Биржадан тыс нарығы - қор биржаларында айналымға жіберілмеген, бағалы қағаздар саласы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1. ҚАЗАҚСТАНДА ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ұйымдастырудың ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 8
1. 1 Қаржы нарығының құрылымы, инфрақұрылымы жөніндегі жалпы түсініктер . . . 8
1. 2. Қаржы нарығының негізі - қаржы институттары мен делдалдар . . . 9
1. 3. Кәсіпорынның қаржы нарығындағы қызметінің мазмұны мен міндеттері . . . 22
2. шаруашылық субъектілерінің қаржы НАРЫҒЫНДАҒЫ қызметін ұйымдастыруды ТАЛДАУ . . . 27
2. 1 Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпорындарының қаржы нарығындағы іскерлік белсенділігінің факторлары . . . 27
2. 2 Кәсіпорынның қаржы нарығындағы және инвестициялық қызметінің жағдайы ("Петро Қазақстан Ойл Продактс" АҚ мысалында) . . . 29
2. 3 "Петро Қазақстан Ойл Продактс" АҚ бағалы қағаздарының портфелінің қалыптасуын талдау . . . 43
3. ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ . . . 51
3. 1 Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығының инфрақұрылымын дамыту мәселелері . . . 51
3. 2. Қазақстанда қаржы нарығын мемлекеттік реттеуді жетілдіру мәселелері . . . 54
3. 3. Қаржы нарығындағы кәсіпорындардың стратегиясын және тактикасын дамыту жолдары . . . 63
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 68
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 70
Қосымшалар . . . 72
КІРІСПЕ
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстаннның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында: «Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ. Біз еліміздің қаржы жүйесін қорғап, жүйе құраушы банктерді сақтап қалдық. Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де экономикасы қарыштап алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғары деңгейіне көтерілдік. Толағай иабыстарымен дүние жүзін мойындатқан Қазақстанның әлеуеті артып, экономикасы серпінді бола түсті. Жасампаздық қуатымен дүние жүзінде даңқы артқан Қазақстан әлемді өз жетістіктерімен таң қалдырды. Сондықтан Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебелі миссиясы сеніп тапсырылды» деп айта кетті[1] .
Сонымен қатар Президентіміз осы Жолдауда: «2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылы-ақ, жоспарланғанынан екі жыл бұрын, біз республика ІЖӨ-нің көлемін екі еселедік. Орташа айлық жалақы 5 есеге, ал зейнетақының орташа мөлшері 3 есеге өсті. Өмір сүрудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі 4 есеге (50%-дан 12%-ға дейін) азайды. 2009 жылы экономиканың артуы 1, 1%-ды, өнеркәсіпте 1, 7%-ды құрады. Ұлттық Қордың жалпы халықаралық резервтері мен активтері бүгіннің өзінде 50 миллиард доллардан асып түсіп, соңғы он жылда 25 еседен астамға өсті» деп айта кетті.
Осы Жолдауда Президентіміз 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясын орындауға кірісетінімізді және оның негізгі 5 бағытын айқындап берді:
- Экономиканы дағдарыстан кейінгі дамуға әзірлеу;
- Жедел индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту есебінен экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізу;
- Адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін болашаққа белсенді инвестициялау;
- Қазақстандағы сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету;
- Ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық қауіпсіздікті арттыру, халықаралық қарым-қатынасты одан әрі дамыту.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев осы Жолдауында: « Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз етудің маңызы зор. Отандық қор нарығын жұмыс істеуге мәжбүрлеп, ол 2020 жылы ТМД мен Орталық Азиядағы ислам банкингінің өңірлік орталығына айналуы және Азиядағы жетекші қаржы орталықтарының ондығына енуі тиіс. Отандық қаржы жүйесіндегі реттеулер дағдарыстан кейінгі әлемнің сынақтары мен қатерлеріне сәйкесінше сай болуы керек. Қаржылық реттеуші банк секторының сыртқы міндеттемелері үлесінің оның міндеттемелерінің жиынтық көлемінде төмендеуін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл ретте сыртқы займдардың басым бөлігі тиімді де бәсекеге қабілетті өндірістер құруға бағытталуы керек. Банктерді ашық немесе жасырын аффилирленген құрылымдардан аулақ ұстау қажет. Банктердің тек қана банк қызметімен айналысуын және олардың қызметінің барынша мөлдір болуын қатаң бақылауға алу керек. Біз банктердің дағдарыс кезінде аман қалуына көмектестік, енді банктер экономикаға оның дағдарыстан кейінгі қалпына келуі мен дамуына жігерлі түрде жәрдемдесуі тиіс» деп айта кетті [1] .
Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту болып табылады.
Республикамызда кеңес үкіметі дәуірінде мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендірілш, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шет елдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Ауылдық елді мекендерде өндірістік кооперативтер, шаруашылық кәсіпорындары, шаруа қожалықтары құрылды. Экономиканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басты бағыты - шағын және орта бизнесті дамыту қолға алынды. Бұл бағыт та өз кезегінде нәтиже беруде.
Еліміздің экономикасын қайта түлетш, әлеуметтік-экономикалық әлеуетті еселей дамытуда кәсіпорындардың, мұндағы басты тұлға кәсіпкердің, алатын орны ерекше. Отандық кәсіпкер қазірдің өзінде тұрғындардың сұранысы мен өз ырзығын теруді қанағаттандырып қана қоймай, мемлекетіміздің іргесін нығайта беру барысында көптеген нақты қызметтер атқаруда.
Қазіргі жағдайда кәсіпкер нақты нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін біліп, кәсіпорында қабылданған қаржы нарығындағы қаржылық стратегияны іс жүзінде асыруды қамтамасыз ететін саясатты таңдап алып, соны басшылыққа алуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісіне өтш, қаржы менеджментіне дейін өсш, айтарлықтай кеңеюі қажет.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттіліктің салдарынан туындайды: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, кәсіпорынның қаржы нарығындағы стратегиясы анықталмай, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік - әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік ("иесіз") меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапсыздықты іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртш, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс - әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық аландарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгерш, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіндік ашты. Атап айқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті әрштестерді таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс - әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғыдан жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т. б. ) өздері таңдайды, өз қалауы бойынша қажетті шикізатты алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстану жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субьектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданатын шешімдердің стратегиялық бағыттарына, нақтылығына, шүғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарық жағдайында кәсіпорындардың өміршендігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін жайғастыра отырып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресустары жағдайын анықтайды.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, обьективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет, соның ішінде қаржы нарығындағы оның стратегиясы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына өз шарапатын тигізбей қоймайды. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін обьективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үпіін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Отандық кәсіпорындардың қаржы нарығындағы стратегиясының мәселесі қазіргі кезде аз зерттелуде, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, жалпы еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
Сондықтан менің диплом жұмысын жазуымның мақсаты - Қазақстанда қаржы нарығының инфрақұрылымын ұйымдастыруды тереңірек зерттеп теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлұмат алып, оны зерделеп, оларға талдау жүргізудегі дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен қаржы нарығындағы стратегиясы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қорытынды беруге, өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге, еліміздің ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін үйлесімді басқару шешімдерін дайындауға ат салысуды қажет етеді.
Қойылған мақсат жұмыстың келесі міндеттерін анықтайды:
• Қазақстанда қаржы нарығының инфрақұрылымын ұйымдастырудың теориялық негіздерін оқып үйрену, кәсіпорын қызметінің, қаржы нарығындағы стратегиясының теориялық сұрақтарын оқып білу, олардың құрылымын анықтау, "қаржы нарығы", "қаржы нарығының инфрақұрылымы", "кәсіпорын", "кәсіпорын стратегиясы" түсініктерінің мазмұнын нақтылау және анықтама беру;
• Ел экономикасындағы кәсіпорын қызметінің қаржы нарығындағы стратегиясының барысына талдау жасап, оның себептері мен саддарын анықтау;
• Талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастыру және отандық кәсіпорындар үшін қаржы нарығында стратегия жүргізудегі практикалық ұсыныстарды өндеп шығару.
Жұмыстың пәні және объектісі. Жұмыстың пәні ретінде кәсіпорынның қаржы нарығындағы стратегиясының құралдары және әдістерімен байланысты теориялық және практикалық сұрақтар саналады. Жұмыстың объектісі Қазақстан Республикасының кәсіпорындарының қызметі болып табылады.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Соңында қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар келтірілген.
1. ҚАЗАҚСТАНДА ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫ-МЫН ұйымдастырудың ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қаржы нарығының құрылымы, инфрақұрылымы жөніндегі жалпы түсініктер
Кез келген шаруашылық субъектісінің экономикалық проблемасы өзінің шектеулі ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын іздеу болып табылады.
Жай айналым шегінде макроэкономиканың үш негізгі сұрақтары шешіледі: не өндіру керек, қанша өндіру керек және өндірістік қызмет нәтижелерін қалай бөлш тарату керек. Түрлі экономикалык жүйелерде бұл сұрақтар түрлі жолдармен шешімін табады. Егер нарықта бағалар ресурстарды пайдалануды басқарып отыратын болса, онда экономикалық дамудың нарықтык моделі туралы айтылады. Егер де ресурстарды басқару саяси және әкімшілдік шаралар көмегімен жүзеге асырылатын болса, онда әңгіме жоспарлы экономика турасында болады.
Кәсіпорындар айналымның қарапайым моделінде жұмыс күшін, капитал мен табиғи ресурстарды өнім өндіру мен қызмет түрлерін көрсетуге пайдаланады. Өздерінің жұмыс күшін сатқан үй шаруащылықтары өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтерге акщалай төлем жасайды. Сонымен, ресурстар, өнімдер мен табыстардың айналымы жүзеге асады, яғни нарықта ақша активтеріне деген сұраныс ақша активтерінің ұсынысына төтеп берш отырады. Шаруашылық субъектілерінің ақша қаржыларын алу әдістері түрлі болғанымен, барлық қатысушылар үшін негізгі принцип сақталып қалады. Нарықтык шаруашылықтың барлық қатысушылары нарықка шығады, атап айтқанда - тауарлар нарығы, ресурстар нарығы, ақша мен капитал нарығы, валюта нарығы және т. б.
Экономикалық жүйеде " қаржы нарығы " термині кең мағына ретінде қарастырылады.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелінш отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы нарығыньш құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын соңды болған емес.
Қаржы нарығы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағазды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру компанияларының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос акшаларын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардын жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады жөне басқа да нарықтармен етене байланысты болады (сурет 1) [2] .
Экономикалық жүйедегі нарықтардың өзара байланысы
Сурет 1. Экономикалық жүйедегі нарықтардың өзара байланысы
1. 2. Қаржы нарығының негізі - қаржы институттары мен делдалдар
Қазіргі кездегі қаржы нарығының негізін көптеген қаржы институттары мен делдалдар құрайды.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайындағы қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ несие нарығы түрінде іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық нысанында реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы, ортақ ұғымы болып табылады.
Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы нарығы ұғымы ақша, валюта, несие, капитал нарықтарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі.
Қаржы нарығының жалпылама жіктемесін суреттен көре аламыз (сурет 2) [3] .
Экономикалық әдебиеттерде қаржы нарығының ықшамдалған жіктемесі (құрылымы) де кездесш отырады (сурет 3) [4] .
Қаржы нарығының құрылымы
Сурет 3 . Қаржы нарығының құрылымы
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын дамытпай нарықтық экономиканы көтеру мүмкін емес. Мәселен, экономикасы дамыған елдерде қаржылық ресурстарының жалпы 50 пайызын акциялар мен облигациялар құрайды. Бағалы қағаздар нарығының қажеттілігі мына принциптерден туындайды:
• экономиканы және әлеуметтік жағдайларды қаржыландыру мақсатында қаржы ресурстарды табу қажеттілігі мен мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін;
• бағалы қағаздар мемлекеттік ақша, несие саясатының бір құралы ретінде мемлекеттік ақша айналымын реттейді;
• бағалы қағаздар арқылы мемлекеттік меншік жеке меншікке өтеді.
Бағалы қағаздар нарығын дамытудың негізгі мақсаты-Қазақстанның экономикасының тиімді дамуына ықпал ету, нарық экономикасының барлық субъектілерінің қызметтерін белсенділігін арттыру негізінде экономикалық өсуді және қаржылык тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Нарықтағы бағалы қағаздарды реттейтін заң дәл қазіргі кезде даму сатысында. Нарықтың өзі бар, ол қалыптасып, дамуда, ол мемлекеттің қызмет жағдайына және де кәсіпкерліктің дамуына өз әсерін тигізуде.
Ертеректе, нарықтық қатынас алыптаспаған кезде, толық мемлекеттік баскаруда, бағалы қағаз айналымы анағұрлым үлкен болған жоқ және ол тек кана облигация түрінде, яғни, алушының жинақтаушы кітабы, ұтыстық лотерея билеттері, мемлекеттік еңбек жинақтаушы, (сберкассілік) аккредитивтері түрінде болды. Ал заңды тұлғалардың арасында есептік чектер қолданылды.
Нарықтық қатынастың дамуына байланысты бағалы қағаздардың түрлері көбейш, қор нарығы пайда болды.
Жалпы түрде, бағалы қағаз нарығында бағалы қағаз шығарып, айналдырып, алып-сатуды экономикалық, қарым-катынастарға жатқызуға болады.
Нарықтық экономикаға ауысқалы бағалы кағаз айналымы тез арада өсті, бағалы катаз рыногі қамтыла бастады. Бірақ бұлар тек қана қор ретінде, және инвестициялық бағалы қағаз болып есептелді. Оларға-акция, облигацияларды жатқыза аламыз.
Бағалы қағаздар -бұл құжжат иесінің басқа тұлғаға қатысты меншік құқығын немесе қарым-қатынасын куәландыратын қаржылык құжаттар.
Бағалы қағаздар құжаттар немесе есеп-шоттарға жазылу формасында жүзеге асырылады. Экономикасы дамыған елдерде бағалы қағаздар айналымы оларды есеп кітапшаларына және шоттарға тіркеу рәсімдерінен айтарлықтай өскен. Сондықтан, олар нақтысыз, яғни қағазсыз жұмыс түріне көшкен.
Біздің елімізде акциялар шоттарға тіркелу арқылы орындалады. Акцияларды сақтайтын шоттар "депо шоттары" деп аталады. Нақтысыз акциялар иесі тіркеме реестрінен алынған көшірмеден басқа құжатты қолданбауы мүмкін. Нақтысыз акциялар шоттарда тіркелу арқылы ғана айналымда жүреді және олардың иелерінін құқығы толық қорғалады. Бұндай формадағы акцияларды қолдан жасауға болмайды. Ол өз иелеріне толық өтімділікті, яши аз шығын жіберу арқылы сатуға, сатып алуға және келісім шарттарды жедел түрде рәсімдеуге мүмкіндік туғызады.
Бағалы кағаздарға қаржылық және тауарлық құжаттар жатады. Шығарылу мақсатына қарай қорлық және коммерциялық болып бөлінеді. Коммерциялық бағалы қағаздар тауар айналымы мен кейбір мүліктік келісімдер процесіне қызмет жасайды. Қорға байланысты бағалы қағаздар қор шеңберіндегі нарықтың қағаздарымен қатынаста болады.
Бастапқы бағалы қағаздар нарығы -бастапқы бағалы қағаздарды орналастыру мен шығару бойынша қызмет жасайтын нарық болып табылады.
Бұдан кейінгі туынды (екінші) нарық -бұрын шығарылған бағалы қағаздар нарығы сауда-саттығымен жұмыс жасайды.
Ұйымдастыру формасына қарай биржалық және биржадан тыс нарық болып бөлінеді.
Биржадан тыс нарығы - қор биржаларында айналымға жіберілмеген, бағалы қағаздар саласы. Бұл рыңокта сондай-ақ жаңадан шығарылған бағалы қағаздар орналаса алады. Мүны қор биржаларын мүше немесе мүше емес дилерлер ұйымдастырады.
Бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығы телефон, телефакс немесе компьютерлік желілер арқылы жүзеге асырылады. Бұлар негізінен өзінің қажетті кірісі немесе акциясы жоқ акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздарымен айналысады.
Бағалы қағаздар операцияларымен қор биржалары мен инвестициялық институттар жұмыс жасайды.
Қорлы биржа бағалы қағаздар бойынша тұрақты сауда-саттық жүргізетін нарық болып табылады. Бағалы қағаздар айналымы деп, осыған байланысты сауда-саттық және заңнамаға сәйкес бағалы қағаздар иесінің ауысуына әкелетін басқа да қызметтерді айтамыз. Биржа коммерциялық кәсіпорындарға жатпайды. Шаруашылық субъектісі ретінде, биржа бағалы қағаздардың келісім-шарттары негізінде алыпсатарлық және есептік қызмет көрсетеді, белгілі бір кепілдік бере отырып, бағалы қағаздар саудасына шектеулер қояды және келісім бойынша ақы алады.
Қор биржасы бағалы қағаздардың қалыпты айналысына қажетті жағдай жасайтын, олардың нарықтық бағасын анықтайтын және олар жөніндегі ақпараттар тарататын өз, қызметі ерекше болып табылатын ұйым. Қор биржасы бағалы қағаздардың екінші нарығын ұйымдастырушы болып табылады.
Қор биржасы жабық акционерлік қоғам формасында құрылады және кемінде үш мүшесі болуы тиіс, яши, тек қор биржасының акционерлері оның мүшесі болады. Қор биржасы кәсіпорындар туралы заңға сәйкес тіркелш, Қаржы министрлігінде бағалы қағаздармен биржа жұмысын жүргізуге лицензия алады. Ол коммерциялық емес ұйым, оның мақсаты пайда табу емес, өзін-өзі өтеуге негізделген және өз қызметінен өзінің мүшелеріне табыс төлемейді. Бағалы қағаздар операцияларын лицензиясы бар тауар және валюта биржаларының қор бөлімдері де жүргізе алады. Бағалы қағаздармен жасалынатын операцияларды жүзеге асыру-негізгі міндеттеріне кіретін инвестиция институттары сондай-ақ, мемлекеттің атқару органдары қор биржаларына мүше бола алады. Олардың тапсыруы бойынша бағалы қағаздарды сатып алу және сатуды брокерлер мен диллер атқарады. Қор биржасының қаржы қызметі мыналардың есебінен жүзеге асырылуы мүмкін:
-қор биржасының оған мүшелікке енуге құқығын беретін аіщияларын сату;
-қор биржасының мүшелерінен мүшелік жарналары;
-биржада жасалынған әрбір мәміледен алынатын биржа алымы;
-биржа қызметіне түсетін басқа табыстары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz