Кәсіби сәйкестіліктің психологиялық аспектілері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3-4
1 тарау Кәсіби сәйкестілік мәселелерінің ғылыми-теориялық негізі
1. 1 Кәсіби сәйкестілікті анықтаудың әдіснамасы . . . 5-11
1. 2 Кәсіби сәйкестіліктің даму тарихы мен зерттеу теориясы . . . 12-19
1. 3 Мамандықты анықтау жүйелігінің психологиялық ееркшеліктері . . . 20-23
2 тарау Кәсіби сәйкестіліктің психологиялық аспектілері
2. 1 Кәсіби сәйкестілік ұғымына мінездеме . . . 24-27
2. 2 Мамандық таңдау - өзін-өзі тану мен өзін-өзі бағалаудың рөлі . . . 28-40
2. 3 Мамандық анықтау жүйелілігі . . . 41-43
2. 4 Жеке тұлға және оның мамандыққа сәйкестілігі . . . 44-49
2. 5 Мамандық таңдауда мектеп пен отбасының өзара байланысы мен
ықпалы . . . 50-56
3 тарау Тәжірибелік зерттеу жұмыстары . . . 57-73
Қорытынды . . . 74-75
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 76-78
Қосымшалар . . . 79-87
Кіріспе
Психология ғылымындағы өрістеп келе жатқан негізгі бағыттарды, жаңа ықпалдар мен тұжырымдарды негіздей отырып, психологиялық тәжірибе жүйесінде жастардың кәсіби бағдарланулары мен кәсіби қызығушылықтарын дамыту, мамандық таңдауға байланысты проблемалары - ішкі ниеттенулері барысында өзіндік сана - сезімдері мен өзіндік бағалауларының, өзін - өзі тануларының рөлін және мамандық таңдауға байланысты басқа да көптеген проблемаларын зерттеу әрқашан да маңызын жоймайтын сұрақтардың бірі.
Қазіргі қоғамда кәсіби іс - әрекет пен мамандық таңдауға байланысты проблемаларын, яғни, сол әрекеттерге саналы дайындығының ішкі субъективті және объективті факторларын зерттеудің психология ғылымы үшін қажеттілігі әрқашан да зор.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Зерттеу тақырыбының өзектілігі тұлғаның кәсіби анықталу және мамандық таңдаудағы сәйкестілігі процесіндегі даму мәселелерінің жүйелік сипатымен негізделеді. Мамандықты ұғынымды таңдау жағдайы өте маңызды, себебі ол тұлғаның өмір бойы қалыптасатын негізгі оқиғалардың бірі, әрі тұлғаның әрі қарай даму жолдарына әсер етеді. Психологияда тұлғаның кәсіби өзіндік анықталуы мен мамандық таңдаудағы проблемалары жайлы, оның психологиялық мазмұны, құрылымы толық зерттелінбеген. Сондықтан кәсіби өзіндік анықталу, сәйкестілігі мәселелерін психологиялық аспектілерін қазіргі заман талабына сай зерттеу соның шеңберіндегі зерттеулерді жүйелеуді қажет етеді. Осыған байланысты, зерттеудің негізгі мәселесі туындайды. Неге кейбір жасөспірімдер мамандықты өзіндік талдау негізінде таңдайды, өз мүмкіндіктерін мамандық ерекшеліктерімен арақатыстырады, ал басқалары көптеген басқа кездейсоқ жағдайлардың әсерінен таңдайды деген сұрақтарға жауап беру және адекватты жоғары өзіндік бағалауы мен мамандық таңдауды теориялық - эксперименттік тұрғыдан негіздеу қажеттілігіне әкеліп, мамандық таңдау процесіне жағымды әсер етеді дей отырып, бұл мәселе берілген зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды.
Зерттеудің мақсаты - жоғары сынып оқушыларының кәсіби сәйкестіліктегі өзіндік бағалау мен іс - әрекетті және кәсіби бағдарлану мен мамандық таңдауының психологиялық аспектілерді зерттеу.
Зерттеу объектісі: студенттердің тұлғалық даму құрылымындағы кәсіби сәйкестілік процесі
Зерттеу пәні: студенттердің таңдаған мамандықтары бойынша кәсіби сәйкестілігін анықтау
Зерттеудің жаңалығы:
- Жеке тұлғаның адекватты мамандық таңдауының кәсіби өзіндік анықталуға және сәйкестілік негізінің мәні, жағымды әсері психологиялық - педагогикалық негізде зерттелініп, жүйеге келтірілді.
- Жоғары сынып оқушыларының дұрыс кәсіби жоспар жасау мен таңдау - кәсіби өзіндік анықталудың басты мотиві болып табылатындығы жайлы психологиялық тұжырым теориялық жақтан негізделіп, эксперименттік зерттеу барысында дәлелденді.
Зерттеудің болжамы: Студенттердің мамандық таңдау мотиві болып табылатын қызығулар жүйесі кәсіби сәйкестілікті анықтаудағы өзіндік мотивациялық аймақты қалыптастырады;
Зерттеуде қолданылған әдістер: Мамандық түрін анықтауға арналған Е. А. Климовтың «Қызығушылықтар картасы» әдістемесі мен «Дифференциалды диагностикалық сауалнамасы»; Дж. Холландың мамандық таңдауға байланысты әдістемесі; және И. И. Дубровинаның «Перспективтік мамандық таңдауға» арналған бағдарлама - тренингі.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: педагогика және психология және еңбек психологиясы үшін кәсіби өзіндік анықталу, сәйкестілік мәселесі теорияларының ұғынымды аппаратын ұлғайтумен байланысты. Зерттеуде мамандық таңдауға байланысты жан - жақты проблемалар талданылып, кәсіби өзіндік анықталу мен мамандық таңдауға теориялық тұжырым жасалып, негізделді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Зерттеуде алынған нәтижелерді студенттердің, жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауға байланысты бағыт-бағдар беретін психолгиялық қызмет жүйесінде, оқушылардың кәсіби өзіндік анықталуының диагностикалау мен коррекциялауда, ата - аналармен жұмыста қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымша тіркелген материалдардан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі - бет, қолданылған деректер тізімі - әдебиеттерден тұрады.
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
Зерттеу жұмысының бірінші кезеңінде мамандық таңдаудағы проблемалар, кәсіби анықталу, кәсіби сәйкестілікке байланысты теориялық зерттеу жүзеге асырылды.
Зерттеудің екінші кезеңінде зерттеудің негізгі эксперименттік бөлімі жүзеге асырылды.
Зерттеудің үшінші кезеңінде зерттеу жұмысының нәтижелері жүйеленіп, талдауға түсті, негізгі қорытындылар алынды.
Зерттеудің базасы: Семей қаласындағы М. О. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжі
Кәсіби сәйкестілікті зерттеу мәселелерінің ғылыми-теориялық негізі
1. 1 Кәсіби сәйкестілікті анықтаудың әдіснамасы
Кәсіби сәйкестілікті анықталудың ғылыми проблемаларын зерттеу әдістері мен жүйесі, негізгі жағдайларға байланысты білім, мамандық таңдау барысында жеке тұлға мен қоғамның қызығушылықтарын белсендендіру мақсатымен, жастарға ықпал ететін тәжірибелі әдістемелерді жетілдіру, кәсіби анықталудың әдіснамасы болып табылады .
Мамандық таңдауға байланысты жұмыстарға ықпал ететін негізгі жағдайларға тұжырымдамалы мінезді идеялар жатады. Олардың бірі мамандықты дұрыс таңдауға қажетті жеке тұлғаның диагностикалық зерттеуіне негізделген, кәсіби анықталу жұмысын ұйымдастыру идеясы болып табылады. Бұндай жұмыс барысында қызығушылықтар мен қабілеттіліктер тиянақты түрде есепке алынғаны жөн. Бұл идея 30 - жылдардың орта тұсына дейін «Диагностикалық тұжырымдама» деген атпен тараған болатын. Бұл кезеңде тесттер кең түрде пайдаланылды. Осы тесттердің толықсыздығы, олардың дұрыс қолданылмауы, және т. б. себептерге байланысты диагностикалық зерттеу идеясы басқа, « тәрбиелеу концепциясы » идеясымен алмастырылды. Ақырғы тұжырымдама алғашқы тұжырымдамаға жиі түрде қарама - қарсы қойылып, оған қарағанда дұрыс деп саналды. Алайда, сол кезден бастап-ақ оқушылардың кәсіби анықталуына байланысты бағытталған практикалық жұмыстардағы диагностика мен тәрбие ұғымдары бір - бірімен тығыз байланысты екені анықталды [16] .
Әдіснама мінезі идеясына жеке тұлғаның кәсіби сәйкестілікті анықталу жұмысын жүргізуге бағытталған дифференциация идеясы жатады. Ол тұлғаның өмірлік, әрі кәсіби жоспарларына, және соған сай тәрбиелік жұмысқа байланысты алдын-ала классификациясын қарастырады. Дифференциалды бағыт мамандық таңдауға арналған жұмысты әлдеқайда эффективті және мақсатты - бағытталған түрде жүргізуге мүмкіндік береді.
Әлуметтану ғылымында әлеуметті - кәсіби идеясы кең тарады. Бұл идея мамандық таңдау сертін осы немесе басқа мамандықты анықтау емес, жеке тұлғаның қалауына байланысты қоғамның әлеуметтік жағдайына сай мамандық таңдауды қарастырады. Демек, кәсіби анықталу жұмысы, жастарды мамандық таңдауға байланысты анықталса, әлеуметтік - кәсіби анықталу жұмысын да жастарды мамандық таңдауға және қоғамда өз орнын табуға дайындық түрінде қысқаша анықтауға болады.
Кәсіби анықталудың, сәйкестіліктің әдіснамалық сұрақтарына кәсіби анықталудың анықтау және даму жүйесі сұрақтары да жатады.
Кәсіби сәйкестілікті анықтау жүйесінің анықтамасын қалыптастырмас бұрын, бірнеше жағдайларды қарастырамыз:
- «Кәсіби анықталу өзіне мақсатты қалыптарды, міндеттерді, принциптерді, формаларды, әдістерді, эффектілік критерийлерін, деңгейлерді, бағыттарды, аспектілерді және басқа да жүйелі элементтерді
қосып алатын жүйелі іс - әрекетті білдіреді.
2) Тұлғаның кәсіби анықталу жүйесі еңбек және кәсіби дайындықтың жалпы жүйесі болып табылады.
3) Кәсіби анықталу, сәйкестілік жүйесі - бұл өнеркәсіп күші мен өнеркәсіптік қатынастарда қалыптасқан жүйенің, жеке тұлғаның әлеуметтік анықталуындағы жалпы жүйесінің бір бөлігі.
4) Кәсіби анықталу әлеуметтік жүйелерге қатысты дәл осы бір себепке байланысты - ақ, кәсіби анықталуды қоғамдық проблема деп санауға болады. Ол былай деп басқа себепке байланысты да аталуы мүмкін.
5) Кәсіби анықталу, сәйкестілік проблемаларын шешу үшін жалғыз министрліктің (ағартушылық Министрлігі) әрекеті немесе жалғыз ғылымның әрекеті (мысалы, педагогика) жеткіліксіз. Кәсіби сәйкестілік жүйесі әлдеқайда эффективті болу үшін (көп болмаса да) бірнеше әрекет министрліктері мен ведомствалары және әр түрлі специалист - ғалымдарының әрекеттері қажет [8] .
Кәсіби сәйкестіліктің эффективтілігіне көптеген әр түрлі объективті және субъективті факторлар әсер етеді. Бұл жүйе ұйымдастыру мен басқаруға күрделі бағынады. Осы және басқа себептер кәсіби анықталу жұмысын күрделі деуге ықпал етеді ».
Жоғарыда аталып құрастырылған 5 түрлі жағдай арқылы тұлғаның кәсіби сәйкестілік жүйесінің анықтамасы пайда болады. « Оқушылардың кәсіби анықталу жүйесі бұл - ұйымдастырылған, әр түрлі мемлекеттер мен қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындардың, және мектептің, сонымен бірге отбасының оқушылардың жеке тұлғаға және қоғамға сай қызығушылықтарын кәсіби және әлеуметтік өзін-өзі анықтауына басқару іс-әрекеті болып табылады ». Қоғамдық дамудың әр бір этапында кәсіби анықталу жүйесі белгілі міндеттерді атқарады. Мысалы, 30-шы жылдары жастардың анықталуы жұмысшы мамандықтарына, инженерлі, әскери мамандықтарға сай болған;
50-ші жылдардың орта тұсынан бастап, жұмысшы мамандықтарына; 80-ші жылдары, ауыл шаруашылық кәсіптеріне, педагогикалық, әскери, инжнерлі, жұмысшы мамандықтарына сай болған.
« Мамандық таңдау немесе кәсіби анықталу жүйесі жұмысының жалпы мақсаты оқушыларды жеке қызығушылықтарын және қоғамдық сұранысты қанағаттандыратын мамандық таңдауға дайындық болып табылады.
Кәсіби анықталу жүйесіне келесі негізгі компоненттер кіреді:
мақсаттар мен міндеттер , негізгі бағыттар , сонымен бірге оқушылармен жүргізілетін кәсіби анықталу жұмысының формасы мен әдістері».
Әрбір мектеп жұмысының нақты мақсаттары мен міндеттері осы немесе басқа мамандықтарға сай кадрлар қажеттілігіне байланысты. Келтірілген мақсаттар мен міндеттердің сапалы түрде сәтті орындалуы осы бағыттардың жұмыс сапасына байланысты.
Кәсіби сәйкестіліктегі анықталу - «қ азіргі уақытта кәсіби анықталу жұмысының жүйесі өзіне келесі бағыттар бойынша іс - әрекет түрлерін қосып алады:
1) Кәсіби ағартушылық бұған кәсіби ақпарат, кәсіби насихат, кәсіби үгіттеу кіреді.
2) Алдын - ала кәсіби диагностика, бұған жеке тұлғаның осы немесе басқа мамандыққа деген қызығушылығы мен қабілеттерін анықтау жатады.
3) Кәсіби кеңес беру, бұған мамандық таңдауда специалисттер, кеңесшілердің көмегі жатады.
4) Кәсіби таңдау мақсаты - берілген мамандықты сәтті меңгерген және соған байланысты еңбек міндеттерін атқара алатын адамдарды таңдау.
5) Әлеуметтік - кәсіби бейімделу.
6) Кәсіби тәрбие, мақсаты - оқушыларда қарыз қасиетін, кәсіби намыс пен ар - абыройын қалыптастыру ».
Әртүрлі бағыттар бойынша кәсіби анықталу жұмысының формалары әдістер шеңбері анықталады, олар - мамандық жайлы әңгімелер, әр түрлі кәсіпорындарға экскурсиялар, рөлдік ойындар және т. б.
Кәсіби анықталу сұрақтарының ғылыми зерттеу әдістері күрделірек жағдайға әкеп соқтырады. Кәсіби анықталуды жеке - дара ғылым ретінде бөліп көрсету басқа әр түрлі маңызды белгілердің ішінде жеке әдістерінің болуын ұйғарады. Бірақ кәсіби анықталу проблемалары бойынша ғылыми зерттеулерде психология, педагогика, экономика, әлеуметтану, медицина әдістері қолданылады. Сондықтан да кәсіби анықталуды әлі де жеке дара ғылым деп тұжырымдауға болмайды. Бұл жеке тұлғаның және қоғамның қызығушылықтарына сай кәсіби анықталу процесіндегі қолданбалы міндеттерді шешуге арналған тәртіп аралық ғылыми бағыт болып табылады [19] .
Неғұрлым маңызды әдіснамалық сұрақтар қатарына кәсіби анықталу критерийлерінің эффектілігін анықтайтын сұрақтар кіреді. Қазіргі уақытта мектептегі кәсіби сәйкестілікті анықтау жұмысының эффектілігі жиі қанша оқушы мамандық таңдағанына ( пайыз бойынша ) сай анықталады.
Бұл критерий маңызды, бірақ жеткіліксіз. Өйткені, мысалы, жоспарланған оқушылар пайызын әр түрлі әдістермен айқындауға болады, сонымен қоса олар педагогикалық, әлеуметтік, психологиялық және экономикалық көз - қараспен үнемі өтеле бермеуі мүмкін. Қойылған жоспарға, тек жастармен белсенді жұмыс атқару, олардың нақты қызығушылықтарымен қабілеттіліктерін анықтау, мамандықты дұрыс таңдауға сенімді қалыптастыру барысында ғана жетуге болады. Мамандық таңдаудың сәттілігі еңбек әрекеті барысында қоғамдық қажеттіліктер мен оқушылардың жеке және кәсіби жоспарларымен өзара үйлесімділігін білдіреді. Сондықтан кәсіби таңдау, неғұрлым қазіргі қоғам қажеттілігіне байланысты мамандықтарға сай келсе, соғұрлым кәсіби анықталуға арналған жұмыс та сәтті орындалады.
Мамандықты дұрыс таңдау өндіріске және еңбек сапасына жағымды әсер ететіні белгілі. Олай болса, кәсіби анықталумен байланысты мектеп түлектерінің және басқа да оқу орындарының еңбек жетістіктері мамандық таңдау сәттілігінің тағы бір маңызды критериі болып табылады.
Мамандық таңдау сәттілігінің неғұрлым маңызды психологиялық критерийіне адамның өз таңдауына қанағаттануы жатады. Мамандыққа қанағаттанушылық деңгейін бағалау үшін әр түрлі тесттер мен анкеталар қолданылады.
Мектептердің және педагогтардың кәсіби сәйкестілікті анықтау әрекетінің эффектілігін анықтау жайлы сұрақ кәсіби анықталудың қоғам үшін, сонымен бірге жеке тұлға үшін де маңызды екенін дәлелдейді. Яғни, кәсіби анықталу тек педагогикалық-психологиялық проблема ғана емес, сонымен бірге қоғамның өміріне әсер ететін де әлеуметтік проблема болып табылады. Зерттеулер көрсеткендей, кәсіби сәйкестілік тұлғаның жас кезеңіне қатысты және тұлға ретінде үш жақты сипаттайды:
- Психологиялық жағынантұлғаның психологиялық процестері мен жағдайларының және қасиеттерінің бірлігін қарастырады. Мұндағы ең бастысы - тұлғаның психологиялық қасиеттері, яғни, бағыттылығы, темперамент, мінезі, қабілеті. Тұлғаның бойындағы барлық психологиялық жағдайлардың пайда болуы, психикалық процестердің жүруі және психикалық белсенділік дәрежесі осы қасиеттерден бастау алады.
- Әлеуметтік жағы тұлғаныңбелгілі бір әлеуметтік топқа, ұлтқа жататандығына байланысты анықталған қоғамдық қатынастар мен қасиеттерінен көрінеді.
- Биологиялық жағыжоғары жүйке іс-әрекетінің типін, анализаторлардың құрылымын, шартсыз рефлекстер мен инстинктерді, дене күшін, дене құрылымын, бойы мен бет-әлпетін, тері мен көздің түсін т. с. с. биологиялық сапаларды қарастырады. Бұл сапалар туа пайда болатын нышандар мен тұқым қуалау арқылы берілетіні белгілі, дегенмен, өмір жағдайлары да оның өзгеруіне әсер етуі мүмкін [1] .
Аталған үш жақты зерттеу тұлғаның сапалары мен мүмкіндіктерін, оның жас ерекшелігі мен тұлғалық ерекшеліктерін айқындауға көмектеседі. Егер студентті жас шамасы жағынан қарастырсақ, ол қарапайым, аралас және сөз арқылы берілетін сигналдарға деген реакциясының латенттік кезеңінің қысқалығымен, күрделі психомоторлық және басқа да дағдыларының пайда болу икемділігімен сипатталады. Мамандық таңдау және мамандық игерудегі жас кезеңдерінің ішіндегі бозбалалық кезеңге сай келетіндіктен оперативтік есте, сақтауы мен зейінінің ауысу жылдамдығы, сөз-логикалық есептерді шешу шапшаңдығы жоғары болады. Тұлға өзін тәрбиелеу арқылы өзіндік сананың құрамына енетін нормалар, идеялар мен құндылықтарының мазмұнын толықтырады. Өйткені, бұлар мәні жағынан қоғамдық болып табылатындықтан, тұлғаның жеке құндылықтары мен идеялары, нормалары дәрежесіне жету арқылы оны қоғамдық сананың бір бөлшегіне айналдырады. Сөйтіп, тұлға өзінің іс-әрекеті мен қарым-қатынасына қажетті жеке стилін қалыптастырады. Стиль - индивидтің дене күші мен психикалық жағынан неғұрлым аз мөлшерде күш жұмсай отырып, көзделген мақсаттарына жетуіне көмектесетін іс-әрекет тәсілдерінің жүйесі. Ал, өмірлік стиль деп белгілі бір тұрақтылықпен сипатталатын мінез-құлықтық жүйені айтады. Тұлғаның өзін басқаруы осындай стиль түрінде қалыптаса отырып, саналы бақылаудан «босайды». Әрине, бұл жағдайда ерік күшінің ролі мен маңыздылығын атап өтуіміз керек. Ерік күші тұлғада пайда болатын (іс-әрекеттің немесе қарым-қатынастың мазмұнына қарай) түрлі түрткілерге тәуелді болады. Сондықтан да, өзін сақтау және қоғамдық міндетін олрындау сияқты түрткілер арасындағы тартыста тез шешім қабылдау тұлға үшін оңай бола бермейді [52] . Өзін өзгерту, өзін қайта тәрбиелеу мәселелері де қалыптасқан әдеттерді күшпен өзгерту қажеттілігіне апарып соқтырады. Тұлға анық, бірақ онысы мотивациялық дәрежесі жағынан төмен болып шығады. Жоғары дәрежелі мотивацияға жету үшін субъект өзінің бұрынға өміріне қатысты мінез-құлық әрекеттерін түбірімен өзгертуге дайын болуы керек. Өмірдегі түрлі кедергілер, өз жетістіктеріне қанағаттанбаушылық кез-келген саналы адамды өзін өзгертуге, қайта тәрбиелеуге жетелейді. Демографтар атап көрсеткендей, адамның өз бетімен өндірістік іс-әрекетке араласатын, еңбек жолын бастайтын және жеке отау құру мәселелерін қамтитын «экономикалық белсенділік» бастау алады. Біріншіден, тұлға мотивациясының өзгеруі, құндылық бағдарлар жүйесіндегі өзгерістерді, екіншіден , кәсіп алуына байланысты арнайы қабілеттіліктің пайда болуы - бұл жас кезеңін адамның мінезі мен интеллектісінің қалыптасуының орталық кезеңі етіп ерекшелейді. Бұл - спорттық рекордтардың, көркемдік техникалық және ғылыми жетістіктердің басталу уақыты.
Жеке тұлғаны зерттеуге арналған еңбектерде ішкі жан дүниесінің қарама-
қайшылығы, өзіндік жеке өмір ерекшелігін табу мен айырықша жеке тұлғалығының қалыптасуындағы қиындықтар атап көрсетіледі. Адамдардың бәрі бірдей есемтігі қандай аксиомалық түсінік болса, студент жастардың да әркелкі дамуы жағдайлары да - сондай түсінікті нәрсе. Біз осыған дайын психикалық дамуы мен қабілеті жеткілікті белсенділігі бар жастар жайында сөз етсек, енді психикалық жағдайы нашар немесе түсінігі мен қабілеттілігі шамалы болған жағдайындағы студенттердің тұлғалық дамуын ұйымдастыру мүмкіндіктеріне тоқталып көрейік. Тұлғалық дара ерекшеліктеріне (темперамент, мінез, қабілет) және өмір жағдайларына (материалдық, моральдық), өзгермелі өмір сипаттарына (стресс, күйзеліс, көңіл-күй) қарай студент жастардың оқу мен қоғамдық істегі белсенділігі төмендеп кетіп жататыны бар. Міне, осындайда ғылымның көмегін айта кеткеніміз жөн. Әсіресе, психодиагностикалық зерттеу мен психологиялық кеңес түрлерінің маңызы ерекше. Аталған психологиялық қызмет бағыттарының адамның тұлғалық дәрежесін көтерудің негізгі факторлары ретінде бағалауға болады. Жасөспірімдік және студенттік кезеңінде интеллектуалдылық және дене күштерінің дамуына оңтайлы жағдайлар мол. Бірақ, осы мүмкіндіктер мен олардың іске асырылуы арасында сәйкес келмеушіліктер жиі кездеседі. Осныдай сәттер, шығармашылық мүмкіндіктер мен интеллектуалдылық және дене күштерінің дамуы, сонымен бірге сырт келбетінің тартымдылығы жастарда осылайша «өсе беру» өмір бойы бола беретіндей, жақсылықтың бәрі алда әрі оған жету оп-оңай сияқты көріне бастауы ғажап емес. Студенттердің болашақтағы өзіндік мамандық түрлерін таңдау мәселесі болашақ мамандардың психологиялық сауаттылығы болуы бүгінгі басты талаптардың бірі [9] .
Көп салалы психология курсының қай-қайсы болмасын студенттің тұлғалық дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Дегенмен, пәнді оқытудан басқа, жоғарыда атап көрсеткеніміздей, психодиагностика мен психологиялық кеңесті тиімді ұйымдастырудың да студенттің тұлғалық дамуына тигізер ықпалы мен пайдасының зор екендігіне назар аударсақ, мынандай нәтижелерге көз жеткіземіз:
- психодиагностикалық зерттеу студенттің өзі туралы білімін толықтырады;
- зерттеудің нәтижесін талдау арқылы студент өзін түсінуге, тануға мүмкіндік алады;
- психологиялық кеңес зерттеу нәтижелерінің мазмұнына байланысты тұлғалық дамуды әрі қарай дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі;
- психологиялық кеңес тәсілдері тұлғалық қалыптасуды ұйымдастырумен бірге, дамуды жетілдіруге, тұлғалық жағынан өсуге көмектеседі.
Студенттік шақтың негізгі ерекшелігі - өмірлік жоспарларының құрылуы. Бір жағынан өмірлік жоспар тұлғаның өз алдына қойған мақсаттарының ұлғаюынан және ауыспалы мақсаттарды бағындыратын құндылықты бағыттың тұрақты ядросының құрылу нәтижесінде туады. Екінші жағынан, мақсаттар мен уәждердің нақтылануы мен дифференциялану процесі жүріп жатады. Бәрі де мүмкін болатын арманнан және абстарктілі идеядан, кейде қол жетпес үлгіден бірте-бірте біршама реальды шындыққа негізделген іс-әрекет жоспары жасалады [48] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz