Қазақстан - Қытай қатынастарының негізгі кезеңдері және стратегиялық мүдделері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3 - 5
1. Қазақстан - Қытай қарым қатынастарын зерттеудің теориялық-методологиялық мәселелері . . . 6 - 30
1. 1 Қазіргі заманғы геосаясат және Қазақстанның сыртқы сясаты . . . 6- 14
1. 2 Қазақстан мен Қытайдың жаңа геосаяси кеңістіктегі орны . . . 14 - 22
1. 3 Қазақстан - Қытай қатынастарының негізгі кезеңдері және
стратегиялық мүдделері . . . 22 - 30
2. Қазақстан - Қытай қарым-қатынастарының қазіргі жағдайы және дамуы . . . 31 - 62
2. 1 Қазақстан-Қытай сыртқы саяси қатынастары . . . 31 - 42
2. 2 Қазақстан экономикасына Қытайдың ықпалы: қауіп пен мүмкіндік . . . 42 - 50
Қорытынды . . . 63 - 66
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 66-68
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кез-келген мемлекет үшін көршілес мемлекеттермен бибітшілік қарым-қатынаста болу, тиімді байланыс орнату және оны дамыту барлық уақытта күн тәртібінен түспейтін негізгі мәселе екені анық нәрсе. Қазақстан өз тәуелсіздігін алған күннен бастап көрші мемлекеттермен жақсы қарым-қатынас орнатуға көңіл бөлгені белгілі. Қазақстан үшін көрші мемелекеттердің ішінде Күн Шығыс Елі деп аталатын Қытай Халық Республикасының орны ерекше. Қытай Халық Республикасымен Қазақстан Республикасының арасындағы қарым-қатынастардың барысына талдау жасаушылардың бір тобы қауіпті жағын көтерсе, екінші бір тобы біздің мемлекетіміз үшін пайдалы жақтарын алға тартады. Қалай болғанда да біз көршілес жатқан Қытаймен қарым-қатынас, байланыс жасамай, тұра алмаймыз. Екі елдің арасында әртүрлі мәселелер әрдайым туындап отырады, мәселен шекерадағы татулық мәселесі, трансшекралық суды пайдалануға байланысты мәселелер, импорт пен экспорт мәселелері, сияқты т. б. мәселелерді атай отырып екі елдің дамуында бір-біріне тәуелділік бар деуге болады. Екі ел арасындағы қатынас ұзақ жылдар бойы жасалып келеді және бола бермек. Екі ел арасындағы қарым-қатынастарға екі мемлекетте үлкен мән беріп келеді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 2008 жылғы халыққа жолдауында: «Біз Ресеймен, Қытймен және Орталық Азия мемлекеттерімен өзіміздің экономикалық және саяси ынтымақтастығымызды одан әрі нығайта беруге тиіспіз. Өңірдегі тұрақтылық, ашық, пікір алысу және өзара іс-қимыл таныту үшін берік негіз қалауымыз қажет» [1] деп атап көрсеткен болатын.
Жалпы айтқанда еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан басшылығының алдында Қытай сияқты ірі әрі көп жағдайда бірегей мемлекетпен жаңа қарым-қатынастар орнатудың байсалды міндеті тұрды. Әңгіме шынында да өзара қарым-қатынастың жаңа үлгісі туралы еді, өйткені оның алдындағы Кеңестер Одағы мен Қытай арасындағы тікетірес ұзақ жылдарға созылды. Бұл орайда Даманский аралы мен Жалаңашкөл көліндегі қарулы қақтығыстардан кейін екі неғұрлым күшті социалистік мемлекеттер ядролық қару қолданылуы мүмкін ауқымды соғыс алдында болып қайтқанын айтсақ та жеткілікті.
Біздің жас мемлекетіміздің қауіпсіздігінің сенімді кепілі ретінде Қытаймен тұрақты, тату көршілік қатынастарды құру қажеттігі бар екені түсінікті. Тікетірестік және өзара күдік келтіру Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне қайшы келген болар еді. Өйткені Қазақстанның өркениетті елдердің әлемдік қоғамдастығына кіру және экономикада құрылымдық қайта құрулар жүргізу сияқты күрделі міндеттерді шешуі қажет болатын.
Қытайда іс жүзінде әлемнің барлық ірі компанияларының кәсіпорындары орналасқан. Әрбір бесінші "Боинг" ұшағы Қытайда шығарылады. ҚХР түрлі-түсті теледидардың өндірісі жөнінен әлемде бірінші орынға шықты. Көптеген көрсеткіштер бойынша Азияда жетекші позицияға ие болып, Қытай Жапонияны басып озды. Жыл сайын ҚХР экономикасына 40 миллиард долларға дейін шетелдік инвестициялар түседі. Және де 2000 жылы елдің сыртқы сауда айналымы 474 млрд. долларды құрады.
1992 жылғы ақпанда Премьер-министр С. Тереченко ҚХР-ға ресми сапармен келді. Келіссөздер нәтижесі бойынша Пекинде бірқатар құжаттарға қол қойылды, олардың ішінен төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:
- Сауда-экономикалық және ғылыми- техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияны кұру туралы келісім.
- Қызмет бабындағы істер бойынша сапарға жүретін, барлық түрдегі паспорттардың иегерлері үшін визасыз режимді көздейтін азаматтардың өзара сапарлары туралы келісім (кейінірек өзара сапарлардың визасыз режимі дипломаттық және қызметтік паспорттардың иегерлері үшін ғана сақталды) .
- Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін ашу туралы келісім (Қорғас (Қазақстан) - Хоргос (ҚХР), "Достық" (Қазақстан) - "Алашанькоу" (ҚХР) . "Бахты" (Қазақстан) - "Покиту" (ҚХР) өткізу пункттеріне халықаралық мәртебе берілді) [2] .
Жоғары саяси деңгейдегі алғашқы байланыстар, сөз жоқ, сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға серпін берді. Өзара қоян-қолтық араласу, ынтымақтастықтың перспективалық салаларын іздестіру процесі басталды. Шекаралық аудандар белсенді жұмысқа кірісті, оның үстіне Қытайда оларға сыртқы экономикалық қызметте өте үлкен құқықтар берілді. Делегациялармен алмасу да қарқынды түрде дами бастады. Қазақстан 1990 жылдардың басында-ақ Қытайдың негізгі Орталық Азиялық әріптесіне айналды. Бірақ Тараптар жоғары деңгейдегі диалогты жалғастыруға мұқтаж екенін түсінді. 1993 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің ҚХР-ға сапары болды. Сол сапардың барысында Н. Назарбаев және Цзян Цзэмин екі мемлекеттің өзара қатынастарының принциптерін айқындайтын тұңғыш ресми құжатқа - Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы достық қатынастардың негіздері туралы бірлескен декларацияға қол қойды.
Тараптар барлық даулы мәселелер бейбіт жолдармен шешілетінін, екінші тараптың қауіпсіздігіне катер төндіруі мүмкін күш қолданудан немесе қандай да бір нысанда болсын күш қолдану қаупінен тартынатынын, қандай да бір іс-қимыл қолданбайтынын қуаттады. Тараптардың әркайсысы екінші тарапқа қарсы бағытталған қандай да бір әскери-саяси одаққа қатысудан, екінші тараптың мемлекеттік егемендігі мен ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нұқсан келтіретін қандай да бір үшінші тараппен шарт немесе келісім жасасудан бас тартатынын мәлімдеді. Декларацияда Қазакстан мен Қытайдың сауда-экономикалық ынтымактастықтың дамуына ерекше мән беретіндігі атап өтілді. Шекаралық мәселелер бойынша кеңес-қытай келіссөздерінде қол жеткізілген уағдаластықтарды қуаттаудың принципті маңызы болды.
Өзара қабыдауға болатын, әділетті және ұтымды шешім үшін жалпыға бірдей қабылданған халықаралық құқық нормаларына сәйкес екі ел арасындағы казіргі шекара туралы шарттардың негізінде шешілмеген мәселелерді талқылауды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Н. Ә. Назарбаев 1994 жылдың өзінде шекараны құқытық тұрғыдан сипаттау туралы екі жақты келісімге қол қоюды ұсынды, екі келісілмеген учаске кейінгі келіссөздерде қаралатын болып шешілді.
1996 жылғы 4-6 шілдеде Қазақстан-Қытай қатынасында тұңғыш рет ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминнің Алматыға ресми сапары болды. Екі мемлекет басшылары қабылдаған бірлескен декларацияда XXI ғасырға бағдарланған өзара қарым-қатынастардың принциптері белгіленді. Тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы тату көршілік, достық және өзара тиімді ынтымақтастық қатынастарын өзара іс-қимыл жасау және әріптестік деңгейіне көтеруге бекем бел байлап отырғандарын мәлімдеді, мұның өзі екі елдің халықтарының түбірлі мүдделеріне жауап беріп қана қоймайды, сонымөн бірге Азиядағы, сондай-ақ бүкіл әлемдегі бейбітшілікке, тұрақтылыққа және дамуға қолайлы жағдай туғызады". Оның үстіне тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара туралы 1994 жылғы 26 сәуірдегі келісімді қатаң түрде сақтай отырып, ықтимал қысқа мерзімдерде демаркациялық жұмыстарға кірісуге және шешілмеген шекаралық мәселелер бойынша келіссөздерді жалғастыруға міндеттеме алды.
1997 жылғы 24 қыркүйекте шекара процесін түпкілікті делимитациялауды аяқтаған, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы қосымша келісімге қол қойылды.
Жалпы Қазақстан-Қытай арасында мелекетаралық қарым-қатынастар орнаған, саяси-экономикалық байланыстар даму үстінде. Дегенмен екі ел арасындағы қарым-қатынастың сипаты, барысы, қазіргі деңгейі қандай және болашақтаға даму сипаты қандай болады неге мән берілу қажет, екі елдің арасындағы байланыстарда қандай өзекті мәселелер бар, мемлекет аралық қарым-қатынаста қандай кемшіліктер мен проблемалар орын алып отыр және оларды шешу үшін қандай іс-шаралар іске асуға тиіс? бұл сұрақтарға жауап беру үшін екі ел арасындағы қарым-қатынасты ғылыми тұрғыдан терең талдауды қажет етеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейінгі уақыттардағы яғни, Кеңес Одағы мен қытайдың арасындағы қатынастарды, одан алдынғы Қазақ хандығының Күн Шығыс елі Қытай хандығымен арадағы қарым-қатынастарды зерттеген бірнеше тарихшы ғалымдар мен олардың маңызды тарихи еңбектерін атауға болады. Дегенмен, біздің тақырыбымыз қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынастарға қатысты болып отыр. Бұл орайда Қазақстан Қытай қарым-қатынастарын зерттеген белгілі шығыстанушы, дипломат әрі саясаткер Қ. Тоқаевты атауға болады. Оның «Қазақстан Республикасының дипломатиясы» деген еңбегінде Қазақстан мен Қытайдың ара қатынасы қалай басталғандлығы толық баяндалған.
Еуразиялық идеяның негізін салушылар болып табылатын орыс ойшылдары (Н. Трубецкой, Л. Карсавин, Г. Флоренский. Г. Бернадский, Л. Гумилев) Еуразия кеңістігін мекендейтін халықтардың тарихи, географиялық және мәдени бірлігімен органикалық түрде байланысқан Еуразияның құрлықтық бөлігінің ерекше жағдайын атап өтті. Н. Трубецкой: Еуразиялық халықтардың тағдыры бір-бірімен тығыз өріліп жатыр, берік түрде бір үлкен түйінді құрайды, оны енді ажыратып алу мүмкін емес, өйткені осы бірліктен бір халықты бөліп алу табиғатқа жасанды жолмен қиянат көрсету арқылы жүргізілуі мүмкін және ол қайғы-қасіретке әкелуі тиіс - деп жазды.
Сондай-ақ, ресейлік және отандық ғалымдардың еңбектерінде бұл тақырып төңірегінде біршама еңбектер жазылған.
Курстық жұмысытың мақсаты мен міндеттері. Қазақстан республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынастарды сипаттау, оған ғылыми талдау жасау және екі жақты байланыстың перспективасын зерттеу диплом жұмысының мақсаты етіп алынды. Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
- Қазақстан-Қытай арасындағы қарым-қатынастың қазіргі жағдайына талдау жасау;
- Екі жақты байланыстардың мәнін ашу;
- Екі жақты бірлескен жобалардың пайдалы және зиянды жақтарын анықтау, жағдайды нақты сипаттау;
- Екі ел арасындағы қарым-қатнасты (саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, т. б. ) дамытудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыру.
Курстық жұмыстың объектісі мен пәні. Зерттеудің объектісі ретінде Қазақстан-Қытай арасындағы қарым-қатынастар алынды. Зерттеу пәні ретінде екі ел арасындағы саяси, экономикадлық байланыстардың, қарым-қатынастырдың орнауы, дамуы, оған әсер етіп отырған факторлар, екі жақты мүдде, бірлескен ірі жобалар және олардың жай-күйі, пайдасы мен келтірген зардабы т. б. мәселелер қарастырылды.
Курстық жұмыстың эмпирикалық негізі.
- Ресми статистика;
- Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігінің ресми құжаттары;
- Қазақстан Республикасының Халықаралық Келісімдері;
- Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы 2003-2008 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;
- ҚР президентінің жыл сайынғы дәстүрлі халыққа жолдауы.
Курстық жұмыстың құрылымы.
Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, (әрбір бөлім бөлімшелерге бөлінген), қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.
1. Қазақстан-Қытай қарым қатынастарын зерттеудің теориялық- методологиялық мәселелері
1. 1 Қазіргі заманғы геосаясат және Қазақстанның сыртқы сясаты
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттары бірінші кезекте біздің еліміздің географиялық орналасуы және оның ұлттық мүдделері сияқты ұзақ мерзімді сипаты бар факторлардың ықпалымен қалыптасты. Жаңа технологиялардың және ғаламдану процесінің дамуына, планеталық сипаттағы қауіп-қатердің пайда болуына, жаңа экономикалық құрылымның қалыптасуына, аймақтық деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың тереңдеуі мен сан алуандығына байланысты әлемде болып жатқан өзгерістер мұның бәрі мемлекетіміздің сыртқы саясатының бағытына өзгертулер енгізуге мәжбүр етеді, көкейкесті халықаралық проблемаларды шешуге қатысты жедел әрі икемді үн қатуға, осы мәселелерде жаңа көзқарастарды әзірлеуді және іске асыруды талап етеді. Алайда, сыртқы саясаттың негізге алынатын қағидаттары өзгеріссіз қала береді.
Азия мен Еуропаның қиылысындағы геосаяси орналасуы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қазіргі бар экономикалық әлеуеті Қазақстанды ірі аймақтық мемлекет ретінде қалыптастырудың алғышарттары болды, Қазақстан өзара қауіпсіздік, егемеңдікті құрмет тұту, аумақтық тұтастық принциптерімен өзінің төңірегінде тұрақтылық пен ізгі көршілік аймағын қалытастыруға мүдделі.
Екі дуниежүзілік соғыстың және көптеген аймақтық жан-жалдардың Ресейдегі Қазан төңкерісінің, Ирандағы Ислам революциясының, Германиядағы фашизм мен Жапониядағы милитаризмнің пайда болуы мен күйреуінің, отарлық жүйенің кирауы мен социалистік жүйенің ыдырауына куә болған XX ғасыр сапалы жаңа дәуірге өтумен аяқталды. Бұрынғы қалыптасқан таптаурын түсініктердің геоэкономикалық, геосаяси және геостратегиялық жаңа өлшемдердің уақыты келді.
Орталык Азия әлемдік державалардың страгегиялық мүдделерінің түйісу орнына айналды Осыған айғақ ретінде АҚШ мүдделері үшін аймақтардың маңызын атап көрсететін, белгілі американдық, саясаткер 3. Бжезинскийдің төмендегі сөздері мысал бола алады. Геосаясат аймақтык пайымдаудан ғаламдық сипат алу үстінде, бұл бүкіл Еуроазиялық құрлықтан үстем болу - ғаламдық тұрғыдан жетекшілік ету үшін негіз қызметін атқарады. Қазіргі уақытта еуропалық держава болып табылмайтын Құрама Штаттар халықаралық ауқымда жетекшілік етуде, бұл орайда оның билігі Еуразиялық құрлықтын үш перифериялық аймағына тікелей жүреді, осы позиция тұрғысынан ол әлгі аймақтардың ішкі аудандарына орналасқан мемлекетгерге өзінің қуатты ықпалын жүзеге асырады" [3] .
Кез келген мемлекеттің геосаяси жағдайы - саяси күштердің орналасуымен және олардың аумақтық үйлесуімен, сондай-ақ осы факторлардың қоғамның саяси өмірінің кеңістікте ұйымдастырылуының өзара байланысымен белгіленеді. Геосаясаттан дәстүрлі түрде географиялық детерменизм принципін негізге алып, мүмкіндікті айқындауға жағдай жасайтын сыртқы саясаттың құралын көреді. География мемлекеттердің сыртқы саясатындағы анағұрлым іргелі факторы, өйткені ол мейлінше тұрақты, өзгеріссіз сипатымен ерекшеленеді. Минстрлер келеді және кетеді, тіпті диктаторлар да қайтыс болады, ал тау тізбектері өзгеріссіз қалады"-деп жазады американдык геосаясаткер Спайкмен [4] .
Осы заманғы түсініктегі геосаясат - негізінен ұлттык кауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысында халықаралық катынастардағы және сыртқы саясаттағы кисынға байланысты.
Осы мәселеде профессор Чжень Кунь Фудың геосаясатты айқындауы кызығушылық туғызады, ол былай деп жазады: Геосаяси тұрғыдан ойлау өркениеттін гүдденуімен бірге туыңдады және географиялық аумақ пен жұтаң ресурстарға бақылау жасау жолында ғаламдық жарыс тұрғысында дамып отырды" [5] . Оның анықтамасы геосаясатты батыс және қытай өркениеттері қоғамдарымен салғастыруымен қызық. Оның сондай-ақ, "геосаясатты айқындау, оның әдістемесі мен мақсаттары бір елмен екінші елді қатар алып қарағанда айырмашылығымен айрықша кезге түседі . . . Геосаясатқа казіргі уақытта Халыкаралық Валюта Қоры, Дүниежүзілік Банк және БҰҰ сияқты көпұлтты әрі мемлекеттен жоғары тұрған көптеген зaңды тұлғaлap тapтылғaн ,, [6] деген корытындысымен еріксіз келісесіз.
Еуразиялық идеяның негізін салушылар болып табылатын орыс ойшылдары (Н. Трубецкой, Л. Карсавин, Г. Флоренский. Г. Бернадский, Л. Гумилев) Еуразия кеңістігін мекендейтін халықтардың тарихи, географиялық және мәдени бірлігімен органикалық түрде байланысқан Еуразияның құрлықтық бөлігінің ерекше жағдайын атап өтті. Н. Трубецкой: Еуразиялық халықтардың тағдыры бір-бірімен тығыз өріліп жатыр, берік түрде бір үлкен түйінді құрайды, оны енді ажыратып алу мүмкін емес, өйткені осы бірліктен бір халықты бөліп алу табиғатқа жасанды жолмен қиянат көрсету арқылы жүргізілуі мүмкін және ол қайғы-қасіретке әкелуі тиіс [7] - деп жазды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өзінің экономикалық әлеуетін, өзінің геосаяси жағдайын барабар бағалай білу айрықша маңызды болды. Осы істегі қателік Қазакстанның сыртқы саяси бағытына зияңды ыкпал етуі мүмкін еді.
Шынында да егер Қазақстан халықаралық мәселелерде өзінің мәртебесіне сәйкес келмейтін жетекші позиция ұстануға әрекет етсе, кереғар құбылысқа душар болар едік. Сонымен бірге өзінің проблемалары шеңберінде шектеліп қалуды және төңірегінде болып жатқан оқиғаларға енжарлықпен қарауды ақтауға болмайды. Әлемде болып жатқан геосаяси өзгерістерді де ескермесе болмайтын, өйткені олар белгілі бір деңгейде Орталық Азиядағы жағдайға ықпал етіп жатты. Сондыктан Қазаксганның сыртқы саясат тұжырымдамасын әзірлеуде осы факторлардың бәрі де есепке алынды.
1990 жылдары экономикалық саладағы негізгі тенденция жаңа халықаралық экономикалық тәртіпті калыптастыру болды. Осы заманғы технологиялардың дамуы және ақпараттық революция өнеркәсіптің дәстүрлі негізгі салаларының рөлін өзгерткен жаңа өндірістерді құруға әкелді. Таяуда ғана әлемдік шаруашылық байланыстарында еліміздің бәсекелестік позициясын айқындаған табиғи ресурстарға бақылау жасау бірте-бірте өзінің маңызын жоғалта бастады. Ғылыми зерттеулердің, басқару факторларының, банктік-несиелік саланын, сақтандыру ісінің дамуының экономикаға ықпалы елеулі түрде өсті. Жаңа технологиялар әлемдік рынокта анағұрлым өтімді тауар ғана емес, сонымен бірге осы рынокты шұғыл өзгертетін құрылғыға да айналды.
Осы заманғы технологияны игеруді және пайдалануды мұрат тұтқан "азиялық жолбарыстар" орта және жоғары деңгейдегі күрделі өнімдерді өндіруде жетекші индустриалды державалардың бәсекелестеріне айналды.
Кейбір елдердің (мәселен, Жапония) немесе түрлі ұйымдардың (мәселен, Еуропалық Одақ) экономикалық куаты мен олардың саяси ықпалы арасындағы сөйкессіздік уакыт озған сайын елеулі бола түсті. Олардың осы сәйкессіздікті өзгертуге, халықаралық кауіпсіздік жүйесінде өз рөлін күшейтуге, сөйтіп БҰҰ құрылымдарында лайықты орын алуға ұмтылуы табиғи құбылысқа айналуда.
Трансұлттық корпорациялардың қызметі бұрын-соңды болмаған ауқымда өрістеді. Бұл кұбылыс әлемдік рыноктағы бәсекелестіктің күрт шиеленісуімен қатар, мемлекеттердің әлемдік шаруашылық байланыстарындағы рөлін өзгертуге де әкелді. Бұл орайда қаржылық рыноктардың бет алысы ұлттық шекара түріндегі кедергілерді білмейтін, ғаламдық тәртіп факторларымен белгіленеді.
Қаржылық кұйылыстардың ұлғаюы, тауарлар мен кызмет көрсетудің ауқымы мен орын ауыстыруының шапшандығы ретіңде түсіндірілетін ғаламдану - мемлекеттік институттар алдына осы процестерден мейлінше пайда табу және екінші жағынан олар ұлттық экономикаға әкелуі мүмкін қауіп-қатерre қарсы тиімді тікелей жария шараларды қабылдау міндетін қойды. Осы міндетті шешу қажеттілігі халықаралық, ең әуелі аймақтық деңгейдегі экономикалық ынтымақтастықты дамытудың жаңа, қуатты дем берушісі болды. Ғаламдану халықаралық экономикалық және қаржылық құрылымдардың (ХБҚ, Дүкиежүзілік банк және басқалары) экономикалық, дағдарыстарды болдырмау жөніндегі өзінің функцияларын орындауға қабілеттілігі туралы мәселе көтерді. Дағдарысты жағдайларға талдау жасаған кезде олардың ұлттық және аймақтық ерекшелікті ескеру кабілеттілігіне күмән туындай бастады.
Саяси салада халықаралық проблемаларды ғаламдандыру үрдісі байқалады. "Қырғи-қабақ" соғыстың аяқталуы және екі ядролық державаның, сондай-ақ екі қоғамдық-саяси жүйенің текетіресінің келмеске кетуі - принципінде ядролық қаруды таратпау проблемасын шешкен жоқ. Онға жуық жаңа елдер ядролық қаруды иемдену табалдырығында тұр. Экономикалық кауіпсіздік проблемасы ғаламдық сипат алды. Коммуникацияның дамуы қарудык, есірткінің және қаржының заңсыз айналымының ауқымын ұлғайтуға ықпал етті. Ұлттық ше-каралар символикалық функциялар аткаратын жана акпараттық кеңістік калыптасты. Адамзат осы ғаламдық проблемаларды шешудің барабар нысаны мен әдістерін әзірге таба алмай отыр [8] .
Жалпыға бірдей турақтылық пен қауіпсіздікке катер төндіретін аймақтық жанжалдар адамзатың бас ауруына айналды. Кейбір саясаткерлердің пікірі бойынша барлық құрлықтарда дерлік көрініс берген аймақтық соғыстарды жиынтық түрінде үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуы деп қарауға болады. Бұл орайда казіргі жанжалдардың түп тамырында көп жағдайда қандай да бір идеологиялық белгілер жоқ, олардың козғаушы күші негізінен этникалық, діни жане басқа да карама-қайшылықтар болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz