Қысқа мерзімді жалға алынған негізгі құралдарды жалгер баланстан тыс


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

  1. Қаржылық лизинг туралы түсінік және оның теориялық

негіздері

  1. Қаржылық лизинг туралы түсінік және оның мәні
  1. Қаржылық лизингтің Қазақстандағы

нормативті - құқықтық негіздері

1. 3 Қаржылық лизингті пайдаланудың халықаралық тәжірибесі

  1. «Береке өнім» ЖШС нің экономикалық сипаттамасы және қаржылық ЛИЗИНГ бойынша операциялар есебі

2. 1 «Береке Өнім» ЖШС - нің экономикалық сипаттамасы.

2. 2 Қаржылық лизинг жөніндегі операциялардың есебі

  1. «Береке Өнім» ЖШС - де аудитті

ұйымдастыру, төлем қабілеттілігі мен

қаржылық тұрақтылығын таладау және

қаржылық ЛИЗИНГ есебін жетілдіру жолдары

3. 1 «Береке Өнім» ЖШС - де аудитті ұйымдастыру

3. 2 Кәсіпорынның төлем қабілеті мен қаржылық тұрақтылығын

талдау

3. 3 Қаржылық лизинг есебін жетілдіру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қандайда болмасын заттарды - еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілерімен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен анықталады. №16 Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты бойынша негізгі құралдар бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында, сондай - ақ өндірістік емес салада (материалдық емес өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы (1жылдан аса) қолданыста болатын материалдық активтер. Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойынша пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.

«Жалға беру» деген №17 Халқаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес қаржылық лизинг - бұл мүлiкке берiлетiн меншiк құқығымен байланысты табыстылық пен тәуекелдiң едәіуiр бөлiгiн жалгерге табыс ету. Бұл орайда жалгер жалданған мүлiктердi өзiнiң балансында көрсетедi. Меншiк құқының өзi жал мерзiмiне берiлyi де, берiлмеуi де мүмкiн. Жалданған НҚ объектiлерi белгiленген келiсiм бағасы бойынша немесе жалдау мерзiмi аяқталғанға дейiн өтемі төленiп алынған жағдайда, жалгердiң меншiгiне берiлyi мүмкін.

Қысқа мерзімді жалға алынған негізгі құралдарды жалгер баланстан тыс 001-шотта ескереді.

Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар жалдау мерзімі аяқталған бойда немесе ол аяқталғанға дейін жалгер шартта келісілген өтемін төлеу бағасын түгелдей енгізген болса, негізгі құралдар жалгердің меншігіне өтеді. Олар тиісінше 2400-2410-шоттарындағы «Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар» субшотында ескеріледі.

Жыл сайын мөлшер және әр-түрлі жал келісімдері көбейеді. Әрбір жал келісімі аз дегенде екі жақты болады: жалгер және жалберуші, және де жал объектісі. Жалгер жалберушіге активпен пайдалануға мүмкіндік бере отырып, оның орнына өз уақытында жал төлемін алады.

Жал келісімдерін қызықтыратын бірнеше экономикалық факторлар бар:

  • Жалгер керекті активке ие болмаса да қолдануға мүмкіндігі бар;
  • Бір немесе екі жаққа салық пайдасы;
  • Біріншіден жалберуші несиеберуші сияқты, пайыздық табыс алады, екіншіден активке меншік құқығын немесе жалдың соңғы мерзіміне дейін өткізу құқығын сақтайды.

Жұмыстың өзектілігі . Қаржылық лизинг Қазақстандағы кең көлемде дамуы жедел қадаммен толықтай физикалық және моральді тозған негізгі капиталды жаңартуға, жаңа техника мен технологияны енгізуге көмектеседі, осының арқасында көптеген компаниялар мен фирмалардың бәсекелестігін қазіргі глобальді процессте ұлттық экономиканы көтеруге септігін тигізеді.

Жал тіркеу операциялары мен ең жақсы мысал бола отырып, қаржылық тіркеу операциясының мәні формадан басты юолу керек. Егер жалгер жал келісім аяғында активтермен барлық қолдану пайдасын алып, ол бәріне тәуекел болады, яғни ондай жал келісімі сатып алу- сату төлемінің мерзімін ұзартады, сондай-ақ ХҚЕС (IAS) 17 жал тіркеу операцияларына арналған барлық мәселелерді шешеді деп айтуға болмайды.

Кейбір актив түрлері қаржылық лизингке қарағанда баланс сәйкестігімен табиғи активін мойындайды:

  • Баланстың материалдық емес активі, қаржылық жалдың материалдық емес активін мойындайды (ХҚЕС 38, 5) ;
  • Инвестициялық қаржылық лизинг меншігі, инвестициялық меншік ретінде саналады (ХҚЕС 17, 1; 40, 2; 13, 14, 65) ;
  • Қаржылық лизингтің биологиялық активтері жалпы қатаң биологиялық тіркеуіне кіреді.

Берілген стандарт қолданылмайды:

- табиги ресурстарды пайдалануға және тексеруге лизинг келісімі;

  • Кинофильм, видеожазу, патент, авторлық құқық, қолжазба объектілеріне лицензиялық келісімдер;
  • Жалгерден ұсталған мүліктер, инвестициялық меншік сияқты;
  • Операциялық жалға берілген жалберушінің мүліктері.

Лизинг классификациясы - бұл жалберушінің жалгерге беретін келісім (бір төлемге немесе бірнеше төлемге, келіскен мерзім ішінде активтерді қолдану құқығы) .

Жойылмайтын лизинг - бұл лизинг келісімін мына себептерімен жойылу мүмкін:

  • Ерекше мүмкіндік пайда болғанда;
  • Жалберушінің рұқсатымен;
  • Егер жалгер бұрынғы жалберушінің “жаңа” келісімге отырса;
  • Жал кепілді болу үшін жалгер мерзімнің басында сомасын төлеп қоюы тиіс.

Қаржылық түсінігі жай ғана ұзақ мерзімді жалдау ретінде ғана емес, жалгерлік қатынас, кепілдік есебімен, несиелік қаржыландыру элементтері, қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар және басқа да қаржылық механизмдер қатыстырылған дәстүрлі емес, келешекті қаржыландырудың қосымша жүйесі ретінде қарастырылады. Лизингктік операция бүгінгі күні қазақстандық экономикаға өте қажетті банктік құрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция. 1998 жылы Оттавада қабылданған халқаралық қаржылық лизинг конвенциясында былай деп айтылған: «Халқаралық тәжірибеде лизинг үшін үш жақты қатынастар кешенін білдіреді, мұнда лизинг компаниясы (лизинг беруші) пайдаланушы өтініші мен нұсқауы бойынша оған өндірістік жабдықты уақытша пайдалануға береді, ал келісім мерзімі аяқталған соң алынған жабдықты сатып алушы меншігінде қалдырылуы мүмкін. »

Тақырыптың ғылыми-тәжірибелік деңгейі. Жалпы қаржылық лизингтің нарықтық, лизингтік қатынастар саласын зерттеген Қазақстандық және Ресейлік К. А. Сағадиев, А. И. Мырзахметов, А. С. Смағулов, С. Т. Мыржақыпова, Г. Б. Поляк, Г. А. Краева, Ю. Б. Долгушина, А. О. Левкович, А. В. Малявина сияқты авторлар қолданған.

Жұмыстың теориялық және тәжірибелік негізі. Зерттеу барысында отандық және шетел экономист ғалымдардың бухгалтерлік есеп, қаржылық талдау және менеджмент, экономикалық - математикалық әдістері облысында еңбектері қарастырылды. Сонымен қатар заңдық және нормативтік құжаттар, ғылыми - тәжірибелік конференция материалдары және тәжірибелік қолдану нәтижелері зерттелді. Зерттелген нәтижелер бір-бірімен құрамы мен құрылымы, маңыздылығы мен құбылысы және себептері мен нәтижелері үздіксіз байланыста көрсетілген. Дипломдық жұмысты жазу барысында ғылыми абстракция әдістері, статистикалық зерттеулер қолданып, талдау мен жалпылау жүргізілді.

Жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасында қаржылық жалдың есебі жүйесін ұйымдастыру бойынша жалпы бағыттарды зерттеу және нақты ұсыныстар жасау болып табылады. Қазақстан Республикасында қаржылық лизингтің даму мәселелері мен жетілдіру жолдарын қарастыру.

Қойылған мақсаттарға жету үшін келесідей міндеттерді орындау қажет:

-Экономикалық және заңды көзқарас тұрғысынан «Қаржылық жалдың» анықтамасының мазмұны мен мәні анықталды;

- Қаржылық лизингтің жетістіктері мен кемшіліктерін негіздеу және қаржылық лизингтің түрлеріне сипаттама берілді;

-Қазақстан Республикасындағы қаржылық лизингтің қызмет нарығына талдау жасалды;

- Қаржылық лизингтің операциялар есебін зерттеу жәе жалдық келісімнің нақты орындалу кезінде бухгалтерлік есептің бақылау функцияларын арттыру.

Зерттеу объектісі ретінде «Береке Өнім» ЖШС алынды.

  1. «Қаржылық лизинг туралы түсінік және оның теориялық негіздері1. 1 Қаржылық лизинг туралы түсінік және оның мәні

Лизинг - бұл кәсiпорындар мен өзге мүлiктiк кешендер арасындaғы шаpтқа негiзделген түрде жердi, өзге табиғи ресурстарды және жалгердiң шаруашылық немесе өзге қызмeтті өз бетiнше жүзеге асыруына қажeттi мүлiктердi мерзiмдi, қайтарымды түрде пайдалануы. Жалдау нәтижесiнде жалға берушi мен жалгер арасында жалдау шартына негiзделген қатынастар пайда болады.

Жалға берушi - жалдау шapты мүлiктi жалға беретiн меншiк иесi. Мүлiктi жалға беруге меншiк иесi өкілeттiк берген органдар мен ұйымдар, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар жалға берушi бола алады.

Жалгер - бұл жалдау шарты бойышa мүлiктi жалға алатын заңды немесе жеке тұлға. Занды және жеке тұлғалар, бiрiккен кәсiпорындар, шетелдiк заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар мен бiрлестiктер жалгер болуы мyмкiн.

Лизинг шарты - бұл тараптардың еркiндiлiгi мен толық тең құқықтыльғы негiзiнде жасалатын жалдау шартының талаптарына сай мүлiктi жалға беру тyралы жалгер мен жалға берушi арасындaғы келiсiм. Мүлiктi жaлға беру меншiкті беруге әкеліп соқтырмайды.

Қаржылық лизинг - актив иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайдаларды елеулі түрде көтеретін шарттар бойынша жалға беру. Қорытындысында құқықтық мәртебе берілуі де, сондай-ақ берілмеуі де мүмкін.

Лизингті қабылдау күні - бұл мынадай күндерден: лизинг шартын жасасу күні немесе лизингтің негізгі талаптарына қатысты тараптардың міндеттемелерді қабылдау күнінен неғұрлым ертерек жасалатын жалдау. Атап айтқанда мына күнге:

(а) лизинг операциялық немесе қаржылық ретінде жіктелген;

(b) қаржылық лизинг жағдайында жалдау мерзімінің басында танылуға жататын сомалар анықталады.

Лизинг мерзімінің басталу күні жалға алынған активтерді пайдалану мүмкіндігін іске асыру құқығын алған күн болып есептеледі. Бұл - жалдауды бастапқы тану күні (яғни жалдаумен байланысты туындайтын тиісті активтердің, міндеттемелердің, табыстың немесе шығыстың танылуы) .

Лизинг мерзімі - жалгер шартқа сәйкес активті жалдауға алған, қысқартылуға жатпайтын кезең, сондай-ақ, бұл кезеңдер ішінде, егер жалдау мерзімінің басында жалгердің осы құқығын іске асыруға негізді сенімі болса, жалгердің қосымша мынадай ақы төлеумен немесе онсыз активті одан әрі жалдауға құқығы бар кез келген өзге де кезеңдер.

Лизингтің ең төменгі төлемдері - жалдау мерзімі бойындағы төлемдер, жалға беруші төлейтін және оған өтелетін шартты түрдегі жалдау ақысын, қызмет көрсетулері мен салық төлемдері бойынша сомаларды қоспағанда, олар мына сомалармен бірге жалгерден талап етілуі немесе сұратып алынуы мүмкін:

(а) жалгер үшін: жалгер немесе жалгермен байланысты тараптың кепілдік берген кез келген сомаларымен;

(b) жалға беруші үшін: жалға берушіге кепілдік берген кез келген тарату құнымен:

  • жалгер;
  • жалгермен байланысты тарап;
  • осындай кепілдік бойынша қаржыға байланысты міндеттерді орындауға қабілетті, жалгерден тәуелсіз үшінші тараппен.

Алайда, егер жалгердің осы құқықты іске асыру мүмкін болған кездегі күні, күткендегідей, активті әділ құнынан мейлінше төмен баға бойынша сатып алу құқығы болса, бұл орайда жалдау мерзімі басталғанда бұл құқықты іске асыруға, ал ең төменгі жалдау төлемдері мерзім ішіндегі төленуге тиісті ең төменгі төлемдерден және осы активті сатып алу құқығын іске асыру үшін қажетті төлемнен тұратынына негізді сенімі болады.

Әділ құн - келісім жасасу барысында жақсы хабардар, осындай келісімді жасасуға ниет білдірген, бір-бірінен тәуелсіз екі жақтың активті немесе реттелген міндеттемені ауыстыруға болатын сома.

Экономикалық қызметінің мерзімі - бұл:

(а) бір немесе одан да көп пайдаланушылардың активті экономикалық пайдалануы күтілетін уақыт кезеңі;

(b) ұйымның активті пайдалануынан күтетін өндіріс бірліктерінің көлемі немесе осыған ұқсас бірліктер.

Пайдалы қызмет мерзімі - ұйымның активте болатын экономикалық пайда алуды көздейтін лизинг мерзімімен шектелмейтін лизинг мерзімінің басынан қалған, есеп кезеңі.

Кепілдік берілген жою құны - бұл:

(а) жалгер үшін: жалгер немесе онымен байланысты тараптың кепілдік берілетін жою құнының бір бөлігі (бұл орайда кепілдік сомасы кез келген жағдайда төленуге тиіс болатын ең көп сомаға тең) ;

(b) жалға беруші үшін: кепілдік бойынша қаржы қатынасындағы міндеттемелерді орындауға қабілетті жалгер немесе жалға берушімен байланысы жоқ үшінші тараптың кепілдік беретін жою құнының бір бөлігі.

Кепілдік берілмеген жою құны - жалға алынған активтің жою құнының алуына жалға беруші кепілдік бермеген немесе тек жалдауға берушімен байланысты тарап қана кепілдік берілген бір бөлігі.

Бастапқы тікелей шығындар жалдау шартын дайындауға және жасауға байланысты, мұндай шығынды өндірушілердің немесе дилерлердің атынан жалға берушілер көтерген жағдайды қоспағанда, қосымша шығындарды білдіреді.

Жалдауға салынатын жалпы инвестициялар:

(а) жалға беруші қаржылық жалдау кезінде алынатын ең аз жалдау төлемдерінің,

(b) жалға берушіге тиесілі кез келген кепілдік берілмеген жою құнының жиынтығы.

Жалдауға салынған таза инвестиция жалдау шартында қарастырылған пайыз ставкасы бойынша дисконтталған жалдауға салынған жалпы инвестицияны білдіреді. Алынбаған қаржылай кіріс - бұл мыналардың:

(а) жалдауға салынған жалпы инвестиция,

(b) жалдауға салынған таза инвестиция арасындағы айырманы білдіреді.

Жалдау туралы шартта түсінілетін пайыз ставкасы - қолданылуы жалдауды қабылдау күнінде ең төмен жалдау төлемдері және кепілдік берілмеген жою құнының жалпы дисконтталған құны жалданған активтің әділ құнына және жалға берушінің бастапқы тікелей шығындарының сомасына тең болатын жағдайды қамтамасыз ететін дисконт ставкасы.

Заемдық капиталға пайыздың өсу ставкасы - жалгердің бірдей жалдауы бойынша төлеуге міндетті болған пайыз ставкасы, немесе осындайды анықтау мүмкін болмаса, онда жалдауды қабылдау күніне активті сатып алу үшін керекті мөлшерде осындай мерзімге немесе осындай қамтамасыз етілуге алынған заем бойынша жалгер төлеуге міндетті болған ставка.

Шартты жалдау ақысы - белгілі бір сома түрінде белгіленбейтін, бірақ өзгеруі уақыттың өтуімен байланысты емес фактордың болашақ шамасына негізделген жалдау төлемдерінің бір бөлігі (мысалы, сатудың болашақ пайызы, пайдаланудың болашақ деңгейі, бағалардың болашақ индексі, пайыздың болашақ нарықтық ставкасы) .

Жалдау туралы шартқа немесе жалдаудың негізгі талабына қатысты міндеттемеге ғимарат немесе меншікті жалға алу құнының өзгеруіне, немесе шығын және құнның басқа кейбір бағаларының өзгеруіне, мысалы, жалдауды қабылдау күні және жалдау мерзімінің басталуы арасындағы кезең ішінде жалдауды қаржыландырудағы бағалардың жалпы деңгейі, немесе жалға берушінің шығындары, жалдау төлемдерінің түзетуін қарастыратын ережені қамтуы мүмкін. Мұндай жағдайда осы Стандарттың мақсаты үшін кез келген осындай өзгертулердің салдары жалдауды қабылдау күнінен басталды деп есептеледі.

Жалдауды анықтауға келісілген талаптарды орындағаннан кейін жалдаушыға активті меншігіне алу құқығын беретін ережесі бар активті жалға өткізу шарты кіреді. Бұл шарттар кейде сатып алу құқығы бар жалдау шарты деп аталады.

Жалдауды жіктеу жалдауға алған активке меншік құқығына тән тәуекел мен пайданы жалгер мен жалға берушінің қандай дәрежеде мойнына алуына негізделеді. Тәуекелге активтің іркілісі немесе технологиялық жағынан ескіруінен, сондай-ақ өзгеріп тұратын экономикалық жағдайлармен байланысты пайданың ауытқуынан болатын залалдар жатады. Пайда активтің экономикалық қызметінің мерзімі ішіндегі пайдалы жұмыстың және оның құнының артуынан немесе тарату құнынан алынатын пайданың күтілуімен берілуі мүмкін.

Жалдау, егер ол иеленумен қатар жүретін айтарлықтай деңгейдегі барлық тәуекелдер мен пайданы көтеретін болса, қаржылық жалдау ретінде жіктеледі. Егер жалдау иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайданы айтарлықтай көтеруге әкеліп соқтырмаса, операциялық ретінде жіктеледі.

Жалға беруші мен жалгер арасындағы мәміле жалдау шартына негізделетіндіктен, олардың арасында келісілген анықтаманы пайдаланған дұрыс болады. Осындай анықтамаларды жалға беруші және жалдаушының бірдей емес жағдайларға қарай қолдану жалдаудың бір түрін әр түрлі жіктеуге әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, егер жалға беруші жалдаушымен байланысты емес тарап ұсынған тарату құнының кепілдігінен пайда алған жағдайда орын алуы мүмкін.

Жалдауды қаржылық ретінде немесе операциялық ретінде жіктеу керек пе деген сұраққа шарттың нысанына емес, мәміленің мазмұнына байланысты болады деп жауап беріледі ( 1 ) . Төменде жеке немесе бірге алынған жағдайлардың әдетте жалдауды қаржылық ретінде жіктеуге себепші болатын мысалдар келтірілген:

(а) жалдау мерзімінің соңында активті иелену құқығы жалдаушыға көшеді;

  1. жалдаушының жалдау мерзімінің басында осы құқықты іске асыру күні әділ құннан айтарлықтай төмен бағаға осы активті сатып алуға құқығы бар, ал жалдауды қабылдаған күні бұл құқықтың жүзеге асырылатыны туралы негізделген сенім бар;
  2. егер меншік құқығы мүлдем берілмейтін болса да, жалдау мерзімі активтің экономикалық қызмет көрсету мерзімінің елеулі бөлігін құрайды;
  3. жалдау қабылданған күнгі жалдау төлемдерінің ең төменгі дисконттық құны ең кем дегенде жалға алынған активтің барлық әділ құнының елеулі үлесін құрайды;

e) жалға алынған активтердің тек жалгер ғана оларды елеулі түрдегі түрлендірусіз пайдалана алатын арнаулы сипаты бар.

Жеке немесе құрамдас түрінде қаржылық жалдау ретінде жалдауды жіктеуге себепші бола алатын жағдайлардың индикаторлары мыналар болып табылады:

(а) жалгер жалдауды тоқтатқан жағдайда, мұнымен байланысты барлық залалдар жалдаушыға жүктеледі;

(b) таратылған сома әділ құнның ауытқуынан келетін пайда немесе залалдар жалдаушыға тиесілі (мысалы, жалдау мерзімінің соңында сатудан алынатын түсімдердің үлкен бөлігіне тең жалдау ақысынан жеңілдік нысанында) ;

(с) жалдаушыға нарықтық деңгейден айтарлықтай төмен жалдау ақысына жалдауды екінші кезеңге ұзартуға мүмкіндік беріледі.

Егер басқа белгілері негізге ала отырып, осы жалдаумен қатар жүретін барлық тәуекелдерді және пайданы елеулі ауыстыруға әкеліп соқтырмайтыны анық болса, ол операциялық жалдау ретінде жіктеледі. Мысалы, егер жалдау мерзімінің соңында активті көлемі осы уақыттағы активтің әділ құнына тең болатын белгіленбеген төлемге айырбасталса, немесе шартты жалдау ақысы туралы сөз болып отырғанда, жалдаушы осындай барлық тәуекелдер және пайданың елеулі бөлігін өзіне алмаған жағдайда, бұл орын алуы мүмкін.

Жалдауды жіктеу жалдауды қабылдаған кезде жасалады. Егер жалдаушы және жалға беруші уақытқа тәуелсіз жалдауды жаңартуды қоспағанда, критейрийлеріне сәйкес жалдауды басқа жіктеуге әкеліп соқтыратындай түрде жалдау шартын өзгертуге келіссе және өзгертілген шарттар жалдау қабылданғаннан кейін қолданысқа енгізілсе, онда қайта қаралған шарт оның қолданылу мерзімі бойына жаңа шарт ретінде қаралады. Алайда бағалаудағы өзгерістер (мысалы, қызметтің экономикалық мерзімін немесе жалданған мүліктің жою құнын бағалауды өзгерту) немесе жағдайдың өзгеруі (мысалы, жалгердің шартты орындамауы) есепке алу мақсаттары үшін жалдауды қайта жіктеуге әкеліп соқтырмайды.

Жер учаскелерін және үйлерді жалдау басқа да активтерді жалдау түріндегі сияқты операциялық немесе қаржылық ретінде жіктеледі. Алайда, әдетте, жер учаскелері үшін белгілі бір қызмет мерзіміне тән, егер жалдау мерзімінің аяғында меншік құқығын жалдаушыға беру көзделмесе, иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайданың елеулі бөлігін ол өзіне қабылдамайды, және мұндай жағдайда жерді жалдау операциялық жалдау ретінде жіктеледі. Есепке алғанда операциялық ретінде көрсетілетін активтерді иеленуге немесе жалдау құқығында активтерді сатып алуға кіріскен кезде жүргізілетін төлемдер берілген пайданың түсу графигіне сәйкес жалдау мерзімі бойына амортизацияланатын аванстық жалдау төлемдерін білдіреді.

Жер учаскелерін және үйлерді жалдау кезінде учаскелер мен үйлер жеке элементтер ретінде қаралады, мұның өзі жалдауды жіктеу ұғымынан туындаған. Егер осы екі элементке де меншік құқығы жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін жалдаушыға көшсе, онда жер де, үй де бір немесе осы екі элементті иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайданың елеулі үлестерін осы жалдау көтермейтіні туралы куәландыратын басқа белгілері болған жағдайларды қоспағанда, жасалған шарттардың санына қарамастан, қаржылық жалдау объектісі ретінде жіктеледі. Жердің экономикалық қызмет мерзімі белгісіз болып табылса, онда бұл элемент, егер жалдау мерзімінің аяғында оған меншік құқығын жалдаушыға беру көзделмесе ғана, операциялық жалдау объектісі ретінде жіктеледі. Басқа жалдау элементі, үй -қаржылық немесе операциялық жалдау объектісі ретінде жіктеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖАЛДАУ ЕСЕБІ
Негізгі құралдарды жөндеудің және жаңғыртуд
Қазақстан Республикасының негізгі құралдар есебі.
Жал есебінің аудиті
Негізгі құралдар туралы ақпарат
Бухгалтерлік есептегі негізгі куралдар
Жалгерліктің мәні мен мазмұны
Негізгі құралдардың ағымдағы жал бойынша операцияларының есебі
Негізгі құралдарды жөндеу есебі
Негізгі құралдардың есебі туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz