НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..6
1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ...9
1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны, олардың жіктелуі және
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2 Негізгі құралдар есебін ҚЕХС сай ұйымдастыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... 17
2 АВГУР ЖШС-НІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ... .22
2.1 Авгур ЖШС-нің экономикалық көрсеткіштері және есепті
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.2 Авгур ЖШС-нің негізгі құралдардың қозғалысының есебі
... ... ... ... ... .29
2.3 Авгур ЖШС-гі негізгі құралдардың тозу есебі және оларды қайта
бағалау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
3 АВГУР ЖШС-НІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ІШКІ АУДИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ
ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .41
3.1 Негізгі құралдардың ішкі аудитін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
3.2 Негізгі құралдарды ішкі аудиторлық
тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62
ҚОСЫМШАЛАР

... ... ... ... ... ... ..64
КІРІСПЕ
Қазіргі экономикалық жағдайда әрбір ұйымның қызмет ету процесіне нарықтық
қатынастарға қатысушы мүдделі тұлғалар үлкен көңіл аударатыны белгілі. Сол
себепті олар есеп мәліметтеріне сүйене отырып, ұйымның қаржылық жағдайын
бағалауға ұмтылады.
Бухгалтерлік есеп нарықтық экономика жағдайында ұйым жөнінде жан–жақты
қамтылған ақпарат алудың бірден–бір көзі болып табылады. Оның көмегімен
ұйымның төлем қабілеттілігін, өндірістік қызметінің тиімділігі мен
табыстылығын, даму перспективаларын сипаттауға мүмкіндік мол.
Орталықтан жоспарланған экономика жағдайында жүзеге асырылған
бухгалтерлік есеп жүйесі меншіктің қоғамдық сипаты мен экономиканы
мемлекеттік басқарудың қажеттіліктеріне негізделінді. Бухгалтерлік есеп
жүйесінде қалыптасатын ақпараттардың басты тұтынушысы ретінде мемлекет
статистикалық және қаржылық органдарды жоспарлайтын салалық министрліктер
мен ведомстволар арқылы танылды. Қоғамдық қатынастар жүйесінің өзгеруі,
азаматтық – құқықтық ортаның өзгеруі бухгалтерлік есепті сәйкесінше
трансформациялаудың қажеттілігін айқындады. Бухгалтерлік есептің жаңа
жүйесі және ұйымдарда бухгалтерлік есепті жүргізудің әзірленіп жатқан жаңа
ережелері мен нормалары ақпараттардың шынайылығы мен сенімділігін бақылау
құралы ретінде инвестиция салуға, соның ішінде шетелдік инвестицияларды
тартуға қолайлы жағдай жасайтындай нарықтық инфрақұрылымның элементтерін
құруы тиіс.
Негізгі құралдар ұйымның материалдық–техникалық жарақтану базасын құрудың
негізін қалыптастырып, ұйымның жетекші бағыттарын іске асыруда маңызды рөл
атқарады. Ұйым қызметінің тиімділігін арттыру үшін негізгі өндірістік
құралдар туралы шынайы ақпараттарды уақытылы алудың маңызы өте зор. Яғни
негізгі құралдардың сақталу орындары бойынша ішкі және сыртқы
қозғалыстарының құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне енгізілген
өзгерістердің дер кезінде бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілгендігін және
оларды қорытынды есептегі мәліметтерімен сәйкестігін тексеру болып табылады
[1].
Жалпы ұйымда бухгалтерлік есептің қолданыстағы жүйесін зерттеу нәтижесі
ұйым менеджерлерінің негізгі құралдарды тиімді пайдаланылуын бақылауға және
оның нәтижелері бойынша шешім қабылдауға қажетті неғұрлым толық және
сенімді ақпараттармен толыққанды қамтамасыз етілмейтіндігін байқатты. Бұл
ұйымдағы басқару жүйесін жақсарту үшін негізгі құралдардың есебін тиімді
ұйымдастыру, есептің шынайылығын, жеделдігін және талдамалылығын көтеру
қажет екендігін көрсетеді.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі есепте негізгі құралдардың түсуін,
алғашқы қабылдануын, ішкі орын ауыстыруын, амортизацияның есептелуін,
кейінгі шығындардың есебін, сату бойынша нәтиженің есебі мен басқа да
шығыстарды құжатпен рәсімдеуді, сонымен қатар дер кезінде және толық
көрсетуді қамтамасыз ету қажет.
Сонымен бірге негізгі құралдар есебінің міндеті болып негізгі құралдардың
артық шыққанын, пайдаланбағанын және тиімсіз пайдалануын анықтап, олардың
сақталуын қамтамасыз ету қажет.
Негізгі құралдар есебінің бірлігі болып мүліктік объект, яғни өзінің
барлық құрылымдары мен құрылғылары бар аяқталған құрылыс, заттар немесе
заттардың кешені саналады. Мүліктік объектілер жай (бірліктік) және бірнеше
заттардан тұратын күрделі болып бөлінеді. Бір негізгі құралдар объектісінің
екіншісінен айырмашылығы олардың атқаратын қызметтеріне және әртүрлі
пайдалану мерзіміне байланысты болады.
Ел экономикасының қазіргі дамуы мен әлемдік қауымдастыққа өтуі ұйымда
есеп әдiстемесiн жетілдірудің, бухгалтерлік есеп пен аудит тұжырымдамаларын
дамытудың қажеттілігін туғызды. Осы мәселе әрбір ұйымның салалық
ерекшеліктеріне негізделген есеп пен аудит әдістемесін жан-жақты зерттеуді
талап етеді.
Жоғарыда аталған мәселелер диплом жұмысының тақырыбының өзектілігін
анықтайды.
Осылайша, негізгі өндірістік құралдар есебін ұйымдастырудың негіздерін
зерттеу, ішкі аудит пен талдауды жүргізу әдістемесін қарастыру диплом
жұмысының тақырыбын таңдауға, оның мақсатын, міндеттерін және ғылыми
өзектілігін алдын-ала анықтауға мүмкіндік берді.
Диплом жұмысының мақсаты ұйымдағы негізгі құралдар есебі мен ішкі аудитті
ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдарын көрсету болып табылады. Осы
қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін диплом жұмысын жазу барысында
төмендегідей міндеттер қойылды:
-Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны және олардың жіктелуі,
бағалау және ҚЕХС сай ұйымдастырылуын зерттеу;
- Авгур ЖШС-тің негізгі құралдардың қозғалысының есебін зерттеу;
-Негізгі құралдардың тозу есебі, кейінгі бағалау және ағымдық жөндеу
есебін зерттеу;
-Негізгі құралдардың ішкі аудитін ұйымдастыруды зерттеу.
Негізгі құралдар есебінің міндеттеріне, сондай-ақ негізгі құралдардың
пайдаланылмай тұрған және тиімсіз пайдаланылып жатқан объектілерін анықтау,
олардың сақталуын қамтамасыз ету жатады.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі Астана қаласында орналасқан Авгур
ЖШС болып табылады болып табылады.
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін Авгур ЖШС - нің 2010-2011
жылдардағы есеп мәліметтері, сондай–ақ Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп саласындағы нормативтік–құқықтық ақпараттары, арнайы
әдебиеттер пайдаланылды.
Дипломдық жұмыс кіріспе, үш негізгі бөлім, қорытындылар мен қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімінде негізгі құралдар ұғымы, олардың экономикалық
маңызы, олардың түрлері, пайдалануына қарай жіктеу сұрақтары қарастырылған.
Сондай-ақ негізгі құралдарды ұйымда бағалау мәселелері қарастырылып,
қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшуге орай негізгі
құралдар есебін 16 Негізгі құралдар стандартына сай ұйымдастыру сұрақтары
жазылды.
Диплом жұмысының екініші бөлімінде зерттеу объектісі ретінде алынған
Авгур ЖШС-нің қаржылық экономикалық жағдайына сипаттама беріліп, филиалда
есептің ұйымдастырылуы, негізгі құралдардың қозғалысын есепке алу, кейінгі
бағалау, тозуын есепке алу сұрақтары қаралып, жетілдіру жолдары ұсынылған.
Үшінші бөлімде Авгур ЖШС-нің негізгі құралдарының ішкі аудитін
ұйымдастыру, аудиторлық тексеру жүргізу әдістемелері жазылған.
Қорытынды бөлімде зерттеу барысында қол жеткізген қорытындылар мен
ұсыныстар берілді.
1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны, олардың жіктелуі
және бағалау
Негізгі құралдар кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі саласындағы қызмет
істейтін ұйымдардың активтерінің негізгі бөлігін құрайды. Негізгі
құралдарға материалдық, яғни материалдық-заттық формасы бар активтер
жатады, мысалға жылжымайтын мүлік (жер, ғимараттар мен құрылыс-жайлар және
жермен байланысты басқа да объектілер), машиналар мен құрылғылар, көлік
құралдары және т.б., яғни төмендегі талаптарға жауап беретіндер :
- өнімдер (жұмыстар мен қызметтер) өндіруге, тауарларға жеткізуге, басқа
ұйымдарға жалға беруге немесе әкімшілік және шаруашылық мақсаттарға
пайдалануға арналған;
- бір жылдан артық пайдаланылатын;
- сатып алушыларға қайта сатуға жатпайтындар.
Негізгі құралдар ұзақ мерзім пайдаланылатын сипатқа ие болады. Негізгі
құралдарды пайдаланудың сандық бағалануы олардың пайдалану мерзімімен
анықталады. Негізгі құралдардың пайдалану мерзімі ұйымның осы объектіні
болжамды пайдалану мерзімі немесе осы объектіні пайдалану арқылы ұйымның
өндіретін өнімінің мөлшері немесе орындайтын жұмыстары мен қызметтерінің
көлемі болып саналады. Негізгі құралдар объектісінің пайдалану мерзімінің
мерзімдік немесе натуралдық өлшемін таңдап алу объектінің функционалдық
жарамдылығына, яғни оның экономикалық пайда әкелу мүмкіндігіне байланысты
болады [2].
Қаржылық есептіліктің 16 Жылжымайтын мүлік стандартына сәйкес, негізгі
құралдар – бұл:
1) тауарларды шығаруда немесе қызметтерді көрсетуде немесе беруде
пайдалануға, басқа адамдарға жалға беруге арналған немесе әкімшілік
мақсаттарға арналатын.
2) күтіліп отырғандай бір кезеңнен астам ішінде пайдаланылатын
материалдық активтер.
Біздің ойымызша, ұйымдарда пайдаланылатын және бухгалтерлік есепте
есептелінуге жататын негізгі құралдар - деп өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір
жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын
(пішінін,түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа,
көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық
аударым мөлшерінде ауыстырылатын еңбек құралдарын, яғни материалдық
активтерді айтады [3].

алғашқы қабылдануын (признание), ішкі орын ауыстыруын, амортизацияның
(тозуының) есептелуін, кейінгі шығындардың есебін, сату бойынша нәтиженің
есебі мен басқа да шығыстарды құжатпен рәсімдеуді, сонымен қатар дер
кезінде және толық көрсетуді қамтамасыз ету қажет.

пайдалану мерзіміне байланысты болады [4].
Кей жағдайларда активтердің кейбір түрлерін, мысалы шаблондарды,
құрылғылар мен штамптарды біріктіріп, негізгі құралдардың жалпы құнына
қосуға болады.
Сонымен қатар қызмет көрсетудегі қосалқы бөлшектер мен құрылғыларды
тауарлық-материалдық шығындар ретінде есептеп, оларды пайдалану уақытына
байланысты есептен шығарады. Егер ұйым ірі қосалқы бөлшектер мен
агрегаттарды бір мерзімнен артық пайдаланатын болса, онда оларды негізгі
құралдар ретінде жіктеуге болады. Ал егер ірі қосалқы бөлшектер мен
агрегаттар тек бір объектіге ғана қызмет көрсетіп және олардың пайдалану
мерзімі ретсіз болатын болса, олар негізгі құралдардың бөлек объектісі
болып саналып және олардың пайдалану мерзімінен аспайтын уақытқа тозу
есептеледі.
Белгілі бір жағдайларда активтерге байланысты жалпы шығындардың сомасын
құрамдас бөліктерге бөліп, әрбір бөлімді бөлек есептеу қажет болады. Бұл
осы объектінің құрамдас бөліктерінің пайдалану мерзімі әртүрлі болса немесе
әрбір бөліктерді пайдаланудан пайда әртүрлі бағыттар бойынша алынатын болса
және тозуды есептеу нормалары мен әдістері әртүрлі болған жағдайда қажет
болады. Мысалы, ұшақ және оның қозғалтқыштары, егер олардың пайдалану
мерзімдері әртүрлі болатын болса, бөлек тозатын активтер ретінде есепте
көрсетілуі керек.
Жалпы, негізгі құралдарға - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен
ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеу
аспаптары мен құралдар, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың
программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік
және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық
көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағыда басқалар жатқызылады [5].
Ұйымдарда негізгі құралдардың есебі №16 "Жылжымайтын мүлік" – деп
аталатын халықаралық есеп стандартына сәйкес жүргізіледі.
Көлемінің түріне, бағасының арзанды қымбаттығына қарамастан пайдалану
мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына
жатқызылмайды.
Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына ұйымның қоймаларындағы дайын
бұйымдар болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында
есептелетін монтаждауды қажет ететін жабдықтар, салынып біткен, бірақ әлі
пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ
құрылыс–монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша
шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен
тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатқызылмайды.
Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік
және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді [6].
Өндірістік негізгі құралдар деп - өндірісте пайдаланылатын негізгі
құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш
тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі
станоктар, двигательдер, құрал–саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы
басқалары жатқызылады.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын
объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек
материалдық жағдайын жасайды. Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын
сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші – қор қайтарымы болып табылады,
ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе
ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді (1сурет).
Сурет 1 Негізгі құралдардың жіктелу сызбасы
Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен
басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады. Оларға
тұрмыстық үй–жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі
құралдар тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына
және істейтін қызметінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар :
өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс,
құрылыс,материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары,
қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және
білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша
топтастырылады. Ұйымның балансындағы тұрғын үй шаруашылығының негізгі
құралдары халық шаруашылығының тұрғын үй шаруашылығы және халыққа тұрмыстық
қызмет көрсету саласына жатқызылады.
Иеленуге қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып
бөлінеді.
Меншікті дегеніміз – ұйымға тиесілі және оның балансында көрініс табатын
негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа ұйымнан алынған
негізгі құралдар, жалға алынған негізгі құралдар болып саналады. Оларды
жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001–ші Жалға алынған
негізгі құралдар баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі
аяқталған соң немесе аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып
алуына болады. Оларды 2410 бөлімше шоттарында есептейді.
Қазіргі кезде пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін,
жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған – деп үш топқа бөлінеді. Жұмыс істеп
тұрған пайдаланудағы негізгі құралдарға – жабдықтар жатады. Жұмыс
істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып қойылған немесе белгілі
себептермен басқада жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар
жатқызылады. Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни
алдағы уақытта тозып немесе басқада жағдайларға байланысты істен шығатын
негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал – жабдықтар
жатқызылады.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып
бөлінеді. Мүліктікке заттай көрінісі бар, санауға және өлшеуге болатындар
(үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге
пайдаланылатын жер, орман, суға (ғимараттан басқа) күрделі қаржы салымы,
яғни заттың нысаны жоқ шығындары (жер учаскелерін, егістік үшін
пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы
жұмсау, т.б.) жатады [7].
Негізгі құралдарды пайдалану деңгейіне байланысты есепте пайдаланудағы,
пайдаланудан тыс және қолдағы деп бөледі. Сонымен қатар, бухгалтерлік
есепте негізгі құралдар меншікті, яғни ұйымның меншігіндегі, жалдағы, яғни
ақылы уақытша пайдаланудағы болып бөлінеді.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын
қызметтеріне қарай мынандай түрлерге бөлінеді: Жер, үйлер, ғимараттар,
өткізгіштер, машиналар және құрал жабдықтар күш беретін машиналар және
жабдықтар, жұмысшы машиналар, өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар
мен лабораториялық жабдықтар, есептеу техникасы, басқа машиналар мен құрал
жабдық, көлік құралдары, құрал сайман, өндірістік мүлік және жабдықтар,
шаруашылық мүлкі, жұмысшы және өнім беретін мал, көп жылдық екпе ағаштар,
жемді жақсартуға шыққан күрделі шығын, басқадай негізгі құралдар.
Негізгі құралдар келесі топтар мен топшаларға жіктеледі [8].
Жер (жер учаскелері). Есеп бірлігі болып меншік құқығындағы немесе
тұрақты пайдалану құқығындағы жекелеген жер учаскелері саналады. Жерге
меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісі мен расталуы керек. Ондай
актісі берілген болса, ондай жер учаскелері мүліктік объекті болып
саналады.
Ғимараттар (цех, шеберхана корпустары, тұрғын-үй ғимараттары және басқа
да өндірістік, әкімшілік-шаруашылық, әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы
архитектірлік-құрылыс объектілері). Бұл топта есеп бірлігі болып өзіндік
шаруашылық мақсаттағы әрбір бөлек тұрған ғимараттар мен құрылыс-жайлар
саналады (қоймалар, гараждар және т.б.). Ғимараттар тобының есеп бірлігі
құрамына оны толық пайдалану үшін қажетті барлық коммуникациялар (жылыту
жүйелері, жарық, желдеткіш, су және газбен жабдықтау, ішкі телефон және
сигнализация, лифті шаруашылығы).
Құрылыс-жайлар (мұнай және газ құбырлары, шахта бағаналары, автокөлік
жолдары, көпірлер мен су құбырлары), яғни өндіріс процесінің техникалық
және жалпы функцияларын орындау үшін арналған инженерлік-құрылыс
объектілері. Есептің бірлігі болып барлық құрылымдық құрылғылары бар әрбір
бөлек құрылыс-жайлар саналады.
Беріліс құралдары (электр желілері, трансмиссиялар, құбыр жолдары, жылу
желілері, газ желілері және т.б.), яғни электр, жылу, механикалық
энергияларды жеткізуші машиналардан жұмыс машиналарына, сонымен қатар бір
есеп бір есеп бірліктерінен екінші есеп бірліктеріне сұйық және газ
күйіндегі заттарды тасымалдау үшін арналған объектілердің жиынтығы.
Машиналар мен құрылғылар, олар келесі топтарға бөлінеді:
а) күш машиналары мен құрылғылары (атом реакторлары, қазандар, бу күш
трансформаторлары, ішкі өрт құрылғылары), яғни электр, жылу энергияларын
өндіретін және оларды механикалық энергияға айналдыратын машина-
генераторлар және машина-қозғалтқыштар. Машиналар мен құрылғылар тобы
бойынша есеп бірлігіне, осы машиналар мен құрылғылардың құрамына жататын
құрылымдар мен құрылғылар жатады;
б) жұмыс машиналары мен құрылғылар (станоктар, аппараттар, әртүрлі
мақсаттағы агрегаттар). Жиынтығында бұл құрылғылар өнім өндірісі процесінде
еңбек құралдарын механикалық, термиялық (термический) химиялық және басқа
да технологиялық қозғалысқа келтіруге арналған;
в) пайдаланудағы техникалардың жұмысын өлшеу, өндіріс процесін реттеу,
шикізаттар мен материалдардың, дайын өнімдердің, орындалған жұмыстардың
сапасын, ауаның ылғалдылық деңгейін, дыбыстардың әсерін, сонымен қатар
басқа да санитарлық-гигиеналық жағдайларды анықтау үшін қолданылатын
өлшеуші - реттеуші және зертханалық құрылғылар мен құрылымдар (манометрлер,
таразылар, дозаторлар, диспетчерлік бақылау үшін құрылғылар, дабыл
құрылғылары, зауыт және ғылыми-зерттеу зертханаларының құрылғылары,
микроскоптар, термостаттар және т.б.). Өлшеуші және реттеуші құрылғылардың
мүліктік объектілер ерекшелігі ретінде олардың өзіндік маңызы бар және
басқа объектілердің құрамы болып саналмайтындығында;
г) компьтерлік техника (электрондық-есептегіш, басқарушы және балама
машиналар, сандық есептегіш машиналардың барлық түрлері мен жүйелері);
д) басқа да машиналар мен құрылғылар – жоғарыдағы жіктемеге жатпайтын
басқа да машиналар мен аппараттар және құрылғылар.
Көлік құралдары адамдардың қозғалысын және жүктер мен басқа да заттардың
тасымалын қамтамасыз ететін қозғалыс құралдары.
Басқалары:
а) құрылғылар (электр тескіштер, бұзу балғалары және басқалары) – қол
еңбегі кезінде немесе машиналардың қызметтерін күшейту үшін оларға
бекітілген негізгі құралдар;
б) өндірістік құрылғылар мен оның құрамдас бөліктері (бөшкелер,
дүңгіршектер мен мүліктік ыдыстық заттар) – жұмыс кезінде өндірістік
операцияларды жеңілдету үшін қолданылады;
в) әкімшілік және шаруашылық мақсаттағы заттар (столдар, шкафтар және
басқа да мүліктер, кілемдер, шамшырақтар және т.б.);
г) жұмыс және өнім малы (жылқы, сиырлар және т.б.). Бұл топтағы есеп
объектісі болып әрбір жоғары жастағы малдар саналады.
д) көп жылғы көшеттер (көгалдандырғыш, декоративтік, өнім беретін
көшеттер және т.б.);
е) басқа да негізгі құралдар (кітапхана қорлары, мұражай құндылықтары,
жалдағы негізгі құралдар үшін күрделі шығындар, қару-жарақтар, қызмет
бағытындағы иттер және басқалары).
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор
болып табылады.
Негізгі құралдар есебінің негізгі элементі болып олардың мойындалуы, яғни
бухгалтерлік балансқа енгізу үшін негізгі құралдар объектісін есепке
қабылдауды білдіреді. Негізгі құралдарға қатысты активтерді мойындаудың
жалпы шарттары қолданылады. Олар бір уақытта екі шарттың орындалуын
қарастырады:
- Осы активтермен байланысты ұйым болашақта экономикалық табыс алатыны
жөнінде жоғары сенімнің болуы;
- активтердің бастапқы құнын бағалау сенімділігі.
Ұйымның экономикалық табыс алу деңгейінің ықтималдылығын бағалау оларды
алғашқы мойындау сәтіндегі фактілерді есепке ала отырып, жүргізілуі керек.
Объектілерді сатып алу кезінде олардың бастапқы құндарының сенімді
бағалануы берілетін объектілердің құндарының негізінде анықталады.
Объектілерді ұйымның өз күшімен салу кезінде оларды сенімді бағалау үшін
құрылыс процесінде материалдарды сатып алу, еңбек ақы төлеу және басқа да
операциялардың негізінде жүргізілуі мүмкін.
Есепте және есеп беруде негізгі құралдарды көрсету үшін бағалаудың
келесі түрлері қолданылады: бастапқы құн, дұрыс құн, баланстық құн,
ағымдағы құн, орын толтыру құны, амортизациялық құн.
Бастапқы құн – активтерді сатып алу, салу кезінде оларға төленген ақша
қаражаттары мен олардың баламалары немесе басқа да орын толтырудың әділ
құндары.
Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен
және басқа қажет болып саналмайтын шығындар активтің бастапқы құнына
кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады. Негізгі
құралдардың әр түрі бойынша оның бастапқы құнына мынандай шығындар
кіргізіледі:
а) жер учаскесінің бастапқы құнына:
Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікке төленген
комиссиялық сыйақылар, сатып алу, сату жөнінде келісім – шартты рәсімдеу
үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін салықтар
мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар
(үйді бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен түсімді алып
тастағанда қалған ескі үйді бұзуға байланысты шығындар, жерді тазалау,
тегістеу, тағы басқа) енгізіледі.
ә) құрал – жабдықтардың бастапқы құнына:
Құрал–жабдықты сатып алу бағасы, оны тасымалдауға әкелуге, тиеп түсіруге
кеткен шығындар оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау,
құрал–жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен
шығындар тағыда басқалар енгізіледі.
Алайда құрал - жабдықтарды монтаждау, тасымалдау кезінде болған бүліну
нәтижесін жөндеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарға жатқызылады. Егер
негізгі құралдар несиеге алынған болса, ол үшін төленген пайыз сомасы да
ағымдағы шығын қатарына жатқызылады және де негізгі құралдардың бастапқы
құнына қосылмайды.
Ұйымның өзі салған үйлер мен ғимараттардың бастапқы құнына осы құрылысты
салу үшін кеткен шығындары: материалдар, жұмысшы қызметкерлерге төленген
еңбекақы сомалары, еңбекақы бойынша бюджетке жасалған аударым, алынған
несиенің проценттері, заңгерлерге, архитекторларға төленген төлемдер,
құрылысты салу үшін рұқсат алуға кеткен шығындар мен басқада шығындар
енгізіледі.
Ұйымдар жерді және сол жерге салынған үйлер мен ғимараттарды бір тұтас
ретінде пайдалануға сатып алынса, онда осы объектілердің бастапқы құнын
бухгалтерлік есепте әрбір объекті бойынша бөліп көрсету керек. Себебі үйлер
мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі және олар тозады, ал жердің
пайдалану мерзімінде шек жоқ, ол амортизацияланбайтын материалдық актив
болып табылады. Егер бұл жағдайда жер учаскесі ғана пайдалануға алынып, ал
үйлер мен ғимараттар бұзылатын болып келісілген болса, онда олардың құндары
әрбір объекті бойынша жекеленіп бөлінбейді. Бұл жағдайда тек қана жер
сатылып алынған болып есептелінеді. Және де оның бастапқы құны бұл ретте
сатып алу бағасымен үйлер мен ғимараттарды бұзуға кеткен барлық
объектілердің (жерді және ол жердегі объектілерді қоса) шығынның
қосындысынан, бұзғаннан алынған материалдардың бағасын шегеру арқылы
анықталады [9].
Баланстық (қалдық) құн – негізгі құралдардың жинақталған тозу құндарын
шегеріп тастағандағы баланста мойындалған құны.
Әділ нарықтық құн (сату құны) – тәуелсіз жақтардың арасында негізгі
құралдардың объектісіне байланысты мәміле жасасу кезінде төленетін ақша
қаражаттарының сомасына тең болады.
Жою құны – ұйымның негізгі құралдарды пайдалану мерзімі аяқталған соң
оларды жоюға байланысты шығындарды шегеріп тастағандағы анықтаған таза
сомасы. Атап өту қажет, активтердің жойылу құны тікелей өлшеу арқылы емес
шама (балама) көрсеткіштері негізінде есептелгендіктен, есепті болып
саналады.
Амортизациялық құн – негізгі құралдардың жойылу құнын шегеріп
тастағандағы қаржылық есеп беруде бастапқы құнның орнына көрсетілетін
активтердің бастапқы құнын немесе басқа да бағаларын көрсетеді.
Ағымдағы құн – осы уақытты активтерді сатып алуға жұмсалатын ақша
қаражаттарының немесе олардың баламаларының сомасы.
Негізгі құралдар объектісін мойындау кезінде олардың бастапқы құндары
есепке алыну қажет. Төлем арқылы сатып алынған негізгі құралдардың
бастапқы құны импорттық кеден баждарын және сатып алу үшін орны
толтырылмаған салықтарды, сонымен қатар объектіні жұмыс жағдайына келтіру
үшін қажетті шығындарды қоса алғандағы сатып алу бағасынан тұрады.
Ұйымның өзі дайындаған негізгі құралдардың бастапқы құндарына құрылыспен
байланысты барлық жұмсалған шығындар, яғни материалдар, еңбек ақы, үстеме
шығындардың үлесі, архитекторлар мен заңгерлерге төлемдер, құрылыс
кезіндегі сақтандыру шығындары енгізіледі. Мұндай жағдайда құрылыс
объектісін салу үшін несие пайыздары олардың бастапқы құндарына енгізіледі.
Жерді, ғимараттар мен құрылыс жайларды олардың әрбіреуінің бағыты бойынша
пайдалану мақсаты үшін бір бүтін ретінде сатып алу кезінде осы
объектілердің бастапқы құндарын бөлу қажет, себебі ғимараттар мен құрылыс
жайлар шектеулі пайдалану мерзіміне ие бола отырып, тозуға ұшырайды. Жер
амортизацияланбайды, себебі оның құны төмендемейді деп есептелінеді және
өндіріс процесі кезінде тозбайды. Егер осындай жағдайда пайдалануға тек жер
арналған болып, ал ғимараттар мен құрылыс-жайлар жойылуға жататын болса,
онда құн арасындағы бөлу жүргізілмейді және сатып алынған объекті болып жер
саналады. Жою (ығыстыру) бойынша шығындар жою кезінде объектіні тұтастай
немесе оның бөліктерін сатудан түскен түсімдерді шегеріп тастағанда жердің
бастапқы құнымен есептеледі.
Негізгі құралдар объектісінің бастапқы құны былай анықталады:
- құрылтайшылардың жарғылық қорға салым ретінде салған негізгі
құралдары – құрылтайшылар арасындағы келісілген баға бойынша;
- негізгі құралдарды ұйымның өзі дайындаса немесе төлем арқылы сатып
алынса – нақты жұмсалған шығындардың сомасы бойынша;
- негізгі құралдарды заңда немесе жеке тұлғалардан әншейін алған кезде
эксперттік жолмен немесе қабылдау тапсыру актісінің мәліметі бойынша.
Бухгалтерлік шоттарда есептелінген негізгі құралдардың бастапқы құндары
тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі:
а) Негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай
немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететіндей қосымша күрделі
қаржы жұмсағанда (кеңейткенде, жаңартқанда тағыда басқа) немесе ішінара
бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;
ә) Негізгі құралдарды қайта бағалағанда.
1.2 Негізгі құралдар есебін ҚЕХС сай ұйымдастыру ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру
жүйесін дәйекті түрде реформалау он жылдан астам уақыт бойы жалғасуда. Оның
негізгі айғағы Қазақстан Республикасының ұйымдары мен кәсіпорындарының
бухгалтерлік есебін Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшіру
болып табылады.
Негізгі құралдар есебін ҚЕХС сай ұйымдастыру 16 Негізгі құралдар
стандартына сәйкес жүргізіледі.
Сонымен, 16 Негізгі құралдар ҚЕХС сәйкес, негізгі құралдар мынадай
материалдық активтерді білдіреді:
- тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруде немесе жеткізуде пайдалануға,
үшінші тұлғаларға жалға өткізуге, немесе әкімшілік мақсаттарға арналған;
- бір кезеңнен астам уақыттың ішінде пайдалану көзделетін.
ҚЕХС 16 сәйкес негізгі құрал объектісі актив ретінде танылғанда,
бастапқыда өзіндік құнымен бағаланады.
Өзіндік құн – бұл активті сатып алу үшін немесе тұрғызу кезінде берілген
төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаты баламаларының сомасы
немесе өзге қарсылама берудің әділ құны, не бұл қолданылатын жерде мұндай
активті басқа Халықаралық стандарттардың, мысалы, 2-Үлестік құралдар
негізіндегі төлемдер IFRS нақты талаптарына сәйкес оны бастапқы тану
кезіндегі бағалау сомасы.
Негізгі құралды сатып алған кездегі құнына мыналар жатады:
- Сатып алу бағасы;
- Жеткізуге кеткен шығындар;
- Қызметкерлерге төленетін өтем ақы;
- Және басқа да тікелей шығындар.
ҚЕХС 16 сәйкес негізгі құрал қарызға алған кезде, оның бастапқы құны
сатып алу кезіндегі құнмен танылады. Ал кейіннен сол құнмен және төленген
соманың арасындағы айырмашылық несиенің пайыздақ төлеу бойынша шығын
ретінде есепке алынады. Қарыз бойынша пайыздың капитализациялануы активті
құру кезінде болады.
ҚЕХС 16 сәйкес активтермен алмасу кезінде олар әділ құнымен бағаланады.
Егер әділ құны болмаған немесе сенімді болмағанда оны өзіндік құны
(баланстық құны) арқылы бағаланады. Әділ құн – жақсы хабардар, осындай
мәміле жасағысы келетін және бір-біріне тәуелсіз тараптардың арасында
мәміле жасаған кезде активті айырбастауға болатын сома.
Негізгі құралдар объектісінің өзіндік құны мынадай жағдайда ғана актив
ретінде танылуға тиіс, егер:
(а) осы активке байланысты болашақ экономикалық пайдалардың ұйымға
келіп түсуі ықтимал болса;
(b) осы объектінің өзіндік құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса.
Босалқы бөлшектер немесе сервистік қызмет көрсету әдетте босалқылар
ретінде ескеріледі және пайдада немесе залалда оның пайдаланылуына қарай
танылады. Алайда, ірі босалқы бөлшектер және резервтік жабдық, егер ұйым
оларды бір кезеңнен астам мерзім ішінде пайдалануды ұйғарса, негізгі құрал
ретінде сыныпталады. Осы сияқты, егер босалқы бөлшектер және сервистік
қызмет көрсету негізгі құралдар объектісін пайдалануға беруге байланысты
пайдаланылуы мүмкін болса, олар негізгі құралдар ретінде ескеріледі.
16 стандарттың тану принципіне сәйкес ұйым негізгі құралдар бойынша
өзінің барлық шығындарын оларды шеккен кезде бағалайды. Бұл шығындар
негізгі құралдар объектісін сатып алуға немесе салуға байланысты шеккен
шығындарды, сондай-ақ кейіннен үстелумен, ішінара алмастырумен немесе
осындай объектіге қызмет көрсетумен шеккен шығындарды қамтиды.
Актив ретінде танылуы мүмкін негізгі құралдар объектісі бастапқы құн
бойынша бағалануға тиіс.
Негізгі құралдар объектісінің бастапқы құны мыналарды қамтиды:
(а) импорттық бажды, сатып алуға шығатын өтелмейтін салықты қоса
және сауда жеңілдіктері мен қайтаруларды шегеріп сатып алу бағасы.
(b) активті керек жерге жеткізуге және йым басшылығының ниетіне
сәйкес оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін күйге келтіруге тікелей
жатқызылған кез- келген шығындар.
(с) Негізгі құралдар объектісін бөлшектеуге және жоюға және өздері
тұратын учаскеде табиғат ресурстарын қалпына келтіруге шыққан шығындарды
бастапқы бағалау, бұған қатысты міндетті, осы объектіні сатып алған кезде,
не осы кезең ішінде босалқылар өндіруге байланысты емес мақсаттарда белгілі
бір уақыт кезеңі бойы оны пайдалану нәтижесінде ұйым өз мойнына алады.
Негізгі құралдардың бастапқы құнын анықтау барысындағы тікелей
шығындарға жатқызу мысалдары мыналар болып табылады:
(а) негізгі құралдар объектісін салуға немесе сатып алуға тікелей
байланысты туындайтын, қызметкерлерге сыйақы төлеуге арналған шығындар (19-
Қызметкерлерге берілетін сыйақылар IAS Халықаралық стандартындағы
анықтамаға сәйкес);
b) алаңды әзірлеуге арналған шығындар;
c) жеткізуге және түсіруге арналған бастапқы шығындар;
d) орнатуға және жинастыруға арналған шығындар;
e) активті керек жеріне жеткізу және оны қажетті күйге келтіру
(мысалы, жабдықты сынақтан өткізген кезде алынған үлгілер)
процесінде жүргізілген, кез келген объектілерді сатудан
алынған таза түсім шегерілгеннен кейін активтің тиісінше
жұмыс істеуін тексеруге шыққан шығындар;
Ұйым 2-Босалқылар IAS стандартын объектіні бөлшектеуге, жоюға және
өзі тұратын учаскеде табиғи ресурстарды қалпына келтіруге шыққан, бұл
объектіні осы кезең ішінде босалқылар өндіру үшін пайдалану нәтижесінде
белгілі бір кезең бойында шеккен шығындарға қолданады. 2 IAS немесе 16 IAS
стандарттарға сәйкес ескерілетін шығындарға қатысты осы міндеттер 37-
Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер IAS
стандартына сәйкес танылады және бағаланады [10].
16 стандартқа сәйкес негізгі құралдар объектісіне жұмсалатын шығындарға
жатқызылмайтын шығындардың мысалдары мыналар болып табылады:
(а) жаңа өндірістік немесе техникалық құрылыстар ашуға арналған шығындар;
b) жаңа өнімді немесе қызмет көрсетулерді енгізуге арналған
шығындар (жарнамаға және өнімді жылжытуға арналған шығындарды
қоса);
c) жаңа орында немесе клиенттердің жаңа санатына шаруашылық
қызметті жүргізуге арналған шығындар (қызметкерлерді даярлауға
және оқытуға арналған шығындарды қоса);
d) әкімшілік және басқа жалпы үстеме шығындар.
Кәсіпорындарда негізгі құралдардың тозуы олардың пайдалы қызмет мерзіміне
қарай есептеледі.
16 стандартқа сүйенсек, пайдалы қызмет мерзімі - бұл:
(а) ұйымның активті пайдалануы күтілетін уақыт кезеңі;
(b) активті пайдаланудан ұйым алады деп болжанып отырған өндіріс
бірлігінің немесе сол сияқты бірліктердің мөлшері.
Негізгі құралдар объектісі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін немесе
қоршаған ортаны қорғау мақсаттарында сатып алынуы мүмкін. Осындай негізгі
құралдарды сатып алу қолда бар нақты негізгі құралдар объектісін
пайдаланудан алынатын болашақ экономикалық пайдалардың ұлғаюына тікелей
байланысты болмаса да, ұйымға тиесілі басқа активтерді пайдаланудан
алынатын болашақ экономикалық пайдаларды ұйымның алуы үшін қажет болуы
мүмкін. негізгі құралдардың осындай активтері активтер ретінде танылуы
мүмкін, өйткені, егер осы объектілер сатып алынбаған болса, алынуы мүмкін
болатындардан тыс тиісті активтерден ұйымның болашақ экономикалық пайдалар
алуын қамтамасыз етеді.
16 стандарттың 7-тармақшасында айтылған тану принципіне сәйкес, ұйым
негізгі құралдар объектісінің баланстық құнында осы объектіге күнделікті
қызмет көрсетуге арналған шығындарды танымайды. Оның орнына, ондай шығындар
пайдалар мен залалдар шегу жағдайына қарай сонда танылады. Күнделікті
қызмет көрсетуге арналған шығындар негізінен жұмыс күшіне және шығыс
материалдарына жұмсалған шығындардан тұрады, сондай-ақ жиынтықтаушы
бөліктер сатып алуға шығатын шығындарды қамтуы мүмкін. Бұл шығыстардың
мақсаты көп жағдайларда негізгі құралдар объектісін жөндеу және ағымдағы
қызмет көрсету ретінде көрсетіледі.
Негізгі құралдар объектісін одан әрі пайдалану шарттары (мысалы, әуе
кемесін), бұл жағдайда бөлшектер ауыстырылғанына немесе ауыстырылмағанына
қарамастан, ақаулардың бар-жоғын ұдайы ірі техникалық тексеруден өткізу
болуы мүмкін. Осындай әрбір тексерістен кейін оған шыққан шығындар, тану
өлшемдері сақталған жағдайда, негізгі құралдар объектісінің баланстық
құнында танылады. Баланстық құнда басқа алдыңғы тексеруге шыққан кез келген
шығындар сомасы (бөлшектерді нақты ауыстыруға шыққан шығыстардан өзгеше)
есептен шығарылуға тиіс. Бұл негізгі құралдар объектісін сатып алу немесе
салу жөніндегі операцияда, алдыңғы тексеруге шыққан шығындар болған-
болмағанына қарамастан, жасалады. Қажет болған жағдайда, осы сияқты
тексеруді өткізуге жұмсалатын болжамды шығындар болашақта негізгі құралдар
объектісін сатып алу немесе салу кезінде баланстық құнның құрамдас бөлігі
болған, тексеруге шыққан шығындар сомасының көрсеткіші болуы мүмкін.
Негізгі құралдар объектісінің баланстық құнына шығындарды тану, ондай
объект керек жерге жеткізіліп, ұйым басшылығының ниетіне сәйкес оның жұмыс
істеуін қамтамасыз ететін күйге келтірілген кезде, тоқтатылады. Сөйтіп,
негізгі құралдар объектісін пайдалану немесе қоныс аудару барысында шеккен
шығындар осы объектінің баланстық құнына қосылмайды. Мысалы, мына шығындар
негізгі құралдар объектісінің баланстық құнына қосылмайды:
- ұйым басшылығының ниетіне сәйкес жұмыс істей алатын объект әлі
пайдаланылмайтын немесе толық қуатында жұмыс істемейтін кезеңде шеккен
шығындар;
- мысалы, осы объект өндіретін өнімге сұраныстың өсу процесінде шеккен
бастапқы операциялық залалдар;
- компанияның ішінара немесе толық қоныс аударуға немесе қызметін қайта
ұйымдастыруға арналған шығындары.
Кейбір операциялар негізгі құралдар объектісін салуға немесе дамытуға
байланысты жүзеге асырылады, бірақ осы объектіні керек жеріне жеткізу және
ұйым басшылығының ниетіне сәйкес оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін
қажетті күйге келтіру үшін қажет болып табылмайды. Осы қосымша операциялар
салу немесе дамыту жөніндегі жұмыстар басталғанға дейін немесе соның
барысында жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, құрылыс алаңын құрылыс
басталғанға дейін автоаялдама ретінде пайдаланудан кіріс алуға болады.
Қосымша операциялар объектіні керек жерге жеткізу және ұйым басшылығының
ниетіне сәйкес оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін керек жағдайға келтіру
үшін қажет болып табылмайтындықтан, кіріс және осындай операцияларға тиісті
шығыстар пайда немесе залал ретінде танылуға және кіріс пен шығыстың тиісті
баптарына енгізілуге тиіс.
Өз күшімен құрылған активтің бастапқы құны тап солай сатып алынған актив
құнының принциптері негізінде анықталады.
Егер негізгі құралдардың жеке объектісі қайта бағаланса, онда осы актив
жатқызылған негізгі құралдардың барлық тобы да қайта бағалануға тиіс.
Ұйымның операцияларында оларды пайдалану мазмұны мен сипаты бойынша
бірдей активтер тобы негізгі құралдар тобы деп аталады. 16 стандартта
негізгі құралдардың жекелеген топтарына мысалдар келтірілген:
- жер учаскелері;
- жер учаскелері және ғимараттар;
- машиналар мен жабдықтар;
- су кемелері;
- әуе кемелері;
- автокөлік құралдары;
- жиһаз және инженерлік жабдықтың салынатын элементтері;
- кеңсе жабдығы.
Объектілерді негізгі құралдардың бір тобының ішінде қайта бағалау
активтерді таңдап қайта бағалауды, сондай-ақ қаржы есептілігіне шығындар
мен әр күнгі құндардың қосындысы болып табылатын сомалардың қаржы
есептілігіне енуін болғызбау мақсатымен бір мезгілде жүргізіледі. Алайда,
егер қайта бағалау қысқа уақыт ішінде жүргізілетін болса, және нәтижелер
ұдайы жаңартылып отыратын болса, активтер тобы сырғымалы кесте бойынша
қайта бағалануы мүмкін.
Жер учаскелері мен ғимараттар есепте бөлек көрсетілетін, тіпті олар бірге
сатып алынса да, бөлінетін активтер болып табылады. Карьерлер және қоқыс
төгуге бөлінген алаңдар сияқты кейбір учаскелерді қоспағанда, жер
учаскелерінің шексіз пайдалану мерзімі болады және амортизациялауға
жатпайды. Үйлердің пайдалану мерзімі шектеулі, сондықтан олар
амортизацияланатын активтер болып табылады. Үй тұрған жер учаскесі құнының
ұлғаюы осы үйдің амортизацияланатын құнын анықтауға ықпал етпейді.
Егер жер учаскесінің құны бөлшектеуге, объектіні жоюға және осы
учаскедегі табиғи ресурстарды қалпына келтіруге арналған шығындарға
қосылса, онда жер активі құнының осы бөлігі осындай шығын шегуден пайда алу
кезеңінің ішінде амортизацияланады. Кейбір жағдайларда жер учаскесінің
пайдалы қызмет мерзімі шектеулі болуы мүмкін, онда ол одан болатын пайданы
көрсететін тәсілмен амортизацияланады.
2 АВГУР ЖШС-НІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІН
ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Авгур ЖШС-нің экономикалық көрсеткіштері
және есепті ұйымдастыру
Авгур ЖШС-і өзінің жұмысын 2000 жылдың 24 наурызынан бастады. Жеке
меншік. Ережеге сәйкес, мекеменің негізгі жұмыс түрі бағдарламалық
қамсыздандыру және оргтехниканы реализациялау болып табылады.
Жауапкершілік мөр, жеке баланс, банк есептері, өзінің атауымен
бланкілерге ие. ЖШС-ның мақсаты негізгі жұмыс көзінен пайда табу және оны
ЖШС-ның мақсаттарында қолдану болып табылады.
Өзінің мақсаттарына жету үшін өз атынан келісімшарттар құруға құқығы бар,
мүліктік және мүліктік емес құқықтарды алуға, міндеттерді орындауға, сотқа
шағымдануға және сотта жауапты бола алады. Жауапкершілік ҚР
территориясында және шетелдерде филиалдарын және құра алады, басқа заңды
тұлғалармен бірігуге және басқа заңды тұлғаларға басшылық жасай алады.
Жауапкершіліктің міндетіне мыналар кіреді: қаржылық және статистикалық
қорытынды, өзінің жұмысының қорытындылары, заңда белгіленген тәртіп
бойынша, жауапкершіліктің еңбек ұжымы әлеуметтік және заңдық кепілдіктер
бойынша қамтамасыздандырылады.
Басқару құрылымын орындайтын тұлғалар болып ЖШС директоры, атқарушы
директор саналады.
Бухгалтерлік есепті орындайтын тұлға болып бас бухгалтер, ЖШС
бухгалтериясы бөлімінің бастығы болып саналады.
Мекеменің ұйымдастыру қызметі бойынша Авгур ЖШС-ның жалпы жүйесі
былайша бөлінеді:
- қаржылық есебі, ХҚЕС шот жоспарларында көрсетілетін шоттар, олар
бойынша ЖШС кірістері мен шығындары қалыптасады.
- басқару есебі – салыстырмалы ақпарат, ЖШС жетекшілігі бойынша
құрастырылатын, қаржылық және салық есептерінің шығыстары, жүріп жатқан
жағдайларға байланысты және басқару шешімдерінің қабылдануына қажетті
қорытынды талдаулар.
Кәсіпорынды басқару кезінде сәтті қызмет жүргізу үшін ұйымдастырушылық
және өндірістік құрылымына көп көңіл бөлінеді.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы - бұл кәсіпорынның өндірістік
бөлімдерінің құрамы мен көлемін, олардың арасындағы өзара байланыстарының
формасын, бөлімдердің қуаттылығы бойынша арақатынасын жұмысшылардың санын
және кәсіпорын территориясындағы бөлімдердің орналасуын біріктіретін
өндірістік үдерісті ұйымдастырудың кеңістіктік формасы.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы еңбектің кәсіпорын бөлімдері арасында
бөліну сипатын, сонымен қатар олардың өнімді өндірумен байланысты біртұтас
өндірістік үдерістегі кооперирленген байланыстарын көрсетеді. Ол
кәсіпорынның тиімділігіне және бәсекегеқабілеттілігіне маңызды әсер етеді.
Өндірістік кәсіпорындардың құрамы, көлемдері, олардың пропорционалдық
дәрежесі, кәсіпорында территориясында орналастыру ұтымдылығы, өндірістік
байланыстардың тұрақтылығы өндірістің ырғақтылығына және өнім шығару
бірегейлігіне әсер етіп, өндіріс шығындарын және өз кезегінде кәсіпорынның
таза табысының деңгейін анықтайды. Сондықтан да кәсіпорынның тиімді
өндірістік құрылымы келесі талаптарға сай келуі керек:
• өндірістік құрылымның қарапайымдылығы (өндірістік бөлімдер құрамының
жеткілікті және шектеулі болуы);
• өндірістік құрылымның бейімділігі, икемділігі, яғни, оның нарықтың
өзгермелі конъюктурасына сәйкес барлық өндірістік үдерістерді
басқаруды шұғыл түрде өзгертуіне қабілеттілігі.
Өндірістік құрылымдардың екі типін бөліп ажыратады:
1. Кешендік өндірістік құрылым (көп кезеңді). Осындай құрылым кезінде
кәсіпорында өндірістік үдерістің барлық кезеңдері болады: дайындама,
өңдеуші және шығарушы .
2. Мамандандырылған (1–2 кезеңдік ) өндірістік құрылым, мұндай құрылым
кезінде бір немесе екі өндіріс кезеңдері болмайды. Жетіспейтін кезеңдер
бойынша өндірістік үдеріс басқа кәсіпорындармен бірге құрылатын
кооперирленген жеткізбелер арқылы қамтамасыз етіледі. Берілген кәсіпорында
мамандандырылған өндірістік құрылым пайдаланылады.
Авгур ЖШС өндірістік құрылымының негізгі элементтері болып бөлімдер
мен қызмет бөлімдері болып табылады. Олар жоспарлардың өндірістік кестеге
сәйкес нақты белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз ететін түрлі
қызметтерді жүзеге асырады. Авгур ЖШС өндірістік құрылымының 2 суретте
көрсетілген.
Сурет 2 Авгур ЖШС-ның өндірістік құрылымы
Басқару аппаратының ұйымдастырушылық құрылымы– бұл өндірісті басқару
бойынша еңбекті бөлу формасы. Әр бөлім мен лауазым белгілі бір басқару
қызметтерінің немесе жұмыстарының жиынтығын орындау үшін құрылады.
Бөлімнің қызметтерін орындау үшін олардың лауазымды тұлғалары ресустарды
басқару бойынша белгілі бір құқықтарға ие болады және бөлімге бекітілген
қызметтерді орындауға жауапты болады.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының схемасы бөлімдер мен
лауазымдардың, олардың арасындағы байланыстар сипатының статикалық жағдайын
көрсетеді. Келесідей байланыстарды ажыратады:
- сызықтық(әкімшілік бағыну),
- қызметтік (әкімшілік бағынусыз қызмет түрі бойынша),
- қызметаралық , немесе кооперирленген (бір деңгейлі бөлімдер арасында).
Байланыстардың сипатына байланысты басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының
негізгі бірнеше типін бөлуге болады:
- сызықтық;
- қызметтік;
- матрицалық;
- дивизиондық;
- көпшілікті.
Берілген кәсіпорында ұйымдастыру құрылымында қызметтік байланыстар
жүргізіледі. Қызметтік ұйымдастыру құрылымы қызметтік басқару мен
әкімшілік басқару арасында тығыз байланыс орнатады. (сурет 3)
ҚБ – қызметтік басқарушылар
ҚО- қызметтік орындаушылар
Cурет 3 Авгур ЖШС-ның басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
Өндірістік үдерісті ұйымдастыру және оның әсерлілігі өзінің көрінісін
еңбектің нәтижелерін сипаттайтын негізгі экономикалық көрсеткіштерде
табады. Оларға мыналарды жатқызуға болады: өндірілетін өнімнің өзіндік
құны, табыстың абсолютті және қатысты, жұмыс күшін және негізгі қорларды
пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері,қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері.
Авгур ЖШС-ның экономикалық және шаруашылық дамуының жалпы деңгейін
сипаттайтын негізгі көрсеткіштер кесте 1 көрсетілген.
Кесте мәліметтеріне сәйкес , өнімді сатудан түскен табыс 2011 жылы 2010
жылмен салыстырғанда 9% төмендеп, 800000 мың теңгені құрады.
Есепті кезеңдегі кәсіпорындағы жұмысшылардың орташа тізімдік саны 18,8%
кеміп, 40 адам болды.
Негізгі қорлардың орташа жылдық құны +8,4, ал айналымдық қорлар –17,4%
төмендеді..
Еңбек өнімділігінің көрсеткіші де +12,1% артып, бір адамға шаққанда
12307 мың теңгені құрады.
Негізгі қорларды қолданудың тиімділік көрсеткіші – қорқайтарымдылығы–
өткен жылмен салыстырғанда 0,8% төмендеді 54,7тгтг. құрады,, бұл
көрсеткіш 2010 жылы 55,1 тг.тг. болды.
Cәйкесінше, қорсыйымдылығы да жоғарылады. 2010 жылы өнімнің бір
теңгесіне 0,0181 теңге көлемінде қорлар шығындалса, 2011 жылы бұл
көрсеткіш 0,0182 теңге болды.
Өткізілген өнімнің өзіндік құны 85% артты.
Таза табыс өткен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz