Нотариаттың Қазақстан Республикасында қалыптасуы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...3
1-тарау. Нотариалдық қызмет және оны ұйымдастыру.
1.1. Нотариат туралы жалпы түсінік және оның қалыптасу тарихы ... ... ... 5
1.2. Нотариаттың Қазақстан Республикасында қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ..7
2-тарау. Қазақстан Республикасының заң нормаларына сәйкес нотариусқа
қойылатын талаптар.
2.1. Нотариат туралы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес нотариусқа
қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2. Нотариустың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі ... ... ... ... 31
2.3. Нотариустың қызметін қадағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
3-тарау. Нотариаттық іс жүргізу негіздері.
3.1. Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес орындалатын нотариаттық іс-
әрекет түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43
3.2. Нотариаттық іс-әрекетті жасауда туындайтын өзекті мәселелер ... ... ... 58
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .60
Қолданылған нормативтік құқықтық актілер және әдебиеттер тізімі ... ... ... 64
Кіріспе
Нотариат – мамандық емес, нотариат – бұл тағдыр
Орлов Нотариаттық палатасының президенті., Псарёв Э.С.[1]
Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтары мен заңмен
қорғалатын мүдделерін жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік органдардың әр
түрлі мекемелеріне жүктелген. Нотариат – осылардың бірі болып табылады.
Нотариат институтының дамуы Республикамыздың нарықтық экономикаға қадамын
басқаннан кейін, нотариустар қызметінің маңызының өсуімен ерекшеленеді.
Нотариат туралы Қазақстан Республикасының № 155 Заңы 1997 жылы 14
шілде күні қабылданды (өзгертулер және толықтырулар 2007 жылы 2-
қыркүйегінде енгізілген). Осы заң негізінде Қазақстан Республикасында
нотариаттық қызметті ұйымдастыруға бағытталған бірқатар реформалар жүзеге
асырылды. Бұл заң өз бойына бұрыңғы заңдардан ең жақсысын сіңіріп, бірақ
оның бәрін ескере отырып, жаңа нормалар мен институттарды, құрылымы мен
ұйымдастырылуы өзгерді. Яғни, қазір жеке нотариустар институты пайда болды.
Жеке практикамен айналысатын нотариустардың мемлекеттік нотариаттық
кеңселерде қызмет ететін нотариустар сияқты азаматтардың заңды мүдделерін
қорғауға және даусыз құқықтарын куәландыруға құқықтары бар.
Еліміздің құқық қорғау жүйесіндегі маңызды салалардың бірі
нотариат болып табылады. Нотариат – құқықтар мен фактілерді куәландыру,
сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттер арқылы жеке және заңды тұлғалардың
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесін
құрайды. Нотариаттық іс-әрекетті Нотариат туралы Заңында қарастырылғандай,
мемлекеттік және жеке нотариустар, нотариаттық әрекеттер жасауға өкілетті
жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары, консулдық қызмет
атқаратын адамдар жүзеге асыра алады.
Дипломдық жұмысымның тақырыбы ретінде – Қазақстан Республикасында
Нотариаттың қалыптасуы. Нотариатың қызметін нормативтік құқықтық реттеу
деген негізгі тақырыбымның өзекті сұрақтары мен мәселелерін қарастырып,
мүмкінді оларінше оларды барынша тереңдетіп зерттеу болып табылады.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – нотариат қызметінің рөлін
азаматтардың құқықтарын қорғау барысындағы зор үлесін ашып, сондай – ақ
нотариус болуға қандай талаптар қойылады және нотариат қызметі жайлы
тақырыпты ашу. Нотариустар іс-әрекеттер жасағанда тәуелсіз болады және тек
қана еліміздің заңдарын, нормативтік құқықтық актілерді, халықаралық
шарттарды басшылыққа алып, бағынады, жасаған іс-әрекеттер құпиясын сақтауға
кепілдік береді.
Нотариустар өз қызметінде нормативтік актілерді басшылыққа алады,
оларға төменднгідей құқықтар мен міндеттер жүктелген:
- жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне сәйкес іс-әрекеттер жасауға,
мәмілелердің, өтініштер мен құжаттардыңжобаларын жасауға, құжаттардың
көшірмелерін және олардың үзінділерін әзірлеуге, нотариаттық іс-әрекеттер
жасау мәселелері бойынша кеңестер беруге, заң актілерінде белгіленген
коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын
мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және
заңды тұлғалардың нотариатық қызмет жасауға қажетті құжаттар мен
мәліметтерді талап етуге, ғылыми, педагогтік және шығармашылық қызметпен
айналысуға, соның ішінде жалдау шарты бойынша айналысуға;
- заңға және басқа да нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес
нотариаттық іс-әрекеттер жасауға, азаматтарға және заңды тұлғаларға
құқықтар мен міндеттерді, олардың заңды білмегендігі өздеріне зиян
келтіруге пайдаланылуына жол бермеу үшін, жасалған нотариаттық іс-
әрекеттерінің салдарлары жөнінде ескертуге, кәсіптік қызметін жүзеге
асыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді құпия ұстауға, заңға
сәйкес келмейтін жағдайда нотариаттық іс-әрекеттер жасаудан бас тартуға,
кәсіптік әдепті сақтауға, әділет органдарына және нотариаттық палатаға өз
қызметіне байланысты шағымдар бойынша мәліметтер, басқа да құжаттар, ал
қажет болған жағдайларда жеке түсініктемелер, оның ішінде кәсіптік әдеп
талаптарын сақтамау мәселелері бойынша түсініктемелер беру.
Бірақ нотариус заңсыз әрекеттер жасаған жағдайда еліміздің заңдарында
көзделген қылмыстық, әкімшілік, материалдық, тәртіптік және өзге де түрде
жауапқа тартылуы мүмкін. Жеке практикамен айналысатын нотариус өзінің
кәсіптік міндеттері мен әдеп нормаларын бұзған жағдайда оны нотариаттық
палата Нотариустың ар-ождан кодексіне сәйкес жауапқа тартылуы мүмкін.
Әділет министрлігі және оның аумақтық органдары, сондай-ақ
нотариаттық палата да жеке нотариустың жасаған нотариаттық іс-әрекеттерінің
заңдылығын және іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылайды.
Нотариус атқаратын негізгі әрекеттер: мәмілелерді куәландырыды;
шаруашылық серіктестіктердің құрылтай құжаттарын куәландырыды; мұраға
сенімгерлік басқарушыны тағайындайды; мұраға құқық туралы куәліктер береді;
құжаттардың көшірмелері мен олардан аынған үзінділердің дұрыстығын
куәландырыды; құжаттарға қойылған қолдаың түпнұсқалығын куәландырыды;
мүлікті иеліктен алуға тыйым салады және салынған тыйымды алып тастайды
және т.б. Осы сипатталған әрекеттердің жасалу ерекшеліктерін қарастыру.
Тақырыпты зерттеу барысында отандық нормативтік құқықтық актілер
талданып, зерделенді.
Зерттеу жұмысы құрылымы бойынша үш тараудан, жеті бөлімнен, сонымен
қатар кіріспе және қорытынды бөлімдерінен тұрады. Жұмыстың соңында
қолданылған нормативтік актілер мен әдебиеттер тізімі келтірілген.

1.1. Нотариат туралы жалпы түсінік және оның қалыптасу тарихы.
Нотариат – институт ретінде өз тарихын сонау Ежелгі Римде Республика
қалыптасқан кезден бастайды. Сол замандарда римдіктерде арнайы лауазымды
тұлғалардың институты қалыптасқан – хатшылар. Олардың негізгі –
магистрлердің бұйрықтарын жазбаша түрде рәсімдеу және преторлардың
шығаратын сот формулаларын жазу болып табылады.
Сондай-ақ лауазымды жазушылармен қатар, жеке жазушылар дәрежесі
болған. Олар бай римдіктердің үйлерінде хатшы қызметін атқарған. Негізгі
міндеттері – іскерлік хаттамаларды жүзеге асыру және арнайы рәсімдеу.
Сонымен қатар, осы иелерінің заңды мәмілелерін жүзеге асырған.
Осы қызметтерді жүзеге асырған тұлғалар нотариустар деп аталған.
Notaril – nott сөзі, дәлірек аударғанда, стенографиялық белгі, яғни
жазушылардың жазбаларын жылдамдатуға арналған, арнайы ойлап шығарылған
белгілердің жиынтығы.
Уақыт өте келе, азаматтық айналымдардың өркендеуіне байланысты, Римде
табеллиондар институты қалыптасқан.Осылар қазіргі кездегі нотариаттың
атасы деп айтуға толық сенім бар.
Табеллиондар кез – келген тұлғаның талабы және сыйақысы негізінде,
заңды актілр мен сот қағаздарын құрастыруымен айналысқан. Сыйақы мен
төлемақы мөлшерін мемлекет өзі белгілеген.
Табеллиондар еркін мамандықтың тұлғалары болып есептегенімен, мемлекет
оларды үнемі бақылап, қызметтерін тексеріп жүрген. Табеллиондар өз қызметі
барысында рәсімделген құжаттардың барлығын заңға сәйкестігін бақылап,
олардың мазмұгы мен нысанын дұрыс орындалуын сақтауға міндетті болатын.
Осы іс-әрекеттердің барлығы арнайы оқшауланған үйлерде, қаланың
орталық көшелерінде және алаңдарында, тек келеңсіз жағдайлар туындаған
кезде – жеке үйлерде жүзеге асырылған.
IV ғ кейін нотариаттың жаңа нысаны – шіркеулік нотариат пайда болған.
Хатшылар, яғни нотариустар, шіркеу істері бойынша туындайтын құжаттар мен
қағаздарын дайындап жасаған болатын. Осы нотариустардың негізгі қызметі
болып – шіркеудің жоғарғы шенеулігін тағайындау жөнінде актілерді щығару,
сондай-ақ талқылауларды жазып, шіркеу жиналыстарында отарыстардың негізгі
мазмұнын жазып тұру болған. Бұл нотариустардың қызметінің негізгі міндеті –
шіркеу мүдделерін және шіркеу атынан рәсімделетін құжаттар мен актілерді
жүзеге асыру болып табылатын.
VIII ғ басында шіркеулік нотариат өз қызметін азаматтық құқықтық
қатынастарға да таратты. XVғ зайырлы биліктің күшеюінің негізінде,
шіркеулік нотариат лауазымын жойды. Сол кезден бастап нотариат толығымен
мемлекеттік орган болып орнатылды.
Нотариустар мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар болып жұмысын
атқара бастады. Олар мемлекеттің жоғарғы билігімен тағайындалды немесе
феодалдық биліктің атынан қызметін атқарды.
Нотариустардың қызметі сол кезде заң жүзінде күшін ұлғайтып, Италияның
ең үлкен деген қалаларына тарай бастады. Нотариат – копоративті құрылғы, ол
нотариустардың мүдделерін қорғайтын кепілі болып дамыған. Нотариустардың
қызметі ұлғая бастады. Олар тек қана құжаттар мен актілерді дайындау ғана
емес, енді сот және әкімшілік органдардың қызметіне мүшелік танытып, сот
процкстеріне қатысып, қатысушылардың көрсетулерін тіркеумен айналысуға
құқықтары пайда болды. Сондай-ақ сот шешімдерін құрастыруға қатысқан.
Әкімшілік органдардың қызметіне де зор үлесі – әкімшілік бұйрықтар мен
декреттерді құрастыруы болып табылады.
Осы іс-әрекеттерге қоса отырып, нотариустар тек оларға тән нотариаттық
іс-әрекеттерді орындаған: шарттарды құрастыру; мәмілелер, мәтіндер,
азаматтық құқықтық мәмілелерді, өсиеттер мен третейлік соттардың актілерін;
көшірмелерді куәландыру және т.с.с. қызметтерін орындаған. [2]
1.2. Нотариаттың Қазақстан Республикасында қалыптасуы.
Нотариаттың Қазақстан Республикасында қалыптасуын келесідей
кезеңдермен қарастыруға болады:
- 1994 жылы Қазақстандағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы
бекітілді.
- 1997 жылы, 14 шілдесінде Нотариат туралы Қазақстан Республикасының
Заңы қабылданды.
- 1997 жылдың желтоқсанында Әділет министрлігі мемлекеттік нотариустарды
аттестациядан өткізді. Аттестация тек қана нотариустардың біліктілік
дәрежесі мен мамандығын ғана емес, сонымен қатар нарықтық ойлау
қабілеттілігін де тексерді.
- 1998 жылы 25 сәуірде нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқық
берген алғаш лицензиялар қолға тапсырылған.
- 1998 жылы қаңтары мен тамызы аралығында нотариаттық мәселелерін қамтитын
30 – дан астам нотариаттық құқықтық актілер жобаланды.
- 1998 жылдың қыркүйегінде Павлодар қаласында алғаш республикалық деңгейде
нотариустарға арналған семинар өткізілді.
- 1998 – 1999 жылдар. Жеке нотариустардың жұмысын реттеу мен бақылау
мәселелері бойынша республикамызда жаңадан құрылған ұйым – территориалдық
нотариалдық палаталар пайда болды (ТНП).
- 18. 02. 2000 жылы Территориалдық палаталар өкілдерінің алғаш құрылтай
сьезі өткізілді. Оның нәтижелері бойынша Республикалық нотариалдық палата
құрылды.
- 2000 жылдың желтоқсан айынан бастап 2001 жылдың маусымына дейін
республиканың барлық нотариустардың біліктілік дәрежесін жоғарлату
мақсатында, мұрагерлік құқық мәселелері мен сұрақтары бойынша аудандық
семинарлар өткізілді.
- 2001 жылдың тамыз айында Қазақстандағы құқықтық реформа атты
бағдарламасы басталды.
- 2001 жылдың қыркүйек айында Республикалық нотариалдық палата Афин
қаласында өткен Латын нотариатының кеңесіне қадағалаушы ретінде қатысты.
- 2002 жылдың мамыр айы. Республикалық нотариалдық палата Халықаралық
симпозиумге қатысты. Тақырыбы: Шығыс Еуропа, Ресей Федерациясы және ТМД-
дағы нотариаттың әлеуметтік ролі.
- 2002 жылдың маусымында Республикалық нотариалдық палата Әділет
министрлігімен бірігіп, Нотариат туралы Заңға өзгертулер мен
толықтырулар еңгізу туралы заң жобасын құрастырды. Оның мақсаты:
мемлекеттегі нотариаттық жүйені дамыту болып табылады.
- 2003 жылдың 5 мамырда Нотариат туралы Қазақстан Республикасының Заңына
өзгертулер мен тоықтырулар Заңы қабылданды. Осы заңды ресми бекітудің
қорытындылары: нотариат – пайда табуды көздемейтін және кәсіпкерлікпен
айналыспайтын қызмет болып табылады. Нотариат – көпшілік құқықтық институт.
Ол заңды және жеке тұлғалардың заңды мүдделерін қорғайтын, заңмен
бекітілген құқықтық жүйе болып табылады. Дамыған мемлекеттердің басым
көбісінде нотариат сот органдары сиқтылармен бір қатарға қойылады. Нотариат
қоғамның өміріндегі маңызы зор, себебеі ол азаматтар мен заңды тұлғалардың
заңды құқытарын қорғайтын инстанция.[3]
Сонымен, Қазакстан Реслубликасындағы қолданыстағы заңдарына
сәйкес: нотариат — кұқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ Заңда
көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс-
әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды түлғалардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.
Нотариат туралы заңдар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде
белгіленген нормалардан, Қазақстан Республикасыдағы Нотариат туралы
Заңнан (14 шілде 1997 ж.) және Қазақстан Республикасының нотариаттық
қызметті реттейтін өзге де заңдарынан тұрады.
Қазақстан Республикасында нотариаттық қызметке Заңмен белгіленген
кепілдіктер беріледі. Мұндай кепілдіктер қатарына төмендегілерді жатқызуға
болады:
- нотариустардың тәуелсіздігі. Яғни, нотариустар мен нотариаттық іс-
әрекеттер жасауға уәкілетгі басқа да адамдар нотариатгық іс-әрекеттер
жасағанда тәуелсіз болады және тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар
республикадағы қолданыстағы заңдарды және басқа нормативтік құқықтық
актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен, осындай қызметті
реттейтін халықаралық шарттарды басшылыққа алады.
- нотариаттық іс-әрекет құпиялығы. Яғни, нотариустар жеке және заңды
тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық іс-әрекеттердің құпиясын сақтауға
кепілдік береді. Сонымен қатар, нотариус ретінде қызметін токтатқан адамдар
нотариаттық іс-әрекеттердің құпиясын сақтауға міндетті. Бұл орайда,
нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, нотариус берген құжаттардың
көшірмелері немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық іс-әрекеттер
жургізілген заңды және жөке тұлғаларға, не олардың уәкілетті адамдарына
ғана беріледі. Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер мен құжаттар
өздері жургізіп жатқан
істер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының, өздері жүргізіп
жатқан атқарушылық ісжургізу ісгері бойынша атқарушылық ісжүргізу
органдарының жазбаша талап етуі бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ
әділет органдарының талабы бойынша ұсынылуы мүмкін.
Нотариаттық қызметті жүзеге асыру, нотариаттық іс-әрекеттер жасау
барысында нотариустар заң нормаларымен бекітілген және тәжірибе негізінде
қалыптасқан қағидаларға сүйенеді. Олар:
- реалистік қағидасы — бекітілген (нақгыланған, түзетілген) бюджет
көрсеткіштерінің орта мерзімді фискалдық саясатқа және Қазақстан
Республикасы мен аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді
жоспарының бекітлген(түзетілген) өлшемдері мен бағыттарына сәйкес келуі;
- транспаренттілік қағидасы — мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де
құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, Қазакстан Реслубликасының
бюджет заңдары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген
(нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы
есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты
міндетті түрде жариялау; бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржы
бақылауын жүргізу;
- дәйектілік қағидасы — бюджеттік қатынастар аясында бұйрык қабылданған
шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының сақтауы;
- тиімділік және нәтижелілік қағидасы — бюджеттерді бюджеттік бағдарламалар
паспорттарымен көзделген белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттілігін
негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті
оңтайлы көлемін пайдалана отырып әзірлеу және атқару немесе бюджеттік
қаражаттың бекітілген көлемін пайдалана отырып ең үздік нәтижені қамтамасыз
ету;
- басымдық қағидасы — бюджеттік процесті республиканың немесе аймақың
әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру;
- жауапкершілік қағидасы — бюджет процесіне қатысушыларды Қазақстан
Республикасының бюджеттік заңдарын бұзғаны үшін жауапқа тарту;
- бюджеттердің дербестік қағидасы — түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында
түсімдердің тұрақты түрде бөлініп тұруын орнықтыру және осы Кодекске сәйкес
олардың жумсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық
деңгейлерінің осы Кодекске сәйкес бюджет процесін дербес жүзеге асыру
құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған
кірістерді, жергілікті бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған
бюджетке алып қоюға жол берілмейтіндігі, тиісті өтемсіз төмен тұрған
бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмейтіндігі.
Біздің тәуелсіз мемлекетімізде жоғарыда сипатталған реформалар
негізінде мемлекеттік нотариустар және жеке практикамен айналысатын
нотариустар қызмет етеді. Мемлекеттік нотариус Заңда[4] аталған
талаптарға сай болуға тиіс, бұған нотариус лицензиясын алу туралы талаптар
қосылмайды.
Ал, жеке практикамен айналысатын нотариус ретінде - заңды тұлға құрмай,
лицензия негізінде нотариаттық қызметпен айналысатын, өзінің азаматтық-
құқықтық жауапкершілігін нотариаттық іс-әрекеттер жасау нәтижесінде зиян
келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша сактандырған,
нотариаттық палатаға мүше болған және аумақтық әділет органында есепке тұру
тіркеуінен өткен азамат танылады. Жеке практикамен айналысатын нотариус
банк мекемелерінде есеп айырысу шоты болуына және өзге де шоттар ашуға,
еңбек заңдарына сәйкес көмекшілер, техникалық қызметкерлер жалдап, оларды
жұмыстан босатуға, нотариаттық іс-әрекеттер жасаудан алынған табысқа билік
етуге, соттарда өз атынан сез сөйлеуге және Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес басқа да іс-әрекеттер жасауға құқылы.
Нотариаттық қызметті жүзеге асырудың бұл түрлері расындағы
ерекшеліктері олардың кеңсесіне қойылатын талаптармен де ерекшеленеді:
Мемлекеттік нотариат кеңсесі аумақтық әділет органының құрылымдық бөлімшесі
болып табылады; оның заңды тұлға кұқығы болмайды және осы орган бекіткен
Ереже негізінде жүмыс істейді. Мемлекеттік нотариат кеңселері Қазақстан
Республикасының аудандарында (қалаларында) орналасады. Мемлекеттік
нотариустың нотариаттьқ іс-әрекеттері үшін аумақтық әділет органы мүліктік
жағынан жауап береді.
Ал, жеке практикамен айналысатын нотариустың азаматтар мен заңды
тұлғалар өкілдерінің еркін кіріп-шығуына, нотариаттық іс-әрекеттер жасаудың
құпиялылығын сақтауға және нотариаттық ісжүргізудің сақталуын қамтамасыз
ету ушін жағдай жасауға жарамды үй-жайы болуға тиіс. Жеке практикамен
айналысатын нотариустар нотариаттьқ іс-әрекеттері үшін өзінің мүлкімен
жауап береді. Бұл тұрғыда жеке практикамен айналысатын нотариустың қызметін
сақтаңдыру жайлы айта кету керек. Жеке практикамен айналысатын нотариустар
Нотариат туралы Заңның 34-бабының 1-тармағында көзделген нотариаттық
әрекеттер жасау нәтижесінде зиян келтіру салдарынан туындайтын
міндеттемелер бойынша азаматтық-құқыктық жауапкершілігін сақтандыру шартын
жасасуға міндетті және оның мұндай шарт болмағанда нотариаттық іс-әрекеттер
жасауға кірісуге құқығы жоқ. Нотариустың нотариаттық іс-әрекеттер жасауы
нәтижесінде зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша
аэаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың тәртібі мен шарттары
Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді.

1. Нотариат туралы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес
нотариусқа қойылатын талаптар.
Елімізде қолданылып жүрген заң нормаларына сәйкес нотариусқа
келесідей талаптар: нотариус болып жоғарғы заң білімі бар, заң қызметі
саласында кемінде бір жыл еңбек тәжірибиесі бар, мемлекеттік не жеке
нотариуста сынақтан өткен, Әділет біліктілік алқасында біліктілік емтиханын
тапсырған, нотариаттық қызмет атқаруға рұқсат лицензия алған ҚР азаматы
қызмет етуі мүмкін. Нотариус өз қызметін атқару барысында тек
шығармашылық, педагогикалық қызметпен айналысуға құқылы болады.
Аталған талаптар Нотариат туралы заңда былай көрсетілген:
нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаға қойылатын біліктілік
талаптары:
Қазақстан Республикасының азаматтығы;
жоғары заң білімінің болуы;
әділет атгестаттау комиссиясында аттестаттаудан өту;
кемінде бір жыл мерзімде нотариуста тағылымдамадан өту.
2.1-тармақтың З)тармақшасында көзделген біліктілік талаптары:
Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасына біліктілік
емтихандарын тапсырған адамдарға;
тұрақты судьяларға;
өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және
заңдылықты бұзғаны үшін сот лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда.
тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдарға қолданылмайды.
1-тармақтың З)және 4) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптары
мемлекеттік нотариустарға, олар нотариаттық қызметпен айналысу құқығына
лицензия алуға ниет білдірген кезде қолданылмайды.
Заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған,
белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеттілігі
шектеулі деп танылған адам нотариус бола алмайды.
Нотариусқа қатысты ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылған,
нотариаттық қызметін лицензиядан айырылуына байланысты токтатқан не
нотариаттық әрекет жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын
бұзуға жол бергені үшін мемлекеттік нотариус лауазымынан босатылған адам
мұндай оқиға болғаннан кейін үш жыл бойы нотариус бола алмайды.
Осы тұрғыдан, біздің пікірімізше талаптардың әр қайсысына жеке-жеке
тоқталып өту қажет сияқты.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау қорытындысы
бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген лицензия
(нотариус лицензиясы) нотариусқа нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілдік
береді. Нотариус лицензиясы алуға қажетті құжаттардың тізбесі, лицензия
беру мерзімі мен тәртібі тиісті нормативтік құқықтық актілермен
белгіленеді.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдар Әділет министрлігі
құратын және Қазақстан Республикасы әділет органдарының, Республикалық
нотариаттык палатаның өкілдерінен Қазақстан Республикасы Парламенті екі
палатасының депутаттарынаи жәнө заңгер-ғалымдардан қурылатын Әділет
аттестациялық комиссиясыңда аттестациядан өтеді.
Қазакстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында емтихан
тапсырған адамдар, тұрақты судьялар жөне теріс қылықтар жасағаны жөне өз
міндеттерін орындау кезінде заңдылықты бұзғаны үшін судья қызметінен
босатылған судьялардан басқа тұрақты судьялар болып жұмыс істеген адамдар,
сондай-ақ мемлекеттік нотариалдық кеңселерде жұмыс істейтін нотариустар
(мемлекеттік нотариустар) аттестациядан өтпейді. Сондай-ақ, теріс себептер
бойынша жұмыстан шығарылғандарды қоспағанда, прокуратура, тергеу және
анықтау органдарында кемінде он жыл жұмыс істеген, адвокаттық қызметпен
айналысу құқығына лицензия алуға ниет білдірген прокурорлар, тергеушілер
және анықтаушылар аттестациялауға жатпайды.
Әділет аттестациялық комиссиясының құрамы мен оның жұмыс регламентін
Қазақстан Республикасының Әділет министрі бекітеді.
Аттестация екі кезеңнен тұрады:
1) заңнаманы білуіне компьютерлік тест тапсыру;
2) үміткердің білімін емтихан билеттері бойынша тексеру.
Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам
өзін аттестацияға жіберу туралы өтінішті Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді
ұйымдастыру комитетінің кеңсесі арқылы Комиссияға жолдайды.
Өтінішке мына құжаттар қоса берілуі тиіс:
1) фотосуреті бар жеке іс парағы;
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 51қаулысымен 4 тармақтың 2
тармақшасы алып тасталды.
жоғары заң білімі туралы дипломнын нотариалды куәландырылған көшірмесі;
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы №518 қаулысымен 4 тармақтың 4
тармақшасы алып тасталды.
5) ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 495 қаулысымен 4 тармақтың
5тармақшасы алып тасталды.
6) Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің немесе төлқұжатының
көшірмесі;
7) Үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және
психиатриялық диспансерлерден медициналық анықтамалар;
8) бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің
тұрғылыкгы жері бойынша берілген соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.
1) тармақшада көрсетілген адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына үміткер адамның ұсынған құжаты Комиссия бекіткен құжаттарды
тиісінше ресімдеу туралы талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Үміткер Комиссия отырысына келген кезде оның жеке басын куәландыратын
құжат (паспорт не жеке куәлік) өзінде болуы тиіс. Комиссияға келіп түскен
материалдар олар келіп түскен куннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей
қаралады.
Аттестацияға "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының
талаптарына (нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлер үшін
тағлымдамадан өту туралы талаптардан басқа) сай келетін Қазақстан
Республикасының азаматтары жіберіледі.
Үміткердің заңнамалық кесімдермен қойылатын талаптарға сәйкестігін
немесе сәйкессіздігін тексеру мақсатында Комиссия төрағасының тапсырмасы
бойынша Комиссия мүшелерінің бірі аттестациялық іс материалдарын
зерделейді, Қорытынды жасайды және Комиссияға ұсынады. Аттестациялық іс
материалдарын қарау қорытындылары бойынша Комиссия аттестацияға жіберу
туралы не жіберуден бас тарту туралы уәжді шешім шығарады. Егер үміткер
заңнамалық кесімдермен белгіленген талаптарға сәйкес келмесе,
аттестациялауға жіберуден бас тартылуы мүмкін. Аттестациялауға жіберуден
бас тартылған жағдайда Комиссия азаматқа шешім шығарылған күннен бастап 15
күннен кешіктірмей заңнама нормаларына сілтеме жасай отырып, уәжді шешімді
беруге міндетті. Аттестациялауға жіберуден бас тарту заңнамамен белгіленген
тәртіппен сотқа шағымдалуы мүмкін. Аттестациялауға жіберілген үміткер
аттестациялау өтетін орын, күні және уақыты туралы, оның өткізгенге дейін
10 күнтізбелік күннен кешіктірілмей, аумақтық әділет органдары арқылы
хабардар етіледі. Комиссия аттестациялауды қажеттілігіне қарай, бірақ
тоқсанына кеміне бір ретжүргізеді. Комиссия аттестациядан өткізу жөніндегі
көшпелі отырыстар ұйымдастыруға құқылы. Аттестацияға жіберілген үміткер
қолданыстағы заңнаманы білуіне тестілеуден өтеді.
Комиссия тестілеуді өткізудің адалдығын, шарттарының, уақытының,
қорытындыларын есептеудің және мазмұнының стандарттылығын камтамасыз етеді.
Тестілеу барысында өзінің мазмұны және көлемі бойынша әр түрлі Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасын білу тестілері адвокаттық және
нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлер үшін бөлек қолданылады.
Комиссия тестілеуге кіретін сұрақтардың тізбесін құрастырады және
бекітеді. Үміткерлердің білімін бағалауға арналған сұрақтар тиісті кәсіби
қызметті жүзеге асыру үшін білуді қажет ететін құқық салалары мен
пәндерінің тақырыптарына сәйкес келуі тиіс. Тест жауаптарының біреуі дұрыс
болатын кемінде үш нұсқадан тұруы тиіс.
Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлерді
тестілеу бөлек жүргізіледі. Үміткер өз қалауы бойынша тестілеуден
мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде өтуге құқылы.
Бұл ретте үміткер өз қалауын жазбаша растауы тиіс. Үмткерлер аттестацияны
өткізу тәртібімен, үміткерлерді іріктеу рәсімінің ұзақтығымен жане
мазмұнымен алдын ала таныстырылуы тиіс. Тестілеу компьютер техникасы
пайдалана отырып өткізіледі. Тестіленудің алдында үміткер тестілеудің өту
жөнінде егжей-тегжейлі нұсқау алады. Тестілеуден өту кезінде үміткердің
анықтамалық, арнайы жене өзге де әдебиетті, сондай-ақ қандай да бір
жазбаларды пайдалануына жол берілмейді. Үміткер көрсетілген талаптарды
бұзған жағдайда ол тестілеуден аластатылады. Тестілеудің дұрыс жауаптарын
есептеу пайдаланылатын компьютерлік бағдарламаның көмегімен өздігінен
жүргізіледі. Тестілеу нәтижелері принтерде екі данада басылады және
үміткерге жеке қол қойдыру жолымен танысу үшін ұсынылады. Тестілеу
нәтижелері бар қағаздың бір данасы үміткерге тапсырылады, екіншісі
Комиссияға беріледі. Егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың
жалпы санының 70 және одан жоғары пайызын құраса, үміткер тестілеуден өтті
деп саналады және екінші кезеңге жіберіледі.
Егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70
пайызынан аз болса, үмгткер тестілеуден өтпеді деп саналады. Үміткердің
білімін емтихан билеттері бойынша тексерген кезде өзінің мазмұны бойынша әр
түрлі билеттер, адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына
үміткерлер үшін жеке-жеке пайдаланылады.
Комиссия билеттерді құрастырады және бекітеді. Үміткерлердің білімін
бағалауға арналған сурақтар тиісті кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін білуді
қажет ететін құқық салалары мен пәндерінің тақырыбына сәйкес келуге тиіс.
Билеттерде үш сұрақтан болуға тиіс.
Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлер үшін
емтихан билеттері бойынша білімін тексеру бөлек жүргізіледі. Аттестациялау
билеттері Әділет министрлігінің мөрімен бекітілетін конверттерге салынады.
Аттестациялау билеттері салынған конверттерді Әділет аттестациялау
комиссиясының төрағасы аттестацияда аттестацияланушылардың және Әділет
аттестациялау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен ашуға тиіс. Емтихан
билеттерінің сұрақтарына жауап беру үшін аттестацияланушының дайындалуына
10 минуттан аспайтын уақыт беріледі. Аттестацияланушы ауызша айтқан
баяндаған және түсініктеме берген сұрақтарға аттестацияланушының берген
жауаптарының дұрыстығын Комиссия мүшелері бес баллдық жүйе бойынша
бағалайды. Комиссияның әрбір мүшесі аттестацияланушының (басқалардан
тәуелсіз) жауаптарын бағалайды. Екінші кезеңнің қорытындылары бойынша
төрағалық етуші Комиссия мүшелері ұсынған нәтижелерді есептейді, содан
кейін жинақталады және Комиссияның барлық қатысушы мүшелерінің санына
бөлінеді. Комиссия мүшелерінің бағалары, сондай-ақ аттестацияланушының
билет сұрақтары бойынша жинаған орташа баллдары Комиссияның хаттамасында
көрсетіледі. Егер жалпы орташа Баллы кемінде төрт баллды құраған үміткер
аттестациядан өтті деп саналады. Сұрақтар бойынша төрт баллдан аз жинаған
үміткер аттестациядан өтпеді деп саналады. Тестілеу жәненемесе емтихан
сұрақтарына жауабының нәтижелері бойынша Комиссия осы Ережеге 1,2-
қосымшаларда бөлгіленген нысандар бойынша аттестациялау туралы не
аттестацияламау туралы уәжді шешімді аттестация өткен күннен кейінгі күннен
кешіктірмей шығарады. Комиссияның шешімі екі данада жасалады, олардың
біреуі аттестациялық істе қалады, екіншісі - шешім шығарылған күні
үміткердің талабы бойынша беріледі. Комиссияның отырысында міндетті түрде
хаттама жүргізіледі, онда отырыстың күні, уақыты мен өткізілетін жері,
аттестацияланушының тегі, аты, әкесінің аты, тестілеу нәтижесі, емтихан
билетінің нөмірі мен мазмұны, аттестацияланушының жауаптары, билет
сұрақтары бойынша Комиссия мүшелерінін қойған бағалары және орташа
баллдары, сондай-ақ, Комиссияның шешімі көрсетіледі. Комиссияның
хаттамасына атгестацияға қатысқан барлық мүшелері қол қояды. Комиссияның
шешімі заңнамамен белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін. Комиссияда
аттестациядан өтпеген адам үш айдан ерте емес аттестацияға жіберу туралы
өтінішпен Комиссияға қайта жүгінуге кұқылы. Дәлелді себептер бойынша
аттестацияға келмеген үміткер, осы Ереженің 9-тармағында кезделген
тәртіппен, Комиссияның келесі отырысына шақырылады. Үміткер қайтадан келмей
қалған жағдайда, оның өтініші қараусыз қалдырылады және оның ұсынған
құжаттарымен бірге қайтарылады.
Нотариаттық қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет керсетуді
ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады. Нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына лицензия нотариаттық қызметпен айналысуға ниет білдірген,
белгіленген біліктілік талаптарына жауап беретін адамға беріледі.
Лицензия алу үшін өтініш берушілер лицензиарға мынадай құжаттарды
береді:
белгіленген үлгідегі өтініш;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық
алымның төленгенін растайтын құжат;
4) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің
нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) лицензия алу үшін аттестаттаудан өткені туралы әділет аттестаттау
комиссиясының (бұдан әрі - ӘАК) шешімі не өтініш берушінің ӘАК-да туралы
шарттың көшірмесі;
6) нотариус тағылымдамашысының жетекшісін тағайындау туралы бұйрықтың
көшірмесі немесе үзінді көшірме;
7) тағылымдамадан өткендігі туралы нотариус тағылымдамашысы жетекшісінің
заңнамада белгіленген тәртіппен рәсімделген қорытындысы;
9) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден лицензиарға тапсырғанға
дейін кеміңде бір ай бұрын өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша
берілген медициналық анықтамалар;
10) бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып лицензиарға
тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын, өтініш берушінің тұрғылықты жері
бойынша берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
11) егер лицензия беру үшін бұрыңғы мемлекеттік нотариус өтініш білдірген
жағдайда атқарған қызметінен босатылу себебі қамтылған не егер лицензияны
беру үшін тағлымдама мерзімі қысқартылған өтініш беруші өтініш білдірген
жағдайда заңгер мамандығы бойынша
стажын растайтын еңбек кітапшасының немесе өзге де құжаттың нотариалды
куәландырылған көшірмесі.
Өтініш берушіні ӘАК-да аттестаттаудан өтуден босатуды растайтын
құжаттар мыналар болып табылады:
1)Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасы берген өтініш
берушінің Әділет біліктілік алқасына судья лауазымына біліктілік емтиханын
тапсырғанын растайтын анықтама;
2) құзыретті лауазымды адам оны лицензиарға тапсыруға дейін кемінде бір ай
бұрын берген өтініш берушінің судья лауазымындағы жұмысын растайтын
анықтама;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің тұрақты судья лауазымынан босату
туралы Жарлығының немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты
қаулысының көшірмесі;
4) өтініш берушінің мемлекеттік нотариус лауазымындағы жұмысын растайтын
аумақтық әділет органының анықтамасы.
Егер лицензия алу үшін тұрақты жұмыс істейтін судья өтініш білдірген
жағдайда, онда олардан лицензиарға осы Ереженің 5-тармағының 9), 10)
тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді. Өтініш беруші
ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің толықтығына және анықтығына
Қазақстан Республикасының заңдарында белгілекген тәртіппен жауапты болады.
Лицензия бас лицензия болып табылады және өтініш берушіге мерзімі
шектелмей беріледі. Лицензия Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында
қолданылады. Лицензияны лицензиар Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен
қоса өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Лицензиар осы тармақта белгіленген мерзім ішінде лицензия беруге не
лицензия беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап
беруге міндетті. Лицензиар өтініш берушінің өтінішіне қоса берілген
құжаттардың толықтығын және аныктығын тексереді. Лицензиялар алу үшін
қажетті құжаттарды өтініш беруші жеке өзі немесе оның уәкілетті өкілі
сенімхат бойынша не тапсырыс хатпен береді.
Лицензиарға лицензия беру үшін ұсынылған құжаттар тізімдеме бойынша
қабылданады, олардың көшірмесін керсетілген орган құжаттардың қабылданған
күні туралы белгі қойып өтініш берушіге жібереді (тапсырады). Өтінішті
қарау нәтижелері бойынша лицензияр лицензияны беру немесе оны беруден бас
тарту туралы шешім қабылдайды. Лицензиардың лицензиялар беру туралы шешімі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халыққа құқықтық көмек және
заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының бұйрығымен
рәсімделеді. Лицензия қолданыстағы заңнамаға сәйкес лицензиаттың лицензия
алуға уәкілетті өкіліне берілуі мүмкін. Лицензия жоғалған, бүлінген кезде
лицензиаттың оның түпнұсқасын алуға құқығы бар.
Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша ол өтініш берген күннен
бастап он күн ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында
Телнұсқа деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын береді. Бұл ретте
лицензиат лицензияның телнұсқасын берген кезде Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде жекелеген қызмет
түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлейді.
Лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда ол отыз
күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды
қоса, лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиар
лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде
лицензияны қайта рәсімдейді.
Өтініш берушіге, егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін
қызмет түрімен айналысуға тыйым салынса;
Ережеге сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмесе лицензия
беруден бас тартылуы мүмкін. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған
кезде өтініш жалпы негіздерде қаралады;
лицензия беруге өтініш берілген жағдайда жекелеген қызмет түрлерімен
айналысу құқығы үшін лицензялық алым енгізілмесе;
өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
5) өтініш берушіге қатысты оған нотариаттық қызметпен айналысуға тыйым
салатын заңды күшіне енген сот үкімі болғанда лицензия беруден бас тартылуы
мүмкін.
Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан
Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында кезделген
тәртіппен жүзеге асырылады.
Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда:
лицензия алып қойылғанда;
жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда;
лицензия ерікті түрде қайтарылғаңда;
4) лицензияланатындардың тізбесінен нотариаттық қызмет алып тасталса
тоқтатылады.
Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні
ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.
Лицензняларды есепке алуды лицензиар жүзеге асырады. Лицензиар
лицензиаттар және оларға берілген лицензиялар туралы мәліметтерді, сондай-
ақ, лицензияларды кері қайтарып алу, олардың күшін тоқтату, күшін тоқтата
тұру және қалпына келтіру туралы мәліметтерді Нотариустар лицензияларының
мемлекеттік тізіліміне еңгізеді және ведомстволық басылым органында
жариялайды.
Лицензия бланкілері қатаң есептегі құжаттар болып табылады.
Лицензиялардың бүлінген бланкілерін, сондай-ақ қолданылуы тоқтатылған
лицензияларды лицензиар комиссиямен жоюы тиіс. Лицензиар өз құзыретінің
шеңберінде лицензиаттан тиісті құжаттарды беруін талап етуге және бақылау
функцияларын орындау үшін қажетті жазбаша немесе ауызша ақпарат алуға
құқылы.
Нотариус лицензиясы мерзімі шектелмей берілетін басты лицензия
болып табылады және ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында
қолданылады.
Нотариус лицензиясын беру үшін алым алынады, оның мөлшері мен төлену
тәртібі салық заңдарымен белгіленеді. Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігі нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың
Мемлекеттік тізілімін жүргізеді және ведомстволық баспасөз органында
нотариаттық қызметпен айналысуға лицензия берілген адамдар туралы
мәліметтер жариялайды, онда:
1) нотариустың тегі, аты, әкесінің аты;
2) лицензия берілген күн мен оның нөмірі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында біліктілік
емтиханын тапсырған адамдар, тұрақты судьялар және өз міндеттерін атқару
кезінде теріс қылықтар жасағаны және заңдылықты бүзғаны үшін судьялық
қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс
істеген адамдар, сондай-ақ мемлекеттік нотариустар аттестаттаудан өтпестен
нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға құқылы.
6-1. Нотариаттық қызметті жүзеге асыруға үміткер адамдардың аттестаттаудан
өту ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Нотариус лицензиясын беруден бас тарту негіздері лицензиялау туралы
заңдармен белгіленеді. Нотариус лицензиясын беруден бас тартылған
жағдайда өтініш иесіне ол қабылданған күннен бастап үш күн ішінде бас тарту
себептері көрсетіле отырып, жазбаша түрде дәлелді шешім беріледі. Бас тарту
туралы шешім жөнінде сотқа шағымдануға болады.
Нотариус лицензиясының күшін азаматтардың арыздары, аумақтық әділет
органдарының, нотариаттық палаталардың, прокуратура, тергеу, анықтау
органдарының, сондай-ақ салық қызметінің ұсыныстары негізінде Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігінің шешімімен тоқгатыла турады.
Нотариус лицензиясының күші алты айға дейінгі мерзімге мынадай
жағдайларда:
1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясынан айыру жөніндегі
талап - арыз ісін қозғағанд
2) нотариус қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде тартылған жағдайда;
3) нотариус өзінің тегін, атын, әкесінің атын езгерткені, сондай-ақ оның үй-
жайының орналасқан орны өзгергені туралы мәліметтерді аумақтық әділет
органына бір ай ішінде хабарламағанда;
4) нотариус Нотариат туралы Заңға сәйкес өзіне белгіленген қызмет аумағын
бұзғанда;
5) нотариус нотариаттык іс-әрекеттерді жасаған кезде Қазақстан
Республикасының заңдарын бұзғанда тоқтатыла тұруы мүмкін.
Нотариус лицензиясының күші тоқтата түру туралы шешімде лицензияның
қолданылуын тоқтата туру себептері мен мерзімі көрсетілуге тиіс.
Лицензияның күші мұндай шешім нотариусқа жеткізілген күннен бастап
токтатыла тұрады. Тоқтата туруға себеп болған мән-жайлар жойылған жағдайда
лицензиар лицензияның күшін қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды.
Нотариус лицензиясымың күшін тоқтата тұру тоқтатылған кезеңде нотариаттық
іс-әрекеттер жасалуына тыйым салуға және нотариустың жеке мөрін аумақтық
әділет органына тапсыруына әкеп соғады. Нотариус лицензиясының күшін
тоқтата тұру немесе қалпына келтіру туралы шешім Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің ведомстволық баспасөз органында жарияланады. Нотариус
лицензиясының күшін тоқтата тұру туралы шешім жөнінде сотка шағымдануға
болады.
Әділет аттестаттау комиссиясының не прокуратура органдарының, не
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, не Республикалық нотариаттық
палатаның талап қоюы бойынша сот шешімімен мынадай жағдайларда:
71 - баптың 1 тармақшасы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 мамырдың №
408-11 Заңымен алып тасталды.
жекеше нотариус Нотариустың ар-ождан кодексін бірнеше рет бұзғанда;
нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде Қазақстан Республикасының
заңдарын бірнеше мәрте бұзғанда не мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың
мүдделеріне зиян келтіріп, заңдарды бұзғанда;
лицензияның кушін тоқтата тұру себептері жойылмағанда;
лицензия беруге негіз болып табылатын құжаттарда нотариустың дәйектемесіз
немесе қасақана бұрмаланған ақпарат беру фактісі анықталғанда;
лицензияның күші үш мәрте тоқтатылғанда;
аттестаттаудың нәтижесі теріс болғанда нотариус лицензиясынан айырылады.
Лицензиясынан айырылған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің шешімі бойынша мынадай жағдайларда:
1) нотариус өз тілегімен өтініш бергенде;
2) нотариус азаматтығын өзгерткенде немесе Қазақстан
Республикасының шегінен тыс жерге тұрғылықты мекен-жайынан
кеткеңде;
3) нотариус қайтыс болғанда;
4) нотариус қылмыс жасағаны үшін сотталғанда — үкім заңды
күшіне енгеннен кейін;
4-1) нотариусқа қатысты ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату
туралы қаулы шыққанда;
5) нотариус заңдарда белгіленген тәртіппен іс-әрекет жасауға қабілетсіз не
іс-әрекет жасауға қабілеттілін шектеулі деп танылғанда;
6) денсаулық жағдайына байланысты нотариустың өз кәсіптік міндеттерін
атқаруы мүмкін болмағанда (медициналық қорытынды негізінде);
7) нотариус хабар-ошарсыз кеткен деп танылғанда немесе қайтыс болған деп
жарияланғанда нотариус лицензиясының күші тоқтатылады.
Нотариус лицензиясының күшін тоқтату туралы ұсынысты тиісті
нотариат палатасы мен аумақтық әділет органы енгізеді. Аумақтық әділет
органы мен нотариаттық палата лицензиясының күші токтатылған нотариустың
құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық архивке беру жөнінде,
сондай-ақ лицензияны лицензиарға беру үшін алып қою және нотариустың жеке
мөрін жою жөнінде шаралар қолдануға міңдетті. Нотариус лицензиясының күші
тоқтатылуына байланысты даулар сот тәртібімен шешіледі.
Нотариустың көмекшілері мен сынақтан өтушілері болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының азаматы ғана нотариустың көмекшісі бола
алады. Нотариустың көмекшісі жеке практикамен айналысатын нотариуста еңбек
шартының негізінде жүмыс істей алады немесе мемлекеттік котариат кеңсесінің
құрамында бола алады. Нотариустың көмекшісі нотариустың тапсырмаларын
нотариустың нұсқауымен және жауапкершілігімен орындауға құқылы. Жоғары заң
білімі бар және аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен Қазақстан
Республикасының азаматтары нотариустың сынақтан өтушілері бола алады.
Сынақтан өтушілер сынақтан өту туралы шарт негізінде жеке практикамен
айналысатын нотариустарда немесе мемлекеттік нотариустарда сынақтан өтеді.
Зәң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар адамдар үшін аумақтық
әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен шешімімен сынақтың
мерзімі қысқартылуы мүмкін. Сынақтың уақыты үш айдан кем болмауы керек.
Нотариустардың сынақтан өтушілерінің сынактан өтуінің тәртібі, мерзімі мен
шарттары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін
Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережемен белгіленеді. Аталған
Ережеге және Нотариат туралы Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабына
сәйкес жоғары заң білімі бар және аттестаттау комиссиясында
аттестациялаудан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары нотариустың
сынақтан өтушілері бола алады. Сынақтан өтушілер сынақтан өту туралы шарт
негізінде жеке практикамен айналысатын нотариустарда немесе мемлекеттік
нотариустарда сынақтан өтеді. Сынақтың ұзақтығы бір жылдан кем болмауы
керек.
Заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар адамдар
үшін аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен шешімімен
сынақтың мерзімі қысқартылуы мүмкін. Сынақтың ұзақтығы үш айдан кем болмауы
керек. Сынақтан өту мерзімі сынақтан өту басшысының өтініші негізінде
сынақтан өтушінің жұмыс стажы мен тәжірибесін, кәсіби қасиеттерін ескере
отырып, сонымен қатар, осы Ережеде белгіленген тәртіппен олармен
әңгімелесудің нәтижесі бойынша қысқартылады. Сынақтан өту басшысының
өтініші негізінде сынақтан өту мерзімін сынақтан өтушінің немесе сынақтан
өту басшысының науқастануына байланысты, сондай-ақ сынақтан өтушінің өту
бағдарламасын сапасыз меңгергеніне байланысты аумақтық әділет органының
басшысы немесе нотариаттық палата төрағасы ұзартуы мүмкін. Ережеге сәйкес
нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшін сынақтан өтуге
ниет білдірген адамдар:
– егер сынақтан өтуші адам мемлекеттік нотариустан сынақтан өтуге ниет
білдірген жағдайда – аумақтық нотариаттық палата аумақтық әділет органының
бастығына;
– егер сынақтан өтуші адам жекеше нотариустан сынақтан өтуге ниет білдірген
жағдайда – аумақтық нотариаттық палата төрағасына өтініш білдіреді.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) Қазақстан Республикасының
азаматы жеке куәлігінің не
төлқұжатының көшірмесі;
2) Нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына
аттестациялаудан өту туралы
Әділет аттестациялық
комиссиясы шешімінің
нотариатты куәландырылған
көшірмесі не көрсетілген
аттестациядан өтуден
босатылғанын растайтын
құжат.
Сынақтан өтуге ниет білдірген адам жұмыс стажының, тәжірибесінің және
кәсіби қасиеттерінің бар-жоқтығын растайтын құжаттарды қосымша ұсына алады.
Сынақтан өтуге ниет білдірген адам жоғарыда аталған құжаттарды
тапсырған күннен бастап он күн өткеннен кейін аумақтық әділет органымен
немесе аумақтық нотариаттық палатамен сынақтан өту туралы шарт жасайды.
Сынақтан өтуге туралы шартта:
- тараптардың құқықтары мен міндеттері;
- сынақтан өту орны;
- сынақтан өту шарттары, тәртібі мен мерзімдері;
- жұмыс уақытының режимі;
- сынақтан өту үшін ақы мөлшері, шарттары мен мерзімдері көзделуге тиіс.
Мемлекеттік немесе жекеше нотариустан сынақтан өтудің әр айы үшін есеп
айырысу жүргізу күніне белгіленген кемінде үш және он еседен астам айлық
есептік көрсеткіш есбінен бола алмайды.
Шартта қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін басқа да шарттар көзделуі
мүмкін.
Сынақтан өту аумақтық әділет органы немесе аумақтық нотариаттық палата
белгіленген нотариустың басшылығымен жүргізіледі.
Бұл ретте сынақтан өтудің басшысының:
- кемінде бес жыл нотариаттық қызмет тәжірибесі мен стажы;
- соңғы бес жылда кәсіби қызметін жүзеге асыруда шынайылық кәсіби
қасиеттері болуға тиіс.
- Бір және сол бір нотариустан бір уақытта кемінде екі сынақтан өтуші
сынақтан өте алады.
Сынақтан өту аумақтық әділет органы немесе аумақтық нотариаттық
палатаның тиісті шешімімен бекітілген бірыңғай бағдарлама бойынша жүзеге
асырылады.
Ол барлық сынақтан өтушілер үшін міндетті болып табылады.
Бағдарлама нотариустың кәсіби және этикалық мінез-құлық нормаларын
зерттелуді, нотариустар немесе арнайы сынақтан өтушілер үшін
ұйымдастырылатын семинар сабақтарына қатысуды қоса алғанда, сынақтан
өтушінің арнайы теориялық білімдер алуына, нотариаттық іс-қимыл жасау мен
нотариус жұмысын ұйымдастыру бойынша практикалық дағдыларының қалыптасуына
бағытталған іс-шаралар тізбесінен құрылуға тиіс. Сынақтан өту мерзімін
қысқарту өтушіні сынақтан өту бағдарламасын меңгеру міндетінен босатпайды.
Сынақтан өту кезеңінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz