Педагогикалық технологиялар жүйесі арқылы оқушыларды шығармашылық әрекетке бағыттау және қызығушылығын қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 8

1. 1 Жаңашылдық оқыту технологиялары, олардың мәні мен даму

жолдары, түрлері . . . 8

1. 2 Өзіндік жұмыс - шығармашылық әрекетті ұйымдастырудың алғы шарты . . . 17

1. 3 Оқушының жаңа технология бойынша педагогикалық ойындар арқылы қызығушылық қабілеттерін қалыптастыру . . . 28

2 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ . . . 36

2. 1 Педагогикалық технологиялар жүйесі арқылы оқушыларды шығармашылық әрекетке бағыттау және қызығушылығын қалыптастыру . . . 36

2. 2 Оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытатын оқу үрдісін

жобалау . . . 57

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 66

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ . . . 70

ҰСЫНЫСТАР . . . 71

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: “Бүгінгі таңда ұрпақ алдында “Қазақстан 2030” бағдарламасындағы: “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеу қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы” деген ұзақ мерзімдік міндетті үшінші мың жылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында: “Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады” деп айтылған. Осы тұрғыдан Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында: “Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілеттері жеке тұлғаны қалыптастыру” деп көрсетілген. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қоғамының түрлі сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсенділігінің жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетін белсендіру, оны тиімді басқару және дамыту, ұйымдастырушылық және моральдік-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету әлеуметтік міндет болып табылады. Ұлттың болашағы, тәуелсіз мемлекеттің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, өзін таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. Ендеше, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор. Сондықтан оқу үрдісінде баланың білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық белсенділікті арттырудың маңызы жоғары. Өзіндік таным сабағында балалар ең алдымен өзін сыйлауға, өздеріне жақын адамдарды, елін, Отанын, мәдениетін жақсы көруге ықпал ете отырып, ешкімнің көмегінсіз таңдау жасауға, жауапкершілікті түсінуге, ең соңғысы бақытты өмір сүруіне септігін тигізбек, көмектеспек. Қазіргі таңда адам қол еңбегінің нәтижесінде әлеумет пен экономиканық түрлі саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Қазір адам үшін дүние танымдық процестерін терең танып, зерттеу басты мақсат болып отыр. Сол дүние танымдық процестердің ішіндегі ойлау өте күрделі. Оның ерекшелігі сол, бұл адамға ғана тән құбылыс. Сондықтан жастарды дұрыс ойлауға тәрбиелеп, мән-маңызын түсіндіру күттірмей зертелуді талап етеді. Балалардың ойлау әрекетінің дамытуын зерттеу, олардың интеллектуалды іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін қлаыптастыру ең өзекті мәселелердің бірі. Мектеп жүйесіндегі ең маңызды кезең - бастауыш мектеп кезеңі, мұнда оқыту іс-әрекетінің негізгі компоненттері қалыптасады. Білім берудің тұлғалық және қоғамдық мағыналарын байланыстыра отырып, оқушының біліктілігін қалыптастыру - қазіргі заман талабы. Оқушы теориялық білімдер жиынтығын жақсы меңгеріп қана қоймай, керек жағдайда іс жүзінде қолдана алуы, өмірлік жағдаяттарға икемдеуі және бұдан да жоғары тұратын абстракциялық ойлау деңгейінде нәтиже шығаруы тиіс. Мұның өзі оқу үрдісінің дұрыс ұйымдастырылуы мен оқыту әдістемесінің жетістіктерімен тікелей сабақтас. Жаңа талаптарға сай белсенді азамат негізі мектепте қаланады дейтін болсақ, жалпы білім беру жүйесіндегі оқу - тәрбие кешенді түрде жас ұрпақтың саналы қалыптасуына ықпал ететінін ескере отырып, оқу үрдісінің маңызына назар аударайық.

Дәстүрлі оқу үрдісі оқушыға, негізінен, дайын, өңделген оқу материалын ұсынады. Оның белсенділігі мен шығармашылығының дамуына қолайлы жағдай жасала қоймайды. Ал жаңа талаптар бойынша оқушы өзінің дербестігінің, соны ойлай білу қызметінің, шығармашылық әрекеттерінің нәтижесінде біліктілікке қол жеткізуі тиіс. Және де қазіргі кезде білім жүйесінде жариялылық және ізгілендіру принциптерінің жүзеге асуына байланысты дәстүрлі оқу үрдісіндегі оқытушы - оқушы жүйесіндегі қатынас өзгеріске ұшырады. Оқушы оқу үрдісінің субъектісіне айналды. Оқытушы оқушы дербестігі мен шығармашылығын дамыта отырып, оны қажетті таным әдістерімен қаруландыруы керек. Сонымен бірге, мұғалім тұлғасының бұрынғыша оқушы әрекеттерінің табысты болуына әсері мол. Сондықтан да оқытушы және оқушы оқу үрдісінің тең дәрежелі қатысушылары. Дегенмен соңғы уақытта енген жаңа технологияларға, оқытудың жаңа құралдарының (электронды оқулықтар, компьютерлік үйретуші бағдарламалар, қашықтықта оқыту) пайда болуына байланысты оқушының дербестік танымдық әрекетін сапалы ұйымдастыру қажет. Бұдан оқытудың мазмұны мен әдістемесін оқушының жас ерекшелігін, қызығушылығын, бейімділігін ескере отырып, түбегейлі өзгерту, оқытудың шығармашылық сипатын күшейту міндеті туындайды.

Оқу үрдісін дұрыс және ғылыми түрде ұйымдастыру үшін мұғалімге тек өз пәнінің теориялық негізі мен оқыту әдістемелерін білу жеткіліксіз, сонымен қатар білім беруде, білік, дағдыларды қалыптастыруда, ойлау және таным қабілеттерін дамытуда оқытудың жалпы психологиялық заңдылықтарын білуі қажет. Көпшілікке мәлім, жеке адамды қалыптастырып тәрбиелеуде психологиялық заңдылықтар туралы білім оқушылардың психикалық ерекшеліктеріне, жас ерекшеліктеріне, бейімділігі мен ынтасына, жігерлігі мен сезімділігіне, танып-білу ерекшеліктері және ақыл-ойының жетілуіне байланысты болады. Осы себепті оқушылардың оқу үрдісіндегі әрекеттеріне назар аударған жөн.

Көптеген ғалымдар оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруды жеке пәндер аясында қарастырған, олардың ішінде қазақстандық ғалымдар Б. Е. Қожамқұлованың, Р. А. Әлімқұлованың, К. А. Тілеубергенованың, Б. Қ. Әбдіқұлованың, А. Х. Аренованың (бастауыш сыныптар) еңбектерін атауға болады.

Бұл еңбектерде өзіндік жұмыстың дербестік қасиетін мейлінше арттыруға, олардың алған білімінің саналылығы мен беріктігін қамтамасыз етуге, оқуға қажет біліктер мен дағдыларды қалыптастыруға, таным, ақыл-ой қабілеттерін дамытуға, олардың оқуға ынтасын арттыру бағытында қызмет ететіндігі қарастырылады.

Диплом жұмысының мақсаты : оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудағы жаңа технологиялар арқылы мүмкіндігін айқындау және оны ұйымдастырудың дидактикалық шарттарын негіздеу.

Зерттеу объектісі : білім берудегі жаңа технологияның маңызы мен әрекеті.

Зерттеу пәні : жаңа технология арқылы шығармашылық қызығушылығын дамыту.

Зерттеудің ғылыми болжамы : Егер білім берудегі жаңа технологияның мүмкіндіктерін және дидактикалық шарттарын айқындай отырып, оны ұйымдастырудың жаңа қырлары ретінде:

- оқу үрдісіне қатысушылардың қарым - қатынасында оқушы белсенділігіне жаңа технология мен қатар өзіндік жұмыстар арқылы басымдық сипат береді;

- сол өзіндік жұмысты ұйымдастыруда пәндік білім, білік, дағдыны қалыптастырумен шектелмей, оны іс жүзінде пайдалануға негізделген әрекеттерге бағытталады.

Зерттеу міндеттері :

- оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудағы жаңа технологияның мән - жайын, даму жолдарын зерттеу;

- жаңа технологияның ғылыми-педагогикалық мәселе ретінде зерттелу деңгейін анықтау;

- оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуға бағытталған жаңа технологияның ұйымдастыру жүйесін анықтау;

- дайындалған жүйені педагогикалық эксперимент арқылы тексеріп, негіздеу.

Мәселенің деректік көзі: Қазақтан Республикасының ресми құжаттары, мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдары іс-тәжірибелері, мерзімді басылымдар, әртүрлі статистикалық жинақтар, ғылыми-педагогикалық және психологиялық еңбектер пайдаланылды.

Әдіснамалық және теориялық негіздері: мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық және әлеуметтік концепциялары, шетелдік және отандық ғалымдар еңбектеріне талдау жасау.

Зерттеудің әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік еңбектерді талдау, мектептегі оқу үрдісін бақылау, жүйенің мақсатқа сәйкестігін тәжірибелік эксперимент барысында тексеру, қорытындылау.

Ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы:

-Оқушының шығармашылық әрекетін ұйымдастыру ғылыми-педагогикалық мәселе ретінде қарастырылды.

-Оқыту әрекетіндегі оқушы және оқытушы әрекеттерінің мазмұны жаңа тұрғыдан пайымдалып, шығармашылық әрекетке әсер етуші факторлар айқындалды.

-Өзіндік жұмыстың шығармашылық әрекетті ұйымдастырудағы мүмкіндіктері анықталды, дидактикалық шарттары негізделді.

Зерттеу базасы: Атырау облысы, Махамбет ауданы, Қазмұхаммед Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектептің бастауыш сынып оқушылары (Сарайшық ауылы) .

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Жаңашылдық оқыту технологиялары, олардың түрлері, мәні мен даму жолдары

Адам қоғам өмірінің дамуына байланысты үнемі қозғалыста, әрекетте болады. Ол әлеуметтік тұрғыдан неғұрлым жоғары көтерілген сайын оның жеке тұлға ретінде құндылығы өсе түседі. Жеке тұлғаның негізгі белгісі -оның белсенді, белгілі бір мақсатты көздеген әрекеті болып табылады. Бұл әрекет қоғамды және сол адамның өзін өзгертуге және жақсартуға бағытталады.

Тұлғаның даму мәселесін теориялық талдау педагогтар үшін де маңызды. Мұғалім әрекеттің әр түрінің оқушыны дамыту мүмкіндіктерін және бұл мүмкіндіктерді жеке тұлғаны қалыптастыруда қолдануы қажет. Жеке тұлға белгілі бір әрекеттер нәтижесінде қалыптасады. Ол тәрбиенің әсері ғана емес, өз күштерін, қабілеттерін жүзеге асыру үрдісінде дамиды. Тұлға үнемі даму үстінде болу үшін әрекет шығармашылықпен байланыста болуы қажет. Тұлғаның өзі қажет етуі бойынша дамуы - бұл ішкі белсенді ойлау әрекеті. Ол тұлғаның өзіндік оқу әрекетіне, дербестігіне, өзін-өзі бақылауына, бағалауына бастау болады.

Біздің зерттеу тақырыбымыз тұрғысынан ғылыми талдауымыздың өзегі білім берудегі жаңа технологияны қолдану болып табылады.

Сонымен қатар оқыту технологиясы педагогикалық процестің сапасын жетілдіруді талап етеді. Іс тәжірибеде ғылымда көптеген көзқарастар нұсқаулар бар. Сондай бір бағыты - педагогикалық процесті технологияландыру. [1]

Педагогикалық психология соңғы кезде оқыту проблемаларын, тәрбиелеу мәселелерін шешуді технологияландыру проблемасына байланысты өмірге келді. Қазіргі кезеңде оқыту теориясындағы оқытуды қарастыруға технологиялық қатынас «Технология», «Педагогикалық технология», «Оқыту технологиясы», «Тәрбие теориясы», «Ойын технологиясы», «Дамыту технологиясы» т. б. ұғымдар бір - бірінен ажыратып, жеке - дара қарастыру қажет.

Технология - латын сөзі, texne - өнер, кәсіп, шеберлік, logos - ғылым, ілім деген мағынаны білдіреді.

Технология - тәртіп бойынша реттеліп, жоспарланған іс-әрекет, үрдіс (процесс) және педагогикалық тәсілдердің жиынтығы түрінде берілген педагогикалық жүйе.

  1. Мұғалім педагогикалық технологияның көмегімен оқыту процесінде экспромттардың орнына алдын - ала жобалау, оны іс тәжірибеде пайдалану, қайта жаңғырту арқылы жоғары нәтижеге жетудің жолдарын қарастырады.
  2. Мұғалімдер күнделікті сабақтарында пайдаланып, жүрген әдістемелік жүйе мен көмекші құралдардан педагогикалық технология ерекшілігі: оқушылар өз қызметінің оқу - тәрбие процесі барысындағы құрылыммен, мазмұнын алдын - ала жобалап, сол жобаның нәтижесін болжай алады.
  3. Педагогикалық технологияның ең басты мәнді белгісі: мақсаты айқын, нақты, алдын-ала болжау арқылы, диагностикалық негізде, нақты жеткен нәтижелерді ескере отырып, оқыту процесін нәтижелі жүргізуге көмектеседі.

Сонымен қатар педагогикалық технология мынадай қосылғыштардан құралады:

  1. Диагностикалық жолмен мақсат қою және оқушылардың білімді меңгеру сапасын, даму дәрежесін, тәрбиелік деңгейін объективті түрде анықтау, бақылау;
  2. Мақсатты конструктивті, айқын, нақты түрде қою;
  3. Жеке тұлғаны тұтас дамыту;

Диагностикалық жолмен айқындалған мақсат:

Біріншіден - Оқушының бойында қалыптастыруға қажет сапалардың нақты сипатын білдіру керек;

Екіншіден - осы сапаларды диагностикалық айқындаудың нақты тәсілдерін мұғалім де, оқушы да толық меңгеруі керек;

Үшіншіден сапалардың өзгеру мүмкіндігі ескеру керек. Сонымен «Технология - дегеніміз педагогикалық тәсілдердің жиынтығы түрінде берілген педагогикалық жүйе» - деп айтуға болады.

«Технология» - көздеген нәтиже орындалуының кепілдігі, әрі болашақ оқу үрдісінің жобасы, ал педагогикалық технология - сатыланған, тәртіптелген іс - әрекет жүйесі - деп қарастыруға мүмкіндік береді. Жалпы бұған дейінгі оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің басты кемшілігі, барлық оқитын балаларға негізделген орта білім алу үшін жаппай оқыту әдістемесіне негізделген.

Әр оқушының қабілет деңгейі ескерілмей, барлығына бірдей тапсырма береді. Педагогикалық технология дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық ықпалдарды ұйымдастыру қажттілігінен туындаған өзара байланысты процестер.

Педагогикалық технологияны дамыту мәселелерін 60 жылдардан бастап әртүрлі жағынан көптеген елдердің: Болгарлық, И. Марев, Польшалық Ч. Купесевич, Ф. Янушкевич, В. Окунь, АҚШ-тық Скиннер, Венгриялық Л. Сепеш, Ресейлік В. Л. Беспалько, Б. Т. Лихачев, Н. П. Подласый, П. И. Пидкасистый, С. И. Высоцкая, Қазақстандық М. Ж. Арыстанов, Ж. С. Хайдаров т. б. ғалымдары қарастырады.

Адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері ойлау формалары мен құрылымдарында қорытылып, бекемделген. Ойлау- объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Адам ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам ілгері дамып, оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда болып, қалыптасады, бұрынғылары ескіріп қатардан шығады. Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан сан-салалы түрлері пайда болды. Адам өз ойының ақиқаттығын, яғни шындығы мен құдіреттілігін, өмірге жарамдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ой амалдары мен логикалық операциалар, оларды орындаудың белгілі ережелері мен жүйесінің пайда болуы - адам ойлауының зор табысқа жетуінің, тарихи дамуының нәтижесі. Ойлау заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудң нәтижесінде адам санасына бекіп, зор шындыққа айналды. Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұны билейтін - объективтік шындық. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын-оның қажеттері. Ойлау - өзіндік ішкі қарама - қарсы қайшылықтарға толы процесс.

Технология мәні мен оның мазмұнын түсінуге бұл уақытқа дейін әртүрлі қатынастар қалыптасты. Технология ұғымы өз дамуының әрбір кезеңінде уақыт талабына сәйкес өзгерістерге ұшырап отырды. Біздің дәуірімзде жаңа мазмұн, жаңа сипатқа ие болды. Технология ұғымының І даму кезеңінде 1940 - 1950 жылдар аралығында оқыту процесінде техникалық құрал - жабдықтарды (дыбыстық болмаса дыбыссыз көрсететін) пайдалануды білдірді. Ал, білім беру технологиясы, оқыту қарқынының (темпінің), түрінің өзгеруіне сай 1950 - 1960 жылдары өз дамуының 2 - кезеңіне өтті. Бұл кезеңде оқыту технологиясы деп бағдарламалық оқыту жолын түсінді. 70 - жылдары техникалық құралдар мен бағдарламалық оқытумен қатар педагогикалық технология оқушылардың оқу процесі үстінде танымдық іс - әрекетін басқару басқару теориясы, әрі педагогикалық қызметті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру жолдарын қарастырды. 4 кезең 80 - жылдардан бастап оқытудың ақпараттық информациялық және компьютерлік құралдарымен бірлікте қарауды қарастырады. [2]

Әмірбек Амангелдиев: «Педагогикалық технология деп нақты өмірлік тәжірибеде іске асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасын айтамыз», - дейді. Ал педагогикалық жүйе дегеніміз, өзіндік даралық бейнесі бар, жеке тұлғаны, оқушыны қалыптастыруға бағытталған белгілі бір алға қойған мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды, әдістердің, құралдардың жиынтығы.

М. В. Кларин мен Т. А. Ильина педагогикалық технология оқыту технологиясының мәнін қарастыра отырып, технология ұғымын «педагогикалық үрдісінің бөлімдерінің (компоненттерінің) іс - әрекеттер жүйесінде процедуралық қызметтік түрленуі», - деп қарастырады.

Оқытудағы технология ұғымы, термині, оқыту үрдісінде құрал - жабдықтрды, техникалық оқыту (процесінде) үрдісінде мақсатқа жету үшін құралдарды, ережені, пайдалану жолын жобалау (проектілеу) арқылы кепілді түрде нәтижеге жету мүмкіндігін көрсетеді.

Сапалардың бағалау мен тексерудің даму дәрежесін айқындаудың өз көрсеткіштері мен өлшемдері қабылданған. Оқыту үрдісінде тану, нақты пайымдау, қайта жаңғырту (еске түсіру) абстрактілі ойлау, шығармашылықпен қолдану, яғни оқыту процесінің әрбір кезеңінде мақсат нақты, дұрыс қойылған жағдайда, нені қалыптастыру керектігі, оқытудың ең кішкентай бірлігі толық айқын көрінгенде ғана, оқыту технологиялық деңгейге көтерілді деп есептеуге болады.

Ғалымдар:

- біріншіден, жаңа педагогикалық технология білім беру процесінде

оқушының өз әрекетінің құрылымы мен мазмұны қандай болады;

- екіншіден, алға қойған мақсатты диагностикалық айқындап, мақсатты

орындау жолын қадағалап отыруды;

- үшіншіден, жоғарыда айтып кеткендей, оқыту ісінің тұтастығы

оқушының ынта - ықыласынан, қызығушылығынан, қабілетінен, оның өз бетімен оқу, ізденуінен және танымдық қызметін басқарудан тұрады. Мұның бәрі оқыту процесінде тұтас қамтылса ғана, логикалық жүйелі түрде бірізді бірлікті жүргізілсе ғана, білім сапасы жоғары деңгейде жүреді.

Жаңа педагогикалық технологияға дамыта оқыту үшін, саралық (дифференциялық) және даралық (индивидуалдық) қатынас қажет. Дамудың әр деңгейі бойынша саралап, оқыту оқушының білім меңгеруін деңгейге бөліп қарастыруды, ал саралық қатысты ақыл - ойының интеллектуальдық дамуының жоғарғы жетістігі мен дамуының кешеуілдеуіне қарата ажыратып, бөліп оқытуды көздейді. 4 деңгейге бөлу «төменгі деңгей», «міндетті қалыпты деңгей», «жоғарғы деңгей», «өте жоғары деңгей» болып бөлінеді де, төменгі деңгей және қалыпты, міндетті деңгей оқушылардың дамуында кемшілік болған жағдайда демеп, реттей оқытуды, қалыпты дамыған балалар үшін мемлекеттік білім беру стандарты көлемінде білім беруді және «өте жоғары деңгейде» (творчестволық) шығармашылық біліктілігін дамытуды көздейді.

Мектептердің, жоғары оқу орындарының және басқа да білім беру

жүйелерінің жұмыс тәжірибесінде білім беру, оқыту технологиясының әр түрлі түрлері қолданылады. [3]

Оқыту технологиясы оқушының ынта ықыласын ізденіс әрекетін оятуға бағытталады. Оқыту технологиясында мұғалім бұрынғысынша әр баланың деңгейіне сәйкес, қабілеті мен ой - өрісіне қарай, жеке - жеке әсер ету жолдарын қарастырады.

Бұл оқушының таяудағы даму сатысының дамуын қамтамасыз етеді.

Жүйелердің жиынтығы болғандықтан жүйелі түрде педагогикалық технологияны ұйымдастырудың соңғы кезде қалыптасқан төмендегі негізгі түрлері белгілі:

  1. Компьютерлік оқыту.
  2. Ойын технологиясын меңгеру арқылы оқыту.
  3. Модельдік оқыту.
  4. Модульдік оқыту.
  5. Бағдарламалық (программалық) оқыту.
  6. Проблемалық (ділгірлік) оқыту.
  7. Оқытуды оқушының жеке-дара шығармашылық қызметіне сүйене отырып, ұйымдастыру.
  8. Оқытудың құрылымдық-логикалық сызба - жүйесін құрастыру технологиясын пайдалану.

Жаңашылдық оқыту негізінде педагогикалық технологияны пайдаланып, оқыту мен дәстүрлі оқытудың айырмашылығы: технологияда негізінен білім беру сапасы процессуалдық (атқарушылық), өлшемдік, сандық, сапалық, вариантивті бағдарлық бөлімдеріне, ал дәстүрлі оқытуда: мақсаттылық, мазмұндық, себепкерлік, амал - әрекеттік, операциялық құрылымы мен құрылымдық бөлімдеріне (компоненттеріне) назар аударылады да, осы әрбір бөлімнің орынды қолдауына нәтижесі тәуелді келеді. Сондықтан, біріншіден, әрбір шығармашылықпен қызмет етуші, білімді де білікті ұстаз олардың теориялық, әдістемелік негізімен мәнін, құрылымын, философиясын, тұжырымдамасын меңгеру керек, екіншіден соны оқушыларға үйретуі қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың биологияны оқуға қызығушылығын арттыру жолдары
Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары
Сын тұрғысынан ойлауды бағалау
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІЛІКТІЛІГІН ДАМЫТУ
Қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру
6-сынып биология пәнінен «Өсімдіктің өсімді вегетативті мүшелері арқылы көбею жолдары» тақырыбында тірек-сызба технологиясын пайдаланып өткізу әдістемесі
Қазіргі кезеңдегі тарих пәнін оқыту сипаты және заманауи әдіс - тәсілдерді тиімді пайдалану жолдары
Инновациялық технологиялардың көмегімен бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы эксперименттің нәтижесі
Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастыру
Сын тұрғысынан ойлау педагогикасы мен психологиясының даму және қалыптасу кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz