Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиеті туралы еңбектері мен сын мақалалары


Жоспары:
Кіріспе.
1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиетіндегі жанрлар жүйесі: проза және поэзия.
1. 1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиеті, ерекшелігі, даму жолдары, заңдылықтары.
1. 2. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көрнекті қаламгерлер шығармашылығы мен поэтикасы. ( Ж. Жабаев, Қ. Аманжолов, Ә. Сәрсенбаев шығармалары негізінде)
1. 3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жазылған әндер, әдебиетке ықпалы.
2. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әдебиеттегі ізденістер.
2. 1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиеті және ондағы патриоттық рух.
2. 2. Әдебиеттегі соғыс тақырыбы және қазақ психологиясы.
2. 3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әдебиеттегі басты бағыт:жеңіс жырлары ( Ж. Молдағалиев поэзиясы хақында)
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
КІРІСПЕ
Қоғам жаңарып, уақыт өзгеріп, ел азаттыққа жетіп, дәуір кезеңі ғасырлар тоғысына түйіскенде ел тарихы да, әдебиет тарихы да қайта жазылып, жаңғырып жатқаны жасырын емес. Бұл шын мәніндегі құптарлық құбылыс.
Дәл қазіргі күндері туған әдебиетіміз жаңадан табылған дерек құжаттармен толығып, қалыңдап келе жатыр. «20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті» (1997), «40-50 және 60 жылдардағы қазақ әдебиеті» (1998) , «Қазақ әдебиеті» (энциклопедия) (1999), «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» (2 кітап, 2002), «Қазақ әдебиетінің тарихы» (Кеңес дәуірі 1917-1940, 1941-1956) (2004), «Қазақ әдебиетінің тарихы» (М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты дайындаған. Он томдық, 2004-2008), атты т. б. с. с. қомақты, жаңаша бажайлаулар күні кешегі қазақ әдебиетінің тарихы бойынша (ежелгі дәуір, хандық дәуір, ХІХ ғасыр, ХХ ғасырдың бас кезі т. б. ) жазылған оқулықтарды одан әрі толықтырып, әдебиет ақтаңдақтарының беттері азаю үстінде. Оған қоса шығып жатқан басқа да әр алуан зерттеулер, монографиялар, конференция материалдары да әдебиет тарихына деген жаңа көзқарасты қалыптастыруға өз септігін тигізуде. Солардың ішінде академик С. Қирабаевтың «Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері» (1995), «Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет» (2001), «Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті» (2003), «Әдебиет және ұлт тағдыры» (1997), аталатын еңбектері, сондай-ақ «Әдебиеттанудың өзекті мәселелері» (2002) «Ғабит Мүсірепов және әлемдік әдеби процесс» (2003), «Б. Кенжебаев және қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» (2004), сынды ғылыми-теориялық конференция материалдары қамтылған ұжымдық еңбектерді атап көрсетуге болады.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиетінің тарихында ең бір шоқтығы биік, белесі мол кезең - Ұлы Отан соғыы жылдарындағы әдебиет. Осы кезең дәуірі әдебиетін дәуірлеу мен сол дәуір әдебиетінің айтулы тұлғаларының шығармалары туралы еңбектер аз емес. Кеңес дәуіріндегі әдебиет тарихы қайта жазылып жатқан қазіргі заманда осы уақытқа дейін өз мәнін жоймаған өзекті тақырыпты ой елегінен өткізудің үлкен маңызы бар. Біздің жұмысымызда кеңес әдебиетіне қатысты зерттеулер, негізгі концепциялар, кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің қалыптасуы, дамуы, сол кезең әдебиетінің қазііргі әдебиетке тигізген ықпалы қарастырылады.
Кеңес кезеңіндегі алуан жанрлы әдебиет қана емес, сол кезең әдебиеті жайында жазылған зерттеулер де қайтадан сарапқа түсуге тиісті. Кеңестік әдебиет туралы еңбектер, сын мақалалар жазған Б. Кенжебаев, С. Қирабаев т. б. ғалымдар зерттеулерін қайта сараптап, тұжырымдары мен қорытындыларын бүгінгі күннің қажетіне жарату қажеттілігі сезіледі. Алаш зиялыларынан тәлім алған ғалымдардың филологиялық зерттеулері сан-салалы, сондықтан, олардың ғылыми еңбектерін арнайы салаларға жіктеп, жан-жақты зерттеп, әдебиеттану ғылымындағы орнын, маңызын айтып, бағалауды қажет етеді.
Тақырып өзектілігі осыдан келіп шығадыҰлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиетінің дамуы мен ерекшеліктері туралы еңбектер қазақ әдебиеттану ғылымындағы маңызды беттер болып табылады. Сол мол мұраны дұрыс бағамдау қажеттілігі біздің жұмысымыздың тақырыбының өзектілігін дәлелдейді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Осы кезең әдебиеті жайында әр кез айтылып, жазылып келеді. Осы орайда Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, Ә. Қоңыратбаев, С. Қирабаев, Р. Бердібай, З. Қабдолов, З. Ахметов, Т. Кәкішев т. б. ғалымдар біршама зерттеулер жазылып үлгерді. Осындай жан-жақты зерттеуді біз өз зерттеуіміздің тақырыбы етіп алуымыз кездейсоқтық емес. Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері . Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиеті туралы зерттеулер мен әдеби сын мақалаларын ғылыми тұрғыдан жүйелей отырып, осы саладағы ғалымдар көзқарасын негізге ала отырып, өз ойымызды айқындау.
Зерттеу жұмысының ғылыми, теориялық, әдіснамалық негіздері.
Зерттеудің дереккөздері ретінде қазақ әдебиеттануындағы белгілі ғалымдар - М. Әуезовтің, М. Қаратаевтың, Е. Ысмайловтың, Н. Төреқұловтың, А. Қыраубаеваның, С. Қирабаевтың, Т. Кәкішевтің, Ш. Елеукеновтің, Р. Бердібаевтың, Р. Нұрғалидың, М. Мағауиннің, Ж. Дәдебаевтың, Ж. Ысмағұловтың, З. Бисенғалиевтің, А. Ісмақованың, Қ. Ергөбектің, Р. Тұрысбектің, Д. Ысқақовтың, Ө. Әбдіманұлының және т. б. авторлардың қазақ әдебиетінің тарихы және сын жанры туралы жазылған ғылыми-зерттеу еңбектері теориялық негіз ретінде қолданып, қажетті тұстарында кеңінен пайдаланылды.
Зерттеу нысаны. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиеті туралы еңбектері мен сын мақалалары.
Зерттеудің әдістері. Курстық жұмыста жүйелі-кешенді, салыстырмалы-тарихи зерттеу әдістері, жинақтау және жүйелеу әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмысымыздың кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, зерттелу деңгейі, мақсаты мен міндеттері, зерттеуде қолданылған әдістер қарастырылып, жұмыстың ғылыми-теориялық, практикалық маңыздылығы және сарапталуы мен құрылымы жөніндегі мәліметтер берілген. Келесі бөлімдерде аталған кезең әдебиетінің өзекті мәселелері кең ауқымда сөз етіледі.
1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиетіндегі жанрлар жүйесі: проза және поэзия
1. 1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиеті, ерекшелігі, даму жолдары, заңдылықтары .
Ұлы Отан соғысы мен азамат соғысының от жалынында туған қазақтың әдебиеті, партиямыз бен үкіметіміздің талмай қамқорлық көрсетуінің арқасында қысқа мерзім - ғасырдың үштен бір бөлігіндей уақыт ішінде адам танымастай өсіп нығайды. Өзінің социалистік реализм жолымен қарыштап ілгері басуында орыстың классикалық әдебиеті мен осы күнгі әдебиетінің алдыңғы қатарлы тәжірибесіне сүйсіне отырып, қазақ әдебиеті көркем әдебиеттің барлық жанрларында социалист реализм әдісін барған сайын кең және терең меңгеріп келеді. [1; 156] .
Жұрттың бәріне белгілі, революцияға дейін қазақ әдебиеті негізінен поэзия түрінде болып келеді. Ыбырай Алтынсарин, Спандияр Көбеев және басқалардың прозалық шығармалары бұл жанрдағы алғашқы тәжірибелер болды. Драматургия мүлде болған жоқ, өйткені, революцияға дейін Қазақстанда ұлттық театрдың өзі болмады.
Қазір қазақтың советтік әдебиетінде көркем жанрлардың барлығы бар және олар әр түрлі дәрежеде нығайып, жетіліп келеді.
Проза жанры ойдағыдай дамуда, оның таңдаулы шығармалары орыс тіліне және дүние жүзінің көптеген елдеріне аударылды. Бұдан кейін драматургия мен поэзияны айтуға болады. Осы табыстардың арқасында қазақтың, советтік әдебиеті бүкілодақтық және дүние жүзілік аренаға шығып, пісіп жетілген және күшті талап қоятын оқушылардың сынына түсіп отыр. Қазақ әдебиеті классикалық және осы күнгі орыс әдебиетінің аударма шығармаларымен баюда. Сол сияқты прогрессивтік әдебиеттің таңдаулы үлгілері де қазақ оқушыларының кең тобының үлесіне тиді.
Сөйтіп, қазіргі кезде қазақ әдебиетінің творчестволық кадрлары дүние жүзіндегі ең жемісті көп ұлттық советтік әдебиеттің ірі және үнемі өсіп келе жатқан отрядтарының бірі болып отыр.
Анағұрлым ірі шығармалар көркем сөз суретшісінің шындықты көре білуі мен әлеуметтік және идеялық позицияларының айқындығынан туады.
Қазақ халқы бақытты өмірді ғасырлар бойы аңсап күтті, оның тарихы бостандық жолындағы, тамаша болашақ жолындағы орыс халқымен және Отанымыздың басқа да туысқан халықтарымен мәңгі достық жолындағы күрестің тарихы. Қазақстанның жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі өміріне қазақтың отызыншы жылдардағы алғашқы романдарының бірі Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романы арналып жазылды. Бұл романда біздің халқымыздың алға, жарыққа, бақыт пен бостандыққа үздіксіз ұмтылуы, оның қанаушыларға қарсы күресі, оның революция жолына түсуі, Қазақстанда Совет өкіметінің орнауы көрсетілген, қазақ халқының 1916 жылғы қарулы көтерілісі, ондағы батырларының образы және қазақтан шыққан революционер большевиктің образы суреттелген. Бұл жазушының жағымды кейіпкерлерді көрсетудегі үлкен еңбегі болып табылады. [2; 47] .
Мынаны ерекше атап өту керек. Қазақ әдебиетінің барлық жанрдағы таңдаулы шығармалары советтік шындықты, өзіміздің заманымыздың адамдарын көрсетуге арналған. Олар советтік қоғамның қуатты қайта құрушы күшін, заманымыздың ары мен намысы, даңқы мен ақыл-ойы болып отырған Коммунистік партияны жырлайды. Бұл шығармаларда тарихи оқиғалар, халқымыздың өміріндегі орасан зор өзгерістер: азамат соғысы мен халық шаруашылығын қайтадан қалпына келтіру дәуірі, соғыс алдындағы бесжылдықтар және Ұлы Отан соғысы бейнеленген. Қазіргі кездің тақырыбы қазақтың советтік әдебиетінің алғаш дүниеге келген кезінен бастап негізгі және басты тақырыбы болды. Халық поэзиясының асқан алыбы Жамбыл Жабаевтың жалынды саяси лирикаларында, жиырмасыншы, отызыншы жылдарда жазылған Сәбит Мұқановтың, Асқар Тоқмағамбетовтің, Әбділда Тәжібаевтың, Тайыр Жароковтың, поэмаларында, Мұхтар Әуезовтің, Ғабит Мүсреповтің, Әлжаппар Әбішевтің, марқұм Саттар Ерубаевтың және басқа да жазушылардың шығармаларында адамның азат етілуі қуанышы, оның жаңа өмірді құру шаттық сезімі бейнеленіп қана қоймай, сонымен бірге сол кездегі жағымды кейіпкерлердің халық ісіне шексіз берілген, барлық жағынан қайратты, қажырлы революционердің, мақсаты айқын, мінезі ұстамды, елімізді социалистік тұрғыда қайта құру жолында күресуші адамдардың образдары суреттелді. Мен мысалға Саттар Ерубаевтың отызыншы жылдардың аяғында Қарағанды шахтерлерінің өмірінен алып жазған «Менің құрдастарым» атты талантты романын келтірейін. Бұл романның басты кейіпкері жас инженер Рахметтің мінез-құлқынан тек біздің адамдарымызға ғана тән көптеген жаңалықтарды көресіз. Ол дүниені Горькийше танып ұғынады. Ол «адам деген ардақты ат» деп санайды. Бұл кейіпкердің күші оның коллектившілдігі мен Отанды шексіз сүюінде, оның саяси және еңбек белсенділігінде, алдына қойған мақсатқа жетуіне ұмтылып, социалистік еңбектің экономикалық қайта құрылыс құралы екенін түсініп қана қоймай, сонымен бірге, оның бұқараның творчестволық күшін оятудың, адамның мінезін қайтадан өзгертудің тәсілі екенін түсіне білуінде. Совет өкіметі жылдарында Қазақ республикасының өмірінде болған орасан зор өзгерістер автордың да және оның сүйікті кейіпкерлерінің де ұлы мақтанышы болып саналады. Олардың қанау бұғауынан азат болған жерінде мүлде жаңа бейнелі адамдар, Лениншіл комсомолецтер - Рахмет және оның, сүйген қызы Лиза, оның достары Сейтен, Ықлас, Мырзаш және басқалар сияқты адамдар, дарынды, жалынды, жігерлі, рухы бай, жүректері ыстық, нелер кереметтерді тудыруға қабілетті адамдар еңбек етеді. Бұл адамдар біздің партиямыз тәрбиелеп шығарған жас ұрпақтар, Шоқтық пен Шойынның, Несіпбай мен Нағиманың, яғни Әуезов, Мұқанов, Мүсірепов және басқа жазушылардың ертеректе жазған шығармаларындағы жағымды кейіпкерлердің ұлдары мен қыздары. Әлжаппар Әбішев, Қасым Аманжолов, Дихан Әбілов, Жұмағали Саин, Шахмет Құсайыновтың біздің советтік шындықтың алуан түрлі тақырыптарына жазған әңгімелері мен повестерінде және поэмаларындағы кейіпкерлердің де моральдық сапалары осындай жаңа.
Міне, қазақтың алдыңғы қатарлы советтік әдебиетінде жаңа кейіпкерлер осылай бірте-бірте пайда болды. Біздің қазақ әдебиетінің өсу жолдары бүкіл совет әдебиетінің даму кезеңдерімен тығыз байланысты.
Совет халқының фашистік басқыншыларға қарсы жүргізген Ұлы Отан соғысы советтік қоғамның, оның әдебиетінің дамуындағы жаңа кезең болды. Бұл жылдары қазақ жазушылары советтік патриотизмнің күшті идеяларына толы, адамдарымызды жауға өшпенділік рухында тәрбиелейтін, совет халқының моральдық-саяси бірлігін тереңдей ашатын бірқатар жаңа шығармалар жазды. Бұл жылдардағы шығармалардың басты идеялық және тақырыптық мазмұны майдандағы және еңбек майданындағы совет адамдарының асқан ерліктерін көрсетуге, олардың социалистік Отанға, Коммунистік партияға шексіз берілгендігін, жеңіске деген мызғымас еркін көрсетуге арналды. Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты», Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Курляндия» романдарын, Әлжаппар Әбішевтің «Достық пен махаббат» пьесасын, Қасым Аманжоловтың «Абдолла» поэмасын және соғыс жылдарындағы басқа да таңдаулы шығармаларды еске түсіруге болады.
Партиямыздың Орталық Комитетінің идеологиялық мәселелер жөніндегі тарихи қаулысы совет әдебиетінің соғыстан кейінгі дәуірде онан әрі қарыштап дамуының программасы болды, әдебиетімізді творчестволық жағынан қауырт көтеруге көмектесті. Біздің қоғамымыздың өмірлік негізі болып саналатын Коммунистік партия мен Совет үкіметінің саясатын басшылыққа ала отырып, көп ұлтты советтік әдебиеттің бір буынды бөлігі ретінде біздің қазақ әдебиеті де соңғы жылдары елеулі табысқа ие болды.
Сәбит Мұқановтың «Сырдария» романы, Мұқан Иманжановтың «Алғашқы айлар» повесі сияқты ірі шығармалар, жас жазушы Сафуан Шәймерденовтің «Болашаққа жол» атты романы, Хамит Ерғалиев пен Тайыр Жароковтың поэмалары, Жұмағали Саинның және басқалардың өлеңдері жазылды.
Міне, осылардың барлығы біздің әдебиетіміздің одан әрі дамуы үшін зор мүмкіншіліктердің барлығын көрсетеді. Алайда, республиканың кейбір жазушыларының творчестволарындағы елеулі кемшіліктерді көз жұмып көрмей етуге болмайды. Олардың кейбіреулері осы заманның тақырыбына жазған шығармаларында совет адамдарының өмірі мен тұрмысын айқын және сенімді етіп көрсете алмады, олардың өзіндік ерекше белгілері мен мінез-құлықтарын тиісті дәрежеде суреттеген жоқ, социалистік еңбектің бойға жігер құйғыш қасиеттерін тереңдей ашып көрсете алмады.
Көптеген жазушылардың пьесаларында сенімсіз, ескі қайшылық, талас-тартыстар кездеседі. Мысалы бұл драматургтардың шығармаларында дандайсыған колхоз председательдерінің және онымен күреске түсетін жас мамандардың образдары суреттелумен келеді. Жазушылар біздің халқымыздың коммунизмнің салтанат құру жолындағы күресінің алдыңғы сапында болуға тиісті, олар өздерінің кітаптарында заманымыздың ең маңызды өмірлік мәселелерін көтеріп, оны айқын, маркстік-лениндік дүние тану тұрғысынан шешулері тиіс. Бұл үшін өмірді байыпты, мұқият зерттеп, өздерінің шеберліктерін талмай арттырып, өздерінің идеялық-теориялық дәрежелерін үнемі жоғарлата беруге тиіс.
Фашистік Германия кенеттен бастаған қанқұйлы соғыс бүкіл еліміздің тыныштығын бұзды. Қас пен көздің арасында бейбіт өмірдің шырқы қашты. Бұл жайсыз хабар сол мезетте-ақ Кеңес Одағының түкпір-түкпіріне жетіп жатты. Кеңес Үкіметінің радио арқылы Отанды қорғау жөніндегі шұғыл шақыруына үн қосқан біздің облыс еңбекшілерінің жиындары да жер-жерде өтті. Тек Қызылорда қаласының өзінде ғана митингілерге бір күнде 17 мыңнан астам адам қатысты. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Отан үшін!» деген жалынды шақыру облысымыздың тұрғындарын жанқиярлық еңбекке жұмылдырды. Сөйтіп, олар бүкіл Кеңес халқы сияқты біркісідей елді қорғауға сапқа тұрды. Неміс басқыншыларына қарсы жан алып, жан беріскен осынау алапат соғыстың жеңіспен аяқталғанына биыл 68 жыл толғалы отыр. Қараниеттілік пен адамгершілік алысқан сол бір сұрапыл күндер тарих тегершігіне неғұрлым тереңдеп енген сайын халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі соғұрлым даралана түседі. Ел тағдыры таразыға салынған осы күресте әдебиет халықты Отанды қорғауға жұмылдырудың ең ықпалды күштерінің бірі болды. Орталық газеттерден үлгі алған республикамыздың газет-журналдары мен әдебиеті халықты батылдыққа, ерлікке әрқашан дайын тұруға, өз Отанының нағыз патриоты болуға тәрбиеледі. Қазақ әдебиеті Ұлы Отан соғысының ең алғашқы күндерінен бастап-ақ республика еңбекшілеріне соғыстың мақсаты мен міндетін, себебі мен сипатын түсіндірді. Бұл соғыста халықтың жеңіске жететіндігіне кәміл сенімін арттырды. Соғысқа байланысты әдебиетке жүктелген жаңа міндеттер республика баспасөзін ұйымдастыру жағынан қайта құруды қажет етті. Осы орайда баспасөздің рөлі де айрықша болғаны рас. Әскери газеттердің кең түрде шығарылуына байланысты айрықша нұсқау болғанға дейін балалар мен жастар газеттері және журналдардың шығуы уақытша тоқтатылды. Осындай қысқартуға қарамастан екі республикалық, 27 облыстық, 196 аудандық, сондай-ақ 3 қалалық және 44 көп тиражды газеттер шығып тұрды. Олар жұмыстарын уақытша тоқтатқан редакциялардың босаған қызметкерлерінің есебінен нығайтылды. Соғыс газеттер мен әдеби шығармалардың тақырыптық бағыты мен мазмұнын шұғыл өзгеріске ұшыратты. 1941 жылғы 22 маусым күні кешкісін «Социалистік Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің кезектен тыс нөмірлері 32 мың данамен шықты. Осындай сұрапыл соғыс, отты майдан жылдарында республиканың барлық аймағында баспасөз өз деңгейінде жұмыс атқарып, бейбіт өмір көріністерінен алынған материалдардың барлығы дерлік «Майданнан хат» немесе «Майданға хат» аты ерекше сезімдерге толы мағыналы мақалалармен еріксіз орын ауыстырған болатын. Олар ұрыс алаңында Отан үшін жанын қиюға даяр қандас бауырларымыздың жігеріне жігер қосып, рухына демеу бола білді. Сұрапыл соғыстың суық ызғары, майдандағы ауыр жағдай газеттің 1941 жылдың соңғы айларындағы әр санында жарияланған «Совинформбюро» хабарынан айқын аңғарылады. Тылдағы тықыр таяң жағдай, жауға қарсы жұмылған жанкешті жұмыс жөнінде жазылғандарды «Бәрі де майдан үшін!» деген жалпы тақырыппен берілген материалдардан оқуға болады. Соғыс кезінде үгіт-насихат жұмысына ерекше көңіл бөлінгендігін басылымды парақтағанда сезесің.
«Ленин жолының» (қазіргі «Сыр бойы») 1941 жылғы қараша айының екінші жартысындағы сандарында ғана «Көсем сөзін насихаттайық!», «Колхоздардағы саяси үгіт және насихат жұмысы», «Большевиктік насихаттың Отан соғысы күндеріндегі рөлі», «Бір ауданның үгіт-насихат жұмысы жайлы» деген материалдар жарық көрген. Газеттің осы жылғы 13 қарашадағы санында «Әлді колхоз, ауқатты колхозшы - тылдың мықты тірегі» атты жалпы тақырыппен арнаулы бет берілген. Газеттің 1942 жылғы сандары үлкен форматпен екі бет болып шыға бастаған. Аптасына алты рет жарық көретін басылымның алғашқы бетінде бұрынғысынша Совинформбюро хабарларына тұрақты түрде орын беріліп отырған. Сондай-ақ елдегі еңбек тынысы, майдандағы жауынгерлерге көмек көрсетудің жайы жан-жақты жазылып тұрған. 1941 жылғы желтоқсан мен 1942 жылғы қаңтар айларында «Өрттей лаулап өлең-жыр, өртесін жаудың ұясын,
Өктем күш, құрым қорғасын, қиратсын жаудың ордасын»,
деген тақырыппен әдебиет беттері берілген. [3; 54] . Онда ақындар Қ. Баймағамбетов, Ә. Оңалбаев, Н. Бекежанов, Т. Үркімбаев, Ә. Рысмағанбетов, Р. Батырбаев, М. Киікбаев, С. Алмұханов және басқалардың өлеңдері жарияланған.
Бұл кезеңде майданда ерекше көзге түскен жауынгерлер жайлы да материалдар беріле бастаған. Айталық, 25 ақпандағы тілші Меңдияр Киікбаевтың «Капитан Сәдібеков» деген материалы аралдық жауынгер ерлігіне арналған.
Мұса Сәдібеков жиырма бес мүшелін қан майданда қарсы алады. Арал ауданының «Сарыбасат» промысылындағы «Қазақстан» колхозында өмірге келген ол жастайынан жетім қалып, балалар үйінің тәрбиесін көреді. Тумысынан еті тірі Мұса туған ауданының халық ағарту майданында бірнеше жыл жемісті тер төгіп, Отан қорғауға аттанады. 1941 жылдың қазанында аға лейтенант Сәдібековтің бөліміне немістің 6-шы дивизиясы шабуыл жасайды. Алайда әскери әдісіне машықтанған Мұсаның тобы төртінші күн дегенде фашистің «СС» полкін тас-талқан етеді. Жаудың 120 пулемет, 6 миномет, 3 зеңбірегін қолға түсірген олар 400-ден астам солдат пен офицерді қырып салады.
Ұлы Отан соғысы елдің әрбір азаматының өз Отанына берілгендігін сынайтын ұлы сын болды. Республика, оның ішінде облыс еңбеккерлері бұл сыннан өздерінің қажырлы күресімен және майдан мен тылға жан аямас көмектерімен мүдірмей өтті. «Азамат соғысы жылдарында, - деп жазды бұрынғы чапаевшыл Шамша Ерболатов. - Біздің Отанымыз интервенттер мен ақ гвардияшылардың қоршауында тұрған кезде мен Қызыл Армия қатарына өз еркіммен кетіп едім. Онда аты аңызға айналған 25-ші дивизияның командирі Василий Чапаевтың қарауында әскери қызмет атқардым. Енді Отанның шақыруы бойынша мен Қызылорданы, өзім жұмыс істеп жүрген заводты қалдырып, қолға қару алып елімді қорғауға аттанамын. »
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz