Отбасы – көркем әдебиетте


МАЗМҰНЫ
- Отбасы - көркем әдебиетте
- Отбасы - ақындар өлеңінде
- Ұлағатты сөздер
- Мақал-мәтелдер
- Тиым сөздер
- Әдебиет
ОТБАСЫ - КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕ
Отбасы - адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы.
Қоғамның негізгі мақсаты - адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты.
Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болады. Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.
Отбасы кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы - қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады.
Ер мен әйел - отбасының екі ірге тасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады.
Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі - тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі - баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.
Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы - бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Отбасынан тыс та тәрбие бар. Қазақ « Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол», - дейді.
Қиналарлық жағдайлар да бар. Арақ ішу, тәртіп бұзу, бұзақы сөздер сөйлеу, жатып ішерлік - мұның бәрі адам тәрбиелеуге теріс әсерін тигізеді.
Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, соған сәйкес тәрбиелеу, бағдар беру қажет.
Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.
Кейінгі кезде қалыптасқан «білім мектептен басталады» - деген көзқарас дұрыс емес. Бұл процесс отбасынан басталуы керек. Біздің айтайын деп отырғанымыз, кітапқа деген сүйіспеншілік, кітап оқу әдеті, кітап оқудан алатын қанағаттанушылық және кітапсыз өмір сүре алмауға баулу - нағыз «отбасылық дүние». Қазіргі ақпараттық технологияның даму, Интернеттің өмірімізде жаппай кең өріс алу кезеңінде «Мұның қажеті не?» - деген сұрақ туары сөзсіз. Өте дамыған мемлекеттердің барлығы дерлік балалардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге көп көңіл бөлуде. Өйткені, тек оқырман ортасы «ойшыл, саналы» орта болып табылады. Кітап оқу - әрбір баланың бойындағы әлеуметтік бағалы қасиеттерін дамытып, жағдайды тура бағалай білетін, жылдам және дұрыс шешім қабылдайтын, еркін жазатын және сөйлейтін, анық тұжырымдай алатын адамды қалыптастырады.
Олай болса біздің жазушыларымыз жазған көркем әдебиеттерге көз жүгіртіп көрейік. Оларды оқи отырып та отбасылық тәрбие жайлы көптеген мағлұмат аламыз.
Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы: Әйелдер галереясынан: Зере, Ұлжан, Айғыз, Ділда, Тоғжан, Әйгерім, Салтанат, Керімбалалар, көненің көздері - Бөжей, Байсал, Құнанбай, Жақып, Абай тұстастарынан: Жиренше, Ербол, Базаралы, Абылғазы, Тәкежан, Оспан, Көкбайлар ас пен тойда, құдалық пен руаралық қақтығыста, жаулықта, жер мен жесір дауында, жан жадыратар жаз жайлаулары мен аязды, боранды қыс-қыстауларында, аңшылық-саятшылықтарында бірге болып, бірге тыныстады: күйінсе - күйінді, сүйінсе - сүйінді, ауыр-жеңілін бірге көтерісті. Ұлы жазушының бұл роман - эпопеясынан отбасы жайлы, ондағы адамдардың қарым - қатынасы жөнінде көптеген мағұлматтар алуға болады.
Абай. Қара сөздер: Абайдың жетінші сөзінде бала туралы, ақыл үйрену мен насихат тыңдау мәселелері сөз болады. «Жас бала - анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары… Біреуі білсем…көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген». Осы Абай айтқан екі мінезден автордың өзіне екіншісі ұнап тұрғанын, жүрегіне жақын қонымдысы да сол екенінде дау жоқ. Абай осы екінші мінезділерді тыңдайды, оларды ұнатады.
Ал Оныншы сөзінде: Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма?
Балам орнымды бассын деген не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар дейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемек пе едің? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Өзгеге қимайтұғын сенің не қылған артықша орның бар еді?
Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік, не түрлі боларын біліп сұрадың? Дүниеде өзіңнің көрген қорлығың аз болды ма? Өзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Енді бір бала туғызып, оны да ит қылуға, оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар болдың?
Артымнан балам құран оқысын десең, тіршілікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды? Жаманшылықты көп қылсаң, балаңның құраны неге жеткізеді? Тіршілікте өзің қылмаған істі өлген соң саған балаң кәсіп қылып бере ала ма?
Ахирет үшін бала тілегенің - балам жасында өлсін дегенің. Егерде ержетсін десең, өзі ержетіп, ата-анасын тұзақтан құтқарарлық бала қазақтан туа ма екен? Ондай баланы сендей әке, сенің еліңдей ел асырап өсірмек пе екен?
Қартайғанда асырасын десең, о да - бір бос сөз. Әуелі - өзің қаруың қайтарлық қартаюға жетемісің, жоқ па? Екінші - балаң мейрімді болып, асырарлық болып туа ма, жоқ па? Үшінші - малың болса, кім асырамайды? Малың жоқ болса, қай асырау толымды болады? Баланың мал табарлық болары, мал шашарлық болары - ол да екіталай.
. . . Және мал тілейсіңдер, неге керек қылайын деп тілейсіңдер? Әуелі, құдайдан тілеймісің? Тілейсің. Құдай берді, бергенін алмайсың. Құдай тағала саған еңбек қылып мал табарлық қуат берді. Ол қуатты халал кәсіп қыларлық орынға жұмсаймысың? Жұмсамайсың. Ол қуатты орнын тауып сарып қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың. Ол ғылымды оқыса, ұғарлық ақыл берді, қайда жібергеніңді кім біледі? Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды? Оның саған керегі жоқ. Сенікі - біреуден қорқытып алсаң, біреуден алдап алсаң болғаны, іздегенің сол. Бұл - құдайдан тілеген емес. Бұл - абыройын, арын сатып, адам жаулағандық, тіленшілік.
Хош, сөйтіп жүріп-ақ мал таптың байыдың. Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзіңе табылмаса балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан руза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды десе,
Отыз сегізінші сөзінде: Ей, жүрегімнің қуаты, перзентлерім! Сіздерге адам ұғылының мінездері тұғралы біраз сөз жазып ядкар (ескерткіш, есте қалу) қалдырайын. Ықылас бірлән оқып, ұғып алыңыздар, аның үшін махаббатың толады. Махаббат - әуел адамның адамдығы, ғақыл, ғылым деген нәрселербірлән. Мұның табылмақтығына себептер - әуелі һауас сәлим (жақсы сипат) һәм тән саулық, бұлар туысынан болады, қалмысы жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Талап, ұғым махаббаттан шығады. Ғылым-білімге махаббаттандырмақ әлгі айтылған үшеуінен болады.
Ғылым-білімді әуелі бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпен яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады.
. . . Енді біліңіздер, перзенттер! Құдай тағаланың жолы деген жол ниһаятсыз (Шек, шама. Бұл жерде өлшеусіз, артық деген мағынада) болады. Оның ниһаятына ешкім жетпейді. Бірақ сол жолға жүруді өзіне шарт қылып кім қадам басты, ол таза мұсылман, толық адам делінеді. Дүниеде түпкі мақсатың өз пайдаңа болса, өзің ниһаятлысың, ол жол құдайдың жолы емес. Ғаламнан жиылсын, маған құйылсын, отырған орныма ағып келе берсін деген ол не деген ынсап? Не түрлі болса да, я дүниеңнен, я ақылыңнан, я малыңнан ғадаләт, шапағат секілді біреулерге жақсылық тигізбек мақсатың болса, ол жол - құданың жолы.
Кейбіреулердің бар өнері, мақсаты киімін түземек, жүріс-тұрысын түзетпек болады да, мұнысын өзінше бір дәулет біледі. Бұл істердің бәрі өзін көрсетпек, өзін-өзі базарға салып, бір ақылы кезіндегі ақымақтарға «бәрекелді» дегізбек. «Осындай болар ма едік» деп біреулер талаптанар, біреулер «осындай бола алмадық» деп күйінер, мұнан не райда шықты? Мұнша әуреленіп, сыртыңды бір сүйген қауымыңа ұқсатарсың? Сыртқа қасиет бітпейді, алла тағала қарайтұғын қалыбыңа, боямасыз ықласыңа қасиет бітеді. Бұл айнаға табынғандардың ақылы қаншалық өсер дейсің? Ақыл өссе, ол түпсіз терең жақсылық сүймектікбірлән өсер.
. . . Өзін-өзі артық көрсетпек екі түрлі!
Әуелгісі - әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жимақтық, бұл адамға нұр болады.
Екінші - өзін-өзі өзгешелікпен артық көрсетпек адамдықтың нұрын, гүлін бұзады.
Үшіншісі - қастық қылмақ, қор тұтпақ, кемітпек. Олар дұшпандық шақырады.
Һәм өзі өзгеше боламын демектің түбі - мақтан. Әрбір мақтан біреуден асамын деген күншілікті бітіреді де, күншілік күңшілікті қозғайды. Бұл үш түрлі істің жоқтығы, адамның көңіліне тыныштық береді. Әрбір көңіл тыныштығы көңілге талап салады.
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі - надандық, екінші - еріншектік, үшінші - залымдық.
Надандық - білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп болмайды.
Білімсіздік хайуандық болады.
Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады.
Залымдық - адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады.
Бұлардың емі, халлақына махаббат, халық ғаламға шапқат, қайратты тұрлаулы, ғадаләт ісінің алды-артын байқарлық білімі, ғылымы болсын . . .
Ұлы Абай өз заманына налып қана қойған жоқ, ол оны зор күшпен алға сүйреді, ілім - білімге, мәдениетке шақырды, орыс тілі, мәдениеті, сол арқылы бүкіл әлемдік өркениетке үндеді. Ол өркениеттің ұлы көшіне қазақ халқын ілестіруде ерекше зор үлес қосты. Абайдың азаматтық, ақындық қызметі халқының тығырыққа тірелген тұсына дәл келді де, ол тыңнан жол табуға тиіс болды. Оның сөздерінің күш - қуаты жаңашылдығында, тереңдігінде.
Абайдың қара сөздері - оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына.
Аймауытов Ж. Ақбілек романы жанр табиғаты мен талабына толық жауап берумен бірге кемел ой мен көркемдікке, нақышты тіл мен келісті суреттеулерге де толы. Оны, атап айтқанда, Алтай мен ауыл көріністері, Ертіс - Күршім сипаты, Марқакөлдің мөлдір суы мен оның айналасындағы аң-құс, жан-жануарлар әлемі, алуан түсті адам портреттері мен этнографиялық деректер байыта, толықтыра түседі. Сайып келгенде, қазақ қызының өмір, тағдыр жолын баяндағанда да Ж. Аймауытұлының ескі ауыл, этнографиялық суреттерді, адамдар қарым-қатынасын ой мен сезім өрілімі арқылы риясыз жеткізер тіл байлығына, шеберлік иірімдерінің үлгі-өрнектеріне көз жеткіземіз. Сондай-ақ, романдағы әлеуметтік-психологиялық иірімдерден, жекелеген кейіпкерлерді мүсіндеу мен олардың ішкі монологтарынан, ең негізгісі қазақ тұрмысы мен заман көріністерінен, уақыт сырынан реалист суреткердің қолтаңбасы айқын көрінеді. « Ақбілек» әлемі - халқымыздың өткен өмірі мен тарихының, қазақ қызы мен әйелінің тағдыр - талайын кең көлемде суреттеген тағылымды туынды. Жазушы Р. Тоқтаров «Ақбілек» романынан адам мінездерінің энциклопедиясын көруге болады» деп қысқа да нақтылы түйін жасайды.
Мүсірепов Ғ. Қазақ әйелі: Жазушы ана, әйел тақырыбына шығарма жазуды үзбей, бұдан кейін де жалғастыра берді. Бірақ бір кездегі өзінің ізіне қайта түсіп шиырлауға бармай, көркемдік ізденістің соны өлкесіне, тың өрісіне жол тартты. Яғни, өзінің шығармашылық басты мұраты: ана, әйел өмірінің жаңа қырларын, мінез-характерінің тың сипаттарын көрсетуге барды. Олардың бейнесін сомдауға жаңа көркемдік құрал, ғажайып бояулар таба білді. Бұған оның Ұлы Отан соғысы жылдары жазған «Ер ана», «Ақлима» әңгімелері толық дәлел.
Әйел, ана, арулар тақырыбына арналған Ғабит Мүсірепов шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі де, көрнектісі де «Ұлпан» романы. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, эстетикалық әсер-күшінің молдығымен романда көрінетін Ұлпан тек қана жазушының өз шығармашылығы емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі оқшау тұрған әдеби бейне.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының әлеуметтік-тарихи өмірін терең зерттей келіп, жазушы тарихи фактілерді, шын өмірде болған оқиғаларды, адамдарды шығармасына негіз етіп алған. Ұлпан өмірінің хикаясын шерте отырып, автордың сол тұстағы бүкіл халық, қоғам өмірінің айқын суреттерін жасағаны мәлім.
Әрине романдағы басты кейіпкер - Ұлпан.
Әр заманда, әр халықта өмірдің айрықша құбылысы болып жарқ ете түсетін төтенше дарынды, жарқын тұлғалар болатыны аян. Ұлпан өткен ғасырдағы қазақ топырағында пайда болған сондай ғажайып құбылыс еді. Жазушы ел өміріндегі тарихи фактіні ала отырып, өзінің суреткерлік қарымымен халық дарынының, ақыл-ойының типтік көрінісіндей адам характерін үлкен зергерлікпен сомдап берді.
Романдағы Ұлпан - негізінен реалистік тұлға. Оның бүкіл бойынан сол дәуірдегі қазақ әйелінің ең жарқын, ең асыл қасиеттерін көру қиын емес.
Романда суреттелетін Ұлпан - сырлы мінез-құлқымен, кесек бітімімен берілген тұлғалы образ. Оның сезім байлығы, адамгершілігі, адалдығы, моральдық тазалығы, ақылдылығы, зеректігі, зерделілігі, парасаттылығы, өткірлігі, өжеттігі келісті де көрікті бейнеленген.
Бегалин С. Бала Шоқан: Шыңғыс өзі оқып білім алған және келешек ғылым-білім өрісі орыс мектебінде екенін біле тұрса да, баласына шығыс әдебиеті мен тарихынан хабардар болсын деп, Әубәкір молданы әдейілеп Орынбордан көшіріп алып келгенді. Алдымен балаларын ана тілінде сауаттандырып және өзімен өмірлес шығыс елдерінің мәдениетімен де таныс ету ниеті болған. Сондықтан да ол:
- Шоқанға өзің білетін барлық оқуыңды үйрет. Бұларға енді жеті
жұрттың тілін білу керек, - дейтін. Бұл үзіндіден балаға деген ақылды әкенің ақ тілегі, қамқорлығы көрінеді.
Момышұлы Б. Ұшқан ұя: Әкемді жиырма сегіз жасында ауылдың старшыны сайлапты. Он жеті жыл старшын боп тұрып, он сегізінші жыл дегенде бұл дәрежесін өз ықтиярымен құрдасы Еркеш деген кісіге берген екен. Әкем жарықтық өмірінің ақырына дейін ел арасында «Тура Момыш» атанып кетті. Қанша жыл аз ауылдың кіші-гірім әкімі болса да бүйірі томпайып, мал біткен емес. Бар байлығы жалғыз аттан артпапты.
Әйтсе де кедейдің қолы жомарт. Әкемнің қызғаншақтық, бақталастық дейтін қу мінезі жоқ, қолы ашық кісі болған. Бары болса, кісі шақырып, той - томалақ өткізуге құмар боп тұрар еді. Дүние, мал жиюды жек көретін. Бір жолы мен, ес біліп, етек жиған кезім, базар барып азын-аулақ ақшаны жаратып қойсам керек, өгей шешеміз мұныма күңкілдеп ұрса берді.
- Әлден ұрма, ақша бітсе шашып жүреді, тұра бара не болады?!
Әкем сонда өгей шешеме жай ғана:
- Е, ақша дегеннің өзі шашуға шығарылған нәрсе де, - деп тастады.
. . . Әкем базардан қайтқан күні біздің үйде кіші-гірім той сияқты жиын болатын. Қоржынның екі басы базарлыққа толып келеді. Сонда өрік- мейізге бір тойып қаламыз.
Бала біткен сондықтан әкемді жақсы көретін. Асылы, істеген жақсылығыңды бала тәуір біледі. Кейбір үлкенге істеген жақсылығың зая кетеді. Қолдан келсе, баланы қуанту керек. Ол қуанса - шын қуанады. Ал ересектердің арасында «сырты жылмаң, іші арамдары» кездесетінін, құдайға шүкір көріп жүрміз - деп отыратын. Әкем менің сондай кісі еді, жарықтық. Қазақтың біртуар ұлы Бауыржан Момышұлы өзінің әкесі туралы осылай ой қозғап, сыр шертеді.
. . . Тағы бір жай ойыма оралады . . . Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары жамбастай жайғасып баппен қымыз ішіп отыр екен . . . Әкем дастархан шетінде қымыз құйып отыр. Ол мені ымдап шақырды да құлағыма: «Сен немене, аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда» - деп сыбырлады. Мен қатты қызырақтап, үйден шыға жөнелдім. Сыртта біраз тұрдым да, нық басып үйге қайта кірдім. Көпшілікке қол қусырып тұрып: «Ассялам алейкум, аталар» деп әр сөзді қадап-қадап айттым. Бұған әрине бәрі күлісіп жатыр. Әйткенмен мені араз етіп алмау үшін бәрі де бір ауыздан « әлейкүм салам!» десті. Сонан соң әрқайсысы маңдайымнан сипап мақтайды. Жақсы сөзге мәз болып, мен әкемнің тізесін ала жайғасамын. Ол басымнан сипап отырып: «Жарайсың, балам ! Үйге кіргенде әрқашан үлкендерге сәлем беруді ұмытпа. Әдепті бала сүйтеді»- дейтін. Міне, әке тәрбиесі осы деп, батыр Бауыржан ата жиі есіне алатын.
-Аққұл атамның немере інісі Дембай ұлды болды.
Шын айтасыңдар ма, жұртым - ау? Әке болдым ба, шынымен? Ұл көрдім бе? Үмітім жанғаны ма, халқым - ау! Е, айналайын жаратқан ием, көз жасымды көрген екенсің ғой. Жарылқадың ба, шынымен! Тоба! Тоба! - деп ол әркімнің кеудесіне басын сүйеп тұрып алды.
Біздің ауылға да сүйінші сұрап, елбе-делбесі шығып, бір бала жүгіріп келді. Әр сөздің аяғын жұтып, ентігіп, әрең тұр. «Сү - сү -йінші! Сүйінші!» «Де-ем -б - ай кө- кө-ем. Ұлды болды»- деп әрең айтты. Бұл үзіндіден отбасында баланың дүниеге келуі ата-ананы, туған-туыстарды шаттандырып, зор қуаныш сезіміне бөлейтінін көреміз.
Соқпақбаев Б. Менің атым Қожа: Қадыр - менің әкем. Еһ, шіркін дүние-ай десеңші. «Әке» деген сөзді айтқанда, жүрегім қарс айрыла жаздайды-ау. Қандай жақын, қандай ыстық. Балалар менің әкем өйтті, менің әкем бүйтті. Менің әкем ананы сатып әперетін болды, менің әкем мынаны сатып әперетін болды деп мақтаныш етіп жатады. Ал мен болсам, әкемнің қандай адам екенін де білмеймін. Өйткені, ол майданға аттанғанда, мен екі жастамын. (Екі жасар ақымақ не біледі, не түсінеді? Сол кеткеннен абзал әкем мол кетті, оралмады . . . )
Еһ, қайран әкем! Егер сен тірі болсаң, мүмкін, мен бұдан гөрі басқадай болар ма едім. Кім біледі, жер-әлемді шулатып, сотқар Қожа атанып жүргенім әкесіз жетім өскендігімнен де шығар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz