Ақпараттық жүйенің кодталынуы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ7

1 ПӘНДІК АУМАҚТЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ. ТАПСЫРМАНЫҢ ҚОЙЫЛЫМЫ10

1. 2 Жұмыс оқу жоспарын автоматизациялауға арналған программалар15

1. 3 Пәндік аумақты теориялық талдау16

1. 4 Тапсырманың қойылымы17

1. 5 Жұмыс оқу жоспарын өңдейтін автоматтандырылған ақпараттық жүйенің сипаттамасы18

1 тарау бойынша қорытынды18

2 ЖОБАЛАУ БӨЛІМІ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРДІ ТАҢДАУ19

2. 1 Мәліметтер базасы туралы жалпы мәлімет19

2. 1. 1 Мәліметтер базасының кең түрде қолданылуының алғы шарттары20

2. 1. 2 Мәліметтер базасын пайдаланушылар мен олардың деңгейлері20

2. 1. 3 Мәліметтер базасы әкімшілігінің функциялары21

2. 1. 5 Мәліметтер базасы администраторының байланыстары23

2. 1. 6 Мәліметтер базасын жобалау24

2. 1. 7 Мәліметтер базасын жіктеу25

2. 1. 8 Мәліметтер базасының жұмыс режимі26

2. 2 MySQL мәліметтер базасы27

2. 3 Apache Web-сервері28

2. 4 HTML гипермәтіндік тілі28

2. 4. 1 HTML тілінің атқаратын қызметі29

2. 4. 2 HTML тілінің командалары29

2. 4. 3 Tег атрибуттары30

2. 5 PHP - Web-қосымшаларды құру тілі30

2. 6 РhpMyAdmin31

2. 7 Notepad++ кодтау редакторы31

2. 8 ER - диаграмма құру31

2. 9 Реляциялық модельді құру32

2. 10 MySQL-де мәліметтер базасын құру мен мәліметтер базасын phpMyAdmin қосымшасы көмегімен кестелермен толтыру33

2 тарау бойынша қорытынды38

3 ӨҢДЕЛІНЕТІН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ АРХИТЕКТУРАСЫН ҚҰРУ39

3. 1 РНР серверлік сценарий тілі арқылы web-қосымша құру39

3. 2 Тіркеуден өтетін форманы құру40

3. 3 Мәліметтер базасы MySQL мен PHP арасына байланыс орнату42

3. 4 Мәліметтер базасындағы мәліметтерді Web-интерфейсі арқылы экранға шығару43

3. 5 Мәліметтер базасындағы кестелерге мәліметтер қосу44

3. 6 Мәліметтер базасындағы мәліметтерді өзгерту45

3. 7 Мәліметтер базасындағы кестелердің мәліметтерін өшіру46

3. 8 Мәліметтер базасындағы кестелердің мәліметтерді баспаға жіберу47

3. 9 Мәліметтер базасындағы жұмыс оқу жоспарына жаңа жол қосу үшін, жаңа кесте құру48

3 Тарау бойынша қорытынды50

4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖОБАНЫҢ ТЕХНИКО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕЛУІ51

4. 1 Жобаның техникалық - экономикалық негізделінуі51

4. 1. 1 Экономикалық тиімділікті бағалау51

4. 1. 2 Программалық өнімді құрастыру қиындылығын есептеу52

4. 1. 3 Машина уақытының құнын есептеу53

4. 1. 4 Программалық өнімнің өзіндік құнын есептеу54

4. 1. 5 Қосымша программаның құнын шығару54

4. 1. 6 Программалық өнімді ендіргеннен кейінгі экономикалық тиімділікті есептеу55

4. 2 Өнеркәсіптік санитарлық жағдай. Жұмыс аумағының ауасына қойылатын жалпы санитарлы-гигиеналық талаптар55

4. 2. 1Жұмыс орындарындағы микроклиматтың оптимальді және шекті көрсеткіштері56

4. 2. 2Өндірістік және зиянды факторларды талдау57

4. 2. 3 Программистің еңбек ету ортасына сипаттама58

4. 3 Қорғау шаралары59

4. 3. 1 Өндірістік санитария59

4. 3. 2 Еcептеу орталығының өндірістік жарықтамасы60

4. 3. 3 Шу мен дірілден қорғану62

4. 3. 4 Электромагнитті сәулелену әсерінен қорғану64

4. 4 Электрлік қауіпсіздігі64

4. 4. 1 Өрт қауіпсіздігі65

4. 5 Дыбысты изоляциялау66

4. 5. 1 Компьютерлік бөлмеде жасанды жарықтануды есептеу68

4 Тарау бойынша қорытынды69

ҚОРЫТЫНДЫ71

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ73

КІРІСПЕ

Жоғарғы оқу орнының көсбасшы ұстанымы бірінші кезекте ақпараттық технологиялар саласында алдыңғы жетістіктерді сауатты пайдалануымен анықталынады. Еліміздегі жоғарғы оқу орнын дамыту стратегиясында мамандарды дайындау сапасы және тиімділікті арттыру ақпараттық технологиялар жүйесін дайындау мен енгізу негізінде жүзеге асады.

Елбасының «Қазақстан әлемнің дамыған бәсекелесуге қабілтті 50 елдер қатарына ену» жолдауында еліміздің негізгі инновациялық әлеуметті-экономикалық даму бағыттарын анықтап көрсетеді [1] .

Елбасының «Қазақстан әлемнің дамыған бәсекелесуге қабілтті 50 елдер қатарына ену. Қазақстан өзінің даму тарихында жаңа нарық жолында» (2006) жолдауында аса назар аударғаны «білім беру реформасы - Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел болу құралдарының ең маңыздыларының бірі болып табылады. Ол үшін бізге қазіргі заманғы экономикалық талаптарға және қоғамдық жаңалауға сай білім жүйесі керек» [2] .

Ақпараттық технологиялардың дамуы мен кең қолданылуы әлемдік бірлестіктің даму үрдісінде маңызды роль атқарады. Қазіргі заманғы технологияларды ақпаратты өңдеу үшін пайдалану бәсекеге қабілеттілікті арттырады, әлемдік жүйеге ықпалдауды кеңейтуге әсерін тигізеді, басқару процессінің тиімділігі мен сапасын арттыруға маңыздылығы көп. [3] Жоғарғы оқу орындарын ақпараттандыру - жоғарғы оқу орынынынң ақпаратты қажеттіліктерін қолайлы шарттармен қанағаттандыру және оның маңызды шарттарының бірі әлемдік білім кеңістігіне ену мен оның гүлдеунуіне кепіл беру күрделі процесс болып табылады [4] .

Жоспарлау, есепке алу, бақылау және бiлiм беретiн мекеменiң қызметiнiң талдауының процесстерi күрделi ұйымдастыру жоспарларында автоматтандыруды күрделiлiк ықпал ететiн өте мағыналы факторлардың бiрi болып айқындалған. Оқу процессінің элементін бірнеше бөлімшелерсіз, ондаған қызметкерлерсіз және әкімшілік қызметкерлерінсіз, студенттерсіз елестету іс жүзінде мүмкін емес. Сондықтан да, қазіргі заманғы басқару білім беру процессінде көптеген жоғарғы оқу орындарының тәжірибесіне сүйенуі керек, яғни бөлімшелер арасындағы қарым-қатынас, бақылаушылардың негізінде үнемі өзгеріп отыратын шарттарына сәйкес және соған қарамастан оқу бөлімшесінің нақты жұмысына үйлесуі керек.

Жоғарғы оқу орынның оқу процессіне телекоммуникациялық технологияны енгізу бірнеше мәселелерді шешумен байланысты. Алдымен, жоғарғы оқу орнының ресурстарының шектелуі (қаржыландыру, байланыс каналдарының сапасы, оқу орнындағы компьютерлік техниканың қолдану деңгейі) . Екінші мәселе бүгінгі таңда оқытушылардың жетіспеушілігі мен оқу процесінде ауқымды желі ресурстарын қолдануға арналған әдістемелік құрастырулардың жоқтығы. Әдістемелік мәліметтерді дайындау ақпаратты керекті желіден таңдап алу күрделі жұмысымен байланысты және технологияның жұмысы мен қолданысына да қатысы бар.

Жаңа білім беру модельінде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар негізінде құрастыру қажет болды, ол өз бетімен білім алу принципіне негізделген. Ақпараттық технологиялар, білім беру жүйесінің негізгі бүтіндік құрамы ретінде қарауы, ақпартқа қол жеткізуді жеңілдету ғана емес сонымен қатар, білім беру кезінде бірнеше нұсқаулар ұсынуға мүмкіндік береді, оның жекелілігі мен дифференциялануы, білім беру кезіндегі субъектілердің барлығының ара-қатынасын жаңаша ұйымдастыруға, оқу барысында білім алып отырған тұлға белсенді және тең құқылы болуын қамтымасыз ететін білім беру жүйесін құруға мүмкіндік береді. Оқу процессіне жаңа технологияны енгізу оқу процессін белсенді етуі, дамып келе жатқан оқу барысын жаңа ойлармен толықтырады, сабақтың жылдамдығын ұлғайтады.

Бүгінгі таңда елімізде білім саласында көптеген программалық қамтымалар қолданыс тауып отыр.

Компьютеризациялау процессінен педагогикалық технология қалып отырған жоқ. Сондықтан, ақпараттық және коммуникациялық технологияның оқу процессінде қолданылуы қазіргі заманғы білім бері жүйесіндегі өзекті мәселе болып отыр.

Компьютерлік технологияны білім беру процессіне пайдалану жаңа мүмкіншіліктер мен кірісуге жаңа әдістер ұсынады. Олар тиімді және білім сапасын жоғарлатуға, бірнеше мәселелерді шешуге ыңғайлы.

Дипломдық жобаның өзектілігі: офис-тіркеушісінің жұмысын жеңілдетіп, жұмыс уақытын үнемдететін магистратура мамандықтарына оқу жоспарын өңдейтін автоматтандырылған ақпараттық жүйе құру болып табылады.

Бұл дипломдық жобаның мақсаты: «Тұран» университетінің магистратура, докторантура және халықаралық бірлестік департаментіне оқу кестесін құруға көмекші және ақпаратты автоматты түрде өңдейтін ақпараттық жүйе құру болып табылады. Ол модель кафедрадан берілген әр мамандық бойынша жұмыс оқу жоспарын негізгі ақпараттық ағым талдауына негізделген форма түрінде құралып, нәтижесінде магистранттардың сабақтарының оқу кестесін құруға көмектесетін инфлологиялық модель шығады. Ол ақпаратқа оперативті және қолжетімді, жұмыс оқу жоспарында өзгеріс болған жағдайда, білім берудің кредиттік жүйесіне сәйкес мәліметтер базасына өзгерістер енгізуге ыңғайлы болуы тиіс [6] . Ал мәліметтер базасында университет, факультет, кафедра, мамандық, оқытушылар, аудитория және пән (кредиттер саны, дәрістер мен семинарлар) жайында мағлұматттар сақталады. Мультимедиялыық ақпаратты стандартты құжаттарды формаландыру HTML (HyperText MarkUp Language) мен РНР тілдері негізінде жазылады.

Алдыға қойған мақсатқа жету үшін орындалатын тапсырмалар:

  • Пәндік аумақтың талдауы
  • Мағлұмат жинау мен оны талдау
  • Бағдарламаларға шолу
  • Мәліметтер базасының құрылымын жобалау
  • Ақпараттық жүйенің құрылымын жобалау
  • Ақпараттық жүйенің кодталынуы
  • Ақпараттық жүйе жұмысын тестілеу. Нәтижелерін талдау
  • Автоматтандырылған ақпараттық жүйе түсінігі, кіріспе

Дипломдық жоба құрылымы: бұл жұмыс кіріспеден, төрт тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Бірінші тарауда негізгі түсініктер мен анықтамалардан құралған, екінші тарау мәліметтер базасы жобалау бөлімінен және бағдарламаларға шолудан құралған, ал үшінші бөлімде негізгі программаның орындалуы жайында және төртіші тарауда экономикалық тиімділікті есептеу, еңбекті қорғау мен өмір сүру қауіпсіздігі, программаның іске асуы, техникалық тапсырмалардан тұрады. Жалпы жобаның көлемі 99 беттен құралған, оның 71 беті негізгі мәтіннен, қолданылған әдебиеттер тізімінен құралған, 21 сурет, 28 кесте және 4 сұлба бар.

1 ПӘНДІК АУМАҚТЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ. ТАПСЫРМАНЫҢ ҚОЙЫЛЫМЫ

ХХ ғасырдың екінші жартысы ақпараттық қауымға өту жүйесі болды. Ақпараттың ұлғаюына байланысты адамзаттың жетістігі ақпараттық жарылысқа келіп соқтырды.

Ақпараттық жарылыс көптеген проблемаларға соқтырды, ол проблемалардың бірі ақпаратты автоматты түрде өңдеу болып табылады. Техника мүмкіндіктерін қолданбай «қолмен жасау әдістері» өзінің мүмкіндіктерін жоғалтты. Көп ақпаратты автоматты түрде өңдеу ЭЕМ-ді қолдану арқылы жүзеге асады, ол деген машина уақытын қолданып, өз уақытымызды үнемдеу деген ұғымды білдіреді [16] .

1. 1 Негізгі түсініктер

Автоматизация - өзін реттейтін техникалық мүмкіндік, экономика-математикалық әдістер мен бақылау жүйесі, энергияны жіберу мен қолдануда, қабылдау процесстерінде, өзгертуде, мәліметтерді немесе ақпараттарды, адамдардың көмегісіз-ақ орындалатын операциялардың күрделілігін кемітетін ғылыми-техникалық прогресстің бағыттарының бірі [48] .

Қосымша датчиктерді (сенсорлар), енгізу құрылғыларын, басқару құрылғыларын (бақылаушылар), шығару құрылғыларын, электронды техниканы және есептеу әдістерін, кейде адамның ойлау мен жүйке жүйелерін көшіріп алатын функцияларды қолдануды талап етеді. Автоматты терминмен қатар, автоматтандырылған термині де жиі қолданады және онда процесс барысында адамның қатысуын керек етеді.

Автоматтандырылады:

  • Өндірістік процесстер;
  • Жобалау;
  • Ұйымдастыру, жоспарлау мен басқару;
  • Ғылыми ізденістер;
  • Бизнес-процестер.

Автоматизациялаудың мақсаты - еңбек өнімділігін арттыру, өнімнің сапасын жақсарту, басқаруды ықшамдау, өндірістен адамдардың денсаулығына зиян еңбек-жұмыстарын жою. Автоматизация тапсырманы шешуді комплекстік, жүйелік шешу жолдарын таңдайды, сондықтан да автоматизация алдында тұрған мәселелерді көбіне жүйелік деп атайды [5] .

Автоматтандырылған ақпараттық жүйе (ААЖ) адамды және ақпаратты өңдеу процесі кезінде қатысады, техникалық мүмкіндіктер, яғни басты роль копьютерге назар аударылады. Қазіргі кезде «АЖ» терминінің талдауы кезінде автоматизациялау жүйесі ұғымы да міндетті енгізіледі [10] .

Автоматтандырылған АЖ, басқару процесін ұйымдастыру кезінде кең қолданыс тапқан, оның түрлі модификациясы бар және талдануы мүмкін, мысалы, ақпаратты қолдану мен қолданыс ортасына байланысты мінездемесіне қарай.

Автоматтандырылған АЖ. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе адамның қатысуынсыз-ақ ақпаратты өңдеуге арналған бүкіл операцияларды орындай алады.

Ақпараттық жүйе автоматтандыру дәрежесі бойынша төмендегідей жіктелінеді [11] :

1-сұлба. Ақпараттық жүйе автоматтандыру дәрежесі бойынша жіктелінуі

Білім берудің кредиттік жүйесі - білім беру жүйесі, өздігімен білім алу деңгейін жоғарлатуға бағытталған және жекелендіру негізінде шығармашылық түсінуі, білім беру траекториясын таңдай ала білу және білім көлемін кредит түрінде есептеу.

Білім берудің кредиттік технологиясы - еліміз үшін жаңа, ал әлемдік тәжірибеде жоғарғы оқу орындарында студенттерге білім беру жұмысын ұйымдастыру технологиясы [13] .

Білім берудің жаңа принциптері мен ережелері:

  • Студенттің жеке білім беру траекторяисын құру;
  • Пәнді оқу барысында студенттің өзіндік жұмысын жасай алу керектігі;
  • Өзіндік жұмыстың нәтижелерін жүйелі түрде бақылау;
  • Оқу барысындағы жетістіктерді бағаларды жинау жүйесінде есептеу.

Білім берудің кредиттік технологияда ұйымдастырудың негізгі принциптері 1-суретте көрсетілген.

Кредитттік технологияның жоғарыда аталған принциптерін іс-жүзінде қалай жүзеге асатындығына тоқтала кетсек.

1. Индивидуальды білім беру траекториясын құру. Бұл принципке сәйкес студент немесе магистрант оқу жылының басында сол оқу жылына жеке оқу жоспарны құрады. Жұмыс оқу жоспарға пәндерді таңдауға группаның эдвайзері көмектеседі. Эдвайзер - кафедраның оқытушысы, оның міндетіне студенттің академиялық мүдделерін университет қызметкерлері алдында ұсынып көрсетуі кіреді.

Жеке оқу жоспары міндетті және таңдау пәндерінен тұрады. Міндетті пәндер жолсілтеменің «Білім берудің жеке траекториясын құруға міндетті компоненттер» тарауында көрсетілген, ал таңдау пәндері элективті пәндер каталогында көрсетілген. Бекітілген жеке оқу жоспарын оқу процессі барысында өзгертуге рұқсат етілмейді.

1-сурет. Кредиттік технология бойынша оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері.

2. Пәнді оқу барысында студенттің өзіндік жұмысты жасай алу керектігі. Оқитын пәннің көлемі кредит бойынша есептеледі. 1 кредит - 45 академиялық сағат (1 академиялық сағат - 50 минут оқытушымен қарым-қатынастағы сабақ, физикалық тәрбиелеуден басқа, лабораториялық жұмыс пен тәжірибенің барлық түрі) кіреді. Сол сағаттардың 45 сағатынан тек 15 сағаты ғана дәріс пен семинарға арналған, ал 30 сағаты - студенттің немесе магистранттың өзіндік жұмысына арналған, сол 30 сағаттың 15 сағатын оқытушымен бірге, қалған 15 сағатын оқытушы берген тапсырма бойынша өз бетімен оқиды немесе берілген тапсырманы орындайды [7] .

Жоғарғы оқу орнының негізгі тапсырмасы студент немесе магистранттың өзіндік жұмысы жемісті болуына жағдай жасау болып табылады. Ол үшін жоғарғы оқу орнына пән бойынша оқу-әдістемелік комплексі (ОӘК) ұсынылады, онда оқылатын пән бойынша қысқаша ақпарат болады және өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалардың тақырыптары, өткізу мерзімі мен есеп берудің формасы көрсетілген.

3. Өзіндік жұмыстың нәтижелерін жүйелі түрде бақылау. Оқыған пән бойынша оқытқан материалды қаншалықты ұққандығын тексеру үшін міндетті түрде семестріне 2 рет кесте бойынша 8-ші және 15-ші аптада тексеріс болады. Ол тексеріс «Аралық бақылау» деп аталады. Аралық бақылау 100 балды критерия бойынша бағаланады, ол бағаны пәнді жүргізетін оқытушы қояды. Егер барлық аралық бақылаудың орташа арифметикалық мәні 50 пайыздан төмен болса қорытынды емтиханға жіберілмейді және ол оқыған пән бойынша академиялық қарыз болып қалады. Егер емтиханда екі алған жағдай болса да оқыған пән бойынша қарыз болып қалады. Ол қарызды тек жазғы семестрде ғана жаба алады, ал жазғы семестр оқу жылы біткеннен кейін ұйымдастырылады. Және жазғы семестрде оқу үшін қосымша ақша төленеді, оның ақысы пәннің кредитіне байланысты [8] . Оқу барысында аралық бақылау тапсырылады, соның нәтижесімен емтихан тапсырылады. Емтихан тапсыру барысында, төмен баға алып қалып, сол бағаны көтеру үшін пәнді қайта тапсыруға рұқсат етілмейді, бірақ та апелляцияға өтініш жазса болады.

Қорытынды емтиханға 100 пайыздық шкаланы қолдану арқылы жүзеге асады. Емтиханнан кейін қорытынды баға пайыздық күйінде қойылады. Оны төмендегі формула бойынша есептейміз:

Р1 - бірінші аралық бақылау бойынша пайыздық күйдегі баға;

Р2 - екінші аралық бақылау бойынша пайыздық күйдегі баға;

Э - емтиханның пайыздық күйдегі бағасы;

К% - пән бойынша пайыздық күйдегі баға;

Формуладан көріп отырғандай қорытынды баға аралық бақылаудан алған бағаларға тәуелді, ал аралық бақылау бағалары өз кезегінде студенттің немесе магистранттың сабаққа үлгерімін көрсетеді. Сонымен кредиттік технологияда студенттің өзіндік жұмыстың сапасы мен жүйелілік негізгі роль атқаратыны белгілі болды.

Қорытынды баға пайыздық күйден сандық және әріптік күйге келтіріледі. Төмендегі кестеде бағалардың тізімі көрсетілген:

1-кесте. Көпбалды санның әріптік жүйесі

Әріптік күйдегі баға
Балл
% күйде
Дәстүрлі күйдегі баға
Әріптік күйдегі баға: А
Балл: 4
% күйде: 95-100
Дәстүрлі күйдегі баға: Үздік
Әріптік күйдегі баға: А-
Балл: 3, 67
% күйде: 90-94
Әріптік күйдегі баға: В+
Балл: 3, 33
% күйде: 85-89
Дәстүрлі күйдегі баға: Жақсы
Әріптік күйдегі баға: В
Балл: 3
% күйде: 80-84
Әріптік күйдегі баға: В-
Балл: 2, 67
% күйде: 75-79
Әріптік күйдегі баға: С+
Балл: 2, 33
% күйде: 70-74
Дәстүрлі күйдегі баға: Қанағаттандырарлық
Әріптік күйдегі баға: С
Балл: 2
% күйде: 65-69
Әріптік күйдегі баға: С-
Балл: 1, 67
% күйде: 60-64
Әріптік күйдегі баға: D+
Балл: 1, 33
% күйде: 55-59
Әріптік күйдегі баға: D
Балл: 1
% күйде: 50-54
Әріптік күйдегі баға: F
Балл: 0
% күйде: 0-49
Дәстүрлі күйдегі баға: Қанағаттандырарлық емес

4. Оқу барысындағы жетістіктерді бағаларды жинау жүйесінде есептеу. Оқу жылының соңында жоғарғы оқу орны төмендегі формула бойынша балдың ауыстырылған күйін есептейді:

Мұндағы: И ц1 , И ц2 , …, И цn - пән бойынша сандық жүйедегі бағалар;

К 1 , К 2 :, … . . . К n - оқылатын пәннің кредиттік көлемі;

n - оқу барысында оқыған барлық пәндер.

Егер есептелінген балл жоғарғы оқу орнының бекіткен балынан төмен емес болса, онда келесі курса өткізіледі. Ал егер, керісінше жағдай болғанда, екінші жылға қалып отырады.

Оқу жоспары - оқу орнында оқылатын пәндер құрылымын анықтайтын, олардың жылдарға бөлуін, пәнге берілетін апталық және жылдық уақыт саны туралы мағлұматы бар құжат. Оқу жоспары - негізінде мамандарды дайындайтын мемелекттік құжат.

Типтік оқу жоспары - мемлекет орнататын компонентке сәйкес біліми-профессионалды программаның негізгі құжаты. Ол мемлекеттік дәрежеде оқу сағаттары мен циклдерді (блоктар), олардың ішінде міндетті пәндер тізімін минимальды көлем көрсетеді, сол тұрғыда жоғарғы оқу орындарына оқу орынның белгілі мамандығы бойынша жұмыс оқу жоспар компонентін өз бетімен құруға мүмкіндік береді. Бұл құжатта тағы бітіруші мамандардың квалификациясы, қосымша мәліметтер (мысалы, мемлекеттік емтихан тізімі, тәжірибелердің түрлері және т. б. ) мен ескертулер көрсетіледі [14] .

Жұмыс оқу жоспары - белгілі бір жоғарғы оқу орынның нақты бір мамандығының оқу жоспары, ол типік оқу жоспары негізінде толықтырулар мен түзетулерден (нормативті құжаттарға сәйкес) құрастырылған, жергілікті шарттарды ескереді, мамандандырылғанды, күнтізбелік құрылымды және оқу процесс кезеңдерін анықтайды.

Жұмыс оқу жоспары оқу процесінің графигін орнатады, уақыт бюджетінің жинақ мәліметтерін, белгілі бір мамандықтың оқитын пәндер тізімін және оларды оқу жылдарына, семестрлерге, апталарға, сағаттарға талдап бөлу мен әр сабақтың сағаттық күйде сабақ түрін көрсету, емтиханды, бақылауды, курстық және дипломдық жобаны тапсыру мерзімін көрсету, білім беретін түрлі тәжірибелерді ұйымдастыру, білімді тексеру формаларын және түрлерін жұмыс оқу жоспары анықтайды.

Типітк жұмыс программасы - типтік оқу жоспарындағы белгілі бір пән бойынша мемлекеттік компоненттің мазмұнын анықтайтын құжат.

Жұмыс оқу программасы - белгілі бір жоғарғы оқу орынның оқу программасы және сол оқу орынның компонентінің мазмұнын ашатын, сонымен қатар, оқытылып жатқан мамандық бойынша типтік оқу программасын толықтыратын программа.

Түлектерді дайындау дәрежесіне талап қоятын міндетті біліми-кәсіпті программаның минимум мазмұнын анықтайды.

Мамандарды дайындау мазмұнының жалпы қасиеті, яғни біліми-кәсіпті программа, пәндер тізімі мен оқитындардың оқу жоспар түрлерімен сипатталады, олар келесі циклдерге (блоктарға) біріктірілген:

  • жалпы әлеуметтік-гуманитарлы пәндер циклі (ӘГП) ;
  • жалпы табиғиғылыми пәндер циклі (ТҒП) ;
  • бағыты бойынша дайындау жалпы-кәсіпті пәндер циклі (ОПП) ;
  • Арнайы пәндер циклі (АП) ;
  • Оқитындардың басқа да жұмыс түрлері (тәжірибе, әскери дайындық, факультативтер және т. б. ) .

Жоғарғы кәсіпті білім деңгейін меңгеру келесі мемлекеттік стандарт көрсеткіштеріне шартталынады:

1) ӘГП циклі программаның жалпы көлемінен тек 20%-дан кем емесі -жоғарғы арнайы білімді құрайды.

12. Жоғарғы оқу орнымен бекітілетін пәндер, студенттер таңдаған курстар мен пәндер мемлекеттік компоненттің 70% құрайды, аудандық (жоғарғы оқу орындық) компонент жалпы сағаттар көлемінің - 30% құрайды, сонымен қатар, 15% жалпы цикл көлемінен, оның құрамында оқу орын бекітетін, оқитындар таңдаған курстар мен пәндер бөліп берді.

2) Программаның жалпы көлемінен 5 тен 30%-ға дейін табиғиғылыми пәндер құрайды - жоғарғы арнайы білім үшін.

Жоғарғы оқу орындық компонентті жүзеге асыру үшін біліми-кәсіпті программа жоғарғы оқу орындар кеңесі өкімінде 20%-дан кем емесі жалпы прграмма көлемінен бөліп беру. Оқу материалының ортақ көлемінен 10%-дан кем емесі оқитындардың таңдауы бойынша оқу курстарына бөліп беру.

3) Жалпы-кәсіпті пәндер циклі 20 дан 25%-ға дейінгі жалпы программа көлемінен құрайды жоғарғы арнайы білімге. Жоғарғы оқу орынның компонентін жүзеге асыру үшін біліми-кәсіпті программаны жоғарғы оқу орындар кеңесі өкімімен 10%-дан кем емесі жалпы программа көлемінен бөліп беру. Оқу материалының ортақ көлемінен 5% оқитындар таңдаған оқу курсына бөліп беру.

4) Арнайы пәндер циклі 15 тен 25% аралығында жалпы программа көлемін құрйды - жоғарғы арнайы білімге. Жоғарғы оқу орынның компонентін жүзеге асыру үшін біліми-кәсіпті программаны жоғарғы оқу орындар кеңесі өкімінде 90% кем емесі бөлінді жалпы программа көлемінен. Оқу материалының ортақ көлемінен 15% оқитындар таңдаған оқу курсына бөліп берді [14] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік қауіпсіздік мәселелері жайлы
Компьютерлік қауіпсіздік мәселелері
Тиімді кодтаудың принциптері мен әдістері
Кодтау және кодтаудың жіктелуі
Мәліметтер базасын басқару теориясы
Ақпараттық жүйелер басқару жүйесінің негізгі бөлігі ретінде
Ақпаратты басқару жүйелер және сигналдар
Жүйелер туралы алғашқы түсініктер, графикті жүйелер
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді құру әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz