ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
I . ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ КӨЗДЕЛГЕН ЖАУАПТЫЛЫҚ
1.1 Тонау қылмысы туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2. Тонау қылмысы үшін көзделген қылмыстық
жауаптылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
II . ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
2.1 Тонау қылмысының объектiсi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Тонау қылмысының объективтiк жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.3 Тонау қылмысының субъектiсi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.4 Тонау қылмысының субъективтiк жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 9

III . ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ӨЗГЕ МЕНШIККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДАН ЕРЕКШЕЛIГI
3.1 Бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың жалпы
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... .21
3.2 Тонау қылмысы және ұрлықтан өзгешелiгi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... .34
3.3 Тонау және сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу
немесе ысырап ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
3.4 Тонау қылмысы және алаяқтық қылмысынан
айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .37
3.5 Тонау қылмысының қарақшылықтан
айырмашылығы ... ... ... ... ... ... . ... ... .38
3.6 Тонау қылмысы және қорқытып алушылық
қылмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
3.7 Тонау қылмысына ұқсас өзге де
қылмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47

АННОТАЦИЯ

Қазақстан Республикасында ең көп кездесетін қылмыстар
қатарына Меншікке қарсы қылмыстар жатады. Оның ішіндегі ең
қауіптілерінің бірі тонау қылмысы болып табылады. Өйткені тонау
қылмысы өзінің жасалу әдісімен, яғни ашық түрде жасалатындығымен
ерекшеленеді.
Тонау қылмысын дипломдық тақырып ретінде зерттеу барысында
оның қылмыстық құрамын, саралану ерекшеліктерін, басқа меншікке
қарсы қылмыстардан өзгешеліктерін, субьектісінің ерекшеліктерін толық
түрде қарастырдым.

АННОТАЦИЯ

В Республике Казахстан часто встречающимися преступлениями являются
Преступления против собственности. Среди них одним из общественно-опасных
является грабеж. Потому что, грабеж совершается открытым путем,
особенность ее заключается в методе совершения.
Рассматривая как отдельную тему, исследуя преступление как грабеж,
я рассматривал состав, особенности квалификации, отличие от других
преступлений собственности, особенности субъекта грабежа.

КIРIСПЕ

Қазақстан Республикасында ең көп кездесетін қылмыстар
қатарына Меншікке қарсы қылмыстар жатады. Оның ішіндегі ең
қауіптілерінің бірі тонау қылмысы болып табылады. Өйткені тонау
қылмысы өзінің жасалу әдісімен, яғни ашық түрде жасалатындығымен
ерекшеленеді.
Тонау қылмысын дипломдық тақырып ретінде зерттеу барысында
оның қылмыстық құрамын, саралану ерекшеліктерін, басқа меншікке
қарсы қылмыстардан өзгешеліктерін, субьектісінің ерекшеліктерін толық
түрде қарастыру қажет.
Тонау қылмысы қылмыстық құқықтың ерекше бөліміндегі
қылмыстар қатарына көрсетілгенімен, оны қылмыстық құқықтың жалпы
бөліміндегі көрсетілген негізгі белгілермен, қағидалармен байланыстыра
отырып зерттелгені орынды болып табылады, өйткені жалпы бөлімнің
нормаларын басшылыққа алмайынша ерекше бөлімнің нормаларын қолдану
мүмкін емес.
Меншiкке қарсы қылмыстар, оның iшiнде тонау қылмысы, оны
өзiне ұқсас басқа қылмыстардан ажыратып дәрежелеу құқық қорғау
қызметкерлерiнiң басты мiндетi болып саналады.
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқықтық принципiнiң бiрi
жауаптылықтан құтылмайтын принцип. Бұл принцип бойынша әрбiр кез
келген адам лауазымдық түрде жауапты болады. Сондай-ақ, осы
принциптiң жүзеге асырылуы құқық қорғау және құқық қолдану органдарына
мiндет жүктейдi.
Дипломдық тақырыпты зерттеу барысында тонау қылмысының нақты
мазмұнын ашу, оның құрамының қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау
басты мақсат болып табылады. Сонымен қатар, келтірілген залалдың
қауіптілігін, мөлшерін де анықтап, соған сәйкес дәрежелеудің
маңыздылығын атап өту қажет. Сонда ғана, бұл қылмыс түрінің
құрамына ғылыми анықтама беріледі.
Мәселенің өзектілігі мен оның кейбір қырларының толық реттелмеуі
зерттеу мақсатын анықтайды. Дипломдық жұмыстың мақсаты - тонау қылмысына
қылмыстық құқықтық сипаттама беріп, оны дұрыс саралау ерекшеліктерін және
осы қылмыстардың алдын алу жолдарын іздестіру. Тақырыпты ашу үшін
төмендегідей міндеттер қойылған:
- тонау қылмысының теориялық негіздерін зерттеу;
- тонау қылмысын саралаудың тәжірибесімен танысу;
- тонау қылмысының құрамын қарастыру.
Зерттеу объектісі: тонау қылмысының құрамын анықтау және қылмыстық
жауаптылығын анықтау.
Зерттеу пәні: тонау қылмысын саралауды құқықтық реттеу.
Жұмыстың әдістемелік негізін тонау қылмысын реттейтін нормативтік
құқықтық актілердің анализіне сүйенеді және құқықтық , әлеуметтік
тәжірибеге сүйенеді.
Ғылыми тәжірибелік маңызы тонау үшін көзделген жауаптылық жеке дара
тақырып ретінде бірінші рет зерттеліп отыр.Тонау қылмысын талдау үшін
автормен көптеген жұмыстар жүргізіліп және іс- шаралар ұсынылған, сондықтан
бұл тақырыптың тәжірибелік маңызы бар.
Жұмыстың нормативтік негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы,
заңдар, Президенттің Жарлықтары, заңды тәжірибе, Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексі құрайды.

I .ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ КӨЗДЕЛГЕН ЖАУАПТЫЛЫҚ

1.1 Тонау қылмысы туралы ұғым

Меншік кез келген қоғамдағы экономикалық қарым қатынастардың
негізі болып табылады. Нарықтық экономика ең әуелі нарықтық құқықтық
қарым - қатынастарды, соның ішінде меншіктік қарым-қатынастарды дұрыс
реттеуді талап етеді. Сондықтан меншік қатынастарын жаңартуға, соның
ішінде жеке мешікті дамытуға бағытталған көптеген заң құжаттары
қабылданды. Меншікті реттеу Қазақстан Республикасының Конституциясынан
бастау алып, еліміздің азаматтық кодексімен, мемлекет иелігінен алу
және жекешелендіру, тағы басқа заңдармен, нормативтік құқықтық
актілермен жалғасын тапқан. Өкінішіке орай, меншікті реттейтін
заңдардың арасында өзара қайшылықтары, шешімін таппаған қиындықтары
да бар.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-бабында “Қазақстан
Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей
қорғалады. Конституцияның 26 бабында көрсетілгендей, Қазақстан
Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін
жеке меншікте ұстай алады делінген.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 235-бабына сәйкес,
заңды түрде алған мүлік болып – ол мүлікті дайындаған, жасаған,
сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлікті иеліктен
айыру туралы өзге мәміленің негізінде, мұрагерлікке алу жолымен,
иеленген мүлік болып есептеледі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 3-тармағына
сәйкес, соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды.
Меншік субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге
асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi”
деп көрсетiлген, яғни ата заңымызда азаматтардан және мемлекеттiк меншiгi
қылмыстық кол сұғушылықтан заңмен қорғалатыны анықталған.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекiсiнiң 188-бабында меншiк
құқығына толық анықтама берілген. Сонымен, меншiк құқығы дегенiмiз -
субьектiнi заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiнiң тиесiлi
жеке мүлкiн өзiнiң қалауы бойынша иеленуi, пайдалануы және оған билiк ету
құқықтары болып табылады. Сонымен қатар осы бапта меншiк иесi өзiнiң қалауы
бойынша өз меншiгiндегi затқа байланысты кез-келген әрекеттер жасауға,
басқа адамдардың меншiгiне беруге, өз иелiгiнен шығаруға, немесе өзi меншiк
иесi бола отырып, басқа адамға иелену, пайдалану және билiк ету өкiлеттiгiн
тапсыруға, кепiлге беруге, өзгеше түрде билiк етуге құқылы екендiгi
көрсетiлген.
Бөтеннiң меншiгiне қол сұғушылық жасалған сипатына қарай Қазақстан
Республикасының азаматтық құқықтық
заңмен және қылмыстық заңдармен қорғалады.
Қазақстан Республикасы қылмыстық заңында меншiк иесiне немесе
иеленушiге залал келтiре отырып немесе залал келтiру қаупiн туғызу арқылы
қасақана немесе абайсызда жасалған iс-әрекет қылмыс болып табылатыны және
меншiкке қарсы қылмыс деп аталатыны айқындалған.
Қазақстан Республикасы қылмыс кодексiнде меншiкке қарсы қылмыстардың
бiрнеше түрi көрсетiлiп, 6-тарауға ендiрiлген, олар: µрлық-175 бап, Сенiп
тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету-176 бап, Алаяқтық-
177 бап, Тонау-178 бап, Қарақшылық-179 бап, Ерекше құнды заттарды ұрлау-180
бап, Қорқытып алушылық-181 бап, Алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен
мүлiктiк залал келтiру-182 бап, Көрiну қылмыстық жолмен табылған мүлiктi
сатып алу немесе сату-183 бап, Интелектуалдық меншiк құқықтарын бұзу-184
бап, Автомобилüдi немесе өзгеде көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз
иелену-185 бап, Жерге заттай құқықтарды бұзу-186 бап, Бөтен адамның мүлкiн
қасақана жоþ немесе бүлдiру-187 бап, Бөтен адамның мүлкiн абайсызда жоþ
немесе бүлдiру-188 бап.
Бұл қылмыстардың барлығының топтық объектiсi - меншiк, яғни
меншiк иесiнiң иелену, пайдалану, оған билiк ету құқығын құрайтын
меншiкке байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады.
Тонау қылмысы – меншiкке қарсы қылмыстардың қауiптi түрiнiң бiрi
болып табылады.
Қазақстан Республикасы қылмыс кодекiсiнiң 178 бабында “Тонау,
яғни бөтен мүлiктi ашық ұрлау” – деп көрсетiлiп, тонау қылмысына
анықтамам берiлген.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1996 жылғы 25 шiлдедегi
“Бөтеннiң мүлкiн ұрлауды саралаудың кейбiр мәселелерi туралы” №9 қаулысында
“ұрлық деп пайдакүнемдiк мақсатта бөтен мүлiктi осы мүлiктiң меншiк иесiне
немесе өзге иеленушiсiне залал келтiре отырып айыптының немесе басқа
адамдардың пайдасына қайтарымсыз алып қоþ немесе айналдыру танылады. Бөтен
мүлiктi алып қоþ немесе өзгенiң пайдасына айналдыру жасырын, және ашық
түрде, алаяқтық және қорқытып алушылық жолымен, иеленiп алу немесе ысырап
ету, қызмет бабын пайдалану жолдарымен де жүзеге асырылады” деп
көрсетiлген.
Тонау қылмысы белсендi әрекет арқылы жасалынады. Қылмыстың жасалу
тәсiлi ашық түрде, яғни мүлiк иесi немесе иеленушi, сондай-ақ басқа адамдар
кiнәлiнiң құқыққа қайшы әрекеттер жасап жатқанын сезiнедi, қылмыс жасаушы
адам да осы жағдайларды көрiп-бiлiп тұрып , қылмысты әрекетiн жасайды.
Кiнәлi адам жасырын түрде ұрлық жасау ниетiнде болып, оны жасау барысында
көзге түсiп қалып, қылмысты әрекетiн одан ары жалғастырған жағдайда,
жасырын түрдегi ұрлық ашық түрдегi тонауға ұласады. Бұл жерде кiнәлi адам
өзiнiң көзге түсiп қалғанын сезiнуi қажет.
Тонау материалдық қылмыс құрамына жатады, яғни бөтеннiң мүлкiн
иеленiп, пайдалану, билiк ету мүмкiндiктерi
пайда болған жағдайда ғана аяқталған қылмыс болып саналады. Бөтеннiң
мүлкiн ашықтан-ашық ұрлауға бағытталған ниет, әрекет, егер ол толық жүзеге
аспаса, тонауға оқталу болып табылады.
Тонау қылмысы қасақана тiкелей ниетпен жасалынады және қылмыстық
жауапкершiлiкке 14 жасқа толған, есi дұрыс адам тартылады.

1.2. Тонау қылмысы үшiн көзделген қылмыстық жауаптылық

Тонау қылмысы үшін қылмыстық жауапкершiлiк Қазақстан Республикасы
қылмыстық кодекiсiнiң 178-бабында көзделген. Ол үш бөлiктен тұрады. 178-
баптың I-бөлiгiнде тонаудың жиi кездесетiн түрi, бөтеннiң мүлкiн
жәбiрленушiнiң көзiнше, оған күш қолдану ниетiнсiз тартып алып қашу
көрсетiлген. Бұл тонау қылмысының жай түрi болып табылады және сараптау
барысында онша қиындық тудырмайды. Мысалы: Отырар ауданының тұрғыны Р.
кешкi 12 маусымда 1998 ж. 19 сағат шамасында автобус аялдамасында тұрған
азаматша Л-ның базар бағасы 15 мыңдық алқасын мойнынан жұлып алып қашып
кеткен. Ол ертесiне базар iшiнде сату барысында ұсталған. Р-ның iс-әрекеттi
Қазақстан Республикасы Қ.К-нiң 178-бабы I бөлiгiмен сарапталып, аудандық
сотқа жiберiлдi. Бұл қылмыс үшiн үш жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не төрт
жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланды.
Қылмыстық кодекстiң 178 бабының 2-бөлiгiнде тонаудын ауырлататын
түрлерi көрсетiлген, олар:
а) жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына қауiптi емес күш қолданумен,
не осындай күш қолданамын деп қорқыту арқылы
б) бiрнеше рет
в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша
г) тұрғын, қызметтiк, өңдiрiстiк үй- жайға не қоймаға заңсыз кiрумен
жасалған тонау
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге
бас бостандығынан айыруға жазаланатыны айтылған.
Тонаудың ауырлататын түрiнiң бiрi – жәбiрленушiнiң өмiрi мен
денсаулығына қауiптi емес күш қолдану не осындай күш қолданамын деп қорқыту
болып табылады (178-баптың 2-баптың “а” тармағы). Бұны қолдану үшiн мына
төменгiдей белгiлердi анықтау керек:
1) Күш қолдану дегенiмiз - жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына
қауiптi емес түде қол тигiзу арқылы қылмыстық кодекстiң 105-бабына (жеңiл
жарақатқа) жатпайтын болмашы жарақат салу, денеге дақ түсiру, тырнау,
денесiн қанталату, денсаулыққа жеңiл зиян келтiруге жатпайтын басқадай
зақым келтiру әрекеттерi танылады.
Жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына қауiптi емес түрде күш
қолданамын деп қорқытуға – кiнәлiнiң сөз жүзiнде немесе ым жасау арқылы
жәбiрленушiнiң қарсылығын жоþға бағытталған iс-әрекеттердi айтамыз. Ондай
әрекеттер алдын-ала тергеу барысында сот тергеуiнде анықталуға тиiс.
Қазақстан Республикасы Жоғары Пленумының 20 желтоқсан 1996 жылғы
“Тонау және қарақшылық туралы сот тәжiрибесi туралы” № II қаулысында
“Жәбiрленушiнiң өмiрiне мен денсаулығына қауiптi емес күш қолдану –
денсаулыққа жеңiл зиян келмеген, еңбек қабiлетiн қысқа уақыттқа жоғалтпаған
болмашы жарақат, дақ түсiру, тырнау әрекеттерi болады” – деп көрсетiлген .
2. Кiнәлi адамның күш қолдануы немесе күш қолданамын деп қорқытуы
тонауға бөгет жасауын адамдарға қарсы бағытталады.
3. Тонау барысында қолданылған күш немесе күш қолданамын деп қорқыту
адам өмiрiне және денсаулығына қауiп туғызбайды.
Кейбiр жағдайларда жәбiрленушiге күш қолданып, ашық түрде ұрлық
жасаған жағдай белгiлi болады. Бiрақ, түрлi себептерге байланысты сот-
медициналық сараптама жүргiзiлу мүмкiншiлiгi болмайды, яғни жәбiрленушiге
қандай дәрежеде жарақат салғаны белгiсiз болады. Мұндай жағдайларда толық
дәлелденбеген күдiк айыпкердiң пайдасына шешiлуге тиiс және тонау
қылмысымен дәрежеленуге тиiс. Бұл жерде Қазақстан Республикасы қылмыстық iс
жүргiзу кодекiсiнiң 19-бабында көрсетiлген “кiнәсiздiк презумпциясы”
қағидасы қолданылады. Оған мысал ретiнде Қазақстан Республикасы Жоғары
Сотында қаралған мына қылмысты iстi алуға болады.
Иванов және Орлов 1997 жылы 1 тамызға қараған түнi Қостанай облысы
Заре÷ный поселкiсiнде тергеу барысында анықталмаған “Павел” сотты азаматқа
күш қолданып, ұрып соғып, iш киiмiнен басқа киiмдерiнiң бәрiн ашық түрде
тартып алған. Иванов және Орловтын iс-әрекетi қуалар Решетников және
Кариеваның жауаптарымен, Орловтан алынған айғақты заттар – жәбiрленушiнiң
киiмдерiмен және басқа дәлелдермен анықталған.
Бiрiншi сатыдағы сот Иванов және Орловты Қазақстан Республикасы Қ.К-
нiң 179-бабы 2-бөлiгiмен “а”, “б”, “в” тармақтарымен яғни қарақшылықпен
соттаған.
Қазақстан Республикасы Жоғары соттының қылмыстық iстер жөнiндегi
коллегиясы 1-сатыдағы соттың үкiмiн бұзып Иванов және Орловты Қазақстан
Республикасы ҚК-нiң 178-
бабы 2-бөлiгi “а”, ”б”, “в” тармақтарымен өмiрге қауiптi емес күш
қолданумен жасалған тонау қылмысымен соттар, қайта дәрежеленген.
Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының қылмыстық iстер жөнiндегi
колегиясы мынандай негiздермен қайта дәрежеленген:
1. Иванов және Орловтың күш қолданып, ашық түрде ұрлық жасағаны толық
дәлелденген.
2. Жәбiрленушi “Павел” атты азаматқа сот – дәрiгерлiк сараптамасы
өткiзiлмеген, сондықтан оның қандай дәрежеде жарақат алғаны, ол
жарақаттардың оның өмiрiне және денсаулығына қауiптi ме, жоқ па
айқындалмаған. Тек қана қуалардың жәбiрленушiнi Иванов және Орловтың
ұрғандарын көргенi жайлы жауаптарына негiзделген. Алған жарақат оның
өмiрiне және денсаулығына қауiптi болған деген болжамға негiзделген.
3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық iстер жүргiзу кодексiнiң 19-
бабының талабына сәйкес айыптау үкiмiн болжамдарға негiздеуге болмайды.
кiм ақиқат дәлелдерiн жиынтығымен расталуы тиiс. Сондықтан Иванов және
Орловтың iс-әрекетiң Қазақстан Республикасы ҚК-нiң 178-бабы 2-бөлiгiмен
“а”, “б”, “в” тармақтармен дәрежелеу қажет деп көрсеткен.
Тонаудың тағы бiр ауырлататын түрi – бiрнеше рет тонау жасау
Қылмыстың бiрнеше рет жасалуының түсiнiгi Қазақстан Республикасы ҚК-
нiң II-бабында берiлген. Ол бойынша Ерекше бөлiмнiң белгiлi бiр бабында
немесе бабының бөлiгiнде көзделген екi немесе одан да көп әрекеттi жасау -
қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы деп танылады. Ерекше бөлiмнiң түрлi
баптарында көзделген немесе одан да көп қылмыс жасау осы Кодексте арнайы
көрсетiлген жағдайларда ғана бiрнеше рет жасалған деп танылуы мүмкiн деп
көрсетiлген. Демек, жалпылама бiрнеше рет қылмыс жасағанымен ол арнайы
көрсетiлмесе бiрнеше рет жасалды деп ауырлататын бөлiкке түспеуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасы ҚК-нiң 175-бакбының ескертiуiнiң 3-бөлiгiнде осы
Кодекстiң 175-181-баптарында бiрнеше рет жасаған қылмыс деп осы бабтарды,
сондай-ақ осы Кодекстiң 248, 255, 260-баптарында көзделген бiр немесе одан
да көп қылмыстардан кейiн жасалған қылмыс танылады деп арнайы көрсетiлген.
Бұрын iстеген қылмысының аяқталғаны немесе қылмысқа даярланғандығы,
оқталғандығы я болмаса қылмысқа кез келген ролüдi бiрлесiп атқару арқылы
қатысуы да қылмысты бiрнеше мәрте iстегендiк қатарына жатқызылады.
Тонау қылмысының тағы бiр ауырлататын түрi – адамдар тобының алдын ала
сөз байласуы бойынша жасалған тонау.
Қылмысқа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс iстеудiң ерекше нысаны
ретiнде қарастылады, өйткенi жеке дара қылмыс жасауға қарағанда қылмысты
осы нысанда iстеуден қауiптiлiк дәрежесi және келтiретiн залалы да зор.
Бiрнеше адамның күш бiрiктiрiп бiр немесе бiрнеше қылмысты жасауы, олардың,
яғни қатысушылардың бiрiн-бiрi қолдауы, қылмыс жасауды жеңiлдетiп қана
қоймайды, сонымен бiрге қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға үлкен
қауiп келтiредi немесе соны келтiру қауiпiн туғызады. Қылмыс iстеудi осылай
жүзеге асыру, қайсыбiр жағдайларда бiр адамның қолынан келмейтiн қылмысты
iстеудi дайындауға немесе жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасы қылмыс кодексiнiң 31-бабында “егер қылмыс
жасауға екi немесе одан да көп орындаушы күнi бұрын сөз байласпай бiрлесiп
қатысса, ол адамдар тобы жасаған қылмыс деп танылады. Егер қылмысқа
бiрлесiп жасау туралы күнi бұрын уағдаласқан адамдар қатысса, ол адамдар
тобы алдын ала сөз байласып жасаған қылмыс деп танылады” деп көрсетiп,
адамдар тобы және адамдар тобының сөз байласып жасаған қылмысы туралы
түсiндiрме бередi.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 21 маусым 2001 жылғы
“Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отырып, басқа қылмыстар жасағаны
үшiн жауапкерiлiк туралы заңнаманы қолдануының кейбiр мәселелерi туралы” №
2 қаулысының 5 тармағында “алдын ала сөз байласқан адамдар тобының қылмыс
жасауы деп нақты бiр қылмысты жасауға екi және одан да көп адамдардың
қылмыстың обüективтiк жағын құрайтын iс-әрекеттердi жасағанға дейiн
келiсуiн түсiнуi қажет. Қылмысқа қатысушылардың бiрi алдын ала сөз байласып
қылмыс жасаған және қылмыстың объективтi жағын орындау аяқталғанға дейiн
оларға алдын ала сөз байласқан басқа адамдар қосылған жағдайларда, онда
бастапқылардың да және соңғылардың да iс-әрекеттерiн бiр топ адамның алдын
ала сөз байласып қылмыс жасауы деп дәрежелеу қажет” деп толық түсiнiк
берген.
Тонау қылмысының тағы бiр ауырлататын түрi-тұрғын, қызметтiк,
өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiрумен жасалған тонау.
Тонау қылмысының бұл түрiн дәрежелеп қолдану барысында, тұрғын,
қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайларды, қойманың не екенiн, оларға не жататынын
бiлу қажет. Тұрғын жай дегенiмiз адамдардың тұрақты немесе уақытша тұруына
арналған немесе олардың демалуға, мүлiктi сақтауға, адамдардың басқа да
мұқтаждықтарын өтеуге арналған (үй, балкон, әйнектелген дәлiз) құрлыстарды
айтамыз. Адамдар тұруға арналмаған құрылыстар тұрғын жай деп танылмайды.
Қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жай дегенiмiз адамдарды немесе материалдық
игiлiктердi уақытша немесе тұрақты орналастыруға арналған құрылыстар болып
табылады. (Бұған жататындар: магазин, оқу орындары, спорт құрлыстары,
завод, мекемелер) т.б.
Қоймаға жататындар – тұрақты немесе уақытша материалдық игiлiктердi
сақтайтын, қоршаған немесе қоршалмаған, күзетпен қамтамасыз етiлген, сондай-
ақ осы мақсатқа қызмет ететiн арнаулы мекеме қоймасы, вагон, сейô,
контейнер т.б. сияқты объектiлер жатады.
Көрсетiлген объектiлерге заңсыз кiру деп тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк
үй-жайға не қоймаға, бөтеннiң мүлкiн ашық түрде ұрлау мақсатымен кiрудi
айтамыз.
Тонау қылмысының бұл ауырлататын түрлерiне қылмыстық бойынша заң мүлкi
тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас
þостандығынан айыруға жазаланады.
Бұдан бөлек Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексiнiң 178 бабы 3-
бөлiгiнде тонаудың аса ауырлататын жағдайларыда жасалғаны үшiн
жауапкершiлiк көзделген, олар:
µйымдасқан топтың тонау жасағаны.
µйымдасқан топтын жасаған қылмысы қоғамға қауiптiрек болып саналады.
Қазақстан Республикасы қылмыс кодексiнiң 31-бабы 3-бөлiгiнде “егер қылмысты
бiр немесе бiрнеше қылмыс жасау үшiн күнi бұрын бiрiккен адамдардың тұрақты
тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс” деп танылады деп көрсеткен.
Тонау қылмысын бұл түрiмен дәрежелеу үшiн ұйымдасқан топтың белгiлерiн бiлу
қажет:
1) Қылмысқа кем дегенде екi адам қатысады.
2) Олар алдын ала қасақана бiр немесе бiрнеше қылмыс iстеу жөнiнде
келiседi.
3) Қылмысты топ тұрақты топқа жатады.
Алдын ала ұйымдасқан тұрақты қылмысты топтың қатысушылары қылмыс
жасау жөнiнде күнi бұрын өзара келiсiп, қылмыс жасаудың жоспарын құрады,
қылмысқа қатысушылардың өзара ролüiн белгiлейдi, қылмысты әрекетi жүзеге
асырудың тәсiлiн және жоспарлаған әрекеттi жүзеге асырудың жағдайларын
қарастырады, ал тұрақты топ дегенiмiз бiр немесе бiрнеше қасақана қылмыстар
iстеу үшiн құрылған топты айтамыз. Мұндай тұрақты топтың мүшелерi болып
кейде мемлекеттiк үкiмет, басқару орындарының жауапты қызметкерлерi де
болуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы 1996 жылғы 25 шiлдедегi
“Бөтеннiң мүлкiн ұрлауды саралаудың кейбiр мәселелерi туралы” атты № 9
қаулысында “ұйымдасқан қылмысты топқа бiрнеше қылмыс жасамқшы оймен алдын
ала бiрiккен екi немесе одан да көп адамнан тұратын тұрақты то жатады,
сонымен бiрге олар қылмыс iстеуге жоғарғы деңгейдегi ұйымшылдығымен, мұқият
дайындығымен, қатысушылардың өзара ролüдерiн бiлiсуiмен айрықшаланады” деп
атап көрсеткен.
µйымдасқан топты қылмсытық сыбайластықтан ажырата бiлу қажет.
Қазақстан Республикасы қылмыс кодекiсiнiң 31-бабы 4-бөлiгiнде “егер
қылмысты ауыр немес ерекше ауыр қылмыстар жасау үшiн құрылған бiрiгiп
ұйымдасқан топ (ұйым), не нақ сондай мақсатпен құрылған ұйымдасқан
топтардың бiрлестiгi жасаса, ол қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым)
жасаған қылмыс деп танылады” – деп көрсеткен.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы 21 маусы 2001 жылғы
“Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса, отырып басқа қылмыстар жасағаны
үшiн жауапкершiлiк туралы заңнама қолданылуының кейбiр мәселелерi туралы”
атты № 2 қаулысының 6-тармағында “Қылмыстық сыбайласты (қылмыстық ұйым)
ұйымдасқан қылмыстық топтан ауызбiрлiк белгiсiмен және оның ауыр және
ерекше ауыр қылмыстар жасау үшiн құрылу мақсатымен ерекшеленедi. Қылмыстық
сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) уайымшылдығы, әдетте, жоғары дәрежеде
болады және ол жекелеген қылымстық бiрлестiктерден немесе ұйымдасқан
қылмыстық топтардан тұрады.” – деп толық анықтама берген.
Тонау қылмысының тағы бiр аса ауыр түрi – iрi мөлшердегi тонау болып
табылады.
Тонаудың бұл түрiмен дәрежелеу үшiн келтiрiлген залалдың iрi өлшерде
болғанын анықтап, дәлелдеу қажет. Iрi мөлшердiң түсiнiгi Қазақстан
Республикасының қылмыстық кодекiсiнiң 175-бабының ескертуiнiң 2-тармағында
берiлген. Осыған орай iрi мөлшер немесе iрi залал деп қылмыс жасау сәтiне
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiк
бес жүз есе асып түсетiн мүлiктiң құны мен залалдың мөлшерi танылады.
Қазiргi кезеңде айлық есептiк көрсеткiш 923 тенгеге тең. Тонау қылмысының
iрi мөлшердегi түрiмен жауапкершiлiкке тарту үшiн 923 тенге õ 500 = 461500
тенге, яғни 461500 тенгеден асқан жағдайда ғана қолданылады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы 25 шiлде 1996 жылғы
“Бөтеннiң мүлкiн ұрлауды саралаудың кейбiр мәселелерi туралы” №9 қаулысында
“Қылмыс объектiсi болған мүлiктiң құны, иесiнен оны қандай жағдайда сатып
алғандығы ескерiлiп, қылмыс жасаған сәттегi мемлекеттiк бөлшек, нарықтық
немесе комиссиялық бағамен анықталуы тиiс. Бағасы болмаған жағдайда
мүлiктiң құны сарапшы жасаған қорытынды негiзiнде анықталады. µрлықтан
келген зиянның орнын толтыру кезiндегi оның мөлшерi сот шешiм қабылдаған
сәттегi бағамен анықталады” – деп көрсеткен.
Тонаудың келесi аса ауырлататын түрi - ұрлық немесе қорқытып алулығы
үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған тонау болып
табылады.
Тонаудың бұл түрi қолдану үшiн кiнәлi адам екi немесе одан да көп рет
сотталған адам болуы тиiс. Тағы бiр ескеретiн нәрсе ол тек қана тонаумен
сотталуы қажет емес. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодекiсiнiң 175-
бабының 4 -тармағындағы ескертуге сәйкес - ұрлық немесе қорқытып алушылығы
үшiн бұрын сотталған адам деп осы Кодекстiң 175 -181, 248, 255, 260 –
баптарында көзделген бiр немесе бiрнеше қылмыс үшiн сотталған адам танылады
деп көрсетiлген.
Тонау қылмысының осы аса ауырлау түрлерiн жасағаны үшiн қылмыстық заң
бойынша мүлкi тәркiленiп, алты жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыруға көзделген.

II . ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

2.1 Тонау қылмысының объектiсi

Әрбiр қылмыс құрамында оның объектiсiн, объективтiк, субъективтiк
жақтарын, және субъектiнi бейнелейтiн белгiлерi мiндеттi түрде болады.
Қылмыс құрамы ұғымы теорияда нақты қылмыстардың түсiнiгiнен, қылмыстың
нақты құрамының жинақталған белгiлерi арқылы анықталады және өз бойында
жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгiлерi мен элементтерiн сипаттап
көрсетедi. Қылмыстық құқық теориясы әрбiр қылмыста болатын төрт түрлi
мiндеттi элементтердi Қылмыстың объектiсiн қылмыстың объективтiк және
субъективтiк жақтарын, субъектiсiн атап көрсетедi.
Нақты қылмыстың құрамы нақты қылмысқа тән белгiлердi көрсетедi. Кез
келген қылмысты iс-әрекеттiң мәнiн ашу үшiн қылмыстың объектiсiн анықтаудың
маңызы ерекше. Қылмыстық құқық теориясында, оқулықтарда қылмыс құрамының
жалпы түсiнiктерi кеңiнен қолданылады. Осы белгiлерге орай кез келген
қылмыстың құрамын осындай төрт түрлi түрлi элементтерге бөлiнедi. Осы
элементтердiң әрқайсысы қылмыстың құрамдас бөлiгi болып табылады, сондықтан
да осы элементтердiң бiреуiнiң жоқ болуы қылмыс құрамының мүлде және
қылмыстық жауаптылыққа негiздiң де жоқ екендiгiн көрсетедi.
Әрбiр iстелген қылмыс белгiлi бiр объектiге қол сұғумен қатар оған
белгiлi бiр зиян келтiру қауiпiн туғызады. Қылмыстық заң нормасымен
қорғалатын объектiге қылмыстың қолсұқпауы мүмкiн емес. Сондықтан да
қылмысты қол сұғушылықтың объектiсiн дұрыс анықтаудың теориялық,
практикалық маңызы ерекше. Қылмытың объектiсiн дұрыс анықтау ұқсас
қылмыстарды бiр-бiрiнен, қылмысты қылмыс емес әрекеттерден ажыратуға
жәрдемдеседi. Өйткенi қылмыстық-құқық қорғау объектiсiне әрқашан да өзiнiң
мәнi мен дәрежесiне қарай ерекшеленген маңызды қоғамдық қатынастар жатады.
Объектi маңызды болса соған сәйкес iстелген қылмыста қауiптi болып
саналады, соған орай оны қылмыстық-құқылық қорғауда қатаң түрде жүзеге
асырылады. Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық объектiсi деп қылмысты қол
сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастарды
айтамыз. Әрбiр iстелген қылмыс белгiлi бiр жағдайларда қоғамдық
қатынастарға зиян келтiредi немесе зиян келтiру қаупiн туғызады. Сондықтан
да қылмыстық құқық ғылымы қорғалатын қоғамдық қатынастарды барлық
қылмыстардың жалпы объектiсi деп таниды.
Бiрақ жалпы объектiнiң түсiнiгi бiр тектес нақты iс-әрекеттердiң
ерекшелiгiн бейнелуде жеткiлiксiз болып табылады. Осыған байланысты
қылмыстық ғылым теориясы қылмысты қол сұғушылықтың топтық және тiкелей
объектiлерiн бөлiп, қарастырады.
Топтық объект дегенiмiз - қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң
қорғайтын бiртектес немесе ұқсас қоғамдық қатынастардың белгiлi бiр бөлiгi
болып табылады. Мысалы, қарақшылық, басқа бiреудiң мүлкiн ұрлау, тонау, оны
алаяқтықпен алу, бiр топтық объектiге– басқа бiреуден мүлкiне меншiгiне
байланысты қарсы қоғамдық қатынастарға қылмысты қол сұғуды бiлдiредi.
Қылмыстың тiкелей объектiсi деп қылмыстық заң қорғайтын нақты
қатынастарға бiр немесе бiрнеше қылмыстардың тура немесе тiкелей
бағытталуын айтамыз. мысалы, ұрлық, тонау, алаяқтық- басқа бiреудiң
меншiгiниемдену үшiн жасалады. Бұл қылмыстар бiр-бiрiнен объектiсi бойынша
емес қылмыс құрамының бақа белгiсi- қылмыстың объективтiк жағының белгiлерi
бойынша ажыратылады. Осы қылмыстардың да тiкелей объектiсi басқа бiреудiң
меншiгiнде болып табылады. Тiкелей объектi топтық объектiнiң бiр бөлшегi
және ол қылмыс құрамының мiндеттi элементтерiнiң бiрi болып табылады.
Тонау қылмысының топтық объектiсi жалпы меншiк болатын болса тiкелей
объектiсi бөтеннiң қол сұғу болып табылады. Сонымен бiрге тонау көп
объектiлi қылмысқа жатады. Сондықтан да оның қосымша тiкелей объектiсi
болып жеке адамның денсаулығы, бостандығы да жатады.

2.2 Тонау қылмысының объективтiк жағы

Қылмыстың объективтi жағының негiзгi белгiлерi қоғамға қауiптi iс-
әрекет немесе әрекетсiздiк, қауiптi әрекеттен туындайтын қауiптi зардап,
қауiптi әрекет (әрекетсiздiк) пен қауiптi зардап арасындағы себептi
байланы, уақыт, орын, жағдай, тәсiл болып табылады.
Қылмыстың объектив жағы қылмысты iстеген адамның мiнез-құлқының сыртқы
көрiнiсiн бiлдiредi. Қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес ондай мiнез-
құлық бiрiншiден қоғамға, екiншiден қылмытық заңға қайшы болуы керек.
Iс-әрекет кез келген қылмыстың объективтiк жағы қажеттi белгiсi болып
табылады. Iс әрекеттiң қауiптiлiгi құқық қорғайтын қоғамдық қатынастарға
қиянатпен қол сұғу арқылы немесе қол сұғу қаупiн туғызу арқылы көрiнедi.
Iс-әрекеттiң қоғамға қауiптiлiгiнiң дәрежесiнен алдымен келтiрiлген зиянның
мөлшерi, қол сұғылатын объектiнiң құндылығы арқылы анықталады.
Қылмыстық заңда көрсетiлген қылмыстардың басым көпшiлiгi әрекет
нысанында жасалады. Аздаған қылмыстар ғана әрекетсiздiк нысанында жүзеге
асырылады. Ал кейбiр жекеленген қылмыстар белсендi әрекеткүйiнде де немесе
әрекетсiздiк күйде де iстелуi мүмкiн. Мысалы: Тонау, қарақшылық тек қана
белсендi әрекет арқылы жүзеге асырылады. Дәрiгерлер өздерiне жүктелген
мiндеттердi орындамай, ауру адамға жәрдем бермей, қауiптi зардапқа әкелiп
соқтырып әрекетсiздiк, енжарлық жолымен қылмыс жасайды. Кiсi өлiмi белсендi
әрекетпен де, кейбiр жағдайларды әрекетсiздiк жолымен де жасалуы мүмкiн.
Қоғамға қауiптi iс-әрекеттер қоғамға зиянды өзгерiстер туғызуға соны
болдыру қаупiн туғызады. Қылмыстық зардап бұл қылмыстық заңда көрсетiлген
қоғамдық қатынастарға әрекет немесе әрекетсiздiк арқылы келтiрiлген зиян
болып табылады. Келтiрiлген залалға қарай қылмыстың қоғамға қауiптiлiгi
анықталады, соған қарай дәрежеленедi. Мысалы, тонау қылмысында өмiрге және
денсаулыққа қауiптi емес күш қолдану, iрi материалдық залал келтiру сияқты
зардаптары көрсетiлген. Басқа қылмыстарды ауыр дәрежелi дене жарақатын салу
немесе орта және жеңiл дәрежедегi зияндар келтiру т.б. залалдар
көрсетiлген.
Қылмыстық құқық принципi бойынша iс-әрекет пен қауiптi зардаптың
арасында себептi байланыс болуы тиiс. Себептi байланыс әрекет немесе
әрекетсiздiк арқылы iстелетiн қылмыс құрамдарының мiндеттi белгiсi болып
табылады және зардапты анықтауда, қылмысты саралауда үлкен маңызды ролü
атқарады.
Сонымен қатар қылмыстың объективтiк жағының ôакулüтативтiк белгiлерi,
яғни қосымша белгiлер болады, олар уақыты, орны, тәсiлi болуы мүмкiн.
Қылмыстың объективтiк жағының маңызы бiрiншiден, оның белгiлерiн дәлме-
дәл анықтау арқылы iстелген қоғамға қауiптi iс-әрекеттi дұрыс саралаудың
негiзi болып табылады. Екiншiден, объективтiк жағының белгiлерi арқылы
өзара жақын, ұқсас қылмыстарды бiр-бiрiнен ажыратуға мүмкiндiк туады
(Мысалы, ұрлықты тонаулан, алаяқтықты ұрлықтан т.б.) Осыған байланысты
қылмыстың объективтiк жағы қылмыс құрамының iшiндегi ең маңызды элементтерi
қатарына жатады.
Тонау қылмысы объективтiк жағынан белсендi әрекет күйiнде бөтеннiң
мүлкiн ашықтан ашық тартып алу арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да
тонаудың объективтiк жағының ерекшелiгi - қылмыстың iстелу тәсiлiне,
кiнәлiнiң бөтеннен мүлкiн ашықтан ашық алуымен ерекшеленедi.

2.3 Тонау қылмысының субъектiсi

Жалпы қылмыстың субъектiсi болып қоғамға қауiптi iс-әрекетжасаған және
заңға сәйкес сол қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабiлеттi адам танылады.
Қылмыстың субъектiсi болып тек қана азаматтар тартылады. Қазақстан
Республикасы территориясында қылмыс жасаған жағдайда Қазақстан Республикасы
азаматтарынан бөлек, азаматтығы жоқтар және шетел азаматтары да Қазақстан
Республикасы заңдарымен жауапқа тартылуға тиiс. Қылмыстың субъектiсi болып
заңды тұлғаларды тартуға болмайды. (Мекеме, кәсiпорын т.б.) Бұндай
жағдайларда еңбек еңбек қорғау заңдарынан елеулi бұзған жағдайда бұған
кiнәлi лауазымды адамдар қылмыс субъектiсi ретiнде жауапқа тартылады.
Қазақстан Республикасы Қылмыс Кодекiсiнiң 14- бабында “есi дұрыс, осы
Кодекiсте белгiленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауаптылыққа
тартылуға тиiс”- деп көрсетiлген. Осыған сәйкес, қылмыс субъектiсi болып
тек қана жеке тұлға – адам ғана саналады. Субъектiнiң бұл негiзгi бiрiншi
белгiсi болып табылады.
Қазақстан Республикасы қылмыстық заңы бойынша қылмыстық жауаптылыққа
өзiнiң iстеген iс-әрекеттерiне есеп бере алатын, өзiн-өзi басқаруға
қабiлеттi адамды, яғни есi дұрыс адамды ғана тарта аламыз. Егер ол адам
қоғамға қауiптi iс-әрекет iстеген кезде, өзiнiң iс-әрекетiне есеп бер
алмайтын болса, не iстеп не қойғанын бiлмесе, яғни қылмысты есi дұрыс емес
күйде жасаған болса, ол қылмыстық жауаптылыққа тартылмауға тиiс. Өйткенi
оның iс әрекетiнде қасақаналық немесе абайсыздық кiнәлары жоқ. Қылмыс
субъектiсi өзiнiң қоғамға қауiптi iс-әрекеттерiн ұғынып, оның мағынасына
жетiп, ақылмен, бiле тұра қасақана немесе абайсызда жасаған жағдайда ғана
кiнәлi деп танылуға тиiс.
Қазақстан Республикасы қылмыс кодекiсiнiң 16-бабында есi дұрыс еместiк
жайлы толық анықтама берiлген. Онда “осы Кодекiсте көзделген қоғамдық
қауiптi әрекеттi жасаған кезде есi дұрыс емес күйде болған яғни созылмалы
псиõикалық ауру, псиõикасының уақытша бұзылуы, кем ақылдығы немесе
псиõикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзiнiң iс-әрекетiнiң
(әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiнде сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгiн ұғына
алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс
емес
Есi дұрыс емес деп танылған адамға сот осы Кодексте көзделген медицина
сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкiн” – деп көрсетiлген.
Қылмыстық құқық ғылыми есi дұрыс еместiктiң ұғымын ашып көрсеткенде
екi белгiнi: медициналық (биологиялық) және заңдылық (псиõологиялық)
белгiлердi қолданады. Заңдылық белгi бойынша қоғамға қауiптi әрекеттi
iстеген адамның өзiнiң iс-әрекеттiне есеп бере алатынын және оның қоғамға
қауiптiлiгiн ұғына алатынын анықтайды.
Медициналық (биологиялық) белгi бойынша қоғамға қауiптi әрекеттi
iстеген адамның аурулық жағдайына байланысты болған қабiлетсiздiгiнiң
себебi анықталады. Тек осы екi белгi бiрдей болған жағдайда ғана адам есi
дұрыс емес деп танылуы мүмкiн.
Есiнiң дұрыс болуы қылмыс субъектiсiнiң екiншi негiзгi белгiсi
болып табылады.
Жалпы қылмыс субъектiсi болуға қажеттi негiзгi белгiнiң бiрi ол
қылмыстық жауапқа тартылатын жасқа толу.
Қазақстан Республикасы Қылмыс Кодексiнiң 15-бабында қылмыс жасаған
кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады деп
көрсетiлген. Одан бөлек осы баптың 2-бөлiгiнде он төрт жасқа толған кезде
жауапқа тартылатын қылмыстар түрлерi көрсетiлген. Бұл бапта көрсетiлген
қылмыстардың тiзбегi тұжырымды. Осы көрсетiлген қылмыстардың қауiптiлiгiн
14 жасқа толған әрбiр адам сезiнедi, өз әрекетiне есеп бередi. Сол себептi
заң шығарушы осы қылмыстар үшiн жауаптылықты он төрт жасқа толған кезден
бастап белгiлеген.
Тонау қылмысының субъектiсi 14 жасқа толған, есi дұрыс адам болуға
тиiс.
14 жастан бастап қылмысты жауапқа тартқан жағдайда оның жас мөлшерi
анық, яғни дәл анықталуы тиiс. Қазақстан Республикасы қылмыстық заңдары
бойынша белгiлi бiр жасқа толу, оның туған күнiнен кейiнгi тәулiктен
басталуы тиiс. Оған мысал ретiнде мына оқиғаны көрсетуге болады:
15 қараша 2002 жылы кәмелетке толмаған, 15 қараша 1988 жылы туылған
“Н”, Арыс қаласы темiр жол вокзалында, кәмелетке толмаған 10.IV.1990 жылғы
туылған, Монтайтас станциясының тұрғыны “К”-ға, күш қолданамын деп
қорқытып, iшiнде 500 теңгесi бар амиянын ашық түрде тартып алып кеткен.
Оның iс-әрекетiнде Қазақстан Республикасы Қ.К-нiң 178-бабы 1-бөлiгiнде
көрсетiлген қылмысты әрекеттердiң белгiлерi бар екендiгi анықталады.
Тексеру барысында оның 14 жасқа 16 қараша 2002 жылы толық толатыны
анықталып, қылмыстық жауапқа тартылуға жасы толмағанына байланысты, яғни
тонау қылмысының субъектiсi бола алмайтыны ескерiлiп, қылмыстық iс
қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылды.
Сонымен қатар 14 жастан бастап қылмыстық жауапқа тартқан жағдайда
Қазақстан Республикасы Қ.К-нiң 15 бабы 3-бөлiгiндегi – егер кәмелетке
толмаған адам осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiгiнде көзделген жасқа
толса, бiрақ псиõикасының бұзылуына байланысты емес псиõикалық дамуы
жағынан артта қалуы салдарынан кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтаға қылмысты
жасау кезiндегi өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты
мен қоғамдық қауiптiлiгiн толық көлемiнде түсiне алмаса не оған ие бола
алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс емес деп көрсеткенiн ескеру қажет.

2.4 Тонау қылмысының субъективтiк жағы

Қылмыстың субъективтiк жағының мазмұнын мынандай заңдылық
белгiлерi бар: Кiнә, қылмыстық ниет, мақсат құрайды. Осы белгiлердiң
жиынтығы қылмыс iстеген, яғни қоғамға қауiптi iс-әрекет жасаған адамның жан
дүниесiнде орын алған iшкi өзгерiстерде, оның санасы мен еркiнiң өзара
байланысын бейнелеп бередi. Қылмыстың сыртқы жағын бейнелейтiн объективтiк
жаққа қарағанда субъективтiк жақ қылмыстың iшкi мәнiн, мазмұнын бiлдiредi.
Аталып өткен қылмыстың субъективтiк жағының осы белгiлерiнiң заңдылық
маңызы бiркелкi емес, керiсiнше әртүрлi. Кiнә кез келген қылмыс құрамының
субъективтiк жағының мiндеттi белгiсi болып табылады. Кiнәсiз қылмыстың
құрамы болмайды. Қылмыстық ниет және мақсат, кiнәға қарағанда, кейбiр
құрамдар үшiн заңда көрсетiлген реттерде қажеттi белгi болады. Ал олай
болмаған жағдайларда, ниет пен мақсат қылмыс құрамының ôакулüтативтi
белгiсi ғана болып саналады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 19-бабында “қасақана
немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кiнәлi деп танылады” деп
көрсетiлген. Демек, тек қана кiнәлi адам ғана қылмыстық жауаптылыққа
тартылуға тиiс. Жалпы кiнә екi түрi - қасақаналық және абайсыздық нысанда
болады.
Қылмыстық заңда және сот-тергеу практикасында ең көп кездесетiн
қылмыстар-қасақана жасалған қылмыстар болып саналады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінiң 20-бабында “тiкелей немесе
жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады” – деп
қасақана қылмысқа анықтама берiлген.
Сонымен қатар осы бапта тiкелей және жанама ниетпен жасалатын
қылмыстарға анықтама берiлген. Ол бойынша “егер адам өз iс-әрекетiнiң
(әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiптi екенiн ұғынып, оның қоғамдық қауiптi
зардаптары болуының мүмкiн екенiн немесе болмай қоймайтынын алдан ала бiлсе
және осы зардаптарың болуын тiлесе, қылмыс тiкелей ниетен жасалған қылмыс
деп танылады”.
“Егер адам өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiптi екенiн
ұғынып, оның қлғамдық қауiптi зардаптары болуының мүмкiн екенiн алдын ала
бiлсе, осы зардаптардың болуын тiлемесе де, бұған саналы түрде жол берсе не
бұған немқұрайлы қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады.”– деп
көрсеткен.
Сот-тергеу тәжiрибесiнде қасақаналықтың тiкелей және жанама ниеттерi
олардың интелектуалдық және ерiктi мезеттерi арқылы ажыратылады. Өзiнiң
әрекетiнiң немесе әрекетсiздiгiнiң қоғамға қауiптi мәнiн сезiну және сана-
сезiмi арқылы сол әрекеттен туындайтын қоғамдық қауiптi зиянды болжау
қасақаналықтың интелектуалдық мезетiн құрайды. Ал, болашақ туындайтын
зардаптың болуын тiлеу немесе оның туындауына саналы түрде жол беру
ерiктiлiк мезетiн құрайды. Тiкелей және жанама ниеттер осы ерiктi мезеттерi
арқылы ажыратылып отырады.
Тонау қылмысы субъективтiк жағынан қасақаналық тiкелей ниетпенен
жасалынады, яғни субъект өзiнiң әрекетiнiң қоғамға қауiптi екенiн бiледi,
содан қауiптi залал келетiнiн де бiледi және сондай қауiптi залалдың келуiн
тiлейдi яғни, ол өзiнiң пайдакүнемдiк мақсатын жүзеге асыру үшiн тiкелей
белсендi әрекеттер жасайды.

ІІІ. ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ӨЗГЕ МЕНШIККЕ ҚАРСЫ
ҚЫЛМЫСТАРДАН ЕРЕКШЕЛIГI

3.1 Бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың жалпы түсінігі

Меншік құқығы, меншіктің өзі сияқты қоғамдық өмірде негізгі орынның бірін
алады. Меншік қатынасын нормативтік реттеу Қазақстан Республикасында
мемлекеттің қалыптасуының барлық кезеңінде жүрді. Тарихи тұрғыда Қазақстан
біршама уақыт Ресей империясының, одан кейін КСРО құрамында болып, тек 1991
жылы ғана тәуелсіз мемлекет болды. Республикада меншік құқығы туралы
нормативтік ережелер айтылған мемлекеттердегі қалыптасқан ағымға бағынышты
еді. Меншік иесі құқығы күшінің шектелген саны белгілі бір ауқымнан
шықпауға әрі бақыланбауға тиіс болды, ал меншік иесінің меншікке қатысты
құқығы болса, тар ауқымда қатаң түрде шектеліп отырды. Меншік жеке бастың
еркіндігі ұғымынан туындайтын табиғи құқықты ’’байланыстырғыш” ретінде
байқалды. Жеке адамның меншікке егемендігі мемлекеттің өктемдігіне қарсы
неғұрлым тиімді тосқауыл ретінде қарастырылды. Мемлекеттің шексіз билігін
шектеуді, ағарту, рационалдық және саяси ойдың жаратылыстану-құқықтық
мектептері өркениетті қоғамның институттық негізі ретінде қабылдады.
Қазақстан Республикасында меншік құқығы жөніндегі нормативтік ережелердің
азаматтық-құқықтық дәстүр аясында туындағаны сөзсіз. Әйтсе де сыртқы
сипаттағы белгілі бір тарихи себептерге қатысты өзіндік ерекшелігі де
болды. Ол негізінен мына кезеңдерге бөлінген: 1) революцияға дейінгі кезең
- XІX ғасырдың екінші жартысынан 1917 жылды қоса; 2) кеңестік кезең -1917
жылдан басталып, 20 ғасырдың 80 жылдарының соңы; 3) кеңестен кейінгі кезең
- 80 жылдардың соңынан қазірге дейінгі мезгіл.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6 бабының 1 тармағына сәйкес
Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және
бірдей қорғалады. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз
құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері
заңмен белгіленді. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 188 бабына
сәйкес меншік құқығы дегеніміз, субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын
және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауыша иелену, пайдалану және
оған билік ету құқығы болып табылады [36, 11 б.].
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез-келген
әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне
беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға
мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін
тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен
ауыртпалықтар түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.
Сондықтан да, меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқық нормаларымен
және меншік құқығына қоғамға қауіпті қол сұғушылық жасалғанда қылмыстық
құқық нормаларымен де қорғалынады.
Қылмыстық құқықта меншік иесінің құқықтары меншік нысандарына қарамастан
тең дәрежеде қорғалынады. Меншік нысандарының барлық түрлерінің тең түрде
қылмыстық құқықтық қорғалынуы үшін қылмыстық заң қылмыстық жауаптылықтың
негізін, шегін, қолданылатын санкция түрлерін бірдей етіп белгілеген.
Меншік нысандарының тең қорғалынуы үшін: қылмыстық заң біріншіден, әртүрлі
меншік нысандарына қол сұғатын ұқсас іс-әрекеттерді бірыңғай саралауды
белгілеген; екіншіден, меншікке оның нысандарына қарамастан қол сұғушылық
үшін қылмыстың ауырлататын немесе аса ауырлататын белгілерін де бірдей
белгілеген; үшіншіден, меншік нысандарына қарамастан оған қылмысты қол
сұғушылық үшін заңда жазаның бірдей түрлері және шегі белгіленген.
Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке құқық адамның әлеуметтік
игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде саналады. Сондықтан да, бұл
игілікке қол сұғушылық адамның өз басына қол сұғушылықпен кең мағынада
алғанда пара пар. Меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексінің негізгі міндеттерінің бірі болып
табылады.
Меншікке қарсы қылмыстарды кейде мүліктік қылмыстар деп те атайды. 1922
және 1926 жылдардағы Қылмыстық кодекстердің тиісті тарауларының тақырыптары
осылай деп аталған. Бұл екі түсінік бірдей, себебі меншікке қарсы жасалған
қылмыстардың көпшілігінің заты мүлік болып табылады [37, 87 б.].
Меншікке қарсы қылмыстар деп - мүліктің меншік иесіне немесе өзге
иеленушісіне залал келтіре отырып немесе залал қауіпін тудырумен байланысты
Қылмыстық кодексте көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе
абайсыздық іс-әрекеттерді айтамыз [34, 140 б.].
Меншікке қарсы қылмыстардың топтық объектісін меншік иесінің иелену,
пайдалану немесе оған билік ету құқығын құрайтын меншікке байланысты
қоғамдық қатынастар құрайды.
Меншікке қарсы қылмыстардың тікелей объектісі болып меншіктің кез-келген
нысаны табылады. Меншіктің нақты нысаны қылмыстық жауаптылыққа және адамның
мінез-құлқын саралауға әсерін тигізбесе де, қылмыстық іс бойынша
анықталынуы міндетті болып табылады, себебі: біріншіден, қылмыстық іс
бойынша дәлелдеу затының міндетті элементі; екіншіден, кейбір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі жағдайда пайдакүнемдік - зорлық қылмыс жасаудың детерминанттары
ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫ ҮШІН КӨЗДЕЛГЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ
Алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру қылмысының өзгеде меншіке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардан ерекшелігі
Бандитизм қылмысының криминологиялық сипаттамасы
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жағдайы мен кезеңдері
Автомобильді не өзге де көлік құралдарын заңсыз айдап әкету үшін қылмыстық жауаптылық
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылық және жазадан тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы босату
Қарақшылық бөтеннің мүлкін ұрлаудың ерекше түрі
ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫНА КӨЗДЕЛГЕН ЖАУАПТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Қарақшылықпен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері
Пәндер