Қазақстан және ядролық қаруды таратпау жөніндегі саясат



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1. Ядролық қарудың пайда болуы және ХХ ғасырдағы жанталаса қарулану үдерісі
. 1.1 Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және ядролық қарулану
үдересі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .777 ... ... ... ... . 7
1.2.Биполярлық кезеңдегі ядролық қаруға қатысты
саясат ... ... ... ... ... ... . 16

2. Қазақстанның ядролық қауіпсіздікке қатысты ұстанымы
мен саясаты
2.1Тәуелсіз Қазақстан және ядролық қауіпсіздік
мәселесі ... ... ... ... .77 ... . 20
2.2Қазақстан және ядролық қаруды таратпау жөніндегі саясат ... ... ... 7...
32

3. Қазақстан және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясатының нәтижесі
және болашағы
3.1Қазақстан және ядролық қарусыз әлем құру
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... . 38
3.2Ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 51

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...

Кіріспе

      Тақырыптың  өзектілігі.  Ядролық қауіпсіздік    мәселесі –
халықаралық және ұлттық қауіпсіздік жүйесінің аса маңызды бөлігі; адам
өміріне, қоғам дамуына қауіп төндіретін, биосфера мен экожүйе жағдайына
орны толмас зардап тигізетін ядролық апаттарды болдырмауды көздейтін әскери
және азаматтық белгідегі ядролық нысандардың жай-күйімен байланысты.
Ядролық державалар клубының бақылаусыз кеңею қатері – ХХІ ғасырдағы аса
көкейкесті проблемалардың бірі. Егер халықаралық қоғамдастық ядролық қаруға
ие мемлекеттер ауқымының кеңеюіне қарсы саяси күш-жігер таныта алмайтын
болса, оның салдарлары үлкен ауыртпалықтарға алып келуі әбден мүмкін.
     Ядролық қаруды таратпау саласындағы  бүгінгі ахуал көңілдегіден көп
төмен жатыр. Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім (ЯҚТШ) өзіне артқан
сенімді ақтай алмай отыр. Өйткені, ол асимметриялы болып табылады және
ядролық қаруы жоқ елдерге қатысты санкцияларды ғана қарастырады. Ол МАГАТЭ
мен БҰҰ-ның мемлекеттердің ядролық нысандарға халықаралық инспекторлардың
жіберілуінен ауытқу фактілеріне нақты да түсінікті ықпал ету тетіктеріне ие
емес. Ақыр аяғында ЯҚТШ өзінің қатысушыларына қол қоюшылар қатарынан
ешқандай салдарсыз шығып кетуіне мүмкіндік береді. Осы жағдайлардың барлығы
келісімнің тиімділігі мен нақтылығын әлсіретіп отыр [1,652б.].
     Сондықтан, ЯҚТШ-нің әмбебап режімін нығайтуға  және бекемдеуге
ықпал ете отырып, Қазақстан сонымен бір мезгілде ядролық қаруды таратпаудың
жалпыға ортақ горизонтальды және вертикальды жаңа да әмбебап келісімін
жасау идеясын алға тартты. Аталған құжат “қосарланған стандарттарды”
қолданбауға кепілдік беруі тиіс. Сонымен қатар, тараптардың нақты
міндеттемелерін және оның ережелерін бұзғандарға санкция қолдану тетіктерін
қарастыруы қажет.
     Сонымен бірге, біз таратпау режімін бекемдеу жолында маңызды кезең
бола алатын әскери мақсаттағы тұтандырушы материалдарға тыйым салу
жөніндегі келісімді тезірек қабылдау қажеттігіне сенімдіміз.
     Әлемде  бүгінде тұтандырушы материалдар  екі мың тонна төңірегінде
артық жинақталғанын қаперге сала кеткеннің артықтығы жоқ. Олар әскер
жүйесінде пайдаланылып отырған жоқ, бірақ ядролық жарылғыш құрылғылар
дайындауға әбден жарайды [1,653б.].
       Ядролық қару – жалпы адамзаттың соры десек, ядролық полигондар –20
ғасырдағы ең ауыр қасіреті болды. Өйткені, атомдық ядролық жарылыстар бүкіл
бір аймақтың қоршаған ортасы мен табиғи генофонына, адамдардың геніне әсер
етіп, қалыпты мөлшерден әлдеқайда жоғары радиоактивті заттар мен рентген
сәулелері тіршілік атаулыға қауіп-қатер әкеліп, өте зиянды радионуклидтер
тірі клеткаларға генетикалық өзгерістер туғызды. Бұған дейін жеті атасына
шейін қыз алыспай, қан тазалығын сақтап келген елдің топырағында түрінен
адам қорқатын құбыжық нәрестелер дүниеге келе бастады. Әлемнің көптеген
аймақтарында ересектер ауруы мен балалар өлімінің саны көбейіп, жалпы өмір
сүру жасының ұзақтығы қысқарды. Сол кездегі белгілі оқымыстылар мен
саясатшылардың, қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың пікірлері бойынша
экологиялық жағдай күрделі нүктесіне, ең жоғарғы деңгейіне жеткен [2].   
Қазақстанның бұл орайдағы қадамдары халықаралық ахуалды оңды
өзгертуге және Ядролық қаруды таратпау туралы шартты жүзеге асыру ісіне
қосылатын нақ-ты үлес болмақ. Өйткені, біздің экономикалық жағынан қуатты
және саяси салмағы бар еліміз алғашқы болып ядролық қарудан өз еркімен бас
тартты. Бұл акті арқылы Қазақстан халық-аралық қоғамдастыққа өзінің сыртқы
саясатының ашықтығын, зомбылықтан және әскери қауіптен бейбітшілікті
жақтайтынынын көрсетті.
Баршаға белгілі, қазақ жері жарты ғасыр бойы осы алапат қарудың сұмдығын
басынан кешірді. Қазақстан аумағында 456 ядролық және термоядролық
жарылыстар жасалды, бұл ядролық зарядтардың жиынтық қуаты 1945 жылы
Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе асып түседі. Елу
жылға таяу уақыт қазақ жерін дүр сілкіндірген ядролық сынақтар халықтың
денсаулығына және қоршаған ортаға орасан зор зиян келтірді. Мамандардың
бағалауынша, топырақтың өнімді әлеуетін қайтадан қалпына келтіру үшін
кемінде 300 жыл уақыт қажет көрінеді.
Қазақстан тәуелсіздік алған сәтте әлемдегі ең ірі ядролық держава
болуға мүмкіндігі бар еді, өйткені, республикада қуаты жағынан әлемдегі
төртінші ядролық арсенал мұраға қалған болатын. Қазақстанда құрлықаралық
баллистикалық зымырандарға арналған 1216 оқтұмсық және ауыр бомбардирлердің
зарядтары, жаппай қырып-жоятын заманауи құрал-жабдықтармен жарақтанған
ядролық стратегиялық күштер кешені болды. Ядролық арсеналда сонымен қатар
1400 ядролық оқтұмсықты стратегиялық 104 Р-36М зымырандары сақадай сай
тұрды. Қазақстанда, сонымен қатар, құрлықаралық зымырандарды ұшыратын 148
шахталық қондырғылар шоғырланды, сондай-ақ, ауыр МБР СС-18 оқ-зарядтардың
үштен бірі, Байқоңыр ғарыш айлағында баллистикалық зымырандарды сынақтан
өткізетін маңызды нысандар жұмыс істеп тұрды. Сонымен қатар, Қазақстанда өз
ядролық қаруын жасауға қажетті барлық ғылыми-зерттеу, өндіру және өндіріс
инфрақұрылымы болды [2].
Осы ретте Қазақстанның халықаралық аренада ядролық қауіпсіздікті
қамтамасыз етудегі саясатын, әлемдегі ядролық қауіпсіздік мәселесін
зерттеу, баға беру қазіргі ядролық қарама –қайшылық орын алып отырған
заманда өзекті екендігі сөзсіз және жан – жақты зерттеуді қажет ететін
мәселелердің бірі деп пайымдауға негіз бар.
     Зерттеудің  мақсаты:  қазіргі өркениеттегі әлемдік проблеммалардың
бірі ядролық қауіпсіздік мәселесіне қатысты Қазақстанның ұстанымы мен
 бағытын, саясатын зерделеу.    
Зерттеудің  міндеттері: Дипломдық жұмыстың мақсатына байланысты,
келесідей міндеттер айқындалды:
• Ядролық қарудың пайда болу себебін анықтау және ХХ ғарсырда қарулану
үдерісін талдау;
• Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және ядролық қарудың пайда болу
үдерісін жүйелі түрде сипаттау;
• Қазақстанның ядролық қаруға қатысты ұстанымы мен бағытын талдау;
Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жолындағы ұсыныстары мен саясатын
жан – жақты ашып көрсету;
• Ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы жүзеге асырылып жатқан
шараларды талдау;
• Қазіргі кездегі ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нәтижесін
қорытындылау және болашағын болжау;
Зерттеудің  объектісі: Ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде
Қазақстанның  ядролық   қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы саясаты.
Зерттеу пәні: Әлемдік ядролық қауіпсіздік саясаты мен Кеңес
Одағынан бастап қазіргі уақытқа дейін ядролық қауіпсіздіктің экономикалық,
экологиялық, құқықтық мәселелері және Қазақстан ұстанымы.
Зерттеудің деректік негізінде аталған зерттеудің мақсаты мен
міндетін жүзеге асыру үшін барлық мемлекеттерге ортақ жалпыға бірдей
ядролық қарусыз әлем декларациясы, 1968 жылғы Ядролық қаруды таратпау
туралы Шарт, 1981 жылғы ядролық зілзалалдарды болдырмау жөніндегі
декларация, 1986 жылғы ядролық немесе радияциялық апат жағдайы кезіндегі
көмек көрсету конвенциясы,1994 жылғы ядролық қауіпсіздік жөніндегі
конвенция, 1997 жылғы ядролық зақым үшін азаматтық жауапкершілік жөніндегі
Вена конвенциясы мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1540 қарары сонымен қатар,
Ядролық терроризм актiлерiмен күрес туралы халықаралық конвенция, 2006
жылғы Орталық Азия аймағын ядролық қарусыз аймақ деп жариялаған Шарт
қарастырылды.
      Тақырыптың зерттелу  деңгейі: Әлемдегі ядролық қауіпсіздік мәселесі
қазіргі халықаралық қатынастағы ең өзекті мәселе болып тұрғандықтан
қазақстан ғылымында біршама зерттеліп келеді. Тақырып бойынша зерттеу
жүргізу барысында ең алдымен ядролық қауіпсіздік бағытында тынбай сындарлы
саясат жүргізіп келе жатқан Елбасының еңбектерінің маңызы зор болды.
Н.Ә.Назарбаевтың Сындарлы он жыл, Ғасырлар тоғысында, Бейбітшілік
кіндігі атты еңбектері мен баспасөзде жарық көрген мақалалары зертеу
жүргізуде деректік негіз болды десек артық емес. Бұл еңбектерде
Қазақстанның ел қауіпсіздігі үшін ядролық қарудан бас тартып, ядролық
қарусыз әлем құру жолындағы ұстанымдары мен саясаты айқындалған. Сонымен
қатар К.Тоқаевтың еңбектерінің де ядролық қауіпсіздік мәселелсін толық ашып
көрсетуге себеп болды. А.Арыстанбекова, Е.Ертысбаев т.б. еңбектерінің де
ядролық қауіпсіздік жолындағы Қазақстанның саясатын ашып көрсетуге көмегі
болды.
Қазіргі кезеңдегі ядролық қаруларды қысқарту және ядролық терроризмді
болдырмау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша қазақстандық
зерттеушілердің, атап айтқанда Қ.Көпжасаров, С.Ахметов, М.Қыдырұлы,
С.Әмірбек ұлы т.б. мақалалары кеңнен қолданылды.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері: Дипломдық
жұмысты жазу барысында құжаттарды зерттеу, талдау және салыстыру,
қорытындылау әдістері пайдаланылды. Ядролық қауіпсіздік мәселесін талдауда
атақты саяси тұлғалардың еңбектері, жазған мақалалары қарастырылып,
олардың көзқарастары мен ұстанымдары ескеріліп, когнитивті әдіс
қолданылды.
Тәжірибелік маңыздылығы: Зерттеліп отырған тақырып бүгінгі күннің
өзекті мәселесі болғандықтан, зерттеудің нәтижелері мен қорытындылары
қазіргі кездегі халықаралық қатынастар мамандары мен саясаттанушылар үшін
кең қолданыстық маңызға ие.
   Жұмыстың  құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш
тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.    
 

1.Ядролық қарудың пайда болуы және ХХ ғасырдағы жанталаса қарулану
үдерісі

1.1 Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және ядролық қарулану
үдерісі

Әлем   ғасырдың   екі  ғаламат    оқиғасының – ядролық   
қаруды   игеру    мен  космостық   кеңістікке     шығу    секілді   
тарихи     оқиғалардың  куәсі.   Ол  ұлы    державалар     үшін   
қуаныш    болса,   халқы    үшін   қасірет    еді.
Кейінгі     жарты   ғасыр    бойы    әлем  өміріне     қауіп    
төндіріп     келе    жатқан    ядролық     қарудың      көзін    құрту   
барлық      халықтардың    арманы    болып  отыр.   Жойқын     қаруды  
1945   жылы      бірінші     болып     сынаған    да,   сонан   соң   
жауына     қарсы     жұмсаған    да    АҚШ   еді.   Бірақ  атом   
бомбасына      АҚШ-тың    монополиясы   көпке     созылмады.          КСРО-
ның    да    қол    жетіп,     екі    мемлекет    арасында   жанталаса    
қарулану      жолында   егес-бәсеке   басталып      жүре   берді.  Осы  
мақсатта     атқарылмаған    іс    қалмады.   Ең   алдымен,  сынақ  
полигонын    дамытуға     мән    берілді.  Оған    қоса,   осы  
саладағы    жұмыстар      тек   құпия    түрде     жүргізілді.  Бұрынғы    
Кеңес     Одағының    ядролық     жиынтығына  700 000     тұрғыны    бар  
10   жабық    ядролық     қала    қараған    екен.  Ол  салада    1  млн.  
астам    жұмысшылар      қызмет    атқарған[3].
Деректерге   сүйенсек,   әлемде    2044    ядролық      жарылыс   
өткізіліпті,   оның    513-і   атмосферада.   Соның     52,7  проценті  АҚШ-
та,   35  проценті    бұрынғы    КСРО-да,  8,8   проценті     Францияда,  2
проценті   Ұлыбританияда    және   1,6   проценті     Қытайдың  
Қазақстанмен    шектес     Лобнор    полигонында    болған. 1975    жылы   
жердің    астында    ядролық  қаруға  сынау     жасалып, 1960жылдан   
бастап    уран    алу    жұмыстары    жүргізілген.    Жарылыстан     
кейін  жердің     бетінде    ойдым-ойдымдар      пайда   болған. Ядролық
қарудың жасалуы ХХ ғасырдағы ядролық физиканың дамуымен байланысты болды.
ХХ ғасырдың 40-жылдарының бас кезінде АҚШ ғалымдарының тобы ядролық
жарылысты жүзеге асырудың физика қағидаларын дайындады.Егер халықаралық
қоғамдастық ядролық қаруға ие мемлекеттер ауқымының кеңеюіне қарсы саяси
күш-жігер таныта алмайтын болса, оның салдарлары үлкен ауыртпалықтарға алып
келуі әбден мүмкін.
АҚШ өз ядролық қаруын 40-шы жылдардың соңында өсiп жетiлдiре бастап, 50-
шi жылдардың басында Еуропаға Сталин әскерлерiнiң шабуылына КСРОға қарсы
жауапқа ядролық қаруды қолдануды ойлады. Олар демек, ұлғаймалы ядролық
баяулатуды бұл тұжырымдамаларды бастапқы мiне тәубеге келдi. Және тек қана
КСРОға өз ядролық қаруын жасаған болғандасы сонан соң американдықтар
ядролық баяулатуды түсiну екпiн тарлау қайта орнықтырды бұл АҚШтағы ядролық
шабуылдың сақтап қалуын аспабы және олардың одақтастары. Бұл турасында
басқа елдер, онда және олардың көпшiлiктерi ол дасы ұлғаймалы ядролық
баяулату үшiн ядролық қару бастапқы құрды. Мысалы, Франция және Ұлыбритания
өз ядролық қаруы ядролық қаруды қолдануы бар кеңес одағының шабуылын
баяулату үшiн сол үшiн емес жасады, бiрақ тек қана кәдiмгi құралдардың
қолдануы бар шабуылын баяулату үшiн әлi және сол үшiн. Ұлғаймалы ядролық
баяулату үшiн демек бастапқы. Сол тәрiздi Израильге жатады. Израиль өз
ядролық қаруын жасады, өйткенi ол араб мемлекеттерi белдеулейдi және ол
болады жүрiсте кезектi таяу шығыс соғыстың жоюын қырлағанда және өзiн жоюға
мүмкiндiк бермеу үшiн ядролық қару қолдандыра алғанда момент басталатынын
қорықты. Және сондықтан Израиль ұлғаймалы баяулату үшiн өз ядролық қаруы
бастапқы қолданды, тар баяулату үшiн емес. Ұлғаймалы баяулату айла бiр
жасырын жұмбағады, өйткенi ол бiрiншi ядролық соққы ойлайды. Соғыс мүмкiн
демеуге шақырылған ядролық баяулату мұндай ахуалдарда демек ядролық соғысты
керiсiнше шешедi, бiрiншi соққы өйткенi ойлайды [3].
      Елдің ядролық бағдарламасын іске асыру 1954 жылы Францияның
Вьетнамдағы жеңілісінен кейін басталған. 1958 жылғы маусымда Шарль де Голль
билікке келгеннен кейін АҚШ-тың одақтастық кепілдіктеріне күмән келтіріп,
атом бомбасын өз беттерімен жасауға кіріскен.
     Африкадағы Алжир елінің аумағы на орналасқан Регган оазисінде 1957 жы-
лы  үш жылдың ішінде 10 мың адам  тұратын қалашық және ғылыми-зерттеу  
кешені салынған. Құрылыс 100 млрд. франкке түскен. Алғашқы сынақ осы
полигонда 1960 жылғы 13 ақпанда жасалған. Кейіннен Париждегі орталық
билікке қарсы көтерілген француз бүлікшілерінің қолына атом қаруы түспесін
деп, 1961 жылғы сәуірде сынақ алаңын жаруға тура келген. Сөйтіп Алжирдің
оңтүстік бөлігінен алғашқы полигоннан 560 шақырым жердегі Хоггар гранитті
үстіртінде екінші полигон салынып, ол 1966 жылға дейін пайдаланылған. Мұнда
13 жарылыс жасалған. 1962 жылы Алжир тәуелсіздік алған соң полигонды жаңа
орынға, Муруроа атолына көшіруге тура келген. КСРО, АҚШ пен Ұлыбритания
1990-1992 жылдардан бастап ядролық сынақтарға жариялаған мораторийге
Франция 1996 жылы ғана қосылған. Сөйтіп, 1960-1996 жылдарда Сахарада және
Полинезияда барлығы 210 ядролық сынақ жүргізген, соның 181-і Муруроада
жасалған.
   Франция 1996 жылы жерде орналасқан ортақ қашықтықтағы баллистикалық
зымырандардан және жерде орналасқан тактикалық ядролық қарулардан бас
тартты. Болашақта бұл ел сүңгуір қайықтардың баллистикалық зымырандарын
ғана сақтап қалмақ. Қазіргі кезде сүңгуір қайықтардағы 384 стратегиялық
оқтұмсықтардан басқа авиациялық тактикалық ядролық қарудың 80 бірлігі
бар[4].
     Британия  үшiн Жаңа старт құжат ол көлеңкеленген
(оппозиция партиясының мүшесiмен  яғни, дайын оның өкiметке партиясының 
кiрiстiң жағдайында үкiметтегi тиiстi орын алу) сыртқы iстер
министр болғанда мерзiмге Р.Кук iстеп шығылған өтiнiштiң 
ертелеуiнен кейiн пайда болды. Бұл өтiнiштер бағдарламаны тұрды 
ядролық қаруды таратпау туралы шарт күшiнiң мерзiмдi ұзартуын арнаулы 
сұраққа лейбористiк үкiмет 1995 жылдың конференциясындағы нью-
йоргiнде көрсетуi керек болатын он пункт. Британия үшiн Жаңа
старт құжат болатын  бағдарламаларға жағдайларға қосымша   ретiнде он
пункт келесi шараларға  кiрiсуге ұсынды:
    - ((Nuclear Weapons Register ), БҰҰ-ның құзырымен бар болар еді)
ядролық қару-жарақтардың тізілімі өз қорларының ұшырайтын тексеруінде
туралы жариялау тиісті ядролық қарумен жариялау тиісті ие болатын елдер
ядролық қару-жарақтарының тізілімінің жасалуы;
- аймақтық аймақтар еркін (Ұлыбритания қауіпсіздігінің мүдделеріне
лейборист білдіретін пікірге сәйкес мұндай аймақтарды жасауды мадақтауы
қызмет көрсетеді оған жаратпау өрнек емес) ядролық қарулардан жасау;
- (ядролық қаруға ие болатын елдердің әрқайсысыларының қарусыздануына
сөйлеуші күштерінің сүйемелдеуін мақсатпен бұл елдің шарасы ядролық қаруды
таратпау туралы VI келісімшартының бап шығатын өз міндеттемелерінің
орындауы үшін іске асыратын туралы жүйелі баяндамаларды БҰҰ Бас хатшысына
ұсыну) БҰҰ ұсынатын қарусызданулар туралы жүйелі баяндамаларды әзірлеу және
өткізу [4].
      Соңғы парламенттiк Ұлыбритания таңдаулары ның  жағдайынан
 ядролық сынауларды тегiс  қамтитын тыйым туралы келiсiм шартын бекiттi
және ағылшын үкiметiнiң ұстанымындағы өрлеудiң бөлiнетiн (Fissile Materials
Cut - Convention Оff) материалдарының өндiрiсiнiң  тоқтатылуы туралы
конвенцияның қатынасында  дегенмен 1998 жылдың сәуiрiндегi өз бекiту
грамоталары сақтауға тапсырғаны осыған  дейiн байқалмады. 
Ядролық Үндістан доктринасы жұмбақты бiр есептен болады. Барлық
талпыныстар неткенмен көп емес Үндістан бойынша жиырма артық жылдармен
бойыда ядролық мәртебеден ядролық зарядтың 1974 бiрiншi жылындағы сынауынан
кейiн iркiлетiн себеп түсiне алды 1998 Үндістан жылында ядролық қаруы бар
мемлекет болуға ресми шешкен түсiндiру. Керiсiнше, сынағыштық жиi үндi
халық партиясының керiтартпа ұлтшылдығының сол кезде коалициялық үкiмет
басшылық еткен саясаты бар 1998 жылының ядролық сынауларын өткiзулердi
ұластырады. Ядролық потенциалдың жасауы үшiн мүмкiндiк дегенмен 1974 жылда,
И.Ганди, үндi ұлттық конгрессiнiң партияның жетекшiсiнiң басқарудың
егделерi Индиямен әлi салған. - жылданың соңында 1980-шiсi Р.Гандидың
басшылығымен партиялар сонымен бiрге жатқан бiрiншi ядролық бомбаны
жасалды. Ендiгәрi ядролық потенциалға әртүрлi саяси партия танысқан келесi
үкiметтердiң сол үндi ұлттық конгрессiнен бiртiндеп дамыды. Үндістан мен
Қытайдың әсерлесуi ядролық көршiсi бар қатынас тексеруге көрсетедi.
Аналитиктер осы арақатынастарды маңыздылықты жиi мақұлдай алмау. Үндістан
бәсекелестiгi және Қытай терең түбiрлерi болады, көпшiлiгiнде ұқсас
Үндістан қатынастары және Пәкістан. Өздерi бар Қытай сол Үндістандағы Яосы
таратуды дәлелдеген алғашқы фактор болды. Күдiк және сенiмсiздiк, дәл
осылай сонымен қатар шекаралардың бас шешiлмеген мәселелерi 1962 жылдың
соғыстарынан кейiн аман сақталды. Уақыты бар шекарада кернеулi қатынастар
азды. Ең үлкен егес 1986 1987 жылда 2003 жылдағы солтүстiк-шығыс Индия және
сол облыстасында Самдуронгтi Жазықтықта байқалды, бiрақ тағы басқа
жағдайлар бұл саяси келiссөздердiң кернеулi қатынастарынан кейiн асылданды.
Шекаралардың мәселесi және Индия қатынасы және Қытайдың ядролық және ракета
Пәкістан бағдарламаларының Қытай қолдау шақырылған Индия абыржуы
шешiлмегенге қарамастан едәуiр жақсарды, сауда әсiресе кеңейтудiң арқасында
[5].
Қарумен де, кәдiмгi тағайындаудың айтарлықтай 
аса басым түсетiн күштерiмен  де Пәкістан билеушi топтарын стратегиялық
ниетке сәйкес, мақсат тұттың бұл елiнiң  ядролық бағдарламасы жақтан бас 
тарихи жаудың әскери-саяси байбаламын бейтарап қалдырсын - Индия,
орналасқан қырылысу. Бұл, қатысудан тысқары ядролық қару-жарақ қоймасының
исламабадында бұл елдiң халықаралық мәртебесi, бауырлас ислам
мемлекеттерiнiң арасында объективтi түрде жоғарылатады. Саяси Пәкістан
басқаруын өзгерiссiз асты сызылады: бұл елiнiң ядролық доктринасы өздiң өз
тууiнен тек қана бiрiккен бағытталғандықты алады.Пәкістандық
ядролық бағдарламаның тарихи басымен  салдармен мемлекет және Халық 
Бангладеш  республикасының оның бұрынғы шығыс 
бөлiгiнiң аумағындағы бiлiмiн ыдыра туға  алған Индияға қарсы соғыстағы 
ұтылу iзiнше сол Омға күштердi Индия  баяулатуы туралы саяси шешiм 
қабылдауында 1972 жылдың қаңтары санауға  қабылдаған. Ядролық Пәкістан
бағдарламасы жағдай жасайтын импульс 1974 жылдағы атом Индия зарядының
сынауы осыдан кейiн алды, 1970-шi жылдардың екiншi жартысында қиын жағдай
кадир Әбдiл көпшiлiгiнде қызметке қатысты оның дамытуларын түбегейлi үдеу
байқалды. Шеткiсi Германияда жаратылыстану-ғылыми бiлiм алды, уранның
сөндiруiнiң технологияларымен жақын танысқандығынан Нидерландтардағы өз
теориялық бiлiмдерi және жаттығу дағдылары кешiрек тереңдеттi. А.К.ханды
1975 жылда Пәкістанға қайтып келдi, жыл ендi уранның сөндiруi бойынша
белсендi жұмыстар елде кейiн басталды. Батыс сарапшыларының бағалары
бойынша, Батыс сарапшыларын бекiтетiн Ядролық Пәкістан бағдарламасы Сауд
аравиямен жартылай қаржыландырады; соңғысы Пәкістандық қару-жарақ қоймасын
қарайды бұл Иранға қарсы ядролық қалқан. Қару-жарақ қоймасы нақ сол, жуық
шамамен бағалар бойынша, мақсаттарға немесе орташа алыстықтың
зымырандарымен жеткiзе алатын 60-100 ядролық боезарядтардан немесе
американдық өндiрiс F-16ның ұшақтарында құрастырады тұрады. Өздерiнiң
боезарядтары және олардың жеткiзуiн құрал елдiң барлық аумағы,
топырақтармен күштi сақталатын олар арналған бытыратып орналастырған [5].
 Ядролық қауіпсіздік жарты ғасырдан астам  уақыт бойы әлем
назарында ең күрделі, ең қатерлі мәселе болуда. Көп жылдар оның
шешімін іздестіруге әлем жұртшылығы қатысып келген. Қырғи қабақ соғыс 
кезіндегі бәсекелестікте бес алып мемлекеттің қолында бүкіл адамзатты  
жоюға шамалы қару қорлары шоғырланған. Тек ядролық сынақтардың өзі  өмірге
шексіз қауіп төндіргені белгілі. Әлемде 2025 сынақ жүргізілген қазақ 
халқындай азап шеккен бірде-бір  халық болмағанын атасақ артық болмас.
Аты шулы Семей полигонында 500-ге жуық атом, сутегі бомбалары сыналып,
олардың саны барлық сынақтардың  ¼-ін құраған, ал қауқары жағынан  Хиросима
мен Нагасакидегі жарылыстардан 40 мың есе асып түскенін Ресей ресми
мәліметтері жобалайды. КСРО-ның ядролық зобалаңынан 1 млн. қазақ халқы
шейіт болып, осы күндері 0,5 млн адам неше түрлі ауру-сырқатқа шалдығуда.
Туылған сәбилер арасында адам көрмеген, естімеген, ойламаған хайуан
сияқтылары да кездесуде. Сондықтан ядролық мәселе көтерілгенде Қазақстан
жұрты неғұрлым жағдайда тұра алмайды. Ол қаруды жоюға біздің ел 1992 жылы
қолындағы 1150 ядролық оқ тұмсықтан бас тартып, өзін ядролық қарусыз
мемлекет деп жариялауы да әлемді толғатқан. Өйткені сол күш біздің елді
дүние жүзіндегі 4-ші орынға шығарған болатын. Ал кейінгі он жылда Иран
елінің ядролық бағдарламасы халықаралық сахнада дау туғызып, аймақтағы
тыныштыққа өз әсерін тигізуде. Ол туралы, әсіресе АҚШ және Израиль тарапы
дүркін-дүркін Иранды бомбалау керектігін дәлелдеп келді. Олар жақын арада
Иран атом қаруын игеріп, басқа елдерге қарсы қолданудан тайынбайды-мыс
деген мәліметтерді таратып, Орталық Азия, Парсы шығанағындағы елдерді
шошындырды. Дж. Буш бастаған Вашингтон әкімшілігі кейінгі 4-5 жыл ішінде
неше рет осы мәселені БҰҰ ҚК талқыға салғызып, 3 қарар қабылдатқызған.
Иранның Бушердегі атом электр станциясын салғызуын, оған жарамды уранды
байытуға арналған жабдықтарды іске қосуын атом қаруын жасауға бағытталған
жоспар деп Тегеранды кінәлаған. Иранға Халықаралық атом қуатына қатысты
агенттігінің (МАГАТЭ) өкілдерін  жібергізіп, бақылау шараларын да
жүргізген. Олар көптеген орталықтарды тексеріп, қазіргі кезде ядролық қару
жасауға кіріспегені, керек болса шамасыздығы да ескерілмеген. Ол туралы
МАГАТЭ  басындағы М. Бараден бірнеше рет мәлімдеген [6]
      Иран  болса ядролық ізденістерді 40 жылдан астам бұрын бастаған еді.
1950 жылдары  ол бағытта АҚШ, КСРО, Ұлыбритания, Франция  сияқты
елдер өздеріне дос болғандарға  осы салада зерттеу жүргізуге  көмектескен.
КСРО-ның ынтымақтасуымен  ядролық реакторлар Қытайда, Солтүстік  Кореяда,
басқа социалистік және дамушы мемлекеттерде салынған. Дубно 
қаласында олардың мамандары даярлан ған.
Иран үкіметімен АҚШ 1957жылы ядролық қуатты бейбіт мақсаттарда
қолдану туралы келісімшарт жасасқан болатын. Содан кейін Америкадан Иранға
қажетті ядролық жабдықтар жеткізіліп, оларды игеретін мамандар жіберілген.
Иран жастары мен ғалымдары АҚШ-тың оқу орындарында, арнайы зерттеу
орталықтарында тәжірибе алуға мүмкіндігі болды.Алғашқы кезде оған жарамды
шикізатты Аргентина жіберіп тұрған. Бұл іс-шаралар МАГАТЭ бақылауында
болып, заңды түрде жүргізіліп жатты.
     Иран 1968 ж. өмірге келген ядролық қаруды таратпау шартын қолдап,
мәжілісте  ратификация-лады. 1974 ж. мамырда Иранның 
ядролық зерттеулері бейбіт бағытта  болуын мойындай, МАГАТЭ кепілдік
келісімге  қол қойды. Иран атом электр станцияларын (АЭС) салу арқылы
ядролық қуатын пайдалануды  ойластырған. Алғашқы кезекте Батыс  Германия,
Франция, сондай-ақ АҚШ фирмалары  оған атсалысқан. АЭС жұмыс істеу  үшін
байытылған уран қажет, елде оны  өңдеу де қарастырылған. Алғашқы 
бағдарлама бойынша Иранда 20-дан  астам энергоблок салу көзделген. Үкімет
тұсында атом қуаты бойынша арнайы орган құрылып, оған уран қорларын
іздестіру, ядролық отын өндіру мәселелерін  жүктеген. АҚШ бастаған бір топ 
Батыс елдерінің компаниялары Бушерде  және Азвазда екі-екіден төрт
энергоблок құруға кірісіп, оларды 1980-1981 жж. және 1983-1984 жж. аяқтауды
жоспарлаған. Аталған құрылыстар қыза түскенде Иран халқы сатқын шаһ 
билігін құлатып, елде жаңа тәртіп орнатты. Ұлттық мүддені алға
тартқан күштер өкіметті қолға алды. Оның саясаты  АҚШ-қа мүлдем ұнамады.
Батыс елдері Иранмен ынтымақтастығын үзуге  кірісті. Шеттен келген мамандар
кетіп  қалды. Бушер түбіндегі бірінші  энергоблоктың дайындығы - 90%, онда
орнатылған жабдық көлемі - 60%, ал екіншісі 40-75%-ға дейін  дайын болған
еді. Олар аяқтаусыз  қалды. Ал 1980 ж. күзде Ирак Иранға қарсы  соғыс ашып,
ядролық кешендерді бомбалай тастады. Сегіз жылға соғыс кезінде  Иран
басшылығы қазіргі кездегі  қару-жараққа ие болуды өзекті мәселе
ретінде қарастыруға барған. Содан  бері зымырандарды игеруге қол жеткізді.
Аймақтағы Израиль 1970 жылдары, Үндістан мен Пәкістан 1990 жж. атом
бомбаларын иеленгені бұл елге өз әсерін тигізбей қоймаған,
әрине Парсы шығанағында  орныққан АҚШ әскери базалары мен  жүздеген
мың әскери бөлімшелері  де Иранды сескендіріп тұрғаны белгілі. Бұл жағдай
1991 ж. Ирактық Кувейтке қарсы шабуылынан кейін одан әрі  қарай шиеленісіп
кеткен. Батыс елдері Иракты тырп еткізбей ұстап, анда-санда 
оны жазалап тұруы бүкіл Таяу және Орта Шығысты үрейлендірді [7].
      Соғыс біткенше ядролық бағдарлама қолға  алынбаған. Тек 1990
жылдары Иран КСРО-мен, Солтүстік Кореямен, Қытаймен, Үндістанмен,
т.б елдермен келіссөздер жүргізіп, ядролық құрылыс-тарды қайта жанданд ыруға
кіріскен. Әрине, ол оңайлыққа түскен жоқ. Бірақ бос қалған нарыққа 
қызығушылық білдіргендер де табылған. Сонда да неше түрлі тосқауылдарды
реттеу үшін бірнеше жылдар өткен еді. Тек 1990 жылдардың аяғында Иран-Ресей
арнайы келісіміне барып, құрылысты жалғастыру істері ұйымдастырылдыXX
ғасырдың бірінші ширегінде әлемдегі   ұлы державалар арасында қару-жарақ 
бәсекелестігі орнаған болатын. 
Алғашқы ядролық қаруды жасау  мен сынаудағы бестік мемлекеттер:
1945 жылы Америка Құрама Штаттары, 1949 жылы Кеңес Одағы, 1952 жылы
Ұлыбритания, 1960 жылы Франция, 1964 ж. Қытай Халық Республикасы. Ядролық
қарудың пайда болғанынан бастап әлемдегі ядролық қаруы жоқ мемлекеттерге
саясатта өз өктемдігін жүргізе бастады. Ядролық державалардың мұндай
әрекеті мемлекеттер арасында тұрақсыздық тудыратыны анық еді. Осы аталған
елдер Халықаралық Атом энергетикасы агенттігінің (МАГАТЭ) бақылауымен 1967
жылы 1 маусымда Венада Ядролық қаруды таратпау шартына (ЯҚТШ) қол қойды.
Ядролық қаруды таратпау келісімшартының келесі тармағының IV бабына сәйкес
ядролық қаруы жоқ мемлекеттерге Бейбітшілік мақсатта ядролық энергияны
өндіруге, пайдалануға, зерттеуге құқылы екендігін жеткізді. ЯҚТКШ-ның
кейбір тарауларына келіспеушілігін білдірген бірнеше мемлекеттер келісім-
шарттың ұлттық алалау сыңайларының барын атап өтті. Үндістан, Пәкістан,
Израиль, ОАР және Бразилия өздерінің ядролық қаруларын жасауды бастады [7].
ХХ ғ. 80-жылдарында ОАР мен Бразилия өзінің ядролық арсеналын
жойды. Алғашқы бес ядролық алпауыт мемлекеттер кейінгі мемлекеттердің
ядролық қару жасау әрекетіне кедергі бола алмады. Олар өздерінің ядролық
зерттеу жұмыстарын ЯҚТКШ-ның негізінде жүргізді. Ядролық державалардың
ішіндегі әлемдегі алғашқы АЭС-тің негізін қалаған Кеңес Одағының ғылымға
қосқан жаңалығы ядролық технологияның жетістігінде әскери және саяси,
бейбітшілік маңызы жағынан әлемдегі елдердің қызығушылығын тудыратыны анық
еді. Келісімшарт негізінде Кеңес Одағының жетпіс жылдық билігінен кейін,
кеңестік билігіндегі мемлекеттер өз егемендігін алып, шет мемлекеттермен
байланысын жаңа тұрпатта жүргізе бастады. Әлемді дүр сілкіндіріп, дүрбелең
дүниені діңгегінен ұстаған Кеңес үкіметі өз құдіретінен айырылды десек
болар еді, бірақ Ресей Федерациясы өзінің ықпалын Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығында (ТМД) жоғалтпады. Әлемдік саясаттағы дағдарыстың ықпалы
көптеген елдермен бейбітшілік тұрғыда қарым-қатынасты шешті деп айта
алмаймыз. Кеңес Одағының ыдырауы бақталас державаның бірі АҚШ және Еуропа
мемлекеттері үшін үлкен жеңіс болды. АҚШ-тың Таяу Шығысқа және Орта Азияға
ықпал етуіне кедергілер болмады. Америка Құрама Штаттары мен Еуропа
мемлекеттері үшін Иран Ислам Республикасының Ресей Федерациясымен  уран
өндіру және атом электр станциясын (АЭС) қолға алуы үлкен қобалжулар
тудыруда. Иран Ислам Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы
ядролық бағыттағы бірлескен іс-жобалар саяси әлемдік деңгейде маңызды
орынға ие болуда [8].
Ядролық    қаруды     сынау    зардаптарын  анықтау   
мақсатымен      кезінде     құрылған      ғылыми   экспедиция      1957   
жылы-ақ     Семей      облысының    Абай    ауданы     тұрғындары   мен
малдарында     радиацияның       үлкен    сәуле        ауруы     
патологиясы   барын      анықтаған    еді.  Радиациялық сәуленің     жалпы
     дозасы      400     рентгеннен      кем     емес    болды.  Мысалы,   
Семейдегі    ядролық      сынақтар     салдарынан       соңғы     жылдары
әр  жүз    адамға     шаққанда   жүйке-психикалық      ауруға    шалдыққан
     адамдардың     саны   960-1624-ке,  ақыл-ойы кем адамдар   3105-тен
4612-ге,    невроз     және  жүйке   тамыр дерті   бар адамдар    3692-ге  
көбейген.   Ал  сары    ауру,  іш  ауру     сияқты     дерттер     халықты
   әбден    меңдеген.   Бұрын    өкпе    ауруын       тұқым    қуатын   
ауру     деп    келсек,   енді    қазақтар   дауасыз    рак,   лейкоз,   
паралич,   анемия,   жазылмайтын    тері   ауруларынң  алуан    түрлеріне
    душар    болып    отыр.   Ұрпаққа    жалғасатын      мұндай   дертке   
дәрі    де,   дәрігер    де   дәрменсіз.   Өйткені      олардың    бұрын-
соңды     адамзат     баласында    кездеспеген   ауру-сырқаулардың   
жаңа     түрлеріне   тап   болып   отырғандықтан     жасырын емес.  Қазір
республиканың     қай   тұсында     болса да,   түрлі    аурулар    жұқпалы
аурулармен    ауыратын     адамдар     мың   адамға    шаққанда     қазір  
7,7    адамнан     келеді.    Бұл көрсеткіш    2000  жылға   қарай өсіп,   
10,6 - 11,0  адамға     жетеді.   Жыл сайын    20 мыңға     жуық    сәби   
шала  туып,    5  мың    сәби    іштей     мүгедек     болып     жарық    
дүниеге    келіп   жатыр.   Міне,   осының    бәрі     жеріміздегі     
алапат   ядролық     жаралыстар      әсері     деп    білеміз [9].
Семей сынақ полигонын құру туралы шешім КСРО МК және СОКП ОК
Қаулысының шешімімен қабылданды. 1947ж. 21 тамызда Таулы сейсмикалық станса
құрылды (905 нысан), ол 1948 жылы КСРО Қарулы күштер министрлігінің Оқу
полигоны, кейіннен №2 (ГОС-ЦНИИП 2) Мемлекеттік орталық ғылыми-зерттеу
сынақ полигоны болып ауыстырылды. 1948ж. 1 маусымда полигонның алғашқы
бөлімшелері (52605 әскери бөлімі) шоғырлану аумағына қайта орналасуын
бастады. Полигондағы сынақтарға дайындалу бойынша жұмыстар 1949 жылдың
шілдесінде аяқталды.
Алғашқы ядролық бомба 1949 жылы 29 тамызда сағат таңғы 7.00-де
ойдағыдай сыналған кеңестік, 12.08.53ж. алғашқы термоядролық құрылғы,
29.11.55ж. сутекті бомба әлемдік ауқымдағы саяси және ғылыми-техникалық
жаңалық болды. Бірқатар маңызды деген сынақтарды да айта кеткен жөн, олар:
1951 жылғы 18 қазандағы ұшақтан тасталған атом бомбасының сынағы; 1965
жылғы 15 қаңтардағы Шаған және Ащысу өзендерінің тоғысқан жерлерінде
жасанды су қоймасын жасау мақсатындағы ұңғымада жасалған алғашқы өндірістік
жарылыс. Барлығы 1949 жылдар мен 1989 жылдар арасындағы кезеңде полигонда
456 ядролық сынақ жасалды (616 ядролық жарылыс). Сынақтардың көбі 60-шы
жылдардың басында жасалды, себебі атмосфералық жарылыстан жерасты
жарылыстарына ауысу кезеңі болатын. Семей сынақ полигонындағы ядролық
қаруды сынау кезеңін 2-ге бөлуге болады: 1-ші кезең – 1949-1962жж.
аралығындағы атмосферада өткізілген ядролық жарылыстар; 2 кезең – 1961-
1989жж. аралығында өткізілген жерасты (штольнялар мен ұңғымаларда) ядролық
жарылыстары. Ядролық жарылыстан басқа полигонда жарылғыш химиялық
заттектерді қолдана отырып 175 жарылыс жасалды. 
Полигонда келесі сынақ түрлері жасалды: 
- атмосфераның жербеткі қабатында ядролық зарядтар мен оқ-дәрі қорларына
сынақтар жасау;
- ядролық жарылыстың әсер етуші факторларын зерттеу үшін өткізілген,
жерасты және ауадағы ядролық жарылыстар, әскери техника мен қаруландыру
үлгілерін сынау, ядролық жарылыстың әсер етуші факторларының бионысандар
мен әскери мүліктерге, ғимараттарға, құрылыстарға, жеке құрамға әсерін
сынау;
- ядролық зарядтар мен оқ-дәрі қорларына, іріауқымды сынақтарды әрлеушілер
мен жерасты құрылғыларының тіреуіштерінің әртүрлі конструктивті шешімдері
мен олардың технологиялық жабдықтарына штольняларда және басқа да
нысандарда сынау үшін жерасты жарылыстарын жүргізу; 
- ядролық зарядтар мен оқ-дәрі қорларына, стратегиялық бағыттағы (шахталық
іске қосу қондырғылары, сонымен қатар бірығайланған командалық бекеттегі
зымырандармен) зымырандық әскерлердің нысандарына іріауқымды сынақтар
жүргізу, ядролық қару-жарақтарды және олардың технологиялық жабдықтарын
сақтаудың, мемлекеттік басқару бекеттерінің фрагменттерін сынау үшін
ұңғымаларда жерасты жарылыстарын жүргізу;
- бейбіт мақсаттағы жерасты ядролық жарылыстары. Жерасты ядролық
жарылыстарын жасанды су қоймаларын, каналдарын құруға, пайдалы жер
қабаттарын іздеу барысында жер қыртысын сейсмикалық барлау жүргізу, жанып
жатқан газдар мен мұнай бұрқақтары мен т.б. факелдарын сөндіру, жерасты
резервуарларын құруды пайдалану технологиялары әзірленді. ССП қызметінің
барысында өндірістік мақсатта 7 жерасты ядролық жарылыс іске асты. Жасанды
су қоймасын (Атом көлі) жасау үшін арнайы өткізілген, 1004 ұңғымадағы
жарылыс, оның зияны экономикалық тұрғыдан пайдасынан гөрі жерасты ядролық
сынақтардың негізінде, өндірістік ядролық технологиялар келтіретін шығын
басымдырақ болатынын көрсетті.
Жерасты және ауадағы (атмосфералық) ядролық жарылыстар Тәжірибе даласы
сынақ алаңында өткізілді. Штольнядағы сынақтар Дегелең таулы массивінің
алаңында, ұңғымалардағы сынақтар Балапан Сары-Өзен алаңдарында
өткізілді. Ақтан-Берлі алаңында толық емес тізбекті реакциямен сынақтар
жасалса, Телкем алаңында өндірістік жарылыстар технологиясы жасалды.
Полигон қызметінің аяқ кезінде Новая алаңы- ұңғымаларда жарылыстар
өткізуге қосымша сынақ алаңына құру бойынша жұмыстар жасалды, бірақ ол
жерде ядроылқ сынақтар жасалған жоқ [9].
Реакторлық сынақтар. 1958 жылдан бастап КСРО Министрлер Кеңесі ядролық
зымырандық қозғалтқыш (ЯЗҚ) және ядролық энергоқозғалтқыштық қондырғылар
(ЯЭҚҚ) құру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы бірқатар
қаулылар қабылдады. ЯЗҚ мен ЯЭҚҚ және олардың полигондағы жеке желілерін
сынау үшін 1961 жылы жылу нейтрондарындағы импульсты графитті реактор (ИГР)
іске қосылды. Басқа сынақтарды өткізу үшін 1962-1970 жылдары Байкал-1
реакторлық кешені құрылды. 1975-1988 жылдары Байкал-1 стенділік кешенінде
ИРГИТ реакторлары (ЯЗҚ реакторының жетбетіндегі прототипі) мен ИВГ.1
реакторында ядролық энерго-қозғалтқыш қондырғылары (ЭҚҚ) мен ядролық
зымырандық қозғалтқыштардың (ЯЗҚ) жылубөлуші құрастырғыштарын (ЖБҚ)сынау.
Байкал-1 раекторлық кешенінің көрінісі
ЖБҚ газсуытқыш мен ИРГИТ реакторларын Байкал-1 стенділік кешенінде сынау,
жылу ұстағыштың атмосфераға ашылған циклмен шығарылу бойынша сынақтар
жүргізілді. Бұл сынақтарды өткізу барысындағы өнім бөлінісінің шығуының
құрамы АЭС радиоактивті шығарындыларының (олардың қалыпты жұмысы кезінде)
құрамына тең, ал Семей сынақ полигонының шекарасындағы экспозициялық доза
қуаты 15-20 мкРсағ. құрады, дәлірек айтқанда аталған жер үшін фондық
құрылымына жақын. Көрсетілген кезең ішінде реактор қуаты 4,9-дан (min) 230-
ға (max) МВТ дейін, атмосфераға шығу белсенділігіне байланысты, ИВГ.1
реакторының аталған уақытта 28 ыстық іске қосу іске асты. Барлығы 4
белсенді аймақтың құрамында 178 газсуыту ЖБҚ сыналды. 
ИГР реакторында твэлдер мен ЖБҚ әр типті ЯЗҚ мен ЯЭҚҚ реакторлары үшін және
әртүрлі газтәрізді жылу ұстаушы газодинамикалық қондырғыларды (сутегі,
азот, гелий мен ауа) пайдалана отырып әртүрлі сынақтар өткізілді.
Газтәрізді жылу ұстаушылардың жабық шығарындыларының герметикті жүйесін ИГР
стенділік кешенінде орын алуымен экологиялық қауіпсіздік қамтамасыз
етіледі. Істен шыққан жылу ұстаушы жабық шығарынды жүйесінің ыдыстарында,
рауалы шекке дейін белсенділігі төмендегенге дейінгі аралықта сақталып
отырады [10].
Осылай, 1970-1980 жылдар аралығында сынақтар кезінде атмосфераға
радиоактивті шығарындылар орын алған реакторлы кешендер ССП радиоактивті
ластанудың екінші маңызды көзі болып табылды.
Семей сынақ полигонын демилитаризациялау 1994-98 жылдардың аралығында Семей
сынық полигонын демилитаризациялау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді,
оның инфрақұрылымын жою бойынша жұмыстар жүргізілді. 1995 жылдың 31
мамырында Дегелең сынақ алаңында 108-К штольнясында соңғы ядролық
құрылғыны жою бойынша жұмыстар жүргізілді, ол ядролық энергобөлініссіз
арнайы химиялық жарылыс заттегін пайдалану арқылы жойылды. Құрылғының
жойылу фактісі арақашықтықты бақылау әдісімен тіркелді. Ядролық қондырғыны
жойғаннан соң, бес тәулік бойы жүргізілген радиациялық бақылау нәтижелері
бойынша, штольня ішіндегі және порталындағы радиациялық ахуал табиғи фон
деңгейінен асқан жоқ.  1996-2000 жылдар аралығында АҚШ Қорғаныс
министрлігі мен Ғылым және ядролық инфрақұрылымды жою жайлы жаңа
технологиялар министрлігі арасындағы келісім шеңберінде Дегелең
алаңындағы барлық 181 штольняны жабу бойынша жұмыстар жүргізілді, ол үшін
бетонды тығын құру, сырттан және іштен жару үшін ұңғымаларды бұрғылау,
салынған зарядты жару секілді әдістер қолданылды. Жою жұмыстарын жүргізу
барысында бірқатар штольняларда сағалық алаңдарда ремедиациялық жұмыстар
жүргізілді, осының есебінен Дегелеңдегі радиациялық ахуалды біраз
жақсартуға алып келді. Балапан алаңында дайындалған, бірақ
пайдаланылмаған 13 ұңғыма жойылды, сонымен қатар құрылықаралық
баллистикалық зымырандарға арналған 12 шахталық іске қосу қондырғылары
жойылды. ШІҚ жою үшін ЖЗ химиялық зарядтары пайдаланылды [11].
Осылайша, Қырғи-қабақ соғысы кезінде ядролық қауіп-қатер екі ұлы
державалардың қарулану қақтығысының әлеуетінен тежеу механизмі болып
табылды. Ядролық ұстамдылық қырғи-қабақ соғыс жылдары АҚШ пен КСРО-ның
ғаламдық текетіресінің теориясы мен саяси доктринасы ретінде
қалыптасқанымен, ғаламдық ауқымдағы әскери- саяси құбылыс болып табылмайды.
XX ғасырда орын алған ядролық апаттар әлемдік қауымдастықты тіршілік үшін
күресуге тура келтірді. Адамзаттың табиғи жағдайының тоқтауына алып келді.

1.2 Биполярлық кезеңдегі ядролық қаруға қатысты саясат

XX ғасырда орын алған ядролық апаттар әлемдік қауымдастықтың
тіршілігі үшін күресуге тура келтірді. Адамзаттың табиғи жағдайының
тоқтауына алып келді. Ұзақ уақыт бойы ядролық қауіпсіздік мәселесін
көтергенде жағдай тек техникалық қырынан қаралып келді.Кейін тірі табиғат
пен экожүйенің, биосфераның ғаламдық ластануының - экологиялық қыры,
сонымен қатар, халық денсаулығына зардапты әсері - әлеуметтік қыры да
назарға іліге бастады.1963 ж. Мәскеу келісімі ядролық сынақты үш ортада да
жүргізуге тыйым салды: ауада, әуе кеңістігінде және су астында. Бүдан
кейінгі ғаламдық ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кезеңдері
келесідей болды: 1974 ж. 150 кг күші бар ядролық қаруды жер асты сынауды
шектеу Келісімі және 1976 ж. бейбіт ядролық жарылыстар туралы
Келісім; 1987 ж. КСРО мен АҚШ арасында жоғары деңгейдегі Вашингтон
кездесуі. Алайда, осындай халықаралық келісімдер мен конвенциялардың
кәптігіне қарамай ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аяқсыз қалып отыр.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 50-ші сессиясында 150 мемлекет қол қойған ядролық
сынаққа тегіс тыйым салатын Келісім қабылданды. Бұл құжат әлемнің 21 елінде
ратификацияланды. Келісім толық күшіне енуі үшін әлі ядролық клубтың мүшесі
болып табылатын немесе өз бетінше әскери атом дайындауға жоғары
технологиялық жабдықтары бар 44 елде ратификациялануы керек [12].
Қазіргі әлемде ядролық қауіпсіздікті әлсірететін мына бағыттар:
Біріншіден, ядролық қару қорының көптігі ядролық қақтығыстың ғаламдық
қаупін төндіреді; бес ядролық елдерге енді - Израиль, Үндістан, Пәкістан
қосылды. Жақын болашақта 40 елдің өз бетінше ядролық қару жасауға қабілеті
болады. Тұрақсыз тәртіптегі елдерде "тұрақты" қару жасау жарысы болу
мүмкіндігі туады. XXI ғ. СИТА-да, Ұлыбританияда, Францияда, Ресейде және
Қытайда едәуір көлемді ядролық қор сақталып отыр. Екіншіден, техникалық
және психопатологиялық себептерден санкцияланбаған ядролық қақтығыстың
туындау мүмкіндігі зор. Осы қауіптің аса қатерлілігі АҚШ пен Ресейдің
қарсыласу деңгейін едәуір төмендетуге әкелді. Ресей мен АҚШ, Ресей мен
Үлыбритания, Ресей мен Франция арасында ядролық соғыс қаупін төмендету
жөніндегі екіжақты келісім-шарттар бар. Аяқасты ақпар беру мақсатында
"тығыз байланыс" желісі қолданылады. Үшіншіден, ядролық қаруы бар кез
келген мемлекетте болуы мүмкін "ядролық шантаж" және "ядролық терроризм"
ядролық қауіпсіздікті әлсіретуі мүмкін. Төртіншіден, ядролық қару жасауда
қолданылатын материалдарды экспорттау ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз
етуде қатерлі болып табылады. Бұл жағдайда, әсіресе, плутонидың
тасымалдануы мәселесіне баса назар аударған жөн. Бірқатар елдерде әлі күнге
радиоизотоптар мен радиоактивті көздерді пайдалануда бақылау мен есеп
орнатылмаған [13,256б.].
Ғаламдық ядролық апаттардың алдын алу мақсатында ядролық қаруды жою,
ядролық қауіпті азайту, ядролық қаруды таратпау, толық қарусыздану мен
ядролық қарудың барлық түрін жоюмен қатар, біртіндеп келешекте АЭС-нан да
бас тартуды көздеу керек. Қазіргі кезде атом энергиясын бейбіт мақсатта
қолданудың үш тәсілі бар: бірқатар елдерде (Швеция, Норвегия және т.б.) АЭС
бүзып, консервациялау бағдарламасы жүзеге асырылуда; басқа елдер (Австрия,
АҚШ, Бельгия және т.б.) - АЭС жасаудан толық бас тартты; жекелеген елдерде
(Франция, Ресей) - атом энергетикасын дамыту бағдары сақталып отыр (сонымен
қатар ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары да қарастырылуда).
Ядролық ұстамдылық теориясы - [Nuclear deterrence theory] - кез келген
мемлекеттің жауапты шабуылдан болатын зардаптың салдарынан сақтанып бірінші
болып қару қолданбауын жорамалдайтын ядролық қарудың саяси қызметін
негіздеуші кешен. Ядролық ұстамдылық теориясы (тұжырымы), ядролық
державаның ядролық қарулану саласындағы мемлекеттік саясатының ядролық
ұстамдылық доктринасына көтерілді [13,256б].
Ядролық ұстамдылық - әскери-техникалық, құқықтық та емес, саяси-
психологиялық тетік. Америка президенті Джон Ф. Кеннеди ядролық қаруды
"жібек жіпке ілініп, басымызға төніп тұрған қылышқа" теңеді. Ядролық
қарудың болуы екінші жақты бірінші болып қолданудан тоқтатады, алайда ол
үшін ол мынаған сенімді болуы керек: а) қарсыласта шын мәнінде ядролық
қарудың барлығына; ә) бұл қарсыластың қарсы жауап ретінде ол қаруды
қолдануға техникалық мүмкіндігінің, сондай-ақ саяси және психологиялық
дайындығының болуына; б) жауапты ядролық соққы салдарының мемлекет және
қоғам үшін қолайсыздығына. Ядролық қарудың дамуының бастапқы
кезендерінде 1960-шы жж. Америка Қорғаныс министрі Р. Макнамара жауапты
ядролық соққы салдарынан болатын ошақты зардаптың критерийлерін анықтады.
Ол бойынша егер жауапты соққыда халқының үштен бірін, 70% өнеркәсіп
әлеуетінен айырылу қаупі болған жағдайда бірде-бір мемлекет бірінші болып
ядролық қару қолданбайды. Алайда, мұндай "критерийлер" нақтылы-тарихи
жағдайлардан, ұлттық психологиядан тәуелді болады: қазіргі кезде көптеген
саясаткерлер және сарапшылар тіпті, бір ядролық жарылыстың да болуын еш
елдің көтере алмайтынын айтуда әсіресе, қазіргі ядролық зымырандардың
Хиросима мен Нагасакидағы 20-килотонналық жарылыстардан өлдеқайда
күштілігін ескерсек [14, 304б.].
Ядролық ұстамдылық екі немесе одан да көп ядролық державалардың
немесе қарсылас мемлекеттердің өзара стратегиясы болуы мүмкін, сонда
ұстамдылық формуласы жауапты соққыда кепілді түрде бірін-бірі жою болып
шығады (mutural assured destruction - MAD).
Ядролық ұстамдылық шеңберінен суырылып шығуға талпыныстың
бірі 1970-ж "шектеулі ядролық соғыс" (limited nuclear war) тұжырымы болды,
ол жаппай жауапты соққымен алмаспай-ақ, ядролық қаруды жоғары дәлдікпен
әскери мақсатта қолдануды көздеді. Алайда, ядролық ұстамдық менталитетін
нығайтуға 1970-1980-ші жылдардың басында ядролық қарудың жаппай
қолданылуының экологияға, ауа райына, планетаның биоортасына тигізетін
салдарын зерттеулер септігін тигізді (соның ішінде, ядролық қыстың түсуінің
математикалық үлгісінің жасалуы - терең, орны толмас, адамзаттың жер
бетінен құрып кету қаупін туғызатын ядролық апаттың планеталық ауқымы)
[14,304б.].
Ядролық ұстамдылық қырғи-қабақ соғыс жылдары АҚШ пен КСРО-ның
ғаламдық текетіресінің теориясы мен саяси доктринасы ретінде
қалыптасқанымен, ғаламдық ауқымдағы әскери- саяси құбылыс болып табылмайды.
Бес ірі ядролық державалардағы ядролық арсеналдар мен Үндістан, Пәкістан,
Израильға қатысты аймақтық ядролық ұстамдық жайлы сөз қозғаған орынды.
Ядролық ұстамдылық доктриналарының қазіргі эволюциясы "қатаң"
ядролық ұстамдылықтан "жұмсақ" немесе "шектеулі" ұстамдылыққа өту
көзделуде. Сөйте тұра ядролық ұстамдылық соғысты жаппай қырып-жою қаруының
салдарынан қорқып қана және оның қолданылуынан қорғансыздыққа ғана
негізделген адамгершілікке жат саясипсихологиялық тетік күйінде қалып отыр.
Болашақта ядролық ұстамдылықты "жағымсыз механизм" ретінде халықаралық
бейбіт кепілдіктің жағымды тетіктеріне алмастыру, сенім, өзара ісқимыл және
әріптестік ядролық қаруға толық тыйым салып, түбірімен жоюды жүзеге асыру
XXI ғ. халықаралық қауіпсіздік жүйесін қайта құрудың басты міндеті болып
отыр.
Ядролық державалар клубының бақылаусыз кеңею  қатері
– ХХІ ғасырдағы аса  көкейкесті проблемалардың бірі. Егер халықаралық
қоғамдастық ядролық қаруға ие мемлекеттер ауқымының кеңеюіне қарсы саяси
күш-жігер таныта алмайтын болса, оның салдарлары үлкен ауыртпалықтарға алып
келуі әбден мүмкін [15, 265б.].
Қорытындылай келе, Қазіргі кезде ядролық мемлекеттердің бірнеше
түрі бар. Ядролық державалар клубының бақылаусыз кеңею қатері – ХХІ
ғасырдағы аса көкейкесті проблемалардың бірі. Егер халықаралық қоғамдастық
ядролық қаруға ие мемлекеттер ауқымының кеңеюіне қарсы саяси күш-жігер
таныта алмайтын болса, оның салдарлары үлкен ауыртпалықтарға алып келуі
әбден мүмкін.
Таратпау саласындағы бүгінгі ахуал көңілдегіден көп төмен жатыр.
Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім (ЯҚТШ) өзіне артқан сенімді ақтай
алмай отыр. Өйткені, ол асимметриялы болып табылады және ядролық қаруы жоқ
елдерге қатысты санкцияларды ғана қарастырады. Ол МАГАТЭ мен БҰҰ-ның
мемлекеттердің ядролық нысандарға халықаралық инспекторлардың жіберілуінен
ауытқу фактілеріне нақты да түсінікті ықпал ету тетіктеріне ие емес. Ақыр
аяғында ЯҚТК өзінің қатысушыларына қол қоюшылар қатарынан ешқандай
салдарсыз шығып кетуіне мүмкіндік береді. Осы жағдайлардың барлығы
келісімнің тиімділігі мен нақтылығын әлсіретіп отыр. 1985 жылы Үндістан,
Аргентина, Греция, Мексика, Танзания, Швеция елдерінің басшылары Дели
Декларациясын қабылдады. Ол құжат ядролық қарулану жарысын тоқтатуға,
ядролық соғысты болдырмауға және аталмыш қаруларды жоюға шақырды. Кейіннен
бұл декларацияға Қазақстан да қол қойды [16].
Әлемдік қоғамдастық әзірше бейбіт атом дамыту үстіндегі
мемлекеттерге қатысты әділетті шешім таба алған жоқ. Ядролық таратпау
туралы шарттың ассиметриялық нормалары тек ядросыз мемлекеттерге қатысты
ғана санкцияларды қарастырады. Осындай жағдайда сенім тапшылығы айтарлықтай
проблемаға айналып отыр. Ал сенім болмаған жерде қауіпсіздіктің ешқандай
жүйесі, оның үстіне ядролық жүйесі тиімді болып табылмайды. Ғылым мен
техниканың жарқын жетістіктеріне жол ашылған ХХ ғасырда адамзат атом қаруы
секілді алапат жойқын қаруды ойлап тапты. Әлемдік тарихтан бұл қаруды
адамдарға қарсы қолданудың екі түрлі жолмен жүргізілгені белгілі. 1945 жылы
АҚШ үкіметі жапон ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ядролық қарусыздану
Қазіргі халықаралық саяси қатнастардың геосаяси талдауы және дүниежұзлік глобальды мәселелер
Халықаралық ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етілуіндегі қоғамдық-саяси ұйымдардың алатын орны теоретикалық-әдіснамалық мәселелері
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі БҰҰ болашағы
Қазіргі кезеңде Ресей – АҚШ қатынастардағы ядролық қаруды таратпау мәселесі
Иранның ядролық бағдарламасының мақсаты
Қазақтан және бибітшілік үшін саяси әріптестік
Латын Америка мемлекеттеріндегі ядролық зерттеулер
Біріккен Ұлттар Ұйымы қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастағы рөлі
Ядролық қару таратпау саласындағы саясатқа тарихи шолу
Пәндер