Халықаралық әуе тасымалдарын ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 - Тарау. Халықаралық әуе тасымалдарының түсінігі, құқықтық негіздері, ұйымдастырушылық және келісімдік аспектілері

  1. Халықаралық әуе тасымалдарын құқықтық реттеуінің

құрамы мен қайнар көздері . . . 6

  1. Халықаралық әуе тасымалдарын ұйымдастыру . . . 12
  2. Әуе тасымалдары келісімінің құрамы мен құрылымы . . . 20

2 - Тарау. Тасымалдау қатынастары аясындағы жауапкершілік және дауларды шешу. Халықаралық әуе тасымалдарын дамыту мен жетілдіру жолдары

  1. Тасымалдаудағы шағым және арыз беру тәртібі . . . 34
  2. Тасымалдау қатынастарына қатысушылардың

жауапкершіліктері . . . 40

  1. Халықаралық әуе тасымалын жетілдірудің негізгі

бағыттары . . . 55

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 66

БИБЛИОГРАФИЯ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .

Кіріспе

ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ. Әуе көлігі қазіргі дүниежүзілік экономика мен дүниежүзілік бірлестіктерді байланыстыратын өте маңызды элемент. Себебі ол тауарлар мен жолаушылар тасымалын үлкен жылдамдықпен дүниежүзінің кез келген нүктесіне жеткізуді қамтамасыз етеді.

Халықаралық азаматтық авиация (ИКАО) халықаралық ұйымының мәліметтері бойынша 2011 ж. халықаралық әуе көлігінің қызметімен 1, 7 млрд астам жолаушылар қолданған; 40 млн. тонна жүк тасымалданды. Халықаралық әуе көлігінің тиімді және тұрақты қызметінің арқасында халықаралық әуе тасымалы мен қатынасының ғаламдық желісі пайда болып, табысты жұмыс істеуде.

Бұл қатынастар халықаралық әуе құқығының, халықаралық әуе құқығының, ұлттық көлік құқығының, сонымен қатар, нақты белгіленген тапсырмаларды орындайтын, коллизиялық халықаралық құқықтық нормалардың реттейтін пәні болып табылады.

Халықаралық құқықтық нормалар халықаралық әуе тасымалдарының тәртібін анықтайды. Ұлттық заңдар мен ережелер оның қолданылуын қамтамасыз етсе, коллизиялық нормалар халықаралық жеке әуе құқығының мәселелерін шешеді. Осы объективті жағдайлар халықаралық құқықтың, ұлттық және жеке құқықтық нормалардың өзара әрекеттесуінің ерекше механизімінің пайда болуына себепші болды. [1]

Қазіргі уақытта Қазақстанда халықаралық әуе тасымалын не іргелі теориялық, не салалық зерттеулер іс жүзінде жүргізілмейді. Тек сирек кездерде ғана пайда болатын зерттеулер, ал жиірек халықаралық қатынасқа қатысты оқулықтардағы бөлімдер кездеседі.

ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ Дипломдық жұмысты құрылымдағанда біз Екі тарауға бөлдік.

Бірінші тарауда «халықаралық әуе тасымалының түсінгі, құқықтық негіздері, ұйымдастыру мен келісімдік аспектілері» талданады және мына сұрақтар қаралады: халықаралық әуе тасымалын құқықтық реттеуінің қайнар көздері мен құрамы, халықаралық әуе тасымалын ұйымдастыру; әуе тасымалы келісімдерінің ерекшеліктері мен құрамы.

Екінші тарау «Тасымалдау қатынастары аясындагы жауапкершілік пен дауларды шешу; халықаралық әуе тасымалын жетілдіру жолдары» Үш бөліктен тұрады: тасымалдаушыға наразылық пен талап арыз ұсыну тәртібі; тасымалдау қатынасының қатысушыларының жауапкершілігі; халықаралық әуе тасымаларын жетілдірудің негізгі бағыттары.

ЗЕРТТЕУДІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ халықаралық қатынаста жүк пен жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдауда туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.

ЗЕРТТЕУДІҢ ПӘНІ халықаралық әуе тасымалының әр түрлі аспектілерінің халықаралық келісімдер құрайды; халықаралық әуе тасымалы аясындағы әр түрлі қатынастарды регламенттейтін Қазақстан Республикасының ұлттық заңи нормалары; зерттеуге қатысты ғылыми басылымдар мен мерзімді шығатын баспа материалдары; Қазақстандық ұлттық авиациялық компаниялардың тәжірибелік материалдары құрайды.

ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТТАРЫ әуе көлігімен халықаралық жолаушылар мен жүк тасымалдаудың түсінігі, құрамына байланысты сұрақтарды, осы аядағы жауапкершілік тәртібі мен келісімдердің ерекшеліктерін қарастыру және өзектендіру, мәселелерді анықтау және оларды жою туралы ұсыныстар беру.

ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ негізін халықаралық әуе тасымалдарының әр түрлі тұрғыдан көпжақты және екі жақты халықаралық келісімдер, халықаралық жария, жеке және көлік құқығының, Қазақстан Республикасының ұлттық заңының негізгі ерекшеліктері, сонымен қатар халықаралық экономика, техника, тарих, қазақстан мен шетелдік авторлардың ғылыми еңбектерінде көрініс тапқан ғылыми білімнің әр түрлі салаларындағы жетістіктер құрайды.

Зерттеу объектісінің ерекшелігі әлеуметтік, логико-теориялық, статистикалық, салыстырмалы талдауды қолдануды, нормативтік құжаттарды және тағы басқа ақпарат тасымалдаушыларды зерттеуді, халықарарлық және ұлттық әуе көлік ұйымдары мен мекемелердің қызметтерін қорытындылау және анализдеуді болжайды.

ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҚ Дипломдық жұмыста халықаралық келісімдер ережелерінің тәжірибелік сұрақтарын түсіндірумен қатар, халықаралық әуе тасымалын құқықтық реттеу мәселесі бойынша қазақстандық және шетелдік заңды әдебиеттерді тарту

Халықаралық әуе тасымалының қазіргі құқықтық режимінің мәні, артықшылықтары мен кемшіліктері айқындалады.

Осы салада халықаралық құқықтық ынтымақтастықтың қалпы талданады, халықаралық әуе тасымалы келісімдерінен туындайтын қатынастарды құқықтық реттеуді дамыту мен жетілдіру бағыттары мен негізгі үрдістер қарастырылады.

Халықаралық конвенция ережелерінің мәнмәтінінде әуе тасымалы келісімінің заңды табиғаты, тасымалдау құжаттамасын ресімдеу электрондық түрге көшуіне байланысты оның бекітілу мен болмысын ұйымдастырудағы құқықтық мәселелері қарастырылады.

Келісімнің шарттарын талдау, оны бұзу шарттары, халықаралық әуе тасымалдарында субъектілерге жауапкершілікті теңестіру мәселелері талданады.

Осы жауапкершіліктің көлемін, шектеулер мен басталу шарттарын реттейтін нормаларды қолдану сұрақтары қаралады.

Тасымалдаушының жолаушылардың өміріне, денсаулығына тигізген зияны үшін, жүктің сақталмағандығы үшін жаңа объективті жауапкершілік қағидалары ашылады.

Келтірілген зиянды өтеу мүмкіншілігі мен тәртібі туралы сұрақтар бойынша Варшава және Монреаль конвенциясын қолдану арқылы Қазақстандық және шетелдік заңдардан теориялық және тәжірибелік түйіндемелер шығарылады.

Халықаралық әуе тасымалын құқықтық реттеуді жетілдіру ұсыныстарын тұжырымауға тырыстық.

ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК МӘНІ автордың заң әдебиеттерін талдау, халықаралық және ұлттық көліктік заңдылықтарды комплексті зерттеу және халықаралық әуе тасымалын реттеудің құқықтық негіздері мен басты ережелерін жүйелендіріп, жалпылама етіп, олардың қазіргі заманғы жағдайын бағалау және осы негізде олардың ары қарай жетілуіне ұсыныстар беру.

Дипломдық жұмыс «Халықаралық экономикалық құқық», «Халықаралық сауда құқығы» мен «Халықаралық тасымалдар» курстар бөлімін халықаралық қатынастар мұғалімдері мен факультет студенттерінің зерттеу кезінде оқу-әдістемелік пособия ретінде пайдалануына болады.

1 - Тарау. Халықаралық әуе тасымалдарының түсінігі, құқықтық негіздері, ұйымдастырушылық және келісімдік аспектілері

1. 1 Халықаралық әуе тасымалдарын құқықтық реттеуінің құрамы мен қайнар көздері

«Халықаралық әуе тасымалы» түсінігі. Халықаралық әуе байланыстары эксплуатациядан тәжірибелік кеңістікке өткеннен соң және екі жақты келісімнің тараптары, оның жүзеге асуына кіріскенде ерекше халықаралық әуе қатынастарының тобы пайда болады. Ол жолаушылар мен жүктерді әуе кемелерінде тасымалдаумен байланысты топ. Міне сондықтан да халықаралық әуе құқығында «халықаралық әуе тасымалдарының» өзіндік жеке түсінігі бар.

Бірінші рет бұл түсінік 1929 ж Варшава конвенциясында халықаралық әуе тасымалына қатысты ережелерді бірыңғайлау үшін көрсетілген болатын. [2] Конвенцияның п. 2 1б. сәйкес «халықаралық әуе тасымалы» деп «жүктің жеткізілу және жіберілу жері, тасымалдау уақытында қайта жүк тиеу немесе аялдама жасау қарастырылған не қарастырылмаған, не келісімге қатысушы бір мемлекеттің аймағында ғана орналасқан немесе екі мемлекеттің аймағында орналасқан және де, егер аялдама, келісімнің қатысушысы емес державалардың егемендігі, мандаты мен сюзеренитеті астында болған, кез келген тасымалды айтады».

1929 ж Варшава конвенциясы отар және жартылай отар елдер кезеңінде пайда болғанын ескере кету керек. Сюзеренитет пен мандат түсінігі отар елдердің территориясы Ұлыбритания, Франция, Нидерланд, АҚШ елдерінің бақылауында және юрисдикциясында болғанын білдірген. [3] Қазіргі заманда барлығы өзгерді, сондықтан Варшава конвенциясының берген анықтамалары ескірді деуге болады. Әсіресе «халықаралық тасымал» түсінігін 1999 ж. Халықаралық әуе тасымалдарының кейбір ережелерін бірыңғайлау үшін жаңадан қабылданған Монреаль конвенциясында берілген анықтамасымен салыстырғанда анық көрінеді. 1999 ж. Монреаль конвенциясы кез келген халықаралық адамдар мен жүктерді тасымалдауларда қолданылады. 2 п. 1б. Сәйкес «халықаралық тасымал» дегенді «кез келген тасымал, кезінде . . . жүктің жіберілу және жеткізілу жері, қайта жүк тиеу немесе аялдама жасау байланысты емес, екі мемлекеттің аймағында немесе біреуінің ған аймағында орналасқан болса, егер аялдама басқа мемлекеттің аймағында орналасса, тіпті ол қатысушы мемлекет болмаса, білдіреді. Осындай аялдамаларсыз бір мемлекеттің аймағындағы ғана тасымал халықаралық тасымал бола алмайды». [4]

«Халықаралық тасымалдың» өзара бәсекелес екі анықтамасының болуына қарамастан мынадай түйіндемелер жасауға болады.

Біріншіден, мемлекеттер арасындағы халықаралық әуе тасымалына қатысты туындайтын қатынастар халықаралық әуе қатынастарында екінші орында болып табылады. Себебі мемлекеттер ең бірінші өзінің әуе кеңістігінде әуе жолдарын құрады, тек содан кейін халықаралық тасымалға рұқсат етеді.

Екіншіден, бұл қатынастар жария құқықтық сипатқа ие және халықаралық тасымалды егемен елдердің территориялары мен әуе кеңістіктерінен өті үшін сол елдердің рұқсатымен ғана жүзеге асыра алады.

Үшіншіден, халықаралық тасымалдардың жіберілу жері мен жеткізілу жері әр түрлі немесе бір мемлекеттің аймақтық юрисдикциясын қамтиды, егер қарастырылған аялдама басқа мемлекеттің аймағында орналасса.

Осылайша Варшава мен Монреаль конвенцияларының ықпалына кез келген тасымал түседі, егер: а) тасымалдың жіберу мен жеткізу жері, қайта тиеу немесе аялдамасыз тасымалдауына байланыссыз, екі конвенцияның қатысушыларының аймағында орналасса; б) тасымалдың жіберу мен жеткізілу жері бір мемлекеттің аймағында болса, бірақ сонымен бірге әуе тасымалы келісімімен немесе басқа түрде аялдама басқа мемлекеттің аймағында болуы келісілген болса.

Варшава мен Монреаль конвенциялары жүйелі және жүйесіз халықаралық әуе байланыстарының шегінде іске асатын халықаралық тасымал қатынастарында жұмыс істейді. Екі конвенция, кезекпен тасымалдаушылармен іске асатын тасымалдарға да қолданылады. Егер ол біртұтас тасымалдау ретінде қарастырылса. Әуе, теміржол, автокөлік, теңіз бен өзен көліктерімен жүзеге асатын аралас тасымалдар қатынасында теңдей жұмыс істейді. Халықаралық әуе тасымалымен орындалатын тасымалдардың кейбір бөлігіне, Варшава және Монреаль конвенциялары, сөзсіз, әсерін тигізеді.

ҚР-ң 2010 ж 15 шілдедегі №339-IV «ҚР әуе кеңістігін қолдану мен авиация қызметі туралы» заңы «халықаралық әуе тасымалына» ашық анықтама бермейді, тек 1 бөлімінің 75 б. жалпы ережесі көрсетілген: «ҚР-ң азаматтық әуе кемелеріндегі халықаралық әуе тасымалдарында әуе тасымалы туралы жалпы ережелері жұмыс істейді, егер ол ҚР-ң ратификацияланған заңдарынан шықпаса». [5]

Халықаралық әуе тасымалын құқықтық реттеуінің қайнар көздері. Халықаралық әуе байланыстары құрамы әр түрлі екі салалардан тұрады және олар халықаралық келісімдермен реттеледі.

Бір сала мемлекеттер арасындағы әуе кеңістігін қолдану мен әуе кемелерінің халықаралық ұшуларын ұйымдастыру сұрақтарын, сонымен қатар, БҰҰ-ң мамандандырылған мекемесі, халықаралық азаматтық авиация ұйымының қызметін құрайды. Осы халықаралық әуе байланыстарының жалпы сұрақтарының шешімі 1944 ж. халықаралық азаматтық авиация туралы Чикаго конвенциясында орын тапқан. [6] Бұл белгілі бір мемлекеттердің арасында байланыстарды орнату туралы келісімдер үшін құқықтық база құрады. Әуе байланыстарын орнату туралы үкіметаралық келісімдер, өз кезегінде, мемлекеттердің өзінің территориясы мен әуе кеңістігінің егемендігі қағидасына сүйене отырып, тасымалдауларды жүзеге асыратын авиациялық кәсіпорындарды анықтайды. Олардың коммерциялық құқықтары мен жауапкершіліктерін, әуе желілерін белгілейді, көлік құралдары иелерінің азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруын, тасымалдар тарифтарын регламенттейді, кедендік, салықтық және басқа әуе байланыстарының шарттарын анықтайды.

Екінші сала, жолаушылар мен жүк тасымалдауына байланысты авиациялық кәсіпорындар мен олардың клиенттері арасындағы қатынастарды құрайды. Осы саладағы келісімдер көпжақты және жаһындық сипатқа ие. Келісімдерде халықаралық тасымал келісімдерінің шарттары туралы бірыңғайланған азаматтық құқықтық нормалар бар. Олардың шегінде көлік операцияларын жүзеге асырады, яғни белгіленген жерге жүк пен жолаушыларды тасымалдайды. Осы қатынастар халықаралық жеке құқықтың реттейтін пәні және дипломдық жұмыстың пәні болып табылады.

Әлемнің барлық өлкелеріндегі халықаралық жүк және жолаушылар әуе тасымалдарының құқықтық режимін көбінесе халықаралық келісімдер анықтайды. 1929 ж Варшава конвенциясы 100 астам қатысушыларын қамтиды, ал осы конвенцияның орнын басқан 1999 ж Монреаль конвенциясы қарқынды дамып, 80 жуық қатысушыларды есептейді. Қазақстандық заң шығарушыға осы жаңа халықаралық құжатта өзінің ақтық позициясын белгілеуге тура келеді.

Осылайша, әлемде халықаралық әуе тасымалын құқықтық реттейтін әр түрлі Екі режим қызмет етеді. Монреаль конвенциясымен қатысушы мемлекеттердің тасымалдары реттеледі. Конвенцияға қалған елдердің қосылуы күні бұрын шешіліп қойған. Себебі одан ұлттық авиакөліктің қызметі әлемдік нарықта толыққанды жұмыс істеуіне мүмкіншілік туады. Дегенмен, Варшава конвенциясы өзінің қатысушы мемлекеттерінің арасындағы тасымалдарды әлі күнге дейін реттейді. Көптеген жылдар өтсе де, Монреаль конвенциясына қосылудан бас тартқан мемлекеттердің арасындағы тасымалға тәжірибелік мағынаға ие Варшава жүйесі қолданылуы мүмкін.

Варшава конвенциясына өзгерістер енгізудің негізгі себебі, әуе тасымалдаушының жауапкершілігін жоғарылату болып табылады. Сонымен қатар, ұшулардың қауіпсіздігін жоғарылату, авиакомпаниялардың экономикалық жағдайын және өмір құнын күшейту. Көшбасшы Батыс мемлекеттерінің осы бағытта жұмсаған күштері, ұлттық авиакомпанияларында протекционизм саясатын жүргізген, экономикалық жағдайы нашар мемлекеттерді қолдаушы қоғамдық лагерьлердің қарсылығына кездесті. Варшава конвенциясымен авиакомпанияларға деген ерекше протекционизм бекітілді. Ол ең біріншіден, жолаушының өмірі мен денсаулығына тиген зиянға деген авиатасымалдаушының жоғары емес жауапкершілігінде көрініс тапқан. [7]

Монреаль конвенциясының пайда болуының ең басты себебі, 80 ж бұрын бекітілген Варшава конвенциясының авиатасымалдаушының жауапкершілік концепциясы халықаралық әуе көлігінің даму деңгейіне және дәйектілігіне жауап бермейтінінде. Оның бекітілуімен, Монреаль конвенциясы ұсынған авиациялық оқиғалардан тиген зиянды толық өтеу кепілдігімен қамтамасыз ету артықшылықтары, халықаралық әуе тасымалында жаңа құқықтық режимнің пайда болуына әкелді. 1999 ж Монреаль конвенциясының елеулі артықшылығы, оның бір сөзбен халықаралық әуе тасымалын құқықтық реттеуіндегі басты сұрақтарды шешуі болып табылады.

Конвенциялар халықаралық әуе тасымалдарының ережелерін анықтайды, келісімді жасау шарттарын және ең бастысы, жолаушылар мен жүк тасымалдауында келген зиянға тасымалдаушылардың жауапкершілігін белгілейді. Әуе тасымалдары туралы халықаралық конвенциялардың нормалары, мемлекеттердің ішкі көлік заңдары нормалары сияқты, императивті сипатқа ие. Бұл қызмет тұтынушыларының мүдделерін бірдей қорғау қажеттілігімен түсіндіріледі. Сонымен қатар, көлік қолдану техникасының күрделілігін, көлік құралдарын қолданумен байланысты қауіптердің болуын білдіреді.

Халықаралық әуе тасымалының екі түрлі құқықтық режимдерінің болуы, бір жақтан Варшава конвенциясы, екінші жақта Монреаль конвенциясы, олардың әсерлерін шектеу туралы сұрақтар туындатады. Бұл мәселенің шешімі Монреаль конвенциясының 55 б. көрініс тапқан, яғни Варшава жүйесінің режимін бұзбай мемлекетті мүшелікке алу және тасымалдардың халықаралық құқықтық реттеу қатынастарын бұзбау, тасымал жаңа конвенцияға әлі қосылмаған және 1929 ж Варшава конвенциясының қатысушы мемлекет пен жаңа конвенцияның қатысушысы арасында болса да.

Коллизиялық сұрақтар. Халықаралық конвенциялар тек халықаралық әуе тасымалдарының ерекшелігін көрсететін ең маңызды ережелерді анықтайды. Осы аяда көп келісімдердің болуы, мемлекеттердің ішкі заңды қолданбау мәселесін алып тастамайды. Ең алдымен, халықаралық конвенциялар мен келісімдер көптеген маңызды көлік операцияларын қозғамайды, толығымен ішкі заңның реттеуіне қалдырады. Мысалы, тасымалға жүкті беру мен жеткізілу жерінде жүкті табыстау тәртібі, жүкті тиеп-түсіру шарттары, чартерлік тасымалдарға, ал көп жағдайда тасымалдаушының жауапкершілігі туралы сұрақтарына қатысты. Осы қатынастарды реттеу, заңи техникалық ұйғарымдардың шығарылуын талап етеді. Себебі тасымалдарды жіберу немесе жеткізу, мемлекеттердің ішкі нормаларына бағындыру жеңілдірек болады.

Бұдан басқа, Варшава конвенциясына немесе Гаага хаттамасына қатысушы көптеген мемлекеттер топтары бар. Жоғарыда айтылып кеткендей, Гаага хаттамасының 2 п. XXI б. пен 2 п. XXIII б. күшіне сәйкес, оның ратификациясының немесе оған мемлекеттің қосылуы, Варшава конвенциясының қатысушысы емес мемлекеттердің, осы конвенцияға қосылуын білдірмейді. Бұл Гаага хаттамасына қатысушы мемлекет пен Варшава конвенциясына қатысушы мемлекеттердің арасындағы тасымалда Варшава жүйесінің құжаттарын қолдану мүмкіндігін жояды. [8]

Ақырында, Конвенцияға әр түрлі себептермен мүше емес елдер бар, яғни халықаралық тасымалдар соңғысымен реттелмейді.

Барлық осындай мәселелерде ішкі заңдарға жүгіну керек, осыдан коллизиондық сұрақтар туындайды: қолдану құқығы қай мемлекетке тиесілі? Тасымал келісімшарты, негізінен, осы сұраққа жауабын бермейді. Коллизиондық реттеу бірыңғай тәсілмен ұлттық құқықта да ерекшеленбейді. Тасымалдау аясында қолдану туралы арнайы конвенциялар да жоқ. [9]

Варшава және Монреаль конвенциялары мемлекеттердің ішкі заңдарына сілтенген нормалары бар. Бірақ олар көп емес, ал коллизиондық байлануларды дауды қарап отырған сот заңына сілтейді. Сілтеме нормалар белсенді қолданылады, алайда олар тек бірнеше жеке сұрақтарға қатысты. Монреаль конвенциясы бойынша сот заңы талапкердің сот шығындары мен басқа шығындарды өтеу кезінде қолданылады. Осы заңмен арыздарды қарау мен арыздың мерзімін анықтайды. Монреаль конвенциясында жаңа коллизиондық нормалар пайда болды, МВФ арнайы заңдары мен арнайы алтын валюталық бірліктерде бекітілген, Конвенцияның қатысушы мемлекеттерінің заңдарына тасымалдаушының жауапкершілігін ұлттық валютада белгілеуге байланысты сілтемеленген нормалар. Сонымен бірге, Варшава конвенциясында болған кейбір нормалар енді Монреаль конвенциясында жоқ. Бұл, Конвенцияның мәтініндегі құқықтық қатынастарды реттеуден болды және төменде қаралатын аралас кінә ережелеріне қатысты. Варшава конвенциясының келесі коллизиондық нормасы, яғни зардапты мезгілдік төлемдер түрінде өтеу мүмкіндігі туралы, Монреаль конвенциясына қажетсіздігінен енгізілмеді.

Императивтік болып табылатын коллизиондық көлік конвенциясының нормаларына қарағанда, мемлекеттердің ішкі заңындағы коллизиондық байламдар диспозитивтік сипатқа ие.

Халықаралық әуе тасымалындағы коллизиондық нормалардың ерекшелігі жалпы және арнайы коллизиондық байламдардың болуында. Сонымен бірге ескере кететін: 32 б. Варшава мен 49 б. Монреаль конвенцияларына сәйкес, Конвенцияның бекітілген заңына қайшы келген тасымал келісімшарттары немесе кез келген ерекше келісімдер шынайы емес. Батыс Еуропа елдерінде (Италия, Бельгия, Германия, Швейцария т. б) дауларға қолданылатын заңдарды таңдауда, тасымалдау келісімінен шыққан, соттар тасымалдаушының заңдарына да көңіл бөледі. Франция соттары тасымал келісімі бекітілген жердің заңын қолданса, ағылшындар мен америка соттары - зардап келтірілген жердің, ал жолаушының өмірі мен денсаулығына тиген зиянға қатысты істерде, жолаушылардың тұрғылықты жерінің заңын қолданады. [10]

Арнайы коллизиондық байламдардың арасында, халықаралық келісімдер мен ішкі заңмен мына заңдарды ескере кету керек: жіберілу жерінің заңын, жүкті кешіктірген жердің, тасымал келісіміне өзгерістер енгізілген елдің заңын, оқиға болған елдің заңын, белгіленген жердің, талап кінәрат талап берілген елдің және т. б. заңдар.

Осы аталған коллизиондық байламдар, негізгін халықаралық жеке құқықтағы жағдайларға қолданатын байламдарға сәйкес. Осылай, жүкті жіберген елдің заңы, негізінен, келісімді бекіткен жердің (lex loci contractus), ал жүкті кешіктірген елдің заңы - заттың сақталу жерінің коллизиондық байламдарының түрі (lex rei sitae), жеткізілу жерінің заңы келісімдердің орындалу жерінің заңы болып табылады (lex loci solutionis) .

Басқа елдерде жалпы азаматтық нормативтік актілермен қатар әуе тасымалымен қоса, тасымалдарды жүзеге асыратын арнайы заңдар бар. Францияда 1967 ж қабылданған азаматтық авиация Кодексі қызмет етеді. Ол халықаралық конвенцияларға сілтенген әуе тасымалдарының ерекшеленген шарттарын құрайды. ГФР авиатасымалдаушының жауапкершілігі мен оны сақтандыру 1971 ж қабылданған әуе байланыстары туралы арнайы Заң реттейді. Финялндияда 1977 ж авиакөлікпен тасымалдаулар туралы келісім Заңы, Бразилияда 1986 ж әуеде ұшу Кодексімен реттеледі. Англо-американдық елдерде де әуе тасымалдауларын реттеуші заңдардың рөлі зор. Мысалы, Ұлыбританияда, Гаага хаттамасымен өзгертілген, 1961 ж әуе тасымалдары туралы заң Варшава конвенциясын әрекетке енгізді. Заң құрамындағы Конвенция мәтіні, кішкене шегінулермен осы елдің ішкі тасымалдарына да қолданылады. [11]

Көптеген ТМД елдері мен Таяу шетелдерде өткен ғасырдың 90 жылдары енгізілген Әуе кодексі қолданылады. Атап айтсақ, Ресейде - 1997 ж Ресей Федерациясының Әуе Кодексі, 1993 ж Әуе кодексі Украинада енгізіліп қолданылуда, Беларусь Республикасында - 1999 ж Әуе кодексі, Әзірбайжан Республикасында - 1994 ж Әуе кодексі және т. б елдерде. Өзінің құрамы мен құрылымына қарай олар РФ Әуе кодексінен ерекшеленбейді, себебі оларды шығаруға 1983 ж КСРО Әуе кодексі негіз болды. Әр айтылып кеткен құжаттар компдекстік сипатқа ие және тасымал келісімі тараптардың қатынастарына арналған бөлімдері бар, жүктің сақталмауы мен уақытылы емес жеткізілуіне байланысты тасымалдаушының жауапкершілігін реттейді. [12]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүк тасымалдау шарты
Әуе көлігі
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланысы
Көлік жүйесі – экономикалық өрлеудің негізгі факторы
Сервистік қызмет
Халықаралық әуе тасымалдары
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы
Әуетасымалдаудың тарихы және оның қазіргі туризмдегі ролі
Әуе саяхаттары мен жолаушы тасымалында әуе көліктерінің пайдалану тиімділігін зерттеп, зерделеу
Көлік кешенін және байланысты басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz