Бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі функциялары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
АНЫҚТАМАЛАР 2
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 3
КІРІСПЕ 4
1 Болашақ мұғалімдерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тәрбие үрдісіне
дайындау, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тәрбие беру ұғымдарының
әлеуметтік-педагогикалық мәні мен мазмұны 9
2 Білім беру жүйесінде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланудың қазіргі
жағдайы 16
3 Болашақ мұғалімдерді интерактивті-танымдық бағдарламалар арқылы тәрбие
үрдісіне дайындау 58
ҚОРЫТЫНДЫ 83
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 88

АНЫҚТАМАЛАР

Ақпараттық қоғам деп адамға және мемлекетке қажетті білімнің бәріне
ақпаратты кедергісіз алу арқылы қол жеткізуге болатын және онымен жұмыс
істей алатын шарты бар білім қоғамын айтады.
Бұқаралық ақпарат құралдары – баспасөз, радио, теледидар сияқты
құралдардың біртұтастығы, олар журналистика мен аудиторияның арасындағы
байланыстырушы болып табылады және журналистиканың басты құралы ақпарат
беруді пайдалана отырып білім беру, дамыту, тәрбие беру мәселелерін шешуге
қатысады.
Болашақ мұғалімдерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тәрбие
үрдісіне дайындау деп педагогикалық оқу орындарында тәрбие үрдісіне
дайындауда тиімді құрал бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін
пайдалануға болашақ мұғалімдердің теориялық және әдістемелік тұрғыдан
кәсіби дайындығын жүзеге асыруды айтады.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тәрбие беру деп тәрбие үрдісінде
бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық, коммуникативті, әлеуметтік,
мәдениетанушылық, танымдық, дамытушылық мүмкіндіктерін оқу-тәрбие үрдісінде
кеңінен пайдалануды айтады.
Инновация – жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді.
Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз.
Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері,
мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін
ұйымдастыруға жаңалық ендіруді білдіреді.
Интерактивті – ақиқат уақыт тәртібінде пайдаланушы мен ақпарат жүйесі
арасындағы белсенді хабар алмасу.
Медиабілім - бұл педагогикалық теория мен практикада білім берудің
ерекше бір бағыты ретінде оқушылардың көпшілік коммуникация заңдылықтарын
оқуын қолдайтын, сондай-ақ қазіргі бұқаралық коммуникация құралдарын
меңгеру мақсатында теориялық білім мен практикалық іскерліктерге үйретуді
көздейтін педагогикадағы бағыт.
Педагогикалық жүйе - бұл адамды дамыту мақсатындағы жетістіктерге
жеткізуші барлық факторлардың біртұтас бірлігі.
Педагогикалық инновация – жаңашылдықты (жаңа құралдарды, әдістерді,
әдістемелерді, технологияларды, бағдарламаларды және т.с.с) меңгеру
процесі; ерекше әдістемелер мен бағдарламаларды іздестіру, оларды білім
беру процесіне енгізу және шығармашылықпен ой елегінен өткізу.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ЖОО – жоғары оқу орны
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары
БАК – бұқаралық ақпарат коммуникациялары
ҚР – Қазақстан Республикасы
ҚР ҰҒА – Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясы
ҰБА – ұлттық білім академиясы
ҚР МЖМБС – Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандарты
ОӘК – оқу-әдістемелік кешен
МТА – мектеп телеарнасы
БП – базалық пәндер
КП – кәсіптік пәндер
ЖБП – жалпы білім пәндері
БМОПӘ – бастауыш мектепте оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
ПП – педагогика және психология

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Болашақ ұрпақтың білім алуы мен тәрбиесі,
оның дамуы қашанда аса маңызды мәселелердің бірі болса, жаңа ғасырға енген
қазіргі кезеңде жоғары технологиялық ақпараттық қоғамның мүмкіндіктерін
пайдалана отырып білім мен тәрбие беру көзделіп отыр. Өйткені, қоғамның қай
саласында болсын жаңа технологияға кеңінен мән беру өмірдің өзі талап етіп
отырған мәселе, олай болса қандай да жаңалықты қабылдауға бейім және оларды
меңгеруге дайын жастардың жаңа технологияларға лайықталған білім мен тәрбие
алуына ерекше көңіл бөлу заңдылық. Осы орайда жастардың қазіргі қоғамдағы
орны және ұлттық құндылықтардың сақталуы мен тәрбиенің маңызы жайында
еліміздің Президенті Қазақстан жастарының І съезінде сөйлеген сөзінде өте
маңызды әрі көкейкесті мәселені көтерді. Н.Ә.Назарбаев аталған кездесуде:
Жастардың бойында құндылықтардың дұрыс жүйесін қалыптастыру керек, оның
негізінде еңбексүйгіштік, ар-намыс, парасаттылық, өзін-өзі тұрақты
жетілдіруге ұмтылыс және оқу, тәртіп сияқты қасиеттер жатқаны жөн деп
қазіргі жастардың бойында аса қажетті құндылықтарды тәрбиелеуді одан әрі
жетілдіру керектігін және оны білім мен тәрбие беруді дұрыс ұйымдастыру
арқылы қалпына келтіру керектігіне мән беру қажеттілігін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ елбасы, қазіргі кезде бұл құндылықтарды жастар мен
жасөспірімдердің бойында қалыптастыру үшін әртүрлі іс-шараларды жүзеге
асыру арқылы қол жеткізу керектігін айта отырып, әсіресе бұқаралық ақпарат
құралдарының ықпалына үлкен мән берудің тиімділігіне және оның бұл
мәселелерді жүзеге асыруда аса маңызды құрал екендігіне тоқталды [1].
Қай кезеңде болсын қоғам талаптарына лайықты азаматтар тәрбиелеу үлкен
жауапкершілікті қажет ететін үрдіс екені белгілі. Осыған байланысты
қоғамның жаңа ХХІ ғасырға аяқ басқан кезеңіндегі түбегейлі өзгерістер мен
жаңалықтарға толы мерзімде болашақ азаматтарға білім мен тәрбие беру
мекемелерінің алдында жауапты міндеттер тұр. Бүгінгі күні ақпараттық
технологияларға бейімделген білімді, тәрбиелі, мәдениетті тұлғаны өмірге
дайындауға барлық мүмкіндіктер бар және оған әртүрлі факторлар әсер ететін
болса, солардың негізгілерінің бірі ретінде бұқаралық ақпарат құралдары
мүмкіндіктеріне қоғамның кеңінен көңіл бөле бастауы бекер емес. Өйткені,
өзінің кең мүмкіндіктеріне қарай кейінгі кездері бұқаралық ақпарат
құралдары адам өмірінде белгілі дәрежеде ықпалды роль атқарып отыр. Осы
тұрғыдан қарастырғанда, қазіргі уақытта ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін
ескермей рухани өмірдің қай саласындағы да әлеуметтік-мәдени дамуды
елестету қиын болса, олардың ең алдыңғы қатарында білім беру жүйесі тұр.
Білім беру мекемелерінің алдына қойылып отырған қазіргі басты талап –
жеткіншектерге заманға лайықталған білім, тәрбие берумен қатар, олардың
өздігінен білім алып, өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру, сонымен қатар
оларды танып-білуге бейімдеу болса, бұқаралық ақпарат құралдары өздігінен
білім алудың негізгі көзі, әрі басты құралы. Демек, тұлға қалыптастыру
тұрғысында өскелең ұрпақты тәрбиелеу қазіргі қоғамның басты міндеттерінің
бірі, бұл тұрғыда адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін
барлық негізгі факторларды, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының
ерекше ықпалдық факторын да қарастырған маңызды. Жасөспірімдердің
мектептегі оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін қазіргі кездегі
әлемдік өзгерістерді ескере отырып білім беру міндетті болып табылады.
Өйткені, әлеуметтік ортадағы мақсатты бағытталған тәрбие үрдісінде ғана
адамның әлеуметтік-құлықтық бағдарламасын жасау жүзеге асады және адам жеке
тұлға ретінде қалыптасады. Соған сәйкес, тұлғаның әлеуметтік дамуы нақты
тарихи сипатқа ие болады. Демек, тұлға қоғамдық қатынастардың субъектісі,
нәтижесі бола отырып өзінің белсенді қоғамдық қимылы арқылы қалыптасады.
Бұл мәселеде бұқаралық ақпарат құралдары (баспасөз, радио, теледидардан
бастап интернетке дейін) интерактивті айрықша маңызға ие болып отыр.
Осы тұрғыдан қарастырсақ, жаңа технологиялар заманында уақыт
талаптарына жауап бере алатын тәрбиелік әдістерді, құралдарды анықтап, оны
қолданысқа ендірудің қажеттілігі туындайды. Педагог ғалымдар әр елдің
тәжірибелерін қарастыра отырып, тәрбие беруде барлық әлеуметтендіру
институттарының бірлесіп әрекет етуі тиісті нәтиже беретінін үнемі айтуда.
Ал тәрбие институттары ретінде ең алдымен отбасын, оқу-тәрбие мекемелерін
қарастыратын болсақ, сонымен қатар соңғы уақыттарда олардың қатарына
бұқаралық ақпарат құралдары да енеді. Сондықтан, бұқаралық ақпарат
құралдарының оқу-тәрбие үрдісіндегі ролінің ұлғаюына қарай, оның
мүмкіндіктерін педагогика және психология тұрғысынан тереңірек талдауды
қажет етеді. Әсіресе бұқаралық ақпарат құралдарының танымдық-тағлымдық,
ақпараттық, рекреативті, релаксациялық, коммуникативті мүмкіндіктері жан-
жақты зерттеле бастады және педагогикада жаңа медиабілім бағыты пайда
болды. Медиабілім берілу қажеттігін ұсынған тұжырымдамалар мен оларды
жүзеге асыруға арналған бағдарламалар бұқаралық ақпарат құралдарының барлық
түрлерінің және соған қатысы бар техникалық құралдарды пайдалана білуге
жасөспірімдерді үйретуді, соған орай бұл іс-әрекетке болашақ мұғалім
мамандардың дайындығын жүзеге асыруды көздейді. Тұжырымдамалардың негізінде
көптеген шетелдік ғалымдар медиабілім проблемасына кеңінен көңіл бөліп, бұл
мәселе бойынша зерттеулер жүргізуде. Ол зерттеулерде медиабілім берудің
негізгі тармағы болып табылатын бұқаралық ақпарат құралдары ролінің
оқушылар өмірінде барынша артып отырғандығы көрсетіледі. Сондай-ақ, БАҚ-тың
бүгінгі күні ересек адамдардан гөрі балалардың өмірінде елеулі орын
алатындығына байланысты олардың мүмкіндіктеріне мән беру маңызды болып
отырғандығы айтылады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының жасөспірімдердің дамып, қалыптасуындағы
орнын әртүрлі аспектіде (философия, мәдениеттану, педагогика, психология)
қарастырып жүрген бір топ шетелдік ғалымдарды атап өтуге болады. Олар:
Е.Н.Барышникова, А.Н.Богомолов, Н.Н.Богомолова, Г.Г.Воробьев, Г.Т.Волкова,
С.А.Герасимова, Г.В.Грачев, Г.Г.Громов, И.Ю.Глинская, Е.Л.Доценко,
А.А.Марков, Н.В.Махова, Л.С.Зайцева, О.В.Краснова, И.А.Колесникова,
К.Г.Кречетников, А.А.Журин, Е.С.Полат, Е.В.Шуварикова, И.В.Челышева,
С.Б.Цымбаленко, И.А.Яременко және т.б. [2 −23].
Сондай-ақ соңғы уақытта педагогикада жаңа бағыт деп танылып отырған
медиабілім беру негізінде бұқаралық ақпарат құралдарын оқу-тәрбие үрдісінде
пайдалану мәселесіне зерттеу жүргізудің бірізділігін жасаған ғалымдардың
(Л.М.Баженова, О.А.Баранов, Л.С.Зазнобина, И.С.Левшина, Л.Мастерман,
С.Н.Пензин, А.А.Новикова, Ю.К.Усов, А.В.Федоров, А.В.Шариков) еңбектері
назар аударарлық. Бұл ғалымдардың зерттеулерінде бүгінгі күні медиабілім
берудің аса маңыздылығы және оны жолға қою арқылы жасөспірімдердің бойында
бұқаралық ақпарат құралдарын тиімді пайдалануға деген көзқарасты
қалыптастыру мүмкіндігі жоғары екендігі нақтыланған [24−33].
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында шетелдік және
отандық ғалымдардың бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде адамзатқа ақпарат
беруде ең алғашқы болып қызмет көрсеткен баспасөз құралдарын (мерзімді,
педагогикалық) оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың тиімділігі мәселелерін
зерттеуге арналған біршама еңбектердің бар екендігі анықталды. Бұл мәселені
зерттеумен ғалымдар Г.В.Абросимова, А.П.Апполонова, В.Ш.Самедов,
О.П.Симанчук, Н.В.Иванова, Н.С.Малеванный, Г.Х.-А.Махмудова,
Ю.М.Новокшонов, Д.Ф.Мезенцов, Мельник Г.С, Т.А.Репида, С.В.Миликидзе,
Н.К.Шипатильник, С.Н.Янпольский [34−47], ал отандық зерттеушілерден
Қ.А.Ақтамбеков, С.Абдукадирова, Р.Г.Ахмадиев, В.А.Бородин, И.П.Гуляева,
Ү.Жұмабекова, С.Н.Имашев, Г.Исмағұлова, Н.М.Наренов, Ә.Оразова,
Н.П.Скальковская, А.А.Тіленбаева. т.б. айналысқан [48−59]. Атап айтқанда,
С.Абдукадирова, Қ.А.Ақтамбеков, Р.Г.Ахмадиев, В.А.Бородин, С.Н.Имашев,
Н.М.Наренов, Г.Исмағұлованың зерттеу еңбектері мерзімді, педагогикалық
баспасөз құралдарының білім мен тәрбие берудің тарихи кезеңінде атқарған
істерін талдауға және баға беруге арналған, яғни бұл зерттеулер белгілі бір
тарихи кезеңде халыққа білім беруде баспасөздің ролін көрсетуді көздейді.
И.П.Гуляева,Ү.Жұмабекова, Н.П.Скальковская, А.А.Тіленбаева жалпы білім беру
мектептері оқушыларының және жоғары оқу орындарында студенттердің оқу-
тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда баспасөзді тиімді құрал ретінде пайдалануда
қажетті әдістерді ұсынады.
Барлық бұқаралық ақпарат құралдарының (теледидар, радио, газет-
журналдар) жасөспірімдер тәрбиесіндегі тиімділігін ғалымдар: Д.И.Абдуллаев,
Г.Я.Власкина, Н.Д.Горячев, Е.Е.Дорощук, М.А.Семенюк және т.б. зерделеген.
Бұл зерттеулер бұқаралық ақпарат құралдарының қай кезеңде де мектеп
оқушылары үшін дүниетанымдық тұрғыда негізгі білім көзі және басты тәрбие
құралы, сондай-ақ әлеуметтендіруші институттардың бірі болып отырғанын
нақтылайды. Бұқаралық ақпарат құралдарын жасөспірімдердің дүниетанымын
тәрбиелеуде, көзқарасын қалыптастыруда және өмірге бейімдеуде негізгі
әлеуметтік институттардың бірі деп танитын болсақ, оның мүмкіндіктерін
тәрбие ісінде пайдалана білуге болашақ мұғалімдерді дайындау қажеттігі
маңызды мәселе. Ұлы ғұламалардың пікірлерінде тәрбиесіз берілген білімнің
тиімді болмайтыны анық айтылса, тәрбие мәселесі отандық ғалымдардың да
қашанда назарында. Жасөспірімдердің тәрбиесі және оған болашақ
мұғалімдердің дайындығы мәселелері А.Б.Абибулаева, Б.Айтмамбетова,
Қ.Ж.Ағанина, С.Әбенбаев, З.Әбілова, М.Әлімбаев, М.Әмірбекова,
Е.З.Батталханов, Р.Башарұлы, А.А.Бейсенбаева, С.Ғаббасов, А.П.Сейтешов,
К.Сейталиев, В.Сергеева, Р.К.Төлеубекова, Ә.Табылдиев, А.Ғ.Қазмағанбетов,
С.Қ.Қалиев, Ә.Жұмаханов, Л.К.Керімов, З.Ө.Кенесарина, К.Қ.Құнантаева,
Ж.Ж.Наурызбай, А.Н.Тесленко, Б.Тлеулов, С.А.Ұзақбаева, А.Ілиясова және тағы
басқа да еліміздің белгілі ғалымдарының зерттеулерінде жан-жақты
қарастырылып, нақты ұсыныстар берілген [60−86].
Сондай-ақ, болашақ мамандарды кәсіби тұрғыдан дайындауға байланысты
проблеманың бірқатар аспектілері Г.К.Ахметова, Б.Әбдікәрімұлы,
С.Ә.Әбдіманапов, А.М.Әбдіров, Ш.Ә.Әбдіраман, Ғ.З.Әділғазінов,
Р.Ч.Бектурганова, Қ.Б.Бөлеев, Т.Т.Галиев, Д.М.Джусубалиева, В.В.Егоров,
М.Ж.Жадрина, К.К.Жанпейісова, Е.Ұ.Жұматаева, А.А.Қалыбекова, Ж.А.Қараев,
С.Т.Каргин, Б.Т.Кенжебеков, С.М.Кеңесбаев, Қ.М.Кертаева, М.А.Құдайқұлов,
М.Қ.Құрманов, Т.Ә.Қышқашбаев, М.С.Мәлібекова, Г.Ж.Меңлібекова,
Б.К.Момынбаев, Б.А.Мукушев, Б.Ы.Мұқанова, Г.Қ.Нұрғалиева, О.Нұсқабаев,
К.Өстеміров, М.Н.Сарыбеков, О.С.Сыздықов, Ш.Т.Таубаева, Ә.Ә.Усманов және
тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде зерделенген [87−121].
Сонымен қатар, біздің зерттеу проблемамызды толыққанды зерделеу үшін
бұқаралық ақпарат құралдарының негізі болып табылатын журналистика
саласымен байланыстыра қарастыру заңдылық деп есептейміз. Бұл саладағы
ғылыми еңбектерге талдау барысында елімізде қазіргі журналистиканы балалар
және жастар тәрбиесімен сабақтастықта қарастырған бірқатар еңбектердің бар
екендігіне көз жеткіздік. Атап айтқанда: Б.Жақып, Ж.О.Кенжалин,
Г.Ж.Ибраева, С.Қозыбаев, Н.Омашев, Г.Ә.Сәрсенбекова, Қ.Тұрсын,
Н.Г.Шыңғысовалардың еңбектері аталған проблеманы жан-жақты зерделеуге үлкен
мүмкіндік берді [122−129]. Әсіресе, республикалық телеарналардың жастар мен
жасөспірімдерге арналған бағдарламаларының қалыптасу және даму тарихына
баға берген, сондай-ақ олардың өзіндік ерекшеліктері мен бүгінгі жастардың
сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған арналардың жұмыстарына талдау
жасаған ғалымдар Н.Шыңғысова мен Г.Ибраеваның зерттеу еңбектерінің біздің
зерттеу жұмысымыздың проблемасын жан-жақты ашыла түсуіне үлесі мол болды.
Өйткені, бұқаралық ақпарат құралдары арасында адамзаттың пайдалануы жағынан
негізгі орынды алып отырған теледидардың қоғамның болашағы жасөспірімдердің
мінез-құлқының қалыптасып дамуындағы ролін жоққа шығару мүмкін емес,
керісінше оның осындай мүмкіндіктерін пайдалана білуге олардың дайын болуы
бүгінгі күні маңызды болып отыр. Сондықтан, жасөспірімдердің өміріндегі
маңыздылығын ескере отырып, БАҚ-тың ұсынатын өнімдерінің балалар мен
жастардың дамуында қаншалықты пайдалы болып отырғандығы, олардың көздеген
идеологиясын болжау, оларға баға беру журналистика саласының мамандарының
ғана міндеті болу дәрежесінен асып кетекендігі мәлім болып отыр. Демек,
тәрбие ісі баршаға ортақ болғандықтан, бұл мәселеде ғылымдардың
интеграциясы маңызды болып табылатыны сөзсіз. Қарастырылып отырған проблема
тұрғысынан қарағанда, педагогика мен журналистика ғылымдарына біртұтастықта
зерттеу жүргізіп, білім және тәрбие мәселесінде оң нәтижелерге қол
жеткізуді жүзеге асыру болып табылады. Бұл зерттеу жұмысының барысында
журналистика бойынша зерттеу жұмыстарына да кеңінен мән берілуі осының бір
айғағы.
Қазақстан республикасының жаңа формация педагогына үздіксіз
педагогикалық білім беру тұжырымдамасында көрсетілгеніндей, қазіргі білім
беру жүйесіндегі дағдарыстардың болуы білім тиімділігінің жетіспеуіне ғана
байланысты емес. Ол жас ұрпақтың интеллектуалдық, жеке тұлғалық,
адамгершілік-рухани дамуында жіберіліген кемшілік, сонымен қатар білім
жүйесінің жеке тұлғалық менталитетін қалыптастыруда, жалпы адамзаттық
құндылық, толеранттылық және ынтымақтастық социум тұрғысынан білім беру
жүйесінің дайындығы жоқтығынан делінген. Сондықтан педагогикалық білім
берудің әртүрлі кезеңдерінің мақсаты – педагог біліктілігінің дамуына
көмектесу, кәсіби міндеттерді шешудегі қабілеттерін жетілдіру болып
табылады.
Болашақ мұғалімнің тәрбие үрдісіне жан-жақты дайындығы, мектепте
оқушылардың тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруда бұқаралық ақпарат
құралдарының мүмкіндіктерін пайдалана алуы мәселесі студенттің мамандықты
меңгеру барысындағы дайындығына тікелей байланысты екені белгілі. Қоғамның
постиндустриялды дамуы және ақпарат алу мүмкіндігінің жоғарылауы
жағдайында, жоғары кәсіби деңгейді иеленген, шығармашылыққа және өзіндік
жұмысқа қабілеті бар маман дайындау мәселесі одан әрі ерекше роль атқара
бастады. Ақпараттық технологиялардың аса жоғары қарқынмен дамуы мұғалімнің
кәсіби іс-әрекетін өзгертуді, демек, болашақ мұғалімдердің өз қызметінде
жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана білуге дайындығы мәселесін алға
қойып отыр. Сондықтан, педагогикалық мамандыққа даярланып жатқан студенттер
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тәрбие үрдісіне оқу орындарында
дайындалуы міндетті және БАҚ-ты оқушылардың тәрбие үрдісін ұйымдастыруда
пайдалана алуға дайындалуы өте маңызды мәселе болып табылады. Дейтұрғанмен,
соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарының тәрбиеге ықпалдылығы жағынан
кең мүмкіндіктерін ізденушілер біршама қарастырып жүргенімен, зерттеу
жұмыстарының арасында болашақ мұғалім мамандарды оларды тәжірибеде
пайдалана білуге дайындау туралы нақты ғылыми тұрғыдан негізделген,
жүйеленген еңбектердің жоқ екендігіне көз жеткіздік. Сондай-ақ,
төмендегідей бірқатар қарама-қайшылықтарды анықтадық, атап айтқанда:
− жасөспірімдердің өмірге көзқарасын қалыптастыруда ерекше насихат
құралы БАҚ-тың тәрбие ісінде қажеттілігі жоғары болғанымен, ол
мүмкіндіктерді мұғалімдердің пайдалануы барысында қиындықтармен жолығуы;
− бұқаралық ақпарат құралдары ролінің артып отырғандығына қарамастан,
болашақ мұғалімдердің бойында ақпарат құралдарын тәрбие үрдісінде пайдалана
білу іскерлігі қалыптаспағандығы;
− бұқаралық ақпарат құралдарының тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалануға
болашақ мұғалімдерді мақсатты түрде дайындауға байланысты ғылыми
негізделген әдістердің болмауы.

1 Болашақ мұғалімдерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тәрбие үрдісіне
дайындау, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тәрбие беру ұғымдарының
әлеуметтік-педагогикалық мәні мен мазмұны

Қоғамдану үрдісінде адамдардың қарым-қатынасының бір түрі болып
табылатын бұқаралық коммуникация құралдарының атқаратын ролі ерекше.
Бұқаралық ақпараттық үрдістер, бұқаралық ақпараттар т.б. түсініктер
бұқаралық коммуникация түсінігінің синонимі болып табылады.
Бұқаралық коммуникацияның, үлкен әлеуметтік топтардың мүддесін
қорғайтын белгілі әлеуметтік бағыты бар. Бұл олардың тіршілігінің факторы
болып табылады. Бұқаралық коммуникацияның негізгі функциялары – қоғамдық
қарым-қатынастарды сүйемелдеу және нығайту, басқарушы топтардың
идеологиясын бекіту, әлеуметтік реттеу және басқару, ғылыми білімдер мен
мәдениетті тарату, ойын-сауықтарды ұйымдастыру т.б.
Бұқаралық ақпарат құралдары жоғарыдан төменге (әлеуметтік басқару
топтарынан, қоғамның басқа әлеуметтік топтарына қарай); төменнен жоғарыға
(халықтың әртүрлі жіктерінен басқару топтарына қарай); көлденеңіне
(әлеуметтік топтардың бір-бірі туралы ақпараты) қарай жүреді. Әртүрлі
әлеуметтік топтардың тіршілігі жайлы ақпаратты тарата отырып, бұқаралық
ақпарат құралдары қоғамның әртүрлі топтарының бір-бірі туралы әлеуметтік
көзқарастары мен стереотиптерінің қалыптасуында үлкен роль атқарады. Бүкіл
қоғам мен жеке әлеуметтік топтардың және адамдардың қажеттілігінің
негізінде құрылған, бұқаралық коммуникацияның әлеуметтік-психологиялық
функцияларын топтастыру негізіне адамның қоғамға, топқа, өз-өзіне деген
қарым-қатынасы кіруі мүмкін. Соған байланысты, төмендегідей функцияларды
бөледі: әлеуметтік бағдарлау (индивид – қоғам), аффиляция (индивид – топ),
басқа адамдар мен байланысқа түсу (индивид – басқа адам); өзін-өзі бекіту
(индивид – оның өзі), эмоцияналдық бәсеңдету функциялары. Енді бұқаралық
ақпарат құралдарының аталған функцияларына жеке-жеке тоқталатын болсақ, ол
төмендегідей мәселелерді ашуға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік бағдарлау функциясы қоғамға бейімделуге бағдар жасау үшін
қажетті ақпаратқа сүйенеді. Бұқаралық коммуникация құралдарынан алынатын,
әлеуметтік көріністер мен топтар жайлы ақпараттар, жеке адамның қоғамның
әлеуметтік тәжірибесін түсінуін, оның өзінің бағасына және бағдарына
байланысты өзгертуі сияқты қоғамдану үрдістерін жеңілдетеді.
Аффилиация функциясында адамның белгілі бір топтардың қатарына
кіргенде әсіресе қорғанушылығы мен сенімділігін көтеретін референтті
топтардың мүшесі бола алуы сезіміне қажеттілігі бар. Әлеуметтік бағдармен
және құнды бағыттармен анықталатын мұндай таңдаулар үшін бұқаралық
коммуникация шектеусіз мүмкіншіліктерді ұсынады. Соның ішінде идентификация
механизімін пайдалану, былайша айтқанда, осы топтың мүшелерімен өзін-өзі
қанағаттандыру өнімдірек болып табылады.
Бұқаралық коммуникацияның байланысқа түсу функциясы адамға өзін
көрсете білуге, нығайтуға, дербестенуге мүмкіншілік беретін, басқа
адамдармен қарым-қатынас жасауға қажеттілігімен белгіленеді. Адамның басқа
адамдармен қарым-қатынас жасағанда өзін-өзі көрсете алу мүмкіншілігі
болмаса, өзінің қажетсіздігін және қарым-қатынас жасау жұтаңдығын сезінсе,
осы функция жиі көрініс береді. Бұл функция балалардың өз қатарластарымен
қарым-қатынас жасауда белгілі дәрежеде орын алады, яғни олармен тіл
табысуда өзінің сенімсіздіктерін жоюға әсер етеді.
Ал өзін-өзі бекіту функциясы адамның өз құндылықтарын, ойлары мен
көзқарастарын дәлелдейтін ақпараттар алғанында көрініс табады. Мұндай
жағдайларда түйісу психологиялық қолдау қызметін атқарады, өзінің бағдарын
және құнды бағыттарын нығайтуға әсер етеді, өзінің дұрыстығын және
сенімділігін сезінуге ықпалы жоғары.
Эмоцияналдық бәсеңдету функциясы рұқсаттық эмоцияналдық
мүмкіншіліктерін кеңейте отырып, тұлғаның диапазонының өзгеруіне
көмектесетін ойын-сауық бағдарламаларына қосылу арқылы, алаңдату және басқа
нәрселерге ауысу факторларының ролін атқаратын басылымдар мен мәліметтерге
қосылу арқылы жүзеге асады.
Сондай-ақ, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде адам өмірінде, әсіресе
жасөспірімдердің қалыптасуы мен дамуында бүгінгі күні басты орынды алатын
бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын негізгі функциялары, яғни
қызметтері көрсетіліп, олар әртүрлі топтастырылып жүр. Атап айтқанда,
қазіргі кезде бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық, білім берушілік,
сын және бақылау, қоғамдық қажеттіліктерді артикуляциялау (сөйлеу
органдарының жұмысы) сияқты функциялары жиі айтылады [150, 65 б.]. Оған
қоса, бұқаралық ақпарат құралдары адам санасы мен сезіміне ықпал етуде
үлкен мүмкіншіліктерге ие.
БАҚ жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің ақпараттық қажеттіліктерін
қанағаттандырады дегенді негізге алған В.Д.Сошников бұқаралық ақпарат
құралдары функцияларын жүйелей отырып, оның ішінде электронды бұқаралық
ақпарат құралдарының, яғни теледидардың төмендегідей функцияларын бөліп
қарайды: ақпараттық, мәдени-ағартушылық, интегративті (қалпына келтіру,
толықтыру) коммуникативті, әлеуметтік-педагогикалық, ұйымдастырушылық,
білім берушілік, рекреативті. Ал зерттеуші, Н.В.Махова бұқаралық ақпарат
құралдарының әлеуметтік институт ретінде төмендегідей функцияларды
атқаратынын көрсетеді: идеологиялық және саяси ықпалдылық функция,
әлеуметтік қоғамды қолдау, ұйымдастырушылық, ақпарат беру, білім беру,
көңіл көтеру, сонымен қатар, аудитория қалыбын өзгерту немесе қолдау,
олардың сеніміне кіру, қандай да бір әрекетті қабылдау немесе керісінше
жоққа шығаруда ішкі дайындықты қалыптастыру, ақпараттан белгілі бір
мағынаны бөліп ала білу функциялары. Яғни, бұқаралық ақпарат құралдары бір
өзі бірнеше аса маңызды функцияларды атқара отырып, адамзатқа қызмет етуде
[13, 85 б.]. Біз жоғарыда аталған ғалымдардың бұқаралық ақпарат
құралдарының негізгі функцияларын топтастыруын есепке ала отырып, өзіміздің
жалпы топтастыруымызды жасадық. Негізінен алғанда біздің зерттеуіміз
бойынша педагогикалық үрдістегі функциялар бізге біршама жақын болып
келеді. Педагогикалық үрдістегі функция – педагогикалық процеске арнайы
ұйымдастырылған және мақсатты түрде пайда болып өмір сүріп келе жатқан
орын, роль дегенді білдіреді. Педагогикалық процестегі функциялар білім
берушілік (білім, іскерлік, дағдыны, мәдени құндылықтар жүйесін беру
арқылы), тәрбиелеушілік (тәрбие мен оқыту үрдісіндегі құндылық бағыттар мен
қарым-қатынастар жүйесін қалыптастыру кезінде байқалады), дамытушылық
(тұлғаның танымдық психикалық үрдісінде дамуы мен қалыптасуын, логикалық
әдістердің, операциялардың, талдау-талқылау, ойтоқтамының, танымдық
белсенділігінің, қызығушылықтарын, қабілеттерін көрсетеді),
әлеуметтендіруші (бірлескен іс-тәжірибені меңгерумен, қоғамдық қатынастар
мен әлеуметтік тұрғыдан ыңғайлы мінез-құлықты иеленумен көрінеді. Бұқаралық
ақпарат құралдарының адамдардың, әсіресе жасөспірімдердің тәрбие үрдісінде
атқаратын функцияларының қай-қайсы да білім берушілік, тәрбиелеушілік,
дамытушылық, әлеуметтендірушілік міндеттерді жүзеге асыратыны сөзсіз.
Аталған функцияларды жүзеге асыра отырып, олар білім беру жүйесінде
айтарлықтай үлкен роль атқарады. Жалпы бұқаралық ақпарат құралдарының әрбір
функциясы білім мен тәрбие беру үрдісінде жас өспірімдерді қажетті
ақпараттарды беру арқылы олардың қалыптасып, дамуында өзіндік үлес қосып
отырғандығы анық. Бір ғана ақпараттық функциясы арқылы жасөспірімдердің
күнделікті ақпарат алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыруда мейлінше жоғары
рейтінгіні алып отырғандығы белгілі. БАҚ функциялары 1 –нші суретте
беріліп отыр.

Сурет 1– Бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі функциялары

Бұқаралық ақпарат құралдарының функцияларына тоқталғанда ерекше атап
өтетін мәселе, ол бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде теледидардың бір
өзі ғана адам өмірінде бірнеше функцияларды атқаруға толық мүмкіндігі бар
екендігі және ол функциялардың саны барған сайын арта түсуде. Сондықтан,
тәрбие жұмысын ұйымдастыруда бұл функциялардың қызметі міндетті түрде
ескеріліп отыруы және тиісті дәрежеде пайдаланылуы қажет. Бұқаралық ақпарат
құралдарының бір ғана насихат құралы ретіндегі қызметінің өзі тәрбие
үрдісіндегі көптеген іс-шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал
олардың белгілі дәрежеде жасөспірімдердің білімін жетілдіру, толықтыру
тәрізді маңызды мәселелерді шешуде орны тіпті ерекше. Яғни өздігінен білім
алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге жағдай туғызатын функциясының маңызы адам үшін
өте жоғары болып табылады деп есептейміз. Сонымен қатар, жоғарыда аталған
ғалымдардың зерттеу жұмыстарына талдау жүргізу нәтижесінде анықталғанындай
бұқаралық ақпарат құралдарының жасөспірімдер өмірінде атқаратын жалпы
функцияларымен қатар, нақты балалар өмірінде атқаратын біршама негізгі
функциялары бар екендігіне көз жеткіздік. Атап айтқанда,
− ақпараттық (хабар беру) функция;
− рекреативті(көңіл көтерушілік) функция;
− релаксациялық функция;
− мәдени-ағартушылық функция;
− білім берушілік;
− коммуникативті;
− әлеуметтік-педагогикалық.
БАҚ-тың балалар өміріндегі атқаратын қызметін 2-нші суреттен көруге
болады.

Сурет 2 – БАҚ-тың балалар өмірінде атқаратын функциялары

Бұқаралық ақпарат құралдарының осындай көптеген функцияларының ішінде
негізгі болып табылатын ақпараттық функцияны тарқатып қарайтын болсақ,
ақпарат құралдарының барлық түрлерінің (теледидар, радио, газет-журнал,
интернет т.б.) хабарлары айрықша ақпараттық кеңістікті қалыптастыратыны
белгілі, яғни бұқаралық ақпарат құралдары өзіндік білім беру жүйесіне
айналады. Дегенмен, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін білімнің
мектеп және басқа да білім беру мекемелеріндегі білім беру жүйесінен
әлдеқайда айырмашылығы бар. Бұл жердегі білім алудың түріне мән беретін
болсақ, ол адамның өздігінен білім алумен байланысты, яғни білім беру
мекемелеріндегі жоспарлы түрде беретін білімнен өзіндік айырмашылығы бар.
Өздігінен білім алудың нәтижесінде өзін-өзі тәрбиелеу үрдісі жүзеге асады.
Өзін-өзі тәрбиелеу, ең алдымен жеке тұлғаның адамгершілік және
интеллектуалдық жағынан жетілу кезінде көрінеді. Тұлғаның рухани жан
дүниесі байып, соның негізінде адамгершілік қасиеттері жетілген сайын
олардың мінез-құлқындағы өзгерістер пайда болып, барлық мәселеге сын көзбен
қарай бастайды. Жалпы айтқанда өзін-өзі тәрбиелеу үрдісі жеткіншек шағынан
бастау алады. Осы кезеңде олардың қылықтарында өзінен үлкендерге еліктеу,
бой түзеу, қандай істе де өз бетінше әрекет жасау, қатарластарына өздерін
көрсетуге ұмтылуы және әр нәрсеге қызығушылығы артады. Есейген сайын өздері
мен жолдастарының қылықтарына сын көзбен қарап, баға беруге, білгендері мен
оқығандарын талқыға салуға, өздері оқыған әдеби кітаптағы кейіпкерлері мен
көгілдір экраннан көрген жағымды бейнелерге т.с.с. ұқсауға тырысады [150,
287 б.].
Жасөспірімдердің өздігінен білім алып, өзін-өзі тәрбиелеуінде
бұқаралық ақпарат құралдарының барлық түрлері қатысады, өйткені ақпараттық
заманда, адамның бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өздігінен білім алуына
мүмкіндігі өте жоғары, әсіресе қазіргі жағдайда.
Бұқаралық ақпарат құралдары рекреативті функциясы арқылы адамдардың
бос уақытын, яғни демалысын тиімді ұйымдастыруға, мәдениетті демалуына
көмектеседі. Олай болса, бұқаралық ақпарат құралдарын демалыс кезінде
пайдалану адамдарды күнделікті тіршіліктің міндеттерінен, проблемаларынан
шамалы уақытқа болса да көңілінің аулануына жағдай туғызатын болса, ал
балалардың сабақтан және мектептен тыс уақытын, демалыс күндерін тиімді
пайдалануға, өзіне қажетті ақпараттарды алуда өзіндік үлес қосады.
БАҚ-тың релаксациялық функциясының атқаратын ролі адам үшін, әсіресе
балалар үшін тіпті де ерекше. Өйткені, бұқаралық ақпарат құралдарының осы
функциясының қызметі арқасында жасөспірімдерді әртүрлі эмоционалдық
жағдайда кездесетін орынсыз әрекеттерден сақтап қалу мүмкіндігі жоғары.
Мысалы, балалар кей кездері өзінің достарымен немесе араласатын балалармен
тіл табыса алмай қалған сәттерде уақытының көп бөлігін теледидар көріп,
газет-журнал оқуға жұмсаса, көңіл-күйінің дұрысталуына көмектеседі екен.
Нәтижесінде реніш, ыза-өкпенің тарқауына септігін тигізеді де жас
жеткіншектердің эмоционалды жағдайда жасауы мүмкін әрекеттерден сақтануына
жағдай жасайды. Релаксация (лат.relaxatij – күш салудың кемуі) – қатты
қобалжудың немесе күшке түскен әрекеттен кейін субъектінің босаңсып
әлсіреген, тыныштанған күйі. Релаксацияның үш түрі кездеседі, соның бірі
адамның эмоциялық деңгейі (әсіресе, дабыл, қорқыныш, ашу, ыза және т.б.
сияқты теріс қысаңның салдарынан күш қуаттың әлсіреуі деп қарастырылса)
екінші жағдайда теріс эмоциялы күйді қоздыруға қолданылатын процесс деп
бағалайды. Демек, адамдардың, әсіресе балалардың көңіл-күйіне оң әсер етуде
бұқаралық ақпарат құралдарының релаксациялық функциясының мүмкіндіктерін
пайдалану өте маңызды.
Ал бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде теледидардың интегративті
(шоғырландырушы, бірлестіруші) функциясында хабар таратудың барлық
бөлімдерін (публицистика, өнер, спорт, көңіл көтеру) қамти отырып, ол басқа
функцияларға: ақпараттық, мәдени-ағартушылық, ұйымдастырушылық, білім
берушілік тағы басқаларымен үйлесімділікте қызмет етеді. Теледидардың
интегративтік функциясын нақты жүзеге асыру үшін, ең бастысы қоғамның
мұқтаждығын анықтай отырып материалдар берумен тікелей байланысты.
Теледидардың әлеуметтік-педагогикалық немесе басқару функциясы
интегративтік және ақпараттық функциялармен тығыз байланысты. Ақпаратты
кімнің таратқанына қарамастан, ол әрқашанда әділетті, және тәуелсіз болуы
шарт. Әлеуметтік-педагогикалық міндетте журналист, біріншіден, өзіне нақты
психологияны, әдеттерді, адамның құндылық жүйесін елестете білуді көздейді.
Екіншіден, адамдардың қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруды мақсат
етеді. Әлеуметтік-педагогикалық қызметті сауатты ұйымдастыра алуы үшін,
журналистерден әлеуметтану айналасындағы білімді игеру талап етіледі,
демек, түрлі әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарын анықтау арқылы солардың
айналасында жұмыстар жүргізу бұл функцияның маңызын көтере түседі.
Сондай-ақ, бала өмірінде бұқаралық ақпарат құралдары функцияларының
бірі нормативті функцияның да атқаратын ролі үлкен. Бұл функция арқылы
бұқаралық ақпарат құралдары көрермендерін әртүрлі дәрежедегі құқықтық
нормалардан хабардар болуына ықпал етеді. Сонымен, бұқаралық ақпарат
құралдарының әрбір функциясының қызметіне қарай бір-бірінен айырмашылығы өз
тақырыптарына сай бейімделіп, хабар таратуына байланысты айқындалады екен.
Ол функциялардың басты айырмашылықтары:
− Ақпараттық функциясы – хабар таратады, аудиторияға әлемде және
мемлекетте болып жатқан тылсым оқиғаларды, жаңалықтарды жеткізеді.
− Мәдени-ағартушылық функциясы – мәдени танымдық, ізденушілік,
ағартушылық мәселелерді қамтиды.
− Интегративті функциясы - әртүрлі функцияларды қамти алады.
− Әлеуметтік-педагогикалық функциялары – елдің әлеуметтік жағдайын,
әлеуметтік проблемалардан хабардар етеді.
− Білім берушілік функциялары – аудиторияны қызықтыратын, сауаттылыққа
бейімдейтін бағдарламаларды берумен байланысты.
− Рекреативті функциясы – адамдардың демалысын дұрыс ұйымдастыруды
көздейді [159].
Демек, кейінгі кезде бұқаралық ақпарат құралдарына деген кейбір
келеңсіз көзқарастардың болуына қарамастан, оның атқаратын функцияларының
мазмұнына кеңінен мән берілсе, бала өмірінде олардың өзіндік орны бар әрі
өте жоғары. Аталған функциялардың қай-қайсы да балаларды қоғамдық өмірдің
қандай да бір қиындықтарымен күресе алуында қажетті функциялар деп
қабылдауға болады.
Қазіргі балалар бұқаралық коммуникация құралдарының әсерін ерте сезіне
бастайды. Балаларға әсер етуі жағынан бірінші орынды электрондық құралдар
алады: кино, теледидар, видео. Қазіргі кезде олар басылым құралдарын
біршама ығыстырып тастады. Сондай-ақ бүгінгі таңда психологтар, біздің
өмірімізде компьютердің пайда болуына байланысты, жаңа заманғы мектеп
оқушыларының психикасында өзгерістер болуда деген пікірлерді жиі айтуда.
Тіпті компьютерлік психология деген термин пайда болды. Балалардың мінез-
құлқының өзгеруіне интернеттегі әртүрлі ақпараттардың әсері жоғары болып
отыр. Сондай-ақ әртүрлі шетелдік бағдарламаларды көруге мүмкіндік
болғандықтан олар өздеріне қажетті болып табылмайтын ақпараттарды да алуға
барлық жағдай жасалып отыр.
Еліміздің президент Н.Назарбаев Жас отан жастар қанатының І съезінде
елдің болашағы жастармен кездесу барысындағы сөзінде қазіргі жастардың
алдына бірталай маңызды міндеттерді қоя отырып:
Әлемнің барлық халықтарында әрдайым парасаттылық, адалдық, үлкендерге
құрмет, әйелдерге құрмет, достыққа адалдық, туған Отанға деген
сүйіспеншілік бағаланған. Бұл санаттар әрдайым бағалы болады. Өз бойларыңда
нақ осындай қасиеттерді тәрбиелеңдер. Бұқаралық ақпарат құралдарында
батыстық жадағай мәдениеттің рухсыз үлгілеріне қарсы тұра отырып, рухани-
имандылық құндылықтарды насихаттауды күшейткен жөн. ...Тұтастай мәдениет,
спорт және жастардың рухани-имандылық құндылықтары мәселелеріне арналған
телеарна құру туралы мәселені шешу керек. Оның өзектілігі қазірдің өзінде
баршамыз үшін айқын болып тұр деген пікір білдірді және рухани имандылыққа
тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалының жоғары болғандықтан,
оған кеңінен мән беру керектігін баса айтты [1, 2 б.]. Бұл пікір бекерге
айтылып отырмағандығы белгілі, өйткені, бұқаралық ақпарат құралдарының
ықпалы артқан заманда оның әртүрлі әсеріне мән бермеу жасөспірімдер мен
жастардың тәрбие мәселесін ұйымдастыруда өзіндік қиындықтарға әкеледі.
Бүкіл қоғамның бұқаралық ақпарат құралдарының әсеріне, ықпалына мән беруі,
оның қазіргі қоғамда қаншалықты маңызды орын алып отырғандығын көрсетеді.
Соған сәйкес, кейінгі кездері бұл проблема төңірегінде баспасөз беттерінде
де жиі айтыла бастады, олардың қатарында қазіргі жастардың бойындағы
құндылықтарының өзгеруіне кейбір шетелдік ақпарат құралдарымен қатар,
отандық бұқаралық ақпарат құралдарының әсері болып отырғанын көрсеткен
мақалалар да аз кездеспейді. Мысалы, ҚР ҰҒА академигі А.П.Сейтешев:
...Снижается роль моральных норм и критериев, идет ломка сложившихся
нравственных ценностей, обесценивание человеческой жизни, рост
преступности, сиротства, сексуального насилия, резкое материальное
расслоение граждан. Во многом это обусловлено криминализацией и
эротизацией средств массовой информации, художествнной литературы [160]
деген пікірін білдірген. Жасөспірімдердің тәрбие мәселесіне байланысты
көптеген ғылыми мақалалардың авторы, белгілі педагог А.П.Сейтешовтың
пікіріне сүйенсек, соңғы кездердегі жастар арасындағы келеңсіздіктердің
туындауына әртүрлі мақсатты көздеген бұқаралық ақпарат құралдарының да
ықпалы жоғары болып отыр. Біз ұлттық

2 Білім беру жүйесінде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланудың қазіргі
жағдайы

Елімізде білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасы дайындалып, онда бүгінгі таңда білім берудің
мазмұны ерекше мәнге ие болып отырғандығы, оған барынша көңіл бөлу
керектігіне үлкен мән беріледі. Қазақстан Республикасында жүріп жатқан
қоғамдық қатынастарды бағдарлаудың өзгерістері, қоғам алдындағы өмірдің өзі
тудырып отырған жаңа міндеттер барлық дәрежедегі, оның ішінде жоғары
білімді мамандар даярлауға бейімделген жоғары мектептегі қазіргі оқытуды
ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттерін қайта қарастыруға, жаңадан
ойластыруға алып келді. Демек, аталмыш мемлекеттік бағдарламаны іске асыру
барысында өзінің кәсіби міндеттерін өз бетімен шығармашылық тұрғыдан шеше
алатын, кәсіби тұлғасы мен қоғамдық маңызын түсінетін және өз іс-әрекетіне
жауап беруге кәсіби жағынан қабілетті, қандай-да бәсекеге дайын жеке
тұлғаны қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім берудің тиімді жүйесі
құрылуы қажеттігі туындайды. Соған сәйкес, жоғары білім беруге бағытталған
оқу орындарының бүгінгі күні басты мақсаттарының бірі болып отырғаны − бұл
қазіргі заманға лайықталған кәсіби білім оның ішінде компьютерлік,
ақпараттық технологияларға негізделген, мүмкіндігінше өте сапалы білім беру
арқылы біліктілігі жоғары және бәсекелестік жағдайда оған төтеп бере алатын
мамандарды даярлау болып отыр. Бұл шараларды жүзеге асыру үшін мемлекет
тарапынан барлық қажетті де маңызды шаралар ұйымдастырылып отыр. Қоғамның
қажеттіліктерін орындауға бейімделген мамандарды дайындауға байланысты
соңғы кезде жасалған ұсыныстардың бұл мәселелерді шешудегі орны ерекше.
Әсіресе, қазіргі кезде оқу-тәрбие үрдісінде бұқаралық ақпарат құралдарының
мүмкіндіктеріне жүгінуге байланысты пікірлердің нағыз уақыт талаптарынан
туып отырғандығын көрсетеді.
Қазақстан республикасы Президентінің Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан
атты жолдауындағы Еңбек рыногоның даму ырғағы мен келешегіне сәйкес
келетін білім беру мен кәсіптік қайта даярлаудың халықаралық стандарттарын
қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясат деген бөлімінде білім мен
тәрбие беруде жаңа технологияларды ендірудің қажеттілігі айтыла отырып, он-
лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру
туралы айтылған еді. Бүгінгі күні бұл шаралар жүзеге асырыла бастады.
Біздің елімізде бұдан былай білімді тек мектеп беріп қоймайды. Мамандардың
пікіріне қарағанда теледидар арқылы да біршама білім жинауға болады. Білім
министрлігімен бірлесе отырып, Қазақстан ұлттық арнасы халық үшін тағы
бір игі қадам жасап оқу-әдістемелік бағдарлама ашты. Шетелдің тәрбиеге кері
әсері бар атыс-шабыс мультфильдерінен балалардың басын айналдыратын
коммерциялық арналардан мемлекеттік арнаның айырмасы осы тұста көрінетіні
хақ. Білімді болашақ – Қазақстанның келешегі. Бүгінгі бала қоғам алдындағы
жауапкершілікті түсінеді әрі сенімді ақтауға ынтасы зор. Өскелең ұрпақтың
әртүрлі саладағы білім-білігін шыңдап, ой-өрісін кеңейтуге бағытталған
телебағдараламаның жасөспірімдердің дамуында алатын орны зор. Бұл мәселе
жайында мұғалімдердің өздері де тәжірибесі мол ұстаздар сабақ берсе
бағдарламадан балалар ғана емес жас мұғалімдер де тәлім-тәрбие алады,
сондай-ақ теледидардан өтетін сабақты оқушылармен қатар олардың ата-анасы
да көреді, сөйтіп көптеген жайттарды бірге меңгереді деген пікір білдіреді.
Оқу-әдістемелік бағдарлама Қазақстан ұлттық телеарнасында жүретіндіктен
отандық оқу бағдарламасы негізінде әзірленетін бейнеөнімді республиканың
барлық тұрғыны, елдің кез кез келген өңірінен көре алады. Өйткені, арнаның
бейнематериалдары қазірдің өзінде республика аумағының тоқсан сегіз пайызын
қамтиды. Бұл межені жүз пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Демек, аталмыш
жаңа бағдарлама білім саласындағы жаңалықты қазақстандық оқушылардың бір
уақытта, бірдей деңгейде меңгеруіне мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің таратқан
түсініктемелерінде бұл бағдарлама алғашқыда аптасына екі рет көрсетіледі,
уақыт өте келе, телеөнімнің таратылу уақыты ұлғайып және оның мазмұны да
кеңейетіндігін атап өтеді. Жобаның негізгі мақсаттарының бірі –
азаматтардың адами, рухани құндылықтарын жоғарлатуды қамтамасыз ету үшін
олардың үздіксіз білім алуын жолға қою. Бүгінгі күні барлық дамыған
елдердің білім саласында ұстанып отырған бағыты да осы үздіксіз білім
беруді қамтамасыз ету. Ал, үздіксіз білім беруді іске асырудың тиімді
механизмдерінің бірі –ақпаратты-коммуникациялық технологияларды пайдалану
арқылы қашықтан оқыту. Қашықтан оқытудың қызметі кейс-технологияға,
телекомуникациялық технологияға және желілік технологияға негізделіп жүзеге
асырылатын болса, онда елімізде оқыту теледидарын құру идеясын жүзеге асыру
қашықтан оқытудың телекомуникациялық технологиясына сүйеніп жасалып
отырғандығының айғағы.
Зерттеуші Б.А.Досжанов қазақстандық белгілі ғалым М.А. Құдайқұловтың
еңбегіне сүйене отырып: ... Жалпы алғанда, білім беруде оқыту теледидарын
пайдалану жаңалық емес. 1960 жылдардың бас кезінде жедел дамыған теледидар
жетістіктері оны оқыту-тәрбиелеу мақсатына қолдануға мүмкіндік берді.
Осыдан бастап кеңестік білім беру саласында оқыту теледидарын пайдаланудың
ғылыми-әдістемелік ерекшеліктерін зерттеу қолға алына бастаған болатын. Осы
кездері оқу телехабарлары термині қалыптаса бастады. Алғаш рет 1964 жылы
телеқабылдағыштар арқылы телелекциялар жүргізілсе, 1965 жылы
телеорталықтарда арнайы оқу бағдарламалары бөлімі ашылды деп көрсетеді.
Сондай-ақ, С.И.Архангельскидің еңбектеріне сүйене отырып Оқушылар оқу
телехабарларын көре отырып, өздері де сол хабардағы оқиғаның ішінде
жүргендей әсер алады, яғни оқу телехабарлары оқушының ішкі ойлау жүйесін
еріксіз баурап алады. Осы тұрғыдан алғанда, оқу телехабарларының оқытудағы
маңызы зор екендігіне мән береді. Ол сондай-ақ сол кездегі телеоқуларға
баға бере отырып, қандай пәнге қатысты болмасын оқу телехабарларында ғылым
мен техниканың соңғы жаңалықтары, оқыту әдістерінің жаңа үлгілері мол
пайдаланылды. Онда жоғары санатты педагогтардың өткізген сабағын,
ғалымдардың лекциясын, өндірістегі өнертапқыш мамандардың жаңалығын
пайдалану жүзеге асырылды. Сондықтан да ғалым Л.П.Прессман оқу теледидарын
пайдалану – болашақ мұғалімдерді даярлау жұмысының құрамында болуға тиісті
іс-шаралардың бірі деген пікір келтіргендігіне көңіл аударады [190].
Демек, студенттерге білім беруде оқу телехабарларының алатын орны аса
маңызды және оны пайдалану белгілі дәрежеде оң нәтижелерге қол жеткізуге
мүмкіндіктер береді. Ал мұндай жобаны жүзеге асыру үшін болашақ мұғалім
мамандарының дайындығы туралы пікір білдірген ғалым Л.П.Прессманның
тұжырымдары назар аударарлық, әрі құптарлық. Сонымен қатар, бұл бағдарлама
техникаға жаны жақын жас буынға аса қажет екендігі, осылайша, игі
бастаманың ықпалымен отандық білім беру, ақпарат тарату салаларын жаңа
деңгейге көтеруді көздеп отырғандығын көрсетеді. Жаңа бағдарлама орта және
жоғары білім беру ордаларының оқушыларынан бөлек балабақшадағы балаға да
арналатын болады. Көгілдір экран арқылы жүретін сабақ қазіргі кезде қазақ
және орыс тілдерінде жүріп жатса, кейін ағылшын тілінде тарайды деп
жоспарланып отыр. Яғни бұл тележоба елімізде жасөспірімдердің үш тілді
меңгеруі туралы бағдарламасын жүзеге асыруда өзіндік роль атқарады.
Сонымен, ҚР Білім және ғылым, Мәдениет және ақпарат министрліктері мен
Қазақстан ұлттық телеарнасының қолдауымен құрылған Білім арнасы
еліміздің білім және ғылым саласындағы айтулы оқиғаның бірі болып табылады.
Білім арнасын құрудың мақсаты – жаңа ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалана отырып оқушы жастарға, жалпы қоғамға және
еліміздің әр аймағындағы тұрғындарға тең дәрежеде білім алуға мүмкіндік
туғызу, отандық білім мен ақпарат саласын жаңа сапалы деңгейге көтеру.
Білім беру жүйесіне қазіргі заманғы технологияларды енгізу білім беру
процесін сапалы ұйымдастыруды өзгерту ғана емес, сондай-ақ мектептік және
кәсіптік оқытудың жоғары нәтижелілігін қамтамасыз етуге қажетті серпіліс
болып табылады. Мемлекеттік білім беру стандарты шеңберінде бағдарламаларды
үш тілде трансляциялау қазақ, орыс және ағылшын тілдерін тең дәрежеде
меңгеруге жағдай жасайды. Бұл Білім арнасынан мұғалімдерге көмек ретінде
деректі фильмдер циклы мен ақпараттық-танымдық бағдарламалар ұсынылады. Бұл
айтылған мәселелерді жүзеге асыру үшін үш жақты, яғни ҚР Білім және ғылым
министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан телеарнасы
арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Аталмыш
Меморандумның мақсаты оқу-білім телебағдарламаларын дайындау бойынша өзара
ынтымақтастықты қалыптастыру, одан әрі республиканың оқу телевидениесін
құру.
Бағдарламалардың тақырыптық бағыттары бар. Олардың әрқайсысы белгілі
бір міндеттерді шешеді және кәсіби маманның пікірімен және технологиялық
жағдайлармен бекітіледі. Барлық бағдарламалар білім беру қызметін
тереңдетуге және оның сапасын көтеруге бағытталған. Бұл оқу-әдістемелік
бағдарламалар циклы оқытудың дидактика принциптерін ескере отырып құрылған,
қазіргі заманның талаптарына сәйкес пәндерді оқытуда жаңа технологияларды
пайдалану тиісті жолға қойылған. Бағдарламаның пайда болу негізіне замануи
әдістемелік деңгейде оқушылардың білімдерін тереңдете түсу, бағдарламалық
материалдарды кеңірек түсіндіру сияқты принциптер ендірілген. Еліміздің бас
телеарнасынан мұғалімдерге әдістемелік тұрғыдан көмек ретінде ұсынылатын
деректі фильмдер циклы мен ақпараттық-танымдық бағдарламалардың атаулары
төмендегідей:
Барлық пәндер бойынша телесабақтар (қазақша, орысша)
1. Кітап әлем.
2. Керек кәсіп.
3. Телеэнциклопедия.
4. Қазақ әдебиетінің классиктері.
5. Қазақстанға саяхат.
6. Қазақстан ғылымы.
7. Этнография.
8. Экология.
9. Қазақстан археологиясы.
10. Қазақстанның мәдени мұралары.
11. Қазақстан мұражайлары.
12. Бір жәдігердің тарихы.
13. Жаңа көзқарас (Мұғалімдерге арналған бағдарлама. Онда білім берудің
жаңа әдістемелері қамтылады. Сарапшылар мен әдіскерлердің пікірі
беріледі).
14. Эврика (барлық жастағы мектеп оқушыларына арналған танымдық – ойын-
сауық бағдарламалары) т.б. Аталған арнаның бағдараламаларының қысқаша
мазмұны 2-нші кестедеұсынылып отыр.

Кесте 2- Білім арнасы бағдарламасының тақырыптары мен мазмұны

№ Бағдарламалар Мазмұны
1 Педагогикалық кеңес Үздік мұғалімдердің сабақ беру әдістері
2 Тақырыптық Бала құқығы туралы Конвенция, имидждік
бағдарламааралық роликтер, Көрнекті тұлғалар, Білім
роликтер арнасы, Сөнбес жұлдыздар, ҚР
Конституциясы, Білім туралы заң және тағы
басқалары
3 Телеэнциклопедия Ғалымдар, жазушылар, танымал мәдениет және
өнер қайраткерлері, Қазақстан археологиясы,
этнография, музейлері. Туған өлкеге саяхат
және тағы басқа да мұғалімдерге қосымша
материал ретінде бола алатын тақырыптар
тізбегі
4 Керек кәсіп Қазақстан Республикасында техникалық және
кәсіптік білім беруді дамыту бойынша
Мемлекеттік бағдарламалар аясындағы
бағдарламалар. Оқушыларды кәсіпке бейімдеу.

2−ші кестенің жалғасы
1 2 3
5 Кітап әлемі Барлығы оқу және әдістемелік әдебиеттер
жайында. Әртүрлі кітаптар әлеміне саяхат,
авторлармен интервью, қазақстандық
авторлардың балаларға арналған кітаптарын
насихаттау, Мәдени мұра аясында шығып
жатқан жаңа әдістемелік әдебиеттерге,
ғылыми басылымдарға және кітаптарға шолу,
6 Интерактивті сабақ Үздік педагогтардың жаңа білім берушілік,
интерактивті тенологияларды пайдалана
отырып өткізетін сабақтары
7 Бүлдіршіндерге арналған Мультипрограмминг
ағылшын тілі. Санауға
үйренеміз, жазуға
үйренеміз. Балаларға
арналған астрономия және
басқа да танымдық
мультсериалдар
8 Әлемнің көрнекті ғалымдары Энциклопедия

Сонымен, аптасына бір рет ұсынылатын бір сағаттық бағдарламада
мазмұндық жағынан көп мағына беретін бұл бағдарламаның көрермендер үшін
үлкен пайдасы бар. Әсіресе еліміздің ең алыс аймақтарының оқушылары
Қазақстанның танымал педагогтарының сабақтарына қатысуға мүмкіндіктері
пайда болды. Бір жылдың ішінде Қазақстан Республикасының үздік
мұғалімдерінің қатысуымен 20 телесабақ дайындалды. Атап айтқанда, ҚР еңбек
сіңірген мұғалімі Қанипа Бітібаева, Жыл мұғалімі-2008 конкурсының
жеңімпазы, Алматы қаласы №159 мектептің информатика пәнінің мұғалімі
Г.Тұнғышбаева, ҚР еңбек сіңірген мұғалімі Р.Жанышевтың авторлық сабақтары,
Астана қаласының 10 жылдығына арналған республикалық Үздік авторлық
бағдарлама байқауының лауреаты, физика пәнінің мұғалімі Қ.Байшеновтың
сабағы және тағы басқалары.
Педагогикалық кеңес циклында патриоттық тәрбие мәселелері көтерілді,
атап айтқанда Өскемен қаласының Этнографиялық ауыл атты музейінің жұмысы
насихатталды. Сондай-ақ 12 жылдық білім беру жүйесі – проблемалары мен
болашағы деген тақырыпта әңгіме ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқаралық ақпарат құралдардың теориялық метадологиялық негіздері
Бұқаралық ақпарат құралдарының халықаралық қатынастар және елдердің сыртқы саясаты аспектілеріндегі көріністері
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы
Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастар жүйесіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі
БАҚ түсінігі
ҮКІМЕТТЕГІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУЫ
Журналист тұлғасын қалыптастыру факторлары
Ражиожурналистиканың функциялары
Журналистика ұғымы, міндеттері
Дене шынықтыру және спорт саласындағы ақпараттық құралдардың негізгі құралдары
Пәндер