Жаңа бетке сілтеме
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ 6
1.1 Интерактивті оқыту курсы 6
1.2 Microsoft Front Page 8
1.2.1 Microsoft FrontPage бағдарламасының мүмкіндіктері 8
1.3 Camtasia Studio бағдарламасы 21
1.4 Adobe Photoshop бағдарламасы 22
2 ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ 26
2.1 VISUAL BASIC-те бағдарламаланы жобада пайдалану 26
2.2 Интерактивті оқыту курсының мазмұны 34
2.3 Интерактивті оқыту курсының тесттік бағдарламасын құру әдісі 40
2.4 Аппараттық және бағдарламалық жабдыққа қойылатын талаптар 49
3 Жұмыстың қауіпсіздігі және экологиялығы 50
4 Жұмыстың ұйымдық – экономикалық қалыптасуы 57
ҚОРЫТЫНДЫ 61
ӘДЕБИЕТТЕР 62
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк
бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi – оқыту процесiн ақпараттандыру.
Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық
вариантқа аудару қажет.
Қазақстан тарихы пәнінен сабақта пайдалануға болатын дәрістік,
семинарлық материалдары бар, бейнесабақтары бар электрондық оқулықты
қосымша ретінде кез-келген студент, оқытушы пайдалана алатындай етіп
дайындау мәселесі өзекті болып табылады.
Білім беру процессінің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін кредиттік
жүйе мұғалімдерге үнемі жаңару және даму қажеттілігін қояды да барлық
пәннен жаңа оқу-әдістемелік материалдың болуын талап етеді.
Қазіргі күннің білім беру салаларына қояр басты талабы –
ақпараттандырылған жан-жақты, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт
дайындап шығару болғандықтан, жоғарғы оқу орны оқытушы-профессорлары алдына
үлкен жауапкершілік жүктеледі. Соған байланысты студенттерге ақпараттық
білім негіздерін негіздеу, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны
іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық
қоғамға бейімдеу іс-әрекетін жүзеге асыру болып отыр. Осы орайда
педагогикалық еңбектің тиімділігін арттыруға, студенттердің білім-білік,
дағды сапаларының жақсаруына септігін тигізетін ақпараттық технологияның
бір түрі – интерактивті технология.
Интерактивті оқыту курсының мазмұны оқушының интеллектiлiк ойлау
қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi
қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық
көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б.
Интерактивті оқыту курсы ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп
жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.
Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық
ойындар сияқты қолданбалы программалар қолданылып келдi. Бұл программалар
оқушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн
дамытуға мүмкiндiк бередi.
Интерактивті оқыту курсын құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi
графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез,
әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.
Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар
беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу
уакыт үнемдейді, карастырып отырған кезеңде акпараттың толыктығын
жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык жүйе кұрамында электрондық
кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Дипломдық жобаның негізгі мақсаты пайдаланушыны берілген пән бойынша
мемлекеттік тілде тек қана теориялық негіздермен таныстырып қана қоймай
қойылған сұрақтарға жауап беріп және пәннің берілген курсы бойынша тесттен
өтіп, білім деңгейін тексеріп көру мүмкіндігін туғызатын Қазақстан
тарихы пәні бойынша интерактивті оқыту курсын жасау.
Дипломдық жобаның нысаны – жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге
Қазақстан тарихы пәні бойынша интерактивті оқыту курсынның процесі.
Дипломдық жобаның міндеті – Қазақстан тарихы пәнінен қуатты әмбебап
ортаны игеру болып табылады.
Осы мақсат пен міндетке сүйене отырып бұл дипломдық жоба тақырыбын
ізденіс-зерттеулер жүргізуге талпындым.
Қазақстан тарихы пәнін оқыту курсы білім беруді ақпараттандыру
саласындағы жоғарғы оқу орындарындағы Қазақстан тарихы пәнінен курс ретінде
негізгі бағдарламалық құрал екендігіне көз жеткіздім.
Дипломдық жобаның ғылыми жаңашылдығы: Интерактивті оқыту курсы Visual
Basic бағдарламалау ортасында дайындалған. Курста теориялық материалдар,
бейнесабақтар қазақ тілінде дайындалған. Дербес компьютердің көмегімен
оқыту және материалдарды болашақ кәсіптік міндетінде ақпараттық
технологияларды тиімді пайдалануға дайындау болып табылады.
Дипломдық жобаның міндеттері:
- Қазақстан тарихы пәнінен интеративті оқыту курстың теориялық
мәліметтерін анализдеу және жинақтау
- Қазақстан тарихы пәнінен интеративті оқыту курстың құрылымын және
бағдарламамен қамтамасыз ету
- Қазақстан тарихы пәнінен интерактивті оқыту курстың бағдарламасын
ДЭЕМ арқылы тексеріп, жөндеуден өткізу
- Қазақстан тарихы пәнінен интерактивті оқыту курсты оқу үрдісіне
енгізу
Дипломдық жобаның теориялық маңыздылығы. Қазақстан тарихы пәні
бойынша интерактивті оқыту курсын қалыптастыру барысында компьютердi
қолдану арқылы студенттердің ой-өрісін кеңінен дамытудың жолдары анықталды.
Осының негiзiнде қазақ тілінде оқитын студенттерге пәнді терең меңгеруге
мүмкіндік ашылды.
Дипломдық жобаның практикалық маңыздылығы. Зерттеу нәтижелерiн жоғары
оқу орындарында оқитын студенттерге Қазақстан тарих пәнін терең өз
бетінше меңгеруге пайдалануға болады.
Дипломдық жобаның зерттеу көздері: Adobe Photoshop, Microsoft Front
Page, Camtasia Studio және Microsoft Visual Basic бағдарламалары бойынша
әдебиеттер, теориялық және тәжірибелік материалдар.
Дипломдық жобаның құрылымы. Дипломдық жоба кiрiспеден, теориялық және
тәжірибелік бөлiмнен, жұмыстың ұйымдық-экономикалық қалыптасуы, жұмыстың
қауіпсіздігі және экологиялығы, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттердің тiзiмiнен тұрады.
1 Теориялық бөлім
1.1 Интерактивті оқыту курсы
Қазіргі уақытта электронды оқулықтарды білім беру процессін
ақпараттандыру құралының бірі деуге болады.
Интерактивті оқыту курсы оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне толық
мүмкіндік туғызып, осы оқулық арқылы оқушы практикалық негізде өзінің ойлау
қабілетін дамыта алады. Ал өзіне қажетті мәліметтерді компьютердің
жадысынан іздеп таба білуі де әр оқушының қабілеттілігін, компьютердің
жетік меңгеруді үйретіп, сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Оқушылар үшін – интерактивті оқыту курсы - күнбе-күн дамытып отыратын
ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Оны әрбір оқытушы өз педагогикалық
тәжірибесіндегі, жұмысындағы керекті мәліметтермен толықтыра отырып,
оқытушы өзінің ғылыми- әдістемелік біліктілігін көтеріп, сабақ беру
үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Интерактивті оқыту курсы арқылы сабақты
өткізу ыңғайына қарай қосымша материал ретінде де факултативтік және
қосымша сабақтарда да қолдануға болады. Сонымен қатар интерактивті оқыту
курсы оқытушы көрнекілік құрал ретінде де , оқушы мен компьютер арасындағы
байланыс жасауда да оқытушыларға көп көмек көрсетеді.
Білім беру жүйесін дамытудың көрнекі белесі ретінде интерактивті оқыту
курсы жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру құралы ретінде,
оқытушы біліммен ақпарат беретін тұлға емес, ол алға қойған мақсатқа жету
жолындағы керекті мәліметтерді тауып алуға көмектесетін кеңесші әрі
әріптеске айналып кетеді.
Интерактивті технологияның техникалық құрал-жабдықтарды қолдана оқыту
әдісіне компьютерді, мультимедиалық проекторларды немесе
бейнемагнитофондарды пайдалану жатқызылады. Аталған құралдардың барлығы
білім беру секторларында, оқыту орталықтарында жиі қолданылады. Осыған
байланысты Smart technologies Inc. компаниясы 1991 жылы дүниежүзінде
бірінші болып интерактивті тақтаны ұсынды. Интерактивті тақта оқу пәндерін
түрлендіруге көмегін тигізіп, оқытудың барлық кезеңінде, яғни бастауыш,
орта мектептерде және жоғарғы оқу орындарында білім сапасын арттыруға ықпал
етуде.
Интерактивті тақтаның көмегі оқу барысында өте зор екені зерттеу
жұмыстарында айқын көрсетіліп жүр. Бұл – жаңашыл аудиовизуалды техникалық
құрал-жабдықтар мен оқытудың үдемелі де қарқынды әдістерін қолдану арқылы
тыңдаушыларын қызықтырып, сабаққа белсенді түрде қатысуын арттыратын,
материалдарды меңгеруді жеңілдететін, сонымен қатар студенттерге ауқымды
оқу материалдарымен көмектескісі келетін оқытушыларға өте тиімді таңдау.
Оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланудың теория және практика
жүзінде дәлелденген маңыздылығы бүгінгі күндегі өзекті мәселелердің бірі
болып отыр.
Интерактивті оқыту курсы бұл оқулықты өткізілетін пән немесе пәнге
қажетті мәліметтер, құжаттар мағынасы бойынша бір-бірімен байланысқан,
пәнге керекті ақпараттық мәліметтерді үзінді көріністер арқылы көрсетіп
сабақ жүргізеді. Сабаққа керекті мәліметтерді, ақпаратты оқулықтың
мазмұнынан алдын-ала көрсету бойынша қуалау әдісі арқылы жүргізуге
болады.
1.2 Microsoft Front Page
1.2.1 Microsoft FrontPage бағдарламасының мүмкіндіктері
Microsoft FrontPage - әртүрлі веб түйіндер жасап оларды басқаратын
бағдарлама.
Front Page және оның интерфейсі. Редакторды жіберу.
Редакторды тікелей жіберу (немесе Microsoft Windows- ден, немесе
аспаптар панеліндегі Show Front Page Editor батырмасын басып, Front Page
жолсерігінен немесе Tools менюіндегі Show Front Page Editor командасымен)
кезінде редактор бос экранмен ашылады; қажетті бетті ашу үшін File
менюіндегі Open командасын қолданып, редакциялауға кірісіңіз.
Жіберілген кезде Редактор өзінің жеке терезесін ашады. Оның жоғарғы
жағында меню және аспаптар панелі орналасады.
Аспаптар панельдерімен жұмыс істеу.
Редактор бөлігінде View (Түр) менюімен басқаруға юолатын аспаптар
панельдері бар: Standard (Стандартты), Format (Пішімдеу), Image (Суретін
салу), Forms (түрпішін), Advanced (қосымша), Table (Кесте). Олардың
барлығы көрініп тұрғанда Редактор терезесінің едәуір бөлігін алып тұрады.
Сондықтан сізге керек емесін жасырып қойған дұрыс. Аспаптар панелін жасыру
үшін View менюін ашып, сол панель атының қасындағы құсбелгіні алып
тастаңыз. Жасырынған панельді көрсету үшін оның атын View менюінен тауып
алып, оның қасына құсбегіні қойыңыз. Сонда панель бұрын өзі тұрған жерден
шығады. View менюінен Status Bar (күй- жай жолы) және Format
таблицасының (Пішімдеу симвоолдары) бөлімдері көрінеді.
Редактордың аспап панелі экранның кез- келген жерінде орналаса береді.
Аспап панелін жылжыту үшін оның кез- келген жерінен батырмамен басып, оны
жаңа орынға апарасыз. Егер сіз оны редакторлау терезесінің кез- келген
жеріне қойсаңыз, панель қозғалып тұрды. Егер олай етпесеңіз келмесең
панельді терезенің кез – келген шетіне апарып, сонда қалдырыңыз.
Күй-жай жолы және пішімдеу символдары. Редактор терезенің ең төменінде
орналасқан күй- жай жолын жасыруға да, көрсетуге де болады; ол үшін View
менюіндегі Status Bar командасы қолданылады.
Кей жағдайларда редактор абзац таңбалары сияқты пішімдеу символын
қоолданады. Беттегі осы белгілерді көрсету немесе жасыру үшін View
менюінен Format Marks операциясын таңдаңыз.
Пішімдеу символын жасыру немесе көрсету үшін ShowHide Paragraph
батырмасын қолдануға болады. Ол аспап панелінде орналасқан және онда абзац
символы бейнеленген.
Бетті ауыстыру. Бетті ауыстыру пернетақта көмегімен жүргізіледі.
Мысалы, бетті бір экранға жоғары немесе төмен айналдыру үшін PageUp және
PageDown пернелері қолданылады. Ctrl+Home пернелерінің
комбинациясы беттің ең жоғарысына, ал Ctrl+End комбинациясы беттің
ең соңына алып келеді. Бетте қозғалыс жасау үшін нұсқа- ұсыныстарды
қолдануға болады, айналдыру сызықшалары терезені көлденең және тігінен
бағытта қозғайды.
Front Page редакторында Microsoft Word- тың ең тасымал 25 пернетақталық
комбинациясы жүзеге асырылды, сондықтан Office қолданушылары Редакторда
өзін үйдегідей сезінеді.
Беттің қасиеттері. Редакторда беттің қасиеттерін белгілеу үшін File
менюіндегі Page Properties комбинациясын, Page Properties сұхбаттық
терезесінде жалпы ақпараттың басқа фондық сурет, фондық дыбыс, фон түсі,
мәтіннің стандартты түстері, беттің өрістері, тағы басқа ауыспалылар сияқты
параметрлер қондырылады. Қасиеттерді редакциялау үшін бет Редактода ашық
болу керек.
Title мәтін өрімінде бет атып енгізуге немесе редакциялауға болады;
Base Location өрісі міндетті емес базалық URL бетт3 беруге арналған. Осы
беттің сілтемесі үшін мақсатты фрейм қондыру үшін Default Target Frame
мәтіндік өрісіне оның атын енгізіңіз немесе Target Frame батырмасын
басыңыз. Target Frame сұхбаттық терезесі ашылады.
Background Sound (Файлдық дыбыс) секциясында фондық дыбыс қасиеттерін
өзгертуге болады; бұл процедура бөлшектері “Дыбыстар” бөлімінде
суреттелген.
Background (Фон) қосалқы бетінде фон параметрлері мен әртүрлі
сілтемелердің түстері беріледі.
Specify Background and Colors секцияларында келесі опциялар ұсынылыды;
- Background Image (Фондық сурет). Осы жалаушаны қондырып, беттің фоны
толтырылатын бейнелеуді таңдауға болады.
Браузерлер автоматты түрде осы суретте көбейтеді.
- Watermark (Су белгісі). Беттің скроллиг кезінде өзгеріссіз
қалатын фондық сурет. Оны қозғалмайтындай ету үшін Watermark жалаушасын
қойып, Browse батырмасын басып, керекті файлды таңдаңыз.
- Background (Фон түсі). Егер сіз фон суреттерін қолданбасаңыз, бет
фонының түсін өзгертуге мүмкіншілік бар; фон түсін беру үшін ашылған
Background тізімінен қажетті түсті таңдаңыз. Фон түсін қолданыңыз.
Стандартты түс- қара (Black) болып табылады. Фон түсін таңдай отырып, мәтін
мен бейнелеу онда жақсы көрінетін көз жеткізіп алыңыз.
- Hyper link (Гиперсілтеме түсі). Бұл тізімнен бетте әлі барымаған
гиперсілтемелер бөлінген түсті таңдаңыз.
- Visited Hyper link (Барылған гиперсілтемелер түсі). Гиперсілтеме
бойынша ауысқаннан кейін осы параметрмен берілген өз түсін өзгертеді,
сондай- ақ сол мекен – жайдағы сілтемелер сайттардың барлық бетінде өз
түсін өзгертеді. Сілтемеге түс беру үшін оны ашылған Visited Hyper link
тізімінен таңдаңыз.
Сілтеменің әдеттегі түсі көк (Blue) болып табылады, барылған сілтемеге
күлгін (Rerple) түс бекітілген.
Active Hyper link (Белсенді гиперсілтеме түсі). Гиперсілтемені
басқанда ол белсенді болады; белсенді сілтемелер боялатын түсті таңдау үшін
Active Hyper link тізімін қолданыңыз.
Get Background and Colors from Page (Беттен фон мен түсті қондыра алу)
бөлімінде Background қосымша бетінде осы бетте жоғарыда аталған осы
опцияға қойып, Browse батырмасын басып, ағымдағы сайттың сәйкес келетін
бетін таңдаңыз.
Беттің жоғарғы жәненемесе сол жақтағы шетін беру үшін Margins қосымша
бетіне өтіп, сәйкес жалаушаны орнатыңыз да, мәтіндік өріске мәнді
еншізіңіз. Егер сіз мәтінді немесе бейнелеуді браузер терезесінің шетіне
қысқыңыз келсе, өрістерге нөлге тең мән енгізіңіз.
Custom (Арнаулы ақпарат) қосымша бетінде. Бетіңізде қолданылатын Мета
ауыспалының (meta tags) тізімді көресіз. Олар HTML беттің кодында
орналасып, бет туралы ақпараттан тұрады. Олар ешқандай түрде де
көрсетілмейді, бірақ оларды танып білетін браузерлер үшін пайдалы
ақпараттарды береді. Осы қосымша бетте жүйелік және қолданушылық мета
ауыспалыны қосуға, алып тастауға, редакциялауға болады.
Page Properties сұхбаттар терезесінің соңғы қосалқы беті HTML бетінің
символын кодтауды беруге арналған; бұл операция ағымының тігінен басқа
тілдерде Web- бетті жасау үшін қажет.
Символдар. Символдар ASCII кейін кодтық кестеден орналасады. Базалық
ASCII кестесі- әлемдегі кең тараған символдарды кодтау жүйесі. Бірақ оған
көптеген маңызды символдар енбеген: көптеген европа тілдерінің арнаулы
әріптері, авторлық құқық белгісі, сауда маркасының белгісі тағы басқа
болады. Front Page- де осы символдың көбін қолдануға болады:
1. Символ қойғыңыз келген орынға меңзер қойыңыз.
2. Insert (Кірістірме) менюінен Symbol (Символ) бөлімін таңдаңыз.
Symbol сұхбаттық терезесі ашылады.
3. Символды таңдап, Insert батырмасын басыңыз. Front Page символда
бетке қояды, бірақ сұхбаттық бетті сіз осы процедураны қайталамастан
символдың қажетті санын қою үшін жабылмайды.
4. Жұмысты аяқтау үшін Close (Жабу) батырмасын басыңыз.
Тізімдер.
Беттерде ақпараттарды орналастыра отырып, материалдарды абзацтармен
емес, тізімдермен беру ыңғайлы екенін ұмытпаңыз. Тізімдер ұзын үзіліссіз
абзацтардан гөрі оңай оқылады, сондықтан тізімдерді орынды қолдану беттің
қабылдануын жақсартады; бірақ қатты әуестеніп кетсеңіз, бетті құрғақ және
толықтырғыш ету қаупі бар.
Барлық түрлердің тізімдерінің дәл түрі бетті қарауға қолданылатын
браузермен анықталады.
- Bulleted List (Маркілі тізім). Мұндай тізімнің элементтері
маркерлермен жабдықталған. Маркілі тізімдер әдетте белгілі реттіліксіз
логикалық байланыстырылған ақпараттар бірлігін санауға қолданады.
- Direktory List (Нұсқағыш). Маркілі тізімнің басқа пішіні. Кейбір
браузерлер қарапайым нөмірлермен тізімнен басқаша интерпретациялайды, бұл
әдетте тізім бөлімдерді өте қысқа болғанда қолданады.
- Menu List (Меню). Көптеген браузерлрмен қолданатын маркілі тізімнің
бір түрі.
- Numbered List (Нөмірленген тізім). Бұл тізім реттелген бөлімдердің
жүйелілігін білдіреді. Әдетте ол 1- ден басталатын санмен нөмірленеді.
Нөмірлерін тізімдер іс- әрекеттердің жүйелілігін жазу үшін тамаша құрал
болып табылады.
Тізімді жасау.
1. Редактордағы бетті ашып, тізімнің басы орналасу керек жерге
меңзерді қойыңыз. Оны абзацтың басына, ортасына, соңына қоюға болады.
Меңзер тұрған жолда қандай да бір мәтін болса, Front Page бұл абзацты
тізімнің бірінші бөлімі етеді. Егер жаңа тізім бастау керек болса, меңзерді
бос жолға қою керек.
2. Ашылған стильдер тізімінен Numbered List операцияны таңдаңыз.
Front Page жаңа тізімдегі бірінші жолда 1 нөмермен белгілейді, ол тізімнің
бірінші бөліміндегі мәтінді теру үшін.
3. Бірінші бөлімді енгізе отырып, Enter пернесін басыңыз. Редактор
жаңа жолда келесі нөмірді қояды, одан кейін мәтіннің келесі бөлігін
енгізуге болады.
4. Тізімді енгізуді аяқталғанда Ctrl+Enter батырмасының
комбинациясын басыңыз. Front Page редакторы тізім астынан жаңа жол бастап,
оның басына меңзерді қояды.
Сіз мәтіннің барлық элементтерін ерекше белгімен, Format менюінен
Bullets and Numbering (маркерлер және нөмірлеу) ұстанымын таңдаңыз.
Маркілеу мен нөмірлеудің баптау сұхбаттық терезесін көресіз.
Bullets and Numbering сұхбаттық терезесінің үш қосымша беті бар.
Бірінші: қосымша беттің көмегімен маркер түрін анықтай аласыз. Front
Page осы бетке қолданатын декорацияға жататын маркировканы қолдануға
ұсынады. Бірақ сіз басқа бейнелеуді де қолдана аласыз, ол үшін Browse
батырмасының көмегімен оны көрсетесіз. Тізім көз тартарлық болып көріну
үшін маркер кішкентай өлшемді болуы керек. Басқа екі қосымша бет- Plain
Bullters (Қарапайым маркерлер) және Numbers (нөмірлеу) маркерлерді қаріптік
символдар мен нөмірлеу түрінде қолдануға мүмкіндік береді. Алдын ала қарау
сұлбасын қолдана отырып тізімнің сыртқы түрін бағалай аласыз. Егер сіз
мәтінді нөмірленген тізімге айналдырғыңыз келсе, сізге Numbers қосымша
бетіндегі опциялар көмектеседі. Егер тізім бірден де емес, “а” әрпінен де
басталмаса, әуелі “нөмірлеу” позициясындағы бір стильді белгілеп, Start At
(- дан бастау) мәтіндік өрісінен нөмірлеуді бастайтын нөмірді енгізіп, ОК
батырмасын басыңыз.
Бүкіл тізімнің стилін өзгерту.
Тізімнің стилін өзгерту үшін мәндердә тізім шеңберіне қойып, тышқанның
оң жақ пернесін басыңыз. Сосын List Progecties (Тізім қасиеттері) ұстанымын
таңдаңыз, контексті менюден. List Progecties сұхбаттық терезесін көресіз,
ол Bullets and Numbering сұхбаттық терезесіне ұқсас, онда тек Other
(Басқалары) қосымша беті бар. Одан сіз кескіндемелік бейнелеу, тізім- меню,
тізім- нұсқағыш (8- сурет) көмегімен тізімді маркілеу сияқты мүмкіндіктерді
таңдай аласыз. Стильді таңдап, ОК батырмасын басыңыз, сонда Front Page
тізімге көрсетілген стильді қолданасыз.
Көледенең сызық қою.
Көлденең сызық қойғыңыз келген жерге меңзегішті қойып, Insert менюінен
Horizontal Line (Көлденең сызық) ұстанымын таңдаңыз. Пайда болған сызық
Редактордың көмегімен жасалған көлденең сызық сияқты әсемдеу параметрлерін
қолданады. Сызықтар кез – келген өлшемді және пішінді бетте қолданылады.
Сондай- ақ көлденең сызықтар кестенің ұясының ішін бұзып, осы ұяның
пішініне сәйкес келеді.
Көлденең сызықтарды қалыптастыру.
Жасалған сызықты өзгерту үшін тышқанның оң жақ батырмасын басып,
контекстік менюден Horizontal Line Progecties бөлімін осы аттас сұхбаттық
терезеде ашылады. Width (Ұзындық) секциясында браузердегі терезе енінен
пиксельмен және пайызбен сызық ұзындығын енгізіңіз. Сосын Weidht (Биіктік)
секциясында сызық қалыңдығын енгізіңіз. Aligment (Сөндіргіш) секциясында
ауыстырып, қосқышты сәйкесінше Left, Right және Center қалпына қоя отырып,
сызықты солға, оңға және ортаға қоя аласыз. Color (Түс) ашылған тізімінен
сызыққа сәйкес түс таңдай аласыз. Егер түс мәні Default ретінде берілсе,
осы сызыққа көлеңкелеуді қолдану керек не екендігін көрсете аласыз. Ол үшін
Solid Line (Тұтас сызық) жалаушасын қондырасыз. Егер жалауша қондырылса,
белгіленген түске сызық болады, егер сызық көлеңкеленсе, түс бет түсімен
көлеңкеленеді.
Декорация қолдану.
Декорация- Web- бетшелерге кәсіби берудің қарапайым әдісі. Сіз
декорацияны бүкіл сайтқа қалай қолдануды білесіз, сондықтан декорацияның
жекелеген бетке қолданылуын қарастырамыз. Мысалы, сіз Жолсерікке болғанда
сізге ұсынған декорацияны таңдаңыз. Бірақ Редакторда бетті аша отырып, сіз
қандай да бір нақты бетте бұл бейнелеудің басқа құрастырушымен қарама-
қарсы екенін байқадыңыз. Сол кезде сіз декорацияның басқа элементтерін
бұзбастан өзгерте аласыз.
Format менюінен Theme (Декорация) бөлімін таңдадыңыз. Сонда Choose
Theme (Декорацияны таңдау) терезесі ашылады. Бұл терезе жолсеріктегі осы
аттас тереземен бірдей әрекет жасайды. Терезе осы сайтқа қолданылатын
сәйкес келетін декорацияны таңдау мүмкіндігін береді.
Алдын – ала қарау үшін миниатюрлар.
Беттің кескіндемелік бейнелеулердің (үлкен өлшемді) бар болуы әдетте
сіздің бетіңізге барушыларды аса қуанта қоймайды. Auto Thumbnails (Миниатюр
генерациясы) командасын қолданып, FrontPage- ді автоматтық түрде
кішірейтілген бейнелеу көшірмесін жасап, оны бетке орналастыруға мәжбүрлей
аласыз. Осы көшірмемен гиперсілтеме қоя аласыз. Осылайша біреу сіздің
бетіңізге кіргенде, байланыс каналымен тез берілетін бейнелеудің
кішірейтілген көшірмелерін көреді де, осы картиналардың қайсысын
түпнұсқасында көргісі келетінін шешеді.
Алдын- ала қарауға миниатюра жасау үшін кішірейтілген нұсқасын
жасағыңыз келген картинаны ерекше белгілеп, Auto Thumbnails бөлімін Tools
(Аспаптар) менюінен таңдаңыз немесе Ctrl+T пернелердің комбинациясын
басыңыз. FrontPage автоматты түрде осы бейнелеудің кішірейтілген
комбинациясын жасайды да. Оны бетке орналастырады. Осыдан түпнұсқалы
гиперсілтеме жасалады. Кішірейтілген бейнелеуді нақты баптауды Options
сұхбаттық терезесінде беруге болады. Сіз миниатюра жасауға нұсқау берген
бойда кішірейтілген бейнелеу компьютердің жадында шешсеңіз, миниатюраны
сақтау да ұсынылады.
Сілтемелер.
Сілтеме (гиперсілтеме)- екі нүкте арасындағы қосылыс. Сайтқа барушылар
сілтемені басып, URL (Uniform Resource Locator) түріндегі арналған орнына
“секіріп” барады. Сілтемелер мәтінге, бейнелеуге тағы басқа файлдарға
жасалады. Мысалы, сіз Microsoft Word құжатын Excel файлына сілтемені
қондыра аласыз. Осындай сілтемені басқанда Excel бағдарламасы қосылады және
сілтеме жасалған файлды ашады. FrontPage- ді қолданып, HTML – бетшелер мен
Office файлдарын өзара байланыстыра аласыз.
Сілтемелер жасау.
Сілтеме жасау үшін мәтіннің немесе бейнелердің учаскесін ерекше
белгілейсіз, Ctrl+K пернесінің комбинациясын басыңыз немесе Hyperlink
(Гиперсілтеме) бөлімін таңдаңыз. Create Hyperlink сұхбаттық терезесін
көресіз. Әртүрлі нысандарға сілтеме жасай аламыз: FrontPage Жолсерігіндегі
бетке, кез- келген URL- ге Web- браузеріңізді қолданып, сіздің
компьютердегі кез- келген файлға, e-mail кез- келген мекен – жайға. Сонымен
бірге сіз жаңа бет жасап, оған сілтеме жасай аласыз. Ауысу мақсатының
белгілі белгілер немесе фрейм болып табылатынын көрсете аласыз. Төменде
гиперсілтеменің жасалуының кейбір тәсілдері келтірілген:
- Жолсерікте ашық тұрған сайт бетіне сілтеме FrontPage жолсерігінде
қандай да бір сайт тұрса, сұхбаттық терезеде осы сайттың барлық беттің
тізбегін көресіз. Олардың кез – келгеніне сілтеме жасай аласыз.
- URL- ге сілтеме. Мәтін өрісінде беттің (URL) дәл мекен- жайын енгізе
аласыз немесе Use your Web Browser to select a page (Браузер көмегімен
бетті көрсету) батырмасын баса аласыз. Осы батырманы басқанда сіздің
компьютерде қондырылған Web- браузер болады. Internet- тен қажетті бетті
тапсаңыз, оның мекен- жайы автоматты түрде Create Hyperlink сұхбаттық
терезесіндегі URL мәтін өрісіне орналасады.
- Жергілікті файлдарға сілтеме. Егер сіз компьютерде орналасқан
файлға гиперсілтеме жасағыңыз келсе, Make a hyperlink to a file on your
computer (компьютердегі файлға сілтеме жасау) батырмасын басыңыз. Ашылған
select file (файлды таңдау) сұхбаттық терезесінде керекті файлды көрсете
аласыз.
- e-mail мекен- жайына сілтеме. Егер сіз сайтыңызға келушіге нақты бір
мекен- жай бойынша хат жолдауына мүмкіндік беретін сілтеме жасағыңыз келсе,
Make a hyperlink that sends E-mail (Электрондық пошта бойынша хат жолдауға
сілтеме жасау) батырмасын қолдануға болады. Create E-mail Hyperlink (Пошта
сілтемесін жасау) сұхбаттық терезесі ашылады. Бұл сілтеме жұмыс жасау үшін
мәтіндік өріске хат алушының мекен- жайын енгізу жеткілікті.
- Жаңа бетке сілтеме. Бұл әлі жасалмаған бетке сілтеме жасауға
мүмкіндік береді. Create a page and link to the new page (Жаңа бет жасап,
сілтеме қондыру) батырмасын басқанда New (Жаңа бет) сұхбаттық терезесі
ашылады.
Автоматты түрде жасалатын сілтемелер.
Танымал Internet хаттамалары белгіленетін символдың кейбір жүйелілігін
автоматты түрде FrontPage мекен – жай бөлігі ретінде таниды, мәтінде
терілген мұндай символдың жүйелілігіне сіздің қатысуыңызсыз сілтеме
жасалады.
Кестелерді құру.
Кестелер қазіргі кезде Web- бетшелердегі материалдарды ыңғайлы
ұйымдастыру құралдарының бірі болып табылады, ол барлық Web –
дизайнерлермен қолданылады. Көп жағдайда кестелер мәтінді қалыптастыру
міндетін және кескіндемелік бейнелерді орналастыруды жеңілдетеді; сондай-
ақ кестенің арқасында әртүрлі браузерлермен сіздің беттеріңізді бір текті
етуге болады.
Егер сіз Редакторда Word құжатын ашсаңыз ондағы кестелер HTML пішінге
өзгертеді және олармен Редакторда операциялар жасауға болады. FrontPage
кестелері өзінің құрылысы бойынша Word кестелеріне ұқсас, оларды басқару
Word – тағыдай өтеді. Мәтіннен, кескіндемеден, фондық бейнелеулерден,
пішіндермен, FrontPage құрауыштарынан және кестеден тұратын ұяшықтардан
тұрады. Дайын кестенің ұяшықтарының өлшемін өзгерткіңіз келсе, оны
Редакторда еш проблемасыз жасай аласыз. Кесте жасай отырып, ұяшықтардың ені
мен биіктігі туралы ойламауыңызға да болады, оны кестелер панелінің
аспаптарын қолданып, бетке салу (Table Toolbar) немесе Table менюінің
көмегімен қою. Егер сіз екі әдістің қайсысын қолдануды білмесеңіз, екеуін
бірдеі қолдана беруіңізге болады. Table менюінен кестені қойып, оған
кестелер панелінің аспаптарымен жол қоса аласыз.
Кестелер панелінің аспаптары.
FrontPage- де кесте жасау Microsoft Word- тағыдай жүзеге асады, яғни
кестелер панелінің аспаптар көмегімен. Кестелер көмегімен панелін экранға
көрсету үшін View менюінен Table Toolbar және Draw Table опциясын Table
менюінен таңдаңыз.
Осы панель көмегімен беттің өзіне кесте салып, кейін қажетінше олардың
параметрін өзгерте аласыз. Кестелер панелінде әуелі Draw Table (Кесте салу)
батырмасы орналасқан; содан кейін кесте салуды бастайсыз.
1. Table менюінен Draw Table опциясын таңдаңыз немесе Draw Table
батырмасын кестелер панелінен басыңыз; бұл кезде тышқан меңзері қарындашқа
ауысады.
2. Кестені бастайтын жеріңізге меңзерді апарыңызда тышқан батырмасын
басып, меңзерді төменге және оңға тартыңыз. Беттің қамтылған кеңістігінде
автоматты түрде кесте жасалады, оның параметрін өз еркіңізше өзгерте
аласыз. Алынатын кестенің үлкендігін білдіру үшін Редактор үзік сызықтармен
оның сыртқы контурын көрсетеді.
Сонымен сіз бір ұяшықтан, бір бағаннан және бір жолдан тұратын кесте
салдыңыз.
Егер алынған нәтижеге қанағаттанбасаңыз, сіз кестені қайта салмай –
ақ, оның өлшемін өзгерте аласыз. Меңзерді кестенің шекарасына қойыңыз,
меңзер екң жақты нұсқаға ауысады. Тышқан батырмасын басып, меңзерді керекті
жаққа әкеліңіз: кестенің енін өзгерту үшін – оң шекарасын, биіктігін
өзгертуге төменгі шекарасын тартыңыз. Шекраны таси отырып, Shift
батырмасын басып отырсаңыз жіберілместен, осы бағыттағы барлық қашықтар өз
енін сақтайды.
Кестелер панелінің қалған батырмалары.
Кестелер панелінің қалған батырмалары келесі мүмкіндіктерді береді:
- Delete Cells (Ұяшықтарды алып тастау). Керек емес бағандар мен
жолдарды белгілеп, Delete Cells батырмасын басып алып тастайсыз.
- Merge Cells (Ұяшықтарды біріктіру) бірнеше көршілес ұяшықтарды
біріктіру үшін оларды белгілеп, кестелер панеліндегі Merge Cells
батырмасын басыңыз.
- Split Cells (Ұяшықты бөлу) белгілі бір ұяшықты бөлу үшін оны
таңдап, кестелер панеліндегі Split Cells батырмасын басыңыз. Split Cells
сызба нұсқасы терезесі ашылады.
- Align Top (Жоғарғы қыстыру), Center Vertically (Тігінен ортаға
қою), Align Bottom (Төменге қыстыру). Бұл батырмалар сәйкесінше мәтіннің
кесте ұяшығында орналасуына әсер етеді.
- Distribute Rows Evenly (Жолдарды бір қалыпты тарату), Distribute
Columns Evenly (Бағандарды бір қалыпты тарату). Егер сіз қатар тұрған
бағандар мен жолдар бір өлшемді болсын десеңіз осы батырманың біреуін
қолданыңыз.
- Background Color (Фон түсі). Егер сір немесе бірнеше ұяшықты
немесе кестені түрлі түсті қылғыңыз келсе, қажетті аймақты таңдап,
Background Color батырмасын басыңыз. Color (Түс таңдау) сұхбаттық
терезесі ашылады. Одан ұнаған түсіңізді таңдап, OK батырмасын таңдаңыз.
Кестені қою.
FrontPage менюінің командасының көмегімен кестені қою процесі
былай жүреді:
1. Кестені бастағыңыз келген жерге меңзерді әкеліп, Table менюінен
Insert Table командасын таңдаңыз. Insert Table сұхбаттық терезесі.
2. Қажетті бағандар мен жолдар санын енгізіңіз. Кейін қажетінше
жолдар
мен бағандарды алып та тастай аласыз, үстіне қосуға да болады.
3. Кестеден тегістеу нұсқасын таңдаңыз: сол жақ, оң жақ шеттерінен
және ортасынан.
4. Пиксельдердегі кестенің жиегінің енін енгізіңіз. (Border Size).
Егер жиек
керек болмаса, оның мәнін 0- ден алыңыз. Бұл жиек кестені түгел қоршап
алады. Керек болса, оның түсін таңдасаңыз. Сонымен бірге жиекпен кестенің
кез- келген ұяшығын қоршауға болады, оның ені осы терезеде реттеледі.
5. Егер сіз жиегі, тор сызығы жоқ кесте жасағыңыз келсе және
қалыптастыру символының қалай болатынын көргіңіз келсе, Viewенюіндегі
Format Marks командасын немесе PhowHide Paragraph стандартты аспап
панелінің батырмасын қолданыңыз. Редакторда браузерлер көрсетпейтін
ұяшықтар контурлары көрінетін болады.
6. Пиксельдерге Cell Padding (Ұяшықтар шекарасының шегінісі) мәнін
енгізіңіз. Бұл параметр кестенің шектері мен оның ішіндегілердің ең аз ара
қашықтығын белгілейді. Бұл параметр кестенің барлық ұяшықтарына жатады,
жекелеген ұяшықтарға белгіленбейді. Әдетте 1- ге тең Cell Padding мәні
ұсынылады.
7. Пиксельге Cell Spasing (Ұяшықтар арасындағы аралық) мәнін
енгізіңіз. Бұл параметр кестенің ұяшықтарының арақашықтығын белгілейді. Ол
әр ұяшық сыртындағы жиек түрінде беріледі. Ұяшықтар арасындағы аралықты
стандартты мәні 2- ге тең.
8. Кесте енінің мәнін енгізіңіз. (Specify Width опциясы). Оны
пиксельдің саны немесе беттің енінің пайыздық көрсеткіші ретінде беруге
болады. Егер сіз кестенің енін 50 % деп берсеңіз, ені бойынша браузер
терезесінің жартысын алып жатады.
9. ОК батырмасын басыңыз. Редактор кесте жасап, оны экранда
көрсетеді.
FrontPage бағандар саны мен кестенің ені бойынша барлық бағанның енін
өзі есептеп шығарады.
Кесте қасиеттерін өзгерту.
Қажет жағдайда кез – келген уақытта кестені тегістеу түрін, оның
жиегінің енін, ұяшықтар арасындағы аралықты, ұяшық шенінің шегінісін,
кестенің қасында енін өзгертуге болады. Ол үшін Table Progecties (Кесте
қасиеттері) командасын тышқанның оң жақ батырмасын басып, контекстік
менюден тауып аласыз. Басқаша: меңзерді кестенің ішіне апарып, Table
менюінен Table Progecties таңдаңыз. Table Progecties сұхбаттық терезесі
ашылады. Бетке кестені тез қою үшін аспап панеліндегі Insert Table
батырмасын басыңыз да ашылған тордан қажетті үзіндіні өлшеп алыңыз. Жаңа
кестенің параметрлері уақыт бойынша соңғы қондырылған кесте қасиеттеріне
кесте қасиеттеріне негізделеді.
Әртүрлі параметрдегі кесте қалай қалай көрінетінін қарау үшін Table
Progecties сұхбаттық терезесін ашыңыз. Ондағы бір меңзерді өзгертіп, Apply
(Қолдану) батырмасын басыңыз.
Сонымен бірге сіз кестеге фондық сурет немесе фонға түс бере аласыз.
Кестеңіздің фонына сурет таңдау үшін Use Background Image (Фондық
бейнелеуді қолдану) жалаушасын қондырыңыз. Одан кейін оның астындағы
мәтіндік өріске баруға болады. Бейнелеуі бар файл атын соған енгізуге
болады немесе Browse батырмасын басып, Selected Background Image (Фондық
бейнелеуді таңдау) сұхбаттық терезесін ашыңыз.
- Егер сіз ашық сайттағы суретті қолданғыңыз келсе, оны сәйкес
өашықтағы файлды тауып, ОК басыңыз.
- Егер сізге керекті файл басқа жерде орналасса, оны Selected
Background Image сұхбаттық терезесінің стандартты навигация құрамының
көмегімен оны тауып, ОК басыңыз.
Сіз Бүкіләлемдік тордағы фондық бейнелеуді де таңдауыңызға болады
немесе өз компьютеріңізде орналасқан файлға гиперсілтеме жасай аласыз.
FrontPage- бен бірге жеткізілетін картиналар коллекциясын (Clip Art)
қолдана аласыз. Ол үшін сұхбаттық терезесіндегі Clip Art батырмасын
басыңыз, ұнаған бейнелеуді таңдап, ОК басыңыз.
Егер сіздің кестеңіздің жиегі болса, Table Progecties сұхбаттық
терезесінің Custom Colors (Тапсырыс түстері) секциясынан оған түс таңдай
аласыз. Егер сіз жиекке бір текті түс бергіңіз келсе, оны Border тізімінен
таңдаңыз; егер сіз Light Border және Dark Border тізімдерінен түс таңдайтын
болсаңыз, кестеңізге үш өлшем беруіңізге болады. Light Border тізімінен
жиектің жарықтандырылған жазықтықтарының түсін, және Dark Border- ден
көлеңке бөлігінің түсін таңдаңыз.
Кестедегі жаңа жол қосудың ең оңай жолы- кестенің ең төменгі оң
ұяшығына меңзерді апарып, Tab пернесін басыңыз.
Бейнелеулерді орналастыру.
Web- бетшелерде бейнелеулерді орналастыру Insert менюінен Image
(Бейнелеу) командасын таңдаңыз да, төмендегі процедураларды жасаңыз:
1. Редактор терезесінде бейнелеуді көргіңіз келген жерге меңзерді
апарыңыз.
2. Insert менюінен Image таңдаңыз. Егер сол кезде сізге Жолсерік қосылған
болса, Image сұхбаттық терезесі ашылады.
Бұл жерде ашық сайттан кез – келген файлды таңдап, оның ішіндегі
қапшақтарды қарай аласыз. Кез- келген файлды басып, оның ішіндегілерді
сұхбаттық терезесінің оң жағынан көре аласыз. Егер сізге файлды URL- а
белгілі болса, оны мәтіндік өріске енгізе аласыз, сонымен бірге браузер
көмегімен бейнелеуді таңдай аласыз- ол үшін URL мәтіндік өрістің оң
жағындағы Use your Web Browser to select a page or file басып,
компьютеріңізде орналасқан файлды аласыз, Select File сұхбаттық терезесі
ашылады.
Бұл сұхбаттық терезеде сіздің компьютердегі кез- келген файлды таңдай
аласыз. Cancel батырмасын басып, Image сұхбаттық терезесіне өтіңіз. Егер
сіз жолсеріктегі сайтты ашпаған болсаңыз, мұнда бейнелеу файлын тек браузер
көмегімен таңдай аласыз
Жылжымалы батырмалар.
Кейбір Web- беттердегі тышқан меңзерін апарғанда түсін өзгертетін
батырмалар FrontPage көмегімен, Hover Button (Жылжымалы батырмалар)
опциясының көмегімен жасалады.
Толыққанды жылжымалы батырмалар жасау үшін (тышқан қозғалысына жауап
қайтаратын, гиперсілтемесі бар) күрделі емес қондырғыларды істеу ғана
қажет. Әуелі Insert менюінен Active Elements командасын таңдап, сосын
ашылған менюден Hover Button таңдаңыз. Бұл терезеге басқа жолмен кіруге
болады: жылжымалы батырманы тышқанның оң жақ батырмасын басып, Java Applet
Properties (Java- аплет қасиеттері) контекстік менюден немесе бар батырманы
екі рет басып немесе жылжымалы батырманы белгілеп, Alt+Enter
пернелерінің комбинациясын басу арқылы. Hover Button терезесінде
стандартты опциялар және тағы басқа қосымша мүмкіндіктерді қамтамасыз
ететін экзотикалық опциялар да бар. Стандартты опцияларға мыналар жатады:
- ButtonText (Батырмалардағы мәтін). Web- бетшелердегі көптеген
бетшелер оларды басқанда нені күтуге болатыны туралы түсіндіретін
мәтіндермен жабдықталған. Батырмаларға орналастырғыңыз келген мәтінді
ButtonText мәтінді өрісіне енгізіңіз.
- Link to (Сілтеме). Егер батырмамен гиперсілтемеге байланысты
болу керек болса, оның URL –ды мәтіндік өріске енгізіңіз немесе Browse
батырмасын басып, URL беріңіз.
- Button color (Батырманың түсі). Ашылатын бұл тізім батырманың
түсін беруге өолданылады. Егер сіз батырмаға бейнелеуді таңдасаңыз (Custom
опциясы), оған түс беріп қажеті жоқ.
- Effect (Әсер), Effect color (Әсер түсі). Effect тізімінен
визуальді әсерлердің біреуін таңдай аласыз. Батырманың түсі ашылған Effect
color тізімінен таңдалады.
- Width (Ені), Height (Биіктік). Бұл жерде сіздің батырманың ені
мен биіктігіне сәйкесмәндер енгізу қажет. Егер батырма ретінде бейнелеуді
қолдансаңыз, оның өлшемдерін енгізу қажет.
Жылжымалы батырманың арнаулы опцияларына жету үшін Hover Button
сұқбаттық терезесінің төменгі бөлігіндегі Custom батырмасын басыңыз. Сонда
Custom сұқбаттық терезесі ашылады.
Play Sound (Дыбысты ойнату). Осы секцияда (On Click) батырмасын
тышқанмен басқанда немесе (On hover) тышқан меңзерін жүргізгенде шығатын
дыбысты беруге болады. Дыбыстық файлдарды іздеу үшін стандартты
Browse сұқбаты қолданылады.
- Custom Image (Тапсырысты бейнелеу). Егер сізге кескіндемелік
орындауда батырмаңыз жақсы көрінетін сияқты болса, Button өрісінің
қасындағы Browse батырмасын басып, сәйкес суретті таңдаңыз. Егер сізге
батырмада бейнелеудің пайда болғаны керек болса, осылай On hover өрісіндегі
бейнелеуді көрсетіңіз. Hover Button сұқбаттық терезесіндегі таңдалып
алынған бейнелеулер үшін ені мен биіктігінің дұрыс мәндерін енгізу керек.
Жылжымалы жолдар.
Жылжымалы жолдар (marquees) өзіне ерекше назар аудартады. Қатты әсер
ететін басқа құралдар сияқты жылжымалы жолдар да шектеп тыс қолдануға
болмайды- оның көптігі тітіркендіріп, жалықтырады.
Жылжымалы жолдар – бұл бетке жылжымалы мәтін қоюға мүмкіндік беретін
HTML элементі, статикалық бетті динамикалық, тірі бетке айналдырады. Бетке
жылжымалы жолда орналастыру үшін:
1. Жылжымалы жол орналасатын беттегі орынға меңзерді апару керек.
Insert менюінен Active Elements бөлімін, әрі қарай ашылған менюден Marquee
таңдаңыз. Экранда Marquee Properties (Жылжымалы жолдың қасиеттері)
сұқбаттық терезесі ашылады.
Text өрісіне жылжымалы жолдың мәтінін енгізіңіз
2. Direction (Бағыт) секциясында жол қозғалысының бағытын көрсетіңіз:
Left (Солға), Right (Оңға). (Егер Behavior секциясында 5 қадамда
Alternate таңдалынса, ол жерде қозғалыс бағытын беріп қажет емес).
3. Movement Speed (Қозғалыс жылдамдығы) секциясында кідіріс (Delay)
және қадам (Amout) мәндерін енгізіңіз. Кідіріс жүйелі жолдың
ауыстыруларының арасындағы миллисекундтық аралықтарды анықтайды. Қадам
жолдың жүйелі күй- жайының арасындағы пиксельдік арақашықтығын береді, яғни
осы санды өсіру арқылы жолдың қозғалыс жыдамдығын көтеруге болады. Осы екі
мәнді басқара отырып, жолды кез- келген жылдамдықпен жылжуға мүмкіндік
беруге болады.
4. Behavior (Мінез- құлық) секциясында келесі опциялардың біреуін
таңдаңыз:
Scroll (Айналдыру). Бұл кезде жол экранда Direction секциясында
көрсетілген бағыт бойынша қозғалады. Мәтін жылжымалы жолға бөлінген аудан
шекарасынан шығып, қарама- қарсы жақтан көрінбей кетеді.
Slide (Ығысу). Бұл нұсқадан қарама- қарсы жаққа жеткенде қозғалысын
тоқтатып, экранда қалуымен ерекшеленеді.
Alternate (Кезектесу), Behavior параметрінің бұл мәнінде жылжымалы
жолдың мәтіні бір жақтан екінші жаққа кезектесіп қощғалып, мәтін экранда
қалады.
5. Align with Text (Мәтіннің орналасуы) секциясында жылжымалы жолға
бөлінген кеңістікте мәтін қалай орналасуы керектігін көрсетіңіз, бұл
аймақтың өлшемі Size секциясында беріледі. Мәтінді жол өрісінің жоғары
шекарасына (Ton) , төменгі шекарасыны (Bottom) немесе ортасына (Middle)
орналастыруға болады.
6. Size секциясында жылжымалы жолға берілген тікбұрышты аудан
беріледі. Енін беру үшін Specify Width жалаушасын қондырыңыз. Егер енді
пиксельмен берсеңіз, керекті мәнді енгізіп, In Pixels ауыстырып қосқышын
таңдаңыз; егер енді пайызбен беру керек болса, мәнін енгізіп, In Percent
ауыстырып қосқышын таңдаңыз.
Жылжымалы жолдың аудан өлшемін тігінен беру үшін, Specify Height
жалаушасын қойыңыз. Биіктікті пиксельмен бергіңіз келсе, мәнін енгізіп, In
Pixels немесе пайызбен бергіңіз келсе, мәнін енгізіп, In Percent таңдаңыз.
Жылжымалы жолдың оңай оқылуы үшін оған көбірек еркіндік беріңіз: оған
жеткілікті биіктік беріп, өріс ортасына орналастырыңыз. (Align with Text
секциясы, Middle параметрі).
7. Repeat секциясында жолдың жүріп өту санын немесе ол үздіксіз
үнемі жүрсін десеңіз Continuously (Үздіксіз) жалаушасын қондырыңыз.
8. Қалауыңыз бойынша Background Color ашылған тізімінен таңдау арқылы
фон түсін беріңіз.
9. Қажетті барлық қондырғыларды қондырғаннан кейін ОК батырмасын
басып, Marquee Properties сұқбаттық терезесінен шығыңыз.
Жылжымалы жолдың параметрлерін өзгерту.
Жылжымалы жолдың параметрлерін өзгерту үшін оны тышқанның оң
батырмасымен екі рет басып, контекстік менюден Marquee Properties бөлімін
таңдаңыз немесе сол батырмасын басып, Marquee Properties сұқбаттық
терезесін ашыңыз. Қажетті түзетулерді жасап, ОК батырмасын басыңыз.
Үлгілер мен шеберлер.
Үлгілер- қажеттілігіне қарай Frontpage толтыруды ұсынатын сайттар мен
беттер үлгілері. Шеберлер сияқты олар да сайт пен бетті өңдеуге бастапқы
аудан болатын құрылым түзеді. Бірақ шеберлер сізге тапсырыс пен сайт немесе
бет жасау процесін ұсынады. Үлгіні таңдай отырып, осы үлгінің дәл
көшірмесін ала аласыз. Онда өзіңіздің мәтініңізбен алмастыруға болатын
мәтін үлгісі болады.
File (Файл) менюінен New (Жасау) бөлімін таңдап, содан кейін ашылған
кіші менюден Frontpage Web (Frontpage сайтын) таңдап, Frontpage
жолсерігінен сайт үлгісін ала аласыз. New Frontpage Web сұқбаттық
терезесінде сіздің сайтыңыз бен бетіңіз үшін негіз ретінде қолдану үшін
келесі үлгілердің біреуін таңдай аласыз:
- Customer Support Web (Тапсырыс берушілерді қолдау сайты). Бұл
үлгі Internet торабында сатып алушылар мен тапсырыс берушілер қателер
тізімін, бұрын табылған проблемаларды жою шешімдерін алып, сіздің өніміңіз
бен қызметіңізді жетілдіру жөніндегі өз ұсыныстарын бере алатын орын
жасауға көмектеседі. Бұл бағдарламаны қамтамасыз етуді өндіретін
компаниялар үшін өте қажетті сайт, сорндай- ақ бюджеттің басқа салаларында
да қолданылады.
- Empty Web (Бос сайт). Осы “үлгіні” қолданып, бос жұмыс өрісін
жасай аласыз. Бұл кезде беті жоқ бос сайт жасалады, Frontpage редакторы мен
Жолсерікті қолданып, қалғанын өзіңіз жасай аласыз.
- Project Web (Жоба сайт). Қандай да бір жобаның орталық
ақпараттық форумы ретіндегі сайт үшін осы үлгіні қолданыңыз. Бұл үлгі үй
бетін (home page), жобаға қатысушылар тізілетін бетті, осы жоба бойынша
міндеттер кестесі орналасатын бетті, іздеу бетін, әртүрлі пішіндерді, пікір-
талас бетін, осы жоба ашық талқыланатын басқа мекен – жайларға сілтемелер
жасалатын бетті жасайды.
Беттер үлгілері.
Frontpage сізге таза беттің негізінен өте күрделі үш бағанды бетке
дейінгі қарапайым беттің (Normal Page) үлгісінен күрделі беттің (Three
Column Staggered) беттер үлгісін ұсынады. Үлгілер көмегімен жасалған сайтқа
бет қоса
отырып, сіз өз Web-сайтыңызды тез және жай баптай аласыз.
Фреймдер жасау.
Фреймдер (frames) бетті тікбұрышты аудандарға бөлуге мүмкіндік береді.
Олардың әрқайсысында өзінің жеке беті көрсетіледі. Сіз бетке бір немесе
бірнеше фреймдіорналастыра аласыз, яғни әр ауданының әртүрлі мазмұны бар
бет жасай аласыз. Бір фреймдегі мазмұнның өзгеруінен басқа мазмұндар
өзгеруі міндетті емес. Егер сіз бір фреймдегі сілтеме арқылы жасалған бет
басқа фреймнің ауданынан көрметілсін десеңіз, солай істеуіңізге болады.
Фреймдер Web- безендірушілерге өте танымал, олардың кейбіреулер өз
беттерін 5, 6 тіпті одан да көп фреймдерге бөледі. Бұл құрылым сайттың
жүктелуін баяулатады. FrontPage сізге әр фрейм желісінде төрттен аспайтын
фреймі бар фреймдердің 10 үлгісін ұсынады.
Фреймдер үлгілерін қолдану.
Фреймдер беттері Редакторда жасалады. Бұл процесс былай жүреді:
1.Өзіңіздің жаңа фрейм желіңізді жасағыңыз келген сайтты жолсеріктен
ашыңыз.
2. Редактордан File менюінен New бөлімін таңдаңыз.
3. New сұқбаттық терезесінен Frames қосымша бетінен үлгіні таңдап, ОК
батырмасын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz