Мәліметтер қоры сервері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

1 КЛИЕНТ-СЕРВЕРЛІ МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

  1. Мәліметтер қоры туралы жалпы түсінік . . . 6
  2. Қашықтықтағы мәліметтер қоры және клиент-сервер архитектурасы . . . 13
  3. Клиент-сервер архитектурасының ерекше белгілері мен артықшылықтары . . . 19

2 ҚОСЫМША ҚҰРУДА ҚОЛДАНЫЛҒАН ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР

2. 1 InterBase және оның қолданылу облыстары . . . 24

2. 2InterBase серверімен жұмыс жасайтын IBConsole программасы . . . 34

2. 3 Бағдарламалық өнімді құруға қолданылған орта Delphi . . . 36

2. 4 InterBase технологиясымен жұмыс жасайтын Delphi компоненттері . . . 46

3 «РЕСТОРАН АДМИНИСТРАТОРЫ» КЛИЕНТ-СЕРВЕРЛІ МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ҚОСЫМШАСЫНА СИПАТТАМА

3. 1. Админ сипат . . .

3. 2. Клиент-серверлік мәліметтер қорының құрылымы . . .

3. 3. Клиент-серверлік қосымшаға сипаттама . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Қосымша листингісі . . .

Кіріспе

Ақпараттық технологиялар қазіргі заманда қарқынды және жылдам дамып келе жатыр. Бірақ дегенмен де ақпараттану әлі ғылым деп есептелмейді. Біз білгендей, әр ғылым дамығанда, адамзатқа небір пайда немесе жақсылық әкелуге бағытталады. Ақпараттық технологиялар адамзатқа деген көмегі - адамзат қозғалысындағы біріңғай процестерді компьютерлік негізге ауыстыру. Жылдан жылға халық саны өсіп келеді, сонымен бірге олардың сұраныстары өсіп келе жатыр. Адамзат 21-ғасырға ақпараттық технологиялармен бірге аттанады.

Ақпараттық технологияларды жұмыс орнында пайдалану өте тиімді екенін сезінген адамдар оны қолданысқа енгізуге үлкен құлшыныс білдіріп отыр. Апталап жасайтын жұмысты компьютер көмегімен жылдам жүзеге асыруға болады. Сол себепті де ақпараттық технологияларды пайдалану өте тиімді.

Электронды мәлімет алмасу көптеген жолға кететін қаражатты үнемдейді. Оған қоса ақпараттың толық және жылдам жетуіне сенімді болуға болады. Есеп беру жүйесінің сол бойда берілуі ақпараттық технологияларға көшуге басқа мүмкіндік қалдырмай отыр. Себебін айтып жатудың өзі артық. Фирмалардың ашылу сәтінен бастап-ақ ақпараттық технологиялар бөлменің қайсы бір түпкірінде және көптеген отырып жұмыс жасайтын қызметкердің алдында болады.

Информациялық қоғамға көшу процесінде информация құндылығы өзгеріп, біздің уақыт, кеңістік және қашықтық ұғымдары туралы да түсінігіміз кеңейіп, осылардың барлығы жаңа мәдениетті - информациялық мәдениеттің тууына себепші болды. Информациялық мәдениетті информациялық процестерді ұйымдастырудағы адамдардың информациялық қарым-қатынасын қанағаттандыру, қабылданған шешімдердің тигізетін әсерін болжап, әлемді біртұтас күйде көрсете алатын информацияны жасау, сақтау, өндеу, тасымалдау, бейнелеу және пайдалану істерін тиімді ұйымдастыру жолындағы жеткен деңгей түрінде қарастыру керек.

Қазіргі кезде яғни, ЭЕМ кең тараған кезде құжаттарды электронды түрде өңдеу маңызды мәселелердің бірі. Құжаттармен жұмысты ЭЕМ-де жүргізудің бірнеше артықшылықтары бар:

  • Құжаттардың құрылымын оңай өзгерту, өшіру, енгізу, қажет жазбаларды іздеудің қолайлылығы;
  • Клиент-сервер технологиясы арқасында мәліметтер құжатын жергілікті және алыстан басқару мүмкін болады.

Соңғы он жылдықта есептеуіш техника мамандары клиент-сервер қосымшаларын жетілдіру үстінде. Нәтижесінде бірнеше қолданушылардың жұмысын желіде бір жерге жинақтайтын қосымшалар құрылды. Клиент-серверлік архитектура - деректерді орталықтандырып сақтау, корпоративті мәліметтер қорын ұжымдық қолданумен айналысады. Қашықтықтағы мәліметтер қоры желінің компьютер - серверінде орналасады, ол осы мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын қосымша қолданушы компьютерінде орналасады.

Негізінде жақсы жобаланған клиент-серверлік жүйе нақты есептердің орындалуына оңай бапталатын қымбат емес платформамен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар клиент-серверлік өңдеуде желілік трафик жылдам қысқартылады, өйткені желі арқылы тек сұраныс нәтижесі ғана жіберіледі. Файлдық операциялар жүгі негізінен клиенттіктен әлдеқайда қуатты және сондықтан сұраныстарды жақсы өңдеуге қабілетті сервер компьютерінде орналасады. Бекітілген трафикті желілер үшін бұл жүк сервер негізіндегі дәстүрлі желілерге қарағанда әлдеқайда бір қалыпты үлестіріледі. «Клиент - сервер» моделінің желісі клиент компьютерінің оперативті жадыны қолдану қажеттігін төмендетеді, өйткені файлдық жұмыстардың барлығы серверде орындалады.

Клиент -серверлік жүйедегі серверлер мәліметтердің үлкен көлемін сақтауға мүмкіндігі бар. Осының негізінде клиент компьютерінде басқа қосымшалар үшін дискілік орынның маңызды көлемі босатылады.

Енді жүйені түгел басқару мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету әлдеқайда оңайға түседі, өйткені барлық файлдар мен мәліметтер бір орталықтанған серверде немесе санаулы серверлерде орналастырылады. Резервтік көшіру де қысқартылады.

Информациялық жүйенің жұмыс жасау нәтижелілігі оның архитектурасына байланысты. Қазіргі таңда клиент-сервер перспективалы архитектура болып табылады. Сонымен, клиент-сервер жүйесін қолданушылардың көбісі қолдайтындықтан және бірнеше күрделі қосымшаларды бір орталықта сақтау мүмкіндігі бар болғандықтан келешегі зор архитектура болып саналады.

Есептің қойылымы: Ресторан администраторының жұмысының барысын жеңілдететін программалық жабдық, яғни мәліметтерді сақтайтын, оларға енуді ұйымдастыратын, оны басқаратын клиент-серверлік қосымшасын құру.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Ресторан администраторының жұмысының барысын жеңілдететін программалық жабдық, яғни мәліметтерді сақтайтын, оларға енуді ұйымдастыратын, оны басқаратын клиент-серверлік қосымша құру.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Mәліметтерді енгізетін, өңдейтін, сұрыптайтын, берілген мәліметтер негізінде талдау жасай алатын қолданушыға ыңғайлы интерфейсті программаны пайдалану.

Жұмыстың тақырыбы өте ауқымды болып келеді. Жұмысты жазу барысында мынадай негізгі міндеттер қойылды:

  1. Ресторан администраторының жұмысы жөнінде ақпарат жинау.
  2. Delphi программалау ортасы, SQLсұранымдар тілі мүмкіндіктерін меңгеру, интербейз туралы ақпарат.

Ресторан админстраторының жұмысының барысын қадағалайтын программалық жабдық құру.

Бұл мәселелерді шешу үшін дипломдық жұмыстың алғашқы тарауында мәліметтер қорына жалпы түсінік, оның архитектурасы, клиент-сервер архитектурасы және оның артықшылықтарына сипаттама берілген. Дипломдық жұмыстың екінші тарауында қосымша құрылған орта InterBase cервері мен программалау технологияларының негізгі бағыттарының бірі - Delphi программалау ортасына шолу жасалады. Үшінші тарауда администратор жұмысына анықтама және оның жұмысының мәліметтер қорын басқару жүйесі клиент-серверлі қосымшасын құру программасының сипаттамасы келтіріледі.

Қазіргі заман талабына қатысты ұйымдардың электронды құрылғылармен, компьютермен, программамен қамсызданып, байланыс құралы, көшірме құрылғылармен жабдықталу кезінде олардың жұмыс орын жеңілдету, уақытты тиімді ету, шығынды азайту өзекті мәселелердің бірі. Міне, осындай мәселелелер дипломдық жұмыста ашып көрсетіледі.


1 КЛИЕНT-СЕРВЕРЛІ МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

  1. Мәліметтер қоры туралы жалпы түсінік

Компьютерлік техниканың дамуының алғашқы сатысында кез келген қолданбалы программа арнаулы мәліметтерді жинақтаумен қатар жүрді. Сондықтан оның көлемі үлкен жұмысты жылдам жүргізуге кері әсерін тигізді. 70-жылдарда ЭЕМ-нің жүйелік дамуына байланысты жағдай жақсара бастады. ЭЕМ-да шешілетін есептердің жалпы ортақ мақсаты болды. Бұл мақсатқа жету үшін алғашқы мәліметтерді жинақтап енгізу қажет. Пәндік облыстың дамуы және жұмысқа араласуына байланысты бұл деректер ішкі структурасы анықталмаған өзара байланыстылық қасиеті жоқ қажетсіз ақпараттың жиынын туындатады. Сол алғашқы мәліметтерді сипаттау, сақтау, өңдеудің жалпы ережелеріне сәйкестендіріп жүйелі түрге келтірілген, құрылымы дәл анықталған ақпараттық массив құрса, оны мәліметтер қоры немесе мәліметтер базасы деп атайды. Мәліметтер қоры мәліметтерді ұйымдастыруда сапалы жаңа этап ретінде қабылданды. Мәліметтер қорының технологиясы пайда болғанға дейін әр программада басқа есептерден тәуелсіз тек өзіне ғана қатысты есепті шешуге қажетті элементтерді толассыз енгізу керек еді.

Мәліметтер қоры деп бір немесе бірнеше компьютерден қолдануға болатын ақпараттың электрондық жинақтамасын айтады. Мәліметтер қоры қандай да бір пәндік аумақ, яғни адам қызметінің аумағы туралы деректерден тұратын мәліметтерді сақтау және қолдану үшін құрылады. Мәліметтер қорының қосымшалары қандай да бір мәліметтер қорымен өзара байланысу үшін керек. Өзара байланыс деп мәліметтерді алу, оларды қолданушыға тиімді форматта көрсету, жөндеу, өңделген мәліметтерді қайтадан мәліметтер қорына қайтару сияқты процестерді айтады.

Мәліметтер қоры - қоғамның қандай да бір саласындағы немесе оның бөліміндегі нақты объектілер туралы мәліметтер жиынтығы. Ол үлкен көлемді өзара байланысқан ақпараттарды сақтауға, өзгертуге және өңдеуге арналған. Оны ұйымдастырудың ережесі мәліметтерді сипаттаудың, сақтаудың және амалды әрекет жасаудың жалпы принципіне негізделген. Мәліметтерді өңдеу технологиясы бойынша - мәліметтер қоры - орталықтандырылған және үлестірілген мәліметтер қоры болып екіге бөлінеді. Орталықтандырылған мәліметтер қоры бір есептеуіш жадында сақталады. Егер бұл есептеуіш жүйе компьютер желісінің құраушысы болса, онда мұндай қорға үлестірілген қатынас құруға мүмкіндік болады. Мәліметтер қорын пайдаланудың мұндай тәсілі дербес компьютердің жергілікті желілерінде жиі пайдаланылады. үлестірілген мәліметтер қоры есептеу желісінің алуан түрлі компьютерлерінде сақталатын бірнеше бөліктерден, тіпті бірін-бірі қайталайтын бөліктерден тұрады. Мұндай қормен жұмыс істеу үлестірілген мәліметтер қорын басқару жүйесінің көмегімен орындалады. Мәліметтерге қатынас құру тәсілі бойынша мәліметтер қоры жергілікті қатынас құру және қашықтан (желілік) қатынас құру мәліметтер қоры болып екіге бөлінеді. Мәліметтер қорын пайдаланушыларға алуан түрлі қолданбалы программалар, программалық кешендер, сондай-ақ, тұтынушы рөліндегі пән салаларының немесе мәліметтер көзінің мамандары жатады.

Мәліметтер қоры мәліметтердің өзара байланысты жиынтығы. Оны ұйымдастырудың ережесі мәліметтерді сипаттаудың, сақтаудың және амалды әрекет жасаудың жалпы принципіне негізделген. Мәліметтерді өңдеу техно-логиясы бойынша - мәліметтер қоры - орталықтандырылған және үлестірілген мәліметтер қоры болып екіге бөлінеді. Орталықтандырылған мәліметтер қоры бір есептеуіш жадында сақталады. Егер бұл есептеуіш жүйе компьютер желісінің құраушысы болса, онда мұндай қорға үлестірілген қатынас құруға мүмкіндік болады. Мәліметтер қорын пайдаланудың мұндай тәсілі дербес компьютердің жергілікті желілерінде жиі пайдаланылады. үлестірілген мәліметтер қоры есептеу желісінің алуан түрлі компьютерлерінде сақталатын бірнеше бөліктерден, тіпті бірін-бірі қайталайтын бөліктерден тұрады. Мұндай қормен жұмыс істеу үлестірілген мәліметтер қорын басқару жүйесінің көмегімен орындалады. Мәліметтерге қатынас құру тәсілі бойынша мәліметтер қоры жергілікті қатынас құру және қашықтан (желілік) қатынас құру мәліметтер қоры болып екіге бөлінеді. Мәліметтер қорын пайдаланушыларға алуан түрлі қолданбалы программалар, программалық кешендер, сондай-ақ, тұтынушы рөліндегі пән салаларының немесе мәліметтер көзінің мамандары жатады. Мәліметтер қорының қазіргі заманғы технологиясына сай мәліметтер қорын жасау, оны толықтыру және мәліметтерді пайдаланушылардың оған қатынас құруын жасақтау арнайы программалық аспаптар арқылы, яғни мәліметтер қорын басқару жүйесі арқылы орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады.

Delphi жүйесі мәліметтер қорын басқару жүйесінің нағыз өзі болмағанымен, дегенмен, мәліметтер қорын басқару жүй-есінің едәуір дамыған мүмкіндіктеріне ие. Delphi жергілікті және клиент-серверлік мәліметтер қорын құруға және оны ары қарай демеуге арналған құралдармен қамтамасыз етеді, сонымен қатар, кез келген мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған қолданбалы программаларды құруға да мүмкіндік береді. Өзінің кесте пішімі (деректерді сипаттау тілі) болмағандықтан басқа мәліметтер қорын басқару жүйелерінің кесте пішімдерін қолданады. Мысалы, DBase, Paradox немесе InterBase. Бұл кестелердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. DBase кестесі дербес компьютерлері үшін ең алғаш пайда болған кесте пішімдерінің бірі болып табылады. Delphi-да құрылған қолданбалы программалар мәліметтер қорына қатынауды BDE (Borland Database Engine) арқылы іске асырады. BDE мәліметтерге қатынауды қамтамасыз ететін динамикалық кітапханалар мен драйверлер жиынтығынан тұрады. Мәліметтер қорымен жұмыс жасауды жүзеге асырушы Delphi-қолданбалары орналасқан барлық компьютерларда BDE орнатылуы керек. BDE қолданба арқылы мәліметтер қорына сұраныс жіберіп, одан соң сол сұраныс бойынша қажетті мәліметтерді алады. Жергілікті мәліметтер қорына қатынау үшін мәліметтер қоры процессоры dBase, Paradox, FoxPro мәліметтер қоры піші-мдерімен және мәтіндік файлдармен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін стандартты драйверлерді қолданады. BDE процессоры екінші бөлімде кеңінен қарастырылған.

Delphi-қолданбасы өндірістік мәлі-меттер қорын басқару жүйелеріне қаты-науды SQL-Links сервері арқылы іске асырады. Тек InterBase мәліметтер қорын басқару жүйесімен жұмыс жасағанда ғана бұл драйвер қажет емес. Реляциялық қоры бір-бірімен өзара байланысты кестелерден тұрады. Әрбір кесте бірдей типті объекті туралы ақпараттан тұрады, ал кестелердің барлық жиынтығы біртұтас мәліметтер қорын құрайды.

Мәліметтер қорын құрайтын кестелер қатты дискідегі каталогта (бумада) орналасады. Кестелер файлда сақталып, бөлек құжаттарға немесе электрондық кестелерге (мысалы, кестелік процессор Microsoft Excel) ұқсайды. Оларды орын ауыстыруға және қарапайым тәсілмен көшірмесін алуға болады. Бірақ, құжат-тардан бір ерекшелігі мәліметтер қорының кестелері көпқолданушылық қатынау режимін қолдайтындықтан оларды бір уақытта бірнеше басқа қолданбалы про-грамммаларда қолдануға болады. Бір кесте үшін мәліметтерден, индекстерден, кілт-терден т. б. тұратын бірнеше файлдар құры-лады. Олардың ішіндегі ең бастысы мәліметтерден тұратын файл. Кестені құру кезінде кестеге берілетін ат автоматты түрде кесте файлына да беріледі. DBase кестесі үшін DBF кеңейткішті файл, Paradox кестесі үшін DB кеңейткішті файл құрылады. Мәліметтер қорының әр кестесі ақпараттық жүйенің бірдей типті объектілері туралы мәліметтерді сақтауға арналған жолдар мен бағаналардан тұрады. Кесте жолын жазба деп, бағанын өріс деп атаймыз.

Мәліметтер қорын қолданудың артықшылықтары

Қағаз түрінде сақталатын ақпаратқа қарағанда мәліметтер қорын қолданудың негізгі артықшылықтары:

  • Жинақтылығы;
  • Жылдамдығы және өте аз күш жұмсау;
  • Ақпараттың дәлдігі;
  • Мәліметтер қорын орталықтан басқару(негізгісі) .
  • Мәліметтер қоры төмендегідей талаптарды қанағаттандырады:
  • Мәліметтер тәуелсіздігі - бұл принципті екі жақты анықтауға болады. Олар өзгертілгенде осы мәліметтерге қолданылған программа өзгертілуі мүмкін емес.
  • Мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын барлық программа басқа

программадағы өзгертілуден оқшауланған болуы тиіс.

Мәліметтер қорында мәліметтер мүмкіндігінше қайталанбауы тиіс, яғни артық мәлімет болмайтындай етіп, сақтауды ұйымдастыру. Мұндай байланыстар қандай да бір файлды әр түрлі қолданбалы программалардан шақыруды ұйымдастырады.

Үзіліссіз дамытылуы, яғни, барлық уақытта мәліметтер өзгертіліп және кеңейтіліп отыру мүмкіндігі бар. Мейлінше аз шығындану, яғни жадыдан көп орын алмау.

Мәліметтер қоры негізінде үш белгісі бойынша жіктеледі:

Бірінші белгісі - сақталынған информацияның сипатына қарай мәліметтер қоры фактографиялық және құжаттық болып бөлінеді. Фактографиялық мәліметтер қоры қатаң анықталған пішімде ұсынылған, жазылған обьектілердің қысқаша мәліметтерінен тұрады. Мысалы, кітапханадағы кітаптар қорының мәліметтер қорына әрбір кітап туралы деректер библиографиялық түрде сақталады: шығарылған жылы, авторы және т. б. Кітаптың мәтіні мәліметтер қорына сақталмайды. Яғни, фактографиялық мәліметтер қоры - картотекалар.

Құжаттық мәліметтер қоры әр түрлі типтегі: мәтіндік, графикалық, дыбыстық, мультимедиялық кең көлемдегі информациялардан тұрады. Мысалы, заңдық актілердің құжаттық мәліметтер қоры - бұл архив.

Екінші белгісі - информацияларды сақтау әдісі бойынша мәліметтер қоры орталықтандырылған және бөліктелген болып бөлінеді. Орталықтандырылған мәліметтер қорында барлық информациялар бір компьютерде сақталады. Бөліктелген мәліметтер қоры компьютердің жергілікті және ауқымды желілерінде қолданылады және информацияның әрбір бөліктері бөлек компьютерлерде сақталуы мүмкін.

Үшінші белгісі - информацияны ұйымдастыру құрылымы реляциялық, иерархиялық және желілік болып бөлінеді.

Мәліметтер қорын ұйымдастырудың 2 жағы бар:

  • Объектілердің машинадан тыс өзара байланыс логикасын ұйымдастыру
  • Объектілердің машина ішілік әрі қарай физикалық тарату.

Бұл процесс ақпарттық-логикалық модель құру деп аталады. Мұндай модельде объектілер - жазу типтерімен, қасиеті - жазу атрибуттарымен, қатынас - типтер және жазу атрибуттары арасындағы байланыспен көрсетіледі. Экономикада, кәсіпорындарды басқаруда қажетті ақпаратты бір рет енгізуге уақыт аз кетеді. Кез келген ақпарат бір рет жинақталып, басқа ақпараттық жүйелерге де таралуы, қолданылуы керек. Мәліметтер қорын қолданудың тағы бір артықшылығы мәліметтердің актуальды болуы, яғни - уақыттың жылжуына байланысты мәліметтердің жаңарып отыруы.

Мәліметтер қорының құрылымы

Мәліметтер қорына ешқандай мәліметтер енгізілмеген жағдайда да ол мәліметтер қоры болып қала береді. Өйткені онда мәліметтер болмаған күннің өзінде де, қандай да бір ақпарат бар - бұл мәліметтер қорының құрылымы. Ол мәліметтерді енгізудің және сақтаудың әдістерін анықтап береді. Мәліметтер қоры көптеген объектілерден тұрады, бірақ солардың ең негізгісі кесте болып табылады. Ең қарапайым мәліметтер қоры бір ғана кестеден тұрады. Сәйкесінше, ең қарапайым мәліметтер қорының құрылымы сол кестенің құрылымымен анықталады.

Біз білеміз, екі өлшемді кестенің құрылымы жолдар мен бағандардан тұрады. Олардың аналогы ретінде қарапайым мәліметтер қорында өрістер мен жазбаларды аламыз. Өрістердің құрамы мен қасиеттерін өзгерту арқылы, мәліметтер қорының құрылымын өзгертеміз.

Мәліметтер қорының қазіргі заманғы технологиясына сай мәліметтер қорын жасау, оны толықтыру және мәліметтерді пайдаланушылардың оған қатынас құруын жасақтау арнайы программалық аспаптар арқылы, яғни мәліметтер қорын басқару жүйесі арқылы орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады. Алғашқы кезде, яғни, мәліметтер қоры түсінігі қалыптаса бастаған жылдары, бұл базаларда тек қана мәліметтер сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі мәліметтер қорын басқару жүйелері өз құрылымында тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар тұтынушылармен немесе басқа да программалық-ақпараттық кешендермен қарым-қатынас жүзеге асырылатын әдістерді де орналастыруға мүмкіндік береді. Осылайша біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек қана мәліметтер ғана емес, сонымен бірге ақпарат та сақталатындығын айта аламыз. Компьютердегі ақпарат негізінен кесте түрінде сақталады. Осы кестелер мәліметтер қорына бірігеді.

Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелер (АЖ) - мәліметтер банкі болып табылады. Олардың құрамына мыналар енеді:

  • Есептеуіш жүйе;
  • Бір немесе бірнеше мәліметтер қоры;
  • Мәліметтер қорын басқару жүйесі;
  • Қолданбалы программалар жиыны.

Мәліметтер қорын басқару жүйесі - бұл мәліметтер қоры құруға, жүргізуге және қолдануға арналған тілдік және программалық құралдар жиынтығы. Қолдану сипатына қарай мәліметтер қорын басқару жүйесі дербес (персональді) және көпқолданушы болып бөлінеді:

  • Дербес мәліметтер қорын басқару жүйесі бір компьютерде жұмыс жасайтын локальді мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді. Дербес мәліметтер қорын басқару жүйесіне Parafox, dBase, FoxPro, Access және т. б. жатады.
  • Көпқолданушы мәліметтер қорын басқару жүйесі клиент-сервер архитектурасында жұмыс жасайтын ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді. Оларға Oracle, InterBase, SyBase, Microsoft SVL Server, Informix және т. б. жатады.

Қолданбалы программалар немесе қосымшалар мәліметтер қорында орналасқан мәліметтерді өңдеуге арналады. Қолданушы мәліметтер қорын осы қосымшалар арқылы басқарады.

Мәліметтер қорын басқару жүйесінің негізгі үш функциясын бөліп көрсетуге болады.

  • Мәліметтерді анықтау (Data definition) -сіз өзіңіздің мәліметтер қорыңызда қандай ақпараттар сақталатынын анықтай аласыз, мәліметтер құрылымын және типін, сонымен қатар бұл мәліметтер бір-бірімен қалай байланысқанын көрсете аласыз. Кейбір жағдайларда сіз, сонымен қатар, мәліметтерді тексеру форматы мен критерийін бере аласыз;
  • Мәліметтерді өңдеу-мәліметтерді әр түрлі тәсілдермен өңдеуге болады. Мәліметтерді онымен байланысқан басқа бір ақпаратпен байланыстырып, нәтиже мәнін есептеуге болады;
  • Мәліметтерді басқаруда - сiз мәліметтермен кім танысуына болатынын көрсетіп, оларды өшіріп немесе жаңа ақпарат қоса аласыз. Сонымен қатар, мәліметтерді ұжымдық қолдану ережелерін анықтауға болады.

Мәліметтер қорының түрлері

Жалпы мәліметтер қоры қандай да бір мекеме (ұйым) үшін арналады. Ақпаратты мекеменің әртүрлі бөлімдері пайдаланылады. Осы мекеме бөлімдері мәліметтер қорын құру негізінде концептуальді талаптар қояды. Концептуалды модельді бейнелеу нәтижесінде мәліметтердің логикалық моделі алынады.

Логикалық модель - бұл мәліметтерді ұйымдастыру түрі. Негізгі логикалық модельдерге мыналар жатады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кафедраның тәрбие жұмысына бағытталған мобильді қосымшаның сервері
Желілік операциялық жүйелердің түрлері және жұмыс жасау принциптері
Желі және оның түрлері туралы
Қалыпқа келтіру. мәліметтерді сақтаудың теориялық негіздері
Клиент - сервер
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары туралы
Сервері бар желі
Мәліметтер қорының құрылымы
Кәсіпорын клиенттер мәлімдемелерін есепке алу үшін веб серверлер
Берілгендер қорындағы кестеледі біріктірудің теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz