Рекреациялық әлеуетті экономикалық тұрғыдан бағалау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ6
1 ТУРИСТІК ЖӘНЕ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ9
1. 1 Туризм және рекреация: даму шарттары және атқаратын қызметі9
1. 2 Рекреациялық әлеуетті экономикалық тұрғыдан бағалау19
1. 3 Туристік-рекреациялық ресурстарын пайдалану төлемдерін23
топтастыру және жүйелеу23
1. 4 Қазақстанның туристiк-рекреациялық ресурстары: табиғи, 30
мәдени және тарихи30
2 ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕМАЛЫС ЖӘНЕ ТУРИЗМ АЛҒЫШАРТЫНЫҢ ДАМУЫНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ40
2. 1 Қарағанды облысының туризм аясындағы қазіргі жағдайы және даму деңгейі40
2. 2 Қарағанды облысының туристік инфрақұрылымның жағдайын талдау43
2. 3 Туризм және демалудағы табиғи алғышарттың дамуы48
2. 4 Туризм және демалудағы әлеуметтік-экономикалық55
алғышартының даму факторы55
3 Қарағанды облысы туризмінің қазіргі жағдайы және даму келешегі59
3. 1 Облыстың туристік - ресурстық жиынтығының потенциалы және59
оның қолданыстағы ерекшелігі59
3. 2 Облыстың туристік-ресурстық меңгерудегі экологиялық63
аспектілердің потенциалы63
ҚОРЫТЫНДЫ68
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ70
КІРІСПЕ
Туризм-бұл ел аумағындағы рекреациялық потенциалды қолдану мүмкіндігімен және оның жеке аймақтағы анықталған әлеуметтік-экономикалық және саясаттық жағдайымен байланысты кеңістіктік құбылыс. Әлемдік аренада туризм экспорттық-импорттық операцияда, саудада бірінші орынды алады, ал Азия, Еуропа және Солтүстік Америкада ұлттық кірістің негізі бабына айналған.
Қазақстан қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігі бар және табиғи потенциалы маңызды құрылушы бағыт болып табылады. Әлемдік туристік нарыққа Қазақстан интеграциясының басты мақсаты халықаралық және ішкі нарықта ұсынуға болатын тартымды тур өнімді шығаруды талап етеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған 2007-2011 жылдарға арналған республикада туризмді дамыту бағдарламасының басты мақсаты сырттан келушілер туризмі және ішкі туризм көлемін арттыру есебінен мемлекет пен халық кірісінің тұрақты өсуін, халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру.
Қойылған мақсатқа сәйкес бағдарламаның бірінші кезектегі міндеттері мыналар болып табылады:
-туризм инфрақұрылымын дамыту;
-туризмді мемлекеттік реттеу және қолдаудың тиімді тетігін жасау;
-елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыру;
-туристік әлеуетті арттыру;
-рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастыру.
Дипломдық жұмыстың мақсаты болып Қарағанды облысы аумағында бір жағынан, рекреациялық-туристік қызметте облыс тұрғындарының және шетел азаматтарының қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігін, екінші жағынан, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына республикалық және жергілікті бюджеттің кіріс бөлісінің өсу есебінен, инвестиция ағымынан қаражат салуды, жаңа жұмыс орындарын ашуды, жергіліктің денсаулығын жақсартуды, мәдени-тарихи және табиғи мұраны сақтауды және рационалды қолдануды қамтамасыз етуші бәсекелі туристік комплексті табу.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен және қорытындыдан құрылған. Ол 80 беттік компьютерлік басылыммен, 11 кестемен, 30 қолданылған әдебиеттер мазмұнымен, қосымшалармен баяндалған.
Бірінші бөлімде туристік және рекреациялық ресурстардың теориялық-әдістемелік негізі, Қазақстан Республикасында экономикалық даму рөлі қарастырылды.
Екінші бөлімде Қарағанды облысының демалыс және туризм дамуының табиғи әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері бағаланды. Туристік инфрақұрылымның жағдайы, мәдени-тарихи, этнографиялық жағдайы талқыланды.
Үшінші бөлімде Қарағанды облысының туризмді дамытудағы потенциалы және туристік - рекреациялық ресурстардың экологиялық аспектілері қарастырылған.
Жұмыстың әдістемелік негізі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің кітапхана қорының оқу құралдары, Қазақстан Республикасының статистика бойынша Агенттіктің статистикалық материалдары және газет-журналдар болып табылады. Жұмыс үрдісінде жалпы ғылыми, статистикалық және экономика-математикалық әдістер қолданылды.
1 ТУРИСТІК ЖӘНЕ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
1. 1 Туризм және рекреация: даму шарттары және атқаратын қызметі
Еңбек құралының өзгеруіне байланысты адамдардың қажеттілігі де өзгере бастайды. Тарих беттеріне үңілсек белгілі бір уақыт өткен сайын адамдардың іс әрекеті және демалысы, демалысқа деген сұранысының өзгергенін байқаймыз. Сонымен біз қарастырғалы отырған түсінік- бос уақыт- қандай-да бiр дәуiрдiң, класстар мен әлеуметтiк топтардың өздерiне ғана тән белгiлерiн байланысты, уақыт өткен өзгерiстерге ұшырап отыратын категория екенін байқауға болады. Сонымен бос уақыт деген не? Аталмыш бос уақыт адамдардың жұмыстан тыс уақытының тек бiр бөлiгi ғана, ол адамның күш-қуатын қалпына келтiруге, дамытуға, кейбiр әлеуметтiк қажеттiлiктердi өтеуге, яғни белсендi iс-қимылдарға жұмсалады. Осы бос уақыттағы іс әрекет рекреация деп аталады. Рекреация сөзінің түп тамырын ұқсақ оның, бос уақыт, демалыс және туризм ұғымдарымен байланыстылығын көруге болады. Сондықтан да осы ұғымдардың қатынасын білу үшін олардың ерекшеліктеріне тоқталайық. Негізінен барлық уақытты “жұмыс уақыты”, “негізгі қажеттіліктер уақыты”, және “бос уақыт” деп көрсетуге болады. Ал Ердавлетов С. Р. жұмыстан тыс уақыт түсiнiгiнiң ауқымы кең деп көрсетеді, ол: жұмысқа барып қайтқан жолдағы уақыт; табиғи қажеттiлiктердi өтеуге жұмсалатын уақыт (ұйқы, тамақ iшу, жеке бас гигиена) ; үйдегi еңбек пен тұрмыстық қажеттiлiктерге кететiн уақыт; жоғарыдағы бос уақыт деп меңзеген ұғымға жататын, адамның денесiн шынықтырып, түйсiк-танымы мен бiлiмiн дамытуға, сондай-ақ демалуға жұмсайтын уақыты. Ендеше адамның жұмыстан тыс уақытының көлемі қажеттілігіне байланысты бос уақыттың шеңберiн ұлғайтатынын білеміз және де бос уақыт демалыс уақыты деп қарастырған жөн болады.
Ғалымдардың есептеуінше бір істі екінші іспен ауыстыру дененің сергуіне және шаршаған денені қайта қалпына келтіруіне мүмкіндік береді. Сондықтан да спортпен шұғылдану баз біреулер үшін жұмыс болса, ал көп козғалмай жұмыс істейтіндер немесе кітап оқу, тану, ойлау, яғни миға салмақ түсіретін жұмыс істейтіндер үшін ол демалыс көзі, ал керісінше негізгі жұмысында дене күш түсіретіндер үшін танымдық іс әрекеттер демалыс көзі болып табылады. Адамдар үшiн бос уақытта iстелетiн қызметтердiң маңызы қорытынды нәтижелерiмен ғана құнды емес, олар жан мен тән ләззатының басым бөлiгiн iс барысында, өне бойында алады. Жоғарыдағы тұжырымдарға сүйене отырып бос уақыттың екi негiзгi функциясын анықтауға болады: дене-тән күштерiн қалпына келтiру; жан дүниесiн байыту.
Кесте 1. 1. Бос уақытты пайдалануға мінездеме
Аз уақыт
Бiр күн
Демалыс күндерi
Қысқа/ұзақ мейрамдар
Қала iшiнде және қала маңында
Қала маңында
Аймақ iшiнде
Саяхат жасау
1-10 км
20-100 км
50-200 км
Адамның сарқылған күш-қуатын психофизиологиялық тұрғыдан қалпына келтiру үшiн дұрыс тамақтану, жақсы ұйқы мен қимылдау қажет. Рухани интеллектуалды дамуға дүние мен табиғатты тану, жаңа адамдармен танысып-бiлiсiп, әңгіме-дүкен құру, денсаулықты күту зор ықпалын тигiзедi. Бос уақытты пайдаланылуына қарай күнге, аптаға, жылға бөлу арқылы рекреационды іс-әрекеттің қайталанып отыратын мерзiмдер мен аумақтық нышандар көмегiмен зерттеуге болады. Бұл берілген рекреация ұзақтығы барлық қалаларға сәйкес келе бермейтінін де ескерте кеткен жөн. Дегенмен де уақыт кеңістігі мен рекреацияның орналасуы барлық ірі қала тұрғындарына сәйкес келеді (Кесте 1. 1) .
Күнделiктi бос уақыт пен рекреацияны (демалысты) тұрғын үй, қоршаған қала ортасы мен соған тиесiлi кеңiстiктен бөле-жара қарастыруға болмайды. Апталық рекреация қала маңындағы рекреация объектiлермен тығыз байланысты. Ал жылдық бос уақытты кәдеге асыру iсi курорт типiндегi рекреация объектiлерiмен тiке қатынаста болады. Жоғарыда айтылғандай бос уақыт дифференциялауға сәйкес елдi мекен iшiндегi рекреация (демалыс), әдетте қала сыртында өткiзiлетiн апталық рекреация (жергiлiктi рекреация), еңбек демалыстары мен каникул кезiндегi жылдық рекреация (аудан iшiлiк, жалпы мемлекеттiк, халықаралық болуы мүмкiн) бөлiп-жарып көрсетуге болады. Демалыс адамның жұмыс iстеу қабiлетiн орнына келтiредi, жүйке мен психикаға түсетiн ауыртпалықты (ал қара күштi талап ететiн жұмыс iстейтiндер үшiн дене ауыртпалығын) жеңiлдетедi. Демалыс сөзi адам тiршiлiгiнiң физиологиялық, психологиялық және гигиеналық аспектiлерiне қатысты жиi қозғалады. Сонымен қатар демалыс халықтың қоғамдық өмiрiнiң ажырамас, құрамдас бөлiгi болғандығы себептi әлеуметтiк категорияға жатқызылады. Адамның демалыстағы iс-әрекетiн жiктеуге болады (Кесте 2) .
Жоғарыда аталған демалыс түрлерi күнделiктi өмiрде, әдетте жеке-дара емес, кешендi түрде, бiр-бiрiмен күрделi байланыста кездеседi: әсiресе саяхат жасағанда басы мен аяғы жоқ, қоян-қолтық араласып, бiр-бiрiн алмастырып жатады. Демалыстағы іс әрекетті жалпы екіге бөлуге болады. Ол үйде өткізетін уақыт (indoor) және жырақта немесе сыртта өткізетін уақыт (outdoor) . Ғылыми еңбектерде демалыс түсiнiгiмен рекреация, рекреациялық қызмет, рекреациялық процесс сөздерi қатарласып жүредi. Қоғамда дене еңбегi басым болып тұрған бұрынғы кездерi адамдар бос уақыттарын тұрғылықты жерде отырып, дене күш-қуатын қалпына келтiруге жұмсады. Ғылыми техниканың даму барысында адамның еңбек күші автоматтандырылып, компьютермен алмастырылып жатыр. Үлкен қалалар мен агломерацияларда күнделікті кұм куыт тіршілік адамдардың бос уақытқа деген сұранысын арттырып отыр. Осының өзі уақыт өткен сайын бұл түсініктердің өзгеретіндігінің бір дәлелі. Қазiргi заманда адамдар бос уақыттарын танымдық, спорттық, мәдени-сауықтық, денсаулықты түзеу мақсаттарына неғұрлым тиiмдi пайдалану үшiн сауықтыру орындарында, демалыс үйлерiнде, пансионаттар мен демалыс базаларында, қала сырты серуендерiнде, экскурсиялар мен саяхаттарда өткiзiп, үрдiске айналдырған.
Кесте 1. 2. Демалыстағы іс-әрекеттің жіктелуі
сондай-ақ өнер саласында
шығармашылықпен айналысу
Рекреация терминiнiң түп-тамыры тереңде жатыр, ол екi тiлдегi этимологиялық мағыналардың жиынтығын құрайды: recreatio (лат. ) - орнына келтiру, recreation (франц. ) - сауық, демалыс, қызмет түрiн өзгерту. Рекреация ұзақтығына байланысты қысқа және ұзақ мерзiмдi болып жiктеледi.
Қысқа мерзiмдi рекреация әдетте радиусы бiр-екi сағаттық жаяу жүрiстен аспайтын не көлiк қатынайтын табиғи зонада, ұзақ мерзiмдi рекреацияның территориялық шегi болмайды. Ұзақ мерзiмдi рекреацияның мағынасы жобамен туризм түсiнiгiне келiп қалады. Туризм (француз сөзi tuorisme- серуен, саяхат) -бос уақытты тұрғылықты жерден жырақта өткiзудiң бiр түрi. Туризм мен рекреацияның ұқсастықтары мен ерекшеліктерін сипаттап көруге болады. Туризм дамытуда көп үлес коммерциялық сектор қосса, рекреацияның дамуына түрткі мемлекеттік сектор. Туризм таңдауында шек жоқ. Оның географиясы кеңдігімен ерекшеленсе, рекреация уақытқа байланысты шектеулі жерде болады. Туризм үшін тоқталатын бағыт басты роль атқарса, рекреация үшін қала сырты табиғаты көп манызды. Туризмді ұйымдастырушылар тур операторлар мен турагенттер де, ал рекреация жергілікті клубтар, ұйымдар, кейбір топтық ассоциациялар қатысады. Туристер ұсынылатын жайғасу санына байланысты шектеулі, ал рекреация көбінесе құрал сайман, адамдардың мүмкіндіктеріне байланысты. Туризм маусымға байланысты сұраныста, ал рекреация демалыс күндері мен мерекелерге байланысты. Туризм саласына көп адам қатысады. Сонымен қатар көп қаражат жұмсалады және елге көп табыс түседі. Ал рекреация бұл жағынан кең ауқымды қамтымайды. Экскурсия сөзiнiң тамыры латын тiлiнде жатыр: серуен, сыртқа шығып келу, бiр нәрсенi көрiп келу деген мағынаны бiлдiредi; бiр жағынан бiлiм үйренудiң формасы мен әдiсi. Экскурсиялар барлық маршруттарда дерлiк туристерге көрсетiлетiн қызметтердiң бiрегейi болмаса да бiрiне айналды. Қайсiбiр саяхаттың болмасын танымдық жүгi экскурсияның мойнына жегiлдi. Мұнан өзге экскурсиялар халық арасында жүргiзiлетiн жалпы мәдени шаралардың формасы ретiнде де белгiлi. Экскурсиялар тез бейiмделгiш, елдегi iзi суып үлгермеген саяси, экономикалық оқиғаларға, мәдениет жаңалықтарына шалт қимылдап iлесiп, ерiп отырады. Жырақта немесе сыртта өткізетін уақытты рекреацияның бір түрі деп түсінуге болады. Қазіргі кезде рекреацияның осы түрі туризмнің негізі деп те айтуға болады. Дамыған елдерде қалалардың урбандалуы адамдарды ландшфт, жерден алыстатып жіберді.
Рекреацияға қажеттіліктің бірнеше себептері бар. Олар: дене жаттықтыру, қала өмірінің стрессінен тынығу, таза ауа, табиғатқа жақындау, балық аулау, аң аулау, фауна мен флорамен танысу т. б. Кейбіреулер үшін бірнеше себептер қатар келіп, табиғат тартып тұрады десек те болады. Қол бос уақытты өткізідің ағымын зерттесек жылдан жылға ауысып отырады, бірақ та негізі “қаладан құтылудың” екенін білуге болады. Үлкен қалалардаға шудың көбейуі тыныштықты іздеуге мәжбүрлейді. Бұл себептерге алыс жерлерге жету, яғни рекреанттардың назарына тік ұшақ, қайық, велосипед т. б. ұсынылуы мүмкіндігін қосыңыз. Саяхатқұмар адамдар жолға шыққанда алдарына түрлi мақсат қояды. Бiреулерi бейтаныс жерлердiң қызықты объектiлерiмен танысқысы келсе, екiншiлерi сұлу табиғат аясында серуендеп, орманның шипалы яки таудың шыңылтыр таза ауасымен тыныс алғысы келедi, баз бiреулер үшiн туристiк сапардың құндылығы спорттық шаралармен өлшенедi.
Ердавлетов С. Р. туризмнің негізгі фунцияларын: танымдық, шипалық-дәрiгерлiк және дене шынықтыру-спорттық деп көрсетті. Осы тұрғыда төмендегідей дәлелдемелер көрсетеді. Таным дегенiмiз- психологиялық күштердi қалпына келтiрудiң айрықша формасы. Келген жерiне қызығушылық туғызу арқылы турист ойын басқа нәрсеге бөлу нәтижесiнде миы психологиялық шаршаудан арылады. Психлогиялық шаршау үлкен қала тұрғындарына тән. Танымдық функция туристiң саяхат асаған елдi-мекеннiң табиғи, тарихи-мәдени, этнографиялық, шаруашылық және басқа объектiлерiне деген қызығушылығынан көрiнiс табады. Бұл тұрғыда ежелгі дүние тарихи көрнекі жерлері, шығыс пен батыс өркениеті, әлем кереметтері, ал шаруашылық жетістіктерінен көліктің жаңа түрлері, роботтар жасау, және т. б. 21 ғасырдың еңбек жемістері басты роль атқарады. Турист қызығушылығын туғызатын табиғи-климаттық шарттарға жылы ауа райын, желсiз де құрғақ, ашық күндердiң мол болуын жатқызуға болады; алдыңызда сұлап жатқан пейзаж сұлулығына келсек- орман, тау, теңiз, көл, өзен, үңгiрлердi ауызға аламыз. Әр уақыттада тау елдеріне теңіз, көл, ал жазықта тұратындарға тау қызықты болып тұрған. Қоршған табиғат ортасының бәрі ашылып зерттеліп болса да табиғаттың тылсым күштері бізді әлі де қызықтырады. Мәдени-тарихи көрнекi жерлерге тарихи, археологиялық, архитектуралық ескерткiштер, мұражай, галерея, театрлар жатса, этнографиялық қызығушылықтың шөлiн дәстүрлер, киiм үлгiлерi, тағам дайындау рецептерi, фольклор және т. б. басады.
Шаруашылықтың көрнектiлерiне шаруашылық жүргiзудiң өзге елде кездеспейтiн ерекшелiктерi немесе қол жеткiзбес жоғары нәтижелерi және сирек қызмет көрсету түрлерi кiредi. Қандай да болмасын елдi-мекеннiң туристер таңдауына iлiнуiнiң себебiн осы жерде өтетiн айтулы оқиғалармен де байланыстыруға болады: музыкалық, театр не кинофестивальдерi, конгресс жұмыстары, жәрмеңкелер, жылжымалы көрмелер, карнавал, спорт жарыстары және басқалар. Сонымен танымдық тұрғыдан туризмдi ғылыми, саяси және т. б. бiлiмдердi жан-жаққа таратудың, естушi көрерменнiң құлағына құюдың ең тиiмдi әдiстерiнiң бiрi десек қателеспеймiз. Туризмнiң танымдық функциясы қоғамдағы адам тәрбиелеу iсiнде баға жетпес қызмет атқарады. Туризм көмегiмен шынығу- өндiрiстiк болсын, былайынша тiршiлiктiң болсын денеге түскен және психологиялық шаршауын кетiрудiң бiр жолы. Белсендi демалысты дұрыс ұйымдастыру (жаяу жүру, қайықта жүзу, велосипед тебу) адамдардың көңiл-кейiн көтерiп, денесiн шынықтырып, ауру-сырқауын ұмыттырып, төзiмдiлiгiн арттырып, болашақта бiраз уақыт бойына бас пен тәнге түсетiн ауыртпашылықтарды жеңiл көтерiп жүруiне көмектеседi. Еңбек өнімділігін арттыру мақсатында шипалық емдік функция маңызды болып есептеледі.
Медицина жетістіктері адамның ағзасының мүмкіндіктерін көбейтетін, ағзаны шаршатпайтын, көптеген дерттің алдын алу, емдеу мүмкіндіктерін жасаса да, табиғи ортада ыстық бұлақтар, батпақпен емдеу, су ваннасынжәне т. б. қабылдау адам денсаулығына зиян келмірмей жағдайын жақсартады. Туристiң денсаулығына, жалпы күйiне байланысты серуен, сапардың ұзақтығы мен қиындығы, экскурсия мерзiмi, ауа мен күн ванналарын қабылдау уақыты, өзен мен теңiзде жүзу уақыты қатаң өлшемдерден асып кетпегенi шарт. Туризмнiң бұл шипалық-емдiк функциясының әлеуметтiк-экономикалық маңызы адам айтқысыз зор, өйткенi әңгiме миллиондаған адамның денсаулығы, демек жұмыс iстеуге жарамдылығы туралы болып отыр ғой. Шынығу мен спорт өсiп келе жатқан жас ұрпақты жан-жақты үйлесiмдi тәрбиелеу iсiнде, өмiр сүруге ауадай қажет энергетикалық және пластикалық материалдарды адам денесiне сiңiруде өлшеусiз зор роль атқарады.
Туризм қатынас құралы ретінде адамның коммуникативті функциясын анықтауға болады. Туристер басқа елдің, жердің адамдарымен, табиғатымен және мәдениетімен танысып байланыста болады. Табиғатпен, мәдениетпен және тарихпен танысуға деген құштарлық мәдени ағартушылық функцияны анықтауға мүмкіндік береді. Туристiк саяхат барысында адамның психофизиологиялық және жiгер күштерi тәрбиеленедi; ол құнды әрi пайдалы iстерге үйренiп, өмiрде қажетiне жаратады. Туризм ұжымшылдыққа, басына iс түскенге қол ұшын беруге, табанды болуға үйретiп, патриотизмге баулып, Отанға, халқына, оның дәстүрлерiне деген сүйiспеншiлiк рухта тәрбиелейдi, табиғатқа жанашырлықпен қарауға үйретедi. Сонымен қорыта айтқанда бұл тәрбиелік және патриоттық функция деген сөз. Туризм және рекреация жасөспірімдердің тәрбиесінде маңызды роль атқарады. Туризмнiң қарышты қадам басуының ең басты себебiн материалдық өндiрiстегi еңбек тиiмдiлiгiнiң қазiргi заманғы ғылым мен техника жетiстiктерiнiң арқасында тым жоғары өскендiгiнен iздеген жөн. Еңбек тиiмдiлiгiнiң өсу қарқыны мен деңгейi жұмыс iстеушiлердiң жеке және қоғамдық қажеттiлiктерiнiң орындалу деңгейiн анықтайды. Материалдық, соның салдарынан мәдени деңгейдiң көтерiлуi халық тұтынатын тауарлар мен қызметтер құрылымының өзгеруiне әкелiп соғып отыр, яғни тұрмыс жағдайы түзелген адамдар түрлi қызметтерге сұранысын арттырады. Мұның өзi түсiнiктi жайт: әйтеуiр бiр салыстырмалы түрде шегi бар қарапайым қажеттiлiктерi (тамақтану, киiм кию, баспаналы болу) азды-кемдi шешiмiн тапқан бойда адамдар шетi де, шегi де жоқ интеллектуалды, рухани қажеттiлiктерiн өтеуге бой ұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz