Мәміле ерік актісі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе: Кіріспе
3: 3
Кіріспе:

1. Мәміленің құқықтық мазмұны және жалпы сипаттамасы.

1. 1. Мәміле белгілері, түрлері……….

3: 5
Кіріспе: 1. 2. Мәміле нысандары
3: 19
Кіріспе:
  1. Жарамды және жарамсыз мәмілелер

2. 1. Мәміле жарамдылығының талаптары……

3: 27
Кіріспе: 2. 2. Жарамсыз мәмілелер
3: 33
Кіріспе: Қорытынды.
3: 56
Кіріспе: Сілтемелер
3: 58
Кіріспе: Падаланған әдебиеттер
3: 59

Кіріспе

Қазақстан Республикасының қалыптасу, елде экономикалық реформаларды жүзеге асыру және нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша күшейеді. Бұл жаңа құбылыс біздің өмірімізде алдыңғы қолданылып жүрген құқықтық жүйені түбірімен өзгертуді талап етті. Осыған орай, Қазақстанда нарықтық қатынастарды жаңаша азаматтық-құқықтық реттеу керек болды. Елде жеке меншік пайда болды, жекешелендіру процесі жүрді, мемлекеттік басқару жүйесі мен экономиканы түп-тамырымен өзгерту процесі жүргізілді.

Тауар-ақша және басқару қатынастарын құқықтық реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түспек. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Конституциясын, оның жаңа қырлары мен ерекшеліктерін және басқа да заңдардың жоғары принциптерін, олардың мағынасы мен мазмұнын қайта бағалау оңай шаруа емес. Осыған байланысты жас егемен республиканың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негіздерін нығайтудың мейлінше маңызды екендігі сөзсіз.

Соның ішінде нарықтық экономика кезңінде азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде азаматтық құқықтың маңызды институттарының бірі ретінде азаматтық құқықтық мәмілені дамыту өзекті мәселе болып отыр.

Мәміле - заңды әрекет, ол арнайы азаматтық құқық қатынастарының пайда болуына, тоқтатуына немесе өзгертілуіне бағытталған.

Мәміле азаматтық қатынастарды туғызады, өйткені мәміле жасау нәтижесінде туындайтын құқықтық салдар нақ азаматтық заңмен айқындалады.

Сонымен, мәміле дегеніміз - ерік актісі. Онда азаматтық құқықтық қатынастардың еркі көрінеді. Бұл арады ерік саналы мақсатқа жету үшін белгілі бір құқытық салдарды туғызуға бағытталған, яғни өздерінің шаруашылық, тұрмыстық, мәдени және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру. Мәміленің ырықты сипаты оның тиісті құқықтар мен міндеттер жасауға, оларды өзгерту мен тоқтатуға бағытталуымен айқындалады.

Сонымен, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерін анықтауда, өзгертуде немесе тоқтатуда, яғни азаматтардың, заңды тұлғалардың қатынастарын құқықтық реттеуде мәміленің маңызы зор. Себебі мәміленің құқықтық институт ретінде қалыптасуы және тиісінше құқық нормаларының дамытылуы сауда айналымының дамуымен етене байланысып жатыр, яғни мәміле зат алмасуының негізгі құқықтық нысаны болып табылады.

Азаматтық құқықтың ең жетекші бөлімдерінің бірі болуымен қатар тек әлеуметтік-экономикалық салада ғана емес, сондай-ақ құқықтық қатынастарда мәміленің кеңінен көрініс беруі - оның аса күрделілігімен қатар, ауқымының кеңдігін де айғақтаса керек.

1. Мәміленің құқықтық мазмұны және жалпы сипаттамасы.

  1. Мәміле белгілері, түрлері

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 147-бабында мәміле ұғымы азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді анықтауға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп көрсетілген. Мәміле ерік актісі. Онда азаматтық құқық қатысушыларының еркі көрінеді. Бұл арада ерік саналы мақсатқа жету үшін белгілі бір құқықтық салдарды туғызуға бағытталған. Атап айтқанда өздерінің шаруашылық, тұрмыстық, мәдени және басқа да қажеттіліктері қанағаттандыру үшін өндірістік, азық-түлік тауарларын сатып алады 1 .

Мәмілеге қатысушының ішкі еркін және байқалған сыртқы еркін ажырата білу керек. Егерде ерік сыртқы еркін білдірсе, ол басқа адамдардың қолы жететін нәрсе бола алмайды, яғни оның заңды салдары жоқ. Сонымен бірге ерік білдіру құбылысы мәмілеге қатысушылардың ішкі еркіне сәйкес келмесе, онда мәміле жасалмады деп танылады.

Мәміле - бұл ең көп тараған заңдық фактордың бірі. Дүкенде азық-түлік сатып алу, транспортта жол жүру, коммунальдық қызметке сол сияқты әрекеттер "мәміле" деген ұғымды қамтиды.

Кез келген қоғамда құқықтық реттеудің негізін мемлекеттің егемендігі, құрайды. Себебі мемлекет елде белгілі бір құқытық тәртіп орнатады.

Жеке ерік білдіру, яғни субъектінің іс-әрекеті мәміле жасау арқылы азаматтық құқықты туғызады, өзгертеді және тоқтатады.

Мәміленің жалпы түсінігі рим құқығында толықтай зерттелген жоқ. Сонда да мәмілені құқытық реттеу рим заңгерлерінің алдына қойған маңызды міндеті болды. Мәмілені бір жақты және екі жақты, шартты ерік білдіру формасының әсері, және басқа да мәміле туралы ілімнің негізін құрайтын нормалар бізге рим құқығынан келді 2 .

Мәмілелерге мынадай төрт белгі тән:

  1. Мәміле- адамдардың ықтиарлы актісі, яғни әрекеті. Әрекеттер мен оқиғаларды ажырата білу қажет, ол оқиғаларға адамның ықтиарына бағынбайтын мән-жайлар жатады. Мысал үшін дүлей апат сипатындағы құбылыстарды (дауыл, су толқыны, өрт, сондай-ақ соғыс қимылдары, ереуін) айтуға болады. Мәміленің ырықты сипаты оның тиісті құқықтар мен міндеттер жасауға, оларды өзгерту мен тоқтатуға бағыталуымен айқындалады. Мәмілелерді құқықтардан- әлгіндей нысаналы бағыты жоқ әрекеттерден сондай белгілері бойынша ажырату қажет. Бұл арада Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің олжа және оған меншікті болу тәртібі жөніндегі ережелерді реттейтін 245-бабын мысалға келтіруге болады. Жоғалған затты табушының оны табуды мақсат етпесе де, оның белгілі бір құқықтары мен міндеттері пайда болады.
  2. Мәміле- заңды әрекет, ол құқыққа қарсы азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызатын әрекеттерден- деликтерден (азаматтардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ басқа адамның мүлкіне зиян келтіру) сонысы арқылы ерекшеленеді.
  3. Мәміле арнайы азаматтық құқық қатынастарының пайда болуына, тоқталуына немесе өзгертуіне бағытталған.

Мәміле құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, өзгертуіне немесе тоқтатылуына бағытталуы мүмкін, олайда басқа құқық салалары реттейтін өзге де ықтиярлы актілерден осы белгілері арқылы ажырату қажет. Мәміле, еңбек заңдарында қызметкерлердің еңбектегі құқықтары мен міндеттері олардың қызметке есептеу туралы арыз беруі мен әкімшіліктің оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрығы шығарылған кезден бастап пайда болатыны көзденген. Мәмілелерді әкімшілік актілерден ажырата білу қажет, ал ондай актілер де азаматтық құқықтар мен міндеттердің туындауына негіз болмайды. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 7-бабы бойынша:

Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдарда көзделген негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәніне байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады.

  1. Мәміле азаматтық қатынастарды туғызады, өйткені мәміле жасау нәтижесінде туындайтын құқықтық салдар нақ азаматтық заңмен айқындалады.

Мәміле белгілерін қарастыра келгенде, оның мәні тараптардың еркі мен ерік білдіруінен тұратын атап өту қажет. Ерік дегеніміз адамның мәміле жасауға деген тілегі, ниеті, яғни оның психикалық жай-күйі. Мұндай ниет, тілек ішкі ерік деп аталады. Алайда адам ерік білдірмесе, оның мәміле жасауға деген ниеті белгісіз болып қала береді. Ерікті білдіру (көрсету) ерік білдіру деп аталады. Ерік: “мен нені қалаймын?” деген, ал ерік білдіру: “Бұл үшін мен не істеймін?” деген сұрақа жауап қайтарады 3 .

Мысалы, ауырып қалуыма немесе қартаюыма байланысты өзімді-өзім қамтамассыз еткім келеді. Сондықтан да өмірімді сақтандыру жөнінде мәміле жасаймын.

Ерік ауызша, жазбаша, ым жасау арқылы және, ақырында үндемеу (әрекетсіздік) арқылы білдірілуі мүмкін. Мәмілені ауызша жасау оны өзара ерік білдіруге қатысушылардың тікелей қабылдауын білдіреді. Телефон арқылы жасалған мәміле ауызша жасалған деп танылады 4 .

Егер мәмілеге қатысушылар ерік білдірген құжат жасаса, ерік жазбаша білдірген болады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 152-бабында, егер заңдарда немесе тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, хат алысу, телеграммалар, телефонограммалар, телетойпограммалар, факстер немесе субъектілерді және олардың білдірген еркінің мазмұнын анықтайтын өзге де құжаттар алысу мәміленің жазбаша түрде жасалуына теңестіріледі деген ереже белгіленген.

Конклюденттік әрекеттер (латынша соп - қорытынды жасау) адамның мәміле жасау ниетін аңғартатын мінез-құлық. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде конкиюденттік әрекеттерге 151-баптың 2-тармағы арналған адамның мәмілеге жасалған болып саналады. Мысалы, автоматтар арқылы зат сатып алу, валюта айырбастау, әртүрлі ойындар ойнау мәміле жасау болып табылады.

Үндемеу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген жағдайларда мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады 5 .

Азаматтық кодексінің 151-бабының 4-ші тармағы бойынша. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылды.

Мәмілерде мақсат пен дәлелді де бөліп көрсету қажет. Мәмілеге қатысушылардың еркі бағытталған құқықтық нәтиже мәміленің мақсаты деп түсінеді. Дәлел-адамды мәміле жасауға ынталандыратын себеп. Дәлелдің қателігі мәміленің жарамдылығына ықпал ете алмайды. Мысалы, азамат пәтер алуға үміттеніп, жиһаз сатып алады, ал оған ордер беруден бас тартады. Орындалмаған дәлел мәміленің жарамдылығына (жиһаз сатып алуға) ықпал ете алмайды. Жиһазға меншік құқығы (сатып алу-сату шартының мақсаты сол) сатып алушыға ауысады. Дәлелді есепке алу азаматтық айналымның тұрақтылығын бұзар еді. Алайда, тараптар кейде өз келісімімен дәлелге құқықтық мән де бере алады. Мұндай жағдайда тараптар уағдалықан дәлел мәміленің өзі сол талаппен жасалған болады.

Сонымен мәмілені мына белгілері арқылы сипаттауға болады:

а) мәміле - бұл әрқашанда ерік актісі, яғни адамдардың іс-әрекеті;

б) бұл құқықтық іс-әрекет;

в) мәміле азаматтық - құқықтық қатынастарды туғызуға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталады;

г) мәміле азаматтық қатынастарды туғызады, себебі мәміле нәтижесінде туындайтын құқықтық қатынастар азаматтық заңмен анықталады.

Мәмілені құқықтық реттеу жеке құқықтың маңызды институттарының бірін құрайды. Бұл кездейсоқтық емес, себебі азамттық айналым азаматтар мен заңды тұлғалардың ерік актісі ретінде мәмілеге психалогиялық кезеңдер тән. Себебі ерік тұлғаның белгі бір мақсатқа жетуі үшін белгілі бір құқықтық салдарды туғызуға бағытталады. Мұндай тілек, ниет ішкі ерік деп аталады. Бірақ мәміле жасау үшін тек ішкі еріктің болуы жеткіліксіз. Оны міндетті түрде басқа тұлғаларға жеткізу керек. Ішкі ерікті сыртқа шығару тәсілі ерік білдіру деп аталады. Ішкі ерікті білдірудің барлық тәсілдерін үш топқа топтастыруға болады:

  1. тура ерік білдіру, ауызша немесе жазбаша нысанда жасалады, мысалы, шартқа отыру, келтірілген шығынның орнын толтыруға келісімді хабарлау т. б. ;
  2. жанама ерік білдіру, яғни заңмен белгіленбеген мәміленің белгілі бір нысаны адамның мінез-құлығына мәміле жасауға деген еркі айқын байқалғанда жасалды деп есептеледі. Заң бойынша мұндай мәмілелер ауызша жасалады;
  3. ерік білдіру үндемей қалу арқылы да көрсетілуі мүмкін. Бірақ мұндай мәмілелер ерік білдіруге тек қана заңдарда көзделген реттерде ғана немесе жақтардың келісімі жағдайында ғана рұқсат етіледі.

Ерік және ерік білдіру - тұлғаның жасалған іс-әрекетке психикалық қатынасының екі жағы яғни ерік және ерік білдіру бір-біріне сай болуы керек. Егер ерік бір әрекетке бағытталып, ал ерік білдіру басқа іс-әрекетті көздеп тұрса, мәмілеге қатысушылар арасында дау туғызуы мүмкін. Сондықтанда, мәміле үшін ерік пен ерік білдіру бірлігі маңызды.

Адамның жасап жатқан іс-әрекетке психикалық жай-күйінің тағы да бір элементі, бұл - дәлел. Дәлел - адамды мәміле жасауға ынталандыратын себеп. Дәлелдің қателігі мәміленің жарамдылығына ықпал ете алмайды. Дәлел мен мақсатты мәміленің негізінен ажырата білу қажет. Мысалы, меншік құқығына ие болу сатып алу - сату үшін негіз болады, ал мүлікті пайдалануға беру - аренда үшін негіз болады, т. с. с. Тұлғаның нақты құқықтық мақсаты мәміле негізімен сай келмеуі мүмкін, бұл жағдайда біз теріс пиғылды мәмілеге тап боламыз. Арнайы заңда көрсетілген жағдайларда қоспағанда, негіз мәміленің маңызды элементерінің бірі болып табылады 6 .

Мәмілені түрлер бойынша жіктеу әр түрлі белгілері бойынша жүреді.

Мәмілеге қатысушы жақтардың санына байланысты мәмілелер бір жақты, екі жақты және көпжақты болып бөлінеді. (бұл бөлудің негізінде ерік білдіру үшін)

Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және жеткілікті болатын мәміле бір жақты мәміле деп есептеледі.

Шарт жасау үшін екі тараптың не үш немесе одан да көп тараптың келісілген ерік білдіруі қажет. Бір жақті мәміле мәміле жасаған адамға міндеттер жүктейді: ол басқа адамдарға заң құжаттарында белгіленген не сол адамдармен келісім болған реттер де ғана міндеттер жүктей алады.

Бір жақты мәмілелерге тиісінше міндеттемелер туралы және шарттар туралы жалпы ережелер қолданылады, өйткені бұл заңдарға, мәміленің табиғаты мен мәніне қайшы келмейді. Яғни бір жақты мәміле үшін тек бір жақтың ғана еркі болса жеткілікті. Нысаны, өсиет қалдыру, мұра қабылдау конкурс жариялау үшін басқа ешкімнің келісімінің керегі жоқ, бұл іс-әрекеттерді тек бір тұлға ғана жүзеге асыра алады. Бір жақты мәміле, басқа мәмілелер сияқты құқық пен міндеттердің туындауына, өзгеруіне және тоқталуына әкеледі.

Екі немесе одан да көп тұлғаның келісімі қажет мәмілелер екі жақты немесе көпжақты мәмілелер деп аталады. Мұндай мәмілелер шарт деп аталады. Шарттар өз ретінде әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі, әйтсе де шартты мәміленің бір түрі ретінде сипаттау үшін ең алдымен шарттардың қайтарымды және қайтарымсыз түрлеріне назар аударуымыз керек, яғни ақылы және ақысыз.

Егер бір жақ өз міндеттемесін орындағаны үшін ақы алатын болса, шарт ақылы деп танылады. Мысалы, сатып алу-сату шарты.

Сатып алу-сату шарты біздің мемлкетіміздегі өндіріс процесін және тұтынуды қамтамассыз етеді, тауар-ақша қатынастарының міндеттемелерін шешеді. Ол ұйымдар арасындағы экономикалық байланыстарды жүзеге асыру құралы болып табылады. Сөйтіп, сатып алу-сату шарты, екі жақты, ақылы, яғни консенсуальды болып табылады.

Сатып алу-сату шартын жасасу барысында тараптар белгілі бір құқықтарға не болып, мойындарына нақты міндеттер алады. Сатушының басты міндеті - мүлікті сатып алушыға өткізу, ал сатып алушынікі - оның құнын төлеу. Бұл міндеттер орындалмаған жағдайларда заңда көзделген салдар туындайды.

Жалпы ереже бойынша кез келген шарт егер шарттардың мазмұнында, басқа құқықтық актлерде, заңда көзделмесе қайтарымды болу керек. Бұл мынаны білдіреді, егер шартта ақы төлеу көзделмесе, сонымен шарттың қайтарымсыздығы да заңда көзделмесе, онда тұлға өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы төлеуді талап етуге құқылы. Ақы мөлшері - баға - жақтардың келісімі арқылы анықталады 7 .

Егер бір жақ екінші жаққа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған болса, мұндай шарт қайтарымсыз, яғни ақысыз шарт деп танылады.

Шарттар сонымен қатар бір жақты, екі жақты және көп жақты болып бөлінеді. Шарт дегеніміз ол - мәміле. Бірақ мәміле әрқашан шарт бола бермейді, өйткені мәміле ұғымы кеңірек мағына береді. Олар әңгіме екі жақты немесе көп жақты келісімдер туралы болғанда қиысады. Мәміле сонымен бірге бір жақты да бола алады. Мысалы, өсиет. Шарт ұғымы міндеттемеден де ажыратылады.

Шарттар тұлғалардың қаншасы жасалған шарт бойынша құқыққа ие болатындығына байланысты жіктеледі.

Сонымен қатар мәмілелер мерзіммен және мерзімсіз болады. Мерзімсіз мәміледе мәміленің туындау уақыты да, тоқтатылу уақыты да көрсетілмейді. Ал егер мәміленің іске кірісу уақыты, тоқталу уақыты көрсетілген болса, онда мәміле мерзімді деп аталады.

Мерзімді мәміленің бір ерекшелігі сол, мерзім уақытының болуы міндетті түрде болуы керек.

Жоғарыда қаралғандардан басқа биржалық мәмілелерді бөліп қарауға болады.

Биржада айналысқа жіберілген тауарларға, бағалы қағздар мен басқа да мүлікке қатысты құқықтар мен міндеттемелерді өзара беру туралы келісімдерді (биржалық мәмілелер) биржаға қатысушылар тауар, қор және басқа биржалар туралы заңдарда және биржа жарғыларында белгіленген тәртіп бойынша жасалады.

Биржалық мәмілелер делдалдық жазбалармен ресімделуі мүмкін және тіркелуге тиіс. Егер заңдардан, тараптардың келісімінен немесе мәміленің мәніне өзге жағдайлар туындамаса, биржалық мәмілеге олардың мазмұнына қарай тиісті шарт туралы ережелер қолданылады. Заңдарда немесе биржалық жарғыларды тараптардың коммерциялық құпиясы болып табылатын және олардың келісімінсіз жария етуге жатпайтын биржалық мәмілелердің ережелері көзделуі мүмкін. Биржалық мәмілелер жасасуға байланысты даулар тиісті биржа жанындағы биржа төрелігінде қаралады, оның шешіміне сәйкес дау айтылуы мүмкін.

Мәмілелер және мүлікке билік ету жөніндегі өзге де заңдық әрекеттер жасау үшін сенім білдірушінің мүлікті сенім білдірілген адамға беру туралы келісіміне, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе, тапсыру шартының ережелері қолданылады.

Сонымен қатар, фидуциарлық мәмілені де бөліп қарауға болады, олар сенімділік сипатында болады. Мысалы, тапсырыс, комиссия, мүлікті беру - мұның барлығы жақтардың жеке сенімділік қатынастарына ғана байланысты болады. Фидуциарлық мәміленің ерекшелігі сол, жақтардың қарым қатынас сипатының өзгеруі, олардың арасындағы сенімнің жоғалуы мәміленің тоқтатылуына әкеліп соғады.

Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңдары мәміленің жекелеген түрлерін реттейді және оларды топтау әртүрлі белгілер бойынша жүргізіледі. Белгілер қатарына: мәмілеге қатысатын тараптар санын, ол жасалған деп саналатын уақыт сәтін, қайтарымдылығын және басқаларды жатқызу керек.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 148-бабында бір жақты және екі немесе көп жақты мәмілелер ажыратып берілген. Жасалуы үшін заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес бір тараптың ерік білдіруі қажет және жеткілікті болатын мәміле бір жақты мәміле деп саналады. Оларға мүлікке меншік құқығынан бас тартуды, сенімхат беруді, тараптардың келісімінде бас тартуға жол берілген жағдайда тараптардың шартты толық немесе ішінара орындаудан бір жақты бас тартудың, аукцион немесе конкурс түрінде сауда-саттық жариялауды, вексель жасауды, гек беруді және басқаларын жатқызған жөн.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 149-бабында бір жақты мәміленің мәміле жасаған адамға міндет жүктейтіні туралы ережелер белгіленген. Ол басқа адамдарға заң актілерінде не сол адамдардың келісімінде белгіленген жағдайларда ғана міндет жүктеуі мүмкін. Мысалы, ондағы аукцион немесе конкурс туралы жарияланымнан ұйымдастырушының белгілі бір міндеті туындайды. Бұл орайда аукцион немесе конкурс ашық болса, бұл міндет үн қосқан кез келген адамға қатысты болады, ал олар жабық болса, шақырылғандар арасындағы кез келген адамға қатысты болады. Мұндай міндеттердің бірі конкурстың жарияланған талаптарын орындау болып табылады (олардан заңда белгіленген тәртіппен ғана бас тартылуы мүмкін) .

Бір жақты мәмілелерге тиісінше міндеттемелер мен шарттар туралы жалпы ережелер қолданылады, өйткені бұл заңдарға, мәміленің табиғаты мен мәніне қайшы келмейді.

Сонымен бір жақты мәміле мәміле жасаған міндеттер жүктейді. Ол басқа адамдармен келісім болған реттерде ғана міндеттер жүктей алады.

Жасалуы үшін екі немесе одан да көп адамдардың еркін үйлестіру талап етілетін мәмілелер екі немесе көп жақты мәмілелер болып табылады. Мұндай мәмілелер шарт деп аталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәміле ұғымы
Мәмілелер ұғымы мен оны жасау тәртібі
Жарамсыз мәмілелер
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығындағы мәмілеге байланысты мәселелер
Шартпен жасалған мәмілелер
Мәмiленің құқықтық жағдайы
Жарамсыз мәмілелердің түрлері
Мәміле - азаматтық құқық субъектілерінің ерікті актісі
Жазбаша мәмілелер
Мәміленің белгілерін қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz