Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық - психологиялық негіздері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын 6
дамытудың теориялық негіздері
1.1 Шығармашылық дарындылық ұғымының ғылыми әдебиеттердегі 6
сипаттамасы
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын 21
дамытудың педагогикалық–психологиялық негіздері
1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын 31
дамытуда білім-тәрбие жұмысын жоспарлаудың мазмұны
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын 38
дамыту әдістемелік негіздері
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығы 38
жұмысын ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі
2.2 Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен балалардың шығармашылық 60
жұмыс жасауға үйрету жолдары
2.3 Эксперимент жұмысының нәтижесі мен қорытындысы 71
Қорытынды 75
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 78



Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының [1] Білім
туралы Заңында, Елбасымыздың Болашақ, Дарын бағдарламаларында,
Қазақстан - 2030 атты Қазақстан халқына Жолдауында, Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың
басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және
дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері
айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған.
Бұл міндеттерді жүзеге асырудың бір жолы – дидактиканың әртүрлі ұтымды
әдіс-тәсілдерін пайдалану есебінен бастауыш сынып оқушыларының ой өрісінің,
шығармашылығының даму деңгейін көтерудің, олардың ғылыми танымдық іс-
әрекеттерін белсендірудің, оқуға, білім алуға ынталандыру, шығармашылық іс-
әрекетке енгізу болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында бастауыш мектептің негізгі міндеті - Баланың жеке басын
бастапқы дамытуды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту, -
деп көрсетілген. Осы міндетті шешудің жолы оқушыларды шығармашылық
қабілетін дамыту болып табылады. Белгілі ғалым А.Байтұрсынов: Бала білімді
тәрбие арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі - балаға
орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін
бағыт-бағдар беріп отыру, - деген [3].
Оқушының шығармашылық қабілетін педагогикалық және психологиялық
тұрғысынан жан-жақты зерттеулер көптеп жүргізілген. Өйткені, қоғамның
тәжірибесі шығармашылық жетістік тұлғалық емес, әлеуметтік мағынаға ие
болғандығын мойындап, психологиялық-педагогикалық ойлардың осы мәселеге
назар аударуына мәжбүр етті.
Оқыта отырып, баланың шығармашылығын, қабілеттерін дамыту мәселесі
Ш.А.Амонашвили, Б.М.Теплов, К.К.Платонов, А.Н.Лук, Б.Т.Ананьев, Н.С.Лейтес,
Г.А.Давыдова және т.б. еңбектерінде қарастырылады. Қазақстанда бұл мәселеге
назар аударған ғалымдар М.Ә.Құдайқұлов, Г.К.Нұрғалиева, Б.А.Тұрғынбаева,
А.Б.Мырзабаев, Л.Г.Дирксен, К.К.Жумадирова және т.б. еңбектерінде
қарастырылған.
Жоғарыда аталған еңбектерді талдай келе, бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық қабілетін дамыту жолдарына олардың арнайы тоқталмағанын
байқадық. Осыдан келіп мектепте оқушының тұлғасын объект ретінде емес,
субъект деп қарау, оның шығармашылығын дамыту, бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық қабілетін дамыту, яғни өзіндік іс-әрекет оқу процесін
шығармашылық іс-әрекетке енгізу негізінде ұйымдастырудың нәтижесінде
оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың маңызды ролін ғылыми негіздеу
тақырыбымыздың өзектілігін арттыра түсті.
Біз көтеріп отырған проблема жөнінде жоғарыда аталған зерттеулерге
ғылыми-теориялық талдаулар нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық қабілетін дамыту жете қарастырылмаған.
Демек, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың
қажеттілігі мен оның мектептегі бастауыш сыныптар жағдайында кешенді түрде
іске асыру мүмкіндіктерінің жүйеленбегендігінің арасындағы қарама-қайшылық
айқын көрінеді. Аталған қарама-қайшылықтарды шешу жолдарын іздестіруді
біздің зерттеуімізде мақсат еттік. Үшінші сынып оқушыларының бастауыш сынып
оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуды ғылыми негіздеп, теориялық
тұжырымға сүйене отырып, оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке енгізу
жолдарына қолайлы жағдай туғызу, оның тиімділігін дәлелдеу қажет деп
санадық.
Осыдан бүгінгі таңда үшінші сынып бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық қабілетін дамыту арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
мәселесін теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу қажеттілігі біздің
зерттеуіміздің маңыздылығын айқындайды.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін
дамыту жолдарын анықтау.
Зерттеу нысанасы: бастауыш сынып оқушыларының оқу үдерісі.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін
дамыту жолдарының әдістемелік жүйесі.
Зерттеудің болжамы: егер үшінші сынып оқушыларының оқушылардың
шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын қарастырсақ, онда оқушылардың білім
деңгейі артады, өйткені олар өз бетімен ізденіп, білімін толықтыруға
белсенділік көрсетеді.
Зерттеудің міндеттері:
1. Шығармашылық дарындылық ұғымының ғылыми әдебиеттердегі
сипаттамасына талдау жасау;
2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың
педагогикалық–психологиялық негіздерін айқындау;
3. Шағын кешенді мектептерде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық
дарындылығын дамытуда білім-тәрбие жұмысын жоспарлаудың мазмұнын сипаттау;
4. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын жұмысын
ұйымдастырудағы мұғалімнің ролін қарастыру;

5. Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен оқушыларды шығармашылық жұмыс
жасауға үйрету жолдарын көрсетіп, айқындау;
6. Эксперимент жұмысының нәтижесі мен қорытындысын талдау.
Зерттеудің теориялық әдіснамалық негіздері: философиялық,
психологиялық, педагогикалық әдебиеттердегі шығармашылық теориясы, тұлға
қажеттілігін қанағаттандыру арқылы оқушының шығармашылық дарындылығын
дамытуға қатысты тұлғалық, танымдық теориялар.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәнділігі:
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамыту жолдары
педагогиканың ғылыми негізінде зерттеу нысаны, өзіндік ерекшелігі бар жеке
саласы ретінде анықтауға талпыныс жасалды. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижелері
бастауыш сыныпта пәндерді оқытудағы мәселелерге өз дәрежесінде үлес қоса
алады деп санаймыз.
Зерттеудің әдістері: проблемаға байланысты философиялық, педагогикалық
және әдістемелік әдебиеттерді талдау; педагогикалық іc-тәжірибелермен
танысып, ғылыми тұрғыда сұрыптап, талдау; оқушылар мен, мұғалімдер мен
әңгімелесу; топтық және жеке әңгімелесулер.
Зерттеудің кезеңдерi: бірінші кезеңде (2009-2010жж) тақырып анықталды,
зерттеудің мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, әдістері жазылып,
тұжырымдалды. Тақырып бойынша теориялық-педагогикалық негіз зерттелді,
патриоттық тәрбие беру бойынша деректер жинақталды.
Екінші кезеңде (2010-2011жж) жиналған теориялық және деректі
материалдарға жүйелі ғылыми талдау беріліп, сұрыптаудан өткізілді,
тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны мен әдістемесі анықталып, білім
беру мекемелерінде іс жүзінде жүзеге асырылды.
Үшінші кезеңде (2011-2012жж) жиналған материалдар теориялық тұрғыда
қорытындыланды, педагогикалық құнды ой-пікірлер сараланып, жүйеге
келтірілді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бойынша алынған нәтижелер
талданып, қорытындылар жасалды, зерттеу тұжырымдамалары анықталды.
Іріктелген материалдар ғылыми зерттеу жұмысы болып жинақталды.
Зерттеу базасы: Өскемен қаласы, №16 қазақ орта мектебі.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан
және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

1 Шағын кешенді мектептерде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық
дарындылығын дамытудың теориялық негіздері
1.1 Шығармашылық дарындылық ұғымының ғылыми әдебиеттердегі сипаттамасы

Өркениеттік қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы бүгінгі таңда
жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім беру мен
тәрбиелеу, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті
мен шығармашылығын дамытуды, кәсіби біліктілігі мен іскерлігін талап етеді.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы,
қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқына көтерілуі ұрпақ тәрбиесіне үлкен
жауапкершілікпен қарауды талап етіп отыр.
Қазақстан Республикасының [2] президенті Н.Ә.Назарбаев білім және
ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде: Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер
− бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол
деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелген міндет өте ауыр, − деген
болатын.
Осыдан келіп, қазіргі заманғы мектеп алдындағы өте күрделі мақсатты
бәріміз де мойындаймыз. Ол − шығармашылыққа бейім тұлғаны дамыту, яғни
мектеп ортасындағы мұғалім мен оқушының өзара үйлесімді шығармашылық
іс−әрекеті.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйеленіп дайындалып берген
білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта
жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен
ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың
шығармашылық әрекетін дамытудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Жалпы
оқушылардың шығармашылық әрекеті ғылыми-педагогикалық проблема ретінде
едеуір зерттелген. Оқушылар бойында "шығармашылық әрекет тәжірибесін"
қалыптастыру қажеттігі туралы 80-жылдары-ақ И.Я.Лернер жазған болатын.
Қазіргі нарық заманындағы жағдай мұны дәлелдей түседі.
Әрине мәселе тек басты ұғымның мәнін түсінумен шектелмей, оның
мүмкіндіктері де зерттелген. Айталық окушьлардың шығармашылық мүмкіндіктері
В.В.Давыдов пен В.В.Репкин еңбектерінде қарастырылған. Бір нәрсені жасауға
тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін де қалыптаса
бастайды. Бұл кезде шығармашылық актілері ойын әрекетінде жүзеге асады да,
даму өнімі "киял, елес" болып есептеледі. Бастауыш мектепте оқушылардың
шығармашылық қабілеттері оқу әрекетінде көрінеді. Даму өнімі - "оқуға
құштарлық, ынталылық". Жасөспірімдік кезеңде оқушы оқу әрекетінің жеке дара
субъектісі ретінде дами бастайды. В.ВДавыдов шығармашылық тұлғаның
сипаттамасы деп осыны есептейді. Оқушының шығармашылық тұлға болып
қалыптасуын В.В.Давыдов өзінің "Дамыта оқыту теориясы" еңбегінде көрсеткен
[6]. Бұл еңбекте В.В.Давыдов тұлғаны "еркін шығармашылық әрекеттің
субъектісі, ал адамның дамуының өзі - оның еркіндікке деген қозғалысы" деп
есептейді. Бұл жағдайда оқушының әрекет үстіңде жеке тұлға болып қалыптасуы
оның шығармашылықты, жасампаздықты қажет етуіне байланысты екендігі
түсінікті.
Шығармашылық – адам ісі, әрекеттерінің бір түрі [7]. Мұндай әрекеттің
ерекшелігі, даму деңгейі тек әлеуметтік факторларға да байланысты. Тек
шығармашылық қана адамға мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік береді.
Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы
сатыларының бірі болып саналатын мектептің алар орны ерекше. Өйткені білім
беру мекемелері:
1) оқушылардың парасаттылық, рухани, табиғи нанымдарын дамытуға,
өзінің қызығушылықтарымен бейімділіктерін іске қосу;
2) жеке адамның сенімдерін дамытуға үйрету;
3) бір адамның еркін шығармашылық ойлауына, оның барлық қабілеттерін
дамытуға, өз күшіне деген сенімнің болуына жағдай жасауы тиіс.
Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы,
ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам ой түйіп, өздігінен сапалы,
дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет [8].
Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу оның
рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Адам туынды
ғана емес, жаратушы да. Ол өзіне−өзі, өзінің шынайы болмысына бастайтын жол
іздеуі керек. Ол өзін-өзі жетілдіруге де, сонымен қатар өзімен-өзі жойылуға
қабілетті. Адамның өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан
талап-тілеген, қабілеттерін дамыту, сол арқылы толыққанды өмір сүру үшін
рухани күш беру – білімнің басты мақсаты болып табылады, − деп Қазақстан
Республикасы Орта білімді дамыту Тұжырымдамасы жобасында айтылған.
Шығармашылық сөзінің төркіні [9] (этимологиясы) шығару, ойлап
табу, іздену дегенге келіп саяды. Демек, бұрын тәжірибеде болмаған жаңа
нәрсе ойлап табу, жетістікке қол жеткізу деген сөз.
Көрнекті психолог Л.Выготский: [9] Шығармашылық деп − жаңалық ашатын
әрекетті атаған. Ал Я.Пономарев оны даму ұғымымен қатар қояды. Өйткені
әрбір жаңалық, әсіресе парасаттылық тұрғыдағы, баланы жаңа психикалық
сапаға көтереді [10].
Шығармашылықтың мәні, шығармашылық іс–әрекет туралы әр кезде, әр түрлі
пікірлер болған. Мысалы, ХХ ғасырдың басында философиялық сөздікте
шығармашылық деп жаңа нәрсе ойлап табу, жаңалық ашу, – дей келе – ол әр
адамға тән нәрсе емес, құдайдың құдыретімен болады. Ал адам шығармашылығы
тек салыстырмалы түрдегі әрекет–деген [12].
В.В.Давыдов [19] тұлға негізінде шығармашылық бастау жатыр; тұлғаның
маңызы оның жасампаздыққа мұқтаждығына және қабілеттілігіне байланысты деп
есептеген. Б.Д.Эльконин [20] шығармашылыққа мынадай анықтама береді:
Шығармашылық – бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе,
бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен,
біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәландыратын, дәлелдейтін
болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға
болады.
Мұнда басты ұғымның мәнін түсінумен шектелмей, оның мүмкіндіктері де
зерттелген. Мысалы, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері В.В.Давыдов пен
В.В.Репкин еңбектерінде қарастырылған. Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген
қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін де қалыптаса бастайды, бқл кезде
шығармашылық актілері ойын әрекетінде жүзеге асады да, даму өнімі қиял,
елес болып есептеледі. Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттіліктері оқу
әрекетінде көрінеді, даму өнімі – оқуға құштарлық, ынталылық.
Жасөспірімділік кезеңде оқушы оқу әрекетінің жеке, дара субъектісі ретінде
дами бастайды, В.В.Давыдов [20] шығармашылық тұлғаның сипаттамасы деп осыны
есептейді. Оқушының шығармашылық тұлға болып дамуын В.В.Давыдов өзінің
Дамыта оқыту теориясы еңбегінде көрсеткен. Бұл еңбекте В.В.Давыдов
тұлғаны еркін шығармашылық әрекеттің субъектісі, ал адамның дамуының өзі –
оның еркіндікке деген қозғалысы деп есептейді. Бұл жағдайда оқушының
әрекет үстінде тұлға болып дамуы оның шығармашылықты, жасампаздықты қажет
етуіне байланысты екендігі түсінікті.
Шығармашылықты әрекет ретінде қарастыру адам дамуының мүмкіндігінің
шексіздігінің танытады. Білім алушының үздіксіз білім алу жолындағы
белсенділігі туралы Ю.Н.Кулиткин, А.В.Даринский, тағы басқа атап өткен.
Шығармашылық сөзсіз мұғалімнің өзінің даралығын, жасампаздығын
қалыптастырады.
Педагогикалық шығармашылыққа байланысты зерттеулер аз емес, бірақ жаңа
субъект – субъектілік парадигма жағдайында шығармашылық адамның өзін - өзі
өзгерте алуы ретінде қарастырылады. Себебі – шығармашылық жағдайында жұмыс
жасайтын мұғалімнің әрекеті ең алдымен өзіне бағытталады. Ол өзінің кәсіби
дамуының жақын аймағын ұйымдастыру арқылы ең алдымен өзін дамытады, соның
нәтижесінде педагогикалық еңбекті жаңа деңгейге көтереді.
Ғалымдар шығармашылықты әлемді жаңартудың формасы ретінде қарастырады
(А.Бергсон, В.И. Вернадский, т.б.). Оны жасаушы адам өзіне табиғаттан
берілген қабілеттері мен қажеттілктеріне орай жасампаздықсыз өмір сүре
алмайтындығына, ал кейбір адамдарда шығармашылыққа деген қажеттілік болмай
жатса, ол оның деграцияға ұшырауы деп түсіндіреді. Ғылыми - теориялық
еңбектерге талдау жасауға тек шығармашылықта, шығармашылық арқылы ғана адам
өз табиғи қалпының шыңына шығады, шығармашылыққа қабілетті адам –
қайталанбас, біртуар адам. (В.А. Караковский), жеке тұлға деңгейіндегі
шығармашылық ішкі өзін - өзі жасау және сыртқы қоршаған әлемді
өзгерту жағдайындағы диалектикалық бірлікте жүреді деген қорытынды жасауға
негіз болды.
Соңғы жылдары қарастырылып отырылған мәселенің зерттелуі жаңа қырынан
көрінуде. В.И.Слободчиков [21] оқушы өміріндегі басты оқиға өзіндік Менін
ашу, адамдар қарым-қатынасы жүйесінде өз орнын іздеу, өзін өз өмірбаянының
жасаушысы ретінде сезіну деп есептейді. Бұл мағынада оқушының шығармашылық
әрекеті өзінің жеке қарым-қатынасын дамытуға және өзін осы қатынастың өнімі
ретінде қарастыруға бағытталған. Бұл мәселе дұрыс шешімін табуы үшін
В.И.Слободчиков келесі психология-педагогикалық талапты ескертеді: Сәйкес
ортаның, ересек адамның болуы, оқушы мен ересек адамның ынтымақтастығының
нәтижесінде өзара әрекеттің жаңа әдістерінің пайда болуы. Шығармашылық
әрекет бұл жерде ересек адам мен жасөспірімнің кездесуі, бірлескен іс-амал
нәтижесінде олардың қатынастарының дамуы, қорытындысында жасөспірімнің
ересек адамдармен өзара әрекеттерінің белгілі бір әдістерін иемденетін
әрекет түрі болып табылады. Яғни, ересек адаммен бірлесе отырып, қоршаған
ортаны өзгерту, өзін жасай, сомдай білу негізгі мектеп оқушыларының
шығармашылық әрекетінің моделінің бір бөлігі болып табылады.
Бүгінгі білім берудегі мектептің негізгі мақсаты – оқушыда өз жеке
білім траекториясын таңдау қабілеттілігін дамытуға жағдай жасау. Яғни,
педагогикалық әрекет оқушылардың белгілі бір нәтижеге әкеп тірейтін
әрекетіне бағытталу қажет. Шығармашылық әрекет – оқушының өз жеке
шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже
туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет. Мұндай әрекет
оқушының жеке білім траекториясын дамытуға бағытталған.
Оқушының шығармашылық әрекетінің негізгі сипаттамаларын және оларға
сәйкес дамитын қабілеттіліктерін Ю.Г.Юдина [22] мына түрде қарастырады:
1. Оқушының шығармашылық іс-әрекетінің міндетті түрде талап етілуі:
оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясы жыл соңындағы шығармашылық
емтихан, жылдық мектептік көрмеге қорытынды жұмыс тапсыру, т.б.
2. Оқушының шығармашылық әрекетінің пайда болуының жан-жақтылығы: жаңа
жағдаятқа байланысты білім, икемділіктерін қолдана білу, таныс
объектілердің жаңа функцияларын көре білу, шешімдердің баламасын таба білу,
мәселенің белгілі шешіміне қоса шешімнің жаңа, тың әдістерін таба білу.
3. Сыныптағы ерекше эмоционалдық шығармашылық атмосфера және оқушының
қызығушылығы, белгілі эмоция, сезімдердің барлығы оқушылардың шығармашылық
әрекетінің шарты ретінде эмоциялық шығармашылық атмосферасы болып
есептеледі. Кейбір оқушылар үшін эмоциялық қызығушылық белгілі бір пәнді
меңгеруге деген негіз болып табылады. Ал кейбір оқушылар үшін эмоциялық
көңіл-күй олардың болашақ шығармашылық жұмыстарына бағыт береді.
4. Оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы: оқушы өзін белгілі бір
жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді, бұл оған белгілі бір пән
төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық
әрекет оқушыны өзіне тарта, баули түседі.
Бұл аталған шығармашылық әрекет сипаттамаларына басқа қосымшаларда
болуы мүмкін. Мысалы, ғалымдардың шығармашылық қабілеттердің белгілері.
Осыған байланысты А.Н.Лук өз еңбегінде адамның шығармашылығын дамыту мен
қалыптастыру ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты деген өз пікірін
айтады. Ол шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:
- нерв жүйесін (ақпаратты) код арқылы жіберу;
- тасымалдай білу;
- ақылдың икемділігі, ойдың тереңдігі;
- әрекетті бағалауды айтады.
Соңдай-ақ ғалым шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру, дамыту үшін
қажетті жағдайдың болуы керекгігін және қорқыныш, жалқаулык, өзін-өзі
бағаламау сияқты психикалық кедергілерден тұратын қарама-қайшылықтармен
күресу қажет екендігін айтады.
Оқушы шығармашылығының ғылыми-педагогикалық проблема ретіндегі өзекті
мәселенің бірі – оның дамуының кезеңдері. Өйткені оқыту барысында оқушының
шығармашылығын дамыту мәселесі шығармашылық процестің неше кезеңдерден
тұратындығын білуді талап етеді. Шығармашылық процесті А.Н.Лук [23] бес
кезеңге бөледі:
1. Айқын және дұрыс қойылған мақсат.
2. Қосымша мәліметтер іздеу, күш салу.
3. Инкубация. Уақытша мәселені қозғамау.
4. Интуиция оянуы. Инсаит.
5. Нәтижені жан-жақты тексеру.
Ал, француз математигі Ш.Адамар [24] шығармашылық процесті төрт
кезеңге бөледі:
1. Дайындық кезеңі.
2. Инкубация, жасырын идеялар, тұйыққа тірелу кезеңі.
3. Интуицияның жарқ етуі. Эврика.
4. Тексеру кезеңі.
Осы зерттеулерге сүйене отырып, Б.А.Тұрғанбаева [25] өз
диссертациясында шығрамашылық процестің кезеңдерін төмендегіше
топтастырады:
1. Жаңалықпен бетпе-бет келу.
2. Шығармашылық белгісіздік, екіұштылық.
3. Шешімнің жарқ етуі.
4. Шығармашылық акт.
5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Шығармашылық процестің әр кезеңінде бала бойында әр түрлі сапалық
қасиеттер дамиды. Мысалы, алғашқы қезеңдерде жаңалықты сезіну, қарама-
қайшылықтарға деген ілтипат, келесі сәттерде шығармашылыққа деген күдік,
шығармашылық елес орын алады. Егер де белгісіздік кезеңінде табандылық,
танымдық ой-қиялды дамытса, еңбектің нәтижесі баланы жоғары көңіл-күйге
бөлеп, жаңа істерге қанаттандырады. Оқушының эмоционалдық қызығушылығы іс-
әрекет барысында көрінеді.
Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әртүрлі анықтамалар береді.
Мысалы: И.Я.Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа
жағдайға тасымалдай білуді, проблеманы бұрынғы тәжірибеге сүйене отырып
шешуді, нысанның жаңа қызметін көре білуді, проблеманы шешудің балама
жолдарын таңдай білу, жаңа нысан, жаңа шешім табуды белгілейді [26].
А.Н.Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке,
қырағылыққа балайды, ақылдың алғырлығын, әрекетті сынай, бағалай білу
қабілеті, идеяларды іске асыру, болжай білу қабілеттерін айтады [27].
П.Вайнцвайгтың көзқарасы [28] бойынша ойлау, еңбек, мамандық қана
шығармашылық болып қоймайды, адамның өзіне деген көзқарастың да мәні зор.
Ә.Ә.Сағымбаев [29] ғалым-психологтардың еңбектеріне сүйене отырып,
өзінің диссертациясында оқушылардың шығармашылығын дамытуға кері әсер
ететін кедергілерді төмендегідей топтастырады:
Әлеуметтік:
- әлеуметтік жағдайдың болмауы;
- отбасында шығармашылық жағдайдың болмауы.
Педагогикалық:
- мұғалімнің баланың белсенділігін қолдамауы;
- баға қоюдағы әділетсіздік;
- әдістемелік көмекші құралдардың болмауы.
Психологиялық:
- ойлау, қиялдың төмендігі;
- өз күшіне сенбеуі;
- жалқаулығы.
Физиологиялық
- денсаулығының нашарлығы.
Сондықтан, оқыту әрекетінде мұғалім мен оқушының тығыз байланыста
болуы, мұғалім бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы
табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық
жағдай жасауы, оқушының өз тарапынан белсенділік, дербестік көрсетуі, өзіне
деген сенімділігі арқылы ғана шығармашылықты дамытуға болады. Біздің
ойымызша, оқушылардың шығармашылық әрекетінің пайда болуының шарттарын мына
түрде көрсетуге болады:
а) пәнге үйретудің ашықтығы, бұл шарт оқушыларға өз әрекетін таңдауға
және еркін жоспарлауға мүмкіндік береді;
ә) сыныптағы білім кеңістігінің әр бағытта болуы, бұл әр бағыттылық,
көп мазмұндылық шығармашылық әрекетінде жан-жақты болуына әсер етеді;
б) оқушының мұғаліммен бірлесе отырып өз шығармашылық әрекетінің жеке
бағдарын құруы; ыңғайлы жоспардың жасалуы және шығармашылық жұмыстардың
белгілі кезеңдерінің орындалу жүрісі оқушының жеке бағдарын құру құралдары
болып саналады.
Шығармашылық жайлы еңбектерді талдай келе біз төмендегідей
қорытындыға келдік. Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процес. Ол іс-
әрекет түрлі болғандықтан, тек адамға ғана тән. Шығармашылықты төмендегідей
ерекшеліктерімен сипатталған адам әрекеті деуге болады:
- шығармашылықтағы қарама-қайшылықтардың болуы;
- әлеуметтік және жеке адамға деген мәнінің болуы;
- шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;
- шығармашылық тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;
- нәтиженің жаңалығы, соңы.
Ал бастауыш сыныптағы балалардың шығармашылығы тек өзіне ғана жаңалық
болып табылатын субъективті жаңалық. Ендеше оларға тән шығармашылық
кезеңдерін шартты түрде былайша топтастырамыз.
1. Жаңалықпен бетпе-бет келу.
2. Шығармашылық, екі ұштылық, белгісіздік.
3. Шешімнің жарқ етуі.
4. Шығармашылық акт.
5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Үлкен энциклопедиялық сөздікте шығармашылық қайталанбайтын,
тарихи–қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс–әрекет деп
тұжырымдалған.
Энциклопедиялық [30] сөздікте: шығармашылық ешқашан бұрындары
болмаған жаңа сапалы нәрсені тудырушы қызмет ретінде қарастырылған.
Шығармашылық ұғымының бұл анықтамасының дәл осы қалпында қабылдануы
бастауыш сынып оқушысы үшін келіңкіремейді. Өйткені бастауыш мектеп
жасындағы оқушы қоғамдық құны бар өнім жасай алмайды және мұның өзі
мектептің міндетіне кірмейді.
Шығармашылық психологиялық тұрғыдан алғанда, нәтижесінде жаңа
материалдық рухани құнды дүние тудыратын әрекет. Ал педагогикалық тұрғыдан
алсақ, шығармашылық дегеніміз – адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс
істеуінің жоғары формасы және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзіндің
ерекшелігімен бағаланады.
Американдық психолог Фромм анықтамасы бойынша шағармашылық дегеніміз –
бұл, тани білу, жаңа бір нәрсені анықтауға ұмтылу және өз тәжірибесін терең
түйсіне білу қабілеті.
И.П Волков [31] бастауыш сынып оқушысы үшін шығармашылық деп оқушы
игерген білімін, білігін әдістерін тиісті жерде қолдана отырып, баланың өзі
үшін пайдалы және жаңалық болып есептелетін іс−әрекеттің нәтижесін атауды
ұсынады. Бізде осы анықтамаларды басшылыққа ала отырып оқыту процесіндегі
шығармашылық деп, оқушының қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың себеп
салдарын өз көзқарасынша қабылдап, түсіне отырып, қиялы мен белсенді ой
еңбегі арқасында бала үшін бұрын болмаған, жаңалық болып табылатын пайдалы
іс−әрекетті орындау нәтижесін айтамыз.
Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға
ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылыққа жаңа, тың нәрсе жасау тән
десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды немесе көшіруді шығармашылық деп
айтуға болмайды, бірақ бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да
бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу
шығармашылыққа тән құбылыс деуге болады. Шығармашылық әрекетке – оқушының
проблеманы көре білуі, өз іс-әрекетінің бағдарламасын жасай білуі және ойды
іске асыру үшін жаңа идеялар тудыра алуы жатады.
Мектептегі білім беру ісіндегі басты бағдар − оқушылардың шығармашылық
мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп әзірлеу.
Ол үшін ең біріншіден, өз таңдаулары бойынша оқытудың ұстанымын жүзеге
асыру, яғни денсаулығын, дамуын, қызығуын ескеріп, мүмкіндіктерін ашу.
Екіншіден, оқыту процесінің сапасын арттырудың басты құрамды бөлігі − жақсы
түсінікті тілмен жазылған оқулық. Ол жоғары сапалы, ғылыми түсінікті, қысқа
да дәл, тілге жеңіл, мазмұнды, қазіргі технология мен педагогика
талаптарына сай келетін болуы керек. Қазіргі қоғамда жүріп жатқан
әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді дамытудың жаңа жолдарын, яғни
педагогика ғылымының әдістемесін өзгертуді талап етеді. Бұрынғы әдіске
арналған оқу процесінде мұғалімге басымдылық рөл берілсе, ал қазіргі оқу
процесінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпайды. Ол өздігінен
оқуы тиіс, ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жайы: әрбір оқушының жеке
қызығуы мен мүмкіндіктерін ашу [30]. Әрбір оқушы басқа оқушымен
салыстырылмайды. Керісінше, дамуына қарай өзімен−өзі салыстырылады.
Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды. Сонда баға
оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, қайта жетістігіне берілген
мадақтау, қызығу мен қажетін көтермелеу құралына айналады. Оқытудың негізгі
мотиві − таным. Өйткені, таным арқылы балаға оқу қуаныш және тұрақты қызығу
тудырады. Оқытудың негізгі мақсаты өз бетінше дами алатын жеке адамды
дамыту болғандықтан, оқушылар өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері
мен дағдыларын меңгеруі тиіс.
Профессор А.Л.Хинчин ... жаңа материалды меңгеру үшін, шағын,
оқулықтағы көрсетілген жолдан гөрі, өз бетімен сол нәтижеге жету маңызды,
- деп жазды.
Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың
назарында болғандығын шығармашылық теориясын жасауға деген көптеген
ізденістердің болғандығын байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық
шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының
негізгі мақсаты - бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты
жаңа сана, рухани санасын дамытуда тың жолдармен шешімдер іздестіру болып
табылады.
Шығармашылық тұлға жайлы психологиялық даму мен қалыптасу зерттеулерін
қарастырсақ, А.М.Матюшкин [31] келесі құрылымдық компоненттерін атап
көрсетеді:
1. Таным мотивациясының орталық қызметі;
2. Зерттеу шығармашылық белсенділік, проблеманы көре білу мен оны
шешудің жаңа жолдарын таба білу;
3. Түп нұсқалы шешім қабылдай білу;
4. Артықшылығын алдын-ала болжай білу;
5. Жоғары эстетикалық, адамгершілік, парасаттылық бағалауды қамтамасыз
ететін идеалды эталон жасау қабілеттілігі.
Жалпы шығармашылық кең мағыналы ұғым. Ғылыми - теориялық
зерттеулерге сүйенсек:
Шығармашылық психологиялық тұрғыдан алғанда, нәтижесінде жаңа
материалдық рухани құнды дүние тудыратын әрекет. Ал педагогикалық тұрғыдан
алсақ, шығармашылық дегеніміз - адамның белсенділігімен өз бетінше жұмыс
істеуінің жоғары түрі және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзіндік
ерекшелігімен бағаланады [32].
Американдық психолог Фромм анықтамасы бойынша: Шығармашылық
дегеніміз - бұл, тани білу, жаңа бір нәрсені анықтауға ұмтылу және өз
тәжірибесін терең түйсіне білу қабілеті.
Шығармашылық – бірегей игілік және тұлғаның маңызды сапасы мен
өзіндік ерекшелік түрлерінің бірі, тұлғаның табиғи және әлеуметтік әлемді
қайта құрып, өзгертуге бағытталған саналы әрекеті, - деген А.И.Арнольдов
[33].
Шығармашылық – жаңа өнім жасау немесе бұрынғы өнімді жаңалап
жетілдіру [34];
Шығармашылық – іс–әрекеттегі қайталанбайтын, өзгеде жоқ, нәтижелі
өнім [35].
Шығармашылық сөзіне берілген ғалым пікірі нақты тұжырым болғанмен,
оның мәні бұл тұжырымнан да терең, кең. Шығармашылық – қабілет, дарын,
өнерпаздық деген ұғыммен үндес. Сол себептен ол тұлғадағы дарын, қабілет,
өнердің көзін ашу, сол қасиеттерді дамыту мәселесіндегі ерекше іс–әрекет
болып табылады.
А.И.Кочетов: Творческая деятельность – это процесс создания новой
информации или продукции с высокими показателями их количества и качества с
наименьшей затратой времени и сил – деп, шығармашылық іс–әрекетке түсінік
береді [36]. Ғалымның пікіріне жүгіне отырып, шығармашылық іс–әрекеттің
басты белгілерін төмендегідей тұжырымдауға болады:
– уақыт үнемдей отырып, артық күш түсірмей, жоғары нәтижеге қол
жеткізу;
– ойлап табу, дайындау, жаңа өнім жасау.
Ал, педагог–ғалым Г.Ю.Ксензова: Творчество – это атрибутивное
свойство любой личности, неотьемлимый компонент ее структуры. Если человека
лишают творческого начала, он перестает чувствовать себя личностью, –
дейді [37].
Ғалым тұлғаның басты белгілері ретінде оның шығармашылық қабілетіне
тоқталады. Шығармашылық қабілеті жоқ жеке бастың тұлғаға жете алмайтынын
сөз етеді. Ғалымдар ізденісі теориялық тұжырымдармен шектеледі, ал оны
істе, тәжірибеде қалай жүзеге асыруға болатынына, нақты жолдарына
тоқталмайды.
А.Ш. Орақова: шығармашылық деп – проблемалық сипаты бар, барлық ішкі
байланыстарды біріктіретін, нәтижесінде жаңа материалдық және идеялық
құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекетін айтады[38].
Шығармашылыққа ниеттену – адамның белсенділігінің жоғары көрінуі,
жаңа, сонылы нәрсе жасауға қабілеттілігі, ол адам әрекетінің кез-келген
аумағында көрінеді. Я.А.Пономарев бойынша шығармашылық кең мағынада
дамуға жетелейтін өзара әрекеттестік [39].
Д.Б.Богоявленская, З.И.Калмыкова, А.М.Матюшкин және тағы басқа
ғалымдар шығармашылықты кең мағынасында белгілі білім шегінен шығу
ретінде анықтайды [40].
И.Ф.Харламов [41]оқытушының педагогикалық шығармашылығын оқу-тәрбие
әрекетіне әр түрлі әдістемелік түрлендірулерді енгізіп, оқу және тәрбие
тәсілдері мен әдістерін тиімді қолдану арқылы жүзеге асырады. Кәсіби
әрекеттің жоғары деңгейі ретінде ғалым педагогикалық жаңашылдықты атап
көрсетеді. И.Ф.Харламовтың пікірінше, жаңашыл оқытушылар педагогикалық
процестің жаңартушысы болып табылады. Сонымен қатар жаңа бағдарламалар
құрады, оқу-тәрбие мәселелерін шешуде жаңа идеялар ұсынады, жаңа
технологиялар құрастырады.
Үлкен энциклопедиялық сөздікте шығармашылық қайталанбайтын,
тарихи–қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс–әрекет деп
тұжырымдалған.
Энциклопедиялық [42] сөздікте: шығармашылық ешқашан бұрындары
болмаған жаңа сапалы нәрсені тудырушы қызмет ретінде қарастырылған.
Шығармашылық ұғымының бұл анықтамасының дәл осы қалпында қабылдануы
бастауыш сынып оқушысы үшін келіңкіремейді. Өйткені бастауыш мектеп
жасындағы оқушы қоғамдық құны бар өнім жасай алмайды және мұның өзі
мектептің міндетіне кірмейді.
И.П Волков [43] бастауыш сынып оқушысы үшін шығармашылық деп оқушы
игерген білімін, білігін әдістерін тиісті жерде қолдана отырып, баланың өзі
үшін пайдалы және жаңалық болып есептелетін іс−әрекеттің нәтижесін атауды
ұсынады. Бізде осы анықтамаларды басшылыққа ала отырып оқыту процесіндегі
шығармашылық деп, оқушының қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың себеп
салдарын өз көзқарасынша қабылдап, түсіне отырып, қиялы мен белсенді ой
еңбегі арқасында бала үшін бұрын болмаған, жаңалық болып табылатын пайдалы
іс−әрекетті орындау нәтижесін айтамыз.
Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға
ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылыққа жаңа, тың нәрсе жасау тән
десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды немесе көшіруді шығармашылық деп
айтуға болмайды, бірақ бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да
бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу
шығармашылыққа тән құбылыс деуге болады. Шығармашылық әрекетке – оқушының
проблеманы көре білуі, өз іс-әрекетінің бағдарламасын жасай білуі және ойды
іске асыру үшін жаңа идеялар тудыра алуы жатады.
Сонымен, шығармашылық – адамның алдағы міндеттерді (тапсырмаларды)
шешу кезіндегі, қандай-да бір бар нәрсені жетілдірудегі, оң нәтиже беретін
табиғатта кездеспеген қандай-да бір жаңа нысан, құбылыс, т.б. пайда ететін
(жасап шығаратын) мақсатты еңбек іс-әрекетінің түрі.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды.
Біріншіден - кез-келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақтаған
тәжірибесін меңгертуге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білім, білік,
дағдыны қабылдайды. Екіншіден, кез-келген оқушы шығармашылық әрекеттер
орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен, шығармашылық
әрекеттің айырмашылығы ол баланың өзін-өзі дамуна, өз идеясын жүзеге
асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдер іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша
шешуге талпыныс жасайды.
Платон: Талант пен данышпандылық өнер мен білімге байланысты емес, ол
алла тағаланың жіберуімен десе, Аристотель көркем шығармашылыққа назар
аударған. Әйтсе де олар тәрбие мен білімнің берерін текке шығармаған.
Қайта өрлеу дәуірінде дарындылықтың табиғатына зер салғандардың бірі
испан дәрігері – Хуан Уарте болды. Ол өз тәжірибелерін қорытындылай келе,
талант табиғаттан келеді, оның дамуы үшін тәрбие мен еңбектің қажеттілігін
айта келе, бұлар үшін кәсіби таңдап алуды, мемлекеттік жүйелер құруды
айтқан.
ХІХ ғасырда ғалымдардың жіктелуіне байланысты: соның ішінде психология
мен педагогикада адамның психикасы мен қабілеті туралы арнайы зерттеу
жұмыстары шыға бастады. Солардың бірін ағылшын психологы Фрэнсис Гальтон
тұжырымдап берді. Ол адамдардың даралық айырмашылықтарын оқып, зерттеген.
Өзінің еңбегі Таланттың тұқымқуалаушылығы: оның заңдылықтары мен шығу
тегінде қабілеттің шығу тегінің методологиялық базасын негіздеген [30].
Гальтонның соңынан неміс педагог – психологы Э. Мейман дарындылықты
теориялық тұрғыдан зерттеп, дарындылықтың туа біткен аспектісін айқындап,
табиғи және жинақталған жақтарын біріктеруге ұмтылыс жасайды. Сөйтіп, есте
сақтау дарындылығын ажыратып алып, дарындылық – даралық ерекшеліктерін
зерттейді және адамдағы дарындылықтың қаншалықты дәрежеде екенін
қарастырған.
Э. Мейман әсіресе дарындылықтың педагогикалық аспектісін, тәрбие мен
оқытудың дарындылықтың дамуына тигізетін әсерін зерттеген.
ХХ ғасырдың І – ші жартысында ерекше атауға тұрарлық неміс психологы
В.Штерн алғашқылардың бірі болып жеке тұлғаның тұтастық принципінен келе
дарындылық пен қабілетті барлық психологиялық процесс пен даралық сапаларды
өзара тығыз қарастырады.
Қабілет – осы және басқа өндірістік іс-әрекетті табысты орындау
жағдайы болып табылатын тұлғаның индивидуалды – психологиялық ерекшелігі.
Қабілетті анықтаудағы ең басты үш кезең бар: біріншіден, қабілет адамды
екіншісінен ажыратады, екіншіден, дефектіге қарағанда, олар жетістікті
қамтамасыз етеді, үшіншіден, қабілет тек білім, дағды, шеберлікті меңгеруді
жеңілдетеді [10].
Қабілетті индивидуалдылықтың бір деңгейінде орналастыруға болмайды;
басқа сапалармен әсерлесе олар барлық деңгейлер арқылы дамиды.
Қабілеттердің бірнеше концепциялары бар:
1.Тұқымқуалаушылық теориясында қабілеттің дамуы мен көрінуі тұтастай
және толығымен тұқымқуалаушылық факторларға тәуелді биологиялық
детерминантталған құбылыс ретінде түсіндіріледі. Бұл ұстанымды белгілі
адамның генеологиясы және энциклопедиялық сөздіктерге сүйене таланттың
тұқымқуалаушылығын зерттеген Ф. Гальтон ұстанған.
2. Жүре пайда болған қабілеттер теориясы ХУІІІ ғасырдағы Гельвецийдің
тұжырымдауынша, тәрбие арқылы данышпандылықтың кез-келген деңгейін
қалыптастыруға болады. Эшби бұл тұжырымды былай жеңілдетті, қабілет бұл
тума бағдарламалар және жұмысқа деген қабілеттілік арқылы қалыптасады.
3. Негізінен кеңестік психологияда дамыған қабілеттегі тума және жүре
пайда болған диалектиканы нақтылаған үшінші концепция болды. Анатомо –
физиологиялық ерекшеліктер ғана тума бола алады, ал қабілеттің өзі –
қалыптасу нәтижесі. Қабілеттер іс-әрекетте қалыптасатындықтан оның
мазмұнына және балаға іс-әрекеттер мен жетістіктер этолонын беретін
ересектермен қарым – қатынасқа тәуелді. Осыны негізге ала отырып П.Я.
Гальперин қабілет интериоризация нәтижесі болып табылатындығын анықтаған.
Б.М. Теплов музыкалық қабілеттілікті өте жоғары деңгейде тәрбиелеуге
болады деген, бірақ, қабілеттілікті бүтіндей алғанда әлеуметтік, ал
нышандар тұқымқуалаушылық арқылы ғана берілетіндіктен индивидтік
сипаттамалар болады деген өз қарсыластарымен де келісті [18].
Қабілеттілік – бұл динамикалық құбылыс, олардың қатынасы туралы
қабілеттер көрініс бергенге дейін айтуға болмайды және оларды толығымен
дамыды деп санауға болмайды. Олар тарихи және мәдени тәжірибе сұранысына
жауап береді: баланың абсолютті естуі оған биіктік бойынша дыбыстарды тану
тапсырмасы қойылғанға дейін білінбейді. Кәсіби іс-әрекеттердің жаңа
түрлерінің көрінуі, қабілеттіліктің экономикалық, бағдарламалау және т.б
сияқты жаңа түрлерін табады.
Қабілеттіліктің психофизиологиялық негізін ескере отырып, нышандар
негізінен жүйке жүйесінің қасиеттеріне ие болады. А.Г. Ковалев және В.Н.
Мясищев жүйке жүйесінің күші, салмақтылығы, қозғалымпаздығы коммуникативті
және ерікті қасиеттерді демеп отырып, бұл қасиеттер қажет іс-әрекетті
жақсартады. Ал әлсіз (сезімтал ) жүйке жүйесі өнермен айналысуға қолайлы
болады. Нышандар қабілеттер мен темпераменттің арасындағы байланысты жүзеге
асыра отырып, нақты бір іс-әрекет түріне және барлығына деген жоғары
білімпаздыққа бейімділікте көрінеді.
Қабілеттерді бірнеше сипаттамалар арқылы көрсетеді. Ол сапалық пен
сандыққа ие болады. Сапалық бойынша жиі жалпы қабілеттер (білімдерді
игерумен іс-әрекеттердің әртүрлі түрлерін жүзеге асыруда өнімділік пен
оңайлықты қамтамасыз ететін, тұлғаның индивидуалды – ерікті қасиеттер
жүйесі) және арнайы немесе жекеше (қандай да бір арнайы іс-әрекет
аумағында – музыкалық, сахналық, шығармашылық, жоғары нәтижелерге жетуге
көмектесетін, тұлғаның қасиеттер жүйесі) болып бөлінеді. Жекеше
қабілеттердің нышандарда ерекше қолайлы (оларды сензитивті деп атайды),
соның барысында айқын көрінетін кезеңдер болады. Музыкалық, шығармашылық
қабілеттер әдетте ерте, яғни 5 жасқа дейінгі кезеңде, баланың музыкалық есі
мен естуі белсенді дамыған кезде көрінеді. Ал лингвистикалық және көркемдік
қабілеттер – сәл кейінірек. Басында тек қана таланттардың нышандарының
дамуына деген психиканың ерекше сезімталдық кезеңін сипаттай келе, соңында
Н.С. Лейтеспен қолданылатын сензитивтік кезең түсінігі әртүрлі психикалық
функциялардың (форманы, сөйлеудің дыбыстық жағын қабылдау) дамуының
оптималды кезеңін сипаттап, даму психологияда толығымен қолданыла бастады
[18].
Сонымен қатар, қабілеттің көрінуінде деңгейлерге бөлінуі мүмкін –
репродуктивті (қайта жаңғыртушы, яғни адамдарға нені үйретті, соны
көрсетеді) және продуктивті, шығармашылық, талант және данышпандылық, онда
адам субъективті немесе объективті жаңалық тудырады.
Қабілеттер құрылымында тірек қасиеттерін бөледі, онсыз
қабілеттердің көрінулері мүмкін болмайды (мысалы, көркемдік іс-әрекеттер
үшін көру анализаторларының сезімталдығы, сенсомоторлы қасиеттер, бейнелі
ес) және қабілеттердің дамуының жоғарғы шегін қалыптастыратын, алдыңғы
қатарлы қасиеттер. Қабілеттер құрылымы туралы айтқанда, қабілеттер өздерін
шыңдайтын, нышандар мен операцияларды бөледі.
Сөйтіп, қабілеттерде табиғи және әлеуметтік мінездің синтетикалық
болмысы бар, орнын толтыру мүмкіндігі сияқты сапаны игеретін жүйелі,
құрылымға ие болады. Қандай да бір жеке қабілеттердің әлсіздігі іс-әрекетті
толығымен игеруді болдырады және, керісінше оқшауланған қабілеттердің бары
бірегей сәттілікті болдырмайды. Жеке қабілеттер бір-бірімен өмір сүреді,
өзара әсер етеді және дарындылықтың феноменінің пайда болуын әкеледі.
Интеллектуалды қабілеттерді зерттеу. Барлық қабілеттер түрлерінің
арасынан интеллектуалдылықтарды неғұрлым зерттелген деп саналады. Бірақта,
табиғат пен ойлау көрінуінің жалпы түсінігі болмағандықтан индивидуалды
вариациялар тек қана лайықты психодиагностикалық құралы бар қасиеттерге
қатысты, яғни практикалық психологияның даму логикасы (дифференциалды
психологиядан диагностикаға дейін) бұзылады. Егерде интеллектіні
индивидуалды ерекшеліктеріне назар аударып қарасақ, онда психологиялық
модельдердің көбі өзіне өлшеу үшін лайықты құрал болса ғана бөлінетін
өзгермеліліктерді қосады, сондықтан да мұндай теорияларды факторлық деп
аталады.
Олардың біріншісі 1927 жылы екі факторды бөліп көрсеткен Ч. Спирменнің
көмегімен құрылды (тек қана бұл теорияны В. Штерн, К. Бюлердің психикалық
дамудың екі факторлы теориясымен шатастыруға болмайды). Спирмен әрбір
интеллектуалды іс-әрекетте тек берілген іс-әрекетке тән жалпы фактор g
(general) және көптеген спецификалық (specific) факторлар болады.
Спецификалықтар жағдайды бейнелейді, сондықтан да оларды өлшеуі мүмкін емес
(мысалы адам емтиханды сәтті тапсырды, өйткені, есік артында оны сүйікті
қызы тосып тұрды, бірақ мұндай сәттілік оның өмірінде бір рет қана болады
[38].
Сондықтан да оның интеллектуалды көрінулерін сипаттамайды.). Ал g
факторы жеке тесттер арасындағы жоғары корреляцияда көрінеді, адамның
тұрақты мінездемелерін бейнелейді (яғни, оқушы математика және тарихтан
үлгерімді болса, онда бұл жалпы интеллектінің факторларының әрекетімен
байланысты).
Психодиагностика негізінен g факторы өлшеу мен мүшелеуге ұмтылады, сол
үшін Дж. Равеннің прогрессивті матрицасы немесе Р.Кеттелдің интеллект
тестісі секілді мәдени еркін тестілер құралады ( құрастырушылардың ойынша
олар әртүрлі әлеуметтік деңгейдегі) және білімділік деңгейі әртүрлі
адамдарға ұсынылады.
Кейін көп факторлы теориялар құрыла бастады. Мысалы, Дж. Келли
өзінің Перекрестки человеческого ума (1928) атты кітабында Спирменнің
нәтижелеріне сыни қарап, басты қасиеттер ретінде бастыларды емес
кеңістіктік сәйкестіктермен, сандармен, сөздік материалмен, есеппен және
ойлаудың жылдамдығы мен әрекет ететін бірнеше топтарды анықтады. 1938 жылы
А.Л. Терстоун 12 факторларды бөліп көрсетті, оның арасында келесі сипаттар
жиі кездеседі:
V – вербалды түсіну (оқу, аналогиялар, құрылымы бұзылған сөйлемдер);
W – сөйлеудің жүгірмелілігі (анограммалар, ұйқастықтар, атаулар);
N – сан (арифметикалық іс-әрекеттің жылдамдығы мен дәлдігі);
S – кеңістік (қозғалмайтын факторлармен олардың сәйкестіктерін
қабылдау және манипулятивті визуалдылық, соның арқасында кеңістіктік
өзгерулер қабылданады; s фаторы өзіне екі факторды қосуы мүмкін);
M – ассоциативті ес (механикалық есте сақтау; оны есту және көру есіне
бөлуге болады);
I (R) – индукция немесе жалпы пайымдау (ережелерді шығару қабілеті;
құрамында индукция мен дедукция болған)
Келли мен А.Л. Терстоунның еңбегі жарық көргеннен кейін сыншылдар
интеллектіні танып білуде, прагматикалық аспектілерге бұрылыс жасағанын
атады; бүгін зерттеушілер бөлген нақты факторлар темперамент көрінулерімен
де және іс-әрекеттің индивуалды стилінің ерекшеліктерімен де байланысын
көруге болады [40].
Осыдан сәл кейінірек елуінші жылдары британ психологы С. Барт
интеллект құрылымын 5 деңгейді қосушы ретінде қарастыруды ұсынды. Төменгісі
элементарлы моторлы және сенсорлы процесстерді көрсетеді; екіншісі
перцепциямен моторлы координацияны қосады; үшіншісі дағдылардың өндіру
процесстерімен бұл процесстің негізі еспен анықталады; төртіншісі өзіне
логикалық жалпылауды қосады және бесінші деңгейі жалпы g интеллектісінің
факторын құрайды. Мұндай қатынас интеллектіні иерархиялық жүйе аумағындағы
келесі эмперикалық өндіріске негіз болды, солардың біреуі Ф.Бернан ұсынған
модель көрсетеді. Бернон моделінің шыңын g факторы құрайды, төменірек екі
басты топтың факторы орналасқан: вербалды-құрылымдық (v:ed) және
практикалық – техникалық (k:em), оларды өз кезегінде оданда кіші топтық
факторларға бөлуге болады – вербалды, сандық, кеңістіктік, механикалық-
ақпараттық, мануалды. Ең төмен деңгейде спецификалық жағдайлы факторлар
орналасады. Бұл модельдің мәні мынада, адам өзін интеллектуал ретінде іс-
әрекеттің барлық түрлерінде көрсете алмайды, не вербалды жанамаланған, не
үйреншікті ойлау аумағында, яғни өзінің мамандығы болуы керек және де осы
аумақтр (практика және білімділік) мәдениетке қосқан үлесі бойынша толық
сәйкестендірілген болып табылады. Шын мәнінде, әрбіреуіміз өзін пркатикалық
вербалды емес аумақтағы дарынды адамдарды кездестірді ( мысалы, хирургтар,
суретшілер) олар сөздік формада өздерінің шеберліктерінің құпиялығын
көрсете алмады, бірақта олар осы білім аумағының оқытушылары мен
методистерінен гөрі жақсы меңгерді.
Дж.Гилфорд өзінің моделін мүлдемге басқа негізде қалады, ол өлшеулі
ойлаудың операция (адам не істей алады), мазмұн (материал табиғатына,
ақпарат беру формасына ) және нәтиже (соңғы ақпаратты өңдеу формасы) сияқты
үш қасиетімен сәйкес келетін параллелепипед түрінде интеллектіні көрсетті.
Бес операция бөлінді (бағалау, жалғыз дұрыс шешім табудағы сияқты
конвергенция, шешім спекторын табу сияқты дивергенция, ақпараттары және оны
есте сақтауы бар түсіну). Мазмұн формасының да бесеуі анықтлады (көру,
есту, символикалық, сематикалық, мінез-құлықтық (практикалық коммуникация
тапсырмаларында көрінетін)).
Нәтижелердің алты нұсқаулары бар (элементтер, класстар, қарым-қатынас,
жүйелер, өзгертулер, мағыналар).
Сондықтан, 5*5*6=150 – Гилфордтың моделінің өзара бағынбайтын 150
факторы бар. Мысалы, шынайы мінез-құлықты талдайтын адам белгілер жанрінде
сурет салатынан ақылдырақ немесе ақылсыздау деп айтуға болмайды.
Кішкене кубиктардың әрбіреуі адекватты диагностикалық құралдың туындауын
қажет ететін интеллект факторы сияқты валидтіленген болуы керек. Бірақта
қазіргі кезеңге дейін берілген теоретикалық факторлардың жүз бесі ғана
дәлелденді.
Интеллектілердің көптігі теориясына тоқталайық. Факторлық теориялар
интеллект ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық
Дарынды балалар сипаттамасы
Дарындылық және балалар шығармашылық дарындылығын дамыту мәселесінің психологиялық - педагогикалық тұрғыда зерттелуі
Шағын кешенді мектептерде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті
Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын зерттеу
Дарынды балалардың қабілетін анықтау
Кіші мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
Математиканы оқыту процесінде дарынды балалардың даму мәселелері
Пәндер