Жаңа кесте терезесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

1ТАЛДАУ БӨЛІМІ. . . 5

1. 1 «СарыАрқа» авиатурагентігінің сипаттамасы5

1. 2 Amadeus жүйесінің авиатурагенттігінде қолданылуы және оның кемшіліктері8

2 ЖОБАЛАУ БӨЛІМІ. . . 3

2. 1 Деректер қорын басқарудағы бағдарламалық жүйелер3

2. 2 Реляциялық деректер қорын басқару жүйелері6

2. 2. 1 Кесте құрылымы. Есептегіш өрісі7

2. 2. 2 Байланысты кестелер жөнінде. Кілттік өріс8

2. 3 MS Access. Деректер қорын құру8

2. 3. 1 Кестелермен жұмыс істеу. Кестелер арасындағы байланысты орнату10

2. 4 Қазіргі кездегі деректер қорын басқару жүйелері19

2. 4. 1 Деректермен жұмыс істеуде қолданылатын қазіргі кездегі технологиялар20

2. 5 Delphi ортасы қолдайтын деректер қорлары22

2. 5. 1 Delphi және деректер қоры24

2. 5. 3 Delphi-дегі ДҚБЖ-мен жұмыс істеуге қажетті базалық кластар мен компоненттер29

2. 6 Деректер қорын басқару жүйелерімен жұмыс істеу принциптері мен деректер модулін құру30

2. 6. 1 Деректер көздері31

2. 6. 2 Қолданушылық интерфейсті жобалау32

2. 7 Еңбекті қорғау32

2. 7. 1 Санитарлы-гигиеналық талаптар32

2. 7. 2 Қауіпсіздік техникасы37

2. 7. 3 Өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар40

3 ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ БӨЛІМ. . . 43

3. 1 Деректер қорын жобалау43

3. 2 Қосымшаны сипаттау43

4 ЖОБАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕЛУІ… . . . 47

4. 1 Экономикалық тиімділікті есептеудің әістемелері47

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . 52

ҚОСЫМША А - БАҒДАРЛАМА ЛИСТИНГІ. . . 54

КІРІСПЕ

Ақпараттық қоғамға өту кезеңінде адамды аса көлемді ақпаратты қабылдауға және өңдеуге, оларды қазіргі заманғы құралдармен, әдістермен және технологиялармен игеруге дайындау қажет. Адам бойында ақпаратты қолдануда белгілі бір мәдениет деңгейі болғаны дұрыс. Осыған байланысты ақпараттық мәдениет термині енгізілген.

Ақпараттық мәдениет - ақпаратпен мақсатты түрде жұмыс жасай алу және оның берілуі, өңделуі, тасымалдануы үшін компьютерлік ақпараттық технологияны, қазіргі заманғы техникалық құралдары мен әдістерді қолдана алу.

Қазіргі кезде әлемнің бүкіл мемлекеттері ақпараттандыру процесін жүзеге асыруда. Ақпараттандырудың стратегиясын дұрыс таңдамау немесе оның жеткізіліксіз динамизмі мен мобильділігі мемлекеттің барлық сфераларына зиянды өзгерістер әкелуі мүмкін. Ақпараттандырудың ең алғашқы қадамын жасаған АҚШ мемлекеті екендігі бізге белгілі. Басқа мемлекеттер осы бағыттың артықшылығы мен қажеттілігін түсініп, компьютерлер мен телекоммуникация құралдарын ендіру қарқынын жоғарлата бастады. Ақпараттандырудың екінші деңгейінде - Жапония мемлекеті. Жапондық жобаның мақсаты жекелеген қызметтерді байланыстыру болды. Ол үшін ақпараттың барлық түрі (телефонды хабарламалар, телебағдарламалар, компьютерлік өнімдер) бір ортақ кабельден берілуі қажет еді.

Қазіргі уақытта мемлекетімізде қоғамды ақпараттандыру мақсатында түрлі бағдарламалар (Қазақстан Республикасында электронды үкіметті құрудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған Бағдарламасы), мерекелер (компьютерлік сауаттылықты арттыру үшін тренингті курстар, т. с. с. ) және т. б. ұйымдастырылуда. Бұл біздің қоғамымызда ақпараттық мәдениеттің біршама көтерілуіне өз әсерін тигізді.

Цифрлық технологияларды қабылдамау, оларды әлсіз дамыту болашақтағы ақпараттық қоғамның басымдығы және экономикалық өсуі үшін бүкіл әлемдік жарыста жеңілгенін білдіреді. Нақтылығы бүкіл әлемде ақпараттық кеңістікті шектеуді құра отырып, өндірісті, білімді және адамдардың өмірін түбірімен өзгертеді.

Туризмді ақпараттық технологиялар арқылы аутоматтандыру Қазақстан Республикасының туризм жүйесін жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық маңызды бағыты болып есептелінеді.

Кейінгі жылдары туризм саласында біраз алға ілгерілеушіліктер болды.

Сол себепті дипломдық жұмыстың басты мақсаты - «СарыАрқа» авиатурагентігінің туризміне байланысты деректерді ақпараттық жүйе арқылы қамтамасыз ету. Осы орайда туризм ақпараттық жүйесін Delphi ортасында жасау көзделді.

Осы мақсаттар Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмалармен тығыз байланысты.

Туризм саласының ақпараттық инфрақұрылымын міндетті түрде дамыту қажет. Салалық аутоматтандырылған ақпараттық жүйенің құрылуы Министрліктерді, туризм ұйымдарын және туризмді басқару органдарын біріктіреді және аутоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) негізінде басқарудың жаңа әдістерін енгізуге мүмкіндік туғызады. Туризм жүйесі инфрақұрылымының объектілері бір тұтас транспорттық орта негізінде байланысуы керек.

Дипломдық жұмыс IV тараудан тұрады.

Алғашқы тарауда «СарыАрқа» авиатурагенттігінің мекеме ретінде сипаттамасы, ұжымдық құрылымы, осы авиатурагенттік жұмыс істейтін Amadeus жүйесінің сипаттамасы мен кемшіліктері, авиатурагенттіктің желілік топологиясы қарастырылған.

Дипломның екінші бөлімінде ғылыми жұмыс тақырыбының негізгі обьектісі болып табылатын деректер қорын басқарудағы бағдарламалық жүйелер, оны құру кезінде қолданылатын бағдарламалық жасақтамалардың қысқаша сипаттамасы мен қазіргі кездегі деректер қорын басқару жүйелері негізіне жататын Access-те деректерді ұйымдастыру принциптері мен деректермен жұмыс істеуде қолданылатын қазіргі кездегі технологиялар туралы сипатталады. Сонымен қатар осы тарауда дипломдық жобаның құрылуына арқау болған, оның қайнар көзі болып табылатын Delphi бағдарламалау тілі жайлы, онда деректер қорының жасалу жолдары жайлы толық сипатталады.

Ал үшінші бөлімде туризмнің ақпараттық жүйесін құрудағы қолданылатын бағдарламалық жабдықтар жайлы, оның ішінде бағдарламаның құрылымы мен жұмыс істеу принципі егжей-тегжейлі баяндалады.

Төртінші бөлім ақпараттық жүйенің экономикалық бөлімі қарастырылған.

Дипломдық жұмыс жоғарыда аталған бөлімдердегі теориялық жұмысты, оның практикада қолданылуын дипломдық жұмысты қорғау барысында көрнекі құралдар (слайдта, дипломдық жұмыстың қосымшаларында көрсетілген) арқылы көрсетіледі.

1 ТАЛДАУ БӨЛІМІ

1. 1 «СарыАрқа» авиатурагентігінің сипаттамасы

«СарыАрқа» авиатурагенттігінде Әуежай авиаагенттігінің тарихы 90-шы жылдардан бастау алады. Ол кезде авиаагенттікте авиабилеттерді сатуда дара иелік құқық болды. Қазіргі таңда, нарықтық қатынас жағдайында, сондай-ақ жолаушылардың авиатасымалдарын ұйымдастыру мен іске асыруда, қызметтердің бөлінуінде Қарағанды қаласының халықаралық Әуежай авиатурагенттігінің қызметте үлкен тәжірибесі бар. Авиатурагенттік Қарағанды қаласының сауда және іскер орталығында орналасқан. Авиа кассасы авиа билеттерді барлық бағыттар бойынша тағайындап, сатуға мүмкіндік беретін билеттерді тағайындау және сатудың қазіргі заманғы халықаралық жүйелерімен жабдықталған. Арнайы дайындалған жоғары білікті мамандар тасымалдаушы рейстердің түйісуінде оңтайлы жолын таңдауға көмектеседі. Авиатасымалдарды тағайындау және сату демалыссыз және үзіліссіз екі сервистік орындарында іске асырылады, нақтырақ айтсақ Халықаралық «СарыАрқа» әуежайында кассаларында және қала ішіндегі Бұқар-Жырау 29 көшесінде орналасқан «СарыАрқа»авиатурагенттігінде. Қарағанды қаласында авиабилеттерін сату құқығын оннан аса авиаагенттік қолданады. Дегенмен, «Сары-Арқа» халықаралық Әуежайының авиатурагенттігі Сіздерге авиатасымалдарға қатысты қызмет түрлерін ұсынады.

Билеттерді «СарыАрқа» авиатурагенттікте ала отырып, Сіз «СIР» залында (жайлылығы жоғары зал) төмендегілер бойынша қызмет көрсетуде 50% жеңілдікке ие боласыз:

  • Авиабилеттерді тіркеу, «CIP» залының аумағында жүктерді өлшеп, рәсімдеу;
  • Сізді, Сіздің жүгіңіз бен қол жүгіңізді әуе кемесіне жеңіл автокөлігімен жеткізу;
  • Сізді, Сіздің жүгіңіз бен қол жүгіңізді ұшақ трапында тосып алып, жеңіл автокөлікте аэровокзалға дейін жеткізу;
  • Сіздің рейсіңіз бойынша толық ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • Шекаралық, санитарлық, кедендік тексеріс.

«СарыАрқа» авиатурагенттігінің ұжымдық құрылымына келер болсақ, бұл авиатурагенттік Қарағанды қаласының Халықаралық «СарыАрқа» әуежайының меншігіне жатады. Сондықтан, авиатурагенттігінің бастығының қарамағында төрт агент және бір есепші бар. Ал, авиатурагенттігінің басшысы қамтамасыздандыру Вице-президентіне, бірінші вице-президентке, Халықаралық «СарыАрқа» әуежайы президентіне және директорлар кеңесіне тікелей бағынады (Сызба 1) .

Сызба 1

«СарыАрқа» Авиатурагенттігінің ұжымдық құрылымы (6 бірлік)

Кез келген компьютерлік желіні құру үшін маңызды есептерді шешуден бастау керек:

  • Құрылатын желінің мақсатын анықтау
  • Желінің топологиясын анықтау
  • Желіге тасымалдау ортасын және рұқсат әдісін таңдау
  • Желілік аппараттық және программалық қамтамасыз етуді таңдау
  • Басқаруды ұйымдастыруды таңдау

Компьютерлік желіні құру кезіндегі мақсатты анықтау оны құру кезіндегі негізін салушы тапсырма болып табылады. Берілген тапсырманы дұрыс шешу тек қана құрылатын желінің нәтижелігіне әсер ете қоймайды, сонымен қатар аппараттық және программалық қамтамасыз ету желісін алудың мақсатқа лайықтылығының экономикалық есептеуін жүргізуге мүмкіндік береді.

Осы авиатурагенттіктің желілік топологиясы қажетті есептеу және информациялық процестердің мақсаты мен мінезіне қатысты тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді.

Біртіндеп тарататын конфигурацияның түрі - «жұлдызша-сақина» (star) топологиясы «СарыАрқа» авиатурагенттігінде қолданылады. "Жұлдызша-сақина" топологиясында кабель сегмент көмегімен барлық компьютерлер концентратормен (hub) аталынған орталық компонентке қосылады, яғни «СарыАрқа» авиатурагенттігінің басшысына.

Сурет-1. «СарыАрқа» авиатурагенттігінде қолданылатын «Аралас жұлдызша-сақина» топологиясы

«Жұлдызша» топологиялы компьютерлік желілердің құрылымы оңай және кабельдің бұзылуы кезінде желінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Ал, «Сақина» топологиясында керісінше, желіден бір компьютер істен шықса, қалғаны да істен шығады.

1. 2 Amadeus жүйесінің авиатурагенттігінде қолданылуы және оның кемшіліктері

Amadeus - ақпараттық технологиялардың және ауқымды дистрибутивті үздік жүйесінің (GDS) жетекші провайдері. Ол әлемдік туризм индустриясында және саяхатта маркетинг, сату және дистрибуция қызметтерін ұсынады. Amadeus жүйесі 1987 жылы құрылған. Негізін қалаушылар: Air France, Iberia және Lufthansa ірі әуе компаниялары. Орталық кеңселері Мадридте (Испания), Ниццада (Франция) және Эрдингте (Германия) орналасқан. Amadeus әуе тасымалдау кестесі, тарифтер, елдер, визалық және медициналық шектеулер, ауа-райы және заманауи туризм технология аумағындағы шешімдерінің кеңейтілген деректер қорын ұсынады.

Қазір қазақстандық туристік фирмаларына Amadeus жүйесіне қосылуының 3 түрі ұсынылады. Біріншісі - компьютер мен модемнен басқа құрылғыларды қажет етпейтін Dial Up телефондық нұсқасы, ол сату көлемі 200-400 турдан аспайтын кішігірм турфирмаларға арналған. Орташа турфирмаларға бағдарламалық жасақтамалардан басқа ерекше компьютерлері мен билеттерді баспаға шығаратын арнайы принтерлері бар офисте орнатылатын стандартты нұсқасы ұсынылады. Ірі турфирмаларға өзінің жергілікті (локальды) компьютерлік желілері бар клиент-сервер жүйесі ұсынылады. Турфирманың жергілікті желілік сервері шлюз арқылы орталықтандырылған Amadeus серверімен байланыстырылады. Осылайша, турагенттіктің әрбір терминалы тағайындау жүйесіне кіруге рұқсаты бар. Әрбір жұмыс орынынан Amadeus жүйесіне қосылуы соншалықты қымбатқа түспейді. Amadeus терминалын өз кеңсесінде орнатпас бұрын турагенттік тағайындаудың минималды көлемін орындай алатынын алдын ала болжауы қажет. Мысалы, шығынсыз жұмыс үшін (дәлірек айтсақ абоненттік төлемді жоққа шығару үшін) бір ай мерзімде Amadeus стандартты нұсқасында 575 сегменттік (авиатасымал, қонақүй орны, т. с. с), ал телефондық Dial Up нұсқасын қолданғанда айына 200 сегмент турларды тағайындау қажет. Amadeus компаниясы да әлемдік компьютерлік Internet желісінен тыс қалмайды. Желіде Amadeus ақапараттық сервері жұмыс жасайды (http://www. amadeus. net) . Турагенттіктерге ұсынылатын ең жаңа қызмет түрі - Amadeus Internet-серверінде E-pages деп аталатын өзіндік ақпараттық беттерді құру қажет. Internet-те Amadeus сервері арқылы турларды авоматты түрде тағайындау мүмкіндігі бар.

«СарыАрқа» авиатурагенттігі де осы Amadeus жүйелік ортасын қолданады. Бұл жүйенің ең басты артықшылықтарының бірі дүниежүзі бойынша турагенттіктер мен авиакомпания кеңселері әлемдегі рейстердің жалпы санының 95% құрайтын 500 авиакомпанияларының рейстерін тағайындай алады. Сонымен қатар, жүйе 252 қонақүй тізбегінен тұратын 76000 мейманханаға, 36000 сату кеңселеріне қызмет көрсететін жеңіл көліктерді жалға беретін 22 компанияға қатынауға және паромдарда, теміржолдарда тасымалдау круиздер мен турларды тағайындау сақтандыру полистерін алуға мүмкіншілік туғызады.

Осы авиатурагенттікте кәсіптік тәжірібиені өткенде Amadeus жүйесінің келесідей кемшіліктерін аңғардым: жүйе тек ағылшын тілінде болғандықтан отандық операторлардың жүйеде тиімді, сондай-ақ қатесіз жұмыс істеу мүмкіншілігін кемітеді. Сол себепті турларды, бизнес-сапарларды қазақ тілінде тағайындауға мүмкіншілік туғызады деген ниетпен осы жүйенің қазақ тілдегі аналогының бастамасын ұсынып отырмын. Сонымен қоса қазақстандық бағдарламалаушыларға Amadeus жүйесіне арналған қазақ тілді қосымша бағдарламалық жабдықты ұйымдастыруға ұсыныс жасаймын.

2 ЖОБАЛАУ БӨЛІМІ

2. 1 Деректер қорын басқарудағы бағдарламалық жүйелер

Деректер қорын басқару жүйесі класына жататын нақты бағдарламалық өнімдерге қысқаша тоқталайық. Жалпылама деңгей бойынша барлық деректер қорын басқару жүйелерін былайша жіктеуге болады:

• кәсіби немесе өнеркәсіптік;

  • дербес.

Деректер қорын басқару жүйесінің кәсіби (өнеркәсіптік) түрі ірі экономикалық объектілерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін жасауға арналған бағдарламалық негізді береді. Оның қорында басқару кешендері мен үлкен мекемелердің, оның ішінде банктер мен тұтас өнеркәсіп салаларының ақпараттарын өңдеу құрылады. Деректер қорын басқару жүйесінің кәсіби түрінің қызметіне кіретін ең алғашқы шарттарына мыналар жатады:

  • өте көп қолданушылардың қатар орындалатын жұмысын ұйымдастыру мүмкіндігі;
  • басқаратын объектінің пропорционал түрде кеңею жүйесінің өсу мүмкіндігі; әртүрлі аппараттық және бағдарламалық платформаларға көшуі;
  • әртүрлі қақтығыстарға байланысты орнықтылығы, оның ішінде сақталатын ақпаратты резервтеудің көп деңгейлі жүйесінің бар болуы;
  • сақталған ақпараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға қатынауға арналған дамыған құрылымдық жүйелердің бар болуы.

Қазіргі кезде деректер қорын басқару жүйесінің өнеркәсіптік түрінің даму кезеңі айтарлықтай болып отыр. Негізінен 70-жылдардың аяғы мен 80-жылдардың басында үлкен есептеу машиналарының негізінде құралған автоматтандырылған жүйелерде Adabas деген деректер қорын басқару жүйесін қолданды. Ал қазіргі кезде деректер қорын басқару жүйесінің кәсіби түрінің негізгі бағдарламалық өнімдері қатарына Oracle, DВ2, Sybase, Informix, Progress бағдарламаларын жатқызуға болады [1, бет. 5] .

Oracle деректер қорын басқару жүйесінің негізін американдық ғалымдар (Ларри Эллисон, Роберт Майнер и Эдвард Оутс) қалаған. Олар осыдан жиырма жыл бұрын Relational Softwarе Inc. компаниясын құрып, алдарына Э. Ф. Кодд пен К. Дж. Дейттің жасаған идеялары мен жұмыстарын іске асыруды мақсат етіп қойып, солар арқылы белгілі жүйе жасауды қолға алды. Олардың жұмыстарының нәтижесі тасымалданатын деректер қорын басқару жүйесінің реляционды түрі - 50М атты базалық тілді құрды. 1979 жылы тапсырыс берушілерге осы компания тарапынан Digital Equipment Corporation фирмасының PDP-11 мини-компьютерлеріне Oracle-дің жаңа нұсқасы ұсынылды. Олар бірден RSX-11, IAS, RSTS және UNIХ сияқты бірнеше операциялық жүйелерге тапсырыс берді. Кейінірек Oracle VAX VMS атты операциялық жүйесімен басқарылатын VAX компьютерлеріне ауыстырылды. Бағдарламалық кодтың басым көпшілігі ассемблер тілінде жазылды. Сондықтан жүйені жаңа платформаға ауыстыру процесі айтарлықтай қиындықтар туғызды. Oracle-дің кезекті үшінші нұсқасының айырмашылығы мен ерекшелігі оның толығымен С тілінде жазылуында еді. Бұл шешім жүйенің басқа жаңа платформаларға ауысуына, оның ішінде UNIX-ке ауысуына өз септігін тигізді. Жаңа версияның (1983 жыл) негізгі ерекшелігі оның транзакция концепциясын қолдай алатынында болатын. Шамамен сол уақытта фирма жаңа атпен атала бастады. Жаңа аты Oracle Соrporation. Ол деректер қорын басқару жүйесін жасаушылардың үздігі болды. Oracle-дің төртінші нұсқасы өзі қолдайтын платформалар мен операциялық жүйелер тізімінің кеңейгендігі бойынша өзіндік сипат алды. Oracle үлкен ЭЕМ фирмасы IBM-ге (мэйнфреймдер) және MS-DOS-тың басқаруымен жұмыс істейтін дербес компьютерлерге ауысты. Осы төртінші версияда деректер қорының тұтастығын қолдайтын технолгияны дамытуда маңызды қадам жасалды. Көп қолданушылар тұтынатын жүйелер үшін Oracle-дің «оқу кезінде қайшылыққа қарсылығын» қолдайтын шешімі ұсынылды. Бесінші нұсқада «клиент-сервер» архитектурасын қолдайтын деректер қорын басқару жүйесі іске асырылды. Oracle-дің одан кейінгі нұсқалары транзакцияларды өңдеуші үлкен масштабты жүйелерді құру, енгізу/шығару жүйелерін іске асыру әдістерін өзгерту, буферге алу, қосалқы қатынауды басқаратын ішкі жүйелер, көшірме алу, қалпына келтіру мүмкіндіктерін бере алатындай күйге жетті. Сонымен қатар симметриялық мультипроцессорлық архитектураларды қолдау жүйесі іске асырылды [2, бет. 11] .

Ingres атты деректер қорын басқару жүйесінің жобасы және тәжірибелік нұсқасы Беркли университетінде деректер қоры саласында аты әлемге әйгілі ғалымдар мен оқымыстылар арасындағы ең танымал ғалым Майкл Стоунбрейкердің басшылығымен жасалынды. Құрылған күнінен бастап Ingres деректер қорын басқару жүйесі мобильдік жүйе сияқты жасалына бастады. Ол UNIX операциялық жүйесінің қолдауымен жұмыс істеді. Igres-тің бірінші версиясы 16-разрядты компьютерлерге есептелініп жасалынды және PDP сериялы машиналарда ғана жұмыс істеді. Бұл университеттерде тегін қолданылатын ең алғашқы деректер қорын басқару жүйесі болып табылды. Ізінше Стоунбрейкер бастаған топ Ingres-ті UNIX BSD операциялық жүйесіне ауыстырды, бұл да сол Беркли университетінде жасалынды. 80-жылдардың басында RTI (Relational Technologyу Inc. ) компаниясы құрылды, ол ол Ingres жүйесінің коммерциялық нұсқасын жасап, оны алға қарай дамуына үлесін қосты. Қазіргі кезде Ingres-тің коммерциялық нұсқасы қолдау тапқан әрі дамыған, оны Computer Associates компаниясы сатып, ауқымын кеңейтуде. Бұл жүйе қазіргі кезде дамыған коммерциялық реляционды жүйе болып отыр.

Жоғарыда айтылған біржақты пікірлер (Oracle жүйесі үшін) әмбебап сипат алады және басқа бағдарламалық өнімдердің даму жолын анықтайды. Бұл қазіргі нарық жағдайында қалыптасқан үлкен бәсекелестік жағдайды туғызып отыр.

Деректерді басқарудағы дербес жүйелер - жергілікті қолданушы немесе бірнеше қолданушы топтарының тапсырмаларын шешуге бағытталған және микро ЭЕМ-дерде (дербес компьютерлерде) қолдануға арналған бағдарламалар. Дербес жүйелерді анықтаушы сипаттамаларға мыналар жатады:

  • эксплуатацияның қарапайымдылығы, бұл дегеніміз жұмыс істейтін қосымшаларды «жай» қолданушылардың да құра алатындығы, яғни соншалықты дағдылықтың, шеберліктің қажеті шамалы;
  • аппараттық ресурстарға талаптар біршама шектелген.

Барлық аталған жүйелер өздерінің даму жолында біршама құрылымдық сипаттардан тұрады. Олардың бірнешеуіне тоқталып өтсек:

  • құралдарды құру процесін, деректерді манипуляциялайтын автоматтандыратын визуальды интерфейстің бар болуы, оларға экран формаларын, шаблондардын, есептерді, сұранымдарды және т. с. с. жатқызамыз;
  • сұхбаттық режимде деректер қорының объектілерін құрушы саймандардың бар болуы:

Paradox-та Experts, Access-те Wizards, Арргоаch-та Assistants;

  • біріккен деректер қорын басқару жүйесі аймағында бағдарламалық кеңейтілулерді құрудағы жетілдірілген жабдықтардың болуы: Рагаdox-та РAL қосымшасын құру, Ассеss -те VBA-ны (Visual Basic for Applications) құру;
  • деректерді басқаратын әмбебап т ілдердің бірін-бірі қолдауы.

Кейінгі жылдары кәсіби және дербес жүйелер арасында шекарасыз тенденция қалыптасты. Ең бірінші кезекте жүйені жасаушылар өз өнімдерін потенциялды нарықты барынша кеңейтуге жұмылуда.

Деректер қорын басқару жүйелерін құру кезінде қолданылатын бағдарламалық жүйелерге қысқаша сипаттама бере кетсек:

Microsoft компаниясының бағдарламалық өнімдерін, оның ішіндегі Visual FoxPro 3. 0, Visual Basic 4. 0, Visual С++, Access 7. 0, SQL Server 6. 5. бағдарламаларын толығырақ қарастырайық. Осы бағдарламалық пакеттердің ерекше белгісі болып олардың деректерді қолдану мен бірігіп жұмыс істеу сияқты интеграциялық үлкен мүмкіндіктері табылады. Өйткені бұл пакеттер бір өндірушінің өнімі. Сонымен қатар деректермен алмасуға ұқсас технология.

Visual FoxPro өзіндік жоғары жылдамдығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар диалекттері көптеген деректер қорын басқару жүйелерінде орнатылған xBase және SQL-ді қолданатын дайын объектті-бағытталған бағдарламалау тілінен құралған. Объекттік моделдің жоғарғы деңгейінен тұрады. Есептеу желілерінде қолданылғанда деректерге қолданушылардың қатынауының жекелеген түрін де, монопольды түрін де қамтамасыз ете алады [3, бет. 15] .

Access ең танымал Microsoft Office пакетінің құрамына кіреді. Негізгі ерекшеліктері: деректердің жоғарғы тұрақтылығы, меңгеруге жеңіл, кәсіпқой емес бағдарламалаушы қолдана алады, әртүрлі форматта деректер қорынан есеп беру түрлерін дайындауға мүмкіндік береді. Кез келген формадағы есеп беру түрлерін әртүрлі деректер үшін құруға және коммерциялық емес қосымшаларды өңдеуге арналған.

Visual Basic - бұл диалекттері Access, Visual FoxPro-да орнатылған әмбебап объектті-бағытталған бағдарламалау тілі. Ерекшеліктері: әмбебаптылығы, OLE компоненттерін құру мүмкіндігі, ЭЕМ-нің аппараттық ресурстарына деген талаптары азғантай. Деректерді өңдеудің үлкен интенсивтілігімен, OLE компоненттерін өңдеумен, Microsoft Office компоненттерін интеграциялаумен байланысы жоқ орташа қосымшаларды құру үшін қолданылады.

Visual C++ - ең қуатты объектті-бағытталған бағдарламалау тілі. Жылдамдығы бойынша күрделі болып табылатын операцияларды орындауға арналған қосымшалар компоненттерін құруға арналған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәлімет қоймасын құру қадамы
Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ). Негізгі ұғымдар. МҚБЖ - нің функционалды мүмкіндіктері. МҚБЖ - мен жұмыс істеу негіздері
Мәліметтер қорының терезесі
MS Access деректер қорын басқару жүйесі
«Кино жұлдыздары» мәліметтер қорын құру.
Visual basic-ті оқыту әдістемесі
Кітапхана жұмысын автоматтандыру туралы ақпарат
БҚЖБ программалық жүйелері
Меню командаларын таңдау
Автосалон жұмысының деректер қорын жобалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz