Эвристикалық әдістің сипаттамасы
Мазмұны
Анықтамалар 4
Кіріспе 6
1. Эвристикалық әдістің оқытудағы теориялық негіздері 7
1.1 Эвристика туралы және эвристикалық оқыту туралы түсінік 7
1.2 Эвристикалық әдістің сипаттамасы 8
1.3 Эвристикалық оқытудың негізгі функциялары 13
1.4.Қазіргі эвристикалық оқыту жүйесінің маңызды сипаттамалары 15
2. Дамыта оқытудың теориялық негіздері 18
2.1 Дамыта оқытудың түсінігі 18
2.2 Физиканы оқытуда оқушылардың ой- өрісін дамыту 39
2.3 Оқушылардың логикалық ойлау әрекетін тәрбиелеу 40
2.4Оқушылардың зейіні мен есте ұстағыштығын дамыту 40
3. Эвристикалық және дамыта оқытуды физикалық заңдылықтар 45
мен есептерде қолдану
3.1 Физикалық ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыру 45
3.2 Физикалық шамалар олардың өлшем бірлігі түсінігін қалыптастыру 48
3.3 Физикадан есеп шығарудың кезеңдері 49
3.4 Шығармашылық ойлау эвристикалық оқу нәтижесі ретінде 50
3.5 Стандартты емес, эвристикалық есептер 53
3.6 Эвристикалық-дамыта оқу үрдісін технологиялық карта арқылы жобалау 55
Қорытынды 64
Пайдаланылған дереккөздер тізімі 65
Қосымша А 67
Аңдатпа
Дамытушы- эвристикалық оқыту бұл қазіргі педагогикалық оқыту
процесінде жаңашыл әрі ыңғайлы технология ретінде ұсынылып отыр. Орта
мектепте физиканы дамытушы- эвристикалық оқыту, оқушының қызығушылығын
арттырып пән бойынша дамымалы және ізденіс арқылы тақырыпты өздігінен
меңгеруге көмектеседі.
Бұл дипломдық жұмыста физика сабақтарын дамытушы- эвристикалық оқыту
бойынша сабақ жоспарлары және технологиялық карта қарастырылады.
Аннотация
Развивающее эвристическое обучение- это технология которая в нынешнем
педагогическом процессе является наиболее приемлемой и новой. В средней
школе обучение по развивающей эвристической технологии на уроках физики
вызывает у ученика интерес и развивает мышление в поисках самостоятельного
освоения темы.
В этой дипломной работе по развивающей эвристической технологии
предлагается поурочное планирование и технологическая карта на уроках
физике.
The summary
The developing heuristic training is technology which in present
pedagogical process is most acceptable and new. In high school the training
on developing heuristic technology at lessons of physics causes in the
schoolboy interest and develops thinking in searches of independent
development of a theme.
In this degree work on developing heuristic technology it is offered
planning and technological map at lessons to physics.
Анықтамалар
Эвристика (Грек сөзінен heurisko- табам)- ғылыми зерттеудің
әдістемесі,оқыту әдісі деп аталады.
Эвристикалық әдіс- диалогтық формадағы эвристикалық әңгімені әңгімені
айтады.
Сабақтастық – адам іс-әрекетінің жемісі. Ол қоғам дамуы негізіндегі адам
жетістігін қамтамасыз ету және оны сақтаудың негізгі әлеуметтік
зандылығының бірі болып табылады.
Даму – дүниеде болып жатқан өзгерістердің сипаты мен бағытын білдіретін
философиялық ұғым.
Даму – қайталанбайтын белгілі бір арнайы бағыттағы объектінің материалдық
және идеялық өзгеріс заңдылығы.
Дамытып оқыту – бұл оқушылардың таным іс-әрекеттерін барынша дамыту, яғни
олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны
еркін игеруге үйрету. Дамытып оқытудың міндеті - Ең таяу даму зонасын
жасау.
Эвристикалық есеп – сыныптың тапсырма ретінде де, үй тапсырмасы ретінде
де ұсынылуы мүмкін, оқушы бұл кезде тапсырманың кез келген нұсқасын
таңдауға құқылы .
Абстракциялау деп әр нақты затқа тен қасиетті оның өзінен бөліп алып,
кейін осыларды біріктіріп, жалпылама ұғым құрауды айтамыз.
Креативті (creativity) ойлау жұмыстарында, оның негізгі көрсеткіші,
қарапайым шешуден ауытқу дәрежесін көрсету, өткен тәжірибенің
кедергілерінен өту болып табылады.
Стандартты емес есеп – бұл, оқушыларға шығару алгоритімі белгісіз есепті
айтады, яғни оқушылар алдын-ала бұл есептің шешу әдісін, не ол қандай
тақырыпқа жататынын білмейді.
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кездегі заманауи білім беру,
мәдениеттің басты феномені бола отырып, адамдағы тұлғалық, мәнділік
бастаманың бекуіне бағдарланған. Яғни, анықталған білімге ие болып қана
қоймай, сонымен қатар, ары қарай жетілуге, өз-өзін дамытуға, өз-өзін
нақтылауға мүмкіншілігі бар тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Дамытушы-
эвристикалық технология ол дайын түрде берілген білімді қажет етпейді,
керісінше бұл технология ғылыми-техникалық погрессте мәліметті өздігінен
табуды қажет етеді. Оқушылардың шығармашылығының дамуына эвристика өзекті
болып есептеледі. Дамыта және эвристикалық оқыту туралы қос ұғымды
біріктіріп п.ғ.д Нурумжанова Күләш Алдонғарқызы қарастырып ұсынған болаты.
Бұл Нурумжанова К.А. докторлық дисертациясын оқи отырып мынадай түйінді ой
келеді, сабақта технологияны қолдану ыңғайлы және мұғалім үшін үлкен көмек.
Көмекші құрал ретінде технологиялық карта құрастырылған.
Зерттеудің мақсаты –орта мектептің физика сабақтарына дамытушы-
эвристикалық оқытуды нақты әрі үйлесімді қолдану.
Зерттеудің объектісі –мектептегі оқу- тәрбиелік үрдісі.
Зерттеу заты – физика сабақтарында теориялық-практика бөлімдеріне
оқушыларды дамытушы-эвристикалық оқуға ұйымдастыру.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы және теориялық маңыздылығы:

Кіріспеде мәселе және оның өзектілігі негізделді, зерттеудің
әдістемесі, ғылыми жаңашылдық, жұмыстың теориялық және тәжірибелік
маңыздылығ анықталады, қорғауға шығарылатын негізгі жағдайлар
қалыптастырылған.
Эвристикалық әдістің оқытудағы теориялық негіздері атты бірінші
бөлімде эвристика туралы түсінік, сипаттамасы қарастырылады.
Функциялары мен маңыздылығы Дамыта оқытудың теориялық негіздері атты
екінші бөлімде қарастырылады. Мұнда дамыту туралы түсінік, ой- өрісті
дамыту, логикалық ойлау әрекетіне тәрбиелеу.
Үшінші бөлімде қос ұғымның практика бөлімінде қолдану туралы.
Қорытындыда қорғауға шығарылған жұмыстың негізгі тақырыбы мен
аргументтерімен тығыз байланысқан теориялық шешімдер мазмұндалады.
1 Эвристикалық оқытудың теориялық негіздері
1.1 Эвристика және эвристикалық оқыту туралы түсінік
Эвристика (Грек сөзінен heurisko – табам) – ғылыми зерттеудің
әдістемесі, оқыту әдісі, ашылу мен болжау бойынша негізделген.
1) Ежелгі Грек елінде – оқу жүйесі сұрақ бойынша;
2) Логикалық есептердің жиынтығымен теориялық ізденістердің ережелері
және ақиқаты іздеу бойынша. Ол арқылы тапқырлықпен белсенділік артады.
Үлкен энциклопедиялық сөздікте, эвристиканың үш тракт бойынша оны
былай анықтады: Сократтың оқыту әдісі. Сократтың әдісі ұлы
ойшылдармен педагогтардың жолының еңбектерімен дамыды. Эвристикалық
оқытудың түрлі аспектілері Я.А. Коменский, И.Г. Песталоцци, Дж. Дьюй
және т.б. еңбектерінде өзінің көрінісін тапты. Ян Амос Коменский былай
деп жазған: Дұрыс оқыту, ол басқа қандайда бір пайдалы мәліметті
жатттау емес, әр затты түсініп, сол ойдан тірі сезім пайда болу керек
деп айтқан болатын. Қазіргі дидактикада эвристиканы қолдану А.В.
Хуторский, М.И. Левиной және көптеген ұлылардың еңбектерінде
қарастырылды. Оқытудағы эвристикалық әдіс деп әдістемеде негізінен
диалогтық (сұрақ-жауап) формадағы эвристикалық әңгімені түсінеді.
Мұнда мұғалім оқушыларға білімді, ұғымды бірден дайын түрінде бермей,
өз орнымен қойылған сұрақтар арқылы оларда бұрын қалыптасқан білімдері
мен бақылаулары және өмір тәжірибесіне сүйеніп жаңа ұғымдарға,
ережелерге, дәлелдеулерге және шешуіне өздерін дайындау керек.
Эвристикалық әңгіме оқытуда орын алып келген жалаң жаттау мен
догматизмге қарсы бағытталған оқушылардың ізденімпаздығын, олардың өз
бетінше ойлау қабілетін арттыруды көздейтін прогрессивтік әдіс болып
табылады. Эвристикалық әңгіме қойылатын сұрақтар ішінде оқушылар
бірден дайын жауап таба алмайтындай проблемалық сауалдар кездеседі.
Бұрын үйретілген мәселелерді еске түсіріп, жаңғыртуға арналғын
сұрақтар мұнда шешуші рөл атқармайды, олар тек әлі белгісіз тың
сұрақтарға жауап беруге, шешуге көмекші болады. Тек өткенді қайталау,
жаңғыртуға арналған әңгіме эвристикалық әңгімеге жатады, оны
катехиздік әңгіме дейді.
Қазіргі дидактиканың барлық талабын қанағаттандыра отырып,
эвристикалық әңгіме оқушыларға сабақ барысында танып білгізудің ең маңызды
және тиімді әдістерінің қатарына жатады. Ол қазіргі жағдайда V-IX
сыныптарда физикадан жаңа материал өтуде және жаппай есеп шығартуда негізгі
әдіс болуы керек. Ол, әрине, мұнда басқа оқыту әдістерімен ұштастыра
пайдаланылуы тиіс. Бұл тұрғыда алдыңғы қатарлы тиімді әдістер болып
табылатын проблемалық-бағдарламалық жаңа әдістер алдыңғы кезекке шығады.
Эвристикалық әңгіме синтетикалық әдістерден гөрі аналитикалық әдістермен
жақсы үйлеседі.
Эвристикалық әңгіме-сұрақтар жүйесі бірсыпыра шарттарды
қанағаттандыруы қажет: сұрақтар логикалық жағынан жүйелі, қысқа, дәл болуы;
екі-ұшты оқушылардың көпшілігінің жан-жақты ойлауына кең жол ашуы т.б. Ал
бұған берілетін оқушының жауабы дәл және толық, барлық сынып оқушыларына
түсінікті болуы қажет. Жауап беруге көп оқушы қатысқаны дұрыс болады.
Елімізде оқытудың эвристикалық тәсілдерін дамыту иновациялық
дидактикалық жүйелерімен байланысты болады; оқытудың эвристикалық тәсілі
бәрінен бұрын мәселелік және дамыта оқытуға тән болады. Іс жүзінде
эвристикалық оқытудың өзіндік ерекшелігі болды, ол мәселелік,сондай-ақ
дамымалы оқытудан ерекшеленетін. Сонымен бірге эвистикалық оқыту жеке
тұлғалық- бағдарлық оқытумен тығыз байланысты.
Ережелері.
1)Жаңа білімдер эвристикалық әңгіме негізінде қалыптасады және оқушыларың
өздігінен жұмысымен үйлесуге тиіс.
2) мұғалім оқушыларды сараптап,мәселе қоятын,болжамдар ұсынып, дәлелдей
алатын,қортындылар жасай алатын мәселер бойынша атуалын жасайды.
3)негізінен бала бұрын алған білімге болжам жасап, ұсынып,негіздей
білгені,негіздей білгені, дәлелдей алғаны қызметтің тәсілдерін меңергені
үшін қойылады. Ұзақ уақыт бойы мұғалімдердің негізгі назары әдістердің
бірінші функциясы білімдерді игеруге ауды. Олардың екінші функциясы
танымдық қабілеттерді дамыту көлеңкеде қалып қойды. Соның нәтижесінде
мектептегі мұғамдердің оқушыларға барлық білімді дайын түрде ұсынуға
ұмтылғаның сипатайтын оқу үрдісінің белгілі бір үлгісі қалыптасты. Оқытудың
мұндай әдістемесі мынаған әкеп соқтырады: оқушылардың танымдық қызметі бір
жақты сипатталады.
1.2 Эвристикалық әдістердің сипаттамасы
Эвристикалық оқытудың әдістерінің классификациялау негіздерін таңдау
үшін А.В. Хуторской эвристикалық білім беру қызметінің негізгі түрлеріне
назар аударды, оларды мына түрлерге классификациялады – оргқызметті,
когнитивті және креативті.
Когнитивті Креативті Орқызметті
Ғылым әдістері Интуитивті әдістер Оқушылар әдісі
Оқу пәнінің әдістері Алгоритмдеу әдістер Мұғалім әдісі
Метапәндік әдістер Эвристикалық әдістер Администратор әдістер
Когнитивті әдістер: кірістіру әдісі, оған жақын мәндік көріністің
әдісі, бейнелік көріністің және символдық көріністің әдісі, эвристикалық
сұрақтардың әдісі (Кім? Не? Қайда? Не үшін? Немен? Қалай? Қашан?),
салыстыру әдісі, оған жақын фактіден факт еместігінің айырмашылығы (фактыны
іздейміз, одан кейін айырамыз), эвристикалық бақылаудың әдісі (оның
мақсат – бақылаудың көмегімен балаларды білімді табу және қалыптастыруға
үйрету), эвристикалық зерттеудің әдісі, ұғымдарды қалыптастыру әдісі,
ережелерді қалыптастыру әдісі, гипотеза әдісі, жобалау әдісі, қателер
әдісі, теориялық қалыптастыру әдісі.
Олардың кейбіреулерін қарастырайық.
Кірістіру әдісі: сезімталдық-бейнелік және елестету арқылы, оқушы
зерттелетін объектіге кіруі бақыланады, оны ішінен сезіп білуі.
Ішінара немесе эвристикалық әдіс. Оқушыға мәселені өз бетімен шешуге
үйрету үшін, оған шағын зерттеу жұмыстарын беру керек. Мұғалім көрнекілік,
құжаттар көрсетіп, оларға сұрақ қоюды ұсынады, фактілерден қорытынды
шығартады, ұсыныстар айтқызады. Эвристикалық әдіс арқылы сабақ өткізетін
мұғалімдер алдын ала мәселені шешуге алып келетін, оқушылардың білімдерін
еске түсіретін сұрақтар әзірлейді. Эвристикалық әңгіме үшін құрастырылған
сұрақтар мәселелік сипатта болады. Оқушылар ізденеді, шығармашылықтарын
көрсетеді. Оқушылар жеке мәселелік сұрақтарды шешсе, онда эвристикалық
ізденіс әдісінің қолданылғаны.
Эвристикалық зерттеу әдісі: зерттеу объектісі таңдалады және
оқушыларға оны зерттеу келесі жоспар зерттеу түрінде ұсынылады: зерттеудің
мақсат, жұмыс жоспары → объект жайында фактілер → тәжірибелер → тәжірибелер
суреті → жаңа фактілер → пайда болған сұрақтар мен мәселелер → жауаптар
нұсқасы → гипотезалар → нәтижелер. Мысалы, физикалық параметрлер- шаманы
зерттеуге болады.
Креативті әдістер: табудың әдістері, Егер де әдісі, бейнелі
суреттің әдісі, алглютинация әдісі (қосылмайтынның қосындысы), синектика
әдісі, ми шабуыл, инверсия әдісі (назар аудару әдісі).
Ойлап табудың әдісі – бұл әдіс оқушыларға, белгісіз өнімнің бір
анықталған ой қызметінің нәтижесінде пайда болған ой тудыру әдісі.
Ми шабуыл әдісі – бұл әдістің негізгі мақсаты қандай да бір тақырып
бойынша оқушыларды ойлаудың инерциясынан және стереотиптен босату
нәтижесінде көп санды идеялардың жиналу болып табылады.
Егер де әдісі – оқушыларға егер де дүниеде бір жағдай болып қалса,
онда не болатынын елестеп және оны бейнелеу қажет.
Оргқызметтік әдістер: оқушының тұтас қарастыру және жоспарлаудың
әдісі, оқушыларға білім беруді тудыру әдісі, нормашығармашылық әдістері,
оқытудың өзіндік ұйымдастыру әдістері, өзара оқыту әдістері, рецензия
әдістері, эвристикалық қызметінің бақылау әдісі, рефлексия әдісі, өзіндік
баға беру және рефлексия әдісі.
(Эвристикалық негізінде педагогикалық тәсілдер және әдістер)
Эвристикалық оқытудың классификация әдісін негіздеуін таңдау үшін
Хуторский А.В. Білім беру қызметінің эвристикалық негізі түрлеріне назар
аударды, оларды келесі түрлерге классификациялайды – оргқызметтін,
когнитивті және креативті .
Когнитивті әдістер
Кірістіру әдісі (бейнелік сезу және елестету арқылы адам зерттелетін
объектіні ішінен сезіп және біліп көшуге тырысады).
Мысалы:
1) Сіз – өзіңізді өсіп тұрған қайын деп елестетіңіз. Сіздің басыңыз – ол
ағаштың басы, денеңіз (кеудеңіз) – сабақтары, қолыңыз – бұтақтар, ал
аяқтарыңыз – тапсырмалар.
Тапсырма: өсіп тұрған ағаштың массасын өлшеудің бірнеше тәсілдерін
ұсыныңыз.
Жауаптар нұсқасы: ағашты әр түрлі бұрыштарда цифрлік камерамен (сандық)
түсіріп алуға болады, компьютерде ағаштың моделін жасап, оның көлемін, одан
кейін m=cv формула арқылы массасында анықтауға болады.
1. Кез келген өлшемді металл шардың физикалық қасиеттерін зерттеңдер, қол
асты құралдарды қолданып (қарапайым құралдарды) (сонымен қатар
лабораторияда бар құралдарды). Сіз жауап алған, белгілі бір фактілерді,
сізбен қойылған сұрақтарды және оларға өзіндік жауаптарды жазып алыңыз.
Жауабы: физиканың қасиеттер – дөңгелек, қатты, қолмен ұстағанда суық,
темір т.с.с.
Массасында анықтауға болады: а) өлшеп алу б) өзара әрекет арқылы
в) m=cv
Шарикті (шарды) тұзды ерітіндіге салып, оның коррозияға шыдамдылығын
анықтауға болады.
– бейнелік көру әдісі;
– символдық көру әдісі;
– эвристикалық сұрақтар әдісі: Кім? Не? Қайда? Неге? Немен? Қалай?
Қашан?;
– салыстыру әдісі;
– фактілерді факті еместен айыру әдісі (фактілерді іздейміз, одан
кейін оларды факт еместен айырамыз);
– эвристиканың бақылау әдісі (оның мақсаты – балаларды білімді
бақылау арқылы табуға және құруға үйрету);
– эвристикалық зерттеу әдісі (зерттеу объектісі таңданады және оны
оқушыларға келесі жоспар бойынша зерттеу ұсынылады: зерттеудің
мақсаты, жұмыстың жоспары – объект туралы фактілер – тәжірибелер –
тәжірибелер суреттері – жаңа фактілер – пайда болған сұрақтар және
мәселелер – жауаптар нұсқасы – гипотезалар – нәтижелер);
– ұғымдарды құру әдісі (мәдени формаларға дейін болған ұғымдарды әрі
қарай құру);
– ережелерді құру әдісі (оқушыларға ұсынылған алгоритм бойынша);
– гипотезалар әдісі (не болады, егер...мәселесіне жауаптар
нұсқасы);
– жобалау әдісі (жоспарланған немесе нақты процесте қолданылады);
– қателер әдісі (қателерді конструктивті қолдану, қатеге негативті
қатынастан позитивті қатынасқа көзқарасын өзгерту)
– теорияларда схема бойынша құру әдісі: фактер – олар туралы ойлар –
жауаптар гипотезасы – теориялық модель – әдістің сандары – әдістің
гипотезасы – әдісті қолдану – әдісті мәдени ұқсастықтармен
сәйкестеңдіру
– методологиялық әдістер: мәселеге тұтас көзқарас, шығарылған
есептің шешіміне тіреу және ұқсастық, симметрияның іздеуі және
санақ, сақталатын шамсаларға тіреу, әр түрлі санақ жүйесінең және
әр түрлі жақтардан көзқарас, суперпозиция түрінде ұсыну
– креативті әдістер
– ойлап шығару әдісі (ойлау әрекеттің негізінде белгісізді ойлап
табудың тәсілі). Бір объектінің қасиеттерін, басқа объектінің
қасиеттерімен ауыстыруды қолдану тәсілдерін қолдану арқылы;
объектінің қасиеттерін басқа ортада іздеу арқылы; зерттелетін
объектінің элементінің өзгеруі және жаңа, өзгермейтіннің
қасиеттерін бейнелеу
Мысалдар:
1. Егер де жылу суық денелерден өздігінен жылы денелерге ауысса...
деген тақырыпқа гипотетикалық жағдайды сипаттандар. Осындай процестің
механизмі қандай болу мүмкін?
Жауабы: Термодинамиканың екінші заңы керісіншіге өзгерер еді (теріс
болар еді).
Тұрақсыз типі-теңдік күй – екі дене бірдей температураға ие болған
кезде. Бір температура жоғарылай түссе, дене қызи бастайды,ал екіншісі -
суиды. Күн күндіз Жерді суыта бастаушы еді. Жарық суық денелерді
сәулелейді. Адамдар түнде ыстықтайды күндіз – тонады. Жоғары өткізгіштік
мәселесі шешілуші еді. Жоғары суықтықты сымдар электрөткізгіштерде
қолданушы еді.
Бейнелік сурет әдісі (көрнекілік бейне әдісі)
Есепті қайта құру әдісі (есепті бөлікке бөлу, процестің
периадизациясы, аралық процестерді іске қосу және шығарып тастау, кері
есепті шешу).
Бұл әдістің негізгі мәні; физиканың шамалар мен ізделінді арасында
тәуелдікті орнату үшін, оны қайта құру ұсынылады, яғни қарастырылып жатқан
есептің құрылымдық жүйесін өзгерту.
Ұйымдастыру қызметтік әдістер:
Оқушының тұтастығының әдісі: мақсатты таңдау – мақсатты
классификациялау – оларға қол жеткізудің нақты бағасы; мақсаттарды алгоритм
бойынша құру, өзіндік білім беру мақсаттарының таксономиясың құру.
Мақсаттарды рефлексті түрде анықтау; индивидуалды және ұжымдың мақсаттарын
қатынастыру; мектептегі құнды нормаларын және ережелерін өндеу.
Оқушылық жоспарлау әдісі (сабаққа, күнге, аптаға, тақырыпты, бөлімді,
шығармашылық жұмысты), оқушылардың іс әрекет түрлері мен кезендерін
белгілеумен ауызша және жазбаша, жоспарлау мен нәтиженің рефлексиясы.
Есептің қойылуы мен шартын тандау әдісі. Берілген әдістерде: берілгені
мен талап ететіндерді талдау, мәтінді схемаға кодтау, құбылыстар мен
қасиеттерінің идеализациясы, қосымшаларды таңдау, артық шарттарды алып
тастау.
Мысалдар:
1. Массасы mм=100г мыс каллориметрде, массасы mс=200г су бар, суға
массасы mс=80г және температурасы t2=90°C болат бөлшекті түсіреді.
Жылу алмасудан кейін қандай температура орын алады?
Шешуі:
Есептің шартын тандай отырып, су мен каллориметр қызатын шешіміне
келеміз, ал бөлшек қандай да tу температураға дейін суыйды, сонда жылудың
бөлігі қоршаған ортаға беріледі.
Есептің шешуі шығу үшін модельді жасайық: ортамен жылу алмасуды
ескермеуге болады деп санаймыз (құбылыстар мен қасиеттерін идеализациялау).
Анықтамадан қосымша мәліметтерді таңдап алайық: судың меншікті жылу
көлемі ссу=4200 Джкг°С, мыстың меншікті жылу көлемі см=400 Джкг°С,
қорғасын сқ=50Джкг°С.
Жылу алмасу кезінде, каллориметр алатын жылу мөлшері мына формуламен
анықталады:
Q1=cmmм(ty-t1), сонда су
Q2=cсуmсу(ty-t1).
жылу мөлшері алады.
(Бөлшектердің суыған кезде бөлінетін жылу мөлшері)
Бөлшек ty-ға дейін суыған кездегі бөлінетін жылу мөлшерін мына
формуламенанықталады: Q3=cсуmс(t2-tу).
Жылу балансы теңдеуін мына түрде құрайық
Qалынған=Qберілген.
яғни
Q1+Q2=Q3.
Q1 және Q2 оң жақтарын соңғы өрнекке қойсақ, келесі теңдеуді аламыз
cмmм(ty-t1)+cвmв(ty-t1)=cсmс(t2-tу) .
Осы теңдеуден tу анықтаймыз. Сан мәнін қойған кезде tу=23°С мәнін аламыз.
– оқушылармен жасалған білім беру бағдарлама әдісі (заттың мәндік
түрін көру қажет, қызметтің басты бағыттарын және мақсаттарын
орнату, оқылатын сұрақтар мен тақырыптарын таңдау).
– нормашығармашылық әдісі: (ұжымдық және индивидуалдық) қызметтің
индивидуалдық ұжымдық нормасын жасау. Қызмет рефлексиясы –
қызметтің субъектілерін және олардың функцияларын құру –
организациялық (ұйымдық) және тематикалық тапсырмалар – ережелер
мен заңдардың тұжырымдамасы.
– оқытудың өздік ұйымдық әдісі (оқулықтармен, құралдармен жұмыс,
есептерді шешу, модельдерді жасау, шығармашылық зерттеулер, өздік
білім беру бағдарламаларын өндеу).
– өзара оқыту әдістері.
– рецензия әдісі (яғни, тірек схемаларына негізделген әдіс, мысалы,
бейнефильмді көрген кезде).
– эвристикалық қызметтің бақылау әдісі (әдетте оның нәтижесі,
берілген нұсқаға (жақын ұқсастығымен) жуықтау дәрежесімен
бағаланады).
– рефлексия әдісі: оқушылардың өз оқу қызметін түсіну – ағымды және
қорытқы, рефлексиялық қызметтің мақсаты – пәндік қызметтің
методологиялық корласын айқындау және соның негізінде оны әрі қарай
жалғастыру. Қорытқы рефлексия мына бағамен байланысты: Қалай
жеңдім?, Бұрын неге қол жеткізе алмадым, ал қазір жеткіздім?,
Әр түрлі пәндерден менің білімімде өзгерістер қандай?, Нені
істеуге үйрендім?, Қызметтің қандай жаңа тәсілдерін және түрлерін
меңгердім?, Осы кезеңде менің білімімнің деңгейі қандай?.
Өзіндік баға беру әдісі қорытқы рефлексиядан шығып, білім беру
циклінің оргқызметін аяқтайды. Оқушылардың – сапалық және сандық бағасы –
тарихи – мәдени аналогтарына қойылатын, білім берудің өлшемі (2, 3, 6, 12).
Эвристикалық оқытудағы таңдалатын есептер олардың спецификалық
мазмұнына тәуелді (ерекшелігін).
Меңгеруге жататын, бейнелік сипаттамаға ие материал эвристикалық
оқытудың құрамы ретінде болу шарты емес.
Осындай болып белгілі заңдылықтарда салыстырмалы жаңа шарттарда
қолданылатын есептер бола алады, бірақ бұл қандай да белгілі тәсілдердің
қайта құруды болжайды.
Ми шабуыл әдісі – бұл әдістің мақсаты оқушылардың инерциялық
ойлаудан және стериотиптік талдаудан босатып, қандай да бір тақырып бойынша
ойлар санын мүмкіндігінше көп жинау.
Егер де... әдісі – оқушыларға, егер жер бетінде қандай да бір
жағдайлар болып қалса, не болатынын елестетіп, оны суреттеуге ұсынылады.
Ұйымдастыру қызметті әдістер: оқушылардың тұтас болжау және
жоспарлаудың әдісі, оқушылардың білім беру бағдарламасын жасау әдісі,
нормашығармашылық әдісі, өздік оқытуды ұйымдастыру әдісі, өзара оқыту
әдісі, рецензия әдісі, эвристикалық қызметті бақылау әдісі, рефлексия
әдісі, өздік баға беру және рефлексия әдісі.
1.3 Эвристикалық оқытудың негізгі функциялары
– білімді өз бетінше меңгеріп және әрекеті мен амалдары;
– ой-өрістің дамуы, білімді меңгеріп, сол білімді кез-келген жағдайда
қолдану;
– жаңа мәселелі дәстүрлі жағдайда еңгізу;
– зерттеліп отырған объектке жаңа жағынан қарастыру.
Эвристикалық оқыту дамытушы мен мәселелік оқытудан айырмашылығы жаңа
сапалы шарттарымен: ол тек оқушы мен емес сонымен қатар оны қоршайтын білім
траекториясы, мақсатының дамуы, технологиялары, білім мазмұнын қарастырып
өтеді.
Эвристика тек қана педагогикада емес, сонымен қатар психологияда,
инженерияда, физикада, информатикада, кибернетикада, философияда және басқа
ғылыми аймақтарда қарастырылады.
Осы аумақтағы әр маман эвристиканы өз позициясы бойынша қолданып,
оған негізгі ұғымдар мен жағдайларға өзіндік мағына береді. 1) Психологтар
эвристиканы шығармашылық ойлаудың зерттейді деп ой салады 2) Кибернетиктер
эвристиканы (адам және машина) жүйесінің мәселесін шешетін әдістерімен
жағдайларын шешетін күшті әсерін тигізеді деп ойларын салады. 3) Философтар
эвристиканы жаңа ашылуларға бекітеді. 4) Ал педагогтар эвристиканы
мәселелерді шешетін ғылым деп қарастырады.
Эвристика жаңа жас даму үстіндегі ғылым саласы болғандықтан оған
барлық мағыналары нақты ұғынықты емес. Ол Эвристикалық әдіске ең басты
қатысты. Көп зерттеулер сапалы бірақ мәселені шешу үшін жеткілікті емес деп
ойлайды. Ол мәселені шешетін нұсқауларды қысқартып, нақты шешімге келу
үшін.
Бұл мәселені шешу үшін Эвристика ұғымы екі мағыналы екен.
Біріншіден адамның эвристикалық қызметі қиын мәселені шешуге, екіншіден
эвристиканы спецификалық мысал деп қарастыруға болады. Бұл да адам бір
мәселені шешіп жатқанда келесі мәселені шешуге салалы түрде көшеді.
Эвристикалық әдіс бойынша оқыту өз бетінше және шығармашылықты оқушыларға
ұсынуды мүмкіндік береді.
Эвристикалық әдісті қолдану алдында мұғалім оқушының мынадай
қабілетін ескеру керек.
а) оқушылар ұжымының жалпы даму деңгейі.
б) креативті ортадағы жастың орнығуы.
в) оқушының жеке басты ерекшеліктері.
г) оқу пәнінің спецификалық шаралары мен негіздері.
Шығармашылық қабілет шарттарының құрылымы
а) оқытудың оң жақты себептері;
б) оқушының өздік қызметіне қызығушылығы;
в) шығармашылық белсенділігі;
г) ұжымдағы оң жақты микроорталары,
д) сезімдері
е) жағдайды таңдауға және жұмыс істеу нұсқасын таңдау.
Қызметтік принциптері
а) оқытудың креативтілігі (мұғалім мен оқушының шығармашылықтың ңақтылығы);
б) оқушының субъективті тәжірибедегі тірегі (оқытудың бір қайнар көзі);
в) оқытудың өзекті нәтижесі (мәліметті алғанан соң іскерлік пен дағдылар
арқылы тәжірибе жүзінде қолдану);
г) жеке және диффернециалды түрде оқыту;
д) оқыту жүйелігі;
е) оқыту кезіндегі оқушымен мұғалім арасындағы шығармашылық өзара
әрекеттері.
Мұғалімнің шарттары
а) физика пәні бойынша үнемі оқушылардың білімін толықтыру;
б) іскерлік пен дағдылардың жалпы дамуы;
в) креативті ойлаудың дамуы;
г) оқушының өз бетінше шығармашылық дамуы.
1.4 Қазіргі эвристикалық оқыту жүйесінің маңызды сипаттамалары
Шығармашылық қызметінің ішкі қажеттілігі психологтар мен
педагогтармен тұлға дамуының объективті заңдылығы деп қарастырылады. Л.С.
Высотскийдің айтуынша: Шығармашылық – бала дамуының нормасы,
шығармашылыққа икемдік әрбір балаға тән. Бірақ, шығармашылық қызметте
қатыса отырып, адам қандай да бір үлгілі басшылыққа ала отырып жұмыс істеу,
мүмкін, (пассивті-еліктеу қызметі), көптеген ұсынылған нұсқалар арасынан
өзі біреуді таңдауы мүмкін (активті-еліктеу), және сонымен бірге, ол өзі
сапалы жаңаны жасауы мүмкін (шығармашылық қызмет). Әрбір оқушы анықталған
бір күнің қандай да бір осы кезең қызметіне аз да-көпті дәрежеде қабілетті.
Мұны мұғалім ескеру қажет.
Шығармашылық қабілетін дамыту бойынша оқу процессі оқушылардың
шығармашылық белсенділігімен есепке ала салынатынын, ескеру қажет.
Жоспарланатын педагогикалық жағдай, оқушылардың шығармашылық
мүмкіншіліктерін, олардың біліміне қол жеткізу үшін және істей алуына,
тіреліп жасайды.
Оқушылардың физикалық дамуын шығармашылық арнада жүзеге асыру керек.
Физика сабақтары аң алдымен креативтілік атмосферасын қажет етеді, өйткені
оны терең біліп және теріп меңгеру жекелік қосусыз, шығармашылық
бағыттауынсыз іске алуы мүмкін емес.
Оқушылардың шығармашылық даму мәселесіне арналған жұмыстарды, И.Я. Лернер,
В.А. Сухомлинский, А.Н. Окунева және т.б. еңбектерінде табуға болады. И.Я.
Лернер шығармашылық қабілеттерінің көп элементтерге бөлуге болады:
– таныс жағдайдағы жаңа мәселені көру
– білім мен мүмкіндіктерді стандартты емес жағдайға ауыстыру
– белгілі объектінің жаңа функциялармен көру (көрінбейтін)
– объект құрылымының барлық өзара байланыстарын көру
– есеп шығарудың альтернативті және вариативті тәсілдерін көру
– әрекеттің белгілі тәсілдерін араластыру және оның негізінде жаңа
тәсіл жасау
– белгілерден айырықшаланатын, принципиалды жаңа тәсіл құру
“шығармашылық қызмет – бұрын ешқашан болмаған, жаңа сапалыны жасау”.
Шығармашылық қызметінің аталулы ретінде дәстүрлі тәсілмен шешуге мүмкін
емес. Мәселелік жағдайы болады.
Жақсы өнім қызметінің стандартты емес гипотезаның қалыптануы
мәселелік жағдайда элементтердің өзара байланыстарының дәстүрлі еместігін
көру, анық емес байланысқан элементтерді қосу, олардың арасында өзара
тәуелді жаңа түрлердің негізінде пайда болады. Оқушылардың шығармашылық
қызметінің ерекшелігі, ол осы қызметтің нәтижесінде өзі үшін әсер ететін,
коғамдық субъект ретінде жеке тұлғаның қалыптасуы үшін жаңа, жоғары
бағалықтарды қалыптастырады.
Балаларды шығармашылыққа баулу ең алдымен, қоғаммен шешілген немесе
шешіліп жатқан мәселелерімен іске асырылады. Дидактардың айтуынша,
қабілеттіліктер біледі, меңгере алу, жұмыс істей алу және оқу, сонымен
қатар оқытудың деңгейлік критерий нәтижесі ретінде болады. Мектептік
оқытудың жағдайына байланысты шығармашылық қабілеттіліктер шығармашылық
есептерді шешкен кезде көрінеді, бірақ оқушылардың шығармашылық қабілетінің
интенсивті дамуын қалыптастыратын, оптималдық шарты ретінде, шығармашылық
танымдық есептердің бөлек эпизодтарын шешу емес, оның жүйесінде
бағытталған, планомерлік ретінде көріндеі.
Эвристикалық оқыту әдісі оқытушыға оқушыларға өзіндік және
шығармашылық ізденіс жұмысына көп мүмкіндік береді. Мәселе мынада,
эвристикалық әдіс арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
әдісін жасаған кезде, мұғалім мынаны ескеру қажет:
а) оқушылар ұжымының дамуының жалпы деңгейі
б) креативті сфераның жас негіздерінің қалыптастыруы
в) оқушылардың даралық ерекшеліктері
г) оқытылатын пәннің спецификалығын және ерекшелігі
Шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуының шарттары:
а) оқытудың мотивтері
б) оқушылардың қызығушылығы
в) творчестволық белсенділік
г) коллективте (ұжымдағы оң микроклимат)
д) күшті эмиоциялар
е) еркін таңдау әрекетіне мүмкіндік беру, жұмыстың вариациялығы
Қызмет принциптері:
а) оқытудың креативтілігі (оқушымен мұғалімнің щығармашылық мүмкінділігінің
іске асуы)
б) оқушылардың субъективті тәжірибесіне тірегі
в) оқыту нәтижесінің өзектілігі (алынған білімді, мүмкіндіктерді практикада
қолдану)
г) оқытудың жекелігі мен дифференциялы (әрбір оқушыға жеке және
дифференциалды жұмыс)
д) оқытудың жүйелігі
е) оқу үрдісінде оқушылар мен мұғалімдер арасында шығармашылығы өзара қарым-
қатынас
Демек мұғалімнің міндеттері ретінде
а) оқушылардың физикадан білімдерін үнемі толықтыру
б) жалпы оқудағы білімдермен дағдының дамуы
в) креативті ойлауды дамыту
г) оқушының өзіндік шығармашылығын дамыту
д) шығармашыл тұлғаны қалыптастыру
Есептін қиындылық дәрежесі шартында өзара байланыстың сонымен,
ізделіндіні табуға әкелетін орталанған және түрлендіру бойынша анықталады
[8]. Мәселені шешу мен қойылуы кезінде оқушылардың өздік жұмысын жасау
деңгейінен тәуелді.
Кейбір сыртқы, объективті бағасына бағынатын шарттар міне осындай.
2 Дамыта оқытудың теориялық негіздері
2.1 Дамыта оқытудың түсінігі
Дамыта оқытуды 1950 жылдың аяғынан бастап Л.В.Занков (1901-1977) және
Д.Б. Эльконин (1904-1984) зерттей бастады. Дамыта оқыту оқушыны оқу
пәндерін оқып үйретуден теориялық ойды дамыта оқу іс-әрекетіне көшірді . Ол
оқушыны жан-жақты дамыту міндетін қойды. Осы мәселені шешу үшін білім
мазмұнын түбірлі өзгерту мақсаты қойылған жоқ.
Мұғалімнің сөзі көмегімен және бейнелік көріністердің көмегімен
жасалған тілдік жағдайлар, елестету жағдайлары болып табылады. Сондықтан
осындай жағдайды тудыру мұғалім мен оқушыдан шығармашылықтын үлкен үлесіне
қажет етеді.
Оқушы, сөйлеуге міндеті болғандықтан емес, өзінің қатынасын қызықты
болғандықтан білдіріп жататын шарттарды туғызу қажет. Физика кітаптарында
суреттері бар шығармашылық тапсырмалар аз. Бейнелік көріністің негізінде
жасалған, шығармашылық тапсырмалар оқушыларда шығармашылық ...етуді,
бақылауды, физикалық коммутативтік білімдердің құрылуына көмектеседі.
Көптеген жағдайда, қателігі бар немесе олардың жауаптары қает болатын
есептермен мысалдарды түзету мен редактрлеу жүргізіледі. Осындай жаттығулар
назар аудару концентрациясын тудыруын тексереді, сонымен қатар өзіндік
тексеруді тудырады, мұғалім жағынан тура емес бақылауы болады. Мұғалім мен
оқушы екі жақтылы стандартты емес тапсырмаларды шешуге дайындығы кезінде,
назарды шығармашылық тапсырма белсендіреді.
Этимологиялық экскурстар (физикалық терминдерді талқылау түсінігі) –
ассоцияцияның ықтимал факторы ретінде барлық жастағы балалар тобының
назарын өзгеріссіз қаратады және концентрациялайды.
Мысалы, сабақта оқушыларды физикалық сөздердің тарихы туралы
мәліметтермен таныстыруға болады немесе керісінше қандай да бір физикалық
терминнің мағынасын анықтауды үй тапсырмасы ретінде беруге болады.
Тірек сигналдарын жасау –физикалық заңдылықты бекітіп, оны меңгеру
үшін, келешекте қателіктен қорықпас үшін, оқушы ережені үлкен емес жарық
көлемінде және есте сақтайтын белгілер мен схемалар жүйесінде, оны көру
қажет . Осы үшін схемаларды жасау әдісі қолданылады. Оны дайын түрде беру,
жақсы нәтижеге әкелмейді. Балалар оны өздері жасау қажет. Дара тірек сызба
келесі талаптарға сәйкес болу керек.
1) Ақпараттың толық болуы
2) Жарықтылығы және контрастырылығы
3) Текстің және графиканың белгілердің минимум саны
4) Мысалдарын бекіту
5) Мәтіндік интерпретацияның мүмкіндігі
Қателіктермен индивидуалдық жұмыс. Кейбір оқушылар белгілі бір
есептерде қателіктер жібереді, осы қателіктерді абайсыздан жасағанына аз
көңіл бөлінеді, бұл әділетсіз сияқты. Кейбір оқушыларда дәстүрлі қателіктер
индивидуалдық жұмыстарды қажет етеді.
Қателік жасаған кезде, мұғалім оны түсіндіруді сұрайды. Бірақ жауап
таза формальді болады егер де ол мынадай позицияда болса: Неге олай
емес?. Мынадай дәлелденген позиция таңдалғаны маңызды: Неге байланысты
қате жіберілді? - немесе шығармашылықсыз: Бұл қате ме?. Бұл кездегі
диалог, мәселені ізделінді керекті ережені ұзақ іздеуден қашықтыратын
түрінде жүргізілуі қажет.
Қатемен стандартты жұмыс психологиялық дискомфортты тудырады, өйткені
балаларда жиі елес пайда болатын күмәндар мен сұрақтарды ескермейді. Осы
кезде мұғалімнің пікірі қажет.
Қателіктермен шығармашылық және керісінше пікір мүмкіндігі болады.
Бұл шынымен оқушы үшін өзекті. Сонымен, шығармашылық қабілеттер, біз
балаларға олардың дамуы керек дегенде емес, біз оларды өзіміз дамыта
бастаған кезде және балалармен қатынасқан кезде көрсетсек, дамиды деген
қорытынды жасауға болады; жалпы танымал ұсыныстарға қатынасты пайда болатын
күмәнді көтермелеу қажет. Шығармашылық тұлғаға, басқа адам келетін
шешімдерге күмәнданатыны айқын. Әрине, оқушылар кез келген ұсынысқа
күмәнданбау керек, бірақ әрбіреуі, күмәнға келтірімен объекті таба білу
қажет. Сонда қателікті жасауды рұқсат ету керек - Ештеңе істемейтін адам
ғана қателеспейді.
Шығармашылық қызметінің дұрыс іздеуін, шығармашылық идеяларын және
нәтижелерін көтермелеу қажет. Креативтілік жаспен кетпейді, ол оқушылармен,
мұғаліммен бастырылады. Оқушыларға тәуекелге баруды рұқсат ету, кейде ол
үшін көтермелеу арқылы, біз олардың шығармашылық потенциалын ашуға
мүмкіндік береміз.
Мысалы, егер оқушы бақылау жұмысы үстінде, өзінің жаңашыл шешімін
іздеуде дұрыс тәуекелге келсе, онда сол үшін көтермелеу керек, жұмыстың
нәтижесі онша қанағатсыз болса да оқыту бағдарламасына, оқушылар өзінің
шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беретін, және меңгерген
материалды тексеруді, әрбір оқушы өзінің шығармашылық потенциалын көрсетуге
және қолдануға мүмкін болатын белгілерді енгізу қажет.
Шығармашылық тұлғаның жолында кездесетін кедергілерге де дайындау
керек. Шығармашылық - бұл шығармашылық түрде ойлау ғана емес, бұл кедергі
мен қиындық алдында берілмеу, көптеген нәрселерге қол жеткізіп, өзінің
пікірін қорғау қабілеттілігі.
Дамыта оқытудың негізгі ілімнің айрықша басымдылық алуы қазіргі қоғамдық
прогрестің зандылығынан туындайды. Өресі биік білімдар адамдармемлекеттің
экономикалықдаму деңгейің анықтайды. Осыған байланысты жаңа талпыныс, жаңа
ашылған жолдардың бірі – білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Бұл
педагогикадағы, тұтас педагогикалық өзгерістермен тығыз байланысты. Білім
беру саласының барлық жағынан жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (білім
мазмұнын жетілдіру,жаңа базистік оқу жоспарына көшу, жаңа буын оқулықтары
мен оқу әдістемелік кешендерге көшу т.б.) жаңаша ойлау қалыптасуда.
Білім беру үрдісінің басты сипатының ең маңыздылары:
1. білімнің әр бір адам тағдырындағы мәнділігін күшейту үшін оның
дара тұлғаға бағытталуы;
2. қоғамдағы рухани құлдырау құбылыстарынан туындаған дағдарыстан
шығарудың басты бір құралы білім болу үшін оның мазмұнының
гуманистік мәнің күшейту;
3. білім беру жүйесін орталықтан басқарудың басымдылығы мен оған
қатысушы субъектілердің әрекетін регламенттеуден туындаған
кемшіліктерді жою үшін демократизациялауды жүзеге асыру;
4. әр баланың білім алудағы өз қабілеті мен ынтасына сай туындаған
сұранысын мейлінше қанағаттандыру үшін білім беруді саралауды
күшейту.
Жалпы оқытудың, соның ішіндегі физика оқытудың негізгі құрамдас
бөліктері ретінде оқытудың мазмұны, оқып-білу және білім беру қызметі болып
бөлінетіні белгілі. Оқытудың сипаты өз тарапынан ішкі жағдайлар туғызатын
мына екі факторға: білім, икемділікпен дағды қорына;оқушының оқуға деген
көз қарасына байланысты.
Білім, икемділік пен дағды-адам психикасындағы кейбір үрдістердің
нысандары мен нәтижелері болып келеді. Яғни, олар оқушының басына тек оның
өзіндік қызметінің нәтижесінде ғана қалыптаса алады. Мәлімет дайын түрде
берілгеннің өзінде, оның кейбіреуін ұғыну және есте сақтау үшін адамның
тиісті қызметі қажет.
Оқуға деген көзқарас саналы да нәтижелі түрде жүзеге асырылатын оқу
үрдісіне қалыптасады. Оқушы оқудың қажеттілігі, өзінің парызы мен
міндеттері, өзі үшін өзінің болашақ өмірі үшін осы еңбектің керектілігі
туралы қанша естісе де және өзі осы сөздердің дұрыстығын қаншалықты сезіне
тұра, осы іске кіріспесе, онда оқуға деген ешқандай себеп тумайды, оның
үстіне осы еңбекке деген бірқалыпты танымдылық қызығу қабілеті де
қалыптаспайды. Оқуға деген себептің пайда болуы, оның нығаюы және дамуы
үшін оқушының еңбектене бастауы міндет.
Мектеп табалдырығынан күнделікті білімді өз бетімен меңгеру, жеке
тұлғаның қалыптасуы, дамуы үшін білім қажеттілігін түсінуіне байланысты.
Жалпы алғанда
1) білімнің маңызың және оның рөлін терең түсінуінде, яғни жүйелі
меңгерілген білімді ғылымның әр саласында техника, мәдениет,
өнер т.б. салаларда терең білімнің қажеттілігін мектеп
табалдырығынан түсіну қажеттілігі
2) үздіксіз білім алу қоғам қажеттілігін түсіну
3) оқушының білімге құштарлығын арттыру
4) мектепте алған сапалы, терең білім негізінде шығармашылыққа
ұмтылу
5) ақыл-ой еңбегіндегі жоғары мәдениетті адам қалыптастыру,яғни
икемді, дағдысы қалыптасқан, шебер, т.с.с. өз бетімен іс-
әрекетін ұйымдастыра білетін(талдау, салыстыра
білетін,жалпылау,жүйелеу,қорытындыл ай білетін) жоспар құра білу,
кітапханада өз бетімен жұмыс істей білу, анықтамалар,
сөздіктерді пайдалана білу, уақытты үнемдей білу т.с.с.
Берілетін теориялық білімнің мазмұнына бвйланысты оқытудың негізгі
мақсаттарына сәйкес әрбір оқушының оқуын дұрыс ұйымдастыру арқылы ғана
жетуге болады. Ол үшін мұғалім, оқушының еркіне қарамастан, оның оқуын
ұйымдастыра біліп,ондай әрекеттердің сырттай көрінбегендігінде де басқару
керек. Бұған оқушы қызметінің негізгі ерекшеліктерін: оны қалай
ұйымдастыруға, қолдауға болатынын және оның тиімділігің неге байланысты
екенін білген жағдайда ғана жетуге болады. Олардың бәрі бағдарлаушылық,
мазмұндық және бағалау іс-әрекетін құрайды. Оқу қызметінің негізгі
бөліктері ретінде біз оқу-танымдық себептер, оқу міндеттері, оқу
операциялары мен бақылауды алдық.
Оқушы оқу үрдісіне кірісіп кетуі үшін, оған деген себеп болуы керек,
өйткені себепсіз іс-әрекет жасалмайды. Алғашқыда оқуға деген себептер
сыртқы факторлардың әсер етумен қалыптасады.
Оқушы еңбектеніп, алғашқы нәтижелерге қол жеткізгенде, онда осы
себептер білімнің мазмұнына, оны игеру әдістеріне деген қызушылықты
тудыратын арнаулы оқу-танымдық себептер болып өзгереді. Ал соңғының
әсерімен оқушыларда бұрыннан болған себептер әрі қарай дамып, жаңа мазмұнға
ие болады.
Оқу іс-әрекетін нақты мазмұнға нақты операциялар жасау арқылы жүзеге
асыруға болады. Оқу еңбегі іске асу үшін оқушылардың білім мен іс-әрекет
тәсілдерінің тиісті қоры болу керек.
Оқу қызметін қалыптастыру – осы қызметтің кейбір элементтерінің
орындалуын оқушыға мұғалімнің қатысуынсыз өздігінен жүзеге асыру үшін
біртіндеп үлестіру процесі болып табылады. Алғашқыда, оқушы мұғалім қойған
міндеттердің мазмұны мен оларды жүзеге асырудың әдістерін игереді. Ол бірте-
бірте оқу материалын игеру барысында өз іс-қимылдарын дербес қалыптастырып,
бақылай бастайды. Содан кейін оқушы мұғалім қойған міндетті салыстыра
отырып, өз жұмысының нәтижесін бағалауға үйренеді. Оқу қызметінің
қалыптасуына білім мен тәрбие беру жұмысының тиімділігіне байланысты.
Тәжірибе жүзінде кейбір ұстаздар сабаққа нақты міндетті енгізуде
қандай білім беру мақсаттарын қоятының жақсы білмейді, соның салдарынан көп
жағдайларда оқушыларды есептің дұрыс жауабын алуға ғана бейімдейді. Осыдан
барып оқушылар тек бір ғана тәсілді меңгереді, оны өз еңбегінің басты
міндеті, оқудың төл мақсаты ретінде айқындамайды. Тәсіл болып келетін
операциялар ешқандай есепсіз, ойланбай, үлгі нұсқауларды бірнеше рет
қайталау арқылы белгілінеді. Мұндай оқытудың тиімділігі аз болатыны
түсінікті.
Оқу жұмысында оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, өз бетінше еңбектенуге,
ізденуге және өз ойларын ауызша, жазбаша жеткізуге білуге үйрету – жоғарыда
айтылған ойлардың нақты мәселелері болып табылады. Баланың психологиялық
дамуына қарай қазір білім стандарттары оқушыға берілетін білім, білік,
дағдыларын айқындап отыр.
Білім стандартының әсіресе физика курсы үшін өте маңыздылығы мен
көкейкестілігі мынада:
Біріншіден, қоғамның қазіргі заманғы ғылыми-техникалық және
әлеуметтік прогресінің дамуындағы физика рөлінің күшеюі.
Сабақтастық – адам іс-әрекетінің жемісі. Ол қоғам дамуы негізіндегі
адам жетістігін қамтамасыз ету және оны сақтаудың негізгі әлеуметтік
зандылығының бірі болып табылады. Сабақтастық қоғамдағы өмір сферасының әр
түрлі саласында белгілі бір ұғымға сәйкес кең түрде қолданылады.
Сабақтастық – ол өмірдің атадан балаға жалғасуы; қандай да бір әдет-
ғұрыпты сақтаудағы сабақтастық; өнердің атадан балаға берілудегі
сабақтастығы; тәрбие берудегі сабақтастық – ол ұлттық құндылықтағы
сабақтастық; т.с.с. Ал дамыта оқытудығы сабақтастық ол өзіндік ерекшелігі
бар, оқытудың жан-жақтылығын, пәрменділігін анықтайтын талаптарға сай
болуы. Дамыта оқытудағы сабақтастықты оқытудың жалпы дидактикалық принципі
ретінде барлық оқу пәндеріне тән (оқытудың тәрбиелік сипаты, жүйелілік пен
бірізділік, ғылымилық пен түсініктілік, көрінектілік, зерделілік және
белсенділік), сондай-ақ физиканы оқытуға ғана тән (физикалық теорияның
практикамен,физиканы оқытудың қолданбалы бағытта бағытталуын күшейту,
оқытудағы саралау мен даралау, физиканы оқыту процесінде ізгілендіру мен
гуманиатарландыруды жүзеге асыру) дидактикалық категориялармен байланысты
болады.
Кесте 1
Дамыта оқытудағы сабақтастықты әлеуметтік үрдісте екі жағынан қарауға
болады. Олар: құндылықты беру және оны меңгеру. Дамыта оқытудағы
сабақтастықтың мазмұны берілетін құндылыққа байланысты. Процестің мазмұнына
қарай сабақтастық қоғамдағы адам өміріндегі ерекшелігі айқындалады.
Педагогика сферасында сабақтастық кез – келген процесске тән. Сабақтастық
термині өте кең әлеуметтік диапозонды қамтиді.Біздің қоғамдағы әлеуметтік
тәжірибенің кез-келген тиімді ұйымдастыру процесіне тән. Ұйымдастыру
формасына қарай өткендегіге талау жасай отырып, осы кездегі немесе
болашақтағы жоспар тиімділігін арттырудың бір ізгілігі мақсатқа алынады.
Жалпы дамыта оқытудығы сабақтастықты ұйымдастыруды төмендегі
компоненттердің бірлігі, жүйелі түрде берілуі қаралады. Дамыта оқытудағы
сабақтастықты ұйымдастыруды көре аламыз. Онда сабақтастықты ұйымдастыру
оқыту мазмұны (ең керекті материалдарды дайындау; оқыту материалдарын
жүйелеу; есептерді және мысалдарды таңдау; есептерді шығара отырып
біліктері мен дағдыларын қалыптастыру), мазмұнына қарай мақсатын
(дамытушылық, білімділік, тәрбиелік) анықтау, сабақ түрін (семинар;
зертаханалық жұмыс; экскурсия; өзіндік жұмыс; практикалық сабақтар), оқыту
әдістерін (білім алудың бастапқы сатысына бағытталған; біліктілік пен
дағдының қалыптасуына бағытталған; білімін жетілдіруге бағытталған) таңдау
және оқыту құралдарын (оқу кітаптарын; көрнекті құралдар; бейне оқыту
құралдары үшін ақпараттық материалдар; компьютерлік оқыту құралдары; оқу
жабдықтарын) дұрыс таңдай білулері арасындағы сабақтастық қаралып отыр.
Сапалы білім беруді бұл бес тармақ арасындағы сабақтастықтын орындалуының
маңызы ерекшелігі деп санаймыз.
Физика пәнін оқытудың ғылыми негізінде мектеп оқушыларының
шығармашылығын дамыту
Дидактиканың әр түрлі ұтымды әдіс-тәсілдерін пайдалану есебінен мектеп
оқушыларың ой өрісін даму деңгейінін көтерудің, олардың ғылыми танымдық іс
әрекеттерін белсендірудің, оқуға, білім алуға ынталандырудың тиімді
әдістемесін жасау болып табылады. Осындай өзекті мәселені қарататын мектеп
физиканы оқу процесінде түрлі формадағы және мазмұндағы есептерді жүйелі
түрде әрі ұдайы ұдайы орындау арқылы оқушылардың шығармашылығын
қалыптастыру мен дамытуды қоюға болады. Оқушылардың есеп, тапсырмаларды
орындуындағы негізгі амалдардың бірі- физикалық тәжірибелер нәтижесін
логикалық өңдеу амалы. Бұл амалда ғылыми таным әдістерінің барлық
компоненттері-физикалық құбылыстың нализі,синтезі, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz