Материалдарды шығыстау құжаттары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. МАТЕРИАЛДЫҚ АКТИВТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

  1. Қорлар-есеп объектісі ретінде
  2. Материалдық активтердің түсуін және босатылуын құжатпен рәсімдеу

2. «ПЕТРО ҚАЗАҚСТАН ҚҰМКӨЛ РЕСОРСИЗ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНДАҒЫ МАТЕРИАЛДЫҚ АКТИВТЕР ЕСЕБІ

2. 1 Қоймадағы материалдық құндылықтар есебі

2. 2 Бухгалтериядағы материалдық құндылықтар есебі

2. 3 «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамында қорларды түгендеу және бағалау

2. 4 Дайын өнім есебі

3. КӘСІПОРЫНДА МАТЕРИАЛДЫҚ АКТИВТЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ МЕН БАҒАЛАУ

3. 1 Кәсіпорынды материалдық қорлармен қамтамысыз етуді талдау

3. 2 «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамында материалдық ресурстарды тиімді пайдалануды талдау

3. 3 Материалдық қорларды басқаруды жетілдіру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі экономикалық жағдайда әрбір ұйымның қызмет ету процесіне нарықтық қатынастарға қатысушы мүдделі тұлғалар үлкен көңіл аударатыны белгілі. Сол себепті олар есеп мәліметтеріне сүйене отырып, ұйымның материалдық активтер жағдайын бағалауға ұмтылады.

Бухгалтерлік есеп нарықтық экономика жағдайында ұйым жөнінде жан-жақты қамтылған ақпарат алудың бірден-бір көзі болып табылады. Оның көмегімен ұйымның төлем қабілеттілігн, өндірістік қызметінің тиімділігі мен табыстылығын, даму перспективаларын сипаттауға мүмкіндік мол.

Орталықтан жоспарланған экономика жағдайында жүзеге асырылған бухгалтерлік есеп жүйесі меншіктің қоғамдық сипаты мен экономиканы мемлекеттік басқарудың қажеттіліктеріне негізделінді. Бухгалтерлік есеп жүйесінде қалыптасатын ақпараттардың басты тұтынушысы ретінде мемлекет статистикалық және қаржылық органдарды жоспарлайтын салалық министрліктер мен ведомствалар арқылы танылды. Қоғамдық қатынастар жүйесінің өзгеруі, азаматтық - құқықтық ортаның өзгеруі бухгалтерлік есепті сәйкесінше трансформациялаудың қажеттілігін айқындады. Бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі және ұйымдарда бухгалтерлік есепті жүргізудің әзірленіп жатқан жаңа ережелері мен нормалары ақпараттардың шынайылығы мен сенімділігін бақылау құралы ретінде инвестиция салуға, соның ішінде шетелдік инвестицияларды тартуға қолайлы жағдай жасайтындай нарықтық инфрақұрылымның элементтерін құруы тиіс.

Активтер - кәсіпорын қызметі барысында пайдаланылатын және болашақта экономикалық пайда әкелетін барлық ресурстары болып табылады.

Материалдық активтер - сыртқы пішіні, заттай нысаны бар, болашақта ұйымға экономикалық пайда әкелетін ұйым ресурстары. Материалдық активтерге материалдар, дайын өнім және тауарлар жатады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық-материалдық қоры түріндегі материалдық активі болып табылады [1, 102 б] .

Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады [1, 103 б] .

Ұйымда өткізілуі қиын тауарлы - материалдық қорлардың шамадан тыс көп болуы, дебиторлық қарыздардың, әсіресе, оның күдікті бөлігінің жоғары болуы, ақшаның айналымдылығын бәсеңдетіп, ұйымның қаржы жағдайына кері әсерін тигізетіні сөзсіз.

Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді.

Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп оның материалдық негізін жасайды.

Мұнай - газ компанияларының материалдық активтерін пайдалану тиімділігі мен кәсіпорынның өндірістік қуатын жоғарылату проблемасы нарық қатынастарының келесі кезеңіне өтуінде ең басты орынды алады.

Бухгалтерлік есептің жаңа жүйесінде материалдық активтер есебін жүргізуге жаңа талаптар қойылған. Мұның барлығы кәсіпорындардың алдына көптеген мәселелердің шешімін табуда дамыған елдердің тәжірибелеріне сүйену қажеттілігін туындатады. Осы аталғандардың барлығы дипломдық жұмыстың өзектілігін сипаттайды.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы экономикалық әдебиеттерде қорлар есебі мен аудиті және талдауы бойынша зерттеу жұмыстары К. К. Кеулімжаев, К. Ш. Дюсембаев, М. С. Ержанов, В. Л. Назарова, Н. Э. Байболтаева, В. К. Радостовец, Б. Е. Укашев, З. Н. Әжібаева, Д. О. Абленов, С. Т. Міржақыпова, Ә. Ә. Әбдіманапов және т. б. экономист- ғалымдардың ғылыми еңбектері мен мақалаларында жан-жақты зерттеліп, қарастырылған.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты мұнай-газ саласындағы ұйымдар мен кәсіпорындарда материалдық активтер есебін, яғни, қоймадағы және бухгалтериядағы қорлар есебін ұйымдастыру, олардың жұмсалу тиімділігі мен пайдаланылу мақсаттылығына талдау жасау болып табылады.

Көрсетілген мақсатқа жету үшін зерттеу барысында төмендегідей міндеттер қойылады:

- кәсіпорында материалдық активтер есебін ұйымдастырудың мәні;

- қорлар есебімен байланысты шаруашылық операциялары мен құжаттарды рәсімдеу тәртібін анықтау;

- кәсіпорынның қорларды пайдалану тиімділігі мен материалсыйымдылығына талдау жүргізу;

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі: «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамы болып табылады.

“ПетроҚазақстан” - тігінен интеграцияланған мұнай-газ тобы, оның акционерлері “Қытай Ұлттық мұнай корпорациясы” және “ҚазМұнайГаз” Ұлттық компаниясы болып табылады. “ПетроҚазақстан” компаниясының қызмет аясына кен орындарын геологиялық барлау, қазбалау, мұнай мен газды өндіру, сондай-ақ кен орындарын сатып алу, мұнайды және мұнай өнімдерін қайта өңдеу және сату кіреді. Интеграцияның нәтижесінде компанияның өз өнімінің сапасын жақсарту үшін және қызметінің тиімділігін арттыру үшін кең мүмкіндіктері бар.

«ПетроҚазақстан» компаниялар тобының өндірістік құрылымының негізін «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ (ПҚҚР) және «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (ПҚОП) құрайды. Қызылорда облысында орналасқан ПҚҚР компаниясы мұнай өндірумен шұғылданады, ал Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында орналасқан ПҚОП компаниясы мұнайды қайта өңдеу ісімен айналысады.

«ПетроҚазақстан» сондай-ақ Оңтүстік Торғай мұнайлы алабында қызметін жүзеге асыратын екі бірлескен кәсіпорындағы 50%-дық үлесті иеленеді. «Қазгермұнай» БК» ЖШС-ндегі компанияның серіктесі - «ҚазМұнайГаз БӨ» ҰК, ал «Торғай Петролеум» АҚ-ндағы серіктесі - «ЛУКойл Оверсиз Құмкөл Б. В. ».

«ПетроҚазақстан» компаниясының бизнесі - мұнайды геологиялық барлау мен өңдеуден бастап, оны жоғары сапалы мұнай өнімдеріне қайта өңдеу мен дамыған маркетинг пен тасымалдау жүйесіне дейінгі біртұтас технологиялық тізбек.

Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты пайда алу болып табылады.

Кез келген ұйым үшін бүкіл шаруашылық операцияларын анықтауға, талдауға және жалпылама сипаттауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жиынтығы - негізгі экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізу аса маңызды. Ұйымның өндірістік қызметінің жалпы сипаттамасын алу үшін негізгі технико - экономикалық жағдайын бейнелейтін көрсеткіштер жүйесіне кешенді баға беру қажет, олардың қатарына - өткізілген өнім және орындалған жұмыс көлемі, өткізілген өнімнің (жұмыстың) өзіндік құны, өндірістік әлеуетті қамтамасыз етілу деңгейі, пайдаланылу тиімділігі, еңбек ақы қоры, орташа айлық жалақы, табыс көлемі, табыстылық деңгейі, тағы басқа көрсеткіштерді жатқызуға болады. Серіктестіктің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізу үшін оның 2008-2010 жылдардағы мәліметтер көздерін пайдаланамыз (Қосымша А) .

Зерттеу пәні. Кәсіпорындағы материалдық активтер есебін ұйымдастыру және талдау арқылы олардың пайдаланылу тиімділігін арттыру.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі. Дипломдық жұмысты орындау барысында отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың материалдық активтер есебі мен аудиті саласындағы зерттеу жүргізген теориялық және әдістемелік деректері қолданылды.

Жүргізілген зерттеу барысында қазақстандық заң актілері мен нормативтік-құқықтық актілері пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы . Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан, кестелер мен суреттерден тұрады. Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттеріне сәйкес анықталған және дипломдық жұмыстың тақырыбын ашуға бағытталған.

1. МАТЕРИАЛДЫҚ АКТИВТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

  1. Қорлар-есеп объектісі ретінде

Тауарлы - материалдық қорлар - өндіріс циклінде қолданылатын еңбек заттары [2, 47 б] . Олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін өнімге толығымен аударады.

Тауарларды өндіру мен жеткізу бір қалыптылық жоқ жағдайында үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет.

Жалпы түсінік бойынша, тауарлы-материалдық қорлар мынадай активтер түрінде беріледі:

1. Шикізат қатары, материалдар, сатып алатын жартылай фабрикаттар және құрамдық заттар, конструкциялар мен тетіктер, отын, ыдыс және ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер, өндірісті пайдалануға немесе тұрмыстар мен қызметтер үшін пайдалануға арналған өзге материалдар;

  1. Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар, қызметтер орындау;
  2. Ұйымдардың қызметі барысында сатуға арналған дайын өнімдер мен тауарлар түріндегі активтер.

Соған сәйкес тауарлы-материалдық қорлардың келесідей топтарын бөліп көрсететін, олардың экономикалық жіктеуі материалдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды жағдайларының бірі болып табылады:

а) Шикізаттар мен материалдар - өнімнің материалдық негізін құрайды. Осыған орай, негізінен, ауыл шаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп өнімін - шикізат деп, ал өндіруші өнеркәсіп өнімін - материалдар деп атайды. Өнеркәсіптің кейбір салаларында шикізат және материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді., дегенмен, бұлай бөлу, шартты болып саналмайды, өйткені ол өнімдердің әр түріне материалдардың сол бір түрін қолдану санына, технологиялық процесстің сипатына қатысты болады. Мысалға, наубайхана өндірісінде негізгі шикізат және материалдарға ұн, тұз, ашытқы және су жатқызылады. Көмекші шикізат және материалдар өнімдердің сапасын жақсартуға әсерін тигізеді, олар белгілі бір тұтыну қасиеттерін береді. (қант, сүт, хош иіс)

ә) Сатып алынатын жартылай фабрикаттар - өңдеудің белгілі бір сатысынан өткен, бірақ әлі де дайын өнім болып саналмайтын шикізат және материалдар. Яғни, материалдық негізін құрайды.

б) Отын - өндірістегі өзінің тағайындалу және пайдалану жағдайлары бойынша энергетикалық, технологиялық, двигательдік (жанар, тағар май) және шаруашылық мұқтаждықтар үшін (ғимараттар мен үй жылытулары үшін) отын болып бөлінеді.

в) Ыдыс және ыдыстық заттар - бұл әртүрлі материалдар мен дайын өнімдерді орау, буып-түю, тасымалдау және сақтау үшін пайдаланылатын заттар.

г) Қосалқы бөлшектер - машиналар мен құрал жабдықтардың тозған бөлшектерін жөндеу және ауыстыру үшін қызмет етеді.

д) Өзге де материалдар өзіне аталмыш ұйымда материалдар, отын немесе қосалқы бөлшектер ретінде, пайдалана алатын, негізгі құралдардың шығарылып тасталуынан алынған материалдарды, өндіріс қалдықтарын, түзетуге келмейтін ақшаларды енгізеді.

е) Басқа жаққа қайта өңдеуге берілген материалдар - бұл сырт ұйымдардың өңдеуіне тартылған және одан кейін одан алынған өнімдердің өзіндік құнына қосылатын материалдар.

ж) Құрылыс материалдары - құрылыс салушы ұйымдар есепке алынатын, құрылыс бөлшектерін жасау, ғимараттар мен құрылыстардың бөліктерін және конструкцияларын бөлу және көтеру үшін тікелей құрылыс және монтаж жұмыстары процесінде пайдаланатын материалдарды, сондай-ақ құрылыс мұқтаждықтары үшін қажетті өзге де тауарлы-материалдық қорларды білдіреді. Өндірістік қорлар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды негізді бағалай білудің үлкен маңызы бар.

Осы жоғарыдағы аталғандарды 1- суретте көрсетейік.

Сурет 1. Ұйымдағы қорлардың жіктелуі

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады [2, 49 б] .

Олардың өндіріс құралдарынан өзге еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады [2, 50 б] .

Ұйымдағы материалдық активтер есебінің міндеттері 2-суретте көрсетілген.

Сурет 2. Материалдардың есебін жүргізудің міндеттері

Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:

  1. Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.
  2. Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.
  3. Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау.
  4. Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталғын мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.
  5. Материалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.
  6. Дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.

Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды жасау қажет:

- Тиісті түрде жабдықталған материалдық-қорларды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек;

- Материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілігі материалдарды сақтайтын жерді таразымен, өлшеу аспаптарымен және ыдыстармен жабдықтап және оларды жиі тексеріп, дұрыстығын қадағалап отыруы керек. Ұйымның басшысы материалдарды қабылдайтын және босататын адамдардың топтарын белгілеп, олармен материалдарға жауапкершілік туралы шарт жасайды. Сондай-ақ кәсіпорын басшысы материалдарға жауапты адамдарды жұмысқа алу, жұмыстан босату барысында ұйымның бас бухгалтерімен алдын ала келісіп отыруы қажет. Материалдарды кіріске алу және қоймадан босату құжаттарына қол қою құқығына ие болған қызмет иелерінің тізімін белгілеу кәсіпорын басшысының немесе ол сенім білдірген адамның жұмысы болып табылады.

Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар керек:

  • Материалдардың бірыңғай номенклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгілеу;
  • Құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке алу мен есептен шығару операцияларының тәртібін сақтау;
  • Бірыңғайланған алғашқы есеп құжаттары нысандарының түрлерін белгілеу және олармен ұйымның барлық бөлімін қамтамасыз ету.

Сонымен қатар материалдарды алдағы уақыттарда пайдалану үшін өндіріске босату және басқа жаққа берілетін мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіріп отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке алып отыру қажет.

Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі-оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады [3, 28 б] . Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:

 шикізат;

 негізгі материал;

 көмекші материал;

 жартылай фабрикат және тағы басқалар болып бөлінеді.

Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп оның материалдық негізін жасайды.

Шикізаттар деп-бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірген өнімдері - мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар жатады [3, 29 б] .

Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері - ұн, мата, кірпіш және тағы да басқалар жатады [3, 29 б] .

Өндірістік үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар она әрі қарай өңдейді. сондықтан да әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар қатарына құрылыс ұйымдарында - бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда - шойын мен болатты жатқызуға болады.

Көмекші материалдарға - әр түрлі химикаттар мен майлайтын, сүретін және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды. Олар өндіріс үдерісінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандай да бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдардың түсін тағы да басқа жақтарын өзгертеді. Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді (известь) жатқызуға болады.

Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары және тағы да басқалар есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй-жайларды жылытуға пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.

Кез-келген кәсіпорынның өндірістік-шаруашылықтық қызметінде тауарлы-материалдық қорлар маңызды роль атқарады.

Өндірістік запастар мен материалдық құндылықтар еңбек заты болып табылады және кәсіпорынның негізгі өндірістік процесін қамтамасыз етеді. Олардың өзіндік құны толықтай өндірілген өнімге ауыстырылады [4, 52 б] .

Нарықтық экономика жағдайында тауарлы-материалдық қорларды сатып алумен дайындау дайындаудың алғашқы сатысында үлкен эконмикалық мәнге ие болады. Қойылған мақсатқа жету үшін тауарлы-материалдық құндылықтардың есебін дұрыс жүргізу, толық әрі анық ақпараттармен қамтамасыз ету, ай-сайын олардың қозғалысына талдау жүргізу қажет. Сонымен бірге, тауарлы-материалдық құндылықтарды ұқыпты пайдалана отырып өнімнің өзіндік құнын төмендетуге қол жеткізіледі.

Кәсіпорында материалдық есепті ұйымдастыру есептік жұмыстардың күрделі түрінің бірі болып табылады. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда тауарлы материалдық қорлардың мыңдаған түрлері болады, ал барлық жинақталған ақпараттардың 30 пайызға жуығы тауарлы-материалдық құндылықтарды есепке алуды қамтамасыз етеді. Сондықтан тауарлы-материалдық құндылықтарды сақтау, олардың қозғалысы, олардың есепке алу мен бақылау үлкен қиыншылықтарды тудырады. Бұл жағдайда барлық есеп жұмыстарын автоматтандыру маңызды болып табылады. Материалдық-өндірістік қорларды сепке алу мен бақылаудың ажырамас бөлігі бұл оларды қолдануды экономикалық талдау және өндірістің тиімділігін арттыру резервтерін іздестіруді тереңдету болып табылады.

Қазіргі кезде кәсіпорындарда материалдарды дайындау мен сатып алу есебін ұйымдастырудың бірнеше әдістері бар. Бұл кәсіпорын үшін тауарлы-материалдық қорларды дұрыс есептеудің негізгі жолдарының бірі болып табылады [4, 52 б] .

Кәсіпорын (құрылымдық бөлімшелер) басшылары өндірістік қызметті жүзеге асыра отырып норманың сақталуын, шығындар үлесін үнемі қадағалап отыру қажет және кәсіпорындағы өндірістік шығынның көп үлесі материалдық шығындар үлесіне тиеді дебұл шығындар алынған пайда шамасына сөзсіз әсер ететіні белгілі. Бұдан шығатын қорытынды, материалдық ресурстарды үнемдеу өндіріс тиімділігін арттырудағы маңызды фактор болып табылады.

Тауарлы-материалдық қорларды пайдалануды бақылау мен есебін дұрыс ұйымдастырмау оның жыл соңындағы (ай, тоқсан) қалдығын бақылауды және қоймадағы қорлардың келіп түсуі мен жұмсалуын қамтамасыз ету мүмкін емес.

1. 2 Материалдық активтердің түсуін және босатылуын құжатпен рәсімдеу

Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарлы - материалдық қорларды алуды алушы кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырады. Материалдардың қозғалысын есепке алған кезде мынадай типтік құжаттар пайдалынады [5, 34 б] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымның қаржылық шаруашылық қызметі мен есеп саясатының сипаттамасы
Түскен материалдарды алуды тексеру
Кәсіпорында тауарлық - материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы
Негізгі құралдарды есептеу мен талдау ерекшеліктері
ҚОРЛАРДЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Тауарлық-материалдық қорлар есебінің теориялық негізі
ЖШС «Бұрғылау»Жанаөзен қаласы. Өндірістік тәжірибеден өту жөніндегі есеп
Коммерциялық ұйымдардың қызметінің есебі мен аудиті
КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
РПК Бектау ЖШС
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz