Тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Өнеркәсіптік кәсіпорындар тауарларының бәсекеге қабілеттілігін басқарудың
теориялық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...5
1.1 Өнеркәсіптік кәсіпорындар тауарларының бәсекеге қабілеттілігі
түсінігі, мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .5
2. Тауарлардың бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін
факторлар ... ... ... ...11
3. Тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
1. Дина-Н ЖШС-і тауарларының бәсекеге қабілеттілігін
бағалау ... ... ... ..24
2.1 Дина-Н ЖШС-нің өндірістік - шаруашылық қызметін талдау ... ... ..24
2. Дина-Н ЖШС-нде шығарылатын тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..36
2.3 ҚР-ғы өнеркәсіптік кәсіпорындар тауарларының бәсекеге
қабілеттілігінің қазіргі жағдайы және даму
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ..43
2. Нарықтық ортада өнеркәсіптік кәсіпорындар тауарларының бәсекеге
қабілеттілігін басқаруды жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
3.1 Дина-Н ЖШС-і тауарларының бәсекеге қабілеттілігін басқаруды арттыру
тетіктері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .49
3.2 Бәсекеге қабілеттілікті басқаруды арттырудағы мемлекеттік саясаттың
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...74
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...75
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...77
Кіріспе
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының алдында тұрған басты
стратегиялық мақсат – ұлттық экономиканың барлық салаларын шикізаттан дайын
өнім шығаруға дейінгі технологиялық үрдістерді толық қамтитын индустриялық
кезеңге көшіру. Сол себепті елімізде бәсекелік ортаның ерекшеліктерін
ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен бәсекелік
әлеуетін одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде және олар
бойынша нақты жұмыстар да атқарылуда.
Әйтсе де, ғаламдық экономиканың қазіргі кезеңінде қолда бар
жетістіктерге қанағаттандыру жеткіліксіз. Тынымсыз ізденіс пен нәтижелі іс-
әрекеттері арқау еткен әлемдік нарық өндірушілері барынша жаңа нарықтарды
игеруге, ондағы тұтынушыларды жаулауға белсене кірісуде. Нарықтың бұл қатал
шарты отандық өнім өндірушілердің бәсекелік қауқарын нығайтуды, өнімдерінің
бәсекелік қыспақтарға төтеп берерлік қабілетін арттыруды, ішкі және сыртқы
нарықтарда тиімді әсері бар тетіктерді айқындауды және сол арқылы
мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешуді қажет
етеді. Бұл жағдай Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық
дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясында нақты міндет ретінде
белгіленген: Біз кәсіпкерлік ортаның бәсекелестік артықшылықтарын
жетілдіретін тетіктерді пайдалану арқылы, қосылған құнға барынша қол
жеткізе отырып, нақты өндірістерде қосылған құндар тізбегіндегі
элементтерді игеруіміз қажет [4]
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің айқындаған Қазақстан
әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында:
Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе
жатқан, әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген,
дүниежүзілік шаруашылықта шағын да болса өзіне лайық орны иемденген, әрі
жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын
қалаймыз деп анық айтылған. [2]
Сондықтан да, дәл бүгінгі күні бәсекеге қабілетті өнім шығаруда
озық тәжірибелері мен жетістіктері бар елдердің қолдануға тиімді
нәтижелерін, осы салаға қатысты ғылыми-техникалық және инновациялық
ізденістердің қолданысын пайымдай отырып, бәсекеге қабілеттілікті
арттырудың тетіктері ретінде өнімнің тұтынушылық қасиеттерін анықтайтын
сапалық көрсеткіштерінің, кәсіпорынның баға саясатының, өнімнің
тартымдылығын жоғарылатуға ықпал ететін кәсіпорынның маркетингтік жүйесінің
және өндірістің өркендеуін ынталандыратын мемлекеттік қолдау саясатының
мазмұнын түсіну және нақты тәжірибеде қолдана білу қажеттілігі туындайды.
Осы айтылғандар диплом жұмысының тақырыбының өзектілігін анықтайды.
Жұмыстың мақсаты ─ тауардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды
теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеу және нақты тұжырымдар мен
ұсыныстар жасау. Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі
керек:
- тауардың бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық мәнін ашып көрсету;
- тауардың бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторларды анықтау;
- тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістерін зерттеу;
- ұсынылған әдіспен Дина-Н ЖШС-нің тауарының бәсекеге қабілеттілігін
бағалау;
- Дина-Н ЖШС тауарларының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолдарын
ұсыну;
Зерттеу объектісі ─ Дина-Н жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізін өнеркәсіптік
кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша
отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулықтары мен
оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпараттар, сондай-ақ
арнайы заңдар, заңнамалық құжаттар, нормативтік-құқықтық актілер мен
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары
мен жарлықтары, ҚР-сы статистикалық агенттігінің мәліметтері, құрылыс
өнімдері нарығында қызмет ететін Дина-Н ЖШС-нің жылдық есептемелік
құжаттары құрайды.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімен, қорытынды мен
пайдалынылған әдебиеттер көздерінен тұрады. Диплом жұмысының кіріспесінде
тақырыптың өзектілігі, мақсаты, зерттеу объектісі, теориялық және
әдістемелік негізі, қарастырылған.
Бірінші бөлімінде өнімнің бәсекеге қабілеттіліктің теориялық жақтары,
қазіргі нарықтық экономикадағы орны қарастырылған. Ал екінші бөлімінде
Дина-Н ЖШС-нің қызметіне өндірістік-шаруашылық және сол кәсіпорын
тауарына бәсекеге қабілеттілігі бойынша талдау жасалады. Яғни сол
кәсіпорын тауары қаншалықты бәсекеге қабілетті екендігі талданады. Үшінші
бөлімінде өнеркәсіптік кәсіпорындарда тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін
жоғарылату жолдары қарастырылған.
1. Өнеркәсіптік кәсіпорындар тауарларының бәсекеге қабілеттілігін
басқарудың теориялық аспектілері.
1.1 Өнеркәсіптік кәсіпорындар тауарларының бәсекеге қабілеттілігі түсінігі,
мәні мен мазмұны.
Нарықтық экономикада әрбір тауар өндіруші өзінің шығаратын өнімдерінің
бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейді. Өйткені бәсекеге ортаның дамуы
шығарылатын тауардың сапасын арттыруға, бағаны төмендетуге ықпалын тигізіп,
тұтынушылардың кең көлемді сұранысын қанағаттандыруға итермелейді. Бәсекеге
қабілетті өнім шығару пайданы жоғарылатуға ықпал ететін негізгі фактор
екенін уақыттың өзі дәлелдеуде.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігінің мазмұны бәсеке терминімен
тікелей байланысты. Ежелгі латынның concurrentia сөзінен бастау алатын
бұл термин қақтығысу, тартыс мағынасын білдіреді. Нарықтық экономиканы
дамытудағы бәсекенің мәнін 18-ғасырда ағылшынның кемеңгер экономисі Адам
Смит әйгілі көрінбейтін қол қағидасында ашып көрсеткен. А.Смит бойынша
бәсеке механизм іспеттес, сол арқылы жеке көзқарастар мен экономикалық
тиімділік қалыптасады, салалар арасында игіліктердің тиімді бөлінуі жүзеге
асады, пайда мөлшері теңеледі.
Бәсекенің көмегімен нарықтағы баға арқылы реттеу мағынасын ағылшын
экономсі Давид Рикардо өзінің Саяси эконмия қағидалары және салық салу
(1817) атты жұмысында айтып өткен: Тұтыну заңы туралы, оның құны мен оны
реттеу заңдылықтары жайында сөз қозғалса, әр уақытта да бәсеке ықпал ететін
тауардың түрін айтады.
Джон Стюарт Мильдің көзқарасы бойынша эконмикны дамытуда бәсеке
реттеуші рөл атқарды: Бәсекенің бағаны, еңбекақыны, рентаны реттейтін
бірден-бір құрал екенін ескерсек, онда ол өзінен-өзі заң болып шығады. Сол
арқылы реттеулер жүзеге асады.
Құн заңы бойынша К. Маркс былайша пайымдайды: Бәсеке, ең алдымен,
бір өндіріс саласы барысында, әрбір жеке тауар құнынан бірыңғай нарықтық
құн мен нарықтық баға қалыптастырады.
Бәсекені жаңалық реттемесі (процедурасы) ретінде белгілі
батыс экономисі Ф.А. Хайек көрсетіп өткен. Ф.А.Хайектің анықтамасы былайша
сипатталады: ...мен бәсекені жаңа дәлелді ашатын, ол делелдерсіз ешкімге
танымал болмайтын немесе пайдаланылмайтын реттеме ретінде қарастыруды
ұсынамын, бәсеке зерттеу үдерісі ретінде маңызды, ол ізденушілерге
істелінбей тұрған мүмкіндіктерді пайдалануына жағдай туғызады ... .
Қазіргі ғалым экономистер өз еңбектерінде бәсекеге қатысты
көзқарастарын жаңа ойлармен сипаттап, бәсеке теориясының дамуына үлестьерін
қосуда.
Гарвард бизнес мектебінің профессоры М. Портер өзінің Халықаралық
бәсеке кітабында бәсекені- әр кез жаңа тауарлар, маркетингтің жаңа
жолдары, жаңа өндірістік үрдістер мен жаңа нарықтық сигменттер пайда
болатын бнлсенді және дамушы күш, үздіксіз өзгіріп отыратын ландшафт деп
көрсетеді.
Ресейлік ғалым А.Ю. Юдановтың пікірінше, нарықтық бәсеке- нарық
сегментінің тиісті бөлігінде, тұтынушылардың шектеулі көлемдегі төдем
қабілеті бар сұранысы үшін фирмалар арсындағы тартыс.
Г.Л. Азоев пен А.П. Челенков: Бәсеке- белгілі бір мақсатқа жету үшін
заңды немесе жеке тұлғалар арасында болатын тартсты бейнелейді,-деп
көрсетеді.
Бәсеке тақырыбында өзінің елеулі еңбектерімен ерекшеленген ресейлік
ғалым-экономист Р.А. Фатхутдинов негіздеуінше: Бәсеке- бұл субъектінің
объективті немесе субъективті қажеттіліктерін заңдылық шеңберінде, не
қалыпты жағдайда қанағаттандыру үшін бәсекелестерімен тартыс барысында
жеңіске немесе басқа да мақсаттарға жетумеде өзінің бәсекеге
артықшылықтарымен басқару үдерісі. [29]
М.И. Кныш өз еңбегінде бәсекені қандай да бір қызмет аясында жақсы
нәтижелерге жету үшін болатын эконмикалық жарыс, тауар өндірушілердің
тиімді шаруашылық жағдайы ушін, мол пайда алуға бағытталған күресі,- деп
жазады.
Осы тектес мағынаны қазақстандық ғалым Р.С. Каренов өзінің сөздігінде
келтірген: Бәсеке- нарықтағы тартыс. Тауар мен қызмет өндірушілер
арасындағы тиімді өндіріс пен өнімді өткізу арқылы мол пайда алу жолындағы
күрес.
Тағы бір топ қазақстандық ғалымдар И.Я. Петренко мен С.Б. Есмұратов
бәсекені бизнесмендер арасындағы тартыс және күрес деп көрсетумен қатар,
оның ынталандырушы рөлін сипаттайды: Бәсеке бизнесмендерді тұтынушыларға
бетімен қарауға ықпал ететін, сол арқылы еңбек өнімділігін арттыратын,
өндірісті кеңейтетін, тауардың сапасын көтеретін, оның шығындылығын
төмендететін қозғаушы күш.
Г.Ә. Қалиев және Е. Темірұлы Нарықтық экономикасының
анықтамалығында бәсекеге келесідей анықтама берген: Бәсеке деп жеке өнім
өндірушілер, жұмыс істеушілер, қызмет көрсетушілер арсында өз мүддесі
жолындағы бәсекені айтады. Нарықтық экономикада бәсекелестік негізгі
реттеуші қызмет атқарды. Оның күш-қуаты жағдайлық сипатқа ие, егер ол басқс
тетіктермен түзетіліп отырмаса эконмикалық, әлеуметтік, экологиялық және
басқа да қажетсіз зардаптарға ұрындыруы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестік туралы Заңында: бәсекелестік-
дербес жасаған іс-әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналысының
жалпы жағдайына олардың әрқайсысының бір жақты ықпал ету мүмкіндігін тиімді
шектейтін нарық субъектілерінің жарыспалылығы деп көрсетілген. [3]
Отандық және шетелдік арнайы әдебиеттердің талдауы
көрсеткендей, қазіргі уақытта тауардың бәсекеге қабілеттілігінің мағынасын
толық ашып көрсететін бірыңғай тұрақты анықтама қалыптаспаған. Бұл мәселеге
байланысты бірнеше көзқарас бар.
Көптеген зерттеушілер бәсекеге қабілеттілікті белгілі бір
қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған тауардың сапалық және құндық
сипатымен немесе тауардың нарықта өту мүмкіндігімен байланыстырады.
Мәселен, эконмист А.А. Ваксманн бәсекеге қабілеттілікті тауардың нарықтың
белгілі бір кезеңінде қалыптасқан талаптарға сәйкестігімен сипаттайды.
Н. Моисеева мен Ю. Анискиннің айтуынша, тауардың бәсекеге
қабілеттілігі тұтынушының сұранысын қанағаттандыруға және тауарды сатып
алуға, әрі пайдалануға кететін шығындарын ескре отырып, тауардың сапалық
және құндық ерекшеліктерімен сипатталады. Сол сияқты, тауардың бәсекеге
қабілеттілігі тұтынушының қызығушылығын тудыратын және қажеттілігін
қанағаттандыратын сипатымен ерекшеленеді. А. Трубилин тауардың бәсекеге
қабілеттілігін нарықта жетістікке жеткізетін оның тұтынушылық және құндық
сипаттарының жиынтығымен анықтайды.
Алайда, мұнда тауардың бәсекеге қабілеттілігі белгілі бір тауарды
басқа тауармен салыстыру арқылы анықталатыны ескерілмейді. Осы көзқарсты
ұстанатындар тауардың бәсекеге қабілеттілігі, түпкі нәтижеде, тұтынушылар
үшін қызығушылық тудыратын тауардың техникалық-экономикалық қасиеттеріне
келіп тіреледі деген пікірде. Мысалы, А. Шуваловтың анықтауынша, тауардың
бәсекеге қабілеттілігі – нарық жағдайындағы оның сапасы. Бұл жерде, сапа -
тауардың бәсекеге қабілеттілігінің тек негізгі құраушыларының бірі ғана
екенін ескере кеткен жөн.
Келесі бір топ ғалымдар тауардың бәсекеге қабілеттілігін тұтынушыға
жағымдылығы жағынан сипаттайды. Мәселен, профессор А.Ю. Юдановтың
пікірінше, тауардың тұтынушы үшін тартымдылық деңгейі оның бәсекеге
қабілеттілігін көрсетеді. Ал, Г.Л. Азоев және А.П. Челенков тауардың
бәсекеге қабілеттілігі оның нарыққа ұсынылған ұқсас тауарлармен
салыстырғанда тұтынушылардың сұранысына толық жауап беруімен сипатталады
деген анықтама береді.
И.В. Сергеев тауардың бәсекеге қабілеттілігі – тұтынушының
қажетін өтейтін және сатып алу мүмкіндігіне сай келетін тауарлың сапалық
және құндылық көрсеткіштердің жиынтығымен сипатталады және осы тектес
бәсекелес өнімдерден ерекшеленеді деген пікір білдіреді.
И.Н. Герчикованың айқындауынша, бәсекеге қабілеттілік деп
тұтынушының жеке қасиеттерін қанағаттандыратын, бағасы жағынан тиімді және
сапасы жоғары, ұқсас тауарлардан ерекшеленетін артық тауардың жиынтық
қасиетін айтуға болады.
Р.А. Фатхутдиновтың пікірінше, бәсекеге қабілеттілік – объектінің
нарықтағы ұқсас объектілермен салыстырғанда нақты қажеттілікті
қанағаттандыру деңгейі. [29]
Алайда, бәсекеге қабілеттілік – салыстырмалы түсінік және белгілі
бір жағдайлармен сипатталады, яғни ол нақты нарыққа, белгілі уақытқа,
сәйкес салаға және мемлекеттің, әлемнің, әрі қоғамның еңбек жүйесіне
тәуелді. Сондықтан, тауардың бәсекеге қабілеттілігін тұтынушыға тек
жағымды жағынан сипаттау жеткіліксіз.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігіне қатысты тағы бір топтың көзқарасы
бойынша анықталады: бәсекеге қабілеттілік деңгейі нарықтық жағдаймен
сипатталып, тауардың нақты нарықта сатылу қабілетімен бейнеледі. Мәселен,
Р.М. Тихонов: Өнімге немесе қызметке қатысты бәсекеге қабілеттілік оның
бәсекеге төзімділігімен сипатталады, яғни басқа ұқсас тауарлардың ішінде
сұранысқа ие болуы және сатылуы тауардың бәсекеге қабілеттілігін
көрсетеді. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі дегеніміз – оның белгілі бір
нарықта, нақты бір уақыт аралығында нәтижелі сатылуы, - деп тұжырымдайды.
Осыған ұқсас бір анықтама былайша келтіріледі: Бәсекеге қабілеттілік –
бұл өткізу нарығының белгілі бөлігін иемденген және басқа ұқсас тауарлардың
өткізілуіне шектеу жасайтын тауардың қасиеті. Бұл көзқарастар тауардың
нарықтағы өтімділігімен оның бәсекеге қабілеттілігін сипаттауға
бағытталған. Аталған пайымдаулардағы негізгі кемшілік – ол тауардың
нарықтағы сұранысқа ие болуы оның тапшылығына да байланысты болатынын
ескермеуінде. [13]
Қазақстандық бір топ ғалымдар бәсекеге қабілеттілікке
төмендегідей анықтама береді: Бәсекеге қабілеттілік - тауардың нақты
қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес деңгейімен, сондай-ақ оны қанағаттандыруға
кеткен шығындарымен белгіленеді. Сол сияқты, тамақ өнеркәсібінің бәсекеге
қабілеттілігін жүйелі түрде зерттеген ғалым-экономист С.Б. Ахметжанова
бәсекеге қабілетті өнім, бәсекелестердің нарыққа ұсынған ұқсас
тауарларымен салыстырғанда сапасы мен бағасы жағынагн ерекшеленеді деген
пікір білдіреді.
Профессор К.Р. Нұрмағанбетовтың тауардың бәсекеге қабілеттілігі
туралы топшылауында өзіндік маңыз бар: Бәсекелес кәсіпорын өндірген ұқсас
өнімге ішкі және сыртқы нарықта қарсы тұру - тауардың бәсекеге
қабілеттілігін көрсетеді.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін оның бағасы арқылы сипаттау
әрекетттері де қолданылуда. Бұл бағаны қалыптастырудың квалиметриялық
әдістемесін жақтайтындардың анықтамаларында кездеседі. Олардың пікірінше,
тауардың бағасы оның тұтынушылық және құндық қасиеттерін бейнелейтін
әмбебап сипатқа ие. Бағасына байланысты тауарлардың айырмашылықтары
қалыптасады, осы себепті тауарлар бір-бірімен бәсекеге түседі. Алайда, бұл
көзқарасты баға бәсекесі теріске шығарады, өйткені, біркелкі тұтынушлық
сипатқа ие тауарлар әр түрлі бағамен сатылуы мүмкін.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін екі түрлі фактормен
салыстырмалы анықталатын салыстырмалы сипатпен қарастыру жағдайлары да
кездеседі, яғни тауардың сапасы мен қарастырылатын өткізу нарығының
талаптары арқылы. Шындығында, бәсекеге қабілетті болу үшін өнім
өткізілетін нарықтың тиісті талаптарына сай, жоғары сапалы болуы тиіс.
Алайда, Бұл жағдайдың өзі тауардың бәсекеге қабілетті екендігін
көрсетпейді. Бәсекеге қабілеттілік өнімді өткізу барысында басқа
тауарлармен салыстыру арқылы анықталады.
Қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейі және оған кететін
шығындылық арқылы анықталатын тауардың салыстырмалы сипаттағы бәсекеге
қабілеттілігі тұтынушының бір өнімнен екіншісін жоғары бағалау арқылы
анықтайтынын ескермейді. Осыған байланысты, тауардың бәсекеге қабілеттілігі
– оның ұқсас басқа өнімнен айырмашылығында ғана емес, салыстырмалы
ерекшелігінің де болуында.
Негізінен, тауардың бәсекеге қабілеттілігі оның нақты
қажеттілік үшін құндылығымен анықталады. Әрбір тұтынушы қандай да бір
өнімді сатып аларда оның қажеттілігін өтеудегі тиімділігін ескереді. Егер,
өнім тұтынушының қажеттіліктеріне сай болып тұрса, онда оның бәсекеге
қабілеттілігі бағалау құнына қарай ауысады. Яғни тұтынушы, бір жағынан,
тауардың пайдалану тиімділігін ескерсе, екінші жағынан, оған кететін
шығынды ойлайды.
Бұл жерден шығатын қорытынды, тауардың бәсекеге қабілеттілігі – бұл
тауардың бәсекелес өндірушілердің ұқсас өнімдерімен салыстырғанда жоғары
тұтынушылық қасиеттерімен, төмен бағамен, тартымдылығымен және оның
қажеттілікті өтеу құндылығымен ерекшелену сипаты. Бұл анықтама өнінің
бәсекеге қабілеттілігінің маңызын мейлінше толық түрде бейнелейді деген
ойдамыз.
Батыстың қазіргі заманғы бәсекеге қабілеттілік теориясының авторы М.
Портер өзінің Бәсеке стратегиясы кітабында бәсекеге қабілеттілікті үш
стратегия арқылы көрсетеді:
1. шығындылықты төмендету
2. бөлшектеу
3. жинақтау
Бірінші жағдайды қамтамсыз ету үшін ұйым өзінің өнім өндіру
шығындылығын бәсекелестеріне қарағанда мейлінше төмендетуі керек. Мұндай
үнемдеу өндіріс көлемінде, жаңа технологияларды енгізуде немесе басқа да
шикізат көздеріне байланысты болуы мүмкін.
Бөлшектеу стратегиясы барлық жағдайға әмбебап болып келеді. Бөлшектеу
тауардың өзінде, оны жеткізу әдістерінде, маркетинг жүйесінде немесе басқа
да факторларда болуы мүмкін. Бұл әдістің бірінші стратегиядан айырмашылығы
бар, яғни шындылықты төмендету тек үнемдеуге ғана қатысты болса, бөлшектеу
стратегиясына әр алуан жолмен жетуге болады.
Портердің ұсынып отырған үшінші стратегясы бар ынтаны қызмет
жүйесінің белгілі бір тұтынушылардың талғамына жауап беретін аз ғана өнім
шығарып, барлық күш-жігерді осы мақсатқа ғана жұмсайды. Портердің
пікірінше, осы аталған стратегияның әрбірі бәсекеге қабілеттіліктің
қалыптасуына өз ықпалын тигізуі мүмкін.
М. Портер осы кітабында шығарылатын тауардың екі негізгі бәсекеге
артықшылықтарын бөліп көрсетеді. Олар: мейлінше төмен шығындылық пен
мамандандыру.
Мамандандыру – тұтынушылардың айрықша қажеттіліктерін
қанағаттандырып, сол үшін басқа тауарлармен салыстырғанда жоғары бағалауға
ие болу қабілетімен түсіндіріледі. М. Портер мақсатқа жету үшін барлық
күшті осы екі әдістің біреуіне ғана аудару қажет деп пайымдайды.
Шығарылатын тауардың бағасын төмендетіп немесе жоғары талапқа сай етіп, оны
төлем қабілеті бар тұтынушыларға сату керектігін көрсетеді.
Біздіңше, М. Портердің бәсекеге қабілеттілігін артыру жолдары
шектеулі. Өйткені, жоғарыда аталған бәсекенің артықшылықтарын жеке-жеке
емес, кешнді түрде қолдануға мүмкіндік бар, сонымен қатар бәсекеге
қабілеттілік нақты өнім түріне байланысты бірнеше факторларға тәуелді
екендігін ескерген жөн.
Жалпы алғанда, тауардың бәсекеге қабілеттілігі бірнеше маңызды
қасиеттерге ие:
1. бәсекеге қабілеттілік – салыстырмалы шама, яғни ол ұқсас
өнімдермен теңестіру арқылы анықталады;
2. ол динамикалық шама, яғни уақытқа байланысты өзгереді, тауардың
өмірлік цикліне және басқа да жағдайларға тәуелді;
3. әрбір тұтынушының жеке талғамы әрбір тауардың бәсекеге
қабілеттілігіне өздігінше әсер етеді. Сондықтан, тауардың бәсекеге
қабілеттілігі құбылмалы сипатқа ие;
4. бәсекеге қабілеттілік нақты, яғни ол тауардың белгілі бір түріне,
нарыққа, ҒТП даму деңгейіне, қоғамдық еңбек жүйесіне және т.с.с.
байланысты;
5. бәсекеге қабілеттілікке әсер етуге болады, ол оның құндылығын
арттыру үшін маңызды.
Осы жағдайларға байланысты бәсекеге қабілеттілік жүйелі түрде,
уақытқа және қоғамдық талаптарға сай тұтынушы үшін де, өндіруші үшін де
зерттеу қажет.
Сонымен, жоғарыда айтылған тауардың бәсекеге қабілеттілігіне
қатысты анықтамаларды жинақтай келе, оның экономикалық мазмұны ретінде
келесілерді атап өтуге болады:
- тауардың бәсекеге қабілеттілігі – бұл тек нарықтық экономикаға тән
категория. Бәсеке жоқ жерде тауардың бәсекеге қабілеттілігі туралы
сөз болуы мүмкін емес;
- бәсекеге қабілеттілік – салыстырмалы түсінік, өйткені ол тұтынушы
талғамын қанағаттандыруға бағытталған тауарларды бір-бірімен
салыстыру арқылы анықталады;
- тауардың бәсекеге қабілеттілігі – бұл тауардың бәсекелес
өндірушілердің ұқсас өнімдерімен салыстырғанда жоғары тұтынушылық
қасиеттерімен, төмен бағамен, тартымдылығымен және оның
қажеттілікті өтеу құндылығымен ерекшелену сипаты. Басқаша айтқанда,
тауардың нақты нарықта сәтті өткізілуі – оның бәсекеге
қабілеттілігін көрсетеді;
- бәсекеге қабілетті өнімді қалыптастыру тұтынушының талғамын
қанағаттандыратын сапалық және құндық, әрі тартымдылық сипаты
тиімді ерекшеліктер арқылы жүзеге асады;
- тауардың бәсекеге қабілеттілігі уақыт ағымына , өткізу нарығына,
халықтың өзгермелі сұранысына тәуелді өзгермелі құбылыс
1.2 Тауарлардың бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар
Тауарлардың бәсеке қабілеттілігінің деңгейі әр текті және әр бағытта
көптеген факторларға байланысты.
Тауардың нарықта нәтижелі сатылуына әсер ететін факторлар
объективті емес, тұтынушылардың субъективті қабылдануына байланысты. Мұндай
факторлар экономикалық әдебиетте табыстың стратегиялық факторлары немесе
табыстың негізгі факторлары деген атуға ие болған. Табыстың стратегиялық
факторлары тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтайды. Әдебиеттердің
талдауы көрсетіп отырғандай, тауардың бәсекеге қабілеттілігі факторларын
жіктеудің бірнеше түрлері қалыптасқан.
Тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторларды екі
негізгі топқа бөледі. Олар: субъективті және объективті.
Көптеген ғалымдардың пікірлері бойынша, субъективті факторлар
өндірушіге байланысты емес, оларға психологиялық және жеке тұлғалық
факторлар жатады, мәселен, тұтынушылардың ұстанымдары, әдеті, салты және
т.б.
Объективті факторлар өндірушіге тікелей (сапа деңгейі) немесе
жанама (сатылған өнімге техникалық қызмет көрсету, делдал ұйымдардың
қызметі және т.с.с.) түрде байланысты болады.
Осы жіктеуге ұқсас, тауардың бәсекеге қабілеттілігіне әсер
ететін факторларды эндрогендік және экзогендік деп бөледі.
Эндрогендік факторлар өндірістік кәсіпорынның мүмкіндіктерін
сипаттайды және тауардың техникалық-экономикалық деңгейіне ықпал етеді.
Экзогендік факторлар - әлемдік нарықтың немесе импорттаушы
мемлекеттің өнеркәсіптік тауарлар нарығының қажеттіліктерін және тауарға
деген сұранысты анықтайды. Мұндай жіктеу дұрыс, алайда, біріншіден, ол
бағаның тауарлар бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін фактор екндігін
ескермейді, екіншіден, өндіруші тарапынан әсер ететін факторларды
нақтылауды қажет етеді, өйткені тауардың бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз ету өндірушіге байланысты.
А. Трубилин бәсекеге қабілеттіліктің факторларын сыртқы, сапалық
және экономикалық деп бөледі.
Оның пікірінше, сыртқы факторларға экономика мен нарықтың даму
үдерістері, ғылыми-техникалық ілгерілеу, тұтыну құрылымындағы өзгерістер,
нарық құрылымы және бәсекелестер құрамы жатады. Сонымен қатар, мұнда
кәсіпорынның имиджі мен танымалдылығы, өндіруші мемлекеттің беделі де үлкен
мәнге ие.
Екінші топ факторларын қазіргі қолданыстағы стандарттар, мөлшерлер,
ұсыныстар анықтайтын тауардың сапа көрсеткіштері құрайды, сол сияқты
тауардың қауіпсіздігі, ұзақ мерзімге сақталынуы да осы топқа кіреді.
Тауардың сапасын анықтау халықаралық стандарттау ұйымының (ИСО) талабымен
жүргізіледі.
Бәсекеге қабілеттілікке әсер ететін үшінші топтағы факторларға
тауардың өзіндік құны мен бағасын қалыптастыратын экономикалық көрсеткіштер
жатады.
Әлемдік тәжірибе де тауардың бәсекеге қабілеттілігі келесі
факторлармен анықталады:
- өнім сапасының нарықтың және нақты тұтынушының талабына сай
болуымен;
- сатып алуға, жеткізуге кеткен шығындарымен;
- тұтынушыға тиімді уақытта жеткізу жағдайымен;
- кәсіпорынның нарықтағы беделімен және сенімді әріптес болатындығы
туралы дәлелімен.
Біздіңше, тауардың бәсекеге қабілеттілігі 1-суретте көрсетілген
негізгі кешенді үш факторға тәуелді:
1. Міндет - өнімді қандай мақсатқа пайдаланатынын, оның функционалдық
мүмкіндіктерін, сол арқылы осы өнімді тұтынушылар тобын анықтайды.
2. Жоғары сапа – бағалық емес бәсекеде үлкен мәнге ие. Сондықтан,
сапаны тауардың бәсекеге қабілеттілігінің кешенді көрсеткіші
ретінде қарастыруға болады.
3. Баға – тауар құнының акшалай көрінісі. Өнімге деген сұраныс пен
ұсыныс тең болғанда баға мен құн да теңеседі. Ұсыныстың сұраныстан
артуы бағаны төмендетеді, ал керісінше, нарықтағы сұраныс артса,
онда тауардың бағасы құнынан әлдеқайда жоғары болады. Нарықтық
экономика жағдайында баға объективті экономикалық заңдылықтарға, ең
алдымен құн заңына сай қалыптасады. Бағалық бәсеке кезінде төмен
баға тауардың бәсекеге қабілеттілігінің кепілі болады.
Сурет 1. Бәсекеге қабілеттіліктің кешенді үш факторы
Аталған үш факторды кешенді түрде қарастырған жөн. Көп
функционалды міндеті, жоғары сапасы және тиімді бағасы бар өнім бәсекеге
қабілетті бола алады. Бұл факторлар үнемі бір-бірін толықтырып отырулары
қажет.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторларды
техникалық, экономикалық және әлеуметтік-ұйымдастырушылық деп те бөлуге
болады.
Техникалық факторлар тауардың техникалық-конструкторлық
сипатын, оның міндеті мен белгілі бір топқа қатысын, адам ағзасы мен
психикасына сәйкестігін бейнелейтін эргономикалық көрсеткіштерін
сипаттайды.
Экономикалық факторлар өнімді өндіруге кеткен шығындармен, оның
бағасымен, тауарды сату кезіндегі шығындармен және басқалармен анықталады.
Әлеуметтік-ұйымдастырушылық факторлар тұтынушылардың әлеуметтік
құрылымын, олардың ұлттық ерекшеліктерін, өндірістің, өткізудің және,
тауарды жарнамалаудың ерекшеліктерін көрсетеді.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторларды бір
топ авторлар бағалық және бағалық емес факторларға бөледі.
Біздің пікіріміз бойынша, бағалық факторларға тауарды сатып алу
бағасын (жеңілдіктерді, төлеу мерзімін еакере отырып) жатқызуға болады.
Тауардың сатылу бағасы өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындардан,
өндірушінің табысынан, түрлі салықтар мен алымдардан құралады. Сондықтан
да, бағалық бәсеке кезінде өндірушілер шығындылықты төмендетуге үлкен мән
береді. Бұл бағаны тауардың бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін негізігі
фактор ретінде қалыптасады.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін бағалық емес
факторларға: тауардың сапасын, ұйымдастырушылық-коммерциялық жағдайларды,
сауда маркасының имиджін және өндірушілердің беделін жатқызуға болады. Бұл
жерде тауардың сапасы оның тұтынушылық қасиетін анықтайды және сол үшін
маңызды болып есептеледі. Тауардың қасиеті тек оның сапасына ғана емес, сол
тауардың құрамына кіретін заттардың жоғары сапасына да байланысты. Алайда,
тұтынушыға өзі ұнатқан тауардың сапасымен қатар, ол өнімді сату жағдайлары
да үлкен әсер береді. Өнімді жеткізіп беру, белгілі бір жеңілдіктер
көрсету, тауардың бұзылмауына кепілдік беру, несиеге беру және т.с.с.
тұтынушының бір өнімнен екінші өнімді таңдауына ықпал етуі мүмкін.
Бағалық емес бәсеке нарықта біркелкі бірнеше тауардың пайда болуынан
туындайды. Осы жағдайда өнімі сапалы, әрі оған қызмет көрсету жағдайы
жоғары өндіруші тұтынушылар тарапынан сұранысқа ие болады.
Бағалық емес фактор нарыққа ұзақ уақыт өнім шығарып жүрген,
тұтынушылардың талғамынан шыққан өндірушілер үшін өте маңызды болып келеді.
Өйткені, біркелкі өнімдердің ішінен тұтынушы өзіне жақын, таныс, сауда
маркасы сенім білдіретін өндірушінің өнімін алуды қалайды. Мұндай кезде
тұтынушы өзі сенім білдірген өндірушінің өніміне басқа өнімдерге қарағанда
жоғары баға беруге де дайын. Осы жағдайлардың өзі-ақ өндіруші үшін бағалық
емес факторлардың қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.
Негізінен тауардың бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін
факторларды сыртқы және ішкі деп бөлген жөн, олар 2-суретте көрсетілген.
Сурет 2. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар
Сыртқы факторлар кәсіпорынның бақылауында бола алмайды, бірақ
тауардың қалыптасуына ықпал етеді. Мұндай факторларға жататындар:
- мемлекеттегі саяси-экономикалық жағдай және елдегі жүргізіліп
отырған саясат (инфляция деңгейі, экономиканың өсу деңгейі,
мемлекеттік тұрақтылық және т.б.)
- өндіріс орналасқан аймақтың экономикалық мүмкіндіктері;
- нарықтың монополиялану дәрежесі (бәсекелі ортаның болуы, нарыққа
кіру мүмкіндіктері және т.б.)
- ғылыми-техникалық және инновациялық жетістіктердің даму деңгейі,
көлемі және бағыттары;
- нарықтағы тұтынушылардың талғамы;
- халықтың әл-ауқаты (төлем қабілетінің жеткілікті дәрежеде болуы);
- табиғи ортаның жағдайы (шикізаттың жеткіліксіздігі, қоршаған
ортаның ластануы және т.б.);
- экономикалық қатынастарды реттейтін заңдылықтар, нормативтік және
патентті-құқықтық құжаттар;
- мәдени орта (халықтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, қағидаларды ұстануы
және т.б.);
- елдегі демографиялық ахуал және басқа да жағдайлар.
Бұл факторлардың әрбірі, тиісті дәрежеде тауардың бәсекеге
қабілеттілігінің қалыптасуына әсер етіп отырады. Кейбір жағдайларда сыртқы
факторлар ішкі факторларға қарағанда тауардың бәсекеге қабілеттілігіне
көбірек ықпал етеді. Өйткені, мемлекеттің әлемдік нарыққа шығуда және ішкі
нарықты қорғауда ұстанып отырған саясаты, халықтың әл-ауқатына байланысты
тұтынатын тауарлардың мәзірін өзгертуі, пайдаланылатын шикізат сапасының
өзгеруі, ішкі нарықтағы бәсекелі ортаның сақталуы, теріс пиғылды бәсекені
шектеу жұмыстары, нарыққа жаңа өнімдердің шығуы, тұтынушының белгілі бір
өнімге деген тұрақты ұстанымы және тағы басқалар тауардың бәсекеге
қабілеттілігін ішкі факторларға қатыссыз өзгертуі мүмкін.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін ішкі факторлар
кәсіпорынның қызметіне тікелей байланысты, сондықтан да олар кәсіпорын
тарапынан қадағаланып, реттеліп отырады. Мұндай факторларға келесілерді
жатқызуға болады:
- өндірістің техникалық деңгейі;
- өндірісті ұйымдастыру деңгейі;
- өндірістік шығындар;
- шикізаттың, материалдардың және басқа да өнімге қажет заттардың
сапасы мен бағасы;
- әлеуметтік-психологиялық жағдайлар;
- кәсіпорынның жарнамалық және ұйымдастырушылық қызметі (өнімді сату
кезіндегі қызмет көрсету жағдайлары);
- тауардың патентті-құқықтық қорғалу дәрежесі мен халықаралық сапа
стандарттарына сәйкестігі.
Ішкі факторлар, нарықтық бәсекеде, кәсіпорын өнімін бәсекелестердің
ұқсас өнімдеріне қарағанда сапалы, әрі арзандау шығаруға, кәсіпорынның
бәсекеге артықшылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді. Өндіріске алдыңғы
қатарлы ғылыми-техникалық және инновациялық жетістіктерді енгізу, тауардың
сапалық қасиеттерін арттыратын технологияларды тарту, тауардың бағасын
салыстырмалы түрде төмендету, өнімді өткізуде әр түрлі маретингтік шаралар
жүргізу - тауардың бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін ішкі
мүмкіндіктерді айқындайды.
Әр кәсіпорын өзінің стратегиялық жоспарларын дайындау кезінде
тауардың бәсекеге қабілеттілігіне көбірек әсер ететін факторларды
анықтауға тырысады. Сол арқылы өзінің бар назары мен ресурстарын осы
мақсатқа жұмылдырады. Бірқатар компанияларға жүргізген сұраулар бойынша
тауардың бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін негізгі факторларға
келесілерді жатқызған: тауардың сапасы (сұралғандардың 87%-ы), сервистік
қызметтер (59%), тауардың технологиялық деңгейі (43%), өнімді өткізу
жағдайы (42%), тауардың бағасы (40%), өнімді дайындау мен нарыққа жеткізу
аралығы (19%).
Жоғарыда аталған тауардың бәсеке қабілеттілігіне әсер ететін
факторлардың әр кәсіпорынның өнімі үшін әр түрлі әсер ететінін ескергеніміз
жөн. Себебі, саплық ерекшелік, тауардың техникалық-технологиялық
ерекшелігі, тұтынушының сипатының еркшелігі бір тауардың екіншісіне
ұсамайтындығын дәлелдейді. Тек әлемдік емес, сол сияқты мемлекеттің ішкі
нарығының өзі әр аймақтың орналасу ерекшелігіне қарай бөлінеді. Сондықтан,
әрбір тауардың өту мүмкіндігі, бәсекеге қабілеттілігінің артықшылығы сатылу
нарығына байланысты өзгеріп отыруы ықтимл. Кәсіпорын тауардың бәсекеге
қабілеттілігі, кей жағдайларда теориялық тұрғыдан алғанда маңызды төмен
факторға дәрежеде тәуелді болады. Бұл әр кәсіпорынның өнім шығару
ерекшелігіне, орналасқан аймағының табиғи және экономикалық
мүмкіндіктеріне, тұрғындардың тұтынушылық талғамдарына тікелей байланысты,
яғни тауардың бәсекеге қабілеттілігі факторларының әр алуан болуы заңды
құбылыс. [20]
1.3 Тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері
20-ғасырдың басынан бастап тауардың бәсекелік қабілеттілігін бағалау
әдістері даму сатысын бастады. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау,
бүгінгі күні өндіруші үшін де, тұтынушы үшін де маңызды. Өйткені,
шығарылған өнімдерінің өткізу нарығындағы бәсекелес өнімдерден артықшылығын
немесе кемшілігін анықтау, сол арқылы өндірістік страегиясын белгілеу -
өндірушіге, сатып алатын өнімінің осы тектес өнімдерден құндылығын
айқындау, сол тауардың мейлінше тиімділігін бағалау – тұтынушыға
қажет.(Сурет 3)
Сурет 3. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау схемасы
Тауардың бәсекеге қабілеттілігі оның құрамындағы заттармен, сапасымен,
беріктігімен, адам өміріне қауіпсіздігімен және сол сияқты көптеген
жағдайлармен бағаланады. Өндіруші өз өнімінің бәсекеге қабілеттілігін
бағалағанда тұтынушы тарапынан қойылатын талаптарды ескеруі қажет. Бәсекеге
қабілетті өнімге белгілі қасиеттер тобы сай болады. Өндіруші тұтынушылар
талабымен бірге, өткізу нарығындағы бәсекенің үстемдігін де ескеруі де
шарт. Сол сияқты, өз өнімінің сапасының белгіленген стандарттар мен
нормаларға сәйкестігін бақылауы керек.
Бүгінгі таңда тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың көптеген
әдістері мен оларды жүргізу жолдары қалыптасқан, негізгілері 3-суретте
көрсетілген. Олардың бірқатары өнімді бәсекелес өнімдермен жалпы сипатымен
салыстырып таңдауға негізделсе, тағы бір топбы индекстік әдіспен
бағаланады. Мұндай бағалаулардың негізі болып зерттелетін тауардың сапалық
және құндылық көрсеткіштерін тұтынушы талаптарымен салыстыру саналады.
Алайда, тұтынушының талаптары туралы мәлімет алудың біршама қиындығына
орай, тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау базалық өніммен салыстыру
арқылы жүргізіледі. Бұл үшін нарыққа ұсынылған ұқсас өнімдердің ішінен
өтімділігі жоғары, тұтынушылық қасиеттері сенім туғызатын және беделді
өндірушінің тауары таңдап алынады. Осы үлгілі тауардың көрсеткіштеріне
салыстырмалы өнім көрсеткіштерінің сәйкес келетіндігі немесе сәйкес
келмейтіндігі оның бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін айшықтайды. [12]
Эксперттік әдісті қолданудың көптеген тиімділіктері бар. Ең алдымен,
ол - өнімді бағалау кезінде оның негізгі сипаттарын анықтаудың әр
алуандылығы. Екіншіден, тауардың қасиеттерін сипаттайтын бағалаушыларды
қарапайым тұтынушыдан білікті маманға тарту мүмкіндігі. Үшіншіден, тауардың
бәсекеге қабілеттілігін нарықтың әр аймақтарында бағалау арқылы, оның сол
өңірдегі нақты деңгейін анықтауға қолайлылығы. Алайда, бұл әдіспен тауардың
бәсекеге қабілеттілігін бағалағанда эксперттерді таңдау мұқияттылықты қажет
етеді. Өйткені, таңдалған әрбір эксперт алынатын соңғы нәтиженің сапасына
белгілі бір деңгейде ықпал етіп отырады.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткішін есептеуде оның сапасы
мен бағасын бейнелейтін жекелей, топтық және интегралдық индекстерді
қолданады. Көп жағдайда қолданылатын бұл индекстердің ерекшелігі, жоғарыда
аталған әдістер сынды, бағаланатын тауардың әрбір көрсеткіштерін үлгілі
өнім көрсеткіштерімен салыстыруында
Яғни, белгілі бір тауардың артықшылығын төмендегі (1) формуламен
бейнелеуге болады:
К = РС(max, (1)
Мұнда: К - тауардың бәсекеге қабілеттілігі;
Р – тиімділігі (тауардың сапасы);
С - өнімді алуға және пайдалануға кеткен шығындар;
Интегралдық әдісті есептеу жеке және топтық индекстердің жиынтық
шамасымен жүргізіледі. Жеке және топтық индекстер сапалық және құндық
көрсеткіштерге бөлек есептеледі және соңына біріктіріледі.
Сапалық көрсеткіштердің жиынтық индекстері мына (2) формуламен
есептеледі:
n
Ik = ∑ qiai , (2)
i=1
мұнда: Ik - сапаның топтық индексі;
qi - сапаның i параметрі бойынша жекелей индексі;
ai – жалпы құрамда i парметрлерінің салмағы.
Алынған топтық индекс тауардың базалық тауарға сапалық қасиеті
жағынан сәйкестігін көрсетеді. Алайда, сапа тұтынушы үшін тауардың
құндылығын толық көрсете алмайды. Сондықтан құндық негізде тауардың
экономикалық параметрлері есептеледі. Тұтыну құны индексімен бейнеленіп
талданатын тауар мен базалақ тауардың бағадағы айырмашылығы олардың бағалық
бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.
Тұтыну құны тауарды сатып алуға және жеткізуге (пайдалануға) кеткен
шығындармен өлшенеді. Бұл көрсеткіш (3) формула түрінде былайша
бейнеленеді:
n
Iэ = ЦПЦПб = ∑ Ij fj , (3)
j=1
мұнда: ЦП, ЦПб – бағаланатын тауар мен базалық тауардың тұтыну
құндары;
Ij fj - бағаланатын тауар мен базалық тауардың тұтыну құнындағы j
түрінің шығыны.
Сапалық және құндық көрсеткіштердің топтық индекстері негізінде
бағаланатын тауардың базалық тауармен салыстырғандағы бәсекеге
қабілеттілігінің интегралдық көрсеткіші төмендегі (4) формуламен
есептеледі:
К = Ik Iэ
(4)
Бұл көрсеткіштің негізгі мәні салыстырмалы өнімдердің арасындағы
тұтынкшылық тиімділікті бейнелеу. Сапалық және құндық индекстер арасындағы
өзгешелік тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалауға мүмкіндік береді. Ik
шамасы өскен сайын тауардың бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші де арта
түседі, ал Iэ көрсеткішінің мәні артқан сайын К көрсеткіші төмендейді. Егер
алынған мәліметтер нәтижесінде бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіші К1
болса, онда бағаланған тауардың базалық өнімге қарағанда бәсекеге
қабілеттілігі төмендеу. Ал К1 болса, онда бағаланған тауардың бәсекеге
қабілеттілігі жоғары. К=1 жағдайда өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі
бірдей.
Бұл әдісті кең көлемде жүргізуге тұтынушылардың қажетті
мәліметтерді алудың қымбаттылығы (маркетингтік шараларға) әсер етуі мүмкін.
Өнімді дифференциялды және маркетингтік әдістер арқылы бағалайтын
кешенді жолдар да ұсынылады. Бұл әдістер өнімді өндіру барысында оның
технологиялық дайындалу ерекшеліктерін, оның сапалық деңгейін және оны
өткізу кезеңінде тұтынушыларға жағымдылығы мен тиімділігін анықтау арқылы
жүргізіледі. Соңғы кездері, кәсіпорынды дамыту мен оның тиімділігін
арттыруда елеулі нәтиже беріп жүрген маркетингтік ізденістер тауардың
бәсекеге қабілеттілігін бағалауда да жан-жақты мәліметтер алуға колайлы
болып саналады. Дұрыс ұйымдастырылған және міндеттері белгіленген
маркетингтік зерттеулер тауардың сұранысын арттыру шараларының
нәтижелілігін қамтамасыз етіп отырады.
Кейбір ресейлік ғалымдар өнімді оның тұтыну нарығындағы алатын
үлесі арқылы бағалауды ұсынады. Осы арқылы тауардың нарықтағы
бәсәкелестердің өнімдерімен салыстырғандағы әлсіз және ұтымды жақтарын
анықтауға, сонымен қатар нарықтағы үлестері арқылы тез немесе баяу дамып
бара жатқан бәсекелестерін айқындыуға да мүмкіндік туады.
Алайда, бұл әдіспен тек ашық әрі жетілген нарықта ғана дұрыс
ақпарат алуға болады. Себебі, әрбір мемлекет өзінің ішкі нарығын импорттан
шектеу, отандық өндірушілерін қолдау саясаттарын жүргізіп отыркы мүмкін.
Бұл жағдайда, сыртқы бәсекелестердің жетістіктері мен кемшіліктерін жүйелі
түрде бақылау мүмкін емес.
Париждік сауда-өндірістік палата эксперттері тауардың бәсекеге
қабілеттілігін бағалаудың негізгі критерийлеріне келесілерді жатқызады:
- бұйымның жаңа болу деңгейі;
- оның дайындалу сапасы;
- бұйым туралы ақпараттарды тарату жолдарының болуы;
- өткізуді ынталандыру шаралары, жарнаманы қоса;
- бағалаудың қаржылық жағдайлары;
- өткізу жылдамдығы және нарықтық өзгерістерге тез икемделу
қабілеті.
Ресейлік ғалым Р.А. Фатхутдинов тауардың бәсекеге қабілеттілігінің
деңгейін сандық көлемде бағалауды ұсынады. Бұл әдіс (тауардың қызмет ету
мүмкіндіктері, өнім шығару көлемі, ресурстарды ұтымды жұмсау, шығынды
азайту) көбінесе машина жасау өнеркәсібінің өнімдерін бағалауға қолайлы
болып саналады. Ол үшін тауардың тиімділігі мен бәсекелестері туралы сапалы
ақпарат қажет. Алайда, мұндай мәліеттерді жинаудың қиын екенін ескерсек,
бұл әдіспен өнімді бағалаудың өзі күрделене түседі.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалауда өзіндік ерекшелігі
бар келесі бір әдіс – тұтынушыларға сұрау жүргізу арқылы жүргізілетін
әлеуметтік әдіс. Бұл әдіс анкеталық сауал бойынша өтімі көп өнімді анықтау
нәтижесінде тиісті шараларды қабылдауға жағдай жасайды. Көптеген әдістердің
ішінде бұл әдіс ең қарапайым және шығыны төмен болып есептеледі. Негізінен
тауардың бәсекеге қабілеттілігі белгілі бір уақыт аралығында өзгеріп
отыратынын ескерсек, онда аталған әдіспен оның деңгейін жиі-жиі бағалауға
болады.
Жоғарыда келтірілген әдістердің әрбірі нақты өндіріс пен оның
өнімдерін бағалау үшін дайындалған. Бұл әдістердің қайсысы болмасын,
алынған мәліметтерді сараптауға, тиісті қорытындылар шығаруға және сол
арқылы өгнімнің бәсекеге қабілеттілігін қажетті деңгейде ұстау немесе оны
арттыру тетіктерін айқындау шараларын дайындауға негіз болады.
Жалпы, тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтау әдістерінен әр сала
өнімдерін бірдей тиімділікпен анықтайтын әмбебап үлгісін жасау өте қиын.
Себебі әр сала өнімдерінің өзіндік дайындалу ерекшеліктері бар соған
сәйкес, олардың құндылықтары да өзгешеленеді.
Көп жағдайда тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалағанда, ең алдымен
оның сапалық құрамына назар аударған жөн. Бәсекелес өнімдерден сапалық
артықшылығы оның бәсекеге қабілеттілігінің бірден-бір мүмкіндігі болып
табылады. Келесі бағыт оның бағалық көрсеткіштерін анықтауға негізделеді.
Бағалауды қажет ететін тағы бір тұсы – ол өнімнің тартымдылық қасиеті. Оған
өнімнің сыртқы келбеті, қорабының ыңғайлылығы, сауда белгісі және өнімнің
танымалдылығы жатады.
Тауардың бесекеге қабілеттілігін бағалаудың ыңғайлы, әрі шынайы
мәлімет беретін әдісін дайындау үшін бірқатар әдістемелерге шолу жасау
қажет.
Ресейлік ғалым И.И. Дудановтың ұсынған тауардың бәсекеге
қабілеттілігін бағалау әдісі біршама қызығушылық туғызады. Оның әдісі
бойынша бағалау төмендегі (5) формулаға негізделеді:
Кпр = РЦ Пцн.пр (5)
Мұнда: Кпр – тауардың бәсекеге қабілеттілігінің деңгейі;
РЦ – тауардың нарықтық бағасы;
Пцн.пр – тауардың тұтыну құндылығы, балмен.
И.И. Дудановтың бұл әдісі тауардың бәсекеге қабілеттілігін интегралдық
әдіс бойынша анықтауға ұқсас болып келеді. Тауардың тұтынушылық тиімділігін
оның сапасы мен бағасы бойынша анықтау қазіргі кезде тиімді болып
есептеледі, өйткені эксперттік бағалаудың балдық жүйесіне сүйенетін бұл
әдіс тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтауға ыңғайлы. Бірақ та, бұл
әдісте тауардың тартымдылық қасиеттері ескерілмейді. Кез келген сапалы
немесе бағасы төмен жаңа тауар бәсекелі нарықта танымал немесе сауда
белгісі сенім тудыратын тауардан бәсекеге қабілеттілігі жағынан жеңіліс
табуы мүмкін. Сондықтан да бұл әдіс тауардың бәсекеге қабілеттілігін толық
анықтауға мүмкіндік бермейді.
Қазақстандық ғалым-профессор К.Р. Нұрмағамбетовтың ұсыған тауарды
бағалау әдісі тамақ өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін дәлірек анықтауға
мүмкіндік береді. Өнімнің тұтынушылық қасиеттері мен оны сатуды ұйымдастыру
деңгейлерін эксперттік балл жүйесін белгілеу арқылы анықтайтын бұл әдіс
бағаланатын тауарды үлгілі тауармен салыстыруға негізделеді. Бұл әдіс
бойынша тауардың тұтынушылық қасиетінің деңгейін (ТД) есептеу мына (6)
формуланың көмегімен жүргізіледі:
ТД = q1m¹ * q2m² * ... .* qnm (6)
Мұнда: ТД – тауардың тұтынушылық қасиетінің деңгейі;
q1, q2 , ... . qn - тауардың әрбір тұтынушылық қасиеттерінің
балдық бағасы;
m1 , m2, ... , mn - тұтынушылық қасиеттердің салыстырмалы
маңыздылық коэфициенттері, эксперттік бағалау әдісінің көмегімен тауардың
әрбір қасиетіне тиісті мәндік белгі қойылады.
Тауарды сатуды ұйымдастыру деңгейін (СД) анықтау көрсеткіші де 10
балдық жүйе бойынша ТД бағалау әдісіне ұқсас төмендегі (7) формуламен
есептелінеді:
СД = b1n¹ * b2n² * ...* bpn , (7)
Мұнда: СД – тауарды сатуды ұйымдастыру деңгейі;
b1, b2 , ... , bp – тауарды сатуды ұйымдастыру деңгейін сипаттайтын
әрбір көрсеткіштің балдық бағасы;
n1, n2 , ... , np - тауарды сатуды ұйымдастыру деңгейі көрсеткіштерінің
салыстырмалы маңыздылық коэфициенттері.
Нәтижесінде, алыған мәліметтер үш көрсеткіш бойынша (ТД, СД
және баға) үлгілі тауар мен бағаланған тауарды салыстырып, олардың бәсекеге
қабілеттілігінің деңгейлерін анықтауға ықпал етеді.Бұл жерде ескерте
кететін бір жайт, аталған әдіс тек екі тауарды бір-бірімен салыстыру арқылы
олардың бәсекеге қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар,
бұл әдісте тауардың тартымдылығын бейнелейтін көрсеткіштер бөлек топ
ретінде көрсетілмеген. Мұнда тек сатуды ұйымдастыру деңгейі деп көрсетілген
белгілерге сату уақыты мен орны, сатуға дайындығы, жарнамасы сияқты
бірқатар көрсеткіштер енген. Сондықтан да, тауардың бағасы мен сапасына
қоса, тұтынушыны баурай алатын және оның тек сол тауарды ғана алуына
итермелейтін тартымдылық қасиетінің белгілерін бағалау нарықтық бәсекенің
маңызды шартына жатады.
Жоғарыда аталған әдістерді ескере отырып, бір мезетте нарықта өзара
бәсекелес бірнеше тауарды қатар бағалаудың өзіндік әдісін ұсынуға болады.
Ұсынылатын әдістің негізі тауардың аталған үш жақты құндылығын (бағасы,
сапасы, тартымдылығы) қатар ескеруге бағытталған. Бұл әдістің көмегімен
тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың сипаты мына (8) формуламен
беріледі:
БҚ = С Б * Т, (8)
Мұнда: БҚ – тауардың бәсекеге қабілеттілігінің деңгейі;
С – тауардың сапалық қасиеттерінің деңгейі, балдық жүйемен;
Б – тауардың нарықтық бағасы;
Т – тауардың тартымдылық қасиеттері, балдық жүйе бойынша.
Тауардың сапалық және тартымдылық қасиеттерін балдық жүйе бойынша
анықтау тұтынушылардың эксперттік бағалау мәліметтерімен жүргізіледі. Әрбір
көрсеткішке тұтынушылардың берген балдық бағаларын (ең төменгісі 1 балдан,
ең жоғарғысы 10 балға дейін) топтастыру арқылы орташа мән алынады және
маңыздылық коэффициенттері белгіленеді.
Аталған әдісті, мәселен, тамақ өнеркәсібі тауарларының бәсекеге
қабілеттілігін анықтауда кеңінен қолдануға болады. Тауардың сапасы мен
тартымдылық қасиеттерінің оның бағасына шаққандағы құны тұтынушы үшін сатып
алатын тауарының қаншалықты тиімді болатынын көрсетеді. Өйткені, кез келген
тұтынушы үшін тауардың тұтынушылық құндылығы сол тауардың белгілі бір
қасиеттері үшін төлеуге болатын шекті бағасымен сипатталады. Тамақ
тауарларының тұтынушылық құндылығы олардың құрамындағы адам өміріне қажет
витаминдермен, белоктармен, минералдық заттармен немесе өндіруші
кәсіпорынның беделімен, сауда белгісінің сенімділігімен және т.б. анықталуы
мүмкін.
Кез келген тауардың бәсекеге қабілеттілігін әділ бағалаушы – тұтынушы
екенін ескерсек, тауардың сапалық және тартымдылық қасиеттерінің деңгейін
де тұтынушылар таразысына салған жөн. Тұтынушы талғамы кәсіпорын тауарының
жетістіктері мен кемшіліктерін айқындап, сол нәтижелер бойынша нақты
міндеттер белгілеуге мүмкіндік жасайды. [9]
2. Дина-Н ЖШС-і тауарларының бәсекеге қабілеттілігін талдау
2.1 Дина-Н ЖШС-нің өндірістік - шаруашылық қызметін талдау
Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы. Дина-Н жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі 2001жылы қаңтар айында құрылған. Өз қызметін алғашында құрылыс
мекемесі ретінде бастаған кәсіпорын, бірте-бірте өз қызметін кеңейтіп, кең
көлемде сапалы құрылыс материалдарын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz