Халық медицинасында қолданылатын өсімдіктер


Мазмұны
Кіріспе . . .
1 Аналитиклық шолу . . .
1. 1 Халық медицинасының даму тарихы . . .
1. 2 Халық медицинасында қолданылатын өсімдіктер . . .
2 Шашыратқыға жалпы сипаттама(аңыз әңгіме) . . .
2. 1 Шашыратқының шипалық қасиеті, халық медицинасында маңызы . . .
Халық медицинасында пайдаланудың тиімді және кері әсерлері . . .
- Халық емшілігінде өсімдіктерді пайдаланудың тиімділігі . . .
. 2 Халық медицинасында өсімдіктерді пайдаланудың кері әсері . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиеттер . . .
Қосымша
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Соңғы жылдары қазақтың халық медицинасы туралы жиі айтыла бастады. Халық медицинасының қайта жандандыруда қажеттілігіне жұртшылықтың назары аударылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтауы бойынша халық медицинасы дегеніміз атадан балаға ауызша не жазбаша түрінде беріліп келе жатқан денсаулықты рухани және қоғамдық тұрғыдан аурулардың аты-жөнін табуға оның алдын алуға және жоюға бағытталған нақтылы іс-әрекеттің жиынтығы. Өсімдіктерден дәрі дәрмек жасап, сол бойынша әртүрлі ем қолдана білетін сол ем домының өз ортасының қоғамдық мәдени және діни ұғымдарына сәйкес халыққа медициналық көмек бере алатын адам. Ғасырлар бойы халық өзінше әдет құрған, осылайша ауру сырқаулардан құтылу жағдайында әдістер іздестірген. Біздің қазақтың халық медицинасының ерекше бір сипаты атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа тек ауызша ғана жетіп келе жатқандығы мәлім.
Халық медицинасы дегеніміз - өсімдіктер мен жануарлардан алынатын шипалы өнімдер мен минералды заттардың емдік қасиеттері алуан түрлі аурулардың белгілері мен сол аурулардың емдеу тәсілдері және олардан сақтану жолдары туралы тарихи даму барысында халық жадында қалыптасқан империялық білімдердің біртұтас жүйесі. Адамзат жаратылғалы бері жинақталған дәрігерлікке қатысты ортақ тәжірибелер, өсімдіктерден алынатын дәрі-дәрмектер халық медицинасының бай тәжірибесінен бастау алғандығын мойындап келеді.
Ғылыми жаңашылдығы: Халық медицинасының емделудің тиімді және жағымсыз әсерлерін анықтау жұмысы алғаш рет жасалынып отыр және халық медицинасының денсаулыққа зиянды әдіс-тәсілдері мен ғылыми емдік қасиеті бар түрлерін атап көрсету.
Практикалық маңыздылығы: Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер ғылыми және ұлттық медицинасында қолданылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Халық медицинасында қолданылатын өсімдіктердің түрлерін анықтау және денсаулыққа зиянды емдік әдіс-тәсілдерін атап көрсетіп, ғылыми емдік қасиеті бар түрлерін мүмкіндігінше атап көрсету.
Жұмыстың міндеті:
- Халық медицинасында қолданылатын дәрілік өсімдіктер түрлерін анықтау.
- Өсімдіктерді халық медицинасында пайдаланудың кері әсерлерін және тиімділігін анықтау.
Зерттеу обьектілері:
Теория әдістеме негіздер
Диплом жұмысының жазылуының практикалық базасы: М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Биологияны оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы, Шымкент қаласындағы А. Асқаров атындағы № 77 жалпы орта мектебі.
1 Аналитикалық шолу
1. 1 Халық емшілігінің даму тарихы
Халық медицинасы дегеніміз - өсімдіктер мен жануарлардан алынатын шипалы өсімдіктер мен минерал заттардың емдік қасиеттері алуан түрлі аурулардың белгілері мен сол аурулардың емдеу тәсілдері және оларда сақтану жолдары туралы тарихи даму барысында халық жадында қалыптасқан империалық тәжірибелік білімдердің біртұтас жүйесі деген тұжырымы да көңілге қонымды анықтама деп қабылдаған жөн. Этнологиялық тұрғыда аса күрделі әрі қызықты ғылым саласының бірі қазақтың халық медицинасының тарихы, даму жолдары сан ғасырлық және Қытай мен Үндістан, Тибет халықтары медицинасы жеткен жетістіктерге жетпегенмен де қазақтың халық медицинасының өзіндік сара жолы бар. Жалпы медицина деген ұғымына, бүгінгі ғылыми медицина жетістігінен хабарсыз қазақ емшілері аурулардың барлық түрін, емдеу әрекеттерін қара емдер деген бір ғана ұғымға жатқызған. Қара емдердің пайдалы жақтарымен тиімді әдістеріне шешектің, құрт аурудың жұқпалығын алдын ала сезіп, аурудың жекелеп бөлектей қоюы.
Ертеде өмір сүрген әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл-Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып пайдалануына еткен ықпалдары зор болды.
Қазақстан Республика территориясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың үрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктің зерттеудің маңыздылығы айтпаса да түсінікті.
Мал бағумен ақылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптерін, жалпы өсімдіктердің емдік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден-ақ кеңінен таралған.
Әр облыстың, аймақтың, халық дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін өздерінше пайдалануы да мүмкін.
Оның да жөні бар, өйткені кейбір өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік қасеттері бар.
Ғылыми медицина тілінде карантин жариялауы, денесін суық шалған кісілерді құм булау, су булау, қан булау т. б. Булаулау яғни терлету арқылы емдеу түрлері жатады. Дарыншылардың қан алушы адам денесіндегі арам қанымен сары суды сыртқа шығаруға әрекет жасауға ағып жатқан қанды тоқтату, оташылар мен сынықшылардың аяқ асты мертіктен жандарға көмегі, тәуіптердің тамыр ұстап, аурудың кеселінің түрін дәрежесін анықтай, дәрілік өсімдіктердің дәрілік қасиетін танып білу, оған қоса қолға түскен минералды заттар мен мал өнімдері дәрілік қуаты бар қымыз бен шұбат, аң, құс, балық еттерімен сорпаларын, ауру кісінің әлденуіне пайдалануы, минералды сулармен батпақты сорлардың, кең көздерінің емдік қасиетін пайдалана білу. Қазақтың ауруды емдеуде ежелден бері қалыптасып келе жатқан білім тәжірибесі қатарына жатады. Бала туу жас нәресте мен жас босанған ана күтіміне, күнделікті тұрмыста тазалық сақтауға қатынасы кейбір ұтымды әрекеттер бүгінгі күні де мәнін жойған жоқ. Сарыарқаны мекендейтін ақбөкеннің қарақұйрық мүйіздерінің емдік қасиетін белден қалған еркек пен бедеу әйелдердің ем ретінде пайдалануы көрші Алтай, Қытай халық емшілерінің іс әрекеттерімен астаса, ағылшын ғалымы Дженер ашқан жаңалықтың арқасында шешекке қарсы егу шаралары қазақ тәуіптерінің іс тәжірибесіне айналып, қаншама дала тұрғындарының шешектеп аман қалғанына тарих куә.
Жалпы емші атаулына қараүзген шипагер бабамыз Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы жиырма төрт атпен атайды: Теңдесіз шипагер, нағыз шипагер, қараүзген шипагер, емші, емқос, жарғышы, қара емші, қамшы, тамыршы, сынықшы, отшы, іш сипағыш, көзарақшы, ішірткіші, бақсы, жауырыншы, балгер, құмалақшы, болжағыш, аяншы, қүшнаш, әулие, әнбие. Қазақ - төрт түлік малының өнімдері мен сүтін былай қойғанда, терісі мен жалы, қаны, тіпті, жыны мен зәрін дәрі ретінде пайдалана, ауруларына дауа ете білген халық. Қазақ ұғымындағы адал мен арам деген сөздердің тазалық сақтауда тигізген пайдалы жақтары қаншама? Қазақ оташыларымен сынықшылардың өнері өзге халықтардың үстемдеу болуының себебі кең байтақ қазақ даласына көз тіккен жаулардан қорғау, оған қоса күнделікті тұрмыс тіршілігінде ат ойындарына байланыстар кезінде түрлі жарақатқа ұшыраған сәттерде шыққан буынмен сыныққа жәрдем көрсетуде оташылардың сынық салу, оны бекіту дұрыс салынбаған сынықты бұзып қайта салу кезіндегі шеберлігі мал анатомиясы жетістігі арқасында екендігі даусыз. Негізгі кәсібі - мал өсірумен айналысқан, көшпелі халық мал қандай өсімдікті жесе семіреді, ауруынан жазылады, қандай өсімдікті аузынада алмайды, міне осының бәрін көзімен көріп, көңіліне тоқуы өсімдіктердің дәрілік қасиетін, әсіресе улы өсімдіктерді ажырата білуіне себебі тисе керек.
Қазақ емшілерінің аурды емдеудегі тәжірибелерінің ауқымы көршілес елдермен қарымқатынас кезінде кеңейе түсті. ¥лы Жібек жолы арқылы шығыстан батыстқа, батыстан шығысқа тасылған дәрі дәрмектердің қазақтың кең байтақ даласын аралап өтуі революцияға дейін қазақ даласында жұмыс істеген, сауда саттықпен айналысқан жәрмеңкелерде (Торғай, Қоянды, Ботов, Қарқара, Жөлек т. б) . Халық медицинасының дамуына ерекше мүмкіндік туғызды. Революцияға дейінгі кезеңдерде жұмыс істеген ол жәрмеңкелерде медициналық қатар деген бөлімдер болған. Жазғы күндері ұйымдастырылатын халық аса көп жиналатын бұл жәрмеңкелердегі медициналық арнайы (медицинский ряд) деп аталатын қатарларда еңбек еткен дәрігерлердің негізгі міндеті - жұқпалы аурулардың ел ішіне таралып кетпеуін бақылаумен қатар жәрмеңкеге жиналған халыққа медициналық көмек көрсету еді. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында атақты Қоянды Ботов Қызылорда облысы Шиелі ауданы аумағындағы Жөлек жәрмеңкесінің дәрігерлері Петербург әскери медициналық академиясының түлектері Сәдуақас Шалымбетов пен Әли Кеңісбаевтың негізгі міндеті - халық аса көп жиналатын мұндай орындарды жұқпалы аурулардың ел ішінде таралмауын бақылау болатын. Жәрмеңкелердің медициналық қатарларында елге ақылы көмек көрсеткен көрші орыс, қытай елінен келген дәрігерлерге көмекшілікке жалдана жүріп, көп нәрсені үйреніп, ұғып қалған қазақ жігіттері кейіннен халық медицинасының өкілдері танымал емшілер қатарында болды.
Қазақтың дәстүрлі халық емшілігі жайлы жарық көрмек бұл еңбектің ізденіс обьектілерінің бастау алар саласы Республикамыздың ірі кітапханалары мен мұрағаттары қорларындағы ғылымның осы саласы жайлы жасыл жазба деректерге мұқият зер салуға тура келді.
1996 жылы жарық көрген шипагер бабамыз Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» аталатын еңбегі бес ғасырдан соң бүгінгі ұрпақ қолына тиіп отырған халқымыздың санғасырлық тарихы бар дәрігерлік дәстүрлерінің қыр - сырын танып білуде аса мағыналы күрделі еңбек санатына қосылып отыр. Дәрмене өсімдігінің емдік қасиетін жөтел тигенде, ішек құртын түсіруге жергілікті халық ерте замандардан бері пайдаланып келеді.
1884 жылы Орыс көпестерінің Шымкент қаласында Сантонин заводын салып, Арыс өзені жағалауында табиғи түрде өсетін дәрмене жусанының дәрі шығаруды қолға алуды Қазақстанның дәрілік өнімдерінің тұңғыш рет шетелдерге шығарыла бастауы болатын. Құрылғанына 100 жыл толуын 1984 жылы кең түрде атап өткен зауыт бұл күндері 30 - дан астам елге өз өнімдерін шығарып отыр.
Халық медицинасы жайлы кезінде түрлі себептермен қазақ даласында болған саяхатшы А. Левшин, әскери дәрігер А. Ягмин, поляк, революционер, демократты А. Янушкевич өсімдіктердің дәрілік қасиетін зерттеуші маман ғалым П. Массагетов және басқалардың жазба деректеріне зер салудың маңызы зор. Халық емшілерінің сан ғасырлық тәжірибелеріндегі кейбір тиімді әдістерін ғылыми медицина жетістіктерімен ұштастыруды алғашқы қазақ дәрігерлері мен фельдшерлеріде аз қызмет атқарған жоқ. 1892-93 жылы Томск университеті медицина факультетінің студенті Әміре Айбақин профессор А. И. Судаковтың басшылығымен қымыздың емдік қасиетін арнайы зерттеп, балалардың туберкулез ауруына қолданып, нәтижесі ғылыми журналда жарияланған.
Қазақ дәрігерлерінің алғашқы бір тобы қымыздың ғылыми медициналық тұрғыда зерттелуіне ат салысты. Елуінші жылдардың ортасында Бурабайдағы Бармашы санаториінде дәрігерлік қызмет атқарып жүрген кезінде дәрігер -жазушы З. Шашкин туберкулез ауруын қымызға антибиотиктер қосып беру арқылы емдеуді қолға алады. Өзі қызмет атқарған бармашы курортының жанына жылқы өсіріп, қымыз өндірумен айналысатын шаруашылық құрылуына ат салысады. Сол жылдары Бурабайда өткен ғылыми практикалық конференцияларды баяндама жасап, оған ғалымдар назарын аударды .
Шұбаттың емдік қасиетінің ғылыми негізінде зерттелуіне республика дәрілерінің ішінде Естөре Оразақов алғашқылардың бірі болып кірісті. 1956жылы дәрігердің тікелей үйымдастырумымен Маңғыстау облысындағы «Тұщыбек» санаториі ашылды.
Халық медицинасының тарихын зерттей місіне өзіндік үлес қосу ретінде қолға алынған жинақта заман ағымына орай кезінде діни сенімдерге қатысты деп жирене қараған, тасада қалып келген ем - дом түрлеріне көбірек мән берілмек. Күні бүгінге дейін шығыстың медицина негізінде дамып келген қазақтың халық медицинасының тарихы мен тәжірибелері медициналық оқу орындарында мүлдем оқытылмады. Халық медицинасының бай -тәжірнибелері зерттелінбей сырт қалшып келуінің тағы бір себебі - медицина мамандары бұл саланы зерттеу ісі тарихшылардың, тарихшылар- медиктердің міндеті санап, екі ортада өгейістілген ғылым күйін кешіп келді.
Халық медицинасын ғасырлар бойы тәжірибелерінің тарихына арналған бұл еңбектің негізгі мақсаттарының бірі халық емшілігі тәжірибелерінің ғылыми медицинаға енген тұстары кеңірек әңгіме болмақ. Халық медицинасының пайдалы тәжірибелерінің ғылыми медицина айналымына түсіп, медициналық жоғарғы және арнаулы оқу орындарында тарихтың оқытылуына ықпал жасау .
Бұл ретте бүгінге дейінгі жарық көрген еңбектерге, мұрағат қойнауында жатқан деректерге, көне көс қариялардан, халық медицинасының өкілдерінің өз ауыздарынан естіген әңгімелерге ерекше назар аудара түсу еңбектің құндылығын арттыра түсуі анық.
1. 2 Халық емшілігінде қолданылатын дәрілік өсімдіктер
Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік шипалық қасиеттері алуан -түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келді. Тіпті осыдан үш мың жыл бұрын-ақ кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.
Дәрілік өсімдіктердің бұл тобынан емге керекті дәрі алумен қатар, құрамында әр түрлі витаминдер, микроэлементтер, белок, көмірсу, май, соның ішінде эфир майы болуына байланысты оларды тағамдыққа және басқа да халық қажетіне пайдаланады. Бұлардың ішінен көбінесе шөп түрлерін тағамдыққа пайдалану жағы басым. Осы қасиетінің арқасында олар көптеген елдерде жалпы тағамның бір түрі бөліп есептеледі. Өсімдіктерді ауру-сырқауды емдеуге пайдалану әр елде өздеріне керек бағытта, әр түрде жүргізген.
Дәрілік өсімдіктер жайында түңғыш рет біздің дәуірімізге дейінгі ертедегі грек дәрігері Гиппократ (460-377) белгілі еңбек жазды. Ол өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен колдануға болады деп есептеді. Сондай-ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама жасады. Бірақ ғалым сол сипатталынып отырған өсімдіктерде неліктен шипалық қасиет болатынын айтып бере алған жоқ. Бұл мәселеге арада алты ғасыр өткен сон барып, біздің дәуіріміздің екінші ғасырында ғана Рим дәрігері Гален алғаш рет жауап берді. Ол өсімдіктердің шипалық қасиеттердің болуы олардың қүрамындағы белгілі бір заттардың қасиетіне байланысты екенін анықтады. Ол сонымен бірге ол заттарды қалай бөліп алуға болатынын көрсете отырып, тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді. Ал, Грецияның Диоскорид деген дәрігері өзінің «Дәрілік заттар» деген еңбегінде дәрілік өсімдіктің алты жүз түрінің қолданылу жолдарын жазған.
XVI ғасырда алғаш рет Парацельс атты атақты дәрігер шипалық қасиеті бар өсімдіктерге химиялық анализ жасады. Ол да өсімдіктің емдік қасиеті оның құрамындағы кейбір заттарға байланысты екендігіне баса назар аудара отырып, сол заттарды таза күйінде алуға күш салды .
Дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мәліметтерді Оңтүстік Батыс Азия халықтары да біздің заманымызға жеткізген. Соның ішінде Индия фармакологтары өз елінің флорасынан өсімдіктің сегіз жүзге жуық түрін тапқан. Тибет дәрігерлерінің емдеу әдістері осы Индия, Қытай, Жапон, Монғол елдеріндегі білім негізінде құрылған. Осының арқасында болу керек, тибеттіктерде ауру - сырқауды емдеуге пайдаланатын дәрі - дәрмек түрлері өте көп. Басқа елдерге қарағанда Қытайда бұл салада көзге көрінерлік жұмыстар жүргізілген. Бұл елде дәрілік өсімдіктер туралы кітап жаңа эрадан екі жарым мың жыл бұрын жазылған.
Фармаколог Ли Ши-Чжень он алтыншы ғасырда, өзінің жиырма жеті жылдық зерттеу жұмысын жинақтап, елу екі томдық дәрігерлік еңбегін шығарған. Бұл еңбекте дәрілік өсімдіктердің екі мыңға жуық түрі жазылған. Сонымен қатар дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру, одан дәрі жасау әдісі, қандай ауруға қалай пайдалануға болатыны туралы көптеген мәліметтер берілген.
Осындай әр елде жүргізілген зерттеулер араб елінің дәрігерлеріне де үлкен әсерін тигізген. Бұдан тоғыз жүз жыл бұрын араб фармакологы Бируни «Китаб - ас-сайдана» деген еңбегінде дәрілік өсімдіктің алты жүзге жуық түрін жазған.
Дәрілік өсімдіктер Ресейде де өте ерте кезден бастап қолдана бастаған. XVI ғасырдың аяғында дәрілік өсімдіктер жайындағы кітаптар алатын және неміс тілдерінен орысшаға аударылды. Москвада сол тұста көпшілік пайдалануға болатын «Кешегі және бүгінгі дәрілік өсімдіктер» деп аталатын кітап құрастырылды.
Ал дәрілік өсімдіктерді зерттеу ісі ХҮII-ХІХ ғасырларда қолға алынып, 1878 жылы Н. И. Анненков «Ботаникалық сөздік» атты кітап құрастырды, Белгілі орыс агрономы А. Т. Болотов «Экономикалық дүкен» атты журнал шығарып, дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мақалалар жариялады. 1912 жылы профессор В. К. Варлихтың «Орыстың дәрілік өсімдіктері» атты еңбегі жарық көрді. Кейінірек С. П. Боткин, Ф. И. Иноземцев сияқты көрнекті ғалымдар қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінде жүрек ауруларын емдеуге пайдаланылып жүрген жалынгүл және меруертгүл тәрізді тамаша өсімдіктерді ғылыми медицинаға енгізді.
Дегенмен, патшалық Ресейде дәрілік өсімдіктерді пайдалану ісі ойдағыдай болған емес. ¥лы Октябрь социалистік революциясынан кейін ғана біздің елімізде шипалы шөптерді зерттеу ісі кең қанат жайып, мемлекеттік маңызға ие болды. 1925 жылы дәрілік өсімдіктер жөнінде тұңғыш рет Бүкілодақтық кеңес болып өтті. Міне, содан бері бұл салада біздің елімізде біршама жұмыстар жүзеге асырылды, Қазіргі таңда дәрілік өсімдіктер зерттеумен алуан түрлі мамандық иелері ботаниктер мен фармацевтер, фармакологтар мен әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер шұғылдануда. Өсімдіктердің шипалық қасиеттері сонымен қатар, ботаникалық бақтарда, көптеген жоғары оқу орындарының кафедраларында және аптекалық мекемелерде де зерттеліп келеді .
Ғалымдар соңғы жылдардың өзінде ғана қазіргі медицина талабына сай көптеген өсімдіктерді жан - жақты зерттей отырып, айтарлықтай табыстарға қолдары жетті. Мәселен, емдік қасиеттері қапысыз анықталған 324 өсімдіктің 107-сінің жолдама алған Отаны біздің еліміз болып табылады. Бір ғана академик А. П. Ореховтың өзі әртүрлі өсімдіктердің құрамындағы алкалоидтардың бүрын белгісіз болып келген 65 түрін ашты. Сондай-ақ, витаминді өсімдіктерді зерттеуде де орасан зор жұмыстар тындырылды. Осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын проф. Б. П. Токин тұңғыш рет қолға алған әр түрлі микробтарды өлтіретін антибиотик фитонцидтердің емдік қасиеттері анықталды. Сонымен қатар еліміз құрамында алкалоидтары бар улы өсімдіктерді зерттеуде алдыңғы қатарда келеді. Еліміздегі фармацевтикалық өнеркәсіп эфедрин, сальсолин, платифиллин, адонизид, эфимизм және басқа да бағалы препараттарды да өсімдіктерді зерттеу жолымен дүниеге әкелді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz