Лабораториялық жұмыстарға қажетті құралдар


М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе . . . 3
1. Физика кабинеті оқушының физика бойынша білім алуымен білікті қалыптастырудың негізгі орны . . . 7
1. 1 Орта мектептің физика пәні бойынша оқу құрал-жабдықтарының
жалпы жүйесі . . . 7
1. 2 Физика кабинетінің жобасы және ондағы жабдықтарды
орналастыру . . . 11
1. 3 Физика кабинетін электрлеу жабдықтары . . . 18
2. Физика кабинетінде сабақ өткізу әдістемелері . . . 24
2. 1 Демонстрациялық тәжірибелер өткізу әдістемесі . . . 24
2. 1. 1 Абсолют қысым сенсоры . . . 26
2. 1. 2 Зарядтаудың және разрядтаудың схемалық тақтасы . . . 26
2. 1. 3 Қозғалыс қондырғысы . . . 27
2. 1. 4 Негізгі оптикалық жүйе . . . 28
2. 1. 5 Кернеу мен тоқ күші сенсоры . . . 29
2. 2 Мультипроекторды қолдану . . . 29
- Интерактивті тақтаны пайдалану . . . 32
- Демонстрацияға қажетті құралдар . . . 42
- Лабораториялық жұмыстарға қажетті құралдар . . . 52
Қорытынды . . . 56
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 57
Кіріспе
Физика тәжірибелік ғылым. Оның барлық заңдары мен құбылыстарының негіздері тәжірибеде жатыр. Қандай-да болмасын физика ғылымы бойынша ашылған теориялық жаңалықтар, әртүрлі пайымдамалар тәжірибе жүзінде дәлелденбесе олардың ғылыми-техникалық прогресс үшін ешқандай мән-мағынасы болмайды. Сондықтан әртүрлі мектептерде физиканы оқыту тәжірибені кеңінен қолдану арқылы жүзеге асырылуы керек.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Мектептің физика кабинетін жабдықтаудың ғылыми-әдістемелік тұрғыдағы негізін жасау.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін алдыма мынандай міндеттер қойдым:
- Оқу әдістемелік әдебиеттермен танысу және оларды тақырыбқа байланысты талдау.
- Физика кабинетіне қажетті құрал-жабдықтардың арсеналын анықтау.
- Құрал-жабдықтарды ғылыми-әдістемелік тұрғыда пайдаланудың өңдемесін жасау.
- Құрал-жабдықтарды пайдалануды жетілдірудің кейбір ңұсқамаларын беру.
Оқу мақсаттарына арналған қазіргі физикалық тәжірибелер мектептің физика курсы мазмұнының ажырамайтын органикалық бөлігін құрайды. Ол тек көрнекілік құралы ғана емес, білім көзі ретінде де қызмет етеді, физикадағы заңдылықтар мен құбылыстарды дәлелдейтін бірден-бір құрал болып табылады.
Физикалық тәжірибелер: оқушыларды, ғылымның дамуындағы басты рольдің бірін атқаратын, тәжірибелік әдіспен таныстырады; оларды практикалық іскерлікке баулиды; ғылыми-техникалық ой-өрісінің кеңеюіне мүмкіндік жасайды.
Оқытудың жаңа түріне көшуімізге байланысты орта мектептерде лабораториялық және оқыту демонстрациялық эксперименттерін кеңінен қолдану керек болды, сол себепті құрал-жабдықтарда соған сәйкес болуы керек. Оқу-тәрбие процессін эффективтігін көтеру үшін оқыту құрал-жабдықтары мен әртүрлі оқыту тәсілдерін қолданудың арқасында, оқытудың жаңа ұйымдастыру формасына, яғни кабинеттік системаға қөшу қажеттігі туды. Пәннің ерекшелігіне байланысты құрал-жабдықтарға, әр түрлі көрнекі құралдарға қажетті мебельдер қажет болды.
Кабинетте сабаққа дайындық, әртүрлі типтегі сабақтар, сыныптан тыс және факультативтік сабақтар, тәрбиелік жұмыстар жүргізіледі.
Физика кабинеті мектептерде ертеде пайда болды. Кабинеттің жағдайға байланысты әртүрлі структурасы болды және олар ұзақ сынақтан өтті.
Қазіргі кезде типті физика кабинетінің жалпы структурасы белгіленген және жетілдірілген; біріншіден, физика курсының мазмұны тереңдетілгендігіне және оқыту әдістемесі жетілдірілгеніне, екіншіден мұғалімдер мен оқушылардың еңбектерін ғылыми ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етудің өсуіне байланысты. Бұдан басқа мектептердің структурасының өзгеруі, яғни көп комплекті мектептердің көбеюі, арнайы мектептердің, мысалы: математика және физиканы тереңдете оқытатын және көптеген икемдетіліп оқытатын мектептердің ашылуы әсер етті.
Осы көптеген типті мектептер үшін, физика кабинетінің структурасының ары қарай дұрыс және нақты өсуіне жағдай жасалатындай ойластырылуы керек болды. Бұндай қажеттілік жиі туындады, мысалы: 8- жылдық мектепті орта мектепке, жәй мектепті физика мен математиканы тереңдете оқытатын мектепке немесе мектепті техникаға икемдетіліп оқытатын мектепке айналдыру үшін қажет болды.
Әйткенмен физика кабинетінің структурасы оған бөлінген бөлмелермен немесе физика курсының мазмұнымен және де сыныптардың толықтығымен, мектептегі сыныптардың санына ғана емес, сонымен бірге қолданылатын сабақтың формасы, оған тығыз байланысты құрал-жабдықтар: мұғалімнің жаңа сабақ түсіндіргенде және өткен сабақты қайталағанда қажетті демонстрациялық тәжірибелер, оқушылардың лабораториялық жұмысты; физикалық практикумды орындауы және факультативтік курсты жүргізуі үлкен мәнге ие болды.
Қазіргі кезде мектептерде 2 жалғасқан бөлмелерден тұратын типтік физика кабинеті көп тараған.
Біріншісі демонстрациялық тәжірибелер және лабораториялық жұмыстар өткізетін арнайы жабдықталған лабораториялық-сынып, екіншісі барлық сабақтың түріне дайындалатын, сонымен бірге құрал-жабдықтар және материалдар сақталатын лаборанттың бөлмесі.
Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық - психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Еліміздегі саяси, әлеуметтік - экономикалық өзгерістерге сай білім беруді ақпараттандыру бағытында мектебімізде жүргізіліп жатқан жұмыстар ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.
XXI ғасыр - ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер, интерактивті құралдардың көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық- психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі ролі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.
Әрбір елдің технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай - ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуіне байланысты. Сонымен қатар, әлдебір елде қазіргі технологияның дамуы мен қолдануының деңгейі оның материалдық базасының дамуымен қатар емес, негізінен қоғамды парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру және қолдана білу қабілетімен де анықталады.
Жедел дамып отырған ғылыми - техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналады. Ақпараттық - технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің ролі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық - телекоммуникациялық технологиялар маңызды роль атқарады.
Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу - ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда - мектеп.
Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу - тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.
Мектепті ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгерген дүиежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол.
« Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет » деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.
Оқушылардың интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады.
1. Физика кабинеті оқушының физика бойынша білім алуымен білікті қалыптастырудың негізгі орны.
1. 1 Орта мектептің физика пәні бойынша оқу құрал-жабдықтарының
жалпы жүйесі
Физикаға қажетті құрал-жабдықтардың көлемі мен мазмұнын білім және ғылым министрлігі бекіткен «Жалпы білім беретін мектептер үшін оқу-көрнекі құралы және құрал-жабдықтарының типтік тізімі» анықтайды.
Қазіргі кездегі физика кабинетінің құрал-жабдықтары әртүрлі және сан жағынан өте көп .
Физика эксперименттік ғылым. Бұл ғылымның барлық қорытындылары және жетістіктері, нақты тиянақты қойылған экспериментке, бақылауларға, өлшеулер мен теориялық зерттеулерге негізделген. Сондықтан да орта мектептерде физиканы оқыту экспериментпен тығыз байланысты.
Қазіргі физикалық эксперимент, мектептің физика курсының бөлінбейтін органикалық бөлігін құрайды. Физикалық эксперимент оқушылар үшін тек қана көрнекілік емес, сонымен бірге білім көзі: оқылатын құбылыстарды, заңдарды, теорияларды түсіндіру, тереңірек қабылдау үшін қызмет етеді. Физикалық эксперимент оқушыларды эксперимент әдісімен, оның ғылымдағы ролімен таныстырады және оларға практикалық біліктілік пен дағдыны сіңіреді, бұл пәнге деген қызығушылығын арттырады. Физикалық эксперимент мектептің физика курсын өмірге жақындатып, сонымен бірге оқушылардың жалпы деңгейін, политехникалық білімін көтеруге көмектеседі.
Физикалық эксперименттің мазмұны мен сабақ сипаттамасы орта мектепте физиканы оқытудың мақсаты мен міндеттерін анықтайды.
Қазіргі кезде қалыптасқан мектептің физикалық экспериментінің системасы мына түрге бөлінеді:
а) демонстрациялық тәжірибелер мен бақылаулар
ә) фронтальды лабораториялық жұмыстар
б) физикалық практикум
Бұдан басқа әртүрлі сыныптан тыс және оқушылардың техникалық еңбектеріне арналған кружоктық сабақтар, сонымен бірге факультативтік физика курсының іріктелген сұрақтарын тереңірек меңгеруге, оқуға бағытталған тәжірибелерді ескеру керек.
Сондықтан, оқу құрал-жабдықтарының мазмұнын, классификациясын дұрыс түсіну үшін және оларды рационалды пайдалануды шешу үшін эксперименттің барлық түрлерін қысқаша қарастыру керек.
Демонстрациялық тәжірибелер - сыныптағы барлық оқушыларға (30-40 оқушы) дайындалған және мұғалім жүргізетін тәжірибе. Бұл оқылып жатқан физикалық құрал-жабдықтарды мақсатты түрде бақылауға, жаңа физикалық құбылыстар мен процесстерді дұрыс түсінуге, олардың заңдылықтарын кеңірек ашуға, зерттеудің әдісімен танысуға, кейбір приборлар мен құрал-жабдықтардың құрылысын көрсетуге, қызметімен танысуға, физикалық заңдылықтардың техникалық қолданылуын көрсетуге көмектеседі. Сонымен қатар, олар оқушыларды практикумға және эксперименттік есептерді шығаруға дайындайды.
Демонстрациялық экспериментте жаңа шыққан приборлар мен ТСО-ның кеңінен қолданылуы қарастырылады, мысалы: электронды осциллограф, дыбысты және ультрадыбысты жиіліктегі генераторлар, электромагниттік тербеліс ультрабиіктікті жиілік генераторы, лампалы және жартылай өткізгішті күшейткіштер, проекциялық аппараттар, автоматты және телемеханикалық приборлар, жарықтандыру жартылай өткізгішті датчиктер.
Осындай приборларды қолдану сабақта мынадай құбылыстарды: айнымалы ток тізбегіндегі фазалық қатынасты, радиотелефондық берілу принципін, радиомен автоматты басқаруларды көрсетуге мүмкіндік туғызады.
Демонстрациялық тәжірибелер және лабораториялық жұмыстар оқушылардың алдында әртүрлі экспериментальды әдістерді, мысалы: осциллографтық, спектроскоптық, резонанстық, интерференциялық, радио және дыбыстылокациялық, белгіленген атомдар мен модельдеу әдістерін ашады. Осыған байланысты қазіргі физикалық зерттеулерде кеңінен таралған приборлардың, яғни электрондық лампа, электрондысәулелік трубка, өшпейтін тербелістер генераторы, төменгі жиілікті күшейткіш, жартылай өткізгішті приборлар, фотоаппарат, микроскоп, проекциялық аппарат, иондық бөлшектер счетчигінің құрылысы мен жұмыс істеу принциптері ашылады.
Мектеп курсының политехникалық мазмұнын күшейтуге және оқушылардың практикалық қызметін дайындауда, физикалық эксперимент, оларды энергетикада, тасымалдауда, байланыста, ауыл шаруашылығында қолданып, машиналармен қондырғылардың құрылысы және қызметімен таныстырады. Оқу тәрбиелік процесстің эффективтігін арттырады, оқытылатын материалға оқушылардың творчествалық құлшынысын және қызығушылығын арттыру үшін, ең басты мәнге ТСО және аудиовизуальдық оқу-құралдары ие болады. Мысалы: кинофильмдер, кинофрагменттер, диафильмдер, диапозитивтер, теле және радио хабарлар, дыбыс және видеожазулар
.
Фронтальды лабораториялық жұмыстар - барлық сынып оқушыларымен бір мезгілде, бірдей тақырыпта, бір типті құрал-жабдықтармен орындалады. Фронтальды лабораториялық жұмыстар сабақтың бөлінбейтін құрамы болып табылады және программа бойынша жыл бойы оқылатын материалдың органикалық байланысы ретінде өткізіледі. Олар алдында алған білімдерін нақтылауға, жетілдіруге көмектеседі. Фронтальды лабораториялық жұмыстарды орындаған кезде, оқушылар нақты білім алуларымен бірге практикалық біліктілік және дағдыны алады: қарапайым өлшеуіш және қыздырғыш приборларды дұрыс қолдануды, жарық көздерімен және электр энергиясымен, химиялық ыдыстармен қарапайым физикалық құрал-жабдықтармен қалай жұмыс жасауды үйретеді.
Физикалық практикум - жоғары сынып оқушылары үшін өзіндік лабораториялық сабақтардың екінші жоғарғы этапы болып табылады. Физикалық практикумда оқушылар өткен курстарын қайталайды, тереңдетеді және систематизациялайды. Фронтальды сабақтарда алған практикалық біліктіліктері мен дағдыларын дамытып және жетілдіріп, өз беттерінше эксперимент жасауға үйренеді. Бұл жерде оқушылар көп тараған қиындатылған техникалық приборлар, құрал-жабдықтармен және зерттеудің бірқатар әдістерімен, физикалық заңдылықтарды анықтаумен, өз беттерінше бағалау дағдыларын және бақылау нәтижелерін жинақтап қорытындылайды. Оқушылар өлшеуіш приборлардың қолдану шегі мен өлшеу әдістерін, өлшеулердің қателіктерін есептей отырып, өз беттерінше қорытынды жасауға үйренеді. Яғни, фронтальды сабақтардан алған практикалық дағды, біліктіліктері мен білімдерін кең көлемде қолдануларын қажет ететін комплексті міндеттер қояды.
Осы барлық эксперимент түрлері бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы: фронтальды жұмыстар мұғалімнің демонстрациялық тәжірибелерімен оқушылардың өз бетінше жасайтын лабораториялық жұмыстары мен практикумдарының арасындағы көпір, ал практикумдар өз кезегінде фронтальды сабақтарды толықтырады және дамытады.
Сыныптан тыс, үйірмелер және факультативтік сабақтар -оқушылардың политехникалық жан-жақтылығын кеңейтеді және кәсіби бағдарын қалыптастырады. Оқушылар техникалық қондырғылардың модельдерін, приборлар жасау арқылы, зерттеу тәжірибелерін жүргізу немесе бақылау арқылы, өз білімдерін жаңа жағдайда қолданады. Бұрынғы алған білімдерін тереңдетеді және кеңейтеді, практикалық біліктілік пен дағдыларын жетілдіре түседі. Әртүрлі практикалық еңбектенудің арқасында оқушылар ойлау қабілеттерін жетілдіреді, жан-жақты гармониялық дамуларын қамтамасыз етеді.
Демонстрациялық экспериментте жаңа шыққан приборлар мен ТСО кеңінен қолдануы қарастырылады; мысалы: Электрондық осциллограф, дыбысты және ультрадыбыстағы жиіліктегі генераторлар, электромагниттік тербеліс ультрабиіктікті жиілік генераторы, лампалы және жартылай өткізгішті күшейткіштер, проекциялық аппараттар, автоматты және телемеханикалық приборлар, жарықтандыру жартылай өткізгішті датчиктер.
Осындай приборларды қолдану, сабақта мынадай құбылыстарды: айнымалы ток тізбегіндегі фазалық қатынасты, радиотелефондық берілу принципін, радиомен автоматты басқаруларды көрсетуге мүмкіндік туғызады.
Демонстрациялық тәжірибелер мен лабораториялық жұмыстар оқушылардың алдында әртүрлі экспериментальды әдістерді, мысалы: осциллографтық, спектроскоптық, резонанстық, интерференциялық, радио және дыбысты локациялық, белгіленген атомдар әдісін, модельдеу әдістерін ашады. Осыған байланысты қазіргі физикалық зерттеулерде кеңінен таралған приборлардың; электрондық лампа, электронды сәулелік трубка, өшпейтін тербелістер генераторы, төменгі жиілікті күшейткіш, жартылай өткізгішті приборлар, фотоаппарат, микроскоп, проекциялық аппарат, иондық бөлшектер счетчигінің құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін ашады.
Мектеп курсының политехникалық маңызын күшейтуге және оқушылардың практикалық еңбектенуіне дайындауда физикалық эксперимент оларды энергетикада, тасымалдауда, байланыста, ауыл шаруашылығында қолданатын машиналар мен қондырғылардың құрылысы және қызметімен таныстырады. Оқу тәрбиелік процесстің әсерлілігін арттырады, оқытылатын материалға оқушылардың творчествалық құлшынысын және қызығушылығын арттыру үшін, ең басты мәнге кинофильмдер, кинофрагменттер, диафильмдер, диапозитивтер, теле және радиохабарлар, дыбыс және видиожазулар, ТСО және аудиовизуальдық құралдар ие болады.
Экрандық және баспа көрнекілік құралдары арқылы ғылымда бірқатар негізгі тәжірибелерді мысалы: гравитациялық тұрақтыны өлшеуді, броундық қозғалыстың заңдылығын, жарық қысымын байқауға және өлшеуге, жарық жылдамдығының тұрақтылығын, жасанды және табиғи радиоактивтілікті ашуға, электрон зарядын өлшеуге, ядро атомының ашылуын түсіндіруге болады.
Қазіргі баспа және экрандық көрнекіліктер, демонстрациялық тәжірибелермен радикальды біріге отырып, оқу процесінің жүйесіне жалпылама енеді. Қазіргі кезде физикаға қажетті құрал-жабдықтардың көлемі мен мазмұнын білім және ғылым министрлігі бекіткен «жалпы білім беретін мектептер үшін оқу-көрнекі құралы және құрал-жабдықтардың типтік тізімі» анықтайды.
X -XI сыныптар үшін негізгі және қосалқы құралдардың тізімін, орта мектептің физика кабинетіне қажетті құралдардың толық комплектісін, санын, атын көрсете отырып құрастыруға жағдай жасайды.
Тізімде көрсетілген қажетті оқу құралдарынан басқа, физика кабинетінде мектеп шеберханасында материалдан өздері жасаған қарапайым құрал-жабдықтар мен оқу құралдарының болғаны дұрыс.
Бұл комплект бағдарлама бойынша көрсетілген барлық демонстрациялар мен лабораториялық жұмыстарды қоюды және экрандық, дыбыстық өрнекіліктерді, теле және радио бағдарламаларды тиімді қолдануды қамтамасыз етеді
.
1. 2 Физика кабинетінің жобасы және ондағы жабдықтарды орналастыру
Құрылыс нормасына сәйкес мектептердегі типтік физика кабинеті (8-20 сыныптары бар) екі бөлмеден тұрады: сынып-лабораториясы көлемі
және
1 - сурет. Физика кабинетінің бір сынып-лабораториясының жоспары.
лаборант бөлмесі көлемі
. Ал 30-40 сыныбы бар мектептерде физика кабинетінің құрамына екі сынып-лаборатория (көлемі
) және көлемі
болатын бөлек лаборант бөлмесі кіреді.
Бір сынып-лабораториясы бар физика кабинетінің жобасы 1-суретте көрсетілген.
Сынып-лабораториясында жиырма екі кісілік оқушы столдары орындықтарымен қойылған. Столдар үш қатар етіліп орналастырылған: екі шеткі қатарда 7 стол, ал ортаңғы қатарда -6 стол қойылған. Ортаңғы қатардың соңына проекциялық аппарат үшін қозғалғыш-шкаф (1) қойылған. Сынып-лабораториясының артқы қабырғасына бірдей 6 шкаф қойылады. Олардың 1-шкафына астрономияға раналған оқу құрал-жабдықтары, ал 2-шкафына фронтальды лабораториялық сабақтарға, ал қалғаны физикалық практикумға арналған лабораториялық жұмыстардың құрал-жабдықтары сақталады. Ал шкафтың жоғарғы жағына «Электромагниттік толқындар шкаласы» таблицасын ілуге болады. Ал сыныптың алдыңғы бөлігіне мұғалімнің жұмыс орнына арналған, ұзындығы 3, 8 м, ені 1, 7 м және биіктігі 15-20 см болатын биікше (подиум) орналасқан. Биікшенің (подиумның) үстіне сыныпқа симметриялы етіліп демонстрациялық стол (2) орнатылған. Столдың бір жағында краны бар су құбыры (3), ал екінші жағында мұғалімнің столы (4) қойылады. Мұғалім столы демонстрациялық столдан алға қарай, бұрыштап қойылған. Столдың бұл орналасуы мұғалімнің сыныпты бақылауына және тақтаның дұрыс көрінуіне қолайлы. Мұғалімнің жұмыс столында жарықты, проекциялық аппаратты және терезені қараңғылауды басқаратын пульт болуы мүмкін.
Алдыңғы қабырғаға сынып тақтасы ілінеді, оның жоғарғы жағында экран ілінеді (бұрылу бұрышы төбеге қарағанда
тан
-қа дейін өзгертуге болады) . Ал экранның екі жағына дыбысты күшейткіш немесе киноаппараттың динамигі бекітіледі. Тақтаның астына таблицаларды, сызғыш линейкалар қойылған панельді сақтауға болады.
Мұғалімнің жұмыс столының артындағы қабырғасына арнайы пульт (5) арнатылады. Онда демонстрациялық столға және оқушылардың лабораториялық столдарына электр қоректендіргішін беретін автоматты сөндіргіш орнатылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz