Қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін жасау



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-11

І-Тарау. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТ

1.1 Экологиялық саясат: түсінігі және
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-14
1.2 Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты және
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-17

ІІ-Тарау. НЕВАДА-СЕМЕЙ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ ИНСТИТУТ РЕТІНДЕ

2.1 Невада – Семей антиядролық қозғалысының пайда болу тарихы ... ...18-34
2.2. Антиядролық қозғалыстардың қазіргі замандағы маңызы және
болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34-54

ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------- ------
----55-63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ----------------------------- ---64-65

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.
Назарбаевтың биылғы 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан өз дамуындағы жаңа
серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті
50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты Қазақстан халқына Жолдауында:
Біздің республикамызда жүргізіліп жатқан өзгерістердің негізгі мақсаты -
адам өмірін жақсарту, елімізді дағдарыстан шығару және әлемдік
қоғамдастықта оның лайықты орын алуына жету. Сондықтан қазіргі қоғам жаңа
сападағы мемлекет пен құқық, экономика мен экология құруға ұмтылуы тиіс -
деп атап көрсетті. 46,3 б.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiздерi
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30 сәуiрдегi өкiмiмен
мақұлданған Экологиялық қауiпсiздiк Тұжырымдамасына енгiзiлiп, онда
өтпелi кезеңнiң экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендiрудiң
экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттiк бақылау
және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетiктерiнiң, қоршаған
орта мониторингiнiң жүйесiн құру қажеттiлiгiнiң мәселелерi қарастырылған
болатын.
БҰҰ-ның толыққанды мүшесi бола отырып, Қазақстан жаһандық
серiктестiктiң негiзiнде мемлекеттiк экологиялық саясатты тиiмдi жүргiзудiң
кiлтi ретiнде халықаралық ынтымақтастықты пайдалануы тиiс.
Қазақстанның әлемдiк қоғамдастыққа барған сайын таныла түскенiн
ескере отырып, 1992 жылы Рио-де-Жанейрода негiзi салынған және 2002 жылы
Йоханнесбургте өткен Дүниежүзiлiк саммитте расталған тұрақты даму
қағидалары халықаралық қатынастардағы ынтымақтастық пен серiктестiк
саясатының негiзi болуы тиiс.
Адамзаттың ғаламдық экологиялық проблемаларының ішіндегі адамның және
қоғамның өміріне тікелей қатысты және өзінің күйрету көлемі жағынан ең
қорқыныштысы — ол ядролық проблема. Адамның өмір ортасы радиоактивтік
қалдықтарды, пайдаланылған ядролық отындарды көмуге де байланысты және
бағынышты.
Қазақстанда ядролық қарусыз әлем үшін күрес Невада-Семей халықаралық
ядролық қаруға қарсы қозғалыстың (ХЯҚ) қызметімен байланысты. 2006 жылы бұл
Қозғалыстың құрылғанына 17 жыл толады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы
Жарлығына 15 жыл, Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларына Американың
атом бомбыларын тастағанына 61 жыл толады. Осы жағдайларды еске алған кезде
Невада-Семей қозғалысының әуелде Қазақстан жерінде ядролық жарылыстарды
тоқтатуға, одан соң полигонды жабуға қосқан үлесі өз кезінде аса зор
мәртебеге ие болды. Бұл қозғалысқа Қазақстанда екі миллион адам қол қойды,
мыңдаған адам Семей жерінде, Алматы қаласында демонстрацияларға, қарсылық
шерулеріне қатысты. Ондай шерулер Ресей, Америка және Жапония елдерінде де
болып өтті. Невада-Семей қозғалысы дүниежүзілік сипатқа ие болды.
1989 жылы Семей полигонында жоспарланған 18 ядролық жарылыстың тек 7-сі
ғана жүзеге асты. Қалған 31-нің жарылмауына Невада-Семей қозғалысы
септігін тигізді.
Аталған қозғалысқа Қарағандының 130 мың шахтерлері қызу қолдау
көрсетті.. Олар: егер сынақ тоқталмаса, мерзімсіз ереуілге шығатындықтарын
жариялады. Шахтерлерді Семей, Павлодар, Өскемен және Жезқазғанның
жұмыскерлері қолдады.
1989 жылғы 20 қарашада Кеңестер Одағының парламенті ядролық сынаққа
тыйым салу туралы қаулы қабылдады. Сөйтіп, сол жылғы 19 қазаннан бастап
Кеңестер Одағында ядролық сынақ тоқталды. Семейде ғана емес Кеңес
Одағындағы екінші полигон Жаңа Жерде де сынақ тоқталды. Содан кейінгі 5 жыл
ішінде Американдық Невада штатында да, француздық полигонда да, Қытайдағы
Лобнорға жақын жердегі полигонда да ядролық сынақ тоқтатылды.
1996 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы ядролық сынаққа жаппай тыйым салу
жөнінде шарт қабылдады. Алайда, кейбір мемлекеттер оны ратификацияламады
және ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қосылмады. 1998 жылы Шарттың
сақталуы күмән тудырды. Индия мен Пәкістан ядролық сынақ жүргізді.
Осы процестің бастаушысы болуға Қазақстанның толық моральдық құқы бар.
1992 жылы ядролық емес мемлекет боламыз деп міндеттеме алған Қазақстан
Республикасы Лиссабон хаттамасының ережесін бірінші болып орындады, ядролық
әлеуетінің күйрету қуаты жөнінен әдемдегі төртінші мемлекет бола тұра
өзінің ядролық қаруын жойды. Бұл адамзат тарихындағы алғашқы қуанышты
үлгілі оқиға болды. 1995 жылдан бері Қазақстан ядролық қарусыз мемлекет.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Невада-Семей антиядролық қозғалысын
әлеуметтік саяси институт ретінде қарастырып, оның маңызын анықтау. Невада-
Семей қозғалысының тарихына тоқтала отыра, оның тарихи маңызын ашып,
ядролық қауіпсіздіктің бүгінгі таңдағы маңызын көрсету.
Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы басты проблема - әлемде
қауіпсіздікті сақтау екендігі бәрімізге белгілі. Невада-Семей
қозғалысының тіршілік болмысын анықтай отырып, әлемдік деңгейдегі
көзқарастарды ашып көрсету, қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы ядролық
саясатты, Невада-Семей қозғалысының саяси жүйедегі орны мен рөлінің маңызын
зерттеу болып табылады. Осы және көптеген мақсатқа сәйкес келесі міндеттер
айқындалады.
Дипломдық жұмыстың міндеттері.
- Невада – Семей антиядролық қозғалысының пайда болу тарихын
зерттеу;
- Ядролық қозғалыстарды саяси институт ретінде қарастыру;
- Невада-Семей қозғалысының әлемдік тұрғыдағы маңызына талдау
жасау;
- Невада-Семей қозғалысының негізгі тәжірибесін бағалау;
- Невада-Семей қозғалысының бүгінгі таңдағы проблемалық жағына
тоқталу және т.б.
Зерттеудің объектісі: Невада-Семей антиядролық қозғалысының біздің
еліміз үшін маңыздылығын әлемдік тұрғыдан қарастыру.
Дипломдық жұмыс тақырыбының ғылыми зерттелу деңгейі: Дипломдық жұмыс
тақырыбының әр түрлі аспектілеріне арналған қазақстандық, орта-азиялық,
ресейлік, шетелдік зерттеушілердің еңбектері мұқият қарастырылды. Бұл
еңбектер зерттеу жұмысының теориялық негізіне айналды, тақырыптың мәнін аша
түсуге айтарлықтай жәрдемдесті.
Президент Н.Назарбаевтың бірқатар еңбектерінде жалпы ядролық қаруды
таратпау тәртібін нығайту, ядролық қару таратпаудың ғаламдық және аймақтық
тәсілдерін ұштастыру проблемаларына байланысты келелі ойлар айтылған.
Президенттің пікірінше, ядролық қауіп, ядролық арсеналдың санымен емес,
оның қарапайым болу пактісімен өлшенетіндеңгейге жетті. Сондықтан ядролық
қарудың одан әрі таралуын болдырмай, толық қарусыздану үшін халықаралық
бақылау жасаудың жетілдірілген жүйесін құру жөнінде әлемдік қауымдастықтың
күш-жігерін біріктіру қажет.
Мемлекет қайраткері Қ.Тоқаевтың еңбектерінде Қазақстанның аймақтық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаппай қырып- еңбек жоятын қаруларды, соның
ішінде ядролық қаруды таратпау және қарусыздану проблемасына қатысты сыртқы
саясатының басым бағыттары баяндалған.
Ө.Қасенов өзінің мақалаларында Орталық Азиядағы геосаяси және
геостратегиялық жағдайға талдау жасай отырып, осы өңірдің өзгеріс үстіндегі
әлемдегі рөлін анықтауға айтарлықтай көңіл бөлген. Сонымен бірге Орталық
Азия ядролық қарусыз аймақ ретінде халықаралық-құқықтық жағынан рәсімделу
үрдісіне кедергі келтіру мүмкін бірқатар факторларды көрсеткен.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмысымның кіріспесінде айтып кетуді жөн көргенім: Невада-
Семей қозғалысының күшімен ядролық қаруға қарсы Ғаламдық Альянстың үш
Халықаралық Конгресі өткізілгені жөнінде.
-Бірінші Конгресс — 1990 жылғы мамырда Алматыда;
-Екінші Конгресс — 1993 жылғы тамызда Алматыда;
-Үшінші Конгресс — 2000 жылғы 17-20 мамырда Астана қаласында өтті. Осы
үшінші Конгреске Ресейдің, АҚШ-тың, Италияның, Жапонияның, Израилдің және
басқа да елдердің ядролық қаруға қарсы ұйымдарының өкілдері қатысты.
Конгресс жер шарындағы бес полигонда ядролық сынақтың тоқталғанына,
ядролық қаруды таратпау туралы шарттың және ядролық сынаққа толық тыйым
салуға шарттың қабылдануына қарамастан адамзатқа ядролық қауіптің қазірде
де төніп тұрғаны алаңдататынын білдіріп, БҰҰ Бас Хатшысына мәлімдеме
жасады. Ол мәлімдемеде: Формальді логиканың заңдары XXI ғасырда бір де бір
мемлекетте жаппай қырғынға ұшырататын қаруды — ядролық, химиялық,
биологиялық — иеленуге құқығы болмауы керек... Егер біреуіне рұқсат етілсе
— барынша да рұқсат етілгенмен бірдей! 2, 15-б— делінген.
Үшінші Конгресс БҰҰ-на жалпыға бірдей ядролық қарусызданудың мүмкін
боларлық болжамының үлгісін ұсынды.
Қазіргі кездегі ядролық қаруды қолдануға ұмтылып отырған АҚШ басшысының
жаңа жоспарлары әлемге қауіп төндіріп отыр. Көрнекті американдық ғалым,
Бейбітшіліктің Нобелев сыйлығының лауреаты, атом бомбысын алғашқы жасап
шығарушылардың бірі - Джозеф Ротблат: АҚШ әкімшілігін және Джордж Буштың
жеке басын, елін және дүниежүзін ядролық апатқа апара жатыр 3, - деп
айыптайды. Мұндай қортындыны ғалым Ақ үйдің әкімшілігі ядролық қаруды
агрессияны ауыздықтаудың құралы ретінде емес, өзіне ұнамаған мемлекеттерге
қысым жасау тетігі ретінде түсіне бастады деген негізде жасады.
Вашингтон осы уақытқа дейін ядролық сынақты жалпыға бірдей тыйым салу
туралы шартты ратификациялаған жоқ және әзірленіп жатқан ракетаға қарсы
қорғаныс (РҚҚ) жүйесі бойынша ядролық оқ-дәрілердің жаңа сынақтарына
әзірленуде.
2005 жылы Пентагон РҚҚ қажетіне 9,1 млрд. доллар бөлмекші. Шағын қуатты
ядролық қару — қуаттылығы 5 килотоннаға дейінгі оқтұмсық жасау мүмкіндігін
зерттеуге 15 млрд. доллар қаржы бөлінбек, бұл жұмысқа Билл Клинтон
әкімшілігі кезінде тыйым салған болатын.
АҚШ президенті Джордж Буш ядролық қарудың жаңа түрлерін жасап шығаруға
қаржы бөлу туралы заңға қол қойды. Осы құжат Невада штатындағы ядролық
полигонды шындап жаңартуды қарастырады. Полигонды қайта жабдықтауға Ақ үй
24,9 миллион доллар бөлді. Пентагон аса зор қиратқыш күші бар жаңа ядролық
зарядты (қуатты) әзірлеуге кірісті, ал бұл қару нейтрондық бомба сияқты
тірі нәрсенің бәрінің көзін жоятын — гафнилық бомбы.
Бомбы жарылған кезде гафниден қырғынға ұшырататын гамма - сәуле бөлініп
шығады. Өзінің бүлдіру қабілеті жөнінен 1 грамм гафний 50 кг. тротилге пара
- пар. Гафни затының құны байытылған ураннан жоғары емес, бірақ, уранға
қарағанда аз көлемде қажет.
АҚШ-тың әскери ведомствосы жаңа ядролық зарядты маңызды әскери
әзірлемелердің тізіміне енгізді. Егер гафниден жасалатын бомбы ядролық
қаруды таратпау туралы халықаралық шарттардың аясына түспесе, оның дүниеге
келуі жер шарын тағы да ядролық қару шығарудағы жарысқа қайта итермелуі
мүмкін.
Халықаралық Невада-Семей қозғалысы өз міндетін атқарды. Семей ядролық
сынақ полигонын жабуға елеулі үлес қосты, Алайда, аса үлкен күйзеліске
ұшыраған адамдар өмір сүруіне қауіпті аймаққа айналған жер қайта өңдеуге,
қайта жанғыртуға, бұрынғы қалпына келтіруге зәру. Семей өнірінің
экологиялық тепе -теңдігін және ядролық сынақтан зардап шеккен адамдардың
денсаулығын қалпына келтіру, алдағы уақытта адамдардың әлеуметтік жағдайына
келген нұқсанды жою кейінге қалдыруға болмайтын міндет болып қала береді.
Сондықтан Қазақстанда жасалған ядролық сынақтардың зардабын жоюға,
халықтың денсаулығын қалпына келтіруге және ұлттық генетикалық қорды
сақтауға бағытталған жобаларды іс жүзінде жүзеге асыру өте көкейтесті, аса
жауапты іс. Бір сезбен айтсақ: Қазақстанның халқы да, жері де сауықтыру
көмегіне мұқтаж. Бұған қаржыны қайдан табуға болады деген сұрақ туындауы
мүмкін және ол заңды да.
Қазақстанның Невада-Семей антиядролық қозғалысына жақында ғана
Қазақстанды дүр сілкіндіріп, 70-жылдық мерей тойын өткізіп кеткен
Қазақстандық жерлесіміз, атақты ақын, белгілі қоғам қайраткері О.
Сүлейменовтың сіңірген еңбегін атап өтпеске болмайды.
Ел Президенті О.Сүлейменовтің 70 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзінде
былай дейді: Егер атаулы даталардың астасуы туралы айтатын болсақ, онда
Олжас үшін мерейтойлық биылғы жылы Невада-Семей антиядролық қозғалысына
15 жыл толатынын еске алуға болады.Ол халықаралық қоғамдық өмірде бірегей
құбылысқа айналып, антиядролық насихатта, бейбітшілік пен қарусыздану
жолындағы күресте, ядролық сынақтан зардап шеккендерге көмек көрсетуде баға
жетпес роль атқарды.Бұл қозғалыс және оның лидері қоғамдық пікірді әзірлеп,
Семей ядролық полигонын жабу туралы шешім қабылдауымда маған өте қатты
көмктесті. Біз ядролық қаруды сынау жөніндегі адамзат үшін қатерлі қызметті
тоқтатқан әлемдегі бірінші және әзірге бірден бір мемлекетке айналдық.
Бүгін Олжас Сүлейменов құрып, қызметінің негізіне азаматтық құқық пен тұлға
бостандығының басымдықтары алынған Қазақысанның халық Конгресі партиясын
да еске түсіру керек.47, 10 б.
Невада-Семей Халықаралық қозғалысы Семей өңіріне қолдау көрсеткені
үшін басты халықаралық ұйым — БҰҰ-на бірнеше рет өз алғысын білдірген
болатын. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 52-ші және 53-ші сессияларында
қарарлар қабылданды, оларға сәйкес Семей өнірін санациялау проблемаларына
халықаралық статус берілді. Бірінші кезектегі көмек көлемі 43 миллион
доллар болып белгіленді. Жапония үкіметі жапа шеккен өңірге өтеусіз көмек
көрсету жөнінде бірінші болып мәлімдеме жасады. 2002 жылғы наурызда Семейде
өңір тұрғындарына жалпы сомасы 6 миллион АҚШ доллары көлемінде Жапон
үкіметі сыйға тартқан медициналық жабдықтарды тапсырудың салтанатты рәсімі
болып етті. Бұл медициналық жабдықтар ядролық сынақтан зардап шеккен
халықты жаппай зерттеу, ауруын анықтау және емдеу үшін база жасауға
мүмкіндік берді. 1999 жылғы қазанда Токиода осы бағдарлама бойынша донорлық
конференция өтті. Өкінішке орай осы бағдарламаның жүзеге асуы тек сөз
жүзінде қалып отыр.
Алайда, планетарлық масштабта проблема көлемдірек болып көрінуде.
Америка үкіметі Невада штатында жүргізілген сынақтардан Табиғатқа және
адамға келген зиянды 100 миллиард долларға бағалады. Ал біздегі сынақ пен
жарылыс Невададағыдан көп болды. Біздің ғалымдардың есебі бойынша біздегі
келген зиянды жойып, жағдайды жақсарту үшін 10 миллиард доллар да жететін
сияқты. Тек соны қайдан алу керек? Мәселе сонда.
Егер планетаның қоғамдық ұйымдары көңіл бөліп, бас қосып іздесе қаржы
көзі табылар еді. Қару - жарақты өндіруді қысқарту мемлекеттердің қаржысын
үнемдейді.
1989 жылы жетекші мемлекеттер қару - жараққа 1 триллион 100 миллиард
доллар жұмсады, 1997 жылы тек 700 миллиард доллар. Егер жағдай бұдан әрі де
осылай жалғасатын болса, адамзат қолында гуманитарлық проблемаларды шешуге
қаржы жеткілікті болар еді.
Ал енді өз еліміз Қазақстанның нақты жағдайына келсек, 1992 жылы
Невада-Семей қозғалысы тәуелсіз қоғамдық проблемалық Радиация. Экология.
Денсаулық комитетін құрды, Проблемалық комитет алғашқы күннен-ақ
Қазақстанның ғалымдары мен мамандарының күш-жігерін ядролық сынақтан және
басқалай табиғатқа техногендік ықпал тигендіктен зақымданған, жапа шеккен
өңірлерді сауықтыруға кірісті. Қозғалыстың сарапшыларының мемлекеттік
органдардың жұмысына белсене қатысуы Қазақстан Республикасының үкіметіне
1992 жыл ішінде бірнеше қаулы әзірлеп және қабылдауына мүмкіндік берді.
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап
шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңы
жұмыс істеп тұрғанына 10 жылдан аса уақыт өтті. Алайда, мемлекет осы
уақытқа дейін азаматтарға төлем жасауды толық іске асыра алмай отыр.
Төлемақының сомасы сондай үлкен де емес, бірақ, адамдарға соны алудың өзі
де оңай болмай тұр. Бұл да бір шешімін ұзаққа созбай табатын мәселенің бірі
десек артық емес.
Кіріспеде Қазақстанда ядролық сынақтан зардап шеккен өңірлерде
табиғатты да, адамдарды да сауықтыру, оңалту, дұрыс қалпына келтіру
мәселелері үкіметтің назарында үнемі болып, тиісті қаражаттар бөлініп,
белгіленген шаралар жүзеге асуы қажеттігін тағы да айтып өтуді жөн көрдім.

ІІ. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТ
1.1 Экологиялық саясат: түсінігі және мәні
Қоршаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару —
қогамды әлеуметтік басқарудың бір саласы болып табылады.
Басқарудың мақсаты — экологиялың бағдарламалардың, жоспарлардың
және қабылданған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету,
қоршаған табиғи ортаны қоргау, табиғи қорларды тиімді
пайдалануды және салалардағы заң ережелерінің бұзылмауын
қадағалау, адам өмірі мен денсаулығына табиги ортаның қолайлы
болуына жағдай жасау. Қоршаған табиғи ортаны басқаратын
органдардың қатарына Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті,
Орталық атқарушы органдар және жергілікті өкілді органдар
жатады. Қазақстан Республикасының Үкіметі қоршаған ортаны
қорғау саласындағы атқаратын қызметіне жататындар:
• мемлекеттік экология саясатының негізгі бағыттарын,
оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды
әзірлейді;
• табиғатты пайдаланудың әр түрлі бағыттары бойынша
ұлттың (мемлекеттік) экологиялық бағдарламалар әзірлейді, оларды
Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады;
• қоршаган ортаның сапасының нормативтері шаруашылық
және өзге де қызметтерге қойылатын экологиялық талаптарды
әзірлеу мен бекіту тәртібін белгілейді;
• міндетті экологиялық сақтандыруды жүргізу тәртібі мен
ережесін белгілейді;
• табиғатты пайдаланушыларқа рұқсат алу қажет болатын
табиғатта пайдалану түрлерінің тізбесін және осы рұқсатты
беру тәртібін белгілейді;
• қоршаган ортаны қорғау, табиғат пайдалануды басқару
және бұл салада мемлекеттік бақылау жасау міндеттерін
жүзеге асыратын арнаулы уәкілетті органдардың тізбесін бекітеді,
олардың қызмет тәртібін айқындайды;
• халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және т.б.
Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарды пайдалану және оны қорғау
министрлігінің, сондай-ақ оның жергілікті органдарының атқаратын
қызметтеріне мына төмендегілер жатады:
• қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғатты пайдалануды
басқарудың экономикалық тетігін іске асыру;
• қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында біртұтас
мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат жүргізу;
• мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және
жүргізу;
• қоршаған табиғи ортаны пайдалану мен қорғауға және
табиғи ресурстар кадастрын дұрыс жүргізуге мемлекеттік бақылауды
жүзеге асыру;
• табиғатты қоргау қызметін белгілейтін ережелерді
нормативтерді, стандарттарды әзірлеу және белгілеу;
• табиғат қорғау заңдарының сақталуын қамтамасыз ету,
олардың бұзылғаны үшін экономикалық және әкімшілік шаралар қолдану;
• халық арасында экологиялық білімді насихаттау ісін
ұйымдастыру және оған басшылық жасау;
• қоршаган табиғи ортаны қоргау мен табиғи ресурстарды
ұтымды пайдалану саласындағы республикааралық және
халықаралық ынтымақтастыққа қатысу және т.б.
Қоршаған табиғи ортаны қорғауды басқарудың мақсаты мен әдістері осы
саладағы заңдардың негізгі арқауы және қатынастарды реттейтін ережелердің
мазмұны болып табылады. Бұл салада басқарудың іс-жүзіне асырылуы
мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың лауазымды адамдары мен азаматтардың
іс-әрекетіне, қызметіне және олардың құқықтары мен міндеттерінің заңдарда
толық қамтылуына байланысты болады.38, 154 б.
Бүгінде экологиялық қауіпсіздікке және оны тұрақты дамытуға өту
Қазақстанның стратегиялық дамуының бірден-бір басты багыттары болып
саналады. Негізгі ойы мен маңсаты — қогам мен қоршаған ортаның бір-бірімен
келісілген әрекеттеріне қол жеткізу, сол сияқты қолайлы экологиялық ортаны
тұрақтандыру болып табылады.
2030 жылдарға дейін қоршаған ортаны жақсарту жөнінде төрт басымдық
бағыттар белгіленіп отыр:
1 Қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін жасау.
2. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды іске асыру.
3. Түрлі-түрлі жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтап
қалу.
4. Экологиялық білім беру.
Ұзақ мерзімді стратегия төрт кезеңге бөлінген:
• бірінші кезең — 1998—2000 жылдар аралығы;
• екінші кезең — 2001—2010 жылдар аралығы;
• үшінші кезең — 2011—2020 жылдар аралығы;
• төртінші кезең — 2021—2030 жылдар аралығы.
Әр кезеңдердің өз мақсаттары және оларды іс жүзіне асыру үшін жауапты
міндеттер қойылған.

1.2 Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты және бағыттары

Қазақстан Республикасының Үкіметі 1998 жылдың сәуір айында халықтық
экологиялық қауіпсіздігін және осы мақсатқа байланысты шараларды іске
асыруды қамтамасыз ету үшін табиғи ортаны қорғаудың мемлекеттік қорларын
құрды. Президенттің Жарлығы бойынша бұл қорлар республикалық бюджеттің
ерекше есебі болып саналады.
Соңғы жылдары Қазақстанда республикалық және жергілікті бюджеттер
табигатты қорғау шараларының бірден-бір көзі бола тұрса да, өздерінің
едәуір маңызын жойды. 1997 жылдың республикалың бюджет туралы Заңы, 1998
жылға арналған осындай Заңына сәйкес табиғатты қорғау қорындағы қаржының
бір бөлігі (60%) табиғатты қорғау жөніндегі басқару органдарына берілуі
тиіс, ал қалғаны (40%) табиғатты қорғауға байланысты құрылыстар және
объектілерді қайта жабдықтауға бюджетпен жұмсалады.
Қорлардың дербес болмауы едәуір қаржылардың бір бөлігін мақсатсыз
пайдалануға әкеліп соқтырады. Мысалы, 1995 жылы қаржы органдары табиғатты
қорғау шараларына бюджеттен 75% орнына тек 45%, 1996 жылы — 34,7%, ал 1997
жылы не бәрі 19,2% қаржы аударған. Мұның өзі табиғи ортаны қорғауға қаржы
бөлу механизмінің тиімсіз екендігін көрсетеді.
Осыған орай, Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау туралы
Заңына сәйкес және мемлекеттің бірыңғай экологиялық саясаты және оның
стратегиялық даму бағдарламасын іске асыру мақсатында, Қазақстан
Республикасының Үкіметі қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік қорын құрды
және қорлардың басқарушы органы болып Қазақстан Республикасы табиғатты
пайдалану жәнө оны қорғау министрлігі белгіленді. Сол
сияқты Мемлекеттік қор жөнінде ереже және қоршаған ортаны қорғау жөнінде
облыстың (қалалық) қорлардың ережелері бекітілді. Сөйтіп, бұл қорлар заңды
тұлғалар статусына ие болды.40, 23 б.
Табиғи ортаны қорғау қорларының қаржылары басқа қаржылардың көздерін
есепке алмағанда мына төмендегі шараларға пайдаланылады:
• қоршаған ортаның сапасын жақсартуға және халықтың
экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған
бағдарламалар мен жобаларды жасауға және оларды іс-жүзіне асыруға
қатысуға;
• ғылыми-техникалық зерттеулерге, ресурстарды сақтау және
экологиялық таза технологияны енгізуге ықпал жасауға;
• қоршаған ортаның сапасын жақсартуға бағытталған
нормативтік-әдістемелік құжаттарды дайындауға;
• заңды тұлғалардың — табиғатты пайдаланушылардың
іске асыруымен құрылыстар, жабдықтар, табиғат объектілерін
қайта жаңартуды қаржыландыруға;
• мемлекеттік экологиялық сараптаманы қаржыландыруға;
• ластанудың адам денсаулығына және қоршаған ортаға
басқа да қолайсыз ықпалынан болған зияндардың орнын
толтыру маңсатында азаматтарга компенсациялық соманы
белгіленген тәртіп бойынша төлеуге;
• қоршаған ортаны қорғау жөніндегі атқарушы органдардың
материалдық-техникалық жабдықтарын нығайтуға;
• экологиялық тәрбие және осы жөніндегі білімді
дамытуға;
• қорлардың басқару аппараттарын ұстау және олардың
материалдық-техникалық базасын жақсартуға;
• ауыртпашылық апатының салдарын жою және алдын
ала ескерту, табиғи ортаның тигізген зардабына
компенсация беруге жұмсалады.
Қоршаған ортаны қорғаудың Республикалық қоры жергілікті қорлардың
аударған ақша қаражаты есебінен құрылады. Қоршаған ортаны қорғаудың
жергілікті қорлары, қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы түрінде табиғат
пайдаланушылардан түсетін, залалды өтеу туралы талап-арыздар бойынша
алынған қаражаттан, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзганы үшін
салынған айып пұлдардан, аң мен балық аулаудың тіркелінген құралдарын,
заңсыз алынған өнімді сатудан түскен қаражаттан, сондай-ақ, Қазақстан
Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де түсімдерден
құралады. Экологиялық талаптарды реттейтін арнаулы нормалар бар. Олардың
қатарына:
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 наурыздағы "Экологиялық
сараптама туралы";
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі "Ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар туралы";
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі "Қоршаған ортаны
қорғау туралы"; 3
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қарашадағы "Жануарлар дүниесін
қорғау, өнімін молайту және пайдалану туралы";
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпанындағы "Өсімдіктер
карантині туралы" заңдары, сондай-ақ жер қатынастары, атмосфералық ауаны
қорғау туралы т.б. заңдар жатады.
Экологиялық талаптардың бұзылуы орыналғандығы Қазақстан Республикасының
"Экологиялық сараптама туралы" арнаулы заңымен реттеледі.42, 52 б.
Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарды пайдалану және оны қорғау
министрлігінің, сондай-ақ оның жергілікті органдарының атқаратын
қызметтеріне мына төмендегілер жатады:
• қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғатты пайдалануды
басқарудың экономикалық тетігін іске асыру;
• қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында біртұтас
мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат жүргізу;
• мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және
жүргізу;
• қоршаған табиғи ортаны пайдалану мен қорғауға және
табиғи ресурстар кадастрын дұрыс жүргізуге мемлекеттік бақылауды
жүзеге асыру т.б.

ІІ. НЕВАДА – СЕМЕЙ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ ИНСТИТУТ РЕТІНДЕ
1.1. Невада – Семей антиядролық қозғалысының пайда болу тарихы
Антиядролық қозғалыс - әлем халықтарының ядролық соғыс қаруын жасауға,
сынауға, қолдануға қарсы күресі. Атом бомбасын алғаш рет АҚШ әскери
әкімшілігі 1945 ж. 6 тамызда Жапонияның Хиросима қаласына тастап, қаланың
140 мың адамын қырғынға ұшыратты, кемтар етті, қала толық қиратылды. Үш
күннен кйеін Нагасаки қаласына тасталған атом бомбасынан 75 мыңға тарта
адам қазаға ұшырап, өмірлік арылмайтын зардап шекті. 1949 ж. тамызда КСРО-
да алғашқы ядролық соғыс қаруы Семей сынақ алаңында жарылды. Содан бергі 46
жыл ішінде мұнда 459 жарылыс (оның 113-і атомосферада) жасалып, сынақ
алаңымен іргелес аймақ тұрғындарының денсаулығына, айналадағы ортаға орасан
зор зиян келтірілді. Мұндай ғаламат опат пен халықтар басына түскен қасірет
ядролық жарылыстарды тоқтату қажеттігін тудырды. 1963 ж. тамызда
атмосферада, ғарышта және суда атом қаруын сынуды тоқтату туралы шартқа қол
қойылды. Бірақ бұл шарт талаптары ұзақ уақыт орындалмады. 70-жылдары КСРО
басшылары Кеңес Одағындағы атом сынағы бейбітшілікке бағытталған, халыққа,
тадиғи ортаға зияны жоқ деген екіжүзді саясат ұстанды. Ұзақ уақыт жер
астындағы сынақтардың қауіпсіздігі туралы жалған түсінік наяихатталды. 1989
ж. ақпанда Қазақстанда ядролық жарылысқа қарсы халықтар. Невада-Семей
антиядролық қозғалысы дүниеге келді. Ол дүние жүзінің көптеген елдеріндегі
халықтар тарапынан қызу қолдау тапты. 1991 ж. мамырда қазақстандық Аттан
штабы құрылды. Сол жылғы шілде айында Семей сынақ полигонының қызметін
тоқтатуға бағытталған жалпыхалықтық шеру ұйымдастыру мақсат еткен. Аттан
үндеу-газеті шықты. 1991 ж. 29 тамызда Қазақстан Президенті Н. Назарбаев
Семей ядролық сынақ алаңын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Мұндағы ең соңғы
жарылыс 1995 ж. 30 мамырда жасалды. Сөйтіп халықтар Невада-Семей
антиядролық қозғалысы алға қойған мақсатының алғашқы сатысы – Семей ядролық
сынақ алаңын жабу жүзеге асырылды. Антиядролық қозғалыстың түгінгі алға
ұстаған ұраны – ядролық қаруға жаппай тыйым салу келісіміне қол жеткізу.
Бейбіт өмірді тілеген елдер үшін ядролық қозғалыстардың болуы заңды
құбылыс, сондықтан ядролық қозғалыстар – саяси институт ретінде
қарастырылады.
Полигон бұл - ғалымдар мен мамандарды, олардың болашақ үшін маңызды
тәжірибелер өткізуге болатын полигонға деген ынтасын жоғалтпауға тиіс.
Полигонның тағы бір маңызды жері бар: онда радиациялық техниканың жаңа
үлгілерін жасауға барлық мүмкіндіктер жасалған, оның көмегімен өндірісті
дамытуға, өнімдерді арттыруға, ауылшаруашылық өнімдерін сақтауды
жақсартуға, ауруларды емдеуге, технологиялық процестерді жеделдетуге
болады.
Тағы бір маңызды жері, Семей полигоны халықты атомнан қорқатын, ядро
мәселесінен ат-тонын ала қашатын қорқақ етіп тәрбиеледі. Ал болашақтағы
адамның аумақты мәселелері нақ осы атоммен және оның сарқылмас
мүмкіндіктерімен байланысты.
Сондықтан атомнан безу- біздің өз мәселелерімізді шешу мүмкіндіктерінен
безу болып табылады.
Невада – Семей антиядролық қозғалысының пайда болу тарихы:
О.Сүлейменовтің Семей полигонында ядролық сынақтарды тоқтату үшін Невада-
Семей антиядролық халықаралық қозғалысы ұйымдастырылды. Невада-Семей
қозғалысының көш басшысы О.Сүлейменов аса қайраттылықпен еңбек сіңірді. Осы
қозғалыстың нақты жетістіктерінің бірі — ол өте қысқа мерзім ішінде
халықтың бас көтеруі арқасында Семей полигонындағы ядролық жарылыстың санын
азайтуға көмектесті: кейін Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың 1991 жылғы 29 тамыздағы жарлығымен полигонның мәңгілік
жабылуы қазақ халқын мойнындағы қасірет қарғы-бауынан айырды.
Семей полигоны Қазақстан жеріне, халқына материалдық, әлеуметтік-
экономикалық қанша зиян келтіргені әлі күнге дейін есептелген жоқ.
Семейдегі қырық жылдық ядролық сынақ қоршаған орта мен ондағы
тұрғылықты халықтың денсаулығына орны толмас зиянын тигізді. Аурулардың,
өлім-жітімнің (әсіресе, балалар, әйелдер, ересек адамдар арасында) деңгейі
бұл елкеде басқа аймақтармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Семей аймағы
тұрғындарының денсаулығына және қоршаған орта объектілеріне ықпал ету
дәрежесі, радиациялық бөліктерге бөлінген шектер мына кестеде көрсетілген:
1-ші сызба:
Семей полигоны: қырық жылға созылған қасірет

Аймақтарды бөлу Тұрғындарға әсер Облыс, аудан елді
ету дозасы мекендері
Төтенше 100 Семей облысы:
радиациялық Абай, Бесқарағай,
ықпал
ету аймағы Жаңасемей
аудандары.
Радиациялық 30-100 Бесқарағай, Жаңасемей
ықпал
аудандары, Абай және
Абыралы аудандарының
бір бөлігі.
Радиациялық 7-35 Семей, Курчатов
ықпалы
жоғары аймақ қалалары, Шұбартау,
Жаңа Шульба,
Бородулиха, Шар,
Жарма, Аягөз аудандары

Радиоактивті тозаң жер қыртысын, топырақты, өсімдіктерді, су көздерін
ластады. Жер асты сулары, өсімдік дүниесі жоғалуда. Сынақтар өткізілген
кезеннің зиянды әсері адамдардын екінші және үшінші ұрпақтарына ауыр
зардабын тигізуде.
Облыстық онкологиялық диспансерден алынған мәліметтерге қарасақ, Семей
облысы бойынша 1975 жылдан 1990 жылға дейінгі мерзімде жас балалардын
ауруға шалдығуы алты есе, ал елімі төрт есе дерлік артқан. Әсіресе, жана
туған және бір жас шамасындағы сәбилер өлімі өте жоғары, 36 пайыз құрайды.
Семей полигонының адам денсаулығына зияндылығы туралы Семей медициналық
институтының ғалымдары Н.Сағымбаева, Ғ.Ысқақовтар жасаған тқжырымдарда ең
басты факті, қатерлі ісік ауруларының Семей аймағында басқа өңірлермен
салыстырғанда 30 пайыздан асып кеткендігі, ол адам қазасының 1,4 есе
артқандығы айтылады. Соған қарамастан 40 жыл бойына мемлекет полигонға
жақын жатқан бірқатар аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға
ешқандай қаржы бөлмей келген.
Полигон жабылып, ядролық сынақтар жасау тоқтатылғанымен жергілікті
халықтық азап шегуі одан әрі жалғасуда. Республикадағы қазіргі экономикалық
қиыншылықтарға байланысты зардап шеккен жұртшылыққа қамқорлық көрсету
мәселесі практикалык тұрғыдан шешімін таппай отыр.
Қатерлі ісіктердің қатарына ақ қан (лейкоз) ауруы да жататыны белгілі.
Осының салдарынан қан азаю ауруы, әсіресе, балалардыа 65-70 пайызында
кездеседі.
Ең алдымен бұл арада Семей ядролық полигонындағы сынақтар кезінде
радиоактивті тозаңдармен және сәулелермен шарпылған аймақтарда тұратын
азаматтардың аса жоғары радиациялық қатерге ұшырағаныны және олардың
денсаулығына үлкен зиян келгенін мемлекет пен қоғам шын мойындауы қажет.
Олар білікті тексеруден өтуге, емге мұқтаж және денсаулығын қалпына
келтіруді күтіп отыр. Осылай істеу үшін ғылыми және емдеу орындары құрылуы
қажет.
Одан әрі айтсақ – 1945 жылғы атомдық бомбалардан зардап шеккендер
денсаулығын қалпына келтірудің жапондық тәжірибесін пайдалану күн
тәртібінен түспеуі тиіс. Жарты ғасыр ішінде жапондықтар жүзеге асырғанның
бәрін зерттеп, Қазақстан мен Жапония арасындағы үкіметаралық келісімдер
негізінде мемлекеттік деңгейде қолданған дұрыс.
Семей өңіріндегі тұрғындарының қатерлі ісікпен ауырғандары мен
өлгендерінің 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіші төмендегідей:
2-ші сызба:
Семей полигоны зардаптары
Ауру түрлері Ауырғандардың Өлгендердің көрсеткіштері
көрсеткіштері
1990, 1989, 19881990, 1989, 1988
Қатерлі ісікпен 203,9 196,4 112,8 149,8 109,8
ауырғандардың саны, 191,4
соның ішінде әртүрлі
рак ауруларымен
ауырғандар және
өлгендер
а) тыныс жүйесінің 34,9 34,8 24,1 39,7 20,4
рагі 31,8
ә)асказан рагі б) 28,8 24,1 18,0 20,7 20,0 14,6
кылтамақрагі 25,6 20,6 20,9 15,9
20,4 21,4

Семей полигонының ықпалы мен себеп-салдары облыс, қала тұрғындары
арасындағы көші-қон мәселесіне де қатты әсер етті. 1990 жылғы статистикалық
мәлімет бойынша (кеңестік әскер қатарынан, түрмеден келгендерді және т.б.
қоса есептегенде) 32,4 мың адам Семей облысына келген екен, сонымен бірге,
37,8 мың адам тұрғылықты жерін ауыстырған. Басқа елге көшіп кетушілердің
басым көпшілігі тұрғылықты емес халықтан тұрады. Тек 1990 жылы облыстан
18,9 мың адам қоныс аударса, 12,8 мың адам көшіп келді. Семей облысынан
басқа республикаларға 8,5 мың адам (оның 5,1 мыны — орыстар, 0,6 мыны —
украиндықтар, 0,5 мыңы— қазақтар, 0,2 мыңы — татарлар, 1,3 мыңы — немістер)
көшті. Облыс аумағына шет елден және басқа облыстардан 5,3 мың адам (онын
3,4 — орыс, 0,6 — қазақ, 0,3 — украиндықтар, 0,2 — татар, 0,3 — неміс
халқы) көшіп келген.
Көшіп-қонушылардың басым көпшілігі еңбек жасындағыларды құрайды.
Қалалық жерге келгендердің 80 пайызы енбек жасындағылар, ауылдық жерге
көшіп келген адамдардың 75 пайызы — еңбек жасындағылар.
Қаладан көшіп кеткендердің 73 пайызы, ауылдан кеткендердің 75 пайызы
еңбек жасындағылар. Олардың ішіндегі 16-29 жастағылары қаладан кеткендердің
— 59 пайызын және ауылдан кеткендердің — 58 пайызын құрайды.
Ауылдық жердегі әлеуметтік-тұрмыстық, экономикалық жағдайдың төмен
болуы, жұмыссыздық, мектепке дейінгі балаларға арналған орындардың
жабылуына және т.б. мекен-жайлардың жойылуына байланысты ауыл адамдары
талай жыл мекендеген орындарын тастап, қалаға бет алған. Әсіресе, осындай
келенсіз жағдай жастар арасында басым.
1990 жылдардағы көші-қон дәрежесінің осыншалык, сандық сипат алуы
кейінгі жылдардағы қала экономикасының тұралап қалуына себепкер болды. Жаңа
экономикалық саясатқа енуде мұндай дағдарыстың республиканың барлық жеріне
тән екендігі белгілі, алайда оның Семей қаласындағы сипаты барынша күрделі
жағдайда екендігі өкінішті-ақ.
Қазақстан мен полигон кешенінің байланыс тарихы сан алуан, бірақ қазір
рухына сай қағидаларға негізделген, дамудың ұзақ уақытқа есептелген сенімді
болашағын қамтамасыз ететін, өзара қарым-қатынастың жаңа кезеңі үшін тиімді
жағдайлар туып отыр. Бір сөзбен айтқанда, полигон бейбіт атомды адам
қызметінің сан түрлі салаларына енгізетін бірегей орталыққа айналуға тиіс.
Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы басты проблема - әлемде
қауіпсіздікті сақтау болып табылады. 2002 жылғы маусым айында Азияда өткен
өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің бірінші саммитінде
қабылданған Алматы Актісінде былай деп көрсетілді: "Ядролық қару-жарақтың,
нақ сондай, химиялық және биологиялық қару-жарақтың сақталып отырған көлемі
және оның барлық жағынан таралуы күллі адамзатқа елеулі қатер төндіреді.
Мүше мемлекеттер жаппай қырып-жоятын қару-жаракты (ЖҚҚ) толығымен жоюға
бағытталған күш-жігерді қолдауға уәде береді".
КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан Республикасы аумағында қалып қойған
ядролық, химиялық және биологиялық қарулардың инфрақұрылымын жою, оны
азаматтық мақсаттарға қайта бағдарлау, экспорттық бақылау жүйесін жетідліру
жөніндегі шаралар кешені жүргізілуде.
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның ядролық қарусыз
мемлекет болуы үшін үш шартты орындауды ұсынды, олар:
-Бірінші Шарт- ядролық қаруы бар мемлекеттер тарапынан Қазақстанға
болашақта ядролық қарумен шабуыл жасамау туралы кепілдіктің берілуі. Бұл
талап орындалды: 1994 жылғы 2 желтоқсанда АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, 1995
жылғы 8 акпанда Қытай, сол жылғы мамырда Франция тарапынан Қазақстан
қауіпсіздігіне берілетін кепілдіктер туралы меморандумға қол қойылды.
-Екінші Шарт — ракеталардағы уран құнының Қазақстанға қайтарылуы. 1992
жылғы мамырда ядролық ракеталық қаруды біртіндеп бұзып, Ресейге көшіріп
әкету, олардың окшантайларына салынған уранның құнын Қазақстанға ақшалай
қайыру жөніндегі Лиссабон протоколына қол койылды. АҚШ-қа аса жоғары
байытылған 600 килограмм уран сату"Сапфир" операциясы арқылы жүзеге
асырылды.
-Үшінші шарт — Қазақстан экономикасына қаржы жұмсау жөніндегі
келісімнің болуы 4.
1995 жылғы сәуір айында Қазақстан аумағынан континентаралық
баллистикалық ракеталардың 1200 ядролық оқтұмсықтарының Ресейге әкетілуі
аяқталып, сол жылы 25 мамырда Семей полигонында соңғы ядролық заряд
жойылды. Елімізде баллистикалық ракеталардың ұшыру қоңдырғылары жойылды.
Степногордағы биологиялық қару-жарак өндірісіне арналған инфрақұрылымды
бұзу 1996 жылдан бері жүргізілуде, Павлодар химия зауытындағы бұрынғы химия
қаруын жасау тоқтатылды.
Қазақстан ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан дүниежүзіндегі
бірінші мемлекет.
1991 жылғы 29 тамыздан бастап Семей полигоны жабылды. Бұдан кейін
әлемдегі ірі төрт полигонда: АҚШ-тағы — Невада, Ресейдегі — Новая Земля,
Франциядағы — Муруроа, Кытайдағы — Лобнорда мораторий жарияланды.
2002 жылғы шілде айында Үлкен сегіздік басшыларынын бас қосуында
Ресейге және басқа елдерге өзінің жаппай қырып-жоятын қарулары арсеналын
жоюға көмек үшін 20 миллиард доллар қаржы беру туралы қарар қабылдады.
Ресейде 200-дей сүңгуір қайықты, 40 мың тоннадай қарулық материалды, 40 мың
тонна химиялық қаруды және одан басқа биологиялық қаруды жою қажеттігі атап
көрсетілді.
1972 жылғы 26 мамырдағы АҚШ пен КСРО арасындағы ракетаға қарсы қорғаныс
жүйесін шектеу туралы шарт әлемдегі стратегиялық тұрақтылықтың негізі болып
келді. Ал АҚШ 2001 жылғы 33 желтоқсанда бұл шарттан шығу жөніндегі
мәлімдемесін жариялады. 2002 жылғы 13 маусымда аталған шарт күшін жойды -
деп жарияланды. БҰҰ Бас Хатшысы Кофи Аннан АҚШ-тың ұлттық зымыранға қарсы
қалқанды жаңғырту ниетін ядролық қарусыздану саясатына қарсы қадам деп
бағалады. Дональд Рамсфельд Пентагон басшылығына келген кезден бастап
американ әскери стратегиясы концепциясына шектелген ядролық соғыс
жоспарын енгізіп отыр.
Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт 1996 жылғы 10
қыркүйекте қабылданып, оған 51 мемлекет кол қойған болатын. АҚШ Конгресі
бұл шартты бекіткен жоқ, нәтижесінде ол әлі күнге дейін (2003) күшіне енбей
отыр.
2002 жылғы мамыр айында АҚШ пен Рссей арасында стратегиялық шабуылдаушы
қару-жарақты қысқарту жөніндегі Шартқа (СНВ-3) қол қойды, онда ядролық
қаруды үш есеге жуық (әр тарам 1700-2200) қысқарту жөніндегі екіжақты
келісімді бекітті.
Енді биологиялық қаруды жою бағытында әлемде нендей іс-шаралар
жүргізілуде — сол мәселеге тоқталайық. Биологиялық (бактериологиялық)
қаруды сақтау, өндіруді тоқтату және оларды жою Конвенциясына 1972 жылы 143
мемлекет қол қойып, енді ешқашан биологиялық қару жасауға
талпынбайтындықтарын білдірген болатын. Алайда, КСРО-ның Киров, Загорск,
Свердловск және Степногорск (Қазақстан) қалаларындағы кәсіпорындарда
биологиялық қару компоненттері Сібір жарасы, оба, сүзек сияқты ауруларды
қоздырушы вирустардан құралды. Тек Степногорскінің өзінде ғана Сібір
жарасының негізінде жыл сайын 300 тонна биологиялық бомба жасап шығару
мүмкін болған.
Қазіргі кездегі соғыс қаупінен кем түспейтін проблемалардың бірі –
экология. Адамдар қоршаған ортаны жан-тәнімен қорғамайынша дүниені аман
алып қалу мүмкін еместігін жан жүрегімен сезіне бастады. Сондықтан қазір
бұл туралы бүкіл әлемге дабыл қағылуда. Адамзат экологиялық апаттың құзар
шыңының басында қалтылдап күн кешуде. Табиғат адамдардан өш алып жатыр. Жер-
жерде табиғат апаты жиілеп барады, топан су қаптауда. Күн санап жер
бетіндегі барлық адамдарға жақындап келе жатқан қасіретті сезінесің.
Сондықтан бүгінгі таңда паналап отырған планетамызды ажалдан арашалап қалу
– адамзат ұрпағын қорғап қалу деген сөз. Қазір жер бетінде табиғаты таза
түкпір табу мүмкін бе екен?. Чернобыль апатының зәрі 30 шақырымға төнсе,
Аралдың ащы қаһарлы зәрі 3 мың шақырымға жетеді.
Сондай –ақ теңіз ортасынан орын тепкен Возрождение аралының сұмдығы
өз алдына. Оның маңайы қазір судан жалаңаштанып барады. Ал бұл Аралдың 1945
жылдан бастап бактериялық қаруларды жасырын сынайтын полигон болғаны
белгілі.
Аральск-7 аталған биологиялық қаруға сынақ алаңы болған
Возрождение аралында 196! жылғы қыркүйек-қараша айларында ядролық
жарылыстардың салдарынан теңіздің түбіндегі балықтың қырылуы, Аралдың
солтүстік қапталындағы құмды далада киіктердің кенеттен жаппай қырылуы кең
етек алған. Мұндай апаттар 1978 жылы болып, 300 мың киік, 1989 жылы 540 мың
киік қырылғаны анықталып отыр. Соңғы он жылда олардың саны бір миллионнан
20 мыңға дейін қысқарған 5.
1988 жылы Ресейден Возрожденияға Сібір жарасы тиелген 24 вагон
цистерналар әкелінген. Қазіргі зерттеулер бойынша, теңіздің тартылуына
байланысты Арал мен құрлықтың арасы қосылып, зиянды жәндіктер жағаға шығып,
үлкен эпидемиялық апат туғызуы мүмкін. 1992 жылғы 11 сәуірдегі Ресей
Федерациясы Президентінің Жарлығымен Возрождениедегі полигон жабылды.
Қазіргі кезде бұл мекен (Өз-Сапиулла Абдулпаттаев. Қырып-жоятын қару-жарақ
қаупі) Өзбекстан (75 пайызы) мен Қазақстанға қарайды.
Сібір жарасы қалбырларының осы аралдың астында көмілгені айтарлықтай
қауіп төндіріп отыр.
Арал өңірінің экологиялық зардабы туралы Иоханнесбургте өткен
жаһандануға арналған дүниежүзілік саммитте Президент Н.Ә.Назарбаев
дүниежүзілік экологиялық тізілім жасау керек және соның ең басында Арал
проблемасы тұру керек деп қадап айтқан болатын.
Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері Қасымжомарт Тоқаев өзінің
Беласу атты кітабында: Бактериологиялық қаруға тыйым салу жөніндегі
Конвенцияның бақылау жасау тетіктерін әзірлеу төңірегіндегі қалыптасқан
жағдайға алаңдаушылық білдіреміз, өйткені, осы қару түрлерінің террористер
үшін үлкен қызығушылық туғызатыны құпия емес 6 - деп жазды.
Химиялық қаруды өндіруді тоқтату және оны жою жөніндегі Конвенцияға
1993 жылғы 13 қаңтарда Парижде 100-ге жуық елдер қол қойып, ол 1999 жылғы
маусымда бекітілді, Қасымжомарт Тоқаев: Химиялық қаруды жою туралы
Конвендияға қатысты жағдай көңілге қуаныш уялатады... Қолда бар қорларды
жою жүзеге асырылуда 7 - деп жазды.
Ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа қол қою 1968 жылы басталып, ол
1995 жылы мәнгілікке ұзартылды. Ол құжат бойынша ядролық қаруы бар
мемлекеттер басқа елдерге бұл қаруды және оның құрылымдарын (ядерные
устройства) бермеуге міндеттеме алды. Алайда оған 182 мемлекет қол
қойғанымен, 2001 жылғы мәлімет бойынша, тек 24 мемлекетте ғана құжат күшіне
енген. 1998 жылғы мамырда Үндістан мен Пәкістан ядролық қаруды иеленді.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер: Барлық елдердің ядролық
қаруды таратпау туралы Шартқа тезірек қосылуы, сондай-ақ ядролық сынақтарды
жан-жақты тыю туралы Шартқа қол қойып, бекітпеген мемлекеттердің соларды
істеуі түрлі денгейдегі стратегиялық тұрақтылықты нығайтуға жәрдемдесетін
болады 8, 62-67-бб - деп атап көрсетті.
Қазақстан мен Қытайдың өзара қатынасы қаяу түсірген ядролық қауіпсіздік
проблемасындағы ең өзекті мәселе – Алматыдан 700 километр қашықтықта
орналасқан Лобнор полигонындағы ядролық сынақтар туралы мәселе еді. Лобнор
полигоны 1964 жылы құрылды. Сол жылы 16 қазанда атом бомбасы атмосферада
жарылды. 1967 жылы 17 маусымда қуаты 3 мегатонналық тұңғыш термоядролық
жарылыс атмосферада жасалды. Салыстыру ретінде айтсақ, Семей полигонында
қуаты бір мегатонналық жарылыс тек бір рет қана жасалған болатын.
Қытайда 1980-1996 жылдар арасында атмосферада қуатты бір мегатонналық
екі бомбы, үш мегатонналық бес бомбы, қуаты төрт мегатонналық бір бомбы
жарылды.
1994 жылғы 10 маусымда Қытайда ядролық қарудың жер астында сынақтан
өткізілуіне байланысты қазақстан республикасының Сыртқы Істер министрлігі
Қытайдағы сынақ басқа ядролық державалар ядролық жарылыстарға мораторийді
сақтап отырған жағдайда жасалғанын атап көрсетті. Мәлімдемеде ядролық
қарудың бұл сынағы Қазақстанмен шекаралас ауданда жасалғандықтан және
экология мен техногенді ортаға елеулі зардап тигізгендіктен наразылық
білдірмеуге болмайтыны айтылған. Республика Сыртқы Істер Министрлігі Семей
және Лобнор полигондары проблемалары жөнінде біріккен сарапшылар тобын құру
туралы Қазақстан жағының ұсынысын нақты талқылауға оралу қажет деп санады.
Корея Халық Демократиялық Республикасы 2003 жылғы қаңтарда елдің ұлттық
қауіпсіздік мүддесін негізге ала отырып, ядролық қаруды таратпау туралы
Шарттан шығатындығын жариялады. Енді соның себептеріне тоқталайық:
- Біріншіден, АҚШ Президенті Джордж Буш 2002 жылдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағаш өңдеудің технологиялық процестері
«Саясаттағы ұлттық қауіпсіздік, оның құрылымы»
Экологиялық саясат туралы ақпарат
Ұлттық қауіпсіздік ұғымы
Экологиялық проблемалар
Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері.
Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың жалпы мінездемесі
Экологиялық сақтандыру туралы
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
Экологиялық қылмыстар
Пәндер