Орта мектептерде бесінші сыныпқа бейімделуге бейімделуі


Мазмұны
Кіріспе . . . 3-5
І. бөлім
1. 1. Әлеуметтік-психологиялық бейімделу - жеке тұлға қалыптасуының маңызды категориясы . . . 6-9
1. 2. Әлеуметтік-психологиялық бейімделудің мәні . . . 10-16
1. 3 Оқушылардың орта мектепке оқу жағдайында бейімделу ерекшеліктері . . . 17-21
II. бөлім
2. 1 Орта мектептегі пәндік бейімделу жұмысының негізгі бағыттары . . . 22-26
2. 2 Орта мектептерде бесінші сыныпқа бейімделуге бейімделуі. 5-сыныпты оқытуға бейімдеуге үлкендердің тигізетін әсері . . . 27-31
ІІІ. бөлім Диагностикалық жұмыстардың нәтижелері . . . 32-63
Қорытынды . . . 64-65
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі . . . 66-68
Қосымшалар
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын басшылыққа ала отырып, біз ұлттық мектептерде балаларды тәрбиелеуде іскер мұғалімдермен білімді ұрпақ жүйесін қалыптастыруымыз керек. Өз ұлтымыздың ұлттық қасиетін қазіргі жасөспірімдердің бойына сіңіріп, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыруымыз қажет.
Тұлғаның өнегелілік, адамгершілік сана-сезімін, түсініктерін, әлеуметке деген қатынасын көрсететін мінез - құлықтарымен әдеттерін дамытудағы психологиялық механизмдерді аша отырып, жасөспірімдік шақтағы сана-сезімнің қалыптасуымен әлеуметтік- психологиялық бейімделу шарттарымен ерекшеліктерін қарастырып, зерттеу - жұмысымыздың өзектілігіне дәлел. Өскелең ұрпақты дамытуда соңғы жылдары әлеуметтік- психологиялық бейімделуін дамыту мәселесі жалпы тәрбиенің өзекті саласы ретінде әр түрлі ғылыми зерттеулердің обьектісіне айналуда. Тәрбиенің міндеті жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеп жетілдіру. Ол бүкіл адамзаттық мәдени байлық атаулыны меңгертуді көздейді. Бұл мәселелерді кіріктіре қарастыру білім беру мен тәрбие ісінің әдіснамалық ұстанымы болып саналады. Ббуыннан ортаңғы буынға өтудегі оқушының психологиялық бейімделу аспектілерін айқындауды зерттеудің негізі етіп алдық.
Зерттеу тақырыбының өзегі болып отырған әлеуметтік - психологиялық бейімделу мәселесіне арналған көптеген жұмыстар бар. [28] Ол зерттеулер екі топқа бөлінген сұрақтар аумағында шоғырланады. С. Д. Артемов, К. М. Хайлов, В. И. Вершинина, В. П. Казначаев, И. А. Милославова, В. А. Ядов, Ананьев Б. Г, Божович Л. И, Леонтьев А. Н, Рубинштейн С. Л. Спиркин А. Г. Чеснокова еңбектерінде тұлғаның бейімделу мәселелері контексінде жалпы теориялық және әдіснамалық тұрғысынан талданған. А. Бодалевтің зерттеулерінде әлеуметтік перцепцияға бағытталған басқа адамдарды және өзін тануға байланысты сұрақтарға қызығушылық танытқанын көруге болады. [34]
Әлеуметтік - психологиялық бейімделудің қажеттілігін бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық дамуда көрсетіп отыр. Бүгінгі нарықтық қатынас жағдайында тек кәсіби жоғары дайындық қана емес, үнемі өзгеріп тұратын сыртқы ортада белсенді әрекет жасай алатын адам ғана бәсекелесітікке түсе алады. Бейімделу мәселесі білім беру аймағында да аса өзекті. Оқуға бейімделу психофизиологиялық, әлеуметтік тұрғыда өзара байланысты. Мектеп оқушыларының функционалдық жүйесіне үлкен ықпал ететін бейімделу үрдісінің шиеленісуі байқалады. Баланың оқуға бейімделе алмауынан денсаулығы нашарлап, оқу үлгерімі төмендейді, жағымсыз әлеуметтік статусты иеленеді.
Ортаға және оқуға бейімделу мәселесі баланың алдында үздіксіз тұрақты: оқудың басталуы, негізгі мектепке көшу, жоғары сынып, кәсіби оқу орындары.
М. Н. Дудин «мектептегі бейімделу мәселесінде 10-11 жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктері толық қарастырылмаған»- деп көрсетеді. Бейімделу мәселесі көптеген авторлар еңбектерінде қарастырылған. А. П. Сорокин, С. И. Степанова, Г, В. Стрельников, А. Н. Вазин бейімделу үрдісінің кезеңдерін бөледі, И. Д. Калайков өркениет дамуындағы бейімделу рөлін зерттесе, В. К. Лабутин адаптацияның биохимиялық түрлерін зерттеді.
Г. А. Балл -психологиялық бейімделуді, И. К. Кряжева -бейімделу өлшемдерін, Л. М. Растова тұлғаның ұжымға бейімделуін, М. В. Антропов, А. Г. Хрипков бастауыш мектеп оқушыларының оқу және дене жүктемесіне бейімделуді қарастырады. Е. А. Осипова оқушылардың орта мектеп бейімделуінің психологиялық- педагогикалық қамтамасыз етілу мәселесін қарастырады. Зерттеу объектісі : бесінші сыныптағы оқу -тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: бесінші сынып оқушыларының негізгі мектепке табысты бейімделуінің шартты факторлары.
Зерттеу мақсаты : оқушылардың бастауыш буыннан негізгі мектепке өтудегі бейімделуінің психологиялық жағдайларын анықтауды жүзеге асыру.
Зерттеудің міндеттері :
1. «Бейімделу» түсінігіне анықтама беру;
2. Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық еңбектерді теориялық талдау;
3. Бастауыштан негізгі мектепке өту үрдісінде оқушылардың бейімделу мәселелерінің жағдайын теориялық зерттеу.
4. Бесінші сынып оқушылары бейімділігінің табыстылығы көрсеткіштерін анықтау.
орта буынға өтудегі бейімделуді теориялық тұрғыда зерттеп ашу;
5. Орта буынға өтудегі бейімделуді диагностикалық жұмыстары арқылы экспериментальды зерттеп, солардың негізінде оқушыларға, ата- аналарға, педагогтарға психологиялық көмек көрсетуге нұсқау- кеңестер беру.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы :
- орта буынға бейімделу мәселесінің теориялық- әдіснамалық мазмұны ашылды;
- орта буынға бейімделуді дамытудың практикалық мүмкіндіктері талданды;
- зерттеу мақсатына байланысты әдістермен әдістемелерді практикалық іске асыру жолдары жүйеге енгізілді;
Зерттеуде қолданылатын әдістермен әдістемелер : Зерттелетін мәселе бойынша философиялық, психологиялық - педагогикалық тәжірибені зерттеу; констатациялық эксперимент: қалыптастырушы және тексеру кезеңдері; бақылау, әңгімелесу, сауалнама.
Зерттеудің болжамы: оқушылардың негізгі мектепке оқуға бейімделуі табысты болады, егер олардың бейімделуінде көрінісі:
- Оқу-тәрбие мақсаттарының жүзеге асырылуы валеолгиялық, психологиялық, әлеуметтік және педагогикалық көмек жүйесімен жетеленсе;
- Оқушылардың бейімделуін басқару моноторинг көмегімен жүзеге асырылса, оның негізіне бесінші сынып оқушылары табысты бейімделуінің жек-топтық көрсеткіштері енгізілсе.
Зерттеудің әдіснамалық негізіне:
- Бейімделу теориясы (И. П. Павлов, И. М. Сеченов, П. К. Анохин, И. Д. Калайков, Д. Н. Узнадзе, И. К. Кряжева, В. С. Олейников) ;
- әлеуметтік басқару теориясы (М. Вудкок, Д. Френсис, П. Лоуренс, В. Г. Афорнасьев) ;
- тұлға теориясы (Б. Г. Ананьев, Л. С. Выготский, В. В. Давыдов, С. Л. Рубинштейн) .
- Гуманистік психология концепциясы (Р. Берн, А. Маслоу, К. Роджерс) .
Зерттеуде қолданылатын әдістермен әдістемелер : Зерттелетін мәселе бойынша философиялық, психологиялық - педагогикалық тәжірибені зерттеу; констатациялық эксперимент: қалыптастырушы және тексеру кезеңдері; бақылау, әңгімелесу, сауалнама.
Зерттеу үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең - зерттелетін мәселе жағдайымен теориялық танысу. Оқушылардың бастауыштан негізгі кезеңге өтуде бейімделу үрдісіне баса назар аударылады.
Екінші кезең - зерттеудің ғылыми аппараты анықталды, эксперименттік жұмыс мазмұны бекітілді. Бақылау, әңгіме сауалнама, психологиялық- педагогикалық диагностика әдістерінің алынған материалдарына талдау жасалды.
Үшінші кезеңде - тәжірибелік зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу нәтижелері жинақталып, жүйеленді.
Зерттеу базасы : № 38 мектептің 4 -5 - сынып оқушылары.
1. 1. Әлеуметтік-психологиялық бейімделу - жеке тұлға қалыптасуының маңызды категориясы
Бейімделу әр түрлі факторлардың әсерінен болады - бұл индивидте басқа адамдардың мақсатты бағытталған тәрбиелік әсері, қоғамдық институттар және өмірлік жағдайлардың түрлі стихиялық әсері жатады. Психологияда бұл түсінік ғылымға кейін енеді және ол өзіндік мазмұнға ие болуға тырысты. Бірақ та бұл түсінік жалғыз ғана тәсіл болған жоқ, өйткені «бейімделу» түсінігі үздіксіз жеке тұлғамен және оның ортамен қарым-қатынасымен байланысты. Осыдан бейімделудің түрлі интерпретациялық үрдісін көреміз. Біреулер үшін - бұл әлеуметтік мінез-құлықты үйрену (жалпы белгілі бихевеористік әдістер), басқалар үшін - мәдени саланың талаптарына сай тұлғаның моделін қалыптастыру (бұнда «Мәдениет және тұлға», 1930 жылғы теория «кеңестік адамның» қалыптасуы, Б. Ф. Скиннердің концепциясы «Мәдениеттің бағдарлануы»), үшіншілері үшін - топтағы «әлеуметтік қатысуға» дайындық. Барлық қиындықтармен, шектеулерге қарамастан отандық әлеуметтік психологияның тарихына қақтығысты, сонда да белгілі көлемде әдістемелік- теоретикалық және эмпирикалық білімді қамтиды. Егер әлеуметтік тұрғыда теорияға назар аудару, тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқының қалыптасу үдерісін түсіндіреді, яғни әлеуметтену - бұл тұлғаның әлеуметтік құрылуы, қалыптасуы және дамуы.
Әлеуметтік психологиялық бейімделудің негізгі тәсілдері жаңа әлеуметтік ортадағы құндылықты (топтар, ұжымдар, ұйымдар) қабылдау, осы жерде қалыптасқан әлеуметтік өзара іс-әрекеттің формасы (формальды және формальды емес байланыс, жанұямен және көршілермен қарым-қатынас тағы басқалары), сонымен қатар заттық іс-әрекет. (Мысалы, жұмысты кәсіби орындау қабілеті немесе жанұялық міндет)
Әлеуметтік психологиялық бейімделудің екі формасы бар:
1) Белсенді формасы - онда индивид ортаға әсер етуге, оны өзгертуге тырысады (құндылықты форма, өзара әрекет және әрекет)
2) Белсенді емес формасы - онда еш нәрсеге ұмтылмау.
Әлеуметтік психологиялық бейімделудің жақсы көрсеткіштері - ортада индивидтің әлеуметтік беделінің жоғары болуы, сонымен қатар оның психологиялық қанағаттандыруы мен оған деген маңызды элементке ие болу. (Мысалы, жұмысқа және оның шарттарына қанағаттану) . Тұлғаның әлеуметтік-психологиясының классификациясының жалпы түрлері: жағымды бейімделу, девиантты бейімделу, потологиялық бейімделу, бейімделу және жағдаят.
А) Жағымды бейімделу - тұлғаның бейімделуі оның тұрақтылығын белгілі мәселелік жағдайларда патологиялық өзгеріссіз болуы.
Тұлғаның жағымды әлеуметтік-психологиялық бейімделуі 2-ге бөлінеді:қорғаныс және қорғаныссыз.
Жағымды қорғаныс бейімделуі, тұлғаның іс-әрекетімен белгілі қорғаныс механизмдерінің(агрессия, рационализация, проекция, регрессия, кері реакцияның қалыптасуы, сублимация және тағы басқалары) көмегімен іске асады. Қорғаныссыз бейімделу үдерісінің фрустрацияланбаған мәселелер жағдайының айырмашылығы, тұлғадан рационалды шешім қабылдауын талап етеді. Олар белгілі қорғаныс механизмдерінің қатысуымен іске асады. Фрустрацияланбаған мәселелік жағдайдың бейімделу шарттарының жетістікке жетуі, тұлғаның танымдық үдерістерінің пайдалануында.
Б) Девиантты бейімделу - тұлғаның әлеуметтік бейімделу үдерісінде тұлғаның топтағы немесе әлеуметтік ортадағы қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Девиантты бейімделудің негізгі 2 түрі бар:
а) Конформистік емес бейімделу - тұлғаның әлеуметтік-психологиялық үдерісінің конформистік емес үдерісі, ішкі топтық мәселелік жағдайдағы конформистілік қарым-қатынас нормасындағы қабілеттілік пен жолдар;
б) Жаңашылдық (инновациялық, шығармашылық) бейімделу. Инноваторлық (жаңашылдық) немесе шығармашылық мінез-құлықтың бейімделуіндегі ерекшелікті өте маңызды девианттылықтың түрлерін қарастырады. Бұл адами іс-әрекеттер, яғни тұлғаның қажеттіліктері, мәдениеттің жаңашылдылығының қорытындысын тудырады.
В) Патологиялық бейімделу - бұл әлеуметтік-психологиялық үдеріс (тұлғаның әлеуметтік жағдайдағы белсенділігі) толық немесе бөлшектенген патологиялық механизмдермен мінез-құлықтық формасына, невротикалық және психикалық синдромның құрамдарына кіруін айтамыз. [35]
Д) Бейімделу және жағдаят.
Әлеуметтік-психологиялық бейімделу теориясының ерекше тағы 2 негізгі бейімделу түрлері бар:
а) Мәселелік жағдайда қайта түзілу мен құрылу жолымен бейімделу - тұлғаның ресурстары мен механизмдері нақты әлеуметтік жағдайда бейімделеді, ал тұлғаның өзінде жағымды өзгерістер болады;
б) Жағдайды сақтаудағы бейімделу - тұлғада көптеген өзгерістер болады, бірақ көп бөлігінде ол өзіндік актуализация мен кемеліне жету қабілетті емес.
Бейімделу мәселесінің құрылымдық - функционалдық бағыты саясаттану мен әлеуметтік психологияда әрқашан бейімделу түсінігін көрсетеді. Көптеген саясаттанушылар мен мәдениеттанушылар функционализмнің мәселелерін талқылаған. [36]
«Қызмет» түсінігі 2 негізгі түрде қолданылады:
а) Қандай да әлеуметтік құрылым немесе механизм түрінде;
б) Екі немесе көптеген құбылыстардың ерекше байланысы ретінде.
Мінез-құлық немесе әлеуметтік іс-әрекеттің функционалдылық анализінің өзіндік мақсаты, олардың өмір сүруіндегі құрылымдық мақсатпен байланыстыру.
Әлеуметтік іс-әрекеттің қызметі - ол анализдің тек бір деңгейі, яғни бұл іс-әрекет (құрылым, ритуал және тағы басқалар) көптеген жасырын қызмет болуы мүмкін. Бұл жер саясаттанушы Р. Мертонның анализін Э. Сэмпсон көзқарасы бойынша Фрейдтік анализге жақындайды, яғни оның мазмұны жасырын қызмет. Психологиялық немесе әлеуметтік құбылыстардың терең және жасырын мазмұны мен қызметін іздестіру, оның әдісі деп санауға болмайды. Біздің ғылымға әлеуметтік-психологияның құбылыстарын зерттейтн әдіс өте қажет. Мысалы, көптеген іс-әрекеттің әлеуметтік бейімделуі, символикалық, сондықтан да әлеуметтік-психологиялық анализ өзіндік ашылулары мен тарихи бұрынғы оқиғаларының жасырын бейімделудің символикалық механизмдері мен іс-әрекеттерін ашуға тырысу керек.
«Тұлғаның әлеуметтенуі» деген не? Нәресте өмірге биологиялық ағза ретінде келеді. Осы кездегі оның негізгі қамы өзіне физикалық комфорт тудыру болып табылады. Біраз уақыт өткеннен кейін бала құндылықтары мен ұстанымдар бар, антипатия мен симпатия бар, мінез-құлық шаблондары мен жауапкершілігі болып қалыптасады. Адамның тұлға болып қалыптасуына әлеуметтену үдерісі көмектеседі. Әлеуметтену - бұл қоғамда сәтті функциялану үшін, әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды игеру үдерісі, индивидтің тұлға ретінде өзіндік «Менін» қалыптастыру үдерісі болып табылады.
Әлеуметтену оқыту және тәрбиелеу, мәдениетке үйрету үдерістерін қамтиды. Әлеуметтену үдеріске индивидті қоршаған адамдардың барлығы қатысады: отбасы, көршілер, достары, сыныптастары, бұқаралық ақпараттар.
Д. Смелзер бойынша, әлеуметтену үдерісінде 3 факті маңызды рөл атқарады: күту, мінез-құлықтағы өзгеріс және күтуге сәйкес келуге ұмтылады. Оның ойынша, адамның қалыптастыру үдерісі 3 кезеңге бөлген:
1) Балалар ересектердің мінез-құлқына еліктеуі және қайталауы;
2) Ойын кезеңі, бала мінез-құлықтық рөлді орындау үшін деп біледі;
3) Топтың ойын кезеңі, онда бала топтағы адамдар одан не күтетінін түсінуге үйренеді.
Француз психологы Ж. Пиаже тұлғаның дамуындағы әр түрлі кезеңдер идеяларын сақтай отырып, индивидуалдық танымдық құрылымының дамуына және тәжірибе мен әлеуметтік әрекеттістікке байланысты кезеңдерді көрсетті. Бұл кезеңдер жүйелі түрде бір-бірін алмастырып отырады: сенсомоторлы (туғаннан 2 жасқа дейін), нақты операциялар кезеңі (7-11 жас аралығы), формальды операциялар кезеңі (12-15 жас аралығы) .
Көптеген психологтар мен әлеуметтанушылардың айтуы бойынша, әлеуметтену үдерісі өмір бойы жалғасады және ересектердің әлеуметтенуінен балалардың әлеуметтенуі ерекшеленеді. Ересектердің әлеуметтенуі сыртқы мінез-құлықты өзгертсе балалардың әлеуметтенуі бағдарлы құндылықтарды қалыптастырады. Ересектердің әлеуметтенуі адамдарға белгілі дағдыларды игеруге көмектесу болса, балалардың әлеуметтенуі мінез-құлықтың мотивациясымен байланысты болады, Р. Рарольдтың ұсынған теориясы бойынша ересектердің әлеуметтенуі балалық шақтың психологиялық көрінісі ретінде қарастырады.
Адам өмірінің алғашқы күндерінде өзіндік «Мен» қалыптасады. Ол өмірін, анасының бір мүшесі, эмбрион ретінде жалғастырады. Баланың физикалық шекарасын өз денесінен ажырата білуі, оның қоршаған ортасы ұзақ, әрі жүйелі зерттеуінің нәтижесі болып табылады.
Алдымен сыртқы әлемнен, содан кейін әлеуметтік әлемнен тұлғаның жекеленуі - өмір бойы жалғасатын күрделі үдеріс. Бала адамдар арасындағы айырмашылықты түсінеді. Ол ер адам - әкесі, әйел адам - анасы екенін түсінеді. 1, 5 жастан бастап бала өзін жеке тұлға ретінде сезініп, «Мен» түсінігін қолдана бастайды. Әлеуметтік тәжірибе жинай отырып, бала әр түрлі тұлғалық образдарды, сонымен өзіндік «Мен» образын қалыптастырады. Адамның тұлға ретінде қалыптасуы - бұл тұлғаның өзін басқалармен салыстыра отырып, өзіндік «Менінің» құрылуы болып табылады. Сол арқылы топтық тәжірибеде, топтық қарым-қатынаста игерілетін қоршаған ортаның әлеуметтік саналары мен тұлғаның ішкі жан дүниесінің жағымды саналарының пайда болуы жүзеге асады.
Тұлға табиғи заңдылықтардың автоматты түрде ашылуы ғана дамымайды. Жануарлар арасында тәрбиеленіп, адамдармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндіктері болмаған жағдайлар да бар. Бұндай индивидті зерттеу барысында, оның өзі туралы ойы, яғни өзіндік «Мені» жоқ екені анықталды. Бұндай индивидтер өздерін басқа индивидтерден ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сезіне алмайды. Бұл жағдайдағы адам жеке тұлға болып саналмайды.
Атақты американ психологы және әлеуметтанушысы Ч. Кумс басқа тұлғалармен салыстыра отырып, өзіндік «Менінің» тұлғалық айырмашылығын түсіну үдерісін зерттейді. Көптеген зерттеудің нәтижесі бойынша, ол өзіндік «Мен» концепциясының дамуы ұзақ, қарама-қайшылықты, шиеленіспен үдеріс және басқа тұлғалардың, яғни әлеуметтік қоршаған ортаның қатысуынсыз жүзеге аспайды деп айтқан. Ч. Кумстың ойынша, әрбір адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түскендегі қабылдаған реакцияларына негізделе отырып, өзінің «Менін» құрайды. Мысалы, ата-анасы және таныстары қызына әдемі екенін айтса және ол пікір әр түрлі жағдайларда бірнеше рет қайталанса, онда қызда өзін әдемі деп қабылдайды. Ал егер әдемі емес қыздың ата-анасы ерте балалық шақтан бастап, әдемі екенін есіне сала берсе, ол өмірден түңіліп, өзін әдемі емеспін деп қабылдайды.
1. 2. Әлеуметтік-психологиялық бейімделудің мәні
Отандық психологтардың ойларынша, әлеуметтік- психологиялық бейімделу адам өмірінің келесі ортасында болады, яғни іс-әрекетінде, қарым-қатынасында және өзін-өзі тану барысында көрінеді. А. Н. Леонтьев бейімделудің іс-әрекет аумағын «баланың іс-әрекетінің ұлғаюымен» анықталған. Бұнда баланың біртіндеп түрлі әрекетті үйренуімен және бала өзі жасай алатын әрекет болуы керек, яғни мәдени мінез-құлық үлгісін түсіну, жетекші әрекет түсінігін А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин дамытып және мазмұнын тереңдетті.
Онтогенездегі адам психикасының дамуы келесі жетекші іс-әрекеттің түрлерін көрсетеді:
1) Баланың үлкенмен тікелей қарым-қатынасы;
2) Заттық-манипулятивті іс-әрекет, бұл ерте балалық шақта болады, яғни бұл үдерісте бала тарихи қалыптасқан заттарды қолмен сезу тәсілдермен үйренеді;
3) Сюжеттік-рөлдік ойын, бұл мектепке дейінгі жаста;
4) Кіші сынып оқушыларының оқу әрекеті;
5) Жеткіншектердің қоғамдық-пайдалы әрекеті;
6) Кәсіби оқу іс-әрекеті, бұл ерте жеткіншектік шақта.
Жетекші іс-әрекеттің даму формасы жедел дамымайды, ол қалыптасудың белгілі жолдарынан өтеді.
Бейімделудің қарым-қатынас аумағы, қарым-қатынас ортасының кеңеюі кезінде оның мазмұны мен формасы өзгергенде көрінеді. М. И. Лисина бала мен үлкендердің қарым-қатынасының даму концепциясын шығарды, онда қарым-қатынас іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастырылады. (коммуникативті іс-әрекет) . М. И. Лисинаның ойынша қарым-қатынас формасының мазмұндық параметрі баланың сол кездегі психикалық дамуына байланысты. [33]
Баланың қажеттіліктерін орындау (ерте балалық шақта) жұмысқа байланысты ситуациялы әрекетті орындауы, баланың кішкентай, одан кейін орта мектепке дейінгі кезеңінде жағдайдан тыс танымдық формадағы қарым-қатынас, яғни балада үлкендерден өзіне деген сыйласымдылықты қажет етеді. Бұл этапта баланың танымдық мотиві дамиды және бала оның жетістігіне жету үшін сөздік қорын пайдаланады. . 4-6 жас аралығында (орта және жоғарғы мектепке дейінгі кезең) бұнда баланың бірінші қажеттілігіне түсінушілікпен алаңдаушылығы жатады, яғни жағдаяттан тыс тұлғалық қарым-қатынасы дамиды.
Бейімделудің өзіндік санасы «Мен» концепциясы арқылы қалыптасады. Өзіндік образдың қалыптасуы - бұл өте үлкен мәселе, түрлі зерттеулерді қажет етеді. Әлеуметтік психология әлеуметтік эталонда «Мен» образының қалыптасуын қарастырады. Адамның басқа адаммен эмоционалдылығы мен өзін-өзі қанағаттандыру үдерісін идентификацияда топпен, үлгімен көрсетеді. Бұл механизм тұлғаның әлеуметтенуі «меңгеруді» қалыптастыруда индивидтің өзіндік адамдық тірлігін көрсетеді.
Идентификация тұлғаның дамуына ұқсас екі түрлі әсерін тигізеді: бір жағынан адамдармен жағымды қарым-қатынас орнатуды қалыптастырады, екінші жағынан басқа адамдармен индивид ашық қарым-қатынасқа түсе алады. Идентификация адамның мінез-құлқымен руханм өмірінде үлкен рөл атқарады. Оның психологиялық мәні-алаңдаушылық сезімінің кеңеюі. Ол басқа адамға деген эмоционалды қарым-қатынасын көрсетеді. Басқа жағынан идентификация психологиялық қорғанудың элементі ретінде объекті мен жағдаяты, қорқыныш сезімі және алаң болушылығы көрінеді.
Тұлғада әлеуметтену үдерісінде мәселелік жағдайлар туындайды, оларды жеңу үшін бейімделу механизмдері қалыптасады. Бұл сұрақ Т. Парсонстың көзқарасы бойынша, оның кейбір жұмысынтарында, жалпы әлеуметтік теориясының бөлімдерінде көрсеткен.
Т. Парсонсың айтуынша, индивидтің әлеуметтенуі негізгі үш механизм көмегімен іске асады: а) танымдық механизмдер; б) психикалық қорғаныс механизмдері, мұны тұлғаның қажеттілігіне байланысты конфликт туындағанда қолданады; в) қабілеттілік механизмдері, олар қорғаныс механизмдерімен тығыз байланысты. Қабілеттену механизмін Т. Парсонс конфликтінің сыртқы объектісі мен байланысты. Мұндай қабілеттілік элементтерін әлеуметтік қадағалауда өзіндік «Мен» қалыптасады. [36] . Бұл жердегі ой, яғни тұлғаның әлеуметтену үдерісі когнитивті механизмдерден кейін психикалық механизмдердің бейімделуіне маңызды рөл ойнайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz