Бұрғылау құбырларын төзімділікке есептеу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 122 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Нормативті сілтемелер . . .

Анықтамалар . . .

Белгілеулер мен қысқартулар . . .

Кіріспе . . .

1 Геологиялық бөлім . . .

2 Технологиялық бөлім . . .

2. 1 Ұңғымада қиындықтар туатын интервалдарды анықтау . . .

2. 2 Жуу сұйықтығының қасиеттері мен типі . . .

2. 3 Ұңғыманың конструкциясы . . .

2. 4 Тау жынысы қимасының физико-механикалық қасиеттерін талдау . . .

2. 5 Ұңғыма қабаттарын бұрғылану бойынша интервалдарға бөлу . . .

2. 6 Қашау түрін және оның шаю түйінін таңдау . . .

2. 7 Бұрғылау тәсілін таңдау . . .

2. 8 Бұрғылау бағанасын есептеу және жабдықтауды негіздеу . . .

2. 9 Бұрғылау режимін жобалау . . .

2. 10 Бұрғылау тізбегін беріктікке есептеу . . .

2. 11 Ұңғыма профилін жобалау . . .

2. 12 Ілмектегі жүктемені есептеу. Бұрғылау қондырғысын таңдау . . .

2. 13 Геологиялық-техникалық нарядты құру . . .

2. 14 Бұрғыдағы апаттар мен қиыншылықтар . . .

2. 15 Жеке тапсырма (СӨЗЖ) . . .

3Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі . . .

4 Экономика және бизнесті жоспарлау . . .

5 Қоршаған ортаны қорғау . . .

6 Автоматика . . .

Қорытынды . . .

Түйіндеме (екі тілдегі қысқаша қорытынды) . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .

Тіркемелер . . .

Спецификациялар . . .

Нормативтік сілтемелер

  1. СТ РК 1252-2004 (ИСО 10400:1993, MOD) . Промышленность нефтяная и газовая. Формулы и расчеты по определению характеристик обсадных, насосно-компрессорных, бурильных и трубопроводных труб.
  2. CT PK 1253-2094 (ИСО 14310:2001, MOD) . Промышленность нефтяная и газовая. Скважинное оборудование. Пакеры и пробки-мосты.
  3. СТ РК 1254-1-2004 (ИСО 15136-1-2001, MOD) . Оборудование скважинное для нефтяной и газовой промышленности. Системы глубинных насосов с полостью для механизированной добычи. Часть 1. Насосы.
  4. СТ РК 1256-2004 (ИСО 10405-2000, . NEQ) . Промышленность нефтяная и газовая. Буровые растворы. Лабораторные испытания.
  5. СТ РК 1258-1-2004 (ИСО 10426-1-2000 NEQ) . Промышленность нефтяная и газовая. Цементы и материалы для цементирования скважины. Часть 1. Технические условия.
  6. СТ РК 1259-2004 (ИСО 10428-1993, NEQ) . Промышленность нефтяная и газовая. Насосные штанги (укороченные, насосные шланги, полированные штоки глубинного насоса, муфты и переводники) . Технические условия.
  7. СТ РК 1260-2004 (ИСО 10431-1993, NEQ) Промышленность нефтяная и газовая. Насосные установки. Технические условия.
  8. СТ РК 1260-2004 (ИСО 10431-1993, NEQ) . Нефтяная и газовая промышленность. Буровое и эксплуатационное оборудование, подъемное оборудование.
  9. СТ РК 1264-2004 (ИСО 13678-2000, MOD) . Нефтяная и газовая промышленность. Оценка и испытание резьбовых соединений для обсадных, насосно-компрессорных труб и трубопроводов.
  10. СТ РК 1266-2004 (ИСО 16070-2001, MOD) . Промышленность нефтяная и газовая. Оборудования для бурения скважин. Оправка для посадочного ниппеля и посадочный ниппель.

Анықтамалар

Бағыттауыш - сағаның шайылуынан қорғаныс, бұрғылау ерітіндісінің шығатын ағысының циркуляциялау жүйесіне канализациясы ретінде қолданылады.

Кондуктор - жер асты суларының тегеурінді қабаттарын жабу үшін және сағада грифон түзілуге жол бермеу үшін қолданылады. Түсірілу тереңдігі ұңғыманың нақты ашылған қимасы бойынша анықталады.

Аралық тізбек - турон-сенон шөгіндісінің жоғарғы бөлігіндегі тұрақсыз жыныстарды жабу үшін және лақтырылуға қарсы жабдықты орнату үшін қолданылады.

Пайдалану тізбегі - мұнай және мұнайгаз қабаттарын жауып, ажырату үшін және оларды тізбекте сынау үшін.

Ұңғыма бойынша уақытылы тасымалдау мен бұрғылау процесінде кернді сақтау және тау жыныстарының массивінен үзуді қабылдауды қамтамасыз ететін аспаптарды керн қабылдауыш немесе колонкалы аспаптар деп атайды.

Тіршілік қауіпсіздігі дегеніміз тиісті заң және басқа да нормативтік актілердің негізінде еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығымен жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ету, әлеуметтік - экономикалық ұйымдастыру, техникалық және емдеу туралы аурудың алдын алу шарасын белгілейді.

Коллекторды қалыптастыратын ең көп орналасқан минерал кремнезем деп аталады.

Бұрғылау режимі деп субъективті факторлар кешенін түсінеді. Олар тау жынысын бұзушы құралдың ұңғыма түбінде тиімді жұмысын анықтайды. Осы факторлардың әрқайсысы режимдік параметрлер деп аталады

Еңбекті қорғау міндеті адам өмірінің қызметінің қалыпты шарттарын қамтамасыз ету, адамды және табиғи ортаны нормативті - мүмкін деңгейден асатын қауіпті және зиянды факторлар әсерінен қорғау болып табылады

Аумақ 2 - ауаның немесе газдың өрт қауіпті қоспаларының пайда болу мүмкіндігі өте аз, ал пайда болған жағдайда да аз уақыт көлемде бөлінетін кеңістік.

Жерсілкінісі - жерасты соққылары мен жер бетінің дірілдеуі және көп көлемдегі энергия бөлінулер болатын жердің ішкі күшінің қуатты білінулері.

Техникалық бұрғылау жылдамдығы - ұңғыманы бұрғылауда техникалық қажетті жұмыстар өнімділігін сипаттайтын көрсеткіш.

Автоматтандыру іс - әрекеттерін атқаратын құралдар техникалық сипаттамалары, метрологиялық көрсеткіштері жоғары, пайдалану мерзімі ұзақ, қазіргі заманның талаптарына сай приборлардан, кешендерден құрылуы тиіс.

Белгілер мен қысқартулар

ЖК - жалпы көрініс;

ОҚО ҒТК - Оңтүстік Қазақстан облысының ғылыми техникалық кітапханасы;

СК - керн алғыш снаряд;

АБҚ - ауырлатылған бұрғылау құбыры;

СНиП - санитарлық норма және ереже;

МЕСТ - мемлекеттік стандарт;

АҚ - ашық қоғам;

ОҚМУ - Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті;

КТД - колонкалы турбиналы қашау;

КТО - көтеру - түсіру операциялары;

МРП - төлемнің айлық есебі.

ББ - белгі бергіштер;

СИ - санды индикаторлар;

АИ - аналогты индикаторлар;

ЖР - жекеленген реттегіштер;

БСП - басқару станциялары және панелдері;

БТ - бейнетерминал;

ДБ - диспетчерлік шұғыл байланыс аппаратурасы;

ӨСБ - өндірістік сөз дауысты байланыс аппаратурасы.

L - бұрғылау тереңдігі, м;

D - бұрғылау құбырлары жұмыс істейтін шегендеу құбырының диаметрі, мм;

n - қашаудың айналу жиілігі, айн/мин;

Р д - қашауға түсірілетін осьтік жүктеме, МН;

D д - қашау диаметрі, мм;

γ р - бұрғылау ерітіндісінің меншікті салмағы, кг/м 3 ;

l УБТ - АБҚ ұзындығы, м;

Q УБТ - АБҚ салмағы, Н;

F т - бұрғылау құбырының көлденең қимасының ауданы, м 2 ;

К - үйкелу күшінің әсерін, бұрғылау ерітіндісінің қозғалысына кедергі күші және инерция күштерінің әсерін ескеретін коэффициент;

Q Б. Т. - бұрғылау құбырларының салмағы, Н;

Р 0 - қашаудағы қысым, МПа;

F к - құбыр каналының көлденең қимасының ауданы, 8. 20 кестеден [5] алынады, м 2 .

L - тізбек ұзындығы, м;

d н - бұрғылау құбырларының сыртқы диаметрі, м;

n - айналу жиілігі, айн/мин.

Кіріспе

Қазақстан Республикасында жаңакен орындарынды игерумен бiрге басқа өңделiп жатқан кен орындардан мұнай өндiрудi жалғастыра беру керек. Осыған өңделiп жатқан Түп-Қараған кен орны жатады. Осыған байланысты өңдеу процессiн дәлдендiру мен уақытылы таңдау таласты сұрақ тудырады.

Өзінің ғасырлық Қазақстан Республикасы мұнайымен зерттелген қорындарды дамыту мақсаты көлемі бойынша отызыншы орынды, газ және конденсаттанан бесінші, мұнай өндіру деңгейі бойынша дүние жүзінде жиырма сегізінші орынды алатын дүние жүзінің ірі мұнай өндіретін елінің біріне айналды. Қазақстан ТМД елдері ішінде зерттелген мұнай қоры және мұнай өндіру деңгейі бойынша берік екінші орынға, ал конденсатпен газ қоры бойынша төртінші орынға ие.

Қазақстан Республикасы қорлардың ірі шикізат базасына ие ғана емес сонымен қатар айтарлықтай көп болжанған ресурстарға да ие.

Республиканың болжанған мұнайының алынатын қоры құрлықта 7, 8 млрд. тоннаға бағаланады, мұнда олардың 2/3 Батыс Қазақстанда шоғырланған. Республиканың болжанған газ қоры 7, 1 трлн. метр кубке бағаланады.

Мұнай мен газдың үлкен перспективасын Каспий теңізінің Қазақстанға тиісті секторы қойнауымен байланыстыруда. Каспий теңізінің солтүстік-шығыс секторында Шығыс Түп-Қараған құрылымында барлама ұңғымалар бұрғылау нәтижесінде мұнай мен газдың өндір-стік қоры анықталған.

Түп-Қараған кен орны 2000 жылы ашылған, ол Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің шельфтік зонасында орналасқан.

Түп-Қараған кен орны Қазақстанда мұнай өндіру тәжірибесінде, Каспий шельфінде игеріле бастаған алғашқы кен орын болып табылады. Өнімді қабаттары 4500 метрде орналасқан, көмірсутектер қоры бағдар бойынша 7млрд. тонна мұнайды құрайды, қабат флюидінде қышқылды компоненттердің (күкіртсутек, көмірқышқыл газы) мөлшері айтарлықтай. Осы берілген факторлар жабдықтарды және әртүрлі кәсіпшілік арналудағы құбырларды дайындайтын материалдарға қойылатын жоғары талаптарды, ұңғыма сағасын жабдықтау және жабдықтардың барлық жүйесінің саңылаусыздығының қамтамасыз етілуін бақылау және реттеудің сенімді жүйесін қолдануды анықтайды.

Солтүстік Каспийдің Түп-Қараған кен орнын игеру мен пайдалануда қиындықтар туғызатын белгілі бір ерекшеліктері бар, ол теңіз деңгейінің өзгеруімен, теңіз дауылдарымен, қысқы мерзімде мұздық жабынының болуымен, сондай-ақ халықаралық маңызы бар био ресурстарға ие жоғарғы экологиялық сезімталдығымен ерекшеленетін тайыз сулы аймағында орналасқан.

Жасанды аралдарды - бермдерді қолданумен жұмысын жүргізетін Түп-Қараған кен орынындағы «Сұңқар» баржасы осы талаптарға сай мұнаймен газды фонтандық тәсілмен игеруде. Болашақта уақыт өте келе игерудің фонтандық тәсілі тоқтап Теңізлі тәсілге көшеді. Осыған сай Теңізлі тәсілдің технологиялық жабдығын дұрыс таңдау кен орынынның экономикасына жақсы әсер етеді Теңізлі. технологияны енгізу қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін талаптарға сай болуы керек. Ұсынып отырған дипломдық жоба осы мәселелерді шешуге арналған.


1 Геологиялық бөлім

  1. Тектоника

Түп-Қараған құрылымы тектоникалық тұрғыдан Каспий маңы ойпатының борттық аймағының оңтүстік бөлігінде орналасқан (1. 3. 1сурет) . Ол оңтүстігінде Карпин қатпарлы белдеуімен, шығысында Урал тауларының қатпарлы белдеуімен, ал солтүстік және батыс шекаралары Шығыс Еуропалық материгінің (Орыс платформасы) шығыс шегімен қалыптасады.

Түп-Қараған карбонаттық құрылымы артин саздарымен және кунгур тұздарымен бөлінген фамен (жоғарғы девон) ярусынан баликир (орта тас көмір) ярусына дейінгі шөгінділермен көрсетілген. Алдыңғылары осында бар көмірсутектер кеніші үшін қақпақ қызметін атқарады. Кен орынның геологиялық үлгісі құрлықтағы ұқсас құрылымдар, атап айтқанда - Теңіз, Қаратон, Королевская, Тәжіғали, Пустынная құрылымдары туралы мәліметтер негізінде алынған және құрылымның шығыс, батыс бөліктеріндегі бұрғыланған Шығыс Түп-Қараған -1, 2 және Батыс Түп-Қараған -1 ұңғымаларын бұрғылаумен дәлелденген.

Крунгур тұздары шөгінділері бойынша (П1 қабатын көрсететін) Түп-Қараған құрылымы беті үлкен дәрежеде тегіс және иілу бұрышы 50-60 күрт құламалы иірімді кең платформа болып табылады [5] . Құрылымның екі кең платформалық бөлігі бар: ені 15км ермен байланысқан Шығыс және Батыс Түп-Қараған . Қалыптасқан тұзасты массив оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа бағытталған және оңтүстік-батыста -3800м. -4300м. тереңдіктен оңтүстік-батыс бағытта иілген. Шекті тұйық изогипса анықталған 4950м. және Түп-Қараған ның солтүстік-шығыс шекарасындағы ермен шектеледі, мұнда құрылым Қайраң құрылымымен шектеседі. П1 қабатын кескіндейтін берілген изогипса бойынша құрылымның тұйықталуы үш сейсмикалық профилдермен дәлелденген. Дөңес амплитудасы 1000м. және өлшемдері 75х75км. ШҚ-1, БҚ-1 ұңғымаларын бұрғылау мәліметтері бойынша құрылымдар құрылысы негізінен [6, 7, 8] дәлелденеді.

2Д сейсмобарлау жұмыстарының нәтижесі бойынша алынған П2 қабатын (таскөмір карбонаттарыныңжабыны) кескіндейтін құрылымдық карта ШҚ-1 ұңғымасын бұрғылау мәліметтерімен анықталған болатын. 4620м. изогипса шегінде құрылым өлшемі 75х75км. және дөңес амплитудасы 760м.

Cурет. 1. 1

Каспий маңы ойпатындағы Түп-Қараған кен орнының орналасуы

1. 2 Жұмыс ауданының орогидрографиясы

Түп-Қараған кен орыны Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің шельфтік аймағында орналасқан, ол әкімшілік жағынан Атырау облысына қарайды. Кен орынның солтүстік-шығыс шекарасы Атырау қаласынан 75км қашықтықта орналасқан. Аджип ККО іс-әрекеті аймағына Түп-Қараған кен орны орналасқан акватория бөлігі ғана емес, сондай-ақ Атырау, Маңғыстау облыстарының теңіз жағалаулары да кіреді. Осы аймақтың әкімшілік орталықтары Атырау және Ақтау қалалары болып табылады. Осы аймақтардың теңіз жағалауларына адамдардың қоныстануы біркелкі емес, жағалаудың өзін мезгіл-мезгіл су басуымен байланыстың жоқтығынан аз қонысталған, бірақ жағалаудың адамдар қоныстанған аймағында халықтың тығыздығы (квадрат километрге 6 адамнан) обылыс бойынша қоныстануға (квадрат километрге 3-3, 9 адамнан) қарағанда жоғары.

Балық шаруашылығы дамыған Урал дельтасы ауданында ауыл халқының қоныстану тығыздығы тырмалы жоғары. Сондай-ақ мұнай-газ өндіру региондарындада халықтың қоныстану тығыздығы анағұрлым жоғары.

Өндірістік іс-әрекеттің барысында жер қойнауын пайдаланушыға қиыншылық тудыратын Солтүстік Каспийдің белгілі бір ерекшеліктері бар. Негізгі ерекшеліктері мынадай:

тайыз сулы (0-10м) ;

түсінілуі қиын теңіз деңгейінің ұзақ уақыт өзгеруі;

қыс мезгілінде мұз жабынының қалыптасуы, теңіз конструкциясының айналасында мұздардың қозғалысы;

температураның мезгіл аралық өзгергіштігінің жоғарылығы;

биологиялық өнімділігі жоғары аймақтардың, әсіресе Орал және Жайық дельтасында, солтүстік жағалаудағы су өсімдіктерінде және кең байтақ жағалаулық тайыз суларда болуы;

бағалы қызыл балық түрлерін қоса, әр түрлі балық түрлері жүретін, көбейетін және қоныс аударатын басты аймақтардың болуы;

ұя салу мерзімінде, көктемгі-жазғы мерзімде немесе осы аудан бойынша көктемде және күзде қоныс аударғанда жағалау аймақтарын пайдаланатын халықаралық маңызы зор су құстарының көп санының болуы;

берілген аймақта күзден көктемге дейін тіршілік ететін және қыста мұз

үстінде көбейетін Каспий итбалықтарының популяциясының үлкен бөлігінің болуы;

Солтүстік Каспий жоғарғы экологиялық сезімтал аймақ болып табылады. Мұнда жағалаулық аймақта тіршілік ететін халықаралық маңызы бар құстарды, балықтарды және қысқы мерзімде Каспий итбалықтарының жоғарғы популяциясын қосқанда маңызды биоресурстар бар. 1974 жылы ҚазақССР министрлер кабинеті Каспий теңізінің солтүстік аймағын табиғаты қорғалатын аймақ деп белгіледі, бірақ бұл 1991 жылы зерттеуге мүмкүндік беретін жарлықпен өзгертілді.

Екі айқын көрінетін жыл мерзімі бар. Жазғы мерзім (мамыр-қазан) жоғарғы температурамен сипатталады, қысқы (қараша-сәуір) мерзім төмен температурамен және жағалауға жақын тұтас мұз жабынымен, Шығыс Түп-Қараған да тұтас мұз жабынының үздік-үздік болуымен, сондай-ақ мұздар қозғалысымен сипатталады. Объектіде орташа күндізгі температура амплитудасы +30, -30 о С аралығында. Экстремалды тұрақсыз температура диапазоны +40, -40 о С аралығында. Көктемде теңіз температурасының ең төменгі мәні орташа алғанда наурызда -0, 8 о С, ал ең жоғарғы мәні орташа алғанда 24, 7 о С, бұл қыркүйекте байқалады. Теңіз бетінің салқындауы тамыздың аяғында, қыркүйектің басында басталады. Қысқы мұз жабыны әдетте қарашадан наурызға дейін сақталады.

Желдің орташа жылдық жылдамдығы 5-6м/с. Қаңтардан сәуірге дейін желдің ең жоғарғы жылдамдығы байқалады. Тарихи мәліметтер бойынша жел жылдамдығы 15м/с -тан асып кететін жылына орташа алғанда 30-40 күн бар. Әдеби мәліметтерге сәйкесті ең күшті борандарда солтүстік жел жылдамдығы 40м/с.

Каспийдің солтүстік-шығысының бұлттылығы да айқын көрінетін мерзімдік өзгергіштігі бар:

орташа алғанда қыста жағалаудағы бұлттылық ашық теңіз үстіндегі бұлттылықтан төмен;

көктемде теңіз үстіндегі бұлттылықтың орташа балы жағалау үстіндегіден төмен;

жазда жағалау үстіндегі бұлттылықтың орташа балы теңіз үстіндегіден төмен;

Солтүстік Каспийдің шығыс жағалауы Каспий теңізінің басқа регионына қарағанда құрғақ, себебі регионда жауын-шашынның көп түсуін қамтамасыз ететін, Атлант мұхитының ылғалды ауа массасы әлсіз келеді. Соңғы 50 жылда жауын-шашынның орташа жылдық түсу нормасы 210 мм құрады. Жауын-шашынның түсу ұзақтығы қысқы айларда жауын-шашынның жалпы саны минималды болғанда жоғары, ал қардың жаууы, мысалы боран болғанда максимумға жетеді. Жазда жаңбырлар қысқа мерзімді, бірақ күшті. Теңіздің солтүстік-шығысында судың салқын бетіне континенттен анағұрлым жылы ауа ағысының келуі себебінен наурызбен сәуірде тұман түсуі анағұрлым жиі болады. Тұмандардың болуының орташа ұзақтығы 7-8 сатыны құрайды.

Іс әрекет ету аймағы теңіз түбі жазық және иілген баурайлардан тұрады. Солтүстік-шығыс Каспийдің балық жерінде су тереңдігі тайыз және тұрақсыз. Солтүстік-шығыс Каспийдің 80%-ң тереңдігі 5 метрге жетпейді. Батыс Түп-Қараған учаскісінде тереңдік 7-8 метрді, ал шығыс Түп-Қараған учаскесінде 3, 6-4, 8 метрді құрайды. Теңіздің орташа деңгейінің айтарлықтай ұзақ уақыт тербелісі байқалады. Каспий теңізінің деңгеиі 1975 жылдан 1977 жылға дейін 3 метрге түскен, бірақ 1977-1994 жылдар аралығында 2, 4 метрге көтерілген. Орташа жылдық деңгейі 1995-1996 жылдары 0, 2 метрге қысқарған, бірақ 1997-1999 жылдары аралығында тұрақты болып қалған.

Сондай-ақ судың орташа мерзімдік деңгейі де өзгереді. Жазда орташа алғанда су деңгейі теңіздің орта жылдық деңгейінен 0, 2 метрге жоғары, қыста 0, 1 метрге төмен және су мұз жамылып жатады. Астрономиялық судың көтерілуі тәжірибеде болмайды.

Желдің әсерінен әдетте 0, 5тәуліктен бірнеше тәулікке дейін болатын су деңгейінің өзгеруі орын алады. Шығыс Түп-Қараған да 0, 3-0, 4 метр шегінде болатын судың түсуімен көтерілуі жылына бірнеше рет болады. Толқын биіктігі жел аумағынан, су тереңдігінен, теңіз деңгейінің рельефінен тікелей тәуелді болады. Шығыс Түп-Қараған да ең үлкен толқын биіктігі 1-2 метрге дейін бағаланады, ал Батыс Түп-Қараған да су тереңдігінің артуымен толқынның ең үлкен биіктігі 2 метрден 3 метрге жетеді.

Қысқы мерзімде, желтоқсаннан наурызға дейін Каспий теңізінің солтүстік бөлігі мұз жамылып жатады.

Қозғалатын мұздардың бөліктерінің қалыңдығы жолда кездесетін кедергілерге түсіретін ең үлкен жүктемені анықтайды. Мұз қалыңдығы (әсіресе қыста) 0, 5 метрге жетуі мүмкүн және мұз қабаттары жел әсерінен болатын қозғалыстан қалыңдығы үлкен мұздардың қалыптасуы мүмкін. Мұз жабынының болуы толқын көтерілуін болдырмайды.

Бірақ жылылау қыс мерзімінде мұзды теңіз дауылдары болуы мүмкін. Осындай дауылдар жағалау литологиясын бұзатын әсер тигізуі мүмкін.

Каспий теңізінің солтүстігінде, Қазақстан Республикасында Атырау, Ақтау, Баутино қалаларында порттар бар. Әрбір порттың ерекшеліктеріне байланысты Баутино портының көп артықшылығы бар:

жылдың он екі айында мұз болмайды, салыстырмалы түрде жұмыс учаскесіне жақын жерде орналасқан, табиғи гаваньмен жақсы қорғалған;

тереңдігі жабдықтаушы кемелердің және қосымша теңіз транспортының жүріп өтуіне жеткілікті;

қысқы мерзімнен басқа уақытта Еуропа елдерінен, Жайықтан келетін кемелер үшін тікелей байланыс бар;

жұмыс күшінің тепе-тең нарқы бар;

Ақтаудан құрлық бойынша қосымша қамтамасыз ету мүмкіндігі, сондай-ақ қысқы уақытта Жайыққа кемелердің шектеулі өтуін қоспағанда, жылдың он екі айында теңізден қамтамасыз етілу мүмкіндігі;

Ақтауға жақын ақырғы темір жол бекетіне 100 км қашықтықта орналасқан;

жергілікті сумен қамтамасыз ету жеткілікті;

тікелей жақын жерде теңіз қамтамасыз ету базасы бар және оны кеңейтуге жер жеткілікті;

бұрғылау шламдары үшін қалдықтарды пайдаға асыруға арналған учаскелерді игеруге ыңғайлы жанында аймақтар бар;

Солтүстіл-батыс Қазақстанда, Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе қалаларында әуежайлар бар. Халықаралық байланыс Ақтау және Атырау әуежайларынан ТУ-134, ТУ-154, АН-24 және Боинг-737 ұшақтарымен жүзеге асырылады. Көптеген халық қоныстанған жерлерде тікұшақ қонатын алаңдар бар. Регионда адамдар мен жүкті тасымалдаудың негізгі көлемі темір жол транспортының үлесіне тиеді. Сондай-ақ Атырау мен Ақтау қалаларын, Баутино және Ақтау порттарын қаламен байланыстыратын авто көлік жолдары бар. Бірақ жолдардың сапасының төмендігінен авто көлік мүмкіндіктері шектелген. Атыраудан Баутиноға дейінгі жол қазіргі уақытта өте төмен жағдайда, ал Ақтаумен Баутино арасындағы жол қанағаттанарлық жағдайда. Шығыстан тасымалдау (Алматыдан) қашықтықтың ұзақтығынан, жолдардың жағдайының төмендігінен тиімсіз. Мұнайды, газды, өңделген өнімдерді және суды тасымалдауға арналған құбырлар жүйесі регионда ең дамыған болып табылады. Құбыр желілері Батыс Қазақстан мұнай кәсіпшіліктерін Ресеймен байланыстырады және көмірсутектерді шет елдерге шығаруға қолданылады. Сондай-ақ мемлекет ішінде мұнайды тасымалдауға арналған ішкі регионалдық құбыр жүйелері бар. Қосымша құбыр желісі жүйелерінің құрылысы жоспарлануда.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, Баутинода порттан басқа теңіз жабдықтау базасы бар. Қазіргі уақытта теңіз жабдықтау базасында келесі құрылымдар бар:

бөлінген, жылумен қамтамасыз етілген қоймалық бөлмелер;

құбырларға арналған стеллаждар;

ашық аспан астындағы қоймалар;

сұйық және құрғақ бұрғылау ерітінділеріне арналған механикаландырылған қоймалар;

бұрғылау шламдарын өңдеуге арналған ;

29 бөлмесі, асханасы, кір жуатын бөлмесі бар 34 адамға арналған лагерь;

телекоммуникация жабдықтары және жарықтандыру мұнаралары;

өртке арналған сулар сыйымдылықтары;

10 кеңсе, аурухана және 6 кеңсе;

қоршаулар, қақпадар, дабыл жүйелері;

база аймағының шегінен тыс, солтүстігінде тік ұшақ алаңы;

Ақтау-Атырау пойыз жолдары;

Бұдан басқа теңіз базасы ауданында бұрғылау қалдықтарын өңдейтін қондырғы бар. Регионда, Аташ ауылы маңында бермдермен жасанды аралдар құрылысына жарамды әктастарды өндіруге арналған карьерлер бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұңғыманы бұрғылау
Солтүстік Придорожный кен орнында 4300 пайдалану ұңғымасын шиеленісті геологиялық жағдайда роторлы тәсілмен бұрғылау
Орталық – Шығыс Прорва кен орнында тереңдігі 3300м пайдалану ұңғыма желісінің геологиялық сипаттамасы
Бұрғылау қондырғысын таңдап алу
Бұрғылау ерітіндісінің технологиялық көрсеткіштері
Құлсары мұнай-кен орнында көлбеу бағыттағы ұңғаны игеру
Ащысай кен орнындағы тереңдігі 1250 м пайдалану ұңғымасын бұрғылау жобасы
Жаңажол кенішінде тереңдігі 3900 м пайдалану ұңғымасын бұрғылау
Жаңажол кен орынындағы ұңғыны жобалау
Шалқия мұнай кені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz