Сыртқы сауда қызметінің түсінігі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .
3
Кіріспе . . .: 1 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметі
3:
Кіріспе . . .: 1. 1 Сыртқы сауда қызметінің түсінігі . . .
3: 6
Кіріспе . . .: 1. 2 Қазақстан Кеден қызметіндегі Сыртқы Экономикалық Қызметін реттеу . . .
3: 9
Кіріспе . . .: 2 Қазақстан Республикасында Сыртқы Экономикалық Қызметтерді реттеу әдістері және кедендік - тарифтік реттеудің қазіргі жағдайы
3:
Кіріспе . . .: 2. 1 Сыртқы экономикалық операцияларды реттеудің әдістері . . .
3: 16
Кіріспе . . .: 2. 2 Мемлекеттік протекционизм дамуының негіздері . . .
3: 24
Кіріспе . . .: 2. 3 Тарифтік және тарифтік емес реттеудің кедендік сыртқы экономи-калық қызметтегі орны . . .
3: 31
Кіріспе . . .: 3 Қазақстан Республикасында Сыртқы Экономикалық Қызметтерді Мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары
3:
Кіріспе . . .: 3. 1 Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) кедендік - тарифтік реттеу аймағындағы кедендік одақ . . .
3: 41
Кіріспе . . .: 3. 2 Сыртқы Экономикалық Қызметтегі үштік одақтың бірыңғай кедендік тарифі . . .
3: 44
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3: 59
Кіріспе . . .: Қолданылған әдебиеттер . . .
3: 62

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі болып - елдің сауда экономикасына көшу шарттарында Сыртқы Экономикалық Қызметті реттеудің кедендік - тарифтің сферасындағы мемлекеттік басқару жүйесінің құрылымдық бөлімінің құрылуын қамтамасыз етуін анықталуы табылады.

ХХ ғасырдың 90 жылдары әлемдік сахнада болған үлкен өзгеріске Кеңес Одағының құлауы жатады. Соның нәтижесінде 15 жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Солардың бірі - Қазақстан Республикасы. Еліміз 8 жыл ішінде өзін барша әлемге тәуелсіз әрі экономикасы өтпелі демократиялық мемлекет екенін танытты. Қазақстан мемлекеті толық тұрақты даму үшін біржағынан өнеркәсібі дамыған мемлекеттермен, екінші жағынан ТМД бойынша әдеттегі серіптестермен белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізуі қажет.

Сонымен қатар, Қазақстан өзінің транспорттық жүйесін, яғни теңіз, өзен, теміржол, автомобиль және құбыр сияқты көлік түрлерін транспорттық инфрақұрлымын дамыту керек.

Кеден саясаты - сыртқы экокномикалық қызметке қатысушылардың іс әрекетттерін экономикалық-құқықтық реттеді жүзеге асырады. Осы бағытта орындалғын дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын реттеудің қазіргі жағдайын талдау және оны дамыту жолдарын көрсету.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының кеден ісінің нормативтік базасы өзі егемендік алып шыққаннан бергі кезде белгілі бір деңгейде қалыптасқан және дамыған елдермен әлемдік ұйымдардың құқықтық жетістіктерін енгізу арқылы даму үстінде.

Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық интеграцияны дамыту мен нығайтуы барысында, басқа мемлекеттермен Кедендік Одақтар, еркін сауда қатынастарын құру, кедендік сұрақтарды халықаралық құқықтық нормаларына сәйкес келісімдер жасады.

Кеден саясатын орындаудың негізгі құралдары - кедендік баждар, жинаулар (тарифтік реттеу), кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу процедуралары, түрлі кедендік шектеулер, сыртқы сауда тәжірибесіндегі лицензиялау мен үлестеу болып табылады.

Сыртқы сауда операцияларын кеден тарифтік реттеу әлемдік экономикада маңызды орынға ие, өйткені түрлі елдердің тауарларымен қызметтері арқылы экспорты мен импортының азаюына да, өсуге де нақты әсер етуге болады.

Қазақстанның сыртқы сауданы реттеуде әлемдік тәжірибемен танысуы, одан сабақ алуы оның болашақта өз саясатын белсенді және тиімді жүргізуіне жол ашады.

Әлемдік қауымдастықтағы елдердің қазіргі кездегі тәжірибесіндегі сыртқы экономикалық байланыстарды кеден тарифтік реттеу бір - бірімен өзара байланысты қалыптасқан екі түрлі реттеуден тұрады. Халықаралық немесе көп жақты жеке ұлттық реттеулер.

Белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізумен байланысты Қазақстанның экспорттық - импорттық операциялар көлемінің өсуі, кеден тарифтік реттеудің өсуіне әкелді. Сыртқы сауда операцияларын кеден тарифтік реттеу әлемдік экономикада маңызды орынға ие, өйткені түрлі елдердің тауарлары мен қызметтері арқылы экспорты мен импортының азаюына да, өсуіне де нақты әсер етеді.

Кедендік тариф - тариф ретінде өзінің экономикалық мағынасы мен сипаты жағынан сыртқы сауда процесін нарықтық реттеуге жатады, яғни мемлекетіміздің экономикалық және саяси даму үшін кедендік тарифтік реттеудің маңызды екені анық.

Құқықтық базаның төмен сапасы құқықтық реттеудегі бос орындардың болуы кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу кезінде әдістер мен тәжірибе арасындағы жарылулар пайда болуына және «құқықтық шығармашылық аймағы» деген құбылыстың пайда болып, кең таралуына көмектесті.

Осындай бағытта жазылған дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы Сыртқы Экономикалық Қызметтерді мемлекеттік реттеуді талдау және оның жетілдіру жолдарын ұсынуы табылады.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

- Сыртқы Экономикалық Қызметті кедендік тарифтік реттеудің теория-лық жағдайын сипаттау;

- Қазақстан Республикасының Сыртқы Экономикалық байланыстарын талдау;

- Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы Сыртқы Экономикалық істердегі кедендік - тарифті реттеуді талдау;

- Қазақстан Республикасының кедендік - тарифтік әдістерін талдау;

- Қазақстан Республикасында Сыртқы Экономикалық Қызметіндегі мемлекеттік реттеуінің жетілдіруін ұсыну;

- Сыртқы Экономикалық Қызметті кедендік - тарифті реттеудегі механизмді жетілдіру.

Дипломдық жұмыстың объектісі болып, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қатынастарын, сыртқы экономикалық байланысы мен кедендік реттеу жүйесі табылады.

Әр елдегі кедендік қызметтің ұйымдастырушылық құрылымы - елдің экономикалық даму деңгейіне, сыртқы экономикалық байланыстардың жан-жақтылығы мен ауқымына тәуелді болады.

Кедендік тарифтер қазіргі кездегі сыртқы сауданы реттеудің негізгі элементі болып табылады. Қазіргі таңда кедендік тарифтерді әлемдегі жүзден астам ел қолдануда.

Әлемдік тәжірибеде сыртқы сауданың реттеудің экономикалық әдістері болып тарифтік реттеу саналады. Олар мемлекет шекарасынан өту кезінде экспорттық-импорттық ағымдардың базаның көрсеткіштеріне ықпал етеді. Ең бастысы, тарифтік реттеу тауарға кеден салығын салу әдісі мен тәртібін, сондай-ақ салық пен тарифтердің түрлерін, оның себептерін, кеден жеңілдіктерін беру тәртібін анықтайды.

1991 жылғы 16-желтоқсаннан бастап тәуелсіз мемлекет деп жарияланған Қазақстан Республикасы жөнінде сөз қозғалып отырғандықтан, заңды және тұлғалар да, жалпы алғанда, бүкіл республика оның өзі халықаралық саудаға белсенді түрде қатыса алады.

Бірақ әлемдік кеңістіктегі кез-келген сыртқы экономикалық және ел ішіндегі қызметтің заңдылық негізі бар екенін атап өту керек. Демек, халықаралық саудаға өздерінің кедендік заңдылықтарына сәйкес әртүрлі шарттарды ұсынатын көптеген елдер қатысқандықтан, сыртқы экономикалық қызметі жүзеге асыру кезінде серіктесті анықтау қажеттілігі туындайды.

Сондықтан тауар өндіріген елді анықтаудағы мақсат - Қазақстан Республикасы территориясына әкелінген және оның шекарасынан әкетілу процесінде тарифтік және бейтарифтік реттеуді жүзеге асыру қажет.

Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасында кеден саласы - сыртқы сауданың реттелуіне өз үлесін қосып, ел экономикасының өркендеуіне өз ықпалын тигізуде.

Дипломдық жұмыстың құрылымы . Дипломдық жұмыс 3 тараудан тұрады. 1-тарау екі бөлімнен тұрады. 1-тарауда Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің түсінігі, Қазақстан Кеден қызметіндегі Сыртқы Экономикалық Қызметін реттеудің түсінігі ашылған. Ал 2-тарау үш бөлімнен тұрады. 2-тарауда Қазақстан Республикасында Сыртқы Экономикалық Қызметтерді реттеу әдістері және кедендік - тарифтік реттеудің қазіргі жағдайы, Сыртқы экономикалық операцияларды реттеудің әдістері, мемлекет-тік протекционизм дамуының негіздері, тарифтік және тарифтік емес реттеудің кедендік сыртқы экономикалық қызметтегі орны көрсетілген. 3-тарау екі бөлімнен тұрады. 3-тарауда Қазақстан Республикасының кедендік саясатын жетілдіру жолдары, яғни қазіргі кезеңдегі кеден саясатының жағдайы және кеден саясаты құралдарының тиімділігінің арттыру шаралары қарастырылды. Сонымен қатар, кеден саясатының принциптері мен ТМД елдеріндегі кеден саясаты және Қазақстан Республикасында қазіргі таңдағы кеден ісінің даму беталысы туралы сөз қозғалды.

Дипломдық жұмыстың методологиялық негізі Қазақстан Республика-сының қазіргі таңдағы заң актілері зерттелген - Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының кеден кодексі және басқа кеден ісі саласына қатысты заң актілері мен нормативті құжаттары, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулы, мен өкімдері, Кедендік бақылау комитетінің бұйрықтары мен ережелері және сонымен қатар Қазақстан Республикасының беделді, атақты ғалымдарының еңбектері де қарастырылды.

1 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметі

1. 1 Сыртқы сауда қызметінің түсінігі

Сыртқы сауда - тауарлармен қызметті ішке енгізуден (импорттан) және сыртқы шығарудан (экспорттан) тұратын елдер арасындағы сауда. Сыртқы экономиканың басты көздерінің бірі - сыртқы сауда. Ал сыртқы сауда саясатына келетін болсақ - белгілі бір елдің немесе елдер тобының сыртқы сауда қатынастарын дамыту жөніндегі экономикалық, саяси, ұйымдық шаралар жүйесі және де экспортпен импорттың географиялық және тауарлық құрылы-мының көлемін анықтауды қамтиды. Сыртқы сауда айналымы - сыртқы сауда дамуының жинақталған көрсеткіші, алыс-беріс арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы сауда саясаты бұл - ұлттық өнеркәсіпті шетелдік бәсекелестерден қорғау, экспортты ынталандырумен диверсификациялау, елде жұмыс орын-дарды құру сондай-ақ т. б. елдің дамуын жетілдіретін шараларды іске асыру жөніндегі саясатты айтамыз[1] .

Сыртқы экономикалық қызмет - сыртқы экономиканың байланыстарды реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеті.

Сыртқы экономиканың негізін құраушыларға жататындар:

  • сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат кіреді) ;
  • шетел инвесторларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат;
  • валюталық саясат.

Сонымен бірге, сытқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен, аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысқан.

Сыртқы экономикалық саясат - сыртқы экономикалық қасиетті де (СЭҚ) реттейді, оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:

  • тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда саттығы;
  • материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысы;
  • сыртқы экономиканың құраушыларының бірі болып сыртқы сауда саясаты табылады.

Ал сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыру құралдарына: кедендік тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік шаралары; саудалық эмбарго; кедендік одақтар және еркін сауда аймағы; валюталық қатынастар саласын: валюталарды сатып алу - сату операциялары, коммерциялық және басқа мақсаттардағы валюталық операйияларға шектеулік белгілеу жатады. Төлемдік қатынастар мен несиелік саясат сферасында займдар (қарыз) экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша есептеу мөлшерлемелері мен проценттерінің деңгейлері реттеледі.

Көптеген мемлекеттерде сыртқы экономикалық саясат құралдарының кең ауқымды жиынтығының болуы - өздерінің сыртқы экономикалық байланы-сының құрылымымен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге басқа елдермен сыртқы экономикалық байланысы мен сыртқы экономикалық саяса-тына да белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық саясат құралдарының бұл жиынтығын саудалық саяси механизм ретінде қарас-тыруға болады.

Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы өзара бағыныштылық және өзара араласу процесінің күшейген кезеңінде жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының геосаяси орны, жалпы шекарасы, басқа аймақтармен байланыс жасайтын көлік қатынасы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өндірістік өнеркәсіпті кооперацялауға, біріккен кәсіпорындар ұйымдастыруға, агроөнеркәсіптік кешендердің қызметінің дамуына алғы шарттар жасайды. Жаңа жағдайда бұрынғы одақ мемлекеттерінің арақатынасындағы стиль де өзгереді. Қазақстан ТМД елдері мен сауда-экономикалық байланыстарында дүние жүзінде белгіленген сауда-құқық негіздеріне, сауда және тариф жөніндегі бас ассосация ұйымының принциптеріне сүйенеді. Саудадағы әртүрлі лицензия түрінде квота, баж салығы, т. б. кедергілерден құтылуға алғашқы қадамдар жасауда.

Қазіргі кезде жалпы экономикалық бірігудің әртүрлі жолдары бар екені белгілі болды: ТМД елдерімен екі жақты келісімдер негізінде, көпжақты келісімдерді тереңдету, аймақтық интеграциялық бағдарламаларды іске қосу (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан) . Сыртқы сауданы либерализациялау және оның еркін іс-әрекетіне жағдай жасау сыртқы сауда айналымының дамуына ықпал етеді. Шетел мемлекеттерімен сыртқы сауда саясатын іске қосу құралдарына мемлекетаралық комиссиялар жатады, олар екі жақты байланыстардың дамуы мен ұйымдастыру жұмыстарын, сондай-ақ ынтымақтастық көлемінде туындаған кезек күттірмейтін мәселелерді.

Сыртқы экономикалық қызметті әрі қарай либерализациялау Қазақстан экономикасына шетел инвесторының қатысуы, Қазақстанның интеграциялық мүддесі және тағы басқалар кедеңдік саясат құралы мен кеден мақсаттарын сақтай отырып, кеден ісінің элементтерін унификациялауды, жетілдіруді қажет етеді.

Мемлекеттік жоғарғы билік органдарының кеден саясаты мен сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу саласында дұрыс шешім қабылдауы үшін оның макроэкономикалық жағдайларын зерттеудің, сыртқы сауда динамикасына, құрылымына, деңгейіне негізделген нақты талдаудың маңызы зор.

Кеден статистикасын құруға кіретін мемлекеттерге тауарларды декларантпен рәсімдеуде толтырылған кеден декларациясындағы жүк жөнінде белгіленген ақпарат жатады.

Сыртқы саудадағы кеден статистикасы ережелерін жүйелеу мақсатында Қазақстан Үкіметімен (1995 жылғы 6 шілдедегі Примьер Министрдің №238 қаулысы бойынша) барлық министрліктер мен ведомстваларға, облыс басшыларына өз қызметі барысында әлем елдерінің топтарын қоса алғанда, ТМД мемлекет қатысушыларының сыртқы саудадағы кедендік статистика-сының бірыңғай әдістемелерін басшылыққа ала отырып, қолдануға тапсырма берілді.

Халықаралық экономикалық қатынастың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына - сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың ролі ерекше маңызды. Американ ғалымы Дис Сакстың пікірнше: «қандай бір ел болмасын, оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланың, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ»[2] .

Халықаралық сауда - еңбек бөлінісі негізіңде әр түрлі елдердің тауар өңдірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі.

Ғылыми - техникалық прогрестің ықпалын экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өңдірісінің мамандануы мен коопера-циялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым - қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады. Сырт-қы саудада «фритретерствоны» /еркін сауда/ немесе «протек-ционизмді» /өз тауар өңдірушілерін қолдау/ талдап алудағы ымырасыздық өткен уақыттардың еншісінде қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.

«Фритретерство» саясатың ең алғаш А. Смит өзінің «Салыстырмалы артылықшылықтар теориясында» анықтаған. Ол: «айырбас қандай елге болса да қолайлы; әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады» - деп жазған[3] .

ХХ ғ. екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен жедел дами бастады. Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етті:

  • халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалданудың дамуы;
  • экономикада жаңа салалардың пайда болуына және негізгі капитал-ды жаңартуға игі әсерін тигізетін ғылыми - техникалық революция;
  • дүниежүзілік нарықтағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;
  • тарифтер мен сауда туралы. Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;
  • көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып, кедең бағасы төмеңдеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;
  • сауда - экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей нарықтың қалыптасуы;
  • сыртқы нарыққа бейімделген, экономикасы бар «жаңа индустриалды елдердің» пайда болуы т. б.

Соңғы онжылдықтарға сыртқы сауда динамикасының әркелкілігі біліне бастады. Бұл дүниежүзілік нарыққа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда - экономикалық қатынастарына әсерін тигізеді. АҚШ дүниежүзілік нарықтағы басымдығынан айырыла бастады.

Егер 1950 жылы АҚШ үлесіне дүниежүзілік экспорттың 3/1 тиген болса, өз кезегінде Алманияның экспорты АҚШ деңгейіне жақындады. Сөйтіп, 90-шы жылдары Батыс Еуропа халықаралық сауда - саттықта Испания едәуір жетістіктерге жетті. Бұл жылдары машина мен жабдықтарды экспорттауда Испания дүниежүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезеңде өз тауарларының бәсекелік мүмкіндіктері бойынша Жапонияға Азияның «жаңа индустриалды елдері» - Сингапур, Гонконг және Тайвань жақындады[4] .

Бәсекеге қабілеттіліктің дүниежүзілік классифкациясы төрт жүзге жуық критерийлерден тұрады. Олардың негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда балансы жатады. Классификацияда, аталғандарда басқа қазба байлықтар, инфрақұрылым, байланыс құрал - жабдықтар т. б. факторлар ескеріледі.

Женевада өткен дүниежүзілік экономикалық форумның баяндамасында, бәсекелікті нақты мемлекеттің дүниежүзілік нарыққа салыстырмалы түрде бәсекелестерінен артық байлық шығаруы деп анықтады.

Мамандардын болжауы бойынша ХХІ ғ. алғашқы жылдарында бәсекеге ең қабілетті елдер сипатына АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болады. 2030-шы жылы бәсекеге ең қабілетті үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Жапония, Қытай болмақ. Бұлардан соң Алмания, Сингапур, Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань, Малайзия және Швейцария мемлекеттерінің мүмкіндіктері мол.

Дамушы елдердің өз экспортын диверцификациялауға /шаруашылық қызметіне жаңа өріс табуға/ ұмтылыстары өнеркәсібі дамыған елдер тарабынан қандай нысанда болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен, кейбір дамушы елдер ең алдымен «жаңа индустриалды елдер» өз экспорттарының құрылымын өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспорттарында дайын өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының, соның ішінде машиналар мен жабдықтардың үлесі артты.

ХХ ғ. соңғы ширегінде халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде Азия-Тынық мұхит аймағының ролі күшейді. Дүниежүзілік банктің есептеуі бойынша 2000 жылы дүниежүзілік сауда көлемінің 40%-і Тынық мұхит бассейнінде шоғырланады. Өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, олардың өзара қарым-қатынастарын ұлғайтып, дамушы елдердің үлестерін азайтады. Қазіргі уақытта негізгі тауар тасқыны «үлкен үштік»: АҚШ - Батыс Еуропа - Жапония шеңберінде ағылып жатыр.

1. 2 Қазақстан Кеден қызметіндегі Сыртқы Экономикалық Қызметін реттеу

Сыртқы экономикалық қызмет аясындағы субъектілердің тауарлар мен қызмет көрсетулердің экспорты мен импорты бойынша, сақтандыру бойынша, материалдық және басқа да өндірістік облысындағы республиканың нарықтық экономикасын құру, оның әлемдік экономикаға кіру және ең бастысы республикада тұрғындардың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында бірлескен кісіпкерлік мәселелері бойынша жүргізілетін қызметі Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметі деп түсініледі. Осы сыртқы экономикалық қызмет мақсатты бағытталған болуы керек, ал осы сфера-да жұмыс істеуге құлшынатын адамдар осы қызмет қандай ережеге сәйкес дамитынын білулері керек. Бұл ережелер мен нормативтердің жиынтығы сыртқы экономикалық қызметтің құқығын құрайды. Бұл ержелер өзгеруі мүмкін және Қазақстанның экономикалық жағдайына қатысты, кейде саяси жағдайлар да болуы, көбінесе Қазақстанның экономикасын және өндірушілерді қорғау мақсатында өзгеріп отыратын Президенттің заңдарында, жарлықтары мен өзге де актілерінде көрініс табады. Бұл жағдайда сыртқы экономикалық қызметтің құқығы да өзгереді.

Сыртқы экономикалық қызметтің құқығы ретінде сыртқы экономикалық қызмет немесе халықаралық экономикалық қатынастарда Қазақстанның қызметінің аспектілерін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы түсініледі. Құқық нормаларының жиынтығы - Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметтестік қатынасын көрсететін Қазақстанның заңдылығымен, өзге де нормативтік актілермен бекітілген нормалар болып табылады. Сонымен бірге нормалардың осы жиынтығына бекітілген нормалар да кіреді. Сыртқы экономикалық қызметтің субъектілері - мемлекеттің өзі, отандық және шетел-дік жеке тұлғалар, сонымен қатар республика территориясында әрекет етуші отандық және шетелдік заңды тұлғалар жатады.

Сыртқы экономикалық қызметтің обьектілеріне Қазақстандық шаруа-шылық жүргізуші субьектілердің басқа мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субьектілерімен құқықтық қатынасқа түсуіне себепші болатын қатынастар бо-лып табылады. Сыртқы экономикалық қызмет құқықтың қайнар көздері оның пәні сияқты екі түрлі сипатта болады. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін құқықпен қамтамасыз ету біріншіден, азаматтық құқық нормала-рының көмегімен жүргізіледі.

Бірінші жағдай сыртқы экономикалық қызметті халықаралық құқық қамтамасыз ету деп аталады. Сондықтан сыртқы экономикалық қызмет құқық қайнар көздеріне біріншіден келісімдер, халықаралық келісімдер, әдет - ғұрып (халықаралық құқық және сыртқы судалық) және халықаралық ұйымдар мен конференциялардың шешімдері, екінші жағынан ішкі мемлекеттік ( негізінен шпруашылық) заңдылықтар жатады [5] .

Халықаралық экономикалық қатынастарды реттейтін халықаралық келісімдердің арасынан мыналарды ерекше атап көрсетуге болады:

  1. экономикалық сұрақтар бойынша қаулыларды қамтитын саяси келісімдер.
  2. экономикалық келісімдер.

Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін халықаралық құқық қамтамасыз ету үшін саяси келісімдермен салыстырғанда экономикалық келісімдер маңызды болып табылады. Олардың ішінде маңыздылары сауда келісімдері, сауда - контингенттік келісімдер халықаралық есеп айырысулар туралы келісімдер, несие келісімдері және тағы да басқа келісімдер болып саналады.

Сыртқы экономикалық қызмет құқығының қайнар көздеріне сонымен қатар құзыреттіліктеріне сәйкес министірліктер ведомоствалардың сыртқы экономикалық қызмет мәселелері бойынша қабылданған актілері де жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметі
Кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері
Сауда кәсіпорнының бизнес-жоспары және электрондық сауданың бизнес моделі
Тауарды нарыққа шығару кезеңі
Кеден Органдарының мақсаттары
Кеден жүйесідегі басқарудың объектілері құрылымы
Нарықтық экономиканы реттеу әдістері
Қоғаммен байланыс қызметінің мәні
Сыртқы экономикалық қызметті валюталық реттеу
Кеден құқығының негізгі түсініктері, пәні, міндеттері және жүйесі. Кеден одағының және ҚР кеден заңнамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz