Діни басқармаға филиал



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН
СӨЗДЕР ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 3
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИСЛАМ ДІНІ ... ..12

1. Ислам дінін қайта жаңғыртудың тарихи
алғышарттары ... ... ... ... ... ... 12
2. Қазақстан Республикасындағы ислам дінінің жағдайы және оның даму
үрдістері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
3. Ислам діні және мемлекеттік
саясат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...30

2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-РУХАНИ ӨМІРІНДЕГІ ИСЛАМ ДІНІНІҢ РӨЛІ ЖӘНЕ
МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
39

1. Ислам қағидаттарын насихаттаудың жолдары және
нәтижелері ... ... ..39
2. Қазақстан қоғамындағы руханиятты қалыптастырудағы ислам дінінің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
3. Ислам діні және жастардың рухани ізгілік
тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ...54

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 68
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...71

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР:

ҚР – Қазақстан Республикасы
ҚМДБ – Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы
БАҚ – Бұқаралық Ақпарат Құралдары
ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ИКҰ – Ислам Конференция Ұйымы

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан тәуелсіз ел болғанына жиырма жыл
уақыт болды, осы уақыт ішінде республикада саяси, әлеуметтік-экономикалық,
рухани салаларда түбегейлі өзгерістер болып өтті. Республика халқының
демографиялық құрамы өзгерді, қазіргі уақытта қазақ халқы басым этнос болып
табылады.
Қазіргі кездегі қоғамымызда болып жатқан ислами өрлеу мен діни
құндылықтардың қайта жаңғыруы үдерістері жүріп жатқан кезде өзіміздің
рухани тектерімізді танып білу маңызды мәселе. Заманауи адамзат қоғамындағы
діни жағдайлардың қоғам мен адам өміріне елеулі ықпал етіп жатқаны шындық.
Қазіргі қоғам өміріндегі діннің орны мен рөлінің артып отырғаны, сонымен
қатар, діни санадағы өзгерістер де байқалады. Жаһандану үрдісінде дін
аралық үн қатысулар маңызды оқиғалар ретінде суреттеліп отыр. Атеистік
кезеңде ислам діні құндылықтарынан қол үзіп қала жаздаған халқымыз, ұлттық
рухани нәрі – исламды қайта тануға мүмкіндік алды. Діни сана қоғамдық
сананың мәңгілік формасы ретінде қоғам мен адам өмірінде өзіндік қызметін
атқарған және атқаруда. Ғылым мен технология жетістіктері дамыған XXI
ғасырдың рационалдыққа негізделген мәдениеті мен қоғам өмірінде орныққан
секулярлық ұстаным дінді адам мен қоғам өмірінен алыстата алмады. Өйткені,
дін адамзатқа ортақ әмбебап құндылықтар жүйесі және адамзат өркениетінің
тіршілік етуінің рухани тұғырына айналып отыр.
Қазақ қоғамындағы әлеуметтік-экономикалық, саясимәдени реформалар
өтпелі кезеңнен бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып, қоғамның рухани өтпелі
кезеңнен бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып, қоғамның рухани саласына да өз
ықпалын тигізді. Кеңестік идеологияның орнында қалыптасқан идеологиялық
және рухани бостыққа түрлі діни наным-сенімдер, өз ұстанымдарын халық
арасында таратып, мемлекеттік және ұлттық тұтастық пен бірегейлікке қатер
төндірді. Батыс және Шығыстан келген алуан түрлі діни ағымдар мен
миссионерлер іс-әрекеті халықтың діни сауатсыздығын пайдалана отырып, өз
қатарларына дүниетанымы толық қалыптаспаған албырт жастарды тартты. Сонымен
қатар, еліміздің тарихында тамыры жоқ жаңа діни бірлестіктер келіп,
ілімдерін таратып, қазақ қоғамының діндарлығына өз ықпалын тигізіп отырғаны
ақиқат. Жаңа діни ағымдар еліміз үшін дәстүрлі діндер тарапынан және бұқара
халық тарапынан да сыни көзқарастарды тудыруда.
Елбасымыздың бастамасымен өткізілген Әлемдік және дәстүрлі діндердің
I, II, III, съездері қазақ елінің дінаралық сұхбаттастық пен ұлтаралық
қарым-қатынас мәдениетінің Қазақстандық моделінің әлемдік қауымдастық
тарапынан оң бағасын алуын қамтамасыз етті. Елбасымыздың сарабдал
саясатының арқасында ел өмірінде діни төзімділік, дінаралық келісім және
ұлтаралық татулық орныққан. Елімізде 46 конфессияға тиесілі 5000 жуық діни
бірлестіктер қызмет атқаруда. Сүнниттік ислам және православиялық
христиандық ел халқының басым көпшілігі ұстанады. Ислам діні Қазақстан
халқының 20-дан аса ұлттары мен ұлыстарының діни бірегейлігінің факторы
және мәдениетінің рухани негізі болып табылады.
Жаһандану жағдайында еліміздің ұлттық және мемлекеттік бірегейлігін
сақтау үшін өзіміздің ұлттық болмысымыз бен төлтума мәдениетімізді, рухани
құндылықтарымызджы танып білу, ұлттық бет-бейнемізді жоғалтпай, болашақ
ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды сабақтастықпен жеткізу өмір талабы.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев: Егер біз мемлекет
болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз
келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгніміз жөн [1, 273 б.], –
деп айтады.
Қазақ елінің рухани тұғыры ислам мен оның құндылықтарының қайта
жаңғыртуы халықтың өзінің рухани түп-тамырын толық түсінуге деген
ұмтылысын ашып көрсетеді. Сондықтан да, қазақ халқының діни-рухани
мәдениетін танып білуге ұмтылуы заңды. Ұлттық дүниетаным мен діндің
қалыптасуына ықпал еткен рухани құндылықтарды зерттеу қазіргі қазақ
қоғамының рухани түлеуі және діни санамыздың беріктігін нығайту үшін қажет.
Осындай зерттеулер қазақ елінің рухани тұғырының бірі ретіндегі ислам
құндылықтарының қоғам өміріндегі орны мен рөлін айқындауға мүмкіндік
береді. Ұлт руханияты үшін ұлттық тілі, ұлттық діл және дін рухани тұғыр
болып табылады. Осы үш діңгек бір-бірімен ажырамас бірлікте болғанда ұлт
тұтастығы да берік.
Қазақтың бітім-болмысын және рухани жан дүниесін айшықтайтын ислам
дінінің құндылықтары мен мәдениетін жан-жақты зерттеу, қазақ қоғамындағы
діни төзімділік пен діни келісім мұраты жолына қызмет етпек. Қазақстандағы
қазіргі діни жағдайды және дінаралық қатынасты зерттеуде ислам дінінің
қоғамдағы мәдени-діни және рухани негіздерін ғылыми тұрғыдан талдау өзекті.
Еліміздің тәуелсіз ел ретінде әлемдік қауымдастыққа ену, ұлт
руханиятының қайнар көзі тіл, дін, дінді өркендетуге жол ашты. Халқымыздың
рухани құндылықтарының бірі ислам дінінің қайта жаңғыру үрдісі діни сана
мен діндарлықтың жандануына ықпал етті.
Елбасымыз: Біздің, қазақтар үшін ислам – ең алдымен бір кездегі мүлде
ұмыт болуға айналған, біздің бабаларымыздың рухы мен аса бай мұсылман
мәдениетіне лайықты бағасын беруге мүмкіндік тудыратын, біздің
дүниетанымымызды анықтап беруші, биік идеал мен фактор, былайша айтқанда,
символ [2, 100 б.].
Елімізде тоталитарлық режим өктемдік еткен қиын кезеңнің жойқын
ауыртпашылығын тартпаған рухани саламыз жоқтың қасы десек қателеспейміз.
Міне, осындай кесірлі заманда төл тарихымыз да ұмыт бола жаздады. Соңғы
жылдарда ғасырлар бойы ата бабамыз аңсаған азаттыққа қол жеткізіп, өз
тарихымызды, тіліміз бен рухани мәдениетімізді жан-жақты зерттеуге
ұмтылудамыз. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан
Назарбаев Қазақстан 2030 деп аталатын жолдауын: Біз өзіміздің тәуелсіз
егемен мемлкетіміздің негізін қалайық [1, 2 б.], – деп бастаған.
Ал мемлекеттің негізін қалауға атсалысқан ірбір азамат білімді де
өнерлі, іскер, болашағын пайымдайтын дәрежеде саналы және өз ұлтына деген
сүйіспеншілігі мол болуы абзал. Әрбір адам өз тарихын, тілін, дінін, ұлттық
ділін танып-білу арқылы күллі адамзатқа ортақ рухани мәдениетке қол жеткізе
алады. Әлбетте, терең рухани байлық қана үлкен істерге үлес қосуға
мүмкіндік береді.
Ұзақ жылдар бойы әкімшілік-әміршілік жүйенің қыспағы мен асыра
сілтеулер салдарынан ұмыт бола жаздаған ұлттық болмысымызды, тілімізді,
дінімізді, тарихымызды білуге еліміз егемендік алғаннан кейін ғана жол
ашылды. Соңғы жылдары қазақ халқының тарихы, дүниетанымы мен діни
нанымдары, еліміздің автохтонды халықтарының тарихы мен діни сенімдері
туралы жаңаша көзқарастағы, тіпті апологиялық сипаттағы ғылыми зерттеулер
мен монографиялар да жарыққа шыға бастады. Сондықтан, зерттеу тақырыбының
өзектілігі бүгінгі күні қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік, тарихи, рухани
және ғылыми жаңаруларға байланысты анықталды.
Әлемдік өркениетте ерекше құбылыс болып саналатын ислам дүниесі әдетте
бекзаттық пен діннің бірлігін қамтамасыз ете отырып, алғашқы адамзат
қауымдастығын, кейінгі мемлекеттілікті басқаруда, жеке адамдарды
материалдық және рухани жағынан дамытуда елеулі міндеттер атқарды. Өйткені
ислам тұтастай алғанда барша мұсылмандарды сәждеге бас игізетін, өзіндік
ұстанған жолы мен уағызы бар дін ғана емес, сонымен бірге ол мұсылман
әлемінің идеологиясы. Ислам дінінің әлемдік діндердің ең соңғы жетілген
нұсқасы болуымен қатар салаутты өмір салтының бірден-бір өнеге-үлгісіне
айналуы да сондыктан. Қазіргі кезде әлемнің 120-дан астам елінде мұсылман
қауымдастықтары өмір сүреді. Ал 28 мемлекетте ислам діні мемлекеттік дін
ретінде мойындалды. Солардың көпшілігі өзінің ресми мемлекеттік атауларын
Ислам сөзімен қоса атайды.
Халықаралық аренада қазір әрқилы халықаралық мұсылман ұйымдары бар:
солардың ішіндегі Ислам Конференциясының Ұйымы ерекше құрметтелетін әрі
мәртебесі арта түскен тұғырлы орган саналады. Біздің ел бұл ұйымға 1995
жылдан мүше. Осыдан да болса керек, адамзат баласы үшін аса мейірбанды,
рухани, діни жолды нұсқайтын ислам бірқатар елдерде қазір теріс
түсіндіріліп келеді. Оның өзіндік себептері де бар. Өйткені кез келген дін
әлемдік қауымдастықта, әлемдік өркениетте өз ұстанымдарын алдыңғы қатарға
шығарып, сол сенімге ие болған жұртшылықтың мәртебесін арттыруға, осылайша
әлемге үстемдік етуге тырысады. Осыдан да болса керек, мұсылман әлемінің
дүниетанымдық негіздері мен ұстанған мұраттарын бұрмалап көрсету жөніндегі
бағыттар қазір бой көрсете бастады. Бұқаралық баспасөз құралдарында орта
ғасырлардың сарқыншағы, ұстанған бағытынан қайтпайтындығы (ортодоксальдығы)
және тұғырлылығы (фундаментализмі) арқылы сипатталатын ислам көбіне-көп
құбыжық күйінде көрсетіліп жүр.
Қазақ халқы соңғы мыңжылдықтар ішінде өз бабаларының көне дәстүрлері
мен әдет-ғұрыптарын сақтай отырып мұсылман идеяларының әлеміне бірте-бірте
бой ұсына бастады. Сондықтан болса керек, Қазақстан қоғамының санасына
исламның рөлі берік орнықты. Біздің елімізде тұрып жатқан барлық
халықтардың рухани бірлігі осындай мәдени ұстанымдар арқылы қамтамасыз
етілді. Дәл бүгінгі таңда мемлекеттік және мәдени құрылыста болсын, жас
ұрпақты тәрбиелеу мен қоғамның рухани негізін нығайтуда болсын баршамыз
ислам салған сара жолдың теорияларын дұрыс түсінуге және оның мұраттары мен
рухани, идеологиялық негіздерін жетілдіруге, орнықтыруға тиіспіз. Ол үшін
әрине, идеологияны, саясатты бұрмаламай, қазақ қоғамына ислам мұраттары
негізінде тәрбиеленудің әлеуметтік ақиқат жолын ұстануға, рухани және
парасаттылық тазалықты сақтауға, басқа дін өкілдерімен рухани келісімді
орнатуға ұмтылуымыз шарт.
Көпшіліктің жүрегін жаулай алған осы бір рухани зор қуатты, білім
күшімізбен қоса, бүгінгі жаһандану үрдісінің жасампаздық бағытына
орайластыра, жойымпаздығына (жұтып жіберу қаупіне) қарсы бағыттай алсақ,
ғасырлар бойы қалыптасқан ислам өркениетін байытып, оның аясындағылардың
ұлттық болмысын сақтап қалуға болар. Еліміз аман, жұмысымыз тыныш болып,
Тәуелсіздігіміздің сақталуы халқымыздың татулығына байланысты екені
түсінікті. Ал халық татулығы – діни білімімізге тәуелді. Сондықтан,
дінімізді құрметтеп, оны сақтай білуіміз керектігін діни мамандар да,
Елбасымыз да айтуда.
Осы жауапты істі алға апаратын жастарымыз исламды толық танып, оның
қоғам өмірінде қажеттілік екенін парасаттылықпен түсінуі керек деген
ойдамыз. Әлемдік даму тарихының қатал сыннан өткен сара жолмен бүгінгі
күнгі адамзат өркениетін одан әрі байытуда ислам діні негізге алынуы керек
деген ой келеді. Бұл - әлемнің басты ғалымдарының, дінтанушылардың,
болашақты ғылыми негізде, парасатпен болжай алатын қоғам қайраткерлерінің
және мұсылман елдерінің ортақ пікірі [2].
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-рухани
өміріндегі ислам дінінің тарихын және қазіргі таңдағы жағдайын назарға
аударып еңбектер, мақалалар, диссертация, магистірлік диссертация жазылып
зерттелуде. Қазіргі кезеңде отандық гуманитарлық ғылымдарда ислам дінінің
тарихы мен іліміне қатысты зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстанда ислам діні мен құндылықтарын зерттеу дәстүрі сонау орта
ғасырдан бастау алады. Ортағасырлық түркі ойшылдарының ізденістерінде ислам
ахлағы мен құндылықтары негізгі мәселе ретінде көтерілген. Қазақ жерінде
ислам дінінің келуі мен таралуына қатысты және ислам дінінің рухани
құндылықтары туралы ақын-жыраулары, қазақ ағартушылары, қазақтың зиялылары
өз зерттеулерін арнады.
Кейінгі жылдары қазақ қоғамындағы ислам дінінің орны мен рөліне
қатысты зерттеу мен жарияланымдардың көптігіне қарамастан, қазақ
руханиятындағы ислам құндылықтарының ұлттық дүниетанымы мен ділге және
әлуметтік-мәдени өмірге ықпал етуі әлі толық зерттеле қоймаған. Ислам
құндылықтарының қайта жаңғыруы, ұлттық сана-сезімнің өсуі, қазақ елі үшін
жаңа ислами ағымдардың таралуы жағдайында өтумен ерекшеленіп отыр.
Қазақ халқына ислам дінінің ықпалын, оның таралуы мен дамуын зерттеген
ғалымдар Ш.Ш. Уәлиханов, Х.З. Ақназаров, Қ. Шүлембаев, Р. Бердібай, Ә.
Марғұлан, Ә.Н. Нысанбаев, М.С. Орынбеков, Н, Өсеров, Ж. Естаев, Н.Д.
Нұртазина, М.Ж. Бұлұтай және де басқа да ғалымдар зеттеген. Айта бір жайт,
бұл зерттеушілер ислам дінінің болмысы, оның таралу үрдістері мен тигізген
ықпалы жайында әртүрлі пікірде болды. Кеңес дәуірі тұсында атеистік
қыспақта болған зерттеуші-ғалымдар ислам діні туралы жаңсақ пікірдегі
еңбектер жазды.
Шоқан Уалиханов Ф.М. Достоевскийге жазған бір хатында ... мен құдайға
сенбеймін, ал Мұхаммед менің жеке жауым дей келе, мұсылман дінінің ғылым
мен мәдениетке, прогресске жасаған қиянатын қатты сынап, тіпті ол кейбір
шығармаларында христиан діні мәдениет әкелді, ол алғашқы кезде жақсы еді
деген секілді сол дінге жылы лебіз білдірді [5, 680 б.].
Қ. Шүлембаев, Х.З. Ақназаров [6, 680 б.] секілді кеңестік зерттеушілер
де ислам дінінің шынайы рөлін айқындай алмай, кеңестік-атеистік қатаң
идеология шеңберінен шыға алмады. Х. Ақназаров Ислам діні және оның
реакциялық мәні, Ғылыми атеизм негіздері атты еңбектерінде атеизм
идеологиясын барынша насихаттай отырып, ислам діні өзінің пайда болған
уақытынан бастап тарихи жағдайларға оңай икемденіп, қанаушы таптардың
рухани қаруы ретінде аянбай қызмет етіп келеді, сондықтан ол қанша –
жаңарғанымен прогресстік сипат ала алмайды [7, 104 б.], – деген таптық
идеологияға негізделген тұжырымдамаға келеді.
Тәуелсіздік алғалы бері мұндай таптық-атеистік тұжырымдамаларға
негізделген зерттеулердің орнына, ғылыми негізделген, объективті сараланған
еңбектер жарық көре бастады.
Тарихшы Н.Д. Нұртазина Ислам в истории средневекового Казахстана
атты монографиясында ислам сүбелі мәліметтер келтіре отырып, оның басты
себептері ретінде Орталық Азиядағы исламға дейінгі діндер мен мифологиялық
жүйелердің қоғамдық дамудың талаптарына сәйкес келе алмағандықтарын
білдіреді. Н. Нұртазинаның пікірінше исламның Қазақстан территориясында
таралуы бейбіт жолдармен болған, аталарымыз өз қалауынша жаңа дінді
қабылдаған, сондықтан ислам болмасын қазақ мәдениетінен бөліп өарастыру
мүмкін еместігін жазады [ 8].
Ә. Нысанбаев исламияттың халқымыздың тарихи өміріндегі ғаламат орнын
паш етіп, Қазақстан үшін Исламияттың маңыздылығы, Ресейде Православиеге
берілген маңыздылықтан артық болса артық, кем емес деп, қазақ халқының һәм
мемлекетіміздің келешегінде исламның маңызды орнын көрсеткен. Заңгер
ғалымдар С.З. Зиманов және Н. Өсеров шариғаттың қазақ халқының әдет-ғұрып
заңдарына жасаған әсерлерін зерттегенімен, мұнда ислам дінінің таралуы
туралы мәліметтер келтірілмеген [9].
М.С. Орынбеков ислам мәдениетінің Қазақстанның ғылымы мен мәдениетінің
дамуына айтарлықтай күшті серпін бергенін айтады [10, 137 б.].
Соңғы жылдары осы мәселе бойынша қазақ тіліндегі ғылыми еңбектердің
көбейіп келе жатқаны байқалады. Қ.С.Отаубаевнаның Қазақстанның солтүстік
аймағындағы ислам діні: тарихи талдау (ХІХ ғ.-ХХ ғ. басы) диссертациялық
авторефераты. Бұл диссертациялық зерттеу жұмысында ХІХ ғ.-ХХ ғ. басында
Қазақстанның солтүстік өңіріндегі ислам дінінің тарихы, қалыптасуы, мешіт
және медресе құрылыстары, діни сауаттылық, миссионерлік саясат т.б.
мәселелер Ресейдің осы өңірдегі отаршылдық саясатының аясында мұрағат
құжаттары мен ғылыми әдебиетке негізделіп қарастырылады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Шейх Әбсаттар
қажы Дербісәлінің өз қызметіне кіроіскелі бері 10 жыл ішінде Ислам және
оның тарихы, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) халқында ел мұсылмандарының өмірі,
ислам мәдениеті, қазақ әдебиеті мен мәдениеті, араб тілі мен мәдениеті,
жалпы адами құндылықтар жайлы 300-ге жуық мақалалары жарық көріпті. Бұл
еңбектер қазақ, орыс және түрік тілінде түрлі республикалық жіне шетел
газет-журналдарында, кітаптар мен энциклопедияларды, түрлі жинақтарда
басылды. Өткен жылдар ішінде конфессияаралық және ұлтаралық келісім, ҚМДБ-
ның сан қырлы қызметі жайлы телеарналар мен радиоарнада, отандық
басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде, шетелдік басылымдарда хазреттің
400-ден аса сұхбаттары басылып, көпшілік назарына ұсынылды.
Діни-ағартушылық қызметті жандандыру мақсатында жыл сайын ең үздік
жалпы Ислам діні жөніндегі түрлі тақырыптарда үздік мақалаларға байқаулар
өткізіліп келеді. Онда егемендікке қол жеткелі бергі елімізде ата
дініміздің қанат жаюы, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірі, сан алуан мәселелер
қамтылдған.
Біздің жерімізге Исламның келгеніне 1250 жылдан асқанымен, Кеңес
үкіметі кезінде ата-дінімізден ажырап қалуымызға шақ қалдық. Дегенмен, ата-
бабаларымыздың дұғасы қабыл болған шығар, ұзақ жылдар күткен асылымызбен
қайта қауыштық. Енді атеистік замандағы кеткен есемізді қайтару үшін, Ислам
жайында кітаптар жазу егемендік алғаннан кейін күнтәртібіндегі ең күрделі
мәселе-тұғын. Шейх Әбсаттар қажы хазрет 1995 жылы Мектеп баспасынан жарық
көрген Қазақ даласының жұлдыздары, Ислам және заман, Исламның
жауһарлары мен жәдігерліктері, Қазақстанның мешіттері мен медреселері
кітаптары жарық көрген.
Төлеубаев Ж.З. Ортағасырлық түркілердің исламдану үдерісі
(салыстырмалы-тарихи талдау) магистірлік диссертациясы. Ә.Әбдіәкімұлы
Қазіргі замандағы ислам Еегемен Қазақстан 2009 жыл 25 тамызындағы шыққан
мақаласы.
Әйтседе, алда атқарылатын көп жұмыстың бар екенін жасыра алмаймыз
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін
алғаннан кейінгі мәдени мұраның бір бөлігі ретінде діннің қалпына келу
процесі руханияттың қайта өрлеуінің орасын зор себебі болды. Тәуелсіздіктің
арқасында ата дінімізбен қауышсақ та, оны орнықтырып дамыту біздің
алдымызға бірқатар күрделі мәселелерді қойғаны шындық. Бұл күнде оның
барлығы өз ретімен мемлекет тарапынан жасалған және жасалып отырған
қамқорлық арқасында оң шешімін табуда. Елбасымыздың тікелей қамқорлығының
нәтижесінде Ислам діні қанатын кеңге жайып келеді. Кеңес дәуіріндегі біздің
елімізге тән құбылыс. Осы солақай саясаттың нәтижесін әлі де көріп келеміз.
Дегенмен мұндай дөрекі бұрмалаушылықтың жалған екенін өмірдің өзі
көрсетті. Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері бұл мәселе тұрғысынан
жаңаша объективті көзқарастағы зерттеулер жарыққа шықты. Егеменді еліміздің
азаматтарында төл тарихқа, дінге, рухани құндылықтарға деген үлкен
бетбұрыс байқалды. Сондықтан зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті:
- Кеңес дәуірінде пайымдалып келген – Ислам қылыштың күшімен таралды;
түркілер қылышташ қорыққаннан мұсылман болды - секілді біржақты жаңсақ,
теріс пікірлерді жоққа шығарып, ислам дінінің таралуын нақты обьективті
дәлелдеу;
- ислам құндылықтарын зерттеудің әдістемелік мәселелерін анықтау;
- Ұлттық мәдениет пен кеңістікте қалыптасқан қазақы ділдің діни
негіздерін ашып көрсету;
- қазіргі Қазақстандағы ислами ағымдардың діни ілімдік ұстанымдарын,
құндылықтық бағдарларын айқындау;
- дінаралық келісім мен сұхбаттастықтағы ислам құндылықтарының орнына
талдау жасау;
- білім беру жүйесінде дінтану пәнінің маңызы мен мәнін, оны жас ұрпақты
рухани тәрбиелеу ісімен байланысты екендігін саралау.
Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізі. Бұл дипломдық
жұмысында қолданылған басты әдіс – салыстыру әдісі, жүйелеу және жинақтау,
анализ және синтез әдістері болып табылады. Зерттеу жұмысы жаңа енгізілген
деректерді бұрынғы ғылымға белгілі деректермен салыстырыла отырып
жүргізілді.
Зерттеу жұмысында қазақ руханиятынндағы ислам құндылықтарының орны мен
рөлі қарастырылады. Ғылыми ізденісте ислам құндылықтарының қазақ халқының
рухани әлемі мен мұрасындағы мәні мен маңызы, қазақ қоғамындағы ислами
қайта жаңғырту үрдісі, ұлттық қоғамдық ой-санаға ислам ахлағы мен
мәдениетінің тағылымдарының рухани негіздері, Қазақстандағы дінаралық
келісім мен сұхбаттастықтағы ислам құндылықтарының орны мен рөлі, білім
беру жүйесіндегі мәні мен мақсатына талдау жасау әдісі негізгі алынды.
Зерттеу жұмысының хронологиялық ауқымы. Қазіргі таңдағы тәуелсіз
Қазақстанның жүріп өткен 20 жылдық уақыт ішіндегі ислам дінінің жағдайы,
қоғамдағы орны мен рөлі жан-жақты зерделенді. Диплом жұмысының
хронологиялық шеңбері 1991-2009 ж.ж. аралығын қамтиды. Бұлай алуының себебі
тәуелсіздік алғанымыздан бастап тарихи оқиғаларды, бүкіл әлемдік съезі
мақстанында алынды.
Осы хронологиялық шеңбер аясында Кеңес Одағының құрамында болғанда
жаназамызды жасырын, азанымызды ақырын айтып келдік. Тәуелсіздікке қол
жеткізгенде халқымыз ең бірінші ата дінімен сағына қауышты. Мұның бәрі,
әрине, егеменділіктің арқасында мүмкін болды.
Елбасымыздың тікелей қамқорлығының нәтижесінде ислам діні қанатын
кеңге жайып келеді. Ал дінімізді дұрыс насихаттау үшін білім керек.
Сондықтан, ең алдымен, діни рухани таза орта қалыптастыру мақсатында
мешіттер жанынан діни сауат ашу курстарын ашып, Қазақстан Республикасының
егеменді дамуы барысында, 1990 жылы дін мәселелерімен айналысатын Қазақстан
мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) жұмыстары жүргізілуде.
Егеменді Қазақстандағы Исламның жаңғыруы, дінді мемлекеттік қолдау,
сондай-ақ еліміздің Ислам конференциясы Ұйымының (ИКҰ) төрағалығына кірісуі
және Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеу қарсаңындағы Қазақстан
мұсылмандары діни басқармасының халықаралық қызметі туралы.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалық
деп тануға тұрарлық нәтижелер төмендегідей:
– Ислам дінін қайта жаңғыртудың тарихи алғышарттары айқындалды;
– Ислам дінінің тәуелсіз Қазақстандағы тарихи даму үдерісі тарихи-
салыстырмалы түрде жаңа көзқараспен талданды;
– Ислам қағидаттарын насихаттаудың жолдары мен нәтижелері
қарастырылды;
– Ислам дінінің жастардың рухани ізгілік тәрбиесіндегі қажеттілігі
көрсетілді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Бұл дипломдық жұмыс кіріспеден, екі
тараудан, алты тараушадан және қорытындыдан құралған. Сонымен қатар,
кіріспенің алдында диплом жұмысында кездесетін қысқартылған сөздердің
тізімі келтіріледі. Ал диплом жұмысының соңында қосымша ретінде сызба-
нұсқалар, кестелер және суреттер қосылған.

1. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИСЛАМ ДІНІ

1. Ислам дінін қайта жаңғыртудың тарихи алғышарттары

Бәрімізге белгілі Орта Азия аймақтарында исламның таралуы VII ғасырдың
екінші жартысынан, яғни бірінші омейяд халифі Муавии Ибн-Суфьянның билік
ету кезеңінде басталады. Өзбекістан, Тәжікістанмен салыстырғанда Қазақстан
аумағында ислам дінінің орнығуы ұзақ және қиын болы да, бірнеше ғасырға
созылды.
Ғалымдар (тарихшылар, дінтанушылар) Қазақстандағы исламның таралуын
бірнеше салаға бөлді.
Алғашқы сатысы – VIII-IX ғасырда Еуразия даласына исламның енуі.
Екінші кезең – X-XVII ғасырда ортағасырлық мемлекеттерде ислам діні
басым болды. Осылайша ислам X ғасырда Жетісудағы Қараханидтер мемлекетіне
енді. Кейінірек Алтын Ордада, қазақ хандықтарында кеңінен таралып, орнықты.

Сонымен бірге Қазақстандағы исламның екі ерекшелігін атап өту керек.
Біріншіден, исламның өздігінен ену сипаты. Екіншіден, ұзаққа созылу үрдісі
(VIII-XVI ғасырлар). Бұл өз кезегінде көшпелі ортадағы діннің синтетикалық
сипатына әсер етті.
XVI ғасырда исламның тереңдеп енуі хандар билігінің (көшпелі қоғамға
ғана тән) орталықтануына ғана емес, соған сәйкес қазақ тайпаларының
біртұтас этникалық қауымдастыққа бірігуіне де ықпалын тигізді.
XVIII ғасырдың басында исламның орнығуы Тәуке ханның “Жеті жарғы”
заңдарында да айтылып, онда мұсылман дінін мемлекеттің қолдайтындығы туралы
жазылған.
XVIII-XIX ғасырдың соңында Қазақстандағы ислам тарихының үшінші сатысы
– Ресей империясының құрамына ену, суфизм рөлінің, Ресей отаршыл
әкімшілігінің исламға деген екі жақты саясатына қатысты татар молдаларының
миссионерлік қызметінің төмендеу кезеңі. Бұл кезеңде қазақ дінбасылары
Орынбор мүфтиатының қарамағына енген болатын.
Қазақстан халқы этникалық құрамының қалыптасу ерекшеліктеріне әсер
еткен көші-қон процестері, ендігі жерде жекелеген мұсылман институттары
этткалық сипат алуына да ықпалын тигізді. Бұл исламға тән емес көрініс
екенін атап өткен жөн. Осылайша XX ғасырдың басындағы орыс әкімшілігінің
арнайы құжаттарында Верный қаласындағы (қазіргі Алматы) сегіз мешіттің
болғандығы, олардың арасында татар, дүнген, ұйғыр, өзбек мешіттері
тіркелген.
Мешіттердің этникалық таңбалау дәстүрі кейін де қазіргі күнде де
кездеседі, бұл Қазақстандағы этникааралық тұрақтылықтың нығаюына кедергі
болады.
Қазақстандағы ислам тарихының төртінші кезеңі – XIX ғасырдың аяғы - XX
ғасырдың басын қамтиды. XIX ғасырдың соңынан бастап Қазақстан аумағындағы
ислам бағытының нығаюы Ресей үкіметінің, отаршыл әкімшіліктің талаптарына
сай келмеді. Белгілі бір дәрежеде бұл сыртқы факторлармен – орыс-түрік
қатынастарының шиеленісуі, “мұсылмандық сепаратизмнен” сақтану сылтауы,
жергілікті мұсылмандардың Осман Түркиясымен байланысының өсуімен байланысты
болды. Нәтижесінде әр түрлі діни ағымдардың пайда болу “панисламизмді”
насихаттау деп көрсетілді.
Қазақстандағы ислам тарихының бесінші кезеңі – кеңес дәуірі. Исламға
деген саясат жалпы дінге қатысты саясат аясында жүргізілді. Қазақ діни
басқармасы 1923 жылдан кейін орталығы Уфа қаласы болып саналатын ішкі Ресей
және Сібір мұсылмандарының Орталық діни басқармасының қарамағына енді.
ХХ ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысынан бастап тоталитарлық
жүйенің діндерге, оның ішінде исламға қарсы қуғындау саясаты анық байқалды.
Арнайы құжаттарда исламның “антикеңестік сипаты” 1920 жылдардың соңында
“исламмен күрес” “еңбекшілердің тап жауымен” күрес ретінде кең етек алды.
Осылайша дінді, оның ішінде исламды бұрмалау бағыты күшейтілді.
1941 жылы орталығы Ташкент қаласы болған, Орталық Азия және Қазақстан
мүсылмандардың діни басқармасы құрылды. Тоталитарлық саясат жүйесіндегі
барлық діни ұғымдар секілді, бұл басқарма да толығымен мемлекеттік
бақылауда болды.
Соңғы он жылдықтарда, яғни ХХ ғасырдың 80-жылдарының екінші жартысын
толық қамтыған аралықта мемлекет тарапынан діндер бостандығын шектеу
жоспарлы түрде жүргізіліп, қоғамды діннен бездіру саясаты үстемдік етті.
Қазақстандағы ислам дамуының алтыншы (қазіргі) кезеңі. 1980 жылдардың
соңынан бастап Қазақстандағы исламның қайта жаңғыруы жүрді. Дінге деген
халықтың қызығушылығы арта түскені байқалады. Демократиялық қайта құрулар
халықтың дінге сенуңн емес, догматикалық жағына да қызығуға жол ашты.
Қазақстан тарихында алғаш рет 1990 жылы жеке мұсылман діни басқармасының
(муфтиат) құрылуы маңызды, айтылуы оқиға болып саналады.
Көптеген зерттеулердің пайымдауынша өте қатал кең көлемде жүргізілген
тоталитарлық, мәні жағынан кеңестік саяси жүйенің исламға деген ұстанымының
өктемдігін, 70 жыл бойы халықты діннен бездіру саясатын қолдағандығын, әрі
кеңестік кезеңге дейінгі уақытта қазақтарда ислам институтының аса
жетілмегендігін айта келіп, қазіргі Қазақстанда исламның дамуын тек қайта
даму деп қана қарастырмайды, оның жаңа сатысы деп таниды. Сонымен қатар
біздің пікірімізше діни-рухани саладағы үрдістерді исламның қайта өрлеуі,
оны дәстүрлі тамырына қайта оралудың табиғи жолы деп тану қажет.
Дін, көпдінділік анықтамасы ҚР Конституциясының “Діни сенім және діни
бірлестіктердің еркіндігі туралы” Заңында айтылады. Аталмыш Заң
сарапшылардың пікірі бойынша кеңестік кезеңнен кейінгі мемлекеттердегі діни
ұйымдардың ережесін жүйелеп отыратын заңдардың ішіндегі анағұрлым либералды
заң болып табылады [11, 29 б.].
1990 жылдан бастап, 15 жылдың ішінде, діни институттардың сандық және
сапалық өсуі анық байқалады. Егер 1990 жылы небәрі 670 діни бірлестік
болса, ал 2005 жылы – 3259 діни бірлестік болды. Демек 5 есе өсу байқалады.
Тарихшы, политолог ретінде Қазақстан тарихындағы мұсылман діни
басқармасының маңызын айтар едім. Ел билеуде әрі діни, зайырлы билікті бір
ғана адам басқарған кейбір Шығыс мұсылман елдерінен біздегі айырмашылық,
қазақ хандықтарында дін өкілдері зайырлы, саяси билікке араласпады.
Имамдар, молдалар халықты адамгершілік діни тәрбиеге, діни білімге
үйретіп, қоғамның әлеуметтік өатынастары мен құрылымында маңызды рөл
атқарды. Сондай-ақ XV-XIX ғасырда мұсылман дін өкілдері тек ислам ілімін
таратып қана қоймай, негізінен мәдениет пен білімның таратушылары болып
табылады [12, 71 б.].
Кеңес үкіметі кезінде Ислам дінімен күресу атеизмнің ең маңызды
міндеттерінің біріне айналды. Олар Ислам діні мен оның ғұламаларын жалған
идеология мен отарлау саясатын жүргізуге бөгет болатын басты кедергі деп
білді. Сол себепті қолда бар барлық айла-тәсілдерді пайдалана отыры,
мүмкіндігінше Ислам діні мен оның қызмткерлерінен жала жауып, қара күйе
жағуға, жұртты мүмкіндігінше ата дінінен бездіруге тырысты.
1929 жылы барлық мешіттер мен медреселер жабылды. Қолдан
ұйымдастырылған жалған жаламен Ислам қайраткерлері, дін ғұламалары
абақтыларға қамалды, жер аударылджы. Бас сауғалаған кейбіреулер шетелдерге
кетуге мәжбүр болды. Жүздеген жылдар бойы жиналған қолжазбалар мен діни
кітаптар өртелді, суға тасталды, жерге көмілді.
Құранды оқу ғана емес, оны үйде сақтаудың өзі де қауіпті болды. 30
жылға созылған сталиндік жеке басқа табыну мұсылмандар үшін нағыз қасіретке
айналды. Атеистік насихат өзге де мұсылмандар сияқты біздің халықты да тек
экономикалық қана емес, сондай-ақ рухани күйзеліске ұшыратты. Халықтың
моральдық-психологиялық рухы бойынша тапталды. Елді осындай рухани аштық
жайлаған кезде Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Кеңес үкіметі амалсыз
өзге діндер секілді мұсылмандарға да аз да болса діни бостандық беруге
мәжбүр болды.
100 жылдан астам уақыт алдымен патшалық Ресейде, кейін кеңес құрамына
бай рухани құндылдықтарымыздан ажыратылған елміз. Бірақ, сөз жүзінде
атеиспіз деп жатса да, жеме-жемге келгенде көпшіліктің жүрегінде ата-баба
дініне деген құрмет сақталды. Кеңес заманының өзінде бала туса, азан
шақырып ат қойып, сүндетке отырғызып, адам қайтыс болса, қорымға апарып,
жұрт намаздап жүрді. Міне, осы дін Ислам біздің орыс не қытай болып кетуден
сақтады. Тегеурінді үлкен империямен араласқанға дейін белгілі бір
өркениеттің бөлшегі, діни діңгегі болмағандықтан, Ресей құрамына кірісімен
мәдени ерекшеліктерін жоғалтқан туысқан Сібір халықтарының тағдыры бұған
дәлел.
Қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрін, дүниетанымын Исламнан бөліп қарай
алмаймыз. Дегенмен, отаршылдық дәуір бізді рухани даму тұрғысынан біраз
жылға артқа шегергендік. Үш ұрпақ бойы созылған атеистік езгіден шықтық,
енді, міне, тәуелсіздік алғалы бір буын өсіп-өнетіндей уақыт ішінде
жастардың мешітке жиі барып, жұма күндері Алла үйіне сыймай жатқанын көріп
жүрміз. Құдайға шүкір! [13, 10 б.].
Сонымен 1943 жылы Ташкентте Орта Азия және Қазақстан мұсылмандарының
құрылтайы ұйымдастырылып, Діни басқарма құрылды. Оған бес республикадан
мұсылмандардың 160 өкілі қатысты.
Құрылтай Орта Азиядағы әрбір республикада қазият құрды. Қази Діни
басқарманың жергілікті жердегі өкілі саналды. Қазақстанның қазиі әрі өкілі
болып Абу әл-Ғаффар Шамсутдинов (1884-1953) сайланды. Ол туралы мәліметтер
жоқтың қасы. Ұрпақтары да белгісіз. Сол себепті Абу әл-Ғаффар атамыз туралы
деректкрді Қазақстан Республикасының мұрағаттарынан іздеуге тура келеді.
Қатты науқасқа шалдыққан ол 1952 жылы өз орнына Сәдуақас Ғылманиді
қази етіп бекіттірді де, 1953 жылы маусым айында Алматыда қайтыс болды.
Сәдуақас Ғылмани (1890-1972) 1972 жылғы дейін мқази болды, сонан соң
оның ісін Жақия қажы Бейсенбаев (1932-1997) жалғастырды, ал 1979 жылдан
бастап Р. Нысанбаев Дін басқарманың Қазақстандағы қазият хатшысы міндетін
атқарды [12, 29 б.].
1990 жылы 12 қаңтарда Алматыда Қазақстан мұсылмандарының I
құрылтайында Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы құрылғандығы паш
етілді, яғни ол Ташкенттегі Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасынан бөлініп шықты. II құрылтай 1992 жылы, ал 2000 жылы Қазақстан
мұсылмандарының III, 2005 жылы IV құрылтайы өтті.
Жалпы, 1906 жылғы Жетісу мұсылмандарының I құрылтайынан бастау алған
Діни басқарманың тарихы осы. Сол себепті біз Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының қайнар бастауы әрі түп негізі деп 1906 жылы өткен құрылтайды
есептеуіміз керек. Сөйтіп 1990 жылы Алматыда өткен құрылтайды Верный
съезінің жалғасы, яғни II құрылтай деп санауымызға толық негіз бар. Олай
болса, 1992 жылғы III құрылтай, 2000 жылғы IV, 2005 жылы Астанада өткен
діни жиынды V құрылтай деп есептеуіміз керектігін атап откен Қазақстан
мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы
Дербісәлі, 2006 жылы Алматыда өткен Жетісу мұсылмандарының I құрылтайына
100 жыл атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда [12, 30 б.].
Қазақстан мұсылмандарының діни істерін ұйымдастырып, діни
бірлестіктер, мешіттер және шетелдердегі мұсылман ұйымдарымен халықаралық
қатынастарды реттейтін дербес мекеме Қазақстан мұсылмандар діни
басқармасы діни бірлестігі деген атпен 1990 жылы құрылды. Оған дейін
қазият деңгейіндегі діни мекеме ретінде қызмет атқарған бұл ұйым бүгінгі
күні еліміз мұсылмандарының ең басты ислами ұйымы. 2000 жылғы маусым
айындағы құрылтайда ҚМДБ төрағалығына білікті ғалым, арабист және дипломат,
профессор Әбсаттар Дербісәлі (1947- ) сайланды. Өткен 3 - 4 жыл көлемінде
тоқырап қалған кейбір мәселелер оң шешімін тапты. Мысалы, Алматыдағы
орталық мешіттің ашылуы, әл-Фараби даңғылы бойындағы университеттің ашылуы,
діни басылымдардың сан және сапа жағынан бір шама жоғары сатыға көтерілуі,
облыс орталықтары мен Астана қаласында жаңа мешіттердің салынуы т.т.
Алдымыздағы уақытта мынадай мәселелер оң шешімін тапса еліміздегі
мұсылманшылықтың жүйеленуі уә тұтастануы жағынан үлкен жетістіктерге жетер
едік:
Біріншіден: Ең маңызды проблема еліміздегі мұсылмандардың белгілі бір
жүйе бойынша ұйымдаспағанында және ислами үгіт-насихаттың дініміздің
негізгі бұлағына, яғни Құран Кәрімге толыққанды сәйкестік қағидасы бойынша
жүзеге асырылмауында. Әсіресе, өзге мұсылман мемлекеттерінде орталықтары
орналасқан суфизм бағытындағы эзотерикалық тариқаттар уә діни ұйымдардың,
қайырымдылық қорларының белсенді қамданыста екенін айтуымыз шарт. Бұлардың
үгіттері исламның бірегей қасиетті кітабы Құран Кәрімнің үкімдерімен көп
жағдайларда қабыспайды және дінге кейіннен қосылған әр түрлі негізсіз
ырымдар мен нахақ нанымдарды (бидғаттар мен хұрафаларды) қамтиды. Бір
ұйымның ақ дегенін екінші бір ұйым қаралап жатқан жағдайлар жиі кезігеді.
Сонымен қатар, діни топтар мен жамағаттардың арасындағы келіспеушіліктер
қоғамдық тәртіп пен халқымыздың береке-бірлігіне нұқсан тигізуі әбден
мүмкін. Дінге енді бет бұрайын деп жатқан кейбір азаматтарымыз да осындай
күрделі жағдайды көріп, діннен жеріп кететіні, тіпті, басқа діндерді
қабылдайтыны да шындық...
Екіншіден: Ислам ғылымдарын оқыту және ғылыми зерттеулерді белгілі бір
жүйеге салу мәселесі де жөнді шешімін тапқан жоқ. Бұл сала мамандары мен
исламтанушылардың, діни кадрлардың жетіспеуінің басты себебі. Шындығында
оқу жүйесі мен кадрлар біріне бірі тәуелді екі мәселе. 2000 жылғы қыркүйек
айында ҚР Сыртқы істер министрлігі мұсылман елдеріндегі діни оқу
орындарында оқып жатқан студенттердің елімізге қайта шақырылатыны туралы
хабарлады. Түркия, Иран, Пәкістан қатарлы елдердегі талабаларымыз елге
оралып, мұндағы университеттерге, атап айтқанда жаңадан бой көтеріп келе
жатқан дінтану бөлімдеріне түсті. Оқу базасы және оқытушы кадрлар
мәселесі толық шешілмеген осы бөлімдерді бітірген студенттер нағыз
дінтанушы яки исламтанушы болды деп айту қыйын. Қазір де шетелдерде
студенттеріміз оқып жатыр. ҚМДБ тарапынан Мысыр және Түркияға жіберілген
бір сыпыра жастарымыз білім алуда. Алғашқы түлектер елге оралып, мешіттер
мен жоғары оқу орындарында қызметке кірісіп те кетті. Ендігі мәселе, шын
мәнінде дін ғылымдарын жете меңгерген, көкірегі һәм көзі ашық, осы заманғы
ғылыми жетістіктерден хабардар һәм заманауи талаптарға сәйкес кадрларды
дайындау.
Үшіншіден: Жоғарыда келтірілген бірінші және екінші проблеманың оң
шешімін табуы мұсылмандардың Құран Кәрімді дұрыс түсінуіне тікелей
байланысты. Құранды дұрыс түсінбейінше исламды түсіну мүмкін емес десек
артық айтқандық болмас. Құранды лайығыншы түсіну екі жолмен ғана болады: 1
- арабшаны меңгеру 2 - Құранның мағынасын дұрыс жеткізетін сапалы
тәржімесін жасау. Азаматтардың барлығын арабшаға үйрету мүмкін емес,
сондықтан, қолымыздан келетіні қасиетті кітабымыздың бүгінгі ғылымдар
негізінде, адамзаттың өркениет деңгейін есепке ала отырып және шынайы
ғылыми жетістіктер бойынша ислам тарихына қайтадан талдау жасай отырып
аудармасын жасау. Өкінішке қарай, бүгінге дейінгі жасалған тәржімелер
дәстүрлі тәфсірлер мен аудармалардың әсерінен аса алған жоқ және
Құранымызды бүгінгі ұрпақтарға түсіндіру ісінде жетіспеушіліктері мол.
Меніңше, ҚМДБ-ның алдында тұрған ең маңызды міндеттердің бірі осы мәселені
шешу болуы керек. Құранның жаңа аудармасы йаһұди және христиандардың,
сондай-ақ суфилердің аңыздары (исраилият) мен хиял-ғажайып уақиғалардан,
бос сенімдер мен ғылымға қайшы келетін тұжырымдардан ада болуы керек.
Мүмкін осы аударма жұмысын жасау үшін арнайы комиссия құрылар.
Төртіншіден: біз бір ащщы шындықты мойындауымыз қажет. Ол
тәуелсіздікті алған жылдары елімізде дін мәселесін жете меңгерген
мамандардың болмағандығы және мемлекет билігінің жоғары сатысында жүрген
азаматтарымыздың осы мәселенің маңыздылығын жете бағаламағандығы. Хош,
бүгінгі халіміз қалай деп сұрағым келеді. АҚШ, Израил және Еуропа
елдеріндегі депутаттар мен жоғары лауазымды тұлғалар өз діндерін терең
зерттеген адамдар және олардың басым көпшілігі миссионер ұйымдарының яки
діни басылымдардың қақморшысы, құрылтайшысы немесе мүшесі. Біздегі бір
жағынан алғанда табиғи (өйткені ұзақ жылдар бойы атеист түзім тәрбиелеген
ұрпақтар) кемшілік салдарынан дінімізді лайықты деңгейде және формада
насихаттау жұмыстары іске асырылмады, құқық тұрғысынан алғанда заңдардың өз
ішінде және заң мен өмір арасында келіспеушіліктер пайда болды. Сондықтан,
тағы бір маңызды проблема діни қатынастарды реттейтін заңдарды қайтадан
қарап, қажетті орындарын өзгертіп яки толықтырып, мемлекет пен ұлт мүддесін
ескере отырып қайыра қабылдауымыз керек.
Бесіншіден: Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының құқықтық және
әкімшілік мәртебесін нығайтуымыз керек. Ұлтты құрайтын ең басты құндылықтың
бірі дін екенін жоғарыда атап кеттік. Дін институтының мемлекеттің
қалыптасуындағы және өмірдің өзге де салаларындағы маңыздылығын баяндадық.
Демек, осындай маңызды салаға мемлекет бейғам қарай алмайды. Біз
Конституциямызда көрсетілген зайырлылық қағидасын қатаң сақтай отырып,
халықаралық тәжірибелерді зерттеу арқылы мүмкін Қазақстанға тән жаңа бір
әдіс табуымыз керек. Бүгінгі заңдар шеңберінде ҚМДБ және оның қарамағындағы
діни бірлестіктердің құқықтық мәртебелері бірдей. ҚМДБ-ның діни
әдебиеттерді құрастыруы, бекітуі және бастыруы, діни оқу орындарын
ұйымдастыруы, ел көлемінде біркелкі діни үгіт-насихат жасалуын
қамсыздандыруы, халықаралық қатынастарға шығуы және Республикадағы
атқарушы, заң шығарушы және сот билігімен қатынастары жаңа заңнамалар уә
құрылымдық өзгерістер бойынша дұрыс жолға салынуы керек. Осы мәселені
шешкен кезде ҚМДБ-ын қаржыландыру және басқару тетіктерін де жетілдіруіміз
шарт.
Алтыншыдан: Маңызды проблеманың бірі еліміздегі миссионерлік
әрекеттерді қатаң бақылау және әсіресе мұсылмандардың басқа діндерге
кетуінің алдын алу мәселесі. 2001 жылы талқыға түскен жаңа заңның Үкімет
тарапынан қайтарылып алынғандығы естеріңізде болса керек. Содан бері жаңа
заң қабылданған жоқ. Кейбір деректерде 100 мың, ал енді кейбір газет
хабарламаларында 500 мыңға жуық қазақтар басқа діндерді қабылдаған
делінеді. Бүгінге дейін дінге бөлінбеген халқымыздың енді азаттыққа қол
деткен шақта алуан түрлі діндерге бөлінуі болашақта аса маңызды
проблемаларға апарып соқтыруы, тіпті мемлекетіміздің іргесін шайқалтуы
әбден мүмкін. Елімізде христиандықты таратушы ұйымдар мен өзге де
миссионерлердің жарғылық құжаттарында бірінші кезекте қазақ халқын
шоқындыру мәселесінің алға тартылуы кездейсоқ емес.
Егер мүмкін болса, еліміздегі өтпелі кезең белгілі бір дәрежеге
көтеріліп, саяси-экономикалық ахуал тұрақтанып, азаматтарымыз алдымен
өздерінің дәстүрлі діндерін жете зерттеп, түсініп алғанға дейін
миссионерлік әрекеттерге тоқтау салуымыз қажет [14.].

2. Қазақстан Республикасындағы ислам дінінің жағдайы және оның даму
үрдісі

Біз егемен еліміздің ертеңгі болашағы үшін атқарылып жатқан сүбелі
іске қашанда өз үлесімізді қосып жүруіміз керек. Бодандық бұғауынан босаған
қазіргі кезең үшін өткенге құрметпен, ертеңгі үмітпен қарау дағдымыздан
жаңылмауға тиіспіз.
Бүгінгі таңдағы елімізде жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың
толыққанды жүзеге асуы ішкі және сыртқы саяси тұрақтылығымыздың кепілі
екндігін әрқашанда есте ұстауға тиіспіз. Ал мұны насихаттау жағы қашанда
басты мәселелердің бірі ретінде қалғаны жөн. Өйткені, бүгінгідей жетістікке
қалай жеткенімізді, кезінде қандай асу бермес өткелдерден өткендігімізді
өскелең ұрпақ жастарымыздың көпшілігі толық түсіне бермеуі мүмкін. Түсінсе
де аса мән бермесі анық.
Біздер көпұлтты, көпдінді қоғамда өмір сүріп отырмыз. Біреулерге
әрине, бұл ұнамауы да мүмкін. Бізге көпұлттылықтың қажеті қанша, көпдінді
болудың артықшылығы неде, неге ұлттық мемлекет болмаймыз? деп, замана
талабына жауап бере алмайтын қандай да бір сауалдармен басымызды
қатырғаннан гөрі, еліміздегі басты принциптердің қатарынан саналатын мұндай
мәселелерге жан-жақты байптылықпен қарауымыз керек-ақ.
Қоғамда орын алып жатқан ірілі-ұсақты іс-шаралардың көптен өткізілуі
дәстүрлі дініміздің еліміздегі дамуына кеңінен жол ашуда. Әлемдік және
дәстүрлі дініміздің еліміздегі дамуына кеңінен жол ашуда. Әлемдік және
дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерінің республикамызда қатарынан 3-ші рет
өткізілуі елімізде шет мемлекеттерге танытып қана қоймай, дініміздің даму
сатысындағы орнын да айқындауда. Бұл көреген Елбасының жүргізіп отырған
көргенді саясатының арқасында жүзеге асып отырған жайт.
Зайырлылық принципіндегі біздің қоғамда ұлттық немесе діни
құндылықтарымыз өте төмендеп отыр деп ешкім де айта алмаса керек. Сабақты
ине сәтімен де гендей, бұл мәселелер де уақыт өткен сайын жергілікті
тұрғындар арасында өз маңызын арттырып келеді. Өзге мәселелерді былай
қойғанда, дін саласындағы жетістіктеріміз Аллаға шүкір, жетерліктей.
Тәуелсіздікке ие болған тұстағы дін мәселесімен қазіргі күнгі жүргізіліп
жатқан діни жұмыстар еш салыстыруға келмейді. Бұл неден көрінеді? Енді
осыған тоқталайық.
Біріншіден, мешіттеріміздің саны тәуелсіздік жылдары 64 болса, бүгінгі
күні 2350-ден асты. Бұл сол кезеңмен қарағанда қазіргі таңда
мешіттеріміздің санының 36 есеге артқанын көрсетеді.
Екіншіден, өзге өңірлерді есептемегенде Оңтүстік Қазақстан облысында
соңғы екі жарым жылдың көлемінде тіркеу органдарының тек дәстүрлі ислам
дініне қарасты құрылымдар ғана тіркеуден өткен.
Үшіншіден, дәстүрлі дініміздің ұлттық құндылықтарымызбен өзара астаса
түсуі. Соңғы уақыттары Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабының негізінде
қазақстандық қоғамдағы исламның ұлттық ерекшеліктерімізбен жақындаса
түскенін байқауға болады.
Төртіншіден, Өазақстан мұсылмандары діни басқармасының уақыт өткен
сайын жаңаша жұмыс стильдерін арттыруы. Қазіргі кезде Діни басқармада мешіт
имамдарына деген талаптың арта түскенін байқаймыз. Сонымен бірге, Бас мүфти
Әбсаттар қажы хазреттің бастауымен жер-жерлерде халықпен тұрақты өткізіліп
жүрген кездесулер мен имамдарды білімдерін жетілдірудегі оңды қадамдарды
атап өткен жөн. Мысалы, жуырда ғана бұған дейін ескерілмеген мәселенің бірі-
барлық облыстардағы өкіл имамдардың білімдерін жетілдіруге арналған семинар
өткізілді.
Бесіншіден, қалталы азаматтардың сауапты істерге ден қоя бастауы
(мешіт ашу, т.б.); Барша әлемнің Жаратушысы – Аллаһ тағаланың берген
нығметтерін түсінуші қолынан іс келетін азаматтар мешіттер салып, сауапты
іске бет бұра түсті. Осының негізінде соңғы 4-5 жылдың көлемінде оңтүстік
өңірінде жүздеген мешіттер салынып, халықтың игілігіне берілді.
Сонымен қатар, қазіргі таңдағы әлемді шарпып отырған қаржылық
дағдарысы кезеңінде кез келген жанға рухани, аһлақтық тұрғыдан жәрдемдердің
жасалуының маңызы ерекше. Осыған байланысты, облыстық Абдул Хамид Қаттани
мешітінде азаматтарға діни тұрғыдан қолдау жасайтын, қажетті ақпараттық
көмек көрсететін Сабырлылық бөлмесі ашылып, жұмыс жүргізуде. Бұған арнайы
кезекші имамдар бекітілген. Өмірден қажыған, шаршаған кез келген жанға есік
ашық. Мұндай бөлімдерді өазіргі уақытта өзге де мешіттерде ашу
жоспарлануда.
Міне, осындай мәселелердің негізінде дәстүрлі дініміздің қоқамдағы
орны айқындала түсуде. Мұның барлығы да Аллаһ тағаланы толыққанды танып-
білудің нәтижесінде жүзеге асып жатқан жайт деуге болады.
Дегенмен, жұмыс бар жерде кемшіліктердің де орын алып, олқылықтардың
да қоса жүретіні белгілі. Дәл қазіргі уақытта біздің дін саласындағы
ісімізде бірқатар кемшін тұстардың барлығын жасырып, жаба тоқи аламыз. Бұл
әсіресе қолданыстағы заң мәселелеріне қатысты.
Қоғамдағы экстремистік боғыттағы кереғар діни ағымдар мен
деструктивті, тоталитарлық секталардың қызметінің жүргізілуіне жергілікті
жерлердегі қарапайым халық ең алдымен мешіт имамдары мен моллаларын
кіналайды. Әрине, белгілі бір деңгейде мұнымен келісуге де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы жаңа діни ағымдардың таралуы, себептері мен салдары
Кассалық операциялар
Қазактан поштасынын тарихы
ҚР Ұлттық банкі - банктердің банкі
ҚР қаржы жүйесін ақпараттандыру
Ұлттық банк-Қазақстан Республикасының Орталық банкі
Ұлттық банк
ҚР-ның коммерциялық банктері
Ұйымдық құжаттар туралы түсінік
Қазақстан Республикасының Орталық банкі
Пәндер