгейі елдің киіну және тамақтану дәстүрі мен климаттық жағдайларға сәйкес ұлттық ерекшеліктерін сипаттай отырып, адамға минималды қажетті тауарлар мен қызметтердің тұтыну деңгейіне сәйкес анықталады. Екіншіден, күнүкөрістің ең төменгі деңгейі әр түрлі елдердегі және әр түрлі уақыттардағы адамдардың өмір сүру деңгейін салыстыруға мүмкіндік береді. Елдегі кедейшілік масштабын сипаттай отырып, кедейлік деңгейінің көрсеткіші кедей халықтың жағдайындағы өзгерістерді (жақсаруды/нашарлауды) сипаттамайды. Табыстар бойынша кедейлікті сапалық тереңрек сипаттау үшін кедейлік тереңдігінің және шиеленісуінің индекстері қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қаржылық қатынастары
Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың қағидаттары
Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және оның нарықтық экономиканы дамытудағы ролі
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты: саяси талдау
Қазақстанда жастар саясатын іске асыру саласына тартылған жастардың үлесі
Нарықтық қатынас жағдайындағы кәсіпорынның маңызы, мәні мен қаржылық сипаты
Қазіргі тандағы ҚР-дағы ұлттық банктің ақша-несие саясатына талдау жасау
Осындағы мақсат - мемлекеттің геосаяси әлеуетін жүзеге асыру
Қаржы саясатын құқықтық ресімдеу
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік контекстіндегі әлеуметтік саясат мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz