Қазақ халқының құқықтық негіздерінің бастамалары


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық негіздерінің қалыптасуы 7
1. 1 Қазақ халқының құқықтық негіздерінің бастамалары 7
1. 2 Қазақ халқының тарихында болған құқықтық заңдар 15
2 Қазақстанның құқықтық негіздерінің қалыптасуы: тұтастық пен тұрақтылық кепілі 24
2. 1Қазақстанның аумақтық тұтастығының құқықтық негізі туралы 24
2. 2 Қоғамдық тұтастықтың конституциялық-құқықтық мәртебесі 40
Қорытынды 58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 61
Кіріспе
Бітіру жұмысының өзектілігі. Ұлтымыздың мақтанышы Әлихан Бөкейхановтың: «Біз шығыстың сәлдесімен, сарттың ала шапанымен, молданың мәсісімен өркениеттің табалдырығын аттай алмаймыз. Діни ісі мемлекеттен бөлінген, ұлттық - демократиялық қоғамды құруға ұмтылуымыз керек» деген арманы орындалып, Қазақстан тәуелсіздігін алған сәттен демократиялық жолды таңдады.
Елбасы өзінің «Ғасырлар тоғысында » атты еңбегінде : «Саяси теорияда өтпелі кезең күрделілігі, бір жағынан, қоғамның билікті бақылауы мен парламент институттарының әлсіздігі, екінші жағынан, президент билігін күшейтуге обьективті түрде ықпал етеді деген пікір бар. Ол ұлттық символға, саяси жүйенің ең маңызды нышанына, орталық тірегіне айналады. Бұл ретте президент қоғамнан, партиялардан, парламенттен және барлық билік институттарынан жоғары тұрып, олардың жұмысын үйлестіріп және бағыттап отырады. Сондықтан да төтенше жағдайларда ол конституцияның бірден бір кепіліне және мемлекеттік егемендіктің нақты көрінісіне айналады» деп атап көрсетті. Нақтылы теориялық гипотезаларға негізделген бұл пайымдаулардың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тәжірибесінде іс жүзіне асқанын көреміз.
ХХ ғасырдың 90-жылдарында және ХХI ғасырдың алғашқы кезеңінде біздің Ата Заңымыз түрленіп, оған Қазақстанның ілгерілеп дамуы үшін аса маңызды өзгертулер мен түзетулер енгізілді, елдің Негізгі заңын жетілдіру үдерісі әлі де жалғасуда.
Бұл жетілдіру үдерісі біртіндеп, эволюциялық жолмен, Елбасының құқықтық, саяси, экономикалық бастамалары арқылы жүзеге асырылуда. Ашық пікірталастар, референдумдар сияқты демократиялық шаралар, елдің ең Жоғарғы өкілетті органы Парламентпен заңды түрде енгізілетін түзетулер Конституциямыздың эволюциялық жолмен жетілдірілуінің және елдегі демократия деңгейінің нақтылы көрінісі болып табылады. Қазақтың әдеттегі құқық негіздерінің тарихи бастаулары ертеде жатыр. Сабақтастық қай кезде де үзілмеген. Бұл тіршіліктің даму заңдылығы. Көшпелі тіршіліктің ықпалындағы жеке-жеке тайпалар белгілі бір кезеңде одақ болып бірігуі негізінде елді басқаруда жаңа ұйымдар қалыптасып, олармен бірге жаңа құқықтар мен жаңа билік ережелері тәріздес түрлі категориялар да туып отырған, соның нәтижесінде коғам мүшелері жаңа бір қоғамдық тәртіп билігіне түсу арқылы жалпы халықтық мәдениетке қарай бұрынғысынан гөрі бір қадам болса да ілгерілеп, жаңа бір қоғамдық сананың тууына негіз қалаған. Осындай негіздің алтын арқауы, үзілмей жалғасып келе жаткан заңдылық, ұлан байтақ қазақ жерін мекендеген ғұн, үйсін, қаңлы тайпаларының әр кезеңде өрлеп, күшейіп билік құрғаны болып табылады. Қытай жазба деректеріне сүйенетін болсак, қаңлы тайпасының ресми құқық жинағы болған. Бұл құқық жинағыньщ негізгі мазмұны толық белгілі болмаса да, каңлы коғамы осы ереже бойынша қылмыстыларды жазалап, өрескел ауыр қылмыс жасағандарды өлім жазасына кескен. Әрине алғашкы тайпалық бірлестіктерде шаруашылықтағы ортақтық қауымдық құқықты туындатты. Рулық қатынастағы индивидтің құқығы осы ру ішіндегі әдет-ғұрып арқылы реттелді. Бұл әдеттік-құқық жиынтығы ежелден бастау алып, сипаты жағынан рулық қатынасқа негізделсе де, көшпенді қоғамдағы құқықтық жағдайдың және құқық салаларының қалыптасуы арқылы мемлекеттік орындарды институттандырудың алғы шартын туғызды. Шаруашылықтың күрделенуінің тарихи жағдайы бастапқы номадтық кезеңнің өзінде "күнә түсінігінен", отбасылық қатынастардан шығып, көптеген әдеттік-құқық нормаларының ішінен қоғамдық қатынастарды реттейтіні бөлініп, қалыптасуына әкелді. Бұл нормалар биліктегі қатынастарға және жеке меншік түрлерінің пайда болуына тікелей байланысты болды.
Көшпелі қоғамдағы құқықтық қатынастардың дамуы мемлекеттіліктің қалыптасуымен қатар жүрді. Қазақ хандығына мирас ретінде жеткен түрік мемлекеттерінің дағдылы құқығын, саяси, азаматтық, қылмыстық құқықтық ережелердің тарихы осы мемлекеттердің қалыптасуы, өрлеуі, құлдырауы кезеңдерінің көрінісі ретінде қарастыруға болады.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының келелі зерттеу мақсаттарының бірі - мемлекет пен мемлекеттік биліктің ішкі мәнін ашатын мемлекеттік ұйымдардың жоспарлы ұйымдастырылуы мен қызметтерінің негіздерін реттейтін актілері мен нормаларының жиынтығын зерттеу. Осы нормаларда Қазақстан Республикасы өзін өзі - демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет ретінде танитыны, мемлекеттік биліктің бірден - бір бастауы халық екендігі және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну және өз ара бірігіп іс - қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылатыны, Қазақстанның президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екендігі және басқа да ережелер бекітілді. Мемлекеттік билік пен мемлекеттік құрылыстың осы және басқа да принциптерінің мәнін қоғамның барлық мүшелерінің жан - жақты танып-білуі Қазақстан Республикасының дамуы мен берік орнауының ең маңызды факторларының бірі болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының конституциясында мемлекетіміздің ең басты құндыылықтары - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын зерттеу басты мақсатым болғандықтан алдымызға мынадай міндеттерді қойдық :
- ХХ ғасырдың аяғы мен ХXI ғасырдың алғашқы жылдарындағы
Қазақстанда қалыптасқан саяси әлеуметтік ахуалдарды бүгінгі күн тұрғысынан обьективті баға беру;
- 1993 -1995 жылдардағы қабылданған конституцияларға өзіндік талдаулар жасау;
- Егеменді даму жағдайында жүзеге асырылынып жатқан конституциялық заңдар мен басқа да нормативтік - құқықтық актілердің халық еркінің айқын көрінісі екенін айқындау;
- Қазіргі заң шығару органдарының атқаратын қызметтеріне жан - жақты баға беру;
- Алға қойған міндеттерді шешу қазақ қоғамының ғасыр басындағы саяси әлеуметтік даму эволюциясының ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндіктер береді. Ал бұл мүмкіндік бүгінгі мемлекеттік биліктің белгілері мен қызметі жайлы тұжырымдар жасауға, ұлтаралық қарым - қатынас мәселелерін және қоғамды демократияландырудың қиыншылықтарын өткендегі тәжірибе негізінде шешуге жол ашады.
Бітіру жұмысының хронологиялық ауқымы . Тәуелсіз Қазақстан кезеңдерінде қабылданған конституциялық заңнамалар мен оған дейінгі қабылданған конституциялары, Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Республиканың басқа да конституциялық құқықтық актілері мен конституциялық заңнамалары зерттеу жұмысының хронологиялық шеңберін көрсетеді.
Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы . Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына байланысты елде демократия орнап, бұрынғы бір жақты, әміршіл идеологиядан арылып, халқымыздың төл тарихын жаңаша көзқараспен жазу қолына алына бастаған кезде тарихи құқықтық негізде тақырыбымызға байланысты көтерілген мәселелерді талқылау барысында еліміздің тарихындағы айқындалған ойларды бағытқа алуға талпыныс жасалынды. Бітіруші зерттеу жұмысын бір ғана көзқарас тұрғысынан жазып қана қоймай, өзіндік жан жақтылық тұрғысынан да ашып көрсетуге бастама салынды. Біздің пайымдауымызша, құқықтық мемлекет тұғыры заңның жоғарғы мәртебесінде, Конституциясының мызғымас беріктігі ұлттық идеологияның негізі және түпқазығы. Бітіру жұмысын жазу барысында егеменді даму жағдайына дейінгі Қазақстан мен бүгінгі күн тұрғысындағы конституциялық құқықтық заңнамаларды, заңгер ғалымдардың арнайы еңбектері мен Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастырудың тұжырымдамалары басшылыққа алынды. Сонымен қатар, жаһандану құбылысы әлем мемлекеттерінің әрқайсысының өзіндік даму жолы бар екенін паш етті. Бұл жағдайда Қазақстан мемлекетінің даму қағидасы әлемдік экономикаға кірігуде екенін Елбасы өз жолдауларында бірнеше рет айтқан және осы қағида Конституцида да өз орнын тапқан. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауы аясынан бағалайтын болсақ, тарихи өлшем тұрғысынан біздің мемлекетіміз әлемдік экономикаға бойлай кіріп біршама биік асуларды алғанын өркениетті елдер мойындағаны барлық Қазақстан халықтарына айтпаса да түсінікті болары хақ. Егемендік сапарымыздың биігінен талдасақ экономика, еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылық, ұлтаралық келісім, болған түсініспестік пен қайшылықтарды Заң негізінде реттеу т. б. осы құжатты бүкіл қоғам мүшелерінің мақұлдап қабылдауының обьективті нәтижесі.
Бітіру жұмысының деректемелік және тарихнамалық базасы . Зерттеу жұмысымызда төмендегідей деректемелік негіздерге сүйендік:
Конституциялық құжаттарға, құқықтық заңнамаларға байланысты ұлттық баспасөздерде жарық көрген деректемелік мағлұматтарға; жеке адамдар жасаған құжаттар, еңбектер, естеліктер, шығармалар, туындыларға; кеңес өкіметінің, Коммунистік партияның құжаттарына; арнайы зерттеулерге; ХХ ғасырдың аяғы мен ХХI ғасырдың бастапқы кезеңдерінде жазылған зерттеулерді талдау, жүйелеу жұмыстарына және оған баға беруге бұған дейін жазылған тарихнамалық еңбектерге талдау жасау, әсіресе адам мен азаматтың негізгі құқықтарын, бостандықтарын және міндеттерін бекіткен, әрі оларды қамтамасыз ету мен қорғаудың негізгі қағидаларын айқындайтын нормативтік құқықтық еңбектер бітіру жұмысының басты құжаттары болып саналады. Әсіресе Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы », « От имперского союза к СНГ », «Ғасырлар тоғысында», « Тарих толхынында », сияқты еңбектері тарихи жолымызды зерделеуге, өткен заманғы тарихи тұлғалардың қызметін дұрыс бағалауға үйретеді . Екінші сөзбен айтқанда, Елбасының тарихты, бүгінгі және болашақты ұштастыра ойластырылуы, оның парасатты пайымдаулары ұлттық заңнамаларымыздың тарихи жолдарын зерттеуге де маңызы өте зор әдістемелік негіз болып табылады. Құқықтанушы, саясаттанушы ғалым профессор ағаларымыздың еңбектерін де басшылыққа алдық . Сапарғалиев Г. С. «О конституционных полномочиях прокуратуры республики Казахстан по опротестованию законов и других правовых актов»; Бурханов К. Н. «История и современность основного закона в казахской государственности »; Нысанбаев А. Н. «Конституционные реформы как новый этап модернизации современного казахстансккого общества »; Аяған Б. Ғ. «Егеменді елдің конституциясы ізденіс пен тұрақтылықтың кепілі». Ударцев С. Ф. « Некоторые вопросы конституционного развития Казахстана в современный период »; Мадуан С. М. «Мемлекет және қоғам : Қазақстан республикасының конституциясы демократияны одан әрі дамытудың факторы »; Жексембекова В. А. «Влияние конституционных реформ на демократизацию Казахстанского общества»; Абдуалы А. Б «Президенттің Қазақстан халқына жолдауы мемлекеттің жаңа мазмұндық кезеңі»; Кыдыралин Ж. У. « Национальная идея и национальная идеология как факторы устоичивости общества и государства». Осы аталған еңбектер мен зерттеулер біздің бітіру жұмысымызда ой қорытындыларын жасауда, өзіндік ғылыми талдауларда тұжырымдаманың мәнін ашуда әдістемелік мәні мен тарихнамалық кешені зор болды.
Бітіру жұмысының практикалық маңызы . Бітіру жұмысының нәтижелері бүгінгі күндерге дейін жалғасып келе жатқан конституциялық заңнамалар мен Ата заңымыздың жарлықтарының мән-маңызы, нәтижелері мен қорытындылары, олардың атқарған қызметтері туралы ғылыми ұғымдарының тұжырымдары пікір таласта еленуге тиісті. Бітіру жұмысында келтірілген кейбір деректер кешені мен өзіндік ғылыми талдаулар мен ой қорытындылары Ата Заңымызды одан әрі қалыптастыруда құқықтану мамандығы бойынша көмекші құрал көзі ретінде пайдалануға болады.
Бітіру жұмысының құрылымы . Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1. 1 Қазақ халқының құқықтық негіздерінің бастамалары
Басқа да мемлекеттер тарихы сияқты, Қазақстан Республикасы тарихының да дерек көздерінің үлкен бір тобын заң актілері кұрайды. Қазақ халқының, осы жерді мекендеген өзге де ұлттар өкілдерімен бірлесіп, құқықтық мемлекет құру жолына түсуі заң актілерінің тарихи дерек көздері ретіндегі маңызын арттыра түсті. Өмірдің барлық саласының заңдық негіз алуы, қоғамда орын алған түбегейлі өзгерістердің белгілі бір заңдарға сәйкес жүргізілуі, ел тарихының әр алуан заңдарда бейнеленуіне алып келді. Демек, заң актілерін дерек көздері ретінде пайдалана білу - тәуелсіз Қазақстан тарихының объективті жазылуының басты алғышарттарының бірі.
Посткеңестік кеңістікте, әсіресе дәстүрлі деректану мектебі ғасырлар бойы қалыптасып, дамыған Ресейде, қазіргі заман тарихының заңдық деректеріне деген қызығушылықтың артуы байқалады. Олардағы ғылыми зерттеудің қазіргі деңгейі, идеологиялық құрсаудан босану, білімнің интеграциялық үрдісі т. б. заңдық дерек көздеріне деген деректанулық талдауға жаңа талаптар қойып отыр. Осыған байланысты Ресей ғалымдары заң шығарушылықтың рөлін жаңа тұрғыдан бағалауға, заң шығарушының құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасының, оның ішінде қоғамның өзінің де, өзара байланыстылығын анықтауға ерекше көңіл бөлуде. Ресей ғалымдарының заң актілерін өз тарихының дерек көздері ретінде зерттеудегі іс тәжірибесі біздер үшін де пайдалы болуы мүмкін. Себебі, заң актілерін дерек көздері ретінде талдаудың теориялық және әдістемелік негіздері бәрінде де бірдей дерлік.
Қазіргі Ресейде, бұрын белгісіз болған немесе жасырылып келген құжаттардың ғылыми айналымға тартылуына, заң актілері түрлерінің көбеюіне, заң актілерін талдаудың жаңа тәсілдері мен әдістерінің іздестірілуіне байланысты бұл саланы зерттеу ауқымының артуы байқалады.
Сонымен қатар, заңдар мен басқа да құқықтық актілерді - жеке, топтық, әлеуметтік мүдделердің бейнеленуі ретінде, қоғам мен мемлекеттегі жаңа әлемдегі өзгерістердің нәтижесі ретінде жүйелік бірлікте қарау үрдісін де байқауға болады. Деректану ғылымы енді ғана қалыптасып келе жатқан Қазакстан тарихшылары үшін Ресей ғалымдарының мұндай тәжірибесін зерттеудің маңызы зор екендігі түсінікті. Ол бізге өз еліміздің заң актілерінің дерек көздері ретіндегі ерекшеліктерін анықтап, сол ерекшеліктерге сай деректанулық талдаулар жүргізуге көмектесері анық.
Ресей мемлекеттік гуманитарлык университеті ғалымдары дайындаған оқу құралында: "Өмірдің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени құбылыстарды бейнелейтін тарихи дерек көздері ретіндегі және заңдық күшке ие заңдардың басқа да дерек көздерінен ерекшелігі. Өмір қоғам мүшелерінің нақты мүдделерін қозғайды және сол арқылы идеялық насихаттық әсер етудің, сонымен қатар қоғамдық және материалдық қатынастарды реттеудің қуатты қаруы болып табылады. Сондықтан отандық дерек көздерін тек қана заңдық (заңшығарушылық - келген мемлекеттік құқықтың негізі) және көпшілік құқықтық құжаттар ғана емес, сонымен қатар олардың әлеуметтік функциялар атқаруы тұрғысынан да жан-жақты зерттелуі керек. Мемлекет және құқық тарихын қоғам тарихынан болыn зерттеу мүмкін емес. Қазіргі кезде соңғысы мемлекетке, оның ішінде оның заңдық-құқықтық институттарына, заңшығарушылық саясатқа және құқық қолдану тәжірибесіне әсер ететін маңызды өзіндік фактор ретінде көріне бастады " . - деген тұжырым бар.
Бұл айтылғандар Қазақстан Республикасы тарихына да тікелей қатысты. Мемлекеттің құқықтық негізін құраушы фактор ретінде заң акті-лері біздегі қазіргі қоғам тарихының маңызды дерек көзі болып табылады. Құқықтық мемлекеттің негізі қаланған Қазақстанда да бүгінде заң актілерінің мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың барлық дерлік күнделікті жұмыстарын реттейтіндігі және бағыттайтындығы, азаматтар мен ұйымдар арасындағы қатынастарды белгілі бір заңдық нормаларға түсіргендігі - өмір шындығы. Сондықтан, заң актілері бізде де заңдық құжаттар әрі тарихи дерек көздері ретінде жан-жақты да объективті талдауды қажет етеді.
Заң терминіне "Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері" атты оқулықта: “ Заң дегеніміз, ең жоғарғы нормативтік күші бар акті” . Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Парламент -заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы органы.
Заң термині әдебиетте екі мағынада қолданылады - "кең" және "тар" мағынасында. "Кең" тұрғыдан алсақ заңға нормативтік актілердің барлық түрлері: нақты заңдар, жарлықтар, қаулылар, шешімдер, бұйрықтар, нұсқаулар, ере желер, жарғылар т. б. жатқызылады.
Ал, "тар" тұрғыдан қарайтын болсақ заңға тек қана "заң" деп аталатын нормативтік құқықтық актілер ғана жатады. Заң, өз мәнінде алатын болсақ, нормативтік құқықтық актілердің арасында ерекше орын бар ерекше қызмет атқаратын акт болып есептелмек" деген анықтама берілген .
Қазақстан тарихнамасында заң актілері дерек көздері ретінде бұрын арнайы қарастырылмағанымен, одақтас республикалардың бірі ретінде Қазақстан да құрамында болған КСРО тарихнамасында бұл мәселеге кезінде ерекше көңіл бөлінген. Заңдық дерек көздерін талдау және оларды жариялау кеңес өкіметінің бірінші онжылдығында-ақ басталған. Аса маңызды мемлекеттік актілер - декреттерді, конституция, кодекстерді зерттеуге ерекше көңіл бөлінді. Заңдарды қабылдаудың себептері мен жағдайы, жобаларды дайындау мен талқылау, авторлығын анықтау сияқты мәселелер қарастырылды . Дегенмен, деректерді талдауда ішкі сынға өте аз көңіл бөлінді. Ол саяси факторлармен қатар, сол кездегі зерттеу ісінің деңгейінің төмендігімен де байланысты болды. Бірақ көп ұзамай-ақ ондай онды үрдіс тез жоғала бастады. XX ғасырдың 20-жылдарының соңына қарай тарих ғылымында марксизм-ленинизм идеологиясын орнықтыру мақсатында жүргізілген күрес нәтижесінде ғылыми дискуссиялар тиылды, ғылыми көзқарастар мен позициялардың біртектілігі белең алды, заңдық дерек көздерін зерттеудің перспективалық бағыттары жабылды [1] .
Бірақ соған қарамастан қазіргі кезде Қазақстан территориясында ертеден қалыптасқан құқықтық құжаттар қазіргі кезде қазақ тарихшыларына сол заманның бейнесін бейнелейтін дерек көзі ретінде пайдалынады. Сондай дерек көздеріне ертедегі атақты хандардың шығарған заңдарын жатқызамыз.
Қазақтың әдеттегі құқық негіздерінің тарихи бастаулары ертеде жатыр. Сабақтастық қай кезде де үзілмеген. Бұл тіршіліктің даму заңдылығы. Көшпелі тіршіліктің ықпалындағы жеке-жеке тайпалар белгілі бір кезеңде одақ болып бірігуі негізінде елді басқаруда жаңа ұйымдар қалыптасып, олармен бірге жаңа құқықтар мен жаңа билік ережелері тәріздес түрлі категориялар да туып отырған, соның нәтижесінде коғам мүшелері жаңа бір қоғамдық тәртіп билігіне түсу арқылы жалпы халықтық мәдениетке қарай бұрынғысынан гөрі бір қадам болса да ілгерілеп, жаңа бір қоғамдық сананың тууына негіз қалаған. Осындай негіздің алтын арқауы, үзілмей жалғасып келе жаткан заңдылық, ұлан байтақ қазақ жерін мекендеген ғұн, үйсін, қаңлы тайпаларының әр кезеңде өрлеп, күшейіп билік құрғаны болып табылады. Қытай жазба деректеріне сүйенетін болсак, қаңлы тайпасының ресми құқық жинағы болған. Бұл құқық жинағыньщ негізгі мазмұны толық белгілі болмаса да, каңлы коғамы осы ереже бойынша қылмыстыларды жазалап, өрескел ауыр қылмыс жасағандарды өлім жазасына кескен. Әрине алғашкы тайпалық бірлестіктерде шаруашылықтағы ортақтық қауымдық құқықты туындатты. Рулық қатынастағы индивидтің құқығы осы ру ішіндегі әдет-ғұрып арқылы реттелді. Бұл әдеттік-құқық жиынтығы ежелден бастау алып, сипаты жағынан рулық қатынасқа негізделсе де, көшпенді қоғамдағы құқықтық жағдайдың және құқық салаларының қалыптасуы арқылы мемлекеттік орындарды институттандырудың алғы шартын туғызды. Шаруашылықтың күрделенуінің тарихи жағдайы бастапқы номадтық кезеңнің өзінде "күнә түсінігінен", отбасылық қатынастардан шығып, көптеген әдеттік-құқық нормаларының ішінен қоғамдық қатынастарды реттейтіні бөлініп, қалыптасуына әкелді. Бұл нормалар биліктегі қатынастарға және жеке меншік түрлерінің пайда болуына тікелей байланысты болды.
Көшпелі қоғамдағы құқықтық қатынастардың дамуы мемлекеттіліктің қалыптасуымен қатар жүрді. Қазақ хандығына мирас ретінде жеткен түрік мемлекеттерінің дағдылы құқығын, саяси, азаматтық, қылмыстық құқықтық ережелердің тарихы осы мемлекеттердің қалыптасуы, өрлеуі, құлдырауы кезеңдерінің көрінісі ретінде қарастыруға болады. Біртұтас мемлекеттіліктің негізінің қалануында қоғамдағы құқықтық қатынастардың реттеу ісінің күрделене бастағанынын біз түрік дәуірінен де байкаймыз. VI ғасырда Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардың бірігуі негізінде Түрік мемлекетінің кұрылуы, оның іргесін салушы Бумын қағанның мемлекеттің тұтастығын, қоғам мүшелерінің азаматтық құқықтарын қорғаған заң жүйесінің қабылданғаны белгілі. Оның баптары қытай деректерінен белгілі. Бұл заңның негізін құраған баптарды атап өтуге болады: 1) Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілер өлім жазасына бұйырылсын; 2) Түрік жұртының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына кесілсін; 3 ) Ру ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына кесілсін; 4 ) Өзге біреудің әйеліне зинақорлық жасап, ақ некені бұзушылар өлім жазасына бұйырылсын; 5 ) Өреде тұрган, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісі өлім жазасына бұйырылсын; 6) Төбелесте мертігудің түріне қарай құн төленсін ; 7 ) Ұрланган жылқы, өзге құнды зат үшін он есе артық айып төленсін; .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz